Бизнес иелеріне ЭҚЖЖ-ны өзектендіру қажет

Бизнес иелеріне ЭҚЖЖ-ны өзектендіру қажет

13.07.2026 20:03:15 312

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда ЭҚЖЖ ұлттық жіктеуішіне енгізілген №4 өзгеріс ресми түрде қолданысқа енгізілді (ҚР ҰЖ 03-2019). Өзгерістер бөлшек сауда, курьерлік жеткізу, туризм, газдандыру саласы және робототехникаға қатысты.

Ұлттық статистика бюросы қолданыстағы ЭҚЖЖ кодтарын автоматты түрде қайта кодтауды жүргізеді. Алайда бизнесіңіздің нақты параметрлерін, мысалы, сауда залының ауданы немесе көрсетілетін қызметтердің ерекшелігін тек өзіңіз білесіз. Осыған байланысты ақпараттық жүйелерде деректердің дұрыс көрсетілуі үшін бизнес иелеріне өз ЭҚЖЖ кодын өзектендіру қажет.

Жіктеуішке енгізілген негізгі өзгерістер:

Азық-түлік өнімдерінің бөлшек саудасы.
Кодтар сауда объектісінің ауданына қарай нақты бөлінді:

100 шаршы метрден аз — 47117
100-ден 500 шаршы метрге дейін — 47116
500-ден 2 000 шаршы метрге дейін — 47115
2 000-нан 10 000 шаршы метрге дейін — 47114
10 000 шаршы метрден жоғары — 47113

Курьерлік жеткізу.
Курьерлік қызметке арналған код (53201) және өзге де пошта қызметіне арналған код (53209) бөлек айқындалды.

Туризм.
Гидтер, экскурсоводтар және нұсқаушылар үшін жеке кіші сыныптар (79901), сондай-ақ брондау бойынша өзге де қызметтер үшін код (79909) бөлінді.

Газ және отын сату.
Жіктеу құбыржолдар бойынша бөлінді. Баллондардағы сұйытылған газды бөлшек саудада сату сауда алаңының көлеміне байланысты: 2 000 шаршы метрден аз — 47787, 2 000 шаршы метрден бастап — 47786.

Робототехника.
Өнеркәсіптік роботтарды өндіру үшін 28997 коды енгізілді.

Салық төлеушілер үшін іс-қимыл алгоритмі:

  1. egov.kz Электрондық үкімет порталында авторизациядан өтіңіз.

  2. Техникалық жаңартудан кейін кәсіпорныңызға берілген кодты тексеріңіз.

  3. Нақты көрсеткіштермен сәйкессіздіктер болған жағдайда портал арқылы ЭҚЖЖ-ны өзектендіруге өтінім беріңіз.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аталған рәсімді жедел жүргізуді ұсынады, өйткені деректерді өзектендіру салықтық әкімшілендіруді дұрыс жүргізу, тәуекелдерді басқару жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуі және салықтық ден қою шараларының алдын алу үшін қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1252542?lang=ru