Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

«Қазақстан Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі» онлайн-көрмесі 24.04.2025
9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осы есте қаларлық күнге орай Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино, фото және дыбыс жазбалары мұрағаты ұсынған фотосуреттерді назарларыңызға ұсынамыз. Бұл материалдар Қазақстанның Жеңіске жетуге қосқан үлесін айқын көрсетеді.Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев атап өткендей: «Қазақстан Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігін ұмытпайды. Қаза тапқан батырлардың есімі халық жадында мәңгі сақталады. Қазақстан армияны қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарды. Майданда атылған он оқтың тоғызы Қазақстан жерінде шығарылды. Майданға 1500 вагон киім-кешек пен азық-түлік жібердік. Жеңіске жету жолында біздің қосқан үлесіміз айқын еді».Ұлы Отан соғысы бұрынғы КСРО-ның барлық халықтары үшін ауыр сынақ болды. Қазақстан ауданында әскери қимылдар болған жоқ, бірақ ел халқы соғысқа да, Кеңес Армиясын жауды талқандауға қажетті барлық заттармен қамтамасыз етуге де белсене қатысты. Соғыс жылдарында 1 миллион 200 мың қазақстандық – республика халқының 20 пайызы майданға аттанды.Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 бригада, 50 жеке полк құрылды. Олардың ішінде атақты 316-атқыштар дивизиясы болды, оның бірінші командирі генерал-майор И.В. Панфилов еді, Мәскеуге жақындаған кездегі теңсіз ұрыста жауға қарсы тұрды. Көптеген қазақстандықтар соғыстың қалың ортасында болды: 1941 жылғы қорғаныс шайқастары, Сталинград пен Курск бұлғасы. Жерлестеріміз Еуропаны азат етуге, Берлинді алуға қатысты. Қазақстаннан әрбір екінші жауынгер майданда қаза тапты.Отан қазақстандықтардың әскери ерлігін жоғары бағалады. 528 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағын алса, 110 мыңы «Даңқ» орденімен марапатталды. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды: Сергей Луганский, Талғат Бегельдинов, Леонид Беда, Иван Павлов. Көрме аясында Талғат Бегелдиновтың, сондай-ақ басқа да соғыс Батырлары – Әлия Молдағұлованың, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлының, Хиуаз Доспанованың, Қасым Қайсеновтың фотосуреттерін көруге болады.Жеңіске республиканың тыл еңбеккерлері де өлшеусіз үлес қосты. Қазақстан майданның берік арсеналына айналды. Еліміздің әртүрлі аймақтарында орналасқан 200-ден астам қорғаныс кәсіпорны КСРО-ның еуропалық бөлігінен республикаға көшірілді. Қысқа мерзімде бұл кәсіпорындар жұмысшылардың тәулік бойы адал еңбегінің арқасында өнім шығара бастады. Соғыс жылдарында маңызды жеңіс тұғырына айналған тағы жүздеген кәсіпорындар салынды.Қазақстан әскери өнеркәсіпке қажетті мыс, қорғасын, висмут, молибден, полиметалл өндірісінде жетекші орын алды. Қазақстандағы қорғаныс зауыттары қару-жарақтың, снарядтардың, миналардың және басқа да әскери мақсаттағы бұйымдардың жаңа түрлерін шығаруды игерді. Қазақстанның ауыл шаруашылығы майдан мен тылды азық-түлікпен, өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз етті.Майданға жұмылдыру бүкіл ересек ер халықты қамтыды. Әр үйден әкелер, күйеулер, ұлдар, ағалар майданға аттанды, сондықтан кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің көпшілігі әйелдер мен балалар болды. Соғыс жылдарының ауыртпалығы олардың иығына түсті, майданды барлық қажетті заттармен қамтамасыз ету жауапкершілігі де артты.Қазақстан халқы адам сенгісіз ауыртпалықтарды өтей отырып, соғыстың аяқталуын жақындатқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін құрметпен еске алады. Бүкіл елде Ұлы Жеңісті мәңгі есте қалдыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге арналған арнайы іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда, оның шеңберінде 2 мыңнан астам іс-шаралар мен акциялар өткізіледі. Олардың шарықтау шегі 7 мамырда Астанада өтетін Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру болмақ. Оған 4,5 мыңға жуық сарбаздар қатысады.42 мың соғыс ардагері мен тыл еңбеккері «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық мерекелік медалімен марапатталады. Сонымен қатар, белгіленген қолдау шараларынан бөлек, әрбір ардагерге 5 миллион теңге (шамамен 10 мың доллар) көлемінде бір реттік жәрдемақы беріледі. Осы іс-шаралардың барлығы біздің Қазақстандағы тарихи жады мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға деген ұмтылысымызды көрсетеді. ҚР Швейцария Конфедерациясындағы және Лихтенштейн Князьдігіндегі ЕлшілігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/979681?lang=kk
Қарағанды облысы егіс науқанына дайын 24.04.2025
Қарағанды облысында биыл егіс алқабы 1,2 млн гектарды құрайды. Майлы және жем-шөп дақылдарын егу, картоп пен көкөніс отырғызу ұлғайтылатын болады. Алқаптарға шығатын техника толығымен дайын. Тұқымдар сатып алынған, олардың көпшілігінің өнімділігі жоғары. Аграршылар минералдық тыңайтқыштарды белсенді пайдаланатын болады.Мәселені пысықтау үшін облыста агрокеңес ұйымдастырылды, онда егіс науқанына дайындық пен мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды. Бұқар жырау ауданында өткен кеңеске өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары, ғалымдар, қаржы институттарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, тыңайтқыштар мен техниканы жеткізушілер, аграрлық сақтандырушылар қатысты.– Мемлекет басшысы нақты міндеттер қойды: аграрлық ғылымды дамыту, селекцияны жақсарту, заманауи технологияларды енгізу, техника мен қаржыландыруды қолжетімді ету, сондай-ақ экспортты арттыру. Осы бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біз ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға бақылауды күшейтеміз, суармалы жерлерді айналымға қайтарамыз, жаңа нысандар салып, ескілерін жаңғыртамыз. Өнімділіктің өсуіне және дақылдардың алуан түрлілігіне көшуге ерекше назар аударылады, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Айдарбек Сапаров мемлекеттік қолдау шараларына егжей-тегжейлі тоқталды. Атап айтқанда, жеңілдікпен қаржыландыруға қолжетімділік 5%-ға кеңейтілді. Көктемгі егіс жұмыстарын несиелеу көлемі рекордтық 700 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингіне биыл 200 млрд теңге бөлінді.– Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласын дамудың жаңа шебіне шығару және 5 жыл ішінде жалпы өнім көлемін екі есеге ұлғайту жөнінде нақты міндеттер қойды. АӨК-тің әрбір бағыты бойынша шараларды көздейтін Жол картасы әзірленді, – деп атап өтті министр.Айдарбек Сапаров өсімдік өсірушілерді мал шаруашылығын дамытуға шақырды. Оның айтуынша, бұл ауыл тұрғындарын жыл бойы жұмыспен қамтуды, жемге сұранысты және сұранысқа ие өнім өндірісінің өсуін қамтамасыз етеді. Биыл мал шаруашылығы саласына жеңілдікпен несие беру кеңейтіледі.Әріптестеріне «Шахтерское» ЖШС басшысы Георгий Прокоп та үндеу тастады. Ол мемлекеттік қолдау шараларының іс жүзінде қалай әрекет ететінін және алға жылжуға мүмкіндік беретінін айтып берді. Биыл озық кәсіпорын егіс алқабын 7 мың гектарға ұлғайтып, 42 мың гектарға жеткізеді. Алқаптарды әртараптандыру үшін майлы дақылдар: зығыр, мақсары мен рапс егіледі.– Біз ақпан айында 5%-бен несие ала алдық. Тыңайтқыштарды желтоқсан айында сатып алдық. Ал техниканың лизингі кепілсіз жылдық 5% мөлшерлемемен. Бұрын-соңды мұндай болған ба еді?! Жаңарыңыздар, құрметті әріптестер! Біз түрлі қуаттылықтағы 24 трактор алдық. Тыңайтқыштар бойынша да солай: төрт мың тонна сатып алдық, жерді өңдеуге қажетті нәрсенің бәрін сатып алдық. Бұл біздің шаруашылығымыздың тарихында бұрын-соңды болмаған! Егістікті екі рет толық өңдейміз. Бұл біздің егініміздің болашағы, – деп атап өтті Георгий Прокоп.Аграрлық кеңестен кейін Айдарбек Сапаров азаматтарға жеке қабылдау өткізді. Ауыл шаруашылығы өндірушілері министрге асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру, ет кластерін құру және т. б. мәселелермен жүгінді.Сондай-ақ, техника көрмесі ұйымдастырылып, онда егіншілерге жаңа өнімдер ұсынылды.Ал ауыл шаруашылығы өндірушілері өз өнімдерінің алуан түрлілігін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/979704?lang=kk
Қарулы күштер Құрлық әскерлері күнін атап өтеді 24.04.2025
Құрлық әскерлері Президент Жарлығымен 1993 жылы бұрынғы Орта Азия әскери округінің 40-шы жалпы әскери армиясы негізінде құрылды.Құрлық әскерлерінің бүгінгі әлеуеті еліміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау, мемлекеттік және әскери нысандарды күзету, заңсыз қарулы топтармен күрес, сондай-ақ еліміз ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тапсырмаларды орындауға толық қабілетті.Бүгінде Құрлық әскерлерінің құрамына «Астана», «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтары, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлімдері, Құрлық әскерлерінің әскери институты, Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі кіреді.Құрлық әскерлері қолбасшылығының негізгі күш-жігері тұрақты жауынгерлік дайындықты сақтауға, әскери басқару органдары мен әскерлерді жауынгерлік мақсатқа сәйкес міндеттерді шешуге дайындауға бағытталған.2024 жылы әскерлерді даярлау барысында 40 000-нан астам іс-шаралар жүзеге асырылды. Оның ішінде 2000-нан астам әскери міндеттілер оқытылып, 70-тен астам жұмылдыру оқу-жаттығулары мен жаттығулар өткізілді.Жыл сайын Құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері халықаралық және өңірлік жаттығуларға қатысады. Штабтық, командалық-штабтық оқу-жаттығулар, әскери ойындар, жиындар мен курстық дайындық қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарды талдауды ескере отырып жүргізіледі.Тәжірибе алмасу және әскерлердің екіжақты форматтағы үйлесімділігін арттыру мақсатында Үндістан Қарулы күштері бөлімшелерімен «КазИнд», Қырғыз Республикасымен «Дала сұңқары», Өзбекстан Республикасымен «Хамқорлық» бірлескен оқу-жаттығулары өтті. Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Пәкістан Ислам Республикасында өткен халықаралық жарыстың жеңімпазы атанып, жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.Құрлық әскерлері әскери техниканың жаңа үлгілерімен, жоғары дәлдіктегі қару-жарақпен, заманауи байланыс құралдарымен, барлау және автоматтандырылған басқару жүйелерімен қамтылған. Жоғары мобильді, техникалық жабдықталған және жауынгерлік қабілетті Құрлық әскерлері егемендікті, елдің аумақтық тұтастығын және азаматтардың бейбіт өмірін қорғауға дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979708?lang=kk
Құрметті Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері, қадірлі ардагерлер және азаматтық персонал! 24.04.2025
Сіздерді Құрлық әскерлерінің құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймын.1993 жылғы сәуірде құрылғаннан бастап, Құрлық әскерлері еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарып келеді. Мемлекеттің қорғаныс қабілетінің сенімді тірегі мен негізіне айналды. Сіздердің кәсіби борышқа адалдықтарыңыз – елдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі.Әскери қызметшілердің жоғары дайындық деңгейі мен үйлесімді қызметінің арқасында Қазақстан армиясы ең күрделі міндеттерді орындауға даяр, әрі мемлекет мүддесін сенімді түрде қорғауда.Жыл сайын біздің әскери қызметшілер «Бірлестік», «Алтын қыран» және «Шексіз бауырластық» сияқты ұлттық және халықаралық оқу-жаттығуларға белсенді қатысып келеді. Бұл іс-шаралар әскерлердің жауынгерлік қабілетін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ете отырып, басқа елдердің әскерлерімен достық пен ынтымақтастықты нығайтады.Құрлық әскерлері бөлімшелерінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысуы ерекше мақтаныш. Бұл біздің ата-бабаларымыздың ерлігін және Отан қорғаушылардың тарихи сабақтастығын мойындаудың символына айналды. Біз Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өз өмірін қиған қаһармандардың даңқты жауынгерлік дәстүрлерін жалғастырушыларды әрдайым мақтан тұтамыз.Бүгінде Құрлық әскерлерін техникалық тұрғыда қайта жарақтандыруға ерекше назар аударылуда. Өткен жылы «Арлан» және COBRA II сауытты машиналарын, сондай-ақ SunQar және EVOMax ұшқышсыз авиациялық жүйелерін қоса алғанда, 500-ден астам заманауи техника қызметке кірді. Бұл жаңа қару-жарақ үлгілері әскерлердің жауынгерлік мүмкіндіктерін едәуір арттырып, қазіргі жағдайда елді қорғау міндеттерін тиімді орындауға мүмкіндік береді.Мен осы әскер түрінің қалыптасуының бастауында тұрған Құрлық әскерлерінің ардагерлеріне шексіз ризашылығымды білдіргім келеді.Сіздердің жанқиярылқ қызметтеріңіз бен адалдықтарыңыз болашақ ұрпаққа үлгі. Әлі де жас жауынгерлерді тәрбиелеуге баға жетпес үлес қосуды жалғастырып келесіздер.Осы айтулы күні барлық әскери қызметшілерге, ардагерлерге, азаматтық персоналға және олардың отбасыларына зор денсаулық, мол бақыт, амандық және ашық аспан тілеймін! Құрметпен,Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрігенерал-полковник Р. ЖақсылықовАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979717?lang=kk
ҚМУ-дағы халықаралық форум әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдарды біріктірді 24.04.2025
Қарағанды медицина университеті Ғылым күніне орайластырылған биомедицина саласындағы «Зерттеулер мен инновациялар» халықаралық форумының алаңына айналды. Ол Франциядан, Қытайдан, Нидерландыдан, сондай-ақ Қазақстанның жетекші университеттерінен ғалымдардың басын біріктірді.– Форум жай ғана конференция емес, жаңа ғылыми байланыстарды қалыптастыруға және бірлескен жобаларды әзірлеуге арналған тұғырнама. Сондай-ақ ғылыми сағаттарды салыстыру және үздік шетелдік тәжірибені қабылдау мүмкіндігі, – деп атап өтті ҚМУ ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры Ермек Тұрғынов. – Біз биомедицинаның қаншалықты тез дамып келе жатқанын көріп отырмыз және заманмен қатар жүруге тырысамыз. Мұндай кездесулер – болашақ ұрпақтың денсаулығына инвестиция салу.Қарағанды медициналық университеті бірнеше жылдан бері биомедицина бойынша магистрлер даярлауда. Ермек Тұрғыновтың айтуынша, еліміздегі ұжымдық пайдаланудағы екі зертхананың бірі дәл осы жерде орналасқан. Қазір оны жаңғырту жүріп жатыр – 2026 жылға қарай зертхананы әлемдік деңгейге шығару жоспарланып отыр.– Біз қалыпты және патологиялық процестердің қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін ағзаны ішінен щерттейміз. Онсыз тиімді дәрілерді әзірлеу мүмкін емес. Сонымен қатар, басқа елдерде кім және қалай айналысатынын түсіну маңызды. Мұнда тәжірибе алмасу маңызды мәселе, – дейді ҚМУ Өмір туралы ғылымдар институтының директоры Дмитрий Клюев.Форум жас ғалымдар үшін маңызды оқиға болды. Оларға жеке секция арналды. Университеттің кіші ғылыми қызметкері Дмитрий Солянов биомедицинадан үлкен болашақ көреді. Қазір ол хроматография және генді редакциялау саласындағы зерттеулермен, сондай-ақ простата және сүт безі обыры саласындағы әзірлемелермен айналысады.– Биомедицинаның келешегі ең алдымен бүкіл адамзатқа пайда әкелетіндігінде. Тіпті қазіргі уақытта біздің зерттеулеріміз өте қымбат немесе болашаққа тым көп көз салатын болса да, футуризм саласы болып табылады, әрбір зерттеу, жас ғалымның әрбір зерттеуі болашақтың технологиясын қалай да арзандатады. Қазір қол жетпейтін нәрсе бірнеше жылдан кейін мыңдаған адамның өмірін жақсарта алады, – деп есептейді Дмитрий Солянов.Форум спикерлерінің бірі – CIPREVO («Рак және инновация») француз орталығының президенті Грегуар Прево халықаралық ғылыми диалогтың басты мақсаты – созылмалы аурулар мен онкологияларға қарсы күресте ынтымақтастықты дамыту және озық тәжірибе алмасу деп санайды. Конференцияда ол өкпенің ұсақ жасушалы обыры жасушаларында жүргізілген зерттеу және белгілі бір препараттардың әсерін зерттеу нәтижелерімен бөлісті.– Жақын арада онкологияны жеңе алатын дәрі-дәрмектер жасала ма, жоқ па – бұл күрделі мәселе, – дейді француз биологы. – Бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша көптеген ғалымдар обырды емдеумен айналысуда, алайда негізгі мәні дәл осы профилактика. Басты мақсат – аурудың дамуына жол бермеу. Бірінші кезекте салауатты өмір салты туралы сөз қощғауымыз керпа. Мұндай тәсіл онкологиялық аурулардың, оның ішінде сүт безі, простата және тоқ ішек обырының пайда болу қаупін айтарлықтай төмендетуге қабілетті.Конференцияға қатысушылар молекулалық медицинаға қатысты көптеген тақырыптарды қамтыды: геномика мен ДНК редакциясынан бастап цифрлық денсаулық сақтау мен таргеттік терапияға дейін. Сондай-ақ, секциялар жұмысы барысында биомаркерлер, жасанды интеллект, созылмалы аурулардың алдын алу мәселелері талқыланды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/979720?lang=kk
Қармақшыда «Аялы әже» аудандық форумы өтті 24.04.2025
Республикалық ардагерлер кеңесінің бастамасымен еліміздің әр өңірінде қолға алынған «Аялы әже» форумы Қармақшы ауданында жалғасын тапты. Бүгін аудан орталығындағы «Руханият» орталығында өткен тағылымды шара ұлт тәрбиесінің алтын діңгегі – әжелердің қоғамдағы рөлі мен маңызын кеңінен насихаттауға арналды.Форум жұмысы қазақ халқының көнеден келе жатқан ұмыт қалған салт-дәстүрлерінен қойылымдармен бастау алды. Атап айтқанда, «Арқаластыру», «Танабау тағу», «Босаға майлау» рәсімдері көрініс ретінде сахналанып, көрермендерге терең әсер қалдырды. Сонымен қатар, Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған тарихи-танымдық көрмені тамашалап, аудандық балалар әуез мектебінің оркестрі ұсынған күй-шежірені тыңдады.Форумның салтанатты ашылуына аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы қатысып, қатысушыларды аудан әкімінің атынан құттықтап, елдің әлеуметтік-мәдени өміріне белсене араласып жүрген аяулы әжелерге Алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, отбасы – рухани байлықтың, ұрпақ сабақтастығының және ұлттық тәрбие бастауының алтын ұясы екенін ерекше атап өтті.Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, әжелер ансамблінің төрайымы Талмаш Жұмабаева, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Мұсахан Басшыбаев ізгі тілектерін білдіріп, әжелер мектебінің ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы ой бөлісті.Форум соңы аудан өнерпаздары мен әжелер ансамблінің өнерімен жалғасып, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/979745?lang=kk
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасарының Ауғанстанға сапары туралы 24.04.2025
Қабыл, 2025 жылғы 21 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі С.Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Ауғанстан астанасына келді.Аталған делегация құрамына Қазақстанның бірқатар министрліктері мен ведомстволарының сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы уәкілетті басшылары кіретін делегацияның басты мақсаты екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, тау-кен, инвестициялық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту болып табылады.Қабыл қаласының әуежайында қазақстандық делегацияны Ауғантанның өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Н. Азизи және осы елдің табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ұлттық басқармасының басшысы Н. Тораби қарсы алды.Әуежайда С. Жұманғарин Қазақстан Республикасының Президенті мен халқының атынан ауған халқына жалпы салмағы 3,3 тоннадан асатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардан тұратын гуманитарлық көмектің екінші бөлігін тапсырды. Анықтама: Қазақстанның гуманитарлық көмегінің бірінші бөлігін Ауғанстан халқына беру ағымдағы жылдың 17 сәуірінде өтті, оған бидай ұны, өсімдік майы, күріш жармасы, көрпелер, шатырлар кірді, жалпы көлемі 2,3 тоннадан асады. Ауғанстанның табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ұлттық басқармасының басшысы Н. Араби біздің ел ауғандықтарға қолдау мен тұрақты көмек көрсеткені үшін Қазақстан Президенті мен халқына шын жүректен алғысын білдірді.Қазақстандық делегацияның сапары шеңберінде бірқатар екіжақты кездесулер жоспарланған, оның ішінде Ауғанстан Премьер-Министрінің міндетін атқарушы М.Х. Ахундпен, Өнеркәсіп және сауда, Қаржы, Сыртқы істер, Қоғамдық жұмыстар, Тау-кен өнеркәсібі және мұнай министрлерінің міндетін атқарушыларымен, Орталық банк, Ауғанстан кеден қызметі басшыларымен және басқалармен жүздесулеп бар.Аталған кездесулерде сауда, экономика, көлік және логистика, телекоммуникация және тау-кен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша нақты уағдаластықтарды талқылау және оларға қол жеткізу жолдары жоспарлануда.Делегация құрамында келген қазақстандық бизнес өкілдері отандық экспорттық өнімдер мен қызметтер саласындағы үш күндік көрмесін өткізу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kabul/press/news/details/979753?lang=kk
Республикалық танымдық-зерттеушілік «Мен зерттеушімін» байқауы 24.04.2025
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 сәуірінде мектеп жасына дейінгі балалармен «Мен зерттеушімін» республикалық танымдық-зерттеушілік конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.Байқау комиссиясы Ережеге сәйкес облысымыздың 8 аудан/қалаларынан келіп түскен 16 материалды зерделеп, жан-жақты талқылап, төмендегідей қорытындысын шығарды:1-орын (ересек топ) – ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Күршім ауылының балабақшасы» КМҚК, (мектепалды топ) – ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Мукарама атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ;2-орын (ересек топ) – ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК, (мектепалды топ) – ШҚО ББ «Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Куаныш» балабақшасы» КМҚК, ШҚО ББ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сказка» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК;3-орын (мектепалды топ) - ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған валеологиялық мектеп-кешені» КММ, ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақбота» бөбекжайы» КМҚК, ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі «Ақсу орта мектебі» КММ.Аталымдар:«Үздік бірлескен (ата-анамен) жұмыс» - ШҚО ББ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сказка» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК;«Жас эколог» - ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Бірлік негізгі орта мектебі» КММ;«Тапқыр зерттеушілер» - ШҚО ББ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сказка» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК;«Жаңалық жаршысы» - ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балдырған» бөбекжайы» КМҚК; «Креативті жұмыс» - ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған валеологиялық мектеп-кешені» КММ;«Шығармашыл балалар» - ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақбота» бөбекжайы» КМҚК;«Ізденімпаз бала» - ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы» КМҚК;«Жас зерттеушілер» - ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Болашақ» балалар бақшасы» КМҚКЖеңімпаздар (ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Күршім ауылының балабақшасы» КМҚК, ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Мукарама атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ) жұмыстары байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/979767?lang=kk
Қазақстан теннисшілерінің Исламабадтағы J30 халықаралық турниріне қатысуы 24.04.2025
Исламабад, 2025 жылғы 19 сәуір - ү.ж 6-18 сәуір аралығында Исламабад қаласында дәстүрлі түрде Қазақстан спортшылары теннистен J30 халықаралық турнирінде өнер көрсетті.Бұл турнирге әлемнің 14 елінен 60-тан астам спортшы қатысты.Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан теннисшілері жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, Королева Алиса жекелей сында 2 орынға ие болды,Қос разрядта Баялина Аружан мен Малышева София 1 орын алды.Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшілігі біздің спортшыларды жоғары нәтижемен құттықтап, Пәкістан теннис федерациясына ұйымдастырушылық пен қонақжайлылықтың жоғары деңгейі үшін алғыс білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/979775?lang=kk
Аудан әкімі Шаған елді мекеніндегі құрылыс жұмыстарымен танысты 24.04.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шаған ауылдық дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстары және елді мекенді газдандыру жұмыстары барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, құрылыс қарқыны мен сапасына баса назар аударды.Аудан басшысы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен медициналық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына тоқталды. Дәрігерлік амбулатория жаңарғаннан кейін тұрғындардың денсаулығын жақсартуға тікелей әсер ететінін атап өтті.Медициналық ғимаратты күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 328 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда амбулаторияда ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, инженерлік желілерді жаңарту, жылу жүйесін жетілдіру, есік-терезелерді ауыстыру, санитарлық тораптарды жөндеу сынды ауқымды жұмыстар атқарылуда.Мұнан соң Берік Әбдіғаппарұлы Шаған ауылын орамішілік газ тарату желілерін және тартылатын газ құбырын салу жұмыстарымен танысты. Бүгінде ауылішілік газ құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан орталығы мен елді мекен арасындағы жоғары қысымды газ құбырлары жалғануда. Жол қиылыстарындағы газ құбырлары бұрғылау әдісімен тас жолдардың астымен өткізілуде. Бұл жұмыстарды «АЭS and Limited» ЖШС атқаруда.Аудан басшысы мердігер мекеме өкілімен сөйлесіп, елді мекен тұрғындары табиғи газдың игілігін көруді асыға күтуде екенін атап өтті. Сондықтан жұмыстарды уақытылы әрі сапалы аяқтауды қатаң ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/979781?lang=kk
Қорғаныс министрінің орынбасары "Айбын" халықаралық жастар жиынына дайындықты тексерді 24.04.2025
Ақтөбе облысында Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев аймақ басшылығымен келіссөздер жүргізіп, әскери нысандарды аралады.Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовпен кездесуде ол "Айбын-2025" XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына дайындықтың тиісті деңгейін қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл және күш-жігерді үйлестіру мәселелерін талқылады.Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған іс-шара Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының базасында өтеді.  Осыған байланысты әскери институттың "Хлебодаровка"  әуеайлағында генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев жиынға қатысушылар, ұйымдастырушылар мен қонақтар үшін лагерь салу және оны жабдықтау жоспарымен танысты.Қазіргі уақытта мұнда казарма, асхана және спорт алаңдары салынуда, онда облыстық жарыстардың финалистері мен басқа елдердің командаларының жарыстары өтеді.Ұйымдастыру-техникалық іс-шаралармен танысқан министрдің орынбасары жұмыстарды жүргізу сапасы, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тәртіп пен құқықтық тәртіпті сақтау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979800?lang=kk
Алматыда 3 қаржылық пирамида жойылды: 3,8 млн USDT мөлшерінде тыйым салынды 24.04.2025
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Warner Bros», «Roborock» және «NFT+TRX» қаржылық пирамидаларының қызметін тоқтатты.Қаржылық пирамида ұйымдастырушылары салымшыларды трейлерлерді көру арқылы жоғары пайда алу деген сылтаумен жобаларға инвестиция салуға көндірген.Жоба 9 деңгейден құралып, орташа салым сомасы 225 мың теңгені құрады, төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданды.Мысалы, «Warner Bros» жобасы бойынша салымшылар арнайы қосымшаға тіркеліп, криптовалюта арқылы қолжетімділікті сатып алып, трейлерлерді көру үшін және жаңа салымшыларды шақыру үшін «есептелетін» сыйақылар алған.Тергеу барысында салымшылардан қаражат жинау және транзит жасау үшін қолданылған криптовалюталық әмияндар анықталды.Соттың санкциясымен 3,8 млн USDT көлемінде криптоактивтерге тыйым салынды.Құқықтық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі. ҚР ҚМА Баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/979801?lang=kk
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы ғылыми ұйым мәртебесіне ие болды 24.04.2025
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы ғылыми ұйым мәртебесіне ие болдыСот төрелігі академиясы алғаш рет ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде тану туралы куәлік алып, аккредиттеуден сәтті өтті.Бұл Сот төрелігі академиясын дамыту тұжырымдамасын іске асырудың және аккредиттеуге дайындықтың әр кезеңінде шешуші рөл атқарған Төраға Д.Малахов бастаған Жоғары Сот Кеңесін қолдауының нәтижесі.Жаңа мәртебе ғылыми қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді және Академияның сот реформасын сүйемелдеуге қосқан үлесін күшейтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/979804?lang=kk
Аудан әкімі егіс алқаптарының лазерлік тегістеу жұмыстарымен танысты 24.04.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Нағи Ілиясов ауылдық округіндегі «Мағжан және К» ЖШС-нің егіс алқаптарын лазерлік тегістеу жұмыстары барысымен танысты. Аудан басшысы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың егіс алқаптарын әртараптандыру үшін негізгі дақыл – күріш көлемін біртіндеп тұрақтандырып, жерді нөлдік лазерлік тегістеу тәжірибесін өндіріске енгізу туралы тапсырмасын атап өтті. Осыған байланысты жергілікті шаруалармен және техниканы іске асырып жатқан мамандармен тілдесіп, олардың жұмысына сәттілік тіледі. Ауыл шаруашылығы саласындағы көктемгі дала жұмыстарының барысы мен заманауи аграрлық технологияларды қолдану тәжірибесі туралы серіктестік директоры Дархан Ералиев ақпарат берді. «Мағжан и К» ЖШС 2025 жылы су үнемдеу және суды тиімді пайдалану мақсатында 9 дана заманауи лазерлік жер тегістегіш техникасымен 2000 гектар жерге тегістеу жұмыстарын жүргізуде.Аудан әкімі заманауи технологияларды кеңінен қолдану арқылы еңбек өнімділігін арттыру, жерді ұтымды пайдалану – қазіргі ауыл шаруашылығы саласының басты міндеті екенін атап, жауапты сала мамандарына алдағы көктемгі дала жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/979815?lang=kk
Аудан әкімі "AMANAT" партиясының облыстық филиалы төрағасын қабылдап, "Таза бейсенбі" акциясына қатысты 24.04.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановты қабылдады. Қабылдауға «AMANAT» партиясы ауданды филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық мәслихат депутаты Болатбек Ұлтанбекұлы қатысты. Кездесу барысында аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму және жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды айтып, барлық салада оң серпін бар екенін жеткізді. Алмасбек Есмаханов ауданның әлеуеті зор екенін айтып, ауыл шаруашылығы саласында өзіндік орны бар ауданның соңғы жылдардағы жетістіктерін ерекше атап өтті.Мұнан соң аудан әкімі Берік Сәрменбаев пен «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілген «Таза Бейсенбі» акциясында тал егу іс-шарасына қатысты. Акция Тереңөзек кентіндегі «Тағзым» алаңында, «Құрметті азаматтар» аллеясында өтті. Акцияға қатысушылар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай боздақтарға арналған ескерткішті тазалап, әрлеу, сырлау жұмыстарын жүргізді және "Тағзым алаңы" айналасын тазартты. Аудан басшысы «AMANAT» партиясының облыстық филиал төрағасымен бірге «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсібін бастаған кәсіпкердің жұмысымен де танысты.Жеке кәсіпкер Азамат Ысқақов басқаратын ЖК «Искаков» «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы құмблок өндіру үшін құрал-жабдыққа 6 млн. теңге несие алған. Бүгінде сұранысқа сәйкес құмблоктар шығарылып, Қызылорда қаласы мен көршілес аудандарға, ауданның елді мекендеріне сатылуда. Өндіріс орнында 3 адам жұмыспен қамтылған.– Үстіміздегі жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында аудан бойынша 144,5 млн. теңге соммасына 22 жоба өтінім тапсырған. Несие комитетінің шешіміне сәйкес 55,8 млн теңгеге 9 жобаға несие мақұлданды. Жоба бойынша атқарылған жұмыстармен Премьер-министр Олжас Абайұлы, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы арнайы келіп танысып, оң бағасын берді. Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасымен бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы. «AMANAT» партиясының облыстық филиал төрағасы Алмасбек Әбілқасымұлы ауданда партияның стратегиялық мақсаттары аясында атқарылып жатқан істердің тиімді жүзеге асып жатқанын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/979825?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысының делегациясы ҚХР-дың СУАР аймағындағы Қарамай қаласына ШЫҰ халықаралық семинарына қатысу үшін келді 24.04.2025
2025 жылдың 21–25 сәуірі аралығында Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қарамай қаласында цифрлық технологиялар саласында білім беру, туризм және IT бойынша кадрларды даярлау мен дамытуға бағытталған Шанхай ынтымақтастық ұйымы ұйымдастырған халықаралық семинар өтуде.Іс-шараны ұйымдастырушы — Қытай-ШЫҰ аясындағы Үлкен деректер саласындағы ынтымақтастық орталығының Синьцзяндық бөлімшесі. Бағдарлама «ШЫҰ ағашы» бастамасы аясында жүзеге асырылуда және бес күндік оқу курстарын, ШЫҰ елдері арасындағы тәжірибе алмасуды, сондай-ақ Қытайдың IT-хабтары мен Цифрлық даму индустриалдық паркімен танысуды қамтиды.Шығыс Қазақстан облысының делегация құрамына Білім басқармасының өкілдері, жоғары оқу орындары, Өскемен, Риддер және Марқакөл қалаларындағы колледждердің директор орынбасарлары, сондай-ақ креативтік сала мен бизнес қауымдастық өкілдері кірді.Семинарға Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей елдерінің де өкілдері қатысуда, бұл ШЫҰ елдері арасындағы ынтымақтастықтың кең ауқымын көрсетеді.Іс-шараның салтанатты ашылуында Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының басшылығы сөз сөйледі.Қазақстандық делегацияның жетекшісі — «РСС групп» компаниясының директоры, Шығыс Қазақстан облысы туризм кеңесінің төрағасы Сымбат Рамазанов бұл шараның Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайту, білім мен тәжірибе алмасу және негізгі салаларға инновациялық шешімдерді енгізу жолындағы маңызын атап өтті.— Қытай — біздің елдеріміз үшін маңызды әрі сенімді серіктес. Бізді көпжылдық тығыз ынтымақтастық пен географиялық жақындық байланыстырады. Шығыс Қазақстан Қытаймен тікелей шекараласады, бұл өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше мүмкіндік береді — әсіресе білім беру, цифрландыру, технология алмасу және туризм салаларында, — деді ол ШЫҰ ұйымдастырған халықаралық оқу семинарының ашылуында сөйлеген сөзінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/979829?lang=kk
Ғизат Нұрдәулетов Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының екінші кездесуіне қатысты 24.04.2025
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Самарқанд қаласында өткен Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының екінші кездесуіне қатысты.Жиынға қатысушылар өңірлік қауіпсіздіктің өзекті бағыттары, оның ішінде терроизмге, экстремизмге, радикалдану үрдісіне және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде пікір алмасты.Тараптар Орталық Азияның экологиялық және су-энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында өзара ықпалдастықты жандандыру мәселесін талқылады.Сондай-ақ күн тәртібінде Орталық Азия өңіріндегі көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аймақтың транзит-көлік әлеуетін дамыту үшін ортақ күш-жігер жұмылдыру мәселесі қарастырылды.Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы Ғизат Нұрдәулетов әріптестеріне аталған мәселелер бойынша еліміздің ұстанымын жеткізді. Су-энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға байланысты бірқатар ұсыныс айтты. Халықаралық терроризмнің сын-қатерлеріне және экстремистік идеологияның таралуына тосқауыл қою тиімділігін арттыру мақсатында белсенді ақпарат алмасу қажет екенін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды. Құжатта тараптар өңірлік қауіпсіздікті нығайту жолындағы өзара ықпалдастықтың нақты бағыттарын белгіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/979834?lang=kk
Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті студенттерімен мемлекеттік қызметке кіру мәселелері бойынша кездесу өтті 24.04.2025
Бүгін әдеп жөніндегі уәкіл Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің мемлекеттік басқару, экономика және бухгалтерлік есеп бағыттарының студенттерімен кездесу өткізді.Кездесудің негізгі мақсаты-мемлекеттік қызметке кіру ережелерін және оның өту ерекшеліктерін түсіндіру.Іс-шараға жоо-ның профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Тыңдаушыларға қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/979304?lang=kk
Профилактикалық бақылау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы 24.04.2025
       Мемлекеттік бақылау және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау  және 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII «Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі» сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары – мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларымен «Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы әкімі аппараты» ММ; «Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ; «Еңбекшіқазақ ауданының Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ; «Еңбекшіқазақ ауданының Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппараты» ММ; «Еңбекшіқазақ ауданының Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелерінде 2025 жылдың 14 қазан – 16 қазан аралығында профилактикалық бақылау жұмыстарын жүргізді.      Профилактикалық бакылау барысында ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224 - VII «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі» басты талаптарын және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты талаптарын түсіндірді.      Профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша кемшіліктерді түзеу туралы ұйғарым еңгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1090720?lang=kk
Өнімді таңбалау және қадағалау бойынша көпшілік таңдау 24.04.2025
         Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер монополияға, арнайы құқыққа жатқызылған сыра қайнату өнімдерін таңбалау және қадағалау бойынша «Қазақтелеком» АҚ тауарларын таңбалау мен қадағалаудың Бірыңғай операторының қызметтеріне бағаларға сараптама жүргізу үшін жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.         Көпшілік тыңдаулар Zoom платформасы арқылы онлайн форматта 8 мамыр 2025 жылы сағат 16.00 өткізілетін болады.         Қатысу үшін қоғамдық ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері шақырылады.         Қатысушылардың кандидатураларын (ТАӘ,лауазымы) және электрондық мекенжайларын электрондық zha.dzhumagulova@kgd.gov.kz 19.05.2025 ж. дейін мекенжайға жіберуді сұраймыз.        Zoom конференциясына сілтеме талқылауға қатысушылардың электрондық мекенжайларына бағытталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/979340?lang=kk