Қоғам
2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстанның төлем жүйелерінің және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерінің, сондай – ақ төлем жүйелерінің басқа да қатысушыларының ISO 20022 төлем хабарламалары форматының халықаралық стандартына көшті 11.04.2025
2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстанның төлем жүйелерінің және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерінің, сондай – ақ төлем жүйелерінің басқа да қатысушыларының ISO 20022 төлем хабарламалары форматының халықаралық стандартына (бұдан әрі-халықаралық төлем хабарламалары форматтары) көшті.Төлем қатынастарының халықаралық форматтарына көшуге байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма – қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі-қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидалары) өзгерістер енгізілді.Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларымен бекітілген бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасының жаңа нысаны «нақты төлеуші» және «ақша жөнелтуші» бағандары қамтылған.Ережеге сәйкес заңды тұлғаның бюджетке төлемдер, сондай-ақ МЗЖ, МКЗЖ, МКЗЖ және СБ МӘСҚ-ға өзінің жеке бөлімшесі үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеген кезде «нақты төлеуші» бағанында міндеттемелері бойынша төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның жеке бөлімшесінің атауы, ал «ЖСН (БСН)» бағанында - оның бөлімшесінің БИН көрсетіледі.Сонымен қатар, сот орындаушысы борышкердің міндеттемелері бойынша бюджетке төлемдерді атқарушылық іс жүргізу шеңберінде төлеген кезде «нақты төлеуші» бағанында төлем жүзеге асырылатын борышкердің Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған кезде), ал «ЖСН (БСН)» бағанында-оның ЖСН көрсетілетіні көзделген.Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес, бюджетке төленетін төлемдер төлем тапсырмасының «нақты төлеуші» бағанында көрсетілген ЖСН/БСН бойынша салық төлеушінің жеке шотына таратылады. Осы екі жағдайды қоспағанда, бюджетке төленетін төлемдер төлем тапсырмасының «ақша жөнелтуші» бағанында көрсетілген ЖСН/БСН бойынша салық төлеушінің жеке шотына таратылатындығын жеткізеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/972106?lang=kk
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА «ЭРГОНОМИКАЛЫҚ ЖОБАЛАУ» ҚР СТ ISO 24503 ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ 11.04.2025
2017 жылдың 2 қарашасында ТРМК Алматы қаласы бойынша Департаменті «ҚазСтИн» РМК Оңтүстік филиалымен бірлесе отырып «Эргономикалық жобалау» ҚР СТ ISO 24503 ұлттық стандарт жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді. 2017 жылғы мемлекеттік стандарт Жобасына сәйкес «ҚазСтИн» РМК «Тұтынушылар өнімдерінің штрихтары мен түйсіну нүктелері» құрастырылған.Стандарт әзірлеудің мақсаты көз мүгедектері үшін көрсетілетін қызмет саласындағы стандарттау нысандарын кеңейту және өнімнің сапасын жоғарлату болып табылады. Республикада осы стандартта қарастырылатын стандаттау нысандары, сонымен қатар оған ұқсас нысандарға нормативтік құжаттар жоқ.Дөңгелек үстелге түйсіну өнімдерін өндіруші-кәсіпорындардың: Самгау груп» ЖШС, «Papirus Print» ЖШС, «RK-ORDASY» ЖШС, «ҚазМетрИн» РМК ОҚФ, мамандары қатысты.Дөңгелек үстел қатысушылары стандар жобасының талаптарын белсенді талқылады. Сонымен қатар, өндірушілер көздері әрен көретін және көрмейтін адамдарға арналған өздері шығарын түйсіну өнімдерін көрсетті.Іс-шараның аяғында қатысушылар осы стандартты қабылдау және енгізу ерекше қажеттілігі бар адамдардың өмірінің сапасын және жағдайын айтарлықтай жақсартуға болатындығы жайлы ойларымен бөлісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22259?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы баспасөз хабарламасы 11.04.2025
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен (Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 қаңтарда тіркелген № 31713) бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жаңа үлгілік қағидаларына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында 2026 жылдың 30 сәуір мен 29 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karzhy/press/news/details/1203071?lang=kk
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің жаңа тәсілдерінің нәтижелері. 11.04.2025
"Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа Заңды іске асыру кезінде сатып алуды өткізу мерзімдері барынша қысқартылды.Конкурс және аукцион мерзімі 60-тан 10 күнге дейін.29-дан 5 күнге дейін рейтингтік-балдық жүйесі бар конкурс.5-тен 2 күнге дейін баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-goszakup/press/news/details/972091?lang=kk
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ШЫМКЕНТ ПЕН ТАШКЕНТ АРАСЫНА АВТОБУС ҚАТЫНАЙДЫ 11.04.2025
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңнамаға қол қойды. Хаттама автомобиль көлік құралымен жолаушыларды тұрақты, тұрақсыз және транзиттік тасымалдау үшін құқық нормаларын заңдастырады.Ең бастысы Шымкент-Ташкент тұрақты автобус бағдарын ашу, ал келесі жылы екі елдің басқа да ірі қалалары арасында қатынасты реттеу жоспарланған.2000 жылдың басынан бері Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушыларды автобуспен тасымалдау болмаған. Күнделікті екі елдің мемлекеттік шекарасынан 20 мыңнан астам адам өтеді. Автобус бағдарының ашылуы екі елдің сауда-экономикалық қатынастарының дамуына оң серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22236?lang=kk
«ТКШ ҚАЗОРТАЛЫҒЫ» АҚ ГЕРМАНИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН БІРЛЕСІП, ИННОВАЦИЯЛАР ЕНГІЗЕДІ 11.04.2025
«ТКШ Қазорталығы» АҚ Басқармасының төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев неміс тұрғын үй компаниялары мен жылжымайтын мүлік компаниялары федеральдық одағының (GdW) президенті Аксел Гедашкомен және «Шыңыс Еуропадағы тұрғын үй шаруашылығы» (IWO e.V.) бастамасының директоры Кнут Хёллермен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кешенін дамыту мақсатында өзара қарым-қатынас жасау жолдарын талқылады және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.Меморандумға сәйкес, компаниялар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жалпы стратегиясы, тұрғын үй қорын басқару саласындағыҚР заңнамасын, энергияны үнемдеу саласындағы пилоттық жобалардыжетілдіру, энергияны үнемдеу саласындағы пилоттық жобаларды бірлесіп іске асыру, сонымен бірге ТКШ жаңғырту үшін инвестицияларды және гранттарды тарту секілді бірнеше бағыттар бойынша ынтымақтасатын болады.Нұрсұлтан Жиенбаев «ТКШ Қазорталығы» АҚ қызметінің негізгі бағыттарымен неміс әріптестерін ақпараттандырды және Қомпанияның жақын жылдарға арналған стратегиялық мақсаттары туралы айтып өтті.«Өзіміз білетіндей, Германияның, тұрғын үй қорын басқарудағы айқындықты арттыруда, тұрғын үй қорының энергетикалық санациясын жүргізуде, сондай-ақ аталған сала үшін жоғары білікті мамандар даярлауда тәжірибесі мол. Осыны ескере отырып, біз жұмысты ТКШ жаңғырту жөніндегі жалпы стратегияны даярлау, тұрғын ғимараттардың энергия тиімділігі стандарттарын, сондай-ақ ТКШ саласындағы мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеу сияқты бағыттар бойынша бастауды ұсынамыз.», - деп атап көрсетті ол.Қазіргі кезде, компания ТКШ секторына инновацияларды белсенді түрде енгізуде. Жақын арада құрылған Аналитика және инновациялар департаменті озық және тиімді технологияларды одан әрі қолдануды талдайтын болады. Инвестицияларды тарту және МЖӘ департаменті Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру, бюджеттен тыс инвестицияларды және мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту мақсатымен шетелдік компаниялармен және халықаралық қаржылық ұйымдармен жұмыс істейтін болады. Корпоративтік даму және HR департаменті компания қызметінің стратегиялық жетілдіру, жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру және біліктілігі жоғары мамандарды іріктеу бағытында жұмыс істейтін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22229?lang=kk
Білім көпірі: Қазақстан мен Өзбекстан кедендік әкімшілендіру саласында тәжірибе алмасады 11.04.2025
2025 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (ҚР ҚМ МКК ОӘО) мен Өзбекстан Республикасы Экономика және Қаржы министрлігіне қарасты Кеден комитетінің Кеден институты (ӨР ЭҚМ КК КИ) арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде Қазақстан Республикасында «Қазақстандағы кедендік әкімшілендіру» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара гибридті форматта өтті - офлайн және онлайн қатысу. Іс-шараның мақсаты – Қазақстандағы кедендік әкімшілендірудің негізгі аспектілерін, оның ішінде тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру тәртібін, уақытша сақтау қоймаларында сақтау шарттарын, еркін кедендік аймақтардың жұмыс істеуін, сондай-ақ Carnet ATA-ны іс жүзінде қолдануды кешенді зерттеу. Семинарға Өзбекстан Республикасы Кеден институтының курсанттары мен оқытушылары (офлайн), сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер өңірлік органдарының қызметкерлері (онлайн форматта) қатысты. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы Серғазиев Таңатар баяндама жасады. Презентация кедендік реттеудің негізгі аспектілерін қамтыды, оның ішінде:тауарларды белгілі бір кедендік рәсімдерге орналастыру тәртібі;уақытша сақтау қоймаларында сақтау шарттары;еркін кедендік аймақтардың қызметі;Carnet ATA қолданудың практикалық аспектілері. Семинар қатысушыларға сұрақтар қоюға, тәжірибе алмасуға және сарапшылық кеңестер алуға мүмкіндік беретін интерактивті форматта өтті. Мұндай іс-шаралар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы академиялық және кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға, кедендік реттеу саласындағы тәсілдерді біріздендіруге және кеден ісі саласындағы білім беру бағдарламаларын әзірлеуге ықпал етеді. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары және жоғары кәсіби пікірталастары үшін алғыстарын білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/972058?lang=kk
БИЫЛ ЖЕЛТОҚСАНДА «ҮЛКЕН АЛМАТЫ АЙНАЛМА АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫН САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША КОНЦЕССИЯ ШАРТЫН БЕКІТУ ЖОСПАРЛАНУДА 11.04.2025
Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелеріне арналған Үкімет отырысында мәлімдеді.Оның айтуынша, қазіргі уақытта министрлік жетекшілік ететін салалар бойыншамемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы 6 жоба әзірленіп, іске асырылуда.«Үлкен Алматы айналма автомобиль (ҮАААЖ) жолын салу және пайдалану» жобасы бойынша2015 жылдың қаңтарында конкурстық рәсімдер басталды. Бүгінгі таңда тараптар келісімнің барлық негізгі шарттары бойынша өзара келісімге қол жеткізді және келіссөздер аяқталу кезеңінде. Концессия шартын желтоқсан айында бекіту жоспарлануда»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.Шарт жасасуды тездету мақсатында Министрліктің және Консорциум мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Концессиялық комиссияның сарапшылар тобы Консорциуммен, ЕҚДБ, IFC және «KPPF» ЖШС бірлесіп шарт жобасының түпкілікті нұсқасын пысықтауда.Қазіргі уақытта концессия саласындағы қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізілуде. Фото мұрағаттан алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22223?lang=kk
Өткен жылы өңір экономикасында айтарлықтай өсім байқалды 11.04.2025
Ақтөбе облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, өңір экономикасы соңғы жылдары тұрақты өсім көрсетіп келеді. Жалпы ішкі өнімнің шамамен 35%-ын өнеркәсіп саласы қамтамасыз етіп, өңір экономикасының негізгі тірегіне айналып отыр. Бұған қоса, сауда (14,1%), көлік және қоймалау (7,9%), құрылыс (6,5%) және ауыл шаруашылығы (4,4%) да айтарлықтай үлес қосуда.Экономиканы әртараптандыру мақсатында өңдеу өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Бұл салада жыл қорытындысы бойынша өнім көлемінің 10%-ға өсуі қамтамасыз етілді. Осындай нәтижелердің арқасында біздің облыс өңдеу өнеркәсібі бойынша еліміздегі алдыңғы бес өңірдің қатарына енді.Көлік және қоймалау саласында да оң динамика байқалады – көрсетілген қызмет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 59 млрд теңгеге артқан. Бұл логистикалық инфрақұрылымның дамып келе жатқанын білдіреді.Сондай-ақ, облыстың ішкі тауар айналымы 2,2 трлн теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 11%-ға өскен. Бұл өңірдегі кәсіпкерлік белсенділіктің жоғары екенін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-karzhy/press/news/details/972021?lang=kk
ҚАУІПТІ ЖҮК ТАСЫМАЛЫ КЕЗІНДЕ ЗАҢ БҰЗҒАНДАРҒА МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ 11.04.2025
1 қазан – 1 қараша аралығында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қызметкерлері «Абайлаңыз, қауіпті жүк!» акциясын өткізді. Бұл шара жыл сайын өткізіліп тұрады және қауіпті жүк тасымалдайтын автокөлік құралдарына бақылауды күшейтуге бағытталған.Бір ай мерзім ішінде еліміздің территориясында қауіпті жүгі бар 1018 автокөлік құралы тексерілді. Атап айтқанда, жүкті тасымалдау шарттары, қажетті құжаттар, көлік құралының техникалық жағдайы, жүргізушілердің еңбек және тынығу тәртібін ұстануы тексерістен өткізілді.Тексерілген автокөлік құралдарының 415-інде заң бұзушылықтар анықталған. Оларға 22,5 млн. теңге айыппұл салынды. Автожолмен жүріп өту алымы 2,7 млн. теңгені құрады. Заң бұзушылықтардың 377-сін қазақстандық тасымалдаушылар жасаса, 38-ін шет ел тасымалдаушылары жасаған. 2016 жылдың сәйкес кезеңінде өткен акцияда тексерілген 1203 автокөлік құралының 221-нен заң бұзушылық анықталған. Ал, одан бір жыл бұрын 1220 көліктің 169-ында заң бұзушылық болған. Нәтижесінде 2016 жылы жазылған айыппұлдар сомасы 12,1 млн теңгені құраса, ҚР территориясымен автокөлік құралдарының арнайы рұқсаттамасыз артық салмақ параметрлерімен өткені үшін салынатын алым 2,7 млн теңгені құраған (сәйкесінше 2015 жылы – 12,9 млн теңге және 1,9 млн теңге).Айта кету керек, жүк тасымалдау (сақтау, арту, түсіру) кезінде жарылысқа, өртке, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдануына себеп болатын, сонымен қатар, адамдардың, жануарлардың өліміне, жарақат алуына немесе сырқаттануына әкеп соқтыратын, қоршаған ортаға зиян келтіретін кез келген материал немесе қалдықтар қауіпті жүктерге жатады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22188?lang=kk
Қайғырамыз. Есімізде 11.04.2025
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы Мемлекеттік кірістер органдарының ардагері Құнанбай Қапезұлы Успановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қатты қайғырады. Құнанбай Қапезұлы өз ісінің кәсіби маманы болды, Мемлекеттік кірістер органдарын құрудың бастауында тұрды, Павлодар облысының салық қызметін дамытуға елеулі үлес қосты. Құнанбай Қапезұлы өзінің еңбек жолын салық органдарында 1990 жылы бастаған. Аудандық партия комитеті мен халықтық бақылау комитетіндегі жұмыс тәжірибесі Шарбақты ауданы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясын басқаруға мүмкіндік берді. Еңбек қызметі жылдары ол Павлодар қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болды, салық аудиті, жанама салықтар, ірі салық төлеушілердің мониторингі, Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімдерін басқарды. Құнанбай Қапезұлымен жұмыс істеу бақытына ие болғандардың бәрі оны өте мейірімді, жанашыр, әдепті, еңбекқор және адал адам ретінде еске алады. Құнанбай Қапезұлы жоғары кәсіби салық мамандарының бірнеше буынын тәрбиелеген, өз қызметкерлеріне ілтипатты, әрқашан көмек қолын созып, сөзбен ғана емес, іспен де қолдау көрсетті, оның дана кеңестеріне баға жетпес. Құнанбай Қапезұлы керемет отбасы адамы, қамқор әке және сүйікті ата болды. Департамент ұжымы Құнанбай Қапезұлының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Жарқын жады біздің жүрегімізде, ал оның есімі салық қызметінің тарихында мәңгі сақталады. Павлодар облысы бойыншамемлекеттік кірістер Департаментінің ұжымыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/971990?lang=kk
«Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілігі» 11.04.2025
ШҚО ББ «Шығыс Қазақстан облысының білім беруді ақпараттандыру және дамытудың өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы «Өркен» КММ-де кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі тақырыбына арналған ерекше сабақ өтті. Бұл шара орталық педагогтары мен ШҚО ПД ҚПБ аға жедел уәкілі Карпова Татьяна Владимировнаның күш біріктіруімен жаңа форматта ұйымдастырылды.Сабақ оқушыларды қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің құқықтық негіздерімен таныстырып қана қоймай, ойланбаған әрекеттердің ауыр зардаптарын түсінуге көмектесетін нақты өмірлік мысалдарды көрсету мақсатында ұйымдастырылды.Татьяна Владимировна Қазақстанда қылмыстық жауапкершілік қандай жастан басталатыны (16 жастан, ал ауыр қылмыстар үшін — 14 жастан), кәмелетке толмағандарға қандай шаралар қолданылатыны және заңның жас құқық бұзушыларды жазалаумен қатар қайта тәрбиелеуге де ұмтылатыны туралы өз кәсіби тәжірибесімен бөлісті.«Өркен» орталығының ұйымдастырушылары мұндай формат — теориялық база мен сарапшының практикалық білімін біріктіру — жастардың құқықтық мәдениеті мен өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті. Сабақ жалпы қорытындымен аяқталды: заңды білу және зардаптарды түсіну — бұл жай ғана мектеп пәні емес, маңызды өмірлік дағды.Бұл шара қазіргі заманғы білім берудің тек ақпараттық қана емес, сонымен қатар шабыттандырушы да бола алатынының жарқын үлгісі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/971989?lang=kk
🔰Геологтар күніне арналған студенттермен еркін форматтағы кездесу өтті 11.04.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осыған орай, бүгін Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде кәсіби мереке - Геологтар күніне арналған студенттермен еркін форматтағы кездесу өтті.Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Момынқұлұлы Молдашев, геология саласының мамандары: Тугелбаева Рахима Абдуваханқызы, Дәріқұл Әкімжан Қанышжанұлы, Рамазанов Мухтар Ганиевич және Тараз қаласы бойынша Мансап орталық филиалы директорының орынбасары Кембаев Ерғали Асамбайұлы мен облыс әкімдігінің білім басқармасының өкілдері қатысты.Кездесуде Бауыржан Момынқұлұлы сөз алып, сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады. Геология саласының мамандары студенттермен өздерінің білімі мен тәжірибесімен бөлісіп, саладағы өзекті мәселер мен мүмкіндіктер туралы ой өрбітті.Іс-шара соңында геология саласының тәжірибелі мамандарына құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар мен гүл шоқтары табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/971980?lang=kk
2017 ЖЫЛҒЫ 28 СӘУІРІНДЕ АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАРЫЛЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ЖОСПАРЛЫ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ 11.04.2025
Жарылыс істері жөніндегі кеңесті құру, оның ережесі мен құрамы Комитеттің 2015 жылғы 22 шілдедегі № 67 бұйрығымен бекітілген. Аталған Кеңес консультативтік-кеңесші орган болып табылады.Кеңестің күн тәртібі мынадай өзекті мәселелерді қарастыруды көздеді:1. Қызметі өнеркәсіптік мақсаттағы жарылыс материалдары айналымымен байланысты ұйымдардың өзекті мәселелері;2. Өнеркәсіп деңгейінде ЖМ электронды есеп жүйесін енгізу және ЖМ маркалау саласында өнеркәсіп кәсіпорындарында жүргізілетін жұмыс туралы талдау;3. Комитет жанындағы жарылыс ісі жөнінде Кеңестің қызметі бойынша мәселелер, оның құрамына қосымшалар мен өзгерістер енгізу.Сондай-ақ, Жарылыс істері жөніндегі Кеңес отырысының жұмысына Инвестициялар және даму министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Террорға қарсы орталықтың, жару жұмыстарын жүргізуші тау-кен өндіруші кәсіпорындардың, елдің мамандандырылған салалық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының, ЖМ дайындаушы елдердің өкілдері қатысты.Жарылыс істері жөніндегі кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді қарастыру және талқылау қорытындысы бойынша оның мүшелері жару жұмыстарын жүргізетін және жарылғыш материалдармен жұмыс істейтін қауіпті өндірістік нысандарындағы апаттар мен өндірістік жарақаттануды азайтуға бағытталған бірлескен шешіммен қабылданған хаттамаға қол қойды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22118?lang=kk
Аудан әкімі Р.Т.Құрмамбаевтың төрағалығымен «Бұқтырма цемент компаниясы» (БЦК) ЖШС ғимаратында жұмыстан босатылған жұмысшыларды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өткен штаб отырысына мәслихат депутаттары Л.А.Гречушникова мен Б.Б.Бекбусинов қатысты. 11.04.2025
Аудан әкімі Р.Т.Құрмамбаевтың төрағалығымен «Бұқтырма цемент компаниясы» (БЦК) ЖШС ғимаратында жұмыстан босатылған жұмысшыларды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өткен штаб отырысына мәслихат депутаттары Л.А.Гречушникова мен Б.Б.Бекбусинов қатысты. Барлық жұмыстан босатылған қызметкерлер үшін Отбасылық карталар құрастырылды, ЦКБ-да жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қорғау және жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізу үшін штаб дайындалды, аудандағы бос жұмыс орындары, оның ішінде Электрондық еңбек биржасынан жұмысшыларға ұсынылатынына талдау жасалды. Жеке әңгіме өткізіліп, оның барысында халықтың жұмыспен қамту саласындағы құқықтары, оның ішінде жұмысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлемдерді алу, кеңес беру және әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, еңбек делдалдығы және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу туралы түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/971938?lang=kk
ҚР ИДМ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ АЛИК АЙДАРБАЕВ ICDA МҮШЕЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІНЕ ҚАТЫСТЫ 11.04.2025
Астанада ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаевтың қатысуымен Хром кен орнын игеру халықаралық қауымдастық мүшелерінің кездесуі өтті (ICDA).Өз сөзінде «Қазхром» ТҰК» АҚ-тың және тұтастай алғанда ERG-дың Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын және Мемлекет басшысының индустрия 4.0 элементтерін енгізе отырып үшінші жаңғыру жөніндегі жолдауын іске асыруда белсенді атсалысып келе жатқанын атап өтті.А. Айдарбаев халық санының артуы мен жаңа көлік түрлерінің дамуы баламалы энергетиканың жалпыәлемдік болат өнімінің артуына әкелетінін айтып, бұл өз кезегінде ферроқорыту өндірісін және тиісті шикізат базасын дамытуды талап ететініне тоқталды. Осыған орай, ICDA қызметі өзекті және сұранысқа ие болмақ.Бірінші вице-министр «Қазхром» ТҰК» АҚ-тың ферроқорыту өндірісін дамыту және жаңа қуатты іске қосуда Қарағанды облысында салынып жатқан кешенді қорытпалар зауытының үзіліссіз жұмыс істеп жатқанын атап өтті.Сондай-ақ, жиында Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық қайта қаруландыру жөніндегі кешенді шараларды әзірлеу бойынша, Үкімет төртінші өнеркәсіптік төңкерістің элементтерін енгізу жұмыстарын іске асырып жатқаны айтылды.Әлемдік хром өнеркәсібінде Қазақстанның алатын орны ерекше және хром кенін өндіру бойынша екінші және феррохром өндірісі бойынша үшінші орындарға ие. Бұдан басқа хром кенін және феррохромды экспорттаудың көлемі бойынша Оңтүстік Африкадан кейін екінші орында.ICDA(Хром кен орнын игеру бойынша халықаралық қауымдастық) қатысушыларының жиналысы өнеркәсіптік экожүйесінің (өндіру, өңдеу, тұтыну, сату және қызмет керсету) барлық салалары ішіндегі жоғары деңгейдегі әлемдік хром өнеркәсібінің кәсібилерінің кездесуі болып табылады.Оған 150 делегат қатысты, олар өнеркәсіптің негізгі мәселелерін талқылады және соңғы макро экономикалық тенденцияларды талдады. Нарықтың жаңа қозғалысты күші сонымен қатар хром өнеркәсібі бойынша басқа да соңғы мәліметтері сарапталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/25600?lang=kk
КӨКТЕМНІҢ ҮЗДІК СТАРТАП ЖОБАЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ 11.04.2025
27-ші сәуір күні Алматы қаласындағы «Тұран» университетінде стартап жобалардың көктемгі сайысы өтті. Іс-шара стартап жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған 3 байқауды біріктірді: «Startup Day», «TG Cup» және «Microsoft Imagine Cup».Іс-шараны ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Almaty Tech Garden ұйымдастырды. Microsoft Kazakhstan және «Тұран» университеті шараның әріптестері ретінде қатысты.«Startup Day» инновациялық жобалар байқауының нәтижесі бойынша 4 үздік жоба анықталды:«OrionМ2М»: Деректерді қашықтан жинау мен табыстауға арналған шешім (LPWAN желісі) - 1 000 000 теңге;Резонанстық маятникті жел қозғалтқышын әзірлеу: жел әсерінен конструкция ішінде резонанс туғызатын инженерлік шешім - 500 000 теңге;Шыны болат негізіндегі электрөткізуші текстиль: шынымата негізінде көміртек нанотүтікшелермен қапталған электрөткізуші текстильді жасау технологиясы - 250 000 теңге; «LinguaHub»: тіл үйрену курстарын іздеу мен тіркелуге арналған онлайн плтаформа - 250 000 теңге.TG CUP хакатонының нәтижесінде, қазақстандық Starttime.kz краудфандинг компаниясының маселесін шешу жолын ұсынған «Bizmo»жобасы марапатталды (құжаттарды цифрлық жолмен тексеру мүмкіндігі бар, келісімшарттарды тапсыруға арналған веб-сервисті құру). Қазіргі уақытта серіктестік орнату мәселесі қарастырылып жатыр.Студенттер арасындағы технологиялық «Microsoft Imagine Cup» байқауының жеңімпазы «Ontime» жобасы болды: ұйқыға, жұмысқа, спортқа, әлеуметтік желілерге жұмсалған уақытты тіркейтін мобильді қосымша. Жобаны әзірлеген топ мүшелері Қазақстан атынан Киев қаласында өтетін өңірлік финалға қатысады. Өңірлік финалдың жеңімпазы АҚШ-та өтетін, жүлде қоры 100 000 долларды құрайтын жаһандық финалға қатысу мүмкіндігіне ие болады.Барлық байқаулардың нәтижесінде Almaty Tech Garden акселерациялық бағдарламасына келесі 8 жобалар өтті: «Novus Capital», «Mineral», Фролов Кирилл (TG CUP хакатонының қатысушысы), «Programmator», «Шыны болат негізіндегі электрөткізуші текстиль», «Маятникті жел қозғалтқышты әзірлеу», «OkAuto» және «Ontime». «Тұран» университетінің фирмалық жүлделеріне ие болған жобалар келесідегідей: «Novus Capital», «Mineral», «Programmator», «Ontime», «Mbionics», «bee», «Маятникті жел қозғалтқышты әзірлеу», «OkAuto», «Orion M2M». Анықтамалық ақпарат:Қазақстан Республикасы Үкіметімен құрылған «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры (Almaty Tech Garden брендімен жұмыс атқарады) өз қызметін "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Заңына сәйкес жүргізеді. Қазақстан Республикасының Президенті "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің Қамқорлық кеңесінің төрағасы болып табылады. «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады.«ИТП» ДКҚ бейкоммерциялық ұйымы "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының басқару мекемесі болып табылады. «ИТП» ДКҚ-ның әрекеті инновацияға деген сұранымды нығайту мен ынталандыруға, ғылыми зерттемелерді және стартаптарды инкубациялауға, сонымен қатар, жоғары технологиялы компаниялардың дамуына инвестиция тартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22093?lang=kk
Сьерра-Леоне Республикасының СІМ басшысы Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді 11.04.2025
Астана, 2025 жылғы 8 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға алғашқы ресми сапармен келген Сьерра-Леоне Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Тимоти Муса Каббамен кездесті.Сұхбат барысында министрлер саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша бірқатар маңызды мәселелерді талқылап, екіжақты байланыстарды нығайтуға ерекше көңіл бөлді.Осы орайда тараптар шарттық-құқықтық базаны жетілдіру және түрлі деңгейлерде сапарлармен алмасу тәжірибесін дамыту бойынша күш-жігер жұмсауға дайын екенін білдірді.«Географиялық қашықтыққа қарамастан біз сенім мен теңдікке негізделген ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытудамыз. Сауда, көлік және логистика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да маңызды салаларда жемісті ынтымақтастыққа зор әлеует бар», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.Қазақстанның әлемдегі ең ірі он астық өндіруші елдің бірі және Транскаспий халықаралық көлік бағытын пайдаланып, астық, дәнді және майлы дақылдар, жоғары сапалы ет және органикалық өнімдерді Африка елдеріне жеткізуге мүдделі екені аталып өтті.Сонымен қатар министрлер ақпараттық технологиялар және цифрландыру саласындағы, оның ішінде Орталық Азиядағы ең ірі IT стартап-парк «Astana Hub» базасындағы ынтымақтастықты талқылады. Өткен жылы осы салада меморандумға қол қойылып, Қазақстан «KazAID» агенттігі арқылы Сьерра-Леонемен e-Gov компоненттік элементтерімен бөлісті.Қазақстан СІМ басшысы өз әріптесіне Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясына қолдау көрсеткені және тең авторы болғаны үшін алғысын білдірді. Ол Астананың тұрақты даму саласында әрі қарай ынтымақтастыққа және халықаралық бастамалар шеңберінде белсенді серікттестікке дайын екенін атап өтті.Министрлер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты және түрлі деңгейлерде күш-жігерді үйлестіруді жалғастыруға келісті.Келіссөздердің қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Сьерра-Леоне Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Жол картасына қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/971930?lang=kk
Өткен жылы өңір экономикасында айтарлықтай өсім байқалды. 11.04.2025
Өткен жылы өңір экономикасында айтарлықтай өсім байқалды.Ақтөбе облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, өңір экономикасы соңғы жылдары тұрақты өсім көрсетіп келеді. Жалпы ішкі өнімнің шамамен 35%-ын өнеркәсіп саласы қамтамасыз етіп, өңір экономикасының негізгі тірегіне айналып отыр. Бұған қоса, сауда (14,1%), көлік және қоймалау (7,9%), құрылыс (6,5%) және ауыл шаруашылығы (4,4%) да айтарлықтай үлес қосуда.Экономиканы әртараптандыру мақсатында өңдеу өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Бұл салада жыл қорытындысы бойынша өнім көлемінің 10%-ға өсуі қамтамасыз етілді. Осындай нәтижелердің арқасында біздің облыс өңдеу өнеркәсібі бойынша еліміздегі алдыңғы бес өңірдің қатарына енді.Көлік және қоймалау саласында да оң динамика байқалады – көрсетілген қызмет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 59 млрд теңгеге артқан. Бұл логистикалық инфрақұрылымның дамып келе жатқанын білдіреді.Сондай-ақ, облыстың ішкі тауар айналымы 2,2 трлн теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 11%-ға өскен. Бұл өңірдегі кәсіпкерлік белсенділіктің жоғары екенін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/971914?lang=kk
Зияткерлік меншік объектілерінің құқық иеленушілері үшін өзгерістер 11.04.2025
Зияткерлік меншік объектілерінің құқық иеленушілері үшін өзгерістер Маңғыстау бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу бойынша мемлекеттік қызметті «Keden» ақпараттық жүйелеріне іске қосу: зияткерлік меншік объектілерінің құқық иеленушілері және құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғалар үшін өзгерістер туралы хабарлайды.«Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде кеден саласындағы мемлекеттік қызметті көрсету, атап айтқанда зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізіледі.2025 жылғы 14 сәуірден бастап аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.Ағымдағы жылдың 11 сәуірде сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/46130 – зияткерлік меншік объектілері үшін.Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:+7 7172 73 55 19+7 705 956 53 89e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/971868?lang=kk