Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Қорғас-ШЫХО кеден бекетінде акцизделетін өнімнің заңсыз жолы кесілді 24.04.2025
2025 жылғы 18 сәуірде «Хоргос-ШЫХО» кеден бекетінде «Renault» маркалы автокөлікке кедендік тексеру жүргізу барысында, «А» ЖШС-не тиесілі көліктің жүк салғыш бөлігіндегі қаптама астынан «ОРИС» маркалы 20 блок темекі анықталды.Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешіміне сәйкес, жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бажсыз және салықсыз алып өту үшін белгіленген құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалар белгіленген. Аталған нормаларға сәйкес, жеке пайдалануға арналған темекі өнімдерін (этил спирті мен спирт мөлшері 0,5%-дан асатын алкоголь өнімдерінен басқа), әуе көлігінен өзге көлік түрлерімен немесе жаяу алып өткен кезде, мынадай мөлшерде өткізуге болады:  200 дана темекі,   немесе 50 дана сигара (сигарилла), немесе 200 дана қыздырылатын темекі өнімдері (стиктер),  немесе 250 г темекі,   немесе жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын әртүрлі темекі өнімдері.Кеден заңнамасының бұл талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 549-бабына сәйкес ЕАЭО кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жасыру ретінде қарастырылады және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.Аталған бапқа сәйкес, ондай құқық бұзушылық үшін жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, құқық бұзушылық заты болып табылатын тауарлар тәркіленеді немесе тәркілеусіз жүзеге асырылады. Сонымен қатар, арнайы жасырын орындармен жабдықталған көлік құралдары мен кеден шекарасы арқылы жасырын түрде өткізілмек болған тауарлар да тәркіленуі мүмкін.Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа жолданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/980560?lang=kk
Көпірлер қалпына келтірілуде 24.04.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Шіркейлі», «Жаңадария», Сыздық каналдарындағы көпірлерді қалпына келтіру жұмыстарын тексерді.«Шіркейлі» каналындағы көпірді жөндеуді қолға алған бас мердігер «Жылу 21» ЖШС 24 аралық балка және 250 аралық плита орнатты, 4 аралықтың беті бетондалды. Арнасы тазартылып, бетон конструкциялары сырлануда. Жиектегі тіреулерге плита орнату және кірме жолды жөндеу қарқын алған. Құрылыс материалдары толық жеткізіліп, жұмысқа 20 адам мен 5 техника жұмылдырылған.Сыздық каналындағы жұмысты да аталған серіктестік жүргізуде. Каналдың табаны мен жиектері тегістеліп, бетондалды. Құрылыс материалдары жеткілікті, көпір басында 12 адам, 3 техника жұмыс істеуде.Жаңадария каналындағы көпірге «Best Stroi Grup инжиниринг» ЖШС құрылыс материалдарын жеткізіп, бетондап, сырлауда. Кірме жолға топырақ төселген. Қалпына келтіру жұмыстарын 26 адам, 4 техника атқаруда.Аймақ басшысы ең бастысы сапаға мән беріп, жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/980604?lang=kk
Қостанай қаласында жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр 24.04.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов облыс орталығындағы жол жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Сапар барысында жұмыс қарқынына, мерзімдердің сақталуына және жөндеу сапасына ерекше назар аударылды.2025 жылы Қостанайда жалпы ұзындығы 45 шақырымды құрайтын 91 көше жөнделеді. Оның ішінде үш көше толық реконструкциядан өтеді. Жөндеу жұмыстары қолайлы ауа райымен бірге басталып кетті.Негізгі нысандардың қатарында Сьянова, Қайырбеков, Назарбаев, Баймағамбетов, Гоголь, Мәуленов, Герасимов, Маяковский, Әл-Фараби, Перронная көшелері және басқалары бар. Сонымен қатар, аулаларды абаттандыру бағдарламасы аясында 49 аула жөнделетін болады.Биыл жолдарды жөндеуге 9 миллиард теңге бөлінді — бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.Ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударылып отыр. Облыс әкімінің тапсырмасы – барлық жұмыстарды мерзімінде аяқтап, сапалы жол жабындысын қамтамасыз ету. Қала көшелерінде шұңқырлар болмауы тиіс, ал жұмыстар тұрғындардың күткен талабына сай жүргізілуі қажет.Жөндеу жұмыстарының орындалуы тұрақты бақылауда болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/980614?lang=kk
Астанадағы экофестиваль: Таза болашаққа жаңа шешімдер 24.04.2025
2025 жылғы 21 сәуірде Астанада Мемлекет Басшысының қатысуымен экология, қалдықтарды қайта өңдеу және тұрақты даму салаларындағы ондаған инновациялық жобаларды біріктірген ауқымды экофестиваль өтті.Көрмеде стартаптардан бастап ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға дейін шамамен 40 бастама таныстырылды. Олардың қатарында Алматы облысында жүзеге асырылып жатқан екі жоба бар.Тамақ қалдықтарын қайта өңдеу жобасы"Food Waste" ЖШС-нің бас директоры Бекежан Қайырғалиев:«Біз тамақ қалдықтарын жинап, оларды шыбын дернәсілдеріне береміз. Олар 14 күн ішінде қалдықтарды құнды шикізатқа айналдырады. Дернәсілдерді кептіргеннен кейін біз протеин мен майдан тұратын жемдік қоспа аламыз. Бұл — жем өндірісінде қолданылатын толыққанды алмастырушы өнім.»Алатау қаласы аумағында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтарды электр энергиясына айналдыратын зауыт"ADC Taza A'lem" ЖШС жобасының жетекшісі Мадина Толмачева:«Біз қалдықтарды толықтай сұрыптап, қайталама шикізатты қайта өңдейміз. Қалған қалдықтардан биогаз өндіріп, одан электр энергиясын аламыз.»Мұндай бастамалар экологиялық технологиялардың нақты мәселелерді шеше алатынын және Қазақстанның жасыл экономикаға көшуіне үлес қосатынын көрсетеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/980620?lang=kk
Райымбек батыр даңғылындағы BRT «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша жүзеге асырылады 24.04.2025
23 сәуірден бастап Алматыдағы Райымбек батыр даңғылында қаладағы ең ірі көлік жобасының бірі BRT желісін іске асыру жұмыстары басталады. Бұл жоба Алматыда алғаш рет көше кеңістігін толық қамтып, ғимараттан ғимаратқа дейінгі аралықты – жол, тротуар, жасыл аймақ пен ғимараттардың қасбетін – толығымен қайта жаңғыртуды көздейді. Соның нәтижесінде тұрғындар үшін ыңғайлы әрі заманауи қалалық орта қалыптасады.Құрылыс қалай жүреді?Жоба үш бөлікке бөлінген:1.Пушкин көшесі – Сейфуллин даңғылы (1,8 км)2.Сейфуллин даңғылы – Ахрименко көшесі (7,2 км)3.Ахрименко көшесі – Алтын Орда (7,5 км)Мердігерлер:• 1 және 2 учаске – «Казахдорстрой» ЖШС• 3 учаске – «Прогресс KZ» ЖШС Құрылыс екі кезеңге бөлінген:І кезең: 21 сәуірден маусым айына дейін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезеңде жол бойында жұмыс басталады: бір шеткі оң жақ жолақ уақытша жабылады, ал әр бағытта үш жолақпен қозғалыс сақталады.Осы кезеңде орындалатын жұмыстар:• арық және дренаж жүйесін орнату• жаңа аялдамалар орнату• суару жүйесін тарту• инженерлік желілерді көшіруІІ кезең: Маусым айынан бастап жаңа асфальт төселіп, жол таңбалары сызылып, бағдаршамдар жаңартылады. Сонымен қатар тротуарлар, жасыл аймақтар, велосипед жолдары, балалар және спорт алаңдарын көріктендіру басталады.Жол төсемі барлық ен бойынша жаңартылып, қозғалыс ішінара 36 сағатқа дейін жабылуы мүмкін (кварталдық кесте бойынша). Осы кезде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Мұндай уақытша қозғалыс схемасы әл-Фараби мен Абай даңғылындағы орташа жөндеу кезінде тиімділігін көрсетті.Қала тұрғындарының жайлылығы қалай қамтамасыз етіледі?Құрылыс жұмыстары кезінде тұрғындар мен қала қонақтарының қолайсыздықты барынша аз сезінуі және қауіпсіз жүріп-тұруы үшін барлық жағдай жасалады.Жаяу жүргіншілер үшін:• жөндеу учаскелері бойымен ыңғайлы жаяу жүргіншілер бағыттары ұйымдастырылады• қоршаулар, пандустар және жарық шағылыстырғыш элементтер орнатылады — бұл түнгі уақыттағы қауіпсіздік пен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз етедіҚоғамдық көлікпен қатынайтын жолаушылар үшін:• жөндеу жұмыстары кезеңінде уақытша аялдамалар қойылады, олар негізгі маршруттарға барынша жақын орналастырыладыБасты мақсат — құрылыс жүріп жатқан уақытта аудан тұрғындарының әдеттегі өмір ырғағын сақтау.Қашан аяқталады?Негізгі жұмыстарды 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.Жаңалықтарды қайдан білуге болады?Жүргізілетін жұмыстар, қозғалысты уақытша жабу және схемалардағы өзгерістер туралы ақпарат Almaty_Joly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілері мен 2GIS және Яндекс карталарында үнемі жаңартылып отырады. Бұл даңғыл қала мен облыс арасындағы маңызды көлік күре тамыры болғандықтан, ақпарат қала маңы тұрғындарына да жеткізіліп отырады.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/980673?lang=kk
Қарулы күштер әскери полициясының әскери қызметшілері кәсіби мерекесін атап өтуде 24.04.2025
ҚР Қарулы күштері Әскери полиция органдарының құрылуы 1997 жылғы 22 сәуірде «Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» Президент Жарлығына қол қоюмен байланысты.Қарулы күштер құқық қорғау құрылымының қағидаттары, міндеттері мен жүйесі, құқықтық негіздері, «Әскери полиция органдары туралы» ҚР Заңында бекітілген. 2023 жылғы 14 наурыздағы заңның жаңа редакциясы оның өкілеттіктерін кеңейтті. Әскери полиция органдарына әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруда ведомстволық бақылау функциясы берілді. Сол сияқты әскери полиция органдарының әскери қызметшілерін әлеуметтік және құқықтық қорғау және кадрлық қамтамасыз ету мәселелеріне де толықтырулар енгізілді.Әскери полиция ұйымдық тұрғыдан Қарулы күштердің құрамына кіреді. Бүгінде оның құрылымына қылмысты азайтуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және әскери қызметшілердің құқықтық деңгейін арттыруға бағытталған жаңа бөлімшелер енгізілген. Әскери полиция құрамындағы кинологиялық қызмет те оның жұмысына айтарлықтай үлес қосып келеді.«Өміріңді сақта» ведомствоаралық бағдарламасына сәйкес әскери полицияның әскери қызметшілері құқықтық тәртіп пен ішкі тәртіпті қолдауға, қару мен оқ-дәрілерді сақтауға, қауіпсіздік шараларын орындауға және ЖКО алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асырады. Әскери бөлімдерде құқық бұзушылықтарды азайту үшін тәулік бойы арнайы алдын алу кабинеттері жұмыс істейді.2019 жылдан бастап әскери полиция органдары БҰҰ қолдауымен бітімгерлік миссияларға ұдайы қатысып келеді. Мемлекеттік күзет қызметімен және ІІМ-мен ынтымақтастықта әскери полицияның әскери қызметшілері ШЫҰ саммиттерінің, ҰҚШҰ-ның және басқа да халықаралық форумдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындайды.Тәжірибе алмасу және қызметтік модельдерді зерттеу мақсатында АҚШ, Ресей, Әзербайжан және Армениядан келген әріптестерімен кездесулер өткізіледі.Кәсіби дайындалған мамандармен жасақталған, заманауи қару-жарақ пен техникамен жарақталған әскери полиция елдің қорғанысы мен қауіпсіздік жүйесінде тәртіп пен заңдылықты сақтауда шешуші рөл атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/980683?lang=kk
Құрметті Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери полиция қызметкерлері мен ардагерлері! 24.04.2025
Сіздерді әскери полицияның құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймын!1997 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес посткеңестік кеңістікте теңдесі жоқ бірегей құрылым – әскери полиция органдары құрылды. Алғашқы күннен әскери полиция Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде құқықтық тәртіп пен әскери тәртіпті, сондай-ақ заңдылықты қамтамасыз ету жүйесінің ажырамас маңызды бөлігіне айналды.Әскери полиция органдары жоғары кәсібилікті, жауапкершілік пен борышқа берілгендікті көрсетіп келеді. Сіздердің күш-жігерлеріңіз құқық бұзушылықтардың алдын алуға, еліміздің заңнамасында белгіленген құзырет шегінде анықтау жүргізуге бағытталған. Әскери көлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жұмыстарыңыз ерекше маңызға ие. Бұл біріншден әскерлердің жауынгерлік дайындығы мен жеке құрамның өмірін сақтаудың маңызды аспектісі.Әскери полиция қызметкерлері тәртіпті сақтауда шешуші рөл атқарады. Бұл әскери қызметшілердің жауынгерлік рухы мен бірлігін нығайтуға ықпал етеді. Сіздердің үйлесімді қызметтеріңіздің арқасында мемлекеттің мүддесі мен әрбір әскери қызметшінің құқығы сенімді қорғалуда.Осы қызметтің басында тұрған әскери полиция ардагерлеріне ерекше алғыс айтамын. Сіздердің тәжірибелеріңіз әскери полицияның қазіргі буыны үшін берік негіз, әрі үлгі.Бүгінгі таңда әскери полиция органдары жетілдіруді, заманауи жұмыс әдістері мен технологияларын енгізуді жалғастыруда. Бұл уақыттың қиындықтарына тиімді қарсы тұруға және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Барлық әскери қызметшілер мен әскери полиция ардагерлеріне зор денсаулық, амандық, сарқылмас қуат және кәсіби шыңдалуды тілеймін!Бейбіт уақыттағы әр күндеріңіз Отан қорғауға қосқан үлестеріңіз үшін мақтанышқа толы болсын.Антқа адал болып, қызметтік міндеттеріңізді мінсіз орындағандарыңыз үшін рахмет! Құрметпен,Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрігенерал-полковник Р. Жақсылықов   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/980685?lang=kk
ШҚО Риддер қаласында «Ардағым – ардагерім» акциясы аясында тыл еңбеккерлері құттықталды 24.04.2025
ШҚО Риддер қаласында «Ардағым – ардагерім» акциясы аясында тыл еңбеккерлері құттықталды21 сәуір күні Риддер қаласында «Ардағым – ардагерім» атты патриоттық акция бастау алды. Осы акция аясында қаладағы барлық мемлекеттік мекемелер Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыл еңбеккерлерін құттықтап, алғыс білдірді.Жылы лебіздер, гүлдер, естелік сыйлықтар мен көңіл бөлу – барлығы Жеңісті тылда жақындатқан жандарға деген құрметтің белгісі болды. Бұл шара ұрпақтар сабақтастығы мен ел тарихына деген терең құрметтің айқын көрінісіне айналды.«Ардагерлеріміздің батасы мен ақ тілегі – бұл жай ғана сөз емес. Онда рухтың күші, келешек ұрпақтың бейбітшілігі мен бірлігінің кепілі жатыр», – деп атап өтті акция ұйымдастырушылары.Мұндай бастамалар халық ерлігін еске салумен қатар, өткен мен бүгінді, болашақты жалғайтын рухани көпірге айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/980419?lang=kk
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысты 24.04.2025
Ақмола облысы, Бурабай, 2025 жылғы 14 наурыз - Президент Көкше төріндегі құрылтайда осыдан үш жыл бұрын наурыз айында жариялаған Жолдауына сай жүргізілген қоғамдық-саяси реформаларға тоқталып, ел ішіндегі оң өзгерістерге Ұлттық құрылтай мүшелері де орасан зор үлес қосқанын атап өтті.Мемлекет басшысы, ең алдымен, қоғамда қызу талқыланып жатқан салық реформасына қатысты пікір білдірді.– Салық жүйесі, бұл – бүкіл мемлекеттік жүйенің тірегі. Бюджетте қаржы болмаса, мемлекет өз міндетін толық атқара алмайды, әлеуметтік міндеттемелер де орындалмайды. Еліміз үшін аса қажет шаралардың мән-маңызын халыққа егжей-тегжейлі түсіндіру керек. Жұрттың бәрі экономист немесе қаржыгер емес. Мемлекеттің қандай шараны не үшін қолға алып жатқанын бәрі бірдей түсіне бермеуі мүмкін. Сондықтан реформаның мәнін әр адамға түсінікті тілмен жеткізу керек. Үкімет салық реформасына қатысты жаңа тәсілдерді ұсынды. Бұл шаралар, жалпы алғанда, дұрыс. Онда негізгі экономикалық және әлеуметтік факторлар ескерілген. Кәсіби мамандар да, жалпы жұртшылық та қосымша құн салығының мөлшерлемесін көтеру қажеттігіне түсіністікпен қарайды. Дегенмен ұсынылған шараларға, соның ішінде, қосымша құн салығына қатысты сын-пікірлер де естіліп қалады. Бірақ мұндай пайым шынайы ахуалға негізделмеген. Түрлі себепке байланысты өзіне ауқымды әлеуметтік міндеттеме алмайтын елдер аз емес. Ал Қазақстанның бюджет қаржысының жартысынан көбі әлеуметтік саланың еншісінде. Біздің еліміз – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан білім беру, денсаулық сақтау салаларына инвестиция салуды жалғастырамыз, – деді Президент.Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай мүшелері тарапынан көтерілген қоғамдық әдепті реттеу; теріс ағымдар мен ұлттық болмысымызға жат идеологияларға, түрлі алаяқтық әрекеттерге тосқауыл қою; отандық кино және анимация өндірісіне идеологиялық тұрғыдан мән беру; әйелдер колониясындағы жағдайды түзеп, қылмыстық-атқару жүйесіндегі заңнаманың жүкті немесе кәмелет жасқа толмаған балалары бар әйелдерге қатысты тұсын қайта қарау, кәсіптік- техникалық колледждерді дамыту ісінде жаңа мамандықтарға сұраныс пен еңбек нарығындағы жағдайды ескеру секілді өзекті мәселелерге қолдау білдіріп, өз ойын ортаға салды.Мемлекет басшысы ономастика саласын, мемлекеттік және мекемелік марапаттар жүйесін жетілдіру, жасампаздық құндылықтарды дәріптеу, әлеуметтік кеселдерді жою, азаматтық қоғамды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстың кемшін тұстарына назар аударып, ішкі саясаттағы ауқымды идеологиялық жұмысты жүйелейтін біртұтас тұжырымдамалық құжат әзірлеуді тапсырды.Сонымен қатар Президент ұлттық бірегейлігімізді нығайту жолында мәдениет саласы айрықша рөл атқаратынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде театр өнеріне деген қызығушылық өсіп келе жатқанын алға тартып, өңірлердегі театрларды дамытуға әрі бұл іске бизнес өкілдерін белсенді атсалысуға шақырды. Сондай-ақ Абай Құнанбайлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай институтын Конфуций, Гете, Сервантес институттары сияқты халықаралық деңгейдегі мәдени-ағарту мекемесіне айналдыру үшін Сыртқы істер министрлігі мен «Отандастар» қорына Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, шетелде осындай орталықтар ашу бойынша тиісті жұмысты жалғастыруды тапсырды.Бұдан бөлек, Президент Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастамаларын қолдау, құжат түріндегі мұраларымызды ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енгізу, төл болмысымыз бен мәдениетімізді айшықтайтын ұлттық цифрлық мұрағатты жасанды интеллект жүйелеріне кіріктіру, тарихи зерттеулерді жандандыру міндеттерін айқындады.Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұртшылық алдындағы сөзінің бір бөлігі елімізде жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларға арналды.Президенттің айтуынша, мемлекеттің ең басты міндеті – аймақтардың экономикалық өсіміне түрткі болатын және өңірлердің дамуындағы теңсіздікті жоятын бастамаларға баса мән беру. Бұл ретте биыл экономиканың нақты секторын қаржыландыру көлемі екі есе, яғни 8 триллион теңгеге дейін ұлғаймақ. Президент өңірлердегі білім беру, денсаулық сақтау, туризм және спорт салаларын дамыту жобаларына кеңінен тоқталып, оларды уақтылы әрі сапалы жүзеге асыру маңызды екенін ескертті. – «Қуатты аймақтар – қуатты ел» ұстанымы – менің саяси бағдарымдағы мызғымас қағиданың бірі. Үкімет осы қағиданы негізге ала отырып, облыстардың еншісіндегі әлеуметтік салықты сақтап қалу туралы шешім қабылдады. Алайда облыс әкімдері бюджет қаржысын үнемдеп, тиімді пайдалануы керек. Елге пайдасы тиетін әлеуметтік маңызы бар жобаларға басымдық беру қажет. Бүгін айтылған бастамалар мен жобалар аймақтардың біркелкі дамуына ықпал етіп, еліміздің одан әрі өркендеуіне жол ашады деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, жаһанда жүріп жатқан үдерістерге шолу жасап, Қазақстанды кез келген сын-қатерге төтеп бере алатын қуатты мемлекетке айналдырудың қамы жөнінде ой толғады.Президенттің пікірінше, еліміз тәуелсіздіктің 40 жылдығына қандай қандай жетістікпен жететінін, оған дейін қандай тарихи міндеттердің орындалуға тиіс екенін нақты білу маңызды. Бұл ретте Мемлекет басшысы цифрландыру мен жасанды интеллектіні, энергетика, агроөнеркәсіп секторын және адам капиталын Қазақстанның жаңа әлемдегі орнықты дамуына жол ашатын негізгі факторлары ретінде атады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/980434?lang=kk
Жалағаш ауылдық округі бойынша көгалдандыру жұмыстары басталды. 24.04.2025
Жалағаш ауылдық округі бойынша көгалдандыру жұмыстары басталды. Бүгінгі күнге дейін 100 түп шырша, 200 түп тал-терек отырғызылды. Көгалдандыру жұмыстары сәуір айының аяғына дейін жалғастырылатын болады.2025 жылы округ бойынша 1000 түп ағаш отырғызу жоспарда тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/980440?lang=kk
Ысқақ Балықбай 1924 жылы 5 қарашада Алматы облысы Кеген ауданы Жалағаш ауылында дүниеге келген. 24.04.2025
Ысқақ Балықбай 1924 жылы 5 қарашада Алматы облысы Кеген ауданы Жалағаш ауылында дүниеге келген.1943 жылы ол 115-атқыштар дивизиясының сарбазы болды. Ардагердің әскери қызметі 61-ші армия құрамына өтті. Ысқақ Балықбай Беларусь, Латвия, Румыния және Венгрия аумақтарындағы шайқастарға, сондай-ақ Польшаны азат етуге қатысты. Ардагердің ең жарқын естеліктерінің бірі Австрия тауларында Жеңіс күнін қарсы алған оқиға болды. Бұл күн оның жадында мәңгі қалды. Соғыстан кейін Ысқақ Балықбай қызмет еткен бөлім Қиыр Шығысқа ауыстырылды. Қазақстанға 1947 жылы ғана оралды. Шайқаста көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін ол III дәрежелі Даңқ орденімен, «Германияны жеңгені үшін» және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды. Ташкенттегі милиция мектебінде оқығаннан кейін Ысқақ Балықбай туған өңірінде ішкі істер органдарында қызмет етіп, құқықтық тәртіпті нығайтуға және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге елеулі үлес қосты. Ысқақ Балықбай жасы 101 – ге қараған шағында 8 сәуір 2025 жылы көз жұмды . Артында қалған балаларына, туған – туыстарына көңіл айтамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/980482?lang=kk
Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне қатысты 24.04.2025
Өзбекстан, Самарқанд, 2025 жылғы 4 сәуір - Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитінде сөз сөйледі.Президент ерекше қонақжайлық көрсеткен және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырған Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке алғыс айтты. Сонымен қатар көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға әрдайым ниет танытқаны үшін Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштаға, Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенге және Орталық Азия елдерінің басшыларына шынайы ризашылығын білдірді.Қазақстан Президенті геосаяси дүрбелеңдер мен жаһандық сын-қатерлер белең алған кезеңде Орталық Азия мен Еуропа Одағы арасындағы ықпалдастықтың өзектілігі арта түскеніне назар аударды.Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мен Еуропа Одағының келешектегі күн тәртібіне қатысты өз ойын ортаға салды.Президент, ең алдымен, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға баса мән берген жөн деп санайды. Оның айтуынша, Қазақстан ЕО нарығына жалпы құны 2 миллиард доллардан асатын 175 тауар түрінің экспортын ұлғайтуға дайын.Қасым-Жомарт Тоқаев еуропалық компанияларды осындай жаңа жобаларды қаржыландыру үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңын пайдалануға шақырды.Мемлекет басшысы энергетика саласын ынтымақтастықтың аса маңызды бағыты ретінде атады.– Қазақстан – Еуропаға көмірсутегін жеткізетін сенімді серіктестердің бірі. Еуропа Одағы шетелден импорттайтын мұнайдың 13 пайызға жуығы біздің елімізге тиесілі. Оның басым бөлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы тасымалданады. Еуропа Одағы аталған консорциумның тұрақты әрі ұзақ мерзімді жұмыс істеуіне қолдау білдіріп отыр. Біз мұны жоғары бағалаймыз. Дегенмен шикізат тасымалдаудың балама жолдарын да дамытамыз. Қазақстан жаңартылатын қуат көздері мен экологиялық таза отын жобаларын жүзеге асыруға кірісті. Total, Eni, Svevind секілді бұрыннан келе жатқан серіктестерімізбен және басқа да еуропалық компаниялармен бірге жел, күн электр стансаларының қуатын арттырып, «жасыл» сутегі өндірісі жобасын қолға алдық. Бұдан бөлек, Қазақстан Өзбекстан және Әзербайжан елдерімен бірлесіп, «жасыл» энергияны Каспий теңізі арқылы Еуропа нарығына жеткізетін біртұтас электр желісін салу бойынша ірі жобаны бастады, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, сирек кездесетін минералдарды игеру саласындағы ынтымақтастықтың стратегиялық маңызы зор.Бүгінде Қазақстанда Еуропа Одағы экономикасына қажетті 34 шикізаттың 19 түрі өндіріледі. Оның қатарында уран, титан, мыс, литий, кобальт, вольфрам және басқа да көптеген элементтер бар. Сонымен қатар еліміз Еуропалық қайта құру және даму банкімен арадағы келісім бойынша геологиялық барлау саласында бірлескен жобаларды іске асырып, кен игерудің озық тәжірибесін енгізіп жатыр. Бұл ретте Президент Астанада Сирек кездесетін металдарды зерттейтін аймақтық орталық құруды ұсынды. Аталған ғылыми мекеме кәсіпорындар мен инвесторларды игеруге болатын кеніштер, технологиялардың дамуы туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз етеді.Мемлекет басшысы Орталық Азияның Шығыс пен Батыс арасында тиімді жеткізу тізбегі қалыптасқан транзит торабына айналуға мүмкіндігі бар деп санайды. Былтыр Транскаспий халықаралық көлік дәлізімен контейнер арқылы тасымалданған жүк көлемі 62 пайызға артып, 4,5 миллион тоннаны құраған. 2027 жылға қарай жүк көлемін он миллион тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Орталық Азия өңіріндегі орнықты көлік байланысының дамуына оң септігін тигізіп отырған Global Gateway стратегиясына қолдау білдірді.Қазақстан декарбонизация бастамаларын белсенді жүзеге асырып келеді. Президент еліміздің әлемдегі ядролық отынның 40 пайызға жуығын қамтамасыз ету арқылы таза энергия өндірісінде маңызды рөл атқаратынын айтты. Өткен жылы Қазақстанда Климаттың өзгеруі және жасыл энергетика бойынша Жобалық кеңсе ашылды.Мемлекет басшысы цифрлық технология мен жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне айрықша тоқталды.– Қазақстан аталған салаларға инвестицияны арттырды. Жыл басында Президент жанындағы Жасанды интеллект жөніндегі халықаралық консультативтік кеңестің негізі қаланды. Қазір елімізде 100 мың жоғары білікті IT-маман даярлауды көздейтін ауқымды бағдарлама басталды. Астанада Alem.ai жоғары технологиялар орталығын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол инновацияны енгізумен, стартаптарды қолдаумен және осы салада зерттеулер жүргізумен айналысады. Бұдан бөлек, біз жасанды интеллект саласының дамуын жеделдету үшін Венчурлік қорды іске қостық. Еуропа Одағы Team Europe бастамасы арқылы Орталық Азия елдеріне цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты өркендетуге көмек көрсетіп келеді. Қазақстан бұл бағытта тәжірибе алмасуға дайын. Осы орайда Astana Hub базасында «Орталық Азия – Еуропа Одағы» инновациялық кампусын ашуды ұсынамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы Еуропа Одағы еліміздің ғылым және білім саласындағы маңызды серіктесі екенін атап өтті.– Мемлекеттеріміз Erasmus+, Horizon Europe бағдарламалары және тағы да басқа бастамалар аясында ынтымақтаса жұмыс істеп келеді. Қазақстанда отыздан астам шетелдік университеттің бөлімшелері ашылды. Бұл елімізде академиялық білімнің өркен жаюына ықпал етеді. Біз гранттар мен стипендиялар санын көбейтуге мүдделіміз. Мұндай бірлескен бағдарламалар бірқатар Еуропа елдерімен жүзеге асырылып жатыр. Жасанды интеллект, су ресурстарын басқару, биотехнология секілді маңызды салаларда маман даярлауға басымдық беретін «Орталық Азияға арналған Erasmus+» бағдарламасын әзірлеуді ұсынамыз, – деді Президент.Мемлекет басшысы орнықты дамудың басты кепілі саналатын халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясатты берік ұстанады және барлық мүдделі мемлекеттермен, негізгі халықаралық құрылымдармен, соның ішінде Еуропа Одағымен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті.Президент жаһандық тұрақсыздық шиеленісе түскен кезеңде әлемдегі күрделі оқиғаларға баға беруде барынша байыптылық танытып, жауапкершілікпен қарауға шақырды. Сондай-ақ ол барлық елді БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық қағидаларын мүлтіксіз сақтау үшін барынша күш-жігер жұмылдыруға, сондай-ақ Бас хатшы Антониу Гутерриштің қызметіне қолдау білдіруге үндеді. Ұйымның құрылғанына 80 жыл толған сәтте мұның өзектілігі арта түседі.Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаға қатысты келіссөз процесіне қолдау білдірді.– Қазақстан кез келген қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуін жақтайды. Сондықтан Украинаға қатысты келіссөздердің басталуын құптаймыз. Мәселенің күрделі екенін түсінеміз. Дегенмен шиеленіс оң шешімін табады деп үміттенеміз, – деді Президент.Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталықты құру туралы қарарды бірауыздан қабылдағанын айтып, жиын қатысушыларына Қазақстанның бастамасын қолдағанына ризашылық білдірді. Оның пікірінше, Орталық Ұйымның 2030 жылға дейінгі күн тәртібін ілгерілетуге, өңірдегі өзекті әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді шешуге елеулі үлес қосады.Саммитте сондай-ақ Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта, Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/980483?lang=kk
Үстіміздегі жылдың 15-16 сәуір аралығында Қырғыз Республикасы Түп ауданы әкімшілігінің басшылары Кеген ауданына арнайы іссапармен келді. 24.04.2025
Үстіміздегі жылдың 15-16 сәуір аралығында Қырғыз Республикасы Түп ауданы әкімшілігінің басшылары Кеген ауданына арнайы іссапармен келді. Сонымен қатар Жалағаш ауылдық округіне де атбасын бұрып, аудан көлемінде ауылшаруашылығы саласымен танысып, тәжірибе алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/980514?lang=kk
Тұрғын үйді жалға берушілерге нені білу маңызды? 24.04.2025
Тұрғын үйді жалға берушілерге нені білу маңызды?Біріншіден, қызмет түрі жеке кәсіпкерді тіркеумен немесе жеке кәсіпкерді тіркеусіз жүзеге асырылатындығын анықтау қажет.ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 35-бабының негізінде ЖК ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуге мынадай шарттардың біріне жауап беретін жеке тұлғалар жатады:1) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланады;2) жеке кәсіпкерліктен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде жылдық табысы бар.ЖК тіркеусіз жұмыс істеу кезінде: - жалдамалы жұмысшылар болмауы керек;- табыс есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейін табыс ету мерзімімен 270.00 нысаны бойынша "Жеке тұлғаның кірістері мен мүлік туралы" декларацияда көрсетіледі, салық төлемі 25 қыркүйекке дейін;- салық ставкасы-табыс сомасының 10%.ЖК тіркеу кезінде ҚР Салық кодексінің 683-бабында көзделген қолдану шарттарына сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін 3 арнайы салық режимінің кез келгенін (СМБ үшін СНР) қолдануға болады.2025 жылы пәтерді жалға беретін тұлғаларға арналған АСР бойынша кесте ЖК жоқОңайлатылған декларацияПатентЕ- Salyk BusinessТабыс-94,5 млн.тенге13,8 млн.тенге13,8 млн.тенгеЖұмысшыларжоқ30 ға дейінжоқжоқСалық ставкасы10%3%1%1%Әлеуметтік төлемдержоқиәиәиәСалықты төлеужылына 1 ретжылына 2 ретпатент ресімделгенге дейін алдын алаай сайынБКМ қолма қол төлеу кезіндеталап етілмейдіҚажетҚажетталап етілмейдіСалық есептілігінің нысаны270.00 нысаны910.00 нысаны911.00 нысаныталап етілмейдіБарлық режимдерде әлеуметтік төлемдер төленуі керек, олардың минималды мөлшері:- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 1 ЕТЖ-дан 10% ;- жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 1 ЕТЖ-дан 2,5% ;- әлеуметтік аударымдар (СО) - 1 ЕТЖ - дан 5% ;- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар (МӘМСЖ) – 1,4 ЕТЖ-дан 5%.                                 Барлығы 20825 теңге2025 жылы ең төменгі жалақы (ЕТЖ) 85000 теңге.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/980518?lang=kk
Тұрғын үйлерді жаңғырту 24.04.2025
2025 жылы қалада тұрғын үйлерді жөндеу және жаңғырту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыру жоспарланған. Бекітілген жоспарға сәйкес, жаңарту 41 көппәтерлі үйге әсер етеді, бұл қалалық ортаның сапасын арттырудың және мыңдаған қала тұрғындары үшін өмір сүру жағдайларын жақсартудың маңызды кезеңі болады.Жалпы саны: 9 үй күрделі жөндеуден өтеді, 32 үйде қасбеттік және абаттандыру жұмыстары орындалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/980521?lang=kk
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы - тағзым ету парыз 24.04.2025
Секешфехервар, 2025 жылғы 17 сәуір – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өту жөніндегі «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты іс-шаралар жоспарының аясында Секешфехервар қаласының Кеңес жауынгерлерінің орталық зиратында жерленген Талдықорған облысының тумасы Сейтәлі Бірімқұлов қатардағы жауынгерді оның туысқандары және Елшілік өкілі еске алып, тағзым етті.1906 жылы туған С.Бірімқұлов 1942 жылы Талдықорған облысы Октябрь адуыны Басшы ауылынан әскерге шақырылды.Жақын туысы Берік Әбиловтың айтуынша «Атамыз соғыста іс-түзсіз кетті деген мәліметке қарамастан іздестіру шараларды тоқтатпадық. Оның жерлеген жерін Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігі арқылы тауып, Секешфехервар қаласына туған ауылының жерін алып келіп, дұға қылдық. Атамыз зиратының басына келіп, тағзым ету парызымыз! С.Бірімқұлов атамыз – Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне дейін бір жарым айға жетпей 1945 жылғы 21 наурызда көз жұмды. Отан соғысында от кешкен қаһарман қазақ жауынгерлеріміздің барша ұрпағы, өшпес рухтарына тағзым етіп, оларды мәңгілік есте сақтау тиіс».Айта кетері, 1944-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде Мажарстан аумағында екі ірі кешенді Балатон операциясы мен Будапештті азат ету шайқас болды.Жалпы Мажарстандағы ұзақ қанды шайқастарда Кеңес Армиясы айтарлықтай шығынға ұшырады. Мажарстанды азат етілуі 195 күн мен түнге созылып, 140 мыңнан астам адам қайтыс болды.Мажарстанның аумағында нақтыланған мәліметтер бойынша: 826 кеңестік әскери қабір, 10 ескерткіш, 3 ескерткіш орын және 3 мемориалдық тақта орнатылатын орын - барлығы 842 нысан бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/980523?lang=kk
«Азат етуші кеңес жауынгерінің дүниежүзілік ескерткіштері» дәстүрлі фестиваль-конкурсы 24.04.2025
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнінде 18 сәуірде Риддер тарихи-өлкетану музейінде дәстүрлі фестиваль-тұсаукесер байқауы өтті, биыл аталған шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналады.Қаланың 11 мектебінің оқушылары мен Риддер колледжінің студенттері нацизм қылмыстары мен кеңестік азат етуші жауынгерлердің Ұлы Отан соғысындағы мәңгілік ерлігін бейнелейтін қазақстандық және шетелдік ескерткіштер туралы айтып берді.28 батыр-панфиловшылар, Мамаев курган, Хатынь, Бухенвальд және т.б. сияқты ескерткіштер мен мемориалдар туралы әңгіме ешкімді бей - жай қалдырмады. Музейде тұсаукесерді қорғамас бұрын, балалар онымен бірге оқу орнында сынып сағаттары мен тарих сабақтарында сөз сөйледі. Осылайша іс-шарамен жалпы алғанда 5 мыңға жуық оқушы мен студенттер қамтылдыҚұзыретті қазылар алқасына үздіктерді анықтау оңай болған жоқ, барлық қатысушыларды 1, 2, 3 және 4 дәрежелі дипломдармен марапаттауға шешім қабылдады.1 дәрежелі дипломдар алғандар:№2 ОМ командасы - "Ескерткіш" Дунай жағалауындағы туфли” Венгрия, Будапешт.№1 мектеп-лицейінің командасы – "Мамаев курган” мемориалдық кешені", РФ, Волгоград.2 дәрежелі дипломдар:№ 10 ОМ командасы - "Бухенвальд құрбандарына арналған ескерткіш" , Германия, Веймар№5 ОМ командасы - "Мәңгілік алау және белгісіз солдаттың қабірі", РФ, Мәскеу.Риддер колледжінің командасы - "Фашизммен шайқаста қаза тапқан Кеңес Армиясының жауынгерлеріне арналған ескерткіш" Германия, Берлин, Трептов паркі.3 дәрежелі дипломдар№ 12 ОМ командасы - "Алеша " кеңес сарбазына арналған ескерткіш", Болгария, Пловдив№ 16 ОМ командасы-"Освенцим-Биркенау мемориалы",  Польша.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/980254?lang=kk
Салықтық тексеру: негізгі аспектілер және сот практикасы 24.04.2025
💠Салықтық тексеру — бұл Қазақстан Республикасы заңнамасының, соның ішінде салық заңнамасының сақталуын бағалау мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының (МКО) лауазымды тұлғалары жүргізетін бақылау іс-шарасы.Кәсіпкерлер салықтық тексеру нәтижелерін уәкілетті органға немесе сотқа Қазақстан Республикасының Салық кодексі мен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ӘРПК) сәйкес шағымдануға құқылы.💠Сот практикасы: Соңғы 4 жыл ішіндегі сот шешімдерін талдау көрсеткендей, талап арыздардың басым бөлігі ӘРПК ережелеріне сәйкес салықтық тексеруді тағайындау кезіндегі МКО-ның рәсімдік әрекеттеріне шағымданумен байланысты. Атап айтқанда, салық төлеушілер ескертулерді, хаттарды және тыңдаулар хаттамаларын әкімшілік актілермен теңестіреді.2021 жылғы 1 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін әкімшілік соттар 107 істің ішінен жалпы сомасы 39 млрд теңгені құрайтын талаптардың 30%-ын немесе 2,7 млрд теңгеге тең талаптарды қанағаттандырған.💠Сонымен қатар, салық төлеушілерге жасалған ескертулер (ӘРПК-нің 70–73-баптарының шеңберінде) соттармен аралық актілер ретінде танылып, салық міндеттемелерінің туындауына әкелмейтін әрекеттер болып табылғандықтан, сот шешімдерімен МКО-ның пайдасына қолдау тапқан.Осыған байланысты кәсіпкерлерге Салық кодексінің 155-бабына сәйкес жасалған шаруашылық операциялардың фактін растайтын бастапқы құжаттардың толық пакетін уақтылы ұсыну маңызды.Толығырақ⬇️⬇️⬇️⬇️https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/979408?lang=kk#ҚРҚММКК #КГДМФРК #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможняАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1014101?lang=kk
Мал жаю және абаттандыру мәселелері бойынша азаматтар жиыны 24.04.2025
7 сәуірде Ново-Хайрузовка ауылында мал жаю және абаттандыру мәселелері бойынша азаматтар жиыны өтті.Мал бағасының бағасы, жылқыларды чиптеу қажеттілігі, абаттандыру мәселелері талқыланды.Округ әкімі Р. Нұрмолдин аумақты тазалау қажеттігі туралы, сондай-ақ ҚТҚ полигондарына қоқыс шығару орындары туралы хабарлады.Аудан ЖПҚ бастығы Н. Мұқанов тұрғындарды абаттандыру бойынша айыппұлдар туралы,сондай-ақ малды табындарда анықтағанға дейін үйде ұстау қажеттілігі туралы ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/980288?lang=kk
Шымкент қаласының аумақтық қорғаныс бригадасы дағдарыс жағдайының сценарийлерін пысықтады 24.04.2025
Әкімдік пен республикалық маңызы бар қаланың аумақтық қорғаныс бригадасында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асыловтың басшылығымен командалық-штабтық жұмылдыру жаттығулары өтті.  Аталмыш шараны Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп ұйымдастырды. Машықтану барысында қаланың стратегиялық маңызды объектілерін күзету және қорғау мәселелері жөнінде бригаданың басшылық құрамының білімі мен практикалық дағдыларын жетілдіруге жіті назар аударылды. Жаттығу басшылығы аумақтық әскерлердің дағдарыстық жағдай туындаған кезде шапшаң әрекет етуде дайындықтың маңызды екенін атап өтті.         – Жаттығу екі кезеңде өткізілді. Біріншісінде бригаданы жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру және қорғаныс істері жөніндегі департаментімен үйлестіру мәселелеріне қатысты іс-қимылдар пысықталды. Екіншісінде – әскери жағдай енгізілгенде күш құрылымдарымен бірге стратегиялық маңызы бар объектілерді қорғау жүзеге асырылды, – деп түсіндіріп өтті аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Бақытжан Әшімов. Шараның қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов жеке құрам жауынгерлік және моральдық-психологиялық даярлықтың жоғары деңгейін көрсетіп, берілген тапсырманы толық орындағанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/980307?lang=kk