Қоғам
Волейбол турнирі 08.05.2025
2025 жылдың 3 мамырында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған волейбол турниріне қатысты. Турнирге полиция, сот, прокуратура, нотариат палатасы, адвокаттар алқасы, жеке сот орындаушылары палатасының қызметкерлерінен құралған командалар қатысты. Бұл турнир жай ғана спорттық жарыс емес, сонымен қатар ардагерлердің ерлігіне деген құрметтің, бірлік пен рух күші, ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын еске салатын іс-шараға айналды. Турнир соңында ұйымдастырушылар жарыс қорытындыларын шығарып, қатысушыларға естелік марапаттар табыс етті. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/989398?lang=kk
Шахмат турнирі 08.05.2025
2025 жылдың 4 мамырында саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, барлық деңгейдегі депутаттар, мемлекеттік қызметшілер мен БАҚ өкілдері арасында шахматты насихаттау, сондай-ақ қазақстандық ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуға белсенді қатысу мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының бастамасымен және Қазақстан Шахмат федерациясының қолдауымен «Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы Темирлан Нуртазенов Қостанай облыстық мәслихаты мен Қазақстан Шахмат федерациясы бірлесіп ұйымдастырған «Senat Open» І Ашық кубогының іріктеу турына қатысты. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/989399?lang=kk
Қапшағай су қоймасы екінші жыл қатарынан 100% толды 08.05.2025
Қазіргі таңда Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында шамамен 18,5 млрд текше метр су жиналды. Былтыр су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толған болатын.Су қоймасының толуы облыстағы Ақдала және Шеңгелді суармалы алқаптарын сумен толықтай қамтуға мүмкіндік береді.Қапшағай су қоймасы Іле өзенінің су ағынын реттеп отырады. Жыл басынан бері су қоймасынан Балқаш көліне 3,8 млрд текше метр су жіберілді. Ал былтыр осы кезеңде бұл көлем 2,9 млрд текше метр болған еді.Судың мол берілуінің арқасында бір жылдың ішінде Балқаш көлінің деңгейі 12 сантиметрге көтеріліп, Балтық жүйесі бойынша 341,52 метрден 341,64 метрге жетті. Ал көлдегі су көлемі 2 млрд текше метрге ұлғайды.«Су ресурстары және ирригация министрлігі трансшекаралық өзендерге, соның ішінде Іле өзеніне қатысты мәселелер бойынша қытайлық әріптестерімен тұрақты байланыста. Бірлескен жұмыстың арқасында қатарынан екінші жыл бойы Алматы облысының диқандары суармалы сумен толық қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен қатар Балқаш көлі бассейніндегі экологиялық жағдай да жақсарып келеді», - деді Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының басшысы Серік Мейрамбеков.Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация МинистрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-vod-irrigation/press/news/details/989382?lang=kk
«Қызғалдақ мұрасы»: Ғалымдар мен экологтар Жамбыл облысында бас қосты 08.05.2025
Жамбыл облысының Қаратау тауларында өткен «Қызғалдақ мұрасы» халықаралық фестивалі әртүрлі елдерден келген ғалымдар мен экологтарды, сондай-ақ табиғат жанашырларын өңірдің бірегей қызғалдақ мұрасын сақтау мәселелерін талқылау үшін біріктірді.Көктем келген сайын Қаратау сан алуан түске боялған тірі кілемге айналып, ғалымдарды, туристерді және жергілікті тұрғындарды баурап алады. Жамбыл облысы қызғалдақтардың түрлік алуан түрлілігі бойынша Қазақстан өңірлері арасында көш бастап тұр. Бұл аймақта көктемнің көркі саналатын бұл гүлдің 18 түрі өседі, олардың 10 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Осы түрлердің негізінде нидерландтық ғалымдар ондаған жаңа сұрыпты шығарған, бүгінде олар әлемнің түрлі елдеріндегі саябақтар мен бақтарды безендіріп тұр.Өңірдің осы бірегей табиғи құндылығы «Қызғалдақ мұрасы» фестивалінің басты тақырыбына айналды.Іс-шара Жамбыл облысы тұрғындарын ғана емес, сонымен қатар Германия, Украина, Қырғызстан, Нидерланд, Ресей, Қытай, Түркия және Үндістаннан келген қонақтарды да біріктірді. Фестивальге экожүйе мамандары, ЮНЕСКО өкілдері, консулдық және дипломатиялық корпус мүшелері, Мәжіліс депутаттары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.Дереккөз: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/989387?lang=kk
Салық органдары қандай тексерулер жүргізе алады? 08.05.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 145-бабына сәйкес салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінетінін хабарлайды:1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер;2) жоспардан тыс салықтық тексерулер. Салық органдары салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушілердің қызметі бойынша ресми және ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге қатысты тағайындайтын тексерулер тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер болып табылады.Уәкілетті органның шешімімен бекітілген жартыжылдық график тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер тағайындауға негіз болып табылады.Жоспардан тыс салықтық тексерулер болып өтініштер, шағымдар бойынша, таратуға байланысты, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген және т.б. негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер болып табылады.Сондай-ақ ҚР Салық кодексінің 140-бабына сәйкес, салықтық тексерулер кешенді, тақырыптық, қарсы тексеру, хронометраждық зерттеп-қарау нысанында жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1028182?lang=kk
Алматы облысындағы балық аулау, егіс, АЭА мен ядролық технология 08.05.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Алматы облысына жұмыс сапарындан өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті. Арнайы экономикалық аймақтағы ғылыми-инновациялық нысандарды аралап, Ядролық физика институтының жұмысымен танысты.Алматы облысында егіс науқаны белсенді жүріп жатыр. Биыл ауыл шаруашылығы дақылы 436,8 мың гектарға дейін жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 мың гектарға артық. «Кең дала» бағдарламасы бойынша биыл көктемгі егіс жұмысына облыс шаруаларына 15,7 млрд теңге жеңілдікпен қаржы бөлініп, 32 өндірушіге қаражат берілген.«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша екі жылда жалпы құны 10,8 млрд теңге болатын 1 361 қарыз алушы жеңілдікпен несие алған. 2025 жылы 2,5 млрд теңге көлемінде тағы 211 қарыз берілмек.Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өңірдегі АӨК секторына салынған инвестиция көлемі 13,2 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. Биыл облыста жоспар бойынша 33,5 млрд теңге сомасына 17 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Оның 11-і шаруаларға 2,5%-дық жеңілдікпен, СҚО тәжірибесін тарату бағдарламасы бойынша іске асырылады. Бұл күнде 103 жаңа жұмыс орны құрылған алты жоба орындалып үлгерген.«Байсерке Агро» ЖШС оқу орталығында өткізілген вице-премьермен кездесуге 20-дан астам фермер қатысты. Кездесу барысында Серік Жұманғарин Үкіметтің диқандарды қолдауға айрықша назар аударуының нәтижесінде 2025 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласы 3,7% экономикалық өсуді көрсеткенін атап өтті.«Мемлекеттің шаруаларды қолдауын сезініп отырғандарыңыз даусыз. Егер 2022 жылы көктемгі егіс пен егін жинауға жеңілдікпен 70 млрд теңге берілсе, бүгінде 5%-бен 700 млрд теңге, соған ұқсас мөлшерлемемен техника лизингіне тағы 200 млрд теңге бөлінді», — деп атап өтті вице-премьер. «Qazaq Balyq» қауымдастығының Алматы филиалының төрағасы, «Балық мектебі» жастар арасында балық шаруашылығын танымал ету мектебінің негізін қалаушы Мәрлен Тұрсынәлі балық өсіру саласын дамыту бойынша өз ұсынысын айтты. Оның айтуынша, балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы саланың дамуына айтарлықтай серпін берген. Сонымен қатар, су тапшылығы жағдайында балық өсіруді одан әрі тиімді дамыту үшін жем-шөп құнын субсидиялауда, бассейндерге жер асты суын пайдалану үшін ұңғыманы бұрғылау шығынын жабу мақсатымен суға жеңілдікті тариф енгізуде, өнімге ветеринариялық құжат алу процесін оңайлатуда, цифрландыруда мемлекеттің қолдауы қажет. Серік Жұманғарин АШМ-ге барлық ұсынысты егжей-тегжейлі қарап, балық шаруашылығын қолдау мүмкіндігін пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ кездесуде фермерлер субсидия төлеу кешіктірілетінін жеткізді. Вице-премьер қазіргі уақытта барлық өңірде субсидия алуға өтінім осы мақсатқа бюджеттен жыл сайын бөлінетін қаражат көлемінен едәуір асып түсіп жатқанын айтты. Фермерлерді АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды 6% жеңілдікпен салалық қаржы институттары арқылы қаржыландыру мүмкіндігін пайдалануға шақырды. Сонымен қатар Серік Жұманғарин фермерлерді көп пайда әкелетін дақыл егу арқылы әдеттегі бидай алқабын қысқарта отырып, егінді әртараптандыруға, дәнді дақыл өңдеуді дамытуға шақырды.Премьер-министрдің орынбасары жұмыс сапары шеңберінде «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА нысандарын аралады. Оның аумағында бүгінде АЭА құрылған сәттен бергі жалпы инвестиция көлемі 205 млрд теңге 182 компания орналасқан. Шамамен 7 мың жұмыс орны ашылып отыр. 820 жұмыс орны ашылатын 129,4 млрд теңге сомасындағы тағы 12 жоба салынуда.Сондай-ақ вице-премьер Қазақстандағы атом саласының іргелі технологиялары мен өнімдерін, оның ішінде өнеркәсіпке арналған радиоизотоптар мен радиофармпрепараттарды жасауға дейінгі зерттеу мен әзірлеменің толық циклін жүзеге асыратын жалғыз ғылыми ұйым – Ядролық физика институтының қызметімен танысты. Соңғысы, фтор-18, йод-131 және Мо-99 радиоизотопы негізінде жасалып, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу үшін қолданылады. Өнеркәсіпке арналған радиоизотоп Еуропаға экспортталады. Еліміздің мұнай-газ өнеркәсібінде қолданылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/989396?lang=kk
БКМ есебі СӘБЖ жаңа жүйесіне ауыстырылды: салық төлеушілер үшін маңызды ақпарат 08.05.2025
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық жүйесін цифрландыру аясында Салықтық әкімшілендірудің біріктірілген жүйесінің (СӘБЖ) модульдері мен қосалқы жүйелерінің кезең-кезеңімен енгізіліп жатқанын хабарлайды.СӘБЖ жүйесіне көшу шеңберінде бақылау-касса машиналарын (БКМ) тіркеу, мәліметтерді өзгерту және есептен шығару бойынша фискалдық деректер операторларымен (ФДО) өзара іс-қимыл функциялары жаңа жүйеге ауыстырылды. Бұл функция біріктірілген салықтық ақпараттық жүйесінен (БСАЖ) шығарылып, келесі сегіз операторға қатысты тек СӘБЖ арқылы жүзеге асырылады:«Казахтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Jusan Mobile» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Kaspi Bank» АҚ, «IT ANALYTICS» ЖШС, «Smartcontract» ЖШС, «Бухта» ЖШС.Пилоттық жоба енгізілген сәттен бастап, БКМ-ды тіркеу, өзгерістер енгізу және есептен шығару бойынша барлық әрекеттер тек СӘБЖ жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұл ретте деректер БСАЖ жүйесімен синхрондалмайды, сондықтан салық төлеушілер тарапынан назар аударуды талап етеді.Осыған байланысты, ФДО арқылы БКМ есептен шығарылғаннан кейін, оны БСАЖ жүйесінен есептен шығару үшін салық төлеуші БКМ тіркелген жердегі мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) жүгінуі қажет.Департамент салық төлеушілерге БКМ есепке алу рәсімдеріндегі өзгерістерді дер кезінде ескеруге және қажет болған жағдайда тиісті МКБ-дан түсініктеме алуға кеңес береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/991685?lang=kk
2025 ж. мамыр айына маңызды салық есептіліктері мен төлемдер 08.05.2025
Мамыр айында салық төлеушілер бірқатар есептіліктерді тапсырып, төлемдерді белгіленген мерзімдерде төлеуі тиіс. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтық міндеттемелердің мерзімдерімен танысып, өсімпұл мен басқа да салдардың алдын алу үшін оларды уақытылы орындауға кеңес береді. САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТЕРІ:2025 ж. 15 мамыр:- 101.03 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына резиденттің табысынан төлем көзіне ұсталған КТС бойынша есеп;- 101.04 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына бейрезиденттің табысынан төлем көзіне ұсталған КТС бойынша есеп;- 200.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;- 300.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына ҚҚС бойынша декларация;- 400.00 және 421.00 нысандары – 2025 ж. наурыз айына акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп.- 500.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына роялти, өндіру бонусы бойынша декларация;- 570.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына экспортқа рента салығы бойынша декларация;- 590.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация;- 710.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына ойын бизнесіне салынатын салық бойынша декларация;- 860.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша декларация;- 870.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем бойынша декларация;- 880.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация;- 913.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация.2025 ж. 20 мамыр:- 328.00 нысаны – 2025 ж. сәуір айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш. ТӨЛЕМДЕР:2025 ж. 20 мамыр:- 2025 ж. сәуір айына ЕАЭО-да ҚҚС;- 2025 ж. сәуір айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.2025 ж. 26 мамыр:- 2025 ж. мамыр айы үшін КТС бойынша аванстық төлемдер;- 2025 ж. сәуірде төленген табыстан төлем көзінде ұсталған сомалар бойынша КТС және ЖТС;- 2025 ж. сәуірде төленген табыстардан КТС және ЖТС;- 2025 ж. сәуірдегі арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің табыстарынан ЖТС;- 2025 ж. 1-тоқсандағы бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін КТС, ЖТС;- 2025 ж. 1-тоқсан үшін ҚҚС, экспортқа рента салығы, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, роялти, өндіру бонусы, ойын бизнесіне салынатын салық, цифрлық майнинг үшін төлем;- Жер салығы және мүлік салығы бойынша заңды тұлғалардың ағымдағы төлемдері;- Жер учаскелерін пайдалану үшін, су ресурстарын пайдалану үшін, қоршаған ортаға теріс әсері үшін, радиожиілік спектрін пайдалану үшін, сыртқы (визуалды) жарнама орналастырғаны үшін ағымдағы төлемдер;- 2025 ж. сәуір айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/989148?lang=kk
Құқық бұзушыдың мүлкін тәркілеу туралы 08.05.2025
2025 жылғы 12 қарашада ҚР Әділет министрлігі СҚО Әділет департаментінің «№4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы Ж. Исаканова жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, азамат К-тан алынған әкімшілік құқық бұзушылық заттарын тәркілеп, кейіннен жойды.Сот қаулысы орындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1106164?lang=kk
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Бейжіңдегі BRITACOM Кеңесінің отырысына қатысты 08.05.2025
Бейжің қаласында (Қытай Халық Республикасы). 2025 жылғы 24-25 сәуір аралығында BRITA Beijing халықаралық салықтық оқу орталығының базасында "Бір белдеу — бір жол"бастамасы шеңберінде халықаралық салық ынтымақтастығының негізгі платформасы — BRITACOM Кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға 20-дан астам салық әкімшілігінің, халықаралық ұйымдардың және академиялық қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Отырысты BRITACOM Хатшылығының Атқарушы хатшысы және қытай мемлекеттік салық әкімшілігі төрағасының орынбасары Ван Даошу мырза ашты. BRITACOM кеңесінің төрағасы және Гонконг Салық департаментінің (ҚХР) комиссары Бенджамин Чан мырза britacom-тың жаһандық салықтық өзара іс-қимылды нығайту тетігі ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Іс-шарада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы бөлім басшысының міндетін атқарушы Жунусбек Артурович Калиев қатысты. Ол BRITA Astana Өңірлік салық орталығының 2019-2025 жылдардағы қызметі туралы баяндама жасап, келесі бағыттар бойынша ұсыныстар енгізді: - Өткізуді қоса алғанда, басқа BRITA-орталықтармен ынтымақтастықты дамыту; - BRITA-орталықтар мен Britacom Хатшылығы арасындағы байланысты нығайту үшін тиімді коммуникациялар құру. Отырыс барысында салықтық әкімшілендіруді цифрландыру, салық төлеушілерге арналған сервистерді дамыту және BRITACOM институционалдық базасын одан әрі нығайту сияқты негізгі тақырыптар талқыланды. Алжир, Камерун, Грузия, Непал, Тәжікстан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Қытай, Индонезия, Моңғолия және басқа елдердің қатысушыларының презентацияларына, сондай-ақ халықаралық салық құжаттары бюросының (ibfd) жаһандық тәжірибе мәселелері бойынша сөйлеген сөзіне ерекше назар аударылды. Іс-шара аясында Германия өнеркәсібі федерациясының (BDI) бақылаушы мәртебесіне өтінімі мақұлданды, бұл BRITACOM-тың халықаралық күн тәртібіндегі өсіп келе жатқан рөлін көрсетеді. Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар Янци көліндегі конференция орталығына және Бейжіңдегі Чаоян ауданының бірінші салық инспекциясына барып, цифрлық салық салу практикасымен және e-invoicing жүйесімен танысты. Кездесу соңында 2025 жылғы 18-24 мамыр аралығында аралас форматта өтетін "Tax Administration and Digitalization" тақырыбында өтетін Brita·Yangzhou оқыту семинары жарияланды. Қазақстандық тарап осы семинарға онлайн форматта қатысуға және BRITACOM қатысушы орыс тілді елдер үшін аударманы қамтамасыз етуге дайындықты жүргізіп жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/989122?lang=kk
«Әкімшілік сот ісін жүргізуде өкілдің қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 08.05.2025
2025 жылғы 2 мамырда «Заң және тәртіп» нарративасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Әділет департаментімен бірлесе отырып, «Әкімшілік сот ісін жүргізуде өкілдің қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары Вьюхова Т. Ю. мен Масимова К. А. баяндама жасап, өз кезегінде адвокаттар мен заң кеңесшілері өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/989128?lang=kk
Бүгін Қарағандыда спорттық гимнастикадан Александр Диденконы еске алуға арналған облыстың дәстүрлі чемпионаты басталды 08.05.2025
Бұл аймақтық біріншілікке гимнастикадан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің алты және одан жоғары жастағы 90 оқушы қатысады. Қыздар өз шеберліктерін төрт снарядта, ал ұлдар алты снарядта көрсетеді.- Турнир біздің тәрбиеленушілеріміз үшін өте маңызды, себебі біз барлық қойылымдарды көріп, құраманы одан әрі қалыптастыру үшін үздіктерді атап өтеміз. Осы чемпионаттың қорытындысы бойынша разрядтар беріледі, - деп, атап өтті гимнастика мектебінің басшысы Олжас Тұрсымбеков. Белгілі жаттықтырушы Александр Петрович Диденко Қарағанды облысында гимнастиканы дамытуға және насихаттауға үлкен үлес қосты. Оның есімімен Қазақстанның ең мықты гимнастшысы Горбачев Степан мен басқа да танымал спортшылардың жетістіктері байланысты. Айта кетейік, естелік чемпионат алғаш рет 2018 жылы өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/989104?lang=kk
Онлайн-дәрістер 08.05.2025
2025 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (ҚР ҚМ МКК ОӘО) мен Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетінің Кеден институты (ӨР ЭҚМ КК КИ) арасындағы ынтымақтастық аясында «Кеден қызметкерлерінің қызметінде туындайтын күйзелістер мәселесі және оларды еңсеру жолдары» тақырыбында онлайн-дәріс өтті. Семинарға Өзбекстан Республикасының Кеден институтының курсанттары мен ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері қатысты. Дәрістің мақсаты – кеден қызметкерлерінің кәсіби қызметінде туындайтын күйзелістердің табиғатын және негізгі себептерін ашу, олардың қызметтік тиімділікке әсерін талдау. Семинарда дәріс оқығандар: – Туракова Мадина Амантайқызы – ҚР ҚМ МКК ОӘО бас маманы; – Файзуллаева Хуршида Анваровна – ӨР ЭҚМ КК КИ қайта даярлау және біліктілікті арттыру факультетінің психолог-сарапшысы. Сондай-ақ, ҚР ҚМ МКК ОӘО-ның бас маманы Асылтасова Анар Жексембайқызы «Мемлекеттік құрылымдардағы конструктивті кері байланыс» тақырыбында баяндама жасап, конструктивті кері байланыстың маңызын атап өтті. Қатысушылардың өтініші бойынша бұл тақырыпты басқару құрамына да арнап ұйымдастыру ұсынылды, бұл көтерілген мәселелердің өзектілігін көрсетті. Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушылар сарапшыларға сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Лекция қатысушылары кәсіби қызметтегі күйзеліс жағдайларын тиімді жеңуге және эмоциялық жүктемеге төзімділікті арттыруға көмектесетін құнды білім алды.Осылайша, бұл дәріс қатысушылардың кәсіби білімін кеңейтіп қана қоймай, кеден қызметінде психологиялық төзімділік пен конструктивті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/989094?lang=kk
Оралда дарынды балаларға арналған жаңа мамандандырылған №8 мектеп-лицейі салынып жатыр 08.05.2025
2025 жылы Орал қаласында Батыс Қазақстан облысында дарынды балаларға арналған жаңа мамандандырылған №8 мектеп-лицейінің құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба білім инфрақұрылымын қолдау қорының қаржысы есебінен жүзеге асырылып, қазіргі мектеп ғимаратының апаттық жағдайымен байланысты өзекті мәселені шешуге бағытталған.Соңғы төрт жыл ішінде №8 мектеп-лицейі Орал қаласындағы №37 орта мектеп ғимаратында уақытша орналасып, оқу үдерісі шектеулі жағдайларда жүргізілді. Себебі білім беру мекемесінде тек 10 сынып кабинеті болған және ол толық көлемде оқушылардың білім алу қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайтын еді."Құрылыс жұмыстарының уақытында аяқталуы үшін барлық күш-жігерімізді салып отырмыз және құрылыс барысын үнемі бақылауда ұстап келеміз. Келесі қадам — бұл әрлеу жұмыстарын аяқтау және мектепті пайдалануға беру үшін дайындау.Біз оқушыларымыздың әлеуетін толық ашып, оларға жоғары деңгейде білім беру үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға тырысамыз", — деді құрылыс басқармасының басшысы Әлибек Антазиев.Жаңа мектеп 400 оқушыға арналған және жалпы алаңы 8 262,5 м² болатын заманауи төрт қабатты ғимарат болып салынады. Мектепте қазіргі заманғы жабдықтар орнатылып, робототехника зертханалары ашылады, оның ішінде дрондарды басқару бойынша оқу бағдарламасы да қарастырылған. Осылайша, мектеп тек базалық білім беретін орталық қана емес, сонымен қатар техникалық және инженерлік ойлау қабілетін дамытуға арналған орталыққа айналатын болады.Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталды. Фундаменттік жұмыстар аяқталып, ғимараттың екінші және үшінші қабаттарының сыртқы қабырғаларын тұрғызу, ішкі бөлмелерді орнату, бірінші қабатқа терезелерді орнату және жабын плиталарын қою жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жертөле мен бірінші қабаттың ішкі әрлеу жұмыстары да басталды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының жалпы дайындық деңгейі 22%-ды құрайды.Барлық құрылыс жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін аяқталып, жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Жаңа оқу кешені Батыс Қазақстан облысының білім инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосып, дарынды балалардың білім алуына және дамуына оңтайлы жағдай жасайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/989055?lang=kk
СҚО әкімі мен ТЖМ басшысы басқа өңірлерден келген құтқарушыларға алғыс білдірді 08.05.2025
Бүгін облыс халқы ерекше алғыспен басқа өңірлерден келген ТЖМ бөлімшелерін шығарып салды. Бұл рәсімге ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов, СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, құқық қорғау органдарының, әскери құрылымдардың басшылары мен жұртшылық қатысты. "Құтқарушылар күрделі су тасқыны кезеңінде көмекке келіп, өңіріміз үшін сенімді тірек болды. Олар тәулік бойы, тізеден мұздай суда тұрып, дауыл мен суыққа қарамастан, бөгеттерді бекітіп, ауылдар мен адамдарды сақтап қалды. Солтүстікқазақстандықтардың атынан әрбір құтқарушыға ризашылығымды білдіремін",- деп атап өтті облыс әкімі.Сондай-ақ, өңір басшысы жігіттердің ата-аналары бен отбасыларына шын жүректен алғыс айтты. Олардың тәрбиесі арқасында елімізде осындай батыл, рухы мықты, нағыз қорғаушылар өсіп шықты. Облыс әкімі кәсібилік, төзімділік пен адамгершіліктері үшін рақмет айтып, ақ жол тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/989027?lang=kk
«БҰҰ Моделі – Жаңа Жібек жолы – 2025» халықаралық конференциясы 08.05.2025
2025 жылғы 2 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен БҰҰ-ның 80 жылдығына орай өткен «БҰҰ Моделі – Жаңа Жібек жолы – 2025» халықаралық конференциясына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің кеңесшісі Аселя Оралбаева қатысып, сөз сөйледі. Қазақстандық дипломат өз сөзінде 80 жылдық қызметі барысында БҰҰ-ның әлемдегі бейбітшілік пен негізгі халықаралық құндылықтарды қорғау, сондай-ақ жаһандық ынтымақтастықты қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысының «БҰҰ – баламасы жоқ әмбебап халықаралық ұйым» деген жоғары бағасын атай отырып, Қазақстанның дүниежүзіндегі бейбітшілікке қосқан үлесін, соның ішінде бітімгершілік бастамалары мен өңірлік қауіпсіздікке бағытталған платформаларды құрудағы рөліне тоқталды. Орта держава ретінде еліміздің жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілік жолында БҰҰ жүйесінің қызметін жандандыру жолында одан әрі атсалысуға дайындығын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/989008?lang=kk
Сарайшық қалашығына 100-ге жуық тал егілді 08.05.2025
“Таза Қазақстан” жалпыұлттық бағдарламасы аясында көне Сарайшық қалашығының аумағында кең көлемдегі сенбілік ұйымдастырылды. Шараға облыстағы мәдениет саласының 70-тен астам өкілі қатысты,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.«Сарайшық» сапар орталығының айналасына ондаған көшет екті. Игі іс-шара санитариялық тазалықпен шектеліп қоймай, ұлт тарихына тағзым, жас ұрпаққа қоршаған ортаны құрметтеудің жарқын үлгісін көрсетуге бағытталған.- Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы ұйытқы болған шараға басқармаға қарасты он шақты мекеменің басшылары мен қызметкерлері қатысып, өздері дайындап әкелген көшеттерін екті. Басты мақсатымыз – туған жерді көгалдандыру арқылы оның көркіне үлес қосу. Сарайшыққа келетін туристер үшін орталықтың көрікті және жайлы болуы біз үшін өте маңызды,- деді облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әділғалиев.Ал музей басшысы Әбілсейт Мұхтар алдағы уақытта бұл аймақтың толықтай көркейіп, туристерге жайлы жасыл орта ретінде қалыптасатынын айтты.- Қазірдің өзінде жайқалған жасыл желектің жағымды әсері сезіліп жатыр. Бұл бастама – айналамызды көгалдандырып, табиғатпен үйлесімді орта қалыптастыруға, сондай-ақ туристерге жайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам. Тал егу бір ерлік болса, оны күтіп-баптап өсіру – одан да үлкен жауапкершілік,- деді ол.Ұйымдастырушылардың сөзінше, “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясындағы игі істер әрі қарай да жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/988956?lang=kk
Отбасын қолдау орталығында Алмалы ауданы әкімінің орынбасары көпбалалы аналармен кездесті 08.05.2025
Кездесу барысында аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек, балалардың үйірмелер мен секцияларға қатысуы, кәсіпкер әйелдерге арналған гранттар мен жеңіл несиелер туралы мәселелер көтерілді.Мұндай кездесулер – қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтып, бірлесіп шешудің тиімді жолы.Кездесулерге Отбасын қолдау орталығының қызметкерлері белсенді қатысады.Келесі кездесу мамыр айында өтеді.Қатысу үшін +7 707 779 07 08 нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/988933?lang=kk
Алматы облысыденсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды 08.05.2025
Алматы облысы әкімінің өкімімен Ержан Абилхасимович Сулейменов 2025 жылғы 25 сәуірден бастап Алматы облысыденсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.Ержан Абилхасимович 1979 жылы туылған, білімі жоғары, 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медициналық академиясын «дәрігер» мамандығы бойынша бітірген, 2015 жылы медицина ғылымдарының докторы ғылыми атағын алған.Еңбек жолын 2003 жылы «Республикалық ЖИТС орталығы» ШЖҚ КМК-ның ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бас маманы болып бастағын. Әр жылдары медициналық ұйымдар мен осы бағыттағы білім беру орындарында бас маман, бөлімше басшысы, оқу бөлімшесінің меңгерушісі, директордың орынбасары лауазымдарын атқарған. 2015-2017 жылдары аралығында Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек еткен.2024 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Global Health Solutions» (Глоубэл Хэлс Сэлюшнз) ЖШС-ның бас медициналық кеңесші лауазымында қызмет етті.Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы медицина саласының үздігі», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/988944?lang=kk
Төрт атаға жалғасқан дәстүр: Ұлттық ұланда әулетімен әскери қызмет атқаратын жанұя бар 08.05.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Академиясының курсанты Асқар Жалеловтың отбасы ұзақ жылдар бойы әскери қызметке адалдықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді.Асқардың арғы атасы – Төкеш Өтеғали Ұлы Отан соғысына қатысқан. Атасы – Жалел Төкешов Самарқан қаласында радиобайланыс саласында қызмет етіп, ел қорғанысына өз үлесін қосқан. Бүгінде Асқардың әкесі — Кенжебек Төкешов Ұлттық ұлан қатарында полковник шенінде қызмет етеді.- Әулетіміз үшін Отан алдындағы борыш қасиетті ұғым. Әкемнің де, атамның да жолы – мен үшін үлкен мақтаныш. Ал балам – Асқардың оқуды ойдағыдай аяқтап, мықты офицерлердің қатарынан табылатынына сенімім мол. Осылайша әскери династияға айналып отырмыз, – дейді полковник Кенжебек Төкешов.Ата жолын өмірлік бағыт-бағдар етіп ұстанған курсант Асқар Жалелов бала күнінен Отан қорғау ісіне құштар болған.- Әскери қызмет - ол тек мамандық емес, ол – өмір салты. Әкем мен аталарым секілді мен де Отанға адал қызмет еткім келеді. Сондықтан қазір атамның ізін жалғап, әскери саладағы радиобайланыс маманы ретінде білім алып жатырмын, – деді курсант А. Жалелов.Асқар Жалелов — Академиядағы үздік курсанттардың бірі. Қазіргі уақытта ол ішкі істер органдарының байланыс жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу бойынша инновациялық жоба дайындап жатыр.- Мұның бір артықшылығы – адам факторын болдырмайды. Жобада жүз пайызға дейін бет-әлпетті тану функциясын қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл жүйе Ұлттық ұланға енгізілген Hytalkpro кешені арқылы ұйымдастырылады, – дейді ол.Айта кетейік, қазіргі уақытта Академия қабырғасында 700-ге жуық курсант білім алады. Олардың арасында 🇹🇯Тәжікстан мемлекетінен келіп оқып жатқан курсанттар да бар. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/988945?lang=kk
