Қоғам
Жол жөндеу жұмыстары сапалы және мерзімінде атқарылуы қажет 31.10.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шаған ауылындағы көшелерге жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елді мекендерде ең алдымен тұрғындарға қажетті инфрақұрылымдық жұмыстарға басымдық беруді тапсырған болатын. Осыған орай, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен ауданда жол жөндеу, газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, биыл Шаған ауылында 8 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар сапалы және мерзімінде аяқталуы қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы. Шаған ауылында биыл Ә.Омаров, Ә.Тұйғынов, Қ.Мыханова көшелері жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, Т.Әлжанов, Т.Мұхамеджанов, Р.Оразғалиев, А.Иманов тұйығы, Ж.Бекпанов тұйығы көшелері жөндеуден өткізілуде. Аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне жол жабындысын талаптарға сай төсеуді, жұмыстарды сапалы атқаруды ескертті. Тиісті салалық орынбасарына тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1096466?lang=kk
Жаңа «СӘИЖ салық төлеушінің» кабинетінде салықтық есептілік нысандарын ұсыну мүмкіндігі туралы 31.10.2025
Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүргізілуде.Қазіргі уақытта салық есептілігі нысандарының көп бөлігі жаңа СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде ұсынуға қол жетімді, тек 12 салық есептілігі нысандары бойынша ұсыну мүмкіндігі ескі "салық төлеушінің кабинетінде" (КНП) және СОНО АЖ-де қалып тұр. олар:Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша деклараци (200.00 СЕН);Жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00 СЕН);Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация (250.00 СЕН);Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация (270.00 СЕН);Қосылған құн салығы бойынша декларация (300.00 СЕН);Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00 СЕН);Акциз бойынша декларация (400.00 СЕН);Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есебі (421.00 СЕН);Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық декларация (860.00 СЕН);Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация (910.00 СЕН);Патент құнының салық есебі (911.00 СЕН);Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін Декларация (913.00 СЕН).СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылғанСұрақтар туындаған жағдайда қолдау қызметіне:knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы;8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы хабарласа аласыз.Жамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1096436?lang=kk
Қарулы күштер әскери байланысшылар күнін атап өтуде 31.10.2025
1994 жылдың 31 қазанында Қорғаныс министрінің директивасымен ҚР Қарулы күштері Бас штабының Байланыс басқармасы құрылды. Бұл атаулы дата Қазақстан армиясындағы әскери байланыстың заманауи жүйесін дамытудың негізі болды.Қазіргі уақытта байланыс әскерлері заманауи автоматтандырылған басқару жүйелерімен, деректерді беру тораптарын қорғау құралдарымен, радиорелелік және спутниктік кешендермен жабдықталған жоғары мобильді бөлімшелер болып табылады.Байланыс әскерлерінің мамандары тәулік бойы бағынысты құрамаларды, бөлімдерді, бөлімшелерді, жауынгерлік құралдар мен қаруды үздіксіз әрі ұдайы басқарады. Олар өздерінің жоғары кәсібилігін стратегиялық, командалық-штабтық, арнайы жаттығулар мен оқу-жаттығуларда қашанда дәлелдеп келеді.Биылғы өткен «Жауынгерлік достастық», «Десант», «Айбалта», «Бекет» жаттығуларында әскери байланысшылардың үйлесімді, сауатты іс-қимылдары қойылған міндеттерді табысты орындаудың кепілі болды. Оларды жүргізу кезінде әскери қызметшілер далалық тораптарды орналастыруды, байланыс желілерінің тұрақты жұмыс істеуін, барлық деңгейдегі штабтар мен бөлімшелер арасында қорғалған ақпарат алмасуды қамтамасыз етті.Магистранттар мен докторанттарды бейінді бағыттар бойынша кәсіби даярлау ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің байланыс және ақпараттық қауіпсіздік кафедрасында жүзеге асырылады. Байланыс офицерлерін Алматы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында, сержанттар құрамын Сағадат Нұрмағамбетов атындағы астаналық әскери колледжде дайындайды. Алматы облысындағы байланыс әскерлерінің оқу орталығында мерзімді қызмет сарбаздары кіші деңгейдегі әскери-есептік мамандықтардың негіздерін үйренеді.Әскерлерді басқару жүйесінде әскери байланысшылар сенімді коммуникация кепілі болып табылады. Олар әскерлердің күнделікті өмірін, жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік дайындықты ұйымдастыруды, одан басқа Қарулы күштердің қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге әркез дайындығын қамтамасыз етеді. Олар бұл миссияны абыроймен, жауапкершілікпен және жоғары кәсіби деңгейде орындайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1096398?lang=kk
Қазақстан Елшісі Бразилияның Әділет министрімен кездесті 31.10.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 30 қазан – Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов, Бразилияның Әділет және қоғамдық қауіпсіздік министрі Рикардо Левандовски мырзамен кездесті.Сұхбат барысында Болат Нүсіпов әңгімелесушіні Мемлекет басшысының 2025 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында елімізде жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды. Бұл ретте, елдің мемлекеттік тұғыры мен заң үстемдігін нығайтқан конституциялық және құқықтық реформалардың іске асырылуына негізгі назар аударылды.Сондай-ақ, тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін, соның ішінде құқықтық саладағы ықпалдастықты, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, заңнаманы жетілдіру, адам құқықтарын қорғау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек, бразилиялық инвестицияларды Қазақстан экономикасына тарту үшін Қазақстандағы қолайлы инвестициялық заңнама мен еліміздің көлік-логистикалық әлеуетіне жеке назар аударылды.Қазақстандық дипломат, еліміздің Бразилиямен құқықтық нормаларды жетілдіру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға айрықша мән беретінін атап өтіп, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Бразилияның Әділет және қоғамдық қауіпсіздік министрлігі арасында тікелей байланыс орнатуға жәрдемдесуге әзірлігін білдірді. Бұл ретте, Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы үкіметаралық келісімге қол қоюға дайындық жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Министр Рикардо Левандовски өз кезегінде, Қазақстанның сот-құқықтық реформаларды іске асырудағы жетістіктерін жоғары бағалап, цифрлық әділет жүйесі мен экономикалық үдерістерді құқықтық қамтамасыз ету саласындағы тәжірибе алмасуға мүдделігін танытты.Тараптар, кездесу қорытындысы бойынша өзара сапарлар ұйымдастыру ықтималдығын қарап, өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша сындарлы диалогты жалғастыру ниеттерін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1096388?lang=kk
Қазақстан ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитеті 75-ші сессияның жұмысына қатысты 31.10.2025
Копенгаген, 2025 ж. 28-29 қазан – ҚР Елшісі Олжас Сүлейменов Данияға жұмыс сапарымен барып, оның аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық өңірлік комитеті 75-ші сессияның жұмысына қатысты, сондай-ақ Данияның Сыртқы істер министрлігінде кездесулер өткізді.«Негіздерге оралу» ұранымен өткен мерейтойлық сессияның негізгі тақырыбы ДДСҰ-ның 2026-2030 жылдарға арналған жұмыстардың екінші еуропалық бағдарламасын бекіту болды.Пленарлық отырысының аясында Елші О.Сүлейменов Қазақстанның ДДСҰ мақсаттарына және өңірлік күн тәртібінің негізгі басымдықтарына бейілділігін растап, елдің алғашқы медициналық-санитарлық көмекті (АМСК) нығайтудағы, денсаулық сақтау қызметтерімен жалпы қамтуды кеңейтудегі, медицинаны цифрлық трансформациялаудағы және халықты иммундаумен қамтудағы ілгерілеуін атап өтті. Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АМСК-ты дамыту жөніндегі елдердің жаһандық коалициясын құру жөніндегі бастамасын жеке атап өтіп, ДДСҰ-ға мүше мемлекеттерді осы платформаға белсенді қатысуға шақырды.Сессияның барысында Елші ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры доктор Ханс Клюггемен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстан мен ДДСҰ Еуропалық бюросы арасындағы өзара іс-қимылдың одан әрі бағыттарын талқылады.Сапар барысында Елші О.Сүлейменов Дания СІМ Протоколдың басшысы Анна Дорте Риггельсенге сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті және Дания Королі Фредерик Х-тің алдағы ресми қабылдауына қатысты ұйымдастырушылық мәселелерді талқылады.Дания СІМ Еуропалық көршілік департаментінің директоры Питер Лассенмен кездесу барысында тараптар «жасыл» энергетика, көлік және логистика, тұрақты ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару және цифрландыру салаларындағы өзара іс-қимылды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, Қазақстанның Еуропалық Одақпен диалогын дамытуды қоса алғанда, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/1096389?lang=kk
АСЕАН мен Орталық Азия: Қазақстан мен Малайзия арасындағы ынтымақтастық көпірі арқылы 31.10.2025
Куала-Лумпур, 2025 жылғы 29 қазан - Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Сүгірбаев Малайзия Парламентінің Халықаралық қатынастар және сауда жөніндегі комитетінің төрағасы Вонг Ченмен кездесті.Кездесу барысында тараптар өткен АСЕАН саммитінің қорытындыларын талқылап, өңірлік ынтымақтастықты тереңдету, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және тұрақты дамуды қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.Сұхбаттасушылар сауда, логистика, цифрландыру, туризм, білім беру және өзара мүдделілік танытқан басқа да салалардағы ынтымақтастық перспективалары бойынша пікір алмасты.Елші Вонг Ченге Қазақстанның инвестициялық климаты, шетелдік инвестицияларды тарту шаралары және көлік дәліздері, жаңартылатын энергия, агроөнеркәсіптік кешен мен технологиялар алмасу салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.Вонг Чен Қазақстанның тиімді геостратегиялық орналасуы мен құрғақ порттар желісінің дамығанын атап өтіп, логистика және сауда инфрақұрылымы саласындағы тәжірибе алмасу әлеуетін жоғары бағалады.Тараптар Қазақстан мен Малайзия арасындағы парламенттік және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1096390?lang=kk
ҚР ПИР-дағы Елшісі Е.Қыстафин Хайбер-Пахтунхва провинциясына жұмыс сапары туралы 31.10.2025
Хайбер-Пахтунхва провинциясы, 2025 жылғы 29 қазандағы – Қазақстан Елшісі Е.Қыстафин Хайбер-Пахтунхва провинциясына жұмыс сапарымен барып, Ғұлам Исхақ хан атындағы инженерлік ғылымдар және технологиялар институтының басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесу өткізді.Кездесу аясында тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту болашақ жоспарларын талқылап, GIKI-дің бірқатар Қазақстан университеттермен («Нархоз», «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ», «назарбаев университет» және «Астана IT университеті») байланысының артып келе жатқанын, сондай-ақ алдағы жоспарлар мен іс-шараларды қанағаттанушылықпен атап өтті.Студенттер алдында сөз сөйлегенде Елші Қазақстан-Пәкістан екіжақты ынтымақтастығының ағымдағы күн тәртібі, жоспарланған сапарлар мен оның ішінде білім беру саласындағы жобалар туралы айтып берді.Сол күні Елші Пешавар қ. Сауда-өнеркәсіп Палатасының басшылығымен және мүшелерімен келіссөздер жүргізді. Қазақстан мен Пәкістанның іскер топтарының қатысуымен өткен және жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді. Көлік-логистикалық дәліздерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударып, екі елдің көлік ведомстволары жүргізіп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.Елші аталған провинция кәсіпкерлерін ҚР-ға келуге және Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы сауда және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыру және әртараптандыру үшін алдағы іскерлік форумдарға белсенді қатысуға шақырды.Қазақстан Елшісі Президент Салим Сайфулла Хан мырзаға және Хабил Ахмет Хан мырзаға Хайбер-Пахтунхва провинциясына сапарды ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1096345?lang=kk
Сауд Арабиясында Қазақстанның Республика күні атап өтілді 30.10.2025
Рияд, 2025 жылғы 28 қазан – ҚР-дың Сауд Арабиясындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай ресми қабылдау өтті. Іс-шараға Сауд Арабиясы Корольдігінің ресми тұлғалары, мемлекеттік органдарының басшылары, Дүниежүзілік ислам лигасы, Цифрлық ынтымақтастық ұйымы, Корольдіктегі ірі компаниялардың өкілдері, шетелдік елшілер мен дипломаттар, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадияр Меңілбеков қонақтар алдында сөйлеген сөзінде Республика күнінің тарихи маңызына тоқталып, Декларация еліміздің ішкі және сыртқы саясатын айқындап, билік органдары мен заңнамалық жүйені қалыптастыру құқығын заңды түрде бекіткеніне назар аударды. Елші екі ел арасындағы қарым-қатынастар барлық салаларда қарқынды дамып жатқанын атап өтіп, осы жылы болған сапарлар туралы ақпарат берді.Салтанатты іс-шара барысында К.Әзірбаев атындағы филармониялық ансамблінің әншілері мен бишілері өнер көрсетті. Ресми қабылдауға келген қонақтарға киіз үй мен көшпенділер қолөнерінің ұлттық бұйымдары қойылған көрме, сондай-ақ еліміздің егеменді даму жылдарындағы жетістіктері туралы фотокөрме ұйымдастырылды. Қонақтарға отандық өндірушілердің өнімдері мен ұлттық тағамдар ұсынылды.Ресми қабылдау туралы материалды Сауд Арабиясының ұлттық ақпарат агенттігі, «Arab news» газеті және басқа да баспасөз құралдары кеңінен жариялады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1096335?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Ұлыбритания Елшісін қабылдады 30.10.2025
Астана, 2025 жылғы 30 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Салли Аксуорсимен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды.Жоғары деңгейдегі қарым-қатынастар мен белсенді екіжақты байланыстарды қолдауға, сондай-ақ сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара ниет аталып өтті.Министр Қазақ-британ стратегиялық диалогы мен Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның іскер топтары арасындағы байланыстарды нығайтуға, экология, энергетика, су ресурстары, білім және өзге де басым бағыттардағы серіктестік бастамаларын ілгерілетудегі тиімді жұмысын жоғары бағалады.Өз кезегінде Елші Лондонның Астанамен екіжақты, өңірлік және халықаралық деңгейлердегі диалогты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады.Кездесу соңында тараптар министрліктер мен мекемелер арасындағы, сондай-ақ көпжақты алаңдар аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1096328?lang=kk
Қызылжар-2 шағынауданы ауыз сумен, табиғи газбен және электр қуатымен қамтамасыз етілді 30.10.2025
Қызылжар-2 шағынауданы ауыз сумен, табиғи газбен және электр қуатымен қамтамасыз етілдіШымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысымен Қызылжар-2 шағын ауданындағы инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің (Әлқап, Ордакент, Нұрлыкент, Сығанақ, Тереңөзек, Көлкент көшелері) құрылысы аяқталып, нысан 2025 жылғы 22 қазандағы №40 пайдалану актісімен есепке алынды. Нәтижесінде Қызылжар-2 шағын ауданы толықтай сапалы ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз етілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1096311?lang=kk
Қазақстан Елшісі таэквондодан Пәкістанның университетаралық чемпионатына құрметті қонақ ретінде қатысты 30.10.2025
Исламабад, 2025 жылғы 30 қазан – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин таэквондодан Пәкістан университетаралық чемпионатына құрметті қонақ ретінде қатысып, құттықтау сөз сөйледі.Елші Қазақстан спорттық дипломатияны дамытуға, Пәкістанмен спорт саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлетінін хабарлады.Бүгінгі таңда спорт федерациялары деңгейінде өзара іс-қимыл белсенді дамып келеді.Елші турнир қатысушыларына сәттілік пен жеңіс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1096306?lang=kk
Ауданның білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді іске асыру мәселелері бойынша аудандық семинар 30.10.2025
2026 жылғы 19 наурызда ZOOM-конференция режимінде ауданның білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді іске асыру мәселелері бойынша кезекті аудандық семинар өткізілді. Семинарға жалпы білім беретін мектептердің педагогтары қатысты.Семинарда бүгінгі таңда өзекті тақырып – «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы сүйемелдеудегі педагог-ассистенттің рөлі» қарастырылды. Қорытындылай келе, талқылау барысында айтылған толық және егжей-тегжейлі жауаптар мен ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1185694?lang=kk
Қорғаныс министрі жаңадан ашылған әскери-спорт колледжінің кадеттерімен кездесті 30.10.2025
Алматы өңірлік гарнизонына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов биыл ашылған Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжінің кадеттерімен кездесті.Қорғаныс ведомствосының басшысы оқу орнының инфрақұрылымын қарап, кадеттерге жасалған тұрмыстық жағдайлармен танысты.Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының төрағасы полковник Арман Әбеуов оқу-материалдық базаны таныстырып, жаңартылған оқу корпустарын, заманауи спорт және жаттығу залдарын, бассейнді, спорт секцияларындағы дайындық барысын көрсетті.Ол алдағы уақытта шахмат клубын ашу жоспарланып отырғанын, сондай-ақ колледж тәрбиеленушілері әртүрлі спорт түрлерінен облыстық және республикалық жарыстарда топ жарып жүргенін айтты.Кадеттермен әңгіме барысында Қорғаныс министрі колледждің ашылған күннен бастап жастар арасында үлкен қызығушылық тудырғанын атап өтті.– Алғашқы қабылдау біз күткеннен де жоғары болды. Бір орынға шамамен 40 үміткерден келді. Бүгін мен үздіктердің үздігімен жүздесіп отырмын. Спортта зор жетістіктерге жетулеріңізді және армия саңлақтары Айдос Сұлтанғали, Алуа Балқыбекова және Марат Байқамұров сынды чемпиондардан үлгі алуларыңызға тілектеспін, – деді авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.Министр, сондай-ақ, келесі жазда Астанада бесінші әлемдік кадет ойындары өтетінін еске салды. Бұл жарыстарға бокс, қазақ күресі, жеңіл атлетика, жүзу және шағын футбол кіреді.– Әскери-спорт колледжінің кадеттері осы ойындарда биік тұғырдан көрініп, әлемге қазақстандық армия спортының жоғары деңгейін көрсететініне сенімдімін, – деді Қорғаныс министрі өз сөзінің қорытындысында. Кездесу соңында министр кадеттермен асханада бейресми жағдайда сөйлесіп, олармен бірге түскі ас ішті.Қорғаныс министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі алғашқы қабылдауын 2025 жылғы 1 қыркүйекте өткізді. Оқу орны жалпы білім беруді, әскери және спорттық дайындықты біріктіреді.Оқу бағдарламасы кіші командирлер мен жауынгерлік және дене дайындығы бойынша нұсқаушыларды даярлауға, сондай-ақ «жаттықтырушы-нұсқаушы» мамандығын меңгеруге бағытталған. Бағдарламада жалпы білім беретін пәндермен қатар әскери-қолданбалы, олимпиадалық және ұлттық спорт түрлері, сондай-ақ арнайы факультативтер қамтылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1096257?lang=kk
Риддер қаласында семинар өтті: Жаңа Салық кодексінің негізгі өзгерістері – 2026 30.10.2025
2025 жылғы 30 қазанда Риддер қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне арналған ауқымды семинар өткізді.Іс - шара Риддер қаласындағы Аграрлық-техникалық колледж алаңында өтті және жергілікті бизнес-қоғамдастық пен жұртшылық өкілдерін жинады.Семинарға қатысушыларға корпоративтік табыс салығы және аванстық төлемдерді төлеу тәртібі бойынша жаңа ережелер жеткізілді, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласына салық салудағы өзгерістер түсіндірілді.ҚҚС бойынша есепке қою ережесі, сондай-ақ ҚҚС асып кеткен соманы қайтару тәртібі ұсынылған.Мемлекеттік кірістер департаментінің спикерлері жеке табыс салығына, әлеуметтік салыққа және «мүлік» салығына, сондай-ақ салықтық әкімшілендіруге қатысты негізгі өзгерістерге егжей-тегжейлі тоқталды.Жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді жаппай жеңілдетуді көздейді: салық есептілігінің көлемі 30 пайызға қысқарады, жеңілдіктер оңтайландырылады, салық берешегін өндіріп алу, кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімдері жеңілдетіледі. Қолданыстағы арнайы салық режимдері жетіден үшке дейін қысқартылды: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, жеңілдетілген декларация негізінде және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін. Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік салық шегерімі 882 – ден 5 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, бұл халықтың әлеуметтік осал топтары үшін айтарлықтай жеңілдік болып табылады.Департаменттің басым міндеті салық төлеушілерді уақтылы және толық хабардар ету болып табылады. Жаңа Салық кодексінде әрбір кәсіпкер күшіне енгенге дейін түсінікті болуы тиіс бірқатар маңызды өзгерістер бар, - деп атап өтті Департамент өкілдері.Қорытындылай келе, мұндай семинарларды өткізу салық төлеушілерге жаңа Салық заңнамасы жағдайында жұмысқа алдын ала дайындалуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.Ашық диалог барысында семинарға қатысушылар жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер бойынша барлық сұрақтарға жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1096260?lang=kk
Әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері марапатталды 30.10.2025
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбек Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, салтанатты қабылдау өткізді.Мерекелік жиында аудан басшысы сала мамандарына қоғам өміріндегі маңызды еңбектері үшін алғыс білдірді. Өз құттықтауында Жандос Еркінбек:«Сіздердің осындай адал еңбектеріңіз – адамдардың өміріне жылылық пен үміт сыйлайды. Әрбір көрсетілген көмек, әрбір шешілген мәселе – қоғамдағы сенім мен қамқорлықтың көрінісі. Сондықтан әлеуметтік қызметкер – бұл тек мамандық иесі ғана емес, өзгенің мұң-мұқтажына бей-жай қарай алмайтын мейірбан жан. Осы ретте әлеуметтің осал топтарына қол ұшын беруде уақытпен санаспай, әлеуметтік саланың дамуына қосқан ерекше үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін», – деді.Биыл ауданның әлеуметтік саласына тиісті қаржы бағытталып, нақты әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылды.Іс-шара барысында сала үздіктеріне облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттары мен гүл шоқтары табысталды.Құттықтау рәсімінен кейін сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев, әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева әлеуметтік сала қызметкерлеріне ізгі тілектерін жеткізді.Аудан басшысы мерейлі мереке иелерінің еңбегін жоғары бағалап, алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1096269?lang=kk
Ақтөбе облысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдерімен кездесу өтті 30.10.2025
Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың облыс тұрғындарымен кездесуі өтті.Кездесуге қоғамдық кеңестердің мүшелері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Басқосу барысында азаматтық қоғамды дамыту, жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және жергілікті бастамаларды іске асырудың перспективалары секілді өзекті мәселелер талқыланды.Іссапар аясында вице-министр азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.Сонымен қатар, Ақтөбе облысының Азаматтық орталығының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында үшінші сектор қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, азаматтық белсенділік инфрақұрылымын дамыту және жергілікті үкіметтік емес ұйымдарды қолдау тетіктерін кеңейту мәселелері көтерілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1096243?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2025 жылдың 9 айы бойынша қызметінің қорытындылары 30.10.2025
30 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш ведомствоның 2025 жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындыларымен таныстырды.2025 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджетке түскен салық түсімдері 336,3 млрд теңгені құрады.2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім қарқыны 192,3%, яғни 161,4 млрд теңгеге артқан.ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Сайранқан Қабыштың айтуынша, ең көп түсімді қамтамасыз еткен келесі салалар:Өңдеу өнеркәсібі – 28,6% (96,3 млрд тг)Көтерме және бөлшек сауда – 15% (50,4 млрд тг)Тау-кен өнеркәсібі – 13,5% (45,3 млрд тг)Құрылыс – 8,4% (28,1 млрд тг)Спикер бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне де тоқталды.«2025 жылдың 18 маусымы мен 16 қыркүйегі аралығында туризм нысандарында кассалық аппараттардың немесе үш компонентті интеграцияланған жүйенің бар-жоғын, төлем карточкаларын қолдануға арналған құрылғылардың болуын, салық органдарында тіркеуден өтуін, сәйкестендіру және бақылау белгілерінің түпнұсқалығын, сондай-ақ лицензияның бар-жоғын анықтау мақсатында 110 рейдтік тексеріс жүргізілді.Нәтижесінде 148 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 104 жағдайда ескерту жасалып, 39 іс бойынша соттар 6,3 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Контрафакті өнімдері тәркіленді: темекі бұйымдары – 125,8 мың теңге, алкоголь өнімдері – 947,6 мың теңге», – деп атап өтті ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.Сондай-ақ, спикер жеке тұлғалардың салықтық берешегімен жұмыс тақырыбына тоқталды.2025 жылғы 1 сәуірде көлік және мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін 1,09 млрд теңге көлемінде берешек қалыптасты.Бүгінгі күні 600,6 млн теңге өтеліп, 38 607 салық төлеушіде 490,4 млн теңге сомасында берешек қалып отыр.Әділет және полиция органдарымен жасалған Меморандум аясында 789 рейдтік іс-шара өткізіліп, нәтижесінде 17,6 млн теңге берешек өтелді.Сонымен қатар, жұмыс істейтін борышкерлерден 7,5 млн теңге өндірілді.Қазан айының басынан бері мүлік салығы бойынша берешек 483,5 млн теңгеден 506 млн теңгеге дейін өскен.Борышкерлерге қатысты өндіріп алу туралы бұйрықтар жасалып, материалдар жеке сот орындаушыларына жолдануда.Қорытындылай келе, спикер азаматтарды салықтарды уақытылы төлеуге шақырды, бұл айыппұл санкциялары мен шектеу шараларынан сақтануға мүмкіндік береді.Салықтарды келесі жолдармен төлеуге болады:Мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы жеке кабинет арқылы,Электрондық үкімет (eGov) порталы арқылы,Сондай-ақ e-Salyq Azamat, Kaspi, Halyk және екінші деңгейлі басқа банктердің мобильді қосымшалары арқылы.Брифинг соңында спикер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1096244?lang=kk
Қаратал ауданында "Ашық есік күні" өтті 30.10.2025
Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында азаматтар мен кәсіпкерлерді салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында "Ашық есік күні" ұйымдастырылды.Іс-шараның негізгі мақсаты — қатысушыларды 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыру.Өткізілген "Ашық есік күні" салық төлеушілерге алдағы салық реформасына уақытында дайындалуға көмектесуге бағытталған ақпараттық науқанның бір бөлігі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1096188?lang=kk
Италияда Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды 30.10.2025
Римдегі Вилла Грациоли саябағында (Parco di Villa Grazioli) қазақ халқының ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлы бюстінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Сембаев, италиялық зиялы қауым өкілдері мен Қазақстанның ресми делегациясы мүшелері қатысты.Министр салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының рухани кемелденуіне бағдар болған, адамзаттың асыл мұраттарын насихаттаған ұлы тұлға екенін атап өтті. Оның шығармаларындағы басты идея – адамгершілік, әділдік, білім мен еңбек арқылы ізгілікке үндеу. Сондықтан да Абай бейнесінің дәл Рим қаласында бой көтеруі – мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы рухани көпірдің белгісі болары анық.«Кейінгі жылдары мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынас ерекше серпін алды. Өткен жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Италияға ресми сапары мен Италия Министрлер кеңесінің төрайымы Қазақстанға жасаған ресми сапары ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді.Ал қыркүйек айында Италия Президенті Қазақстанға келіп, жаңа байланыстарға жол ашып, бірқатар маңызды келіссөздер жасалды. Бүгінгі Абай ескерткішінің ашылуы – сол келісімдердің көрінісі, екі халық арасындағы достық пен өзара құрметтің белгісі деп білемін», – деді Аида Балаева.Айта кетсек, қазақтың ұлы ақыны Абайдың есімі шетелде зор құрметке ие. Ақынға арналған ескерткіштер, бюстер мен монументтер әлемнің көптеген ірі қалалары мен астаналарында орнатылған. Олардың қатарында, Ташкент, Мәскеу, Қазан, Бішкек, Бейжің, Каир, Будапешт, Тегеран, Анкара, Ыстамбұл, Нью-Дели, Женева, Париж, Ренн, Сараево, Тбилиси, Берлин, Сеул, Харьков, Баку және Рио-де-Жанейро қалалары бар.Аида Балаева мен Ерболат Сембаев Шыңғыс Айтматов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1096199?lang=kk
Елордада XII Азаматтық форумның нәтижесі талқыланды 30.10.2025
Астанада «SARAP» сараптамалық клубының «ХІІ Азаматтық форум нәтижелері: азаматтық белсенділік – ел дамуының қайнар көзі» тақырыбында отырысы өтті. Жиын барысында қатысушылар форумның негізгі нәтижелерін, ұсынылған форматтың тиімділігін, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған алдағы қадамдарды талқылады.Кездесу барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова Форумның негізгі жетістіктерін атап өтті. Ол бұл іс-шара өзекті мәселелерді ашық талқылауға және азаматтық секторды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік берген тиімді диалог алаңы болғанын айтты.Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдармен тұрақты және жүйелі әріптестіктің маңызы, сондай-ақ форум аясында әзірленген ұсынымдарды іс жүзінде жүзеге асыру қажеттігі ерекше атап өтілді.Отырыс барысында мемлекеттік қолдау аясында жүзеге асырылған үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларға жүргізілген зерттеу нәтижелері ұсынылды. Зерттеу бұл жобалардың әлеуметтік мәселелерді шешуде тиімді құралға айналғанын көрсетті. Сондай-ақ азаматтардың шешім қабылдау процестеріне белсенді қатысуы үшін ҮЕҰ-ның кәсіби әлеуетін арттыру және цифрлық шешімдерді енгізу бойынша ұсыныстар қаралды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1096228?lang=kk