Қоғам
📢 11 маусымда аудан әкімі Қайрат Омаров жұмыс сапарымен ауылдық округтерді аралады. Іс-сапар барысында оның жедел мәселелер жөніндегі орынбасары және аудан прокуроры Нұржан Қожанов бірге болды. 21.06.2025
Ауылдарды сумен қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі. Осы орайда Ольгинка мен Повозочное ауылдарындағы су тарту және жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарының барысы тексерілді.🔎 Аталған нысандардың құрылыс сапасына, жұмыс қарқынына және тұрғындардың қажеттіліктерін ескеруге ерекше көңіл бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-shalakyn/press/news/details/1017803?lang=kk
Астанада ТМД елдері ІІМ криминалдық бөліністері басшыларының кеңесі өтті 21.06.2025
Астанада ТМД-ға мүше мемлекеттердің Ішкі істер министрліктерінің жедел бөліністері басшыларының ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған кеңесі өтті.Іс-шараға қатысушылар алдында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов сөз сөйледі. Ол ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте ғана емес, жалпы қылмыстың барлық түрлеріне қарсы іс-қимылда, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және өзекті қауіп-қатерлерге ден қоюда мемлекетаралық өзара байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Кеңесте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті үйлестіру бюросының директоры полиция генерал-лейтенанты Олег Коновалов, сондай-ақ Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Ішкі істер министрліктерінің басшылары баяндама жасады.Кездесу барысында қарудың заңсыз айналымы арналарының жолын кесу, жедел ақпаратпен алмасуды күшейту және қылмыстық топтарға қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды.Жиынға қатысушылар іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ризашылықтарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1017807?lang=kk
Жазғы лагерь – бұл тек демалатын жер емес. 21.06.2025
Жазғы лагерь – бұл тек демалатын жер емес. Лагерь – әр түрлі жарыстарға қатысып, баланың ашылмай жүрген талантын, белгілі бір қабілетін ашатын орын. Жарыстардан бөлек онда балалар өздері концерттік қойылымдар ұйымдастырып, спорттық ойындар ойнайды. Онымен қоса жазғы лагерьлерінде балалар топпен жұмыс істеуге, көпшіліктің ортасында өзін көрсетуге бейімделеді. №7 орта мектебінің "Ғажайып әлем" жазғы лагерінің балалары жетінші күнінде табиғат аясында демалуға шықты. Табиғат аясында демалу – ең пайдалы әрі рухани нәр беретін тәсілдердің бірі. Табиғат – адам жанын тыныштандырып, тәнін емдейтін ерекше әлем. Ол бізге тек сұлулық пен шабыт емес, сонымен қатар денсаулық пен қуат сыйлайды.Табиғатта демалу – адам денсаулығы мен рухани дамуы үшін таптырмас мүмкіндік. Алайда табиғат бізге қандай мейіріммен қараса, біз де оған сондай жауап қатуымыз керек. Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оны аялау, қорғау – әрқайсымыздың борышымыз. Табиғатта демалудың пайдасы: Психологиялық тынығу. Орманның сыбдыры, құстардың үні, өзеннің сылдыры – бәрі адам психологиясына оң әсер етеді. Табиғи дыбыстар жүйкені тыныштандырып, күйзелісті азайтады.Физикалық белсенділік. Табиғат аясында серуендеу, тауға шығу, велосипед тебу – дене шынықтырудың ең табиғи әрі жағымды түрі. Мұндай әрекеттер жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартып, бұлшық етті нығайтады.Таза ауа. Қаладағы ластанған ауаға қарағанда ормандар мен таулы аймақтардағы ауа әлдеқайда таза. Бұл өкпенің жұмысын жақсартып, иммунитетті көтереді.Жан дүниені байыту. Табиғатпен етене болу адамның рухани әлеміне оң әсер етеді. Әсіресе, балалар үшін табиғатта демалу – қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен жанашырлықты тәрбиелейді. Міне, балалар А.Суханбаев атындағы орталық саябаққа серуенге барып "Әкелер, бұл жеңіс саған!" деген ұранмен көптеген спорттық жарыстарға қатысып марапатқа ие болды. Серуен барысында пайдалы тағамдармен қамтамасыз етілді. Соңында естелікке фотосуреттерге түсіп, жадыраңқы көңіл-күйде қайтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-bayzak-economy/press/news/details/1017700?lang=kk
Поэзияға жол: Ақмола облысының оқушылары еліміздің үздік оқырмандарының қатарында 21.06.2025
Алматы облысы Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының қорытынды кезеңі өтті.Іс-шара оқушылар арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттауға, жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтауға бағытталған.Ақмола облысынан республикалық турға облыстық кезеңнің 3 жеңімпазы қатысты;1.«Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша Айбек Иманғали - Аршалы ауданы Сарыоба ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;2.«Жыр эстафетасы» номинациясы бойынша Есенбай Айдана - "IQanat High school of Burabai" мектебінің 10-сынып оқушысы;3.«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» номинациясы бойынша Алтын Әділет - Целиноград ауданы Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.Байқаудың қорытындысы бойынша біздің сайыскерлер тамаша нәтижелер көрсетті.- ІІІ-дәрежелі дипломмен және 30 мың теңге ақшалай сертификатпен Алтын Әділет марапатталды.- Айбек Иманғали Грамотаға ие болды.Құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1017813?lang=kk
ШҚО әкімі және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қатонқарағай ауданындағы шекара бөлімшелеріне барды 21.06.2025
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтаганов және ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Катонқарағай ауданындағы Р. Батырханов атындағы және «Өрел» шекара бөлімшелерінде болды. Облыс әкімі және Мәжіліс депутаттары: «Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті депутаттарымен бірге Шығыс Қазақстан облысындағы шекара қызметінің жұмысымен танысып шықтық.Шекарашылар жақсы дайындалған және олар мемлекет шекарасынан ешкімнің заңсыз өтуіне жол бермейді.Шекара заставаларының инфрақұрылымын жақсарту қажет. Депутаттармен келесі үш жылдық бюджет кезінде қаражат бөліп беру жайлы келісімге келдік. Сонымен қатар, аймақ бюджетінен де қаражат бөліп, шекара заставаларының жайлап әлемдік стандартқа жетуіне атсалысамыз. Бұдан бөлек, орталық атқарушы органдармен келісе отырып, пилотсыз ұшу аппараттары және басқа да жабдықтарды сатып алуға бастама көтеретін боламыз», - деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтаганов.Айқындалған проблемалар қатарында 1930 жылдары салынған және әбден тозығы жеткен ғимараттар, тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етілмеуі және көлік қатынасының шектелуі де бар. 14 маусымда «Уба» шекаралық бақылау бөліміне бару жоспарлануда, мұнда да негізгі мәселе көлік қатынасының шектелуімен байланысты болып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1017815?lang=kk
ШҚО Самар ауданында құтқарушылар бекеті өз жұмысын бастады 21.06.2025
Самар ауданының Новостройка ауылындағы Бұқтырма су қоймасының жағалауында құтқарушылар бекеті өз жұмысын бастады. Бекетте жазғы маусым бойы ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері мен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кезекшілік ететін болады. Құтқарушылар бекеті жұмыс жүргізу үшін қажетті құтқару жабдықтарымен, оның ішінде арнайы жүзу құралдарымен және өрт сөндіру автокөлігімен жабдықталған.Құтқарушылар патрульдеуді қайықтарда, ал өрт сөндірушілер ұзындығы шамамен 110 шақырым жағалау бойындағы демалушылар мен объектілер иелерінің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын мониторингтеу жолымен жүргізеді. Демалушыларға жадынамалар тапсыра отырып, нұсқау және оқыту жүргізіледі.«Басты міндет - судағы жазатайым оқиғалардың және жағалауда орналасқан объектілердегі өрттердің алдын алу. Өткен маусымда өрт сөндірушілер шөптің жануын жойып, өрттің демалыс базаларына таралуына жол бермеді. Жүзу құралдарындағы кезекшілік демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жедел көмекке келуге мүмкіндік берді», - ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов. Шомылу маусымы басталар алдында жеке демалыс аймақтарының иелеріне ТЖ қызметінің қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы ұсынымдары бар хаттар табыс етті.Төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1017817?lang=kk
📢 13 маусымда кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті 21.06.2025
Күн тәртібінде жазғы демалысты және балаларды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, оның ішінде қолайсыз отбасылардан шыққан жасөспірімдерді уақытша жұмысқа орналастыру мәселелері қаралды.Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу және жыныстық тәрбие тақырыптары талқыланды.Мақсат – өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі мен дұрыс тәрбиесін қамтамасыз ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-shalakyn/press/news/details/1017823?lang=kk
Жаңалық 21.06.2025
ТҮРКІСТАНДА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ЕШКІЛЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТТІТүркістан қаласында алғаш рет Сүт және ет бағытындағы асыл тұқымды ешкілердің республикалық көрмесі өтті. Ерекше бастама Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Сексек ата» шаруалары ұйымдастырды. Көрмеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушылар, ветеринария саласының өкілдері мен қонақтар арнайы келді.Көрменің мақсаты — елімізде асыл тұқымды ешкі шаруашылығын дамыту, халықты экологиялық таза өніммен таныстыру, ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасын насихаттау, шаруашылықтар арасында тәжірибе алмасуға жағдай жасау. Бұған дейін халықаралық деңгейде өткізілген көрме ел ішінде сұранысқа ие болған. Тіпті көршілес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан азаматтары қызығушылық білдіріп, тікелей эфир арқылы тамашалады.Сондай-ақ, көрмеде ешкі сүтінен жасалған құрт, ірімшік, айран, көже және йогурт өнімдері ұсынылды. Ұйымдастыру топтың жетекшісі Амантай Жолдыбайұлының айтуынша, бұл өнімдердің адам денсаулығына пайдасы мол. Халыққа экологиялық таза өнімді тұтынуға шақырды. Ешкі сүтінің құрамында иммуноглобулиндер де бар және ежелден бері туберкулез сияқты көптеген ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолданылады.Көрмеге Заанен, Альпі, Ламанча, Англо-нуб, Бур, Камори, Гулаби сынды шетелден әкелінген, селекциялы және ең танымал тұқымдары көрсетілді. Шараға жалпы саны 200-ге жуық асыл тұқымды мал басы қатысты. Тіркеуден соң ешкілерден сынамалар алынды. Атап айтқанда, сырт пішіндері бағаланды. Бойлары мен салмақтары өлшенді. Сүтінің майлылығы мен құнарлығы зерделеніп, етті бағыты да ескерілді. Қазылар алқасы жеке-жеке ұпай қойып, әділ түрде ең ерекше ешкі түрін анықтауға атсалысты.Жарыс қорытындысы бойынша ең мол сүт беретін асыл тұқымды ешкі түрін баптаған Түркістан өңірі, экстерьері бойынша Шымкент қаласы, ең ауыр салмақ негізінде Жамбыл облысы үздік атанды. Жалпы жүлде қоры — 3,5 млн теңге. Бұдан бөлек, номинация иелеріне қосымша кубоктар және 300 мың теңгеге дейінгі бағалы сыйлықтар үлестірілді. «Сауыншылар», «Асылдандыру», «Ең керемет сүт өнімдері» номинация иелері олжасыз қалмады. Сонымен қатар, лақтар сайысы мен сауыншылар жарысы көптің назарын аударды. Іс-шараны үйлестіруге үлес қосқан сала ардагерлеріне Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының төсбелгісі табысталды. Тың форматта ұйымдастырылған көрмеге 350-дей адам келіп, тамашалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіВ ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛА РЕСПУБЛИКАНСКАЯ ВЫСТАВКА ПЛЕМЕННЫХ КОЗВпервые в Туркестане прошла республиканская выставка племенных коз молочного и мясного направления. Особую инициативу организовали крестьяне «Сексек ата» при поддержке акимата Туркестанской области. На выставку специально приехали участники, представители ветеринарной сферы и гости со всего Казахстана.Целью выставки является развитие племенного козоводства в стране, ознакомление населения с экологически чистой продукцией, пропаганда пользы козьего молока для организма человека, создание условий для обмена опытом между хозяйствами. Ранее выставка, проводимая на международном уровне, пользовалась спросом внутри страны. Даже граждане соседних России, Кыргызстана, Узбекистана проявили интерес и смотрели прямой эфир.Также на выставке были представлены курты из козьего молока, коже, кефир, и йогуртовые продукты. По словам руководителя организационной группы Амантая Жолдыбайулы, эти продукты полезны для здоровья человека. Призвал население потреблять экологически чистую продукцию. Козье молоко также содержит иммуноглобулины и с древних времен использовалось для лечения и профилактики многих заболеваний, таких как туберкулез.На выставке были представлены самые известные и селекционные породы, привезенные из-за рубежа, такие как Зааненская, Альпы, Ламанча, Англо-нуб, Бур, Камори, Гулаби. В мероприятии приняли участие около 200 племенных голов. После регистрации были взяты пробы у коз. В частности, были оценены внешние формы. Были измерены рост и вес. Изучена жирность и плотность молока, учтена мясная направленность. Жюри выставило индивидуальные баллы и приняло участие в определении самого необычного вида коз.По итогам соревнований лучшими стали в молочной направлении Туркестанская область, город Шымкент по экстерьеру, Жамбылская область по весу. Общий призовой фонд составил 3,5 млн тенге. Кроме того, обладателям номинаций были вручены дополнительные кубки и ценные призы до 300 тысяч тенге. Обладатели номинаций "Сауыншылар", "Асылдандыру", "Самый лучший молочный продукт" не остались без трофеев. Кроме того, большое внимание привлекли соревнования козлят и доярок. Ветеранам отрасли, внесшим вклад в координацию мероприятия, был вручен нагрудный знак Управления сельского хозяйства Туркестанской области. Выставку, организованную в новом формате, посетили около 350 человек. По словам организаторов, эта инициатива будет продолжена и в дальнейшем.Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1017685?lang=kk
Құрметті медицина саласының қызметкерлері және ардагерлері 21.06.2025
Бүгін – ерекше күн. Бұл күн – өмірге араша түсіп, үміт отын сөндірмей келе жатқан ақ халатты абзал жандардың мерекесі.Медицина қызметкерлері күні құтты болсын!Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен күн сайын жасаған жанкешті еңбектеріңіз – ешқашан өлшенбейтін, бірақ мәңгі бағаланатын асыл іс. Әрбір дәл қойылған диагноз, әр сәтінде жасалған көмек – бір өмірдің амандығы. Сіздердің мейірімге толы жүректеріңіз, шын жанашырлықпен атқарған қызметтеріңіз біз үшін үлкен мақтаныш.Адам жанына араша болу – жай ғана жұмыс емес, бұл – өмірлік ұстаным, жүрек қалауы. Сол ұлы жолдан таймай, қанша қиындық кездессе де, абыроймен қызмет етіп келе жатқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын.Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге сәттілік пен шабыт тілеймін. Ақ халаттарыңыз – тек кәсіби киім емес, сенім мен үміттің символы болып қала берсін!Құрметпен,Аманкелді ауылдық округіәкімі Жаманқұлов Зейнұр ҚайраддинұлыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-amangeldi/press/news/details/1017828?lang=kk
Деловая встреча оватжв 21.06.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/test/press/news/details/1017829?lang=kk
Су айдындарындағы қауіпсіздік 21.06.2025
Су айдындарындағы қауіпсіздік Балалар мен ата-аналар (білім алушылардың заңды өкілдері)!!!Су айдындарындағы тәртіп ережелеріне назар аударыңыз!Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары жөніндегі жадынамаСу айдындарында тыйым салынады:- ескертулері және тыйым салатын жазбалары бар қалқандар (аншлагтар) қойылған орындарда шомылуға;- жабдықталмаған, бейтаныс жерлерде шомылу;Балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары Ата-Аналар жол бермеуге міндетті:- балалардың қараусыз жалғыз шомылуы;- белгілен беген орындарда шомылу;- шомылу үшін бейімделмеген құралдармен, заттарменсырғанау.Барлық балалар ережелерді есте сақтауы керек:- арнайы бөлінген орындарда ғана шомылуға;- жақын келе жатқан кемелерге, қайықтарға жүзбеңіз және судағы ойындарға жол бермеңіз;- жалған дабыл сигналдарын бермеуге, үрлемелі матрастарда, камераларда, тақталарда жүзбеуге;- суға бейтаныс жерлерде, қайықтардан, тік жағалаулардан, айлақтардан түспеуге;- +18°С төмен температурада суда шомылмау;-суға шомылушылар үшін қауіпті банкілерді, шыныны және басқа заттарды тастамауға;- үлкендердің қатысуымен ғана шомылыңыз.Шомылу кезінде жол берілмейді:Бейтаныс жерде, Көпірлер мен бөгеттердің астында жүзу.Түбінен тереңдігі мен рельефін білмей биіктіктен сүңгу.қоршаулардан асып жүзу.Кемелерге және басқа жүзу құралдарына жақындау.Қайықтардан, суға секірімеңіз.Бір-бірінің аяқ-қолын тартып суда ойнауға.Жүзе алмайтындарға тереңдігі 1-2 метрден аспайтын арнайы жабдықталған жерлерде ғана суға түсу қажет."Шомылуға тыйым салынады!" ескертетін аншлагтармен жабдықталған су объектілерінде шомылуға тыйым салынады.»Есіңізде болсын! Судағы қауіпсіз мінез-құлықшараларын қатаң сақтау ғана апаттың алдын алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-asenkritov/press/news/details/1017831?lang=kk
Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21.06.2025
Талдықорған қаласының Рақышев және Алдабергенов көшелерінің қиылысында орналасқан коммуналдық базар аумағында әр аптаның сенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетіндігін еске саламыз.Сондай-ақ, Жетісу облысының аудан орталықтарында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.Жәрмеңкеде ауылшаруашылық өнімдерінің өзіңізге қажеттісін таңдап алуыңызға мүмкіндігіңіз бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-ayul/press/news/details/1017835?lang=kk
Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету - заман талабы! 21.06.2025
Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету - заман талабы!Бүгінгі таңда күллі әлем күн санап цифрландыру заманына көшуде. Халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен жылдамдығын арттыру үшін қызмет көрсету процестерін оңтайландыру, қағазбастылық пен сөзбұйдаға салуды және қажеті жоқ артық рәсімдерді жою, үздік цифрлық технологияларды енгізу, бизнес-процесстерді автоматтандыру кеңінен жүргізілуде. Цифрландыру бағытында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Осылардың нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру арқылы қағаз құжаттар айналымы азайды. Азаматтардың Egov.kz порталы мен оның басқа сервистері, сонымен қатар мемлекеттік органдардың ақпараттық порталдары арқылы электронды түрде қызмет алуға өтініш білдіру саны артты. Мәселен, жыл басынан бері округ бойынша 700-ге жуық қызмет электронды түрде ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-usharal/press/news/details/1017836?lang=kk
Арқарлы ауылдық округінде оқушылар арасында қол күрес ұйымдастырылып,өткізілді. 21.06.2025
Арқарлы ауылдық округінде оқушылар арасында қол күрес жарысы өткізілді.Аталған жарыстың жеңімпаздары Арқарлы ауылдық округі әкімінің мадақтама қағаздарымен және спортты дамыту және бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы КММ-нің Алакөл аудандық филиалының кубок және медальдарымен мараппатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-arkarly/press/news/details/1017839?lang=kk
Железин аудандық мәслихатының 34-кезектен тыс сессиясы 21.06.2025
2025 жылғы 19 маусымда сағат 12.00-де Железин ауданы әкімдігінің кіші залында 8-сайланған Железин аудандық мәслихатының 33-кезектен тыс сессиясы өтеді.Сессияға Железин ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан прокуроры, ауданның ұйымдары мен мекемелерінің басшылары, БАҚ өкілдері шақырылады.Сессияның қарауына: Железин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 тамыздағы «Железин ауданының жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» № 133/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Железин ауданы мәслихатының 2024 жылғы 14 маусымдағы «Терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 126/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және басқа да мәселелер енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-zhelezinka/press/news/details/1017841?lang=kk
Қарақұрттың шағуының алдын алу 21.06.2025
Қарақұрт – әлемдегі ең қауіпті деп саналатын өрмекші. Оны "қара жесір" деп те атайды, бұл атауды бәрі естіген де шығар. Өрмекшілердің адамдармен кездесулері, олардың қоныс аударуы кезінде орын алады, көбінесе қарақұрттар ұя салу және өздеріне сыртқы қап тоқу үшін жақсы қорғалған жерлерді іздейді. Қазақстанда қарақұрттар құрғақ және шөлді жерлерде, құмды және тасты жағажайларда, төмен өсімдіктер арасында мекендейді және көбейеді, жерге жақын тұрады. Қарақұрт өрмекші үйлерге қоныстанбайды. Ол ешқашан көпқабатты үйде тұрмайды, өйткені ол даланы, құмды және жылуды жақсы көреді. Сарапшылар қатты жылу қарақұрттардың тез көбеюіне және уыттылығының жоғарылауына әкелетінін атап өтті.Шағудың өзі ауыртпайды және денеде тістеген жерді табу қиын, өйткені өрмекші теріні тістей алмайды. Алайда, тістегеннен кейін көп ұзамай улану бүкіл денеге таралады және адамда өткір ауырсыну синдромы пайда болады, көбінесе ауырсыну бел жақты пайда болады, іште, кейде белдің өзінде жүреді, қыздыра ауырту шағу орнынан жоғары көтеріледі, ентігу, жүрек соғу жиілігі, бас ауруы, құсу пайда болып, адам қатты терлей бастайды. Егер адам уақытында дәрігердің көмегіне жүгінбесе, алжасуға айналатын қозған күй кешеді. Үш күннен кейін дене қышыма бөртпемен жабылуы мүмкін, ал тағы үш күннен кейін одан із де қалмайды. Жалпы, қарақұрт өрмекшінің шағуынан қалпына келу,айығу процесі 3-тен 10 күнге дейін созылады.Сізді улы өрмекшілер шағып алмау үшін-оларды ешбір жағдайда қолыңызға алмаңыз, ұстап алуға және ыдысқа салуға тырыспаңыз. Келесі кеңестерді сақтай отырып, сіз жабайы табиғатта - жаяу серуендеуде, пикникте, аң аулауда немесе балық аулауда өзіңізді улы өрмекшілерден қорғай аласыз. Табиғатта, оның мекендейтін жерлерінде қарақұртқа тап болмас үшін қажетті сақтық шараларын сақтау ұсынылады:- ашық далада жалаң аяқ жүрмеу;- тығыз жабық аяқ киім киіңіз;-мата күркенің кіреберісін мықтап жабыңыз немесе жабындыларды қолданыңыз;- демалыс уақытында киімдер мен аяқ киімдерді немесе серуендеу алдында, оларды киер кезінде мұқият тексеріңіз.Егер сізді қарақұрт өрмекші шағып алса, мүмкіндігінше тезірек жақын маңдағы емханаға, ауруханаға, фельдшерлік пунктке барып көмек сұраңыз немесе жедел жәрдем шақыруыңыз қажет.Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-zholbarys-batyr/press/news/details/1017843?lang=kk
Түркістанда өткен XIII жазғы Универсиада еліміздің 79 жоғары оқу орнынан 4000-нан астам студентті біріктірді 21.06.2025
Түркістанда өткен XIII жазғы Универсиада еліміздің 79 жоғары оқу орнынан 4000-нан астам студентті біріктірді2025 жылғы 10 мамыр мен 13 маусым аралығында Түркістан қаласында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында республикалық XIII жазғы Универсиадасы өткізілді.2025 жылғы маусым айында Халықаралық туризм және меймандостық университетінде еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы маңызды спорттық іс-шара – ХІІІ жазғы Универсиада ойындары сәтті өтті. Аталған додаға еліміздің 79 жоғары оқу орнынан 4000-нан астам студент қатысты.Универсиаданың ресми ашылу салтанаты 2025 жылғы 16 мамыр күні «Түркістан Арена» орталық стадионында өтті. Салтанатты рәсімге Олимпиада және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері қатысты. Сонымен қатар ашылу рәсіміне министрлік өкілдері мен жергілікті атқарушы органдар басшылары қатысты.Спорттық жарыстар «Түркістан Арена» орталық стадионы, Б.Саттарханов атындағы спорт сарайы, «Олимпик» спорт орталығы, сондай-ақ IUTH Спорттық-сауықтыру кешені секілді Түркістан қаласының негізгі спорт нысандарында өтті. 2025 жылғы 10 мамыр мен 13 маусым аралығында келесі спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілді:Тоғызқұмалақ – 32 команда, 158 қатысушыҮстел теннисі – 28 команда, 132 қатысушыБаскетбол (ерлер, әйелдер) – 46 команда, 184 қатысушыШахмат (ерлер, әйелдер) – 26 команда, 168 қатысушыТхэквондо (ерлер, әйелдер) – 21 команда, 135 қатысушыДзюдо (ерлер, әйелдер) – 30 команда, 203 қатысушыЖеңіл атлетика – 24 команда, 175 қатыушы қатыстыКаратэ-до (ерлер, әйелдер) – 15 команда, 74 қатысушыБадминтон (ерлер, әйелдер) – 7 команда, 37 қатысушыВолейбол (ерлер, әйелдер) – 64 комада, 707 қатысушыЕркін күрес (ерлер) – 30 команда, 154 қатысушыӘйелдер күресі – 8 команда, 28 қатысушыФутзал – 40 команда, 441 қатысушыБокс (ерлер, әйелдер) – 36 команда, 201 қатысушыГрек-Рим күресі (ерлер) – 27 команда, 130 қатысушыЖүзу (ерлер, әйелдер) – 18 команда, 99 қатысушыҚазақ күресі (ерлер, әйелдер) – 37 команда, 259 қатысушы. Универсиада ойындарының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-орынды Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жеңіп алды. Университет спортшылары 31 алтын медаль иеленіп, Универсиада жеңімпазы атанды.2-орынды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті иеленді. Бұл жоғары оқу орнының спортшылары 21 алтын медальмен жалпы есепте үздік үштікке енді.3-орынға Қазақ спорт және туризм академиясы тұрақтады. Академия спортшылары 19 алтын медаль жеңіп алды. Бұл жетістіктер – оқу орындарының спорттық әлеуетінің, жүйелі дайындық пен жан-жақты қолдаудың айқын нәтижесі. Салтанатты жабылу рәсімі аясында Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) туы XIV жазғы Универсиаданы өткізетін Қазақ спорт және туризм академиясына ресми түрде табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1017845?lang=kk
ШЕРАҒА ҮЙІНДЕГІ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ 21.06.2025
“Әулиеата -кітап оқитын өңір” жобасы аясында Жуалы ауданында Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалды үйінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ардагер журналист, мәдениет майталманы Асқарбек Ақылшаұлы Сейілханның «ШЕР АҒАНЫҢ ШЕКПЕНІНЕН ШЫҚПАСАМ ДА...» және ардагер журналист Бекет Момынқұлдың «Момышұлы әлемі» кітаптарының Жуалы ауданындағы таныстырылымы өтті.Аталмыш іс-шараға аудан ақсақалдары, ауыл тұрғындары қатысты. Онда Батыр Бауыржан мен Шерханның тағылымды мұралары, көз көргендердің естеліктері айтылып, кітапқа енген тың ақпараттар оқырман назарына жетті.Еркін сұхбат барысында Асқарбек Ақылшаұлы Шераға образында сахналық қойылымнан үзінді оқыса, Бекет ағамыз нағыз ізденімпаз журналист ретінде тың архивтік деректерімен бөлісті.Іс-шара барысында Шераға орталығының директоры Жасұлан Әбдіхалық жиынның басты мақсатын елге жеткізе отырып, қос кітап ертең үшін үлкен рухани мұра болатындығын да атап өтті.Жиында өлкетанушы Дәулетжан Байдалиев, Сейітқазы Медетбеков, Шәкір Мамаджанов пікір айтып, өз естеліктерімен де бөлісті.Іс-шарада кітап авторлары кітаптардың бір-бір данасын Шераға үйіне, Талапты ауылының Мектебіне, аудандық ардагерлер үйіне, аудандық музейге және Жуалы ауданының кітапханасына табыстады.Жиын соңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұржан Жаңабаев ел ағаларына алғысын жеткізіп, аудан жұртшылығы үшін мұндай тағылымды жиындардың маңызы зор екенін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1017846?lang=kk
Әке күніне арналған іс-шара. 21.06.2025
Әкелер күні қарсаңында қаламызда өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі әкенің рөліне арналған іс-шара өтті. Шара аясында қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.Қатысушыларды келе жатқан мерекемен қала әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы құттықтап, ізгі тілегін білдірді.Барлық әкелерге отбасы құндылықтарын нығайтуға қосқан үлестері мен бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі үшін алғыс білдіреміз. Келе жатқан әкелер күні құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/1017848?lang=kk
Әскери басқару органдарының қызметі мен материалдық-техникалық базасы бағаланды 21.06.2025
2025 жылғы 11-13 маусым аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Е. Байболат Мойынқұм, Қордай және Шу аудандарына жұмыс сапарымен барды.Іс-сапар аясында басқарма басшысы аталған аудандардағы қорғаныс істері жөніндегі бөлімдердің қызметін бағалап, әскери басқару органдарының ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағдайымен танысты. Атап айтқанда, мерзімді әскери қызметке шақыру науқанының өту барысы назарға алынды.Әрбір бөлімде жүргізілген зерделеу барысында мекеме ғимараттарының техникалық жай-күйі және әскери есепке алу жүйесінің тиімділігі егжей-тегжейлі қаралды. Сонымен қатар, кадрлық қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелердің қолданылу барысы да бақылаудан тыс қалмады.Сапар нәтижесінде анықталған кемшіліктер мен өзекті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, оларды шешу тетіктері ұсынылды. Басқарма басшысы бөлімдердің жалпы дайындығына баға беріп, жұмылдыру жұмыстары мен әскери есеп жүргізудің тиімділігін арттыру үшін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1017850?lang=kk