Enbekshi QazaQ

Қоғам

Ақтөбеде қаржыгерлер марапатталды 16.11.2024
Бүгін, 15 қараша - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - Теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Атаулы күнге орай, өңірдің қаржыгерлері марапатталды.Облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов мереке иелерін құттықтап, қаржы саласында атқарған қызметтері үшін алғыс білдірді.«1993 жылы 15 қарашада егемен еліміздің тәуелсіздігінің айырықша белгісі саналатын ұлттық валютамыз – Теңге айналымға енгізілді. Ұлттық валюта күнінің қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келуі бекер емес. Қаржыгерлер ұлттық валютамызбен тікелей жұмыс істеп, оның айналымын ұдайы қадағалап отырады. Осындай айтулы мереке күні Сіздерге қаржылық тұрақтылық, өсу, кәсіби жетістік тілейміз. Алдағы жұмыстарыңыз еліміздің экономикасын дамыту мен нығайтуға және қаржылық әлеуетін көтеруге бағыттала берсін», - деді облыс әкімінің орынбасары.Абзал Әбдікәрімов бүгінгі мерекеде еңбекте жетістікке жеткен облыстағы банк саласының мамандарына облыс әкімінің алғыс хатын табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/884223
Әскери қаржыгерлер ұлттық валюта күнін атап өтті 16.11.2024
Қазақстан қаржыгерлерінің кәсіби мерекесіне орай Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында салтанатты іс-шара өтті.Оған Қорғаныс министрлігінің, Экономика және қаржы департаментінің, Бас қаржы инспекциясының, Мемлекеттік сатып алу орталығының басшылығы, Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының мамандары, Ақмола гарнизонының қаржыгерлері, Қарулы күштер қаржы қызметінің ардагерлері қатысты.Іс-шараның басында қаржы қызметінің қалыптасу кезеңдері, даму перспективалары және ведомство мамандары туралы баяндайтын фильм көрсетілді.Жиынға қатысушыларды Қорғаныс министрінің орынбасары Әскер Бейсенов мерекемен құттықтады. Ол қызмет ардагерлеріне Қазақстан армиясын қаржылық қамтамасыз етудің дербес жүйесін қалыптастыру ісіне қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Бүгінде ол әскерлерді материалдық-техникалық жарақтандыруды, инфрақұрылымды дамыту мен күтіп ұстауды, әскери қызметшілерді лайықты әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етуді, кәсіптік әскери білім алуды, сапалы медициналық қызмет көрсетуді және басқа да қызмет салаларын қамтиды.Қаржылық қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесі әскерлердің қажеттіліктерін уақтылы қанағаттандыруға және бюджетті жоспарлау мен орындаудың әр кезеңінде қаражаттың жұмсалуын бақылауға мүмкіндік береді. Оны жетілдіру бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде.Кәсіби мереке құрметіне мінсіз қызметі және қойылған міндеттерді шешуге жауапкершілікпен қарағаны үшін ерекше көзге түскен мамандар «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен және Құрмет грамотасымен марапатталды. Бірқатар қаржыгерлерге алғыс жарияланып, бағалы сыйлықтар табыс етілді және мерзімінен бұрын әскери атақтар берілді.Салтанатты жиын Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/884265
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумының ашылуымен құттықтауы 16.11.2024
«Баршаңызды Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумының ашылуымен құттықтаймын! Алқалы жиын Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында өтіп жатыр. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Сондай-ақ бұл форум елімізде тың игеру науқаны басталғанына 70 жыл толуына тұспа-тұс келіп отыр. Сол науқанның түрлі салдары болғанын білесіздер. Соған қарамастан ауыл шаруашылығында көптеген оң өзгеріс жасалды. Қазақстан аз уақыт ішінде әлемдегі ең астықты елдің біріне айналды. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарды, елді мекендер салынды. Мен бүгін алғашқы тыңгерлердің және олардың ізін басқан диқандарымыздың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Жаңа ғана арнайы көрмені араладық. Отандық өнімдеріміздің сапасы жоғары, көбі экспортқа шығарылып жатыр. Бұл – зор жетістік. Қазақстан Егіс алқабы және жайылымдық жер көлемі жағынан әлемде 6-орын алады. Біз бидай экспорттайтын 10 ірі мемлекеттің қатарына кіреміз. Ұн экспорты бойынша көш басындағы елдің біріміз. Биыл түрлі қиындыққа қарамастан, қамбамыз астыққа толды. Күзгі жиын-терінде 26,7 миллион тонна дақыл жиналды. Бұл – соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткіш. Шын мәнінде диқандарымыз тамаша нәтижеге жетіп отыр. Құттықтаймын және баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін!»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/884238
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумындағы сөзінен үзінді 16.11.2024
«Агроөнеркәсіп кешеніне жан-жақты қолдау көрсетілуде. Негізгі мақсатымыз – ауыл шаруашылығының дамуына серпін беру. Бүгінде Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі индексіндегі еліміздің көрсеткіштері жақсарып келеді. 2022 жылы осы рейтингте 32-ші орынға шықтық. Қазақстан ТМД елдері ішінде көш бастап тұр. Бірақ жайбарақат отыруға болмайды. Ауыл шаруашылығы бәсекеге қабілетті озық сала болуы керек. Агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс. Бизнес те, мемлекет те осыған мүдделі. Бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Ауылдағы ағайынның тұрмысы да осы салаға тікелей байланысты»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/884276
Алдағы жұмыстың негізгі бағыттары. БІРІНШІ. Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыруды жүйелі жүргізу қажет. 16.11.2024
Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру ақсап тұрған саланың бірі еді. Биыл мемлекет бұл мәселені шешіп, бөлінетін қаржы көлемін айтарлықтай арттырды. Біз пайыздық мөлшерлемемен субсидиялау арқылы несиелеудің күрделі әрі көлеңкелі жүйесінен бас тарттық. Диқандар енді көктемгі егін егу және жиын-терін жұмыстарына 5 пайыз мөлшерлемемен тікелей жеңілдетілген несие алады. Мұндай несиелеу көлемі алғаш рет жарты триллион теңгеден асты (580 миллиард теңге, бұған дейін 180 милллиард теңге болған), алдағы уақытта бұл көрсеткіш бір жарым триллион теңгеге дейін жеткізіледі. Дәнді дақылдар түсімі биыл гектарына 16 центнерді құрады. Бұл көпжылдық орташа көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары. Кейбір алқаптан гектарына 40 центнерден немесе одан да көп өнім жиналды. Бидай сапасы мен балауызының деңгейі (32 пайыз) жоғары. Бұған заманауи агротехнологияларды, жоғары сапалы тұқымды, тыңайтқыш пен пестицидтерді пайдалану, сондай-ақ ауылшаруашылық техникаларын жаңарту арқылы қол жеткіздік. Енді біздің алдымызда жиналған өнімді сақтау және оның бағасын құлдыратуға жол бермеу міндеті тұр. Үкіметке Азық-түлік корпорациясы арқылы шаруалардан астық сатып алуды тапсырамын. Бұл нарықтағы бағаны ұстап тұру үшін керек. Астықты өңірлердегі қоймаларды босату мақсатында Ауыл шаруашылығы және Көлік министрліктері бидайды басқа облыстарға тасымалдауды жедел қамтамасыз етуі қажет. Бұл істе облыс әкімдерінің үйлесімді жұмыс істегені маңызды. Көктемгі егіс пен күзгі жиын-терін жұмыстарын дер кезінде қаржыландыру – мол астық жинаудың кепілі. Жыл сайын төлемдерді кешіктіру салдарынан шаруалар егін егу барысында көп қиындықты бастан өткереді. Сондықтан менің тапсырмам бойынша көктемгі егіс жұмыстарына бөлінетін жеңілдетілген несие биылғы желтоқсан айынан бастап берілетін болады. Соның нәтижесінде диқандар жанар-жағармайды, қосалқы бөлшектерді, басқа да қажетті тауарлар мен қызметтерді уақытында сатып ала алады. Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда аталған салаға жеке инвестициялар тарту керек екенін айтқан едім. Агроөнеркәсіп кешенін мемлекет тарапынан субсидиялауды біртіндеп қысқартып, оның орнына банктердің ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несие беруін ынталандырған жөн. Отандық қаржы институттары агрокәсіпорындарға ұзақмерзімді әрі қолжетімді қаражат ұсынуға тиіс»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/884284
Көкшетауда Ұлттық валюта күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 16.11.2024
Он бесінші қарашада Қазақстанда Ұлттық валюта күні мен қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді.Бүгін Ақмола облысы әкімдігінде Қаржыгер күні мен Ұлттық валюта – теңге күніне арналған салтанатты жиын өтті. Кәсіби мереке құрметіне бірқатар сала өкілі марапаттарға ие болды.«Қаржы жүйесі – экономиканың қан тамыры, ол барлық саланың тіршілігі мен дамуын қамтамасыз етеді. Сіздерге бұл жүйені тұрақтылықта және қауіпсіздікте ұстау, оны заман талабына бейімдеу және өңір мен елдің тұрақты дамуына ықпал ету сияқты маңызды міндет жүктелген. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен біліктіліктеріңіздің арқасында Қазақстанның қаржы саласы заманауи сын-қатерлерге жауап беріп, тұрақтылық пен икемділікті көрсетіп, экономикалық өркендеуге ықпал етуде. Бүгін біз осы маңызды салаға өмірін арнағандардың барлығына ерекше алғысымызды білдіреміз», – деп атап өтті Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жарқешов.Қазақстан Республикасының Жоғарғы аудиторлық палатасының «Қаржы сақшысы» медалімен Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы – Бауыржан Қабдыраш марапатталды.«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен жергілікті бюджеттерді орындаудың есеп және есептілік бөлімі басқармасының басшысы Наталья Рыбалко марапатталды.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің алғыс хатымен Көкшетау қаласы экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Гүлнар Құзтаева марапатталды.Оған қоса, Ақмола облысы әкімінің құрмет грамоталарымен қаржы саласының 25 қызметкері марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/884161
Семейде құрылыс жұмысының барысы тексерілді 16.11.2024
Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков жылумен қамту және білім беру мекемелерінің құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын тексерді.Атап айтқанда, «Қарағайлы» шағын ауданындағы блок-модульдік қазандық пен мектеп және Водный ауылындағы мектеп құрылысына тексеру жүргізілді.Барлық мердігерлерге жұмысты уақтылы және сапалы аяқтау тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/884180
ЕАЭО елдеріндегі цифрландыру – кедергісіз ішкі нарыққа апаратын жол 16.11.2024
Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) мүше мемлекеттер мен бизнестің ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарымен тиімді және жедел өзара әрекеттесуі мақсатында ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі (ИАЖ) құрылды.Бұл жүйе деректерді ашық, ыңғайлы және жедел алмасуды қамтамасыз етеді. ЕАЭО елдері осы жобаны толыққанды іске асыруға ұмтылуда.ИАЖ ЕАЭО аясында тауарлардың қозғалысына байланысты ветеринарлық, санитарлық, фитосанитарлық, көлік және кедендік бақылау салаларындағы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, бұл әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді айтарлықтай төмендетеді.ЕАЭО ИАЖ-ды іске асыру экспорт жағдайды жеңілдетуге, өзара сауда көлемін арттыруға, бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуға, тауарлардың қозғалысын бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді жою және олардың туындамауына мүмкіндік береді.2015 жылы ЕАЭО аясында 21 ынтымақтастық бағыты бойынша ортақ процестер тізімі бекітілген болатын.Ортақ процестер – бұл бір мемлекеттің аумағында басталып, басқа мемлекеттің аумағында аяқталатын ақпараттық алмасу. Бұл процесс ЕАЭО ИАЖ арқылы қамтамасыз етіледі.Жалпы, ЕАЭО-да 77 ортақ процесті іске қосу жоспарланған. Бүгінгі күні мүше мемлекеттер үшін 39 ортақ процесс қолжетімді.Қазіргі уақытта 27 процесс дайындық кезеңінде, оның 14 процессі2024 жылдың соңына дейін, ал қалған 13 процесс 2025 жылы іске қосылады.Осылайша, 2025 жылдың басынан бастап мүше мемлекеттер55 % ортақ процестерге қосылу мүмкіндігіне ие болады.Ортақ процестерді толық іске асыру ЕАЭО аясында кедергісіз ортаға қол жеткізудің бір жолы болып табылады.ЕАЭО ақпараттық өзара әрекеттесу жұмысының аралық қорытындылары қараша айының 3-онкүндігінде ЕЭК Кеңесінің отырысында талқыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/884162
Қазақстан мен АӨСШК ұйым Хатшылығының ел аумағында болу шарттары туралы келісімге Хаттамаға қол қойды 16.11.2024
Астана, 2024 жылғы 15 қазан – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК, Азия кеңесі) Бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады.Кездесу барысында М. Нұртілеу Қазақстан Республикасы Азия кеңесінің негізін қалаушы әрі қазіргі төрағасы ретінде АӨСШК қызметіне және оның толыққанды халықаралық ұйымға айналуына ерекше мән беретінін атап өтті.Қазақстан төрағалығының бастамалары мен басымдықтарын іске асырудың жай-күйіне, сондай-ақ Азия кеңесін дамытудың одан әрі перспективаларына ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар АӨСШК Хатшылығының Қазақстан аумағында болу шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қойды.Аталған келісімге енгізілетін өзгерістер БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың тәжірибесіне сәйкес АӨСШК Хатшылығының халықаралық мәртебесін нығайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/884141
Қазақстан Елшісі Оман Сұлтанына сенім грамоталарын табыстады 16.11.2024
Масқат, 2024 жылғы 14 қараша – Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматов Оман Сұлтаны Хайсам бин Тариққа сенім грамоталарын табыстады.Қабылдау барысында Қазақстан мен Оман арасындағы байланыстарды әрі қарай нығайту мәселелері талқыланды. Тараптар сауда-экономикалық саласындағы ынтымақтастықты арттыру, атап айтқанда Қазақстан өнімдерін Парсы Шығанағы елдеріне және басқа өңірлерге жеткізу мақсатында Оманның транзиттік-көліктік әлеуетін барынша тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлді.А. Тұматов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оман Сұлтанына Қазақстанға өзіне ыңғайлы уақытта келуге шақыруын тағы да қуаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/884196
Бразилия климаттық институтының өкілдерімен климаттық бастамалар саласындағы ынтымақтастықты талқылады 16.11.2024
Бүгін COP29 аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев пен Бразилия VON BOHLEN & HALBACH Cie. FZ-LLC климаттық институтының президенті, бас директоры Петер фон Болен и Хальбахпен екіжақты кездесуі өтті.Кездесу барысында фон Петер фон Болен и Хальбах мырза көміртегі несиелері мен тұрақты авиациялық отын (SAF) бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық танытып, өз компанияларының профилін таныстырды. Бұл салалардағы Қазақстанның әлеуетіне ерекше назар аударылды.Министр көміртегі шығарындыларын азайту бойынша бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтіп, ынтымақтастық жоспарын әзірлеуді ұсынды. Петер фон Болен и Хальбах мырза өзара ынтымақтастық орнатуға дайын екендіктерін білдірді және қазақстандық тарапты МАРЧА-2025 жылы Бразилияда өтетін арнайы климаттық ұйымның жұмысына қатысуға шақырды.Тараптар сонымен қатар CORSIA стандарттарына сәйкес келетін сертификатталған отынды пайдалану қазақстандық көміртегі ізін азайтуға көмектесетінін атап өтіп, SAF саласындағы жобаларды жүзеге асыруды талқылады.Қорытындылай келе, тараптар белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттерін білдірді және оның экологиялық таза шешімдерді ілгерілетудегі маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/884133
Қазақстан Республикасы БҰҰ тараптарының климаттың өзгеруі туралы 29 конференциясында климаттық мақсаттарға қол жеткізудегі прогресті ұсынды 16.11.2024
БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының (БҰҰ КТНК) Тараптар Конференциясының 29-шы сессиясының (СОР29) параллельді іс-шарасында Қазақстан Республикасы халықаралық міндеттемелер шеңберінде орындалған Климаттық есептіліктің нәтижелерін ұсынды. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, «Жасыл Даму» АҚ және БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) ұйымдастырды. Іс-шараға Шығыс Еуропа және ТМД елдерінің халықаралық ұйымдарының өкілдері қатысты.Транспаренттілік мәселелері бойынша, ОНУВ-ны орындау барысы туралы Қазақстан Республикасының алғашқы екі жылдық баяндамасының негізгі деректері, 1990-2022 жылдардағы антропогендік шығарындылар мен сіңіргіштердің кадастры туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық баяндамасы, елдің электр энергетикалық секторын модельдеу сценарийлері, шығарындылардың әртүрлі сценарийлері, секторларды экономикалық трансформациялау және инвестициялық стратегиялар бойынша ұсынымдар ұсынылды.БҰҰ КТНК талаптарына сәйкес, әрбір қатысушы ел екі жылда бір рет Тараптар конференцияларында Климаттық есептерді ұсынады, онда индикаторларды бекітеді және жыл сайынғы парниктік газдар шығарындыларын тіркейді. Екі жылдық баяндамалар елдердің Климаттық мақсаттарға қол жеткізудегі жетістіктерін көрсетеді.2024 жылдан бастап екі жылдық есептерге жаңа компонент қосылды-ұлттық деңгейде анықталған салымдардың орындалу барысын қадағалау (ОНУВ). Бұл компонент қатысушы елдерге Есептіліктің ашықтығын арттырып қана қоймай, ОНУВ-ның орындалуын нақты бақылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар ОНУВ-ның ілгерілеуін келесі екі жылдық есептерде көрсету амбициясын арттыруға мүмкіндік береді.Қазақстан БҰҰ КТНК құрамына кіретін 197 елдің тек 9-ы ғана СОР29 – ға көліктік бойынша екі жылдық баяндама (Biennial Transparency report-BTR1) ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/884148
Климаттың өзгеруіне қарсы жұмылдыру: елдер, халықаралық қаржы институттары және жеке сектор Париж келісімін жүзеге асыру үшін бірігеді 16.11.2024
Бүгін СОР29 алаңында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен (ЕҚДБ) және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) бірлесіп «Климаттың өзгеруіне қарсы жұмылдыру: елдер, халықаралық қаржы институттары және жеке сектор Париж келісімін жүзеге асыру үшін бірігеді» тақырыбында жоғары деңгейде тақырыптық сессия өткізді.Бұл іс-шара дамушы елдерде климаттық қаржыландыруды жеделдету жолдарын талқылау үшін министрліктердің, халықаралық даму банктерінің және жеке сектордың өкілдерін жинады.Париж келісімінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін климаттық қаржыландыруды жұмылдыруды жеделдету пікірталастың негізгі тақырыбы болып табылады. Сессияға Е. Нысанбаев – Экология және табиғи ресурстар министрі, З. Сүлейменова – Президенттің кеңесшісі-Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, Г. Бойд-Карпентер-ЕҚДБ Климаттық Стратегия және іске асыру жөніндегі Басқарушы директоры, Р. Әл – Машат-Египеттің жоспарлау, экономикалық даму және халықаралық ынтымақтастық министрі, Н. Арпадарай-БҰҰ-ның СОР29-дағы климаттың өзгеруі жөніндегі аға өкілі, Т. Гбадегесин-Climate Investment Funds бас директоры, М. Шеперс-ILX Management BV бас директоры, Д. Тиндалл-ЭЫДҰ-ның Қоршаған орта мәселелері жөніндегі директоры, олар мемлекеттердің, көпжақты даму банктерінің (ҚДБ) және жеке сектордың инвестициялар үшін кедергілерді еңсерудегі тәжірибесі мен стратегияларын талқылады the климаттың өзгеруіне қарсы шаралар, әсіресе дамушы елдер мен экономикаларда.Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Қазақстан сияқты елдердің климаттық ауысуы үшін өтпелі қаржыландырудың маңызы зор екенін атап өтті. Елдер, Халықаралық даму банктері және жеке сектор арасындағы синергия өте маңызды. Көпжақты даму банктері мен халықаралық ұйымдар Климаттық қаржыландырудың ең мұқтаж адамдарға, әсіресе дамушы елдерге жетуін қамтамасыз ете отырып, өзгерістердің катализаторы бола алады. Сондай-ақ 2026 жылғы өңірлік Климаттық Саммит аясында қаржы институттарын ынтымақтастыққа шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/884181
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолуына дайындық мәселелері бойынша отырыс өтті 16.11.2024
2024 жылғы 15 қарашада Әділет министрлігі Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп Адам құқықтары жөніндегі Әмбебап кезеңдік шолу (ӘКШ) шеңберінде Қазақстан Республикасының төртінші кезеңдік Ұлттық баяндамасын қорғауға дайындық бойынша отырыс өткізді. Іс-шара Ұлттық Академиялық кітапханада өтті.Әмбебап кезеңдік шолу – бұл барлық 193 мүше мемлекеттерді қамтитын және мемлекеттерге адам құқықтарын қорғау саласында қабылданған шаралар туралы төрт жылда бір рет есеп беруге мүмкіндік беретін БҰҰ-ның бірегей тетігі. ӘКШ елдерге табысты тәжірибелерімен бөлісуге және жақсарту бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.Отырыста мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының Коалициясы дайындаған Балама баяндамаларды талқылады.Баяндамаларда сөз бостандығы, ақпаратқа қол жеткізу, жиналыс бостандығы, дін, сайлауға қатысу және мемлекетті басқару сияқты негізгі салалардағы ағымдағы жағдайды бағалау және жақсарту бойынша ұсыныстар берілген.Айта кету керек, 2019 жылы өткен ӘКШ қорытындысы бойынша Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүше елдерден 245 ұсыныс алды. Оның ішінде 57-сі аталған салада қолдау тапты және табысты іске асырылуда.Отырысқа қатысушылар Баламалы баяндамаларды талқылаудың маңыздылығын атап өтіп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/884156
Қарағандылық спортшы Италияда үстел теннисінен өткен халықаралық турнирде үшінші орын алды 16.11.2024
Қарағандылық Алан Құрманғалиев Линьянода (Италия) өткен WTA Youth contender Lignano 2024 халықаралық турнирінде III орын алды.17 жас санатында ол француздық Томас Ларошты, испан спортшысы Фонта Даниелді, Франческа Карьеруді, Чех ренисшісі Мартина Ратажский мен Мартина Вайглды жеңді. Ал жартылай финалда франциялық Натан Пилардқа 2:3 есебімен жеңіліп қалды.Спортшыны Эльмира Алиева жаттықтырады.Естеріңізге сала кетейік, жақында қарағандылық Венгриядағы үстел теннисі турнирінің екі дүркін жүлдегері атанды. Яғни күміс пен қола медальды қатар қанжығалады.ҚР Үстел теннисі федерациясыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883976
Хабарлама 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты жарияланды.НҚА жобасы төменде көрсетілген сілтеме бойынша қолжетімді:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15890669Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1269972?lang=ru
Алатау ауданында 2 000 орынды жайлы мектеп салынып жатыр 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Алатау ауданындағы 2 000 орынды жайлы мектептің құрылысымен танысты.Бұл білім мекемесінің құрылысы өткен жылы наурыз айында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Теректі шағын ауданында басталған болатын.Алатау ауданында қазір 31 мемлекеттік мектеп бар, онда 58 мыңнан астам бала оқиды. Халық санының артуы мен белсенді құрылыс жүргізу нәтижесінде осы оқу жылында аудан бойынша мектеп орындарының тапшылығы 5 мың орынға дейін жетті. Қалада «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 36 800 орынды 22 білім ордасының құрылысын салу жоспарланған.Алматы әкімдігі оқушы орындарының тапшылығының деңгейін реттеу мақсатында жаңа мектептер мен қосымша құрылыстарды жергілікті бюджет есебінен салуды жалғастырады. Қаладағы бұрын ашылған білім ұйымдарына байланысты 2025 жылы тағы 16 мектеп бір ауысымдық оқытуға көшеді. Осылайша, келесі оқу жылында 200-ден астам мемлекеттік мектептің 43-і бір ауысымдық жүйеге көшеді (өсім 12,5%-дан 18,4%-ға дейін).Теректі шағын ауданындағы жайлы мектепті көріп шыққан соң Ерболат Досаев оны 2025 жылы қаңтарда, үшінші тоқсанның басына дейін ашуды тапсырды.Айта кетейік, мектеп құрылысымен қатар тротуарлар, жарықтандыру және жол белгілерін орнату жұмыстары қолға алынған. Бұл жұмыстар осы айдың соңына дейін аяқталмақ. Сонымен қатар, Алматының қалалық мобилділік басқармасы мектепке апаратын 1,1 км жолды салып бітірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/884036
Алматыда Қарасу және Өжет шағын аудандарының тұрғындарына қадамдық қолжетімді жерде заманауи дәрігерлік амбулатория ашылды 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Қарасу шағын ауданындағы медициналық-санитарлық көмек орталығының (МСАК) жаңа ғимаратына барды.Бұған дейін Қарасу шағын ауданындағы 18 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек 160 шаршы метрлік №21 емхана филиалында көрсетіліп келген. Ал шамамен 24 мың адам тұратын Өжет шағын ауданының тұрғындарына №25 қалалық емхана қызмет көрсетеді. Медициналық мекемелердің жүктемесін азайту және Қарасу мен Өжет тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында қадамдық қолжетімді жерде заманауи дәрігерлік амбулатория салу қажеттілігі туындады.Тұрғындардың өтінішін ескере отырып, әкімнің тапсырмасымен жаңа орталықтың құрылысы 2023 жылдың ақпан айында басталды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Биылғы жылдың қараша айының соңына дейін ғимаратты пайдалануға беру және оны қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының балансына өткізу жоспарланған. Тиісті рұқсат құжаттарын, соның ішінде қызмет көрсету лицензиясын алғаннан кейін МСАК орталығы алғашқы пациенттерді қабылдай бастайды. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Назгүл Иманғалиеваның айтуынша, орталықты ашу осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.Бес қабатты жаңа медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету орталығы №25 қалалық емхананың филиалы болып табылады және Қарасу мен Өжет шағын аудандарының шамамен 20 мың тұрғынына қызмет көрсетеді. Жобалық қуаты – бір ауысымда 200 адам қабылдау. Жаңа ғимаратта төрт бөлімше бар: учаскелік қызмет, мамандандырылған медициналық көмек бөлімі, гинекология, клиникалық-диагностикалық бөлімше. Орталық УДЗ, рентген, аудиограмма, спирография, кольпоскопия, ЭКГ сияқты заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.Жаңа медициналық мекеменің ашылуы №25 және №21 емханалардағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді, әрі тұрғындар қажетті көмекті заманауи және ыңғайлы медициналық мекемеде жылдам ала алады.2024 жылдың басынан бастап Алматыда үш отбасылық-дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Олар ауысымына 100 адам қабылдайтын Нұршашқан шағын ауданында, бір ауысымда 200 адам қабылдайтын Мамыр шағын ауданында және ауысымына 200 адам қабылдайтын Кемел шағын ауданында орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/884042
Алматының Боралдай шағын ауданында алғаш рет су құбыры және кәріз желілері пайда болады 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданына жұмыс сапары Боралдай шағын ауданындағы сумен жабдықтау және кәріз желілері құрылысының барысымен танысты.2014 жылы қалаға қосылған шағын ауданда инженерлік желілер болған жоқ. 2019 жылы тек 8,2 км магистральдық желілер салынды. Осы жылдың қыркүйек айында қала басшысының тапсырмасы бойынша 76,4 км желі, оның ішінде 52,1 км – су құбыры және 24,3 км – кәріз құрылысын көздейтін ауқымды жоба басталды. Осылайша, Алатау ауданы әкімдігінің мәліметі бойынша Боралдай шағын ауданының 4 мыңнан астам тұрғыны орталық коммуникациялармен қамтылатын болады.Бүгінгі таңда 7 км желі салынды. Нысандардың құрылысын аяқтау және пайдалануға беру 2025 жылдың қазан айына жоспарланып отыр.Ерболат Досаев Алатау ауданының әкіміне жұмыстарды орындау кестесі мен сапасын бақылауда ұстауды тапсырды. Қала басшысы жоба белгіленген мерзімде аяқталып, барлық стандарттарға сай болуы тиіс екенін атап өтті, өйткені сумен жабдықтау және кәріз жүйесі жайлы және қауіпсіз тұрудың негізі болып табылады.Естеріңізге сала кетейік, Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Осы жылдың 9 айында 219 км жаңа сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды, 27,3 км қолданыстағы желілер жаңғыртылды. 2025 жылы тағы 240 км құрылыс және 48 км желіні жаңғырту жоспарланған.Осылайша, 100 мыңға жуық қала тұрғыны үшін қабылданған шаралар кешенінің арқасында инженерлік желілердің жоғары тозуына байланысты сумен жабдықтау мен су бұрудың көпжылдық проблемасы шешілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/884048
Алматының Алатау ауданында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданын аралау барысында Зерделі ш/а жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешенін аралады.Денешынықтыру-сауықтыру орталығы балалар мен жастарға арналған түрлі спорт секцияларын ұсынады. Орталықта күн сайын екі ауысымда 196 адам айналыса алады. Онда спорт, бокс және хореографиялық және үстел ойындары залы бар. Нормативтерге сәйкес орталық киім-кешек және душ бөлмелерімен, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделген санитарлық тораптармен жабдықталған.Аралау қорытындысы бойынша Ерболат Досаев бірқатар тапсырмалар берді: атап айтқанда, ол салынған денешынықтыру-сауықтыру кешендері отбасылық-бағдарланған болуы тиіс, ол үшін спорт мектептерінің тәрбиеленушілері ғана емес, сондай-ақ жақын маңдағы аудандардың тұрғындары мен ерекше қажеттіліктері бар қала тұрғындарының қолжетімділігі қамтамасыз етілуі үшін кестені оңтайландыру қажет екенін атап өтті. Келушілердің ыңғайлылығы мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін әкім сенбі және жексенбіде ДСК-ін қолжетімді етуге бұйрық берді.«2025 жылы біз денешынықтыру-сауықтыру кешенін толықтыратын, оны жабық үй - жайлармен ғана емес, спортпен айналысуға арналған ашық алаңмен де қамтамасыз ететін заманауи футбол алаңын саламыз», - деді Ерболат Досаев.Жалпы Алматыда төрт ДСК (Ақжар, Шұғыла, Саялы шағын ауданы және «Авиатор» стадионы) және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған спорт орталығын салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.Өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі көрсеткішке қолжеткізілді – ден шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде айналысатын халықты қамту 42%-ды (924 мың қала тұрғыны) құрады. Ағымдағы жылдың соңына қарай жүргізіліп жатқан жұмыстарды ескере отырып, бұл көрсеткішті 46% - ға дейін жеткізу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/884055