Enbekshi QazaQ

Қоғам

Экономикалық дипломатия – Қазақстан-Словения өзара іс-қимылының басымдығы 11.04.2025
БЛЕД (СЛОВЕНИЯ), 2018 жылғы 10 қыркүйек – Қазақстан мен Словения халықаралық аренада экономикалық дипломатия мен ынтымақтастыққа баса назар аудара отырып, саяси тұрғыдағы жан-жақты ынтымақтастық пен әріптестікті нығайтуға ниетті. Бүгін өткен Қазақстан-Словения саяси консультацияларының басты күн тәртібі осындай.Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Словения делегациясын - Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Андрей Логар басқарды.Дипломаттар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара әрекеттестіктің кең ауқымын егжей-тегжейлі талқылап, әріптестікті кеңейтуге деген өзара бейілділігін растады. Сыртқы істер министрліктері арасында экономикалық дипломатия аясындағы өзара іс-қимылды жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді (2017 жылы екіжақты сауда айналымы 100 млн. еуродан астам құрады). Р. Василенко бүгін ҚР СІМ алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі Қазақстанға инвестициялар мен жаңа технологияларды тарту болып табылатынын айтты.Осыған орай, 2018 жылғы 5-6 маусымда Астанада өткен Қазақстан-Словения экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының төртінші отырысының нәтижелерін, сондай-ақ екіжақты бизнес-форум аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жоғары бағалады.Сонымен қатар, өз салаларында көшбасшы болып табылатын және бүкіл әлемде өкілдіктері бар Словения компанияларының – KRKA (дәрі дәрмектер), Iskratel Group (IT шешімдер), Gorenje (тұрмыстық техника), Bisol Group (күн батареясы) табысты жұмысы атап өтілді. Жалпы, Қазақстанда 20-ға жуық Словения компаниялары қызмет көрсетеді.Тараптар ынтымақтастықтың IT (ақпараттық технологиялар), фармацевтика, көлік инфрақұрылымы, логистика, туризм, сауықтыру медицинасы, жасыл технологиялар және басқа да салаларын перспективалы деп белгіледі.Р. Василенко словениялық әріптестерін қазақстандық экономикаға инвестициялау мүмкіндіктері және Қазақстандағы шетелдік инвесторлар үшін артықшылықтар туралы хабардар етті. Осыған орай, Словения тарапын «ЭКСПО-2017» базасындағы жобалар – «Астана» Халықаралық қаржы орталығын, IT-стартаптар халықаралық технопаркін және «жасыл» технологиялар және «Болашақ энергиясы» инвестициялық жобаларын дамыту орталығын іске асырудағы белсенді ынтымақтастыққа шақырды.Сондай-ақ, тараптар Еуразиядағы транзит-көліктік әлеуетті дамыту аясындағы өзара іс-қимылды жандандыруға, оның ішінде «Белдеу және жол» бастамасын және Словенияның Копер портының мүмкіндіктерін пайдалану іске асыру өзара іс-қимылды жандандыруға деген ортақ ынталарын растады.Келіссөздер барысында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметі, Сириялық реттеу жөніндегі Астана процесі, Орталық Азия, Еуропалық Одақ және Балқан өңірінің елдері арасындағы өзара іс-қимылдың песрпектива мәселелері бойынша пікір алмасулар орын алды. Р. Василенко Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім аясында Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздер бастау мәселесі бойынша қолдау көрсеткені үшін Словения тарапына алғысын білдірді.Қазақстандық дипломат Словенияда болған кезде Қазақстанның Марибор мен Ново-Горица қалаларындағы Құрметті консулдары Горазд Шифрер мен Димитрий Пициганың қызметімен танысты, сондай-ақ «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның Орталық және Шығыс Еуропадағы тәуелсіз өкілі болып табылатын Қазақстан-Словения бизнес клубының Президенті Деян Штанцермен сұхбат өткізді.Сондай-ақ, Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары сапар барысында Словенияның Повир ауылындағы әзірше «Кассе Себеро» ретінде белгілі Қазақстанның қаһарман-партизанының қабіріне гүл қойды. Бүгінгі күні, ҚР құзыретті органдары 1943 жылы қайтыс болған жауынгердің жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/22363?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті 11.04.2025
Исламабад, 2025 жылғы 8 сәуір – ҚР ПИР-дағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Федералдық ғылым және технологиялар министрі Халид Хуссейн Магсимен кездесті.Келіссөздер барысында Е.Қыстафин Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты нығайту шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, ғылым мен технология саласындағы өзара іс-қимылды дамытудың, оның ішінде екі елдің ғылыми ұйымдары мен ғалымдары арасындағы байланыстарды нығайтудың ерекше маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда Елші министрге ағымдағы жылдың сәуір айының соңында болатын, оның ішінде ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған және осы саладағы құжаттарға қол қою жоспарланып отырған іс-шаралар туралы хабардар етті.Өз кезегінде Халид Хусейн Магси аталған бастамаларды толығымен қолдап, ҚР ғылыми-академиялық топтарымен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүдделілік білдіріп, уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен байланыс орнату үшін Қазақстанға бару ниеті туралы хабарлады.Кездесу қорытындысы бойынша ағымдағы жылы нақты жобаларды екіжақты форматта іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/972187?lang=kk
2030 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ АСТАНА АГЛОМЕРАЦИЯСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА 3 ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛАДЫ 11.04.2025
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Оның айтуынша, 2030 жылға қарай агломерация аумағында 3 индустриялық аймақ құру арқылы Астана қаласынан ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды шығару ұсынылып отыр. Сондай-ақ жаңадан құрылатын өндірістік кәсіпорындарды индустриялық аймақтарға орналастыру жоспарлануда.Жобада бірінші индустриялық аймақты Аршалы ауылына (Аршалы ауданы) орналыстыру ұсынылып отыр. Астана-Теміртау-Қарағанды бағытындағы ось бойынша ұтымды экономикалық және географиялық жағдай бар. Екінші индустриялық аймақ жылдамдығы жоғары халықаралық магистраль мен темір жол бойындағы Төнкеріс (Шортанды ауданы) ауылында орналасады.Үшінші индустриялық аймақты Жайнақ (Целиноград ауданы) ауылына орналастыру жоспарланып отыр. Бұл елдімекендер инфрақұрылыммен және шағын электр станцияларымен қамтамасыз етілгендіктен таңдалып отыр. Бүгінгі таңда алаңы 100 гектар болатын өндірістік жер учаскесі бөлінді.Анықтама: Астана агломерациясының аумағына 3 ауданы (Аршалы, Целиноград, Шортанды) және Ақкөл ауданының 4 ауданы кіреді. Агломерацияға барлығы 124 елдімекен еніп отыр. Агломерация халқының саны 2016 жылы 1,2 млн. адамды құрады,  2030 жылға қарай 1,6 млн. адамға дейін жетеді (өсім 33 % құрайды), (Астана қаласында 2016 жылы 1,0 млн. адамнан 2030 жылға қарай 1,2 млн. адамға дейін өседі). Жалпы алаңы 21 770 шаршы километрді құрайды, соның ішінде Астана қаласы – 800 шаршы километр. Агломерацияның жалпы аумағынан 7,5 мың шаршы километрді құрайтын қарқынды даму аймағы жеке бөлінген. Оның негізгі бағыттары индустриялық аймақтарды құру, өндірісті әртараптандыру. Фото мұрағаттан алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22353?lang=kk
Қоғаммен тиімді диалог – мемлекеттік басқарудың басты тетігі 11.04.2025
 Президентіміз  Қ. Тоқаев 2022 жылы  "Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы" жарлыққа қол қойған болатын. Құжаттың  мәтінінде "Қазақстан Республикасының президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10, 17 және 21-баптарына сәйкес және қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру, халықтың елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар болуын арттыру, атқарушы органдардың халық алдындағы жауаптылығы мен есептілігін күшейту, мемлекеттік басқару процесіне халықты кеңінен тарту мәселелері қаулы етілген. Осыған байланысты, Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының қорғаныс, сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары жыл бойы халықпен тұрақты кездесулер өткізілуі міндеттеліп, халықпен кездесу өткізу шеңберінде азаматтарға жеке қабылдау жүргізуді, коммерциялық емес ұйымдармен кездесулерді қамтамасыз етуі жүктелген болатын.Осы ауқымды міндеттер аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті осы күнге дейін департамент басшысының қатысуымен азаматтарды жеке қабылдаулар мен халықпен кездесулер шараларын белсенді түрде ұйымдастырып келеді.Мысалы, 2024 жылы жалпы саны 82 жеке қабылдау шарасы ұйымдастырылып, 110 тұрғынның мәселелері қаралған болатын. Бұл қабылдаулар Қызылорда облысы әкімдігінің, «Amanat» партиясының қоғамдық қабылдау алаңдарында және Сырдария, Шиелі, Қармақшы аудандарында өткізілді. Тұрғындар мемлекеттік қызметті өткеру және оның жаңа жүйесі, мемлекеттік қызметке кіру заңдылығы мен  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері және әлеуметтік сипаттағы бірқатар сұрақтармен жүгінді. Жеке қабылдау және кездесуге  келген азаматтардың барлық сұрақтарына түсіндірмелер беріліп, көтерген мәселелері құзырлы органдардың назарына жеткізілетіндігі айтылды.Ал 2025-жылдың басынан 5 жеке қабылдау мен тұрғындармен кездесу шаралары өткізіліп, барлығы 24 азамат қабылданды. Оның ішінде, Сырдария ауданы, Аманкелді, Айдарлы ауылдық округтерінде және арнайы қоғамдық қабылдау алаңдарында  департамент басшысымен тұрғындарға мемлекеттік қызмет саласындағы бірқатар маңызды жаңалықтар таныстырылып, мемлекеттік грант негізінде ЖОО үздік бітірген түлектерді конкурстық іріктеусіз бір жыл ішінде тікелей тағайындау мүмкіндігі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған мамандар үшін ұсынылатын жаңа мүмкіндіктер, сондай-ақ Президенттік жастар кадр резервіне жаңа іріктеу жүргізу мәселелері туралы ақпараттар берілді. Жеке қабылдау барысында, азаматтар мемлекеттік қызметтің жаңартылған жүйесі, кадрлық саясат, бос жұмыс орындарына құжат тапсыру, жұмыс өтілінің талаптары және әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, департамент басшысынан тарапынан толыққанды жауаптар алынып, мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне орналасу заңдылықтары түсіндірілді.Президент Жарлығы негізінде халықпен ашық және жүйелі диалог орнату – қазіргі кезеңде мемлекеттің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Бұл бастама «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыруда маңызды рөл атқаруда. Ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіп, халық сенімін нығайтуға және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға елеулі үлес қосуда. Қоғаммен тікелей әрі ашық байланыс орнату – азаматтардың талап-тілектеріне уақтылы жауап беруге, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге ықпал етеді. Алдағы уақытта да департамент тарапынан халықпен тікелей байланыс пен мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға бағытталған жеке қабылдаулар мен кездесулер өз жалғасын табатыны анық. Е.Ж.МендалиевҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/press/news/details/972178?lang=kk
Балалар кітабы апталығының жабылуы өтті 11.04.2025
8 сәуір күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында балалар кітабы апталығының жабылуы өтті. Бір жұма бойы қаламыздағы мектеп оқушылары үшін әртүрлі бағыттағы, түрлі танымдық, шығармашылық байқаулар, сайыстар өткізілді. Барлығы 200-ден астам оқушылар қамтылды. Апталықтың ашылуы №12 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында өтті. Аталмыш мектеп кітапханашысы Сәуле Талғатқызы балаларды жоғары дәрежеде дайындап, іс-шараның жақсы өтуіне ат салысты. Ашылуға келген оқшылардың ешқайсысы назардан тыс қалмады. Оларға «Гормолзавод» ЖШС атынан балмұздақ сыйға таратылды. Апталықтың екінші «Табиғат пен шығармашылық» сурет байқауы өтті. Оған «Balakai» шығармашылық студиясының 9-12 жас аралығындағы  кішкентай суретшілері қатысты.  Сонымен қатар, балалар жазушысы, журналист Серік Сапарұлымен кездесу өтті. №21 мектеп-лицейінің оқушылары ақынның өлеңдерінен шашу шашты. Сондай-ақ, №11 мектеп-гимназиясының оқуышлары білімдерін сынып, «Кітап қиял әлемі» атты брейн-рингке қатысты. Жабылу аясында сурет байқауының жеңімпаздары,  кітапханамыздың белсенді оқырмандары Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында директоры Қуаныш Оспановтың атынан Алғыс хаттар және ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Ақмола облысы Іскер әйелдер кеңесінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.Іс-шарада №21 мектеп-лицейі мен №12 жалпы білім беретін мектептің белсенді оқушылары, «Balakai» шығармашылық студиясының талантты шәкірттері, №2 мектеп-лицейінің көптілді "In the world of art" театралдық студиясы өнер көрсетті. Іс-шараға №4 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушылары көрермен болып келді.Балаларды құттықтап келген Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Ақмола облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Көпенова Гүлнұр Сейпішқызы, кеңес мүшесі Есенова Гүлайым Ерғалиқызы балаларды кітаппен дос болуға шақырып, өздерінің жақсы тілектерін білдірді.Сондай-ақ, апталықтың жоғары дәрежеде өтуіне ат салысқан «Kok Su Kz» ЖШС, «Радужная зебра» ЖК, «Бек-АРТ» ЖК алғыс білдіреміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/972177?lang=kk
Аудан орталығында және елді мекендерде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті 11.04.2025
Тазалауға меншік түріне қарамастан ауданның барлық мекемелері қатысты. Сенбілік барысында әр мекеменің қызметкерлері көршілес көшелерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, аулаларды қоқыстардан тазартты. Алдағы уақытта сенбілік жалғасады. Аудан тұрғындарын тазалауға белсенді қатысуға және тазалықты сақтауға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/972176?lang=kk
СЭҚ қатысушыларымен валюталық бақылау мәселелері бойынша дөңгелек үстел 11.04.2025
Тауар номенклатурасы және кедендік мониторинг басқармасының басшысы Довганюк С.Г. дөңгелек үстелге қатысушыларға алғысын білдіріп, 2025 жылдың басынан бері Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне Ұлттық банк тарапынан 3016 банк бақылау карточкасы келіп түскенін, оның 1170-і бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 244-бабына сәйкес бұзушылықтар анықталғанын хабарлады. Валюталық бақылау ережелерін бұзу фактілері әлі де жиі кездесуде.Бас маман Ғайниев Р.Р. сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылау ережелеріне сәйкес, егер валюталық шарттың сомасы АҚШ-тың 50 000 долларынан асса, онда бұл шарт есептік тіркеуге жататынын еске салды. Егер шартта сома көрсетілмесе, ол да есептік тіркеуге жатады. Тіркеу шарт бойынша міндеттемелерді орындау басталғанға дейін жүргізілуі тиіс.Егер шарт бойынша міндеттемелерді алдымен бейрезидент орындайтын болса (мысалы, ақша түсімі немесе тауар жеткізу), онда резидент тіркеуді сол ақша немесе тауар түскенге дейін жүргізуі тиіс.Тіркеу келесі тәртіппен жүзеге асырылады:егер есеп айырысу өкілетті банк арқылы жүргізілсе – сол банкте;егер есеп айырысу шетелдік банк арқылы жүргізілсе – Ұлттық Банктің аумақтық филиалында.Мемлекеттік кірістер органдары мына жағдайларда валюталық шарттар бойынша бақылау жүргізеді:репатриация мерзімі өтіп кеткен және бейрезиденттің міндеттемелері 50 000 АҚШ долларынан асса;валюталық шартты тіркеу мерзімі бұзылса.Бұл ережелердің бұзылуы ҚР ӘҚБтК-нің 244-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.СЭҚ қатысушыларына тауар декларациясының 44-графасына 03031 құжатының түрі – валюталық шарт нөмірі және 03011 құжат түрі бойынша шарт нөмірін дұрыс толтыру, сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндегі қызметте 328-нысан бойынша есептілікті нақты толтыру қажет екені ескертілді. Қате толтырылған жағдайда банктер тарапынан банктің бақылаудың дербес карточкалары (ББДК) рәсімделіп, ҚР ӘҚБтК-нің 251-бабы бойынша жауапкершілікке тарту қаупі туындайды.Негізгі ұсыныстар:Егер валюталық шарт сомасы 50 000 АҚШ долларынан асса, міндеттемелерді орындауға кіріспес бұрын өкілетті банктен шарттың есептік нөмірін (ШЕН) алу қажет.Валюталық шарттарды тіркеу және ақпарат беру мерзімдерін сақтау.Жауапкершілікке тарту тәуекелдерін болдырмау үшін есептілікте ШЕН мен келісімшарт нөмірін дұрыс көрсету. Дөңгелек үстелге қатысқан сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар:ТОО "SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA"ТОО "АСБИС Казахстан"ТОО "Авто Прайм Казахстан"ТОО "BSH Home Appliances (БСХ Хоум Аплайансэс)"ТОО "Торговый дом "АВТОЦЕНТР-БАВАРИЯ"ТОО "VENDER"АО "Technodom Operator" (Технодом Оператор)ТОО "Amway Central Asia"ТОО "MARVEL KAZAKHSTAN" (МАРВЕЛ КАЗАХСТАН)ТОО "ST Networks"Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/972165?lang=kk
Федоров ауданы әкімінің орынбасары жанындағы жұмыс кеңесі 11.04.2025
      2025 жылғы 2 сәуірде Федоров ауданы әкімінің орынбасары жанындағы прокуратура, полиция өкілдерінің, ауылдық округтер әкімдерінің, аудан мекемелері басшыларының қатысуымен қаржы пирамидасының қызметі мәселесі жөнінде Федоров ауданы аумағында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс кеңесі өтті.     «Asar Baspana» қаржы пирамидасы туралы ықтимал салдарларды түсіндіре отырып, жалған ақпарат таратуға жол бермеу, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы ақпарат жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/972154?lang=kk
Қазақстан Орталық Азияда географиялық нұсқамаларды ілгерілету жөніндегі жобаны іске қосуға қатысты 11.04.2025
2025 жылғы 7-8 сәуірде Алматыда Hilfswerk International коммерциялық қайырымдылық ұйымы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) бірлесіп ұйымдастырған «Орталық Азиядағы географиялық нұсқамаларды дамытуға жәрдемдесу – жаңа тіркелген ГН-ды ілгерілету» жобасының бастапқы кездесуі өтті.Іс-шараға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары М.Н. Сиротина қатысты. Сондай-ақ, талқылауға Ұлттық зияткерлік меншік институты мен Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері қатысты.Жоба Орталық Азия елдерінде тіркелген үш географиялық нұсқамаларды ілгерілетуді қамтиды. Қазақстаннан «Алматы апорты» географиялық нұсқамасы таңдалды – Қазақстанның шегінен тыс жерлерде танымал, қаланың мәдени мұрасының ажырамас бөлігіне айналған алманың әйгілі сорты.Анықтама ретінде: Географиялық нұсқамалар белгілі бір аумақпен — оның табиғи жағдайларымен, тарихымен және мәдениетімен тығыз байланысты өнімді белгілеу үшін қолданылады. Мұндай белгілердің құқықтық қорғалуы бірегей сипаттамалары бар тауарларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді, жергілікті брендтердің қалыптасуына, инвестициялар тартуға және туризмді дамытуға ықпал етеді. Бұл әсіресе аграрлық және қолөнер өнімдеріне қатысты, олардың әлеуеті оның шығу тегінің түпнұсқалығы арқылы ашылады.Кездесуге Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының өкілдері де қатысты. Жоба аясында бұл елдерде Ат-Башин ақ балы (Қырғызстан) және Аштақ (Тәжікстаннан кептірілген өрік) сияқты географиялық нұсқамалар ілгерілеуде. Бұл өнімдерде Алматы апорты тәрізді өңірдің байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін бірегей сипаттамаларға ие.Қазақстанның ДЗМҰ-мен ынтымақтастығы зияткерлік меншікті қорғаудың ұлттық жүйесін дамытуда маңызды рөл атқарады. Географиялық нұсқамалар бойынша халықаралық бастамаларға қатысу жергілікті өндірушілерге экспорттық перспективалардың ауқымын кеңейте отырып және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін нығайта отырып, өздерін әлемдік аренада танытуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/972110?lang=kk
Көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту 11.04.2025
2019 жылдан бастап Қостанай қаласында 168 көпқабатты тұрғын үйді модернизациялау жұмыстары жүргізілді. Бұл бағдарлама аясында ғимараттардың техникалық жағдайы айтарлықтай жақсартылып, сыртқы келбеті де жаңартылды. 2025 жылға арналған жоспар бойынша тағы 41 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтеді.Оның 9 үйінде капиталды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Капиталды жөндеу аясында ғимараттардың фасадтары толық жаңартылып, шатырлар ауыстырылады, балкондар заманауи материалдармен әйнектеледі. Бұл жұмыстардың бір бөлігі уже басталды.Қалған 32 үйде ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған, оның ішінде фасадтарды бояу, балкондарды әйнектеу және подъездер мен аула аймақтарында жарықтандыру жүйесін орнату қарастырылған.Бұл шаралар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және қаланың жалпы сәулеттік көрінісін жақсартуға бағытталған. Барлық жөндеу жұмыстары Қостанай қаласы әкімдігі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/972107?lang=kk
2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстанның төлем жүйелерінің және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерінің, сондай – ақ төлем жүйелерінің басқа да қатысушыларының ISO 20022 төлем хабарламалары форматының халықаралық стандартына көшті 11.04.2025
2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстанның төлем жүйелерінің және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерінің, сондай – ақ төлем жүйелерінің басқа да қатысушыларының ISO 20022 төлем хабарламалары форматының халықаралық стандартына (бұдан әрі-халықаралық төлем хабарламалары форматтары) көшті.Төлем қатынастарының халықаралық форматтарына көшуге байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма – қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі-қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидалары) өзгерістер енгізілді.Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларымен бекітілген бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасының жаңа нысаны «нақты төлеуші» және «ақша жөнелтуші» бағандары қамтылған.Ережеге сәйкес заңды тұлғаның бюджетке төлемдер, сондай-ақ МЗЖ, МКЗЖ, МКЗЖ және СБ МӘСҚ-ға өзінің жеке бөлімшесі үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеген кезде «нақты төлеуші» бағанында міндеттемелері бойынша төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның жеке бөлімшесінің атауы, ал «ЖСН (БСН)» бағанында - оның бөлімшесінің БИН көрсетіледі.Сонымен қатар, сот орындаушысы борышкердің міндеттемелері бойынша бюджетке төлемдерді атқарушылық іс жүргізу шеңберінде төлеген кезде «нақты төлеуші» бағанында төлем жүзеге асырылатын борышкердің Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған кезде), ал «ЖСН (БСН)» бағанында-оның ЖСН көрсетілетіні көзделген.Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес, бюджетке төленетін төлемдер төлем тапсырмасының «нақты төлеуші» бағанында көрсетілген ЖСН/БСН бойынша салық төлеушінің жеке шотына таратылады. Осы екі жағдайды қоспағанда, бюджетке төленетін төлемдер төлем тапсырмасының «ақша жөнелтуші» бағанында көрсетілген ЖСН/БСН бойынша салық төлеушінің жеке шотына таратылатындығын жеткізеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/972106?lang=kk
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА «ЭРГОНОМИКАЛЫҚ ЖОБАЛАУ» ҚР СТ ISO 24503 ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ 11.04.2025
2017  жылдың  2 қарашасында  ТРМК Алматы қаласы бойынша Департаменті «ҚазСтИн» РМК Оңтүстік филиалымен бірлесе отырып «Эргономикалық жобалау»  ҚР СТ ISO 24503 ұлттық стандарт жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.  2017 жылғы мемлекеттік стандарт Жобасына сәйкес «ҚазСтИн» РМК «Тұтынушылар өнімдерінің штрихтары мен түйсіну нүктелері» құрастырылған.Стандарт  әзірлеудің  мақсаты  көз  мүгедектері  үшін көрсетілетін  қызмет  саласындағы  стандарттау нысандарын кеңейту және өнімнің сапасын жоғарлату болып табылады. Республикада осы стандартта қарастырылатын стандаттау нысандары,  сонымен қатар оған ұқсас нысандарға нормативтік құжаттар жоқ.Дөңгелек  үстелге  түйсіну  өнімдерін  өндіруші-кәсіпорындардың:  Самгау груп» ЖШС, «Papirus Print» ЖШС,  «RK-ORDASY» ЖШС, «ҚазМетрИн» РМК ОҚФ, мамандары қатысты.Дөңгелек үстел қатысушылары стандар жобасының талаптарын белсенді талқылады. Сонымен қатар, өндірушілер көздері әрен көретін және көрмейтін адамдарға  арналған  өздері шығарын түйсіну өнімдерін көрсетті.Іс-шараның  аяғында  қатысушылар осы стандартты қабылдау және енгізу ерекше қажеттілігі бар адамдардың өмірінің сапасын және жағдайын айтарлықтай жақсартуға болатындығы жайлы ойларымен бөлісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22259?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы баспасөз хабарламасы 11.04.2025
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5 тармағына және  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен (Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 қаңтарда тіркелген № 31713)  бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жаңа үлгілік қағидаларына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында 2026 жылдың 30 сәуір мен 29 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karzhy/press/news/details/1203071?lang=kk
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің жаңа тәсілдерінің нәтижелері. 11.04.2025
"Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа Заңды іске асыру кезінде сатып алуды өткізу мерзімдері барынша қысқартылды.Конкурс және аукцион мерзімі 60-тан 10 күнге дейін.29-дан 5 күнге дейін рейтингтік-балдық жүйесі бар конкурс.5-тен 2 күнге дейін баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-goszakup/press/news/details/972091?lang=kk
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ШЫМКЕНТ ПЕН ТАШКЕНТ АРАСЫНА АВТОБУС ҚАТЫНАЙДЫ 11.04.2025
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңнамаға қол қойды. Хаттама автомобиль көлік құралымен жолаушыларды тұрақты, тұрақсыз және транзиттік тасымалдау үшін құқық нормаларын заңдастырады.Ең бастысы Шымкент-Ташкент тұрақты автобус бағдарын ашу, ал келесі жылы екі елдің басқа да ірі қалалары арасында қатынасты реттеу жоспарланған.2000 жылдың басынан бері Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушыларды автобуспен тасымалдау болмаған. Күнделікті екі елдің мемлекеттік шекарасынан 20 мыңнан астам адам өтеді. Автобус бағдарының ашылуы екі елдің сауда-экономикалық қатынастарының дамуына оң серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22236?lang=kk
«ТКШ ҚАЗОРТАЛЫҒЫ» АҚ ГЕРМАНИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН БІРЛЕСІП, ИННОВАЦИЯЛАР ЕНГІЗЕДІ 11.04.2025
«ТКШ Қазорталығы» АҚ Басқармасының төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев неміс тұрғын үй компаниялары мен жылжымайтын мүлік компаниялары федеральдық одағының (GdW) президенті Аксел Гедашкомен және «Шыңыс Еуропадағы тұрғын үй шаруашылығы» (IWO e.V.) бастамасының директоры Кнут Хёллермен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кешенін дамыту мақсатында өзара қарым-қатынас жасау жолдарын талқылады және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.Меморандумға сәйкес, компаниялар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жалпы стратегиясы, тұрғын үй қорын басқару саласындағыҚР заңнамасын, энергияны үнемдеу саласындағы пилоттық жобалардыжетілдіру, энергияны үнемдеу саласындағы пилоттық жобаларды бірлесіп іске асыру, сонымен бірге ТКШ жаңғырту үшін инвестицияларды және гранттарды тарту секілді бірнеше бағыттар бойынша ынтымақтасатын болады.Нұрсұлтан Жиенбаев «ТКШ Қазорталығы» АҚ қызметінің негізгі бағыттарымен неміс әріптестерін ақпараттандырды және Қомпанияның жақын жылдарға арналған стратегиялық мақсаттары туралы айтып өтті.«Өзіміз білетіндей, Германияның, тұрғын үй қорын басқарудағы айқындықты арттыруда, тұрғын үй қорының энергетикалық санациясын жүргізуде, сондай-ақ аталған сала үшін жоғары білікті мамандар даярлауда тәжірибесі мол. Осыны ескере отырып, біз жұмысты ТКШ жаңғырту жөніндегі жалпы стратегияны даярлау, тұрғын ғимараттардың энергия тиімділігі стандарттарын, сондай-ақ ТКШ саласындағы мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеу сияқты бағыттар бойынша бастауды ұсынамыз.», - деп атап көрсетті ол.Қазіргі кезде, компания ТКШ секторына инновацияларды белсенді түрде енгізуде. Жақын арада құрылған Аналитика және инновациялар департаменті озық және тиімді  технологияларды одан әрі қолдануды талдайтын болады.   Инвестицияларды тарту және МЖӘ департаменті Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру, бюджеттен тыс инвестицияларды және мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту  мақсатымен шетелдік компаниялармен және халықаралық қаржылық ұйымдармен жұмыс істейтін болады. Корпоративтік даму және HR департаменті компания қызметінің стратегиялық жетілдіру, жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру және біліктілігі жоғары мамандарды іріктеу бағытында жұмыс істейтін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22229?lang=kk
Білім көпірі: Қазақстан мен Өзбекстан кедендік әкімшілендіру саласында тәжірибе алмасады 11.04.2025
        2025 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (ҚР ҚМ МКК ОӘО) мен Өзбекстан Республикасы Экономика және Қаржы министрлігіне қарасты Кеден комитетінің Кеден институты (ӨР ЭҚМ КК КИ) арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде Қазақстан Республикасында «Қазақстандағы кедендік әкімшілендіру» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара гибридті форматта өтті - офлайн және онлайн қатысу.       Іс-шараның мақсаты – Қазақстандағы кедендік әкімшілендірудің негізгі аспектілерін, оның ішінде тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру тәртібін, уақытша сақтау қоймаларында сақтау шарттарын, еркін кедендік аймақтардың жұмыс істеуін, сондай-ақ Carnet ATA-ны іс жүзінде қолдануды кешенді зерттеу.       Семинарға Өзбекстан Республикасы Кеден институтының курсанттары мен оқытушылары (офлайн), сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер өңірлік органдарының қызметкерлері (онлайн форматта) қатысты.      Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы Серғазиев Таңатар баяндама жасады. Презентация кедендік реттеудің негізгі аспектілерін қамтыды, оның ішінде:тауарларды белгілі бір кедендік рәсімдерге орналастыру тәртібі;уақытша сақтау қоймаларында сақтау шарттары;еркін кедендік аймақтардың қызметі;Carnet ATA қолданудың практикалық аспектілері.      Семинар қатысушыларға сұрақтар қоюға, тәжірибе алмасуға және сарапшылық кеңестер алуға мүмкіндік беретін интерактивті форматта өтті.      Мұндай іс-шаралар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы академиялық және кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға, кедендік реттеу саласындағы тәсілдерді біріздендіруге және кеден ісі саласындағы білім беру бағдарламаларын әзірлеуге ықпал етеді.      Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары және жоғары кәсіби пікірталастары үшін алғыстарын білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/972058?lang=kk
БИЫЛ ЖЕЛТОҚСАНДА «ҮЛКЕН АЛМАТЫ АЙНАЛМА АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫН САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША КОНЦЕССИЯ ШАРТЫН БЕКІТУ ЖОСПАРЛАНУДА 11.04.2025
Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелеріне арналған Үкімет отырысында мәлімдеді.Оның айтуынша, қазіргі уақытта министрлік жетекшілік ететін салалар бойыншамемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы 6 жоба әзірленіп, іске асырылуда.«Үлкен Алматы айналма автомобиль (ҮАААЖ) жолын салу және пайдалану» жобасы бойынша2015 жылдың қаңтарында конкурстық рәсімдер басталды. Бүгінгі таңда  тараптар келісімнің барлық негізгі шарттары бойынша өзара келісімге қол жеткізді және келіссөздер аяқталу кезеңінде. Концессия шартын желтоқсан айында бекіту жоспарлануда»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.Шарт жасасуды тездету мақсатында Министрліктің және Консорциум мен Еуропалық қайта құру және даму банкі  арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Концессиялық комиссияның сарапшылар тобы Консорциуммен, ЕҚДБ, IFC және «KPPF» ЖШС бірлесіп шарт жобасының түпкілікті нұсқасын пысықтауда.Қазіргі уақытта концессия саласындағы қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізілуде.  Фото мұрағаттан алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22223?lang=kk
Өткен жылы өңір экономикасында айтарлықтай өсім байқалды 11.04.2025
Ақтөбе облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, өңір экономикасы соңғы жылдары тұрақты өсім көрсетіп келеді. Жалпы ішкі өнімнің шамамен 35%-ын өнеркәсіп саласы қамтамасыз етіп, өңір экономикасының негізгі тірегіне айналып отыр. Бұған қоса, сауда (14,1%), көлік және қоймалау (7,9%), құрылыс (6,5%) және ауыл шаруашылығы (4,4%) да айтарлықтай үлес қосуда.Экономиканы әртараптандыру мақсатында өңдеу өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Бұл салада жыл қорытындысы бойынша өнім көлемінің 10%-ға өсуі қамтамасыз етілді. Осындай нәтижелердің арқасында біздің облыс өңдеу өнеркәсібі бойынша еліміздегі алдыңғы бес өңірдің қатарына енді.Көлік және қоймалау саласында да оң динамика байқалады – көрсетілген қызмет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 59 млрд теңгеге артқан. Бұл логистикалық инфрақұрылымның дамып келе жатқанын білдіреді.Сондай-ақ, облыстың ішкі тауар айналымы 2,2 трлн теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 11%-ға өскен. Бұл өңірдегі кәсіпкерлік белсенділіктің жоғары екенін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-karzhy/press/news/details/972021?lang=kk
ҚАУІПТІ ЖҮК ТАСЫМАЛЫ КЕЗІНДЕ ЗАҢ БҰЗҒАНДАРҒА МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ 11.04.2025
1 қазан – 1 қараша аралығында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қызметкерлері  «Абайлаңыз, қауіпті жүк!» акциясын өткізді. Бұл шара жыл сайын өткізіліп тұрады және қауіпті жүк тасымалдайтын автокөлік құралдарына бақылауды күшейтуге бағытталған.Бір ай мерзім ішінде еліміздің территориясында қауіпті жүгі бар 1018 автокөлік құралы тексерілді. Атап айтқанда, жүкті тасымалдау шарттары, қажетті құжаттар, көлік құралының техникалық жағдайы, жүргізушілердің еңбек және тынығу тәртібін ұстануы тексерістен өткізілді.Тексерілген автокөлік құралдарының 415-інде заң бұзушылықтар анықталған. Оларға 22,5 млн. теңге айыппұл салынды. Автожолмен жүріп өту алымы 2,7 млн. теңгені құрады. Заң бұзушылықтардың 377-сін қазақстандық тасымалдаушылар жасаса, 38-ін шет ел тасымалдаушылары жасаған. 2016 жылдың сәйкес кезеңінде өткен акцияда тексерілген 1203 автокөлік құралының 221-нен заң бұзушылық анықталған. Ал, одан бір жыл бұрын 1220 көліктің 169-ында заң бұзушылық болған. Нәтижесінде 2016 жылы жазылған айыппұлдар сомасы 12,1 млн теңгені құраса, ҚР территориясымен автокөлік құралдарының арнайы рұқсаттамасыз артық салмақ параметрлерімен өткені үшін салынатын алым 2,7 млн теңгені құраған  (сәйкесінше 2015 жылы – 12,9 млн теңге және 1,9 млн теңге).Айта кету керек, жүк тасымалдау (сақтау, арту, түсіру) кезінде жарылысқа, өртке, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдануына себеп болатын, сонымен қатар, адамдардың, жануарлардың өліміне, жарақат алуына немесе сырқаттануына әкеп соқтыратын, қоршаған ортаға зиян келтіретін кез келген материал немесе қалдықтар қауіпті жүктерге жатады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22188?lang=kk