Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстан–Бельгия Іскерлік кеңесінің үшінші отырысы Брюссельде өтті 08.06.2025
Брюссель, 2025 жылғы 4 маусым – Бельгия астанасында Қазақстан-Бельгия Іскерлік кеңесінің үшінші отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан мен Бельгияның жетекші компанияларынан 50-ден астам өкілі қатысты. Шараны БеНиЛюкс Сауда палатасы мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің, BECI, AWEX, FIT және Hub.Brussels сауда ұйымдарының қолдауымен ұйымдастырды.Жиынды ашқан Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан екі ел көшбасшыларының бастамасымен құрылғанын Іскерлік кеңес екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты нығайтуға арналған тиімді алаңға айналғанын атап өтті.Өз кезегінде, Бельгияның Астанадағы Елшісі Анри Вантигем Қазақстанның Орталық Азиядағы стратегиялық рөлін атап өтіп, шетелдік компаниялардың табысты қызметіне ықпал ететін елдің тиімді сыртқы экономикалық саясатының маңыздылығына тоқталды.Кездесу барысында Қазақстан мен Бельгия бизнес-қоғамдастықтарының кең ауқымды ынтымақтастығы мәселелері - әсіресе логистика, жасыл энергетика, химия өнеркәсібі мен биотехнология, жоғары білім беру салаларындағы әріптестік басты назарда болды.Қатысушылар екі ел арасындағы сауда байланыстарының өсіп келе жатқанын атап өтіп, нақты ынтымақтастық жобаларын талқылады.Іс-шара аясында Astana NAN, Artex, Batys Wood Works және басқа да қазақстандық компаниялардан құралған іскерлік делегацияның өкілдері бельгиялық ықтимал серіктестерімен мазмұнды келіссөздер жүргізді.Анықтама: Бельгия Қазақстан экономикасына ірі шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Бельгиядан Қазақстанға тартылған инвестициялар көлемі 1,2 млрд. АҚШ долларынан асты. Сонымен қатар, 2024 ж. Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 456,3 млн. АҚШ долларын құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1012299?lang=kk
Қарағанды мен Куманово басшылары өңіраралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 08.06.2025
Қарағанды, 2025 жылғы 30 мамыр – Астана халықаралық форумы аясында Солтүстік Македонияның Куманово қаласының мәрі Максим Димитриевски Қарағанды қаласына барды.Сапар барысында М.Димитриевски Қарағанды қаласының әкімі М.Кожуховпен және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті.Тараптар екі қала арасындағы өзара қызығушылық тудыратын түрлі салалардағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.М.Кожухов Қарағанды қаласының тарихы, экономикалық әлеуеті, әлеуметтік-мәдени дамуы туралы айтып, екі ел қалалары арасында тығыз ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірді.М.Димитриевски Қарағанды мен өңірдің қазіргі даму деңгейін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Қарағанды қаласы әкімдігі мен Куманово қаласы муниципалитеті арасында сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ қалалық басқару, көлік, экология және әлеуметтік даму салаларында тәжірибе алмасуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Меморандумға қол қою тараптардың ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестікке ұмтылысын растады.Келіссөздерге Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов және Куманово қаласындағы ҚР Құрметті консулы Эюп Абдулахи қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1012300?lang=kk
Қазақстан мен Солтүстік Македония энергетикалық ынтымақтастықты нығайтуда 08.06.2025
Астана, 2025 жылғы 29 мамыр – Астана халықаралық форумы (AIF-2025) аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Аккенженов Солтүстік Македония Республикасының энергетика, тау-кен өнеркәсібі және пайдалы қазбалар министрі Саня Божиновскамен кездесті.Тараптар жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамытуға баса назар аудара отырып, екі елдің энергетика секторындағы ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.Е.Аккенженов Қазақстанның «жасыл» энергетика секторының белсенді дамуын атап өтіп, македондық серіктестерді жобаларға қатысуға шақырды. Ол біздің еліміздің халықаралық танылған аукциондық сауда-саттық тетігін пайдалана отырып, ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыруда табысты тәжірибесі бар екенін және осы бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті.Министр С.Божиновска ЖЭК дамытудың қазақстандық тәжірибесін зерделеуге қызығушылық білдірді. Заңнамалық бастамаларға, аукциондық рәсімдерге және инвесторларды мемлекеттік қолдау тетіктеріне ерекше қызығушылық танытты.Кездесуге Солтүстік Македония Республикасындағы Қазақстанның Елшісі Сатыбалды Бұршаков қатысты.Сонымен қатар, AIF-2025 аясында С.Божиновска халықаралық сарапшылармен бірге «The Resource Race: who Controls The Green Future» панельдік талқылауына қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1012301?lang=kk
Астанада AIF-2025 аясында Солтүстік Македония Экономика және еңбек министрі баяндама жасады 08.06.2025
Астана, 2025 жылғы 29 мамыр – Астана халықаралық форумы (AIF-2025) аясында Солтүстік Македонияның Экономика және еңбек министрі Бесар Дурмиши «Жасанды интеллект пен шығармашылық индустрия дәуіріндегі зияткерлік меншік: қиындықтар мен мүмкіндіктер» тақырыптық сессиясында сөз сөйледі.Б.Дурмиши Солтүстік Македонияның зияткерлік меншікті дамыту және қорғау жөніндегі ұлттық стратегиясын инновацияға негізделген экономиканың негізгі құрамдас бөлігі ретінде ұсынды, бұл шағын және орта бизнестің стартаптарына ерекше назар аударды.Министр Солтүстік Македония үшін зияткерлік меншік тек құқықтық қорғаныс емес, сонымен бірге нақты экономикалық ресурс екенін атап өтті.Инновациялық инфрақұрылымды дамытуға басты назар аударылды: заманауи технологиялық парк салу, сондай-ақ Еуропалық цифрлық инновациялар орталығының қолдауымен шағын бизнеске арналған цифрлық трансформация бағдарламаларын іске асыру.Солтүстік Македонияның AIF-2025-ке қатысуы оның инновацияларға, инвестицияларға және тұрақты экономикалық дамуға ашық болуға деген ұмтылысын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1012302?lang=kk
Қазақстан мен Корея ғарыш саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 08.06.2025
Тэджон, 2025 жылғы 3 маусым – Қазақстан «International Space Summit 2025» халықаралық көрмесіне ұлттық стендпен қатысып, ғарыш саласындағы соңғы жетістіктер мен жаһандық даму перспективаларын таныстырды.Іс-шараға мемлекеттік және жеке ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, инвесторлар мен дипломаттар қатысып, ғарыш технологияларын дамыту мен халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.Қазақстан тарапынан форумға Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қайыржан Қожаев, «Galam» ЖШС директорының орынбасары Әділсұлтан Лепес және Ионосфера институтының директоры Серік Нұрақынов қатысты.Форумның ашылуында сөз сөйлеген қазақ Елшісі Қазақстанның ғарыш саласына шолу жасап, оның ел үшін стратегиялық маңыздылығын және одан әрі даму әлеуетін атап өтті. Сондай-ақ, ол Қазақстан аумағында орналасқан Байқоңыр ғарыш айлағы – әлемдегі ең көне және ең ірі жұмыс істеп тұрған ғарыш айлағы екенін еске салды.Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығына арналған бейнеүндеуінде соңғы онжылдықтарда жүзеге асырылған ауқымды ғарыш жобаларының ұлттық экономикаға қосқан үлесін атап өткенін және Байқоңырды халықаралық ынтымақтастық, ғылыми алмасу, туризм және білім беру орталығына айналдыруға ұмтылатынын жеткізді.Сондай-ақ, Елші «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы корей компанияларымен отандық ғарыш инфрақұрылымы мен технологияларын дамыту саласында ең жоғары деңгейдегі келісімдерге сәйкес ынтымақтастықты дамытып жатқанын хабарлады. Ол Қазақстанның спутниктік байланыс сияқты негізгі бағыттарға инвестиция салуды жалғастырып жатқанын атап өтті.Сонымен қатар, ол елде «KazSat» байланыс спутниктері мен «KazEOSat» жерді қашықтықтан зондтау спутниктері сәтті жұмыс істеп тұрғанын, олардың телекоммуникациялық инфрақұрылым мен кеңістіктік мониторинг жүйесін дамытуда маңызды рөл атқаратынын айтты.Саммит аясында қазақстандық делегация іс-шараның негізгі ұйымдастырушыларының бірі болған Contec Space Group компаниясының Төрағасы Сон Хи Лимен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылап, өзара іс-қимылдың басқа да перспективалық бағыттары бойынша пікір алмасты.Форумға қазақстандық делегацияның қатысуы екі елдің инновациялық және жоғары технологиялық секторларда, соның ішінде аэроғарыш өнеркәсібінде серіктестікті тереңдетуге деген өсіп келе жатқан қызығушылығын растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1012303?lang=kk
Мемлекеттік рәміздер күні 08.06.2025
2025 жылдың 4 маусымында Қостанай қаласында Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Мереке аясында облыс әкімдігінің алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.Аталған іс-шараға Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова және департамент қызметкерлері қатысты.Мемлекеттік рәміздер күні - мемлекеттіліктің басты белгілерін құрметтеу мен насихаттауға арналған маңызды күн. Бұл атаулы күн азаматтардың ұлттық рәміздерге деген жауапкершілігін арттырып, патриоттық сана мен бірегейлік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1012304?lang=kk
Алматы облысында Мемлекеттік Ту бір мезетте көкке көтерілді 08.06.2025
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматы облысында «Тұғырлы Туым» атты ауқымды патриоттық акция өтті. Бұл күні өңірдің барлық аудан-қалаларында бір мезетте Мемлекеттік Ту көкке көтеріліп, елдік пен бірліктің белгісі ретінде ұлықталды.Мерекелік шараның басты бөлімі Іле ауданының Өтеген батыр кенті мен Қонаев қаласының 5-жағажайында ұйымдастырылды. Таңғы сағат 9:00-де Өтеген батыр ауылында Мемлекеттік Ту тұғыры маңына жиналған көпшілік Әнұранды бірге шырқап, көк байрақтың көкке көтерілу сәтіне куә болды.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жиналған жұртшылықты құттықтап, Мемлекеттік рәміздердің ел болашағын тәрбиелеудегі маңызын атап өтті:«Ту көтеру – тек салтанатты рәсім ғана емес, бұл – ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің, ұлттық рухты жаңғыртудың нақты көрінісі. Мемлекеттік рәміздер – әр азаматтың жүрегіндегі отансүйгіштік сезімін оятатын киелі нышан», – деді өңір басшысы.Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Мемлекеттік рәміздеріміз – күллі халқымызға қастерлі нышандар» деген сөзіне тоқталып, тәуелсіздіктің құндылығына ерекше мән берді.Шара аясында концерттік бағдарлама ұсынылып, патриоттық әндер шырқалды.Қонаев жағажайында — шеру мен су шоуыМерекенің екінші кезеңі Қонаев қаласындағы 5-жағажайда жалғасты. Қала көшелерімен өткен «Тұлпар» ретро көліктер шеруі мерекеге көрік беріп, жағажай алаңына тізіліп қойылды. Қала әкімінің құттықтауынан соң, концерттік бағдарлама ұсынылды.Көпшіліктің ерекше ықыласына бөленген сәт — кәсіби флайбордшы Олеся Колесниченконың су үстіндегі көрінісі болды. Ол катерлер мен желкенді қайықтардың арасында әуеге көтеріліп, акробатикалық өнер көрсетті.Рәміз – ұлттың рухы«Тұғырлы Туым» акциясы — халықтың патриоттық рухын көтеріп, мемлекеттік нышандарға деген құрметті арттыруға бағытталған тағылымды бастама. Бұл күн — жас ұрпаққа елдік пен бірлік туралы ой салып, ел рәміздерінің қадірін терең ұғынуға мүмкіндік берді.“Бір мезетте көкке көтерілген Ту – еліміздің тұтастығы мен халқымыздың жүрегіндегі ортақ мақтаныштың белгісі”, – дейді ұйымдастырушылар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1012314?lang=kk
Бүгін ауданда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. 08.06.2025
Мерекелік бағдарлама Мемлекеттік Гимнді жаппай орындаумен басталды. Оған жастар мен еңбек ұжымдарының өкілдері белсене қатысты.Мемлекеттік Туды көтеру құрметі Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы Жақсылық Шыңғыс Ақылбекұлына берілді.Іс-шара жалғасын жастардың жарқын флешмобы мен патриоттық әндердің орындалуымен тапты.Іс-шара мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын, олардың ұлттық сананы қалыптастырудағы және Тәуелсіз Қазақстанды нығайтудағы маңызды рөлін тағы бір мәрте еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1012318?lang=kk
Өңір басшысы Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты 08.06.2025
Ақтөбеде Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті. Орталық саябақтағы басты Ту тұғыр алаңында Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.Шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, мемлекеттік қызметшілер, құқыққорғау органдарының өкілдері, жастар ұйымдары, волонтерлер мен қала тұрғындары қатысты.Қатысушылар Қазақ камералық хоры және эстрадалық үрмелі аспаптар оркестірінің сүйемелдеуімен Әнұранды орындады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде көкке көтерілді.Құттықтау сөзінде облыс әкімі Асхат Шахаров мемлекеттік рәміздердің патриотизм мен ұлттық сананы нығайтудағы рөлін атап өтті.«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны — бұл біздің мемлекеттілігімізді күллі әлем алдында айқындайтын ең биік құндылықтарымыз. Рәміздер халқымызға ерекше рух береді, елге деген мақтаныш сезімін оятады. Бүгінде ақтөбеліктер спорт, ғылым мен мәдениет салаларындағы жетістіктерімен Қазақстан туын биікке көтеруде. Көк байрағымыз әрдайым биікте желбірей берсін!», — деді  өңір басшысы.Іс-шара түрлі жас және түрлі мамандық иелерінің басын патриоттық рухта біріктіре отырып, әрбір жанға бірлік, ұрпақтар сабақтастығы мен Отанға деген сүйіспеншіліктің маңызын еске салды.Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын 4 маусымда аталып өтеді және ол — ұлттық бірегейлік пен тәуелсіздіктің құндылығын айқындайтын ел тарихындағы маңызды күн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-karzhy/press/news/details/1012319?lang=kk
Солтүстікте Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтілді 08.06.2025
Бүгін Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілуде — бұл Тәуелсіздігіміздің рухын және ұлттық бірлікті бейнелейтін ерекше дата. Айтулы күнге орай облыс орталығында СҚО әкімінің қатысуымен мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті, сондай-ақ еліміз бен өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға марапаттар салтанатты түрде табысталды.Ту, Елтаңба және Әнұран — бұл жай ғана белгілер емес. Олар — бостандықтың, патриотизмнің, тарихымызға, ана тілімізге, мәдениетіміз бен дәстүрлерімізге деген құрметтің символдары. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет — Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі және әр азаматтың парызы."Баршаңызға шын жүректен бейбіт өмір, бақыт, амандық және гүлденген Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін. Көк Туымыз әрдайым желбірей берсін! Мереке құтты болсын!", - деп атап өтті өңір басшысы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1012346?lang=kk
Бүгін — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні 08.06.2025
Бүгін — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Бұл күн — Ту, Елтаңба мен Әнұран арқылы тәуелсіздігіміз бен бірлігімізді дәріптейтін маңызды мереке.Мемлекеттік рәміздер — елдің жүрегі, халқымыздың рухы мен мақтанышы!1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз елдің жаңа Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Әнұранын бекітті. Бұл күн — еліміздің тарихындағы маңызды оқиға болды. 2007 жылдан бастап бұл күн ресми түрде Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтеді.Ту — бейбітшілік пен бірліктің белгісі. Көк түс — ашық аспан мен ел тұтастығын білдіреді. Күн мен қыран — еркіндік пен жарқын болашақтың символдары.Елтаңбада — шаңырақ бейнеленген, ол — бірлік пен отбасылық құндылықтың белгісі. Қанатты тұлпарлар — биік арман мен даму жолындағы ұмтылысты білдіреді.Әнұран қазіргі нұсқасы 2006 жылы қабылданды. Негізі — «Менің Қазақстаным» әні. Авторы — Жұмекен Нәжімеденов (сөзі), Шәмші Қалдаяқов (әуені), мәтініне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өңдеу енгізген.#МемлекеттікРәміздерКүні #Қазақстан #Отаным #ҰлтМақтанышыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1011847?lang=kk
Қостанайда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 08.06.2025
4 маусым күні Қостанай облысы әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға облыстық басқарма өкілдері, жастар, әскери қызметшілер, белсенді азаматтар, оқушылар мен студенттер қатысты. Салтанатты шара Мемлекеттік Тудың көтеріліп, Әнұранның шырқалуымен басталды. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздердің елдік пен бірлікті нығайтудағы маңызын атап өтті. «Мемлекеттік рәміздер – бұл тек Тәуелсіздіктің белгілері ғана емес. Бұл – халқымыздың рухын көтеретін, барша қазақстандықты біріктіретін қасиетті құндылықтар. Әнұран, Ту мен Елтаңба арқылы әлем Қазақстанның бейбітшіл, қуатты әрі ашық мемлекет екенін таниды», – деді өңір басшысы. Өз сөзінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай облысының ел дамуына қосып отырған үлесіне де тоқталды. Биыл өңірде ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылуда, тұрғын үй және инфрақұрылым құрылысы белсенді жүргізілуде, экономиканың негізгі салаларында өсім байқалады. Салтанатты жиында патриоттық бастамалар мен ағартушылық жобаларға белсене қатысқан үздік оқушылар, студенттер мен әскери қызметшілер алғыс хаттармен марапатталды. Шара барысында шығармашылық ұжымдар Отанға арналған әндерді орындап, жастар флешмоб ұйымдастырды. Мерекелік шара еліміздің Мемлекеттік Әнұранының тағы бір мәрте орындалуымен және Мемлекеттік Туға құрмет көрсетумен қорытындыланды. Қатысушылар Қазақстанның Тәуелсіздігін, бірлігі мен болашағын көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге дайын екендерін білдірді. Мемлекеттік рәміздер күні – әрбір азаматқа туған еліне деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті еске салатын тағылымды мейрам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1011863?lang=kk
Стратегиялық даму: «Полудинское» ЖШС мал шаруашылығында қуаттылықты арттыруда 08.06.2025
Мағжан Жұмабаев ауданы Полудино ауылында 2021 жылы іске қосылған «Полудинское» ЖШС сүт кешені белсенді дамып келеді. 400 бас ірі қара малға есептелген бұл ауқымды жоба шаруашылықтың меншікті инвестициясының 3 миллиард теңгесінің арқасында іске асырылды.Еуропадан жоғары өнімді табын құру үшін симменталь және голштино-фриз тұқымдарының 337 аналық басы әкелінді. Жобаны іске асыру шеңберінде екі сиыр қорасы, сауу залы, перзентхана блогы, жас жануарларға арналған үй-жай салынды, сондай-ақ «De Laval» компаниясы шығарған 40 басқа арналған «Карусель» заманауи сауу жабдығы орнатылды.Шаруашылық дамуын жалғастыруда: аналық мал басын 1000 басқа дейін ұлғайту мақсатында жақын арада тағы үш сиыр қорасын салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта олардың біреуінің құрылысы жүргізілуде — 300 басқа арналған. Сондай-ақ, екі сүрлем шұңқырының құрылысы аяқталды, бұл сенімді қоректендіруді қамтамасыз етеді.Жобаны іске асыру аудан экономикасының дамуына елеулі үлес қоса отырып, 10 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Кешенді кеңейту Жұмыспен қамтудың жаңа мүмкіндіктерін және өңірдің агроөнеркәсіптік секторын одан әрі нығайтуды уәде етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1011869?lang=kk
Қостанай ауданында заманауи Балалар шығармашылығы үйі ашылды 08.06.2025
Қостанай ауданының Тобыл қаласында 1300 балаға арналған жаңа Балалар шығармашылығы үйі өз есігін ашты. Салтанатты шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.Өз сөзінде өңір басшысы еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белгілеген басты міндеттердің бірі – адами капиталды дамыту және жастардың әлеуетін толық ашуға жағдай жасау екенін атап өтті. Мемлекет балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық, ғылыми, спорттық және қоғамдық бастамаларын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін орта қалыптастыруды жүйелі түрде жалғастырып келеді.«Балалар әлемі» қосымша білім беру орталығының құрылысына мемлекеттік бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлінді. Жаңа нысан заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптарына толықтай сай келеді.Бұл ғимаратта Балалар шығармашылығы үйі мен Балалар музыка мектебі бір шаңырақ астында орналасқан. Шығармашылық үйінің аясында 50-ге жуық үйірме жұмыс істейді. Олардың қатарында түрлі тілдегі пікірсайыс клубтары, актерлік шеберлік, экология, өлкетану, хореография және ұлттық спорт түрлеріне (тоғызқұмалақ, асық ату, дәстүрлі ойындар) арналған үйірмелер бар. Сонымен қатар, робототехника, лего-құрастыру, фото және бейнестудиялар, STEAM-зертханасы мен гидропоника кабинеті жұмыс істейтін заманауи технопарк ашылды.Музыка мектебінде 250-ден астам оқушы 12 бағыт бойынша білім алуда. Өткен оқу жылының өзінде мектептің материалдық-техникалық базасы 107 миллион теңгеге жаңартылды: жаңа музыкалық аспаптар мен заманауи цифрлық құрал-жабдықтар сатып алынды. Оқушылар арасында ұлттық рухты оятатын киелі аспап — домбыра ерекше сұранысқа ие (86 бала). Сонымен қатар, қобыз бен жетігенге қызығушылық танытқан балалардың қатары жыл сайын артып келеді.Соңғы үш жыл ішінде аталмыш мекеме шәкірттері 200-ден астам өңірлік, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Соңғы жетістіктердің бірі — Дильназ Әлембаеваның «Бала шабыты» халықаралық байқауында иеленген Гран-приі және Батыр Қаржаспаевтың Латиф Хамиди атындағы халықаралық байқауда бірінші дәрежелі лауреат атануы.— Өткен жылдың қарашасында «IQostanay» SMART орталығының ашылуында мен мұндай заманауи орталықтар әр аудан мен қалада болуы тиіс екенін айтқан едім. Бүгінде бұл сөз нақты іспен дәлелденіп отыр. Осындай білім ордаларында болашақтың жұлдыздары тәрбиеленетініне сенімдімін, — деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Жыл соңына дейін Жангелдин ауданында 100 орындық жаңа Шығармашылық үйінің ашылуы жоспарланған.Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау – Қостанай облысының басты басымдықтарының бірі болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1011875?lang=kk
Еуропа Кеңесімен ынтымақтастықты нығайту 08.06.2025
2025 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Еуропа Кеңесінің Экономикалық қылмысқа қарсы күрес және ынтымақтастық бөлімінің басшысы Евгений Евгениев мырзамен кездесу өтті.Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағыынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық саясатты жетілдіру, халықаралық стандарттарды енгізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) ұсынымдарыніске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сол күні Astana International Forum алаңында Агенттік делегациясы Астана қаласында өткен 2024-2027 жылдарға арналған Еуропа Кеңесінің Қазақстанмен тату көршілік жөніндегі ынтымақтастығының басымдықтары жөніндегі конференцияға қатысты.Іс-шараның негізгі мақсаттары Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы болашақ өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын таныстыру, сондай-ақ бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыруүшін ресурстарды жұмылдыру мәселелерін талқылау болды.#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП _ ❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/1011912?lang=kk
Деструктивтіліктің белгілері 08.06.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1011924?lang=kk
Шығыс Қазақстан кәсіпкерлері кәсіподағы алаңындағы семинар 08.06.2025
2025 жылғы 29 мамырда Шығыс Қазақстан облысында Мемлекеттік кірістер департаменті «Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі алаңында семинар өткізді.Негізгі баяндамамен Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Сабралимова Гүлмира Камильевна сөз сөйледі. Ол жалпыға бірдей декларациялау және мобильді аударымдар мәселелерін қозғап, қатысушыларды өткізіліп жатқан акциялармен: «Түбіртекті талап ет — жүлде ұтып ал», «Бәйге» және «Salyq-кэшбек» пилоттық жобасымен таныстырды.Спикер сондай-ақ 250, 270 салық есептілігі нысандарын тапсыру тәртібі, тәсілдері мен мерзімдері туралы, сонымен қатар ҚР ҚМ МКК-нің цифрлық жаңалықтары: «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «Salyq Bot» чат-боты және салық заңнамасындағы басқа да жаңашылдықтар жөнінде хабардар етті.Баяндамалардан кейін семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, берілген түсініктемелер үшін алғыстарын білдірді. Барлық сұрақтарға нақты жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1012014?lang=kk
Ұландықтар Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті 08.06.2025
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шара әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындауымен басталды.Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының бастығы полковник Нұрбай Бектұрсыновтың жеке құрамның шараға дайындығы туралы баяндамасынан кейін Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары полковник Еркебұлан Хамидуллин әскери қызметшілерді мерекемен құттықтады.— 1992 жылғы 4 маусымда "Мемлекеттік рәміздерді бекіту туралы" Заңға қол қойылды. Мемлекеттік рәміздер ұлттық болмысымызды,  даналық пен халқымыздың арман-тілектерін бейнелейді. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу — Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті міндеті және ел мен жерді, халықты, тарихты, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қастерлеуді білдіреді. Егемен еліміз әрқашан дамып, өркендей берсін, мемлекеттік рәміздеріміз әлемге танылсын! — деді Е.Хамидуллин.Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер — ажырамас ұғым. Төл нышандарымыз патриотизмді оятар ұлттық мақтаныш болып табылады. Бүгінде еліміз басқа мемлекеттерге тең зайырлы ел ретінде танылды. Ел Президентінің сапарлары барысында және түрлі әлемдік тұғырларда Мемлекеттік Ту биіктен желбірейді.Айта кету керек, бүгін ҚР ІІМ Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінде мемлекеттік рәміздерге арналған іс-шаралар өткізілуде. Іс-шара салтанатты шерумен аяқталды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі         Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1012026?lang=kk
Балалар үшін ұмытылмас мереке! 08.06.2025
Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты тәрбиелеуге ерекше назар аударып, оны игі мақсаттарға жетуге бағыттау қажеттігін атап өтті. Балаларды қорғау күні қарсаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде қызметкерлердің балаларына арналған балалар мерекесі өтті.Іс-шара барысында «Салықтар мен сыбайлас жемқорлық - жақсылық пен жамандық» тақырыбында балалар шығармашылығы байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды.Конкурстық комиссия шешімінің қорытындысы бойынша: 3-6 жас аралығындағы бірінші санатта жеңімпаздар - 1 орын –Алиса Фомич, 2 орын – Мәди Бақытжан, 3 орын - Лина Қайдар7-10 жас аралығындағы екінші санатта 1 орын – Арлан Айтжанов, 2 орын – Зере Темірхан, 3 орын –Ерұлан Сапаров және Айсезім Смағұл жеңіске жетті. 11-15 жас санатында бірінші орында Самира Әбдірахманова, екінші орында Шыңғыс Оралбай, үшінші орында Нәби Темірхан мен Азамат Сапаров.Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.Балалар үшін аниматорлардың қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.Мереке мейірімді, көңілді және есте қаларлық болды. Алда балалардың жазғы демалысы және бұл іс-шара оларды жарқын бастама деп санауға болады. #BIRGEDAMYUSHIN#       Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1012036?lang=kk
Терроризмді қаржыландырудағы краудфандинг 08.06.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1012041?lang=kk