Enbekshi QazaQ

Қоғам

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қайтыс болғандардың денелері (мәйіттері) салынған табыттарды және күлі салынған сауыттарды өткізу 10.09.2025
2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 343 бабы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қайтыс болғандардың денелері (мәйіттері) салынған табыттарды және күлі салынған сауыттарды өткізу кезінде жолаушыларға арналған кедендік декларация ретінде қайтыс болған адамның денесі (мәйіті) салынған табытты немесе күлі салынған сауыттарды алып жүретін адам берген еркін нысандағы өтініш пайдаланылуы мүмкін.      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін қайтыс болғандардың денелері (мәйіттері) салынған табыттарды және күлі салынған сауыттарды кедендік декларациялау кезінде мынадай құжаттар:      1) Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу үшін айқындалған тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері беретін қайтыс болуы туралы куәлік не қайтыс болуы туралы медициналық куәлік не көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері, ал жерленгеніне ұзақ уақыт өтуіне байланысты мұндай құжаттар болмаған кезде – әкетілетін сүйектерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін өзге де құжаттар;      2) қайта жерленген жағдайда эксгумация өткізу мүмкіндігі туралы жергілікті мемлекеттік санитариялық қадағалау органдарының еркін нысандағы қорытындысы;      3) мырыш табыттарды дәнекерлеу бойынша жерлеу қызметтерін көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымның оларда бөгде салынымдардың жоқтығын көрсете отырып және қайтыс болған адамның заттары мен құнды заттары қайтыс болған адамның денесімен (мәйітімен) бірге жөнелтілген жағдайда олардың тізімдемесі қоса беріле отырып, еркін нысандағы актісі (анықтамасы) ұсынылады.       Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін қайтыс болғандардың денелері (мәйіттері) салынған табыттарды және күлі салынған сауыттарды кедендік декларациялау кезінде мынадай құжаттар:      1) жөнелтуші елдің уәкілетті мекемесі берген қайтыс болуы туралы куәлік не қайтыс болуы туралы медициналық куәлік не осы құжаттардың көшірмесі, ал мәйіттің жерленгеніне ұзақ уақыт өтуіне байланысты ондай құжаттар болмаған кезде – әкелінетін сүйектерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін өзге де құжаттар;      2) мырыш табыттарды дәнекерлеу бойынша жерлеу қызметтерін көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымның оларда бөгде салынымдардың жоқтығын көрсете отырып және қайтыс болған адамның заттары мен құнды заттары қайтыс болған адамның денесімен (мәйітімен) бірге жөнелтілген жағдайда олардың тізімдемесі қоса беріле отырып, еркін нысандағы актісі (анықтамасы) ұсынылады.к/б «Әуежай Оскемен» ШҚО бойынша МКД  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1065258?lang=kk
Жолдауда жүктелген тапсырмалар - аудан басшысының тікелей бақылауында 10.09.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті мәжіліс өткізілді. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер және өзекті салалық мәселелер кеңінен талқыланды.Аудан басшысы Жандос Еркінбек өз сөзінде Жолдаудың еліміз үшін маңыздылығына тоқталып, оның аясында 7 негізгі бағыт бойынша нақты тапсырмалар белгіленгенін атап өтті. Осы орайда, аудан көлемінде орындалуға тиіс міндеттер бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.Атап айтқанда, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында нақты шаралар қабылдау үшін Рауан Мұрсалұлына, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару және айналымға қосу жұмыстарын жандандыруы үшін Әсет Тұрмаханұлына, аудан көлеміндегі электр, жылу, су жүйелерінің тозу деңгейін тексеру үшін Мария Айтуарқызына нақты тапсырмалар жүктелді.Жиында аудан тұрғындарын алдағы жылу беру маусымына дайындау барысы қаралды. Қатты отынмен қамтамасыз ету жұмыстарының барысы, әлеуметтік нысандар мен білім беру ұйымдарының дайындық деңгейі қозғалды.Сондай-ақ күзгі егін жинау науқанының барысы да талқыланды. Өткен аптада аудан көлемінде күрішке алғашқы орақ түсіп, егін жинау науқаны басталған болатын. Бұл ретте аудан әкімі егінді дер кезінде жинап алу, ауыл шаруашылығы құрылымдарымен үйлесімді жұмыс жүргізу бойынша тапсырмаларын берді.Биыл Қармақшы ауданында жалпы көлемі 25 457 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде күріш – 12 993 гектар, майлы дақылдар – 1 163 гектар, жаздық бидай – 1 000 гектар, арпа – 130 гектар, сүрлем жүгері – 39 гектар, күнбағыс – 2 гектар, мал азықтық дақылдар – 8 950 гектар, картоп, көкөніс және бақша дақылдары – 1 180 гектарды құрап отыр.Аудан басшысы Әсет Тұрмаханұлына егін орағын мерзімінде және сапалы өткізу бойынша жұмысты үйлестіруді тапсырды.Жиын қорытындысында Жандос Еркінбек мемлекеттік саясатты сапалы іске асыруда жауапкершілікпен жұмыс істеу қажеттігін атап өтіп, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1065264?lang=kk
2025 жылғы 04 қыркүйекте Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті 10.09.2025
2025 жылғы 04 қыркүйекте Қоғамдық кеңестің, сондай-ақ Алтай ауданының сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның бірлескен отырысы өтті. Отырыс барысында "Алтай ауданының ауданаралық ауруханасы" ШЖҚ КМК, "Алтай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары бөлімі"ММ-де мектеп тамағы, аудандағы жылу маусымына дайындық, Алтай қаласының бюджеті, Алтай ауданының елді мекендерінің шекараларын белгілеу және өзгерту бойынша жерге орналастыру жобалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мәселелері қаралды.Қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныстар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1065270?lang=kk
Алматы облысы мен Оңтүстік Корея экология саласындағы әріптестікті нығайтуда 10.09.2025
 2025 жылғы 9 қыркүйекте облыс әкімінің орынбасары А.Д. Масабаевтың төрағалығымен Корея Республикасының Қоршаған орта министрлігі, «Loen consulting Co. Ltd» және Future M-Gas компаниялары өкілдерінен құралған Оңтүстік Корея делегациясымен кездесу өтті. Жиын барысында Қарасай ауданындағы Айтей ауылында орналасқан полигонда қалдықтарды көму кезінде түзілетін қоқыс (парниктік) газынан электр энергиясын өндіру жобасын жүзеге асыру аясындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Аталған жобаның жүзеге асырылуы өңірдің орнықты дамуына маңызды қадам болмақ, зиянды шығарындыларды азайтып, халықты «таза» энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, кездесу барысында «жасыл технологиялар» саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері де қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1065221?lang=kk
Алматы облысында жасанды интеллектті сынақтан өткізу – цифрландырудың жаңа қадамы 10.09.2025
Алматы облысында өңірлік Alatau Hub базасында жасанды интеллект жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл бастама Алматы облысының Цифрлық технологиялар басқармасы мен Alatau Hub бірлесіп жүзеге асыруда. Экожүйені дамытуға және цифрлық шешімдерді құруға хабтың резиденттері де қатысуда.Жасанды интеллект жүйесі (шартты атауы - Qonaev AI) сынақтық режимде жұмыс істеуде. Қазіргі кезеңде модельдер мен алгоритмдер Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасының деректері негізінде пилотты режимде жұмыс жасауда. Жоба дамуына қарай басқа басқармалар мен аудандық және қалалық әкімдіктердің ақпараттық базаларын интеграциялау арқылы функционалды біртіндеп кеңейту жоспарлануда.Барлық деректерді өңдеу және сақтау үдерістері Alatau Hub базасында орналасқан жергілікті инфрақұрылымда жүзеге асырылады. Бұл жүйенің сенімділігін, бақылануын және ақпараттық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта серверлік қуаттарды ұлғайту және қосымша дереккөздерді біріктіру, сондай-ақ ақпаратты қорғаудың барлық талаптарын сақтау қарастырылған.Жобаның жеке даму бағыты - жасанды интеллект технологияларын қолдану болып табылады. Бұл жобалық есептеулерді жеделдетуге, ресурстарды тиімді пайдалануға, сапаны бақылауға және инновациялық шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді. Бірыңғай деректер базасын құру өңірдің инфрақұрылымдық дамуының тиімділігін арттыруға маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1065223?lang=kk
«Іс қағаздарды қазақ тілінде жүргізу» тақырыбына дәріс оқылды. 10.09.2025
2025ж.08.09. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі СҚО Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасында «Іс қағаздарды қазақ тілінде жүргізу» тақырыбына дәріс оқылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1065206?lang=kk
Студенттермен кездесу өтті. 10.09.2025
Полиция департаментінің өкілі М. Балацкаямен бірлесіп, бөлім басшысы М. Томас қатысушыларға зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі әділет органдарының функциялары туралы айтып берді. Полиция өкілі киберқауіпсіздік, сақтық шаралары мен қорғаныс тақырыбын ашты.Студенттердің барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1065209?lang=kk
Цифрландыру және жасанды интеллект: Қорғаныс министрі Президент Жолдауын іске асырудың басымдықтарын белгіледі 10.09.2025
Астанада авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың басшылығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерге сәйкес қорғаныс ведомствосының даму басымдықтары айқындалды. Кеңес жұмысына Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшылары, сондай-ақ департаменттердің, бас басқармалар мен әскери оқу орындарының бастықтары қатысты.Министр Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген ел дамуының негізгі бағдарларына тоқталып, цифрландыру құралдары мен жасанды интеллект технологияларын жедел енгізу стратегиялық міндет екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Қарулы күштер технологиялық жаңғырудың белсенді қатысушысына айналуы тиіс.– Қорғаныс министрлігінің алдында цифрлық шешімдерді, жасанды интеллект технологияларын, автономды басқару жүйелерін кеңінен енгізу, сондай-ақ ұлттық қорғаныстың киберқұрамдасын дамыту міндеті тұр. Болашақта әскеріміз күрделі гибридтік қатерлерге жауап бере алатын, шапшаң, дәл әрі жоғары технологиялы армия болуы қажет, – деп атап өтті авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.Қорғаныс ведомствосының басшысы биылғы жылдың соңына дейін әрбір әскери бөлімде жергілікті желі құрылысын аяқтауды, ал барлық әскери оқу орындарында оқу үдерісін толық цифрландыруды және жасанды интеллектті оқыту курстарын білім беру бағдарламаларына енгізуді тапсырды. Министр көлік-логистика және құрылыс салаларында жұмыстың сапасын арттыру және 3D-модельдеуді кеңінен қолдану қажеттілігіне назар аударды.Әскери медицинаны дамыту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Жасанды интеллект технологияларын әскери медицина саласына да енгізу қажет. Әскери медицина қызметшілеріне медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін бақылаудың жаңа жүйесін құру тапсырылды.Кеңесте тәрбие және идеологиялық жұмыс мәселелері де маңызды орын алды. Қоғамның армияға деген сенімін нығайтуға, құқықтық мәдениетті арттыруға және әскери қызметшілердің заманауи құндылық бағдарларын қалыптастыруға ерекше назар аударылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1065213?lang=kk
ҚР ІІМ Ұлттық ұланында “Астана – есірткісіз қала!" спорттық сайысы өтті 10.09.2025
"Астана – есірткісіз қала" жоспары аясында және "Заң және тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 6636 әскери бөлімінде әскери қызметшілер арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған ауқымды спорттық іс-шара өтті.Сайыста ұландықтар эстафеталарға, командалық жарыстарға, жекпе-жек және әскери дайындық бойынша көрсетілімдерге қатысты. "Астана — есірткісіз қала!" сайысы ұлт денсаулығы үшін күрестің символы ғана емес, әскери қызметшілердің салауатты өмір салтына, патриотизмге және әскери бауырластыққа бейімделуіне де себепші болды.Іс-шараға полиция және әскери полиция департаментінің өкілдері қатысты. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен естелік сыйлықтар әзірленді.Шараға арнайы келген қоғамға есімі белгілі медиа-тұлғалар: блогерлер Драгон, Рамиль Тұрсынов, Сайлаубек Ерғазы "Сайло", Ләйлә Сұлтанқызы, Айтым Жақыпов, Руслан Силин, Ярослав Мелехин, сондай-ақ Василий Тахтай, Шертім Нұрдәулет, Нұргелді Кердеш, Рүстем Жантенов, Медет Жанатұлы сарбаздарға қолдау білдірді. Астана қаласы мәслихатының депутаты Азамат Айтхожин, Авто және мотоцикл федерациясының президенті Анатолий Бондарь, айтыскер - ақын Айшолпан Тілеутай, "Үйде" қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Саят Күзенов құрметті қонақ болды.Спорттық шара нашақорлықтың алдын алу ісінде мемлекеттік құрылымдар мен жұртшылықтың өзара жемісті ықпалдастығының үлгісі болды. Дәлірек айтсақ, жастар мен әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салты және тәртіп пен патриотизм құндылықтарын бірлесіп қалыптастыруға болатынын көрсетті. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1065191?lang=kk
ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕУЛІ, ТӘЖІРИБЕСІМЕН ҚҰНДЫ: ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ 10.09.2025
 Теміржол саласының дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан тәжірибелі мамандардың бірі — Исабеков Бауыржан. Ол бұл салада 43 жыл 7 ай бойы тынымсыз еңбек етіп келеді.Өзінің еңбек жолын Түркістан локомотив пайдалану депосында қарапайым кезекші қызметінен бастаған ол бүгінде  жөндеуді бақылау бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқаруда. Жауапкершілігі мол, қажырлы еңбекті талап ететін бұл қызметте ол теміржол көлігінің қауіпсіз әрі үздіксіз жұмыс істеуіне зор үлес қосып келеді.Ұзақ жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі, өз ісіне деген адалдығы мен кәсіби біліктілігі жас мамандарға үлгі боларлықтай. Ол тек өз ісінің шебері ғана емес, сонымен қатар теміржол саласында қалыптасқан еңбек дәстүрлерін ұрпаққа үйретіп жүрген білікті тәлімгер.Осындай адал еңбек иелері — еліміздің теміржол саласының негізін қалаушылар мен алға сүйреушілері.
Ү.ж. 27 тамызда Рас-эль-Хайма әмірлігінің Полиция бастығының міндетін атқарушысы, бригадалық генерал Джамаль Ахмед Әл-Тайрмен кездесу өтті. 10.09.2025
Ү.ж. 27 тамызда Рас-эль-Хайма әмірлігінің Полиция бастығының міндетін атқарушысы, бригадалық генерал Джамаль Ахмед Әл-Тайрмен кездесу өтті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, оның ішінде ҚР азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1065127?lang=kk
Ү.ж. 17 маусымда Шарджа Әмірлігі Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Абдалла Сұлтан Ал Овайеспен кездесу өтті. 10.09.2025
Ү.ж. 17 маусымда Шарджа Әмірлігі Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Абдалла Сұлтан Ал Овайеспен кездесу өтті. Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1065108?lang=kk
2025 жылғы 31 шілдеде Рас-эль-Хайма полициясының Туристік полиция басқармасының басшысы Ғанем Әл Сувейдимен кездесу өтті. 10.09.2025
2025 жылғы 31 шілдеде Рас-эль-Хайма полициясының Туристік полиция басқармасының басшысы Ғанем Әл Сувейдимен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар туристік маусым кезеңіндегі өзара іс-қимыл, ақпаратпен алмасу және құқықтық көмек көрсету бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1065114?lang=kk
KOICA мен KazAID: Цифрлық дамуды жеделдететін бірлескен жобалар 10.09.2025
KOICA мен KazAID: Цифрлық дамуды жеделдететін бірлескен жобаларKazAID халықаралық серіктестердің сенімін жоғары бағалайды.Корея Республикасының Халықаралық ынтымақтастық агенттігі — KOICA — KazAID-ке алғыс хат жолдады.Біз екінші жыл қатарынан «Достық: Цифрландыру» бағдарламасын бірлесіп жүзеге асырып келеміз. Бұл аясында Орталық Азия мамандарын жасанды интеллект, финтех және электрондық үкімет салаларындағы заманауи дағдыларға үйретудеміз.«Біз KazAID-пен серіктестікті жоғары бағалаймыз және ол ынтымақтастықты әрі қарай нығайтып, өңірдің дамуына ықпал етеді деп сенеміз», — деді Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (KOICA) Президенті Чанг Вон Сам.Бұл сөздер Қазақстан жобаларының халықаралық аренада мойындалып, өңірдің дамуына үлес қосып жатқанын дәлелдейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1065118?lang=kk
2025 жылғы 11 тамызда Аджман еркін экономикалық аймағының Бас директоры Исмаил Әл Накимен кездесу өтті. 10.09.2025
2025 жылғы 11 тамызда Аджман еркін экономикалық аймағының Бас директоры Исмаил Әл Накимен кездесу өтті. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Анықтама: Аджман еркін экономикалық аймағы — Әмірліктердегі алғашқы аймақтардың бірі және 2025 жылғы «Үздік еркін экономикалық аймақ» атағын иеленді. Қазіргі уақытта бұл аймақта Қазақстан азаматтарының қатысуымен 80 компания жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1065119?lang=kk
Ү.ж. 11 маусымында Рас-әл-Хайма экономикалық аймағының (RAKEZ) бизнес-стратегияларды дамыту жөніндегі Директоры Джон Канлифпен кездесу өтті. 10.09.2025
Ү.ж. 11 маусымында Рас-әл-Хайма экономикалық аймағының (RAKEZ) бизнес-стратегияларды дамыту жөніндегі Директоры Джон Канлифпен кездесу өтті. Кездесу барысында RAKEZ пен Қазақстан арасындағы ықтимал ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Анықтама: Ras Al Khaimah Economic Zone (RAKEZ) — халықаралық компаниялар мен стартаптар үшін кең ауқымды қызметтер ұсынатын БАӘ-дегі жетекші еркін экономикалық аймақтардың бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1065077?lang=kk
Тұрақты комиссия отырысы 10.09.2025
Кеген аудандық мәслихатының әлеуметтік және экономикалық даму, бюджет, тұрмыстық қызмет көрсету, шағын және орта кәсіпкерлік дамыту, өнеркәсіп, құрылыс, көлік қатынастары, байланыс және коммуникация, энергетика, отын ресурстары және ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өткізілді. Күн тәртібінде "2025-2026 жылдардағы аудан бойынша әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы туралы" Б.Абдыманаповтың баяндамасы талқыланып, тиісті қаулы қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kegen/press/news/details/1065094?lang=kk
Ү.ж. 11 маусымда Жұмыс сапары аясында Рас-әл-Хайма туризмді дамыту басқармасының (RAKTDA) Вице-президенті Ияд Расбеймен кездесу өтті. 10.09.2025
Ү.ж. 11 маусымда Жұмыс сапары аясында Рас-әл-Хайма туризмді дамыту басқармасының (RAKTDA) Вице-президенті Ияд Расбеймен кездесу өтті. Тараптар туризм саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Анықтама: Ras Al Khaimah Tourism Development Authority (RAKTDA) — Рас-әл-Хайма әмірлігінің туризм саласын стратегиялық жоспарлау және ілгерілетумен айналысатын мемлекеттік орган.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1065098?lang=kk
️Қасым-Жомарт Тоқаев: 10.09.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев:«Қазіргі көкірегі ояу жас ұрпақ отаншылдық деген сөзді басқаша қабылдайды. Жастардың басым көпшілігі әсіредіншілдікті, әсіреұлтшылдықты қолдамайды. Олар үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық.Жастар «Елді сүю дегеніміз – халыққа пайдасы тиетін жаңалық ашу, жаңа іс бастау» деп түсінеді. Олар Қазақстанды дамыған, көркейген мемлекет ретінде көргісі келеді. Заманауи технологияларды меңгеріп, халқымызды озық ойлы ұлттардың қатарына қосуға талпынады. Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс. Бұл – қоғам санасында болып жатқан өзгерістің айқын көрінісі. Мен мұны толығымен қолдаймын. Жастардың күш-жігеріне, олардың дарыны мен біліміне сенемін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-druzhba/press/news/details/1065022?lang=kk
28-я КАЗАХСТАНСКАЯ МЕЖДУНАРОДНАЯ ВЫСТАВКА «ТРАНСПОРТ И ЛОГИСТИКА» - TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2025 ПРОЙДЕТ В АЛМАТЫ С 30 СЕНТЯБРЯПО 2 ОКТЯБРЯ. 10.09.2025
28-ШІҚАЗАҚСТАНДЫҚХАЛЫҚАРАЛЫҚ «КӨЛІКЖӘНЕЛОГИСТИКА» КӨРМЕСІ – TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2025 30 ҚЫРКҮЙЕКПЕН 2 ҚАЗАНАРАЛЫҒЫНДААЛМАТЫДАӨТЕДІ TransLogistica Kazakhstan – ОрталықАзиядағыкөлік-логистикалыққызметтерментехнологиялардыңеңірікөрмесі. Олжылсайынкөлікжәнеқоймалогистикасынаарналғанбарлықшешімдердіұсынады.2025 жылғы 30 қыркүйекпен 2 қазанаралығындаАлматықаласында, КЦДС «Атакент»аумағындаөтетінTransLogistica Kazakhstan 2025көрмесіндееліміздіңкөлік-логистикасаласыныңдамуы, көлікинфрақұрылымынжетілдіру, цифрландырудыенгізужәнехалықаралықынтымақтастықмәселелеріталқыланады.Қазіргіуақыттакөрмеге18 елден 200-ден астам компанияқатысуынрастады. Бұлелдерқатарында: Австрия, Әзербайжан, Беларусь, Германия, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Латвия, Литва, БАӘ, Пәкістан, Ресей, Румыния, Түркия, Өзбекстан, Швейцария және Эстония бар. Экспоненттер саны бойыншадәстүрлікөшбасшы – Қазақстан. ОданкейінгіорындардаҚытай, РесейжәнеТүркиякомпанияларытұр. БиылалғашретҮндістан мен Пәкістаннанкомпанияларқосылыпотыр, бұлшарағахалықаралыққызығушылықтыңартыпкележатқанынкөрсетеді.Экспоненттер жүк тасымалы мен экспедирлеудің барлық түрлері бойынша (құрлық, әуе, теңіз көлігімен) қызметтерін, жүк сақтау бойынша шешімдерді, сондай-ақ жеткізу тізбегін басқару процестерін автоматтандыруға арналған бағдарламалық жасақтама әзірлеушілердің IT-шешімдерін және басқа да ұсыныстарды ұсынады.Көрме күндері аясында халықаралық конференциялар, дөңгелек үстелдер және форумдар өтеді. Олардың ішінде:VIII Халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форум «New Silk Way», IV Конференция «Қазақстандағы қойма логистикасы нарығы», II Конференция «Көлемді және ауыр жүктерді тасымалдау BreakBulk Kazakhstan», Expert Talks: «Қазақстан көлік аптасының қорытындылары»Көрменің мақсаты – көлік логистикасы саласындағы практикалық тәжірибені жинақтау, экспоненттер мен келушілерге барлық көлік түрлері бойынша тасымалдау, қоймалау, кедендік қызмет көрсету, логистика және көліктегі ақпараттық технологиялар мәселелерінде тікелей қарым-қатынас орнату мүмкіндігін беру.Ұйымдастырушылар – Iteca және Атакент-Экспо компаниялары көрмеге өнеркәсіптік, өндірістік, логистикалық және сауда кәсіпорындарының көлік бөлімшелерінің басшылары мен мамандарын қатысуға және іскерлік бағдарламаға белсенді қосылуға шақырады.Ресми қолдау көрсетушілер: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, Қазақстан көлікшілер одағы KAZLOGISTICS, Қазақстан вагон тасымалдаушылары мен операторлары қауымдастығы, Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы.Көрмеге келу үшін тегін именной билет алыңыз – онлайн-тіркеуден өтіп, сілтеме бойынша өтіңіз:http://expo.kz/TLK25VISITТегін тіркеу үшін промокод: TLK25VISIT. Бір промокод арқылы шектеусіз келушілерді тіркеуге болады.Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:E-mail svetlana.lucenko@iteca.events / 📎Көрме сайты: https://translogistica.kz     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kolik/press/news/details/1065011?lang=kk