Қоғам
Патрульден халықаралық саммитке дейін: Ұлттық ұланның 6 айдағы қызметі қорытындыланды 14.07.2026
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Аңсаған Балтабековтың төрағалығымен әскери кеңес өтті. Онда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әскердің қызметтік-жауынгерлік қызметінің қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.Әскери кеңестің жұмысына өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, Ұлттық ұлан академиясының бастығы, бас басқармалардың, басқармалардың, орталықтардың, дербес бөлімшелер мен қызметтердің басшылары қатысты. Бейнеконференцбайланыс режимінде өткен отырысқа өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдердің командалық құрамының офицерлері қосылды.Отырыс барысында қызметтік-жауынгерлік қызметтің жай-күйі туралы баяндамалар тыңдалды, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің, жауынгерлік даярлықты ұйымдастырудың, сондай-ақ жаңа әскери бөлімдерді жасақтаудың өзекті мәселелері қаралды. Қолда бар проблемалық мәселелерге және оларды шешу жолдарына ерекше назар аударылды.Ағымдағы жылдың алты айында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша 1,3 мыңнан астам тапсырма орындаған. Патрульдік-бекеттік қызметті атқару барысында 6 мыңнан астам құқық бұзушы ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Оның ішінде 151 адам қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған.Ұлттық ұлан бөлімшелері сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға дайындықтың жоғары деңгейін растай отырып, бес халықаралық саяси іс-шараның және шет мемлекеттер басшылары мен ресми делегациялардың он бір сапарының қауіпсіздігін қамтамасыз етті.Қызметтің басқа бағыттарында да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Әскери қызметшілермен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды өткізудің 43 әрекеті тоқтатылды. Жарты жылда айдауылдау бөлімшелері 31 мыңнан астам сотталғандар мен қамауда отырған адамдарды тасымалдады.Ұлттық ұланның цифрлық трансформациясы жалғасуда. Әскерде әскери қызметшілердің ұсыныстарын орталықтандырып жинауға және қарауға арналған "Ұсыныс алаңы"; тамақтану сапасын электрондық жүйе арқылы бағалау; жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін “E-Nazar" жүйесі; жасанды интеллект жүйесі бар камералар; сондай-ақ командирлер мен басшылар қызметінің тиімділігін объективті бағалауға мүмкіндік беретін “Басшының рейтингтік платформасы" ақпараттық платформалары табысты жұмыс істеуде.Отырысты қорытындылай келе, ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков қызметтік-жауынгерлік қызметті одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді. Басым міндеттердің қатарында тәрбие және профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру, жас толықтыруды табысты бейімдеуге жәрдемдесу, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әскери және қызметтік тәртіпті нығайту, сондай-ақ әскери бөлімдердің материалдық-техникалық базасын одан әрі дамыту айқындалды.Әскери кеңес отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, жүзеге асыру үшін өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдерге жіберілді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1255376?lang=ru
ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ХАБАРЛАНДЫРУ 14.07.2026
«Алматы ОблГаз Engineering» ШЖҚ МКК Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 21 мамырдағы №216-нқ «Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тауарлық газды сатып алудың көтерме бағасы (ҚҚС-сыз) 1 000 м³ үшін 55 716,0 теңгеге, ал ҚҚС-пен есептегенде 1 000 м³ үшін 64 630,56 теңгеге дейін ұлғайғанын хабарлайды.Назарларыңызға газды тасымалдау тарифі мен кәсіпорынның жабдықтау үстемесі өзгеріссіз қалғанын және олардың ұлғайтылмағанын жеткіземіз. Тауарлық газдың көтерме бағасының өсуіне байланысты тұтынушылар үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағасының өсімі (ҚҚС-пен) есептегенде 1 000 м³ үшін 19 339,52 теңге шегінде болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-energy/press/news/details/1254992?lang=ru
Су ресурстарын басқару мәселелері қаралды 14.07.2026
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су ресурстарын басқару мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте су ресурстарын басқаруға қатысты жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктелді.«Су алу науқанында су шаруашылығы нысандары жұмысының тұрақтылығын, жоспарға сәйкес ұйымдастырылуын қатаң бақылауға алыңыздар. Сырдария суын егістікке ысырапсыз пайдаланып, Кіші Аралға жіберілетін көлемді жеткізу қажет.Одан бөлек, көлдер жүйесі мен шабындық, жайылымдарды суландыруға ерекше назар аудару керек. Бұл аймақтағы экологиялық жағдайды тұрақтандыруға септігін тигізеді.Биыл су жеткізу қызметінде биллингтік жүйе ресми түрде іске қосылып, су тұтынушылармен электрондық келісімшарт жасау толық аяқталды. Қолданыстағы қағидаларға сәйкес, шаруашылықтар әр айдың 25-іне дейін су жеткізу қызметі үшін төлем жүргізуі тиіс», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Айта кетейік, су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған өңірлік кешенді жоспарына 112 жоба енгізілген. Су ресурстарын тиімді пайдаланудың жүйелі шараларына 10 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді.Өткен жылы су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, 8,1 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілсе, биыл бұл көрсеткіш 14,2 мың гектарға жеткізілді.Су шығынын азайту үшін 65 мың гектар күріш алқаптары лазерьмен тегістелді. Осыған сәйкес бірінші кезекте 75 нысанның су қорғау жобалық құжаттамасын әзірлеу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1254994?lang=ru
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарының Аризона штатындағы Қазақстанның Құрметті консулымен кездесуі туралы 14.07.2026
Астана, 2026 жылғы 8 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев ҚР-дың АҚШ-тағы Аризона штатындағы Құрметті консулы Хью Холлманмен кездесу өткізді.Кездесу барысында білім беру, экономика, инвестиция салаларындағы қазақ-америкалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ Қазақстанның серіктес Аризона штатымен кең ауқымды бағыттар бойынша дәйекті түрде дамып келе жатқан өңіраралық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.Екі ел арасындағы академиялық өзара іс-қимылдың жарқын үлгісіне айналған Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона Университеті арасындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Бірлескен білім беру бағдарламаларымен 1 200-ден астам студент қамтылғаны, сондай-ақ ү.ж. 11 шілдеде қос диплом бағдарламасының алғашқы түлектерін бітіру рәсімі өтетіні аталып өтті.Бұдан басқа, тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, жаңартылатын энергетика, ауыл шаруашылығы және ақпараттық технологиялар салаларына инвестицияларды тарту, сондай-ақ Қазақстан мен Аризона штаты арасында өзара іскерлік миссиялар ұйымдастыру перспективаларын талқылады.Аризона штаты жоғары технологиялар, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және білім беру салалары қарқынды дамыған АҚШ-тың жетекші экономикалық әрі инновациялық орталықтарының бірі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1254971?lang=ru
Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны 270.00-нысан бойынша тапсыру 14.07.2026
Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Андрей Смирновпен сұхбат Андрей Юрьевич, Сәлеметсіз бе! Уақыт бөлгеніңіз үшін рахмет. Қазір Ақтау мен Маңғыстау облысының көптеген тұрғындары 270.00 нысанына қызығушылық танытуда. Айтыңызшы, бұл қандай декларация және ол не үшін қажет? Андрей Смирнов: Сәлеметсіз Бе! 270.00 нысаны – жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация. Ол Қазақстандағы кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялау жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Декларация азаматтарға алынған кірістер мен қолда бар мүлік туралы ашық есеп беруге, ал мемлекетке салықтарды дұрыс есептеуге және көлеңкелі экономикамен күресуге көмектеседі. 270.00 нысанын тапсыруға кім міндетті? Андрей Смирнов: ҚР Салық кодексінің 417-бабына сәйкес міндет мынадай санаттарда туындайды:- Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері және олардың жұбайлары;- Заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (үлесі 10%-дан асатын қатысушылар), дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары;- Адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар;- Салық агенті ұстамаған кірістерді алған жеке тұлғалар (мүлікті сату, жалдау, шетелден түскен кірістер, бағалы қағаздар және т.б.);- Шетелде шоттары, мүлкі немесе цифрлық активтері бар тұлғалар;Алдыңғы жылдары белгілі бір салық шегерімдерін қолданғандар.Егер адамда мұндай кірістер немесе шетелде активтер болмаса және ол аталған санаттарға жатпаса — тапсыру қажет емес. Бірақ біз мұны өз еркімен жасауға кеңес береміз — бұл болашақ сұрақтардан аулақ болуға көмектеседі. Биылғы жылы тапсыру мерзімі қандай? Андрей Смирнов: 2025 жылғы декларацияны 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсыру қажет. Салық (ЖТС 10%) қажет болған жағдайда 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін төленуі тиіс. 270.00 нысанын қандай тәсілдермен тапсыруға болады? Андрей Смирнов: ең ыңғайлы тәсілдер:- Онлайн арқылы Салық төлеушінің кабинеті немесе egov.kz порталы.- Мобильді қосымшалар арқылы — Kaspi.kz, Halyk және басқа банктер (өте ыңғайлы).- Жеке - Мемлекеттік кірістер басқармаларында немесе ХҚКО арқылы.Электрондық форматты ұсынамыз – тезірек және қателер аз. Декларацияда нені көрсету керек? Андрей Смирнов: 270.00 нысанында:- Төлем көзінен салық салынбаған кірістер (авто/пәтер сату, жалдау, шетелдік кірістер және т.б.);- Сатып алынған және иеліктен шығарылған мүлік (Жылжымайтын мүлік, көлік, бағалы қағаздар);- Шетелдегі мүлік және шоттар;- Салық шегерімдері.Маңызды: егер мүлік сатып алынғаннан қымбатырақ сатылса және оның мерзімі 2025 жылы бір жылдан аз болса, салық туындауы мүмкін. Осы формамен алғаш рет бетпе-бет келген тұрғындарына не ұсынар едіңіз? Андрей Смирнов:- Соңғы күнге қалдырмаңыз.- Құжаттарды алдын ала дайындаңыз: сатып алу-сату шарттары, шоттар бойынша үзінді көшірмелер, кірістер туралы анықтамалар.- Егер өз бетіңізше толтыру қиын болса - біздің Клиенттерге Қызмет Көрсету Орталығына келіңіз. Біз тегін кеңес береміз.- Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында немесе әлеуметтік желілерде хабардар болыңызЖалпыға бірдей декларация – бұл жазалау мақсатта емес, ашықтық пен әділеттілікке жасалған қадам. Толық түсіндірулер үшін көп рахмет, Андрей Юрьевич! Андрей Смирнов: оқасы жоқ! Егер сұрақтарыңыз болса Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына қоңырау шалыңыз. Біз байланыстамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1254967?lang=ru
Бангкокта Қазақстан мен Таиланд арасындағы инвестициялық және қаржы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды 14.07.2026
Бангкок, 2026 жылғы 30 маусым – Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марғұлан Баймұхан Таиланд Корольдігі Қаржы вице-министрі доктор Сантитарн Сатхиратхаймен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржы салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ өзара сауда мен инвестицияларды кеңейтуге қолайлы жағдай жасауға бағытталған шарттық-құқықтық базаны жетілдіру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалар және алдағы Парламент сайлауы туралы ақпарат берді.Елші М.Баймұхан 2026 жылғы 24-26 маусым аралығында Таиланд Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткеоның Қазақстанға жасаған ресми сапары екіжақты қатынастарға тың серпін бергенін атап өтті. Сапар аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевпен кездесулер өтті. Екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында Іс-қимыл жоспарына қол қойылып, сондай-ақ Қазақстан–Таиланд бизнес-форумы ұйымдастырылды. Аталған форум екі елдің іскер топтарының ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделі екенін тағы бір мәрте растады.Қаржы вице-министрі С.Сатхиратхаймен кездесу барысында Қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімді және Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ілгерілету мәселелеріне, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қаржы-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растады, сондай-ақ Таиланд Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткеоның Қазақстанға жуырдағы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.Анықтама үшін: 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Таиланд арасындағы екіжақты тауар айналымы 255,1 млн АҚШ долларын құрады (+7,8%). Қазақстан Таиландтың Орталық Азиядағы ең ірі сауда әріптесі болып табылады. Инвестициялар, агроөнеркәсіптік кешен, көлік және логистика, цифрлық экономика мен туризм салаларында ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін елеулі әлеует сақталуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1254933?lang=ru
Қазақстан делегациясы БҰҰ АзТМЭӘК-ның Қоршаған орта және даму жөніндегі комитетінің 9-сессиясына қатысты 14.07.2026
Бангкок, 2026 жылғы 3 шілде – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық және инвестициялар басқармасының басшысы Инкар Әбжәли бастаған Қазақстан делегациясы 2026 жылғы 1–3 шілде аралығында Бангкок қаласындағы ұйымның штаб-пәтерінде өткен БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АзТМЭӘК) Қоршаған орта және даму жөніндегі комитетінің 9-сессиясына қатысты.Сессия барысында АзТМЭӘК-ға мүше мемлекеттердің өкілдері, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар тұрақты даму саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, оның ішінде климаттың өзгеруіне бейімделу, табиғи ресурстарды тиімді басқару, айналмалы экономиканы дамыту, биоалуантүрлілікті сақтау және орнықты қалалық дамуды ілгерілету бағыттарын талқылады.«Тұрақты биоэкономика арқылы Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі синергияны іске асыру» атты тақырыптық іс-шара және «Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі орнықты әрі төзімді қалалық дамуды нығайту» атты сарапшылар кеңесі аясында қазақстандық тарап елімізде экологиялық күн тәртібін ілгерілету бойынша іске асырылып жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынды. Атап айтқанда, климаттық саясатты жетілдіру, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, «жасыл экономика» қағидаттарын енгізу, биоалуантүрлілікті сақтау, сондай-ақ қалдықтар мен табиғи ресурстарды басқару жүйесін жаңғырту мәселелері қамтылды.Қазақстанның Комитет жұмысына қатысуы еліміздің Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі экологиялық тұрғыдан орнықты әрі инклюзивті дамуға бағытталған бастамаларды ілгерілетуге практикалық үлес қосуға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1254937?lang=ru
АМНИСТИЯ-2026: САЛЫҚ ОРГАНЫ КІМДЕРДІҢ ҚАРЫЗЫН КЕШІРЕДІ? 14.07.2026
«Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты амнистия туралы» ҚР 2026 жылғы 1 шілдедегі № 329-VІІІ Заңына сәйкес, әкімшілік жазалардан, соның ішінде істерін мемлекеттік кірістер органдары қарайтын құқық бұзушылықтар бойынша ауқымды босату көзделген.Төменде салықтар мен кедендік төлемдер бойынша қандай айыппұлдар есептен шығарылуға жататыны, ал қайсысы жатпайтыны туралы егжей-тегжейлі талдау берілген.Босатудың негізгі шарттарыАмнистия жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға (адвокаттарға, нотариустарға және т.б.) қолданылады.Айыппұлды есептен шығарудың негізгі критерийлері:Айыппұл сотпен емес, мемлекеттік кіріс органының лауазымды тұлғасымен салынған.Айыппұл заң өз күшіне енген сәтте — 2026 жылғы 1 шілдеде орындалмаған (толық немесе ішінара төленбеген).Құқық бұзушылық Амнистия туралы заңның 8-бабында белгіленген ерекшеліктер тізіміне кірмейді.Қандай құқық бұзушылықтар айыппұлдан БОСАТЫЛАДЫЕгер «тыйым салынған» баптар тізіміне енгізілмесе, ӘҚБтК-нің 720-бабына сәйкес істерін мемлекеттік кіріс органдары қарайтын құқық бұзушылықтар амнистияға ілігеді. Әдетте, бұл рәсімдік және онша ауыр емес құқық бұзушылықтар:Тіркеу мерзімін бұзу: салық органына тіркеу есебіне тұру туралы өтініш беру мерзімін бұзу (ӘҚБтК-нің 269-бабы).Арнайы режимдердегі қателіктер: арнайы салық режимін заңсыз қолдану (ӘҚБтК-нің 270-бабы).Есептілікті тоқтату: есептілікті ұсыну тоқтатылған кезеңде қызметті жүзеге асыру (ӘҚБтК-нің 271-бабы).Декларацияларды кешіктіру: егер бұл үшін айыппұл салынған болса, салық есептілігін белгіленген мерзімде ұсынбау (ӘҚБтК-нің 272-бабы).Кассалық аппараттар (БМК) бойынша бұзушылықтар: бақылау-кассалық машиналарды қолдануға байланысты барлық бұзушылықтар, соның ішінде чекті бермеу немесе қолма-қол ақшаның сәйкес келмеуі (ӘҚБтК-нің 284-бабы).Кедендік рәсімдер: мемлекеттік кіріс органдары қараған жағдайда, кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың көпшілігі (ӘҚБтК-нің 521–558 баптары). Оларға кедендік бақылау аймағы режимін, декларация тапсыру мерзімін, тауарларды сақтау тәртібін бұзу және т.б. жатады.ЕАЭО-ға экспорттау/импорттау кезіндегі бұзушылықтар: бұл салық салу объектілерін жасыру ретінде сараланған жағдайларды қоспағанда, Кеден одағы шеңберінде тауарларды өткізу кезіндегі міндеттерді орындамау (ӘҚБтК-нің 287-бабы).🔴 Қандай құқық бұзушылықтар амнистияға жатпайдыЗаң ерекшеліктердің қатаң тізімін белгілейді. Бұл баптар бойынша айыппұлдар толық көлемде төленуі тиіс, өйткені олар қоғамға барынша қауіпті немесе мемлекеттің қаржылық тұрақтылығына нұқсан келтіретін құқық бұзушылықтар деп танылған.ӘҚБтК-нің келесі баптары бойынша амнистиядан бас тартылады:Сот айыппұлдары: айыппұл салу туралы қаулыны сот шығарған кез келген салық немесе кедендік бұзушылық.Көлеңкелі экономика: салық салу объектілерін және өзге де мүлікті жасыру (ӘҚБтК-нің 275-бабы).Қасақана төлемеу: есептелген салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару (ӘҚБтК-нің 277-бабы).Есептілікті бұрмалау: декларациялар мен есептеулердегі салықтар мен төлемдер сомасын азайтып көрсету (ӘҚБтК-нің 278-бабы).Рәсім қалай жүреді?Босату автоматты түрде жүзеге асырылуы тиіс. Мемлекеттік кірістер органдары айыппұл салу туралы тиісті қаулылардың орындалуын өз бетінше тоқтатуға міндетті. Мемлекеттік органдарға амнистия бойынша барлық шараларды іске асыру үшін заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай уақыт (яғни 2026 жылдың соңына дейін) берілді. Мұндай істер бойынша атқарушылық өндірістер де тоқтатылуға жатады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1254940?lang=ru
Қазақстан мен Литва екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады 14.07.2026
Вильнюс, 2026 жылғы 7 шілде – Қазақстанның Литвадағы Елшісі Тимур Оразаев Литваның Сыртқы істер министрінің орынбасары Аудра Плепитемен кездесу өткізді. Тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы алдағы саяси консультациялар раундын талқылады.Қазақстандық дипломат литвалық тарапты 2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі және 23 тамызға жоспарланған парламенттік сайлауы туралы хабардар етті. Конституциялық реформаның негізгі бағыттары таныстырылды. Қазақстанның Еуропалық одақпен ынтымақтастығының қазіргі кезеңіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Елші Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың ағымдағы жылдың маусым айында жасаған ресми сапарының, оның ішінде еуропалық бизнес өкілдерімен өткен кездесулердің қорытындылары туралы хабардар етті. Сондай-ақ Қазақстан мен Литва арасындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық тұрғысынан Көлденең авиациялық келісімнің маңыздылығы атап өтілді.Тараптар халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды жалғастыру мәселелерін, оның ішінде Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы бастамаларын және екі ел өкілдерінің БҰҰ органдарына сайлануына қатысты мәселелерді талқылады.Екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ оған көлік-транзит саласындағы проблемалардың әсері қаралды. Қазақстан мен Литва арасындағы сындарлы саяси диалогты екі елдің бизнес қауымдастықтарының мүддесі үшін одан әрі дамытуға өзара мүдделілік расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/1254915?lang=ru
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы жаңартылды 14.07.2026
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 306 өкімімен Мемлекет басшысының 2024 жылғы 1 қазандағы № 174 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы жаңа редакцияда бекітілді.Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі – Мемлекет басшысының төрағалығымен жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган әрі мемлекет пен халықаралық бизнес қауымдастығы арасындағы тікелей диалогтың негізгі алаңы. Кеңес жұмысына дәстүрлі түрде әлемдегі жетекші компаниялар мен ұйымдардың басшылары қатысады. Бүгінде Кеңестің шетелдік құрамына 34 жетекші халықаралық компания мен ұйымның басшылары, сондай-ақ байқаушы мәртебесіндегі 8 өкіл кіреді.Кеңестің жаңартылған құрамына шетелдік тараптан жаңа қатысушылар енгізілді. Бұған дейін Кеңес жұмысына байқаушы ретінде қатысқан «Alstom» компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірлері бойынша президенті Мартан Вожур Кеңестің мүшесі болып енгізілді. Сонымен қатар «Power International Holding» компаниясының басшысы Мұтаз Әл-Хаят Кеңес құрамына мүше ретінде қосылды.Ал «Presight AI Holding PLC» компаниясы басқармасының төрағасы Томас Прамотедхам мен Ислам даму банкінің президенті Мұхаммад Сүлейман әл-Джассер Кеңестің байқаушылары мәртебесіне ие болды.Қазақстандық тараптың құрамы да жаңартылды. Кеңес құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Әсел Жанасова, Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Байбазаров, Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев енгізілді.Кеңестің дербес құрамын жаңарту мемлекет пен халықаралық бизнес арасындағы сындарлы диалогты одан әрі нығайтуға бағытталған. Кеңес жұмысына жетекші халықаралық компаниялар мен қаржы институттары басшыларының қатысуы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстанның жаһандық капитал үшін инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1254921?lang=ru
Бөрлі аудандық пробация қызметі 14.07.2026
2026 жылғы 1 шілдеде Бөрлі аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және сот жүктеген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында сот отырысы өтті. Сот отырысы барысында сотталған «А»-ға қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы пробация қызметінің ұсынысы қаралды. Бөрлі аудандық сотының қаулысымен ұсыныс қанағаттандырылып, сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі 1 жыл 3 ай 22 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Жазаны өтеу кезеңінде сотталған бірнеше рет құқық бұзушылықтарға жол беріп, сот жүктеген міндеттерді орындамаған. Атап айтқанда:– түнгі тексерулер кезінде бірнеше рет тұрғылықты мекенжайында болмаған;– электрондық бақылау құралын қолданудан бас тартып, жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзған;– Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Іс-шараның мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ сот белгілеген талаптар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету. #заңментәртіп #законипорядок Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1254905?lang=ru
сотталғандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу 14.07.2026
2026 жылғы 2 шілдеде Бөрлі аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және сот жүктеген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында сот отырысы өткізілді. Сот отырысында пробация есебінде тұрған «С» есімді сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс қаралды. Бөрлі аудандық сотының қаулысымен ұсыныс қанағаттандырылып, сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі 6 ай 6 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Жазаны өтеу кезеңінде сотталған бірнеше рет құқық бұзушылықтарға жол беріп, сот жүктеген міндеттерді орындамаған. Атап айтқанда:– түнгі тексерулер кезінде бірнеше рет тұрғылықты мекенжайында болмаған;– пробация қызметін хабардар етпестен бірнеше рет Орал қаласына шыққан;– жазасын өтеу кезеңінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігі бойынша бірнеше рет қылмыстық жауаптылыққа тартылған. Іс-шараның мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ сот белгілеген талаптар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету. #заңментәртіп #закоипорядок Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1254907?lang=ru
KazAID пен ҚазҰСШИУ су ресурстары саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауда 14.07.2026
8 шілдеде «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ж. Асановтың Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің (ҚазҰСШИУ) Басқарма төрағасы - Ректоры К. Тусуповамен танысу кездесуі өтті.Әңгімелесу барысында тараптар өз қызметі туралы ақпарат берді, сондай-ақ Орталық Азия елдері өкілдерінің қатысуымен су ресурстары саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1254891?lang=ru
«Құрық» кеден бекетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметші этикасын сақтау мәселелері талқыланды 14.07.2026
«Құрық» кеден бекетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметші этикасын сақтау мәселелері талқыланды. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қызметшінің этикалық нормаларын қатаң сақтау, заңдылықты және ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1254895?lang=ru
Талдықорған әскери госпиталі заманауи медициналық жабдықтармен толықты 14.07.2026
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Алмаз Жұмакеевтің Жетісу гарнизонына жұмыс сапары аясында Талдықорған қаласындағы әскери госпитальға заманауи медициналық жабдықтар табысталды.Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Ержан Смайыл, Жетісу гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Еркін Қожа-Ахмет, әскери-медициналық қызмет өкілдері, госпиталь басшылығы және отандық «L-Group» ЖШС өкілдері қатысты.Қорғаныс министрлігінің медициналық мекемесіне төрт өкпені жасанды желдету аппараты мен 50 инфрақызыл термометрі табысталды. Жаңа жабдықтар әскери-медициналық қызметтің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне мамандандырылған медициналық көмек көрсету мүмкіндігін кеңейтіп, диагностика мен емдеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Әскери госпитальға медициналық жабдықтар Жетісу гарнизонының әскери прокуратурасы мен отандық «L-Group» ЖШС-нің бірлескен жұмысының нәтижесінде өтеусіз көмек ретінде табысталды.Қарулы күштердің Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Ержан Смайыл әскери-медициналық қызметті дамыту Қорғаныс министрлігі қызметінің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.– Бүгінде әскери медицина алдында заманауи технологияларды енгізу, емдеу-диагностикалық базаны жетілдіру және медициналық көмектің сапасын одан әрі арттыру міндеті тұр. Табыс етілген жабдықтар медициналық ұйымдарымыздың мүмкіндігін едәуір кеңейтіп, мыңдаған әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелеріне сапалы медициналық көмек көрсетуге жол ашады, – деді ол.Әскери госпиталь басшылығы жобаға қатысқан барлық тарапқа алғыс білдіріп, мұндай бастамалар әскери-медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтып, жеке құрамға заманауи медициналық қызмет көрсетуге қосымша мүмкіндік беретінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1254863?lang=ru
🏗️ Алматыда жаңа стадион құрылысы басталды 14.07.2026
📍Құлжа және Талғар тасжолдарының арасындағы шамамен 32 га аумақта 45 мың көрерменге арналған заманауи стадион бой көтереді. Қазір нысан аумағында құрылыс жұмыстары басталды.🔍 Бүгінде мамандар топырақтың беріктігі мен жүк көтеру қабілетін анықтау үшін сынақ қадаларын қағу жұмыстарын жүргізуде. Бұл зерттеулер болашақ стадионның іргетасын сенімді жобалауға мүмкіндік береді.❗️Алматының сейсмикалық ерекшеліктері ескеріле отырып, барлық инженерлік жұмыстар нысанның қауіпсіздігі мен ұзақ мерзімді беріктігін қамтамасыз етуге бағытталған.Сондай-ақ, жоба аясында көрермендердің стадионға ыңғайлы жетуін қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-us/press/news/details/1254837?lang=ru
Тәжікстан Республикасында салықтық резидент мәртебесін растайтын құжатты берудің қолданыстағы тәртібі туралы 14.07.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Тәжікстан Республикасында салықтық резидент мәртебесін растайтын құжатты беру тәртібі туралы хабарлайды. Тәжікстан Республикасының Қаржы министрлігі салықтық резидент мәртебесін растайтын құжатты беруге уәкілетті орган болып табылады. Рәсімдерді оңтайландыру және өтініш берушілер үшін қолайлылықты арттыру мақсатында құжат тек электрондық түрде Тәжікстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер порталы - https://emoliya.tj (бұдан әрі – Портал) арқылы беріледі. Электрондық құжатты алу рәсімі Порталда тіркелген пайдаланушының бастамасымен жүзеге асырылады. Өтініш берілгеннен кейін құжат Тәжікстан Республикасы Қаржы министрлігінің белгіленген рәсімдеріне сәйкес қалыптастырылып, уәкілетті лауазымды адам бекітеді. Бекітілген құжат Тәжікстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми бланкісінде рәсімделеді, уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылып, Порталда орналастырылады. Құжаттың түпнұсқалығын тексеру үшін QR-код технологиясы пайдаланылады: оны сканерлеген кезде құжат пен оның деректемелері орналастырылған ресми сайттың тиісті бетіне белсенді сілтеме арқылы өту жүзеге асырылады. Аталған тетік құжаттың түпнұсқалығы мен өзектілігін нақты уақыт режимінде онлайн тексеруге мүмкіндік береді. Электрондық құжаттың түпнұсқалығын QR-код арқылы тексеру оның ресми ресурста орналастырылған мерзімі ішінде, яғни 10 жыл бойы, қолжетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1254821?lang=ru
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мәселелері бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында азаматтарға консультация өткізді. 14.07.2026
2026 жылғы 8 шілдеде құқықтық түсіндіру жұмысы және заң қызметтерін көрсету бөлімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мәселелері бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында азаматтарға консультация өткізді.📌Консультация барысында азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі, қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ қызметтерді электрондық форматта өз бетінше алу мүмкіндіктері түсіндірілді. Азаматтардың барлық сұрақтарына жан-жақты жауаптар беріліп, қажетті құқықтық-консультациялық көмек көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1254817?lang=ru
Сізде кәсіпкерлік қызмет белгілері анықталды ма? 14.07.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдың I тоқсаны бойынша банк операцияларын талдау нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері анықталған жеке тұлғаларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында ақпараттық хаттар жолданғанын хабарлайды.Ақпараттық хаттар бір мезгілде келесі белгілер анықталған азаматтарға жолданады:- қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысында жеке банк шотына 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан ақша қаражатының түсуі;- банк шоты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған;- көрсетілген кезеңдегі түсімдердің жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) асуы.Ақпараттық хатты алу жауапкершілікке тарту шарасы болып табылмайды және азаматтың жауапкершілікке тартылғанын білдірмейді. Оның мақсаты – азаматтарды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың ықтимал белгілері туралы хабардар ету және өз қызметін салық заңнамасының талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік беру.Егер азамат іс жүзінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, алынған табыстарды заңдастыру үшін келесі шараларды уақытылы қабылдау ұсынылады:- жеке кәсіпкер ретінде тіркелу (егер тіркелмеген болса);- алынған табыстарды тиісті салық есептілігінде көрсету;- салық міндеттемелерін уақытылы орындау.Салықтық мәртебесіне байланысты табыстар төмендегідей көрсетілуге тиіс.Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалар үшін, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін қолданатын тұлғалар үшін (арнайы мобильді қосымшада чектер қалыптастырылмаған табыстар бөлігі бойынша) табыс 2026 жылға арналған 270.00-нысан бойынша Кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетіледі. Декларацияны 2027 жылғы 1 қаңтар мен 15 қыркүйек аралығында тапсыру қажет, ал жеке табыс салығын 2027 жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей төлеу керек.Жеке кәсіпкерлер үшін:- жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданған жағдайда табыс 2026 жылға арналған кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы декларациясында (220.00-нысан) көрсетіледі. Декларацияны тапсыру мерзімі – 2027 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін, салықты төлеу мерзімі – 2027 жылғы 10 сәуірге дейін;- оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданған жағдайда табыс 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған 910.00-нысан бойынша декларацияда көрсетіледі. Декларацияны 2026 жылғы 1 шілде мен 15 тамыз аралығында тапсыру қажет, ал салықты 2026 жылғы 25 тамызға дейін төлеу керек.Егер қызмет кәсіпкерлік сипатта болмаса немесе азаматтардың алынған ақпараттық хатқа қатысты сұрақтары туындаса, түсіндірме алу үшін 1414 байланыс орталығына немесе мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну ұсынылады.Мемлекеттік кірістер департаменті салық міндеттемелерін уақытылы орындауға кеңес береді. Бұл салықтық әкімшілендірудің кейінгі шараларын қолдануға жол бермейді. Салық міндеттемелері орындалмаған жағдайда салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама жолданатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1254795?lang=ru
Жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша оқыту семинарлары аяқталды 14.07.2026
Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы ұйымдастырған «Кәсіби қызметте жасанды интеллект технологияларын қолдану» тақырыбындағы оқыту семинарларының кезеңдік циклі аяқталды.Оқытудың қорытынды кезеңі Алматы облысы әкімінің аппаратының мемлекеттік қызметшілері мен облыстық басқармалардың қызметкерлеріне арналды.Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларын кәсіби қызметте қолданудың заманауи мүмкіндіктерімен танысып, құжаттарды дайындау, ақпаратты өңдеу, жұмыс процестерін автоматтандыру және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға арналған AI құралдарының практикалық қолданылуын меңгерді.Сонымен қатар, мемлекеттік басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, жасанды интеллект технологияларын қауіпсіз пайдалану және мемлекеттік қызметшілердің цифрлық құзыреттерін дамыту мәселелері қарастырылды.Оқыту семинарлары кезең-кезеңімен өткізіліп, мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының, құқық қорғау органдарының өкілдерін, сондай-ақ Алматы облысы әкімінің аппараты мен облыстық басқармалардың қызметкерлерін қамтыды.Аталған іс-шаралар мемлекеттік қызметте цифрлық мәдениетті қалыптастыруға, цифрлық сауаттылықты арттыруға және жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-tehnologiya/press/news/details/1254796?lang=ru