Enbekshi QazaQ

Қоғам

Тереңкара өзенінің бойындағы жерлер рекультивацияланады: іс сотқа жолданды 15.10.2025
Алматы облысының Іле ауданында Тереңкара өзенінің арнасына құрылыс және тұрмыстық қалдықтар төгілу фактілері анықталды. Бұл жағдай жергілікті билік назарынан тыс қалмады. Ащыбұлақ ауылдық округі әкімдігі заң бұзушылықты жою және жерді қалпына келтіру (рекультивациялау) бойынша материалдарды сотқа жолдауға дайындық жүргізіп жатыр.Мәселе алғаш рет 2024 жылы Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Бахтияр Қасымбектің бастамасымен көтерілген болатын. Ол өзен арнасына жасалған заңсыз әрекеттерге байланысты бірнеше рет бақылаушы және экологиялық мекемелерге ресми хаттар жолдаған. Әкімнің табандылығының арқасында жағдайға бірқатар мемлекеттік органдар назар аударып, экологиялық заң бұзушылықтарға ресми баға берілді.Тексеру барысында Түймебаев ауылындағы жер телімінің иесі аумақты өз бетінше тегістеп, өзеннің табиғи арнасын ішінара жауып тастағаны анықталды. Мұндай әрекеттер өзеннің тереңдігі мен ағысын өзгертеді, ал бұл өз кезегінде экожүйеге және жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.Ащыбұлақ округі әкімдігінің мәліметінше, жер иесі экологиялық нормаларды бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 2025 жылы Алматы облысы бойынша экология департаментінің тексерісі нәтижесінде оған 275 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Алайда бұл талап әлі күнге дейін орындалмаған.Соған қарамастан, прокуратура ауыл әкімі Бахтияр Қасымбекке де әкімшілік айыппұл салған. Қадағалау органы оны уақтылы әрекет етпеді деп таныған. Әкімнің өзі бұл шешіммен келіспей, сотқа шағымдануға ниетті. Себебі дәл оның бастамасымен бұл мәселе алғаш көтеріліп, облыстық деңгейге жеткізілген.«Табиғи аумақтардың ластану фактілері назардан тыс қалмайды. Өзен арнасын қалпына келтіру және тәртіп орнату жұмыстары жалғасып жатыр. Әкімдік тарапынан бақылау күшейтіледі», – делінген Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратында.Қазіргі таңда барлық құжаттар Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясына, Экология департаментіне және Алматы облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментіне жолданған.Тереңкара өзені – Кіші Алматы өзенінің сол жақ саласы, ол Қапшағай су қоймасына құяды. Ащыбұлақ ауылдық округі аумағында өзеннің ұзындығы шамамен 17 шақырым, ал су қорғау аймағының ені – 120 метр. Экологтардың айтуынша, өзен арнасына кез келген араласу табиғи тепе-теңдікке айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1084815?lang=kk
Арқалықта ұлттық ат спорты ойындары басталды 15.10.2025
Арқалық қаласында Республика күніне орай «Ұлы дала дүбірі» атты ұлттық ат спорты ойындары басталды. Іс-шараның мақсаты – ата-бабалар мұрасын сақтау мен дәріптеу, ұлттық спорт түрлерін дамыту және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу.Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл жарысқа Арқалық қаласы мен оған қарасты ауылдық округтердің төрт құрама командасы қатысуда. Ұйымдастыру жұмыстарына қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі қолдау көрсетуде.Салтанатты ашылу рәсімі мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетуден басталды. Қатысушылар мен көрермендер алдында қала әкімі Әмірхан Асанов сөз сөйлеп, жарыстың мәні мен маңызын атап өтті. Іс-шара барысында Арқалық қаласының құрметті азаматы, белгілі қолөнер шебері және тарихшы-өлкетанушы Шөптібай Байділдин жас спортшыларға бата берді.Ат спорты ойындары екі күнге жоспарланған. Бағдарламада көкпар, тай жарыс, құнан жарыс және аламан бәйге сынды ұлттық спорт түрлері қамтылған. Жарыс барысында көрермендер өңір шабандоздарының шеберлігін тамашалай алады.Арқалық қаласында ұлттық ат спорты сайыстары жыл сайын көктем және күз мезгілдерінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Бұл шаралар өңірде ұлттық спортты дамытуға және жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1084818?lang=kk
XII Азаматтық форум қарсаңында білім беру саласының болашағы талқыланды 15.10.2025
XII Азаматтық форум аясында ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың білім беру және балалардың құқығын қорғау саласында жұмыс істейтін қоғамдық және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуі өтті.Жиынға Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова, сондай-ақ 170-тен астам үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.Іс-шара мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылауға арналған алаңға айналды. Қатысушылар мектепке дейінгі тәрбие, қосымша білім беру, инклюзивті орта қалыптастыру және министрлікпен өзара байланысты жетілдіру мәселелері бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.Жұлдыз Сүлейменова балаларды қорғау, тәрбиелеу және оқыту саласындағы бастамаларды табысты іске асыру азаматтық сектордың ықпалынсыз мүмкін еместігін атап өтіп, ҮЕҰ-мен тұрақты және ашық диалог орнатуға дайын екенін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша министр азаматтық қоғам өкілдерін Қоғамдық кеңес жұмысына белсенді қатысуға және білім беру жүйесін дамытуға бағытталған нақты бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1084820?lang=kk
Әділет департаментінің қызметкерлері суретші Вадим Быковтың жеке көрмесіне барды 15.10.2025
Мәдени құндылықтарды дамыту және шығармашылық қауымдастықпен өзара іс-қимылды нығайту мақсатында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері қостанайлық суретші Вадим Быковтың картиналар галереясында өткен «Портрет өнері» атты жеке көрмесіне барды.Көрмеде автордың бай мәдени мұраны бейнелейтін бірегей туындылары ұсынылды. Бұл шара шығармашылық бастамаларды қолдаудың, сондай-ақ өнер саласында авторлық құқық пен зияткерлік меншікке құрметпен қараудың маңыздылығын еске салудың символына айналды.Мұндай іс-шаралар қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, авторлық құқықты қорғау тақырыбын насихаттауға және мемлекеттік органдар мен креативті индустрия өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1084837?lang=kk
Болашаққа инвестиция: кәмелетке толған қазақстандықтар "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша 22,29 млн доллардан астам қаражат пайдаланды 15.10.2025
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бағдарлама басталған сәттен бері (2024 жылғы 1 ақпан) уәкілетті оператор 22,29 млн АҚШ долларынан астам сомаға 156 956 өтініш орындады. Қаражат уәкілетті операторларға өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін аударылды. Оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешу үшін 14,14 млн доллар сомасына 98 046 өтініш, білім алу ақысын төлеуге шамамен 8,15 млн доллар сомасына 58 910 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) сақталады. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыруға 13,85 млн АҚШ долларына 95 786 өтініш, тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізуге 101,44 мың АҚШ долларына 755 өтініш және азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу) 69,88 мың АҚШ долларына 553 өтініш орындалды. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (7,38 млн АҚШ долларына 52 574 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (527,67 мың АҚШ долларына 4 477 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (194,54 мың АҚШ долларына 1 526 өтініш орындалды).           Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Нысаналы жинақтар төлемін алу үшін алушыға не оның заңды өкіліне БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасаған уәкілетті операторға жүгіну қажет. Өтінішті "Отбасы банкі" АҚ, "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ның бірінің интернет-ресурсы немесе   мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Айта кетейік, 01.08.2025ж. бастап аталған тізім "Банк ЦентрКредит" АҚ жаңа уәкілетті операторымен толықтырылды. Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға биыл 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағындағы қаражат 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94  АҚШ доллары жинақталды. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады.Нысаналы жинақтар төлемін рәсімдеу үшін алушы не оның заңды өкілі БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасалған уәкілетті операторға жүгінуі қажет. Өтінішті интернет-ресурс немесе "Отбасы банк" АҚ (тұрғын үй жағдайларын жақсарту және білім беру ақысын төлеу мақсатында), "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім беру ақысын төлеу мақсатында) уәкілетті операторларының бірінің мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM  сілтемесі бойынша көруге болады.  БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti-district/press/news/details/1089489?lang=kk
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына – ширек ғасыр 15.10.2025
Тараз қаласында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті.Шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштердің Бас штабы бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев, Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев, Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Асан Жүсіпов және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басшылығы, әскери қызметшілер мен Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.Іс-шара соғыс батырлары, аңыз қолбасшылар Сағадат Нұрмағамбетов пен Бауыржан Момышұлының ескерткіштеріне гүл қою рәсімінен басталды.Жеке құрамды құттықтау барысында генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері антқа адалдықтың, бірліктің және жоғары кәсібиліктің үлгісі екенін атап өтті.– Жиырма бес жыл – бұл мыңдаған әскери қызметшілер мен офицерлердің қажырлы еңбегі мен жаттығу жылдары. Сіздер бүгінде мемлекеттің қауіпсіздігі мен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз етіп, даңқты дәстүрлерді абыроймен жалғастырып келесіздер, – деді генерал-лейтенант С. Камалетдинов.Мереке аясында «Даңқ» мұражайында жаңа экспозиция ашылып, естелік стела мен болашақ әскери қызметшілерге арналған уақыт капсуласы қойылды. Бұдан басқа заманауи қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілері көрсетіліп, штаб аумағында ағаштар отырғызылды және өнерпаз әскери қызметшілердің концерті өтті.«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 2000 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Президентінің Жарлығымен құрылды. Алғашында ол Тараз қаласында штабы бар Оңтүстік әскери округ ретінде құрылған болатын. 2003 жылы округ өңірлік қолбасшылыққа айналды. Бірінші қолбасшы генерал-майор Әлихан Жарболов болды. Оның басшылығымен бөлімдерді қайта орналастыру, құрамаларды жасақтау және жаңа міндеттерге бейімдеу бағытында ауқымды жұмыс басталды.Бүгінде бірлестікті генерал-майор Ержан Ыбыраев басқарады. Оның жетекшілігімен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік әлеуетін нығайтып, әскерді дайындаудың заманауи тәсілдерін дамытып келеді.Бұл әскери құралым елдің оңтүстік шекарасының сенімді қалқаны болып қала бермек. Жеке құрам әрдайым жоғары жауынгерлік дайындық пен кез келген жағдайда тапсырмаларды орындауға әзірлігін көрсетіп жүр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1084858?lang=kk
2025 жылдың 10 қазанында «СҚО Әділет департаменті» РММ-нің «№4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Исаканова Ж.Б. жеке сот орындаушысы А.Ж. Мукашевамен бірлесіп, мемлекеттік кепілдік берілген заң көмегін көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау өткізді. 15.10.2025
Азаматтарға атқарушылық іс жүргізу саласындағы құқықтық мәселелер бойынша кеңестер берілді. Сондай-ақ цифрлық көмекші – чат-ботты пайдалану тәртібі түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1084862?lang=kk
Аудан тұрғындарының өтініштері басты назарда 15.10.2025
Бүгін ІІІ Интернационал ауылдық округінің Мәдениет үйінде аудан әкімі Жандос Еркінбек құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысымен бірлесіп жеке қабылдау өткізді.Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткен қабылдауға әр елді мекеннен келген 40-тан аса тұрғын қатысып, өздерінің жеке және әлеуметтік мәселелерін ортаға салды.Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үй мәселесі, жұмысқа орналасу, әлеуметтік қолдау, ауылдық округтердегі инфрақұрылым, құқықтық кеңес сынды әртүрлі бағыттағы мәселелер көтерілді.Сонымен қатар, ауыл тұрғындары жол сапасы, әлеуметтік көмек алу тәртібі туралы да сұрақтар қойып, тиісті сала басшыларынан нақты жауап алды.Аудан басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, заң аясында шешу жолдарын қарастыратынын айтып, тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берді.Жандос Еркінбек алдағы уақытта да азаматтардың өзекті мәселелерін тыңдау арқылы, ашық әрі тиімді басқару жүйесін жүзеге асыруды жалғастыра беретінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1084864?lang=kk
Қармақшыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тал егу шарасы өтті 15.10.2025
«100 жылдық пайда ойласаң – тал ек» — қазақтың көнеден келе жатқан осы нақылы табиғатпен үндестік пен ұрпақ алдындағы жауапкершілікті меңзейді.Бүгін Қармақшы ауданының орталығындағы «Жастар саябағында» Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу шарасы өтті.Игі іске аудан әкімі Жандос Еркінбек, мемлекеттік мекеме басшылары, ардагерлер, жастар ұйымдарының өкілдері және еріктілер қатысты. Аудан басшысы өз сөзінде:– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы ауданымызда кең көлемде жүзеге асуда. Аудан орталығындағы көшелер мен саябақтар, қоғамдық орындар мен тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, туған жеріне жанашырлықпен қарайтын тұрғындардың тынымсыз еңбегінің нәтижесінде ауданымыз таза әрі көрікті мекенге айналып келеді. Осы орайда, бүгінгі шараға қатысып, белсенділік танытып отырған барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын табады деп сенемін, – деп сөзін қорытындылады.Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков сөз алып, бұл бастаманың жастарға үлгі, қоғамға қажетті әрі тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті.Шара соңында қатысушылар саябақ аумағына ағаш көшеттерін отырғызып, тазалық пен абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1084893?lang=kk
Грекия және Қазақстан арасындағы тікелей әуе қатынасын орнату мәселелері Афинада талқыланды 15.10.2025
Афина, 2025 жылғы 10 қазан – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекияның ең ірі әуе компаниясы «Aegean Airlines» басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Грекия арасында тікелей әуе қатынасын орнату перспективалары, сондай-ақ азаматтық авиация және туризм салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.Елші екі ел арасындағы тікелей әуе рейстерін дамыту өзара мүдделерге сай келетінін және бұл туристік алмасудың өсуіне, іскерлік байланыстар мен гуманитарлық қатынастарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Қазақстан Грекияны Оңтүстік-Шығыс Еуропа аймағындағы маңызды серіктестердің бірі ретінде қарастырады және оның туристік әрі транзиттік әлеуетін жоғары бағалайды.«Aegean Airlines» басшылығы қазақстандық нарыққа шығу мүмкіндіктерін зерделеуге қызығушылық танытып, бұл бағыттың жолаушылар ағынының өсуі мен Қазақстанның ұлттық авиатасымалдаушыларымен ықтимал әріптестік тұрғысынан тартымдылығын атап өтті.Тараптар тұрақты диалогты қолдап, авиациялық билік пен салалық құрылымдар арасындағы ақпарат алмасуды қоса алғанда, ықтимал әріптестіктің практикалық аспектілерін бірлесіп пысықтауға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1084636?lang=kk
Димаш Қазақстанның Мехикодағы елшілігінде қабылданды 15.10.2025
2025 жылғы 9 қазанда Елшілік Stranger» дүниежүзілік турне аясында Мексикада концерт берген әлемдік жұлдыз Димаш Құдайбергенді, сондай-ақ оның отбасын және концерттік команда мүшелерін қабылдады.Димаштың тығыз кестесіне қарамастан, ол қазіргі уақытта Мексикада тұрып жатқан отандастарымен жүздесуге мүмкіндік тапты. Мұндай назарды жергілікті қазақ диаспорасы ерекше ықыласпен қабылдады.Мексикада болу және концерттер туралы әсерлерімен бөлісіп, Димаш барлық жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, мексикалық көрермендердің аса қонақжайлы қабылдауын және ерекше энергетикасын жоғары бағалады.Елшілікке баруының маңызды бөлігі қазақ дәстүрлері мен мәдениетін насихаттау болды. Ол Қазақстанның Мексикадағы елшісі Алмұрат Тұрғанбековпен тоғызқұмалақ ойынында бірінші жүріс жасап, бір жастағы қазақстандық Халид Йылдызға «тұсаукесер» рәсімін өткізіп, оған үлкен болашаққа батасын берді.Кездесудің ең эмоционалды бөлігі жанкүйерлерімен суретке түсіп, автографтарды тарату болды. Бірде-бір келген адам назардан тыс қалған жоқ. Жанкүйерлер өз кезегінде Димашқа, оның отбасына және командасына Мексика мен осы кездесудің естелігі ретінде көптеген сыйлықтар ұсынды, сондай-ақ оларды шаймен және үйдің тәттілерімен сыйлады.Елшілік Димаш Құдайбергенге, оның ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтарға, қарындасы Раушанға, ағасы Мансурға және команда мүшелеріне жылы әңгімелескен сәттері үшін шексіз алғысын білдіреді!Димаш Мексикада болашақта тағы да концерт ұйымдастыруға ниет білдіргенін атап өтті.Мехикода онымен жаңа кездесуді асыға күтеміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-mexico/press/news/details/1084652?lang=kk
Конституциялық Сот «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты 15.10.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Конституциялық Соттың судьялары мен Аппарат қызметкерлері елордада жалпы қалалық сенбілікке қатысып, Бұқар жырау көшесінің бойында 30-дан астам шетен мен қарағаш көшеттерін отырғызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1084658?lang=kk
Нұрғиса Тілендиевтің туған ауылында еңселі стела орнатылды 15.10.2025
Ұлт руханиятының ұлы тұлғасы, Халық қаһарманы, әйгілі композитор, күйші әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің кіндік қаны тамған ауылында демеушілердің қолдауымен еңселі стела бой көтерді. Архитектуралық тұрғыдан ерекше пішінге ие бұл ескерткіште қазақтың қасиетті домбырасы мен пәктік пен сұлулықтың символы саналатын аққу бейнеленген.Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев қатысып, өңір тұрғындарына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауын және алғысын жеткізді. Шараға сондай-ақ ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Тұрымбетов, ауыл тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Іс-шара соңында қатысушылар стела орнатылған алаңға ағаштар отырғызды.Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай ескерткіш пен мәдениет үйі ашылған болатын. Сондай-ақ өңірдің өнерпаздары мен қолөнер шеберлері ұлы композитордың мерейтойына арналған іс-шаралар аясында Пекин, Бішкек және Мәскеу қалаларында Қазақстан мәдениетін жоғары деңгейде таныстырды.Жалпы, Нұрғиса Тілендиевтің ЮНЕСКО көлемінде аталып жатқан 100 жылдық мерейтойы аясында жыл басынан бері республикалық және халықаралық деңгейдегі мәдени іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.Ұлы тұлғаға тағзым – ұлт рухын ұлықтау!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1084665?lang=kk
Ардагерлер ақмолалықтардың Жеңіске қосқан үлесі туралы кітапты мектеп кітапханаларына табыстайды 15.10.2025
Елордада Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Астана. Жеңіс жауынгерлері» атты кітаптың тұсаукесері өтті.Іс-шараны елорда әкімдігі, қорғаныс істері жөнідегі департаменті, «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі және қалалық ардагерлер кеңесі бірлесіп ұйымдастырды. Оған ардагерлер мен ел тарихына есімдері енген жауынгерлердің ұрпақтары қатысты.Кітап елордалық Ардагерлер кеңесінің бастамасымен, Астана әкімдігінің қолдауымен әзірленген. Негізгі мақсаты – жерлестеріміздің ерліктерін ұрпақ жадында сақтау және жастарды аға буынның жарқын үлгісі арқылы еңбексүйгіштікке баулу.– Бүгінгі тұсаукесер – бұл әкімдік, республикалық және қалалық ардагерлер ұйымдары және қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бірлескен жұмысының нәтижесі, – деді «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов. – Ақмола қаласы мен Ақмола облысынан әскерге шақырылған жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерліктері туралы бұл кітап жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде үлкен көмек болмақ.Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есіловтің айтуынша, кітап елорда мектептерінің кітапханаларына табысталады. Бұл оқушыларға ақмолалық жауынгерлердің ерлігі мен тарихтағы жарқын беттермен танысуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1084666?lang=kk
Әскери қызметшілер «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдады 15.10.2025
Қарулы күштердің жеке құрамы Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты. Іс-шара еліміздің барлық гарнизонын біріктірді. Астанада жалпықалалық сенбілікке Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың, әскери оқу орындарының басшылығы мен жеке құрамы, Ақмола өңірлік гарнизонының құрамалары мен әскери бөлімдері қосылды.Әскери қызметшілер көшелерді, скверлерді және үй маңындағы аумақтарды, оған қоса әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері тұратын аудандарды абаттандырды.Негізгі жұмыстар елорда көшелерінде және әкімшілік ғимараттарға іргелес жатқан учаскелерде жүргізілді. Бас штабтың жеке құрамы Қорғаныс министрлігі ғимаратының айналасын ретке келтірді. Құрлық әскерлерінің бөлімшелері гарнизонның әскери бөлімдері мен объектілері орналасқан жерлердегі аумақтарды тазартты.Әскери қызметшілердің мұндай акцияға қатысуы Қарулы күштердің әлеуметтік жауапкершілігінің және мемлекеттік экологиялық күн тәртібін қолдаудың айқын дәлелі. Өткізілген іс-шаралар азаматтық ынтымақтастықты нығайтуға, елді мекендер мен әскери қалашықтардың экологиялық жайын жақсартуға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1084685?lang=kk
Қорқыт мұрасы: Түркі әлемінің ортақ құндылығы 15.10.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінің аясында «Қорқыт мұрасы: Түркі әлеміне ортақ эпикалық құндылықтар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.Алқалы жиынға «Түркі мәдениеті және мұрасы» қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және отандық белгілі ғалымдар, зерттеушілер мен мәдениет майталмандары қатысты.Аймақ басшысы Президент бекіткен «Түркі әлемінің келешегі – 2040» құжаты аясында ортақ құндылықтарды дәріптеу маңызды басымдық екенін атап айтты.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Түркі әлемінің келешегі – 2040» атты құжат бекітілді. Ең бастысы, бауырлас елдердің бірлігін бекемдей түстік. Ортақ құндылықтарымызды төрткүл дүниеге таныттық. Біз бабалар өсиетін орындап, түркі елдерінің ынтымағын нығайтып келеміз. Ендігі мақсат – өзара сенім мен бауырластыққа негізделген бірлігімізді сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау», – деген болатын.Қорқыт ата – түбі бір түркі халықтарына ортақ рухани тұлға, ел бірлігі мен мәңгілік өмір идеясының символы. Оның даналығы, мұрасы, тағылымы ғасырлар бойы рухани тірегімізге айналып, ұлт пен ұрпақтың жадында сақталып келеді. Бүгінде Қорқыт мұрасын зерттеу – өткенді тану ғана емес, болашағымызға бағытталған рухани миссия. Осы мақсаттағы ғылыми ізденістер мен халықаралық байланыстар түркі халықтарының мәдени тұтастығын нығайтуға, рухани үндестігін арттыруға зор үлес қосты», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Конференцияда «Түркі мәдениеті және мұрасы» қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы фольклор институтының директоры Хикмет Кулиев, Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Анарбай Бұлдыбай, Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Жылдыз Орозобекова, Қажы Байрам Вели атындағы Анкара университетінің профессоры Мехмет Чевик, Түркияның белгілі этномузыкатанушысы, ғалым Фикрет Каракая, Өзбекстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Ә.Науаи атындағы Мемлекеттік әдебиет музейінің директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Жоппор Эшонкұлов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жырау, ұстаз Алмас Алматов, филология ғылымдарының кандидаты Рақыш Жұмашай, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының доценті Ұлжан Байбосынова пікір білдірді.Айта кетейік, 2018 жылы Қорқыт ата мұралары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді. Бүгінде ұлы ойшылдың рухына тағзым ету, мұрасын сақтау және кеңінен насихаттау бағытында жүйелі жұмыс жалғасуда.Бүгінде Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалы – туристердің рухани демалыс орны, кешен басында келушілерге барлық жағдай жасалған. Қызылорда қаласындағы «Қорқыт ата кітабының 1300 жылдығына» арналған аллея жаңғыртылып, тұрғындардың саялы орнына айналды. Қорқыт ата халықаралық әуежайының жаңа терминалы іске қосылды.Ортағасырлық тарихи-мәдени мұраларды халықаралық деңгейде таныту үшін Ұлттық музей, ТҮРКСОЙ ұйымы және Түркияның Мәдениет және туризм министрлігімен бірлескен шаралар өткізілуде. Қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер негізінде «Шірік Рабат сақ жауынгері», «Сығанақ ханшайымы», «Түгіскен көсемі», «Жетіасар ақсүйек әйелі» мүсіндері жаңғыртылып, ғылыми айналымға енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1084429?lang=kk
Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша семинар 15.10.2025
2025 жылғы 9 қазанда ШҚО білім басқармасы Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығымен бірлесіп, колледж директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен психологтарына «ТжКБ ұйымдарында суицидтің алдын алу және оның салдарын болдырмау бойынша кешенді жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізді.Семинар барысында жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының негізгі себептері, талдау әдістері мен алдын алу шаралары қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1084445?lang=kk
Қаратал ауданында салық заңнамасындағы өзгерістер талқыланды 15.10.2025
Іс-шараға жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, бухгалтерлер және аудан тұрғындары қатысты. Қатысушыларға 2026 жылдан бастап күшіне енетін салық заңнамасындағы өзгерістер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, Салық кодексінің жаңа редакциясындағы өзекті тұстарын түсіндірді.Кездесу барысында салықтық есептілікті жеңілдету, арнайы салық режимдерін жетілдіру, қосылған құн салығын реформалау, жалпыға бірдей декларациялау және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру мәселелері қарастырылды.Сонымен қатар, қатысушыларға алдағы өзгерістерге дайындық бойынша практикалық ұсынымдар беріліп, бизнес өкілдері мен салық саласы мамандары арасында тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды.Ашық диалог форматы конструктивті талқылауға мүмкіндік беріп, кәсіпкерлер мен аудан тұрғындарының жаңа салықтық ережелерге алдын ала бейімделуіне жағдай жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1084476?lang=kk
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді 15.10.2025
Алматы облысы Іле ауданының Еңбек ауылында заманауи фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды және қаржыландыру мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылды.Жалпы ауданы 612 шаршы метрді құрайтын жаңа медициналық пункт Еңбек ауылының және Алатау қаласының іргелес аумақтарындағы 900-ге жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Мұнда фельдшер, акушер, санитар және күзетші жұмыс істейді. Ғимарат заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, науқастарды қабылдауға және медицина қызметкерлерінің жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған.Жаңа ФАП-тың ашылуы ауыл тұрғындарына уақытылы әрі сапалы алғашқы медициналық көмек алу мүмкіндігін кеңейтеді.Облыс әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, осындай жобалардың жүзеге асырылуы ауылдық жерлердегі медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырып, алғашқы медико-санитарлық көмек жүйесін нығайтуға жол ашады.«Біз мемлекетке қайтарылған активтердің нақты нәтижесін көріп отырмыз. Бұл қаражаттар әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағытталып жатыр. Еңбек ауылындағы жаңа ФАП – осының жарқын мысалы. Қайтарылған ресурстар халық игілігіне жұмсалып, жергілікті өмір сапасын арттыруға қызмет етуде», – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.Нысанның құрылысы Алматы облысының құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша жүргізіліп, «АСК АуылҚұрылысы» ЖШС мердігер ұйымы тарапынан салынды.Аймақта мұндай бастамалар ауылдық инфрақұрылымды дамытуға және облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1084481?lang=kk
Еуропа Кеңесінің Венециандық комиссиясы заң үстемдігінің жол беру шарттарының жаңартылған бақылау тізімін қабылдады 15.10.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   2025 жылғы 9-10 қазан аралығында Италияның Венеция қаласында Еуропа Кеңесі жанындағы Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Венециандық комиссиясы) 144-ші пленарлық отырысы өтті. Шараға Комиссия мүшелері, конституциялық соттардың төрағалары мен судьялары, әділет министрліктерінің өкілдері, соның ішінде Қазақстан өкілдері, сондай-ақ 61 елден келген белгілі заңгерлер мен ғалымдар қатысты.Қазақстан Республикасынан бұл отырысқа Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова мен Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев қатысты.Венециандық комиссиясының мүшелері Венгрия мен Словакия конституцияларына өзгерістер енгізу туралы заң жобалары, Словакияда қоғамдық маңызы бар қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың қызметі, Сот билігінің жалпы кеңесінің мүшелерін сайлауға және Испанияда мэрлердің сотқа дейін қамауда ұсталуының жергілікті демократиялық басқаруға әсері, Грузиядағы шетелдік агенттерді тіркеу және олардың қызметі, Косово мен Солтүстік Македониядағы Прокурорлар кеңесінің жұмысы, Украинадағы судьяларға қатысты тәртіптік және өзге де сот рәсімдерін жетілдіру, сондай-ақ Перудегі прокуратура органдарындағы құқықтық реформалар мәселелеріне қатысты қорытындыларды талқылады.  Сонымен қатар, елдер ұсынған заң жобалары бойынша ұсынымдық қорытындылармен қатар, Комиссия Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа арналған Amicus Curiae түріндегі сараптамалық қорытындыларды да қарастырды. Атап айтқанда, «Грузияның жас заңгерлер қауымдастығы және басқалар Грузияға қарсы» ісі бойынша, сондай-ақ Армения Республикасының Қылмыстық кодексінің 236-бабының құқықтық анықтығы тұрғысынан еуропалық стандарттарға сәйкестігіне қатысты пікірлер ұсынылды. Бұдан бөлек, Венециандық комиссиясы Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Соттың Grande Oriente D’Italia Италияға қарсы ісі бойынша парламенттік тергеу комиссияларының өкілеттіктерін жүзеге асыру кезіндегі рәсімдік кепілдіктерге қатысты жедел қорытындыны талқылады.Отырыста Венециандық комиссиясы алғаш рет 2016 жылы қабылданған Құқық үстемдігі қағидаттарының бақылау тізімінің жаңартылған нұсқасын қарастырды.Венециандық комиссия атап өткендей, «құқық үстемдігі» ұғымы - бұл заң жүйесінің айқын әрі болжамды болуын, әрбір азаматтың билік өкілдерінің тарапынан заңға сәйкес қадірлі, тең және әділ қатынасқа ие болуын, сондай-ақ олардың шешімдерін тәуелсіз әрі бейтарап соттарда әділ сот талқылауы арқылы даулауға құқығы бар екенін білдіреді.Құқық үстемдігі өлшемдерінің жаңартылған тізімі жаңа сын-қатерлер мен жедел цифрландыру үдерістерін ескере отырып әзірленген және бұл ұғымды дұрыс әрі бірыңғай түсіну, талқылау және қолдануға жәрдемдесуді мақсат етеді.Отырыстың аясында Венециандық комиссиясының мүшелері Еуропа Кеңесінің Адам құқықтары жөніндегі комиссарымен және Еуропалық комиссияның Сот төрелігі және тұтынушылар мәселелері жөніндегі Бас директораттың (DG JUST) бас директорымен пікір алмасты.Бұдан өзге, елдердің Комиссиямен ынтымақтастығы, конституциялық бақылау саласындағы тәжірибе алмасу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және адам құқықтарын қорғау, сондай-ақ, өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды.Қазақстанның мұндай халықаралық шараларға қатысуы еліміздің ұлттық құқықтық жүйесін жетілдіруге және қабылданған міндеттемелерге сәйкес демократиялық институттарды нығайтуға деген ұмтылысын тағы бір рет айғақтайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1084517?lang=kk