Қоғам
Қазақстан Халықаралық су ұйымын құру бастамасы ОАР-ға таныстырылды 14.07.2026
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Оңтүстік Африка Республикасының Су ресурстары және санитария министрлігі, сондай-ақ Халықаралық қатынастар және ынтымақтастық министрлігі өкілдерінің Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігінің қатысуымен онлайн-кездесуі өтті. Кездесу Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын талқылауға арналды.Кездесу барысында тараптар су ресурстарын басқару саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ аталған бастаманы ілгерілету шеңберіндегі өзара іс-қимылдың келешегін қарастырды.Халықаралық су ұйымын құру мемлекеттер, халықаралық құрылымдар және бейінді институттар арасындағы тиімді үйлестіруді дамытуға, су саласындағы өзекті сын-қатерлерді бірлесіп шешуге, су ресурстарын орнықты басқаруды қамтамасыз етуге және озық тәжірибе алмасуға ықпал ететіні атап өтілді.Кездесуге қатысушылар климаттың өзгеруі жағдайында су күн тәртібінің өсіп келе жатқан маңыздылығын, су ресурстарын тұтынудың өсуін және оларды ұтымды пайдаланудың келісілген тәсілдерін әзірлеу қажеттігін атап өтті.Оңтүстік Африка Су ресурстары және санитария министрлігі Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Тшепанг Малакване әртүрлі секторлық бастамалардан жаһандық су күн тәртібін іске асыруда неғұрлым үйлестірілген тәсілге көшу қажеттігін мәлімдеді, сондай-ақ қазақстандық бастаманы одан әрі зерделеуге және талқылауға мүдделілігін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар консультацияларды жалғастыруға және осы мәселе бойынша халықаралық алаңдарда өзара іс-қимылды қолдауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1255147?lang=ru
Қақтығыс аймақтарынан оралған қазақстандық әйелдердің дауысы БҰҰ мінберінде жаңғырды 14.07.2026
Қазақстан делегациясы 26 маусым мен 2 шілде аралығында Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ-ның Терроризмге қарсы апталығының жұмысына белсенді қатысуда. Осы көпжақты алаңда Қазақстан Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыс аймақтарынан өз азаматтарын қайтару жөніндегі тәжірибесін таныстырды.Конференцияға қатысушыларға ерекше әсер қалдырған сәттердің бірі – Қазақстанға репатриацияланған азаматшаның Жоғары деңгейдегі конференцияның арнайы қонағы ретінде БҰҰ мінберінен сөз сөйлеуі болды.Ол өз өміріндегі қиындықтарды еңсеріп, Қазақстанға оралғаннан кейін қоғамға қайта бейімделу мен оңалту тәжірибесі туралы баяндады.«Мемлекеттің қолдауының арқасында өмірім қалыпты арнасына түсті. Балаларым білім алып жатыр, ал өзім шағын кәсіппен айналысуға мүмкіндік алдым», – деді ол.Терроризмге қарсы апта аясында Қазақстан БҰҰ-ға мүше мемлекеттермен бірге Жоғары деңгейдегі конференция қорытындысы бойынша қабылданатын БҰҰ-ның Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясына тоғызыншы шолу жасау жөніндегі қорытынды құжаттың мәтінін әзірлеуге қатысуда.Терроризмге қарсы апта алаңында Қазақстан делегациясы Орталық Азия елдерімен бірлесіп «Қақтығыс аймақтарынан оралғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту, оңалту және қоғамға қайта бейімдеу саласындағы Орталық Азияның тәжірибесі» тақырыбында арнайы сайд-ивент өткізеді. Сондай-ақ БҰҰ өкілдерімен және халықаралық сарапшылармен бірқатар екіжақты кездесулер ұйымдастырылады.Қазақстан халықаралық ұйымдар мен серіктес мемлекеттер – Ресей мен Ямайка ұйымдастыратын бірнеше сайд-іс-шараға спикер ретінде қатысуға шақырылды.Анықтама: Репатриацияланған азаматша (қауіпсіздік мақсатында аты-жөні жарияланбайды) және оның төрт баласы 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен жүзеге асырылған «Жусан» арнайы гуманитарлық операциясы аясында Қазақстанға қайтарылды.«Жусан» және «Русафа» операцияларының нәтижесінде Қазақстанға 700-ден астам азамат қайтарылды, олардың басым бөлігін әйелдер мен балалар құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1255152?lang=ru
Паспорт бюджетных программ Управления физической культуры и спорта города Шымкента на 2026–2028 годы 14.07.2026
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының паспорты туралы «Ашық НҚА» интернет-порталында жарияланды.Аталған қаулы жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.Толығырақ кіру сілтемесі: https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=4379571&budgetId=4335758Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1255198?lang=ru
Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассоны қабылдады 14.07.2026
Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында өткен кездесуде Қазақстан мен қаржы институтының таяу жылдардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.Президент еліміздің экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін ЕҚДБ басшылығына ризашылық білдірді.– Бізді стратегиялық қарым-қатынас байланыстырады. Қазақстан – Банктің негізгі серіктес мемлекеттерінің бірі. Мұндай ынтымақтастық біздің ұзақмерзімді саясатымызға сай. Өзара ықпалдастығымыз көптеген жылдан бері жалғасып келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Соңғы отыз жылда Банк Қазақстандағы 354 жобаға 11 миллиард еуродан аса инвестиция құйған. Соның нәтижесінде еліміз ЕҚДБ-ның аймақтағы ірі серіктестерінің біріне айналды.Бүгінде даму институты Қазақстанда жалпы құны 3,1 миллиард еуродан асатын 131 жобаны қаржыландырып отыр.Мемлекет басшысы Қазақстан Үкіметі мен ЕҚДБ арасында Серіктестік туралы негіздемелік келісімге қол қойылғанын құптады. Оның аясында еліміздің орнықты дамуына үлес қосу көзделген.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті және технологиялық тұрғыдан озық экономика құру мақсатында өршіл реформаларды қолға алды.Одиль Рено-Бассо Қазақстандағы стратегиялық мақсаттарды сапалы түрде іске асыруға берік негіз қалайтын жағымды инвестициялық ахуал мен экономикадағы құрылымдық өзгерістерді оң бағалады.– Біз үшін Қазақстан маңызды елдердің бірі саналады. Биыл инвестициялық белсенділік деңгейі өте жоғары. Қазірдің өзінде жалпы сомасы 1 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойылды. Дайындалып жатқан жобалар бар екенін ескерсек, жыл соңына дейін инвестиция көлемі 1,3 миллиард еуроға дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл Қазақстанда жұмыс істегеннен бері қол жеткізген ең жоғары инвестициялық көрсеткішіміз болмақ, – деді ЕҚДБ басшысы.Одиль Рено-Бассо Қазақстанның инфрақұрылым, көлік байланысы, ирригация және энергетика секторларын дамытуға алдағы уақытта да қолдау көрсетуге әзір екенін растады. Банк жеке секторға, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қаржыландыруға ниетті. Банктің инвестициялық қызметінің басым бағыттарының бірі – аса маңызды шикізат материалдары.Әңгімелесу барысында цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға баса мән берілді. Еуропа қайта құру және даму банкі инновациялық экожүйелердің қалыптасуына қолдау білдірді, сондай-ақ Қазақстан экономикасының цифрлық трансформациясына үлес қосуға дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1255217?lang=ru
Ұлттық ұлан сарбазы «Калашников» фильміндегі актерге ерекше ұқсастығымен көпшіліктің назарын аударды 14.07.2026
Ақтөбелік Никита Масляник ҚР ІІМ Ұлттық ұланында мерзімді әскери қызметін өткеріп жүр. 5513 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері алғашқы күннен-ақ сырт келбетімен қаруластарының назарын аударды. Олар сарбаздың түрі «Калашников» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Юрий Борисовқа айрықша ұқсайтынын жиі айтады.Сарбаздың айтуынша, дәл осы салыстырулардан кейін ол «Калашников» көркем фильмін тамашалаған. Картина аты аңызға айналған атыс қаруын құрастырушы Михаил Калашниковтың өмір жолы мен кәсіби қалыптасуы туралы баяндайды. Фильм Никитаға ерекше әсер қалдырған.Әсіресе әйгілі конструктордың өміріндегі маңызды кезеңдердің Қазақстанмен тығыз байланысты болғанын білу жас жауынгер үшін күтпеген жаңалық болды.Қазіргі таңда Никита Масляник Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінде әскери міндетін абыроймен атқарып, әскери мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, кәсіби дағдыларын шыңдап келеді. Оның айтуынша, әскер өмірі тәртіпке баулып, жауапкершілікті арттырып, ер мінезді шыңдауға үлкен ықпал етеді.Белгілі актермен ұқсастығына қарамастан, жас сарбаз үшін ең бастысы – әскери антқа адал болып, Отан алдындағы борышын абыроймен өтеу. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1255219?lang=ru
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы 14.07.2026
Құрметті отандастар!Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі, халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мұра.Домбыра арқылы тереңнен тамыр тартқан төл құндылықтарымыз жұрт жадында жаңғырып, төрге озады. Осылайша, дәуірлер мен ұрпақтар арасындағы сабақтастық сақталып келеді.Шын мәнінде, ұлттың үні саналатын қасиетті аспабымыз қуанышты сәттерде де, қиын кездерде де берекелі бірлігімізді нығайтып, елдің рухын асқақтатуға себепкер болды.Домбыраның күмбірі азаматтарымызды жігерлендіреді, алға нық қадам жасауды көздеген рухани бағыт-бағдарымызбен үндеседі. Жаһандық сын-қатерлер күшейіп, дәстүрлі құндылықтар көмескіленген қазіргідей алмағайып заманда Ұлы даланың мол мұрасы, әсіресе, қара Домбырамыз төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры болып қала береді.Халықаралық қауымдастыққа қазақ Домбырасының сазды әуенін таныстыру – біздің жалпыұлттық парызымыз. Аса көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ – Домбыра» деген тамаша теңеуі Домбыраны кеңінен дәріптеу ісінде темірқазық іспеттес болуға тиіс деп ойлаймын.1 шілдеде, яғни Домбыра күні қарсаңында мемлекеттілік жылнамасының жаңа парағын ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні айрықша.Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау алғаш рет шын мәнінде Халық Ата заңының негізгі қағидаты ретінде айқындалды. Бұл өсіп-өркендеуге бет алған халқымыздың бітім-болмысына, мақсат-мүддесіне толық сай келетіні сөзсіз.Домбырашыларға, оқытушыларға және ұлттық өнерімізді Қазақстанда, шет елдерде жоғары деңгейде насихаттауға өнегелі ісімен, салмақты сөзімен атсалысып жүрген барша адамға шынайы ризашылығымды білдіремін.Қазақтың ән-күйі алдағы уақытта да азаматтарымызға шабыт беріп, Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды құру жолында жаңа жетістіктерге жетелей береді!Әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке тілеймін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1255239?lang=ru
Әскери дәрігерлер әскери-медициналық қызметті дамытудың өзекті мәселелерін талқылады 14.07.2026
Жыл сайын 8 шілдеде атап өтілетін әскери дәрігерлер күніне орай Астанада «Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріндегі әскери медицинаның өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.Іс-шараны Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас әскери-медициналық басқармасы ұйымдастырды. Конференция Астана медицина университетінде өтіп, оған әскери-медициналық қызметтің басшылығы, ғалымдар, жоғары медициналық оқу орындарының оқытушылары, тәжірибелі дәрігерлер, әскери мамандар мен әскери медицина саласының ардагерлері қатысты.Конференцияны ашқан Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Ержан Смайыл әскери медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың мамандыққа адалдығы, жоғары кәсібилігі және әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтаудағы жанқиярлық еңбегі үшін алғыс білдірді.– Әскери медицинаны дамыту, заманауи технологияларды енгізу, мамандарды даярлау жүйесін жетілдіру және озық тәжірибе алмасу – әскери-медициналық қызметтің басым бағыттарының бірі болып қала береді, – деді Ержан Смайыл.Пленарлық отырыс барысында қатысушылар әскери медицинаны дамытудың өзекті мәселелерін кеңінен талқылады. Атап айтқанда, вакуумдық терапияны қолдана отырып мина-жарылыс жарақаттарын емдеу, санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жетілдіру, магистральдық қан тамырлары жарақаттарын емдеудің заманауи тәсілдері, әскери қызметшілерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәжірибесі, медициналық оңалту, тәрбие және идеологиялық жұмыс, сондай-ақ әскери дәрігерлердің кәсіби дамуы мәселелері қарастырылды.Бас әскери клиникалық госпиталі бастығының міндетін уақытша атқарушы медицина қызметінің подполковнигі Дастан Кенжерахмановтың айтуынша, конференцияның басты мақсаты –мамандардың басын қосып тәжірибе алмасуға және әскери-медициналық қызметті дамытудың заманауи тәсілдерін талқылауға мүмкіндік жасау.– Осындай ғылыми-практикалық конференциялар кәсіби диалогқа арналған тиімді алаң болып табылады. Білім алмасу, қазіргі заманғы сын-қатерлерді талдау және диагностика мен емдеудің озық әдістерін енгізу әскери-медициналық қамтамасыз ету жүйесін одан әрі жетілдіруге және әскери қызметшілерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді, – деп атап өтті Дастан Кенжерахманов.Конференция соңында сұрақ-жауап сессиясы өтіп, үздік мамандар марапатталып, жұмыс қорытындыланды. Осындай ғылыми-практикалық шаралар әскери-медициналық қызметтің ғылыми әлеуетін арттыруға, кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға және медицина ғылымының заманауи жетістіктерін Қарулы күштердің тәжірибесіне енгізуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1255249?lang=ru
Өмірін медицинаға арнаған ардагер дәрігер Сергей Хван 80 жасқа толды 14.07.2026
Аппараттық кеңесте өмірінің 56 жылын медицина саласына арнаған дәрігер-анестезиолог-реаниматолог Сергей Федорович Хван 80 жасқа толған мерейтойымен құттықталды. Оның 45 жылы Қостанай қаласының денсаулық сақтау жүйесінде өткен.Сергей Федорович 30 жылдан астам уақыт бойы облыстық онкологиялық диспансерде еңбек етіп, үлкен кәсіби жолдан өтті және бас дәрігердің орынбасары қызметіне дейін көтерілді. Зейнет демалысына шыққаннан кейін де сүйікті мамандығынан қол үзбеген ол, бүгінгі күнде қалалық ауруханада дәрігер-анестезиолог-реаниматолог болып жемісті еңбек етіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1255252?lang=ru
Женевада Қазақстанның «Kazakhstan – AI and Digital Hub of Eurasia» ұлттық павильоны ашылды 14.07.2026
Женева, 2026 жылғы 7 шілде – AI for Good Global Summit 2026 саммиті аясында Қазақстанның «Kazakhstan – AI and Digital Hub of Eurasia» атты ұлттық павильоны ашылды. Ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) жанындағы Тұрақты өкілдігінің қолдауымен өтті.Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, ҚР ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев, сондай-ақ Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭО), ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің, Astana Hub пен KT-TELECOM өкілдері қатысты.Павильон елдің цифрлық экожүйесін таныстырады – 25 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның жүйелі түрде жүргізіп келе жатқан цифрлық трансформациясының нәтижесі. БҰҰ электрондық үкімет дамуы индексі бойынша Қазақстан әлемде 24-орынды иеленеді және онлайн-қызметтер индексі бойынша жетекші он елдің қатарына кіреді. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің шамамен 93%-ы азаматтар мен кәсіпкерлерге бірыңғай мобильді суперқосымша арқылы тегін және ешқандай шектеусіз ұсынылады.Павильон экспозициясы үш тақырыптық аймаққа бөлінген. Innovation Cluster аймағы Қазақстанның ең ірі инновациялық кластері ретіндегі Astana Hub мүмкіндіктерін таныстырады. Резиденттер нөлдік салық режимінен, цифрлық кочевник визасы мен тұрақты жерінен, жеңілдетілген виза және еңбек рәсімдерінен, сондай-ақ экожүйеге қатысушыларға арналған заманауи жұмыс және тұрғын кеңістіктерден пайдалана алады.GovTech аймағын Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Ұлттық суперкомпьютерлік кластермен бірлесіп ұсынады. Аймақта деректерден жасанды интеллектке дейінгі (data-driven GovTech, AI empowered) қағидатына сүйенген мемлекеттік цифрлық қызметтер архитектурасы демонстрацияланады. Дүниежүзілік банктің GovTech жетілу индексінде Қазақстан А тобына енген, ал БҰҰ электрондық үкімет дамуы индексінде 24-орынды иеленеді. Smart Data Ulttyq жобасы үлкен деректер саласындағы үздік аналитикалық шешім ретінде танылған. Елде 1 300-ден астам онлайн-мемлекеттік қызмет, Жасанды интеллекттің ұлттық платформасында 450-ден астам ЖИ-агент жұмыс істейді және 120 мемлекеттік деректер базасы бір жүйеге біріктірілген.Data Center Valley аймағы KT-TELECOM компаниясының жобасына арналған. Жоба Қазақстандағы гипермасштабты жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытудың платформасы ретінде елдің ірі энергетикалық торабының бірі жанында қуаттылығы 1 ГВт-қа дейін болатын деректерді өңдеу орталығын салуды көздейді.AI for Good Global Summit 2026 қатысушыларының ресми каталогы бойынша Қазақстанның ұлттық павильоны «Kazakhstan Pavilion» атауымен Astana Hub (Autonomous Cluster Fund) және KT-TELECOM LLP қатысуымен тіркелген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1255288?lang=ru
Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық туралы 14.07.2026
Бразилиа, 2026 жылғы 8 шілде – Қазақстан Елшілігінде Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіповтің Федералдық жол қозғалысы департаментінің (DETRAN) басшылығы – Маркус Минузи мен Жоау Паулу Родригеспен, сондай-ақ Оңтүстік Америка елдеріндегі жол қозғалысы департаменттерінің халықаралық қауымдастығының (IACP) ресми өкілі Вильям Миллермен кездесуі өтті.Кездесу барысында жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, Қазақстанның «Sergek» интеллектуалды бақылау жүйесіне арналған таныстырылым өткізіліп, тиісті материалдар ұсынылды. Тараптар қазақстандық «Sergek» компаниясымен бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдіріп, онлайн форматта келіссөздер өткізуді ұсынды.Кездесу қорытындысы бойынша Бразилия тарапы Қазақстан Елшілігі мен «Sergek» компаниясын биылғы тамыз айында Сан-Паулу қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік органдар мен компаниялардың қатысуымен өтетін «Cop International» халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1255289?lang=ru
Қазақстан ДЗМҰ Бас Ассамблеясы аясында «Heritage of the Great Steppe» ұлттық көрмесін ұсынуда 14.07.2026
Женева, 2026 жылғы 8 шілде – Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) мүше мемлекеттер Ассамблеяларының 68-сериялы отырыстары аясында Қазақстан Республикасының «Kazakhstan. Heritage of the Great Steppe» ұлттық көрмесі ашылды.Көрмені Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырды.Іс-шара ДЗМҰ штаб-пәтерінде өтіп, «Joshy Qazaq National Group» этно-фольклорлық ансамблінің концерттік бағдарламасымен және ұлттық гастрономия элементтері ұсынылған қабылдаумен жалғасты.Экспозиция Қазақстанды Ұлы дала елі – кең көкжиектер, ежелгі білім мен бай мәдени жады мекені ретінде таныстырды. Келушілер тарихи жәдігерлермен, дәстүрлі әшекейлермен, ұлттық киім элементтерімен, визуалды материалдармен және қазақ мәдениетінің әсемдігі мен символизмін ашатын заманауи мультимедиялық форматтармен танысуға мүмкіндік алды.Қонақтардың ерекше назарын Living Canvases жобасы аударды. Бұл – қазақ кескіндеме туындыларын қозғалыс, дыбыс, анимация және цифрлық технологиялар арқылы жандандыратын иммерсивті мультимедиялық формат. Жоба Қазақстанның мәдени мұрасын дәстүр, шығармашылық және инновацияны ұштастыра отырып, заманауи тұрғыда ұсынуға болатынын көрсетті.«Өнер – ұлттың жаны, ал мәдениет – оның рухани болмысы» деген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздері көрменің мазмұндық негізіне айналды.Салтанатты рәсімнің музыкалық жалғасы ретінде «Joshy Qazaq National Group» ансамблі дәстүрлі қазақ аспаптары мен этникалық музыканың заманауи үнін ұсынды.Қазақстанның ДЗМҰ алаңындағы ұлттық көрмесі жарқын мәдени оқиғаға және қазіргі қоғамның дамуындағы шығармашылықтың, зияткерлік меншіктің және креативті индустриялардың рөлі туралы халықаралық диалогқа маңызды үлес болды. Көрменің өткізілуі Қазақстанның ұлттық мәдениетті жаһандық деңгейде ілгерілетуге ұмтылысын айқындап, тарихи мұраға құрмет инновациялық болашақтың берік негізі екенін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1255291?lang=ru
Үкімет, Ұлттық Банк және қаржы реттеушісі макроэкономикалық саясат пен несие нарығын дамытудағы басымдықты талқылады 14.07.2026
Экономиканың өсуі, кредиттік нарықтың дамуы, бизнесті қолдау және экономиканың нақты секторын ынталандыру Үкімет, Ұлттық Банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сарапшылар қоғамдастығы өкілдерінің бірлескен талқылау тақырыбының негізіне айналды.Мемлекет басшысы алға қойған міндет – орнықты экономикалық өсуді және азаматтардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету экономикалық блоктың жұмысы үшін негізгі бағдар болып қала береді. Осы мақсатқа сүйене отырып, кездесуге қатысушылар ағымдағы макроэкономикалық жағдайды, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Қазақстанның экономикалық белсенділігінің алдын ала қорытындыларын қарастырып, макроэкономикалық саясаттың одан арғы басымдықтарын талқылады.Сараптамалық кездесу Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институтының алаңында өткізілді. Талқылауға Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Дәурен Сәлімбаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жәркенов, Экономикалық зерттеулер институты төрағасының орынбасары Дастан Әкебаев және институт сарапшылары қатысты.Экономикалық зерттеулер институтының ішкі сұраныс динамикасына, несиелендіруді дамытуға және салалық белсенділікке арналған талдамалық баяндамасы талқылауға негіз болды.Ұсынылған дерекке қарағанда, 2026 жылғы қаңтар–мамыр қорытындылары бойынша Қазақстандағы ЖІӨ нақты өсімі – 3,7%. Экономиканың мұнай емес секторы 5%-ға, құрылыс – 13,4%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 9%-ға өсті. Өңдеудің өсуіне негізінен машина жасау, химия өнеркәсібі, металл бұйымдарын өндіру, сондай-ақ азық-түлік өндірісі үлес қосты. 6 айдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 10,3%-ға баяулады. Сондай-ақ талдамалық баяндамада азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауардың бөлшек сауда динамикасы, іскерлік белсенділіктің түрлі индикаторы, тұтынушылық сұраныстың несиелік арнасы және проблемалық несиелер динамикасы туралы мәлімет ұсынылды.Талқылау барысында Серік Жұманғарин кредиттік нарықтың ағымдағы үрдістеріне егжей-тегжейлі тоқталды.«Бүгін біз экономиканың түрлі секторында көп бағытты процесті көріп отырмыз. Тұтынушылық несиелеу қарқыны 2024 жылы баяулай бастап, кепілсіз қарыздардың динамикасы да біртіндеп төмендеген. Нәтижесінде автомобиль нарығы, тұрмыстық техника, электроника, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары қарқынды өсу кезеңінен кейін объективті тұрақтануға көшуде. Бұл үрдіс тек 2025 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан макропруденциалдық саясатқа ғана емес, сонымен қатар нарықтың табиғи қанықтылығына да байланысты екенін түсіну маңызды. Тұтынушылық несиелеу түбегейлі жаңа сұранысты тудырмайды, тек оның уақытын ғана өзгертеді. Сонымен қатар бүгінгі таңда сараланған тәсілді ұстану өте маңызды: қызып кеткен тұтынушылық сегменттерді шектеу, сонымен бірге ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қалыптастыратын салалардың дамуына жағдай жасау. Тұрғын үй, сапалы ипотека және автомобиль өнеркәсібі іргелес өндірістер мен қызметтердің дамуын қамтамасыз ететін маңызды өсу нүктелері болып қала береді. Үкіметтің басты міндеті-еңбек өнімділігін арттыру және экономиканың негізгі секторларында азаматтардың нақты табысын арттыру», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық Банктің бағалауы бойынша ішкі сұраныстың ағымдағы серпіні экономиканың жүйелі салқындауын көрсетпейтінін атап өтіп, монетарлық реттеушінің ұстанымын ұсынды. Бөлшек сауда жыл басынан бері біршама жеделдесе, ал тұтынушылық несиелендірудің баяулауы халықтың кредиттелуін және инфляциялық қысымды төмендету бойынша қабылданған шаралардың нысаналы нәтижесі. Мұндай жағдайларда сұранысты қосымша ынталандыру талап етілмейді. Өйткені ұсыныстың ағымдағы шектеулерінде ол негізінен инфляциялық әсерге ие болуы мүмкін.«ҚНРДА-мен бірлесіп іске асырылған шаралар кешені инфляция драйверінің бірі болған кепілсіз несиелердің нормативтен тыс өсуін тоқтатуға мүмкіндік берді. Бұл ретте біз барынша салмақты әрекет етеміз. Қазіргі уақытта қабылданған шаралардың нәтижесін талдау негізінде біз БЖК және ҚТК бойынша талаптарды қатаңдатудан бас тарту, сондай-ақ ипотека бойынша СЭС төмендетпеу туралы бірлескен шешім қабылдадық. Бұдан басқа, экономикадағы жиынтық сұраныс қазір инвестициялардағы оң үрдіс есебінен қолдау табуда, онда инвестицияның 70%-дан астамы жеке секторға тиесілі», — деп атап өтті ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов.Кредиттік портфельдер мен қаржы жүйесін қорғау шараларының сапасын талдауды ҚНРДА төрағасының орынбасары Дәурен Сәлімбаев жалғастырды.«NPL 90+ қалдықтарының жалпы көлемінің өсуі өткен кезеңдердің жинақтаушы көрсеткіші және жаңадан берілетін қарыздардың сапасын көрсетпейді. Біз жеке тұлғалардың кепілсіз несиелері бойынша 1,5% бақыланатын деңгейде болатын дефолт-рейтингке назар аударамыз. Корпоративтік секторда және ШОБ-та портфельдердің жүйелі нашарлауы да тіркелмейді. Сонымен бірге Агенттік бизнесті макропруденциалды ынталандырудың белсенді саясатын жүргізуде: ШОБ кредиттері үшін тәуекел-салмақтау коэффициенті 50%-ға дейін (стандартты 100%-ға қарсы және тұтынушылық 350%-ға дейін) төмендетілді. Бұл нақты секторды қаржыландыру үшін банктердің капиталын босатады», — деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары.Кездесуге қатысушылар Қазақстанның жалпы макроэкономикалық бейнесі оң күйінде қалуда, ал тұтынуды тұрақты салқындату бірнеше жыл бойы кредиттеудің аса жоғары (30%+) қарқынынан кейін қалыпқа келтірудің заңды процесі деген пікірге келісті.Кездесуде сауданы трансформациялауға және e-commerce-ке сұраныс ағынына ерекше назар аударылды (ҚР-да электрондық бөлшек сауда көлемі 2025 жылға қарай 3,77 трлн теңгеге дейін ұлғайды). Ірі цифрлық платформалар мен маркетплейстер біртіндеп қаржылық экожүйеге айналып, банктердің белгілерін игеріп жатқан кезде, қатысушылар жедел әрекет ету қажеттілігін мәлімдеді.Ұлттық Банк пен ҚНРДА бірлесіп әзірлеген BNPL (бөліп төлеу) нарығын реттеу жөніндегі заңнамалық түзетулер тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатаң талаптарды енгізеді. Егер сатып алу процесіне үшінші қаржыландырушы тарап тартылса, ол банк болып табылмаса да, оған тиісті міндеттемелер жүктеледі.Қатысушылар атап өткендей, маркетплейстерді реттеу – бұл тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жасырын комиссияларды монополиялық белгілеуге жол бермеу және тәуекелдерді бөлуді бақылау мәселесі. Ойынның бірыңғай ережелерін Сауда және интеграция министрлігі, ҚНРДА, БҚДА және «Атамекен» ҰКП әзірлейді.Экономикалық саясатты талқылау шеңберінде Тимур Сүлейменов шағын және орта бизнес елдегі жұмыспен қамтудың шамамен 40% қамтамасыз ететініне және нарықтағы кез келген ауытқулар азаматтардың осы санатының нақты табысына тікелей әсер ететініне назар аударды.Кеңеске қатысушылар банктердің қаржылық белсенділігін тұтыну секторынан нақты экономика мен ШОБ-ты кредиттеуге қайта бағдарлаудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты «Бәйтерек» холдингі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ желісі бойынша стратегиялық жобаларды қаржыландыру бағдарламаларын қоса алғанда, ШОБ іскерлік белсенділігін ынталандырудағы мемлекеттік даму институттарының рөлі атап өтілді. Қатысушылар бизнесті қолдау бағдарламалары ең алдымен экономиканың өндірістік әлеуетін кеңейтуге бағытталған, ашық, нүктелі болуы тиіс екенін атап өтті. Ұлттық Банк квази-фискалды қаржыландыру ұсыныстың, өнімділіктің және локализацияның өсуіне әкелген жағдайда ғана дезинфляциялық әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Әйтпесе, мұндай бағдарламалар жиынтық сұранысты күшейтеді және қосымша инфляциялық қысым жасайды.Банк қауымдастығымен бірлесіп жұмыс істеу қажеттілігі, тікелей бәсекелестікке/банктерді нарықтық саладан шығаруға жол бермеу де атап өтілді.Фискалдық саясат туралы айта отырып, тараптар мерзімсіз салықтық жеңілдіктер беру тәжірибесінен бас тарту керектігіне келісті. Мемлекеттік преференциялар инвесторларға қарсы міндеттемелердің орнына ғана бөлінуі керек: ашық есеп беру және өндірісті нақты оқшаулау. Тиімді нарықтық жобаларға қолдау көрсетілуі тиіс, ал тек тиімсіз мемлекеттік субсидиялар есебінен қолдан жасалған экономикалық модельдер жасауға жол берілмейді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзекті деректерді мониторингілеу және талдау негізінде макроэкономикалық, пруденциалдық және квазифискалдық тетіктерді нүктелік баптауды жалғастыруға келісті. Бұл ретте қатысушылар экономикалық саясат шаралары сұранысты жасанды ынталандыруға емес, инфляцияны төмендетуге, өнімділікті арттыруға, ұсынысты кеңейтуге және экономикалық өсу сапасын арттыруға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар экономика салалары бөлінісінде жобаларды қаржыландырудың өзекті мәселелері бойынша «Бәйтерек» холдингімен және екінші деңгейдегі банктермен жеке кездесу өткізуге келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1255292?lang=ru
Қазақстан БҰҰ-ның жасанды интеллект жөніндегі Жаһандық диалогында сөз сөйледі 14.07.2026
2026 жылғы 8 шілде, Женева – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев бастаған ҚР ресми делегациясы 2026 жылғы 6-7 шілдеде Женевада өткен БҰҰ-ның жасанды интеллект бойынша алғашқы Жаһандық диалогына қатысты.БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ең жоғары лауазымды 10 делегатының қатарында сөз сөйлеген Ж.Мәдиев БҰҰ аясындағы ашық және әділ келіссөздер үдерісін қолдайтынын білдіріп, әлемдік қауымдастықты деректерді қорғау, ЖИ жүйелерінің қауіпсіздігі, ашықтығы және есеп берушілігі салаларындағы ортақ шараларды әзірлеуге, сондай-ақ инклюзивтілік пен оперативті үйлесімділік қағидаттарына негізделген халықаралық ынтымақтастықты ілгерілетуге шақырды.Үкімет басшысының орынбасары Қазақстанның жаңа Конституциясының ережелері және салалық нормативтік-құқықтық базасы, сондай-ақ Digital Qazaqstan стратегиясы, Astana Hub, Деректер орталықтарының алқабы, Alem.ai халықаралық орталығы және басқа да білім беру бастамаларына негізделген ұлттық ЖИ экожүйесін құру мәселелерін атап өтті. Алматыдағы БҰҰ-ның жаңа құрылымдары – Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталық және Орнықты даму даму үшін Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталық аясында халықаралық серіктестермен практикалық ынтымақтастық орнатуға ерекше назар аударылды.Қазақстан мен БҰҰ-ның бірлескен бастамалары Ж.Мәдиев пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің екіжақты кездесуі барысында да талқыланды. Бас хатшы Қазақстанның көпжақты жүйені нығайтудағы және бүкіл Орталық Азия өңіріндегі орнықты дамуды ілгерілетудегі бірегей үлесі мен дипломатиялық іс-әрекетіне жоғары баға берді.БҰҰ жаһандық диалогы барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбай да ЖИ дәуіріндегі мемлекеттік аппараттың цифрлық трансформациясы туралы сөз сөйледі. Атап айтқанда, Д.Жазықбай, ЖИ технологияларын пайдалана отырып, кадрлық шешімдердің ашықтығын арттыруға және кандидаттар арасында тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған e-Qyzmet платформасына негізделген кадрларды басқару саласындағы ақпараттық жүйелерін біріктіру жолындағы Қазақстанның озық тәжірибелерін атап өтті.Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы Жаһандық диалог аясында жоғары деңгейдегі шетелдік делегациялармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, ЖИ саласындағы ынтымақтастықты нығайту, ұлттық кадрлардың біліктілгін арттыру және тиісті халықаралық құрылымдар шеңберіндегі жұмысты үйлестіру мәселелерін талқылады.Ж.Мәдиев бастаған ҚР делегациясы Халықаралық электр байланысы одағының (ITU) аясында осы күндері Женевада өтіп жатқан «Игілік үшін жасанды интеллект (Ai for Good)» саммиті мен Ақпараттық қоғам жөніндегі дүниежүзілік саммиттің (WSIS) жыл сайынғы форумына қатысуын жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1255293?lang=ru
Салық кодексін енгізудің жобалық кеңсесі ЖТС бойынша базалық және әлеуметтік салық шегерімдерін қолдану мәселелерін қарады 14.07.2026
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа Салық Кодексін енгізу жобалық кеңсесінің 20-шы отырысы өткізілді. Отырыстың негізгі тақырыбы – жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша базалық және әлеуметтік салық шегерімдерін қолданудың практикалық мәселелері.Жаңа Салық кодексінің негізгі жаңалығының бірі – салық шегерімдері жүйесін жетілдіру және азаматтарға салық жүктемесін азайту. Атап айтқанда, ай сайын 30 АЕК мөлшерінде, бірақ күнтізбелік жылда 360 АЕК-тен аспайтын базалық салық шегерімі енгізілді. Ол жеке тұлғаның салық салынатын кірісін азайтады, демек, төлеуге жататын ЖТС сомасын азайтады. Бұдан басқа, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша шегерімдер сақталды.Отырыс барысында қызметкердің табыс мөлшері шегерім сомасынан төмен болған жағдайларда базалық салық шегерімін қолдану мәселесі қаралды. Бұрын қолданыста болған Салық кодексі күнтізбелік жыл шегінде салық шегерімдерінің асып кетуін келесі айларға ауыстыруды көздейтін. Кодекстің жаңа редакциясында мұндай норма жоқ.«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері базалық шегерімнің пайдаланылмаған бөлігін ауыстырудың бұрын қолданыста болған тетігін сақтауды ұсынды. Сонымен бірге, мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері жаңа норманың идеологиясы азаматтарды, ең алдымен табысы төмен қызметкерлерді ай сайынғы қолдау шарасы ретінде базалық салық шегерімін беру болып табылатынын түсіндірді. Сондықтан базалық салық шегерімі әрбір күнтізбелік ай үшін жеке қолданылады және пайдаланылмаған соманы кейінгі салық кезеңдеріне ауыстыруды көздемейді.Талқылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті келесі күнтізбелік кезеңдерге базалық салық шегерімінің асып кетуіне жол берілмейтінін растайтын ресми түсініктемелер дайындайды деп шешілді.Отырысқа қатысушылар ЖТС бойынша әлеуметтік салық шегерімін қолдану мәселелеріне ерекше назар аударды. Салық кодексінде I және II топтағы мүгедек адамдар үшін 5 000 АЕК, сондай-ақ III топтағы мүгедек адамдар, мүгедек балалардың ата-аналары, асырап алушылар, асырап алушылар мен қамқоршылар үшін 882 АЕК мөлшерінде әлеуметтік салық шегерімі көзделген.Отырысқа қатысушылар Салық кодексінің қолданыстағы редакциясы жұмыс берушінің ауысуы кезінде әлеуметтік салық шегерімінің пайдаланылмаған сомасын есепке алу мүмкіндігін көздейтінін атап өтті. Сонымен қатар Кодексте жеке тұлға бір мезгілде бірнеше жұмыс берушілерде жұмыс істейтін жағдайларда мұндай шегерімді қолдану тәртібін тікелей реттеу қамтылмаған.Талқылау барысында нақты ережелердің болмауы норманы екіұшты қолдану және оны жосықсыз пайдалану тәуекелдерін тудыруы мүмкін екендігі атап өтілді. Осыған байланысты Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетіне салықтық жеңілдіктің әлеуметтік бағытын сақтауды қамтамасыз ететін және оны қолдану кезінде теріс пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын бірыңғай тәсілді әзірлеу тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1255312?lang=ru
📢 Салықтық берешектің болуы (болмауы) туралы анықтаманы қалай алуға болады? 14.07.2026
🔐 1-қадам: Салық төлеуші кабинетіне кіріңіз.🧭 2-қадам: Басты беттен «Сервистер» бөлімін таңдаңыз.📋 3-қадам: «Берешектер туралы мәліметтер» қызметіне өтіңіз.✍️ 4-қадам: Қажетті мәліметтердің барлығын толтырыңыз.✔️ 5-қадам: Мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, өтінішті жіберіңіз.📨 6-қадам: Өтініш өңделгеннен кейін дайын анықтаманы «Нәтижелер журналынан» жүктеп алыңыз.💡 Анықтаманы бірнеше минут ішінде онлайн алуға болады.#салықтар#қарағандыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1255322?lang=ru
Қазақстан мен Ауғанстан өзара сауданы кеңейту үшін банктік ынтымақтастықты дамытуды талқылады 14.07.2026
Серік Жұманғарин Ghazanfar Bank төрағасы Мұхаммед Исмаил Газанфармен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы қаржылық-банктік ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады.Серік Жұманғарин атап өткендей, Қазақстан Ауғанстанмен сауда-экономикалық байланысты нығайтуға зор мән береді. Өзара сауданың одан әрі өсуінің негізгі шартының бірі екі елдің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында есеп айырысудың үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз ететін сенімді және ашық банк инфрақұрылымын дамыту.Қазіргі уақытта 23 қазақстандық банктің екеуі ауған банктерімен корреспонденттік қатынастарды қолдайды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы трансшекаралық төлемдер мен ақша қаражатын аудару көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 26%-ға ұлғайып, 140 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте көрсетілген кезеңде тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер көлемі бес есеге өскен.Тараптар банктер арасындағы корреспонденттік қатынасты кеңейту, тікелей банк арналарын құру, трансшекаралық төлемдер тетігін жетілдіру және сыртқы сауда операцияларын қаржылық сүйемелдеу перспективаларын талқылады. Қазіргі уақытта тағы бір қазақстандық банк Ghazanfar Bank-пен корреспонденттік шоттар ашу рәсімінен өтіп жатқаны атап өтілді.Оң динамика өзара саудада да сақталады. 2026 жылғы қаңтар-сәуірдің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы $342,4 млн-ға жетті, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішінен 2,3 есе ($150,6 млн) артық. Негізгі салым экспортпен қамтамасыз етіліп, оның көлемі $338,5 млн-ға жетіп, 2,3 есеге ұлғайды. Жеткізілімдердің өсуі, ең алдымен, бидай және бидай-қара бидай ұны, күнбағыс майы және басқа да өнімдер экспортының ұлғаюына байланысты.Анықтама:Ghazanfar Bank – Ауғанстандағы ең көне коммерциялық банктің бірі және 2009 жылдан бастап елдің Орталық Банкінің лицензиясы бойынша жұмыс істейді. Банк корпоративті және бөлшек клиенттерге дәстүрлі және исламдық банктік қызметтердің толық спектрін ұсынады. Соңғы төрт жыл ішінде Ghazanfar Bank Ауғанстан реттеушісі тарапынан банктердің қаржылық тұрақтылығын, басқару сапасын, өтімділігі мен сенімділігін бағалаудың ең жоғары көрсеткішінің бірі – CAMEL 2 рейтингін алды.Банк Қазақстан, Түркия, БАӘ, Қытай, Үндістан, Өзбекстан, Бахрейн және тағы да басқа бірқатар елдегі қаржы институттарымен корреспонденттік қатынастарды қолдайды. Қазақстанда Ghazanfar Bank серіктесі Zaman bank болып табылады. 2025 жылы банк арқылы халықаралық төлемдер мен аударымдар, соның ішінде халықаралық ұйымдар мен бизнес үшін шамамен $1,3 млрд өтті.Ghazanfar Bank кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл саласындағы (AML/CFT) халықаралық стандарттардың сақталуына ерекше назар аударады, қаржылық мониторингтің заманауи жүйелерін пайдаланады және қаржылық операциялардың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1255323?lang=ru
📢 Салық төлеушінің қызметін мәжбүрлеп тоқтату. 14.07.2026
🏛️ Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды:📖 Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 109-бабына сәйкес, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылуға жататын салық төлеуші:✅ Әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізілген;✅ Талап қою мерзімі ішінде бір мезгілде мынадай барлық шарттарға сәйкес келген:📄 Салықтық есептілікті өз бетінше ұсынбаған;🌍 Экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асырмаған;🏦 Банктік шоттар арқылы төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізбеген;🧾 Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;👥 Басқа заңды тұлғаның басшысы және (немесе) құрылтайшысы, бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы болмаған;⏸️ Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрмаған;🏠🚗🌱 Жеке тұлғалардың салық салу объектілерін қоспағанда, мүлік салығы, көлік құралдары салығы және жер салығы бойынша салық салу объектілеріне меншік құқығы болмаған;💼 Әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі болмаған;💰 Салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы 6 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын берешегі болмаған.⚠️ Маңызды ерекшеліктер:🚫 Бұл бап: 🔎 Салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерге; ⛏️ Жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттар бойынша қызметін жүзеге асыратындарға; 📑 Заңда көзделген белгілі бір хабарламалары, тыйым салулары және өзге де шектеулері бар салық төлеушілерге қолданылмайды.⚖️ Қызметті тоқтату тәртібі:📌 Қызметті мәжбүрлеп тоқтату заңды күшіне енген сот актісінің негізінде ғана жүзеге асырылады.🗂️ Осыдан кейін салық төлеуші тіркеу есебінен шығарылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1255328?lang=ru
БИЗНЕС ҮШІН ШҰҒЫЛ: 1 ШІЛДЕДЕН БАСТАП БӨЛШЕК САУДАДА NTIN КОДТАРЫ ЕНГІЗІЛДІ 14.07.2026
Бөлшек сауда бизнесі үшін маңызды хабарлама!2026 жылғы 1 шілдеден бастап Тауарлардың ұлттық каталогын (ТҰК) енгізудің соңғы мерзімі (дедлайн) келді. Енді барлық бөлшек сауда сатушылары, соның ішінде жеке кәсіпкерлер мен шағын дүкендер тауарларды өткізу кезінде NTIN кодтарын қолдануға міндетті.Нені түсіну қажет?NTIN коды — бұл жай ғана формальдылық емес, бұл фискализацияға арналған міндетті реквизит. Егер сіздің есепке алу жүйеңіз немесе кассалық аппаратыңыз жаңартылмаса және ТҰК-тан кодтарды тартпаса, сіз заң аясында БКМ чектерін басып шығара алмайсыз және ЭСФ АЖ-да құжаттарды жүргізе алмайсыз.Уақытша кодтар туралы:Жүйе базада позициялардың болмауына байланысты сауда тоқтап қалмауы үшін уақытша XTIN кодын пайдалануға мүмкіндік береді. Бірақ есіңізде болсын: сізде nationalcatalog.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы XTIN-ді тұрақты NTIN-ге айналдыру үшін тура 30 күн бар. Бір ай өткеннен кейін уақытша кодтың күші жойылады.Кодтарды тіркеу және беру бойынша барлық процедуралар мүлдем тегін жүзеге асырылады.Салықтық тексерулерді күтпей, техникалық мамандарыңызбен (ТҚО) бірлесіп бағдарламалық жасақтаманы жедел түрде жаңартуды сұраймыз.❓ Қосымша кеңес алу үшін бизнес тіркелген жер бойынша жергілікті Мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) немесе 1414 нөмірі бойынша ресми байланыс орталығына хабарласа аласыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1255356?lang=ru
Миролюбовкада көше саудасын жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалған 14.07.2026
Миролюбовка ауылында көше саудасына арналған жаңа дүңгіршектерді орнату жұмыстары аяқталды. Жобаны іске асыру кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға, жергілікті өнімді өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру деңгейін арттыруға бағытталған.Жаңа сауда павильондары заманауи сыртқы түрімен, пайдалану ыңғайлылығымен ерекшеленеді және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Оларды орналастыру сатушылар үшін де, ауыл тұрғындары үшін де қолайлылықты қамтамасыз ете отырып, арнайы бөлінген орындарда сауданы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Дүңгіршектерді орнату шағын бизнесті дамытуға, қосымша жұмыс орындарын құруға және халық үшін күнделікті сұраныстағы тауарлардың қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді деп күтілуде. Осындай жобаларды іске асыру ауылдық инфрақұрылымды дамытудағы және Миролюбовка тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды қадам болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-mirolubovka/press/news/details/1255371?lang=ru
Ірі салық төлеушілер мониторинг 14.07.2026
Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 145-бабына сәйкес ірі салық төлеушілер мониторингін жүргізу барысында уәкілетті орган ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылардан екенің хабарлайды: 1) салықтардың дұрыс есептелуін және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің уақтылы төленуін (ұстап қалуды және аударуды) растайтын құжаттар мен жазбаша түсініктер; 2) қатысушының және оның еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін ұсынуды талап етуге құқылы. Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушының талапты орындау мерзімі табыс етілген күннен кейінгі он бес жұмыс күнін құрайды.Ірі салық төлеушілер мониторингінің нәтижелері бойынша бұзушылықтар мен алшақтықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушыға бұзушылықтар мен алшақтықтарды өз бетінше жоюы үшін ірі салық төлеушілер мониторингінің нәтижелері жөнінде ұсыным (бұдан әрі осы параграфтың мақсатында – ұсыным) береді. Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі он бес жұмыс күні ішінде: 1) ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен және алшақтықтармен келіскен жағдайда, анықталған бұзушылықтар мен алшақтықтарды жояды; 2) ұсынымда көрсетілген бұзушылықтар мен алшақтықтармен келіспеген жағдайда, бұзушылықтар мен алшақтықтардың жоқ екендігі туралы түсінікті (бұдан әрі осы параграфтың мақсатында – түсінік) ұсынады. Уәкілетті орган бұзушылықтар мен алшақтықтарды, сондай-ақ қатысушының ұсынымға түсінікте баяндалған дәлелдерін негіздеу үшін ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушымен кездесу өткізеді.Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушының баяндалған дәлелдерімен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган түсінікті алған күнінен кейінгі отыз жұмыс күнінен кешіктірмей ірі салық төлеушілер мониторингі бойынша уәжді шешім (бұдан әрі осы параграфтың мақсатында – уәжді шешім) шығарады. Уәжді шешім ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушыға ол шығарылған күннен кейінгі екі жұмыс күні ішінде ұсынылады. Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушының уәжді шешімді орындау мерзімі табыс етілген күннен кейінгі бес жұмыс күнін құрайды.Уәжді шешімді орындамау салықтық тексеруді тағайындауға негіз болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1255375?lang=ru