Қоғам
Ү.ж. 13 қазанда Аджман Әмірлігі полициясының Бас қолбасшысы, генерал-майор Шейх Сұлтан бин Абдалла Әл Нуаймимен кездесу өтті. 15.10.2025
Ү.ж. 13 қазанда Аджман Әмірлігі полициясының Бас қолбасшысы, генерал-майор Шейх Сұлтан бин Абдалла Әл Нуаймимен кездесу өтті.Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1085722?lang=kk
Елдегі ірі жәрмеңкелер маңызды өнімдердің бағасын тұрақтандыруда 15.10.2025
Өткен демалыс күндері еліміздің барлық өңірлерінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтті. Қазақстанның барлық аймақтарында 95 нүктеде 1400-ден астам фермер өз өнімдерін ұсынды. Мұндай жәрмеңкелердің басты ерекшелігі - әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерін делдалсыз және үстеме бағасыз тікелей сатып алуға болады. Сиыр еті жәрмеңкеге келушілердің ең көп сұранысына ие болды. Еліміз бойынша шамамен 170 тонна ет сатылды. Ел астанасы сиыр етін сату көлемі бойынша көшбасшы, Мұнда тұрғындар келісі 3100-3500 теңгеге аралығында шамамен 60 тонна ет сатып алды. Алматыда 3100-4000 теңгеге аралығында 25 тонна сиыр еті сатылды. Аймақтарда баға айтарлықтай төмен болды: Батыс Қазақстан облысында 2500-2800 теңге, Қызылорда және Түркістан облыстарында 2500 теңге, Павлодар облысында 2300-2600 теңге, Солтүстік Қазақстан облысында 2700-3200 теңге аралығында ет сатылды. Картопқа да жоғары сұраныс байқалды. Еліміз бойынша 400 тоннадан астам картоп сатылды. Аймаққа қарай өнім бағасы килограммына 100-ден 230 теңгеге дейін өзгерді. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің өткізілу әлі жалғасады. Төртінші тоқсанда шамамен 1700 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Олар сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ барлық мереке күндерінде өтеді. Отандық өндірушілерге сауда орындары тегін беріледі. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері фермерлерді қолдаудың және бағаларды тұрақтандырудың тиімді құралы болып қала береді. Тұрғындар осындай іс-шараларға қуана қатысып, сапалы және жаңа өнімдерді өндірушілерден тікелей қолжетімді бағада сатып алуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1085455?lang=kk
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жалпы қалалық сенбілік 15.10.2025
Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті жалпы қалалық сенбілік өтті. Акцияның басты мақсаты - қала тұрғындарын біріктіріп, аумақтарды қоқыстан тазарту, қоршаған ортаға қамқорлық таныту және экологиялық мәдениетті арттыру. Бұл жолы тазалық жұмыстары «Мирас» шағын ауданындағы шатқалда ұйымдастырылды. Қала аумағын қоқыстан тазарту үшін мекемелер өздеріне бекітілген учаскелерде санитарлық тазалау, қоқыс шығару жұмыстарын жүргізді. Жер қатынастары басқармасының қызметкерлері де белсене қатысып, өздеріне тиесілі аумақта тазалық жұмыстарын атқарды. Мұндай шаралар - табиғатқа қамқорлық танытудың, қоғамның бірлігі мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/jerqatynastary/press/news/details/1085468?lang=kk
2025 жылдың 8 қазанында «Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы рөлі: тәжірибе мен болашақ» тақырыбында аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті 15.10.2025
2025 жылдың 8 қазанында «Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы рөлі: тәжірибе мен болашақ» тақырыбында аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті.Іс-шараның мақсаты — этносаралық және конфессияаралық келісім моделін нығайтудағы Ассамблеяның рөлін айқындау, сондай-ақ осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың болашағын талқылау.Конференцияға ғалымдар, магистранттар, студенттер, Ассамблея мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты.Аталған шараға Солтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасының бөлім басшысы Н. Нұрмағамбет қатысып, бейбітшілік пен болашақ үшін діндер диалогы тақырыбында баяндама жасады. Конференция этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы пікір алмасу, жаңа идеяларды әзірлеу және ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-udr/press/news/details/1085525?lang=kk
2025 жылғы 9 қазанда «Ата-аналар комитеттері мен мектептердің өңірлік ынтымақтастығы: адал және жауапты азаматты қалыптастыру жолы» тақырыбында ата-аналар қауымдастығының өңірлік кеңесінің отырысы өтті 15.10.2025
2025 жылғы 9 қазанда «Ата-аналар комитеттері мен мектептердің өңірлік ынтымақтастығы: адал және жауапты азаматты қалыптастыру жолы» тақырыбында ата-аналар қауымдастығының өңірлік кеңесінің отырысы өтті.Қазіргі білім беру жүйесі ата-аналардың белсенді қатысуынсыз мүмкін емес. Отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығы – адал, жауапты және отансүйгіш азамат тәрбиелеудің негізі болып табылады. Отырысқа аудандар мен Петропавл қаласының ата-аналар қоғамдастығы кеңестерінің өкілдері қатысты.Кеңес барысында бала құқықтарын қорғау, құқықбұзушылықтың алдын алу, құндылықтарды қалыптастыру, деструктивті ықпалдарға қарсы іс-қимыл және отбасын қолдау мәселелері талқыланды. Жиында Білім басқармасы, Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Дін істері басқармасы және Психологиялық-педагогикалық қолдау орталығының өкілдері қатысты. Дін істері басқармасы тарапынан бөлім басшысы Н.Нұрмағамбет сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-udr/press/news/details/1085548?lang=kk
2025 жылғы 08 шілдеде жастарға арналған ҚР заңнамасын түсіндіру іс-шарасы өткізілді 15.10.2025
2025 жылғы 08 шілдеде жастарға арналған ҚР заңнамасын түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Спикер ретінде басқарманың бөлім басшысы Н. Нұрмағамбет сөз сөйледі.Жастармен кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі ережелері түсіндірілді.Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Іс-шараға қатысушылар әңгімеге белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сарапшыдан толық жауаптар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-udr/press/news/details/1085552?lang=kk
Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғау бойынша үшжақты меморандумға қол қойылды 15.10.2025
Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғау және олардың рухани дамуына қолдау көрсету мақсатында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.Игі шара Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды. Құжатқа қол қойған тараптар:– Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» қоғамдық бірлестігі,– «Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі,– «Алматы облыстық мамандандырылған балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.Меморандум аясындағы серіктестік қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.Іс-шарада сөз алған Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов меморандумның маңыздылығына ерекше тоқталды:«Бүгінгі меморандум — бұл жай ғана қағаз жүзіндегі келісім емес. Бұл – үш ұйымның күш біріктіріп, балалардың болашағына деген нақты қамқорлығының көрінісі. Біз баланың денсаулығына ғана емес, оның тұлғалық, рухани дамуына да қолдау көрсетуіміз қажет. Бірлесе жұмыс істеу арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенемін», – деді Ержан Сүлейменов.Тараптар алдағы уақытта бірлескен іс-шаралар, семинарлар, тәрбиелік және мәдени бағдарламалар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1085243?lang=kk
Келесі жылдан бастап шаруалармен су беру бойынша келісімшарттар электронды форматта рәсімделеді 15.10.2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап суармалы су беру бойынша «Қазсушар» РМК мен су пайдаланушылар арасындағы келісімшарттар тек онлайн форматта жасалады. Бұл шара судың «көлеңкелі нарығына» тосқауыл қою мақсатында қолға алынып отыр.Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі өтінім қабылдау, келісімшарт жасау және төлем жүргізу үдерістерін автоматтандыруға арналған арнайы биллинг жүйесін әзірлеп жатыр. Жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін «Қазсушар» РМК су пайдаланушылармен электронды келісімшарттар жасайды, ал төлемдер екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асады.Министрлік биыл қараша айында биллинг жүйесін пилоттық режимде іске қосуды жоспарлап отыр.«Келесі жылдан бастап барлық келісімшарт электронды форматта рәсімделуі керек. Бұл талап шаруа қожалықтарына, өндірістік кәсіпорындар мен басқа да су пайдаланушыларға бірдей қолданылады. Төлем де тек қана электронды түрде жүргізілуі керек. Бұл бөлінген су ресурстарының ашықтығы мен нақты есебін қамтамасыз ету үшін қажет. Бұрынғы келісімшарттарды да жүйеге енгізу қажет», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация МинистрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-vod-irrigation/press/news/details/1085249?lang=kk
Ұлы Даланың әуендері Балқан жүрегінде шырқалды 15.10.2025
Белград, 2025 жылғы 12 қазан – Этно-фольклорлық «Туран» ансамблі мен «Қазақконцерт» ұйымының музыканттары өздерінің «Ұлы Даланың әуендері» атты Балқан турнесін Сербия астанасы Белград қаласында бастады. Домбыраның төл күйлері, халық аңыздары, сондай-ақ, Қазақстан мен әлем классиктерінің туындылары Сербияның бай музыкалық дәстүрімен танымал «Коларац» концерт залында шырқалды.Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының күніне арналды. Оған Сербияның саяси өкілдері, дипломатиялық корпус, ғылыми және академиялық қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, бизнес өкілдері, БАҚ, мәдениет және спорт қайраткерлері қатысты.Мәдени іс-шарада сондай-ақ, Қазақстанның көрнекті әйелдеріне арналған фотокөрме ұсынылды. Серб көрермендері қазақ музыканттарының өнерін үлкен жылы қошеметпен қабылдады. Концерттік турне Ужице және Вранье қалаларындағы концерттермен жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1085259?lang=kk
Халықаралық қарттар күніне арналған концерт. 15.10.2025
Миролюбовка ауылдық округінде "Қарттар күніне"арналған іс-шара өтті.Іс-шара аясында округ әкімінен салтанатты құттықтау өтті, одан кейін концерттік бағдарлама өтті. Концерт аяқталғаннан кейін қарт адамдар үшін шай мен тәттілермен салтанатты дастархан жайылды. Іс-шара соңында қарт адамдарға алғыс сөздер мен шын жүректен құттықтаулар айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-mirolubovka/press/news/details/1085261?lang=kk
Вашингтонда aвторлық құқықтар бойынша семинар өтті 15.10.2025
2025 жылғы 15-19 қыркүйекте Вашингтон қаласында (АҚШ) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы АҚШ-тың Авторлық құқықтар жөніндегі кеңсесімен бірлесіп Авторлық құқықтар бойынша халықаралық семинар ұйымдастырды. Семинарға Қазақстан Республикасынан Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің авторлық құқықтар басқармасының басшысы Ильяс Қабдулин қатысты.Іс-шараға Бангладеш, Ботсвана, Мысыр, Камбоджа, Кения, Малави, Марокко, Мальдив аралдары, Непал, Нигерия, Парагвай, Суринам, Сент-Китс және Нивс, Украина, Филлипиндер, Эквадор, Ямайка сияқты дамушы елдердің зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Семинар бағдарламасына АҚШ-тың авторлық құқықты тіркеу және ұжымдық құқықтарды басқару жүйелерін зерттеу кірді.Сонымен қатар, бағдарламаның барлық қатысушылары өз елдеріндегі авторлық құқықты және құқықтарды ұжымдық басқару жүйесін дамыту тақырыбында презентация жасады.Қазақстан өкілі Ильяс Қабдулин өз презентациясында біздің еліміздегі авторлық құқықтың қазіргі даму тенденциялары, авторлық құқық туралы заңнамаға енгізілетін өзгерістер және құқықтарды ұжымдық басқару саласында бірыңғай цифрлық платформаны құру және іске қосу туралы айтып берді.Бағдарламаға қатысушылар еліміздің өкілінің сөз сөйлеуін жоғары бағалады, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар қызметінің толық ашықтығына мен айқындығына әкеп соқтыратын бірегей құрал ретінде бірыңғай цифрлық платформаға шынайы қызығушылық танытты.Бірқатар елдердің, соның ішінде Кения мен Парагвайдың өкілдері Қазақстанның тәжірибесін қабылдауға және өз елінде осындай платформа құруға ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1085308?lang=kk
Аршалы ауылдық округі тұрғындарының "Таза олке"акциясына орайластырылған сенбілікке қатысуы 15.10.2025
"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында Аршалы ауылдық округінің тұрғындары өз елді мекендерін абаттандыруға белсенді қатысуда. Таңертеңнен бастап олар үй маңындағы аумақтарды тазалауға шығады, аулаларды ретке келтіреді, көшелер мен іргелес жерлерді қоқыс пен құлаған жапырақтардан тазартады.Мұндай іс-шаралар ауылдардағы тазалық пен жайлылыққа ықпал етіп қана қоймай, тұрғындар арасында жауапкершілік пен бірлік сезімін нығайтады. Акция жалғасуда және әркім өз округінің тазалығы мен сұлулығын сақтау бойынша ортақ іске өз үлесін қоса аладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-arshaly/press/news/details/1085311?lang=kk
Алматы облысында тұрғын үй құрылысы жоспары 9 айда артығымен орындалды 15.10.2025
Ағымдағы жылдың қаңтар–қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Алматы облысында 901,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл жоспарлы көрсеткіштің 115,8 пайызын (778,1 мың ш. м) және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116 пайызды құрайды.2025 жылға облыс бойынша жалпы 960,0 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған, оның ішінде:бюджет қаражаты есебінен – 118,0 мың ш. м,коммерциялық тұрғын үй – 261,1 мың ш. м,жеке тұрғын үй құрылысы – 580,9 мың ш. м.Жалпы көлемнің ішінде бюджет қаражаты есебінен 7 несиелік тұрғын үй пайдалануға берілді:Жамбыл ауданында – 180 пәтер,Еңбекшіқазақ ауданында – 180 пәтер,Талғар ауданында – 72 пәтер.Аталған нысандардың жалпы ауданы 31,9 мың шаршы метрді құрады.Өңірде тұрғын үй құрылысы саласында тұрақты оң динамика байқалады. Негізгі басымдық жеке тұрғын үй құрылысына және кезекте тұрған азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге берілуде.Тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарының артығымен орындалуы – азаматтарға жайлы өмір сүру жағдайларын жасауға бағытталған жүйелі және жоспарлы жұмыстың нәтижесі. Құрылыс сапасын арттыру, мерзімдердің сақталуын қамтамасыз ету және барлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету шаралары жалғасуда.Алматы облысы тұрғын үй құрылысы көлемі бойынша еліміздің жетекші өңірлерінің бірі болып табылады. 2025 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы оң динамиканы сақтауға және тұрғын үй құрылысы мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1085316?lang=kk
Вашингтонда aвторлық құқықтар бойынша семинар өтті 15.10.2025
2025 жылғы 15-19 қыркүйекте Вашингтон қаласында (АҚШ) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы АҚШ-тың Авторлық құқықтар жөніндегі кеңсесімен бірлесіп Авторлық құқықтар бойынша халықаралық семинар ұйымдастырды. Семинарға Қазақстан Республикасынан Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің авторлық құқықтар басқармасының басшысы Ильяс Қабдулин қатысты.Іс-шараға Бангладеш, Ботсвана, Мысыр, Камбоджа, Кения, Малави, Марокко, Мальдив аралдары, Непал, Нигерия, Парагвай, Суринам, Сент-Китс және Нивс, Украина, Филлипиндер, Эквадор, Ямайка сияқты дамушы елдердің зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Семинар бағдарламасына АҚШ-тың авторлық құқықты тіркеу және ұжымдық құқықтарды басқару жүйелерін зерттеу кірді.Сонымен қатар, бағдарламаның барлық қатысушылары өз елдеріндегі авторлық құқықты және құқықтарды ұжымдық басқару жүйесін дамыту тақырыбында презентация жасады.Қазақстан өкілі Ильяс Қабдулин өз презентациясында біздің еліміздегі авторлық құқықтың қазіргі даму тенденциялары, авторлық құқық туралы заңнамаға енгізілетін өзгерістер және құқықтарды ұжымдық басқару саласында бірыңғай цифрлық платформаны құру және іске қосу туралы айтып берді.Бағдарламаға қатысушылар еліміздің өкілінің сөз сөйлеуін жоғары бағалады, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар қызметінің толық ашықтығына мен айқындығына әкеп соқтыратын бірегей құрал ретінде бірыңғай цифрлық платформаға шынайы қызығушылық танытты.Бірқатар елдердің, соның ішінде Кения мен Парагвайдың өкілдері Қазақстанның тәжірибесін қабылдауға және өз елінде осындай платформа құруға ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kis/press/news/details/1085376?lang=kk
"Таза Олке" акциясы 15.10.2025
«Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Шараға Аршалы ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қатысты. Қатысушылар үйлері мен қоғамдық аумақтарды ретке келтіріп, қоқыс пен құлаған жапырақтарды алып тастап, айналаны абаттандырды. Мұндай бастамалар халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға және қоршаған ортаға деген қамқорлықпен қарауға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-arshaly/press/news/details/1085401?lang=kk
Алматы облысында жастар арасында АИТВ және ЖЖБИ-дің алдын алуға бағытталған үш айлық акция басталды 15.10.2025
Акцияның ұраны: «Жастар – денсаулық пен АИТВ-сыз болашақ үшін!»Алматы облысында жастар арасында АИТВ-инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған үш айлық акция өз бастауын алды.Акцияның бастамашысы – Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, облыстың аудандық және қалалық жастар денсаулығы орталықтарының және білім бөлімдерінің қолдауымен жүзеге асырылады.Акцияның мақсаты – жастардың АИТВ және ЖЖБИ туралы ақпараттылығын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін насихаттау.Жастар арасында АИТВ жұқтыру жағдайларының тіркелуі әлі де ақпараттың жеткіліксіздігімен және жұқтыру қаупі бар мінез-құлыққа байланысты. Сонымен қатар, сенімді деректер мен профилактикалық қызметтерге қолжетімділіктің шектеулі болуы да маңызды факторлардың бірі болып отыр.Акция аясында үш ай бойы форумдар, интерактивті кездесулер, тақырыптық дөңгелек үстелдер, колледж студенттері арасында волейбол және футболдан спорттық турнирлер, шығармашылық байқаулар, сурет көрмелері, концерттік бағдарламалар мен сахналық көріністер ұйымдастырылатын болады. Барлық іс-шаралар жастардың салауатты өмір салтын ұстануына және аурулардың алдын алу мәдениетін арттыруға бағытталған.Бұдан бөлек, мектеп мейірбикелері, педагогтар мен волонтерлер үшін АИТВ және ЖЖБИ-дің алдын алу тақырыбында оқыту семинарлары өткізіледі.Акция 2025 жылдың қазан–желтоқсан айлары аралығында өткізіліп, Алматы облысының барлық өңірлерін қамтиды.Бұл іс-шаралар жастардың жауапты мінез-құлқын қалыптастыруға, медициналық мамандарға деген сенімділігін арттыруға және белсенді, салауатты өмірге ұмтылысын дамытуға бағытталған.Ұйымдастырушы:ШЖҚ «Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМК Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының қолдауыменӨткізу мерзімі: 2025 жылдың қазан – желтоқсан айларыБайланыс деректері: баспасөз хатшысы – Кожалимова Самал Кеңшілікқызы, сот.: +7 778 440 9810Акцияға жауапты – Абдукаримова Ляззат Алмасбекқызы, сот.: +7 707 158 3236 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1085405?lang=kk
Қойлық қалашығында сенбілік өтті 15.10.2025
Жалпы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сарқан ауданының Қойлық ауылдық округінде, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қойлық қалашығы аумағында «Мәдени мұра – ортақ жауапкершілік» атты сенбілік өткізілді.Сенбілікке Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Сарқан ауданы әкімдігі және Қойлық ауылдық округі жастары мен мәдениет саласының өкілдері қатысып, тарихи қалашықтың аумағын тазалау, сынған ақпараттық тақтаны қалпына келтіру және қоқысты сұрыптап жинау жұмыстарын жүргізді.Акцияның мақсаты – тарихи және мәдени мұраларды сақтау, қоршаған ортаға қамқорлық таныту және жастардың экологиялық мәдениетін арттыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1085406?lang=kk
Қытайдың Бас консулымен кездесу Алматыдағы СІМ Өкілдігінде өтті 15.10.2025
2025 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Қытай Халық Республикасының Алматы қ. Бас консулы Цзян Вэй қабылдады. Кездесу барысында Ж. Әбдрашов екі бауырлас ел арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, дипломатқа оның одан әрі қызметінде табыс тіледі. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі атынан Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Бас консулға құрмет грамотасы табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1085415?lang=kk
Салық төлеушілерге арналған Ашық есіктер күні: 2026 жылғы Салық кодексіндегі жаңалықтарды талқылаймыз 15.10.2025
Железин, Успен және Шарбақты аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларында салық төлеушілер үшін Ашық есіктер күні өтті, оның шеңберінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды.Ашық есік күніне келген салық төлеушілерге салық салу бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар және алдағы өзгерістер бойынша түсініктемелер берілді. Іс-шарада қаралған негізгі мәселелер: қосылған құн салығы (ҚҚС), арнайы салық режимдеріндегі өзгерістер, жергілікті салықтар, жеке және корпоративтік табыс салықтары, салықтық тексерулер.Іс-шараға қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы біліп, өз сұрақтарын қоя алды. Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1124706?lang=kk
Астанада гидроаккумуляциялық электр станциялары құрылысына инвестиция тартуды ынталандыру бойынша акселерация өтті 15.10.2025
Астана, 2025 жылғы 10 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті «Kazakh Invest» ҰК» Акционерлік қоғамымен бірлесе елдің энергетикалық инфрақұрылымына инвестиция тарту және гидроаккумуляциялық электр станцияларын (ГАЭС) дамыту мәселелеріне арналған акселерация өткізді.Іс-шараның мақсаты – ГАЭС саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін жүйелі тосқауылдарды айқындау және нормативтік-құқықтық және институционалдық ортаны жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу.Акселерацияға мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері, соның ішінде ҚР Энергетика, Су ресурстары және ирригация, Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің, «Самрук-Энерго», «KEGOC», «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамдары, «Атамекен» ҰКП және басқа да ұйымдар қатысты.Халықаралық тараптан «PowerChina» және «China Southern Power Grid International» (CSGI) корпорацияларының сарапшылары қатысып, ГАЭС саласындағы заманауи технологияларды енгізу және халықаралық тәжірибені пайдалану жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті.Іс-шараны ашқан ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов гидроаккумуляциялық қуаттарды дамытудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті: «ГАЭС салу жобаларын іске асыру Қазақстанның энергетикалық дамуының маңызды бағыты. Бұл нысандар электр энергиясын өндіру мен тұтыну теңгерімін тиімді қамтамасыз етіп, ұлттық энергия жүйесінің сенімділігі мен икемділігін арттырады. Біз осы бастамаларды ілгерілету үшін халықаралық серіктестермен және инвесторлармен бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз», – деді ол.Талқылау барысында Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа деректеріне сәйкес, энергетика саласында жалпы сомасы шамамен 26 трлн теңге құрайтын 88 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқаны, олардың нәтижесінде 7 мыңнан астам жұмыс орны құрылатыны атап өтілді.Шетелдік серіктестердің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобаларға ерекше назар аударылды, соның ішінде «Самрук-Энерго» АҚ мен «China Southern Power Grid» арасындағы гидроаккумуляциялық электр станциясын бірлесіп әзірлеу жөніндегі уағдаластықтар аталды.Акселерация аясында министрліктер, ұлттық компаниялар және инвесторлар өкілдерінің қатысуымен жұмыс топтары құрылды. Онда алаңдарды таңдау мен жобалау мәселелерінен бастап тариф қалыптастыру, инвестицияларды қайтару және мемлекеттік кепілдіктер беру механизмдеріне дейінгі практикалық аспектілер қаралды. Қатысушылар әзірлеген ұсыныстар салалық мемлекеттік органдардың қарастыруына жолданады.«PowerChina» және «CSGI» өкілдері Қытайда ірі ГАЭС жобаларын іске асыру тәжірибесімен бөлісіп, энергия сақтау жүйелерін дамыту жаңартылатын көздерді интеграциялаудың және көміртектік бейтараптыққа қол жеткізудің ажырамас бөлігі екенін атап өтті.Сессия қорытындысында ГАЭС құрылысы Қазақстанның энергетикалық өтпелі кезеңінің негізгі элементіне айналып, энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететіні және жаңартылатын энергия көздері мен атом генерациясын қауіпсіз интеграциялауға мүмкіндік беретіні айтылды.«Kazakh Invest» ҰК» АҚ ұсынылған бастамаларды әрі қарай сүйемелдеуді және инвесторлармен жұмысты үйлестіруді жалғастыра отырып, гидроэнергетика саласындағы жобаларды ілгерілетуге ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1085485?lang=kk