Қоғам
Облыс әкімі өз міндеттемелерін орындамаған мердігерлерге қатысты шара қолдануды тапсырды 09.06.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құрылыс және мердігерлік жұмыстардың сапасыз орындалуына қатысты материалдарды құқық қорғау органдарына жолдауды тапсырды. Мұндай шешімге маслихат депутаттарының Кеген ауданында жүргізген мониторингінің нәтижелері негіз болды.Естеріңізге сала кетейік, депутаттар құрылыс жұмыстарының сапасына, жобалық-сметалық құжаттаманың сәйкестігіне, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалаудың ұйымдастырылуына қатысты бірқатар сұрақтар көтерді.– Атап айтқанда, екі нысан пайдалануға берілгенімен, құрылыс кезінде орын алған бұзушылықтарға байланысты олар белгіленген талаптарға сай емес: Кіші Қарқара ауылындағы медициналық пункт апатты деп танылды, ал Кеген ауылындағы «Балауса» балабақшасы тек 50 % қуаттылықпен ғана жұмыс істеп тұр, – деді Алматы облыстық маслихатының төрағасы Қуат Байғожаев.Мониторинг нәтижесі 2013 жылы пайдалануға берілген 280 орындық балабақшаның бүгінгі күні толыққанды жұмыс істемейтінін көрсетті. Топырақтың қозғалуына байланысты нысанның бір блогы жарамсыз деп танылған. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірлену сатысында, алайда жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы қарастырылмаған.Депутаттар сұрақтары 2018 жылы салынған Шырғанақ ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктке де қатысты. Бұл ФАП пайдалануға берілгенімен, қабылдау актісінің болмауына байланысты әлі күнге дейін денсаулық сақтау жүйесінде тіркелмеген. Ғимараттың қабырғаларында жарықтар анықталған. Аталған мәселені шешу үшін техникалық сараптама жүргізу қажет.Сондай-ақ депутаттар Жалаңаш ауылындағы Мәдениет үйінің құрылысы, өрт сөндіру депосының құрылыс кестесінен кешігуі, аудандағы суару жүйелерін қайта жаңарту жұмыстарының баяу жүруі бойынша да проблемаларды тіркеді.– Төрт инфрақұрылымдық нысанда мердігерлер тарапынан жұмыстар өте баяу жүргізілуде, әрі олардың сапасы талаптарға сай емес екені анықталды. Олардың қатарында Кеген ауданындағы Торайғыр және Көпалы арналары бар, – деп мәлімдеді Қуат Байғожаев.Белгілі болғандай, Жалаңаш ауылдық округінде 12 құдықты қайта жаңғырту және құбырлар тарту жобасы аясында жоспарланған жұмыстың тек 25 % ғана орындалған. Қазіргі уақытта жоба жүзеге асыру тоқтатылған. Жобалық-сметалық құжаттама қайта қаралып, қайта сараптамадан өтуде. Инспекция құбырлар жобадан ауытқумен төселгенін, гидрооқшаулаудың жоқтығын және техникалық әрі авторлық қадағалаудың іс жүзінде жүргізілмегенін анықтады.Кеген ауданында қайта жаңғыртуға жоспарланған жалпы құны 8 миллиард теңгеден асатын магистральды суару арналарының тек 31 шақырымы ғана салынған. Қарқара ауылынан басталатын «Мөнкебай» каналының құрылысы қаржыландыру тапшылығына байланысты айтарлықтай кешігіп жатыр. Мердігер ұйым жұмысын өз қаражаты есебінен жалғастыруда.Мониторинг қорытындысы бойынша маслихат депутаттары бұл мәселелерді облыстық деңгейде қарастырып, жауапты мемлекеттік органдар тарапынан нақты шаралар қабылдауды ұсынды.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев маслихат депутаттары ұсынған сапасыз құрылыс және мердігерлік жұмыстарға қатысты материалдарды жан-жақты зерделеп, оларды тиісті құқық қорғау органдарына жолдауды тапсырды. Сонымен қатар өңір басшысы облыс аумағында жүзеге асырылып жатқан нысандарға тиісті бақылау жүргізбегені үшін Құрылыс басқармасының басшысына тәртіптік шара қолдануды тапсырды.– Маслихат депутаттарының жұмыс сапарлары барысында түскен материалдар құрылыс нысандарындағы кемшіліктерді дер кезінде анықтап, оларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл – халықтың пікірін ескеріп, негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауға ықпал ететін кері байланыстың маңызды тетігі, – деді Сұлтанғазиев.Ол «азаматтар сапасыз құрылыс немесе жауапсыз мердігерлер туралы алдын ала білуі керек. Бұл – тек ашықтық мәселесі емес, бұл – қоғам алдындағы сенім мен әлеуметтік жауапкершілік мәселесі. Бюджеттен бөлінген әрбір теңге сапалы нәтижемен дәлелденуі тиіс, ал азаматтар өз пікірлерінің ескерілетініне және құрметтелетініне көз жеткізуі қажет. Тек осы жолмен ғана қоғамдық бақылау жүйесін тиімді құрып, барлық қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға болады», – деп атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1013490?lang=kk
Райымбек ауданындағы бөгет құрылыстарындағы заңбұзушылықтарды тексеру тапсырылды 09.06.2025
Алматы облысында инфрақұрылымдық жобалардың сапасы мен орындалу мерзіміне бақылау күшейтіледі.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тапсырмасы бойынша «Қабанды» және «Шибут» бөгеттерінің құрылысы кезінде анықталған заңбұзушылықтарға қатысты материалдар қосымша сараптамаға жіберіліп, құқық қорғау органдарына құқықтық баға беру үшін жолданатын болады.Бақылауды күшейтуге облыстық мәслихат депутаттарының көшпелі мониторингі барысында анықталған фактілер себеп болды. 2022 жылдан бері салынып жатқан және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді суармалы сумен қамтамасыз етуге тиіс нысандар бүгінде небәрі 73 пайызға ғана дайын.— "Құрылыс-монтаж жұмыстары барысында анықталған кемшіліктер мен мәселелер мерзімнің бұзылуына және құрылыс сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік қаражатты тиімді игеруге кері әсерін тигізеді", — деді облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев.Инспекция барысында депутаттар «Қабанды» нысанында мердігер мекеме құрылысқа жарамсыз сары топырақты пайдаланғанын тіркеді. Құрылыс алаңында небәрі үш адам мен екі техника ғана жұмыс істеген. Ал «Шибут» бөгетінде тереңдігі 12 метрден асатын резервуардың айналасында қоршау болмаған, бұл қауіпсіздікке қатер төндіреді.Қосымша міндеттемелер аясында мердігер ұйым Шалкөде ауылын ауызсумен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 2200 метрлік су құбырын тартуға келісім берді.Мониторинг барысында жиналған мәліметтер талдау жүргізу үшін Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша материалдар ресімделіп, уәкілетті органдарға жолданады.— "Су шаруашылығы инфрақұрылымының құрылысы — бұл ауыл шаруашылығының тұрақтылығы мен азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмейді. Барлық фактілер мұқият зерделеніп, қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешімдер қабылданады", — деп атап өтті Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.Жобалардың жүзеге асырылуына бақылау анықталған заңбұзушылықтар толығымен жойылғанға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1013493?lang=kk
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің 19 ұландық офицері магистратураны тәмамдады 09.06.2025
Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің жедел-тактикалық басқару буыны бойынша білім алған магистрант-офицерлерінің салтанатты бітіру рәсімі өтті. Биыл университетті 150-ден астам магистрант тәмамдап, Қазақстан Қарулы Күштері мен өзге де әскерлер мен әскери құрылымдардың командалық құрамын толықтырады.Биылғы түлектер қатарында – ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 19 офицері бар. Сонымен қатар құқықтық тәртіп әскері атынан полковник Арман Искаков докторантураны аяқтап, диссертациясын сәтті қорғап, PhD ғылыми дәрежесіне ие болды.Ұлттық қорғаныс университеті — еліміздің Қарулы Күштерінің әскери оқу орындарының оқу және ғылыми қызметін үйлестіретін ірі ведомствоаралық оқу-әдістемелік әрі ғылыми орталық саналады.— Бүгін біз университетіміздің түлектерінің салтанатты рәсіміне қатысып отырмыз. Алда оларды әскери бөлімдер мен құрамаларды басқару, армиямыздың жауынгерлік дайындығы мен кәсібилігін арттыру сынды маңызды міндеттер күтіп тұр. — Айта кету керек, биыл біздің офицерлермен қатар, Қырғызстан мен Тәжікстанның да офицерлері білім алды. Бұл өзара әскери ынтымақтастық пен бауырластықты нығайтуға сеп болады, — деді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы Сұлтан Камалетдинов.Университет құрылғаннан бері 1,5 мыңнан астам жедел-тактикалық және жедел-стратегиялық басқару буынының әскери мамандары дайындалғанын айта кеткен жөн.— Сіздерді әскери қызмет жолындағы тағы бір маңызды белестен сүрінбей өткендеріңізбен құттықтаймын. Университет қабырғасынан алған жоғары біліммен қатар, достық, қолдау рухын да өздеріңізбен бірге алып бара жатқандарыңызға сенімдімін. Бұл рух жылдар өте келе нығая түсіп, елдеріміздің қорғаныс қабілетін және бейбіт дамуын қамтамасыз етуге қызмет етеді, — деді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Бауыржан Абжанов түлектерге арнаған құттықтау сөзінде.Салтанатты шара соңында ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы және Ұлттық ұланның ән-би ансамблі бірігіп өнер көрсетті. Құрмет қарауылы ротасының сарбаздары қарумен саптық көрініс жасап, көрермендерге әсерлі дефиле тарту етті.Әскери дәстүр бойынша, түлектер салтанатты маршпен сап түзеп, Ұлттық ұланның үлгілі- көрсетімді оркестрі сүйемелдеуімен «Атамекен» патриоттық әнін орындады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1013494?lang=kk
Ұйғыр ауданында медициналық нысандар құрылысына бақылау күшейтілді 09.06.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұйғыр ауданындағы медициналық мекемелер құрылысы барысында мониторинг кезінде тіркелген фактілерге жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды. Зерделеу нәтижелері бойынша материалдар тиісті органдарға жолданатын болады. Өңір басшысы әлеуметтік жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде құрылыс стандарттарын қатаң сақтау мен ашықтықты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.Мониторинг Алматы облыстық мәслихатының депутаттары тарапынан Кіші Дихан, Дардамты, Ақтам, Тиірмен және Ават ауылдарында жүргізілді. Бұл елді мекендерде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында дәрігерлік амбулаториялар салынуда.— "Нысандарда жұмыс өте баяу жүріп жатыр, ал сапасы белгіленген талаптарға сәйкес келмейді. Соның ішінде – Ұйғыр ауданындағы Ақтам ауылындағы дәрігерлік амбулатория", – деді облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев.Ақтам ауылында құрылыс кестеден едәуір артта қалуда. Жобалық шешімдерден ауытқушылықтар анықталған: терезелер дұрыс орнатылмаған, сыртқы сылақтың қалыңдығы нормадан асып кеткен, жер үсті суларымен және септикке жақын орналасуымен байланысты қауіптер бар. Сонымен қатар, нысан әлі күнге дейін денсаулық сақтау жүйесінің балансына берілмеген, бұл оның толық пайдаланылуына кедергі келтіруде.Кіші Дихан ауылында амбулатория ғимараты бұрынғы нысаннан төмен деңгейде салынған, бұл еріген және жауын-шашын суларымен басып қалу қаупін тудырады. Су бұру жүйесі бұзылған, тротуар плиткасы жобадан жоғары төселген, бұл іргетастың тұрақтылығына әсер етуі мүмкін. Дардамтыда ішкі және сыртқы әрлеуде көптеген ақаулар, инженерлік желілердегі кемшіліктер мен іргетасты толық жылытпау фактілері тіркелген.Тиірменде әрлеу жұмыстары сапасыз материалдармен жүргізілген, линолеум мен плитканың төсеу деңгейі бұзылған, баспалдақтарда тұтқалар жоқ. Ават ауылында абаттандыру жұмыстары аяқталмаған, кәріз жүйесі желдеткішпен жабдықталмаған, электрмен және сумен жабдықтау бойынша заңбұзушылықтар анықталған.Тексеру қорытындысы бойынша депутаттар салалық басқармалар мен мердігер ұйымдарға нақты ұсынымдар берді. Ерекше назар жобалық-сметалық құжаттаманы жетілдіруге, заңбұзушылықтарды жоюға және сапаны бақылауды күшейтуге аударылды.Ұйғыр ауданының әкімдігі жағдайды ерекше бақылауға алды. Қазіргі таңда құрылыс мерзімдерін нақтылау, инженерлік шешімдерді қайта қарау және нысандардың қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкестігін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде."Медициналық нысандардың құрылыс сапасын және аяқталу мерзімін қамтамасыз ету – халықтың медициналық қызметтерге қолжетімділігімен тікелей байланысты басты міндет. Барлық жауапты тараптар заңнама мен стандарттар аясында қатаң жұмыс істеуі тиіс", – деді Марат Сұлтанғазиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1013498?lang=kk
Бақылау-кассалық машиналарын қолдану туралы 09.06.2025
Ел аумағындағы барлық ақшалай есеп айырысулар мемлекеттік кірістер органдарына деректерді тіркеу және/немесе беру функциясымен жарақтандырылған бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) пайдалана отырып міндетті есепке алынуға жатады. Бұл ретте қолданылатын БКМ моделі Мемлекеттік тізілімге енгізілуі тиіс.Бақылау- касса машиналарын қолданудан кім босатылады?1. Кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғалар жүзеге асыратын есеп айырысулар.2. Жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен медиаторлардың қызметі.3. Белгіленген нысандағы билеттерді міндетті түрде бере отырып қоғамдық қалалық көлікте жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету.4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін операциялар.5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялық желі жоқ елді мекендерде жүзеге асырылатын салық төлеушілердің қызметі.6. Екінші деңгейдегі банктер жүргізетін есеп айырысулар.7. Діни бірлестіктер.8. Ұлттық пошта операторы-байланыс желісіне қол жеткізусіз орындарда есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда.9. Уәкілетті органдар мақұлдаған арнайы мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар.Телекоммуникациясыз аумақтар үшін ерекше жағдайлар.Кәсіпкерлік қызмет телекоммуникациялық желі жоқ аймақта жүргізілетін жағдайларда, осы модель Мемлекеттік тізілімге енгізілген жағдайда, деректерді беру функциясынсыз бақылау-кассалық машиналарды пайдалануға жол беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1013483?lang=kk
Қонаев қаласы – Алматы облысының даму символына айналды 08.06.2025
8 маусым күні Қонаев қаласының Алматы облысының әкімшілік орталығы мәртебесін алғанына үш жыл толды. 2022 жылы дәл осы күні бұрынғы Капшагай қаласы облыс орталығы болып жарияланған болатын.Сол уақыттан бері қалада және облыс аумағында ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алды. Үш жыл ішінде жалпы өңірлік өнім 109,6%-ға артып, 5,9 трлн теңгені құрады. Шикізаттық емес сектордағы өсім қарқыны бойынша Алматы облысы республикада алғашқы бес өңірдің қатарында.Облысқа 2,3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Халықаралық деңгейдегі PepsiCo, LC Waikiki, KT&G, Qazaq Global Food компаниялары өз өндіріс орындарын ашты. Сонымен қатар, Қытаймен жалпы құны 7 млрд АҚШ долларына жуық келісімдер жасалып, нәтижесінде шамамен 6 мың жұмыс орны құрылды.Инфрақұрылымдық салада да бірқатар жұмыстар атқарылды. 1000 шақырымнан астам автожол жөнделіп немесе жаңадан салынды. Газбен қамту деңгейі 58,1%-ды құрады, ал ауылдық елді мекендердің 99,5%-ы орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілді. Үш жылда шамамен 2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.Адам капиталы мен цифрландыру саласында да нәтижелер бар. 140 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеді. «Цифрлық отбасы картасы» мен білім беру платформалары секілді заманауи сервистер енгізілді.Қонаев қаласы Smart Qonaev жобасы аясында дамып келеді. Қаржыландыру көлемі төрт есеге артты. Қалада қоғамдық кеңістіктер жаңартылып, туристік инфрақұрылым жетілдірілуде. 2025 жылы қалаға 1,6 млн турист келеді деп күтілуде.Сонымен қатар, Қонаев қаласының маңында еркін экономикалық аймақ мәртебесімен жаңа Алатау қаласының құрылысы басталды. 2025 жылы бұл жобаның инфрақұрылымына 100,7 млрд теңге бағытталады.Қазіргі уақытта Алматы облысы – тұрақты дамып келе жатқан өңір. Өңірде өмір сүруге, жұмыс істеуге және кәсіби тұрғыда өсуге барлық жағдайлар жасалуда. Ал Қонаев қаласы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орталығына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1013465?lang=kk
Бүгін 5 маусым күні Бейімбет Майлин ауданының, Әйет ауылының орталық алаңында Ұлттық домбыра күнінің ашылу салтанатының орай облыстық "Күй шеруі" жобасы өтті. 08.06.2025
Іс-шараны аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов бастап , облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының басшысы Дәмер Қалқаев құттықтау сөз алды. Айта кетсек барлығы 100 қатусышы қатысты. Акцияда барлығы жеті күй орындалып, "Даймондс" үлгі би ансамбілінің бастауымен концерттік бағдарламаға ұласты. Барша Қазақ елін Ұлы мұрамызды ұйықтайтын қасиетті мереке - Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1013376?lang=kk
Алматы облысында әлемдік деңгейдегі футбол академиясы салынуда 08.06.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Талғар ауданына барды. Сапар барысында өңір басшысы болашақ «Атлетико де Мадрид» футбол академиясының құрылыс алаңында болып, жобаның жүзеге асу барысымен танысты.Жоба Талғар ауданындағы жұмыс істеп тұрған «Ақбұлақ» спорт орталығының базасында жүзеге асырылуда. 2024 жылдың қыркүйек айында «Sport Asset Management» қоғамдық бірлестігі мен «Doscar Group» ЖШС испаниялық «Атлетико де Мадрид» футбол клубымен бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойды. Осы келісім аясында Орталық Азияда алғашқы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясын құру жоспарланған.Академия құрылысы үш кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезең – балалар академиясының нысандарын салу – 2025 жылдың мамырында басталып, 2026 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Қазіргі таңда қонақүй ғимараты қайта жаңартылып, бір футбол алаңының реконструкциясы қарқынды жүргізілуде. Бұл нысанның пайдалануға берілу мерзімі – 30 маусым.Қазіргі уақытта келесі нысандар бойынша жобалық құжаттамаларды келісу жұмыстары жүргізілуде:– 20 киім ауыстыратын бөлмесі, душ кабиналары, медициналық пункттері, жаттығу және конференц-залдары, көрермендерге арналған алаңдары бар әкімшілік-тұрмыстық кешен;– қыс мезгілінде жаттығуға арналған жасанды жабыны бар жабық каркасты футбол залы;– жасанды төсемі бар екі ашық футбол алаңы;– қақпашыларға арналған жаттығу алаңы;– бұрынғы садақ ату ғимаратын заманауи өткізу пунктіне айналдыру (кіру аймағы, санитарлық тораптар, күту залы және кафетерий қарастырылған).Жобаның екінші кезеңінде кәсіби футбол командаларына арналған инфрақұрылым құрылмақ: табиғи шөп төселген екі ашық алаң, жасанды жабыны бар бір алаң және толық жабдықталған әкімшілік кешен.Ал үшінші кезеңде 10 000 көрерменге арналған үлкен стадион салу көзделіп отыр.Академия тек спорттық база ғана емес, болашақта әлемдік деңгейдегі футболшыларды дайындайтын орталыққа айналып, қазақстандық футболдың дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.Аталған жобаға Алматы облысы әкімдігі жан-жақты қолдау көрсетеді. Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, қажетті рұқсат құжаттарын жеделдету және құрылыс барысын үйлестіру – өңір басшылығының тұрақты бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1013400?lang=kk
Қазақстан Елшісі Скопье университетінде сөз сөйледі 08.06.2025
Скопье, 2025 жылғы 4 мамыр – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов ректор Аце Миленковскидің қатысуымен Скопье университетінің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы алдында презентациялық дәріс оқыды.Елші Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы, сыртқы саясаттағы негізгі аспектілері, сондай-ақ Қазақстан мен Солтүстік Македония ынтымақтастығының перспективалары туралы айтты.Қазақстандық дипломат тыңдаушыларды Президент Қ.Тоқаев бастамашылық еткен саяси реформалардың іске асырылу барысы, стратегиялық географиялық жағдай мен тұрақты макроэкономикалық динамикаға негізделген еліміздің инвестициялық әлеуеті туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.Қазақстанның қоғамдық-саяси тұрақтылығының ажырамас негізін құрайтын ұлтаралық, этносаралық келісім мен конфессияаралық диалогқа ерекше назар аударылды. С.Бұршақов Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясат қоғамды біріктіруге және елдің тұрақты дамуына ықпал ететін әділеттілік, заңның үстемдігі және барлық азаматтар үшін мүмкіндіктер теңдігі қағидаттарын дамытуға бағытталғанын атап өтті.2024 жылы Қазақстан Елшілігінің ашылуы, ағымдағы жылдың мамыр айында Астана халықаралық форумына Солтүстік Македонияның жоғары деңгейдегі өкілді делегациясының қатысуы, оның аясында екі ел президенттерінің кездесуі, сондай – ақ Қарағанды мен Куманово қалалары арасындағы Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою сияқты екіжақты қатынастардағы маңызды оқиғалар аудиторияның ерекше қызығушылығын тудырды.Университет басшылығы Қазақстан Елшілігіне елімізбен тереңірек танысу мүмкіндігі үшін ризашылығын білдіріп, болашақта академиялық ынтымақтастықты, ғылыми-білім беру байланыстарын дамыту және екі ел арасындағы мәдениетаралық диалогты кеңейту үшін осындай кездесулер өткізудің маңыздылығын атап өтті.Елші университет оқытушылары мен студенттерінің сұрақтарына жауап берді.Анықтама: Скопье Университеті 2006 жылы құрылған. Университет туризм және менеджмент саласында мамандар даярлауды жүзеге асырады. Студенттер саны – 800 адам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1013412?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Иранға ресми сапармен келді 08.06.2025
Тегеран, 2025 жылғы 7 маусым – Иран тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иран Ислам Республикасына ресми сапармен келді.Сапар бағдарламасы Иран Президенті Масуд Пезешкианмен кездесуден басталып, тараптар қазақ-иран ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады және екіжақты қатынастарды жан-жақты нығайтуға ниеттерін растады. ҚР Сыртқы істер министрі Иран басшысына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен Құрбан айт мерекесіне орай жолдаған құттықтауларын жеткізді.Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар 2024 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымының 50 пайызға артқанын атап өтіп, бұл көрсеткішті одан әрі ұлғайтуға өзара мүдделілікті білдірді. Каспий теңізінің транзиттік әлеуетін пайдалану және «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселелерін қоса алғанда, көлік-логистика саласындағы бірлескен жұмыс перспективалары қарастырылды.Сұхбаттастар сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға бейілді екенін растады.Кездесу нәтижесінде Президент М.Пезешкиан қазақ-иран қатынастарының деңгейіне жоғары баға беріп, оларды мазмұнды түрде одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді. Ол сондай-ақ Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевқа ізгі тілектерін жолдады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1013423?lang=kk
Қазақстан мен Иран сыртқы істер министрлері екіжақты қатынастарды жан-жақты нығайтуға бейілділігін растады 08.06.2025
Тегеран, 2025 жылғы 7 маусым – Иранға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Аракчимен келіссөздер өткізді.Министрлер екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сауда-экономикалық серіктестікті тереңдетуге ерекше назар аударылып, ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығару қажеттілігі аталып өтті.«Біз екі ел арасындағы сындарлы әрі қарқынды диалогты кеңейтуді жалғастырамыз. 2024 жылы екіжақты тауар айналымы 12,3%-ға өсіп, 340 миллион АҚШ долларынан асты. Ал 2025 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 82%-ға артып, 129 миллион долларды құрады. Біз осы оң қарқынды сақтап, өзара сауданы 3 миллиард долларға дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.Қазақстан және Иран сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Каспий өңірін дамыту мәселелері бойынша күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ Қазақстанның шекара маңындағы облыстары мен Иран провинциялары арасындағы ықпалдастықты кеңейту және екі елдің Каспий порттарының әлеуетін толық пайдалану маңызды бағыт ретінде аталып өтті.Тараптар халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылды оң бағалап, аталған бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Келіссөздердің қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында Ынтымақтастық бағдарламасына және Дипломатиялық архив саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Сапар аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі ИИР Жоғарғы көшбасшысының Халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Велаятимен кездесу өткізді. Саяси, экономикалық және мәдени салалардағы байланыстарды нығайту талқыланды. Сондай-ақ өңірлік пен халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ықпалдастық және өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.Бұдан бөлек М.Нұртілеу Иранның «Kaveh» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мохаммад Садег Кавені қабылдады. Сұхбат барысында сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, соның ішінде өнеркәсіп пен логистика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары қаралды. Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымын арттыру және халықаралық көлік дәліздері аясында транзиттік мүмкіндіктерді пайдалану мәселелері де күн тәртібінен тыс қалған жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1014238?lang=kk
Милад Карими тағы да Азия чемпионатының үздіктері қатарында 08.06.2025
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы Спорт командасын даярлау орталығының аға маманы, атақты гимнаст Милад Карими Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия ерлер чемпионатында еркін жаттығулар финалында күміс медаль жеңіп алды.25 жастағы спортшы төрешілерден жоғары баға — 14,400 балл алып, ұлттық құрама көшбасшыларының бірі мәртебесін растады. Алтын үшін қызу күресте Карими 2024 жылғы филиппиндік Олимпиада чемпионы Карлос Адриэль Юлоға (14,600) сәл ғана есе жіберді. Қола жүлдені чемпионат өткізуші ел өкілі — корейлік Мун Гын Ён жеңіп алды (14,033).Милад Карими қазақстандық спорттық гимнастика мектебінің жарқын өкілі. Ол еркін жаттығулардан Әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, еркін жаттығулар бойынша жалпы есепте 2025 жылғы Әлем кубогының иегері. Париж-2024 Олимпиада ойындарында Карими еркін жаттығуларда бесінші орынға ие болды, ал 2024 жылы Азия чемпионатында штангалық жаттығуларда үздік атанды.Ұлттық ұлан халықаралық аренада елдің беделін көтеретін және жас ұрпақ үшін табандылықтың, еңбекқорлықтың және жоғары кәсібиліктің үлгісі болып табылатын спортшысымен мақтанады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1013438?lang=kk
Қазақстандағы жеке тұлғалардың банкроттығы: қорытындылары мен жаңалықтары 08.06.2025
2023 жылғы 3 наурыздан бастап Қазақстан Республикасында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы қолданыста, ол азаматтарға борыштық міндеттемелерді реттеу үшін үш рәсімді ұсынады: соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.Рәсімдерді қолдану статистикасы банкрот деп танылды: Мемлекеттік кірістер органдары арқылы – 28,4 мың азамат; сот шешімі бойынша — 196 азамат.Міндеттемелердің жалпы сомасы – 147,1 млрд теңге.Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін 9,5 млрд теңге сомасына 103 азамат қолданды, оның 8-і бойынша қалпына келтіру жоспарлары бекітілді.Заң енгізілген сәттен бастап халықтың хабардарлығының өсуі байқалады: 2024 жылы 83 057 өтініш, 2025 жылдың 5 айында – 77 106 өтініш берілді.Заңнамадағы негізгі өзгерістер2024 жылдың 20 тамызынан бастап рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған түзетулер күшіне енді:Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі мерзімі өткен және мүлік болмаған кезде, бірақ тұрақты табыс болған кезде қол жетімді болды.Соттан тыс банкроттық енді микроқаржы және коллекторлық ұйымдарды қоса алғанда, қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы бар барлық ұйымдар алдындағы міндеттемелер бойынша қолданылады.Өтініш беру тәртібі жеңілдетілді: кредитор мен қарыз сомасы туралы мәліметтерді көрсету, сондай-ақ құжаттарды қоса беру қажеттілігі алынып тасталды.Өтеудің болмау мерзімін есептеу тәртібі нақтыланды: 1 АЕК-тен кем төлемдер өтеу болып есептелмейді, мерзім соңғы төлем күнінен бастап есептеледі.Алдағы өзгерістерПарламентте:- 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған қарыз шарттары бойынша борышты реттеуді жүргізу туралы талапты алып тастауды;- борышкердің себебін көрсетпей соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату құқығын;- соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін кредиттік бюролар базасында көрсетілмегендерді қоса алғанда, банкроттың қаржы ұйымдары алдындағы барлық міндеттемелерін тоқтатуын көздейтін түзетулер қараладыАталған түзетулер ағымдағы жылдың соңына дейін іске асырылады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1014999?lang=kk
Барлық түрдегі ақшалай есеп айырысулар кезінде БКМ қолдану қажеттілігі туралы 08.06.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлік субъектілерінің барлық түрдегі ақшалай есеп айырысулар кезінде, оның ішінде қолма-қол ақшамен, банк карталарымен, сондай-ақ QR-кодтар арқылы мобильді төлемдер кезінде бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) міндетті түрде қолдану қажеттілігіне назар аударады.Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, ел аумағындағы барлық ақшалай есеп айырысулар Мемлекеттік тізілімге енгізілген үлгідегі БКМ қолдану арқылы жүргізілуі тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1013448?lang=kk
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің телефон нөмірлері 08.06.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің телефон нөмірлері Ірі салық төлеушілер және халықаралық салық салу басқармасыбасшы (7292) 301310 +1104мамандар (7292) 301310 +1166, 2006, 1018 Талдау басқармасыбасшы (7292) 301310 +1042мамандар (7292) 301310 +1008, 1022 Заң басқармасыбасшы (7292) 301310 +1188мамандар (7292) 301310 +1072 Адам ресурстары басқармасыбасшы (7292) 301310 +2002персоналмен жұмыс бөлімі (7292) 301310 +1184, 1186, 1185қызметтік тергеп-тексеру бөлімі (7292) 301310 +1083, 1035 Ұйымдастыру-қаржы басқармасыбасшы (7292) 301310 +1006ұйымдастыру–бақылау бөлімі (7292) 301310 +1009, 1183, 1101, 1178қаржы бөлімі (7292) 301310 +1109, 1045, 1092, 1153, 1043 Ақпараттық технологиялар басқармасыбасшы (7292) 301310 +2010мамандар (7292) 301310 +1177, 1122, 1037 Аудит басқармасыбасшы (7292) 301310 +1021аудит бөлімі (7292) 301310 +1162, 1070, 1050, 1151, 1147, 1019САЭБ бөлімі (7292) 301310 +1128, 1046, 1091, 1103, 1086, 1007 Пост кедендік бақылау басқармасыбасшы (7292) 301310 +1076камералдық кедендік тексерулер бөлімі (7292) 301310 +1096, 1074, 1107, 1074, 1069көшпелі кедендік тексерулер бөлімі (7292) 301310 +1064, 1108, 1075 Камералдық мониторинг басқармасыбасшы (7292) 301310 +1077№ 1 камералдық мониторинг бөлімі (7292) 301310 +1002, 1062, 1170№ 2 камералдық мониторинг бөлімі (7292) 301310 +1099, 1103, 1034, 1126№ 3 камералдық мониторинг бөлімі (7292) 301310 +1080, 1135, 1154 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасыбасшы (7292) 301310 +1193мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және сапасын бақылау бөлімі (7292) 301310 +1121жеке шоттарды есепке алу және жүргізу бөлімі (7292) 301310 +1150 мамандар (7292) 301310 +1102, 1027, 1011, 1100 Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасыбасшы (7292) 301310 +1144мамандар (7292) 301310 +1113, 1020 Кедендік әкімшілендіру басқармасыбасшы (7292) 301310 +1169интеграцияланған бақылау және кедендік инфракұрылым бөлімі (7292) 301310+1067кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімі (7292) 301310+1143тауарларды жеткізуді бақылау бөлімі (7292) 301310+1033 Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасыбасшы (7292) 301310 +2001мамандар (7292) 301310 +1171, 1013, 1078, 1136, 1001, 1163 Берешекпен жұмыс басқармасыбасшы (7292) 301310 +1000мамандар (7292) 301310 +1015, 1051 Өндірістік емес төлемдер, жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасыбасшы (7292) 301310 +1029мамандар (7292) 301310 +1134, 1003, 1159, 1146, 1134, 1164, 1066, 1159, 1052, 1175 Тарифтік реттеу басқармасыбасшы (7292) 301310 +1064мамандар (7292) 301310 +1094, 1095, 1098, 1097 ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасыбасшы (7292) 301310 +1165мамандар (7292) 301310 +1127, 1028 «Ақтау-Кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетібасшы (7292) 301310 +1040мамандар (7292) 301310 +1032, 1152 «Әуежай-Ақтау» кеден бекеті (7292) 60-96-41 +1203, 1207 «Теңіз порты» кеден бекеті (7292) 44-51-28 «Құрық» кеден бекеті (7292) 46-24-93 «Темір-Баба» кеден бекеті (72937) 4-20-40 «Бейнеу» кеден бекеті (72932) 2-13-80, 5-00-36 «Тәжен» кеден бекеті (72932) 2-55-73, 2-55-84.2-55-57 «Болашақ» кеден бекеті Жаңаөзен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыбасшы (72934) 73-2-23басшының орынбасары (72934) 71-6-34салық төлеушілермен жұмыс бөлімі (72934) 74-3-35, 71-7-57, 73-2-83берешекпен жұмыс бөлімі (72934) 72-1-03салықтық бақылау бөлімі (72934) 71-2-79 Бейнеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыбасшы (72932) 2-11-70басшының орынбасары (72932) 2-12-30салық төлеушілермен жұмыс бөлімі (72932) 2-12-41салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімі (72932) 2-19-03; 2-11-38 Қарақия ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыбасшы (72937) 2-11-58салық төлеушілермен жұмыс бөлімі (72937) 2-12-43салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімі (72937) 2-12-62, 2-13-71, 2-14-83 Түпқараған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы(72938) 2-24-55 Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыбасшы (72931) 2-12-83қабылдау бөлмесі (72931) 2-17-13салық төлеушілермен жұмыс бөлімі (72931) 2-17-55, 2-19-75салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімі (72931) 2-11-86, 2-14-80 Мұнайлы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыбасшы (7292) 46-51-19басшының орынбасары (7292) 46-61-62салық төлеушілермен жұмыс бөлімі (7292) 46-60-86салықтық бақылау бөлімі (7292) 46-51-24берешекпен жұмыс бөлімі (7292) 46-61-63 Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыбасшы (7292) 301310 +2003қабылдау бөлмесі (7292) 301310 +1106басшының орынбасарлары(7292) 301310 +1060, 1112салық төлеушілермен жұмыс бөлімі (7292) 301310 + 1058, 1059, 1024, 1023, 1110, 1047, 1023заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімі (7292) 301310 + 1026, 1172, 1158, 1172, 1014, 1158, 1141дара кәсіпкерлерді және жеке тұлғаларды әкімшілендіру бөлімі (7292) 301310 + 1120, 1082, 1016, 1030, 1118, 1030, 1167, 1030, 1082, 1180жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі (7292) 301310 +1039, 1088, 1087, 1036, 1137, 1054, 1061, 1189талдау және есепке алу бөлімі (7292) 301310 +1117, 1093, (7292) 30-24-44берешекпен жұмыс бөлімі (7292) 301310 +1160, 1080, 1155, 1114, 1089, 1116, 1089заң бөлімі (7292) 301310 +1057, 1057персоналмен жұмыс және ұйымдастыру жұмысы бөлімі (7292) 301310 +1063, 1025банкроттық бөлімі (7292) 301310 +1005 «Ақтау Теңіз порты» Мемлекеттік кірістер басқармасыбасшы (7292) 301310 +1055, 301850салықтық бақылау бөлімі (7292) 301310 +1065, 1044Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1013460?lang=kk
Жетісу өңірінің жас таланттары 08.06.2025
Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының жанынан 2002 жылдан бастап “Жас таланттар” (“Юные таланты”) би тобы жұмыс жасауда. Ансамблдің көркемдік жетекшісі Архитко Наталья Андреевна. Ұжымның оқушылармен жұмысының негізгі мақсаты шығармашылық тұлғаны (адам баласына берілген мүмкіндіктерді байыту ретіндегі шығармашылық ойлау және шығармашылық белсенділік) дамыту, олардың жаратылыстың табиғи қозғалысын тану арқылы әсемдікке, деген сезімдерін тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың материалдарды игеруі және меңгеруі негізінде олардың білімдерін, біліктіліктерін және дағдыларын қалыптастыру.Бұл үйірмеде үш топқа бөлінген жалпы саны 69 бала қатысып, дәріс алуда. Балалардың жас мөлшері 4-6 жастағы – 10 бала, 6-8 жастағы – 12 бала, 9-11 жастағы – 15, 12-13 жас 15 бала, барлығы 52 бала.Жұмыс істеген жылдар бойы өздерінің оқу бағдарламасы қалыптасты. Хореографиялық ұжымның тиімді жұмыс істеуі және шығармашылық жоғары жетістіктерге жетуі үшін сабақ өткізудің нысандары пайдаланылады: топтық нысан, ұжымдық нысан , жеке нысан.“Жас таланттар” бишілер тобы көптеген облыстық, қалалық іс-шараларға қатысып, ат салысып тұрады. Соның қорытындысы ретінде жыл сайын ЕСЕПТІ КОНЦЕРТ өткізеді. Биыл 4 маусым күні толы зал қошеметіне бөленген балалар сахнаға өз өнерлерін паш етіп көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1013151?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан IT саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 08.06.2025
Исламабад, 2025 жылғы 5 маусым – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар жөніндегі федералдық министрі Шаза Фатима Хаваджамен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар цифрландыру және IT салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.Елші Е.Қыстафин цифрлық күн тәртібін ілгерілету және озық технологияларды енгізу Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Осыған орай, ол екі елдің тиісті ведомстволары мен IT-компаниялары арасында, оның ішінде электрондық үкімет (eGov) және IT-платформаларды дамыту салаларында тікелей байланыстар орнатуға мүдделілік білдірді.Кездесу барысында Елші 2025 жылғы 28–29 сәуірде Исламабад және Карачи қалаларында өткен Қазақстан-Пәкістан бірлескен Үкіметаралық комиссиясының 13-отырысы мен бизнес-форумының нәтижелері туралы ақпарат беріп, қол қойылған 10 өзара түсіністік туралы меморандумды, Қазақстан мен Пәкістан жоғары оқу орындарының форумын және «Study in Kazakhstan» білім көрмесін ерекше атап өтті.Федералдық министр Ш.Ф.Хаваджа Қазақстанмен IT және цифрландыру салаларында ынтымақтастықты кеңейтуге жоғары қызығушылық білдіріп, атап айтқанда, электрондық үкімет (eGov), онлайн төлемдер, финтех, бірлескен әзірлемелер және IT-стартаптарды коммерцияландыру бағыттарын ерекше атады.Министр екі елдің инновациялық хабтары, IT университеттері мен технологиялық платформалары арасындағы байланыстарды нығайта отырып, бірлескен IT жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, IT-көрмелерді бірлесіп ұйымдастыру, электрондық коммерцияны дамыту және көлік-логистика саласындағы цифрлық шешімдерді ілгерілету арқылы өзара іс-қимылға нақты және қолданбалы сипат беру жөнінде ұсыныс айтты.Тараптар IT саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту бойынша практикалық қадамдарды бірлесіп пысықтау, сондай-ақ IT жөніндегі Арнайы жұмыс тобының тұрақты отырыстарын өткізу туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1013159?lang=kk
Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы «Big Band» үрлемелі аспаптар оркестрінің концертіне шақырамыз! 08.06.2025
Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары!Сіздерді 8 маусым күні сағат 19:00-де Жастар саябағында өтетін Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының «Big Band» үрлемелі аспаптар оркестрінің концертіне шақырамыз.Концертте 1990–2000 жылдардағы отандық және шетелдік хит әндер жанды дауыста орындалады.Өтетін орны: Жастар саябағы, Талдықорған қаласы Уақыты: 8 маусым, 19:00-деКіру тегінБайланыс телефондары: 8-747-787-88-81 8-701-567-48-07Көңілді кеште кездескенше!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1013177?lang=kk
Музейде "Ұмытылмас ерлік – ұрпаққа аманат" атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды 08.06.2025
Жеңістің 80 жылдығына орай, Жетісу облысының М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі музей шоғырланбаған аймақтарда жылжымалы көрме ұйымдастыру мақсатында Көксу ауданы, Балпық би кенті, Б.Құндақбаева атындағы орта мектеп жанындағы жазғы лагерь балаларына «Ұмытылмас ерлік – ұрпаққа аманат» атты жылжымалы көрме құрды. Балалар Кеңес дәуірі мен Екінші Дүниежүзілік соғысы кезеңіне қатысты тың мәліметтермен танысып, жәдігерлерді қызығушылықпен тамашалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1013185?lang=kk
Облыстық кітапханада Орақты Әлшағырұлының 605 жылдығына орай конференция өтті 08.06.2025
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен батыр баба Орақты Әлшағырұлының туғанына 605 жыл толуына орай «Ұрпағына ұран болған – Орақты батыр» атты облыстық конференция өтті.Қазақстан тарихында ел тәуелсіздігі жолында күрескен батырлардың орны ерекше. Солардың бірі – Орақты батыр Әлшағырұлы. Ол 1420 жылы Қазақстанның оңтүстік аймағында дүниеге келген және шамамен 40 жыл басқарған Әбілқайыр ханның бас қолбасшыларының бірі болған. Ол тек әскери қолбасшы ғана емес, елді бірлікке үндеген, әділеттілікті ту еткен ұлы тұлға.Облыстық конференцияға Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов, Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері, қаламгер Наурыз Қылышбаев, Қазақстанның құрметті профессоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ғалым, түркітанушы, қаламгер Зәріпбай Оразбай, «Жалайыр Орақты батыр» қоғамдық қорының төрағасы Болысбай Момбаев, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әли Ысқабай, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахым, тарихшы-өлкетанушы Құлтай Нұрқалбаев, Орақты бабаның ұрпақтары және жетісулық ақын-жазушылар, журналистер қатысты.Іс-шара барысында Орақты батырдың өмірі мен ел қорғаудағы ерлігі жайында бейнеролик көрсетіліп, батыр жайлы деректер, аңыз әңгімелер, батырлар династиясы туралы баяндамалар тыңдалып, құнды пікірлер мен келелі ойларды ортаға салды. Орақты бабаның ұрпақтары жас ұрпақты бабалар ерлігі рухында тәрбиелеу жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.Шара соңында Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының дәстүрлі әншілері Құралай Шаяхметова мен Эльмира Дәуренбекова дәстүрлі әндерін орындап, өз өнерлерін тарту етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1013210?lang=kk