Қоғам
Медицина қызметкері күніне орай марапаттау 21.06.2025
Медицина қызметкері күні мерекесіне орай, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы А.М.Латыпова салтанатты іс-шарада ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасының атынан Құрмет грамотасымен М.М.Бердибаева және Алғыс хатымен Е.Е.Рейс марапатталды.Департамент басшысы өз құттықтауында ұлт денсаулығын нығайту біздің мемлекетіміздің маңызды басымдығы болып табылатынын және осы еңбекті қажет ететін үдерістің барлығы, сөзсіз, еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде еңбек ететін адамдардың қолында екенін атап өтті. Департаменттің барлық ұжымына үлкен алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-aktobe/press/news/details/1017696?lang=kk
«Қаздар қонысы» табиғи ескерткішінің қазіргі жағдайына мониторинг 21.06.2025
2025 жылғы 11 маусымда республикалық «Туристік және мәдени-тарихи нысандардағы қоғамдық эко-бақылау» акциясы аясында Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері – Әбетжанов Д., Бексейітова Б., Корепанов Д., Регатунова М. Демеуов Б.-нің төрағалығымен ғылыми қауымдастық пен сарапшылар тобының өкілдерімен бірге «Қаздар қонысы» табиғи ескерткішінің жағдайына мониторинг жүргізді.Белгілі болғандай, жыл сайынғы көктемгі тасқын кезінде Ертіс жағалауындағы жер қойнауынан ежелгі жануарлардың сүйектері ашылады.Сарапшылар тобының мүшелері ерекше атап өткендей, ұзындығы шамамен 400 метр болатын және бірегей экспонаттар шоғырланған аумақты сақтау бүгінде аса маңызды. Себебі соңғы 20 жылда Ертістің көктемгі су тасқындары нәтижесінде «Қаздар қонысы» жеріндегі сүйек қабатының үштен бірі шайылып кеткен. Қазіргі кезде бұл табиғи ескерткішті сақтау жұмыстарының шектелуіне оның мәртебесі себеп болып отыр – бұл мәртебе ешқандай әрекетке рұқсат бермейді. Сарапшылардың айтуынша, жағалауды сақтау үшін табиғи ескерткіштің мәртебесін өзгерту қажет.«Біз бұл ескерткішті жоғалтып жатырмыз. Зерттеу басталғаннан бері осы ескерткіштің 30%-ын жоғалттық. Бұл – өзеніміздің әсерінен. Сондықтан қазіргі уақытта бұл ескерткіштің мәртебесін өзгерту мәселесі өткір тұр. Қазіргі «ерекше қорғалатын табиғи аумақ» мәртебесінде ешқандай жұмыс жүргізуге болмайды. Біз оны сақтау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізуге болатын басқа санатқа ауыстыруды ұсынып отырмыз», – дейді Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің экология және ТКШ мәселелері жөніндегі комиссиясының төрайымы Марина Регатунова.Ғалымдардың айтуынша: «Жағалауды бекіту қажет, ол шайылып кетпеуі үшін. Бұл аумақ үлкен емес, дегенмен табиғи ескерткішке лайықты келбет беру керек. Бұл ескерткіш – дүниежүзілік маңызы бар табиғи мұра. Әлемде оған ұқсас шамамен 20 орын бар. Бірақ дәл осындай, қаланың шекарасында орналасқан және бірегей қабатты кесіндісі бар орын – бұл жалғыз».Мониторингке қатысушылардың айтуынша, жағалауды сақтау үшін арнайы жобалар ұсынылып жатыр. Солардың ішінен ең қолайлысын іске асыру үшін табиғи ескерткіштің мәртебесін өзгерту туралы оң шешім қабылдау қажет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-obl/press/news/details/1017699?lang=kk
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес биыл Ұлытау облысындағы Жезқазған, Қаражал, Жаңаарқа және Қызылжар станцияларындағы 4 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жоспарланған 21.06.2025
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес биыл Ұлытау облысындағы Жезқазған, Қаражал, Жаңаарқа және Қызылжар станцияларындағы 4 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жоспарланған.Бүгінгі таңда Жезқазған қаласындағы вокзал бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен мердігер ұйым арасында теміржол вокзалын реконструкциялау жөнінде келісімшарт жасалды. Мердігер тарапынан техника мен мамандарды жұмылдыру жұмыстары басталды.Алдағы уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның мәліметінше, жобада жолаушыларға қажетті бөлмелері бар жаңа вокзал ғимаратын салу көзделген.Сонымен қатар, жолаушылардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында галерея салу және перронды кеңейту қарастырылған.Қаражал қаласы, Жаңаарқа ауданы және Қызыжар станциясындағы вокзалдарды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhezkazgan/press/news/details/1017706?lang=kk
Келешек мектептерінің құрылысы – бақылауда 21.06.2025
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Бөрлі ауданында үш жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда:🏫 Пугачев ауылында – 300 орындық, 🏫 Ақсай қаласының Ихсанов көшесінде – 300 орындық, 🏫 13-ықшамауданда – 900 орындық білім ордалары салынуда.Аталған нысандар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Мектептер заманауи инфрақұрылыммен жабдықталып, оқушыларға қолайлы және қауіпсіз оқу ортасын ұсынуға бағытталған.🔹 Құрылыс барысымен танысу мақсатында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Мендіғалиев, облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин нысандарды аралап, жұмыс сапасына назар аударды.🔸 Жаңа мектептер пайдалануға берілген соң, аудандағы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі шешімін тауып, сапалы білімге қолжетімділік артады деп күтілуде.#келешекмектептеріАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1017708?lang=kk
СҚО мектептерінің есепшілері мен директорларына әйелдер колониясына экскурсия ұйымдастырылды 21.06.2025
Петропавлда облыстың жалпы білім беретін мектептерінің есепшілері мен директорлары үшін әйелдерге арналған түзету мекемесіне — №50 мекемеге профилактикалық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру және СҚО әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық тапсырмасын орындау аясында өткізілді.Бастама бюджет қаражатын басқаруға жауапты тұлғалар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және білім беру саласындағы алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған.Экскурсия барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының құқықтық салдары, сотталғандардың ұсталуы жағдайлары туралы айтылып, нақты сот тәжірибесінен мысалдар келтірілді. Мұндай кездесулер қызметтік міндеттерді орындауда заң талаптарын сақтау мен жеке жауапкершіліктің маңыздылығын еске салады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1017710?lang=kk
Бәйтерек ауданындағы «Келешек мектептері» жобасы – қарқынды іске асуда 21.06.2025
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Бәйтерек ауданында екі жаңа білім ордасының құрылысы жүргізілуде:🏫 Достық ауылында – 1200 орындық мектеп. Бұл нысан заманауи пәндік кабинеттермен толық жабдықталып, білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.🏫 Пугачев ауылында – 300 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба апатты жағдайдағы мектептің мәселесін шешуге бағытталған.🔹 Құрылыс жұмыстарының барысымен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Мендіғалиев және облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин арнайы танысып шықты.🔸 Аталған нысандар іске қосылған соң, аудандағы білім беру инфрақұрылымының сапасы артып, оқушылар үшін қолайлы, қауіпсіз орта қалыптасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1017711?lang=kk
Әке деген ұлы есім... Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. 21.06.2025
Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды.Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке - асқар тау» деп бекер айтылмаған. Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары ұстауы керек. Әкені ардақтау - әркімнің міндеті, себебі әке бұл өмірде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады. Бүгін №7 орта мектебінде "Ғажайып әлем" лагерінде "15 маусым — әкелер күніне" орай топтар арасында "Әке тұлғасы" тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: сурет салу арқылы балалардың әкеге деген құрметі мен шексіз алғысын білдіру. Байқау нәтижесі бойынша "Ғарышкерлер" тобы 1-орын, "Табиғат" тобы 2-орын, "Алдар көсе" тобы 3-орынды иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bayzak-otdel-zanyatost/press/news/details/1017713?lang=kk
Оралда ашылатын жаңа мектеп – білім сапасына жаңа серпін 21.06.2025
Орал қаласының Жәңгірхан көшесінде 600 орындық жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүруде. Жоба «Келешек мектептері» ұлттық бастамасы аясында жүзеге асырылып, үш ауысымды оқыту мәселесін шешуді мақсат етеді.🔹 Құрылыс барысымен арнайы танысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Мендіғалиев пен облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин нысанның сапасы мен мерзімінде аяқталуын назарда ұстау қажеттігін атап өтті.🔸 Бұл мектеп іске қосылған кезде Орал қаласының білім инфрақұрылымына тың серпін беріп, оқушыларға заманауи, қауіпсіз және жайлы оқу ортасын ұсынатын болады.#келешекмектептеріАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1017714?lang=kk
🏇 СҚО Бәйгеден екі жүлделі орынға ие болды 21.06.2025
Бүгін Бескөлдегі ипподромда ұлттық ат спортының басты оқиғаларының бірі — бәйгеден ел чемпионатының 4-іріктеу кезеңі өтті. Қомақты жүлде қоры мен финалға жолдама үшін елдің мықты шабандоздары бақ сынасты.Солтүстік Қазақстан облысының намысын 13 спортшы қорғап, жорға жарысы бойынша екі солтүстікқазақстандық шабандоз жүлделі орындарға ие болды! 🥈 Әлия Тоқтасынова және Град Лок есімді аты — екінші орын🥉 Андрей Ровдо және Триумф есімді аты — үшінші орын. Бұл жеңістер — солтүстікқазақстандық спортшылардың жоғары деңгейде дайындалғанын және ұлттық спорт түрлерінде көшбасшы болуға деген ұмтылысын дәлелдейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1017715?lang=kk
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады 21.06.2025
Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Америка көшбасшысының жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы белсенді әрі прагматикалық қызметін жоғары бағалайтынын атап өтті. Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуды көздейтін ұстанымы үшін ризашылығын жеткізді.Сонымен қатар еліміздің Құрама Штаттармен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың деніне саулық және жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі.t.me/aqorda_resmiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1017716?lang=kk
ЖШС «Корпорация Казахмыс» Жыланды кенішінің директоры Байсадыков Нурболат Сайлауовичпен кездесті 21.06.2025
🔹ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында ЖШС «Корпорация Казахмыс» Жыланды кенішінің директоры Байсадыков Нурболат Сайлауовичпен кездесті.Кездесу барысында еңбек ұжымының құқықтарын сақтау, өндірістік қауіпсіздік, жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек жағдайлары, сондай-ақ еңбек дауларын шешу тетіктері бойынша бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.А.Б. Каримов еңбек заңнамасының сақталуына, жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен гигиена талаптарының орындалуына ерекше назар аударды. Өз кезегінде, Н.С. Байсадыков кеніш басшылығы тарапынан барлық заң талаптарының орындалатынын және жұмысшылардың құқықтарының бұзылуына жол берілмейтінін жеткізді.Кездесу қорытындысында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайту, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік әріптестікті дамыту мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1017717?lang=kk
«ҚазАгроҚаржы» өз лизинг бағдарламасын іске қосты 21.06.2025
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің компаниялар тобына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ өз қаражаты есебінен жаңа лизинг бағдарламасын нарыққа шығарды. Бағдарлама қажеттіліктері қолданыстағы жеңілдетілген бағдарламалардан асып түсетін ауыл шаруашылығы өндірушілеріне бағытталған. Жаңа өнім шаруаларға қазір қолжетімді.Бағдарлама «Бәйтерек» Холдингінің еншілес компанияларды қаржыландыру бағдарламалары бойынша мөлшерлемелерді біріздендіру жөніндегі жаңа стратегиясының шеңберінде әзірленді және жылдық 12,6% мөлшерлемені, 10 жылға дейінгі лизинг мерзімін және 15%-дан басталатын авансты көздейді. Қаржыландыру тек компанияның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады, бұл өнімді ағымдағы сұраныс жағдайында ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстарға өте икемді етпек.«Жаңа бағдарлама – нарық сұранысына біздің стратегиялық жауабымыз. Жеңілдетілген механизмдерден қалыс қалған бағыттар мен техника түрлері жетерлік. Оларды қаржыландыруға да қажеттілік сақталып отыр. Өз ресурстарымызды пайдалана отырып, біз мемлекеттік бағдарламалардан тыс қалғандар үшін қосымша мүмкіндіктерге жол ашып отырмыз. Бұл жеңілдетілген шешімдерге балама емес, оларды логикалық және дер кезінде толықтыру», - деп атап өтті «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев.Осылайша, бағдарлама шеңберінде 2025 жылы АӨК субъектілерінің кең ауқымын қамти отыра, 20 млрд теңге шамасында қаржыландыру жоспарланып отыр. Жаңа өніммен қатар, «ҚазАгроҚаржы» отандық техниканы жылдық 5%-бен лизингке берудің флагмандық жеңілдетілген бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда. 2025 жылы оған 200 млрд теңге бөлінді, қазірдің өзінде 76 млрд теңге сомасына 4 мыңнан астам техника сатып алу қаржыландырылды. Сондай-ақ, «Қазақстанда жасалған», 6%-бен «Жеңілдетілген лизинг», «Өз жем-шөбіміз» бағдарламалары да қолданыста, осы бағдарламалар бойынша қаржыландыру 18,5 млрд теңге көлемінде деп болжанған.Бұл құралдардың барлығы ауыл шаруашылығын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және отандық машина жасауды қолдауға бағытталған.Дереккөз: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/1017722?lang=kk
Қазақ күресінен облыс чемпионаты өтті 21.06.2025
11-13 маусым күндері Семей қаласында 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасындақазақ күресінен Абай облысының чемпионаты өтті.Бұл дода – болашақ чемпиондарды анықтайтын маңызды алаң болды. Жас балуандар бозкілемде өз күш-жігерін, техникалық дайындықтарын көрсетіп, нағыз ерік-жігер мен табандылықтың үлгісін көрсетті.Қазақ күресі – ұлт рухының айнасы!Балуандарымызға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1017723?lang=kk
Әке деген ұлы есім 21.06.2025
Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды.Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке - асқар тау» деп бекер айтылмаған. Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары ұстауы керек. Әкені ардақтау - әркімнің міндеті, себебі әке бұл өмірде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады. Бүгін №7 орта мектебінде "Ғажайып әлем" лагерінде "15 маусым — әкелер күніне" орай топтар арасында "Әке тұлғасы" тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: сурет салу арқылы балалардың әкеге деген құрметі мен шексіз алғысын білдіру. Байқау нәтижесі бойынша "Ғарышкерлер" тобы 1-орын, "Табиғат" тобы 2-орын, "Алдар көсе" тобы 3-орынды иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak-temirbek/press/news/details/1017712?lang=kk
Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының бірлескен тұрақты комиссиясы өтті 21.06.2025
Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының бірлескен тұрақты комисиясының кезекті отырысында 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп қаралды.Жиынды тұрақты комиссия төрайымы Фарида Жүнісова ашып, жүргізіп отырды.Алдымен «Облыстық бюджеттің атқарылуы, өңірдің салық-бюджет саясатының тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған негізгі бағыттарының іске асырылуы және даму жоспарының іске асырылуы туралы» облыс әкімінің міндетін атқарушы Н. Календеров баяндама жасады.«Облыстық бюджеттің атқарылуы туралы» облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Н.Тұрлыбек баяндады.Сондай-ақ, өңірдің даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізілуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы С. Назарбек кеңінен айтып өтті.Және тұрақты комиссия төрайымы Фарида Жүнісова «Облыстық бюджеттің атқарылуы туралы қорытынды баяндама жасап, жиынды қорытындылады.Жиын барысында депутаттар өткен жылдың бюджетінің атқарылуы және басқа да мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl/press/news/details/1017735?lang=kk
Қосшы қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен әкелер күні қарсаңында «OTBASY FEST» фестивалі өтті 21.06.2025
Отбасы құндылықтарын нығайту, әкенің бала тәрбиесіндегі маңызын арттыру, әкелер мен балалар арасындағы байланысты күшейту мақсатында өткен шараның маңызы ерекше.Байқауға қатысқан белсенді әкелер:- шеге қағу;- қымыз ішу;- пазл құрау;- атқа шалма салу;- арқан тартыс сияқты сайыстармен сынға түсті.🏆 Байқайдың жеңімпаздары дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.I -орын - Арасанбек отбасы;II -орын - Балғожиндер отбасы;III - орын - Мұратхан отбасы жеңіп алды.Сондай ақ белсенді қатысқандары үшін:🔸 Бейсенбаевтар отбасы🔸 Апакаевтар отбасы🔸 Жанаберген отбасы марапатталды.Байқауға “Өнер” жас талалантар академиясының директоры - Жанар Шалқарбекқызы, “Jana bastau” әлеуметтік экономикалық, қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы - Дәулетқали Асау және Тайтөбе ауылдық Мәдениет үйінің директоры - Айбек Кеңес төрелік етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1017728?lang=kk
Алматы әкімі №4 ауруханадағы қайта жаңғырту жұмысын уақытында аяқтауды тапсырды 21.06.2025
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміндегі қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Бұл - тәулік бойы үздіксіз қызмет көрсететін, Алматыдағы маңызды көпсалалы медициналық мекемелердің бірі. Қабылдау бөліміне тәулігіне орта есеппен 250-300 науқас түседі. Жылына клиникада 12 500-ге дейін ота жасалады. Мұнда 260 дәрігерді қамтыған жалпы саны 1118 қызметкер жұмыс істейді.Жаңғырту жобасы жалпы ауданы 7 мың шаршы метрге жуық 5 бөлім мен 4 блокты қамтиды. Негізгі мақсат - қабылдау бөлімін кеңейту, халықаралық triage-сұрыптау жүйесін енгізу, жаңа операциялық залдарды ашу, 12 төсектік шұғыл ОАРИТ бөлімін құру, сондай-ақ өңірлік травматология және ортопедия орталығын қалыптастыру. Қайта жаңғыртуды аяқтау мерзімі - 2026 жылғы ақпан деп белгіленген.Құрылыс барысында медициналық мекеменің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету басты назарға алынған. Бұл үшін оқшауланған желдету жүйесі, нақты демонтажды бақылау, ангиографқа арналған «жасыл дәліз» және диагностикалық қызметтерге жеке қолжетімділік қарастырылған.Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мердігер ұйымдарға барлық кезеңде жоғары сапаны қамтамасыз ете отырып, белгіленген мерзімдерге қатаң мән беруді тапсырды.Жұмыс сапары аясында қала әкіміне онкологиялық орталықтың қазіргі жағдайы туралы баяндалып, 250 төсек-орындық көпсалалы аурухана мен бір ауысымда 350 келушіні қабылдай алатын кеңес-диагностикалық орталықтың құрылыс жобасы ұсынылды.Жыл сайын онкология орталығына келетін науқастар саны өсуде. Соңғы алты жылда ем алғандар саны екі есеге артып, 12 мыңнан 24 мың адамға жетті. Осыған байланысты жаңа заманауи онкоорталық салу қажеттілігі туындап отыр.Қала әкімі Дархан Сатыбалды бейінді инфрақұрылымды дамыту мен халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1017740?lang=kk
Катонқарағай ауданындағы «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі аяқталды 21.06.2025
Шығыс Қазақстан облысында Катонқарағай ауданындағы «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі мәреге жетіп, нағыз мәдениет мерекесіне айналды. Шараға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. «Фестиваль мәдениеттердің жақындасып, тіл табысуына негіз болды. Ол бірлік рухымен, әуенімен, жарықпен және жылулыққа толы болды. Бұл шара қатысушылардың және көрермендердің жүректерінде терең із қалдырып, халқымыздың рухани мұрасын сақтау және дамыту жолындағы бастамаларына серпіліс береді», — деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов. Шоу-фестиваль аясындағы бағдарламада этноансамбльдердің көрсетілімі болды, Қазақстанның әр аймағынан және әлемнің 11 мемлекетінен келген эстрада жұлдыздары көрермендерге көтеріңді көңіл-күй мен мереке атмосферасын сыйлады. Қонақтар түркі әлеміның байлығы мен әралуандығын көрсететін бірегей музыкалық туындыларды тыңдады. Эпостық әуендердің қатарындағы «Очи Бала» (орындаушы — Болот Байрышев, Ресей Федерациясының Алтай Республикасынан), «Домбыра» (Архан Уйғу, Ресей Федерациясының Саха Республикасынан), «Осы музыка ұнайды» (Ернар Садырбаев) және «МузАрт» тобы орындаған «Ұлы Дала» әні кездесудің сәніне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1017742?lang=kk
Абай облысының ақындары халықаралық және республикалық деңгейдегі жыр додаларында топ жарды 21.06.2025
Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында өткен «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық фестиваль аясында бірқатар әдеби-мәдени шаралар ұйымдастырылды. Абай облысының ақындары бұл жыр мерекесінде жүлделі орындарға ие болып, өңіріміздің шығармашылық әлеуетін тағы бір мәрте танытты.Топқайың ауылы маңында өткен «Төр Алтай Қалиханы мен Дидахметін жырлайды» атты республикалық поэзия фестивалінде Абай облысының ақындары Мерей Қарт пен Бауыржан Игілік жүлделі орын иеленді. Поэзия мен ғылым тоғысқан бұл әдеби жиын көрнекті қаламгерлер Қалихан Ысқақтың 90 жылдығы мен Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдығына арналды. Фестивальде ұлттық болмыс, рухани сабақтастық және көркем сөздің қадірі кеңінен насихатталды.Сондай-ақ, фестиваль аясында өткен «Алтай – алтын бесігім» атты халықаралық ақындар айтысында жерлесіміз Рүстем Қайыртай жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Айтыс Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл поэзиялық сайысқа Қазақстан, Қырғызстан және Моңғолиядан келген танымал ақындар қатысты.Бұл айтулы оқиға – түркі дүниесінің мәдениеттерін тоғыстырған, айтыс өнерінің рухани құндылығы мен мәртебесін көтерген маңызды мәдени басқосу болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-cultura-arhiv/press/news/details/1017745?lang=kk
Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауының ережесі 21.06.2025
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ1.1. Жетісу облысы әкімі «Құлагер» сыйлығы үшін журналистер арасындағы байқау – облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) мен жаңа медиа өкілдері арасында дәстүрлі түрде өткізілетін байқау.Байқаудың ұйымдастырушысы – Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы (бұдан әрі – ҚДБ).1.2. «Құлагер» байқауы Жетісу облысының дамуын ақпараттық қолдауға бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара.1.3. Байқауға Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзге де өзекті мәселелерін жариялап жүрген штаттық немесе штаттан тыс авторлар, өңірлік газеттердің редакциялары, телерадиокомпаниялар, шығармашылық бірлестіктер, ақпараттық агенттіктер мен жаңа медиа өкілдері қатыса алады.БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ2.1. Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауы халықты облыс аумағында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар ету мақсатында өтеді.2.2. Байқаудың негізгі мақсаттары:- бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту және ілгерілету;- жаңа медианы танымал ету (блогинг, мобильді журналистика және т.б.);- Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын көрсету.2.3 Байқаудың негізгі міндеттері:Баспа, электронды БАҚ және жаңа медиа өкілдерінің кәсіби дамуын, шығармашылықта өзін-өзі дамытуын моральдық және материалдық тұрғыда ынталандыру;Облыстағы журналистика қоғамдастығында жаңа перспективалы есімдерді анықтау.КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР3.1. Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауына қатысушылар:- өңірлік БАҚ, Республикалық БАҚ облыстағы меншікті қызметкелері;- жеке үміткерлер – өңірлік және республикалық БАҚ-та жұмыс істейтін журналистер (штаттық және штаттан тыс қызметкерлер), облыстық, қалалық, аудандық мерзімді басылымдар, телерадиокомпаниялар мен басқа да ақпараттық ұйымдардың өкілдері;- жаңа медиа өкілдері (блогерлер, қауымдастық әкімшілері және басқалар).3.2. Үміткер ұсынылған материалдардың заңды құқықтарына толық жауапты. Үміткер туралы ақпарат өтінімді толтыру кезінде қолданылған орфография мен пунктуацияны сақтай отырып жарияланады;3.3. Өткен жылы (2024 жыл) конкурстың жеңімпазы атанған БАҚ және жаңа медиа өкілдері ағымдағы конкурсқа қатыспайды. КОНКУРС АТАЛЫМДАРЫ4.1. Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі: «Үздік мақала»;«Үздік телесюжет»;«Үздік оператор»;«Үздік бейне жұмыс»;«Үздік баспадизайн»;«Жұмысшы мамандықтарының жылы», «Таза Қазақстан», «Адал Азамат», «Заң және тәртіп» тықырыптарындағы үздік блогерлік жұмыс»;«Үздік фото».АРНАЙЫ НОМИНАЦИЯЛАР «Үздік баспасөз қызметі»;«Ардагер журналист»;«Бейсен Құранбек атындағы кәсіби шеберлігі үшін».КОНКУРС МАТЕРИАЛДАРЫН БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ:5.1. Байқау бір кезеңде өткізіледі.5.2. Үміткерлер тек бір номинацияға ғана қатыса алады. Тіркелген баспасөз, электрондық БАҚ-та және жаңа медиада 2024 жылғы 1 маусымнан бастап 2025 жылғы 23 маусым аралығында эфирге шыққан, жарияланған бір материал ұсынылуы тиіс.5.3. Берілген материалдардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау үшін ұйымдастырушылар әділқазылар алқасын құрып, бекітеді. Қазылар алқасы тиісті біліктілік талаптарына сәйкес материалдарды сараптамалық бағалау әдісімен саралайды. 5.4. БАҚ материалдарын бағалау өлшемдері (1-ден 5 баллға дейін):Ұсынылған аталымға сәйкестігі;Мәселенің әлеуметтік маңызын азаматтық тұрғыдан көрсету шеберлігі;Материалды ұсынудағы жаңалық және ерекшелік, кәсібилік пен публицистикалық шеберлік;Жарияланым сапасы (тұжырымдар, цифрлар, фактілер);Фотосуреттердегі арнайы эффектілер 30% дан аспауы керек, авторлық құқық бұзылмауы қажет.БЕЙНЕМАТЕРИАЛҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:Файл көлемі: 25 ГБ дейін;Формат: mp4;Видеокодек: H264 (MainConcept);Bitrate: 3 600-ден 10 000 kbps-ге дейін;Разрешение: 1280х720 немесе 1920 х 1080;Framerate: 25fps;Keyframe: әрқайсысы 25;Қажет болған жағдайда қазылар алқасының мүшелері әр номинацияға қосымша талаптар қоюы мүмкін.БАЙҚАУДЫҢ ӨТУ ТӘРТІБІ6.1. Өтінімдер осы Ереже жарияланған күннен бастап 2025 жылғы 24 маусымға дейін қабылданады. Конкурсқа 2024 жылдың 1 маусмынан 2025 жылғы 23 маусым аралығында интернетті қоса алғанда, тіркелген газеттерде, тағы басқа да БАҚ-та, телеэфирлерде, әлеуметтік желілерде, блогтарда жарияланған материалдарды ұсынуға болады.6.2. Байқаудың қазылар алқасы берілген материалдарды бағалайды және ең үздік жұмыстарды іріктейді, солардың ішінен жеңімпазды анықтайды. Материалдардың авторы қазылар алқасы үшін жасырын болады.БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ7.1. Байқауды үйлестіру ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.7.2. Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізу кезінде деректер базасын әзірлеп, оның ішіне, байқауға қатысушылардың жіберген жұмыстарын, байқауға қатысушылардың тізімін, байқау жеңімпаздарының тізімін енгізеді.7.3. Ұйымдастыру комитеті жұмыс барысында осы Ережені басшылыққа алады.КОНКУРСТЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ8.1. Конкурстық жұмыстарды бағалау үшін ұйымдастыру комитеті әр аталым бойынша қазылар алқасын құрады; 8.2. Қазылар алқасы ізденушілер ұсынған материалдарды қарайды, саралайды және сараптамалық бағалау жасайды; 8.3. Қазылар алқасының құрамына конкурстың ұйымдастырушысы –қоғамдық журналистік ұйымдардың, республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері, қоғамдық бірлестіктер және т.б. 8.4. Қазылар алқасы байқау ұйымдастырушылары тарапынан бекітіледі. КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ9.1. Қазылар алқасы конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтайды.9.2. Марапатқа лайық материалдар болмаған жағдайда қазылар алқасы жүлделі орын бермеу жөнінде байқау ұйымдастырушыларына ұсыныс жасауға хақылы. 9.3. Ресми қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттау 2025 жылдың 27 маусымда өтеді. Ресми марапаттау салтанатына жүлделі орын алған журналистер, журналистік ұжымдар, қазылар алқасының мүшелері, ұйымдастырушылар мен демеушілер, мемлекеттік органдардың, іскер, академиялық және журналистік топтардың өкілдері қатысады.9.4. Қазылар алқасымен анықталған байқаудың жеңімпаздары сертификатпен, мүсіншемен және ақшалай сыйақымен марапатталады.БАЙҚАУҒА МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСЫНУ ШАРТТАРЫ10.1. Байқауды өткізудің белгіленген мерзімінен бұрын немесе кейін жарияланған, сондай-ақ, бұрын жарияланып, қайта басылған материалдар байқауға қабылданбайды. Ұсынылған материалдардың коммерциялық сипаты болмауы керек. 10.2. Конкурстық материалдар келесі мекенжайда қабылданады: Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, №28-үй, Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы немесе мына электрондық мекенжай бойынша: 7su-smi@mail.ru .10.3. Байқау жұмыстарының тілі – қазақ, орыс;10.4. Материалдар баспа немесе электрондық түрде қабылданады.10.5. Электронды басылымдарда өтінімдерді қабылдаудың шарттары:Материалдар MP4, full HD форматта қабылданады;Материалдың хронометражы 5 минуттан аспауы тиіс;Фотосуреттер ең төменгі кеңейтумен 2398х3602 пиксельден бастап.10.6. Конкурстық материалдар өңделмейді және қайтарылмайды. Байқауға берілген материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ интернет ресурстарда және басқа да дереккөздерде толық немесе ішінара жариялануы мүмкін.Дереккөз: Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасыЖетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауының ережесіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/1017748?lang=kk