Enbekshi QazaQ

Қоғам

ЕАЭО шеңберінде кедендік өзара іс-қимылды нығайту 08.06.2025
       2025 жылғы 4 маусымда Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің кеден қызметі Біріккен алқасының 50-ші мерейтойлық отырысы өтті, Қазақстан делегациясын Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев басқарды.      Осы алаң құрылған сәттен бастап кеден қызметінің басшылары ЕАЭО-да кеден ісін жетілдіруге және дамытуға бағытталған 1000-нан астам шешім қабылдады.      Мерейтойлық отырыста тәуекелдерді басқару жүйесін, кедендік құнды бақылауды және жекелеген тауарларды жіктеудің біркелкілігін жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданды.      Бұдан басқа, интеграциялық бірлестіктің кедендік аумағында "жалған транзит" фактілерін азайту бөлігінде ЕАЭО құқығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды.      Кеден қызметінің басшылары транзиттің кедендік рәсімін қолдану мәселелері бойынша жұмыс тобын құру туралы шешімге қол қойды, бұл ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттердің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады.       Отырыс қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті, оның барысында Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлеріне интеграциялық кедендік ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін "ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметі Біріккен алқасының 50-ші отырысы" естелік медальдары табыс етілді.       ЕАЭО кеден қызметі Біріккен алқасының келесі отырысы ағымдағы жылғы III тоқсанға жоспарланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1012042?lang=kk
ТМД кеден қызметінің басшылары кеңесінің мерейтойлық отырыссы 08.06.2025
     2025 жылғы 4 маусымда Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында ТМД кеден қызметінің басшылары кеңесінің 80-ші мерейтойлық отырысы өтті, оған МКК төрағасы Жандос Дүйсембиевтің бастаған Қазақстан делегациясы қатысты.    Кеңес экономикалық одақ құру туралы шартты іске асыру мақсатында 1993 жылғы 24 қыркүйекте ТМД Үкімет Басшылары Кеңесінің шешімімен құрылды.    Кеңес алаңы жұмыс істей бастағаннан бері ТМД кеден қызметінің басшыларының 80 отырысы өтті және 750 шешім қабылданды.    Мерейтойлық отырыс барысында Тараптар Кеңестің құрылуы мен жұмыс істеуі кедендік әкімшілендіруді дамытуға, алдыңғы қатарлы құқық қолдану практикасын құруға және ТМД кеңістігінде кедендік бақылаудың неғұрлым қолайлы шараларын әзірлеуге ықпал еткенін атап өтті.      Отырыста ТМД кеден қызметінің басшылары кедендік бақылаудың біркелкілігі мен жетілдірілуіне бағытталған бірқатар шешімдер қабылдады.      Атап айтқанда, импортталатын гибридті автомобильдер мен ілеспе құрылғыларға қатысты бақылауды жүргізудің біркелкілігі, кедендік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ тауарлардың жіктелуі мен шығарылған жері бойынша жұмыс тобын құру жөнінде шешімдер қабылданды.     Отырыс қорытындысы бойынша ТМД КҚБК халықаралық наградалары тапсырылды. Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері ТМД кеңістігінде кеден саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға қосқан жоғары үлесі үшін "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құрметті кеденшісі" төсбелгісімен, сондай-ақ "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кедендік ынтымақтастығын нығайтқаны үшін" айырым белгісімен марапатталды.      ТМД кеден қызметінің басшылары кеңесінің келесі отырысы 2025 жылғы екінші жартыжылдықта Тәжікстан Республикасында өтеді.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1011664?lang=kk
KazAID және ЭЫДҰ мемлекеттік органдарға дамуға ресми көмек көрсету мәселелері бойынша семинар өткізді 08.06.2025
KazAID және ЭЫДҰ мемлекеттік органдарға дамуға ресми көмек көрсету мәселелері бойынша семинар өткіздіАстана, 2025 жылғы 4 маусым – дамуға ресми көмек (ДРК) туралы статистикалық есептілікті ұсыну бойынша семинар өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы келісімді іске асыру шеңберінде өтті. Жоба ЭЫДҰ мен KazAID әзірлеген Жол картасына сәйкес елдегі ДРК жүйесін дамытуға бағытталған.KazAID Басқарма Төрағасы Аркен Арыстанов құттықтау сөз сөйлеп, ДРК бойынша ашық және шынайы есеп беру халықаралық әріптестер тарапынан сенім кепілі екенін атап өтті.Іс-шара ДРК көрсетуге және ДРК туралы статистикалық есептілікті ұсынуға тартылған негізгі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері үшін ҚР СІМ қолдауымен ұйымдастырылды. Семинар спикерлері ЭЫДҰ Даму мақсатындағы ынтымақтастық жөніндегі директоратының өкілдері – Г.Делаланд, дамуды және өзара іс-қимылды қаржыландыру мәселелері жөніндегі кеңесші және зерттеу үйлестірушісі Сэнди Сюй болды.Қатысушылар дамуға ресми көмек ұғымы мен критерийлерін, деректерді жүйелі жинау мен ұсынудың артықшылықтарын, сондай-ақ гуманитарлық, техникалық және көпжақты көмекті есепке алудың халықаралық тәсілдерін талқылады. Жеңілдіктер, даму мақсаты, стипендиялық бағдарламалар, әкімшілік шығындар және ДРК-нің бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға қосқан үлесі сияқты тақырыптар қозғалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1011683?lang=kk
Қазақстанда «Чекті талап ет — Halyk Bank-тен сыйлық ұтып ал!» акциясы басталды 08.06.2025
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ Қазақстанда «Чекті талап ет — Halyk Bank-тен сыйлық ұтып ал!» акциясы басталдыҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Halyk Bank және Amian мобильді қосымшасымен бірлесіп, «Чекті талап ет — Halyk Bank-тен сыйлық ұтып ал!» атты республикалық акцияны іске қосады.Бұл бастама қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды танымал етуге, фискалдық тәртіпті арттыруға және тұтынушылардың саналы мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған. Акция өткізу мерзімі: 2025 жылғы 1 маусымнан 30 қарашаға дейін. Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары қатыса алады. Қатысу шарттары:Halyk Bank картасы немесе Halyk QR-коды арқылы Halyk POS-терминалдарда сауда жасаңыз;Фискалдық чектерді Amian мобильді қосымшасына жүктеңіз;Amian профиліңізде ЖСН көрсетілгеніне және төлем картасы өз атыңызға рәсімделгеніне көз жеткізіңіз — бұл ұтыс ойынына дұрыс қатысу үшін маңызды. Сыйлықтар:Ай сайын — еліміз бойынша 30 жеңімпаз анықталады.Әр жеңімпаз Halyk Bank-тегі бонус шотына 100 000 бонус алады. Жеңімпаздар RANDOM.ORG сайты арқылы кездейсоқ түрде анықталып, әр айдың 15-іне дейін @halykbank.kz ресми Instagram парақшасында тікелей эфирде жарияланады. Amian қосымшасы — чектерді сақтау мүмкіндігін беретін цифрлық көмекші.Қосымша App Store және Play Market платформаларында тегін жүктеп алуға қолжетімді. Маңызды:Мемлекеттік кірістер комитеті ескертеді: фискалдық чекті талап ету — бұл тек сыйлық ұтып алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғау, есеп айырысудың ашықтығына ықпал ету және адал кәсіпкерлікті дамыту жолы. Әрбір чекті — сыйлыққа және қаржылық мәдениетке жасалған қадамға айналдырыңыз!#АБАЙМКД#DGDABAI#Салықтар#Налоги#Кеден#Таможня#Тікелей_эфир#Прямой_эфир#салықтөлеушігепайдалы#полезноеналогоплательщику  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1020435?lang=kk
Қорғаныс министрі әскери жоғары оқу орындары мен колледждердің үздіктеріне погон табыстады 08.06.2025
Мемлекеттік рәміздер күні Қазақстан Президенті - Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері және ҰҚК оқу орындарының 14 үздік түлегіне алғашқы офицерлік погондарды табыс етті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, Парламент депутаттары, Ұлттық құрылтай мүшелері, Халық қаһарманы және Қазақстанның Еңбек Ері атақтарының иегерлері, Қарулы күштердің ардагерлері, курсанттар, туыстары мен жақындары қатысты.Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының түлектеріне лейтенант погондарын табыс етті. Ал  Астана және Ақмола облысының Щучинск қаласындағы әскери колледждерді сәтті бітірген жастар кіші сержанттың погондарын алу құрметіне ие болды.Мемлекеттік рәміздер күні үздік курсанттар мен кадеттерге погон табыстаған генерал-полковник Руслан Жақсылықов түлектер Отан қорғаушы атағын лайықты алып жүретініне және  батыр бабалардың өсиеттеріне адал болатынына сенім білдірді.Биыл "Атамекен" этномемориалдық кешенінде әскери колледждердің түлектері погон алды.- Бүгін маған "кіші сержант" әскери атағы берілді. Қорғаныс министрінің қолынан погон алу мен үшін үлкен мәртебе. Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж басшылығына және командирлерге оның қабырғасында алған біліміміз үшін өте ризамын. Мен олардың сенімін ақтауға тырысамын, - деді Максим Ибрашев.Әскери институттың үздік түлектерінің бірінің анасы да өз әсерін жеткізді:– Өз басым осындай маңызды іс-шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Менің ұлым бүгін Президенттің қолынан лейтенант погонын алды. Мен оның жетістігіне мақтанамын және болашақта жақсы офицер болатынына сенімдімін, – деп атап өтті Әміре Жолдыбековтің анасы Альфия Есенғалиева.Әскери жоғары оқу орындарының түлектері ел Президенті мен Қорғаныс министріне көрсеткен құрметі үшін алғыс білдіріп, Отанға адал қызмет етуге уәде берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1011781?lang=kk
«Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты апталық шарасы бастау алды 08.06.2025
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы маусым айында балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Балғын балалар - біздің болашағымыз»   атты апталық шарамыз бастау алды. Бүгін, қаламыздың Абай атындағы №1 орта мектептің жанындағы жазғы демалыс лагерінің демалушыларына экскурсия ұйымдастырылды.Экскурсия барысында балаларға кітапхана тарихы, ережелері және бөлімдері таныстырылды. Сонымен қатар, кітаптар мен мерзімді басылым бөліміндегі журналдардың, газеттердің сақталу тәртібі туралы ақпараттар беріліп, оқырмандардың жас ерекшеліктерін ескере отыра «Ертегілер елінде», «Әлем балалар әдебиетінің қазынасы», «Ең ақылды кітаптар» атты сериялармен шығатын ең қызықты деп танылған ертегілер, танымдық әдебиеттер, сондай-ақ балалардың сансыз сұрағына жауап беретін көркем суретті энциклопедиялар ұсынылды.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1011796?lang=kk
«Көк байрағым жасасын» атты танымдық сағат 08.06.2025
Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана бөлімінде. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Көк байрағым жасасын» атты танымдық сағат ұйымдастырылды.Шара барысында қатысушылар еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны туралы тың мәліметтерге қанықты. Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы мен мән-маңызы жайлы еркін әңгіме өрбіді. Көпшілік өз ойларын ортаға салып, рәміздерге деген құрметін білдірді.Жиналған қауым үшін бұл күн жай ғана танымдық сағат емес, елдікке деген мақтаныш сезімді ұялатқан ерекше сәт болды. Көк байрағымыз желбіреп тұрғанда, жүрегіміз де ел деп соға бермек!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1011827?lang=kk
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Іс-шаралар жоспары 08.06.2025
"Бекітемін"Ақмола облысы бойыншаМемлекеттік кірістер департаментінің басшысы________________Д.Н.  Нұрмолдин "____"___________2025 жыл   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіндесыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралыІс-шаралар жоспары  №р/бСыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынысІс-шараАяқтау нысаныЖауаптыорындаушыларОрындау мерзімі1Салық кодексінің 59-бабына сәйкес камералдық бақылау қорытындысын пысықтау бөлігінде функционалды енгізу ұсынылады. Бұл қорытындыны маман басшылықтың келісімінсіз өз деңгейінде қалыптастырады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілерін болдырмау мақсатында ТҚҚБ басшысының не басшысының орынбасарының келісу / қол қою функционалын енгізу.ҚР ҚМ МКК ұсынымдар бойынша ұсыныстар жолдауСТ таратылған камералдық қорытындысы кезде ТУГД басшысының не басшының орынбасарының келісу / қол қою функционалын енгізу     Камералдық бақылау  басқармасы    2026 жыл2Камералдық бақылау хабарламаларын пысықтау шеңберінде мәртебе беру ұсынылады. Ағымдағы кезеңде Салық кодексінің 96-бабына сәйкес хабарламаны орындау деп түсіндірме немесе ДФНҚ беру танылады. Қызметкерлер бұзушылықтарды жою фактісіне талдау жүргізеді және "бұзушылық жойылды" немесе "бұзушылық жойылмады"мәртебесін береді. Қызметкерлердің қате не қасақана іс-әрекеттеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілерін болдырмау мақсатында мәртебе беру процесін автоматтандыру. Қатерсіз қызметкер осы жағдайды пайдалана алатын тәуекелдерді Алып тастау деп хабарлады СТ бұзушылық іс жүзінде жойылмағанын және СТ-ге материалдық пайда алу мәселесін шешуді ұсынады.ҚР ҚМ МКК ұсынымдар бойынша ұсыныстар жолдауКейбір бұзушылықтар бойынша жойылды / жойылмады бұзушылық мәртебесін автоматты түрде беру Камералдық бақылау  басқармасы 2026 жыл    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1011433?lang=kk
Рәміздер күні 08.06.2025
Жыл сайын 4 маусымда елімізде мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Мемлекеттік рәміздер - бұл кез-келген мемлекеттің ұлттық егемендігін бейнелейтін ерекше белгілері.  1992 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бекітілді.  2007 жылы 4 маусымда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Заң қабылданды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1011469?lang=kk
2025 жылғы 6 наурызда азаматтарға мүгедектік белгілеу және қайта куәландыру мәселелері бойынша жиын өтті. 08.06.2025
Жиын барысында мүгедектікті тағайындау рәсімдерін жетілдіру, құжаттарды рәсімдеу тәртібі және медицина ұйымдарының осы бағыттағы рөлі талқыланды. Сонымен қатар, азаматтардың өтініштерін қарау үдерісін жеңілдету және медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.Кездесуге бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары, дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағалары және сала мамандары қатысты. Олар мүгедектікке шығу процесіндегі өзекті мәселелерді талдап, жүйені оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізді.Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1011482?lang=kk
СҚО-да 8 мың басқа шақталған мегаферма салынуда 08.06.2025
Біздің өңірде 8 мың басқа арналған мегаферма ашылады. Жобаны «Зенченко и К» КС жүзеге асырып, оған 9 миллиард теңге инвестиция құюда. Іске қосылғаннан кейін бұл еліміз бен Орталық Азиядағы ең ірі сүт кешеніне айналады. Жыл сайын  26 мың тонна сүт өндірілмек. Өңірде сүтті мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді: биыл 11 жаңа ферма салынбақ, ал өткен жылы 17 сүт кешені іске қосылды. Қызыл ауданына жұмыс бабымен барған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов кешеннің құрылысымен танысты. Сондай-ақ, «Зенченко и К» алқабы мен  Новоникольское ауылында Геннадий Зенченконың қолдауымен салынған көпфункционалды балалардың ойын және спорт алаңын қарады. Оған қоса, өңір басшысы «Сервис Жарс» ЖШС-нің заманауи жаңбырлатып суару жүйесімен жабдықталған жоңышқа алқабындағы шөп шабу жұмыстарын бақылады. Шаруашылық жоңышқа өңдейтін зауыт салуды көздеп отыр. Сонымен қатар, аудан диқандарымен кездесіп, көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау мәселелері талқыланды. Тағы бір маңызды жоба – өңір үшін көлік қатынасының маңызды дәлізі болып саналатын «Жезқазған–Петропавл» республикалық автожолының орташа жөндеуі. Жұмыстар жолдың әртүрлі учаскелерінде бірнеше мердігер ұйымдардың қатысуымен қатар жүргізілуде. Екі жылда 135 км жол асфальтталды, биылға жоспар – 215 км. Жыл соңына дейін Покровка– Бескөл ауылдары және Сергеевкадан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралықта асфальт төсеу аяқталады. "Бұл – тұрғындарға ыңғайлы әрі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін үлкен инфрақұрылымдық жобаның соңғы кезеңі болмақ", - деп атап өтті облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1011501?lang=kk
Ағымдағы жылдың 2 маусымында Боровское ауылында халықпен кездесу өтті, оның барысында Меңдіқара ауданының 2025 жылға арналған даму жоспарлары ұсынылды. 08.06.2025
     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от Ғабит Мәжитұлы Бекбаев (@bekbaev_gabit) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1011503?lang=kk
🔰Рәміздер күніне орай Мемлекеттік әнұран орындалды 08.06.2025
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында Мемлекеттік әнұранды орындау рәсімі ұйымдастырылды.Басқарма басшысының міндетін атқарушы Үрістенов Медет Әбдімашұлы ұжымды атаулы мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздердің елдік пен бірліктің, тәуелсіздіктің айшықты нышаны екенін атап өтіп, әрбір азаматтың оларды құрметтеуі – парызы әрі мақтанышы екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1011507?lang=kk
«Ұлтын сүйген ұлы тұлға-Қапез» 08.06.2025
Бүгін 31-мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған «Ұлтын сүйген ұлы тұлға-Қапез» атты тағылымдық кешТоғызбұлақ ауылдық мәдениет үйінде өтті.Кештесаяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алды.Кештің қадірменді қонақтары Кеген ауданының әкімі – Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы, ұлт жанашыры ақын, ғалым ұстаз, өнер зерттеушісі, филология ғылымының кандидаты- Медеубек Сағатбек Медеубекұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, «Дарын» сыйлығының иегері- Әшімжанов Жанарбек Садыханұлы, журналист, "Ұлт үшін туған Ыдырыс" ,"Ақай Нүсіпбеков:Ғибратты ғұмыр", "Әлмереке абыз: тарих пен тағлым", "Шынжырлы Сәмен батыр' деректі фильмдерінің авторы- Бакеева Салтанат Әуелханқызы, Жалағаш ауылдық округінің әкімі Садырова Айгүл Бектұрсынқызы, Кеген аудандық мәслихат депутаты және Жалағаш ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Қызайбекова Нұргүл Иманәліқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қалқаев Еркінбек және аудандық мәдениет үйінің директоры болды.Ерекше тарихи маңызы бар «Ұлтын сүйген ұлы тұлға-Қапез» атты деректі фильмнің тұсауын кесу Сағатбек Медеубекұлына, Жанарбек Садыханұлына, Нұрбақыт Молдахметұлына, фильмнің авторы Салтанат Әуелханқызына берілді.«Ұлтын сүйген ұлы тұлға-Қапез» атты деректі фильмнің авторы- Бакеева Салтанат Әуелханқызына аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы Алғыс хат тапсырды.Деректі фильм тамашаланды.«Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген ұғыммен сол заманда саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандары болған бақиға көшкен ата-баба рухына ізінің қайырлылығын, ұрпағының разылығын білдіру ниетінде Тоғызбұлақ ауылдық мешітінің имамы – Жантаев Жеңісжан құран бағыштады.​Біз саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын 31 мамырда ғана еске алып қоймай, тарихты оқыған сайын, осы тақырыптағы фильмдерді көрген сайын немесе жай күндерде де оларды еске алып отырамыз.Тарихи жадымызда жатталған сол замандағы қиын кезеңдердің табы біздің бірлігімізді одан әрі бекемдеп, халықтың жадында мәңгілікке сақталатын болады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/1011536?lang=kk
Ұлттық ұлан Академиясының үздік курсанттары Президенттен офицерлік погондар алды 08.06.2025
Салтанатты рәсім барысында жоғары әскери оқу орындарының үздік түлектері Қазақстан Республикасы Президенті -  Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицерлік погондар алды.Ұлттық ұлан Академиясынан бұл құрметке Диас Беделбай мен Әділет Шалқарұлы ие болды. Сонымен қатар, Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов Академия түлектері Азамат Зулкарнаевқа, Думан Айткеновке және Әмір Төлеухановқа погондарды табыстады.- Мен салтанатты жағдайда Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу кезеңінде еліміздің Президентінен алғашқы әскери атақ алғанымды мақтан тұтамын. Біз офицер беделін түсірмей, әскери қызметтің барлық ауыртпалықтарына қарамастан Отанымызға адал және адал қызмет ететінімізге сенімдімін, - деді су жаңа лейтенант Диас Беделбай.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күні әскери атақтар беру жақсы дәстүрге айналғанына назар аударды. Ол сондай-ақ әскери қызметшілердің ел қорғауды өмірлік ұстаным ретінде таңдауының маңыздылығын атап өтті.Айта кетейік, биыл ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Академиясынан 175 жаңа офицер түлеп ұшты ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1011546?lang=kk
Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! 08.06.2025
Туымыз желбіреп, Елтаңбамыз биікте, Әнұранымыз асқақтай берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-goszakup/press/news/details/1011562?lang=kk
Бір қабатты үйлерді салу үшін әлеуетті құрылысшыларды таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру 08.06.2025
Бір қабатты үйлерді салу үшін әлеуетті құрылысшыларды таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру Риддер қаласының әкімдігімен 2025 жылғы 30 мамырдан 2025 жылғы 5 маусымға дейінгіаралықта Риддер қаласында әкімдік ұсынған жер учаскелерінде бір қабатты 21 үйді сатып алу үшін құрылыс жүргізуге әлеуетті құрылысшыларды таңдау бойынша конкурс жарияланады, жалпы ауданы 3 280 м2(70 м2 – 12 үй, 85 м2 – 9 үй).Әлеуетті құрылысшылар келесі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:Әлеуетті жеткізушініңқұрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған лицензиясы болуы тиіс (3 санат).Әлеуетті жеткізуші қаржылық тұрақты болуы және республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) алты еселенген мөлшерінен асып кеткен салықтық берешегі болмауы тиіс.Әлеуетті жеткізуші жосықсыз және банкроттыққа немесе таратылуға жатпайтындар тізімінде болмауы керек.Әлеуетті жеткізуші «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңның 6-бабына сай болуы тиіс.*Ескерту:конкурсқа жер учаскесі бар әлеуетті құрылысшылар қатыса алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1011586?lang=kk
Елімнің рәміздері. 08.06.2025
4 маусым күні Әйет ауылында орталық алаңда " Рәміздері елімнің – Тәуелсіздік белгісі " атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара мемлекеттік әнұранмен басталды. Туды көтеру және әнұранды орындау бүкіл ел бойынша бір уақытта жүргізілгенін атап өткен жөн. Аудан әкімі Қайсар Батырханұлы Мыржақыпов құттықтау сөз сөйледі. Бағдарламаны аудандық мәдениет үйінің әртістері жалғастырды. Маңызды іс-шара ТЖ, ӨСБ және құқық қорғау органдары өкілдерінің, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттарының, аудан ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің, аудан мектептерінің оқушыларының қатысуымен өтті. Мұның бәрі қатысушылар мен көрермендер арасында бірлік, мақтаныш пен патриотизм атмосферасын қалыптастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1011606?lang=kk
Құрбан айт күні ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі 08.06.2025
Құрбан айт мерекесіне орай халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО-лар 6 маусым, жұма күні жұмыс істемейді.Бұл ретте 7 маусым, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Ал мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал құжаттарды беру – 13:00-ге дейін жүргізіледі.Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы ХҚКО-ларда жұмыс күні бір сағатқа ерте басталып, бір сағатқа ерте аяқталады.Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың актуалды тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы біле аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1012095?lang=kk
Бітімгерлер Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті 08.06.2025
БҰҰ UNDOF миссиясының жауапкершілік аймағындағы Голан жоталарында қазақстандық бітімгерлік контингент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты митинг өткізді.Мерекелік іс-шара барысында Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұран орындалды.Тәуелсіздікті, халықтың бірлігі мен Отанға деген мақтанышты бейнелейтін мемлекеттік рәміздердің маңызы атап өтілді.Қазақстандық бітімгерлер жырақта жүріп, халықаралық аренада бейбітшілік пен қауіпсіздік ісіне үлес қосу арқылы мемлекеттік құндылықтарды сақтап, әрі құрметтеп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1011404?lang=kk