Қоғам
Алматыда «БҰҰ Моделі – 2025» аясында БҰҰ-ның 80 жылдығы аталып өтті 14.10.2025
2025 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі Басшысының орынбасары Рашид Еришев Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған «Халықаралық БҰҰ Моделі–2025: Бейбітшілік үшін бірігіп - болашақты бірге құрамыз» конференциясына қатысты.Іс-шараға дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық ұйымдар мен студенттер қатысты. Конференция қазақстандық жастардың бейбіт әрі әділетті болашақты қалыптастыру үшін инновациялық шешімдер әзірлеуге жоғары қызығушылығын көрсетті.Сонымен қатар, Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясында Қазақстан Президентінің негізгі тезистеріне ерекше назар аударылды. Алматы қ. Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттар жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығының рөлі жеке атап өтілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1074664?lang=kk
Қостанайда «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздары марапатталды 14.10.2025
24 қыркүйек күні IQostanay оқушылар сарайында республикалық «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының өңірлік кезеңі жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Қатысушыларды Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Ғизатқызы құттықтады.«Еңбекқорлық, кәсібилік пен адал еңбек – кез келген қоғамдағы прогресс пен құрметтің негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің дамуына еңбек адамының қосқан үлесін мойындаудың маңыздылығын үнемі атап өтеді. Бұған дәлел – биылғы жылдың Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жариялануы. Бұл күн сайынғы еңбегімен, жауапкершілігімен, кәсібіне деген сүйіспеншілігімен өмірімізді жақсартып, елімізді нығайтып жүрген адамдарға көрсетілген құрмет», – деді өз сөзінде Гүлбарам Ғизатқызы. «Еңбек жолы» — сабақтастық, құрмет және мамандыққа деген мақтаныш«Еңбек жолы» байқауы еңбек әулеттері, тәлімгерлер мен жас мамандардың тарихын баяндайды. Биыл оған облыстың 26 кәсіпорын қызметкері қатысты. Жеңімпаздар үш аталым бойынша анықталды:«Үздік еңбек әулеті» — Рудный қаласынан Сазоновтар әулеті жеңімпаз атанды. Бұл әулеттің бірнеше буыны бір іске өмірін арнап, тәжірибе мен құндылықтарды, кәсібіне деген сүйіспеншілікті ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді. Әулеттің ССТӨБ жалпы еңбек өтілі – 225 жыл.«Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» — Қостанай қаласынан Фасхутдинов Ришат Изахович. Ол өз міндетін абыроймен атқарып қана қоймай, «ҚЖЭК» МКК жас әріптестерінің өсіп-дамуына көмектеседі.«Өндірістің үздік жас қызметкері» — Жітіқара қаласынан Арстамбаев Асылбек Ербулатович.. Оның табысқа деген ұмтылысы, еңбекқорлығы мен кәсібилігі қатарластарына үлгі болды.Асылбек Арстамбаевтың айтуынша: «Мен электромонтер мамандығын таңдадым, себебі бұл маған қызық. Маған қолмен жұмыс істеп, техниканы зерттеу, жабдықтарды қосу ұнайды. Бұл мамандық әрқашан қажет болады – электр қуаты барлық жерде бар: үйде, жұмыста, өндірісте. Сонымен қатар электромонтер – адамдардың қауіпсіздігіне жауапты, үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс». Жеңімпаздарға естелік мүсіншелер мен ақшалай сыйлықтар табысталды, ал барлық қатысушылар дипломдармен және өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.«Парыз» — әлеуметтік бизнес пен адамдарға қамқорлық туралы«Парыз» байқауы тек пайда табуды ғана емес, сондай-ақ маңызды әлеуметтік миссияны да мойнына алатын қамқор кәсіпорындарды атап өтеді. Биыл оған өңірдің 8 жұмыс берушісі қатысты, олардың әрқайсысы құрметке лайық.Жеңімпаздар төмендегідей аталымдар бойынша анықталды:«Әлеуметтік жауапкершілігі ең жоғары кәсіпорын» — Қостанай ауданынан «Белозерка 2030» ЖШС. Компания тек бизнес жүргізіп қана қоймай, адамдар мен жергілікті қауымдастыққа қамқорлық жасайды.«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» — Жітіқара ауданынан «Қостанай минералдары» АҚ, мұнда қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі әрдайым басты орында.«Үздік ұжымдық шарт» — Қостанай қаласынан «Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» МКК. Мұнда еңбек ұжымы тұрақтылықты, қолдауды және құрметті сезінеді.«Экологияға қосқан үлесі үшін» — Рудный қаласынан «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, кәсіпорын экологиялық жауапты тәжірибелерді белсенді енгізуде. Бұл байқаулар – өңірдің әр жетістігінің артында адамдар тұрғанын еске салатын маңызды шара. Еңбек ететін, шабыттандыратын, тәлім беретін және қамқорлық көрсететін адамдар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1074669?lang=kk
Пойыздан декларацияланбаған шетел валютасы табылды 14.10.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Бейнеу» кеден бекетінің қызметкерлері кеден шекарасы арқылы шетел валютасын декларацияламай алып өту фактілері бойынша әкімшілік материалдар жасады. Ақша «Волгоград – Ташкент» бағытындағы жолаушылар пойызына шекаралық бақылау жүргізу барысында анықталды. 1967 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы М. кеден шекарасы арқылы декларациялауға жататын 20 000 АҚШ долларын кеден органына хабарламай өткізген.Аталған факт бойынша Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық сотының қаулысымен М. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 551-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 343 350 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.10 000 АҚШ доллары мемлекет кірісіне тәркіленіп, 10 000 АҚШ доллары сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін азамат М.-ға қайтарылатын болды. 1970 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматшасы А. да кеден шекарасы арқылы декларациялауға жататын 17 600 АҚШ долларын хабарламай өткізген.Бұл факт бойынша Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық сотының қаулысымен А. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 551-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 020 946 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.7 600 АҚШ доллары мемлекет кірісіне тәркіленіп, 10 000 АҚШ доллары сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін азаматша А.-ға қайтарылатын болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1074675?lang=kk
Су саласын цифрландыру, үнемдеу және мамандар дайындау: СРИМ мен Power China өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды 14.10.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Қытайдың Power China компаниясы су шаруашылығы саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Құжатқа Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров пен Power China International директорлар кеңесінің хатшысы, Еуразиялық өңірлік штабтың вице-президенті Го Цзюньи қол қойды.Құжат гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту және ирригациялық жүйелерді реконструкциялау, бірлескен бағдарламалар арқылы кәсіби кадрларды даярлау және тәжірибе алмасу, су шаруашылығын цифрландыру, инвестициялар тарту, суды үнемдеу және ресурстарды тиімді пайдалану, ғылыми зерттеулер мен техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ жерасты суын басқару саласындағы мамандар үшін оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастыру сияқты бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамытуды көздейді.«ҚХР Сауда министрлігіне, Су шаруашылығы министрлігіне және Power China компаниясына Қазақстанның су саласы мамандарына арналған оқу курстарын ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Биыл оқуға төрт топ қатысып, барлығы 125 маман біліктілігін арттырды. Қол қойылған меморандум аясында бұл ынтымақтастық жалғасын тауып, алдағы уақытта да су саласы қызметкерлері үшін осындай тренингтер өткізіледі деп үміттенеміз», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.Айта кетейік, келесі жылы Қытайда тағы 200 қазақстандық маман біліктілікті арттыру курстарынан өтеді деп жоспарланып отыр. Биылғыдай, барлық шығынды қытайлық тарап өз мойнына алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-vod-irrigation/press/news/details/1074683?lang=kk
«Айбалта – 2025» оқу-жаттығуы: әскери қызметшілер Ашық есік күнін өткізді 14.10.2025
«Айбалта – 2025» жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында 99116 әскери бөлімінің басшылығы білім беру мекемелерінің оқушылары үшін әскери бөлімге экскурсия ұйымдастырды.Әскери борыш алдындағы жастармен кездесу Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы 99116 әскери бөлімінің аумағында өтті.– Біз мектеп оқушыларын, студенттерді және жас жұмысшыларды әскери бөлімге шақырдық. Мақсатымыз – олардың армия өмірімен танысуына мүмкіндік беру, сарбаздардың оқу процесі қалай ұйымдастырылғанын, дене шынықтыру және демалыс жағдайлары қалай жасалғанын көрсету. Болашақта олар да әскери мамандықты таңдауы мүмкін, – деп атап өтті ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев.Қонақтар әскери нысанды аралау барысында заманауи қару-жарақ пен әскери техника үлгілерімен танысты. Сондай-ақ, оларға жауынгерлік дайындық элементтері көрсетілді.Жастар әскери қызметшілермен тілдесіп, сұрақтар қойып, Отан қорғаушы миссиясына дайындық бойынша практикалық кеңестер алды.Іс-шараның мақсаты – әскери борыш алдындағы жастардың патриоттық сезімін қалыптастыру, әскери қызметтің беделін арттыру және армия мен қоғам арасындағы байланысты нығайту.Бұл кездесу арқасында мектеп оқушылары армиядағы қызметтің мәнін, сондай-ақ Отан алдындағы борышын өтеген азаматтарға берілетін жеңілдіктерді нақты түсіне алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1074696?lang=kk
Облыстағы жолдардың құрылысы мен қайта жаңғыртылуы 14.10.2025
Қостанай облысының автожол саласына 2025 жылға арналған бюджеті – 102 млрд теңге. Оның ішінде:республикалық маңызы бар жолдарға – 47 млрд теңге,жергілікті жолдарға – 20 млрд теңге,межбюджеттік трансферттерге – 35 млрд теңге. Биыл жалпы пайдаланымдағы 1 300 шақырым автожолды (104 учаске) және 103 елді мекендегі 400-ден астам көшені жөндеу жоспарланып отыр. Алғаш рет 57 ауылға кіреберіс жолдарда күрделі жөндеу жұмыстары басталды, бұрын мұнда тек ағымдағы күтім жүргізілген еді. Ауылдық жерлердегі көше-жол желісін дамыту:98 ауылдағы 293 көше учаскесіне алғаш рет асфальт төселмек.Ауылдарда жаяу жүргіншілерге арналған тротуарларды салу облыстық бюджет есебінен қаржыландырылуда. Барлық шаралар ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Соңғы үш жылда (2022–2024) облыстың автожол саласына 120 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 1 900 шақырымға жуық жергілікті маңызы бар жолдар және елді мекендердегі 923 көше учаскесі жөнделді. Жұмыстардың сапасын бақылау:«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қостанай филиалының қызметтеріне 442 млн теңге бөлініп, барлық жобалар 100% сапа сараптамасымен қамтылды.440 тексеріс жүргізіліп, 949 сынама алынды. Мердігерлер сапасыз орындалған жұмыстарды өз есебінен қайта жасап, оның құны 88,1 млн теңгені құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1074706?lang=kk
Ұлттық экономика министрлігі: Қазақстан экономикасы тұрақты өсім көрсетуде 14.10.2025
ҚР ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасеновтің айтуынша, ағымдағы жылдың 8 айында ЖІӨ-нің өсімі 6,5%-ды құрады, оның ішінде нақты сектор 8,8%-ға, қызмет көрсету саласы 5,1%-ға өсті. Ең жақсы көрсеткіштерді көлік қызметтері, құрылыс, сауда, сондай-ақ тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы көрсетуде. «Негізгі капиталға салынған инвестициялар 14,3%-ға өсіп, 11,5 трлн теңгеге жетті. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда НКИ өсімін қаржылық және сақтандыру қызметі – 204 %, білім беру – 193%, өңдеуші өнеркәсіп – 134%, ауыл шаруашылығы – 129%, көлік – 115%, денсаулық сақтау – 115%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 111% көрсетті», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында. 2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға ТШИ жалпы ағыны 6,6 млрд долларды құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2 %-ға артық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1074728?lang=kk
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 14.10.2025
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 «Бақылау-кассалық машиналарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына 2025 жылғы 14 наурызда енгізілген өзгерістерге сәйкес, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардан фискалдық деректер операторларының серверіне деректерді беру жөніндегі 2.0.3 нұсқалы Протоколы әзірленгені туралы ақпараттандырады.🔸2025 жылғы 20 маусымда 2.0.3 нұсқалы Протоколы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми интернет-ресурсында https://kgd.gov.kz/sites/default/files /KGD/UGU/protokolperedachidannyh_2_0_3_operator.docx жарияланған.🔸2.0.3 нұсқалы Протоколында БКМ-ді ұлттық тауарлар каталогына автоматты түрде қосу және БКМ-нің нақты орналасқан жерін анықтайтын ФДО тарапынан геолокацияны айқындау сервисі көзделген.🔸Осыған байланысты, 2.0.3 нұсқалы Протоколына көшу мерзімі келесідей белгіленген:– аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын БКМ қолданатын салық төлеушілер БКМ функцияларын 2025 жылғы 15 қазанға дейін 2.0.3 нұсқасы Протоколына сәйкес қайта бағдарламалауы қажет;– деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы (темір касса) түріндегі БКМ қолданатын салық төлеушілерге 2025 жылғы 15 қарашаға дейін қайта бағдарламалау қажет.🔸2025 жылғы 17 қарашадан бастап ФДО-ның 2.0.2 нұсқасы Протоколын ажырату жоспарлануда екенін қосымша хабарлаймыз.🔸Бүгінгі күні ФДО тізімінде 10 заңды тұлға бар: «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Kaspi Bank» АҚ, «IT ANALYTICS» ЖШС, «Бухта.кз» ЖШС, «Smartcontract» ЖШС, «Jusan Mobile» АҚ, «Comrun» ЖШС, «Вайпоинг» ЖШС.🔸Сонымен қатар, аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын БКМ-нің жаңартылуы техникалық қызмет көрсету орталықтарына жүгінбей-ақ автоматты түрде жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1074757?lang=kk
Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту үшін инвесторларды қолдаудың жаңа тетіктері енгізілуде 14.10.2025
ҚР ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов ОКҚ алаңында атап өткендей, Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің рөлі күшейтілді, оның өкілеттіктері инвестордың барлық қажетті рәсімдерден жедел және оңайлатылған түрде өтуіне мүмкіндік береді. Өңірлік инвестициялық штабтар құрылды. «Құны 54 млн АҚШ долларынан асатын басым салалардағы инвестициялық жобалар үшін 25 жыл ішінде ҚР заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беретін Инвестициялар туралы келісім жасасу мүмкіндігі берілді. Бұл құрал мемлекеттік қолдаудың түрлі шараларын құрылымдауға икемді және жеке тәсілді қамтамасыз етеді», - деді спикер.Сонымен қатар, инвестициялық циклды толық сүйемелдеу мақсатында инвесторларды іздеуден бастап жобалардың аяқталуына дейін «инвестордың жолын» регламенттеу бойынша жұмыс жүргізілді, ол Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада (ҰЦИП) қадағаланатын болады. Бақылаушы мемлекеттік органдар тарапынан бизнеске қысымды барынша азайту тетігі енгізілді. Енді инвесторларға қатысты барлық шешімдер мен шектеу шаралары прокуратурамен келісілуге тиіс. Экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшін Fast Track немесе «жасыл дәліз» жүйесі жұмыс істейді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1074766?lang=kk
ҚР жаңа Салық кодексі ҚР резиденттері үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын ұстауды жояды. БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар 14.10.2025
1. Қазіргі уақытта Қазақстанда зейнетақының қай бөлігіне салық салынады, ал қайсысына салық салынбайды?Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен берілетін зейнетақы төлемдеріне салық салынбайды, ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін төлемдерге салық салынады. Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері төлем көзінен 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын кіріске жатады. Яғни, зейнетақы жарналары жеке зейнетақы шоттарына салық салынғанға дейін аударылады. Ал ЖТС төлемдер жасалған кезде ұсталады. ЖТС міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен жиынтық түрде ұсталады. Бұл ретте түзету және салық шегерімдерінің сомалары ескеріледі. Алайда, бұл норма тек 2025 жылдың соңына дейін күшінде болады. Естеріңізге сала кетейік, жаңа Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және оған сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінен ЖТС ұсталмайды. 2. ҚР жаңа Салық кодексіне зейнетақы төлемдеріне салынатын жеке табыс салығына (ЖТС) қатысты қандай өзгерістер енгізілді?ҚР жаңа Салық кодексіне сәйкес, алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын жағдайларды қоспағанда, 01.01.2026ж. бастап жеке табыс салығы (ЖТС) зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен, сондай-ақ тұрғын үйге және/немесе емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінен (БЗТ) ұсталмайды. Сонымен қатар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үйге/емделуге БЗТ алып, одан ЖТС төлеу міндеттемесін кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алғанға дейін кейінге қалдырғандар, ол міндеттемеден босатылады. 3. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсталған ЖТС қайтарыла ма? Жаңа Салық кодексінің ережелерінде бұрын ұсталған ЖТС-ты қайтару көзделмеген.Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес тұрғын үйге/емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану кезінде ЖТС ұстау көзделген. Бұл ретте алушының таңдауына ЖТС ұстап қалудың екі жолы ұсынылады: БЗТ алған кезде бірден немесе зейнеткерлікке шыққанға дейін кейінге қалдыру. 01.01.2026 ж. бастап жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты салымшы ЖТС-ты бұған дейін төлеп қойған болса, ол қайтарылмайды. Ал кейінге қалдырылған ЖТС бойынша міндеттемелердің күші жойылады. Айта кетейік, 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінен және біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС есептеу, ұстап қалу және төлеу қолданыстағы режимде жүзеге асырылатын болады. 4. Егер алушы зейнеткерлік жасқа жеткен және ЖТС төлеп отырған жағдайда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖТС ұстап қалу жалғастырыла ма?Жаңа Салық кодексінің ережелері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдерін қоспағанда, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кірістерді жеке табыс салығынан босатуды көздейді. 5. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімдері туралы норма қалай өзгереді?Өзгерістер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз пайдасына жасалған ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімдерін жоюды қамтиды. Алайда, БЖЗҚ-дан берілетін төлемдердің басқа түрлері сияқты ЕЗЖ есебінен жасалатын төлемдер де ЖТС-тан босатылады. Бұл ретте салық агентінің БЖЗҚ-ға қызметкердің пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның табысы болып саналмайтындықтан, оған ЖТС салынбайды, ал жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерілуге жатады деген норма сақталады. Яғни, бұл жағдайда қызметкер де, жұмыс беруші де салық жеңілдіктерін алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1074771?lang=kk
Шымкент қаласы бойынша МКД салықтардың, төлемдерді 14.10.2025
Шымкент қаласы бойынша МКД салықтардың, төлемдердің (есептелуге жатпайтын алымдар мен төлемдерді қоспағанда), өсімпұлдардың, айыппұлдардың қате, артық төленген (өндіріп алынған) сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүзеге асыру үшін салық төлеушілер салықтық өтіншті (ҚР ҚМ 12.02.2018ж. №160 бұйрығымен бекітілген 15 қосымша) табыс ететінін еске салады.Салықтық өтінішті уәкілетті органның растайтын құжатын қоса Мемлекеттік корпорация (ХҚКО), «Электронды үкімет» egov.kz веб-сайты, «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы және мобильді қосымша (E-salyk Azamat, egov.kz mobile) арқылы ұсынады.Мемлекеттік кірістер органы органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың, айыппұлдың қате, артық төленген (өндіріп алынған) сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды мынадай тәртіппен: - жеке шоттарды жүргізу орны бойынша – осындай жеке шоттардың мәліметтері негізінде;- жеке шоттар жүргізілмейтін бюджетке төленетін төлемдерді төлеу орны бойынша – тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген не электрондық база арқылы және (немесе) қағаз жеткізгіште алынған, жүзеге асырылуы үшін бюджетке төлемдерді төлеу көзделген әрекеттердің жасалмағанын растайтын, салық төлеуші ұсынған құжаттардың негізінде жүргізеді.Сондай-ақ, есепке жатқызуға және қайтаруға өтінішті «е-Өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеудің бірыңғай платформасыарқылы жіберуге болмайтынына назар аударамыз, «е-Өтініш» платформасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1074773?lang=kk
Қаламунда Қазақстанға қызығушылық танытты 14.10.2025
24 қыркүйекте Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы болу елінің солтүстігіндегі Қаламун қаласына арнайы сапармен барып қайтты. Осында өткен кездесуде шаһардың әкімі Рауад Әл-Хелу Мұсылман әлеміндегі Қазақстан сынды өзіндік орны мен ықпалы бар елмен жан-жақты ынтымақтастық құруға құлшыныс танытты. Өз кезегінде тарихи тұрғыдан Ливандағы сауда және мәдени орталықтардың бірі саналатын Қаламун бүгінде саяхатшылық, қолөнер, ауылшаруашылық өнімдерін шығару, сондай-ақ ғылым мен білім салаларында айтарлықтай жетістіктерімен белгілі. Өз кезегінде Қазақстанның дипломаты еліміздің сан салалы мүмкіндіктері, екіжақты ықпалдастықты алға бастыру ісіндегі басым бағыттар бойынша ақпаратпен бөлісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1074776?lang=kk
Палестина Елшісімен кездесу 14.10.2025
24 қыркүйекте Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы осы елдегі Палестинаның жаңадан тағайындалған Елшісі Мұхамед Әл-Асаадпен жүздесті. Жылы шырайда өткен сұхбат барысында екі елдің арасындағы тарихи һәм бүгінгі замандағы байланыстары сөз етілді. Бұл ретте Қазақстан мемлекеттік егемендігін жариялаған бойда біздің елге қолдау көрсетіп сапар шеккен Араб әлемінің тұңғыш жоғары деңгейлі өкілі Палестина көсемі Ясир Арафат болғаны атап өтілді. Сондай-ақ палестиналық дипломат өз халқының Израильмен шиеленісте көріп жатқан тауқыметі жайлы әңгімелей келе, бүгінде оның заңды мемлекеттігін мойындап отырған елдердің тізімі кеңейіп жатқаны зор үміт тудыратынын жеткізді. Бұл ретте Мұхамед Әл-Асаад Палестина түйткілін бейбіт жолмен шешу бойынша, оның ішінде Газа секторында орын алған гуманитарлық дағдарысты күттірмей тарқатуға қатысты ресми Астананың берік те әділетті тұғырына ризашылық танытты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1074781?lang=kk
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою бойынша 14.10.2025
2025 жылғы 25 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті арасында Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.Қол жеткізілген келісім Мемлекет басшысының болжамдық-талдамалық қызметін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын іске асырудағы тағы бір қадам болып табылады.Құжатқа Университет ректоры Жансейіт Түймебаев пен Бас прокуратура комитетінің Төрағасы, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Сәбит Нұрлыбай қол қойды.Меморандум қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау және қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін анықтау бойынша инновациялық шешімдерді дамыту мақсатында құқық қорғау органдары мен академиялық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді көздейді.Ағымдағы жылдың маусым айында өткен құқық қорғау органдарының алқа отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде құрылған құқық қорғау органдарының тәжірибесіне ғылыми зерттеулер мен заманауи технологияларды енгізу алаңы болып табылатын Комитеттің жаңа бөлімшесі – Қылмыстық қауіптер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығының қызметіне ерекше назар аударылады.Комитет Төрағасы Сәбит Нұрлыбай: «Комитет қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау міндеттерін орындай отырып, технологиялық құралдар мен зерттеу әдістерін бір мезгілде қолдану қажеттілігіне тап болуда.Олардың тиімділігі ғылыми негізге, олардың дамуы тереңдігі мен сапасына байланысты.Бұл жерде біз университеттің рөлін көреміз.Комитет қазірдің өзінде Мақсұт Нәрікбаев атындағы университеті, Астана халықаралық университеті, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті сияқты еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен және Әділет министрлігінің Заңнама институтымен меморандумдарға қол қойды.Біз үшін университет ғылыми қызметкерлерінің Болжау орталығының прокурорларымен бірлесіп жұмыс істеуі маңызды.Ынтымақтастық Комитеттің үлкен деректерін академиялық ортаның әдістемелік сараптамасымен біріктіруге және құқық қорғау органдарының жұмысында қолданылатын үлгілерді жасауға мүмкіндік береді» – деп атап өтті.Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, Комитет пен университет тәжірибелік қажеттіліктерге бағытталған қылмысты болжау бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастайды.Бұл, университетке ғылыми-зерттеу базасын кеңейтуге және жаңартуға, ал Комитетке – ғылыми негізделген озық әзірлемелерді енгізуге мүмкіндік береді.Меморандумның жеке бағыты Қылмыстық қауіптерді болжау орталығының жобаларына соңғы курстардың студенттерін тартумен байланысты. Болашақ мамандар тәжірибеден өтіп, мемлекеттік органда бірегей тәжірибе жинақтап, талдамалық құралдардың дамуына үлес қоса алады.Ынтымақтастықтың стратегиялық нәтижесі — «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру үшін құқық қорғау және уәкілетті органдарының талдамалық жұмысында сұранысқа ие болатын қылмысты болжау үлгілері мен ерте алдын алу жүйелерін әзірлеуге қабілетті жаңа талдамалық мектеп құру. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1074816?lang=kk
Өскемен қалалық мәслихатында «Мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желілердің ақпараттық қауіпсіздігі» тақырыбында жалпыға бірдей құқықтық оқыту өтті. 14.10.2025
Іс-шараның мақсаты - ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында құқықтық және цифрлық сауаттылықты арттыру.Кездесу аясында қатысушыларға:- дербес деректерді қорғау тәсілдері туралы;- мобильді құрылғыларды және тегін Wi-Fi кіру нүктелерін пайдалану кезіндегі сақтық шаралары туралы;- әлеуметтік желілердегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы;- жеке аккаунттарды бұзудан қорғау туралы;- күрделі құпия сөздерді және екі факторлы аутентификацияны қолданудың маңыздылығы туралы айтылды.Мұндай іс-шаралар цифрлық ортада жауапты және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде ықтимал қауіптер туралы хабардар болу деңгейін арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1074824?lang=kk
Қазақстан мен БАӘ құқықтық саладағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады 14.10.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 24 қыркүйек – Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек БАӘ Бас прокуроры Хамад әл-Шамсимен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар өзара экстрадициялау және құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды орындау жөніндегі ықпалдастықтың тиімділігін арттыру мақсатында салалық ведомстволар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.Қазақстандық дипломат қылмыстық істер бойынша адамдарды ұстап беру және құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды орындау кезінде заңдылықтың сақталуына жауапты негізгі ведомство ретіндегі БАӘ Бас прокуратурасының ерекше рөліне назар аударып, көмек көрсетіп жатқаны үшін Хамад әл-Шамсиге алғыс білдірді.Өз кезегінде, Х. әл-Шамси Қазақстан тарапына қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1076268?lang=kk
Қазақстанның Тұрақты өкілі М.Тілеуберді Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің жаңа басшысы А.Роговпен кездесті. 14.10.2025
Вена, 2025 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Венадағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астанадағы Бағдарламалар офисінің жаңа басшысы Алексей Роговпен кездесті.Елші М.Тілеуберді А.Роговты жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Бағдарламалар офисінің Қазақстанға ЕҚЫҰ-ның міндеттемелерін іске асыруына көмектесудегі, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» құруға бағытталған реформалары мен бастамаларын қолдаудағы жұмысын жоғары бағалады.Өз кезегінде А.Рогов қабылдаушы елдің басымдықтары мен мүдделерін ескере отырып, ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін Орталық Азиядағы жұмысында жинақтаған тәжірибесін қолдануға дайын екенін атап өтті.Тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы өзара іс-қимылдың басым бағыттарын, олардың даму перспективаларын талқылап, белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1074442?lang=kk
Консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті 14.10.2025
Қала әкімінің орынбасары М. М. Шуленовтың төрағалығымен консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті.Күн тәртібінде қаралған мәселелер:ҚАЖ мекемелерінің (№38, №40, №76) жұмысы;Қала полициясын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету (бейнетіркегіштер, терминалдар);Сотталғандарды бейімдеу орталығына орналастыру мәселелері;Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1074464?lang=kk
Мемлекет басшысы Goldman Sachs Global Institute компаниясының жаһандық мәселелер бойынша президенті Джаред Коэнмен кездесу өткізді 14.10.2025
2025 жылғы 21 қыркүйек, Нью-Йорк қ. – Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық Goldman Sachs жетекші инвестициялық банкінің Қазақстан Ұлттық банкімен ұзақ мерзімді серіктестік орнатқанын атап өтіп, ықпалдастық деңгейіне жоғары баға берді.Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық Goldman Sachs жетекші инвестициялық банкінің Қазақстан Ұлттық банкімен ұзақ мерзімді серіктестік орнатқанын атап өтіп, ықпалдастық деңгейіне жоғары баға берді.Мемлекет басшысының айтуынша, толық цифрлық мемлекетке айналуды көздейтін Қазақстан жасанды интеллект, қаржы экожүйесін цифрландыру салаларындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытады.Ал Джаред Коэн Goldman Sachs Digital Asset Platform цифрлық қаржы тұғырнамасының тәжірибесіне тоқталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1074466?lang=kk
Президент Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскиді қабылдады 14.10.2025
2025 ж. 22 қыркүйек, Нью-Йорк қ. – Президент Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскиді қабылдады.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Amazon компаниясының аға вице-президенті, жаһандық және құқықтық мәселелер жөніндегі бас директоры Дэвид Запольски цифрландыру, байланыс және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықтың жай-жапсарын талқылады.Президент Amazon компаниясының еліміздің Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен, сондай-ақ «Қазақтелеком» компаниясымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарына қолдау білдірді.Ынтымақтастық Қазақстан аумағындағы жылдамдығы жоғары интернетті қамтамасыз ету және киберқауіпсіздікті нығайту секілді стратегиялық маңызды бағыттарды қамтиды.Amazon тек елімізге қатысты жобаларды жүзеге асырумен шектелмей, Қазақстанды спутниктік байланыстың өңірлік хабын қалыптастыруға болатын алаң ретінде қарастырып отыр.Қазақстан Президентінің Нью-Йоркке жұмыс сапары аясында «Қазақтелеком» және Amazon Kuiper компаниялары Kuiper спутник желісінің қызмет көрсетуіне қатысты дистрибьюторлық келісімге қол қойды.Соған сай Amazon Kuiper компаниясы Алматы, Ақкөл және Ақтау қалаларында өзінің жердегі инфрақұрылымын жасақтауды көздейді. Бұл жобаға 200 миллион долларға жуық инвестиция салу жоспарланған.Аталған бастама Мемлекет басшысының цифрлық инфрақұрылымды дамыту және еліміздің барлық өңірі үшін заманауи телекоммуникация қызметіне теңдей қол жеткізу тапсырмасын орындау аясында іске асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1074470?lang=kk