Қоғам
Ақтауда аялдамалардың тазалығы тексерілді 21.06.2025
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қалалық полиция басқармасымен бірлесіп аялдамалар маңындағы санитарлық тазалыққа қатысты рейдтік шара өткізді.Іс-шарада кәсіпкерлік нысандар орналасқан аялдамалар аумағының тазалығы, күту орындарының ашық болуы, абаттандыруы мен көрнекі ақпараттарды ретке келтіру сынды мәселелер назарға алынды.Рейд барысында бір нысанға санитарлық талаптарды өрескел бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 505-бабына сәйкес 20 АЕК көлемінде, яғни 78 640 теңге айыппұл салынды. Басқа да кәсіпкерлерге аялдама маңын қоқыстан тазалау, орындықтарды жөндеу немесе ауыстыру, жол жиектерін сырлау, рұқсатсыз жапсырылған жарнамаларды алып тастау бойынша нақты талаптар түсіндірілді.Қоғамдық орындардағы тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған іс-шара алдағы уақытта жалғасады.Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1017931?lang=kk
Мамыр айында 128,1 мың бірлік автокөлік есепке қойылды 21.06.2025
2025 жылғы мамырда 128,1 мың бірлік автокөлік құралы1 есепке қойылды, оның ішінде жеңіл автомобильдер – 113 мың бірлік, жүк автомобильдері – 8 мың бірлік, автобустар – 1,4 мың бірлік және мототранспорт – 5,7 мың бірлік.2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 302,5 мың бірлікті құрады, оның ішінде 86,5% – жеңіл автомобильдер, 9,7% – жүк көліктері, 1,9% – автобустар мен мотокөліктер – 1,9%.Пайдаланылатын отын түрі бойынша автокөліктердің 82% бензинмен жүреді, 7,1% аралас отын есебінен қозғалады, 7,1% – дизель отынымен, 0,3% – газ баллонымен, тағы 0,3%-ы электр қуатымен (немесе 17 164 бірлік көлік) жүреді.Былтырғы мамыр айымен салыстырғанда бензинмен жүретін автокөліктер саны 15,3%, дизель отынымен жүретіндер 13,9%, газбен жүретіндер 36,2%, аралас отынмен жүретіндер 9,3% өскен. Бұл ретте электромобильдер саны бір жылда 66,9% артқан. 1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/1017937?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, қызметтік этика және "Адал азамат" идеалдары мәселелері бойынша кездесу өткізілді 21.06.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, қызметтік этика және "Адал азамат" идеалдары мәселелері бойынша кездесу өткізілді 2025 жылғы 5 маусымда Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Демеу» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызметшілер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.Іс-шараның негізгі мақсаты — халықты әлеуметтік қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын және қызметтік әдеп қағидаларын түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастыру.Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының салдарын көрсетіп, ақпараттық және бейнемазмұндар ұсынылды. Әрбір қызметкердің заң талаптарын, адалдық қағидаттарын және жоғары кәсіби этиканы сақтау жөніндегі жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Жиынға шамамен 100 мемлекеттік қызметші мен бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Спикерлердің сөз сөйлеулері Бірінші сөз сөйлеген спикер — Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті басқармасының лекторы Агжигитов Әділжан Дүйсенгалиевич. Ол Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі қағидаларын жан-жақты түсіндіріп, мемлекеттік қызметшілердің жеке жауапкершілігіне және қолданыстағы заңнама мен қызметтік әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының салдарын көрнекі түрде көрсету мақсатында нақты мысалдар мен жауапкершілікке тарту тәжірибесін бейнелейтін бейнематериалдар ұсынылды.Екінші сөз сөйлеген спикер — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Шынар Алимханова. Өз сөзінде ол мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуы, қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне тоқталып, осы бағыттағы негізгі талаптар мен міндеттерді баяндады.Келесі тақырыптарға ерекше назар аударылды:мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау;белгіленген шектеулер, соның ішінде лудомания (ойынға тәуелділік) мәселелері;бұрынғы лауазымдарда жіберілген тәртіптік теріс қылықтар үшін жауапкершілікті қоса алғанда, тәртіптік жауапкершілік;мемлекеттік қызметке кіру тәртібі;Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру;мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру;2024–2029 жылдарға арналған Мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасының негізгі ережелері;жаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң жобасының ережелерін түсіндіру.Шынар Алимханова мемлекеттік аппараттың оң имиджін қалыптастырудың, ашықтық, есептілік және адалдық қағидаттарын нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, еңбек ұжымдарында алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің қажеттілігіне тоқталды. Кездесу соңында ол қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға, соның ішінде HR-кадр мамандарын сертификаттау мәселесіне қатысты сұрақтарға да жауап берді. Үшінші сөз сөйлеген спикер — Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті басқармасының аға офицері Алма Амангелдиева. Оның баяндамасының тақырыбы: «Заң мен тәртіп – әділеттіліктің басты шарты».Өз сөзінде ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сананы арттыру және мемлекеттік қызметте әділеттілік пен заңдылық құндылықтарын нығайту мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі мен күнделікті жұмыста қызметтік әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.Спикерлердің сөз сөйлеулерін қорытындылай келе, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Нұржан Узбеханов сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында қатысушыларды Агенттік Төрағасы мен Мәдениет және ақпарат министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген, 2025–2027 жылдарға арналған мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін «Адал азамат» идеалдарына сай ілгерілету жөніндегі Жол картасымен таныстырды.Нұржан Узбехановтың баяндамасы алдыңғы айтылған мәселелерді толықтырып, мемлекеттік органдарда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастырудың, кемсітушілікке жол бермеудің, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғаудың маңыздылығына ерекше назар аудартты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-uzsp/press/news/details/1017938?lang=kk
Қазақстан автозауыттардан бастап курорттарға дейін 9 мегажобаны іске қосады 21.06.2025
Қазақстан автозауыттардан бастап курорттарға дейін 9 мегажобаны іске қосадыҚазақстанда автомобиль жасау, мұнай химиясы және туризм саласындағы ірі жобаларды іске асыру басталады. Жаңа өндірістер мен курорттар мыңдаған жұмыс орындарын ашады және ел экономикасының дамуына үлес қосады. Алғашқы нысандар алдағы жылдары жұмысын бастайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-sadchikov/press/news/details/1017940?lang=kk
ОБЗОР МИРОВЫХ СМИ О ТЕРРОРИЗМЕ 21.06.2025
27 мая боевики связанной с «Аль-Каидой» (деятельность организации запрещена на территории РК) группировки «Джамаат Нусрат Аль-Ислам Валь-Муслимин» совершили два крупных нападения в Мали. В области Мопти джихадисты напали на воинскую часть ВС Мали в г. Диура. По утверждению пропагандистов, при боестолкновении погибли 40 военнослужащих. Боевики захватили вооружение и машины, а также сожгли бронетехнику. В области Каес террористы напали на площадку китайской компании COVEC, которая занимается строительством и ремонтом дорог в Мали. Нападавшие сожгли строительную технику, склады с материалами и бытовки. Джихадисты планировали похитить иностранцев, однако их вовремя эвакуировали.27 мая Эхсан Багери, судья уголовного суда Шираза в Иране, подвергся нападению и был убит двумя неизвестными. Судья занимался делами о преступлениях против безопасности и контрабанде наркотиков. Он был убит при выходе из дома.27 мая в Стамбуле в районе Хюрриет на втором этаже 5-этажного здания в ресторане было заложено взрывное устройство. В результате взрыва 7 человек получили ранения. Полиция начала работу по поимке сбежавших подозреваемых.27 мая в Сирии в результате вооруженного нападения на деревню Машкита к северу от города Латакия погибло 5 человек, еще 3 жителей получили ранения.28 мая ополченцы также атаковали беспилотниками общественный рынок в городе Аль-Хивай, убив 8 мирных жителей. Кроме того, они обстреляли жилой район в городе Аль-Дибайбат, Южный Кордофан, убив 2 мирных жителей.28 мая в Нигере в регионе Тахуа боевики напали на пункт постоянной дислокации спецподразделения правительственных войск неподалеку от г.Экневан. При боестолкновении погибли 40 военнослужащих, некоторые из них казнены. Нападавшие захватили вооружение и машины, технику и постройки сожгли. Боевики использовали БПЛА-камикадзе, против которых у военных не было средств противодействия. Кроме того, в регионе Тиллабери террористы обстреляли машину ВС Нигера. При нападении погибли 4 военных.30 мая в результате взрыва самодельного взрывного устройства, заложенного наксалитами в центральном индийском штате Чхаттисгарх недалеко от деревни Бандепара, в районе Маддед в округе Биджапур были ранены 3 мирных жителей.30 мая «Исламское государство» (деятельность организации запрещена на территории РК) впервые заявило о нападениях на боевиков нового режима Сирии. Инциденты произошли на плато Сафа в провинции Эс-Сувейда. Террористы привели в действие придорожные СВУ на пути следования машин ВС САР. По утверждению пропагандистов, при взрывах были ликвидированы 11 боевиков нового режима, которые в заявлении ИГ названы «вероотступнической армией». Минобороны Сирии подтвердило факт нападений, отметив, что целью джихадистов стали военнослужащие 70-ой дивизии ВС САР. По официальным данным, при взрывах были ликвидированы 3 боевика.30 мая в результате нападений военизированных сил быстрого реагирования (RSF) на больницу Аль-Даман в городе Эль-Обейд в западном суданском регионе Кордофан были убиты 16 пациентов, проходивших лечение.1 июня в г.Боулдере (штат Колорадо, США) мужчина метнул несколько бутылок с зажигательной смесью в демонстрантов, устроивших шествие в поддержку заложников, находящихся в секторе Газа, 8 человек получили ожоги. Подозреваемый 45-летний Мохамеда Сабри Солимана во время нападения выкрикивал «Свободная Палестина». Злоумышленник был взят под стражу.❖ В Кашкадарьинской области Узбекистана ликвидировали ячейку экстремистского движения «Джихадисты» podrobno.uz, 27 мая В Каршинском районе Кашкадарьинской области сотрудники Службы государственной безопасности совместно с органами внутренних дел провели операцию, в результате которой была выявлена скрытая структура религиозно-экстремистского направления «Джихадисты».Главным организатором сообщества оказался особо опасный рецидивист, ранее неоднократно привлекавшийся к уголовной ответственности. Он обвинялся по статьям, касающимся терроризма, посягательства на конституционный строй, распространения материалов, представляющих угрозу общественной безопасности, а также участия в деятельности запрещённых религиозных организаций.По данным следствия, он создал нелегальную группу, в которую вовлек семерых жителей Карши и окрестных районов, возрастом от 39 до 61 года. Члены объединения систематически встречались в частных домах, где обсуждали планы по созданию так называемого «халифата». Также установлено, что участники обменивались между собой радикальными аудио и видеоматериалами через социальные сети. Эти материалы содержали пропаганду джихада, хиджры и насильственного установления «халифата». Целью группировки было привлечение новых приверженцев и расширение своего влияния. Отмечается, что лидер группировки и еще четверо ее членов уже отбывали сроки лишения свободы, но после освобождения вновь занялись противоправной деятельностью.Суд Каршинского района по уголовным делам признал всех восьмерых виновными. В зависимости от степени их участия, им назначили наказание в виде лишения свободы сроком от 6 до 10 лет.❖ Об операции сирийских властей против ИГ anna-news.info, 27 мая «Сотрудники» «управления внутренней безопасности», сформированного новыми властями Сирии, провели операцию в провинции Дамаск, в ходе которой задержали боевиков террористической группировки «Исламское государство» (ИГ) (деятельность организации запрещена на территории РК). Об этом сообщило МВД арабской республики.По сообщению ведомства, у террористов были обнаружены оружие и боеприпасы, а также взрывные устройства, которые боевики планировали использовать «для дестабилизации обстановки в регионе».Между тем, местные источники сообщают о начале протестов в населенном пункте Закийя в сельской местности Дамаска после того, как несколько местных жителей были арестованы новым режимом по обвинению в принадлежности к ИГ. Жители города категорически отрицают принадлежность задержанных к террористам и заявляют, что они были торговцами оружием.❖ Полиция ФРГ фиксирует рост правоэкстремистских преступных молодежных группировок tass.ru, 27 мая Руководитель Федерального ведомства по уголовным делам (БКА, уголовная полиция) ФРГ Хольгер Мюнх заявил об увеличении правоэкстремистских преступных молодежных группировок.«Уже около года мы все чаще наблюдаем, как очень молодые люди с правыми взглядами становятся все более радикальными и объединяются в порой хорошо организованные структуры для совершения серьезных преступлений», - сказал Мюнх медиагруппе Funke. Интернет, по его словам, все чаще становится сетевым пространством для представителей правых сил. «Радикализация, вербовка и мобилизация происходят через социальные сети и праворадикальные форумы», - подчеркнул он.21 мая правоохранительные органы Германии задержали пять человек и поддержке правоэкстремистской террористической организации, называющей себя «Последняя волна обороны». Четырех из них подозревают в членстве в этой организации, одного - в ее поддержке. Все задержанные - граждане Германии. Подозреваемые планировали нападения на беженцев и политических диссидентов.Члены организации «Последняя волна обороны» считают себя последней инстанцией в защите «немецкой нации». Их цель - добиться краха демократической системы в Федеративной Республике Германия посредством актов насилия, в первую очередь против мигрантов и политических оппонентов.❖ Заместитель генсека ОДКБ провел встречу с директором Контртеррористического центра Африканского союза ctc-rk.kz, 27 мая В Секретариате ОДКБ состоялась рабочая встреча заместителя Генерального секретаря ОДКБ В.Семерикова с директором Контртеррористического центра Африканского союза И.Лаллали.В ходе встречи заместитель Генерального секретаря ОДКБ проинформировал представителя Африканского союза об основных направлениях деятельности ОДКБ и практическим мероприятиях, проводимых в формате Организации по борьбе с терроризмом, противодействию незаконному обороту наркотиков, нелегальной миграции и документам, регламентирующим эту деятельность.Со своей стороны директор Контртеррористического центра Африканского союза проявил большой интерес к практикам, проводимым в формате ОДКБ, и поделился наработками Африканского союза по противодействию вызовам и угрозам безопасности на Африканском континенте.Участники встречи высказались о большой заинтересованности в сотрудничестве и взаимодействии между рабочими органами двух организаций и договорились развивать партнерские отношения по вопросам, представляющим взаимный интерес.❖ На юго-западе Пакистана ликвидированы террористы news.cn, 28 мая Пять террористов были убиты в ходе двух отдельных операций, проведённых в провинции Белуджистан на юго-западе Пакистана.Операции были проведены в районах Лоралай и Кеч провинции, говорится в заявлении Межведомственного отдела по связям с общественностью (ISPR), медиаподразделения пакистанской армии. На месте происшествий были обнаружены оружие, боеприпасы и взрывчатые вещества.ISPR заявило, что террористы были связаны с запрещённой группировкой и участвовали в нескольких террористических актах, в том числе в смертоносных засадах на пассажирские автомобили на шоссе N-70 в районе Рарашама в августе 2024 года и феврале 2025 года, в результате которых погибли по меньшей мере 30 мирных жителей.Проводятся санитарные мероприятия для устранения других террористов в этом районе.❖ Начался суд над устроившим теракт на фестивале в Золингене сирийцем bild.de, 28 мая В Дюссельдорфе стартовал процесс по делу о нападении на фестивале в городе Золинге. На скамье подсудимых – 27-летний сирийский беженец Исса аль-Хасан. Его обвиняют в тройном убийстве и десяти покушениях на убийство.По версии прокуратуры, он совершил нападение сознательно, в рамках «священной войны» – и даже отправил видеопризнание «Исламскому государству» (деятельность организации запрещена на территории РК), поклявшись в верности лидеру террористов.Трагедия произошла 23 августа 2024 года на «Фестивале разнообразия» в Золингене. Аль-Хасан зарезал трех человек (двое – 56 лет, один – 67 лет) и тяжело ранил еще восемь. Накануне он снял признание в закусочной Kebab Haus, на котором он обмотал голову кухонными полотенцами, имитируя палестинский платок, и угрожал: «Клянусь Богом, я вас зарежу».Следствие установило, что Исса аль-Хасан стал приверженцем радикального ислама задолго до приезда в Германию. В ФРГ он прибыл 25 декабря 2022 года через Болгарию – его должны были депортировать, однако он смог скрыться.Ему грозит пожизненное заключение с последующим содержанием в тюрьме особого режима. Суду предстоит выслушать около 50 свидетелей до 24 сентября.❖ Федеральная прокуратура: Терроризм в Бельгии стремительно «молодеет» eadaily.com, 29 мая Согласно ежегодному отчету за 2024 год федеральная прокуратура Бельгии предъявила обвинения в совершении террористических преступлений более чем 70 людям.Они обратили внимание на тот факт, что, хотя в предыдущие годы большинство уголовных дел, связанных с терроризмом, возбуждались в связи с присоединением к джихадистским группировкам, действующим в других регионах мира, в прошлом году акцент был перенесен на деятельность на территории Бельгии. Сейчас основное внимание уделяется террористам-одиночкам, а не международным группам и их последователям. Эти субъекты действуют без поддержки извне и используют ограниченные ресурсы для планирования террористических актов.В отчете федеральной прокуратуры Бельгии подчеркивается, что онлайн-пропаганда террористической деятельности широко распространена, что способствует процессу радикализации.В прошлом году наблюдалось значительное увеличение числа молодых людей, подозреваемых в причастности к терроризму. Если в 2022 году было зарегистрировано 16 случаев с участием несовершеннолетних, то в 2023 году – 24 случая, а в 2024 году – 55 случаев.Большинство привлеченных по террористическим преступлениям – это молодые люди в возрасте от 15 до 17 лет, придерживающиеся экстремистской идеологии джихада. В прошлом году также был зарегистрирован 12-летний подросток.Молодые люди, для которых характерны недостаток критического мышления, самоконтроля, эмпатии и сильных эмоций, легче поддаются идеологическому влиянию, радикализации и насильственному убеждению следовать какой-либо идее.❖ О росте риска терактов в Италии предупредил госдеп СШАeuractiv.com, 29 мая Итальянские власти должны с большей осторожностью и предусмотрительностью подходить к вопросу обеспечения безопасности в связи с ростом потенциальной угрозы терроризма. Как указывается в предупреждении, которое поступило от Госдепа, основное внимание следует уделять местам большого скопления туристов, где теракт может произойти «без предупреждений». Согласно принятой США шкале, уровень предупреждения для Италии был поднят с 1 уровня до 2 (из четырех), как для Франции, Германии и Испании. Для остальных стран ЕС по-прежнему действует уровень 1.Ранее США уже поднимали уровень предупреждения для Италии, и это было связано с притоком туристов. В этом году число приезжих в Италии, главным образом в Риме, повышен из-за проводимого Римско-католической церковью Юбилейного года христианства, что связано с наплывом паломников и желающих пройти через Святые врата главных римских храмов для очищения от грехов.Римские власти уже предпринимают повышенные меры безопасности, особенно в районе Ватикана. Особые меры принимались также во время недавних похорон Папы Римского Франциска и инаугурационной мессы нового понтифика Льва XIV. Все его публичные появления – на площади Святого Петра по средам и воскресеньям, когда он объезжает ее на «папамобиле», привлекают большое число верующих.❖ О намерении Трампа покончить с ИГ в Сирии заявил спецпредставитель США alarabiya.net, 29 мая Президент США Д.Трамп намерен раз и навсегда покончить с террористической организацией «Исламское государство» (деятельность организации запрещена на территории РК) на территории Сирии. Об этом заявил спецпредставитель США по Сирии Т.Барак.«Трамп хочет покончить с ИГ в Сирии раз и навсегда», – сказал он. По словам американского представителя, «армия США на 99% выполнила свою миссию по борьбе с ИГ».Кроме того, Т.Барак заявил, что Трамп намерен исключить Сирию из списка государств - спонсоров терроризма. По его словам, главной целью администрации США является «расширение прав и возможностей действующего правительства» в Сирии. Касаясь отношений Сирии с Израилем, он охарактеризовал их как «решаемую проблему», высказавшись в поддержку диалога между странами.Ранее в Народном дворце в Дамаске спецпредставителя США приняли сирийский президент на переходный период Ахмед аш-Шараа и глава МИД Асаад аш-Шейбани.29 мая в Дамаске состоялась церемония открытия резиденции посла США в Дамаске после 13-летнего перерыва, ознаменовав возвращение американской дипломатической миссии в Сирию.❖ Теракт произошел на нефтепроводе в Колумбии eadaily.com, 30 мая Неизвестные совершили террористическую атаку на нефтепровод Bicentenario в колумбийском департаменте Араука.Перекачка по колумбийскому трубопроводу Bicentenario была приостановлена после атаки с применением взрывчатки. Нападение было совершено неизвестной группой. Взрывы трубопроводов являются обычным явлением в Колумбии и часто осуществляются повстанческими группировками.Компания Cenit, владеющая нефтепроводом добавила, что сотрудничает с органами по чрезвычайным ситуациям и армией для очистки территории.❖ Армия Пакистана сообщила о гибели четырех солдат в бою с террористами ria.ru, 30 маяЧетверо пакистанских военнослужащих погибли в ходе отражения нападения террористов на границе с Афганистаном. Группа террористов попыталась атаковать контрольно-пропускной пункт сил безопасности в уезде Шавал округа Северный Вазиристан (провинция Хайбер-Пахтунхва).❖ Задержан находящийся в розыске высокопоставленный участник ИГИЛtrthaber.com, 1 июня В ходе совместной операции MIT и пакистанского разведывательного управления ISI на пакистано-афганской границе был задержан разыскиваемый по оранжевой категории гражданин Турции, подозреваемый в организации транзита боевиков ИГИЛ.Согласно информации, полученной из источников в службах безопасности, MIT утверждает, что транзит членов террористической организации ИГИЛ (деятельность организации запрещена на территории РК) из Европы и Центральной Азии в район Афганистан-Пакистан был организован мужчиной, турецкого происхождения. Он также являлся так называемым «высшим руководителем турецкого ИГИЛ», который вел деятельность в сфере СМИ и логистики организации.В результате исследований было установлено, что этим человеком был Озгюр Алтун под кодовым названием «Абу Ясир Аль Турки», который являлся «высокопоставленным сотрудником турецких СМИ» в так называемой хорасанской структуре террористической организации ИГИЛ и был внесен в «оранжевую» категорию списка разыскиваемых за терроризм.Террорист ИГИЛ Алтун был схвачен на пакистано-афганской границе и депортирован в Турцию. В ходе операции были сорваны планы террористической организации ИГИЛ в отношении Турции, а также были изъяты цифровые материалы, относящиеся к планированию действий и организации.❖ Военные выбили боевиков ИГ из главной базы в центральной части Сомали dailysomalia.com, 1 июня Вооруженные силы Сомали полностью взяли под контроль Миирале – главную базу террористической группировки «Исламское государство» (ИГ) (деятельность организации запрещена на территории РК) в горах Кал-Мискаад в центральной части страны.База удерживалась террористами на протяжении последнего десятилетия. Войска продвигались с нескольких направлений, включая район Миирале. Террористам пришлось отступить в сторону долины Баалада.❖ За продажу оружия боевикам в Нигерии арестовали более 30 солдат и полицейскихafrinz.ru, 2 июня В Нигерии более 30 солдат и полицейских были арестованы по подозрению в продаже оружия боевикам, в частности джихадистам.Арестованы 18 солдат, 15 полицейских и восемь гражданских лиц, занимавшихся торговлей боеприпасами, намеренно перенаправляя оружие из военных запасов, чтобы передать его террористам.С августа 2024 года в Нигерии проводится крупная военная операция «Снежный ком», направленная на пресечение кражи оружия и боеприпасов, что является ключевым вопросом в борьбе с вооруженными группировками, угрожающими безопасности страны.Почти 20% оружия, используемого джихадистами в регионе Сахель, поступает из рейдов на военные склады.Нигерийская армия пообещала ввести суровые санкции и заявила, что операция по борьбе с торговлей оружием проводится в одиннадцати штатах, включая Плато, Эбони, Энугу, Борно, Кадуну, Тарабу, Бенуэ, Риверс, Баучи, Лагос и Федеральную столичную территорию.❖ На севере Нигерии ликвидированы террористы dailypost.ng, 30 мая Части сухопутных и военно-воздушных сил Нигерии проводят масштабную антитеррористическую операцию «Хадин кай» в районе Бита, штат Борно. В результате действий армейских подразделений уничтожены по крайней мере 60 участников незаконных вооруженных формирований.Президент Нигерии Б.Тинубу пообещал улучшить оснащение правительственной армии для ликвидации группировок террористов и экстремистов, активизировавших деятельность на севере страны.Справка: В северных регионах Нигерии, в частности в штатах Адамава, Борно и Йобе, фиксируется рост активности террористов, в том числе из организации «Исламское государство в Западной Африке» и группировки «Боко харам».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1017943?lang=kk
⚜️Тырысқақ туралы не білуіміз керек? 21.06.2025
Тырысқақ – адамнан адамға жұғатын жіті ішек жұқпалы ауруы. Тырысқақ басқа жіті ішек жұқпаларынан клиникалық ағымының ауырлығымен, жоғары өлім-жітімімен және салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ауқымды аумақтарға таралып, халықтың көпшілігіне жұқтыру мүмкіндігімен ерекшеленеді. Адамнан адамға тырысқақтың берілуі сыртқы орта арқылы жүзеге асырылады, негізінен су арқылы беріледі. Таралу механизмі бойынша тырысқақ ішек ауруы болып табылады. Тырысқақтың жасырын кезеңі (науқас жұқтырған сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін) 1-ден 5 күнге дейін, көбінесе 2-3 күнге созылады. Тырысқаққа күдік тудыруға негіз болатын келесі белгілер: қызба (температура – 37оС және одан жоғары), жүрек айну, іш өту, құсу, бас ауруы, сонымен бірге тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден әкелінуін ескеру қажет. Тырысқақтың алдын алу шаралары мынадай:- жеке гигиена шараларын сақтаңыз: тамақ ішер, тамақ дайындар алдында, әжетханаға барғаннан кейін қолыңызды мұқият жуыңыз;- қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз;- ұйымдастырылған демалысқа рұқсат етілген су айдындарында шомылыңыз;- теңіздің, мұхиттың және басқа да су объектілерінің шикі және жеткіліксіз пісірілген өнімдерін пайдаланбаңыз;- азық-түлік, жеміс-жидек пен көкөністі рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алыңыз;- жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуыңыз. Тырысқақ ауруының белгілері (жүрек айну, құсу, сұйық нәжіс, бас ауруы, бас айналу) пайда болған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну қажет. Медициналық көмекке ерте жүгіну тырысқақты тиімді емдеуді дер кезінде жүргізуге және қолайсыз нәтиженің алдын алуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-atyrau/press/news/details/1017944?lang=kk
«Келешек мектептері»: 800-ге жуық ауыл мұғалімі біліктілікті арттыру курсынан өтті 21.06.2025
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.Курс LMS платформасы арқылы жүзеге асырылды. Платформада қажетті оқу ресурстары мен диагностикалық тапсырмалар қамтылған. Оқу үдерісі 11 пән бойынша ұйымдастырылып, педагогтерге өз пәні бойынша заманауи әдістер мен оқу мазмұнын тиімді меңгерді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1017945?lang=kk
Ақтөбеде қой жүнінен тоқыма емес материалдар өндіретін Қазақстандағы алғашқы зауыт іске қосылуға дайындық үстінде 21.06.2025
Ақтөбе қаласында еліміздегі бірегей KazFelTec кәсіпорынын іске қосу жоспарлануда. Бұл — табиғи қой жүнінен тоқыма емес материалдар өндіретін Қазақстандағы алғашқы зауыт болмақ.Жоба озық италиялық Cormatex Airlay технологиясы негізінде жүзеге асырылып, экологиялық таза жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар шығаруға бағытталған. Зауыт жылына 2,5 мың тонна жүнді қайта өңдеуге қауқарлы.KazFelTec — жай ғана зауыт емес, елдегі ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу тізбегін құру жолындағы маңызды буын. Бүгінде елімізде қой жүнінің небәрі 29%-ы ғана өңделеді, қалғаны кәдеге аспай жатыр. Жаңа зауыт фермерлермен тұрақты кооперация орнатуға, мал шаруашылығы өнімдерінің экономикалық құндылығын арттыруға және қалдықтарды азайтуға мүмкіндік береді.Жоба мемлекет қолдауымен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, өндірістік жабдықтарды орнату қызу жүріп жатыр.Айта кетейік, KazFelTec зауытының іске қосылуы ауыл шаруашылығы үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, жұмыс орындарын құруға және «жасыл экономика» бағытын дамытуға өз үлесін қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1017946?lang=kk
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 21.06.2025
Түркістан облысы ТҚК аппаратының үйлестіруімен Сарыағаш ауданы полиция басқармасының қызметкерлерімен радикалды діни ағымдардың алдын алу бойынша кездесу өтті.Кездесуде Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің «Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Қ. Салықбаев қатысты.Жиында азаматтардың экстремистік қозғалыстардың ықпалына енудің алдын-алу мақсатында құқықтық сауаттылықты арттыру және сыни көзқарасты дамытуға баса назар аударылды.Жиынды негізгі спикер ретінде Қ. Салықбаев жүргізіп, радикалды діни идеологияның белгілері туралы егжей-тегжейлі айтып, экстремистік ұйымдардың қолданатын манипуляцияларын анықтап, алдын алу әдістерімен бөлісті.Сонымен қатар, іс-шара күдікті адамдардан діни білім алуға және дін туралы ақпарат іздеу үшін интернет ресурстарды пайдалануға байланысты тәуекелдерді талқылауды қамтыды.Шара соңында аталған мекеменің басшысы мұндай бастамалар қызметкерлерге радикалдануға және экстремистік ұйымдардың ықпалына қарсы иммунитетті дамытуға көмектесетініне сенім білдірді.Жиынға қатысқан полиция қызметкерлері оң пікірін білдіріп, тәрбиелік мағыналы жиын болғанын атап өтті. Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1017947?lang=kk
Ұлттық қорғаныс университетінде әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті 21.06.2025
Астанада әскери-ғылыми взводтың, оған қоса ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің күзет және қамтамасыз ету ротасының сарбаздары Отанға адал болуға ант берді.Іс-шараға білім ордасының оқытушылары, әскери қызметшілер, Қарулы күштердің ардагерлері, сарбаздардың туған-туыстары қатысты.ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков жауынгерлерді өміріндегі маңызды оқиғамен құттықтады.– Әскери қызмет өткеру қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім және әскери қызметшінің моральдық-этикалық келбетіне жоғары талаптар қоюды білдіреді, – деп атап өтті ол.Әскери-ғылыми взводқа ІТ-мамандығы бойынша жоғары білімі бар Астана, Алматы және Қарағанды қалаларынан бес жасөспірім таңдалды. Күнделікті қызметте бөлімшенің әскери қызметшілері жоғары технологиялық қару-жарақ саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға бағдарланған.Жауапты міндет күзет және қамтамасыз ету ротасының сарбаздарына да жүктеледі. Әскери қызметшілер ішкі тәртіпті сақтаумен айналысады, өткізу режимін бақылауды жүзеге асырады, ғимараттар мен әскери мүлікті күзетеді.– Бүгін біз ресми түрде әскери қызметші атандық. Бір айлық қызмет барысында біз көп нәрсені үйрендік. Енді жаңа кезеңде әскери істің қыр-сырын үйренеміз, ол кездің өз қызығы мен жауапкершілігі болатынына сенімдімін. Командирлердің сенімі мен ата-аналардың үмітін ақтауға тырысамыз, – деді қатардағы жауынгер Мәди Есімбек. Ант беру рәсіміне дейін әскерге шақырылушылар жас жауынгер курсынан өтті. Бір ай бойы олар жалпыәскери жарғыларды, саптық, дене шынықтыру, атыс дайындығының негіздерін оқып, практикалық оқ атуды орындады.Жас сарбаздарды айтулы күнмен қатардағы жауынгер Қайрат Айтбайдың анасы Клара Малтаева құттықтады. – Бүгін әрбір ананың жүрегі ұлына деген мақтаныш пен сүйіспеншілікке толы. Біз балаларымыздың қалай шымырланып келе жатқанын көрдік. Барлық ата-аналардың атынан мен ұлдарға – бүгін сендер Отанға адал болуға ант бердіңдер. Әскери борыштарыңды абыроймен атқарады деп сенемін. Туыстарың сендерге сенеді, аман-есен оралғандарыңды күтеді, – деді ол.Іс-шара барысында сарбаздар қару-жарақ пен қоян-қолтық ұрыстың техникасын көрсетті. Салтанатты шара соңында ата-аналар сарбаздардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1017948?lang=kk
МЕКТЕП ҰЖЫМЫ – ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ 21.06.2025
Түркістан облысы ТҚК үйлестіруімен Сауран аудандық білім бөліміне қарасты А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінде мұғалімдермен «Радикалды діни ағымдарға жол жоқ» тақырыбында кездесу өтті.Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің «Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Қ.Салықбаев қатысқан іс шара – жасөспірімдер мен мұғалімдерді экстремистік идеологиялар мен зорлық-зомбылықтың зияны туралы ақпараттандыру, сондай-ақ, оларда толеранттылық, құрмет және бейбітшілік рухында тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал ететін құндылықтарды қалыптастыру мақсатында өткізілді.Кездесу аясында қатысушылар экстремистік топтардан туындайтын негізгі қауіптермен танысып, экстремистік идеологияға тартудың құқықтық және әлеуметтік салдары туралы ақпарат алды.Сонымен қатар, іс-шараға қатысушы мұғалімдер жастармен әрі қарай жұмыс істеуге, олардың кәсіби білім алуларына көмектесетін пайдалы материалдар алды.Кездесу қорытындысы бойынша, қатысушылар тарапынан қызықтырған сұрақтар қойылып, теолог-маман тарапынан жауаптар берілді. Жиынға барлығы 150-ге жуық қызметкерлер қатысты. Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1017949?lang=kk
Power Central Asia + China: Қазақстан мен Қытай арасында маңызды энергетикалық келісімдерге қол қойылды 21.06.2025
Астанада «Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында ұйымдастырылған алғашқы өңірлік энергетикалық форум – Power Central Asia + China өз жұмысын бастады. Бұл шара Қазақстан мен Қытайдың жетекші компаниялары арасында стратегиялық маңызы бар келісімдерге қол қою алаңына айналып, еліміздің өңірлік энергетикалық интеграция мен инновациялық даму орталығы ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын көрсетті.Форум энергетика саласындағы жаңа әріптестік кезеңінің басталуына түрткі болды. Екі тарап та озық технологияларды енгізуге және ауқымды жобаларды іске асыруға дайын екендігін көрсетті. Форум аясында POWERCHINA компаниясымен өндірісті жергіліктендіру, ғылыми-зерттеу орталығын құру және көміртексіздендіру қорын іске қосуға бағытталған шекті келісімге қол қойылды. Форумның басты тақырыбы – энергетикалық трансформация болды. Сонымен қатар Huawei компаниясымен энергетика секторын цифрландыру бойынша, ал China Southern Power Grid компаниясымен HVDC жоғары вольтты желілер мен гидроаккумуляциялық станциялар саласында әріптестікке келісілді.Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларға ерекше назар аударылды. China Energy компаниясымен бірлескен жоба аясында Түркістан облысында «Сауран» күн электр станциясын іске қосу жоспарланған. Ал CNCECI компаниясымен жасалған меморандум көмірхимиялық зауытты жобалауды және газды қайта өңдеуді қарастырады. Бұл бастамалар Қазақстанның декарбонизацияға және төмен көміртекті экономика құруға деген ұмтылысын көрсетеді.Форум аясындағы маңызды шешімдердің бірі – қазақстандық энергетикалық жобаларға қаржы тарту болды. China Construction Bank пен QazaqGaz тобы арасындағы келісім инновациялық бастамаларды қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Sinopec және Шанхай Цзяотун университетімен жасалған келісімдер көмірсутектерді терең өңдеу және сутегі технологияларын дамыту саласындағы технологиялық серіктестіктің негізін қалады.Форум тек келіссөз алаңы ғана емес, сонымен бірге жаңа бастамалардың драйверіне айналды. Тұрақты жұмыс істейтін хатшылық құру, жобаларды қадағалау үшін цифрлық платформа және болашақ энергетика саласына мамандар даярлауға арналған білім беру бағдарламаларын іске қосу туралы шешім қабылданды.KEGOC, Samruk-Energy, QazaqGaz сияқты ірі ұлттық компаниялар мен халықаралық қаржы институттарының қатысуы Power Central Asia + China форумының маңыздылығын айғақтайды. Форум өңір елдері мен Қытай арасындағы диалогтың жаңа парағын ашып, тұрақты әрі технологиялық энергетикалық болашақтың негізін қалайды.Форум аясында қол қойылған негізгі құжаттар:POWERCHINA-пен шекті келісім – өндірісті жергіліктендіру, ғылыми-зерттеу орталығын құру және көміртексіздендіру қорын іске қосу бойынша стратегиялық әріптестік.China Southern Power Grid-пен меморандум – HVDC, цифрлық энергетика және гидроаккумуляциялық станциялар саласындағы бірлескен жобаларды дамыту.Huawei Kazakhstan-пен меморандум – энергетиканы цифрлық трансформациялау және киберқауіпсіздік саласында ынтымақтастық.China Energy Overseas Investment-пен Сауран СЭС жобасы бойынша келісімшарт – Түркістан облысындағы күн электр станциясынан жеткізу бойынша.QazaqGaz және China Construction Bank арасындағы келісім – QazaqGaz тобының инвестициялық жобаларын қаржыландыру.CNCECI-пен келісім – жылына 2 млрд м³ газ өңдеуге арналған көмірхимиялық зауыт жобасының ТЭО-н әзірлеу.Sinopec-пен келісім – көмірсутектерді терең өңдеу өнімдерін жасау үшін технологиялық серіктестік.China Energy International және Шанхай Цзяотун университетімен келісім – сутегі технологиялары мен ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1017950?lang=kk
Бір тәрелке - сенің энергияң, денсаулығың және әдемілігің. 21.06.2025
Дұрыс тамақтанғың келеді, бірақ күрделі схемаға дайын емессің бе? Қарапайым бағдар бар - дұрыс тамақтану тәрелкесі.Былай көрінеді:1/2 тәрелке — көкөністер мен жемістер.Шырынды, айқын, маусымдық. Түсі неғұрлым көп болса, соғұрлым пайдасы көбірек болады.1/4 - ақуыз.Тауық, балық, жұмыртқа, бұршақ дақылдары. Ақуыз - бұл күш-қуат, көңіл-күй және мықты иммунитет.1/4 - күрделі көмірсу.Жарма, квиноа, тұтас дәнді нан. Бұлар тойымды және қанда қант сияқты деңгейі жоғарыламайды.+ кейбір майлар:Жаңғақ, авокадо, зәйтүн майы. Оларсыз дәрумендер мен гормондар жақсы сіңірілмейді.+ су.Кофе де, шай да емес - дәл судың өзі. Су ішіп, құлпыра түс!Бұл диета емес. Бұл өзін-өзі күту.Бір тәрелкеден баста да, айырмашылықты сезін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1017952?lang=kk
Қостанай облысы ТЖД анықтаушыларына қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелері бойынша дәріс 21.06.2025
Оқыту дәрісі "бірінші сатыдағы соттың қылмыстық істерді қарау тәртібі"тақырыбында өтті. Спикер ретінде Қостанай қаласының № 2 сотының судьясы заң ғылымдарының кандидаты А. К. Шаймурунова сөз сөйледі.Дәріс барысында өртке байланысты қылмыстық істерді қарау ерекшеліктері қаралды. Сот талқылауы сатысында туындайтын проблемалық мәселелерге, сондай-ақ жиналған дәлелдемелердің сапасына қойылатын талаптарға ерекше назар аударылады.Судья тергеу әрекеттерін жүргізу және сотта істердің тиімді қаралуын қамтамасыз ететін дәлелдемелік базаны қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстар берді.Мұндай іс-шаралар анықтаушылардың кәсіби деңгейін арттыруға және алдын ала тергеу органдары мен сот арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар осындай оқыту іс-шараларын тұрақты негізде өткізуге келісті. Бұл жүйелі тәжірибе алмасу және қылмыстық істерді тергеу және сотта қарау процесінде туындайтын өзекті және проблемалық мәселелерді бірлесіп талқылау үшін тиімді платформа болады. Қостанай облысы ТЖДАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1017955?lang=kk
«Заң мен тәртіп» қағидаты – Батыс Қазақстан облысындағы полиция қызметкерлерімен кездесудің басты тақырыбы 21.06.2025
Батыс Қазақстан облысының полиция органдарында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаментінің басшысы Әділхан Сабуровпен кездесу өтті.Кездесу барысында Әділхан Сабуров құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілікті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.Ол «Заң мен тәртіп» қағидатына ерекше назар аударып, әр қызметкердің заңды, тәртіпті және жоғары жеке жауапкершілікті қатаң сақтауы қажет екенін айтты.«Ішкі істер органдары қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарады. Қазіргі уақытта қызметкерлер үшін тиімді қызмет етуге барлық жағдайлар жасалған, құқықтық база мен әлеуметтік қолдаудан бастап.Осындай жағдайда жоғары талаптарға сай болуы, кәсіби, принципті және адал болуы өте маңызды. Тек осылай ғана азаматтардың сенімін сақтап, құқық қорғау жүйесінің беделін нығайтуға болады», - Ә.Сабуров.Сондай-ақ, ол Агенттіктің басым бағыты тек сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау ғана емес, оларды уақытылы алдын алу екенін атап өтті.Облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев құқық пен тәртіпті сақтаудың басшылықтың тұрақты бақылауында екенін атап өтті.«Біздің негізгі міндетіміз – халық пен мемлекетке қызмет ету. Қазіргі таңда лайықты және ашық жұмыс істеуге барлық мүмкіндік бар кезде, жеке жауапкершілік, қызметтік этика мен заң нормаларын сақтау ерекше маңызды. Тек адалдық пен ашықтық арқылы ғана азаматтардың құқық қорғау жүйесіне сенімін нығайта аламыз», - деді ол.Кездесу қорытындысында қатысушылар заңдылықты нығайтуға, халық сенімін арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.#Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-bko/press/news/details/1017956?lang=kk
Түркістан облысында Терроризмге қарсы комиссия отырысы өткізілді 21.06.2025
Түркістан облысының Әкімі – Н. Көшеровтың төрағалығымен Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.Комиссия отырысына облыстық терроризмге қарсы комиссиясының мүшелері, құзырлы органдардың басшылары мен тиісті департаменттердің басшылары және қала, аудан әкімдері қатысты.Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, күн тәртібінде терроризмге қарсы іс-қимылға бағытталған мақсатты шараларды іске асыру барысы және туындаған мәселелері туралы Дін істері басқармасы, Білім басқармасы және Ордабасы ауданының Әкімінің есебі қаралды.Сонымен бірге, отырыс барысында профилактикалық шараларды жандандыру мен кәмелетке толмағандар арасында деструктивті діни ағым идеологиясына қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру жөнінде баяндамалар жасалып, мәселелер талқыланды.Баяндамашылық тәртіптен кейін, 3 айдың қорытындысымен ТҚК қызметі саласындағы орындаушылық тәртіп туралы сын-пікірлер тыңдалды.Аудандық, қалалық терроризмге қарсы комиссия мүшелерінің қызметін ынталандыру мақсатында, облыс әкімінің назарына қызметін жоғары және төмен деңгейде ұйымдастырған ТҚК хатшылары мен бөлім басшылары ұсынылды.Отырыс қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және алға қойылған жоспар талқыланып, хаттамалық тапсырмалар берілді. Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1017959?lang=kk
Кезектен тыс жиырма сегізінші сессия 21.06.2025
2025 жылдың 16 маусымында сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы Zoom бағдарламасы арқылы онлайн тәртібінде өткізілді.Сессия жұмысына Курчатов қаласы әкімі орынбасарының м.а. Б.С. Жолдахмет және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.Сессияда ағымдағы жылға арналған бюджет нақтыланды. Қала бюджетін нақтылау облыстық бюджеттен бөлінетін ағымдағы трансферттердің 266 446,0 мың теңгеге ұлғаюына байланысты жүзеге асырылды, оның ішінде: – 7 225,5 мың теңге – мерекелік және атаулы күндерге орай азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек төлеуге; – 257 220,5 мың теңге – № 4 қазандық жабдықтарын ағымдағы жөндеуге. Сонымен қатар, 486 099,3 мың теңге көлеміндегі бос бюджет қаражаттары қайта бөлінді.Курчатов қалалық мәслихатыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchatovmaslihat/press/news/details/1017960?lang=kk
ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ 21.06.2025
Қызылорда облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия аппаратымен жастар арасында терроризм және діни экстремизмнің алдын-алуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Осы сипаттағы іс-шара республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, белгілі теолог Б.Оспанов қатысымен Қызылорда қаласында орналасқан М.Шоқай атындағы №187 ақпараттық-технологиялар мектеп-лицейінің ұстаздар қауымымен және оқушыларының қатысуымен өткізілді.Іс-шараның мақсаты діни сауаттылықты қалыптастыру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу, ұлтаралық келісімді нығайту болып табылады.Кездесу барысында шетелдерде және әлеуметтік желілерде діни білім алудың қауіптілігі, жат ағымнан жастарды сақтандыру жолдары тақырыптары қозғалып, қатысушылар өзара пікір алмасты.Жалпы өткізілген іс-шара қатысушылар тарапынан оң қабылданып, діни сауаттылықтың артуына қол жеткізілді. Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚКаппаратының ақпараты негізінде дайындалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1017961?lang=kk
Ақтөбеде 180 сарбаз әскери ант қабылдады 21.06.2025
Ақтөбе қаласындағы Орталық саябақта Әскери институттың 180-ге жуық сарбазы Отанға адал қызмет етуге ант берді.Салтанатты рәсімге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген бозбалалардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Әскери форма киіп, сап түзеген ұлдарын олар мақтанышпен тамашалады. Жас сарбаздар үшін бұл — жауапкершілік пен патриоттық рухтың маңызды сәті.Әскери ант — ер жігіттің ел алдындағы анты. Бұл күн жас сарбаздар мен олардың отбасылары үшін ұмытылмас оқиғаға айналды.#ЗаңжәнеТәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1017962?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарландыру 21.06.2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарландыруды 23.06.2025 жылы сағат 15:00-де Якорь ауылы, Мира көшесі, 39 А мекенжайы бойынша «СҚО Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылау өткізу жоспарлануда.Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады, талқылауға қатысу мәселелері бойынша келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады:3-45-82Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-yakor/press/news/details/1017963?lang=kk