Қоғам
Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды 15.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесті. Кездесуде өңірдегі уран өндіру саласының қазіргі ахуалы, өндірістік жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.Аймақ басшысы компанияның әлемдік уран нарығындағы, Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайтудағы орнын атап өтті.«ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниялар тобы біздің облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Өңірде уран өндіру жылдар бойы тұрақты дамып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірістік әлеуетті арттыруға және жергілікті экономиканың дамуына елеулі үлес қосып келеді. Бұл бағыттағы өзара тиімді әріптестік алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдіремін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Бүгінде аймақта уран өндірумен «ҚазАтомӨнеркәсіп» құрамындағы еншілес кәсіпорындар айналысады. Олар – «Байкен-U», «Тураниум», «Семізбай-U» және «РУ-6» серіктестіктері. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымында металлургия саласының үлесі 39,4%.Басқосуда тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірлескен жобаларды жалғастыруға дайын екендігін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1257580?lang=ru
АТАМЕКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 15.07.2026
5 шілде күні өткен ауыл әкімдерінің сайлауының қорытындысына сәйкес Мерет Бақтығалиұлы Қайырлиев Атамекен ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Ерлан Галиев ауылдық округ активімен кездесіп, жаңадан тағайындалған әкімді ресми түрде таныстырды.Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Мерет Бақтығалиұлының кәсіби тәжірибесіне тоқталып, алдағы қызметіне сәттілік тілеп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпінберетініне сенім білдірді.Өз кезегінде жаңадан тағайындалған әкңм өзіне сенім білдірген тұрғындарға алғысын айтып, ауылдың дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру жолында адал әрі жауапкершілікпен еңбек ететінін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1257585?lang=ru
Туризм нысандарында салық заңнамасын түсіндіру бойынша су көлігімен аралау іс-шарасы өткізілді 15.07.2026
Кәсіпкерлік субъектілерінің салықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қабыш С.Қ., мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері бірлесіп Алтай ауданының жағалауы, Самар кенті маңы, Бұқтырма су қоймасының жағалауы және Катонқарағай ауданында орналасқан туризм нысандарын су көлігімен аралап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Іс-шара барысында мамандар су көлігімен туристік демалыс базалары мен туристік инфрақұрылым нысандарына барып, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарын, салық міндеттемелерін орындау тәртібін, арнаулы салық режимдерін қолдану ерекшеліктерін, бақылау-касса машиналарын пайдалану және мемлекеттік кірістер органдарының электрондық сервистерін қолдану мәселелерін түсіндірді.Сонымен қатар, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері өз құзыреті шеңберіндегі мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді.Кәсіпкерлерге салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша кеңестер беріліп, ақпараттық материалдар таратылды және салық заңнамасының талаптарын сақтау жөнінде ұсынымдар берілді.Осындай іс-шараларды өткізу салық мәдениетін арттыруға, салық заңнамасын бұзудың алдын алуға және мемлекеттік органдар мен туристік бизнес субъектілері арасындағы ашық өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1257569?lang=ru
Электр қуатының өшірілуі туралы хабарландыру 15.07.2026
Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қаланың келесі мекенжайларында электр қуаты уақытша өшіріледі:13 шілде 2026 жыл (Сағат 10:00 – 14:00)ӘЖ жөндеу жұмыстары (Ш.Ш. Жәнібек батыр көшесі, өндірістік аймақ):Нысандар мен кәсіпорындар: ЖК Манандян, ЖК Мужневская, ЖК Жусупова, ЖК Вялых, ЖК Омаров, «Стройматериалы» өңірлік үлестіру орталығы (ОРЦ), «Милтех» ЖШС, «БрендСтрой» ЖШС, ЖК Крапива, «Металлобаза» ТӨК (ТПК), ЖК Денисенко, «Авиатор» ГЭК, «ЭталонАвто» АЖҚ, «Бак Билдинг» ЖШС, ЖК Синько, «Petro retail» АЖҚ.Жатын сектор: Ш.Ш. Жәнібек батыр көш. 37, 37/1.13 және 14 шілде 2026 жыл (Сағат 10:00 – 18:00)КТП-О45 (ӘЖ жөндеу жұмыстары):Жеке сектор: Қайырбеков көш. 360/1–360/7, 362, 362/2–362/6, 364/1–364/5, 366, 366/1–366/6, 368/1, 370, 372/1.Бағдаршам: Қайырбеков көш. – Қорған көш. қиылысы.ТП-47 (ТП жөндеу жұмыстары):Нысандар: Тәуелсіздік даңғылы 146 мекенжайындағы Халық банкі (Народный банк), «Особа» дүкені, Тәуелсіздік даңғылы 149 мекенжайындағы құрылыс алаңы.Жатын сектор: Бородин көш. 107, 111; Пушкин көш. 175; Тәуелсіздік даңғ. 166.13 – 17 шілде 2026 жыл аралығында (Сағат 10:00 – 18:00)РП-9 (ӘЖ жөндеу жұмыстары):Нысандар: «На крючке», «Промтовары» дүкендері, Шипин көш. 56 мекенжайындағы ТҚО (СТО).Жеке сектор:Алтынсарин көш. 182–228Шипин көш. 50–61, 61аҚасымқанов көш. 144–199, 152аРабочая көш. 61–74, 61аПролетарская көш. 74–84Бағдаршам: Назарбаев даңғ. – Алтынсарин көш. қиылысы.Жүргізушілердің қаперіне: Аталған учаскелерде электр қуатының өшірілуіне байланысты бағдаршамдар жұмыс істемейді. Қиылыстардан өту кезінде барынша мұқият болуыңызды сұраймыз.Дереккөз: @qostanai.ikomekАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1257572?lang=ru
Қазақстан Малайзияға кедендік бақылау саласындағы заманауи цифрлық шешімдерді таныстырды 15.07.2026
2026 жылғы 8 шілдеде Түркістан облысындағы «Б. Қонысбаев» атындағы өткізу пунктінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мен Малайзия Корольдік кеден департаментінің делегациясы арасында жұмыс кездесуі өтті. Кездесу Дүниежүзілік кеден ұйымының бастамасымен халықаралық сауда рәсімдерін жеңілдету бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Оның негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу және Қазақстанның кедендік рәсімдерді жеделдету мен олардың ашықтығын арттыру мақсатында енгізіп жатқан заманауи шешімдерін таныстыру. Малайзия өкілдеріне өткізу пунктінің жұмысы және мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы қалай ұйымдастырылғаны көрсетілді. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін де, мемлекеттік органдар үшін де шекарадан өтуді жылдам, ыңғайлы әрі тиімді ететін заманауи технологияларға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ кедендік ресімдеуді автоматтандыратын «КЕДЕН» ақпараттық жүйесінің жұмысы, бақылауды тәуекелі жоғары болуы мүмкін жеткізілімдерге шоғырландыруға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару жүйесі, сондай-ақ тасымалдаушыларға шекарадан өту уақытын алдын ала брондауға мүмкіндік беретін CargoRuqsat электрондық кезек жүйесі таныстырылды. Бұл өз кезегінде кезектерді азайтып, процестің ашықтығын арттыруға ықпал етеді. Қазақстанның тәжірибесі шетелдік әріптестердің үлкен қызығушылығын тудырды. Нориза Абдулла Малайзия Корольдік кеден департаменті делегациясының басшысы Қазақстан кеден қызметін цифрландыру деңгейіне жоғары баға беріп, қолданылып жатқан технологиялардың тиімділігін атап өтті және кездесуді ұйымдастырғаны үшін Мемлекеттік кірістер комитеті мен Дүниежүзілік кеден ұйымына алғысын білдірді. Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар кедендік әкімшілендіру саласындағы кәсіби ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, тәжірибе және үздік тәжірибелермен алмасуды жалғастыруға дайын екендіктерін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1257524?lang=ru
Запастағы әскери міндеттілер қайта даярлау жиындарына кірісті 15.07.2026
Қазақстан Қарулы күштерінде әскери міндеттілермен өтіп жатқан бір айлық оқу жиындары әскери даярланған резервті қалыптастыруға және запастағы азаматтардың практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.Гвардейск гарнизонының 22326 әскери бөлімінде Алматы және Жамбыл облыстары мен Алматы қаласынан келген 236 әскери міндетті қайта дайындыққа кірісті. Бір ай бойы олар сұранысқа ие әскери-есептік мамандықтар бойынша білімдерін жетілдіреді. Байланыс, барлау және артиллерия мамандарын даярлауға, сондай-ақ бөлімшелер құрамында үйлесімді іс-қимыл жасауға барынша назар аударылады.– Негізгі басымдық практикалық даярлыққа және бөлімшелер құрамындағы іс-қимылдарға берілді. Оқу жиындары аяқталған соң әскери міндеттілер өздерінің әскери-есептік мамандықтары бойынша сынақтар мен емтихандар тапсырады. Дайындық деңгейі жақсыларға белгіленген тәртіппен кезекті әскери атақтар беріледі, – деді жиынның штаб бастығы подполковник Жақсылық Мырзалиев.Қордай аудандық ауруханасында рентгенолог болып жұмыс істейтін әскери міндетті Ерік Жексебай мұндай жиындардың бұрын алған білім мен дағдыларды жаңғыртып, бекітуге мүмкіндік беретінін атап өтті.– Мерзімді әскери борышымды өткергеніме біраз жыл болды. Сондықтан бұл жиын бұрын білгенімді жаңғыртып, практикалық даярлықтан қайта өтуге жақсы мүмкіндік. Әскери міндетті ретінде өз жауапкершілігімді сезіне отырып, жиынға саналы түрде келдім. Мұндай дайындық әрдайым қажетті әзірлік деңгейін сақтауға мүмкіндік береді, – деді ол.Оқу жиындары Приозерск гарнизонындағы 06708 әскери бөлімінде де басталды. Салтанатты рәсімнің маңызды сәттерінің бірі – оқу жиындарына алғаш рет шақырылған әскери міндеттілердің Әскери ант қабылдауы болды.Оқу кезеңінде қатысушылар әскери киім-кешекпен, тамақпен, жеке қорғаныс құралдарымен қамтылып, медициналық қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар олардың жұмыс орны мен лауазымы сақталады, ал орташа жалақысы республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1257530?lang=ru
АУЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА! 15.07.2026
Ауылдық елді мекендерде білім беру сапасын арттыру мақсатында 5 ауылда жаңа 48 орындық мектептердің жобалары әзірленуде.Жоба аясында жаңа білім беру нысандары мына ауылдарда салу жоспарланған:Ақжайық ауданы - Жаңажол ауылы;Бөкейорда ауданы - Жиекқұм ауылы;Жәнібек ауданы - Тегісшіл ауылы;Казталов ауданы - Әбіш және Көмекші ауылдары.Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталып, жобалаушы ұйым анықталды. Бүгінде барлық нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.Бұл жобалар ауыл оқушыларына заманауи талаптарға сай, қауіпсіз әрі жайлы білім беру кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жаңа мектептер - ауылдың дамуына және өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жасалған маңызды инвестиция.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1257515?lang=ru
Жаңа Салық кодексін енгізу жобалық кеңсесінің 21-ші отырысында құжат жобасына кезекті түзетулер топтамасы жасалды 15.07.2026
Жаңа топтама Жобалық кеңсе мен салалық жұмыс топтарының жұмысы барысында берілген ұсыныстарды, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын, Үкімет қаулылары, Премьер-министрдің тапсырмалары және Жобалық кеңсенің шешімдерін орындау үшін әзірленген түзетулерді біріктірген. Бүгінгі таңда пакетке барлығы 45 өзгеріс енгізілді. Олардың негізгі ережелері 2 шілдеде Ұлттық экономика министрлігінің сайтында және «Ашық НҚА» порталында жарияланған реттеуші саясаттың консультативтік құжатына енгізілді.Премьер- министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткізілген Жобалық кеңсенің 21-ші отырысында қатысушылар кезекті түзетулер тобын қарады. Атап айтқанда, цифрлық активтердің заңды айналымын ынталандыру үшін жеңілдетілген салықтық жағдай жасау ұсынылады. Ол үшін жеке тұлғаларды 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі цифрлық активтер қызметі қазақстандық провайдерлері арқылы жасалған цифрлық актив операцияларынан түскен кіріс бойынша жеке табыс салығынан босату көзделген.Түзетулердің жекелеген блогі инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге және шетелдік инвесторлар үшін неғұрлым тартымды жағдай жасауға арналған. Атап айтқанда, инвестициялық басым келісімшарттар, сондай-ақ фискалдық преференциялар пакетінде көзделген барлық инвестиция туралы келісімдер жасау тетігін қалпына келтіру ұсынылады. Сонымен қатар инвесторларға қажетті инфрақұрылымды дербес жүргізуге мүмкіндік беру, кейіннен КТС бойынша шегерім тетігі арқылы келтірілген шығынды өтеу ұсынылады.Жаңа пакетке бұрын Жобалық кеңсе отырыстарында әзірленген шешімдер де енгізілген. Олардың қатарында тауарды таңбалау шығысына үстеме шегерім енгізу, мүгедектігі бар адамдар үшін ЖТС бойынша шегерімді кеңейту, әлеуметтік салықтан жекелеген кірістерді босатуды қалпына келтіру, ҚҚС-дан факторинг пен форфейтингіні босату, есепке жатқызылатын ауыл шаруашылығы өнімі бойынша ҚҚС-ны түзету, жеміс шарабына акциз және басқа да бастамалар бар. Пакетке Жобалық кеңсе жұмысы барысында қабылданған 20 шешім кірді.Сондай-ақ пакет салықтық әкімшілендіруді одан әрі цифрландыруға, салық рәсімдерін жетілдіруге және Салық кодексін қолдану барысында анықталған мәселелерді шешуге арналған түзетулермен толықтырылды. Олар салық төлеушілердің өтініштерін, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Жоғары аудиторлық палатаның ұсыныстарын ескере отырып дайындалды.Бұл ретте бірқатар бастама заң жобасы Құрылтайдың қарауына енгізілгенге дейін бизнес-қоғамдастықпен пысықтауды да талап етеді. Оларды талқылау Жобалық кеңсе алаңында жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1257479?lang=ru
Қазақстан БҰҰ-ның су архитектурасын нығайтуды ілгерілетуде 15.07.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 13 шілде – БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форумы шеңберінде Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде «Жаһандық су ресурстарын басқаруды нығайту: Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында Халықаралық су ұйымын құру?» тақырыбында іс-шара өтті.Іс-шараны аша отырып, Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров халықаралық су архитектурасының сақталып отырған бытыраңқылығы әлемдік қоғамдастықтың өсіп келе жатқан су сын-қатерлеріне тиімді ден қою қабілетін шектейтінін атап өтті. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы жаһандық су ресурстарын басқарудың үйлесімділігін, тиімділігі мен есептілігін арттыруға бағытталған инклюзивті диалогқа ашық шақыру ретінде қарастырылуда.Қатысушылар БҰҰ-ның қазіргі су архитектурасындағы өзекті мәселелер, халықаралық су ресурстарын басқару жүйесіндегі Ұйымның рөлін күшейту мүмкіндіктері, сондай-ақ неғұрлым үйлестірілген, тиімді және мүше мемлекеттер алдында есеп беретін институционалдық тетік қалыптастырудың перспективалары жөнінде пікір алмасты. Су мәселелерін климаттың өзгеруімен, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікпен, денсаулық сақтаумен, экономикалық дамумен және халықаралық тұрақтылықпен тығыз өзара байланысын ескере отырып, кешенді тұрғыдан қарастыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.Өткен іс-шара 2026 жылғы 23 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында өткізілген Қазақстан бастамасы жөніндегі халықаралық консультациялардың бірінші раундының жалғасы болды. Нью-Йорктегі пікірталас бастаманы мүше мемлекеттердің, БҰҰ жүйесі ұйымдарының және халықаралық әріптестердің неғұрлым кең тобына таныстыруға мүмкіндік берді. Айтылған ұсыныстар мен сараптамалық бағалар жаһандық су ресурстарын басқаруды институционалдық тұрғыдан нығайтудың ықтимал нысандары мен тетіктерін, оның ішінде БҰҰ-ның 2026 жылғы Су конференциясы және 2030 жылдан кейінгі кезеңге арналған даму күн тәртібін қалыптастыру контекстінде одан әрі талқылауға ықпал ететін болады.Іс-шара аясында Қазақстан делегациясының БҰҰ Университетінің Су ресурстары, қоршаған орта және денсаулық институтының директоры Кавех Маданимен және Германияның Қоршаған орта, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік жөніндегі федералдық министрлігінің су мәселелері жөніндегі директоры Мириам Харитцпен екіжақты кездесулері де өтті. Тараптар ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын, оның ішінде БҰҰ-ның су архитектурасын институционалдық тұрғыдан нығайту мәселесі бойынша көпжақты диалогты ілгерілету жолдарын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1257488?lang=ru
«Kaspi Bank» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ әмбебап банк лицензиясын беру туралы 15.07.2026
Агенттік Төрағасының Орынбасарының 13 шілдедегі №Б-138 және №Б-139 бұйрықтарына сәйкес келесі банктерге банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге лицензиялар қайта ресімделді:- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ келесі қосымша операциялар түрлерін енгізе отырып, №1.1.601.130 әмбебап банктік лицензия берді:басқа операциялар:банкаралық қарыздар, банкаралық кепілдіктер, банкаралық кепілгерліктер, сондай-ақ өзге де банкаралық операциялар.- «Kaspi Bank» АҚ келесі қосымша операциялар түрлерін енгізе отырып, № 1.1.722.131 әмбебап банктік лицензия берді:басқа операциялар:банкаралық қарыздар, банкаралық кепілдіктер, банкаралық кепілгерліктер, сондай-ақ өзге де банкаралық операциялар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1257493?lang=ru
Қазақстан мен Қытай мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту бағытын жалғастыруда 15.07.2026
Бейжің, 2026 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Қытай Халық Республикасына сапары аясында Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Имен келіссөздер өтті.Е. Көшербаев қытайлық тарапты Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығымен және Қытай Халық Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының Он бесінші бесжылдық жоспарын табысты іске асырудың басталуымен құттықтады. Сондай-ақ әріптесін Қазақстандағы институционалдық реформалардың жаңа кезеңі туралы хабардар етіп, ү.ж. 1 шілдеден бастап жаңа Конституцияның күшіне енгенін атап өтті. Жүргізіліп жатқан реформалардың заң үстемдігін одан әрі нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және инвестициялар тартуға қолайлы жағдай жасауға бағытталғаны ерекше назар аударылды.Тараптар мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйін және екі мемлекет басшыларының кездесулері қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын қанағаттанушылықпен атап өтті.«Соңғы кездесуімізден бері Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар жоғары серпінін сақтап, екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша тұрақты түрде дамып келеді», – деп айтып өтті Е. Көшербаев.Өз кезегінде, Ван И Қытай Қазақстанды өзінің негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде әрдайым қарастыратынын және екі ел көшбасшылары арасындағы сенімді диалог екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың берік негізі екенін баса айтты.ҚР СІМ басшысы Қазақстан мен Қытай мемлекет басшылары қойған өзара сауда көлемін екі есеге арттыру міндетін дәйекті түрде жүзеге асырып келе жатқанын айтты. Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі екені және 2025 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы рекордтық деңгейге – 48,7 млрд АҚШ долларына жеткені атап өтілді.Технологиялық ынтымақтастық пен жасанды интеллект мәселелеріне ерекше назар аударылды. Шанхайда өтетін Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы қарсаңында Ермек Көшербаев қытайлық тараптың форумды ұйымдастырудағы күш-жігерін, сондай-ақ Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік ынтымақтастық ұйымының құру бастамасын жоғары бағалады.Министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, «Орталық Азия-Қытай» форматы және басқа да халықаралық құрылымдар шеңберіндегі тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға бейілділіктерін растады.Тараптар жоғары деңгейде өтетін алдағы іс-шаралардың кестесін талқылап, стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстанның аталған ұйымға қосылуын көздейтін Медиация жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы конвенцияға қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1257443?lang=ru
ВАК қорытындысы: бизнесті дамыту, әкімшілік кедергіні қысқарту, АӨК-те бақылауды күшейту 15.07.2026
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті 100-ші отырысы өткізілді.Қатысушылар шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2025 жылғы қорытындысын шығарып, бизнеске әкімшілік жүктемені одан әрі төмендету шараларын қарастырды. Сондай-ақ өсімдік карантині, астық нарығы мен электрондық лотереяларды реттеу саласындағы бақылауды күшейтуге арналған заңнамалық бастамаларға қолдау білдірді.2025 жылы шағын және орта кәсіпкерлік секторы ел экономикасындағы өз позициясын нығайтуды жалғастырды. Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаевтың айтуынша, 2026 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда 2,36 млн шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, бүгінде оның 2,18 млн-ы жұмыс істеп тұр. Соңғы бес жылда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың үлесі 84,3%-дан 92,2%-ға артып, 7,9 пайыздық тармаққа өсті. Кәсіпкерлік сектордың негізгі бөлігін шағын бизнес алады, 2 357 172 субъект. Шағын және орта бизнестің ел экономикасына қосқан үлесі де өсуде. Егер 2020 жылы оның ЖІӨ-дегі үлесі 32,9% болса, 2025 жылы 40,9%-ға жетті. Оның ішінде шағын бизнестің үлесі 33,7%, орта бизнестің үлесі 7,2%.Отырыста айтылғандай, мемлекет реттеуді цифрландыру мен әкімшілік рәсімді қысқарту жұмысы жалғасуда. 2025 жылы бизнесті тексеру 4,9%-ға төмендеді. Біліктілік талабына сәйкестікті тексеру 69,5%-ға, 1 173-тен 358-ге қысқарды.Жоспардан тыс тексеру 47 154-тен 46 884-ке дейін, басқа тексеру 4 993-тен 3 449-ға дейін азайды.Рұқсат беру жүйесін оңтайландыру жалғасуда. Төтенше жағдайлар, Ішкі істер және Ауыл шаруашылығы министрліктері жеке рұқсат құжатын беру мерзімін қысқартып, бұл кәсіпкерлерге 6-дан 18 күнге дейін үнемдеуге мүмкіндік берді. Есептілікті қысқарту да жүргізілуде. Қолданыстағы 192 ақпараттық құралдың 15%-ын да азайту ұсынылды. Қазірдің өзінде 79 құрал немесе жалпы көлемнің 40,7%-ы автоматтандырылды.Атап айтқанда, «Е-Қаржымині» жүйесінде 10 есептілік нысаны электрондық форматқа көшірілді. Отырыстағы тағы бір мәселе – азаматтарды электрондық жедел және тираждық лотереяларға шамадан тыс тарту тәуекелін азайтуға бағытталған заңнамаға түзетулер.Өзгеріс енгізуге азаматтардың мемлекеттік органдарға келіп түскен өтініші себеп болды. Туризм және спорт министрлігінің ақпараты бойынша, халықтың электрондық лотереяларда ірі қаржылық шығынға ұшырауы жиілеп кеткен (мысалы, Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары арасында айтарлықтай шығын фактісі тіркелді). Қазіргі уақытта елімізде осындай қызметті жүзеге асыратын 200-ден астам ұйым жұмыс істейді. Түзетулер арқылы «лофтпарктарда» электрондық тираждық лотерея ойыны арасындағы аралықты ұлғайту ұсынылды. Енді оны әр үш минут сайын емес, 30 минутта бір рет өткізу қажет.Сонымен қатар белгілі бір уақыт аралығында лотерея операторынан сатып алынатын электрондық жедел лотерея билетінің санына да шектеу енгізіледі. Отырыс барысында агроөнеркәсіптік кешендегі құқықтық реттеуге ерекше назар аударылды.Облысаралық өнімді тасымалдау кезінде міндетті карантиндік сертификаттың жойылуына байланысты 2025 жылы карантиндік объектілердің бақылаусыз таралу қаупі туындады. 2023 жылы 158,5 млн теңге айыппұл сомасына 1 986, 2024 жылы 208,1 млн теңге сомасына 2 093 құқық бұзушылық анықталды.Түзетулер арқылы карантин енгізілген өнімді облысаралық тасымалдау кезінде карантиндік сертификатты қайтадан міндетті ету, ол болмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік тағайындау ұсынылады. Айыппұл мөлшері жеке тұлғалар үшін 20 АЕК; лауазымды тұлға, шағын кәсіпкерлік субъектісі мен коммерциялық емес ұйымдарға 30 АЕК; орта кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК; ірі кәсіпкерлік субъектісіне 100 АЕК.Тағы бір шешім, жаңа егін жиын-терімі алдында астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеруді қайтару. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы атап өткендей, елде астық қабылдау кәсіпорындарын (АҚК) жүйелі тексеру 2018 жылдан бері жүргізілмеген. Оның айтуынша, бұл заңнамадағы өзгерістер мен жалпы тексеру жүргізудің тәсіліне байланысты.Қолданыстағы тәсіл астықты қабылдаудан бастап оны сақтау, кейіннен жөнелтуге дейінгі барлық технологиялық циклдің үздіксіз, кешенді мониторингін қамтамасыз ете алмайды.Нәтижесінде, соңғы бес жылда тексеру іс-шарасы тек төрт облыстағы кәсіпорында жүргізілген. Бұл дәнді дақылды кептіру мен сақтау кезіндегі технологиялық талаптың бұзылу қаупін едәуір арттырған. 2024 жылы 37 рет астық туралы заңнама талабын бұзу фактісі анықталып, 31 бизнес субъектісі жауапкершілікке тартылған. 2025 жылы осындай 11 мысал тіркеліп, төрт кәсіпорын жауапқа тартылды. «Астық туралы» заңға, Кәсіпкерлік кодексіне және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулерде астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайын міндетті түрде тексеру, сондай-ақ белгіленген талапқа сәйкес келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу көзделген. Реформа «QOLDAU» платформасында «АgriВonds» астық қолхаты жүйесінде тіркелген 189 бизнес субъектісіне әсер етеді. Бұл шара жаңа астықты қауіпсіз сақтап, үздіксіз қабылдауға мүмкіндік береді.Комиссия ВАК отырысында қаралған мәселелерге реттеушілік әсерді талдау нәтижесін мақұлдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1257444?lang=ru
Қазақстан Елшісі шахматтан Пәкістан Ұлттық чемпионатының ашылуына қатысты 15.07.2026
Исламабад, 10 шілде 2026 ж. – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин Пәкістан шахмат федерациясының президенті Зишан Али Накви мырзаның шақыруымен Пәкістанның шахматтан 2026 ж. Ұлттық чемпионатының ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысты.Іс-шараға сондай-ақ Пәкістанның өңіраралық үйлестіру министрлігінің Федералды хатшысы А.Мохюддин, Пәкістан спорт кеңесінің Бас директоры Я.Хусейн, Пәкістан шахмат федерациясының президенті З.А.Накви және басқа да қонақтар қатысты.Елші Е.Қыстафин өз сөзінде шахмат, бокс, қазақ күресі және басқа да пәндер сияқты спорт түрлерін қоса алғанда, спорт саласындағы Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығының серпінді дамуын атап өтті. Елші екі елдің спорт федерациялары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту достық қарым-қатынастарды нығайтуға, гуманитарлық байланыстарды дамытуға және спортшылар мен жаттықтырушылар арасында тәжірибе алмасуға ықпал ететінін атап өтті.Өз кезегінде, федералдық хатшы А.Мохюддин мен шахмат федерациясының президенті З.А.Накви Пәкістанда шахматты дамытуға көрсеткен қолдауы үшін, оның ішінде Исламабадта шахмат академиясын ашуға жәрдемдескені, жергілікті шахматшылар үшін онлайн және офлайн шеберлік сыныптарын ұйымдастырғаны үшін, сондай-ақ басқа да спорт түрлерін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан тарапына алғысын білдірді. Сонымен қатар, Пәкістан тарапы спорт және спорттық дипломатия саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.Қазақстан Елшілігі Пәкістанның шахматтан Ұлттық чемпионатының барлық қатысушыларына табысты өнер көрсетіп, жаңа спорттық жетістіктер тілейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1257436?lang=ru
ҚР СІМ-де дипломатиялық миссиясы аяқталатын Оман Елшісін қабылдады 15.07.2026
Астана, 2026 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Қазақстандағы Оман Сұлтандығының Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Әл-Бахраниді дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады.Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, өзара тиімді серіктестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін М. Әл-Бахраниге ризашылығын білдірді.Өз кезегінде, Оман дипломаты Қазақстанда қызмет атқару барысында жинақтаған тәжірибесін ерекше атап өтіп, достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.Кездесу соңында Оман Елшісіне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың алғыс хаты табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1257425?lang=ru
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігі 2026 жылғы 24 тамыздағы сағат 10:00-де мерзімі 10 жылға, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс мына мекен-жайда өткізіледі: Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровской ауылы, Королев көшесі 5 (аудан әкімдігінің ғимараты) лоттар бойынша: 15.07.2026
№ лоттарУчаскенің орналасқан жері Алаңы гаЖер-сулардың құрамысапалық сипаттамасыБонитетбалдарысумен қамтамасыз етужалдау мерзіміауылшаруашылық мамандануыегістікжайылымшабындықтар1Буденный ауылдық округ (егістік № 66)75,1 75,0 қарапайым қара топырақтар56жоқ10 жылөсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы2Қарақоға ауылдық округ (егістік №134, 125)332,4 331,2 қарапайым қара топырақтар24жоқ10 жылөсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы3Қарақоға ауылдық округ (егістік №119, 6)150,45323,170,7қарапайым қара топырақтар49жоқ10 жылөсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы4Қарақоға ауылдық округ (егістік №8)141,1 7,458,7қарапайым қара топырақтар10жоқ10 жылмал шаруашылығы5Қарақоға ауылдық округ (егістік №7)59,6 51,66,2қарапайым қара топырақтар10жоқ10 жылмал шаруашылығы6Соснов ауылдық округ (егістік №33)22,122 қарапайым қара топырақтар35жоқ10 жылөсімдік шаруашылығы7Соснов ауылдық округ (егістік №42 ВСУ)3 2,8 қарапайым қара топырақтар10жоқ10 жылөсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы Барлығы:783,7150416,1135,6 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары (Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20.12.№ 518 бұйрығымен) өтінімді қабылдау және тіркеу 2026 жылғы 3 тамыздан мен 21 тамызға оралығында дейін мына мекен-жай бойынша: Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровской ауылы, Королев көшесі 5-үй, «Меңдіқара ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ жүзеге асырылатын болады. Телефон/факс: 8(71443) 2-45-78,эл. пошта: mend.zem.kom@mail.ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1257395?lang=ru
«Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды 15.07.2026
«Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды 2026 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға берілген 333 809өтініш орындалып, жалпы сомасы 62,71 миллион АҚШ долларына жуық қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды.Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуды көздейді: 41,01 млн АҚШ доллары сомасына 216 060 өтініш орындалды. Білім беру ақысын төлеу үшін 21,69млн АҚШ доллары сомасына 117 749өтініш орындалды.НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады. Одан кейін пайдаланылмаған қалдық алушының ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады.Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаты – одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (40,25 млн АҚШ долларына 211 474 өтініш). Сонымен қатар тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна ретінде енгізу үшін 1 583 өтініш беріліп, олар бойынша 269,48 мың АҚШ доллары аударылса, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу) – 177,79 мың АҚШ долларына 1 081 өтініш орындалды. Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (20,36 млн АҚШ долларына 108782 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (894,12 мың АҚШ долларына 6 153 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (335,33 мың АҚШ долларына 2 175 өтініш орындалды) төлем жасау. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) :- үшінші жыл - 370 доллар 56 цент;- екінші жыл - 263 доллар 93 цент;- бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент. 18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады. Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет:- eGov Mobile қосымшасында: "Цифрлық құжаттар" - "Отбасы" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер";- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz: "Мемлекеттік қызметтер " - "Барлық құжаттар" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер". Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет.Бүгінгі күні уәкілетті операторлар:- "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу),- "Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу),- "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу).Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады: «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0 «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша«Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUkhttps://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk «Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHchttps://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecAhttps://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1258356?lang=ru
ҚҚС бойынша есепке жатқызу 15.07.2026
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық кодексі күшіне енді, ол ҚҚС-ты есепке алу тәртібін айтарлықтай өзгертті. Енді ережелер нақты әрі бірыңғай болды, бұл салық төлеушілердің жұмысын жеңілдетеді және даулы жағдайлардың санын азайтады.Бұрын ҚҚС-ты есепке алу сәті жиі шот-фактураның шығарылған күніне байланысты болатын, бұл түсінбеушіліктерге әкелетін. Жаңа кодексте нақты оқиға күніне негізделген бірыңғай тәсіл енгізілді. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ҚҚС оларды нақты алған күн бойынша есепке алынады. Жұмыстар мен қызметтер үшін мұндай күн орындалған жұмыстар актісіне қол қойылған сәт болып табылады. Бұл жаңалық салық төлеушілерге салықтық міндеттемелерді алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.Тауарларды үшінші елдерден импорттау кезінде ҚҚС кедендік заңнамаға сәйкес тауарлар шығарылған күні бойынша есепке алынады. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импортта есепке алу сәті ҚҚС төленген күні туындайды. Бейрезиденттер көрсеткен жұмыстар мен қызметтер үшін ҚҚС электрондық шот-фактура шығарылған күні бойынша есепке алынады. Төлеуші ЭШФ-ны белгіленген мерзімде өзі ресімдеуге міндетті және дәл осы күн бойынша соманы есепке алады, егер қызметтер салық салынатын айналымдар үшін пайдаланылса. Осы өзгерістердің арқасында тәртіп ашық әрі бизнес үшін ыңғайлы болды.Жаңа кодекс ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін есепке алу мүмкіндіктерін кеңейтті. Олар есепке ала алатын қосымша ҚҚС сомасының мөлшері 70 пайыздан 80 пайызға дейін ұлғайтылды. Бұл норма агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға және оның дамуын ынталандыруға бағытталған.Практикалық жаңалық ретінде ҚҚС-ты есепке алудың электрондық шот-фактуралар жүйесімен тығыз интеграциясы енгізілді. Салық төлеушілер 300.00 нысанды декларацияны тапсырғанға дейін электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде тікелей ҚҚС-ты есепке алуын белгілей алады. Бұл механизм операциялардың ашықтығын арттырып, салық органдарына деректерді жылдам бақылауға мүмкіндік береді.Өтпелі кезең үшін арнайы ережелер қарастырылған. Егер тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер 2025 жылдың желтоқсанында сатып алынған болса, есепке алу мерзімі бұрынғы кодекстің нормалары бойынша анықталады. Сатып алу 2025 жылы болып, шот-фактура 2026 жылы шығарылған жағдайда ескі ережелер бойынша ең кешірек күн қолданылады. Бұл бизнеске жаңа талаптарға біртіндеп бейімделуге көмектеседі.ҚҚС-ты есепке алу құқығы тек тіркелген салық төлеушілерде сақталады, егер сатып алулар салық салынатын айналымдар үшін пайдаланылса және құжаттармен расталса. Жаңа кодекс зачет қолданылмайтын операциялардың тізімін нақтылайды, әсіресе салық салынбайтын және ҚҚС-тан босатылған айналымдар бойынша.Жалпы алғанда, ҚҚС бойынша есепке алуға қатысты өзгерістер салық әкімшілігін заманауи әрі ыңғайлы етеді. Бизнеске есеп жүйелерін жаңа ережелерге сәйкес жаңарту және электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін белсенді пайдалану ұсыныладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1257326?lang=ru
Қазақстан экономикасы шикізаттық емес салалардың тұрақты дамуы есебінен 4,1%-ға өсті 15.07.2026
Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, 2026 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанда ЖІӨ нақты өсуі қаңтар-мамырмен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа жеделдеп, 4,1%-ға жетті.Өсудің негізгі драйвері мұнайға жатпайтын сектор болып қала береді. Ұлттық экономика министрлігінің бағалауы бойынша оның өсуі 5% - дан асады. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда мұнай өндіру көлемінің 8,4% - ға төмендеуіне қарамастан, экономиканың нақты секторы 5,1% - ға, қызмет көрсету саласы 3,5% - ға өсті.Экономика шикізатқа жатпайтын сала есебінен өсуді жалғастыруда. ЖІӨ өсімінің 80% - дан астамын дамудың ең жоғары қарқынын сақтайтын өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда және көлік қамтамасыз етті.Құрылыс өсу қарқыны бойынша көшбасшы болып қала береді. Бірінші жартыжылдықта орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 15,2% - ға ұлғайды. 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,7% - ға артық.Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 9,8% - ға өсті. Алты айдың қорытындысы бойынша шығарылған өнім көлемі 16,2 трлн теңгеге жетті. Бұл тау-кен өндіру саласының көрсеткішінен жоғары. Шамамен 15,9 трлн теңге.Өңдеу өнеркәсібінің 40% - дан астамын құрайтын металлургиядағы өндірістің өсу қарқынының төмендеуіне қарамастан, өңдеу секторының өсуін басқа өндірістер қамтамасыз етті. Дайын металл бұйымдарын шығару 39,9% - ға, автомобильдер 31,6% - ға, фармацевтикалық өнімдер 43,6% - ға, химиялық өнімдер 20,7% - ға, резеңке және пластмасса бұйымдары 21,8% - ға, құрылыс материалдары 14,1% - ға, тамақ өнімдері 14,7% - ға ұлғайды.Экономиканың басқа салаларында да оң динамика сақталуда. Сауда көлемі 5,7%-ға, ауыл шаруашылығы 4,4% - ға, байланыс қызметі 4,3% - ға өсті.Көлік-логистика саласы 7,1% - ға өсті. Өсім қосалқы көлік қызметінің 14% - ға артуымен, темір жол жүк тасымалы көлемінің 4,9% - ға және автомобиль жүк тасымалы көлемінің 11,4% - ға ұлғаюымен қамтамасыз етілген.Жоғары инвестициялық белсенділік сақталуда. Негізгі капиталға салынған инвестиция 9,6% - ға өсті. Ең елеулі өсім ақпарат және байланыс саласында. Ол 2,3 есеге, электрмен жабдықтау 61,4%-ға, өңдеу өнеркәсібі 33,3%-ға, ауыл шаруашылығы 24,6%-ға және көлік 11,6%-ға байқалды.Осылайша, шикізатқа жатпайтын салалардың қарқынды дамуы мен жоғары инвестициялық белсенділік Қазақстанның экономикалық өсуінің тұрақты негізін қалыптастыруды жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1257331?lang=ru
Валюталық заңнаманың талаптары 15.07.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға экспорттық-импорттық операцияларды жүргізу кезінде валюталық заңнама талаптарын сақтау қажеттігін еске салады. Негізгі талаптардың бірі-валютаны валютаны репатриациялау. Бұл қазақстандық компаниялардың мыналарды қамтамасыз етуге міндетті екенін білдіреді: - экспорттық түсімнің Қазақстан Республикасының уәкілетті банктеріндегі шоттарға түсуі; - тауарларды жеткізбеген, жұмыстарды орындамаған немесе қызметтер көрсеткен не сыртқы экономикалық шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда шетелдік өнім берушіге берілген қаражатты қайтару. Басқаша айтқанда, егер шетелдік серіктес шарттың талаптарын орындамаса, Қазақстан Республикасының резиденті берілген қаражатты өзінің банктік шоттарына қайтару үшін шаралар қабылдауы тиіс. Валюталық бақылау заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, елдің экономикалық мүдделерін қорғауға және валюталық түсімді Қазақстан Республикасына қайтаруға бағытталған. Бұзушылықтарды болдырмау үшін Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға мыналарды ұсынады: - заңнамада көзделген жағдайларда экспорттық түсімнің уақтылы түсуін немесе импорттық операциялар бойынша қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету; - сыртқы экономикалық шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерін қадағалау; - шарт талаптары өзгерген кезде қосымша келісімдер жасасуға және валюталық шарт деректеріне тиісті өзгерістер енгізуге; - сыртқы экономикалық шарттар бойынша міндеттемелердің орындалғанын растайтын құжаттарды сақтауға; - сұрақтар туындаған кезде Мемлекеттік кіріс органдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне немесе уәкілетті қызмет көрсететін банкке жүгінуге міндетті. Валюталық заңнама талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 244 бабы бойынша 1 116 әкімшілік хаттама жасалды («банкпен валюталық шарт бойынша шот нөмірін алу және ол бойынша ақпарат беру тәртібін бұзу»). Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 251 бабына сәйкес («ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау туралы талапты орындамау») сыртқы экономикалық қызметке 141 қатысушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 15,3 млрд теңгені құрады. Валюта заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін ең үлкен айыппұлдар салынды: - Алматы қаласында 9,2 млрд теңгеден астам; - Павлодар облысында 1,8 млрд теңгеден астам; - Жетісу облысында 1,1 млрд теңгеден астам; - Астана қаласында 1 млрд теңгеден астам. Бұл мысалдар валюта заңнамасының талаптарын сақтамау кәсіпорынның көлеміне және жүзеге асырылатын қызмет түріне қарамастан әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін көрсетеді. Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушыларын валюталық заңнама талаптарын мұқият сақтауға, сыртқы экономикалық шарттар бойынша өз міндеттемелерін уақтылы орындауға және бұзушылықтардың алдын алу үшін қажетті шаралар қабылдауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1257961?lang=ru
С. Аманжолов атындағы ШҚУ түлектеріне диплом табыстау рәсімі 15.07.2026
06 июля 2026 года в концертном зале Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялось торжественное награждение выпускников дипломами об окончании высшей школы «Бизнеса и права» Восточно-Казахстанского университета им. С. Аманжолова. В числе получивших дипломы выпускники по специальности «Менеджмент», «Финансы», «Учет и аудит», «Экономика», «Юриспруденция» и др. Представители Департамента государственных доходов по ВКО также приняли участие в церемонии награждения в рамках заключенного Меморандума с Вузами г. Усть-Каменогорска в целях формирования правовой культуры молодежи, повышения образовательного процесса студентов, налоговой и таможенной грамотности.Департаментом регулярно проводится обучение студентов в рамках Меморандума нормам налогового и таможенного законодательства, всеобщего декларирования, банкротства физических лиц, мобильным переводам, а также оказывается содействие по организации профессиональной практики студентов с возможностью практического применения навыков работы с информационными системами органов государственных доходов, мобильными приложениями, участия в Акциях, Днях открытых дверей с экскурсией в Музей и др.Основополагающий акцент ставится на повышение налоговой культуры и качественную подготовку кадров в целях дальнейшего трудоустройства в органы государственных доходов.По итогам вручения дипломов руководитель управления разъяснительной работы и контакт-центра ДГД Гульмира Сабралимова от имени Департамента выступила с поздравлением выпускников с успешным окончанием университета и получением диплома, приглашением на работу в органы государственных доходов, где есть возможность получения ценного опыта, профессионального роста, реализации свои знаний на практикеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1257258?lang=ru