Қоғам
«Заң мен тәртіп» қағидатын қалыптастыру аясында азаматтарға арналған тегін құқықытық көмек көрсету акциясы өтті 21.06.2025
«Заң мен тәртіп» қағидатын қалыптастыру аясында, құқықтық мәдениетті арттыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында 2025 жылдың 12 маусымында «Avenue» сауда орталығында азаматтарға арналған тегін құқықытық көмек көрсету акциясы өтті.Аталған іс-шараға Абай облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің мамандары.Сонымен қатар, нотариус , заң консультантты , жеке сот орындаушысы белсене ат салысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/1017647?lang=kk
Семей қаласында маусым айының соңына дейін 44 жаңа автобус сатып алынады 21.06.2025
Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев қаладағы автобус парктерінің жағдайымен танысты. Қазіргі таңда Семей қаласында маршруттық желіге сәйкес 42 бағыт бойынша қоғамдық көлік қозғалысы ұйымдастырылған. Бұл бағыттарды 5 автобус паркі қамтамасыз етеді. Күнделікті бағыттардағы қозғалыс тұрақтылығы орта есеппен 80-82% шамасында. Қалада жолаушыларды тасымалдайтын барлық автобустар GPS трекерлермен жабдықталған. Бұл жүйе арқылы көлік қозғалысын «Bus Report» стационарлық бағдарламасы мен «InfoBus» мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимде бақылауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, автобустар электрондық төлем жасауға арналған валидаторлармен толық қамтылған. Жыл соңына дейін көлік паркін жаңарту мақсатында 70 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр. Оның ішінде маусым айының соңына дейін 44 автобус қалаға жеткізіледі деп күтілуде. Бұл өз кезегінде қоғамдық көлік сапасын арттырып, тұрғындардың қатынауын жақсартуға септігін тигізбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1017648?lang=kk
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 31 сессиясы өтті 21.06.2025
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 31 сессиясын мәслихат төрағасы К.Ермекбаев ашып, жүргізді. Сессияға аудан әкімі Е.Ихсанов, облыстық мәслихаттың депутаты А.Агаев, аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.Күн тәртібіндегі «Бөрлі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы №22-2 «2025-2027 жылдарға арналған Бөрлі ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонова баяндама жасады. Мәслихат депутаттары бюджетке енгізілген өзгерістерді қолдады.Келесі «Ақсай қаласы әкімі аппаратының 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы» мәселе бойынша Ақсай қаласының әкімі А.Баяндыков ақпарат берді.Баяндамасында 2025 жылы қала бюджеті 1974,2 млн теңге болып бекітілгенің белгіледі. Қаражат жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарға, абаттандыруға, ойын-спорт алаңдардың орнатуы мен жөндеуге, көшелерді жарықтандыруға, көгаландыруға және табы басқа көптеген жұмыстарға жұмсалды. Сонымен қатар ағымдағы жылы инвестиция арқылы 14 жоба іске асырылып, 150 жұмыс орны ашылғаның баяндады.Депутаттар Ақсай қаласының қарқынды дамып, тұрғындардың өмір сапасының жақсаруына араналған жұмыстардың нәтижелі атқарылып жатқандығын белгілеп, өзекті мәселелердің бірі - электржелілердің тозғандығы туралы мәселені көтеріп, сквер, саябақ, спорт-ойын алаңдарын күтіп ұстау, уақытында тазарту, қоқыстарын шығару жұмыстарын бақылауға алуды ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1122495?lang=kk
Жалпықалалық сенбілік жалғасуда 21.06.2025
Семей қаласында тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілік жалғасуда. Сенбілікке 2 мыңнан астам адам қатысып, 550 текше метрден астам қоқыс арнайы полигонға шығарылды. Тазалық жұмыстарына мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес өкілдері мен тұрғындар қатысты. Мұндай сенбіліктер қаланың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және ортақ жауапкершілікті арттыруға өз үлесін қосады. Тазалық – өзімізден басталады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1017651?lang=kk
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың (бұдан әрі-ДЗ мен МБ) айналысы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру. 21.06.2025
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың (бұдан әрі-ДЗ мен МБ) айналысы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру.11.06.2025 ж. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) медициналық ұйымдардың басшыларымен және өкілдерімен ДЗ мен МБ айналысы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, онын ішінде GPP тиісті дәріханадық практикасы стандартын (бұдан әрі- GPP Стандарт) енгізу, ДЗ мен МБ жанама әсерлеріне фармакологиялық қадағалау және мониторинг жүргізу, дәрілік заттарға рецепт жазу, бөлшек саудада сату ережелерінің қағидаларын сақтау мәселелеріне қатысты семинар-кеңесте түсіндірме берілді.Сондай-ақ, семинар барысында ДЗ мен МБ саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтамаған кезде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны туралы хабарланды.GPP стандартын енгізген медициналық ұйымдардың өкілдері GPP стандартын енгізу тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында департамент басшысы медициналық ұйымдардың басшыларын осы бағыттағы жұмысты жандандыруға шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-aktobe/press/news/details/1017652?lang=kk
Жарқын ауылының тұрғындарымен кездесу өтті 21.06.2025
Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Жарқын ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар жол сапасы, қоғамдық көлік қатынасы, бейнебақылау камераларын орнату, мал бағу, санитарлық тазалық және абаттандыру сынды өзекті мәселелерді көтерді.«Жарқын – қаладан қашық орналасқанымен, бұл ауыл да Семейдің бір бөлігі. Сондықтан мұндағы тұрғындардың ұсыныс-пікірлері де назарсыз қалмайды», – деді Бекжан Бапышев.Кездесу қорытындысында тұрғындар айтқан мәселе назарға алынып, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырма берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1017653?lang=kk
Автомобиль жолдарының белдеуіндегі жарнама 21.06.2025
Жарнама – бизнесті ілгерілету және өз қызметіне назар аударту үшін арналған құрал. Ақтөбе қаласының аумағында автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісуді «Ақтөбе қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ көрсетеді. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы №371 бұйрығымен бекітілген халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру Қағидаларына сәйкес көрсетіледі.Жол бойындағы жарнама объектілерін орналастыруға келісім алу үшін жеке және заңды тұлғалар жолдың атауын, мекенжайын, мөлшерін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметке қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы өтінім беруге тиіс. Өтінішке құжат эскизінің электрондық көшірмесі қоса берілсін.Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу 1 жыл мерзімге 5 жұмыс күні ішінде беріледі .Сыртқы жарнама объектілерін тиісті құжаттаманы ресімдеусіз және келісусіз орналастыруға жол берілмейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-akt/press/news/details/1017656?lang=kk
Қарағандылық полицейлер – өмір сыйлаушы донорлар! 21.06.2025
Қарағандылық полицейлер – өмір сыйлаушы донорлар!Қоғамдық тәртіпті сақтау ғана емес, адам өмірін құтқару – полицейлердің азаматтық борышы. Қарағанды облысының тәртіп сақшылары қан орталығында донорлық акцияға қатысып, ауыр науқастарға үміт сыйлады.Қан тапсыру – жанашырлық пен жауапкершіліктің көрінісі. Қан орталығы полицейлердің белсенділігін жоғары бағалады. Бұл – қоғамға көрсетілген нақты көмек!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1017657?lang=kk
Абай облысында AgroSkills Abai – 2025 чемпионаты өтті 21.06.2025
Абай облысы Бесқарағай колледжінде ауыл шаруашылығы бағытындағы студенттер арасында «AgroSkills Abai – 2025» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.Ашылу салтанатына Абай облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауржан Туленов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Чемпионатқа облыстағы ауыл колледждерінен келген 18 студент, сарапшылар және оқу орындарының өкілдері қатысты.Байқау жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, жастарды кәсіби білім алуға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар үш құзыреттілік бойынша бақ сынасты. Студенттердің кәсіби шеберлігін 18-ден астам тәуелсіз сарапшы бағалады.Чемпионат нәтижесі бойынша жүлдегерлер анықталды:«Ауыл шаруашылық машиналарын жөндеу шебері» құзыреттілігі:І орын – Данил Шкред (Бесқарағай колледжі)ІІ орын – Ринат Жакупов (Үржар колледжі)ІІІ орын – Арман Мейрамғалиұлы (Абай колледжі), Андрей Алексеев (Бородулиха колледжі)«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі:І орын – Никита Крисман (Бесқарағай колледжі)ІІ орын – Сергей Изотов (Үржар колледжі)ІІІ орын – Бек Ануарұлы (Ақсуат колледжі), Омар Жақсылық (Жарма технология колледжі)«Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану» құзыреттілігі:І орын – Мади Мұхтарұлы (Жарма технология колледжі)ІІ орын – Ернұр Серіков (Ақсуат колледжі)ІІІ орын – Данил Забара (Бесқарағай колледжі), Максим Минаев (Бородулиха колледжі)Чемпионаттың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен сарапшыларға алғыс хаттар мен дипломдар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1017661?lang=kk
Достық ауылында “Келешек” мектебінің құрылысы қарқынды жүргізілуде 21.06.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа үлгідегі заманауи білім беру мекемелері — “Келешек” мектептері бой көтеруде. Бұл бастама ауылдық жерлердегі білім беру сапасын арттырып, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына мол мүмкіндік береді.Осындай маңызды жобалардың бірі — Алакөл ауданы, Достық ауылында салынып жатқан 600 орындық “Келешек” мектебі. Нысан “Самұрық-Қазына” АҚ тапсырысы негізінде жүзеге асырылуда.Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. Жобаны мердігер “VentKarkaraServis” ЖШС-гі атқаруда. Жалпы дайындық деңгейі – 80 пайызды құрайды.Құрылыс алаңында 80-ге жуық жұмысшы мен 3 бірлік техника жұмылдырылған. Жоспар бойынша мектеп ғимараты 2025 жылы толықтай пайдалануға берілмек.“Келешек” мектебінің іске қосылуы Достық ауылындағы балаларға заманауи білім алуға жағдай жасап қана қоймай, өңірдің әлеуметтік даму деңгейін жаңа сатыға көтерері сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1017663?lang=kk
Қауіпсіз жол – ортақ жауапкершілік 21.06.2025
Қауіпсіз жол – ортақ жауапкершілік 🚦Қарағандыда жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды.«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында №3 автопарк базасында өткен кездесуге полицейлер, автопарк басшылары мен жүргізушілер қатысты. Басты тақырыптар:* Жол ережелерін сақтау* Жылдамдық пен маневр жасау тәртібі* Мас жүргізушілерге қарсы шаралар* Техникалық бақылау және жүргізушілерді тексеруАшық диалог форматында жол қауіпсіздігін арттыру жолдары ұсынылды. Автопарктер полициямен әріптестікке дайын екенін білдірді.Профилактикалық шаралар – адам өмірін сақтаудың басты тетігі!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1017665?lang=kk
Аудан әкімінің жеке қабылдауы 21.06.2025
Аудан әкімі Ә. Арғынов "AMANAT" партиясының аудандық филиалында жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға келген азаматтардың өтініш-сұрақтарына заң аясында жауап берген аудан басшысы бірқатар мәселелер бойынша дербес бөлімдерге тапсырма берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/1017668?lang=kk
Көкшетау қаласының Мәдениет үйінде медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 21.06.2025
Бұл күні сахна төрінде Ақмола облысы тұрғындарының денсаулығы мен өмірінің күзетінде күнделікті қызмет етіп жүрген дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер, санитариялық дәрігерлер мен санитариялық қызмет мамандары құрметке ие болды. Олардың игі еңбегі – жанқиярлықтың, кәсіби біліктіліктің және өз ісіне адалдықтың үлгісі.Биылғы жылы денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерін қоса алғанда, 45 маман марапатталды. Құрмет грамоталары, алғыс хаттар, сондай-ақ мемлекеттік және ведомстволық марапаттар шынайы құрмет пен ризашылық ахуалында табысталды.Салтанатты рәсімге Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты. Ол медицина қызметкері мамандығының айрықша маңызын атап өтіп, сала мамандарына күнделікті еңбектері үшін алғыс айтып, өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің үздік өкілдеріне марапаттарды өзі табыс етті.Марапатталғандардың қатарында – Ақмола облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Сауле Садвакасова бар. Өңірдің санитарлық қызметінің дамуына қосқан зор үлесі үшін ол «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» құрмет медалімен марапатталды.«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен департаменттің бас маманы Светлана Данчева марапатталды – оның санитариялық бақылау саласындағы кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі жоғары бағаланды.30 жылдан астам уақытын Бұланды аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына арнаған санитариялық қызмет ардагері Татьяна Мирошниченко адал да көпжылдық еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.Сондай-ақ Көкшетау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Раушан Қожахметова облыс әкімінің алғыс хатына ие болды.Іс-шара салтанатты концертпен аяқталып, қонақтарға жарқын көңіл-күй мен медицина қызметкерлерінің еңбегіне деген мақтаныш сезімін сыйлады.Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1017671?lang=kk
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау және залалсыздандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 21.06.2025
Елді мекендердің аумағында тұтыну қалдықтарын жинау, пайдалану, қолдану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көмуді мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.Шағын елді мекендерде ТҚҚ көму орындарын жинау, әкету және күтіп ұстау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар болмаған кезде қалдықтарды өз бетінше әкететін, жергілікті атқарушы орган қызметінің бақылауымен және қызмет көрсететін орындар ұйымдастырылады.Елді мекендерде (тұрғын үй қоры, ұйымдар, мәдени-бұқаралық мекемелер, демалыс аймақтарының аумағында) көлік үшін кіреберістері бар қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдар бөлінеді. Алаң қатты жабынмен орналастырылады және қалдықтардың желмен таралу (шашылу) мүмкіндігін болдырмайтындай етіп, кемінде 1,5 м биіктікпен үш жағынан қоршалады.ТҚҚ жинауға арналған контейнерлер қақпақтармен жабдықталуы тиіс. Елді мекендерде контейнерлік алаң уақытша қоныстарды (вахталық кенттер, стационарлық емес объектілер мен құрылыстар) қоспағанда, тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар объектілерінен, спорт алаңдарынан және халықтың демалатын орындарынан кемінде 25 м қашықтықта орналастырылады. Қалыптасқан құрылыс аудандарында, санитариялық алшақтықтарды сақтау мүмкіндігі болмаған кезде, қашықтықтар жергілікті атқарушы органдардың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің, объектілердің меншік иелерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен комиссиялық түрде белгіленеді.Абаттандырылған тұрғын үй қорында ТҚҚ жинау үшін контейнерлер қолданылады, жеке үй иеліктерінде қақпағы бар еркін конструкциялы сыйымдылықтарды пайдалануға рұқсат етіледі.ТҚҚ шығару уақтылы жүзеге асырылады. Қалдықтарды контейнерлерде 0°С және одан төмен температурада сақтау мерзімі – үш тәуліктен аспайды, оң температурада – бір тәуліктен аспайды. ТҚҚ контейнерлерінің меншік иесі салынып жатқан учаскенің нақты дамуын және елді мекеннің жергілікті жағдайларын ескере отырып, қалдықтарды тасымалдау үшін көлік құралдарының санын айқындайды.Қоқысты жинау және шығару жөніндегі пайдаланушы ұйымдардан басқа, барша тұрғындарға қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажет, күн сайын қаламыздың тазалығына қамқорлық жасап, белгіленбеген жерлерде қоқысты тастамау керек. Егер біздің әрқайсымыз өз қаламызды жақсы көретін және қорғайтын болсақ, онда өмір сүру одан да ыңғайлы болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1017674?lang=kk
Құрметті Ақмола облысының денсаулық сақтау қызметкерлері мен ардагерлері! 21.06.2025
Ақмола облысының депутаттық корпусы атынан сіздерді кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын!Бүгінгі күні ғұмырын адам денсаулығы мен өміріне қамқорлық көрсету сияқты игілікті іске арнаған барлық медицина қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз.Қазіргі заманғы медицина үйлесімді ұжымдық жұмысты талап ететін күрделі жүйе. Бүгінгі дәрігер – бұл тек ем тағайындайтын маман ғана емес, сонымен қатар клиникалық жағдайларды тиімді басқаруға қабілетті денсаулық сақтау менеджері.Сондай-ақ, медицина қызметкерлері тап болатын эмоциялық жүктемені де естен шығаруға болмайды. Қиындықтарға қарамастан, сіздер өз жұмыстарыңызды жалғастырып, науқастарды қолдап, демеп, денсаулықты басты құндылыққа айналдырасыздар.Бүгінде мемлекет қолдауының арқасында аймақта жаңа медициналық нысандар – дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер ашылып жатыр. Ауылдық жерлерде медицина қызметкерлерін тарту және ұстап қалу мақсатында облыстық мәслихат медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көлемін бекітті. Депутаттардың қолдауымен кейбір санаттар үшін көмек мөлшері 5 миллион теңгеге дейін арттырылды.Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!Әрбір медицина қызметкері – бұл адам денсаулығы үшін күн сайын күресетін нағыз қаһарман. Сіздерге зор денсаулық, жүрекке қуаныш және медицина – тек ғылым ғана емес, жүректен туындайтын, сезімталдық пен түсіністік талап ететін өнер екенін еске салып отыратын ризашыл науқастар тілейміз.Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Бейбіт Жүсіпов,Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/1017676?lang=kk
СҚО әкімі өңір дәрігерлерін кәсіби мерекемен құттықтады 21.06.2025
Өңірде ақ халатты абзал жандар ұлықталды. Медициналық қызметкер күніне орай өткен салтанатты жиында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов денсаулық сақтау саласының мамандарын құттықтап, марапаттарды табыс етті. "Дәрігер болу – жай ғана мамандық емес. Бұл – жанқиярлықты, табандылық пен үлкен жүректі қажет ететін ерекше миссия. Сіздер күн сайын адамдарға үміт, саулық және өмір сыйлайсыздар", - деді өңір басшысы. 🏥 Облыста медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде: 🏡 Ауылдарда 46 медициналық нысан салынды — 55 мың ауыл тұрғыны сапалы медицинаға қол жеткізді 🏢 3 заманауи емхана пайдалануға берілді 💰 Медициналық жабдықтарды сатып алуға бөлінетін қаржы 1,5 есе өсіп, 8,5 млрд теңгеге жетті 🧲 Ангиограф, МРТ, КТ, УДЗ және рентген алынуда 👩⚕️ Тар бейінді мамандарға 8,5 млн теңге көтермеақы төленуде ⚡ Облыста алғаш рет қатерлі ісікті емдеуге арналған инновациялық желілік үдеткіш іске қосылды "Бүгінгі марапаттар – сіздердің еңбектеріңізге берілген әділ баға мен қоғамның шынайы алғысының көрінісі. Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, отбасы амандығын және толағай табыстар тілеймін!", - деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1017684?lang=kk
Алматы әкімі мердігерлерге №4 ҚКБ қабылдау бөлімін белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды 21.06.2025
Алматы әкімі №4 ҚКБ қабылдау бөлімін уақытында аяқтауды тапсырдыАлматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміндегі қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Бұл - тәулік бойы үздіксіз қызмет көрсететін, Алматыдағы маңызды көпсалалы медициналық мекемелердің бірі.Қабылдау бөліміне тәулігіне орта есеппен 250-300 науқас түседі. Жылына клиникада 12 500-ге дейін ота жасалады. Мұнда 260 дәрігерді қамтыған жалпы саны 1118 қызметкер жұмыс істейді.Жаңғырту жобасы жалпы ауданы 7 мың шаршы метрге жуық 5 бөлім мен 4 блокты қамтиды. Негізгі мақсат - қабылдау бөлімін кеңейту, халықаралық triage-сұрыптау жүйесін енгізу, жаңа операциялық залдарды ашу, 12 төсектік шұғыл ОАРИТ бөлімін құру, сондай-ақ өңірлік травматология және ортопедия орталығын қалыптастыру. Қайта жаңғыртуды аяқтау мерзімі - 2026 жылғы ақпан деп белгіленген.Құрылыс барысында медициналық мекеменің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету басты назарға алынған. Бұл үшін оқшауланған желдету жүйесі, нақты демонтажды бақылау, ангиографқа арналған «жасыл дәліз» және диагностикалық қызметтерге жеке қолжетімділік қарастырылған.Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мердігер ұйымдарға барлық кезеңдерде жоғары сапаны қамтамасыз ете отырып, белгіленген мерзімдерге қатаң мән беруді тапсырды.Жұмыс сапары аясында қала әкіміне онкологиялық орталықтың қазіргі жағдайы туралы баяндалып, 250 төсек-орындық көпсалалы аурухана мен бір ауысымда 350 келушіні қабылдай алатын кеңес-диагностикалық орталықтың құрылыс жобасы ұсынылды.Жыл сайын онкология орталығына келетін науқастар саны өсуде. Соңғы алты жылда ем алғандар саны екі есеге артып, 12 мыңнан 24 мың адамға жетті. Осыған байланысты жаңа заманауи онкоорталық салу қажеттілігі туындап отыр.Қала әкімі Дархан Сатыбалды бейінді инфрақұрылымды дамыту мен халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1017686?lang=kk
🚒Мәртөкте жаңартылған өрт сөндіру бекеті жұмысын бастады 21.06.2025
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Ақтөбе өңіріне жасаған жұмыс сапары кезінде облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовпен бірге Мәртөктегі толықтай жаңғыртудан өткен өрт сөндіру бекетіне барды.🧑🚒Жаңартылған нысан азаматтық қорғау инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарлама негізінде іске асты. Өрт сөндіру бекеті толық жөндеуден өтіп, заманауи талапқа сай жабдықталған. Материалдық-техникалық базасы нығайтылып, құтқарушылардың төтенше жағдай кезінде жылдам қимылдап, сапалы әрі уақытылы қызмет көрсетуіне қажет жағдай толық жасалды.Министр мен облыс әкімінің орынбасары бөлімді аралап, жеке құраммен сөйлесті, бекетте жасалған жағдайдың деңгейін бағамдады.📌Шыңғыс Әрінов жергілікті атқарушы органдардың балансына берілген 13 заманауи арнайы техниканың кілтін салтанатты түрде табыстады. Жаңа автоцистерналар мен арнайы көліктер төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін едәуір арттырып, Мәртөк ауданындағы өртке қарсы қорғаныстың күшін нығайтады.Бұдан соң өңір басшысының орынбасары мен министр құтқарушыларға берілген қызметтік үйлерді аралап көрді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-saryzhar/press/news/details/1017687?lang=kk
Жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиада 21.06.2025
Өскемен қаласында өтіп жатқан Жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиадада Абай облысының спортшылары керемет нәтиже көрсетті.Шахмат пен үстел теннисінен біздің команда командалық екінші орынды иеленіп, облыс абыройын асқақтатты.Барша қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1017689?lang=kk
Қазақстандықтар 2025 жылдың алғашқы бес айында 800 миллион теңгеден астам қаржысын қайтарып алды 21.06.2025
2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен оның аумақтық департаменттері азаматтарға тауарлар, қызметтер мен жылжымайтын мүлік сатып алу барысында құқықтық көмек көрсетіп, олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағытында ауқымды жұмыс жүргізді.Осы аралықта тұтынушылардың шағымдары бойынша жалпы сомасы 881,3 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Шағымдар көбінесе сапасыз тауарлар (автокөліктер, косметика, ұялы телефондар), орындалмаған қызметтер (шипажай жолдамалары, қоғамдық тамақтану, фитнес, туризм), сондай-ақ рәсімделмеген немесе уақтылы берілмеген жылжымайтын мүлікке қатысты болды.Азаматтарға нақты көмек көрсетілген мысалдар:Алматы қаласында тұтынушы 215 млн теңгеге сатып алған, бірақ үшінші тұлғаға сатылып кеткен жылжымайтын мүлік объектісіне қатысты дау департаменттің араласуымен оң шешімін тапты.Қарағанды облысында 45 күннен аса уақыт берілмеген пәтер бойынша шарт талаптарының орындалуы қамтамасыз етіліп, тұтынушы 33,5 млн теңге тұратын жылжымайтын мүлікке қол жеткізді.Семей қаласында қоғамдық тамақтану орнында тұтынушының тапсырысы орындалмай, мекеме тұтынушылар бұрышын орналастыру міндетін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Ақтөбе облысында тұтынушының туроператорларға қатысты шағымы бойынша сотқа дейінгі және сот процесінде департамент мамандары қолдау көрсетіп, нәтижесінде 6,6 млн теңге өтемақы өндіріліп берілді.Павлодар мен Жетісу облыстарында ондаған тұтынушының құқықтары топтық негізде қорғалды: косметика жиынтығы үшін рәсімделген 10,8 млн теңге несие мен жеткізілмеген смартфондар үшін 7,2 млн теңге қайтарылды.Түркістан облысында Дубай қаласына орындалмаған тур үшін 1,2 млн теңге қайтарылып, Шымкентте санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін жерде көрсетілген фитнес қызметтері үшін тұтынушыларға өтемақы берілді.Азаматтар тіпті 700 теңге тұратын сапасыз ойыншыққа қатысты да өтемақы талап етіп, өз құқықтарын қорғады.Бұл деректер – жай статистика емес. Әрбір өтініштің артында нақты тағдыр, үміт пен әділеттілікке деген сенім жатыр. Қазақстандықтар өз құқықтарын қорғауда белсенділік танытып келеді. Біз осы үрдісті жоғары бағалаймыз.Комитет пен оның аумақтық департаменттері бұдан әрі де тұтынушылардың мүдделерін қорғауға, заңнаманың орындалуын қамтамасыз етуге және құқықтық мәдениетті арттыруға күш салуды жалғастырады.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау – бұл ұран емес, нақты әрекет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1017681?lang=kk