Қоғам
ШЫМКЕНТТЕ «МЫҢ ЖҮЙРІК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ 31.10.2025
🔹Бүгін Шымкент қаласында этнос өкілдерінің балалары арасында қазақ тілін ілгерілетуге бағытталған республикалық «Мың жүйрік» ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.🔹Бұл игі бастама жас ұрпақтың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруды, қазақ тілін жетік меңгерген дарынды балаларды анықтауды және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауды мақсат етеді.🔹Жоба аясында қатысушылар қазақ тілін меңгеру деңгейі мен шығармашылық қабілеттерін бейнеролик және эссе форматында көрсетті. Биыл байқауға еліміздің жеті аймағынан жүзге жуық өтінім қабылданып, қатысушылардың еңбегін арнайы құрылған қазылар алқасы бағалады.🔹Марапаттау рәсіміне Шымкент қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Иманалы Байдаулетов, қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, сондай-ақ Ассамблея жастары қатысты.– Аталған жобаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретінде мәртебесін ілгерілетуді көздеген байқау 5 бағытта өрбіді. Бақ сынаған балалар мемлекеттік тілде мүдірмей сөйлеп, түрлі шығармалардан үзінділер оқып, қазақ тілін жетік меңгергенін дәлелдеді. Біз еліміздің мемлекеттік тілін дәріптеп, насихаттауға бағытталған байсалды бастамаларды қолдауға әрдайым дайынбыз! Ойын қазақша еркін жеткізетін, мемлекеттік тілден мүдірмейтін балалардың бүгінгі жеңістері өмірлік толағай табыстармен жалғаса бергей! – деді Иманалы Оспанұлы.🔹Салтанатты жиында жеңімпаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.#ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #shymkent
«Жетісу Виртуоздары» ансамблі мен «Айналайын балалары» 31.10.2025
«Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Айналайын» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына І.Жансүгіров атындағы мәдениет үйінің «Жетісу Виртуоздары» ансамблі барып, концерттік бағдарлама ұсынды. Ансамбльдің жетекшісі - Әділжан Нүсіпжанұлы.Шара барысында ансамбль орындаған әсерлі әндер мен әсем әуендер балалардың көңілін көтеріп, ерекше қуаныш сыйлады. Балалар өнерпаздарға ризашылықтарын білдіріп, жүздерінен шаттықтың лебі сезілді.Мұндай жылы кездесулер - мейірім мен рухани қолдаудың айғағы болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1096714?lang=kk
Іле өзенінің сағасында орналасқан Шағырай көлдер жүйесіне балық жіберілді 31.10.2025
Алматы облысының Балқаш ауданында Іле өзенінің сағасында орналасқан Шағырай көлдер жүйесіне ауқымды көлемде балық жіберу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара 2025 жылғы 30 қазанда Алматы облысы балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспары аясында жүзеге асырылды.Акцияның бастамашысы – «Табиғат» ЖШС, шара Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Балқаш-Алакөл аймақаралық балық шаруашылығы бассейндік басқармасының қатысуымен өтті.Іс-шараның мақсаты – балық ресурстарын қалпына келтіру және көбейту, су айдындарының балық өнімділігін арттыру және өңірдегі балық шаруашылығын дамыту.Бірінші кезең аясында су айдындарына 100 мың дана ақ амур мен сазан шабақтары жіберілді.«Табиғат» ЖШС өкілдерінің айтуынша, балық жіберу бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады, және қараша айының соңына дейін жалпы жіберілетін шабақтардың саны 1 миллион данаға жетеді.Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, балық шаруашылығы мамандары және жұртшылық өкілдері қатысты.Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай табиғатты қорғау бастамалары экожүйені және биологиялық алуантүрлілікті қалпына келтіруге ғана емес, сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсерін тигізіп, балық шаруашылығының тұрақты дамуына және жергілікті халықтың салаға тартылуына мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1096684?lang=kk
Еліміздің ұлттық мерекесі - Республика күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданына қарасты Достық ауылында 1200 орындық жаңа мектеп қолданысқа берілді 31.10.2025
Еліміздің ұлттық мерекесі - Республика күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданына қарасты Достық ауылында 1200 орындық жаңа мектеп қолданысқа берілді. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген заманауи оқу мекемелерінің бірі.Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа дәуірде мектептің жағдайы мемлекеттің дамуына тікелей ықпал етеді»,-деп атап өтті. «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтерген бұл мектеп – өскелең ұрпаққа жасалған үлкен қамқорлықтың айғағы. Себебі, «Келешек мектебі» – болашаққа нық қадам басқан, заман талабына сай озық технологиялармен жабдықталған, білім мен тәрбие ұштасқан орда боларына сеніміміз мол, - деп өңір басшысы бұл нысанның пайдалануға берілуі апатты жағдайдағы мектептің мәселесін шешіп, ауыл балалары үшін қолайлы әрі сапалы білім алуға жол ашатынын атап өтті.Достық ауылындағы ескі мектеп ғимараты 1982 жылы салынған және 540 орынға ғана арналған болатын. Уақыт талабына сай келмейтін, апатты деп танылған ғимараттың орнына 3 қабатты жаңа мектеп салу – ауылдың әлеуметтік әлеуетін арттырудағы маңызды оқиғаға айналды.Жаңа білім ошағында 3 спорт залы, кітапхана, STEM зертханасы, IT сынып, коворкинг орталық, сондай-ақ футбол және баскетбол алаңдары, жүгіру жолақтары бар. Оқу кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған.Айта кетейік, биыл Батыс Қазақстан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 5 мектеп қолданысқа берілді, тағы 4 мектептің құрылысы жалғасуда.Мектептің ашылу салтанатында ардагер ұстаз Жұмағыз Хасанғалиева ауылда заманауи талаптарға сай жаңа мектептің ашылуын үлкен қуаныш ретінде бағалады:– Жаңа мектеп – білім мен тәрбиенің ордасы ғана емес, ауылымыздың дамуының, болашаққа деген сенімнің көрінісі. Балаларымыздың жарқын болашағы үшін жасалып жатқан мұндай игі істер үшін Президентімізге алғысымды білдіремін, – деді ардагер ұстаз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1096644?lang=kk
Жапония билеуші коалициясының өкілдері Қазақстанмен парламенттік достық лигасының құрамына кіреді 31.10.2025
Токио, 2025 жылғы 30 қазан – Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев ү.ж. қазанда Жапонияның билеуші коалициясының құрамына кірген «Жапондық инновациялар партиясынан» Парламент депутаттарының тобымен кездесу өткізді.Е.Баударбек-Қожатаев Казуми Сугимото, Коичиро Мачимура және Нобухиса Итоны Қазақстан мен Жапония арасындағы «кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің» өзекті мәселелері мен даму перспективаларымен егжей-тегжейлі таныстырды.Тараптар екі елдің саяси жүйелерін одан әрі жаңғырту тәсілдері туралы пікір алмасып, оның шеңберінде қазақстандық дипломат ҚР-дағы парламенттік реформаның мақсаттары туралы ақпарат берді, ал жапон заң шығарушылары Парламенттің Өкілдер палатасындағы орындар санын 10%-ға қысқарту туралы «Жапондық инновациялар партиясының» бастамасы туралы хабардар етті.Партияның Халықаралық бюросының Басшысы К.Сугимото Қазақстан маңызды минералды ресурстарды халықаралық жеткізуде маңызды орын алатынын және Жапонияның экономикалық дипломатиясында маңызды рөл атқаратынын мәлімдеді. Ол сондай-ақ «Жапондық инновациялар партиясының» орналасу және саяси ықпал ету орны болып саналатын Осака қаласындағы ЭКСПО-2025 көрмесіне Қазақстанның қатысуын жоғары бағалады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар парламентаралық жұмыстың барлық негізгі бағыттары бойынша ынтымақтасуға ниет білдіретін «Жапондық инновациялар партиясы» депутаттарының Қазақстанмен парламенттік достық лигасының құрамына кіруі туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1096631?lang=kk
Республика күніне орай – лайықты марапат! 31.10.2025
Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі, қоғамдық қызметтегі белсенді өмірлік ұстанымы және республика күнін мерекелеуге байланысты Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқармасының басшысы Ғалия Темірбекқызы Сембаева "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды. "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев табыс етті. Ғалия Темірбекқызын еңбек жетістіктерінің лайықты мойындалуымен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, әл-ауқат және еліміздің игілігі үшін одан әрі кәсіби табыстар тілейміз! Құрметпен, Павлодар облысы бойынша МКД ұжымыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1096633?lang=kk
Қорғаныс министрінің орынбасары әскери жоғары оқу орнының цифрлық трансформациясын жоғары бағалады 31.10.2025
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында болып, оқу орнының цифрландыру бағытындағы жетістіктерімен және жаңа технологияларды енгізу барысымен танысты.Сапар барысында министрдің орынбасарына институттың заманауи оқу-материалдық базасы көрсетіліп, профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми және инженерлік әзірлемелері таныстырылды. Солардың ішінде ерекше назар аудартқаны бүгінде Қарулы күштер қарулануына енгізіліп, өзінің жоғары тиімділігін дәлелдеген дронға қарсы қару жүйесі болды.Сонымен қатар, Дархан Ахмедиев коммерциялық дрондарға қарсы радиоэлектрондық тосқауыл қоюға арналған стационарлық кешен мен сынақ сатысындағы өзге де тәжірибелік-конструкторлық жобалармен танысты.Институт қабырғасындағы инновациялық көпсалалы тренажерлік кешен де министр орынбасарының ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл кешен курсанттарға радиотехникалық және зениттік-зымырандық әскерлердің қару-жарағы мен әскери техникасының виртуалды үлгілерінде, шынайы жағдайға барынша жақын ортада машықтануға мүмкіндік береді.Дархан Ахмедиев электронды ату тиріндегі оқу процесін де көріп, курсанттардың заманауи цифрлық жүйелер арқылы атыс дағдыларын жетілдіру жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын даярлау алаңында болып, болашақ офицерлердің дрондарды басқару, барлау және шабуылдау тактикасын түрлі жағдайда пысықтау барысын бақылады.Сапар соңында Дархан Ахмедиев Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының ғылыми-техникалық әлеуетін жоғары бағалап, оқу орнында жүргізіліп жатқан цифрландыру үдерісінің маңыздылығын атап өтті. Ол цифрлық технологияларды одан әрі дамыту және әскери білім беру жүйесіне кеңінен енгізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1096641?lang=kk
Жаңа Салық кодексі шеңберінде жергілікті салықтар мен бюджеттік төлемдерге енгізілген негізгі өзгерістер туралы 31.10.2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінде мүлікке, жер учаскелері мен экологиялық төлемдерге салық салуда бірқатар өзгерістер енгізілген.Көлік құралдары салығыЖеңіл автокөліктерге көлік құралдары салығын есептеу кезінде азайту коэффициенттері енгізіледі:- 0,7 – пайдалану мерзімі 10 жылдан 20 жылға дейінгі автокөліктер үшін;- 0,5 – 20 жылдан асқан автомобильдер үшін.Азайту коэффициенттерін ескере отырып, 2026 жыл үшін салық сомасы 2027 жылы есептелетін болады.Қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, Қазақстан Республикасында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (дайындалған немесе құрастырылған) немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген жеңіл автомобильдер үшін тарифтер алынып тасталды.Шаруа қожалықтары басқа жеңілдіктерден басқа, бір шаруа немесе фермер қожалығы үшін жүк тұғыры және жүк салонынан қатты стационарлық қалқамен (автокөлікпен) бөлінген жүргізуші кабинасы бар жеңілдетілген бір автокөлікке көлік құралы салығын төлеуден босатылады. Көлік құралының түріне қарай (пикаптар, джиптер, лимузиндер, фургондар) көлік құралдарын санаттарын жіктеу туралы ереже алынып тасталды. Көлік құралдары санаттарын анықтау нақтыланды, енді жіктеу (пикаптар, джиптер, лимузиндер, фургондар) шанақ түріне емес, көлік құралын тіркеу куәлігінде көрсетілген көлік құралын басқару құқығының санатына (А.В.С.D) қарай анықталады.Салық есептілігі нысандарының санын қысқартуКөлік құралдары салығы және жер салығы (салық есептілігі) бойынша ағымдағы төлемдерді ұсыну талабы алынып тасталды. 2026 жылдан бастап салық төлеушілер тек жылдық декларация тапсырып, сәйкесінше жыл соңында бір реттік төлем жасауы керек.Жылдық салық сомасы 1,0 миллион теңгеден аспаса, ағымдағы мүлік салығы бойынша төлем есебін ұсыну талабы да алынып тасталады. Егер сома 1,0 миллион теңгеден аз болса, салық төлеуші жер салығы мен көлік салығы сияқты жыл соңында декларация тапсырып, төлемдерді жүзеге асыруы керек.Жер салығы және жер үшін төлем бойынша өзгерістер Елді мекендердің шекаралары өзгерген кезде елді мекендер шекарасының құрамына енген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылған жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге арналған ставкалар бойынша есептелетін ереже енгізілуде. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскелері үшін жер учаскелерін пайдалану тарифтері ұлғайтылды.Мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері үшін жер салығының және жерді пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшерлемесі 2 есе өсті.Экологиялық төлемдерКелесі төлемақылар ұлғайтылды:- тұрақты көздерден ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділері;- өмірлік маңызы бар инфрақұрылымды қоспағанда бірінші санаттағы объектілерден өндірістік және тұтыну қалдықтары.Кейбір алымдар мен баждардың жойылуы: Салық кодексінен:- қызметтің жекелеген түрлеріне лицензияны пайдаланғаны үшін алым;- мемлекеттік баждың 7 түрі;- алымның 6 түрі алынып тасталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1117441?lang=kk
БҰЛДЫРТЫ АУЫЛЫНДА ЖАҢА АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ! 31.10.2025
Сырым ауданының Бұлдырты ауылында заманауи талаптарға сай салынған жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанаты өтті.Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасыаясында жүзеге асырылды.Батыс Қазақстан облысы бойынша жоспарланған 50 медициналық нысанның қатарында Бұлдырты амбулаториясы — 50-ші болып пайдалануға берілді.Іс-шараға БҚО әкімінің орынбасары Тілепберген Ерсайұлы Каюпов, БҚО құрылыс басқарма басшысының орынбасары, БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Амангелдіұлы Утешев, сондай-ақ аудан басшылығы мен ауыл тұрғындары қатысты.Жаңа амбулатория заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда екпе салу кабинеті, алғашқы дәрігерлік және профилактикалық қызмет көрсету бөлмелері бар. Ауыл тұрғындарына қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге толық жағдай жасалған.Салтанатты лентаны Тілепберген Ерсайұлы Каюпов пен медицина саласының ардагері Зияда Шамгулова қиды.Бұл — ауыл тұрғындарының сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1096621?lang=kk
2025 жылы Қазақстанға электркөліктерді әкелу қағидалары 31.10.2025
Кейінгі жылдары қазақстандықтар өздігінен сатып алу арқылы, әрі «кілтке дайын» қызметін ұсынатын компаниялар көмегімен электркөліктерді жиі таңдай бастады.Осы ретте мұндай көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде қолданыстағы қағидаларды ескеру маңызды. Әкелу баждан босату және 2025 жылғы квотаКеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.38-тармақшасына сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 80 000 2 коды бойынша жіктелетін электркөліктерді әкелген кезде импорттық кеден бажын төлеуден босату көзделген.2025 жылы осы шешіммен электркөліктерді жеңілдікпен әкелуге 15 000 бірлік көлемінде квота белгіленген.2025 жылғы 14 қазанындағы жағдай бойынша квота толық пайдаланылды.Осылайша, Қазақстанға электркөліктерді жеңілдікпен әкелу көлемі толығымен таусылды және бажды төлеуден босату бұдан былай қолданылмайды.Енді электркөліктерді әкелу жалпы тәртіппен — барлық белгіленген кедендік төлемдер мен салықтарды төлей отырып жүзеге асырылады. Жеке тұлғалар үшін электркөлікті кедендік ресімдеудің тәсілдеріЖеке тұлғалар әкелу шарттарына байланысты ресімдеудің үш нұсқасының бірін таңдай алады:Тауарларға арналған декларация (ТД) – ДСҰ мөлшерлемелері бойынша:- кедендік алым — 6 АЕК;- қосылған құн салығы (ҚҚС) – 12%. Төмендетілген мөлшерлемелер электркөлік ЕЭК Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен (2020 жылғы 30 қазандағы № 95 редакциясында) бекітілген алып тастаулар тізбесіне енгізілген жағдайда қолданылады.Мұндай көлік құралдары тек Қазақстан аумағында сатылуға тиіс және ЕАЭО-ның басқа мемлекеттеріне шығаруға жатпайды.Тауарларға арналған декларация (ТД) – Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кеден тарифі (БКТ) бойынша:- кедендік алым — 6 АЕК;- әкелу кедендік алымы – кеден құнынан 15%;- ҚҚС – 12%.Жолаушылар кедендік декларациясы (ЖКД).ЖКД бойынша рәсімдеу кезінде көлік құралының кедендік құнынан 27% мөлшерінде жиынтық кедендік төлем қолданылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1096581?lang=kk
«Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасының қорытындылары шығарылды 31.10.2025
«Алатау» бағдарламасы бойынша іріктеуден өткен қатысушылар тізімі:1Узенбаев Габиден Азатович 2Бегимжанов Габит Ануарович 3Туктыбаева Зарина Сериковна 4Кулжабаев Ербол Койшыбаевич 5Тоганбаев Аслан Менгалиевич 6Жакежанов Сырым Мухатович 7Куренбеков Олжас Куатович 8Тілеулес Жетпісбай Тілеулесұлы 9Кемешов Алмас Сапарбекович 10Абдикаримова Айжан Жанабергеновна 11Молдахметова Жазира Сатылкановна 12Кусаинов Нурсултан Ермекұлы 13Есенаманов Куаныш Бекмуратович 14Смаилханова Асел Болатовна 15Акмурзаев Тимур Байболсынович 16Умирзаков Алмас Нурдаулетович 17Искаров Ерасыл Кайратович 18Сарсебеков Сырым Канатұлы 19Уркинбаев Айдын Темирбекович 20Алдабергенова Аиым Алдабергеновна 21Канджикараева Мадина Мукитовна 22Абденова Асель Ахалвековна 23Абекенова Сайрангуль Темирбулатовна 24Ахметов Ерзат Толеубаевич 25Сулейменов Жалғас Мұратұлы 26Бекетова Айгуль Жумановна 27Сабдикенов Руслан Муратханович 28Алиев Олжас Даулетович 29Белгибаев Улан Алиханулы 30Тұрлыбай Арслан Нұрбекұлы 31Каратаев Жанибек Нурмаханович 32Әбжаппарова Назерке Аманқосқызы 33Амандық Нұрсұлтан Мұсаұлы 34Нурлыбекова Анара Валихановна 35Иманбаева Жайдара Султанбековна 36Аульбеков Адилет Чаймуратович 37Әбілдаев Әділ Бақытұлы 38Керимкулова Гульнур Бауржановна 39Кенжебеков Толеген Жолмырзаевич 40Бадакова Умит Мустафьевна 41Майлановна Жанна Айтбергеновна 42Байбатырова Гүлзада Бақтиярқызы 43Исмайлова Мадина Абубакировна 44Тыналиев Бауржан Темирбаевич 45Сулейменова Молдир Айтбаевна 46Ергали Ултуар Ергалиевна 47Кабланбекова Самал Рахманкуловна 48Бейшова Марал Шарипкызы 49Корабаева Маржан Бараковна 50Тампанова Асель Карловна 51Ибрагимова Лайла Танболатовна 52Сакариева Назым Кумуржанова 53Уразбаева Айгерим Сериковна 54Альжанова Салтанат Умирзаққызы 55Турдуханова Надиям Бахитжановна 56Мерейхан Сайрангул 57Сыдыкбекова Айжан Конаевна 58Сабырбекова Перизат Маратовна 59Отеева Асел Кахановна 60Ихсанова Дария Тлешовна 61Нурбаева Улмекен Меркориевна 62Абдрахманова Индира Бакытжановна 63Айтбаев Думан Даулетханович 64Шаймерден Ерік Берлатұлы 65Кайыржанов Нуржигит Бактыгалиулы 66Аденова Гулназ Асылхановна 67Байбосынова Айгерим Алгатаевна 68Джумабаева Наргиза Нургазыевна 69Дюсембаева Данагуль Ериковна 70Койшыбаева Жанылсын Жакыпбековна 71Касенов Талгат Кажимханович 72Садыбекова Гулим Руслановна 73Аубакирова Асемгуль Маратовна 74Кунболатова Гульназ Ануарбековна 75Абилтаева Арайлым Нурлыбековна 76Мырзабаева Сауле Ахметканова 77Ниязов Алымжан Миргиязович 78Налибаева Жадра Сериккизи 79Карамысова Алия Кобегеновна 80Чачидзе Эльдар Зикрулаевич 81Рыспанова Меруерт Мухаммедьяровна 82Акжолова Алия Омаровна 83Абдраимова Гулзат Тлеубердикызы 84Қожахмет Ернат Аманқасұлы 85Қайратұлы Әлібек 86Калиев Бауыржан Закиржанович87Аюпова Венера Саматовна 88Бақытжанқызы Маржан 89Мусагулова Айгерим Жумагалиевна 90Абдыгалимова Гаухар Егизбаевна 91Ибраева Рамиля Ракатовна 92Жүзтаев Нұрлан Құрбанғалиұлы 93Арзанбек Мейірман Мейрамбекұлы 94Арынбаев Қанат Әбдірахманұлы 95Нұсқабай Абзал Санжарұлы 96Ахметжанов Габид Шамильевич 97Нурланов Нуржан Нурланович 98Турдахунов Нурбол Бакытжанович 99Аширов Дархан Нургалиевич 100Пирмаханов Алмат Кенесбаевич 101Амренов Санжар Булатович 102Сабиржанов Равиль Невиржанович 103Тлеухор Рамазан Батыржанұлы 104Тлебалдиев Елдос Асылбекович 105Шахизада Аббас Мұхамеджанұлы 106Айнеков Мерей Аскатұлы 107Берикболов Кайрат Ельмарович 108Ғабдол Мирас Ғабдолұлы 109Өміржан Бақыт Болатбекұлы 110Жумажан Нуржан Даулетбайұлы 111Орынбай Асем Маратқызы 112Нурсейтов Нурсултан Сарсенбайұлы 113Тергеусизова Балгын Жанболатовна 114Айтбек Қыран Ақиықұлы 115Ещенко Эдуард Андреевич 116Сұлтан Олжас Қанатұлы 117Зейнулинов Ертуған Иязбекұлы 118Қасымхан Толғанай Болатқызы 119Мұратұлы Кенже 120Батыр Ернур Ғалымұлы 121Касимбек Едіге Алтынбекұлы 122Алтынбек Нұрай Ғалымжанқызы 123Жапарова Гульнур Ержанова 124Байдавлетова Молдыр Болатовна 125Елюбаева Айгерим Нурмуханбетқызы Іріктеуден өткен қатысушыларға 2025 жылғы 3–4 қарашадан кешіктірмей төлем қабілеттілігін бағалауға жолдама алу үшін «Отбасы банк» АҚ Алматы облыстық филиалына жүгіну қажет.Мекенжайы: Қонаев қаласы, Құнаев даңғылы 7/1В, 1-қабат.Құжаттарды тапсырған кезде берілген талонды өзіңізбен бірге алып келу міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1096585?lang=kk
Электрондық сауда тауарлары – ЕАЭО-да жаңа кедендік реттеу 31.10.2025
Жаңа реттеудің күшіне енуі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сыртқы электрондық сауда мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Хаттама, Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мүше мемлекеттердің оның күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.Қазақстан Республикасы аталған Хаттаманы ратификациялау рәсімін 2025 жылдың қазан айының басында аяқтады.Сонымен қатар, жаңа кедендік реттеу күшіне енуі үшін Комиссия электрондық сауда тауарларына қатысты бірқатар актілерді қабылдауы қажет, ал ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ұлттық кеден заңнамасын Хаттама ережелеріне сәйкестендіруі тиіс. Аталған рәсім Қазақстан Республикасында да жүргізілуі қажет. Бұл жұмыс Комиссия мен жекелеген мүше мемлекеттер тарапынан әлі толық аяқталған жоқ, әрі қазіргі уақытта Комиссиядан электрондық саудаға қатысты кедендік реттеудің нақты енгізілу күні жөнінде ақпарат алынған жоқ.Электрондық сауда туарлары және оларды кім декларациялайдыЖаңа кедендік реттеу ЕАЭО елдерінен тыс орналасқан шетелдік онлайн-дүкендерден жеке тұлғалар сатып алатын тауарларға ғана қатысты болады. Яғни, бұл шетелдік интернет-платформалар арқылы жасалатын сатып алуларға қолданылады. Мысалы, Қытайдан, АҚШ-тан немесе Еуропалық одақ елдерінен жасалған тапсырыстар.Ал егер сатып алулар ЕАЭО елдерінің интернет-платформаларында – мысалы, Wildberries, Ozon және басқа да осындай сайттарда жасалса, онда жаңа ережелер оларға қолданылмайды.Қазіргі уақытта жеке тұлғалар шетелдік интернет-платформалардан сатып алып жүрген тауарлар халықаралық пошталық жөнелтілімдермен не тасымалдаушы арқылы жеткізілетін жеке пайдалану тауарлары санатынан «электрондық сауда тауарлары» санатына ауыстырылады. Жаңа реттеу тәртібіне көшу пошта сәлемдемелерін алушылар үшін барынша аз өзгерістермен және елеулі қолайсыздықтарсыз өтеді деп күтілуде.Жаңа ұғымдар – «электрондық сауда тауарлары», кедендік декларацияның жаңа түрі, жаңа алым және тіпті нарықтың жаңа қатысушысы – «электрондық сауда операторы» енгізілгеніне қарамастан, қарапайым азаматтар үшін сәлемдемелерді алу үдерісі айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды.Барлық кедендік рәсімдерді алушылардың орнына электрондық сауда операторлары орындайтын болады – бұл «Қазпошта» АҚ, DHL, FedEx және басқалары сияқты көпшілікке таныс компаниялар. Олар қажетті декларацияларды тапсырып, жеке тұлғалар атынан сәлемдемелерді рәсімдейді.Қазақстанда электрондық сауданы кедендік реттеу жаңа тәртібін тестілеу бойынша пилоттық жоба жүргізіліп жатыр.Жобаның мақсаты – ықтимал проблемалық мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын айқындау.Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп жобаға «Қазпошта» АҚ мен «DHL Қазақстан» ЖШС қатысуда.Жаңа декларация түрін ұсыну жеке тұлғалардың сәлемдемелерді алу үдерісіне әсер етпегені аталып өтуде. Электрондық сауда тауарларын декларациялау кезінде төленетін төлемдерКомиссия электрондық сауда тауарлары үшін де жеке пайдалану тауарларындағы сияқты 200 еуро мөлшеріндегі бажсыз әкелу шегін сақтап қалу туралы шешім қабылдады.Егер сатып алынған тауардың құны 200 еуродан аспаса, жеке тұлғалар кедендік баж бен салық төлеуден босатылады.Егер тауардың құны 200 еуродан асатын болса, кедендік баж тауар құнынан 5% құрайды. Сонымен бірге, 12% мөлшерінде ҚҚС төленуге тиіс.Қазіргі уақытта жеке пайдалану тауарлары үшін 200 еуро шегінен асқан жағдайда, құндық нормадан асқан бөлігіне бірыңғай мөлшерлеме бойынша 15% мөлшерінде (оның құрамына кедендік баж бен ҚҚС кіреді) төлем алынады, бірақ салмақтық нормадан асқан әрбір килограмм үшін кемінде 2 еуро мөлшерінде төленеді. Яғни, қазіргі уақытта мұндай тауарларға құндық бажсыз әкелу шегімен қатар салмақтық шек те қолданылады – ол 31 кг құрайды. Көріп отырғанымыздай, төлемдерді төлеу тәртібінде түбегейлі өзгерістер көзделмеген, айырмашылық тек баж мөлшерінде (5% және 15%) және оның қандай құннан алынатынында (толық құннан немесе шектен асқан бөлігінен) ғана бар.Сондай-ақ бажсыз әкелудің салмақтық шегі алынып тасталады, себебі жеке тұлғалар сатып алатын тауарлардың өте аз бөлігі ғана 31 кг салмаққа жетеді. «Қазпошта» АҚ мәліметтері бойынша жеке тұлғалар шетелдік интернет-платформалардан сатып алатын тауарлардың 90%-дан астамы 200 еуро шегінен аспайтынын атап өту керек.Осылайша, жоғарыда аталған өзгерістер Қазақстандағы сатып алушылардың басым бөлігіне әсер етпейді, өйткені құны 200 еуроға дейінгі тауарлар үшін төлемдер төлеу көзделмеген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1096596?lang=kk
Қазақстанда кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу кезіндегі жеңілдіктер: заңнамалық негіздер мен бизнес үшін мүмкіндіктер 31.10.2025
Қазақстанда кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу кезіндегі жеңілдіктерді беру тәртібі Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) нормаларымен, халықаралық шарттармен және ұлттық заңнамамен реттеледі.Бұл шаралар кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың және сыртқы экономикалық қызметті ынталандырудың маңызды құралы болып табылады.Кедендік-тарифтік жеңілдіктерге қатысты барлық мәселелер ЕАЭО деңгейінде толық реттелмеген, сондықтан Одаққа мүше мемлекеттер қосымша қолдау шараларын дербес белгілеуге құқылы. Қазақстанда бұл тәртіп Кеден кодексі мен Қазақстан Республикасының Салық кодексінде бекітілген. Кедендік әкелу баждарынан босатуКедендік әкелу баждарды төлеуден босатудың негіздері келесілермен бекітілген:ЕАЭО туралы шарттың құрамындағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы хаттамаға №6 қосымшамен (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қазандағы №240-V Заңымен ратификацияланған);Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы №130 шешімімен. Кедендік баждарды төлеуден үшінші елдерден төменде көрсетілген түрде әкелінген тауарлар босатылады:гуманитарлық немесе техникалық көмек ретінде;шетелдік құрылтайшының жарғылық капиталға қосқан үлесі ретінде;ЕАЭО кемелерінің теңіз аулау өнімдері;валюта мен бағалы қағаздар;табиғи апаттардың зардаптарын жоюға арналған тауарлар.Осы жеңілдіктерді қолданудың егжей-тегжейлі тәртібі Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі №728 шешімімен айқындалған.Аталған жеңілдіктердің жалпы сипатқа ие және тауарды шығарған елге байланысты емес екенін атап өту қажет. Тауарларды әкелу кезінде ҚҚС төлеуден босатуҚазақстан Республикасының Салық кодексінің 399-бабына сәйкес қосылған құн салығын төлеуден келесі тауарлар босатылады:гуманитарлық және қайырымдылық мақсаттарда әкелінетін;өндірістік қажеттіліктерге арналған, соның ішінде жабдықтар, шикізаттар және материалдар.Аталған жеңілдіктерді қолдану тетігі ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы №267 бұйрығымен бекітілген. Кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер«Кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 80-бабына сәйкес кейбір жағдайларда тауарларды декларациялау үшін алынатын кедендік алымдар төленбейді.Мұндай жағдайлар халықаралық шарттармен және ұлттық актілермен айқындалады.Босатылу үшін құжаттарды ұсыну тәртібі ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы №179 бұйрығымен бекітілген. Бизнесті және инвестицияны қолдауЗаңда көзделген кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер — бұл өндірістік дамуды ынталандырудың, инвестиция тартудың тиімді құралы.Олар:сырты экономикалық қызметке қатысушыларға қаржылық жүктемені төмендетуге;Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жоғарылатуға;Халықаралық нарықтарда отандық компаниялардың позицияларын нығайтуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1096560?lang=kk
Қорғаныс министрі Ресей және Беларусь әріптестерімен келіссөздер өткізді 31.10.2025
ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің 85-отырысы аясында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Андрей Белоусовпен келіссөздер жүргізді.Тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелерін, әскери кадрларды даярлау және әскери-патриоттық тәрбиелеу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады.Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жиынын ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы үшін ресейлік әріптестеріне алғыс білдірді.– Бұл шара жастар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы болып табылады. 2026 жылы біз оны Щучинск қаласында өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы іс-шараға сіздердің командаларыңызды қуана қарсы аламыз, – деді ведомство басшысы.Тараптардың пікірінше, өткен келіссөздер Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайтуға ықпал етеді.Бұдан бөлек, Қазақстанның Қорғаныс министрі Беларусь Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Виктор Хренинмен кездесті. Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.Дәурен Қосанов Қазақстан мен Беларусь арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық табысты дамып келе жатқанын және зор әлеуетке ие екенін атап өтті.Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Ресей және Беларусь қорғаныс ведомстволары арасындағы 2026 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1096526?lang=kk
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды 31.10.2025
Президентке әуежай қызметі, ішкі және халықаралық әуе рейстеріне қызмет көрсету процесі жөнінде баяндалды.Мемлекет басшысына жолаушыларды тіркеу және тексеру аймақтары, шекаралық-кедендік бақылау пункттері, күту залы, сондай-ақ автоматтандырылған жүк беру жүйесі көрсетілді.Жаңа терминал былтыр қараша айында ашылған. Жобаға 16,6 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция салынды.Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізуге 4,3 миллиард теңге бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1096487?lang=kk
Бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібі 31.10.2025
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бақылау-кассалық машиналарды (бұдан әрі – БКМ) қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 165–169-баптарымен айқындалғанын хабарлайды.Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшамен есеп айырысулар мемлекеттік тізілімге енгізілген үлгідегі, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ-ді міндетті түрде қолдана отырып жүргізіледі.Технологияның дамуына байланысты қазіргі заманғы БКМ функционалы деректерді онлайн режимінде беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, смартфонға орнатуға болатын онлайн-касса функциясы бар мобильді қосымшалар да бар.Ол үшін «Бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметін пайдалану қажет.Онлайн-БКМ тіркеу фискалдық деректер операторының (ФДО) ақпараты негізінде жүзеге асырылады. Ол үшін салық төлеуші фискалдық деректер операторларының бірін таңдап, оның сайтына кірсе жеткілікті, мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ.Сондай-ақ, БКМ қолдану тәртібіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ-нен ФДО серверіне деректер беру бойынша жаңа 2.0.3 нұсқасындағы Протокол әзірленді (бұдан әрі – 2.0.3 нұсқалы Протокол).2.0.3 нұсқалы Протоколда БКМ-ді Ұлттық тауарлар каталогына автоматты түрде қосу және ФДО тарапынан БКМ-нің нақты орналасқан жерін айқындайтын геолокацияны анықтау сервисі қарастырылған.Осыған байланысты аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын БКМ қолданатын салық төлеушілер 2025 жылғы 15 қазанға дейін өз БКМ функционалын 2.0.3 нұсқалы Протоколға сәйкес қайта бағдарламалауы қажет.Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы (темір кассалар) түріндегі БКМ қолданатын салық төлеушілер қайта бағдарламалауды 2025 жылғы 15 қарашаға дейін жүргізуі тиіс.БКМ-ді қайта бағдарламалау үшін салық төлеушілер БКМ әзірлеушілеріне және БКМ техникалық қызмет көрсету орталықтарына жүгінуі қажет.Қосымша хабарлаймыз: 2025 жылғы 17 қарашадан бастап ФДО-ның 2.0.2 нұсқалы Протоколын өшіру жоспарланып отыр.Еске саламыз, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 284-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүргізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде қолма-қол ақшамен есеп айырысуларда БКМ чегін қолданбау және бермеу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1096490?lang=kk
Металлургия мен құрылыс салалары экономикалық өсім қарқынын төмендетпеуі тиіс – экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысы 31.10.2025
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласының динамикасы жан-жақты қаралды. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша бұл бағыттарда өсім қарқыны жоспардан төмен болғаны атап өтілді.Өңдеу өнеркәсібінде машина жасау (+14%), химия өнеркәсібі (+9,6%), құрылыс материалдарын өндіру (+4,7%), жеңіл өнеркәсіп (+9,4%), резеңке мен пластмасса бұйымдарын шығару (+6,1%), дайын металл өнімдерін өндіру (+15,2%) салалары басым өсім көрсетуде.Қаңтар–қыркүйек айларында өңдеу өнеркәсібінің өсімі +6,2% құрады, ал он айдың қорытындысы бойынша өсім шамамен +6,3% деңгейінде болжануда. Негізгі баяулау металлургия саласында байқалады, оның үлесі өңдеу өнеркәсібінің шамамен 40%-ын құрайды. Айта кетейік, 2024 жылы металлургия соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткішке – 6,9% өсімге қол жеткізген болатын, бұл биылғы жылға жоғары база қалыптастырды. Штаб отырысында баяулаудың себептері жан-жақты талданып, саланың өсуін жеделдету шаралары талқыланды.Қара металлургиядағы бәсеңдеу негізінен ферроқорытпа мен болат өндірудің азаюына байланысты. Бес ферроқорытпа зауытының төртеуі биыл электр энергиясы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өндіріс көлемін қысқартқан. Әсіресе, Қарағанды облысындағы кәсіпорындарда өнім көлемі азайған, бұл өңірдің жалпы өңірлік өнімінде 0,9% үлеске ие. Сондай-ақ саладағы бірқатар кәсіпорындарда жүргізілген жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары да әсерін тигізді.Түсті металлургияда өсім қарқынының төмендеуі Васильков кен орнында шахталық әдіске көшу және қорлардың сарқылуымен байланысты.Серік Жұманғарин Энергетика министрлігіне қысқа мерзім ішінде қолданыстағы құжаттарға өзгерістер енгізу мүмкіндігін пысықтап, ферроқорытпа зауыттарына төмендетілген тариф бойынша электр энергиясын беруді қарастыруды тапсырды.Тоғыз айдың қорытындысы бойынша машина жасау саласы 14% өсім көрсетті. Салаға жаңа серпін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында жеңіл автокөлік өндірісінің іске қосылуы арқылы берілмек.Химия өнеркәсібі де тұрақты өсімін сақтап отыр – 9,6%. Бұл өсім аммофос (+55,4%), аммиак селитрасы (+14,5%), натрий цианиді (+5,4%), полипропилен (+50,5%), сары фосфор (+12,6%) және күкірт қышқылы (+7,3%) өндірісінің артуы есебінен қамтамасыз етілді.Биылғы жылы құрылыс жұмыстарының ең үлкен үлесі көлік инфрақұрылымына тиесілі – 21,3% (жолдар мен автомагистральдар, теміржол және метро, көпірлер мен тоннельдер құрылысы). Өнеркәсіптік нысандар үлесі – 20,5% (сумен қамту, кәріз жүйелері мен тұрғын үй құрылысы). Газ құбырлары, электр беру желілері және жылу желілерін салу жобалары шамамен 5,6%-ды құрайды. Сала өсімінің қарқыны жоғары деңгейде сақталуда: тоғыз айда +14,9%, он айдың қорытындысы бойынша +15,2% күтілуде.Серік Жұманғарин тоғыз ай қорытындысы бойынша құрылыс қарқыны төмендеген өңірлердің әкім орынбасарларының баяндамасын тыңдап, әрбір өнеркәсіп нысаны мен құрылысты тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Қиындықтар туындаған жағдайда, мәселе жедел түрде штабтың қарауына шығарылуы тиіс деді.https://primeminister.kz/news/metallurgiia-men-kurylys-salalary-ekonomikalyk-osim-karkynyn-tomendetpeui-tiis-ekonomikalyk-osimdi-kamtamasyz-etu-zonindegi-stab-otyrysy-30670 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1096491?lang=kk
Ұлағатты ұстаз есімі ұлықталған білім додасы қорытындыланды 31.10.2025
Бүгін ауданымызда Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Үсен Қошалақов атындағы «Ұстаз – ұлағаттың шайыры» тақырыбында математика пәнінен дәстүрлі ХVIII аудандық пәндік олимпиадасы өтті.2007 жылдан бастау алған бұл олимпиада жыл сайын дәстүрге айналып, аудан жастарының математикалық қабілетін шыңдап, ардагер ұстаздың есімін ұрпақ жадында жаңғыртуда.Олимпиада биыл да ардагер ұстаз ұзақ жылдар еңбек еткен А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде ұйымдастырылды.Салтанатты шараға Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Диас Асылбекұлы арнайы қатысып, атаулы күнмен құттықтады. Өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары:– Тұрақты түрде өткізілетін шараға ардагер ұстаздың көзін көрген замандастарын, шәкірттерін қатыстыру бүгінгі күні жалғасын табуда. Оның ұрпақтары республика көлемінде жемісті еңбек етіп жүргендігінің өзі де ─ өнегелі өмірдің лайықты мұрагерлері екендігін білдіреді. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған тағылымды жарысқа өз алғысымды білдіріп, игі іс-шаралар жалғасын таба берсін,– деп атап өтті.Шара барысында үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанған оқушылар марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.Сонымен қатар, іс-шараға арнайы шақырылған ардагер ұстаздар мен қазылық еткен азаматтар ізгі лебізін білдірді.Жиын соңында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Үсенұлы сөз сөйлеп, олимпиаданы дәстүрлі түрде жоғары деңгейде өткізіп жүрген ұстаздар қауымына алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1096458?lang=kk
Жол жөндеу жұмыстары сапалы және мерзімінде атқарылуы қажет 31.10.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шаған ауылындағы көшелерге жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елді мекендерде ең алдымен тұрғындарға қажетті инфрақұрылымдық жұмыстарға басымдық беруді тапсырған болатын. Осыған орай, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен ауданда жол жөндеу, газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, биыл Шаған ауылында 8 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар сапалы және мерзімінде аяқталуы қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы. Шаған ауылында биыл Ә.Омаров, Ә.Тұйғынов, Қ.Мыханова көшелері жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, Т.Әлжанов, Т.Мұхамеджанов, Р.Оразғалиев, А.Иманов тұйығы, Ж.Бекпанов тұйығы көшелері жөндеуден өткізілуде. Аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне жол жабындысын талаптарға сай төсеуді, жұмыстарды сапалы атқаруды ескертті. Тиісті салалық орынбасарына тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1096466?lang=kk
Жаңа «СӘИЖ салық төлеушінің» кабинетінде салықтық есептілік нысандарын ұсыну мүмкіндігі туралы 31.10.2025
Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүргізілуде.Қазіргі уақытта салық есептілігі нысандарының көп бөлігі жаңа СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде ұсынуға қол жетімді, тек 12 салық есептілігі нысандары бойынша ұсыну мүмкіндігі ескі "салық төлеушінің кабинетінде" (КНП) және СОНО АЖ-де қалып тұр. олар:Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша деклараци (200.00 СЕН);Жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00 СЕН);Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация (250.00 СЕН);Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация (270.00 СЕН);Қосылған құн салығы бойынша декларация (300.00 СЕН);Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00 СЕН);Акциз бойынша декларация (400.00 СЕН);Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есебі (421.00 СЕН);Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық декларация (860.00 СЕН);Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация (910.00 СЕН);Патент құнының салық есебі (911.00 СЕН);Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін Декларация (913.00 СЕН).СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылғанСұрақтар туындаған жағдайда қолдау қызметіне:knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы;8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы хабарласа аласыз.Жамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1096436?lang=kk