Қоғам
Церебральды сал ауруы және басқа аурулары бар пациенттер үшін медициналық көмектің кепілдігі сақталады 05.01.2026
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі базалық мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл тұрғыда әлеуметтік мәні бар аурулар мен динамикалық бақылауға жататын аурулардың тізбелері өзектендірілді.Біріншіден, әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі инсульттан кейінгі жіті жағдайлармен толықтырылды (1 жыл бойы). Бұл көмектің сабақтастығын және медициналық оңалтудың ерте басталуын қамтамасыз етеді. МӘМС енгізілуімен халық үшін КТ және МРТ сияқты жоғары технологиялық зерттеулердің қолжетімділігі айтарлықтай артқанын атап өтемін.Екіншіден, қаржыландыруды оңтайландыру және қайталануды болдырмау мақсатында 4 ауру – балалардың церебральды сал ауруы, ревматизм, дәнекер тінінің жүйелі зақымдануы және қант диабеті – МӘМС жүйесі арқылы қаржыландыру үшін ДБЖА тізбесіне ауыстырылды.Бұл медициналық көмектің қысқаруына әкелмейтін әкімшілік шара екенін айта кеткен жөн. Іс – шаралардың барлық кешені – диагностика, емдеу, динамикалық бақылау және медициналық оңалту-медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың қолданыстағы клиникалық хаттамалары мен стандарттарына сәйкес толық көлемде жүзеге асырылатын болады.Үшіншіден, бұл шешімді қабылдау кезінде біз әлеуметтік аспектілерді ескердік. Церебральды сал ауруы және 1 типтік қант диабеті сияқты аурулар балалық шақта пайда болады. Балалар сақтандыру сыйлықақыларын мемлекет төлейтін жеңілдік санатына жатады. Кәмелетке толған және осы пациенттер үшін мүгедектік расталған кезде мемлекет МӘМС жүйесіне жарналарды жүзеге асыруды жалғастырады, бұл медициналық көмектің өмір бойы қолжетімділігінің сақталуына кепілдік береді.Бүгінгі таңда Қазақстанда БЦА бар 27 932 пациент бар, оның 99%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған.Қант диабетімен есепте тұрғандардың жалпы санының 95%-ды құрайтын 2 типтік ҚД ауруына келетін болсақ, медициналық көмектің көлемі (дәрі – дәрмекпен қамтамасыз ету, динамикалық бақылау, тәулік бойы, күндізгі стационарлар, медициналық оңалту) өзгермейді, бәрі бұрынғысынша қалады, тек қаржыландыру көзі ғана өзгереді (МӘМС). Бұл ретте, диспансерлік пациенттердің 96%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған.ҚД мыңдаған қазақстандықтардың өмір сүру сапасына әсер ететін аурулардың бірі ретінде мемлекеттің ерекше бақылауында қалады. Бірақ сонымен бірге, бұл ауру басқарылады, мұнда пациенттің рөлі өмір салтын өзгерту, жаман әдеттерді жою бөлігінде өте жоғары. Азаматтардың сақтандыру жауапкершілігі мәселесіне ерекше назар аударғым келеді. Сақтандыру мәртебесі толыққанды медициналық көмек алудың негізгі шарты болып қала береді.Мысалы, сақтандыру жарналарының орташа мөлшері айына 51 мың теңгеге жуық болғанда МӘМС жүйесі консультациялық-диагностикалық қызметтер мен дәрілік препараттарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді, олардың құны 2 типтік қант диабетін емдеу жағдайында 600 мыңнан 6,5 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл сақтандыру моделінің тиімділігін және МӘМС жүйесіне қатысудың маңыздылығын көрнекі растау. Осылайша, БЦА және басқа да созылмалы аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсетудің барлық кепілдіктері МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі сақталған жағдайда толық көлемде сақталады.Медициналық көмектің көлемі жөніндегі мәселеге қатысты мынаны хабарлаймын: пациенттерге медициналық көмек көрсетудің көлемі мен шарттары өзгеріссіз қалады. Амбулаториялық бақылау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық оңалту, стационарлық көмек (күндізгі және тәулік бойғы стационарлар) қоса алғанда, медициналық көмектің барлық кешені толық көлемде сақталды.Денсаулық сақтау министрлігі мынаны ерекше атап көрсетеді: МӘМС пакетіне ауыстырылған аурулары бар пациенттер үшін медициналық көмек, сондай-ақ қаржыландыру көлемі қысқармайды.Бұл ретте сақтандыру мәртебесінің маңыздылығына ерекше назар аударғым келеді. Жұмыссыздарды қоса алғанда, экономиканың ресми секторында жұмыс істемейтін азаматтар үшін мемлекеттік қолдау тетігі көзделген. Мұндай жағдайда жұмыссыз ретінде тіркеліп, тиісті жеңілдікті мәртебе алу қажет.Осыдан кейін МӘМС жүйесіне сақтандыру жарналары жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады, бұл 1 млн. астам азаматты міндетті сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық көмектің барлық түрлеріне толық қол жеткізуге кепілдік береді.Осылайша, медициналық көмектің бірыңғай пакетіне ауыса отырып, консультациялық-диагностикалық қызметтердің барлық түрлеріне қолжетімділік, негізгі ауруды да, қосалқы патологияларды да емдеуді қоса алғанда, тәулік бойы және күндізгі стационарда емдеуді қамту, оңалту қызметтерін көрсетуді кеңейту ұлғаяды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1136662?lang=kk
Салық күнтізбесі: 2026 жылдың қаңтарында қашан және қандай салықтарды төлеу керек 05.01.2026
салықтарды төлеу керек2026 жылғы қаңтарда ҚР жаңартылған Салық кодексінің енгізілуіне байланысты 2025 жылғы желтоқсан айындағы салық есептілігін ұсыну және міндетті төлемдерді төлеу мерзімдері ерекше маңызға ие. Мемлекеттік кірістер департаменті салық есептілігі мен төлемдері бойынша негізгі күндерді атады.15 қаңтар:400.00, 421.00 – акциздер бойынша декларация және 2025 жылғы қарашадағы құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер үшін есеп айырысу нысандары.20 қаңтарға дейін:328.00-нысан – 2025 жылғы желтоқсандағы тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.Сонымен қатар, төлеу керек:5 қаңтарды қоса алғанда:2025 жылғы желтоқсандағы жеке практикамен айналысатын тұлғалардың табыстары бойынша ЖТС.20 қаңтарға дейін:2025 жылғы желтоқсандағы ЕАЭО-ға ҚҚС;2025 жылғы желтоқсандағы Акциз, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша.26 қаңтар:КТС, 2026 жылғы қаңтардағы аванстық төлемдер;2025 жылғы желтоқсанда төленген резиденттер мен резидент нестердің кірістерінен төлем көзіндегі КТС, ЖТС;ҚР-ға жіберілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, резидент емес заңды тұлғаның, шетелдік персоналдың 2025 жылғы желтоқсанда Төлеген кірістерінен төлем көзіндегі ЖТС;радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер;Әлеуметтік салық, бірыңғай төлем, 2025 жылғы желтоқсандағы МӘМС, МЗЖ, МКЗЖ, МКЗЖ-ға әлеуметтік аударымдар мен жарналар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1136602?lang=kk
Үлкен Нарын ауданының құрылғанына 2 жыл 05.01.2026
Үлкен Нарын ауданының құрылғанына 2 жыл толуына орай,ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлесі,оның қалыптасуы мен өркендеуіне белсенді атсалысқаны,адал еңбегі,бастамашылдығы және жоғары кәсіби біліктілігі үшін Үлкен Нарын ауданы мәслихатының депутаты Д. Бақтияров Үлкен Нарын ауданының әкімі Е.Байрахметовтың алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, Үлкен Нарын ауданының құрылғанына 2 жыл толуына орай,ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлесі,оның қалыптасуы мен өркендеуіне белсенді атсалысқаны,адал еңбегі,бастамашылдығы және жоғары кәсіби біліктілігі үшін депутат Т. Қамбаров Үлкен Нарын ауданының әкімі Е.Байрахметов және Үлкен Нарын ауданы мәслихатының төрағасы Ж.Сыдыкованың құрмет грамотасымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1136579?lang=kk
Елімізден ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды 05.01.2026
2025 жылғы 12 желтоқсаннан бастап ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар, өзгелер» кодын және шыққан елі Қазақстан Республикасы болып табылатын ЕАЭО СЭҚ ТН 4401310000 «Ағаш түйіршектері» кодын қоспағанда, шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) 6 ай мерзімге көліктің барлық түрлерімен әкетуге тыйым салу енгізілді (Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 527 Бұйрығы).Уақытша тыйым қазақстандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етеді және қайта өңдеу саласының ішкі мүдделерін қорғайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1136486?lang=kk
РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТЫ: МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 05.01.2026
Мемлекет басшысы экономикалық реформалардың халықтың күнделікті тұрмысына әсер ететініне қоғам алаңдап отырғанын жоққа шығармайтынын айтты. Президенттің сөзінше, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген ауқымды реформа бастапқы кезеңде жұртшылық тарапынан толық түсіністік таппай жатады. Осындай сын сағатта саяси жауапкершілікті өз мойнына алатын көшбасшының рөлі ерекше.Президент Қазақстан үшін реформалардан бас тарту жолы жоқ екенін атап өтті. Ел бір орында тоқтап қалмай, тұрақты даму үшін жүйелі өзгерістерді жүзеге асыруы тиіс. Бұл – күрделі әрі кедергісі көп жол болғанымен, стратегиялық тұрғыдан жалғыз дұрыс бағыт.Азаматтардың тұрмысына салмақ түсірмеу мақсатында Үкімет қыс мезгілінде тарифтердің өсуін әкімшілік тәсілдер арқылы уақытша тоқтатты. Сонымен қатар, бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы экономикаға қаржыны орынсыз бағыттау инфляцияны күшейтетінін ескертіп, қатаң бюджеттік тәртіптің маңызын атап өтті. Қаржы ресурстары тек ел үшін қажетті әрі нәтижелі жобаларға жұмсалуы тиіс.Өткен жылдың қараша айында Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлесіп қабылдаған үш жылдық бағдарлама инфляция деңгейін төмендету арқылы азаматтардың әл-ауқатын арттыруды көздейді. Бұл құжат макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадам ретінде бағаланып отыр.Мемлекет басшысы халықаралық сарапшылар көтеріп жүрген «орташа табыстар қақпаны» мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, бұл – теориялық ұғым ғана емес, көптеген қазақстандықтардың күнделікті өмірінде көрініс тауып отырған шындық. Табыстың инфляция әсерінен құнсыздануы, ипотека, білім алу, медицина сияқты міндетті шығындардың артуы азаматтардың қаржылық тұрақтылығын әлсіретіп отыр.Президент бұған дейін зейнетақы жинағын тұрғын үй алу, емделу және білім төлемдеріне пайдалану туралы шешім қабылданғанын еске салды. Бұл бастама халық тарапынан қолдау тапқанымен, кейбір алаяқтық әрекеттерге жол ашқаны да айтылды. Атап айтқанда, медициналық қызмет көрсету сылтауымен ірі көлемде қаржы жымқырылған фактілер анықталған. Қазіргі таңда бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысып жатыр.Бизнес саласына қатысты Мемлекет басшысы кәсіпкерлердің жұмыс орындарын ашып, салықты адал төлеп отырғанын атап өтті. Алайда, жоғары несие мөлшерлемелері мен айналым қаражатының тапшылығы олардың кең көлемде дамуына, жаңа технологияларды енгізуіне және нарық аясын кеңейтуіне кедергі келтіріп отыр.Президент экономика құрылымының біртіндеп өзгеріп жатқанын, дегенмен бұл үдерістің қарқыны баяу екенін жасырмады. Халықаралық қаржы ұйымдары Қазақстанды бақуатты мемлекет ретінде бағалағанымен, ел ішінде әлеуметтік және экономикалық теңсіздіктер әлі де сақталып отыр. Мемлекет басшысы бұл мәселелерді жасырмай, оларды жүйелі түрде шешу үшін нақты жоспар бар екенін атап өтті.Жалпы, сұхбат барысында экономикалық реформалардың түпкі мақсаты – елдің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ету, инфляцияны ауыздықтау және халықтың өмір сапасын арттыру екені айқын көрініс тапты.
2025 ЖЫЛ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ ЖӘНЕ РЕФОРМАЛАРҒА БЕТБҰРЫС 05.01.2026
Мемлекет басшысы өткен жылды қорытындылай келе, 2025 жылды Қазақстан үшін маңызды экономикалық әрі институционалдық өзгерістер кезеңі ретінде бағалады. Президенттің айтуынша, бір жылдың ішінде ел өмірінде ауқымды әрі маңызы зор оқиғалар орын алды. Соның ішінде экономиканың 6 пайыздан астам өсімі ерекше атап өтілді.Ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард АҚШ долларына жетіп, жан басына шаққандағы көрсеткіш 15 мың доллардан асты. Бұл – Қазақстан үшін ғана емес, тұтас өңір аясында рекордтық нәтиже. Мемлекет басшысы атқарылған жұмыстарды жалпы оң бағалағанымен, тоқмейілсуге жол жоқ екенін қадап айтты. Алда шешімін күткен түйткілдер де аз емес.Президент инфляция деңгейінің жоғары болуы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған еңбектің тиімділігін төмендетіп отырғанын атап өтті. Осыған байланысты Үкімет пен өңір басшыларына елдің әлеуметтік-экономикалық негізін нығайту бағытында жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізу міндеті жүктелді.Сонымен қатар, өткен жылдың басты қорытындысы ретінде Қазақстанның реформаларды жүзеге асыру жолына біржола бет бұрғаны айтылды. Елде жаңғыру үдерісі қарқынды жүріп, қоғамда өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін түбегейлі өзгерістер қажет екені жөнінде ортақ түсінік қалыптасты.Жаһандық үрдістерге тоқталған Мемлекет басшысы әлемдік саясаттағы өзгерістердің де ел дамуына әсер етіп отырғанын жеткізді. Қазақстанда әділдік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық қағидаттарына негізделген қоғам құру ісі жалғасып, бұл бағыттағы жұмыстар жаңа жылда одан әрі күшейтілетіні атап өтілді.Сұхбат барысында жаңа Салық кодексіне қатысты мәселелер де қозғалды. Президент салық реформасы қоғамда қызу пікірталас туғызғанын мойындай отырып, бұл қадамның экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін қажет екенін айтты. Жаңа Салық кодексінің басты мақсаты – салық жүйесін түбегейлі қайта құру, ашық әрі түсінікті қағидаттарға негіздеу.Мемлекет басшысының тапсырмасымен қосымша құн салығының жоғарғы шегі төмендетіліп, салық жүйесінде бақылаудан гөрі серіктестікке басымдық берілмек. Бұл ретте мемлекет, бизнес және азаматтар арасындағы өзара жауапкершілік негізгі қағидаға айналады.Президент салық төлеуді заманауи қоғамдық келісімшарт ретінде бағалап, оның инфрақұрылымның дамуына, қауіпсіз ортаның қалыптасуына және әлеуметтік әділдіктің орнауына тікелей әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар, салық мәдениетін қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді тетігі екені де баса айтылды.Жалпы, сұхбатта көтерілген мәселелер Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына бағытталған жүйелі реформалардың жалғасатынын және мемлекеттің алға қойған стратегиялық мақсаттары айқын екенін көрсетеді.
МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗ – ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН МАҢЫЗДЫ ИНСТИТУТ 05.01.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында мерзімді баспасөздің қоғамдағы рөлі, оның ағартушылық миссиясы мен ұлттық құндылықтарды сақтаудағы маңызы жөнінде кеңінен ой қозғады.Президент ең әуелі 30 жылдан бері тұрақты түрде шығып келе жатқан «Turkistan» газетінің ел ақпарат кеңістігіндегі орнына тоқталып, басылымды Қазақстандағы ықпалды газеттердің бірі ретінде атап өтті. Сондай-ақ газеттің атауында да терең тарихи әрі рухани мән жатқанын айтып, редакция ұжымының тек ел ішіндегі емес, тұтас түркі жұртына ортақ өзекті тақырыптарды көтеріп жүргенін жоғары бағалады. Мемлекет басшысы мұны қалыптасқан жақсы дәстүр ретінде атап өтті.Сұхбат барысында Қасым-Жомарт Тоқаев шетелде еңбек етіп, түрлі салада жетістікке жеткен қандастар жайлы жарияланымдарды қызығушылықпен оқитынын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан мен өздері тұрып жатқан мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтарды қолдау – маңызды іс. Осы орайда Президент мұндай үш азаматты арнайы марапаттағанын да атап өтті.Мемлекет басшысы қазіргі ақпараттық кеңістіктегі үрдістерге де тоқталды. Оның пікірінше, газет-журналдар бүгінде қайта өрлеу дәуірінің бастауында тұр. Себебі әлеуметтік желілердің шектен тыс ықпалы адамдардың ойлау және танымдық қабілетіне кері әсер етіп жатқанын атап өтті. Президент қоғамда жасы ересек болғанымен, ой-өрісі таяз, үстірт ақпаратқа тәуелді азаматтардың кездесуі осының айқын көрінісі екенін айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жастайынан мерзімді баспасөзді үзбей оқып келе жатқанын, бұл әдетінен әлі күнге дейін айнымағанын жеткізді. Бүгінде баспасөз заман талабына сай бейімделіп, ақпарат айдынынан өз орнын таба алғанын атап өткен Мемлекет басшысы газет тілшілерінің терең талдау мен жан-жақты сараптама жасауға басымдық беріп отырғанын ерекше айтты. Кәсіби әрі өз ісіне адал журналистердің сапалы материал әзірлеп, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға сүбелі үлес қосып жүргенін де атап өтті.Президент еңбек адамдарының шынайы өмірі мен қоғамға пайдасы жөніндегі нақты мәліметтерді көбіне газеттерден алатынын жеткізді. Ал TikTok, Instagram немесе Telegram сияқты әлеуметтік желілер бұл тұрғыда үстірт ақпарат ұсынып, еңбек адамдарының шынайы тыныс-тіршілігін толық көрсете алмайтынын айтты.Сұхбат соңында Мемлекет басшысы қоғам тек елең еткізер жаңалық пен қысқа бейнежазбамен шектелмей, мазмұны терең, ой салатын ақпараттың да қадірін түсінуі қажет екенін атап өтті. Әсіресе, жастардың білім мен ғылымға бет бұрып, оқу мәдениетін жоғары қоюы елдің болашағы үшін аса маңызды екенін айтты. Оқу мәдениеті дамыған елдер әрдайым жаһандық дамудың алдыңғы қатарында болатынына Президент еш күмән келтірмейтінін жеткізді.
Жақсылықпен кел, жаңа жыл! 05.01.2026
Жаңа жыл – келешекке үміт артатын, елді бірлікке үндейтін ерекше кезең. Уақыт тағы бір белесті артқа тастап, жаңа парақ ашты. Осындай мағынасы терең мерекені Қармақшы жұртшылығы биыл да көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Осы орайда аудан орталығында Жаңа 2026 жылды қарсы алуға арналған «Төрлет, құтты жаңа жыл!» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.Мерекелік жиында аудан әкімі Жандос Еркінбек жұртшылықты Жаңа жылмен құттықтап, өткен жылдың аудан үшін табысты, мазмұнды кезең болғанын атап өтті. Сондай-ақ 2025 жыл ел тарихындағы тағылымы терең, маңызды даталармен айшықталғанын айтып, қол жеткізілген жетістіктер бірлескен еңбектің нәтижесі екенін жеткізді.Өз сөзінде аудан басшысы әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, аудан бюджетінің айтарлықтай өсім көрсеткенін атап өтті. Сонымен қатар газдандыру жобасының жүзеге асуы, тұрғын үй саласында қолға алынған бастамалар мен халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар да айтылды.– Алдымызда тұрған жаңа жыл – жаңаша серпін мен биік мақсаттар жылы. Алдағы уақытта да ауданымыздың әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасын табады, – деді аудан әкімі.Мерекелік кеш барысында тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарлама ұсынылып, Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен бүлдіршіндермен ойындар ұйымдастырылды.Салтанатты шара соңы мерекелік отшашумен аяқталып, аудан тұрғындары ерекше әсерге бөленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1136352?lang=kk
Лахор қ. жасөспірімдер арасындағы 1-ші халықаралық көгалдағы хоккей турнирі өтті 05.01.2026
Лахор, 2026 ж. 2 қаңтар – 2026 ж. 1-2 қаңтарда Лахор қ. 2025-26 жылғы көгалдағы хоккейден жасөспірімдер арасындағы I халықаралық турнир (U17) өтті. Турнирге сегіз елдің спортшылары, соның ішінде Қазақстан құрамасы қатысты.Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үшінші орынға ие болды.Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі команданы табысты өнер көрсетуімен құттықтап, турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны және дәстүрлі қонақжайлылығы үшін Пәкістан тарапына алғыс білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1136324?lang=kk
«Қылмыссыз өңір - кемел келешек кепілі» аясында кездесу өтті 05.01.2026
Бүгін Қармақшы ауылдық округінде ішімдіксіз ауылдар қатарын көбейту және «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға арналған кездесу өткізілді.Шараны аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев жүргізіп, ауыл тұрғындарын келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жобаның маңызы мен оның тиімділігін түсіндірді.-Ішімдіктен бас тарту – құқық бұзушылықтың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі. Тәжірибе көрсеткендей, ішімдіксіз ауылдарда қылмыс деңгейі төмендеп, қоғамдық тәртіп пен отбасылық тұрақтылық нығаяды. Осы бағытта жергілікті кәсіпкерлердің жауапкершілігі ерекше. Сіздердің қолдауларыңыз – қауіпсіз орта қалыптастыруға қосылған нақты үлес. Ал тұрғындардың бірлігі мен саналы таңдауы – бастаманың табысты жүзеге асуының басты кепілі,- деді аудан әкімінің орынбасары.Кездесуге Қармақшы ауданы прокурорының орынбасары Зураб Гичиев және аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы Нұрболат Қасымханов қатысып, ішімдіксіз ауылдарда құқық бұзушылық деңгейі төмендейтіні, қоғамдық тәртіп пен отбасылық тұрақтылық нығаятынын атап айтты.Жиын соңында Диас Молдабаев ауыл тұрғындарының бірлесе әрекет етуі – қылмыссыз, ішімдіксіз және тыныш орта қалыптастырудың негізгі кепілі екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1136338?lang=kk
Қармақшыда жыл қорытындысы өткізілді 05.01.2026
Бүгін Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты 2025 жылдың қорытындысына және Жаңа 2026 жылды қарсы алуға арналған салтанатты іс-шара өтті.Мерекелік жиында аудан әкімі Жандос Еркінбек жиналған жұртшылықты келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өткен жылдың аудан үшін тарихи маңызы зор, табысты кезең болғанын атап өтті.-Қадірменді жерлестер! Алдымызда тұрған жаңа жыл – жаңаша серпін мен биік мақсаттар жылы болмақ. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз мықты болса, кез келген межеге қол жеткізе аламыз. Алдағы уақытта да ауданымыздың әлеуетін арттыруға, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасын табады. Жаңа жыл баршаңызға жақсылықтың жаршысы болсын. Әр шаңырақта шаттық пен татулық орнасын. Ұрпағымыздың болашағы жарқын, елдің еңсесі биік болғай,- деді Жандос Еркінбек.2025 жылы аудан бюджеті жоғары өсім көрсетіп отыр. Бастапқыда 12 млрд 176 млн теңге болып бекітілген бюджет жыл ішінде үш мәрте нақтыланып, 22 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Қосымша қаржы көздерін тарту арқылы аудан бюджетінің көлемі 80,9 пайызға артқан.Сондай-ақ аудан басшысы жаңадан бой көтерген заманауи ғимараттарды, ашылған әлеуметтік нысандарды, пайдалануға берілген тұрғын үйлерді, жүзеге асырылған ауқымды жобаларды және алдағы уақытқа қойылған нақты міндеттерді атап өтті.Салтанатты іс-шара барысында ауданның дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар облыс әкімінің және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар жыл бойы өз саласында жоғары нәтижеге қол жеткізген аудан жанашырлары «Жыл үздігі» номинацияларын иеленді.Сондай-ақ бірқатар мекеме басшыларына өңіріміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосқаны үшін Байқоңыр қаласының 70 жылдығына арналған мерейтойлық медалі табысталды.Іс-шара аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1136305?lang=kk
Аудан әкімі ардагерлерді құттықтады 05.01.2026
Бүгін жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан әкімі Жандос Еркінбек Қармақшы топырағының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан бірқатар ардагерлердің шаңырағына арнайы барып, мерекелік лебізін білдірді.Ізгі шара барысында аудан басшысы медицина саласының ардагері Үмітжан Сариева мен білім саласының ардагері Талмаш Жұмабаеваға жаңа жылдық құттықтауын жеткізіп, ыстық ықыласын білдірді. Сондай-ақ еліміз бен ауданымыз жеткен жетістіктері аға буынның қажырлы еңбегінің нәтижесі екенін атап, шынайы алғысын жеткізді.Сонымен қатар Жандос Еркінбек 100 жасқа келетін тыл ардагері Алмагүл Кенбаеваға арнайы барып, ғасыр жасаған ардагерге ерекше құрмет көрсетті. Ел тарихы жолында ұрпаққа өнеге болған қарияға мерекелік лебізін білдіріп, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.Кездесу барысында ардагерлер елге қызмет етіп жүрген азаматтарға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1136319?lang=kk
Аудан басшысы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысын бақылады 05.01.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барып, нысанның қазіргі жұмыс барысын бақылады.Жалпы құны 180 млн теңгені құрайтын спорт кешенінің жөндеу жұмыстары биыл тамыз айында басталып, желтоқсан айының басында ел игілігіне табысталды.Қазіргі таңда кешенде күрес, самбо, дзюдо, таэквондо және қол күресі, ауыр атлетика және зілтемір үйірмелері тұрақты жұмыс істеп, спортшылар жүйелі түрде жаттығуда.Сапар барысында аудан әкімі спорт саласын дамыту, жас спортшыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1136288?lang=kk
Риядта өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері талқыланды 04.01.2026
Рияд, 2026 жылғы 4 қаңтар – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Бандар Әл-Хорайефпен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында өнеркәсіп және тау-кен металлургия кешені салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің елеулі әлеуетін атап өтіп, экономиканың басым секторларындағы әріптестікті тереңдетуге өзара мүдделілік танытты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жандандыруға келісті және ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1136258?lang=kk
Арнаулы салық режимдеріне көшу кезінде ҚҚС төлеушілерге қатысты ережелер туралы 04.01.2026
Жаңа Салық кодексінің 103-бабына сәйкес ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару тек мына жағдайларда жүзеге асырылады: 1) жалпыға бірдей белгіленген режимнен АСР-ге көшу; 2) қызметін тоқтату немесе тарату.Жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне (АСР) көшу кезінде салық төлеуші қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламамен бір мезгілде салық органына ҚҚС бойынша тарату (ликвидациялық) салық есептілігін ұсынады.Айта кету қажет, бұрын ҚҚС есепке жатқызылған тауар қалдықтары түріндегі айналым ҚҚС бойынша есептен шығарылған кезде салық салынатын айналым болып табылады.Тауар қалдықтары түріндегі айналым бухгалтерлік есепте қайта бағалау мен құнсыздандыруды есепке алмағанда көрсетілген осындай тауарлардың баланстық құны бойынша айқындалады.Тауар қалдықтары бойынша Салық кодексінің 205-бабына сәйкес ҚҚС бойынша есептен шығару күніне дейінгі күнге салықтық тіркелім жасалады.Салық мөлшерлемесі айналым жасалған күнге қолданылады.Бұл ретте, жаңа Салық кодексінің 103-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес ҚҚС төлеушіні тіркеу есебінен шығару арнаулы салық режимін (АСР) қолдану басталған күннен бастап жүзеге асырылады.Осылайша, ҚҚС бойынша есептен шығару күнін және тауар қалдықтары түріндегі айналымға қолданылатын салық мөлшерлемесін айқындау үшін АСР қолдану басталған күн маңызды болып табылады.Жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданатын салық төлеушілер үшін жаңа Салық кодексінің 716-бабы 8-тармағының 4) тармақшасына сәйкес АСР қолдану басталған күн ретінде қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсыну күні есептеледі.Мысалы, егер қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама 2026 жылғы 5 қаңтарда ұсынылса, онда ҚҚС бойынша есептен шығару күні 2026 жылғы 5 қаңтар болып табылады және тарату (ликвидациялық) есептілік 2026 жылдың I тоқсаны үшін тапсырылады.2026 жылдан бастап қолданыстағы арнаулы салық режимдері (шаруа және фермер қожалықтарына арналған АСР-ді қоспағанда) тоқтатылатындықтан, жаңа Салық кодексінің 840-бабында 2026 жылға дейін АСР қолданған салық төлеушілер үшін өтпелі ережелер көзделген.Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы салық режимін қолданған салық төлеушілер 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама тапсырып, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап оңайлатылған декларация негізіндегі жаңа арнаулы салық режиміне көшуге құқылы.Бұл жағдайда ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргізіледі және 2025 жылдың IV тоқсаны үшін тарату (ликвидациялық) есептілік тапсырылады. Тауар қалдықтары түріндегі айналым 31.12.2025 жылғы жағдай бойынша айқындалады және 12% мөлшерлеме қолданылады.Ал 2026 жылы жалпыға бірдей белгіленген режимнен арнаулы салық режиміне көшетін салық төлеушілер үшін айналым жасалған күн ҚҚС бойынша есептен шығару күніне дейінгі күн болып табылады және 16% мөлшерлеме қолданылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1136254?lang=kk
Аймақ басшысы ардагерді құттықтады 04.01.2026
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевпен бірге Сырдария ауданына арнайы барып, Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыровты Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ақсақалға ізгі тілегін жеткізіп, дәстүрге сай иығына шапан жапты.«Қариясы бар елдің қазынасы бар» дегендей, өмір жолы өнегеге толы аға буынның тәжірибесі мен тағылымының өскелең ұрпақ үшін орны бөлек. Сіз майдан даласында ерлік көрсеттіңіз. Отан үшін от кешіп, елімізді жаудан қорғаған Өзіңіздей батырларымыздың арқасында бүгiнгi бейбiт күнге жеттік. Тәуелсіз Қазақстанымыз еңсесін тіктеп, бейбітшілік пен берекенің ордасына айналды.Елге оралғаннан кейін де аймағымыздың өркендеуіне аянбай атсалысып, жарқын болашағына зор үлес қостыңыз. Қарттарымыздың ақыл-кеңесі, ақ батасымен ұлттың ішкі тұтастығы сақталып, бірлік пен берекелі тіршілік үйлесім тауып келеді.Үлкенге құрмет көрсету, жақсы істерін жастарға үлгі ету – біздің қасиетті парызымыз. Жыл алмасқан кездегі үміт пен арманға толы сәтте Сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға бақ-береке тілеймін!», – дейді Н. Нәлібаев.Айта кетейік, Яхия Тасыров – Қызылорда облысындағы жалғыз ҰОС ардагері. Ол 1922 жылы Тереңөзек ауданы, Қараөзек елді мекенінде дүниеге келген. 1941 жылдың аяғында Ташкент облысы Фрунзе аудандық әскери комиссариатының шақыруымен әскерге алынған. Омбы қаласында алғашқы әскери дайындықтан өтіп, 1942 жылдың қазан айында майданға жіберілген. Соғыс жылдарында Сталинградты, Курскіні, Польшаны азат етуге қатысқан. Данциг портында аяғынан ауыр жараланып, соғысты Германияда аяқтап, 1945 жылы қыркүйек айында елге оралған.Майданда көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз», І, ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының Батыры Маршал Г.К.Жуков», Ұлы Жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Қызылорда облысының құрметті ардагері, Сырдария ауданының құрметті азаматы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1136234?lang=kk
Аудан әкімі тұрғындарды жаңа жылмен құттықтады 04.01.2026
Бүгін Орталық алаңда мерекелік концерт өтіп, аудан әкімі Берік Сәрменбаев тұрғындарды Жаңа жылмен құттықтады.Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл – өткенді саралап, жаңа бағытқа бетбұрыс жасайтын ерекше мереке. Әр жылдың өзіндік өрнегі бар. Өтіп бара жатқан жыл Сыр елі үшін табысқа толы болды. Жыл көлемінде ауданымыз да жарқын жетістіктерге қол жеткізді. Барлық салада дамудың оң динамикасы қалыптасты.Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген жақсы сөз бар. Біз де Жаңа жылға үлкен үмітпен қарап, берекелі іс пен баянды бақыт күтеміз. Өтіп бара жатқан 2025 жыл өңіріміз үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында бүгінгі күні облысымыз қарқынды даму үстінде. Аймағымыз барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орында. Аймақ бюджеті 851 млрд. 300 млн. теңге болып, 2021 жылдан бері 246 пайыз өсті. Оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. Даму бюджетінің көлемі 2021 жылы 47 млрд. теңге болса, биыл 207 млрд. теңгеге жетіп, 4,4 есе артты.Ауданымызда да жыл көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Жыл басында аудан бюджеті 10 млрд. теңгені құраса, бүгінде 13,2 млрд. теңгеге жетті. Мемлекет басшысы халықтың тұрмысын жақсарту үшін ең алдымен инфрақұрылымдық жұмыстарды атқаруды тапсырды. Бүгінде ауданда Тереңөзек кенті мен 5 елді мекен көгілдір отынмен қамтылып, 62 пайызды құрап отыр. Биыл газдандыру жобаларын жүзеге асыруға 2,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, Нағи Ілиясов және Шаған ауылдары табиғи газға қосылды. Жоба құны 1,8 млрд. теңгені құрайтын Ақжарма елді мекенін газдандыру жұмыстары биыл басталып, бүгінде газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Аудан тұрғындары орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жоба құны 490,5 млн. теңгеге Қалжан ахун елді мекенін электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Биыл ауданда 1,3 млрд. теңгеге 25,5 шақырымнан аса автомобиль жолдары жөндеуден өтті. Қазіргі кезде жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 99 пайызға жетті. Аудандағы үлгілі елді мекен – Нағи Ілиясов ауылы «Үздік туристік ауыл – 2025» ұлттық байқауында жеңімпаз атанып, Қазақстандағы үздік 5 туристік ауылдың қатарына енді. Біздің жеткен жетістіктеріміз – аудан халқының бірлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі.Дана халқымыз «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» дейді. Біз алдағы жылдан үлкен үміт күтіп, ауқымды жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Жаңа 2026 жыл құтты болсын! – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Жаңа жылдық іс-шарада аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік концерт отшашуға ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1136235?lang=kk
Аудан әкімі ардагерлерді жаңа жылмен құттықтады 04.01.2026
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев және Аудандық маслихат төрағасы Ержан Ертарғынұлы, аудандық мәслихат депутаты Алмас Зейноллаұлы бірге қадірлі қариялардың үйлеріне барып, мерекемен арнайы құттықтады.Аудан басшысы ғибратты ғұмыр иелері денсаулық саласының ардагері Бақтыбаева Жәмила,ауылшаруашылығы саласының ардагері Дүйсенбаев Болат және білім саласының ардагері Роза Шайхисламқызына игі тілегін жеткізді. Ел игілігі үшін жасаған қажырлы еңбектері өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін атап өтіп, «Құттықтау хат» және арнайы сый-құрмет көрсетті.Мерекеде көрсетілген құрметке ризашылығын білдірген қазыналы қариялар елдің амандығы мен тыныштығын тілеп, ақ баталарын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1136236?lang=kk
Қарт майдангер 104 жасқа толды 04.01.2026
Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Яхия Тасыров 104 жасқа толды. Осы мерейлі жасымен майдан куәгерін аудан әкімі Берік Сәрменбаев құттықтады. Аудан әкімімен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, мәдениет саласының ардагері Жантемір Айсин, мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері Марат Омаров, Балшекер Өтегенова арнайы барды.Аудан басшысы сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп, бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге алғысын білдірді.– Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі. Сіздің сұрапыл соғыста жүріп өткен жолыңыз кейінгі буынға бейбіт өмір сыйлады. Сондықтан Сіздің өскелең ұрпақ үшін жасаған ерлігіңіз әркез зор құрметке лайық. Мерейлі жасыңыз құтты болсын, – деген аудан әкімі "Құттықтау хат" табыс етіп, сый-құрмет көрсетті.Өз кезегінде мерейтой иесі соғыс жылдарындағы естеліктерін айтты. Мерейлі жасымен құттықтаған аудан басшысына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.Айта кетейік, Яхия Тасыров – Қызылорда облысындағы жалғыз ҰОС ардагері. Ол 1922 жылы Тереңөзек ауданы, Қараөзек елді мекенінде дүниеге келген. 1941 жылдың аяғында Ташкент облысы Фрунзе аудандық әскери комиссариатының шақыруымен әскерге алынған. Омбы қаласында алғашқы әскери дайындықтан өтіп, 1942 жылдың қазан айында майданға жіберілген. Соғыс жылдарында Сталинградты, Курскіні, Польшаны азат етуге қатысқан. Данциг портында аяғынан ауыр жараланып, соғысты Германияда аяқтап, 1945 жылы қыркүйек айында елге оралған. Майданда көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз», І, ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының Батыры Маршал Г.К.Жуков», Ұлы Жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Қызылорда облысының құрметті ардагері, Сырдария ауданының құрметті азаматы.Қарт майдангер бүгінде 7 ұл-қыздан 15 немере, 7 шөбере сүйіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1136238?lang=kk
Қар тазалау жұмыстары жүргізілуде 04.01.2026
Кентімізде қар жауғаннан кейінгі тазалық жұмыстары басталып, коммуналдық мекеме қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік жолдарын тазалау және щеткілеу жұмыстарын атқаруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1136239?lang=kk