Enbekshi QazaQ

Қоғам

Білім көпірі: Қазақстан мен Словения жаңа білім беру бағыттарын игеруде 08.06.2025
Любляна, 2025 жылғы 5 маусым – Қазақстанның Словениядағы Елшісі Данияр Сарекенов белгілі виолончельші Қазақстанның тумасы, профессор Е.Сапараевтың жетекшілігімен Любляна Университетінің Музыка академиясында оқуға грант ұтып алған қазақстандық студенттермен кездесті.Жылы және бейресми жағдайда өткен кездесуде Елші екіжақты қарым-қатынастарды нығайту үшін білім беру және мәдени алмасудың маңыздылығын атап өтті.Ол шетелде білім алып жатқан дарынды жастар өз елінің мәдени елшісі қызметін атқарып, мемлекеттер арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтып, Қазақстанның әлемдік қоғамдастықта оң имиджін қалыптастыруға атсалысатынын баса айтты.Студенттер өз кезегінде жетістіктерімен, шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Дипломат Қазақстанның музыкалық дәстүрлерін Словенияда насихаттауға бағытталған мәдени бастамаларды жүзеге асыруда қолдау көрсетуге және көмектесуге дайын екенін білдірді.Д.Сарекенов студенттерге оқуда және шығармашылықта одан әрі табыс тілеп, олардың жетістіктері Қазақстан мен Словения арасындағы мәдени байланыстың дамуына септігін тигізетініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1013212?lang=kk
Қазақстан мен Үндістан экономикалық серіктестікті нығайтуда: «Орталық Азия – Үндістан» іскерлік кеңесінің қорытындылары 08.06.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 5 маусым – Үндістан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Орталық Азия – Үндістан» іскерлік кеңесіне қатысты.Өз сөзінде ол Үндістанның Оңтүстік Азиядағы негізгі стратегиялық серіктес ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан мен Үндістан арасындағы екіжақты сауданың 2024 жылғы 1 млрд АҚШ долларынан алдағы уақытта 3 млрд долларға дейін өсу әлеуетінің бар екенін айтты. Сонымен қатар Үндістанның Қазақстан экономикасына құйған инвестиция көлемі 41%-ға артып, 525 млн доллардан асқанына назар аударды.«Біз бұл көрсеткіштерді тек бастама деп санаймыз. Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика және Шығыс пен Батысты байланыстыратын транзиттік торап ретінде Үндістанмен сауда, цифрлық трансформация, аса маңызды минералдар, энергетикалық қауіпсіздік және гуманитарлық байланыстар салаларында ынтымақтастықты нығайтуға дайын», – деді Министр.Көлік және логистика саласындағы байланысты арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. М.Нұртілеу «Солтүстік – Оңтүстік» және Орта дәліз бағыттары сияқты халықаралық көлік дәліздерін дамыту маңызын атап өтіп, үнді тарапын мультимодальды бағыттар, талшықты-оптикалық желілер және өңірлік энергетикалық желілерді қамтитын бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.Қазақстан сонымен қатар стратегиялық ресурстарды, соның ішінде энергетикалық ресурстарды, сирек кездесетін жер металдарын және агроөнеркәсіптік өнімдерді Үндістанның «Viksit Bharat» («Дамыған Үндістан») бастамасы аясында сенімді жеткізуші болуға дайын екенін мәлімдеді.Тараптар цифрлық технологиялар саласындағы мүмкіндіктерді қарастырды: соңғы үш жылда Қазақстаннан цифрлық шешімдер экспорты 12 есеге жуық өсіп, 690 млн долларға жетті. Қазақстан СІМ басшысы IT, стартаптар, зерттеулер және білім алмасу салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге шақырды.Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі саласында Қазақстанның аграрлық әлеуетін Үндістанның өңдеу технологияларымен ұштастыру ұсынылды.Болашағы зор бағыттар қатарында Үндістаннан келетін туристер ағынының артуы аталып өтті: 2024 жылы бұл көрсеткіш 150 мың адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда екі есе өсті. Мұндай өсімге 14 күндік визасыз режимнің енгізілуі және Алматы мен Нью-Дели арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуы ықпал етті. Қазақстан өз тарапынан елдің негізгі қалаларында үнді асханасы бар қонақүйлер мен мейрамханалар ашуға жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.Инвестиция тарту саласында ҚР Сыртқы істер министрі қолайлы ахуалдың бар екенін атап өтті: 2025 жылғы мамырдан бастап шетел азаматтарына 300 мың доллар көлемінде инвестиция салған жағдайда 10 жыл мерзімге берілетін инвестициялық визаның («алтын визаның») енгізілуі және Астана халықаралық қаржы орталығының Үндістандағы «GIFT City», Лондон және Дубай үлгісінде өңірлік қаржы хабы ретіндегі белсенді рөлі.Қорытындылай келе, қазақ тарапы кеңестің келесі сессиясын Қазақстанда өткізуді ұсынып, өткен кездесулер нақты іскерлік нәтижелерге жол ашады деген сенім білдірді.«Орталық Азия – Үндістан» іскерлік кеңесі көпжақты серіктестікті тереңдетуге және жаһандық экономикалық трансформация жағдайында жаңа өсу жолдарын құруға деген ортақ ұмтылысты растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1013243?lang=kk
Қазақстан мен Канада тау-кен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастығын нығайтуды жалғастыруда 08.06.2025
Астана, 2025 жылғы 2-5 маусым – Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігінің қолдауымен Канаданың тау-кен өндірісі саласындағы жетекші компанияларының өкілдерінен құралған канадалық бизнес-миссияның Қазақстанға сапары ұйымдастырылды. Бұл сапар Астанада өткен 15-ші Халықаралық металлургтер конгресіне қатысу шеңберінде ұйымдастырылды.Сапар шеңберінде, 3 маусым күні делегация мүшелері «Қазақмыс» компаниялар тобының өндірістік нысандарына, оның ішінде Нұрқазған кен-байыту комбинаты мен жерасты шахтасы барды, барды. Канадалық өкілдер өндірістік процестермен және инфрақұрылыммен тікелей танысып, қазақстандық әріптестерімен технологиялық даму және өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты.Конгресс аясында 4 маусым күні «Жаңа технологиялар, тәжірибе және заманауи шешімдер – барлығы бір жерде: Канададан Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіне арналған үздік шешімдер» атты арнайы панельдік сессия өтті. Сессия қазақстандық тау-кен компанияларының, мемлекеттік құрылымдардың, халықаралық құрылымдар мен салалық қауымдастықтардың өкілдері тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды. Іс-шара барысында Канадада әзірленген технологияларды өндіріске енгізудің табысты мысалдары ұсынылып, шешімдерді жергілікті деңгейде бейімдеу және бірлескен жобаларды іске асырудың болашағы талқыланды.Канадалық делегацияның бұл сапары халықаралық іскерлік қауымдастықтың қарқынды дамып келе жатқан, қолайлы инвестициялық климатқа ие және жер қойнауын пайдалану саласында технологиялық жаңғыртуға мықты әлеуеті бар Қазақстан нарығына деген қызығушылығының артып келе жатқанын тағы да дәлелдеді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ottawa/press/news/details/1013254?lang=kk
Вальдбруннде қазақ халқының дәстүріне сай «Qymyzfest» көктем мерекесі өтті 08.06.2025
Вальдбрунн-Мюльбен, 2025 жылғы 1 маусым — Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы Баден-Вюртемберг жерінде орналасқан Zollmann Stutenmilch GmbH қожалығында өткен «Qymyzfest» көктемгі мерекесіне қолдау көрсетті. Мереке аясында 1000-нан астам адам, соның ішінде қазақ диаспорасының өкілдері, жергілікті тұрғындар және Қазақстанның неміс достары қатысып, бірегей мәдени шараға куә болды.Бұл іс-шара Халықаралық балаларды қорғау күніне және Наурыз мейрамына арналған көктемгі жаңару мен табиғаттың оянуын бейнелейтін символдық іс-шара ретінде өтті. Сонымен қатар, мереке қазақ халқының дәстүрлерін, көшпелі мәдениетін және бірегей ұлттық мұрасын әлемге танытуға бағытталды. Бұл күннің маңызды ерекшелігі — қазақ елінің мәдени құндылықтарын сақтау және оларды халықаралық деңгейде көрсету болды.Іс-шара қазақ халқының қонақжайлылығы мен ұлттық ерекшеліктерін насихаттап, жылы әрі достық атмосферада өтті. Қонақтар қазақ және жергілікті ас үйінің таңдаулы тағамдарымен дәм татып, қымыз сынды дәстүрлі ұлттық сусынмен танысты. Қымыз сүтінен жасалған құймақтар мен басқа да ұлттық тәттілер де ұсынылды. Қонақтар аттар мен понилерге мініп, бие сауу, қымыз дайындау процестерін көріп, қызықты әрі ауқымды бағдарламасына қатыса алды.Қазақстан Республикасының Бас консулы Тауболды Үмбетбаев өз сөзінде мұндай мәдени іс-шаралардың маңыздылығын атап, осындай шаралар қазақ мәдениетінің бай мұрасын сақтау мен насихаттауға, екі ел арасындағы мәдени диалогты нығайтуға үлкен септігін тигізетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, бұл шара қазақ диаспорасын бір арнаға топтастырып, Қазақстан мен Германия арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге ықпал ететінін айтты.Zollmann Stutenmilch GmbH — Германияның Оденвальд өңірінде орналасқан, бие сүтін өндірумен және өңдеумен айналысатын танымал отбасылық кәсіпорын. Бұл кәсіптің негізін 1959 жылы неміс дәрігері Рудольф Шторх қалаған. Қазақ даласындағы көшпелі халықтың бие сүтін ем ретінде қолданатынын көріп, ол осы дәстүрді Еуропаға жеткізуді мақсат тұтқан.Қазір бұл істі оның күйеу баласы Ханс Цольманн (Hans Zollmann) жалғастыруда. Ол — зоотехник әрі ветеринар маман. Жұбайы — Гудрун Цольманн, Рудольф Шторхтың қызы. Осы отбасы мүшелері табиғи, биодинамикалық әдістерге сүйене отырып, сапалы өнім өндіруге күш салып келеді.Цольманның төрт қызы - Катрин, Штеффи, Йетте және Гудрун - әрбірі отбасылық кәсіпке белсене араласады — бірі мал күтімімен айналысса, бірі сүтті өңдеп, өнім шығарады, енді бірі жарнама мен даму бағытын жүргізеді. Осылайша Цольманндар әулеті дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіре отырып, емдік қасиеті мол бие сүтін әлемге танытып келеді.«Qymyzfest» мерекесі – Қазақстан мен Германия арасындағы мәдени байланыстарды нығайту мен ұлттық мұраны әлемге таныту жолындағы жыл сайын Цольманн әулетімен өткізілетін маңызды шараның бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-frankfurt/press/news/details/1013259?lang=kk
Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігі БРИКС Парламенттік форумына қатысты 08.06.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 5 маусым – Бразилия астанасында Бразилия Ұлттық конгресінің Федералдық Сенаты мен Депутаттар палатасы ұйымдастырған БРИКС елдері мен серіктестерінің XI Парламенттік форумы аяқталды. Форумның ресми жабылу салтанатына Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшісі Болат Нүсіпов қатысты.Екі күнге жалғасқан форум, БРИКС-ке төрағалық ететін Бразилияның басым бағыттарына арналған алты панельдік сессияны қамтыды. Атап айтқанда, жаһандық денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржылық байланыстарды нығайту, климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл, жасанды интеллектті басқарудың халықаралық әдіс-тәсілдерін қалыптастыру, жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілік архитектурасы, сондай-ақ БРИКС аясындағы көпжақты тетіктердің тиімділігін арттыруға бағытталған институционалдық даму мәселелері қаралды.Ресми отырыстар қарсаңында екі тақырыптық іс-шара өтті: БРИКС әйел депутаттарының кездесуі мен қатысушы елдердің парламенттерінің халықаралық істер комитеттері төрағаларының кездесуі. Әйел депутаттардың кездесуінде әйелдердің саяси үдерістерге қатысуын кеңейту және климаттың өзгеруі, цифрлық экономика, БРИКС-тің болашақ күн тәртібі тәрізді маңызды бағыттар бойынша шешімдер қабылдаудағы рөлін күшейту мәселелері талқыланды. Комитет төрағаларының кездесуінде парламенттік дипломатияны көпжақты ынтымақтастықты тереңдетудің маңызды құралы ретінде дамытуға ерекше назар аударылды.Форум қорытындысы бойынша Қорытынды құжат қабылданып, ол, 2025 жылғы 6–7 шілдеде Рио-де-Жанейро қаласында өтетін БРИКС көшбасшыларының Саммитінде ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1013264?lang=kk
Вашингтонда сыни минералдар саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды 08.06.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 4 маусым – Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев Орталық Азияның сыни минералдар саласындағы әлеуетіне арналған панельдік сессияда сөз сөйледі. Іс- шара «MIND» қазақстандық зерттеу орталығымен бірлесіп «Atlantic Council» америкалық ой-талқы орталығы ұйымдастырған «АҚШ-Орталық Азия» форумы аясында өтті.Сессияны АҚШ сенаторы Стив Дэйнс ашып, ол Орталық Азияның сыни минералдар, энергетика және ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін ерекше атап өтіп, өңірмен ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ, ол Джексон-Вэник түзетулерін жою қажеттігін айтып, бұл мәселелерді алға жылжыту үшін АҚШ Әкімшілігімен жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.Е.Ашықбаев өз сөзінде сыни минералдарды жеткізудің сенімді жаһандық тізбегін дамытуға үлес қосу үшін елдің стратегиялық мүмкіндіктерін атап өтті. Ол Қазақстанның ірі шикізат ресурстарына ғана емес, оларды қайта өңдеу бойынша дамыған өнеркәсіптік базаға, заманауи инфрақұрылымға, тұрақты саяси ахуалға, болжамды реттеуші ортаға, білікті және заманауи жұмыс күшіне, сондай-ақ негізгі әріптестермен теңгерімді қатынастарға ие екенін атап өтті. Елші Қазақстан қазіргі таңда АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) тізіміне енгізілген 50 сыни минералдың 20 түрін дайын өнім ретінде жеткізе алатынын және бұл өнімдер стратегиялық экономикалық секторларда сұранысқа ие екенін атап өтті.Қазақстандық дипломат елдің кешенді тәсілге негізделген ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыруға мүдделілігіне ерекше назар аударды. Бұл сыни минералдарды өңдеу және өндіру, көлік инфрақұрылымын АҚШ-тың даму институттарының қолдауымен дамыту, сондай-ақ ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар жасау үшін америкалық инвестиция тарту мәселелерін қамтиды.Іс-шараға 100-ден астам адам, оның ішінде америкалық сарапшылар мен іскерлік қоғамдастықтың, сондай-ақ БАҚ-тың 100-ден астам өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1013265?lang=kk
Кеме қатынасы мен логистика саласындағы Қазақстан мен Грекия арасындағы әріптестік мәселелері Афинада талқыланды 08.06.2025
Афина, 2025 жылғы 6 маусым — 2025 жылғы 4–6 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы – «Қазмортрансфлот» басшылығының Грек Республикасына жұмыс сапары өтті. Сапар Қазақстан Республикасының Грекиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізілді.Құрамына КМТФ Бас директоры Айдар Оржанов бастаған Қазақстанның негізгі теңіз құрылымдарының басшыларының делегациясы сапар барысында Грекияның жетекші кеме қатынасы компанияларының басшылығымен кездесіп, кеме жөндеу кәсіпорындары мен порт инфрақұрылымының бірқатар нысандарын аралады.Кездесулерде кеме жасау, флотты техникалық сүйемелдеу, логистика және көлік маршруттарын дамыту салаларындағы ықтимал ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Сонымен қатар, заманауи технологиялық шешімдерді флот басқаруына енгізу саласындағы грек тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырды.Тараптар салалық құрылымдар арасындағы тұрақты әріптестік арналарын орнатуға және диалогты кеңейтуге әзір екендіктерін білдірді. Бұл сапар Қазақстан мен Грекия арасындағы теңіз тасымалы және логистика салаларындағы берік серіктестікті қалыптастыру жолында маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1013292?lang=kk
Шалқар-Имантау аймағының туристік әлеуеті 08.06.2025
Имантау-Шалқар курорттық аймағы  өңірдің негізгі туристік орталығы болып табылады. Мұнда тәулігіне 3962 турист қабылдай алатын 46 туризм нысаны жұмыс істейді, оның ішінде Айыртавчик көліндегі 3 балалар сауықтыру орталығы: «Сокол» БСО, «Чайка» және «Олимпиец» СҚКО. Оның ішінде 9 демалыс аймағы жыл бойы жұмыс істейді: «Изумруд», «Адель», «Дом у озера», «Адам», «Имантау», «Қазығұрт», «Солнечное Вип», «Тұрпан», «Заря».Имантау және Шалқар көлдерінің жағасында көптеген маусымдық демалыс базалары орналасқан. Жыл сайын демалыс аймақтарын абаттандыру және инфрақұрылымды жаңарту жүргізіледі: Нысандар жаңғыртылуда, қызметтер спектрі кеңейтілуде, туристерді қабылдау дайындалуда.Медициналық туризмді дамыту үшін «Шалқар су» шипажайын қайта жаңарту жалғасуда, оның дайындығы 80% құрайды. Пилоттық режимде іске қосу 2025 жылға жоспарланған.Демалыс базалары моншаларды, көл жағасындағы үйлерді, кафелер мен мейрамханаларды, су және спорттық жабдықтарды жалға алуды, жабдықталған жағажайларды, пикник алаңдарын және мәдени-ойын-сауық шараларын ұсынады. Велосипед және жаяу жүру маршруттары, Кемпингтер, беседкалар, сондай-ақ табиғи және мәдени-тарихи нысандар бойынша 13 туристік маршрут бар. Әр түрлі ұзындықтағы жаяу, атпен және велосипедпен жүру жолдары, сондай-ақ аймақтың көрікті жерлеріне экскурсиялар ұсынылады.Жазда туристер мен жергілікті тұрғындардың қатысуымен спорттық фестивальдар, анимациялық бағдарламалар және экологиялық акциялар өтеді. Қызметтер тізімін үнемі кеңейту аймақтың туристік тартымдылығының артуына және келушілер ағынының артуына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1013299?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы «Орталық Азия – Үндістан» диалогының министрлік кездесуіне қатысты 08.06.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 6 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Орталық Азия – Үндістан» диалогының 4-ші министрлік кездесуіне қатысты.Кездесу барысында Орталық Азия елдері мен Үндістан Республикасы арасындағы көлік және логистика, өңірлік ынтымақтастық, терроризмге қарсы күрес, сондай-ақ озық технологияларды дамыту сияқты салаларды қамтитын серіктестіктің басты бағыттары қаралды.Өз сөзінде М.Нұртілеу «ОА-Үндістан» көпжақты форматын нығайтудың маңыздылығын атап, өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін негізгі салаларда өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтудің қажеттілігіне назар аударды.ҚР СІМ басшысы орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында көлік байланысының маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Азиядан Еуропаға жүк тасымалын қауіпсіз және тиімді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Транскаспий халықаралық көлік бағытын белсенді түрде дамытып жатыр. Министр үнді компанияларын осы бағыттың өткізу қабілетін кеңейту үшін ірі жобаларды іске асыруға қатысуға шақырды.«Орталық Азия Қазақстан арқылы Азия мен Еуропаны байланыстыра алатын маңызды логистикалық хабқа айналуда», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.Қатысушылар қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы бірлесіп әрекет етудің маңыздылығын атады. Өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу жолдары, трансұлттық қауіптердің алдын алу, сондай-ақ мәдени алмасуды нығайту мәселелері талқыланды.Орталық Азия өңіріндегі бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды және «ОА-Үндістан» диалогының басым бағыттары айқындалды.Қазақ тарапы осы форматтың институционалдық механизмдерін жетілдіруге, өңіраралық сауданы әртараптандыруға, транзиттік бағыттарды және жасыл энергетиканы дамытуға, сондай-ақ қаржылық технологиялар, цифрландыру және IT индустриясы сияқты перспективалы салаларда бірлескен жұмысты жандандыруға шақырды.Форум қорытындысы бойынша «Орталық Азия – Үндістан» форматы аясындағы көпжақты өзара іс-қимылды тереңдетуге ортақ бейілділікті білдіретін сыртқы істер министрлерінің Бірлескен мәлімдемесі қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1013321?lang=kk
Нидерланд жүрегіндегі Қазақстан өнері: Ерболат Төлепбайдың жеке көрмесі 08.06.2025
2025 жылғы 4 маусым, Вассенар – 2025 жылғы 4 маусымда Гаага қаласының көркем Вассенар маңында көрнекті қазақстандық суретші Ерболат Төлепбайдың шығармашылығына арналған мәдени шара өтті. Кешке корольдік отбасы мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, дипломатиялық корпус, ғылыми және көркем өнер саласының, халықаралық ұйымдардың, БАҚ және іскер топтардың өкілдері қатысты. Кештің басты назарында қазақ мәдениетінің терең символикасы мен философиясын бейнелейтін Е.Төлепбайдың жеке көрмесі болды.Осы шараға арнайы шығарылған каталогта Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мынадай сөздері мәтінді алдын ала ашты: «Мәдениет – ұлттың төлқұжаты. Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен, өнеріміз арқылы танып біледі. Біз – Ұлы далада тамыр жайған бірегей мәдениеттің заңды мұрагеріміз. Қазақ жерінен шыққан қайталанбас өнер иелерінің теңдессіз туындылары тұтас ұлтты тәрбиеледі. Қазір төл мәдениетіміз дүние жүзіне танылып жатыр.».Нидерланды Корольдігіндегі Қазақстанның Елшісі Қайрат Әбдірахманов атап өткендей, Шебердің өнері - бұл жай ғана қазақ мәдениетінің көрінісі емес, ол - біздің ұлттық бірегейлігіміздің, тарихи жадымыздың және қазақ халқының қайсар рухының тірі көрінісі. Ерболат Төлепбайдың терең символизм мен рухани үйлесімге толы шығармалары арқылы біз Ұлы Даланың әлеміне енеміз, онда ежелгі дәстүрлер мен заманауи сана тоғысады. Бүгін, бұл мәдени тәжірибемен Нидерланды Корольдігінде бөлісе отырып, біз елдеріміз арасындағы берік байланыстарды еске саламыз - бұл тек дипломатия диалогы ғана емес, сонымен қатар өнердің озық үлгілерінің, өзара құрмет пен шығармашылық алмасудың диалогы. Бұл көрме халықтарымыз арасындағы көпірге айналып, ұлттық шекаралардан тыс шығатын шығармашылықтың мерекесі болсын деп дипломат түйіндеді.Е.Төлепбайдың туындылары қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырып, екі елдің шығармашылық зиялы қауым өкілдері арасындағы мазмұнды диалогтың негізіне айналды. Сонымен қатар, іс-шара қатысушылары қазақ халық музыкасын насихаттауға белсене қатысатын виртуозды домбырашы Еркін Құдайберген орындаған дәстүрлі қазақ күйлері мен Нидерландта тұратын, халықаралық аренада танымал қазақ пианисті Гүлмира Исабекова орындаған фортепиано туындыларынан ләззат ала алды. Олардың шебер орындаулары Қазақстан мәдениетінің рухын жеткізген ерекше атмосфераны қалыптастырды. Кеш қонақтарына қазақ халқының қонақжайлығы мен көшпенді дәстүрлерінің рухындағы ұлттық тағамдар ұсынылды. Бұл мәдени іс-шара Қазақстан мен Нидерланд арасындағы мәдени және дипломатиялық байланыстарды одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосып, Ұлы Даланың елін жарқын түрде танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1013322?lang=kk
Қазақстан мен Нидерланды арасындағы дипломатиялық даярлық саласындағы ынтымақтастық перспективалары Гаагада талқыланды 08.06.2025
2025 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Нидерландтағы Елшісі Қайрат Әбдірахмановтың Нидерландтың "Клингендаль" академиясының директоры Рон Тонмен кездесуі өтті. Бұл академия – дипломатиялық білім берудегі беделді халықаралық орталықтардың бірі. Әңгімелесушілердің негізгі назарын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Академия арасындағы табысты ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мәселелері тартты. Аталған академияда 31 жыл бойы қазақстандық жас дипломаттар үшін біліктілікті арттыру курстары жүргізіліп келеді.Қатысушылардың курстарға сұранысы мен олардың мансаптық өсуі қанағаттанушылықпен атап өтілді. Ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктері, оның ішінде жаңа білім беру бағдарламаларын, тренингтер мен семинарларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Бұл шаралар негізгі дағдыларды дамытуға бағытталған, мысалы, келіссөздер жүргізу, қазіргі халықаралық мәселелерді талдау және сыртқы саясат мәселелерін диалог пен сенім шаралары негізінде тиімді шешу. Кадрлық және білім беру саясаты саласындағы ең жақсы тәжірибелермен алмасуды жалғастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.Тараптар ҚР сыртқы саяси ведомствосы мен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Дипломатия институты мен "Клингендаль" академиясы арасындағы алдағы байланыстардың кестесін талқылап, қазақстандық дипломаттардың кәсіби дағдыларын арттыру мақсатында одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1013325?lang=kk
Қазақстан және Үндістан энергетика, фармацевтика және жоғары технологиялар салаларындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде 08.06.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 6 маусым – Үндістан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жетекші үнді компанияларының өкілдері – «Tata Sons Private Limited» компаниясының бизнесті дамыту және корпоративтік байланыстар жөніндегі президенті Сучарита Чоудари, «MSN Group» фармацевтикалық корпорациясының атқарушы директоры Нихил Редди, «Vishwa Samudra Group» инфрақұрылымдық холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы Сасидхар Чинта мен «Greenko Group» энергетикалық компаниясының басшылығымен кездесулер өткізді.С.Чоударимен кездесу барысында Министр энергетика, автокөлік өндірісі, финтех, металлургия және ақпараттық технологиялар салаларындағы ынтымақтастықтың әлеуетін атап өтті. Қазақстан тарапы шетелдік инвесторларға ұсынылатын салықтық және кедендік жеңілдіктерді, инфрақұрылымдық қолдауды қамтитын преференциялар пакетімен таныстырды. Автокомпоненттерді жергіліктендіру, металлургияны дамыту, экологиялық көлік пен «Astana Hub» және «Digital Almaty» алаңдары арқылы цифрландыру мәселелері талқыланды. «Tata Group» энергетика (оның ішінде жаңартылатын энергия көздері), сирек жер металдарын өндіру, туризм, болат және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ автокөлік құрастыру салаларындағы жобаларға қызығушылық білдірді. «Tata Power» компаниясына жаңартылатын энергия жобаларын дамытуға қатысу ұсынылды.Н.Реддимен өткен келіссөздерде Алматы облысында «Медсервис Плюс» компаниясымен бірлесіп фармацевтикалық зауыт салу мәселесі талқыланды, аталған жобаның инвестиция көлемі шамамен 60 млн АҚШ долларын құрайды. Қазақстан СІМ басшысы алдағы жылдары дәрілік заттарды 50% деңгейінде жергіліктендірудің маңыздылығына назар аударды. Қолдау шаралары аясында ұзақмерзімді келісімшарттар, 2024 жылғы шілдеден бастап міндетті таңбалау, сондай-ақ 300 мың долларынан жоғары инвестиция құйған инвесторларға арналған 10 жылға дейінгі «алтын виза» мүмкіндігі қарастырылды. Сонымен қатар технология трансфері мен Қазақстанда толық өндірістік цикл құру мәселелері қаралды.«Vishwa Samudra Group» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы С.Чинтамен өткен кездесуде Ақтау халықаралық теңіз портын жаңғырту және кеңейту бойынша жобаларға аталған компанияның қатысу мүмкіндігі, сондай-ақ Орта дәлізді дамыту аясындағы ынтымақтастық талқыланды. Министр технологиялық тұрғыдан сенімді әрі жоғары білікті серіктестермен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, көлік, порт және цифрлық инфрақұрылым салаларындағы жобаларға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.«Greenko Group» компаниясының басшылығымен өткен сұхбат жаңартылатын энергия көздері, күн және жел генерациясы, сондай-ақ жасыл сутегі өндіру салаларындағы ынтымақтастыққа арналды. Тараптар Қазақстанның табиғи ресурстары мен Үндістанның технологияларын біріктіру арқылы энергетикалық ауысымды жеделдетуге өзара қызығушылық білдірді. Компания технология трансферіне, бірлескен кәсіпорындар құруға және Қазақстандағы өз қызметін кеңейтуге дайын екенін растады.Кездесулердің қорытындысы бойынша Қазақстанда өзара тиімді жобаларды іске асыруға мүдделі үнді компанияларына жан-жақты қолдау көрсету және нақты инвестициялық бастамаларды пысықтау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1013375?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Үндістан Премьер-министрінің қабылдауында болды 08.06.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 6 маусым – Үндістанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының Үндістан Республикасының Премьер-министрі Нарендра Модимен ұжымдық кездесуіне қатысты.Кездесу барысында тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады. Негізгі назар саяси диалогты кеңейтуге, экономикалық байланыстарды нығайтуға, көпжақты форматта бірлескен бастамаларды алға жылжытуға, сондай-ақ «Орталық Азия – Үндістан» диалогы аясындағы ынтымақтастықты тереңдетуге аударылды.Қазақстан СІМ басшысы негізгі халықаралық серіктестердің бірі ретінде Үндістанмен жүйелі өзара әрекеттесудің маңыздылығын атап, Астананың екіжақты және өңірлік алаңдарда өзара тиімді бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін білдірді. Өз кезегінде Үндістан Премьер-министрі Нью-Делидің Орталық Азия мемлекеттерімен, оның ішінде өңірлік көшбасшы саналатын Қазақстанмен ынтымақтастығын одан әрі кеңейтуге зор әлеует бар екенін атап өтті.Сұхбаттастар саяси диалогты, оның ішінде биік және жоғары деңгейдегі сапарларды қолдауға мүдделілігін растады және өзара іс-қимылдың өңірлік архитектурасын нығайтуға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dushanbe/press/news/details/1013396?lang=kk
Қазақстандық және люксембургтік кәсіпкерлер ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады 08.06.2025
Люксембург, 2025 жылғы 6 маусым - БеНиЛюкс Сауда палатасы ұйымдастырған Қазақстан компанияларының Бельгия мен Люксембургке жасаған іскерлік миссиясы аясында Люксембург Ұлы Герцогтігінің Сауда палатасында Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған дөңгелек үстел өтті.Люксембург Сауда палатасы мен Қазақстанның Люксембургтегі Елшілігінің қолдауымен өткен іс-шараға Қазақстан мен Люксембургтің 20-дан астам жетекші компаниясының өкілдері қатысты.Кездесуді ашқан Люксембург Сауда палатасының халықаралық департаментінің директоры Синди Тереба екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жоғары қарқынын атап өтті. Ол экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетудің зор әлеуетіне назар аударды.Өз кезегінде, Люксембургтің Қазақстандағы Елшісі Том Райзен Қазақстанның Орталық Азиядағы стратегиялық рөлін атап өтіп, көлік, логистика және өзге де салалардағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларына сенім білдірді.«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов холдингтің қызметі мен Люксембургтің қаржы институттарымен табысты серіктестігі туралы айтып берді. Атап айтқанда, Люксембургте орналасқан Еуропалық инвестициялық банкпен жемісті ынтымақтастық орнатылғаны атап өтілді.Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің кеңесшісі Айдар Аққазынов қатысушыларды шетелдік инвесторларды тарту және қолдау бойынша Қазақстан Үкіметі қабылдап жатқан шаралар туралы хабардар етті.Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты орнату мен кеңейтудің нақты жолдары бойынша мазмұнды келіссөздер өтті.Люксембург Сауда палатасы 96 000-нан астам компанияны біріктіреді. Бұл компанияларда елдегі жалдамалы жұмысшылардың 75%-ы еңбек етеді және олар Люксембургтің ЖІӨ-нің 80%-ын құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1013341?lang=kk
Спорт және туризм салаларындағы ынтымақтастық 08.06.2025
Исламабад, 2025 ж. 4 маусым - Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин Пәкістанның Провинцияаралық үйлестіру Министрінің бірінші орынбасары (Федералдық хатшы) Мохюдин Ахмад Уани мырзамен кездесті.Кездесу барысында тараптар туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.Елші Е. Қыстафин ү.ж. 29 сәуірде Исламабад қаласында өткен Қазақстан-Пәкістан бірлескен үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысының негізгі қорытындылары туралы хабарлады.Қол қойған спорт саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға, сондай-ақ екі елдің спорт федерациялары мен туроператорлары арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі уағдаластықтарға ерекше назар аудары.Сонымен қатар, тараптар білім беру саласындағы, атап айтқанда жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады.Федералдық хатшы Қазақстан мен Пәкістан арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты арттыру үшін қолда бар әлеуетті атап өтті.Өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша Федералдық хатшы аталған жоспарларға қолдау білдіріп, Министрлік тарапынан қажетті көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1012986?lang=kk
Атырауда жыл басынан бері тазалық рейді барысында 8340 құқықбұзушылық анықталды 08.06.2025
Қала көркі тазалықтан басталады. Осы орайда Атырау қаласында рейдтік шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл жұмыстарға Полиция департаментінің қызметкерлері мен әкімдік мамандары бірлесіп қатысуда, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.- Жыл басынан бері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы (қоғамдық орындарды ластау), 505-бабы (қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу), 386-бабы (жасыл екпелерді жою және бүлдіру) бойынша 8340 әкімшілік құқықбұзушылық фактісі тіркеліп, 2795 ескерту, 3045 айыппұл түрінде хаттама толтырылған,- деді Атырау қаласы полиция басқармасының бөлім бастығы Қаршыға Дүйсенғалиев.Мақсат – қала аумағын таза ұстау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.Рейд барысында тұрғындарға өз ауласынан тыс 5 метрлік аумақты таза ұстау қажеттігі ескертілуде. Рұқсатсыз қоқыс тастау жағдайлары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажет болғанда әкімшілік шаралар қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1012991?lang=kk
Саясат Нұрбек Марокко Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохаммед Рашид Маанинумен кездесу өткізді 08.06.2025
Саясат Нұрбек Марокко Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохаммед Рашид Маанинумен кездесу өткізді4 маусым күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде министр Саясат Нұрбектің Марокко Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохаммед Рашид Маанинумен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар жоғары білім мен ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Әсіресе, екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы академиялық байланысты кеңейту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Тараптар екі ел азаматтарына 20 білім беру гранты көлемінде өзара баламалы гранттар ұсынуға мүдделі екендерін растады. Бұл бастама Қазақстан мен Марокко арасындағы білім беру және мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ шетелдік студенттердің қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселе – марокколық жастар арасында қазақстандық жоғары білімді танытуға арналған ақпараттық-ағартушылық жұмыстар болды. Осы мақсатта Қазақстанда оқу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Марокко Корольдігінің Политехникалық университетімен ықтимал ынтымақтастық бағыттары талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1012993?lang=kk
Спорт-бұл өмір! 08.06.2025
Өткен жұмада Боровское ауылының спорт-дене шынықтыру кешенінде « Спорт-бұл өмір!», 14 пен 25 жас аралығындағы 40 — тан астам қатысушыны-Меңдіқара ауданының оқушылары, студенттері мен жұмыс істейтін жастарын біріктірді.Жарыс спорттың төрт түрінен өтті: ВолейболШағын футболҮстел теннисіАрмрестлингІс – шара «темекі шегудің (вап), лудоманияның, суицидтің және нашақорлықтың алдын алу» тақырыбы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өткізілді және «Меңдіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша «Үміт-2050»қоғамдық қоры ұйымдастырды.Барлық қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды, ал жеңімпаздар медальдар мен кубоктар алды. Ұйымдастырушылар спорт бөліміне, жастар ресурстық орталығына, Кәмшат Доненбаева атындағы ПТК, сондай-ақ жаттықтырушылар Гилязов Вадим Вахитович пен Жанайдаров Серік Болатұлына іс-шараны ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғыстарын білдірді.Мұндай іс — шараларды өткізу ерекше маңызға ие-олар денсаулық пен спорттық рухты нығайтып қана қоймайды, сонымен қатар жастардың дұрыс өмірлік бағдарлары мен белсенді, салауатты өмір салтына деген ұмтылысын қалыптастыра отырып, жаман әдеттердің тиімді алдын-алу қызметін атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1013055?lang=kk
Қазақстан мен Буркина-Фасо ДРК саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады 08.06.2025
Қазақстан мен Буркина-Фасо ДРК саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқыладыАстана, 2025 жыл, 4 маусым - Қазақстан Республикасына жұмыс сапары аясында келген Буркина-Фасо Сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және буркиниялықтардың министрі Карамоке Траоре KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің басқарма төрағасы А. Арыстановпен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар Буркина-Фасо алдында тұрған өзекті гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық сын-қатерлер жөнінде пікір алмасты және Қазақстанның Африка мемлекеттерінің дамуына жәрдемдесу жөніндегі халықаралық күш-жігерге қатысу мүмкіндіктерін талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар дамуға ресми көмек шеңберінде практикалық өзара іс-қимыл орнатуға қызығушылық білдірді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1012773?lang=kk
Сеулде Қазақстанның туристік мүмкіндіктері таныстырылды 08.06.2025
Сеул, 2025 жылғы 4 маусым – Қазақстанның Кореядағы Елшілігі мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы бірлесіп, Қазақстанның туристік әлеуетіне арналған Road Show іс-шарасын өткізді.Іс-шараға Оңтүстік Кореяның жетекші туроператорлары, әуе компаниялары, «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумы Хатшылығы, Корея туристік агенттіктер қауымдастығы (KATA), туризм саласының сарапшылары мен екі елдің журналистері 150-ге жуық адам қатысты. Қазақстандық делегация құрамында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, «Almaty Tourism Bureau», «Air Astana», «SCAT» әуе компаниялары мен «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортын қоса алғанда, 10-ға жуық ұйым мен компания болды.Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов іс-шара барысында сөз сөйлеп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының оң серпінін атап өтті. 2024 жылы Қазақстан экономикасының өсуі 5,1%-ды құрап, тікелей шетелдік инвестициялар көлемі рекордтық деңгейге жеткенін айтты.Сонымен қатар, қазақ дипломаты елімізде туризм саласы Мемлекет басшылығының саяси қолдауының арқасында қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді. Ол MICE-сектордың (іскерлік іс-шаралар, конференциялар мен көрмелер) да белсенді өсіп келе жатқанын тілге тиек етті. Бұған 2025 жылғы 29–30 мамырда өткен Астана халықаралық форумы дәлел бола алады. Форумның құрметті қонақтарының бірі болып БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Мун қатысты және оны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.Корея Қазақстан үшін негізгі туристік нарықтардың бірі екенін атап өткен жөн. 2024 жылы Қазақстанға 40 180 корей азаматы келіп, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12,8%-ға артты. Сонымен қатар, ел аумағындағы орналастыру орындарында қызмет көрсетілген корейлік туристер саны 26 861 адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға ұлғайды.Қазақстанға келетін туристер ағынының артуы визасыз режимнің болуы, Алматы, Астана және Шымкент қалаларына тікелей рейстер санының аптасына 17 рейске дейін артуы, сондай-ақ Қазақстанды корей нарығында белсенді ілгерілету нәтижесінде мүмкін болды.Road Show аясында корейлік және қазақстандық туроператорлар арасында кездесулер өтті. Іс-шара барысында Қазақстанға тікелей тұрақты рейстерді орындап жатқан Air Astana, SCAT және Eastar Jet әуе компаниялары Алматы мен Шымкент қалаларына әуебилеттерді ұтысқа салды. Сондай-ақ, іс-шараның серіктестері тарапынан «ibis Almaty Jetisu» қонақүйіне, «Oi-Qaragai» тау курортына және «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына сертификаттар табысталды.Сонымен қатар, Алматы қаласының Туризм басқармасы қазақстандық туроператорлармен бірлесіп, Сеулде өткен халықаралық SITF (Seoul International Tourism Fair) көрмесіне қатысып, ұлттық туристік стенд ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1012782?lang=kk