Қоғам
Жаңа медициналық пункт-Қопа бекетінде 21.06.2025
Бүгін Жамбыл ауданы, Қопа ауылында жаңа медициналық пункттің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов пен аудан әкімі Нұрлан Ертас арнайы қатысты.Қонақтар лентаны қиып, ғимарат ішін аралап, заманауи құрал-жабдықтармен танысты.Бұл нысан — Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту бағдарламасы аясында бой көтерген алғашқы пункттердің бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-samsy/press/news/details/1017893?lang=kk
Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттіқ коммуналдық кәсіпорыны ұжымымен кездесу өтті 21.06.2025
2025 жылғы 13 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары Өскемен қаласы ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттіқ коммуналдық кәсіпорыны ұжымымен «Конфессияаралық және ұлтаралық саясат» тақырыбында кездесу өткізді.Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының нормалары түсіндіріліп, конфессияаралық және ұлтаралық саясат мәселелері талқыланды.Іс-шара ашық диалог форматында өтті, онда қатысушылар өзекті сұрақтарға жауап алып, діни қызмет саласындағы білімдерін арттырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1017894?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысына жария талқылау жүргізілді 21.06.2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысына жария талқылау жүргізілді 2025 жылғы 13 маусымда Жітіқара ауданының қоғамдық кеңесі мүшелерінің қатысуымен мемлекеттік мекемелерде өткізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулардың қорытындысын жария талқылау өтті. Ауданның ақсақалдар кеңесі мүшелері жанында.Ішкі талдаулардың қорытындысын жария талқылауды жүргізу жөніндегі талап Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауларды жүргізудің үлгілік қағидаларында белгіленген.Мемлекеттік мекемелердің өкілдері қоғамдастық өкілдерін ішкі талдау жүргізу барысы, қандай салалар талданғаны, қандай проблемалық сәттер мен тәуекелдер анықталғаны туралы хабардар етті.Талдау қорытындысы бойынша материалдар аудан әкімдігінің сайтында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бөлімінде орналастырылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1017897?lang=kk
Алексей Степанов-мамадығы фельдшер: жұмыс барысында 700-ден астам көмекке шығу шақыртуларды жүзеге асырды 21.06.2025
Степанов Алексей Васильевич, 1992 жылы 6 желтоқсанда Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін 2012 жылы Павлодар медициналық колледжін "емдеу ісі" мамандығы бойынша бітіріп, "фельдшер" біліктілігі берілді.Еңбек жолын 2012 жылы Ақтоғай ауылы орталық аудандық ауруханасының медицина ағасы болып бастаған. 2014 жылдан — Павлодар қаласының Жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері. 2018 жылдың қаңтарында Павлодар облысы бойынша "ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығы" ММ филиалының "Шідерті" ТМҚК шұғыл ден қою бригадасының фельдшері лауазымында жұмыс істей бастады. 2021 жылдың қараша айынан бастап Павлодар облысы бойынша "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығы" ММ филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің фельдшері лауазымына ауыстырылды.Жұмыс кезеңінде өзін білікті маман ретінде көрсетті. Алексей Степанович әрдайым әріптестерімен қарым-қатынаста ұстамдылық, шыдамдылық танытады. ТМСП фельдшері лауазымына жаңадан қабылданғандар үшін тәлімгер болып табылады. Бұл жұмыс қиын және жоғары жауапкершілікті талап етеді, себебі науқасты емдеу, оған дұрыс диагноз қоя білу, оның денсаулығы мен өміріне де әсерін тигізеді. Жақсы дәрігер болу үшін тек бір құлшыныс жеткіліксіз. Ерекше шыдамдылық, адамдарға мұқият болу, жағдайды дұрыс бағалай білу және тез шешім қабылдауды талап етеді. Өзін-өзі бақылау, мақсат қоя білу және оларды орындау Алексей Васильевичке қиын жұмысында көмектеседі.Алексей Степанов шұғыл әрекет ету бригадасының құрамында ТЖ орнына барады және зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетеді. 2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайын жоюға қатысушыларды және зардап шеккендерді медициналық қамтамасыз етуге қатысты. Оның өзі ешқашан шаршауды, өзінің тәжірибесі мен қорқынышын көрсетпейді. Ол әр зардап шеккеннің икемін табады, диалог орната алады, қиын жағдайда көмектеседі, фельдшердің білікті көмегін көрсетеді. Жұмыс кезеңінде Алексей Степанов 700-ден астам шұғыл шақыруды жүзеге асырды, мыңнан астам зардап шеккендерге білікті медициналық көмек көрсетті.Адамдарға қызмет ету-бұл үлкен іс, ал адамды физикалық және рухани азаптан арылтуға байланысты қызмет ештеңемен салыстыруға келмейді. Бұл кез-келген медицина қызметкерінің, соның ішінде фельдшердің үлкен мақсаты. Мүмкін, дәл осы өмір жолы Алексей Васильевичке арналған болар, өйткені оны бір рет таңдағаннан кейін ол оған мәңгілікке адал болатынын сенімді түрде айтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1017898?lang=kk
10 денсаулық саны: Өзіңе қамқор болудың қарапайым жолы 21.06.2025
Қазіргі заманда технологиялар күннен-күнге дамып, күнделікті тіршілікті жеңілдетуде. Алайда, бұл жайлылықпен бірге өмірімізге қозғалысы аз өмір салты да еніп жатыр. Күні бойы компьютер алдында отырамыз, жолда – көлік кептелісінде тұрамыз, кешкісін – теледидар алдында боламыз. Нәтижесінде, ұйқыға, дұрыс тамақтануға, дене белсенділігіне және жақындармен қарым-қатынасқа уақыт жетіспей жатады.Күнделікті қарбаластан денсаулықты ұмыт қалдырмау үшін Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы қарапайым әрі көрнекі еске салғыш әзірледі – «10 денсаулық саны». Бұл – денсаулық күйіңізді бағалап, маңызды күнделікті дағдыларды еске түсіретін компас іспетті.Міне, сол көрсеткіштердің кейбірі:8 сағат ұйқы – ағзаны қалпына келтіріп, психоэмоционалдық тепе-теңдікті сақтайды;Күніне 5 порция көкөніс пен жеміс – иммунитет пен қуаттың негізі;Күніне 10 000 қадам – жүрек пен тамырларды сергек ұстаудың оңай жолы;Тәулігіне 5 г тұздан аспау – гипертониядан сақтану үшін;Күніне кемінде 2 литр таза су – тері, бүйрек және зат алмасу үшін пайдалы.Бұл сандар өмір салтыңызды түбегейлі өзгертуді талап етпейді – керісінше, олар тұрақты әрі шағын қадамдар арқылы ұзақ жылдар бойы денсаулықты сақтауға болатынын көрсетеді.Өзіңізге қамқорлық жасауды кішіден бастаңыз. Осы еске салғышпен танысыңыз және алғашқы қадамыңызды жасаңыз – өйткені болашаққа жасалатын ең тиімді инвестиция – бүгінгі өз денсаулығыңызға деген көңіл.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1017900?lang=kk
«Ғасырларға жалғасқан ерлік» республикалық форумы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды 21.06.2025
Форумға қатысу үшін Ресейден және Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен делегациялар келді. Бұл шара мерейтойлық жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі ретінде атап өтілді.Форумның мақсаты — батырлықтың, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмнің символына айналған мерген қыздың рухына тағзым ету. Шараға мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мәдениет және ғылым саласының өкілдері, сондай-ақ батырдың туыстары қатысты.Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы атынан форумға қатысушылар мен ақтөбеліктерді осы маңызды тарихи оқиғамен құттықтады.«Әлия Молдағұлова – бүкіл қазақ халқының мақтанышы, қайсар рух пен жанқиярлықтың символы. Бүгінгі форум – тарихи жадымызды сақтау мен жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу жолындағы ортақ жауапкершілігіміздің көрінісі. Форумды ұйымдастырған барша азаматтарға, Әлия Молдағұлованың ерлігін ұрпақ жадында мәңгі қалдыруға атсалысып жүрген жандарға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздер жастарды Отанға деген сүйіспеншілікке, ұлттық құндылықтарға адалдыққа баулып келесіздер», – деді Президент кеңесшісі.Шараға қатысушыларды Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров та құттықтап, батыр есімін ұлықтау бағытында өңірде жүзеге асып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті. Атап айтқанда, Ақтөбе қаласында жаңа мәдениет орталығы мен мемориалдық музей салынып жатыр, сондай-ақ Әлия ауылында инфрақұрылым дамып келеді.Асхат Шахаров өз сөзінде педагог әрі қоғам қайраткері, Әлияның ерлігін зерттеуге және жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беруге өмірін арнаған Ғалымжан Байдербестің еңбегін ерекше атап өтті.Форум – ұрпақтар сабақтастығының, тәжірибе алмасудың және Әлия Молдағұлованың ерлігін ұлттық тарих пен мақтаныштың ажырамас бөлігі ретінде дәріптеудің маңызды алаңына айналды.#Әлия100жыл#ӘлияҒұмыр#ӘлияМолдағұлова100#АқтөбеӘлияАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1017904?lang=kk
Ақтөбеде үздік денсаулық сақтау саласының қызметкерлері марапатталды 21.06.2025
Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.Шара барысында өңірдегі денсаулық сақтау саласының жетістіктері мен даму бағыты кеңінен айтылып, ақ халатты абзал жандардың ел алдындағы еңбегі ерекше атап өтілді.Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, сала мамандарына ыстық ықыласын жеткізді.«Сіздердің әр күніңіз — адам өмірін сақтап, үміт пен сенім сыйлауға арналған. Бұл – үлкен жауапкершілік пен жүрек жылуын талап ететін мамандық. Ел Президенті жариялаған “Адал азамат” тұжырымдамасындағы адалдық, кәсібилік, әділеттілік пен жауапкершілік құндылықтарын сіздер күнделікті еңбектеріңізде лайықты көрсетіп келесіздер», – деді облыс әкімі.2024 жылы өңірде 12 жаңа денсаулық сақтау нысаны іске қосылып, 14 мекеме күрделі жөндеуден өтті. Ауылдық елді мекендерге 40 жас маман жолданып, 4,5 миллиард теңгеге медициналық техника сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы 11 нысан салынып, 8 мекеме жаңғыртылады деп жоспарланған.Бүгінде өңірде жыл сайын 250-ге жуық ашық жүрекке операция жасалады. Ана мен бала денсаулығын сақтау бағытында да нақты нәтижелерге қол жеткізілуде. 2024 жылы 6034 сәби дүниеге келсе, биылдың алғашқы айларында 5255 сәби өмірге келген. «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 425 бала дүниеге келді. 2025 жылы балаларға арналған кардиохирургиялық орталық ашу көзделуде.Кадр даярлау ісіне М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті мен М.Мәметова атындағы медициналық колледж де айтарлықтай үлес қосып келеді.Шара барысында сала ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, үздік қызметкерлер марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, «Ерен еңбегі» медалі, «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісі, Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен табыс етілді.Мәншүк Мәметова атындағы медициналық колледж студенттері салтанатты шараға жиналған сала ардагерлеріне құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар ұсынды.Мерекелік кеш ақтөбелік өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1017515?lang=kk
Қазақстандағы вейптерге қарсы күрестің нәтижелері 21.06.2025
Қаржылық мониторинг агенттігі электрондық темекі құрылғыларының заңсыз айналымымен күрес бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде2025 жылдың басынан бері:вейптердің заңсыз айналымына қатысты 32 дерек тіркелді;440 мыңнан астамбұйым тәркіленіп, жойылды;осы өнімдерді өндіруге арналған 6 бірлік жабдық алынды;тәркіленген өнімнің жалпы құны1,8 млрд теңгеден асты;14 адамқылмыстық жауапкершілікке тартылды.Заңсыз қызмет Telegram, WhatsApp мессенджерлері және курьерлік қызметтер арқылы жүзеге асырылған.Түскен табыстар «дроптар» арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылғанАталған өнімдердің негізгі тұтынушылары – жастар мен кәмелетке толмаған оқушылар екенін атап өткен жөн.Егер сізге вейптерді заңсыз сатумен кім, қай жерде айналысып жатқандығы белгілі болса — бей-жай қарамаңыз. Call-center: 1458 нөміріне қоңырау шалыңыз — анонимдікке кепілдік беріледі. ҚР ҚМА Баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/1017906?lang=kk
«Қызылжар» – «Ақтөбе» — 1:1 21.06.2025
Матч тең есеппен аяқталды!«Қызылжар» – «Ақтөбе» — 1:1Голдар:69’ — Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»)86’ — Андрей Васильев («Қызылжар»)Қызылжарлықтар бір ойыншыға кем болса да, соңына дейін күресіп, нағыз мінез көрсетті!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sport/press/news/details/1017907?lang=kk
Медицина қызметкерлері күні құтты болсын! 21.06.2025
Құрметті медицина қызметкерлері!Қадірлі сала ардагерлері! Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген.Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда.Ауданымыздың денсаулық сақтау саласында бар білімдеріңіз бен біліктіліктеріңізді жұмсап келе жатқанСіздердің еңбектеріңіз қандай да болсын, құрметке лайық. Сондықтан мемлекет тарапынан да, ауданымыз бойынша да қалыпты еңбек етулеріңіз үшін барлық жағдай жасау қолға алынып келеді.Аудандағы емдеу мекемелерін кадрлармен қамту, материалдық базасын жақсарту бағытында аз жұмыс жасалып жатқан жоқ. Барлығы да халық игілігі үшін екені белгілі.Ардақты ақ халатты абзал жандар!Шығыс ойшылы Конфуций «Адамзатқа шапағат жасау - мейірімділік пен батырлықтың шыңы» деген екен. Ендеше, адам жанын арашалау жолындағы ерен еңбектеріңізге, ши-палы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, жаңа табыстар тілеймін!Құрметпен,аудан әкімі Д.Тоғызбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1017908?lang=kk
13.06.2025 жылы Әулиекөл ауданының ТЖБ "Capital Partners Astana" газ тарату ұйымының Бас директорымен бірлесіп Аманқарағай ауылында өткен Халық жиналысына қатысты. 21.06.2025
Жиналыс барысында азаматтарға өрт жағдайы жеткізілді, өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері, оның ішінде газ жабдықтарын пайдалану, сондай-ақ су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтау туралы айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-audany-akimat/press/news/details/1017910?lang=kk
БӘЙГЕ: екі жүлделі орын — солтүстікқазақстандықтарда! 21.06.2025
2025 жылғы 14 маусымда Қызылжар ауданының ипподромында бәйгеден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл күн — ұлттық ат спортының нағыз мерекесіне айналды. Елдің түкпір-түкпірінен келген үздік шабандоздар 22 700 000 теңге көлеміндегі жүлде қоры мен маусым финалына жолдама үшін бақ сынасты.Жарыс бағдарламасына төрт негізгі бәйге түрі енді: құнан бәйге (8 км, 15 қатысушы), топ бәйге (14 км, 20 қатысушы), аламан бәйге (20 км, 14 қатысушы) және жорға жарыс (7 км, 15 қатысушы). Осы жарыстарға Солтүстік Қазақстан облысының да шабандоздары қатысты. Облыс атынан барлығы 13 спортшы өнер көрсетті.Құнан бәйгеде өңір намысын Омар Қажмұрат №3 Талас есімді атымен және Тілеген Айтпай №17 Қазына есімді атымен қорғады. Топ бәйгеде Жарас Анафин №12 Жұлдыз атты тұлпармен, ал Қабд Әдем №22 Данк атты сәйгүлікпен өнер көрсетті. Аламан бәйгеде өңір атынан №4 Қаракөз есімді айғырмен Амир Серік қатысты.Ең көп солтүстікқазақстандық шабандоздар жорға жарысына шықты. Бұл сайысқа қатысқандар:№17 Триумф атымен Андрей Ровдо№18 Граф Лок атымен Әлия Тоқтасынова№19 Джевиши Банкер атымен Андрей Косилов№20 Страйк атымен Александр Корнилов№21 Бард айғырымен Берік Айтаев№22 Қайсар атымен Артем Либисов№23 Вымпел атымен Анжелика Патошкина№27 Листок атымен Дамир БузыкаевСолтүстікқазақстандықтар әсіресе жорға жарысында ерекше көзге түсті. 15 қатысушының арасынан СҚО-дан екі шабандоз жүлделі орындарға ие болды. Екінші орынды Әлия Тоқтасынова Граф Лок атты жорғасымен жеңіп алды. Жорғаның иесі — Аягөз Бекенова, ал бапкері — Әлия Тоқтасынованың өзі. Үшінші орынды Триумф атты атымен Андрей Ровдо иеленді. Ат иесі — Аягөз Бекенова, бапкері — шабандоздың өзі.Солтүстік Қазақстан облысының шабандоздарының бұл ірі жарыстағы өнері — олардың жоғары дайындық деңгейі мен ұлттық ат спортына деген үлкен құлшынысының жарқын дәлелі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sport/press/news/details/1017913?lang=kk
Құрметті, Бәйтерек ауданының тұрғындары! 21.06.2025
Бүгінгі 15 маусым – Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен барша ақ халатты абзал жандарды шын жүректен құттықтаймын! Адам өмірін сақтау мен денсаулығын жақсарту – зор жауапкершілікті, кәсібилікті және жүрекпен атқарылатын ең ізгі істің бірі. Сіздер күн-түн демей халықтың қамы үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. Бұл – шынайы құрмет пен алғысқа лайық еңбек. Сіздердің әр науқасқа көрсеткен жанашырлықтарыңыз бен кәсіби шеберліктеріңіз – дені сау қоғамның негізі. Еліміздің саулығы жолындағы қажырлы қызметтеріңіз әрдайым ел есінде. Баршаңызға зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, алғыс пен абыройға бөлене беріңіздер! Құрметпен, Бәйтерек ауданының әкімі Марат ТоқжановАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1017917?lang=kk
13 маусым күні Бәйтерек ауданында «Шың» сазды-драма театрында облыстық «Асыл Ана – 2025» көпбалалы аналар байқауы өтті. 21.06.2025
Алғашқы бөлім театр алаңында ұйымдастырылып, қатысушыларды салтанатты қарсы алып және шағын концерттік бағдарлама қойылды. Аяулы аналарды смокинг киген жігіттер ортаға шығарып, гүл шоқтарын табыстады. Назарларына «Көктемгі вальс», «Тарантелло» биі және «Ақ гүлім» әні ұсынылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.Екінші бөлім «Анадан басталады...» атты сырласу үстеліне ұласты. Көпбалалы аналар өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қоғамдағы ананың орны туралы өз ойларын ортаға салды. Жылы сұхбат барысында аналар түрлі номинациялармен марапатталып, балаларға базарлықтар табысталды.Шараға іссапармен келген Жамбыл облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының директоры Мырзағали Элмира Иниятқызы және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Абдолов сондай-ақ Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Галиев Ерлан Ерсайынұлы қатысып, аналарға жүрекжарды лебіздерін білдірді.Байқаудың негізгі бөлімінде қатысушылар төрт кезең бойынша сынға түсті.Алғашқы кезеңде «Мен анамын – ұрпағын әлдилеген» – бейнебаян арқылы қатысушылардың отбасы құндылықтары, бала тәрбиесіндегі үлгісі таныстырылды.Екінші кезең «Балаларға қуаныш сыйла» деп аталып, сахнада балалармен қысқа көрініс көрсетіп, ерекше тағаммен дастархан жайылды.«Сұрақ-жауап» атты үшінші кезеңде – ана мен балаға қатысты ситуациялық сұрақтарға жауап берілді.«Орамал – сан ғасырлық сән» аталатын төртінші кезеннің талабына сай қатысушылар орамал тағудың дәстүрлі үлгілерін көрсетті.Қатысушылардың өнерін бағалаған қазылар алқасының құрамы да өте мәртебелі болды.Қатысушылардың өнерін бағалаған қазылар алқасының құрамы да мәртебелі болдыЖүніс Талшынай Орынбекқызы – Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңесінің және БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесіКүләш Мәлікқызы – Халықтық «Ақ ниет» әжелер ансамблінің мүшесі, ақ жаулықты әжемізАхметжанова Бибігүл Меңдіғалиқызы – Аудандық «AMANAT» партиясының төрағасыЖеңісгүл Қалиқызы – Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы, аудандық аналар кеңесінің төрағасыИсмагулова Толқын Мүрсәлімқызы – Облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаз отбасының көпбалалы анасы.Қазылар алқасының шешімімен:Бас жүлдені Жаңақала ауданынан келген Сисенова Амангүл иеленіп, 140 000 теңге көлеміндегі сертификат табысталды.Бірінші орын Бәйтерек ауданының қатысушысы Ешниязова Меруетке бұйырып, 110 000 теңге сертификатпен марапатталды.Екінші орын Казталов ауданынан Ермекбаева Перизатқа беріліп, 85 000 теңге сертификат табысталды.Үшінші орын Теректі ауданынан келген Джубаниязова Гүлімге бұйырып, 65 000 теңге сертификат табысталды.Сонымен қатар арнайы аталымдар бойынша:– Тасқала ауданынан Елешова Дария «Алтын киіпті ана» номинациясына ие болып, 35 000 теңге сертификатпен марапатталды;– «Жасампаз ана» аталымы Бәйтерек ауданының Аманғалиева Айзадаға беріліп, 30 000 теңге сертификат табысталды;– Бәйтерек ауданынан Қондыкерова Камшат «Шығармашыл ана» аталымының иегері атанып, 30 000 теңге сертификатпен марапатталды;– Шыңғырлау ауданынан Утеулиева Әсел «Ардақты ана» аталымына лайық деп танылып, 30 000 теңге сертификат табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1017922?lang=kk
Қобда ауылында Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы дүркіреп өтті 21.06.2025
Қазақтың мерген қызының мерейтойына 80 киіз үй құрылды, осылайша этноауыл бой көтерді. Ғасырлық тойға жиналған қонақтар қазақтың ұлттық ойындарын тамашалап, алтыбақанда ойнап, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты. Биыл Кеңес Одағының Батыры, қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлованың туғанына - 100 жыл. Ұлы есімді ұлықтау мақсатында Ақтөбе өңірінде жыл басынан бері мәдени-танымдық, рухани шаралар ұйымдастырылып жатыр. Ең ауқымдысы 12 және 13 маусым күндеріне жоспарланған. Бүгін Қобда жерінде «Әлия - қаһармандық дастаны» атты кең көлемді іс-шара ұйымдастырылды. Мерейтойға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, облыс әкімі Асхат Шахаров, батырдың туыстары мен өзге де мәртебелі меймандар қатысты. Аймақ басшысы көпшілікті ұлт мақтанышының мерейтойымен құттықтады.«Қобда өңірі - талай батыр мен тұлғаларды дүниеге әкелген қасиетті мекен. Солардың ішінде Әлияның орны ерекше. Әлия апамыздың ерлігі - бүгінгі ұрпақ үшін биік рухтың, жігердің, патриотизмнің нағыз үлгісі. Оның есімі тарих беттерінде алтын әріппен жазылып, халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Бүгінгі іс-шара өткенге тағзым, ерлікке көрсетілген құрмет. Бұл - жас ұрпаққа үлгі боларлықтай, олардың бойына отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерді сіңіру жолындағы маңызды шара», - деді өңір басшысы.ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қатысушыларды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан айтулы күнмен құттықтап, Әлия Молдағұлованың ерлігін ұрпақ жадында мәңгі қалдыруға атсалысып жүрген жандарға алғысын білдірді. Қонақтар Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігі өрнектелген театрландырылған көріністі тамашалады. Бұлақта туып өскен қаршадай қазақ қызының ғұмыры сахналық қойылымда ерекше бейнеленген. Спектакль тарихты ғана емес, батыр қыздың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілікті, ерлік пен елдікті, рух пен күшті айырықша көрсетті. Мерекелік көңіл-күй концерттік бағдарламамен жалғасты. Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония әртістері мен қобдалық өнерпаздардың жарқын нөмірлері көрерменге ерекше әсер сыйлады.Облыс әкімі Асхат Шахаров Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаевпен бірге этноауылдағы Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанованың өмір тарихынан түрлі деректер қамтылған көшпелі музей-киіз үйге кіріп шықты. Сондай-ақ, ұлттық спорт түрлері – бәйге мен қазақ күресінде бақ сынаған спортшылардың шеберлігін тамашалады. Айтып өтейік, 7 шақырымдық құнан бәйгеде Түркістан облысы Созақ ауылынан келген шабандоз мәреге бірінші жетсе, Ойыл ауданы - екінші, Шалқар ауданы - үшінші орынды иеленді. Шарадағы жылы атмосфераға, көрсетілген құрметке және батыр есімін ұлықтап, еске алған сәттерге Әлияның туыстары разы.«Әкем Әлияны жиі еске алатын. Ол бала кезінен-ақ басқа балалардан ерекшеленетінін айтатын. Әлия шапшаң, жауапкершілігі мол, білімге құштар болған. Әкем оның қамқорлығы мен мейірімділігін үнемі айтып отыратын. Жасына қарамастан, ол өзгелерге жанашырлық танытып, көмектесе білген екен. Біз ол туралы ұзақ тебірене аламыз — Әлияның бойында шексіз жылулық, қуат, рух күші бар еді. Ол біздің отбасымыздың жадында өшпес із қалдырды. Ол біз үшін жай ғана батыр емес, ол — отбасымыздың бір бөлшегі, мақтанышымыз, жан жарамыз және мәңгілік сағынышымыз», - дейді Әлия Молдағұлованың ағасы Бисембай Хабиевтің қызы Ария Хабиева. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/1017595?lang=kk
Starlink Қазақстанға ресми түрде келуде: спутниктік интернетті іске қосу туралы келісімге қол қойылды 21.06.2025
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы (SpaceX-тің еншілес құрылымы) спутниктік интернет қызметін Қазақстан аумағында ресми іске қосу туралы келісімге қол қойды. Құжат компанияның еліміздің ақпараттық қауіпсіздік және байланыс саласындағы заңнамасын толық сақтай отырып жұмыс істеуін көздейді.Құжат Қазақстан халқы үшін Starlink спутниктік терминалдарын ресми түрде сатуды іске қосуды көздейді – сатылымдар 2025 жылдың үшінші тоқсанында басталады деп жоспарланып отыр.Жобаны іске асыру – елдің шалғай өңірлерін жоғары жылдамдықтағы спутниктік интернетпен қамтамасыз етуде маңызды қадам болмақ. Бұл цифрлық байланыс мүмкіндіктерін кеңейтіп, телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға тың серпін береді.Жоғары жылдамдықты интернетке Starlink арқылы қосылу ауылдық мектептер, медициналық мекемелер, мобильді топтар мен инфрақұрылым нысандарына сапалы байланысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе талшықты-оптикалық желілерді экономикалық немесе техникалық тұрғыдан тартуға қиындық тудыратын өңірлерде өзекті болып отыр.«Қазақстан — аумағы кең, халқы әр өңірге шашыраңқы орналасқан ел. Барлық тұрғындарды сапалы интернетпен қамту үшін біз талшықты-оптикалық байланыс желілерінен ұялы байланыс мұнараларына дейінгі түрлі тәсілдерді қолданамыз. Алайда жайылымдар, таулы ауылдар мен шалғайдағы кәсіпорындар сияқты қолжетімділігі күрделі аймақтар да бар. Ондағы тұрғындар да сапалы интернетке қол жеткізуі тиіс. Қазіргі таңда әлемде бұған мүмкіндік беретін технологиялар бар. Бүгінге дейін Starlink елімізде тек мектептерге интернет ұсынып, пилоттық режимде жұмыс істеп келді. Ал халық үшін ол ресми түрде қолжетімсіз еді. Енді біз келісімге келдік, компания ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы ұлттық заңнама талаптарына сай жұмыс істейтін болады. Биыл қажетті жұмыстар жүргізіліп, тұрғындар ресми әрі заңды түрде спутниктік интернетке қосыла алады», — деді министр Жаслан Мадиев.Starlink жабдықтарын заңдастыру мен ресми қолдану мәртебесінің ерекше маңызы бар: енді азаматтар терминалдарды заңды түрде сатып алып, пайдаланып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркей алады.Starlink спутниктік интернетіне қосылу арнайы пайдаланушы құрылғылары арқылы іске асады. Қазіргі уақытта жеке пайдаланушыларға қызмет көрсету тәртібін қоса алғанда, техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерді келісу жұмыстары жүргізілуде.Жобаны іске асырудың барлық кезеңдері ұлттық заңнама талаптарын, соның ішінде қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.Бұл бастама Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті азайту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда және «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының мақсаттарына сәйкес қолға алынуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1017925?lang=kk
Парижде Нұрғиса Тілендиевке арналған көрме ашылды 21.06.2025
ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ХХ ғасырдың ұлы композиторларының бірі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Шабыт бастауы: Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы» атты көрме салтанатты түрде ашылды. Экспозиция Нұрғиса Тілендиевтің композитор, дирижер, Халық қаһарманы, қазақ музыкасының аңызы ретінде халықаралық деңгейде мойындалғанын білдіреді. Оның есімі қазақтың ғана емес, бүкіл әлем мәдениетінің Алтын қорына енген.Биыл Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толып отыр. Бұл маңызды дата ЮНЕСКО ұйымының Естелік күндер күнтізбесіне енгізілген.Көрмеде Алматы қаласындағы Музейлер бірлестігінің қорынан алынған 70-ке жуық құнды жәдігер ұсынылған. Атап айтсақ, сирек қолжазбалар, партитуралар, жеке заттары және Ахмет Жұбановқа сыйлаған аңызға айналған «Дариға домбыра» да бар. Айта кетейік, кезінде бала Нұрғисаның музыкалық білім алуына Ахмет Жұбанов себепкер болып, анасына баласын музыка училищесіне беруге көндірген еді.«Залға кіріп, жәдігерлерді көрген сәтте толқып кеттім. Бойымды мақтаныш кернеді. Алматы қаласы әкімдігіне және ЮНЕСКО-ға алғыс білдіремін. Әкем өте қарапайым, адамгершілігі мол жан болатын. Ол барлық шығармасын қазақ халқы мен туған жерге деген сүйіспеншілікпен жазды. Әкем көбіне музыканы түнде жазатын. Ол шығармаларын кәдімгі қаламмен, үлкен партитуралық қағаздарға қолмен түсіретін. Табиғи есту қабілеті соншалық – шығарманың толық сарыны санасында сайрап тұратын. Тіпті сол әуенді бірден қағаз бетіне түсіріп үлгеретін, – деді қызы, Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» қазақ мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрінің дирижері әрі көркемдік жетекшісі Дінзухра Тілендиева.Көрменің ашылу рәсіміне ЮНЕСКО-ға мүше елдердің елшілері, дипломатиялық миссия өкілдері, халықаралық ұйым қызметкерлері, Париж тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ Францияда тұратын отандастарымыз қатысты. Көрме ЮНЕСКО штаб-пәтерінде 2025 жылдың 19 маусымына дейін жалғасады.«Нұрғиса Тілендиевтің музыкасы қазіргі қазақ болмысының қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Ол халқымыздың рухани жадынан қуат ала отырып, заманауи әлемге де ашық болды. Оның шығармашылығы біз барлық мәдениеттен іздейтін құндылықты – түрлі элементтердің үйлесімін көрсетеді. Бір ғана нота әдемі болуы мүмкін, бірнеше нотаның үндестігі ғана нағыз гармония тудырады. Дәл сол сияқты, әртүрлі дауыстарға құрметпен қарап, біз шын мәнінде мағыналы дүниені бірге жасай аламыз. Бұл ЮНЕСКО-ның басты миссиясы: мәдениеттер арасындағы диалог пен ынтымақтастық арқылы бейбітшілікті нығайту», – деді ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Эрнесто Оттоне.Көрме аясында қазақ және басқа да түркі халықтарының ұлттық музыкалық аспаптары ұсынылды. Алты тақырыптық бөлімнен тұратын көрме экспозициясы композитор шығармашылығының сан қырын аша түсіп, қазақ музыкасының терең тамыры мен өрісі кең болмысын бейнелейді.«Бұл іс-шара қазақ музыкасының алтын арқауы болған тұлғаның мұрасына көрсетілген зор құрмет. Бұл - түркі дүниесінің ортақ рухани кеңістігін жаһандық деңгейде танытудың жарқын көрінісі», - деді Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов.Көрмені Алматы қаласы музейлер бірлестігі Алматы қаласы әкімдігінің, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы Тұрақты өкілдігінің және Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының қолдауымен ұйымдастырды. Жоба қазақ халқының музыкалық мұрасын халықаралық аренада насихаттауға бағытталған және «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаған тұлғаның шығармашылығымен танысуға мүмкіндік береді.«Нұрғиса Тілендиев - ән, күй, романс, опера, балет, кантата, поэма сынды жанрларды қатар меңгерген, қазақ музыкасының заңғар тұлғасы. Бүгінде Алматыда Тілендиевтің мемориалдық музейі жұмыс істейді. Ескерткіш те орнатылған. Сондай-ақ, биыл Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театры композитордың 100 жылдығына орай арнайы спектакль ұсынбақ. Жалпы Париж төріндегі көрме әлемдік қоғамдастықтың қазақ халқының рухани құндылықтарына көрсеткен терең құрметінің белгісі. Бұл жұмыс жалғасын табады», - деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасы Тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің басшысы Алтынай Әлімханова.Нұрғиса Тілендиев – қазақ музыка өнерінің аса ірі қайраткері, ұлттық өнердің алтын қорына енген 500-ден астам шығарманың авторы. Ол 50-ден астам драмалық қойылым мен 20-ға жуық көркем фильмге музыка жазған. 12 жасында оркестрдің концертмейстері болып тағайындалып, 14 жасында бас дирижердің көмекшісі болған. Ол Салауаткерейдің шәкірті Науша Бөкейхановтың тәжірибесін бойына сіңіріп өскен.1943 жылы Тілендиев майданға аттанған. Соғыстан кейін Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары бөлімін бітіріп, Мәскеуге барып, жергілікті консерваторияда білімін жалғастырған. Тілендиев бұл оқу орнына түскен тұңғыш қазақ еді.«Алматы әкімдігінің қолдауымен Оңтүстік Корея, Түркия, Венгрия, Сербия, Италия, Аустрия және Чехия сияқты елдерде көрмелер өткіздік. Ал алғаш рет Францияда көрме ұйымдастырып отырмыз, ол Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналды. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Үлкен құрмет пен орасан еңбектің нәтижесі. Біз Алматыда Тілендиев музейінің жаңа экспозициясын жасақтап жатырмыз. Біз ұлы маэстроның мұрасын жаңаша қырынан танытып, түрлі тақырыптық іс-шаралар өткізіп, оның мұрасын жас буынға таныстырамыз», – деді Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова.Нұрғиса Тілендиев - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының, Құрманғазы атындағы халық аспаптар академиялық оркестрінің бас дирижері, сондай-ақ өзі негізін қалаған «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі болған қазақ музыкасының көрнекті тұлғасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1018844?lang=kk
Бұлақ ауылында Әлия Молдағұлованың рухына тағзым етілді 21.06.2025
Батырдың туған жері - Қобда ауданы Бұлақ ауылындағы ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Салтанатты шара Кеңес Одағының Батыры, тарихи тұлға Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды. Шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, облыс әкімі Асхат Шахаров, сондай-ақ ҚР Парламент депутаттары, мерген қыздың туыстары мен жергілікті тұрғындар қатысты. Қатысушылар Отан үшін от кешіп, сұрапыл соғыста ерлікпен қаза тапқан батырды бір минут үнсіздікпен еске алды. Ерліктің символына айналған «Әлия» әнінің сүйемелдеуімен мәртебелі меймандар, қоғам өкілдері мен ардагерлер батыр рухына тағзым етті. Елдің әр түпкірінен Бұлаққа жиналған Батыр қыздың туыстарына ерекше көңіл бөлінді. Олар да Әлияны еске алып, мақтанышпен оның есімін ұлықтап, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Ақтөбе облысында өтіп жатқан бұл іс-шара - Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған ауқымды тойдың бір ғана бөлігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1017677?lang=kk
Ақтөбе облысында Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай шаралар өтті 21.06.2025
Батырдың туған жері - Қобда ауданы Бұлақ ауылындағы ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Салтанатты шара Кеңес Одағының Батыры, тарихи тұлға Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды. Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев, облыс әкімі Асхат Шахаров, қалалық мәслихат төрағасы Анар Даржанова, депутаттар мен мерген қыздың туыстары, тұрғындар Әлияның есімін ұлықтап, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Кейін музей-үйіне экскурсия жасалып, батыр қызымыздың өмір жолымен, ерлігімен жақын танысты.Шаралар Қобда ауылында жалғасты. Қазақтың мерген қызының мерейтойына 80 киіз үй құрылды, осылайша этноауыл бой көтерді. Ғасырлық тойға жиналған қонақтар қазақтың ұлттық ойындарын тамашалап, алтыбақанда ойнап, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты. Қонақтар Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігі өрнектелген театрландырылған көріністі тамашалады. Бұлақта туып өскен қаршадай қазақ қызының ғұмыры сахналық қойылымда ерекше бейнеленген. Спектакль тарихты ғана емес, батыр қыздың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілікті, ерлік пен елдікті, рух пен күшті айырықша көрсетті. Мерекелік көңіл-күй концерттік бағдарламамен жалғасты. Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония әртістері мен қобдалық өнерпаздардың жарқын нөмірлері көрерменге ерекше әсер сыйлады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/1017928?lang=kk
«Таза Казақстан» 21.06.2025
Үш айлық және республикалық "Таза Қазақстан" акциясы аясында Бірлік ауылдық округінде 04.06.2025 ж. - 13.06.2025 ж. бастап абаттандыру бойынша келесі жұмыстар жүргізілді: Арасан, Достық, Приишимская көшелерінде арамшөптерді шабу; субұрқақ, сауда орталығы және Орталық саябақ аумағында шөптерді арамшөптерден тазарту; субұрқақты іске қосу. Ауылдық округті абаттандыру жұмыстары жалғасады.Барлық үй иелерін үй маңындағы аумақтарда арамшөптерді жинауға және кесуге шақырамыз. Бұл тазалықты сақтауға, зиянды өсімдіктердің таралуын болдырмауға және барлығына қолайлы жағдай жасауға көмектеседі!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-birlik/press/news/details/1017930?lang=kk