Қоғам
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні: Ұлттық ұланның шығармашылық ұжымдары 28.05.2025
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланындағы әскери қызметтің қатаң талабы мен тәртібінің артында музыкаға, биге және шабытқа толы шығармашылық әлем жатыр. Мұнда тек құқықтық тәртіп сақшылары ғана емес, сонымен қатар өнер арқылы жауынгерлік рухты көтеріп жүрген кәсіби музыканттар, әртістер мен хореографтар да қызмет етеді.ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Ән-би ансамблі 1992 жылы құрылып, еліміздің мәдени өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Оның құрамында Ғайни Жұмашева, Жұлдыз Жәбелова, Бауыржан Тұрғымбаев, Ерасыл Бозаев, Бауыржан Мақаев сияқты Еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, Халықаралық байқаулардың лауреаттары бар.Бүгінде Ансамбль қазақстандық патриоттық композицияларды, заманауи аранжировка өңделген халық әндері мен күйлерін, жарқын хореографиялық этюдтерді, сондай-ақ әлемдік хиттардың каверларын орындайды. Репертуарда тек әскери және фольклорлық музыка ғана емес, сондай-ақ жастар стилі, әлем халықтарының билері де бар. Бұл туындылар әскер мен қоғам арасындағы мәдени байланысты нығайта отырып, көрермендердің назарын баурайды.Айта кетейік, 21 мамыр күні кешке шығармашылық ұжым қазақстандық әнші Батырхан Шүкеновті еске алу кешін өткізеді. Бұл күні әскери өнерпаздар елорда тұрғындары мен қонақтарына әншінің рухына құрмет көрсете отырып, терең эмоционалды, лирикаға толы музыкалық кеш сыйлайды.Ұлттық ұланның Үлгілік-көрсетімді оркестрі — әскери-оркестрлік қызметке өмірін арнаған нағыз хас шеберлерді топтастырған елдің жетекші музыкалық ұжымы болып табылады. Алғашқы жылдардан бастап оркестр Жоғарғы Бас Қолбасшының қатысуымен өтетін мемлекеттік рәсімдерді қоса алғанда, ауқымды іс-шараларға белсенді қатысады.Ұлттық ұланның әскери музыканттары Қазақстанды халықаралық аренада абыроймен таныстыруда. Олар бірнеше рет "Амур толқындары", "Казань фанфары", "Астана самалы", "Бейбітшілік трубасы", "Виват, Санкт-Петербург!” және басқа да халықаралық үрмелі оркестрлер фестивальдерінде өнер көрсетті.Ұжымның репертуары саптық шерулерден бастап классика мен эстрада шығармаларына дейін кең ауқымды қамтиды. Плац-концерттер мен дефиле сияқты қойылымдардың жарқын үлгісі — оркестрдің концерттерін ерекше шоуға айналдырады.Ұжым тарихындағы айрықша оқиға реиінде— Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруді айтуға болады. Үлгілік-көрсетімді оркестр парадта алғаш рет Ұлттық ұлан композиторларының "Шаттық", "Генерал Шәкір Жексенбаев", "Елдің қорғаны" және "Батыр" авторлық шығармаларын жоғары деңгейде орындап шықты.Бүгінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының қатарында 420-дан астам шығармашылық маман қызмет етеді. Олар тек әскери әртістер ғана емес, сонымен қатар кәсіби шеберлікті, талант пен Отанға деген адалдықты қамтыған мәдени майданның батыл қорғаушылары. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1000387?lang=kk
MBRSG атқарушы директоры Али бин Себаа әл-Марримен кездесу 28.05.2025
Мохаммед бен Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің (Дубай қ.) атқарушы директоры доктор Али бин Себаа әл-Марримен кездесу өтті.Кездесу барысында білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1000391?lang=kk
Қазақстандықтар телефондарының IMEI арқылы верификация статусын тексере алады 28.05.2025
Қазақстандықтар енді өздерінің мобильді құрылғыларының верификация статусын eGov Mobile мобильді қосымшасы, www.gov.kz және imei.rfs.gov.kz порталдары арқылы тексере алады. Жаңа сервис Идентификациялық кодтар дерекқоры арқылы (ИКД) IMEI-кодтың тіркелген-тіркелмегенін анықтауға, сондай-ақ нақты құрылғыға байланған нөмірлердің санын білуге мүмкіндік береді.IMEI (International Mobile Equipment Identity) – бұл әрбір ұялы байланыс құрылғысына берілетін бірегей 15 таңбалы нөмір. Ол құрылғының өндірушісі, моделі және жасалған елі туралы ақпаратты қамтиды.Сервистің көмегімен пайдаланушылар өз құрылғыларының IMEI статусын тексере алады. Егер IMEI-код тіркелген құрылғылар базасында бар болса, жүйе оның желіде тіркелгені туралы хабарлайды. Егер код базада табылмаса, жүйе тексеріс жүргізіп, келесі ақпаратты көрсетеді: IMEI сәтті верификацияланған және Қазақстан Республикасында қолдануға болады немесе IMEI верификацияланбаған.eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қызметті пайдалану үшін пайдаланушы:eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту керек;басты беттегі «Танымал қызметтер» бөлімінен «Абоненттік құрылғының IMEI кодын тексеру» сервисін таңдау қажет;жеке деректерге қол жеткізуге рұқсат беру керек;тексерудің қолжетімді әдістерінің бірін таңдап, нәтижемен танысу қажет.www.gov.kz порталында қызметті пайдалану үшін:Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайтына өту;«Абоненттік құрылғының IMEI кодын тексеру» сервисіне сілтеме немесе баннер арқылы кіру;тексерудің қолжетімді әдістерінің бірін таңдап, нәтижемен танысу.imei.rfs.gov.kz порталында қызметті пайдалану үшін:imei.rfs.gov.kz сайтына өту;тексерудің қолжетімді әдістерінің бірін таңдап, нәтижемен танысу.Бұдан бөлек, пайдаланушыларға ЖСН арқылы тексеру функциясы да қолжетімді. Ол арқылы өз ЖСН-ына қанша мобильді нөмір тіркелгенін білуге болады. Сондай-ақ IMEI-код бойынша абонентті тексеру сервисі бар, ол белгілі бір құрылғыны қанша абоненттік нөмір қолданғаны жөнінде ақпарат береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1000848?lang=kk
Дубай қ. іскер әйелдер кеңесінің өкілімен Надин Халабимен кездесу 28.05.2025
Дубай іскер әйелдер кеңесінің бизнес пен операцияларды дамыту жетекшісі Надин Халабиге ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан 2025 жылғы 26 қыркүйекте Алматыда өтетін "BeWOMAN ASIA" Орталық Азия Форумына шақыру хаты табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1000397?lang=kk
Аз қамтылған отбасыларды қолдау және әлеуметтік тұрақтылықты арттыру құралы ретінде атаулы әлеуметтік көмек 28.05.2025
Қостанай облысында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау жұмыстары жалғасуда. Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) – кедейлік шегінен төмен тұратын адамдарға тағайындалады.2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыста 1 440 отбасы немесе 6 365 адам АӘК алуда, олардың ішінде 4 140-ы — 18 жасқа дейінгі балалар. Жалпы төлем сомасы 282,5 млн теңгені құрады.Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда АӘК алушылар саны 26,5%-ға азайған. Бұл көптеген отбасылардың табысын арттырып, жұмысқа орналасуы нәтижесінде қаржылық жағдайларын жақсартуына байланысты.Еңбекке жарамды АӘК алушылардың ішінен 253 адам жұмыспен қамту шараларына тартылды – бұл жұмысқа мұқтаждардың 100%-ын құрайды.АӘК алатын отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға қосымша ай сайынғы төлем тағайындалған. 2025 жылы мұндай төлем 1 837 балаға төленіп, жалпы сомасы 34,5 млн теңгені құрады.Жыл басынан бері Қазақстанда FSM Social атты мобильді қосымша енгізілді. Ол учаскелік комиссияларға отбасылардың өмір сүру жағдайын объективті бағалауға көмектеседі. Қосымша тұрмыстық жағдайларды фотоға түсіріп, геолокацияны тіркеп, формалды тәсілді болдырмайды.Мамандар FSM Social-дың басты артықшылықтары ретінде нақты геолокациямен тексеру, шешім қабылдау процесінің жеңілдеуі, көмектің айқындылығы мен атаулы болуын атап өтеді.Жаңашылдықтың арқасында деректер жинаудың дәлдігі арттырылып, әлеуметтік көмекті әділ тағайындау күшейтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1000434?lang=kk
Исламабад адвокаттар қауымдастығы мен Астана адвокаттар алқасы арасындағы ынтымақтастық 28.05.2025
Исламабад, 2025 ж. 20 мамыр – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин Исламабад қаласының Жоғарғы Сотының адвокаттар қауымдастығымен кездесті.Кездесу барысында қауымдастық басшылығы ұйым қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып, Қазақстан астанасынан ұқсас ұйымдармен ынтымақтастық орнату бойынша ұсыныстарымен бөлісті.Өз тарапынан Елші осы жылы өткен іс-шаралар туралы, атап айтқанда Құрлық әскерлері штабының басшысы, генерал Асим Мунирдің Астанаға сапары, Исламабадтағы Үкіметаралық комиссияның 13-ші отырысының және Карачидегі бизнес-форумның негізгі қорытындылары туралы айтып, екі жақтың да көпжоспарлы ынтымақтастықты арттыруға деген қызығушылығының өсіп келе жатқанын атап өтті.Бұл тұрғыда екіжақты ынтымақтастықты одан әрі әртараптандыру үшін құқықтық негіздерді дамытудың маңыздылығы, сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның қолданыстағы құқықтық жүйелерін зерттеу және тәжірибе алмасу қажеттілігі ерекше атап өтілді.Өз тарапынан қауымдастық басшылығы мен мүшелері айтылған ұсыныстарды қолдап, тәжірибе алмасу және Қазақстанның заңнамалық базасын зерделеу, ҚР заң ұйымдарымен және университеттерімен ынтымақтастықты жолға қою үшін Астанаға келуге ниет білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша жақын арада Исламабад қаласы Жоғарғы Сотының адвокаттар қауымдастығы мен Астана адвокаттар алқасы арасында онлайн-форматта келіссөздер жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1000436?lang=kk
Жұмыс кеңесі 28.05.2025
2025 жылдың 20 мамырында әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Аитова жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес барысында 2025 жылдың 1 маусымында басталатын Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеудің басталуы туралы ақпарат жеткізілді. Президенттік жастар кадрлық резерві білікті, бастамашыл және перспективалы жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға бағытталған мемлекеттік жоба болып табылады. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1000046?lang=kk
Қазақстандықтар телефондарының верификация статусын IMEI арқылы тексере алады 28.05.2025
Қазақстандықтар енді өздерінің мобильді құрылғыларының верификация статусын eGov Mobile мобильді қосымшасы, www.gov.kz және imei.rfs.gov.kz порталдары арқылы тексере алады. Жаңа сервис Идентификациялық кодтар дерекқоры арқылы (ИКД) IMEI-кодтың тіркелген-тіркелмегенін анықтауға, сондай-ақ нақты құрылғыға байланған нөмірлердің санын білуге мүмкіндік береді.IMEI (International Mobile Equipment Identity) – бұл әрбір ұялы байланыс құрылғысына берілетін бірегей 15 таңбалы нөмір. Ол құрылғының өндірушісі, моделі және жасалған елі туралы ақпаратты қамтиды.Сервистің көмегімен пайдаланушылар өз құрылғыларының IMEI статусын тексере алады. Егер IMEI-код тіркелген құрылғылар базасында бар болса, жүйе оның желіде тіркелгені туралы хабарлайды. Егер код базада табылмаса, жүйе тексеріс жүргізіп, келесі ақпаратты көрсетеді: IMEI сәтті верификацияланған және Қазақстан Республикасында қолдануға болады немесе IMEI верификацияланбаған.eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қызметті пайдалану үшін пайдаланушы:eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту керек;басты беттегі «Танымал қызметтер» бөлімінен «Абоненттік құрылғының IMEI кодын тексеру» сервисін таңдау қажет;жеке деректерге қол жеткізуге рұқсат беру керек;тексерудің қолжетімді әдістерінің бірін таңдап, нәтижемен танысу қажет.www.gov.kz порталында қызметті пайдалану үшін:Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайтына өту;«Абоненттік құрылғының IMEI кодын тексеру» сервисіне сілтеме немесе баннер арқылы кіру;тексерудің қолжетімді әдістерінің бірін таңдап, нәтижемен танысу.imei.rfs.gov.kz порталында қызметті пайдалану үшін:rfs.gov.kz сайтына өту;тексерудің қолжетімді әдістерінің бірін таңдап, нәтижемен танысу.Бұдан бөлек, пайдаланушыларға ЖСН арқылы тексеру функциясы да қолжетімді. Ол арқылы өз ЖСН-ына қанша мобильді нөмір тіркелгенін білуге болады. Сондай-ақ IMEI-код бойынша абонентті тексеру сервисі бар, ол белгілі бір құрылғыны қанша абоненттік нөмір қолданғаны жөнінде ақпарат береді.ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/1000060?lang=kk
🔸Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері мен кезеңдері туралы айтты. 28.05.2025
🔹Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған орта, сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам сынды 6️⃣ негізгі сала бойынша жүргізіледі. Кандидат тіркелу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы қажет.🔸Үміткерлерге қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады: іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5️⃣ жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.🔹Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6️⃣ кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс.🔸Құжаттарды қабылдау 2️⃣0️⃣2️⃣5️⃣ жылдың 1️⃣➖3️⃣0️⃣ маусым аралығында pkrezerv.gov.kz ресми платформасында онлайн режимде жүзеге асырылады.🔹Ұлттық комиссияның отырысының қорытындысымен үздік 5️⃣0️⃣ кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1000075?lang=kk
Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы 28.05.2025
Оқушылардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Zoom платформасы арқылы кең көлемді онлайн жиналыс өткізілді. Жиналысқа Осакаров ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Асташова С.Ф., аудандағы 31 мектеп директоры, сондай-ақ мектеп асханаларының жалға алушылары қатысты.Кездесу барысында жазғы кезеңде мектептер мен асханаларда санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау, тазалық пен қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстану, балалардың денсаулығына зиян келтіретін жағдайларға жол бермеу мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, тамақтану сапасын арттыру, тағам өнімдерін сақтау шарттары, асхана қызметкерлерінің медициналық тексерістен өту тәртібі сынды маңызды жайттарға ерекше көңіл бөлінді.Жиын қорытындысы бойынша барлық білім беру ұйымдарына жазғы демалыс барысында балалардың денсаулығын қорғау бағытында нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1000076?lang=kk
Аудан әкімі тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының жұмысымен танысты 28.05.2025
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына барып, оның қазіргі жұмыс барысымен танысты.Аудан басшысы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен Тереңөзек кенті аумағынан тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны салынғанын атап, мұның қоршаған ортаны қорғау мен қалдықтарды тиімді басқаруға мүмкіндік беріп жатқанына тоқталды. Бұл нысанның экологиялық ахуалды жақсартуға септігі мол екенін атап көрсетті.Бүгінде полигон толықтай техникалық құрылғылармен жабдықталып, мұнда қалдықтарды сұрыптау мен кәдеге жарату процесі іске асырылуда. Аудан орталығында күнделікті жинақталған қалдықтар сұрыпталып, оларды қайта өңдеуге мүмкіндіктер жасалуда. Қазіргі таңда тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында 7 адам жұмыспен қамтылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1000116?lang=kk
«PepsiCo» Қазақстандағы зауытқа инвестиция көлемін арттырады: кәсіпорын қуаттылығы үш есеге ұлғаяды 28.05.2025
Астана, 2025 жылғы 20 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров «PepsiCo» компаниясының Ресей, Беларусь, Кавказ және Орталық Азия өңірі бойынша Президенті Давид Манзинимен кездесу өткізді. Тараптар компанияның Қазақстандағы ағымдағы жобаларының іске асырылу барысын және болашақ инвестициялық жоспарларды талқылады.Кездесу барысында Алматы облысында тұзды тағамдар өндіретін зауыттың құрылыс барысына ерекше назар аударылды. Жобаның бірінші кезеңі аясында 160 млн АҚШ долларына инвестиция қарастырылған. Компания жобаның екінші кезеңін іске қосу арқылы инвестиция көлемін екі есеге арттыру жөнінде шешім қабылдағанын мәлімдеді. Жоба толық іске қосылғанда кәсіпорында 900-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылып, қуаттылығы үш есеге артады. Кәсіпорын жылына 210 000 тоннаға дейін картоп өңдеп, шамамен 70 000 тонна дайын өнім шығаратын болады. Бұл өндірістік алаң «PepsiCo»-ның аймақтағы жабдықтау тізбегінің негізгі бөлігіне айналып, ішкі және Орталық Азия елдеріндегі өсіп жатқан сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда зауыттың бірінші кезеңі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары белсенді жүргізілуде.Д. Манзини бұл жоба «PepsiCo» компаниясының Орталық Азиядағы ең ауқымды жобасы екенін және өңірде алғаш рет осындай ірі инвестициялық бастама қолға алынып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде 15 қазақстандық фермермен картоп жеткізу бойынша келісімшарттар жасалған, бұл компанияның шикізат базасын жергілікті деңгейде дамытуға бағытталған стратегиясын көрсетеді. Өндірісті іске қосу 2026 жылдың көктеміне жоспарланған.Компания жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру ниетін растады. Бұл кезеңде кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы үш есеге дейін артады. «PepsiCo» стратегиясының маңызды бөлігі – шикізатты толықтай жергілікті фермерлерден алу. Осы мақсатта 2035 жылға дейін чипстік картоптың барлық көлемін Қазақстанда өсіру жоспарланып отыр.Ә. Қуантыров Қазақстан үкіметі трансұлттық компаниялардың агроөнеркәсіптік кешен мен тамақ өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті: «PepsiCo жобаларын біз еліміздегі өңдеу саласын дамытуға бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырамыз. Өңдеу үлесін арттыру, келісімшарттық фермерлікті дамыту, жоғары қосылған құны бар экспорттық өнім өндіру – мұның бәрі Қазақстанныңаларын біз еліміздегі өңдеу саласын дамытуға бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырамыз. Өңдеу үлесін арттӨз кезегінде Д. Манзини Қазақстан билігінің шетелдік инвесторларға көрсетіп отырған қолдауына тоқталды: «Мұндай ауқымды жобаны қысқа мерзімде нөлден бастап жүзеге асыру тек орталық және жергілікті деңгейдегі билік органдарының қолдауының арқасында мүмкін болды. Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалып отыр, бұл бізге инвестицияны айтарлықтай арттырып, жобаны кеңейту туралы шешім қабылдауға негіз болды. Жобаны үйлестіру мен туындаған мәселелерді шешуде Kazakh Invest тарапынан көрсетіліп отырған кәсіби қолдауды ерекше атап өткім келеді – бұл қолдау жобаның табысты жүзеге асырылуында шешуші рөл атқарады».Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жобаны тиімді іске асыру және болашақтағы ынтымақтастық бағыттарын талқылау мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1000151?lang=kk
СЖТІТ нәтижелерін қоғамдық талқылау 28.05.2025
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, 2025 жылғы 26 мамырда Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер органдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өткізілетінін хабарлайды.Ашық талқылауға қатысу мәселелері бойынша 8 (727) 270-07-34 телефоны арқылы хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1000219?lang=kk
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті: күн тәртібінде — өңірлердің есептері, заң талаптары және өңірлік рәміздер мәселесі. 28.05.2025
2025 жылғы 20 мамырда облыс әкімінің орынбасары Нарымбетов Бақытжан Хаберұлының төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтті.Жиын барысында Амангелді, Қарасу аудандары мен Рудный қаласы әкімдерінің есептері тыңдалды. Олар Мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау бойынша өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.Сонымен қатар, Қостанай облысының полиция департаментінің өкілі «Мемлекеттік рәміздер туралы» заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қолдану тәжірибесіне тоқталып өтті.Отырыс соңында қоғамдық даму және білім басқармаларының басшылары ағымдағы жылы Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған жоспарлы іс-шаралар туралы ақпарат берді.Сонымен қатар, өңірлік нышанды өзгерту мәселесі де талқыланды. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті және мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңның 27-бабына сәйкес 2024 жылғы 30 қазанда мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен «Өңірлік рәміздер жобасын әзірлеу қағидалары» бекітілген болатын. Бұл ережелер аймақтық рәміздерді бекіту процедурасын реттейді. Аталған өзгерістерге сәйкес, қазіргі таңда Қостанай облысының өңірлік нышанын қайта қарау мәселесі туындады. Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берілдАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/1000223?lang=kk
БКМ мен фискалдық чек: әрбір тұтынушы нені білуі керек 28.05.2025
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысулар кезінде сатушы бақылау-кассалық машинаны (БКМ) пайдаланып, қағаз немесе электрондық форматта фискалдық чек беруі тиіс екенін еске салады.Фискалдық чек – бұл сатып алу фактісін растайтын заңды құжат. Чектің көмегімен заңда белгіленген мерзім ішінде тауарды қайтаруға немесе айырбастауға болады, осылайша өз құқықтарыңызды қорғай аласыз.Фискалдық чек мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:Сатушының (салық төлеушінің) атауы мен ЖСН/БСН;Кассалық аппараттың зауыттық және тіркеу нөмірі;Чек нөмірі, сатып алу күні мен уақыты;Тауар/қызмет атауы, бірлігінің бағасы, саны, жалпы сома;ҚҚС мөлшері мен мөлшерлемесі (егер салық төлеуші ҚҚС төлеушісі болса);Кассалық аппарат қолданылатын мекенжай;Фискалдық белгі және фискалдық деректер операторы туралы мәлімет;Штрихкод. Фискалдық чек бермей жатса, не істеу керек?Фискалдық чек берілмеген жағдайда азаматтар салық төлеуші орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына e-Otinish ресми сервисі арқылы шағым жолдай алады.Шағымға бұзушылықты дәлелдейтін бейнежазба, нақты мекенжайы мен уақыты, кәсіпкерлік субъектісінің атауы, сатып алынған тауар, жұмыс немесе қызмет туралы мәлімет, сондай-ақ мүмкін болған жағдайда басқа да қосымша ақпарат қоса берілуі қажет.Фискалдық чек берілмеген жағдайда салық төлеушіге алғаш рет ескерту жасалады. Бір жыл ішінде бұзушылықтар қайталанса, айыппұл салынады:нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын бизнес субъектілеріне – 20 АЕК;орта бизнес субъектілеріне – 30 АЕК;ірі бизнес субъектілеріне – 40 АЕК.Сондай-ақ, қызмет барысында БКМ болмауы құқықбұзушылық болып саналады және алғаш рет ескерту жасалады. Бір жыл ішінде бұзушылықтар қайталанса, айыппұл салынады:нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын бизнес субъектілеріне – 15 АЕК;орта бизнес субъектілеріне – 30 АЕК;ірі бизнес субъектілеріне – 50 АЕК. Сонымен қатар, салықтық мәдениетті арттыру мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылдың соңына дейін екі республикалық акция «Чекті талап ет – жүлде ұтып ал» және «Бәйге» жүргізуде. Қатысу шарты өте қарапайым – фискалдық чектерді «Amian» мобильді қосымшасында сканерлеп, тіркеу қажет. Қатысқан әрбір азамат құнды сыйлықтар мен 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай жүлдені ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Неғұрлым көп чек тіркелсе, жүлде ұтып алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1005456?lang=kk
Архивтік материалдар конституциялық бірегейлікті тексеру және тарихи-құқықтық тұрғыдан түсіндіру үшін маңызды 28.05.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Конституциялық Соттың судьялары мен оның Аппаратының қызметкерлері Астанадағы Президент Архивінің кеңсесіне барып, оның жұмысымен танысты.Архив директоры Әлия Мустафина атап өткендей, архив қорларында 1,5 миллионнан астам мемлекеттік құжат сақталған, олардың елеулі бөлігі цифрландырылып, қазіргі таңда пайдаланушыларға электрондық форматта қолжетімді.Судьялар нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеру барысында конституциялық ережелердің тарихи-құқықтық маңызын, сондай-ақ заңдар мен заңға тәуелді актілерді қабылдау кезінде заң шығарушы мен мемлекеттік органдардың еркін көрсететін мемлекеттік, оның ішінде мұрағаттық құжаттарды зерделеуге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Сонымен қатар, құқық қолдану тәжірибесінің құқықтық статистикасы да зерттеледі.Айта кету керек, Қазақстанда алғаш рет конституциялық бақылау органы құрылған 1992 жылдан бастап барлық конституциялық іс жүргізуге қатысты құжаттар Архив қорында сақталып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/999847?lang=kk
Аппарат басшысы Р.А. Жампеисов аппарат қызметінің қорытындылары мен әдеп мәселелері бойынша жиналыс өткізді 28.05.2025
Самар ауданының әкімдігінде аудан әкімінің аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Рауан Жампеисов жиналыс өткізді. Жиында аудан әкімі аппараты кеңсе бөлімінің басшысы Алма Жаламанова 2024 жылдың және 2025 жылдың 1 тоқсаны бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қорытындысын мәлім етті. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Гүлжан Хамитова 2024 жылдың және 2025 жылдың 1 тоқсаны бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің қорытындысымен, облыс және аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындау барысымен бөлісті. Сондай-ақ аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Рауан Жампеисов мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі талаптарының сақталуы туралы баяндады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/999857?lang=kk
Қазақстан мен Болгария экономикалық ынтымақтастықты күшейтуде 28.05.2025
Өткен жылы Қазақстан мен Болгария арасындағы тауар айналымы 4 есеге жуық өскен.20 мамырда Софияда (Болгария Республикасы) Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Болгария үкіметаралық комиссиясының 5-отырысы өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Болгария Республикасының Экономика және өнеркәсіп министрі Петъра Диловтың төрағалығымен өтті.Бірлескен комиссия төрағалары Қазақстан мен Болгария арасында дипломатиялық қатынас орнаған 30 жылдан аса уақыттан бері екі ел достық пен әріптестік байланысты берік ұстанып келе жатқанын ризашылықпен атап өтті. Тараптар сауда мен инвестиция, көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, энергетика, мәдениет пен білім беру саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету мәселесін егжей-тегжейлі талқылады.Отырыспен қатар екі ел іскер топтары өкілдері қатысқан қазақстан-болгар бизнес-форумы өткізілді. Жиын қорытындысында тараптар тұрақты байланысты сақтап, екі ел арасындағы өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі кеңейту үшін күш-жігерін қосуға дайын екенін білдірді. Қол жеткізілген уағдаластық бесінші Үкіметаралық комиссия хаттамасына қол қоюмен бекітілді.Бүгінде Қазақстанда Болгарияның тау-кен, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік, бөлшек сауда мен ғылымға қатысты 60-тан астам кәсіпорыны табысты жұмыс істейді. Тараптар кооперацияны тереңдетудің перспективасын ауыл шаруашылығы өнімін бірлесіп өңдеу, логистикалық хабты дамыту, жаңа индустриялық жобаларды іске қосудан көреді.2024 жылғы қорытынды бойынша Қазақстан мен Болгария арасындағы өзара сауда көлемі 2023 жылмен салыстырғанда төрт есе артып, 375,2 млн АҚШ долларына жетті. Өткен жылы Қазақстан экономикасына салынған болгар инвестициясының көлемі 7,8 млн доллар. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 86,5%-ға артық. 2025 жылғы қаңтар-наурыздағы тауар айналымы 66,6 млн. АҚШ доллары. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 93,3%-ға жоғары (34,5 млн. АҚШ). Бұл ретте Қазақстанның Болгарияға экспорты биылғы бірінші тоқсанда 2,4 есе өсіп, 51,4 млн. АҚШ долларына жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/999917?lang=kk
Қоғамдық талқылау 28.05.2025
2025 жылғы 30 маусымда «Солтүстік Қазақстаноблысы әкімдігінің дін істері басқармасы» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудыжария талқылау өтті. Талқылауға «Демеу» балалықшақ мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы»жеке коммерциялық емес мекемесінің басшысыЖ.С. Саттарова, басқарма ұжымы қатысты.Талқылауға қатысушылар сыбайлас жемқорлықтәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерімен таныстыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-udr/press/news/details/1026733?lang=kk
Облыстық құлақтандыру жүйесін тексеру. 28.05.2025
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2025 жылғы 22 мамырда сағат 09.00-де облыстық құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізу мақсатында электрдабылдар қосылатынын хабарлайды. Осыған орай, Сіздерден үрейге салынбауларыңызды және түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.Сонымен қатар Жетісу облысының ТЖД Сіздерге Төтенше жағдайлар орын алғанда жағдайда электродабылдардың қосылу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады.Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:- радио және теледидарды қосыңыз;- шұғыл хабарды тыңдаңыз;- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.Егер дабыл кезінде далада болсаңыз:- көшедегі дауыс ұлғайтқыштармен және жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/999786?lang=kk