Enbekshi QazaQ

Қоғам

«Қостанай облысы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы қызметінің қорытындысы» 08.06.2025
2025 жылдың 5 маусымында Қостанай өңірлік коммуникациялар қызметінде Қостанай облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Азамат Султановтың қатысуымен «Қостанай облысы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы қызметінің қорытындысы» тақырыбында брифинг өткізілді.Сілтеме: https://www.youtube.com/live/uy6rhchx9o8?si=OIA-6YJVlSdGlP6g Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1012719?lang=kk
Еуропа Кеңесінде киберқылмыспен күрес мәселелері талқыланды 08.06.2025
Страсбург, 2025 жылғы 2-3 маусым – Киберқылмыс туралы Конвенция жөніндегі Комитеттің 32-ші Пленарлық отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қатысты.Пленарлық отырыс барысында қазіргі заманғы халықаралық сын қатерлер, атап айтқанда бейбітшілікке, қауіпсіздікке, демократияға, әділеттілікке және адам құқықтарына төнетін қауіптер жағдайында Конвенция аясындағы ынтымақтастық бұрынғыдан да өзекті екені атап өтілді.Қатысушылар киберқылмыспен күрес саласындағы ұлттық бастамалар мен тәжірибелері туралы ақпарат алмасты. Тергеу, қылмыстық қудалау және халықаралық ынтымақтастық үшін Конвенция құралдарын қолдану айтарлықтай артқаны атап өтілді.Талқылаулар барысында киберқылмыстарға қатысты заңдар да кіретін қылмыстық заңнамада пікір білдіру бостандығын шектеу адам құқықтары мен құқық үстемдігі талаптарына сай болуы тиіс екені атап өтілді.Өз кезегінде, Қазақстан делегациясы Еуропалық сарапшыларды еліміздің осы саладағы тәжірибесімен және Еуропа Кеңесімен киберқылмыспен күрес саласындағы қазіргі ынтымақтастығымен таныстырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1012720?lang=kk
«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының дарынды қатысушылары маусымды «Өнерге қанат қаққандар» атты үлкен концерттік бағдарламасымен жапты 08.06.2025
Өнер – жүректің үні, жанның тілегі, өмірдің әсем бояуы. Ол адамның ішкі әлемін паш етіп, армандарды қанаттандыратын, көңілді әлдилейтін сиқырлы әлем.26 мамыр күні «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының дарынды қатысушылары маусымды «Өнерге қанат қаққандар» атты үлкен концерттік бағдарламасымен жапты.Концерттік бағдарламада өнер көрсеткен Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары: 50 жылдық тарихы бар «Көкшетау» халықтық би ансамблі – жетекшісі «ҚР Мәдениет қайраткері» Мадина Тлеулина, 25 жылдық тарихы бар «Он алты қыз» халықтық би ансамблі - жетекшісі Мадина Дусмогомбетова, 60 жылдық тарихы бар «Сувенир» халықтық би ансамблі - жетекшісі Маргарита Авдеенко, 20 жылдық тарихы бар «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі - жетекшісі Томирис Жанспаева, 30 жылдық тарихы бар «Полянка» үлгілі хореографиялық ұжымы - жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Виктория Семёнова, 25 жылдық тарихы бар «Кербез сұлу» халықтық фольклорлық ансамблі – жетекшісі Әлизат Дүзелбай, 45 жылдық тарихы бар халықтық ардагерлер хоры – жетекшісі Светлана Пушкина, 40 жылдық тарихы бар «Көркемтау» домбырашылар ансамблі - жетекшісі Альбина Касенова, 30 жылдық тарихы бар «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясы және 25 жылдық тарихы бар «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблі - жетекшісі Айымгүл Хасенова, 20 жылдық тарихы бар «Шамшырақ» эстрадалық вокал студиясы - жетекшісі Ақниет Абдулла, «Жастар» вокал студиясы - жетекшісі Асем Мухамеджанова, 50 жылдық тарихы бар фортепиано студиясының солистері – Барух Мейрамов, Нурганым Журумбаева, Султан Орал – жетекшілері Элла Гладкова, Елена Анашкина.Шығармашылық ұжымдардың жұмысы - бұл ғажап, ерекше ауыр және керемет қуанышты жұмыс. Құрметті шығармашылық ұжымдардың қатысушылары, сіздерге барлық армандарыңыздың орындалуын, табысты демалыс және шығармашылық шабыт тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1012721?lang=kk
«Елімнің рәміздері-тәуелсіздіктің белгілері» атты тәрбие сағаты. 08.06.2025
4 маусым күні Бастаушы ауылдық кітапханасында 4 маусым Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай «Елімнің рәміздері-тәуелсіздіктің белгілері» атты тәрбие сағаты ҚР әнұранымен ашылды. Тәрбие сағатына бастауыш сынып оқушылары қатысты. Сабақтың мақсаты: оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жасөспірімдерді тәрбиелеу. Сондықтан сіздер балалар бір-бірінді татулыққа, достыққа шакырайық. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Балалар сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1012743?lang=kk
ЭШФ АЖ-дағы техникалық жұмыстар 08.06.2025
🔰Құрметті салық төлеушілер!💠ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 6 маусымда сағат 00:00-ден 10:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде, жүйені жаңарту және оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстар жоспарланғанын хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!💠Бұл ретте, қажет болған жағдайда салық төлеушілер ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін еске саламыз:- 2025 жылғы 6 маусымнан бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;- 2025 жылғы 9 маусымнан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1012382?lang=kk
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады ✅ 08.06.2025
Құрметті қала тұрғындары! 👨‍👩‍👧‍👦«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1-ші кезеңіне (аудандық) құжаттар қабылдау басталады.«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.Конкурсты өткізудің мақсаты:1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеп, кеңінен насихаттау;4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін 2025 жылғы 15 мамырдан бастап15 маусымға дейін өтінімдер қағаз немесе электрондық нұсқада қабылданады. Толық ақпарат алу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша аудан әкімдігіне жүгінуге болады.📑Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні –2025 жылғы 14 маусым. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1012386?lang=kk
Балалар күні құтты болсын! 08.06.2025
Балалар күні құтты болсын! Әрдайым жүздеріңнен күлкі, жүректеріңнен қуаныш кетпесін. Бақытты балалық шақтарыңның әр күні ерекше сәттерге толы болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/1012389?lang=kk
Кеген ауданының "Отбасын қолдау орталығы" өз қызметін жүзеге асыру жоспары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 08.06.2025
Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдардың (отбасыларды) ерте анықтау және қолдау көрсету бойынша жедел әрекет ету тобының құрамы бекітілді. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі О, Анафиннің хатына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын автоматтандыруға арналған Socium ААЖ және FSM Social цифрлық платформаларын енгізу жұмыстарын жүргізу үшін 2025 жылдың шілде айында электрондық қосымша (FSMSocial бағдарламасы) ОЦҚ - мен (отбасының цифрлық картасымен) оқыту жоспарлануда. Осыған байланысты, Кеген ауданы Отбасын қолдау орталығы өз қызметін жүзеге асыруда. Кеген ауданының "Отбасын қолдау орталығы" өз қызметін жүзеге асыру жоспары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/1012409?lang=kk
ЭШФ АЖ да техникалық жұмыстарды жүргізу туралы 08.06.2025
Құрметті салық төлеушілер!ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 6 маусымда сағат 00:00-ден 10:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде, жүйені жаңарту және оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстар жоспарланғанын хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!Бұл ретте, қажет болған жағдайда салық төлеушілер ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін еске саламыз:- 2025 жылғы 6 маусымнан бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;- 2025 жылғы 9 маусымнан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1012417?lang=kk
Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ жастардан басталады: ШҚО-да республикалық эссе байқауының қорытындысы шығарылды 08.06.2025
Жастар арасында «Заң мен тәртіп» әңгімесін ілгерілету шеңберінде, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі республикалық жоспар-кестені орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті 2025 жылғы 25 сәуір мен 25 мамыр аралығында еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ менен басталады» атты республикалық эссе байқауын өткізді.Байқаудың басты мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті дамыту және адал, әділ қоғам құрудағы жеке тұлғаның рөлін түсіну.Байқау аясында қатысушыларға күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсы тұра аламын? Сыбайлас жемқорлықты жоюға қандай үлес қоса аламын? Қазақстанның болашағы үшін адалдық неге маңызды? деген сияқты маңызды мәселелерді креативті түрде ашу ұсынылды. Байқау кең ауқымды өтті – еліміздің түкпір-түкпірінен 1012 студенттен эссе келіп түсті. Жұмыстар талдаудың тереңдігімен, идеялардың өзіндік ерекшелігімен және жастардың сыбайлас жемқорлықтан азат қоғам құруға деген шынайы ұмтылысымен ерекшеленді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті конкурстың әрбір қатысушысына белсенді азаматтық ұстанымы және әділдік пен адалдық мәселелеріне бей-жай қарамағаны үшін алғыс білдіреді.Барлық жұмыстарды қарау қорытындысы бойынша конкурстық комиссия жеңімпаздарды анықтады:Бірінші орын – Ниязбай Даулет, БҚО білім басқармасының «Теректі колледжі» МКҚК студентіЕкінші орын – Маратұлы Арман, Алматы облысының «Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі» МКҚК студентіҮшінші орын – Курячая Арина, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласының «Құрылыс-технология колледжі» МКҚК студенті. Барлық жеңімпаздар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшылығының грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.Мұндай конкурстарды өткізу – сыбайлас жемқорлыққа тек сөзбен ғана емес, нақты өмірлік жағдайларда да қарсы тұруға дайын саналы және жауапты ұрпақты тәрбиелеу ісіндегі маңызды қадам. Қазақстанның болашағы шын мәнінде әрқайсымыздың адалдығымыздан басталады.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1012430?lang=kk
Қарағанды облысында ірі сүт-тауар фермасы салынуда 08.06.2025
Қарағанды облысында Осакаров ауданының Родников ауылдық округінде Eurasia Invest компаниясы салып жатқан 6000 басқа арналған заманауи сүт-тауар фермасы пайда болады. Бұл еліміздегі сүтті мал шаруашылығы саласындағы құны 30 млрд теңгеден асатын ірі инвестициялық жобалардың бірі. СТФ-ның қуаты – жылына 9 мың тонна сүт. Оның іске қосылуы 180 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етеді.Жобаның жүзеге асырылу барысымен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Осакаров ауданына жұмыс сапары барысында танысты. Компания басшысымен бірге ол болашақ ірі нысанның негізін қалау құрметіне ескерткіш тас салды.«Евразия Инвест LTD» ЖШС құрылтайшысы Иван Георгиади жобаның кезең-кезеңімен іске асырылатынын, бірінші кезек биыл іске қосылатынын айтты. Голштин-фриз тұқымды сиырлардың бірінші партиясы сатып алынды.– Жоба бірегей, бір кешенде бірінші кезеңде 1200 бас, содан кейін екі есе көп болады. Жем-шөп базасы меншікті болады. Биылғы маусымда мың гектарға жуық жүгері мен жоңышқа егілді, – дейді Иван Георгиади. – Ауыл шаруашылығында біз үшінші жыл жұмыс істеп келеміз. Бірінші жылы танысу болды. Техника сатып алдық, бізде жабдықтарымыз ең заманауи. Екінші жылы суарумен айналыса бастадық – біз Мемлекет басшысының Жолдауын қолдап, нәтижесін көріп отырмыз. 2024 жыл озық жыл болды, себебі өзіміз үшін ірі жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Жеңілдікті несиелендіруге өтініммен шықтық. Бізді қолдады. Ел мен облыс басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді.Кәсіпорын суармалы жерлерінің аумағын 10 мың гектарға дейін ұлғайтады. Жоба бойынша 120 жаңбырлатып суаратын машина орнатылады. Бұл өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, 12 мың тоннаға арналған көкөніс қоймасы салынбақ.– Бұл өте қажетті және маңызды жоба, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Жақында Нұра ауданында 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасын аштық. Жаңа бастамаларды ескере отырып, біз сүт зауыттарының отандық шикізатқа деген қажеттілігін толығымен жабамыз. Импорттық тәуелділікті төмендетеміз. Бұл Президенттің бізге қойған басты міндеті – импорттан бас тартып, өз өндірісімізді дамыту.Биыл Осакаров ауданында егістік алқабы 450 мың гектарға дейін ұлғайды – өткен жылмен салыстырғанда 34,5 мың гектарға артық.Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі де өсуде. Ірі қара мал, қой мен ешкі, жылқы басы көбейді. Жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі мәселесі шешілуде. Оған Қарағайлы, Сарыөзек, Озерный, Ақбұлақ, Шідерті ауылдық округтерінде және Молодежный кентінде іске асырылған «Жайлау» жобасы көмектесті. Биыл Есіл ауылдық округі қосылады.Суретті түсірген: Жангелді ӘбдіғалымАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1012442?lang=kk
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Көкшетауда маңызды әрі тарихи шара өтті 08.06.2025
Көкшетау қаласында маңызды әрі тарихи шара өтті — Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шараға Қазақстан Тәуелсіздігінің шежіресіне аты алтын әріппен жазылған тұлға қатысты. Мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков мерекелік жиынның құрметті қонағы ретінде келіп, салтанатқа ерекше мән-мазмұн қосты.«Бүгін көк байрағымыздың асқақ желбірегенін көру — зор қуаныш. Ол әрдайым еліміздің үстінде қалықтап, өсуіміздің, рухымыздың, абыройымыздың белгісіне айналсын. Жастар Мемлекеттік елтаңбаның маңызын терең түсінуі қажет — онда халқымыздың бірлігі, еліміздің тұтастығы мен Ұлы даланың даналығы бейнеленген. Бабалар армандаған азаттық — тарих алдындағы ортақ парызымыз. Ал бүгінгі жетістіктер — жас ұрпақтың арқасы», — деді елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков.Оның бұл шараға қатысуы — ұлы еңбегіне көрсетілген құрмет қана емес, сонымен қатар Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бүгінгі күнге дейінгі ұрпақтар сабақтастығын бейнелейтін рухани көпірге айналды. Жаңа буын отансүйгіштік пен мемлекеттік рәміздерге деген құрметті асқақ сезіммен қабылдап, сол эстафетаны жалғастыруда.«Сізді бүгін еліміздің жүрегі саналатын, Көк байрағымыз биікте желбіреген Ақмола өңірінде қарсы алу — біз үшін үлкен мәртебе. Мемлекеттік рәміздер мерекесіне қатысуыңыз — бұл ерекше маңызға ие оқиға», — деп қарсы алды Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.Салтанатты рәсім «Ту тұғыры» монументі жанындағы алаңда өтті. Шараға 500-ден астам адам — ардагерлер, қоғам белсенділері, жас спортшылар, студенттер мен өнер өкілдері жиналды. Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көкке көтеріліп, Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармониясының Камералық хоры, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі мен Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің студенттерінен біріктірілген хоры Әнұранымызды орындады.Өңір басшысы құттықтау сөз сөйлеп, рәміздердің ұлттық сана мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызын атап өтті.«Мемлекеттік рәміздердің мән-маңызын жерлестеріміздің халықаралық деңгейде жеткен жетістіктері айқындай түседі. 2025 жылы Ақмола облысының спортшылары Қысқы Азия ойындарында 11 медаль иеленіп, Хан Яна мен Арина Крюкова шорт-трек пен биатлон бойынша беделді жарыстардың жүлдегерлері атанды», — деді Марат Ахметжанов.Шара аясында спорт, білім, шығармашылық және қоғамдық салада еңбек еткен азаматтарға облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Марапаттау рәсімін халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары “Он алты қыз” халықтық би ансамблінің қатысушылары өткізді.Патриоттық акцияда Қазақстанға танымал, жақында ғана Германияның Франкфурт және Штутгарт қалаларында қазақ халқының мәдениетін таныстырып, ұлттық аспаптарымен өнер кештерін өткізген «Орда» этно тобының орындауындағы патриоттық рухты оятатын музыкалық нөмірін тарту етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1012453?lang=kk
Подхоз Березовка ауылы клубында жөндеу жұмыстары жүргізілуде 08.06.2025
Подхоз Березовка ауылы клубында жөндеу жұмыстары жүргізілудеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-boroduliha-novodvor/press/news/details/1012463?lang=kk
Балаларды Қорғау күні 08.06.2025
Балалар күніне арналған бүгінгі мерекелік шараны ұйымдастыруға демеушілік көрсетіп, қолдау білдірген барлық шаруа қожалықтарына шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Жиналған 225 000 теңге қаражатқа төмендегідей заттар сатып алынды:* аниматорларға арналған костюмдер,* көпіршіктер (сабынды көпіршіктер),* балалар биіне арналған сахналық костюмдер,* белсенді қатысқан балаларға арналған сыйлықтар. Арнайы алғысымызды төмендегі демеушілерге білдіреміз:1.«Бекет Агро» ЖШС – Бекетов Станислав Александрович — 100 000 теңге2.«Раушан» ШҚ – Оразев Талгат Айткалиевич — 65 000 теңге3.«Алмакос плюс» ЖШС – Бекетов Виктор Александрович — 30 000 теңге4.«Береке» ШҚ – Курманбаева Кульдария Женисовна — 30 000 теңге Балаларға балмұздақпен қуаныш сыйлаған дүкендерге ерекше алғысымызды білдіреміз:* «Алтай» дүкені – Аверина Оксана Геннадьевна* «Шанс» дүкені – Козлова Ярослава Игоревна* «Угловой» дүкені – Шаклеина Светлана Николаевна Сонымен қатар шын жүректен алғысымызды білдіреміз:* Новодвор ауылдық округінің Мәдениет үйі қызметкерлеріне,* шараларымызға үнемі қолдау білдіретін ақсақалдар алқасының мүшелеріне,* мерекеге белсенді қатысып, шаттық сыйлаған барлық балаларға. Баршаңызға шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз!Қолдауларыңыз бен атсалысуларыңызға мың алғыс!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-boroduliha-novodvor/press/news/details/1012471?lang=kk
Атырау облысында битум зауытының құрылысы талқыланды 08.06.2025
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов инвесторлар өкілдері – Serbi Technologies компаниясының басшысы Йоссеф Бокрис және «Atyrau-Bitum» ЖШС бас директоры Қайырбек Олдағалиевпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Serbi Technologies пен «Atyrau-Bitum» компаниялары арасында бірлескен кәсіпорын құру және өңір аумағында жаңа битум зауытын салу бағыттарын талқылады. Бастама жол құрылысы саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті битумға деген сұраныстың бір бөлігін өтеуге бағытталған. Өндірісті жолға қою логистикалық шығындарды азайтып, бағаны тұрақтандыруға және құрылысшыларды қажетті ресурстармен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Битум өндірісін қосымша өңдеуді қажет етпейтін табиғи битумды кир жыныстары негізінде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде өндіріс шығындарын азайтуға, экологиялық тұрақтылықты арттыруға және мұнай битумына тәуелділікті төмендетуге ықпал етеді.Жобаның үшінші кезеңінде жол құрылысына арналған кироминералды қоспалар, жол битумы мен мастика, лак-бояу өнімдері, сондай-ақ рулонды гидрооқшаулағыш материалдар сияқты кең ауқымды өнім шығару көзделген.Кездесу барысында тараптар болашақ ынтымақтастық мәселелерін талқылап, жобаны іске асыру жөніндегі ортақ көзқарастарын ортаға сала отырып, бірлесіп белсенді жұмыс істеуге дайын екендерін білдірді. Бастама өңірдің құрылыс саласын дамытуға, өндірісті әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға қосымша серпін бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1012494?lang=kk
Қазақстан АЗОСАИ-дың Санкт-Петербургтегі отырысында өңірлік аудит тәжірибесімен бөлісті 08.06.2025
2025 жылғы 21-24 мамыр аралығында Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында өңірлік және муниципалдық деңгейлердегі аудит жөніндегі Азия жоғарғы аудит органдары ұйымының (АЗОСАИ) Жұмыс тобының алғашқы жыл сайынғы отырысы өтті. Іс-шараны Ресей Федерациясының Есеп палатасы ұйымдастырды. Отырысқа Қазақстан Республикасының Жоғарғы аудиторлық палатасының атынан Астана қаласы мен Алматы облысы бойынша тексеру комиссияларының өкілдері қатысты.Халықаралық жиынға Бразилия, Индонезия, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Оман, Таиланд және Үндістанның жоғарғы аудит органдарының өкілдері қатысты.Отырыс барысында қатысушылар өңірлік инфрақұрылымға аудит жүргізу тәжірибесімен бөлісіп, ұлттық жобалардың өңірлерде жүзеге асырылуын бақылау тәсілдерін талқылады, сондай-ақ жұмыс тобының негізгі құжаттарын бекітті.«Өңірлік инфрақұрылым жобаларына аудит жүргізу тәжірибесі» тақырыбында Астана қаласы бойынша тексеру комиссияның мүшесі Алмагүл Салықова баяндама жасады. Ол өңірлік деңгейде жүргізілген күрделі қаржы салымдарының аудит нәтижелерін, бюджет қаражатын тиімді әрі ашық игеруді қамтамасыз етуге бағытталған тәсілдерді, сондай-ақ 2020-2024 жылдар аралығында Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы енгізген практикаларды ұсынды.Өзекті тақырыптарды талқылау қатысушыларға өңірлік деңгейдегі аудит қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/1012501?lang=kk
Жолдарды қиыршық таспен толтыру 08.06.2025
Миролюбовка ауылында сенбілік өткізілді. Осы шара аясында мұсылман және христиан зираттарына апаратын жолдар тегістелді. 10 техника бірлігі жұмылдырылды. Миролюбовка ауыл шаруашылығы кооперативінен 1 дана КамАЗ, 1 дана жүк тиегіш, Калиссатарулы Б.К. ауыл шаруашылығы кооперативінен 1 дана КамАЗ, Самар КГП на ПХВ-дан 1 дана КамАЗ, 1 дана жүк тиегіш, 1 дана грейдер, Тищенко ауыл шаруашылығы кооперативінен 1 дана МТЗ-82, Намыс ауыл шаруашылығы кооперативінен 1 дана МТЗ-82, Кимадиев ауыл шаруашылығы кооперативінен 1 дана МТЗ-82, Тищенко П. ауылынан 1 дана Т-40 болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-mirolubovka/press/news/details/1012507?lang=kk
Өнеркәсіптік кооперация: Теміртау металлургтері машина жасаушыларға болат жеткізе бастады 08.06.2025
Отандық машина жасау тарихында тұңғыш рет автобустардың шанақ элементтері халықаралық сапа стандарттары бойынша сертификатталған қазақстандық металды пайдалана отырып шығарылатын болады. Qarmet металлургиялық комбинаты Саранда орналасқан QazTehna зауытында шанақ бөлшектерін жаңа штампылау өндірісі үшін 08КП маркалы мырышталған болат жеткізуге кірісті.Бұл туралы Qarmet компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.QazTehna инвестициялық бағдарлама аясында Қазақстанда ауданы 10 000 шаршы метрден асатын алғашқы мамандандырылған штампылау корпусын құру жобасын іске асыруда. Өндіріс күрделі шанақ компоненттерін дайындауға арналған бірегей гидравликалық престермен жарақтандырылатын болады. Жобаның құны 20 млрд теңгеден асады, қаржыландыру Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен QazTehna-ның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Пайдалануға беру 2025 жылдың тамызына жоспарланған.Бірінші кезеңде Yutong қалалық, туристік және мектеп автобустары үшін, ал кейіннен HOWO коммерциялық техникасы үшін шанақ бөлшектерін шығару жоспарланған."Машина жасау сегментіне шығу – бұл Qarmet үшін стратегиялық маңызды қадам. Біз қазақстандық металлургия ірі инвестициялық жобаларды ескере отырып, отандық өндірісті қолдау және ел ішінде қосымша құн жасау жөніндегі барлық міндеттерді орындауға қабілетті екенін растаймыз", – деп түсінік берді Qarmet баспасөз қызметінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1012518?lang=kk
Мейрамханалар мен фитнес-клубтардың салықтық бақылауы 08.06.2025
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және салық тәртібінің деңгейін арттыру үшін қызмет көрсету саласында айналысатын кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне қатысты салықтық бақылау іс-шараларын жүргізеді.Талдау объектісі облыс орталығының аумағында қызметін жүзеге асыратын мейрамханалар мен фитнес-клубтар болды. Салық төлеушілердің салық есептілігін, сондай-ақ басқа көздерден алынған ақпаратты зерделеу жолымен камералдық бақылау жүргізу барысында кірістерді төмендету, салық салынатын табысты жасыру, есептілікті беру және салық төлеу мерзімдерін бұзу және т. б. фактілер анықталды.Салық төлеушілердің салық есептілігін, сондай-ақ басқа көздерден алынған ақпаратты зерделеу жолымен камералдық бақылау жүргізу барысында кірістерді төмендету, салық салынатын табысты жасыру, есептілікті беру және салық төлеу мерзімдерін бұзу және т. б. фактілер анықталды.Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша бизнес субъектілері шамамен 400 млн. теңге кіріс сомасына нақтыланған қосымша салық есептіліктерін ұсынды, бюджетке шамамен 9 млн.теңге төленді.Облыстың мемлекеттік кіріс органдары салық төлеуден әдейі жалтарған, "сұр схемаларды" қолданатын, "конверттерде" жалақы төлейтін, сатып алынған тауарлар мен қызметтер үшін фискалдық чектерді ұрмайтын кәсіпкерлерді анықтау бойынша талдамалық жұмысты жандандырады және күшейтеді.Павлодар облысы бойынша МКД облыс тұрғындарына фискалдық чектерді беруден бас тарту жағдайларына азаматтық жауапкершілік пен төзбеушілік танытуға жүгінеді. Бей-жай қалмауға және әрбір сатып алу немесе қызмет үшін чек талап етуге шақырамыз. Әрбір берілмеген чек-бұл бюджетке түспеу, одан жолдар, мектептер, медицина қаржыландырылады. Тек бірлескен күш-жігермен әділ салық салуды қамтамасыз етуге болады. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1012524?lang=kk
«Сырым» бақылау-өткізу бекеті арқылы көліктердің қозғалысына қатысты _ 08.06.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, қазіргі уақытта Ақтөбе облысы бойынша МКД «Жайсан» өткізу пунктіндегі Қазақстан-Ресей учаскесінде шекарада көлік құралдарының көптеп топталып тұрғаны байқалуда екенін хабарлайды.Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген өткізу пунктінде тоқтап тұруларды болдырмас үшін Мемлекеттік кірістер комитеті балама ретінде БҚО бойынша МКД «Сырым» (ҚР) - «Маштаков» (РФ) өткізу пункті арқылы көлік құралдарын өткізуді жүзеге асыруды ұсынады.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1012103?lang=kk