Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Қазақстан сақтандыру секторының 2025 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі туралы 08.05.2025
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 10-ы – өмірді сақтандыру бойынша.2025 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 0,3%-ға 3,2 трлн теңгеге азайды (2025 жылдың басынан бері 3,5%-ға өсу), әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау нәтижесінде (1,4%-ға төмендету)2025 жылғы 1 сәуірде активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 73,7% (2,4 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақша қаражаты мен салымдарға – 6,2% (200 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,6% (151 млрд теңге) тиесілі.Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері негізінен негізінен тікелей РЕПО мәмілелерінің өтелуі мен көлемінің төмендеуі нәтижесінде 2025 жылғы наурызда 0,7%-ға 2,3 трлн теңгеге дейін азайды (2025 жылдың басынан бері 3,9%-ға өсу).Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы есепті кезеңдегі бөлінбеген пайданың төмендеуі нәтижесінде 2025 жылғы наурызда 0,4%-ға немесе 4,1 млрд теңгеге 959 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 1,5%-ға өсу). 2025 жылғы наурызда сақтандыру ұйымдары негізінен 18,4 млрд теңге мөлшерінде пайда алды (2025 жылдың басынан бері таза пайда 18,1 млрд теңге).2025 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 6,0 млн шартты құрады, бұл 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 34,5%-ға көп. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (1 437,4 мың шарт немесе 108,3% өсуі) бойынша шарттарға тиесілі.Сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру (қайта сақтандыру) сыйлықақылары 2025 жылы наурызда 109,3 млрд теңгені құрады. 2025 жылдың басынан бері сақтандыру сыйлықақылары 391,0 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда 21,9%-ға артық.Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2025 жылғы наурызда 60,4 млрд теңгені, 2025 жылдан бастап 191,9 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 50,4%-ға немесе 64,3 млрд теңгеге артық. Өсу негізінен жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша 2,9 есе 48,4 млрд теңгеге дейін және зейнетақы аннуитеттік сақтандыру бойынша 1,7 есе немесе 67,4 млрд теңгеге дейін жиналған сыйлықақылар сомасының ұлғаюына байланысты.Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдері ағымдағы жылғы наурызда 30,1 млрд теңгені, 2025 жылдың басынан бері 137,5 млрд теңгені құрады, бұл алдыңғы жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда, 0,1%-ға артық. Өсу негізінен кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру санаты бойынша жиналған сыйлықақылардың 4 есе 8,1 млрд теңгеге дейін өсуіне байланысты болды.Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 2025 жылғы наурызда 18,8 млрд теңгені, 2025 жылдың басынан бері 61,6 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 10,2%-ға артық. Өсу негізінен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру сыйлықақыларының 27,6%-ға 27,5 млрд теңгеге дейін ұлғаюымен байланысты.2025 жылғы наурыздағы сақтандыру төлемдері 29,3 млрд теңгені, 2025 жылдың басынан бері 90,3 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 39,2%-ға артық, барлығы 124,4 мың төлем жасалды.   Сыртқы коммуникациялар басқармасы  press@finreg.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/988333?lang=kk
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2025 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі туралы 08.05.2025
Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен KASE индексінің, «Kaspi.kz» АҚ (-8,6%) және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (-6,9%) өкілдік тізіміне кіретін акциялар бағасының төмендеуі есебінен 2025 жылғы наурызда 0,8%-ға немесе 264,2 млрд теңгеге төмендеп,  2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 31,8 трлн теңгені құрады (2025 жылдың басынан бастап 3,4%-ға төмендеді).2025 жылғы наурызда KASE индексі 0,7%-ға 5 658,74 тармаққа дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 1,4%-ға өсті).Акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ және «Kaspi.kz» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің төмендеуі есебінен бір айда 25,1%-ға немесе 6,5 млрд теңгеге азайып, биыл наурыз айында 19,4 млрд теңгені құрады.2025жылғы1сәуірдегі жағдайбойынша«Қазақстанқорбиржасы»АҚ(бұдан әрі –KASE)саудатізімдерінде81 қазақстандық эмитенттің 96 атауының  акциялары болды.«KASE Global» секторында 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 47 атаудағы акциялары және 58 шетелдік эмитенттің 17 ETF болды. «KASE Global» секторында жасалған мәмілелердің жиынтық көлемі негізінен ProShares Trust, NVIDIA Corp., Tesla, Inc. акцияларымен сауда-саттық көлемін азайту есебінен бір айда 15,9%-ға немесе азайып, 2025 жылғы наурызда 5,3 млрд теңгені құрады.KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі  2025 жылғы наурызда 0,4%-ға 13,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 0,2%-ға).KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 2025 жылғы наурызда негізінен бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің 33,0% 77,7 млрд теңгеге дейін азаюы есебінен алдыңғы аймен салыстырғанда 29,8%-ға немесе 59,5 млрд теңгеге 140,5 млрд теңгеге дейін азайды.2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша KASE сауда тізімдерінде 129 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 530 шығарылымы болды (01.01.2025ж. – 126 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 511 шығарылымы).KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2025 жылғы наурызда 2,4%-ға немесе 0,7 трлн теңгеге 28,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 5,8%-ға немесе 1,6 трлн теңгеге өсті). KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі бір айда 42,3%-ға ұлғайып, 2025 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша 954,5 млрд теңгені құрады.2025 жылғы наурызда МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 19,4%-ға 614,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Барлық көлем ҚР Қаржы министрлігінің орналастыруына, өтеуге кірістілігі 14,10-15,60% болатын облигациялардың 12 шығарылымын орналастыруға тиесілі.Ұжымдық инвестициялау нарығында 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 58 инвестициялық пай қоры, оның ішінде 24 аралық, 33 жабық және 1 ашық пай қоры жұмыс істеді.Инвестициялық пай нарығындағы басқарудағы активтер                    2025 жылғы наурызда негізінен жекелеген инвестициялық қорлардың  шетел валютасын теріс қайта бағалау есебінен  3,4%-ға немесе 11,7  млрд теңгеге азайып, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 359,5 млрд теңгені құрады (жыл басынан бері 2,2%-ға өсті).  2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 305,4 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 84,9%-ын құрады.2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 40 брокер мен дилер (16 банк және 24 банктік емес ұйым), 11 кастодиан-банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші мен сауда репозиторийінің функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.2025 жылғы наурызда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 2,8%-ға ұлғайып, 3 970,5 мың  шотты құрады, оның ішінде:- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 689,0 мың қосалқы шотқа дейін 1,1 мыңға немесе 0,2%-ға ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 3,6 мыңға немесе 0,5%-ға өсу); - брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттардың саны 3 281,5 мың шотқа дейін 107,8 мыңға немесе 3,4%-ға ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 466,1 мыңға немесе 16,6%-ға өсу).Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері 2025 жылғы наурызда 15,4%-ға немесе 98,7 млрд теңгеге азайып, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 542,1 млрд теңгені құрады (жыл басынан бастап 29,5%-ға азайды). Активтердің төмендеуі «First Heartland Securities» АҚ-ның ерікті өтініші бойынша лицензиясының қолданылуының тоқтатылуына байланысты.Міндеттемелер алынған қарыздар бойынша міндеттемелердің туындауына байланысты 1,4%-ға немесе 1,6 млрд теңгеге 116,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды (жыл басынан бастап 51,8%-ға азайды).Нарықтың бір қатысушысы лицензиясының қолданылуының тоқтатылуына байланысты меншікті капитал 19,1%-ға немесе 100,3 млрд теңгеге 425,9 млрд теңгеге дейін төмендеді.  Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/988345?lang=kk
"Ардагерлерді ардақтайық" акциясы 08.05.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Ново-Хайрузовка ауылдық округі ұйымдары тыл еңбеккерлері: Аверченко Анна Васильевна,Бекова Бекеш Қабдразаққызы,Исобаева Сара, Қалбаева Құлбан,Шейна Надежда және Темергалиевна Құлбаран "Ардагерлерді ардақтайық"акциясы аясында құттықтады.Жеңіске қосқан баға жетпес үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етіліп, жылы сөздер айтылды.Мұндай адамдарды еске алу-біздің тарихымыз, мақтанышымыз және міндетіміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/988324?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау 08.05.2025
02.05.2025 ж. Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау жоспарлануда.Талқылау Талдықорған қаласы, Жансүгірова 111-113.Анықтама үшін телефон: 8 (7282) 24 12 11, 8 708 527 3866Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/988275?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін инвестициялау туралы 2025 жылдың 1 сәуіріндегі есебін ұсынады 08.05.2025
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 723,37 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 333,29 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 327,30 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 62,78 млрд теңге.                                           ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 сәуірге МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,59%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,88%, ҚРҰБ депозиттері – 3,86%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,16%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,51%, МҚҰ - 1,38%.2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,94%, АҚШ долларымен – 40,05%, басқа валютада - зейнетақы активтері портфелінің 0,01%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 433,21 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер – 2,89 млрд теңге. Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,37 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік - 11,99%, инфляция мөлшері - 10,00%.  2025 жылғы 1 сәуірдегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 80,02%, РЕПО операциялары – 16,39%, ҚРҰБ депозиттері – 3,10%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 7,37% көрсетті.2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,84% болды. Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 62,78 млрд теңгеден асады.01.04.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,40 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 21,90%, ҚР ҚМ МБҚ – 19,37%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 19,14%, РЕПО – 8,83%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,04%, МҚҰ - 6,23%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,12%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,81%. Атап кетейік, портфельдің 66,49% теңгемен, 32,15% - АҚШ долларымен, 1,36% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,21% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.04.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,30 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 18,96%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 16,25%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 14,46%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,66%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 11,13%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 9,20%,  шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,79%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 4,94%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 69,11%, АҚШ долларымен 30,89% тең.2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,55% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.04.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 5,94 млрд теңге.Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 23,52%, ҚР ЕДБ облигациялары – 23,49%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,79%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,35%, РЕПО – 8,75%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,32%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 77,89%, АҚШ долларымен 22,11%. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,64% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.04.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,19 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 23,50% инвестицияланды, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 21,15%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 16,63%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,65%, РЕПО – 9,08%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 6,81%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,53%.Ұлттық валютада портфельдің 76,45%, АҚШ долларында – 23,55% инвестицияланды.2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,85% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 37,95 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 24,48%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 13,51%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,39%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,27%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 8,48%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,76%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 6,49%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 5,31%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 62,06%, АҚШ долларында – 37,94% инвестицияланды.2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,88% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге құқылы. [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/989577?lang=kk
Түркістан облысы «Айбын-2025» әскери-патриоттық жиынына қатысатын үздік команданы анықтады 08.05.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығымен бірлесіп «Айбын-2025» әскери-патриоттық жиынының іріктеу кезеңін өткізді. Іс-шара Төлеби ауданының «Бәйшешек» жазғы сауықтыру лагерінің базасында өтті. Жарыстың ашылу салтанатында Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, Қарулы күштер мен жергілікті қақтығыстарға қатысқан ардагерлер жас сарбаздықтарға сәттілік тіледі.Жарысқа Түркістан облысының аудандары мен қалаларынан 17 команда құрамында 255 адам қатысты.Жас патриоттар белтемірге тартылу (ұлдар), ішті қатайту (қыздар), әскерилендірілген кросс, арқан тарту, пневматикалық мылтықтан ату, АК-74 автоматын бөлшектеп-жинау, сондай-ақ жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию сияқты пәндерде жарысты.– Болашақ Отан қорғаушыларды әскери қызметке тарту, олардың бойында патриотизм мен батырлық рухты қалыптастыру – біздің ортақ әрі басты міндетіміз. Қатысушылардың дайындық деңгейі өткен жылдарға қарағанда едәуір жоғары болғанын атап өткім келеді. Жарыс қорытындысы бойынша іріктелген он ұл мен бес қыз Ақтөбе облысында өтетін «Айбын» халықаралық жастар жиынында өңірдің атын лайықты таныстыратынына сенімдімін, – деп атап өтті «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Аружан Шекербек.Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Кентау қаласының командасы, екінші орынды Сайрам ауданының құрамасы, үшінші орынды Арыс қаласы иеленді.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/988258?lang=kk
Шахтинск қаласының спортшы қыздары бокстан Азия чемпионатында алтын жеңіп алды 08.05.2025
Шахтинск қаласында тұратын әпкелі-сіңлілі Аяулым мен Камилла Оспановалар Азия чемпионатынан Қазақстан қоржынына екі алтын медаль әкелді. 18 елдің жасөспірімдері арасында халықаралық біріншілік Амманда (Иордания) өтті. Оған 15–17 жас аралығындағы 400 спортшы қатысты.Аяулым 13 жаста, ол 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алса, Камила 16 жаста, 70 кг дейінгі салмақта бірінші орын алды.Қыздар чемпионатқа көптен бері мұқият дайындалып келеді. Олардың әкесі мен жаттықтырушысы Жеңіс Оспановтың айтуынша, жарысқа олар дайын болды.– Қарсыластарымыз өте күшті, жекпе-жектер – қызу болды. Ең мықты спортшылар Үндістан, Өзбекстан және Украина спортшылары болды. Бірақ біз осылай болатынын білдік, Камилла мен Аяулымның кіммен күресетінін білдік. Жеңіске сенімді болдық деуге болады, – дейді Жеңіс Оспанов.Екі бойжеткен де әкесі мен атақты қазақстандық спортшыларға қарап, бокспен әуестене бастаған. Аяулымға Фируза Шәріпова ең үлкен әсер қалдырған екен, оның жекпе-жегін бойжеткен 2017 жылы теледидардан көрген.– Ол «Экспо-2017» көрмесіндегі ұрыс болды. Сонда Аяулым: «Мен де осындай болғым келеді», – деді. Содан бері 7 жастан бастап ол жаттығады. Үлкен қызым Камилла боксқа сәл кешірек, 12 жасында келді. Әрине, қыздарды жаттықтыруда қиындықтар бар. Әдетте, жаттықтырушы ұрысса, балалар оған көп мән бермейді. Ал мұнда мен әкелері болғандықтан, олар ренжиді. Бірақ бізде ереже: мен үйде әкемін, ал сабақта - жаттықтырушымын. Әрине, оның да артықшылығы бар: менің қыздарым әрдайым бақылауда, әрдайым жанымда, – деп бөлісті Жеңіс Оспанов.Қазір қыздарға тынығу керек. Содан кейін олар Бахрейндегі Азия ойындары мен әлем чемпионатына дайындықты бастайды.Азия чемпионатында өнер көрсету жалпы Қазақстан құрамасы үшін табысты болды. Жалпыұлттық есепте біздің спортшылар 44 жүлде ұтып алып, бірінші орынды иеленді, оның ішінде 16 алтын, 15 күміс және 13 қола. Өзбекстан 42 марапатпен екінші орында, Үндістан көшбасшы үштікті 43 медальмен қорытындылады.     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/988271?lang=kk
1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні 08.05.2025
1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні!Бүгінде бүкіл ел түрлі ұлт өкілдері арасындағы достықты, келісім мен құрметті бейнелейтін осы жарқын, қайырлы мерекені атап өтуде.Ново-Хайрузовка ауылдық округі мерекелік іс-шараларға белсенді қатысып, неміс диаспорасын лайықты түрде таныстырды. Қатысушылар ұлттық тағамдар, жарқын костюмдер дайындап, қонақтарды неміс халқының мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстырды.Бұл күні есте сақтау өте маңызды: бірлікте-Біздің күшіміз!Бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік әрқашан біздің жүрегімізде өмір сүрсін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/988240?lang=kk
Ауған жауынгерлерімен кездесу 08.05.2025
Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Саран қаласының Мәдениет үйінде ауған жауынгерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, мәдениет, денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілдері қатысты. Осы санаттағы азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек туралы түсініктемелер берілді. Жағдаяттық мәселелер қаралды.     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от Саран қаласының жұмыспен қамту бөлімі (@zhumyspen_qamty_bolimi_saran) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/988208?lang=kk
Буденный, Введен а.о. тұрғындарымен кездесулері 08.05.2025
            2025 жылғы 14 қарашада  Меңдіқара ауданы әкімі Ғ.М.Бекбаевтың тұрғындармен  кездесулері  өткізіледі:          Введен ауылдық округі, өткізілетін орны:  Введенка  ауылы, мектеп ғимараты, сағат 10:00;          Буденный ауылдық округі, өткізілетін орны: Буденновка ауылы, Мәдениет үйінің ғимараты, сағат 11:30.          Тұрғындрмен  кездесуге дайындық барысында тұрғындардан сауалдар түсуде.  Сұрақтар мен ұсыныстар 8-705-162-80-87  нөмірі бойынша  WhatsApp чаттары арқылы қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1097533?lang=kk
2025 жылдың 29 сәуірде «СҚО Әділет Департаменті» РММ «№4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Ж.Б. Исаканова «Ғ. Мүсірепов атындағы ауданының Мансап орталығы» филиалымен өткізген бос жұмыс орындары жәрменкесіне қатысты. 08.05.2025
Жұмыс іздеп жүргендер арасында атқарушылық құжаттары бойынша берешегі бар азаматтар да өтініш білдіріп, оларға бос жұмыс орындарының тізімі беріліп, қойылған сұрақтарына жауаптар мен түсініктемелер берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/988185?lang=kk
ХАБАРЛАНДЫРУ! 2025/2026 оқу жылына арналған Ресей Федерациясы Федералды кеден қызметiнiң Ресейлік кеден академиясына күндізгі оқу нысанына түсу үшін қабылдау өткізетіні туралы. 08.05.2025
         Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2025/2026 оқу жылына арналған Ресей Федерациясы Федералды кеден қызметiнiң Ресейлік кеден академиясына күндізгі оқу нысанына түсу үшін қабылдау өткізетіні туралы хабарлайды.        Қабылдау күндізгі оқу нысанына «Кеден ісі», «Экономика» және «Заңгер» мамандықтарына Мәскеу облысы, Люберцы қаласында өткізіледі.               ТМД мемлекеттерінің қатысушы азаматтары Академияға түсетін кезде:       - «Кеден ісі» (маман) мамандығы бойынша мынадай пәндерден: орыс тілінен, шет тілінен, қоғамтанудан және информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және шетел тілі;       - «Заңгер» (бакалавр) дайындау бағыттары бойынша мынадай пәндерден: орыс тілінен, қоғамтанудан, тарих және және шетел тілі;       - «Экономика» (бакалавр) дайындау бағыттары бойынша мынадай пәндерден: орыс тілі, математика, қоғамтану және шетел тілінен түсу сынақтарын тапсырады.       Академияға оқуға түсу үшін толық көлемде оқу бағдарламасын табысты игеруі және жоғары үлгерім деңгейі болу үшін: орыс тілін жақсы білуі, математикадан жоғарғы деңгейінің болуы, шетел тілін білуі, сонымен қатар жақсы дене шынықтыру даярлығы қажетті шарттар болып табылады.      Академияда оқу мерзімі күндізгі оқу түрінде «Кеден ісі» мамандығы бойынша – 5 жыл, «Экономика»,  «Заңгер» мамандықтары бойынша – 4 жыл.      Қабылдау ережесі, сондай-ақ Академияға түсу сынақтары үшін бағдарламалар туралы егжей-тегжейлі ақпараттар: www.rta.customs.ru сайтына орналастырылған.      Конкурстық іріктеуге қатысуға үміткерлер 2025 жылдың 30 мамырына дейінгі мерзімде жазбаша нысандағы өтінішті, паспорт,жеке куәлік көшірмесін (орыс тіліне аударылып, нотариальды түрде рәсімдеу), мектепті бітіргені туралы аттестаттың көшірмелерін (оқу жылы аяқталғаннан кейін), zh.zhunisbekova@kgd.gov.kz    электрондық мекенжайға жолдауы қажет.      Кандидаттарды оқуға іріктеу кезінде басымдығы жағынан мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің балалары болып табылады.       Барлық сұрақтар бойынша: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11-үй мекенжайына, мына телефонға 8-717-2-70-98-06 хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/988188?lang=kk
«Бірге контрафактіге қарсы» тақырыбындағы фотосуреттер байқауының қорытындысын шығара отырып, өңірлік деңгейде облысымыздан үздік фотосуретті іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді. 08.05.2025
Комиссияға мүдделі аумақтық органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. «Кадр шебері» номинациясында Валерия Ткаченконың суреті таңдалды. Жұмыс республикалық конкурстың екінші кезеңіне қатысуға бағытталған.Қазылар алқасының барлық қатысушыларына қатысқаны үшін Департамент басшысының алғыс хаттары табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/988167?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін инвестициялау туралы 2025 жылдың 1 сәуіріндегі есебін ұсынады 08.05.2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін инвестициялау туралы 2025 жылдың 1 сәуіріндегі есебін ұсынады   "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 723,37 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 333,29 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 327,30 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 62,78 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 сәуірге МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,59%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,88%, ҚРҰБ депозиттері – 3,86%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,16%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,51%, МҚҰ - 1,38%.2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,94%, АҚШ долларымен – 40,05%, басқа валютада - зейнетақы активтері портфелінің 0,01%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 433,21 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер – 2,89 млрд теңге. Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,37 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік - 11,99%, инфляция мөлшері - 10,00%.  2025 жылғы 1 сәуірдегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 80,02%, РЕПО операциялары – 16,39%, ҚРҰБ депозиттері – 3,10%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 7,37% көрсетті.2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,84% болды. Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 62,78 млрд теңгеден асады.01.04.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,40 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 21,90%, ҚР ҚМ МБҚ – 19,37%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 19,14%, РЕПО – 8,83%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,04%, МҚҰ - 6,23%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,12%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,81%. Атап кетейік, портфельдің 66,49% теңгемен, 32,15% - АҚШ долларымен, 1,36% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,21% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.04.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,30 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 18,96%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 16,25%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 14,46%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,66%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 11,13%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 9,20%,  шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,79%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 4,94%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 69,11%, АҚШ долларымен 30,89% тең.2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,55% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.04.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 5,94 млрд теңге.Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 23,52%, ҚР ЕДБ облигациялары – 23,49%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,79%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,35%, РЕПО – 8,75%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,32%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 77,89%, АҚШ долларымен 22,11%. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,64% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.04.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,19 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 23,50% инвестицияланды, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 21,15%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 16,63%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,65%, РЕПО – 9,08%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 6,81%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,53%.Ұлттық валютада портфельдің 76,45%, АҚШ долларында – 23,55% инвестицияланды.2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,85% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 37,95 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 24,48%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 13,51%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,39%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,27%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 8,48%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,76%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 6,49%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 5,31%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 62,06%, АҚШ долларында – 37,94% инвестицияланды.2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,88% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге құқылы. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).       [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-makanshy/press/news/details/998169?lang=kk
Облыс әкімдігінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті 08.05.2025
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Қостанай облысының әкімдігі Қостанай облысының әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, онда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелердің бірі қаралды.             Жол-көлік оқиғаларын азайту, жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар мен, өңірде 2024 жылдың қорытындысы бойынша айтарлықтай қаражат бөлінуіне қарамастан жол-көлік құқық бұзушылықтарының өсуі байқалады.Өңір басшысы бірқатар өңірлердің әкімдерін, мүдделі органдарды тыңдап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуді тапсырды.Сондай-ақ, қалалар мен аудандар әкімдерінің назарын көлік инфрақұрылымын құруға аударды.Қостанай облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаментіне облыстан Полиция департаментімен, Қостанай қаласының әкімдігімен бірлесіп, Облыс орталығының жол инфрақұрылымын жаңғыртудың 2025-2030 жылдарға арналған жол картасын әзірлеу тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/988152?lang=kk
Отандық өндірушіні қолдау – басым бағыт 08.05.2025
«Заң және Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында және бизнес құқықтарын қорғау бойынша облыс прокуроры Марат Әбішев диагностикалық медициналық аппараттар шығаратын «Актюбрентген» АҚ мен бағдаршам жабдықтарын өндіретін «Светоком» ЖШС кәсіпорындарының қызметімен танысты.Аталған кәсіпорындарда өндірістік қуаттың төмен деңгейде пайдаланылып отырғаны байқалды.«Актюбрентген» АҚ – Қазақстандағы алғашқы әрі жалғыз, сондай-ақ ТМД елдеріндегі санаулы жоғары технологиялы медициналық рентген-диагностикалық жабдықтарды шығаратын кәсіпорындардың бірі.Кәсіпорын директорының айтуынша, қазіргі уақытта зауыттың жүктемесі небәрі 28%-ды құрайды.Оның негізгі себептерінің бірі – өнімді өткізуге арналған ұзақмерзімді келісімшарттардың болмауы.«Светоком» ЖШС – бағдаршам жабдықтарын шығаратын бірегей кәсіпорын.Алайда, кәсіпорын өндірістік қуатының небәрі 30%-ына ғана жүктелген (жылына 2 мың данаға дейін бағдаршам өндіру мүмкіндігі бар).Кәсіпорын директорының айтуынша, бұл жағдайдың басты себебі – мемлекеттік сатып алуда жеңіске жеткен мердігер ұйымдардың ұқсас өнімді көрші елдерден сатып алуы.Сонымен қатар, бағдаршам өнімдері мемлекеттік сатып алу кезінде жеке тауар ретінде сатып алынбайды, өйткені ол құрылыс, жөндеу немесе орнату жұмыстары аясында мердігерлермен қолданылып жатыр.Марат Әбішев 16 сәуірде өңірдің кәсіпкерлерімен өткен кездесуде облыс әкімі Асхат Шахаров прокуратураның ұсынысын қолдап, толық жүктемемен жұмыс істемейтін отандық өндірушілердің өнімдерімен импортты алмастыруды талдау үшін арнайы жұмыс тобын құру бастамасын қолдағанын атап өтті.Аталған жұмыс тобы құрылып, кәсіпорындардың қызметін сауықтыру шаралары басталды.Отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесі облыс әкімдігі мен прокуратурасының бақылауында.#Закон_и_Порядок#ЗАКОНиПОРЯДОК #ОтветственностьАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/988155?lang=kk
«Ерлікке тағзым» 08.05.2025
   2025 жылдың 2 мамырында Әділет департаментінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық «Ерлікке тағзым» акциясына қатысты.   Акция аясында қатысушылар соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен сол кезеңдегі әскери іс-қимылдарға қатысқан өзге де тұлғалардың ескеркіштері мен қараусыз қалған зираттарында тазалық жұмыстарын жүргізді.   Аталған еріктілік бастама - тарихи жадымызды сақтау, ерлер ерлігіне құрмет көрсету және жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты тәрбиелеуді мақсат етеді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/988161?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін инвестициялау туралы2025 жылдың 1 сәуіріндегі есебін ұсынады 08.05.2025
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін инвестициялау туралы2025 жылдың 1 сәуіріндегі есебін ұсынады   "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 723,37млрдтеңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 333,29 млрдтеңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 327,30 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 62,78 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 сәуірге МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,59%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,88%, ҚРҰБ депозиттері – 3,86%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,16%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,51%, МҚҰ - 1,38%.2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,94%, АҚШ долларымен – 40,05%, басқа валютада - зейнетақы активтері портфелінің 0,01%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 433,21 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер – 2,89 млрд теңге. Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,37 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік - 11,99%, инфляция мөлшері - 10,00%.  2025 жылғы 1 сәуірдегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 80,02%, РЕПО операциялары – 16,39%, ҚРҰБ депозиттері – 3,10%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 7,37% көрсетті.2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі14,84% болды. Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 62,78 млрд теңгеден асады.01.04.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,40 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 21,90%, ҚР ҚМ МБҚ – 19,37%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 19,14%, РЕПО – 8,83%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,04%, МҚҰ - 6,23%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,12%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,81%. Атап кетейік, портфельдің 66,49% теңгемен, 32,15% - АҚШ долларымен, 1,36% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі14,21% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.04.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,30 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 18,96%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 16,25%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 14,46%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,66%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 11,13%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 9,20%,  шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,79%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 4,94%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 69,11%, АҚШ долларымен 30,89% тең.2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі15,55% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.04.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 5,94 млрд теңге.Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 23,52%, ҚР ЕДБ облигациялары – 23,49%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,79%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,35%, РЕПО – 8,75%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,32%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 77,89%, АҚШ долларымен 22,11%. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі16,64% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.04.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,19 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 23,50% инвестицияланды, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 21,15%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 16,63%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,65%, РЕПО – 9,08%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 6,81%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,53%.Ұлттық валютада портфельдің 76,45%, АҚШ долларында – 23,55% инвестицияланды.2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі13,85% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 37,95 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 24,48%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 13,51%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,39%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,27%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 8,48%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,76%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 6,49%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 5,31%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 62,06%, АҚШ долларында – 37,94% инвестицияланды.2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі14,88% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге құқылы. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).       [1]зейнетақыжарналары мен төлемдершоттарындағыақшаныесепкеалмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/988083?lang=kk
Зейнетақы активтерінің 12 айдағы кірістілігі инфляциядан асып түсті 08.05.2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы активтерінің 12 айдағы кірістілігі инфляциядан асып түсті  2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚРҰБ басқаратын және міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген соңғы 12 айдағы кірістілігі 11,99% құрады, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен – 7,37%, ал инфляция мөлшері - 10,00%.Соңғы 3 жылдық динамикадағы инвестициялық кіріс тұрақты өсім көрсетіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.Инвестициялық кіріс мөлшері қаржы және валюта нарығындағы жағдайларға байланысты құбылып отырады. Инвестициялық кіріс мөлшеріне бірнеше факторлардың әсер етуі мүмкін: Қаржы нарығындағы жағдай: акциялардың, облигациялардың және басқа құралдардың бағасы құбылуы мүмкін, бұл инвестициялық кірістің мөлшеріне әсер етеді. Жекелеген құралдарды нарықтық қайта бағалау нәтижесінде біз бағалы қағаздар құнының бір жыл ішінде өзгеруін байқай аламыз. Тиісінше, нарықтық қайта бағалаудан түскен кіріс жеке кезеңде оң да, теріс те болуы мүмкін. Бағалы қағаздардың құнына көптеген сыртқы факторлар әсер етеді, мысалы, геосаяси тәуекелдердің өсуі, халықаралық саудадағы өзгерістер және қаржы ағындарының қайта бөлінуі, капитал нарықтарындағы жағдай мен белсенділіктің өзгеруі, макроэкономикалық көрсеткіштер.Валюта бағамдары: егер инвестициялар шетел валютасымен байланысты болса, онда валюта бағамындағы өзгерістер инвестициялық кіріс мөлшеріне әсер етеді. Жоғарыда атап өткеніміздей, зейнетақы жинақтары қаржы құралдарына түрлі валютада инвестицияланған. Инвестициялық кірістің ауытқуы нарықтардағы, соның ішінде валюта нарығындағы құбылмалылықтың жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Осының салдарынан апта сайын зейнетақы активтерін оң немесе теріс валюталық қайта бағалау қалыптасады, осыған байланысты салымшылар өздерінің жеке зейнетақы шоттарында инвестициялық табыстың өзгеруін байқайды. Атап өткен жөн, зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестиция. Олар, ең алдымен, еңбек ету мерзімі аяқталғаннан кейін алатын зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етуге бағытталған. Қордың зейнетақы активтері ұзақ инвестициялық көкжиекке ие және инвестициялаудың негізгі мақсаты - ұзақ мерзімді кезеңде нақты табыс алу. Сондықтан оларды басқару нәтижелерін объективті бағалау үшін кем дегенде 1 жыл кезеңіндегі деректерді талдау қажет. Мұндай мерзім инвестициялардың тиімділігін ұзақ мерзімді перспективада бағалауға мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола аламайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде орын алып тұратын өзгеруіне байланысты. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабуға мүмкіндік беретін инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді перспективада сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді.  Осылайша, орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 сәуірге дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 958,64% болды, бүкіл кезеңдегі инфляция 863,96% көрсетті.2014 жылдан бастап жинақталған (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша таза инвестициялық кіріс 11,38 трлн теңгеге жетті. Жүзеге асырылған төлемдерді ескере отырып, 01.04.2025ж. жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі 39,6% құрайды, бұл инвестициялық қызметтің азаматтардың жинақтау құрылымында алатын рөлінің маңызды екенін көрсетеді. Сондай-ақ, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының  enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) ««Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-makanshy/press/news/details/1013992?lang=kk
Ермек Маржықпаев СҚО-да жұмыс бабымен болды 08.05.2025
Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барып, өңірдің негізгі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық нысандарымен танысты.«Петропавл электротехникалық зауыты» 4 жыл бұрын жұмысын бастап, осы уақыт ішінде 10 мың трансформатор өндірді. Биылғы жоспар — 8 мың дана. Қазіргі уақытта кәсіпорында 200 адам жақсы табыс алады.  Кәсіпорын құрғақ трансформаторлар өндірісін игеруді жоспарлап отыр.Жаңа «Маслодел» май экстракциялау зауыты қарқын алып келеді. Ол жылына 400 мың тонна майлы дақылдарды өңдейді. Жобаға 34 миллиард теңге инвестиция салынды, 220 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын қазақстандық нарықты күнбағыс майымен қамтамасыз етіп, импортқа тәуелділікті азайтады.«ЗИКСТО» зауыты жолаушылар вагондары мен платформаларын құрастыру үшін роботтандырылған технологияларды енгізуде. Бұл мақсатта жаңа өндірістік корпус салынып жатыр. Сондай-ақ, жартылай вагондар, мұнай өнімдеріне арналған цистерналар мен автокөлік тасымалдаушылар өндірісін игеру жоспарлануда.«Евразиан Милк» сүт зауыты өнім ассортиментін кеңейтіп, ірімшік, сары май және қышқыл сүт өнімдерін шығарады. Қазіргі уақытта қоюландырылған сүт өндіруге арналған жаңа желі орнатылуда. Кәсіпорынның дамуы нәтижесінде 200-ден астам жұмыс орны құрылды.«Қызылжар су» ЖШС су тазарту кешенінде Ермек Маржықпаевқа сумен жабдықтау саласындағы жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндалды. Бірінші көтергіш сорғы станциясының қайта жаңғыртылуы жүргізілуде. Еуропалық су астында жұмыс істей алатын жаңа агрегаттар орнатылды. Станция айналасындағы дамбаны нығайту үшін алғаш рет габиондық құрылымдар қолданылды, бұл бөгет тасқынға төтеп берді. Сондай-ақ, тұрақты электрмен жабдықтау үшін жер астымен кабель төселді. Бұл шаралар облыс орталығын үздіксіз сумен қамтамасыз етеді.Сапар барысында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, озық технологияларды енгізу және облыстың өнеркәсіптік әлеуетін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/988047?lang=kk