Қоғам
Аягөз ауданы Қарағаш ауылында 230 сайлау учаскесінің мүшелерімен семинар өткізілді 24.04.2025
Аягөз ауданы Қарағаш ауылында « Ауылдар,кенттер,ауылдық округтер әкімдерін сайлау және Қазақстан Республикасы депутаттарын сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында 230 сайлау участогінің мүшелерімен семинар өткізіліп, кездесуге аудандық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты. Семинар барысында Қазақстан Республикасының сайлау Заңдылығын сақтау, сайлаудың әділ ,ашық өтуін басты назарда ұстауын,заңның бұзылу фактілеріне жол бермеу керектігі және қауіпсіздік шараларын сақтауды, сайлау учаскелері сайлаушыларды шақыру парақтарымен 100 пайыз қамтамасыз етуін атап көрсетті аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Қ.Абдреев. Сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары А.Атабекова ҚР сайлау туралы Заңына тоқталып ,заңда көрсетілген барлық нұсқаулар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуін және мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен мүгедек адамдардың дауыс беруіне жағдай жасалуына баса назар аудару керектігін атап көрсетті. Семинар барысында сайлау участогінің мүшелері өз ойларын айтып, сайлау процесіндегі кездесетін сұрақтарын қойып,тиісті жауаптарын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ayagos/press/news/details/979937?lang=kk
“Авиценна: Денсаулық сақтау” бағдарламасына қатысушыларға арналған мәдени бағдарлама 24.04.2025
“Авиценна: Денсаулық сақтау” бағдарламасына қатысушыларға арналған мәдени бағдарламаKazAID агенттігінің «Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасы аясында, Астана медицина университеті мен TIKA ұйымымен серіктестікте жүзеге асырылатын бұл бастама Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген студенттерге тек медицина саласында білім алуға емес, сонымен қатар Қазақстанның мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік берді.Орталық Азия елдерінің медицина студенттері Астананың келесі көрікті жерлерін аралады:-Бәйтерек монументі-Жаңа Астана республикалық мешіті-Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі-ЭКСПО инновациялық кешені-Хан Шатыр сауда-ойын-сауық орталығы«Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасы — бұл тек білім алмасу емес, мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайту мүмкіндігі. KazAID қолдауының арқасында студенттер Қазақстан туралы тереңірек біліп, оның аймақтық ынтымақтастыққа қосқан үлесін бағалай алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/979947?lang=kk
«Кітапхана түні - 2025» облыстық іс-шарасына қатысу 24.04.2025
Ұлттық кәтап күні аясында 18 сәуір күні Л.Н. Толстой атындағы ОӘҒК «Кітапхана түні - 2025» іс-шарасы өтті. Аталған іс-шараға Бейімбет Майлин аудандық кітапхана қызметкерлері қатысып, ауданымыздың өнерлі тұлғасы, Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Айман Астанқызы Зыбалевамен кездесу өткізді. Айман Астанқызы кәсіби жолы, шабыт көздері, шығармашылық жобалары туралы әңгіме қылды. Сондай-ақ, кейіпкеріміз өз туындыларын оқып, әсерлі әндерін орындады. Қатысқан қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, шығармашылық табыс тілеп, жақсы көңіл-күймен тарасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/979952?lang=kk
АУДАН ӘКІМІ ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРМЕН КЕЗДЕСТІ 24.04.2025
Бүгінде ауданымызда ауыл шаруашылығын дамыту бағытында көптеген игі бастамалар қолға алынып жатыр. Әсіресе, суармалы егіншілікпен айналысатын өңір үшін су ресурстарын үнемді пайдалану – күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Сондықтан, егістік жерлерге су үнемдеу технологияларын енгізу – бүгінде өте өзекті.Осы тұрғыда тамшылатып суғару, жаңбырлатып суғару, және ақылды суару жүйелері сияқты заманауи технологияларды қолдану – үлкен мүмкіндік. Оның үстіне мемлекетіміз су үнемдеу технологиясына кеткен шығынның 80 пайызын субсидиялап беруде. Осы мақсатта аудан әкімі Бақыт Асанов қытайлық «Бажоу Синцай Груп» компаниясының басшысы Фун Зумен кездесіп, су үндемдеу технологияларын ендіру жобаларын талқылады.Бүгінде қытайлық компаниямен бірлесіп Еңбекші ауылдық округінде «ЖұлдызКомТорг» ЖШС-не тиесілі 100 гектар жерге мақта дақылын және «Ережепова» шаруа қожалығына тиесілі 34,86 гектар жерге күріш дақылын су үнемдеу технлогиясы арқылы егу қолға алынуда.«Мақтаарал ауданының табиғи жағдайын, экономикалық бағыт-бағдарын ескере отырып, су үнемдеу технологияларын енгізу – уақыт талабы. Суды тиімді пайдалану арқылы біз ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарта аламыз. Су үнемдеу технологиялары тек суды үнемдеп қоймайды, сонымен қатар өнім сапасын арттыруға көмектеседі. Мәселен, тамшылатып суғару арқылы мақта немесе көкөніс дақылдарына қажетті су мен тыңайтқыштар тікелей тамырға беріледі. Бұл өсімдіктің дұрыс өсуіне жағдай жасап, өнім көлемін арттырады. Сонымен қатар, топырақ эрозиясы азайып, арамшөптердің де таралуы тежеледі» - деді, Бақыт Насырханұлы.Айта кетейік, Мақтаарал ауданында қазірдің өзінде 4895 гектар егістік алқапқа иелік ететін 89 шаруа қожалықтың жаңа технологияны пайдалануға ниетті екені анықталды. Оның ішінде 1,3 мың гектары мемлекет тарапынан берілетін субсидия алуға құжаттарын өткізген. Сонымен қатар, жыл басынан бері 2186 гектар бақша және қырыққабат дақылдарына су үнемдеу технологиясы енгізілген болса, бүгінде 129,4 гектар мақта дақылына және 35 гектар күріш дақылына жаңа технологияны енгізу жұмыстары басталды.(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/980046?lang=kk
Қарағанды облысы үш айда 1 трлн теңгенің өнеркәсіптік өнімін өндірді 24.04.2025
Қарағанды облысы экономика дамуының оң динамикасын сақтап отыр. Жыл басынан бері өсім шамамен 13%-ды құрады. Өсім барлық негізгі көрсеткіштер бойынша байқалады: өнеркәсіп және аграрлық өнім өндірісі, инвестициялар, құрылыс, сауда және т. б.Аймақтың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы аппараттық кеңесте баяндалды.– Облыс экономикасының өсу қарқыны 12,9% деңгейінде қалыптасты. Өнеркәсіп өнімдері 1 088,7 млрд теңгеге өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,1%-ға артық. Өсім машина жасау, қара және түсті металлургия, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру, құрылыс индустриясы, химия және жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік өндірісінде қамтамасыз етілген. Тау-кен өнеркәсібінде көлем 12,7%-ға өсті, өсім көмір және металл кендерін өндіруде де қамтамасыз етілді, – деп хабарлады экономика басқармасының басшысы Татьяна Аблаева.Үш айда 165 млрд теңге инвестиция тартылды. Ауыл шаруашылығындағы, өңдеуші өнеркәсіптегі, құрылыстағы, саудадағы, білім берудегі салымдардың өсуі тіркелді.Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Асқар Ғазалиевтің мәліметінше, жыл қорытындысы бойынша 30-дан астам инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде 17-сі өнеркәсіпте, онда 2,7 мың жұмыс орны құрылмақ. Silk Road Electronics зауытында Samsung теледидарлары мен кір жуу машиналары шығарыла бастайды. Осакаров ауданында «Гиперборей» компаниясы қуаты 150 МВт болатын алғашқы жел электр станциясын іске қосады.Кеңесте тұрғын үй құрылысы туралы да баяндалды. Жыл басынан бері 54 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Әлеуметтік осал санаттағы кезекте тұрғандарды қамтамасыз ету үшін бастапқы нарықта пәтерлер сатып алынады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қаражат бөлінді.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жоспарланған көрсеткіштерді қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берді. Басты міндеттердің бірі – инвестиция тарту, тұрғындарды жұмыспен қамту. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/980061?lang=kk
Қорғаныс министрлігінде Шекара қызметіне көктемгі шақырудың қорытынды бойынша кеңес өтті 24.04.2025
Қорғаныс ведомствосында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне әскерге шақыру мәселелеріне арналған кеңес өтті. Оған Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің және Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысты.ҰҚК Шекара қызметіне көктемгі шақыру нәтижелері туралы Бас штабтың ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Нұрмахан Дүйсебаев пен ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары полковник Серік Рахимов баяндады.Кеңесте Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев пен Қостанай облысы әкімдігі жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс басқармасының бастығы Диас Қабдышев тыңдалды.– Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері Үкіметтің бақылауында. Сондықтан әскерге шақыру қорытындыларын мұқият талдап, әскерге шақырылған жастармен жұмыс сапасына назар аудару қажет, – деп атап өтті Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант С. Қамалетдинов.Кеңес қорытындысы бойынша облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне шақыру пунктерін қажетті мүлікпен, медициналық құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету туралы тапсырма берілді. Кейбір аудандық шақыру пунктері үшін медициналық ақпараттық жүйелерге қосу және медициналық комиссияларды маман дәрігерлермен жасақтау мәселесі өзекті болып қала береді.Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер бастықтарының назары әскери бөлімдер мен мекемелерді жасақтау үшін есепке алу-шақыру жұмыстарын жүргізу және әскерге шақырылушылардың командаларын уақтылы қалыптастыру мәселелерінде заңнаманы қатаң сақтау қажеттігіне аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/980064?lang=kk
Қазақстан мен Әзербайжанның авиация қызметтері шұғыл ұшуларды үйлестіру мәселелерін талқылады 24.04.2025
Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас басқару пунктінің бастығы полковник Сапарғали Төлегенов жетекшілік еткен әскери делегация Бакуде Әзербайжанның қорғаныс ведомствосына барды.Қабылдаушы тараптың Әскери-әуе күштерінің штабында шұғыл ұшуларды орындау кезінде бірлескен іс-әрекетті қамтамасыз ету және үйлестіру мәселелері бойынша келіссөздер өтті.Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты түрлі аспектілерді ескере отырып, іс-шараға Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің, Азаматтық авиация жөніндегі мемлекеттік агенттіктің, Сыртқы барлау қызметінің, «Азераэронавигация» әуе қозғалысын басқару басқармасының және «Әзербайжан әуе жолдары» АҚ өкілдері қатысты.Іс-шара аясында іздестіру-құтқару, апаттық-құтқару жұмыстары және басқа да шараларды орындау кезінде шұғыл ұшуларды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға байланысты бірқатар өзекті мәселелерге қатысты жан-жақты пікір алмасу болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/980072?lang=kk
Жаңартылған жағалаудың ашылуы 24.04.2025
Капшагай су қоймасының жағалауы көп жылдар бойы назардан тыс қалып келген еді. Енді бұл аумақ мүлде жаңа кейіпке енді: балалар және спорт алаңдары, субұрқақтар, суға түсуге арналған ыңғайлы баспалдақтар, орындықтар мен жарықтандыру жүйесімен жабдықталған заманауи қоғамдық кеңістікке айналды. Ауқымды жобаны жүзеге асыруға «КСЖ Freedom Life» АҚ қолдау көрсетті.Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың жазында басталып, толық абаттандырумен сәтті аяқталды. Жаңа брусчатка төселіп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды, жарықтандыру жүйесі толық жаңартылды. Жаңа алаңда балалар мен спорттық алаңдар, ашық аспан астындағы жаттығу құрылғылары мен демалыс аймақтары пайда болды. Жағалау енді субұрқақтармен, жағажайға түсуге арналған баспалдақтармен толыққан. 2025 жылғы наурызда соңғы кезең – гүлзарлар отырғызу мен қылқанжапырақты және жапырақты ағаштарды егу жұмыстары да аяқталды.“Бұл тек абаттандыру емес — бұл тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы әрі тартымды қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Қонаев қаласы мен Капшагай жағалауы — су туризмінің ірі орталықтарының бірі. Жаңарған жағалау өңірдің инфрақұрылымын жетілдіріп қана қоймай, оның инвестициялық әлеуетін де арттырады”, — деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.Ұзындығы 1 шақырым болатын жағалау бүгінде демалыс, серуендеу, спортпен шұғылдану мен отбасылық уақыт өткізу үшін барлық жағдай жасалған кең әрі заманауи кеңістікке айналды. Жобаның жүзеге асуына «КСЖ Freedom Life» компаниясы 4,53 миллиард теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетті. Бұл — бизнестің мемлекетпен тиімді әріптестігінің жарқын көрінісі.“Бұл кеңістікті шын мәнінде заманауи әрі тартымды ету үшін біз айтарлықтай ресурстар, уақыт пен күш жұмсадық. Бұл — жай ғана инфрақұрылымды жақсарту емес, бұл — Қонаев қаласының болашақ дамуына қосқан нақты үлесіміз. Біз қаланың зор әлеуетіне сенеміз. Мұндай жобалар оның өмір сүруге жайлылығын арттыра түседі”, — деді Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.Жағалаудың ресми ашылуынан кейін нысан коммуналдық меншікке берілді. Қонақтар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылып, отандық өнерпаздар мен би ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.“Біз ірі холдинг ретінде ESG қағидаттарын ұстана отырып, қалалық ортаны жайлы әрі шабыт сыйлайтын етіп қалыптастыруға бағытталған жобаларға басымдық береміз. Freedom Life компаниясы соңғы алты жылдан бері өмірді сақтандыру саласындағы цифрлық қызмет көрсету бойынша көшбасшы болумен қатар, әлеуметтік маңызы бар бастамаларға да ерекше көңіл бөліп келеді. Қонаевтағы жағалауды абаттандыру — бизнестің қалалық инфрақұрылымды дамытуға қосқан маңызды үлесі. Бұл — біздің саналы стратегиямыздың ажырамас бөлігі, халқымыздың жарқын болашағына бағытталған нақты қадам”, — деді КСЖ Freedom Life басқарма төрағасы Азамат Ердесов.Іс-шара барысында Алматы облысының әкімі Капшагай су қоймасының экожүйесін сақтау және Қонаев қаласын өңірдің басты туристік бағыттарының біріне айналдыру жөніндегі жоспарларымен бөлісті:“Алда әлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Туристерге қолайлы жағдай жасау үшін заманауи инфрақұрылым дамытылады. Сонымен қатар “Ұлы дала жорығы” және өрік фестивалі сияқты ірі іс-шаралар өтеді. Алдағы уақытта халықаралық деңгейдегі жағажай мен бес жұлдызды екі қонақүйдің құрылысы да қолға алынбақ”, — деді Марат Сұлтанғазиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/979610?lang=kk
Ұлттық қорғаныс университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті 24.04.2025
Астанада әскери білім ордасының басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрам мен магистранттар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жеңістің 80 жылдығына орай 80 түп ағаш көшетін отырғызды. Университет ұжымына Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері генерал-майорлар Мүслім Дайыров, Бақтияр Сыздықов және әскери қызметшілердің отбасы мүшелері қосылды. Жалпы іс-шараға 300-ден аса адам қатысты. – Біздің университет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады, – деп атап өтті ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков. – Бүгін университет маңында біз 80 түп қайың мен қарағай көшетін отырғыздық. Бұл сан кездейсоқ емес, осылайша біз Ұлы Отан соғысының батырларына, ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне құрметімізді білдірдік. Айта кету керек, Қарулы күштердің әскери қызметшілері азаматтардың қоршаған ортаны абаттандыруға және экологияны жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау акцияларына үнемі белсенді қатысып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979611?lang=kk
ОҚПУ мен Король Халид университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандум 24.04.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 13 сәуір – Сауд Арабиясының астанасында «Адам мүмкіндіктерін дамыту бастамасы» (Human Capability Initiative) форумы аясында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚПУ) мен Король Халид университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат Қазақстан мен Сауд Арабиясы жоғары оқу орындары арасындағы алғашқы келісімдердің бірі болып табылады.Меморандумға ОҚПУ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы – ректоры профессор Гүлжан Сүгірбаева мен Король Халид университетінің президенті доктор Фаллех Әл-Сулами қол қойды. Салтанатты шараға Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков, ОҚПУ проректоры Ержан Керімбеков, сондай-ақ Қазақстанның Корольдіктегі Елшілігінің қызметкерлері қатысты.Бұл келісім екі ел арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашады, білім алмасу, бірлескен зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын дамытуға ықпал етеді. Меморандумға қол қою екіжақты қатынастарды нығайту және жаһандық білім беру стратегиялары аясында адам әлеуетін дамыту бастамасын іске асырудағы маңызды қадам болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/979620?lang=kk
Қасиетті алау Қазақстанға жолданды 24.04.2025
Қазақстанның православ шіркеуінің өкілдері Иерусалимдегі Қасиетті алаудың түсуі рәсіміне қатысты.Қазақстанның Израильдегі Елшілігі дәстүрлі түрде киелі отты елімізге жеткізуді ұйымдастыруға қолғабыс көрсетті.Қазақстаннан келген мінәжат етушілерге тұрақты қолдау көрсеткені үшін Елшілік Иерусалим Патриархы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің Ізгі ниет Елшісі Феофил III-ке ерекше алғысын білдіреді.Анықтама: Қасиетті от Пасха қарсаңындағы Ұлы Сенбіде Иерусалимдегі Иса Мәсіхтің храмында түсті. Қасиетті алау - Кувуклияда – Қабір үңгірінің үстіндегі мәрмәрден жасалған кіші шіркеуде, сенім бойынша Иса Мәсіх жерленген орында түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/979639?lang=kk
Астанада «Мемориалдық аймақ» іздеу жасағының 47-ші экспедициясына шығарып салу рәсімі өтті 24.04.2025
Астанада Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Санкт-Петербург маңындағы Синявин биіктіктерінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйектерін іздеумен айналысатын «Мемориалдық аймақ» іздеу жасағын экспедицияға салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.Іс-шараға Мәжіліс депутаты Павел Казанцев, ҰӘПО-ның Алматы филиалы жанындағы Жауынгерлік даңқ мұражайының басшысы Алуа Байқадамова, әскери қызметшілер, Қарулы Күштердің ардагерлері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова іздеушілердің миссиясының маңыздылығын атап өтіп, «Мемориалдық аймақ» жасағының командирі Майдан Құсайыновқа алғыс хат табыстады.Мәжіліс депутаты Павел Казанцев іздеу жасағының көпжылдық еңбегін тек маңызды ғана емес, шын мәніндегі ерлік деп атады.– Сіздердің осы жұмысты бастағандарыңызға жарты ғасырға жуық уақыт болды. Сіздер жай ғана хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің сүйектерін тауып қана қоймай, батырларды қайта тірілтіп, уақыт пен ұрпақтарды жалғап тұрған киелі іспен айналысып жатырсыздар, – деді депутат.Майдан Көмекұлы бұл жолғы 15 күндік экспедицияға іздеу жасағының сегіз ардагері қатысатынын айтты. Олардың ішіндегі ең жасы – 57 жаста, ал ең үлкені, яғни командирдің жасы – 82-де.– Біз бұл жолы «Ұрысқа тек қарттар ғана барады» деген ұранмен бара жатырмыз. Күніне орта есеппен 30 шақырым жүріп өтеміз – батпақпен. Бірақ мен бұл Синявин батпақтары мен биіктіктерінде «еңбек ету» мүмкіндігін ешбір әлемдегі курортқа айырбастамаймын. Біз қасиетті іспен айналысып жатырмыз – сол жерлерде мәңгі қалғандар үшін аяқталмаған соғысты аяқтап келеміз деген ой мені шабыттандырады, – деді Майдан Құсайынов.Айта кетейік, Ұлы Отан соғысы жылдарында Санкт-Петербург маңындағы Синявин батпақтары мен биіктіктерінде Ақмола және Петропавл қалаларында құрылған қазақстандық 310-шы және 314-ші атқыштар дивизиялары ерлікпен шайқасқан болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979657?lang=kk
Маңғыстау облысында «Айбын» халықаралық жастар жиынына қатысатындар анықталды 24.04.2025
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскерлері бригадасында «Айбын-2025» облыстық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Ауқымды іс-шараны облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік білім беру орталығымен бірге 25744 әскери бөлімінің басшылығы ұйымдастырды.Жарысқа жеті команда құрамында 100-ден аса оқушы қатысты. Ақтау қаласының намысын қорғауға «Жас сарбаз», Жаңаөзеннен – «Қайсар», Маңғыстау ауданынан – «Жас қыран», Мұнайлыдан – «Жас жауынгер», Қарақиядан – «Жігер», Түпқарағаннан – «Сұңқар», Бейнеуден – «Жас арландар» командалары шықты.Жиын бағдарламасына бірқатар әскери-қолданбалы сынақтар: пневматикалық мылтықтан ату, күштік жаттығулар, газтұмылдырықты белгіленген уақытта кию, АК-74 автоматын бөлшектеп-жинау, арқан тартыс, әскерилендірілген эстафета және кросс кірді.Облыстық жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Ақтау қаласының «Жас сарбаз» командасы, екінші орынды Мұнайлы ауданының «Жас жауынгер» командасы, үшінші орынды Түпқараған ауданының «Сұңқар» командасы еншіледі.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Бірінші және екінші орын алған командалар 2025 жылдың маусым айында Ақтөбе облысында өтетін «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына жолдама алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979658?lang=kk
Голан жоталарынан Қазақстанға бітімгерлердің қалған бөлігі оралды 24.04.2025
БҰҰ-ның Голан жоталарындағы миссиясында алғашқы бітімгерлік контингент құрамында қызмет еткен әскери қызметшілерді астаналық әскери авиация базасында қошеметпен күтіп алды. Бітімгерлерді Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев қарсы алды. Қолбасшылық өкілі оларға адал қызметі және бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Дәл осы рейспен елордаға екінші ұлттық контингенттің командалық құрамына лауазым мен істерді беру үшін Фауардың бітімгерлік базасында қалған 38 әскери қызметші келді.Естеріңізге сала кетсек, бір жыл ішінде халықаралық стандарттар мен талаптар бойынша жарақтандырылған дербес қазақстандық бітімгерлік контингент БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес қарсылас тараптар арасында атысты тоқтату режимін қолдаумен айналысқан. Жауапкершілік аймағында жеке құрам 600-ден аса тапсырманы орындады. Қазақстандық бітімгерлердің қызметі БҰҰ миссиясы мен хатшылығы басшылығы тарапынан жоғары бағаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979669?lang=kk
Ұландықтар Павлодарда өртенген автокөлікті сөндірді 24.04.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде жанып жатқан Volkswagen Golf маркалы автокөлікті байқады.Әскери жасақтың бастығы қатардағы жауынгер Ернұр Аманқұл оқиға туралы дереу әскери жасақтар бойынша кезекшіге хабарлап, 101 шұғыл қызметін шақырды. Ол көлікті қауіпсіз жерге сүйреп апарып, өрт сөндіргіштің көмегімен өртті жойды. Өрт құтқарушылар келгенге дейін сөндірілді.- Жүргізуші абдырап қалған сияқты. Ол жалынға оранған көліктің алдында не істерін білмей тұрды. Мен өрт сөндіргішті жүк салғыштан шығарып, жалынды тоқтатуды бастадым. Содан кейін мен аккумуляторды шешіп алдым. Біз өтіп бара жатқан адамдардың ешқайсысы зардап шекпеуі үшін өрт аумағын қоршадық, — деді әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Ернұр Аманқұл.Өрт сөндірушілер келгенге дейін ұландықтар жалынмен сәтті күресті. Зардап шеккендер жоқ. Әскери қызметшілердің жедел әрекеттерінің арқасында сын-қатерлердің алдын алуға мүмкіндік туды.Жүргізуші ұландықтарға жедел көмек көрсеткені үшін алғыс айтты. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/979670?lang=kk
Алматыда әскери қызметшілер майдангер байланысшыны ғасырлық мерейтойымен құттықтады 24.04.2025
20 сәуір күні Ұлы Отан соғысының ардагері Любовь Николаевна Горковская 100 жасқа толды.Осы күні оны жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері, Бостандық ауданы әкімдігінің өкілдері және Қарулы күштердің ардагерлері арнайы келіп құттықтады.Алматы қалалық «Қарулы күштердің ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің өкілі, отставкадағы полковник Төлеген Мұстафин оған сыйлықтар табыстап, Қорғаныс министрінің атынан құттықтау хатын оқып берді. Әскери қызметшілер Любовь Николаевнаның Жеңіске қосқан зор үлесі үшін алғыс айтып, оған зор денсаулық пен отбасына амандық тіледі.Любовь Николаевна 1925 жылдың 20 сәуірінде Украинаның Луганск облысында дүниеге келген. 1943 жылы ол майданға өз еркімен аттанып, әскери байланысшылар курсын тәмамдағаннан кейін, Бірінші Украина майданының жаяу әскер атқыштар дивизиясы алтыншы полкінің құрамына қосылды.Харьков түбіндегі ұрыстар кезінде оның дивизиясы қоршауға түседі. Алайда 1944 жылдың сәуірінде әскери бөлім жау шеңберінен шығып, кейіннен азат етілген Севастопольге жетеді. Кейін Любовь Горковская Белоруссия мен Балтық елдері үшін болған шайқастарға қатысады, жеңіс туралы хабарды да сол жақта естиді.Соғыста көрсеткен ерліктері үшін Любовь Николаевна I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.Соғыстан кейін ол туған ауылына оралып, халық ағарту бөлімінде жұмыс істеді. 1946 жылы жолдасымен бірге Қазақстанға көшіп келіп, еңбек жолын жалғастырды.Любовь Николаевнаның екі баласы бар. Қазір денсаулығы сыр беріп жүр. Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері ардагерге жиі барып, қолдан келгенше қолдау көрсетіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979673?lang=kk
«Қазақстан Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі» онлайн-көрмесі 24.04.2025
9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осы есте қаларлық күнге орай Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино, фото және дыбыс жазбалары мұрағаты ұсынған фотосуреттерді назарларыңызға ұсынамыз. Бұл материалдар Қазақстанның Жеңіске жетуге қосқан үлесін айқын көрсетеді.Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев атап өткендей: «Қазақстан Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігін ұмытпайды. Қаза тапқан батырлардың есімі халық жадында мәңгі сақталады. Қазақстан армияны қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарды. Майданда атылған он оқтың тоғызы Қазақстан жерінде шығарылды. Майданға 1500 вагон киім-кешек пен азық-түлік жібердік. Жеңіске жету жолында біздің қосқан үлесіміз айқын еді».Ұлы Отан соғысы бұрынғы КСРО-ның барлық халықтары үшін ауыр сынақ болды. Қазақстан ауданында әскери қимылдар болған жоқ, бірақ ел халқы соғысқа да, Кеңес Армиясын жауды талқандауға қажетті барлық заттармен қамтамасыз етуге де белсене қатысты. Соғыс жылдарында 1 миллион 200 мың қазақстандық – республика халқының 20 пайызы майданға аттанды.Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 бригада, 50 жеке полк құрылды. Олардың ішінде атақты 316-атқыштар дивизиясы болды, оның бірінші командирі генерал-майор И.В. Панфилов еді, Мәскеуге жақындаған кездегі теңсіз ұрыста жауға қарсы тұрды. Көптеген қазақстандықтар соғыстың қалың ортасында болды: 1941 жылғы қорғаныс шайқастары, Сталинград пен Курск бұлғасы. Жерлестеріміз Еуропаны азат етуге, Берлинді алуға қатысты. Қазақстаннан әрбір екінші жауынгер майданда қаза тапты.Отан қазақстандықтардың әскери ерлігін жоғары бағалады. 528 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағын алса, 110 мыңы «Даңқ» орденімен марапатталды. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды: Сергей Луганский, Талғат Бегельдинов, Леонид Беда, Иван Павлов. Көрме аясында Талғат Бегелдиновтың, сондай-ақ басқа да соғыс Батырлары – Әлия Молдағұлованың, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлының, Хиуаз Доспанованың, Қасым Қайсеновтың фотосуреттерін көруге болады.Жеңіске республиканың тыл еңбеккерлері де өлшеусіз үлес қосты. Қазақстан майданның берік арсеналына айналды. Еліміздің әртүрлі аймақтарында орналасқан 200-ден астам қорғаныс кәсіпорны КСРО-ның еуропалық бөлігінен республикаға көшірілді. Қысқа мерзімде бұл кәсіпорындар жұмысшылардың тәулік бойы адал еңбегінің арқасында өнім шығара бастады. Соғыс жылдарында маңызды жеңіс тұғырына айналған тағы жүздеген кәсіпорындар салынды.Қазақстан әскери өнеркәсіпке қажетті мыс, қорғасын, висмут, молибден, полиметалл өндірісінде жетекші орын алды. Қазақстандағы қорғаныс зауыттары қару-жарақтың, снарядтардың, миналардың және басқа да әскери мақсаттағы бұйымдардың жаңа түрлерін шығаруды игерді. Қазақстанның ауыл шаруашылығы майдан мен тылды азық-түлікпен, өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз етті.Майданға жұмылдыру бүкіл ересек ер халықты қамтыды. Әр үйден әкелер, күйеулер, ұлдар, ағалар майданға аттанды, сондықтан кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің көпшілігі әйелдер мен балалар болды. Соғыс жылдарының ауыртпалығы олардың иығына түсті, майданды барлық қажетті заттармен қамтамасыз ету жауапкершілігі де артты.Қазақстан халқы адам сенгісіз ауыртпалықтарды өтей отырып, соғыстың аяқталуын жақындатқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін құрметпен еске алады. Бүкіл елде Ұлы Жеңісті мәңгі есте қалдыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге арналған арнайы іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда, оның шеңберінде 2 мыңнан астам іс-шаралар мен акциялар өткізіледі. Олардың шарықтау шегі 7 мамырда Астанада өтетін Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру болмақ. Оған 4,5 мыңға жуық сарбаздар қатысады.42 мың соғыс ардагері мен тыл еңбеккері «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық мерекелік медалімен марапатталады. Сонымен қатар, белгіленген қолдау шараларынан бөлек, әрбір ардагерге 5 миллион теңге (шамамен 10 мың доллар) көлемінде бір реттік жәрдемақы беріледі. Осы іс-шаралардың барлығы біздің Қазақстандағы тарихи жады мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға деген ұмтылысымызды көрсетеді. ҚР Швейцария Конфедерациясындағы және Лихтенштейн Князьдігіндегі ЕлшілігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/979681?lang=kk
Қарағанды облысы егіс науқанына дайын 24.04.2025
Қарағанды облысында биыл егіс алқабы 1,2 млн гектарды құрайды. Майлы және жем-шөп дақылдарын егу, картоп пен көкөніс отырғызу ұлғайтылатын болады. Алқаптарға шығатын техника толығымен дайын. Тұқымдар сатып алынған, олардың көпшілігінің өнімділігі жоғары. Аграршылар минералдық тыңайтқыштарды белсенді пайдаланатын болады.Мәселені пысықтау үшін облыста агрокеңес ұйымдастырылды, онда егіс науқанына дайындық пен мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды. Бұқар жырау ауданында өткен кеңеске өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары, ғалымдар, қаржы институттарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, тыңайтқыштар мен техниканы жеткізушілер, аграрлық сақтандырушылар қатысты.– Мемлекет басшысы нақты міндеттер қойды: аграрлық ғылымды дамыту, селекцияны жақсарту, заманауи технологияларды енгізу, техника мен қаржыландыруды қолжетімді ету, сондай-ақ экспортты арттыру. Осы бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біз ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға бақылауды күшейтеміз, суармалы жерлерді айналымға қайтарамыз, жаңа нысандар салып, ескілерін жаңғыртамыз. Өнімділіктің өсуіне және дақылдардың алуан түрлілігіне көшуге ерекше назар аударылады, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Айдарбек Сапаров мемлекеттік қолдау шараларына егжей-тегжейлі тоқталды. Атап айтқанда, жеңілдікпен қаржыландыруға қолжетімділік 5%-ға кеңейтілді. Көктемгі егіс жұмыстарын несиелеу көлемі рекордтық 700 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингіне биыл 200 млрд теңге бөлінді.– Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласын дамудың жаңа шебіне шығару және 5 жыл ішінде жалпы өнім көлемін екі есеге ұлғайту жөнінде нақты міндеттер қойды. АӨК-тің әрбір бағыты бойынша шараларды көздейтін Жол картасы әзірленді, – деп атап өтті министр.Айдарбек Сапаров өсімдік өсірушілерді мал шаруашылығын дамытуға шақырды. Оның айтуынша, бұл ауыл тұрғындарын жыл бойы жұмыспен қамтуды, жемге сұранысты және сұранысқа ие өнім өндірісінің өсуін қамтамасыз етеді. Биыл мал шаруашылығы саласына жеңілдікпен несие беру кеңейтіледі.Әріптестеріне «Шахтерское» ЖШС басшысы Георгий Прокоп та үндеу тастады. Ол мемлекеттік қолдау шараларының іс жүзінде қалай әрекет ететінін және алға жылжуға мүмкіндік беретінін айтып берді. Биыл озық кәсіпорын егіс алқабын 7 мың гектарға ұлғайтып, 42 мың гектарға жеткізеді. Алқаптарды әртараптандыру үшін майлы дақылдар: зығыр, мақсары мен рапс егіледі.– Біз ақпан айында 5%-бен несие ала алдық. Тыңайтқыштарды желтоқсан айында сатып алдық. Ал техниканың лизингі кепілсіз жылдық 5% мөлшерлемемен. Бұрын-соңды мұндай болған ба еді?! Жаңарыңыздар, құрметті әріптестер! Біз түрлі қуаттылықтағы 24 трактор алдық. Тыңайтқыштар бойынша да солай: төрт мың тонна сатып алдық, жерді өңдеуге қажетті нәрсенің бәрін сатып алдық. Бұл біздің шаруашылығымыздың тарихында бұрын-соңды болмаған! Егістікті екі рет толық өңдейміз. Бұл біздің егініміздің болашағы, – деп атап өтті Георгий Прокоп.Аграрлық кеңестен кейін Айдарбек Сапаров азаматтарға жеке қабылдау өткізді. Ауыл шаруашылығы өндірушілері министрге асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру, ет кластерін құру және т. б. мәселелермен жүгінді.Сондай-ақ, техника көрмесі ұйымдастырылып, онда егіншілерге жаңа өнімдер ұсынылды.Ал ауыл шаруашылығы өндірушілері өз өнімдерінің алуан түрлілігін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/979704?lang=kk
Қарулы күштер Құрлық әскерлері күнін атап өтеді 24.04.2025
Құрлық әскерлері Президент Жарлығымен 1993 жылы бұрынғы Орта Азия әскери округінің 40-шы жалпы әскери армиясы негізінде құрылды.Құрлық әскерлерінің бүгінгі әлеуеті еліміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау, мемлекеттік және әскери нысандарды күзету, заңсыз қарулы топтармен күрес, сондай-ақ еліміз ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тапсырмаларды орындауға толық қабілетті.Бүгінде Құрлық әскерлерінің құрамына «Астана», «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтары, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлімдері, Құрлық әскерлерінің әскери институты, Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі кіреді.Құрлық әскерлері қолбасшылығының негізгі күш-жігері тұрақты жауынгерлік дайындықты сақтауға, әскери басқару органдары мен әскерлерді жауынгерлік мақсатқа сәйкес міндеттерді шешуге дайындауға бағытталған.2024 жылы әскерлерді даярлау барысында 40 000-нан астам іс-шаралар жүзеге асырылды. Оның ішінде 2000-нан астам әскери міндеттілер оқытылып, 70-тен астам жұмылдыру оқу-жаттығулары мен жаттығулар өткізілді.Жыл сайын Құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері халықаралық және өңірлік жаттығуларға қатысады. Штабтық, командалық-штабтық оқу-жаттығулар, әскери ойындар, жиындар мен курстық дайындық қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарды талдауды ескере отырып жүргізіледі.Тәжірибе алмасу және әскерлердің екіжақты форматтағы үйлесімділігін арттыру мақсатында Үндістан Қарулы күштері бөлімшелерімен «КазИнд», Қырғыз Республикасымен «Дала сұңқары», Өзбекстан Республикасымен «Хамқорлық» бірлескен оқу-жаттығулары өтті. Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Пәкістан Ислам Республикасында өткен халықаралық жарыстың жеңімпазы атанып, жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.Құрлық әскерлері әскери техниканың жаңа үлгілерімен, жоғары дәлдіктегі қару-жарақпен, заманауи байланыс құралдарымен, барлау және автоматтандырылған басқару жүйелерімен қамтылған. Жоғары мобильді, техникалық жабдықталған және жауынгерлік қабілетті Құрлық әскерлері егемендікті, елдің аумақтық тұтастығын және азаматтардың бейбіт өмірін қорғауға дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979708?lang=kk
Құрметті Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері, қадірлі ардагерлер және азаматтық персонал! 24.04.2025
Сіздерді Құрлық әскерлерінің құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймын.1993 жылғы сәуірде құрылғаннан бастап, Құрлық әскерлері еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарып келеді. Мемлекеттің қорғаныс қабілетінің сенімді тірегі мен негізіне айналды. Сіздердің кәсіби борышқа адалдықтарыңыз – елдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі.Әскери қызметшілердің жоғары дайындық деңгейі мен үйлесімді қызметінің арқасында Қазақстан армиясы ең күрделі міндеттерді орындауға даяр, әрі мемлекет мүддесін сенімді түрде қорғауда.Жыл сайын біздің әскери қызметшілер «Бірлестік», «Алтын қыран» және «Шексіз бауырластық» сияқты ұлттық және халықаралық оқу-жаттығуларға белсенді қатысып келеді. Бұл іс-шаралар әскерлердің жауынгерлік қабілетін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ете отырып, басқа елдердің әскерлерімен достық пен ынтымақтастықты нығайтады.Құрлық әскерлері бөлімшелерінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысуы ерекше мақтаныш. Бұл біздің ата-бабаларымыздың ерлігін және Отан қорғаушылардың тарихи сабақтастығын мойындаудың символына айналды. Біз Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өз өмірін қиған қаһармандардың даңқты жауынгерлік дәстүрлерін жалғастырушыларды әрдайым мақтан тұтамыз.Бүгінде Құрлық әскерлерін техникалық тұрғыда қайта жарақтандыруға ерекше назар аударылуда. Өткен жылы «Арлан» және COBRA II сауытты машиналарын, сондай-ақ SunQar және EVOMax ұшқышсыз авиациялық жүйелерін қоса алғанда, 500-ден астам заманауи техника қызметке кірді. Бұл жаңа қару-жарақ үлгілері әскерлердің жауынгерлік мүмкіндіктерін едәуір арттырып, қазіргі жағдайда елді қорғау міндеттерін тиімді орындауға мүмкіндік береді.Мен осы әскер түрінің қалыптасуының бастауында тұрған Құрлық әскерлерінің ардагерлеріне шексіз ризашылығымды білдіргім келеді.Сіздердің жанқиярылқ қызметтеріңіз бен адалдықтарыңыз болашақ ұрпаққа үлгі. Әлі де жас жауынгерлерді тәрбиелеуге баға жетпес үлес қосуды жалғастырып келесіздер.Осы айтулы күні барлық әскери қызметшілерге, ардагерлерге, азаматтық персоналға және олардың отбасыларына зор денсаулық, мол бақыт, амандық және ашық аспан тілеймін! Құрметпен,Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрігенерал-полковник Р. ЖақсылықовАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979717?lang=kk
