Enbekshi QazaQ

Қоғам

Алматыда №77 автобустар бағыты қайта жаңғырды 10.04.2025
Жеке тасымалдаушы бұл бағытты рентабельсіз деп жауып тастаған еді. Алайда, қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Жетісу ауданы тұрғындары үшін бұл бағытты қайта жаңғыртты, енді көлік «Алматы-1» теміржолвоказлынан Осипенко – Жансүгіров көшелерін,Рысқұлов дағылын, Кудерин – Розыбакиев көшелері мен Әл – Фараби даңғылын қамтитын болады, соңғы аялдама «Арман» автобекеті.Бұл бағытқа қызмет көрсету үшін «Алматыэлектротранс» ЖШС «Евро-5» экологиялық сыныптағы төмен еденді 16 жаңа автобустарды бөлген, бұлардың барлығы кондиционерлермен,пандустармен, видеобақылау камераларымен жабдықталған.Қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов айтып өткендей, бұл бағыттағы жолаушы легі тәулігіне 10 мың адам.«Жалпы, «ОҢАЙ» картасы бойынша күніне миллионға жуық транзакцияға қол жетуде, өсім 50 мың, транзакция бағыттарды көбейту және жылжымалы составты жаңарту жұмыстарының және басқа да көлік реформасы элементтерін атқару барысында қоғамдық көлікті пайдаланушылар қатарының өскенін көрсетті», - деді М.Исахов.Естеріңізге салсақ, қазан айының соңында Алатау ауданының тұрғындарын тасымалдайтын 20 жаңа автобус №103 бағыты бойынша жолға шыққан еді.Бұлардың соңын ала «Green bus company» ЖШС 50 автобус алған болатын, жеке тасымалдаушы «Авто Алма Транс»ЖШС №65 бағыты бойынша жаңа автобустарды шығарды.Биылғы жылы Алматыда 388 автобус алуға қаржы бөлінген болатын, олардың 132 – і бағыттар бойынша қызмет көрсетуде, қалған 256 –ы жыл аяғына дейін жолға шығады.Жеке тасымалдаушылар 254 автобус алуда, олардың 79-ы бағыттар бойынша жүр, жыл аяғына дейін тағы 63 автобус жолға шығады, қалған 112 көлік 2018 жылдың наурыз айныда қызмет көрсетуді бастайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13886?lang=kk
2016 ЖЫЛЫ 80 МЫҢНАН АСТАМ ОТАНДЫҚ АВТОТАСЫМАЛДАУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАСЫМАЛ ЖАСАДЫ 10.04.2025
2016 жылы ҚР ИДМ Көлік комитеті 42 мемлекеттің уәкілетті органдарымен халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыруға 146 010 шетел рұқсат бланкілерімен айырбас жүргізілді, оның ішінде: 119 280 әмбебап бланкісі, 26 730 үшінші елге немесе елден тасымалдау бланкісі.Нәтижесінде, өткен жылы отандық тасымалдаушыларға 97 мыңнан аса шетел рұқсат бланкілері берілді. Оның 80 476 -ы пайдаланылған, бұл бұрын берілген рұқсаттардың 83% құрайды.Отандық тасымалдаушыларға шетілдік рұқсат бланкілерін беру бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылған және электрондық жүйені қолдану арқылы көрсетіледі (www.elicense.kz электронды үкімет порталында).Аталған жүйеде шетелдік рұқсат бланкілерін тарату тасымалдаушының жылжымалы құрамының саны, бұрын алынған бланкілердің кері қайтарылуы және аумақтық органдарда қалған бланкілер есепке алына отырып жүзеге асырылады.2017 жылғы 27 қаңтардағы жағдай бойынша Комитет 39 мемлекеттің уәкілетті органдарынан 102 095 рұқсат бланкілерін алды оның ішінде: 79 635 әмбебап бланкісі, 22 460 үшінші елге немесе елден тасымалдау бланкісі.Бүгінгі күні алынған шетел рұқсат бланкілері Комитеттің аумақтық көліктік бақылау инспекциялары арқылы таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13885?lang=kk
Алматыда «Нұрсұлтан Назарбаев: Дәуір, Тұлға, Қоғам» атты көрме ашылды 10.04.2025
«Алматыда Тұңғыш Президент күні қарсаңында аса маңызды мұндай шараны өткізу қала тұрғындары үшін үлкен құрмет. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, оның орасан жетістіктері Нұрсұлтан Әбішұлының атымен тығыз байланысты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - біздің заманауи мемлекетіміздің іргесінтасын қалаушы. Елбасының басшылығымен жүріп жатқан ауқымды экономикалық, саяси, және рухани жаңғыру Қазақстаннның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуін қамтамасыз етеді. Елбасының тұрақты қолдауы арқасында Алматы ел экономикасының бестен бір бөлігін беретін Орта Азиядағы ірі мегаполис ретінде даму үстінде. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлға ретінде құбылысы, яғни феномені зор тарихи шешімдерді қабылдауынан көрінеді, олар: Тәуелсіздікті жариялау, Конституцияны қабылдау, астананы көшіру және көптеген басқалары», - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.Орталық мемлекеттік мұражайда Мемлекет басшысының жеке архивінің, жеке кітапханасының және музейінің материалдары мен түрлі жәдігерлері қойылған. Көрме барысында экскурсиялар,конференциялар, шеберлік сыныптары, семинарлар мен концерттер өтеді.«Бұл көрмеге барынша құнды экспонаттар мен өнер туындылары, Тәуелсідік жылдары Президентіміз қол қойған маңызды құжаттардың түпнұсқасы, Тәуелсіздіктің тарихи кезеңдерін қамтыған фотоматериалдар қойылған. Сонымен қатар, Президентімізді ұлықтаған 50 шетелдік мемлекеттің жоғары марапттарын көруге болады. Қолтаңба қойылған бағалы әрі сирек кездесетін кітаптар да осында. Біз көрмені 2018 жылдың 15 қаңтарына дейін ұзартуды қарастырудамыз, оған кемдегенде 50 мың алматылық келеді деген үміттеміз»,- деп атап өтті Президенттің жеке кітапханасы директорының міндетін атқарушы, Президент Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбеков.Көрме 4 бөлімнен тұрады:«Көшбасшы жолы» бөлімі ҚР Президентінің өмірбаянын,«Көшбасшы феномені» бөлімі мемлекеттің құрылыстың қалыптасу және даму концепциясын, «Президент наградалары – халық құрметі» бөлімі жоғары мемлекеттік наградаларды, «Әлем таныған көшбасшы» - ҚР сыртқы саясатын қамтиды.Айта кетерлігі, көрме 2018 жылдың 14 қаңтарына дейін жалғасады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13877?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ТҰК-ДАН ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ 10.04.2025
Қазақстан тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеу үшін ең алдымен, трансұлттық компанияларды тартуы қажет. Бұл туралы Президент Н.Назарбаевтың 2017 жылы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған.Мемлекет басшысы Қазақстанда өндірістер ашу жөніндегі Қытаймен бірлескен инвестициялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру керектігін атап өтті.  Қазір 6 жоба жүзеге асырыла бастады, ал 2 жоба іске қосылды.-деді Президент. Соның бірі – гибридтік және толықтай электрлі JAC автомобильдерін ірі құрылғылардан құрастыратын зауыт.Н.Назарбаев қажетті инфрақұрылым қалыптастыру жайын ескеріп, экспортқа бағдарланған электромобиль өндірісін одан әрі дамыту мәселесін пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ, биылғы 1 қыркүйекке дейін Үкіметке әкімдермен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, Бірыңғай экспорт стратегиясын әзірлеуді жүктеді. Бұдан бөлек, Үкімет жанынан Экспорт саясаты жөніндегі кеңес құруды тапсырды. Оған бизнес қоғамдастығының өкілдері кіруге тиіс.Президент Үкімет алдында қазірдің өзінде 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндеті тұрғанын айтты. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомствоға шоғырландыру қажет. Экспорттаушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша өңірлерде де қолдау көрсету керек - деді Мемлекет басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13876?lang=kk
Алматыдағы Наурызбай ауданының 30 мыңнан астам тұрғыны сумен қамтудың жаңа желілеріне қосылу мүмкіндігіне ие болды 10.04.2025
«Әр үйге таза суық су жаңа құбырлар арқылы берілуде. Үй иелері орталықтандырылған су желісін пайдалану үшін су бөлгішке қосылуы және«Алматы су» МКК- мен тиісті келісім жасаулары қажет»-, деді Алматы қаласының Энергетика жәнк коммуналды шаруашылық басқармасындағылар.Бұған дейін аталған елді мекендердің тұрғындары техникалық талаптар сақталмаған жеке су скважиналарын және қолдан жасалған су желілерін пайдаланып келген еді. Соның салдарынан апаттар жиі болатын, ал жаз айларында суды көп тұтынатындықтан қысым төмендеп кететін.Келеңсіз жайттардың алдын алу және суық сумен тұрғындарды тұрақты қамтамасыз ету үшін жаңа желілерде насосты станциялардың қуаты арттырылды.Орталық су желісіне қосылу «Қалқаман-3» ықшам ауданынан басталды, қазіргі кезде мұнда 560 жеке үй таза суық суды пайдалануда. Ендігі кезекте «Алты Алаш», «Қалқаман-2» ықшам аудандары.«Алматы су» МКК 4 мыңға жуық үй иелерінің орталықтанған су желісіне қосылу үшін құжаттар тапсырғанын айтты.Бір ай ішінде барлық тұтынушылардың құжаттары толтырылады және олар жаңа желіге қосылады.Мемлекеттік бюджет есебінен 209 км жаңа су желілерінің және кәріздің құбырлары жүргізілді, соның арқасында елді мекендерді орталықтанған сумен қамтамасыз ету жүзеге асып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13875?lang=kk
Алматыда 2022 жылға дейін инвестиция тартудың Стратегиясы жасалды 10.04.2025
Инвестиция тарту саласындағы атқарылған бірқатар жұмыстарды қорытындылай келіп, қала әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев биылғы жылдың 9 айы ішінде инвестицияның 13%-ға өсіп, 400 млрд. теңгені құрағанын, сыртқы инвестицияның 23,5%-ға артқанын, жеке инвестициялар үлесінің 78%-ға жетіп, 17%-ға ұлғайғанын айтты.«Бизнесті дамытудың басты шарты - тұрақты инфрақұрылымды қалыптастыру. Осы орайда Алматыда Индустриалды аймақ жұмыс істейді, мұнда өңдеуші өндіріс орындары жеңілдетілген дайын инфрақұрылымдарды пайдалана алады. Жоғары технологиялы компаниялар үшін «Инновациялық технология паркінің арнайы экономикалық аймғаы бар, мұнда резиденттерге кедендік және салықтық жеңілдіктер беріледі. Алматыда ШОБ-ке жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша мыңдаған жобалар қолдау табуда. Индустриаландыру Картасына 12 мың жұмыс орнын ашатын 100 жоба енген. Сонымен қатар қаланың инвестициялық тартымдылығын жақсартатын стратегия да жасалды», - деп атап өтті А.Мәдиев.Жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша үш салаға инвестиция тарту тартымды екені анықталды, олар - туризм, сауда, тамақ өнеркәсібі. Инвестиция мәселесін шешуде нарық ауқымы, жұмыс күші, қауіпсіздік пен ашықтық басты факторлар болып табылады.Инвестиция тартудың Стратегиясы төрт бағытты қамтиды, олар: «Институционалды ортаның сапасын арттыру», «Бизнес- инфрақұрылымның сапасын арттыру», «Имидждік жылжу және ақпараттық қолдау» және «Активті жобалы таргеттеу жолымен негізгі салаларға инвестиция тарту».«Алматы қаласында жақсы инвестициялық ахуалды қалыптастыру және инвесторлармен, бизнесмендермен ашық әрі жақсы қарым- қатынас орнату- барынша маңызды. Олардың әрқайсысы өздерінің штаб- пәтерлерінің елшісі ретінде әлемдегі серіктестері туралы жинақтаған тәжірибелерін ортаға салады. Біз кез- келген бастамаға қолдау көрсетеміз, ұтымды шешімдер қабылдау үшін түрлі кездесулерді, диалогты құптаймыз», - деді Қазақстанның Европалық Бизнес Ассоциациясының атқарушы директоры Юлия Кусиди.Жиын қорытыныдысы бойынша Кеңес мүшелері айтқан ұсыныстар мен, толықтырулар енгізілген Алматыға 2020 жылға дейін инвестиция тартудың Стратегиясы бекітілді.Еске салсақ, Кеңсетің құрамына Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік компаниялар ассоциацияларының, консалтингтік және заң компанияларының өкілдері, ірі шетелдік және қазақстандық кәсіпкерлер енген. Олардың қатарында Каспий өңірі бойынша «Deloitte» компаниясының басқарушы серкітесі Марк Смит, Қазақатандағы Азия Даму банкі өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли, «Astana Group» холдингінің директоры Нұрлан Смағұлов және басқалары бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13873?lang=kk
ҚР ИДМ «ЖЕР ҚОЙНАУЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ» КОДЕКС ЖОБАСЫ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТКІЗДІ 10.04.2025
Қоғамдық маңызы бар мәселеге қатысты азаматтық қоғамның пікірін білу мақсатында Астанада алғаш рет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодекс жобасын талқылау жөніндегі қоғамдық тыңдау өтті.Аталмыш шараға ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов, ҚР ИДМ Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Александр Андрющенко, сонымен қатар, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік салалардың, бизнес және жер қойнауын пайдаланушылардың өкілдері қатысты. Қоғамдық тыңдау барысында ҚР ИДМ Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Руслан Баймишев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасының қатты пайдалы қазбалар бөліміне қатысты негізгі ережелерін түсіндірді. ҚР ИДМ Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары Сәкен Шәкіров «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасының көмірсутекті шикізат бөліміне қатысты негізгі ережелер туралы айтып берді.Сонымен қатар, ҚР ИДМ Қоғамдық кеңесінің геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі комиссия төрағасы Төлеу Шеңгелбаев пен «OlympexAdvisers» ЖШС-нің басқарушы серіктесі, Кодекс жобасын әзірлеуге қатысушы Дияр Ергешев баяндама жасады.Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша, Қоғамдық кеңес комиссиясының хатшысы екі күннің ішінде баяндамалардың мазмұнына сәйкес Хаттама әзірлейтін болады. Онда Кодекс жобасы бойынша айтылған пікірлер мен ұсынымдар хатталады және ол Хаттама ҚР ИДМ-нің ресми сайты мен БАҚ-та жарияланатын болады. Кодекс жобасы бойынша қабылданған ұсынымдарды мемлекеттік органдар, ұйымдар, ҮЕҰ және тағы басқалар қарайтын болады.  Айта кету керек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылдың 31 қаңтары күнгі «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа Кодекстің қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырған болатын.Жаңа Кодекс жобасы келесідей тұжырымдамалық өзгерістерді көздейді:– «Бірінші келдің – бірінші алдың» қағидаты бойынша лицензиялық тәртіп енгізу жолымен Австриялық моделге ұқсас жер қойнауын пайдалану құқығын жеңілдету;– Қорды бағалаудың халықаралық тәртібіне көшу;–  геологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділік жасау мен оны сандық форматқа ауыстыру;– кең таралған пайдалы қазбалардың тізімін қайта қарау;– елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кеніштерді жабу кезінде  кен орындарын жою жөніндегі ережені күшейту;–  Жер қойнауын пайдалану мен басқа да күшіндегі келісім-шарттар үшін тұрақтылық кепілдіктері қарастырылған.«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодекс жобасының толық мәтіні ҚР ИДМ-нің www.mid.gov.kz. ресми интернет-ресурсында жарияланған.  ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Баспасөз қызметіБайланыс тел: 8/7172/ 754284, 754272, 754202www.mid.gov.kz, https://www.facebook.com/mid.gov,e-mail: 241704@bk.ru,  https://www.instagram.com/mid.gov.kz/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13872?lang=kk
Алматы әкімі Қазақстандағы Франция Елшісімен кездесті 10.04.2025
Мегаполис әкімі биылғы жылдың 9 айы ішінде Алматы мен Франция арасындағы тауар айналымы 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36,4%-ға артып, 191 млн. АҚШ долларын құрағанын айтты. Қалада француз капиталымен 60 кәсіпорын жұмыс істейді.Француз тарапына «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін инвесторларға қызмет көрсету Орталығы, Индустриалды аймақ және шетелдік компанияларға преференциялар мен жеңілдіктер ұсынатын «ИТП» АЭА аймағы көптеген оңтайлы мүмкіндіктер жасауда.Өз кезегінде Филипп Мартинэ француз компаниялары «Смарт сити» жобасы мен көліктік реформаларға қатыса алатынын айтты.Кездесу барысында Француз Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Алматыдағы білім саласына және бірқатар мәдени шараларға қатысты жобаларды жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13870?lang=kk
Алматы әкімі бөктерлі жерлердің ылдилы учаскелерін нығайту және қаланың арық желілерін қайта жасау жұмыстарының барысын тексерді 10.04.2025
Алматы әкімі жұмыс сапары барысында ГЭС1-БАО автожолындағы қауіпті аймақтағы салынып жатқан қорғаныс нысанының құрылысымен және ылдилы учаскелерді нығайту жұмыстарының барысымен танысты.Учаскеде бірқатар жер үсті жұмыстары аяқталған, габионды конструкциялар мен тірек қабырғасы орнатылған.Бөктерлі жерлерді инженерлік қорғау барысында анкерлерге габионды торлар қойылған. Габионнан жасалған конструкциялар интенсивті су және жел эрозиясы кезінде өзінің бастапқы қалпын еш өзгертпейді. Габиондар ұзақ мерзімді, нысан топырақпан толтырылады, тапталады, содан кейін ландшафтың табиғи элементіне айналады. Бүгінгі күні құрылыс мердігері «Saffat Building Group» ЖШС жұмыстың 98%-ын атқарған, объектіні іске қосу 20 қарашаға жоспарланған. Келер жылдың көктемінен бастап учаскені жасылдандыру жұмыстары қолға алынады. Қарашаның соңына дейін Медеу мен Шымбұлаққа баратын жолдың тау бөкетерлері нығайтылатын болады.Жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек «Бағанашыл» ықшам ауданындағы жұмысты да тексерді. Жобалаушылар топырақтың құрамы мен сейсмикалық жағдайын ескере отырып, тірек қабырағсын жасаған. Қауіпті учаскенің жалпы ұзындығы 200 метр. Қазіргі кезде мұнда барлық жұмыстың 70%-ы орындалған, сайлы жерлерді кесу және топырақты сыртқа шығару жұмыстары жүруде.«Технологиялық күрделі жоба. Учаскеде 40 маман, 20-дан астам техника бірлігі жұмыс істеуде. Жұмыс екі кезеңде, яғни тәулік бойына жүруде. Негізгі жұмыстардың барлығы қарашаның соңында бітеді», - деді мердігерлік ұйымның директоры Валерий Соломкой.Алматы әкіміне «Кіші Алматы» өзені арнасының бойындағы Таиров көшесінің ұзындығы 470 метр болатын ылдилы жерінің габионды тормен нығайтылғаны айтылды.«Тұрғындардан қауіпті аймақ туралы 2013 жылдан бері шағым түсіп келген еді. Ылдилы учаскеде 150 үй бар. Қазір нығайту жұмыстары толық бітті, 2-3 күннің ішінде абаттандыру жұмыстарын да аяқтаймыз», -деді «Арыс ЛТД» ЖШС мердігерлік ұйымының бас директоры Қуат Тажмағамбетов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13867?lang=kk
«ДАМУ» БПҰ МҮШЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ МЕН ЕЛ КОНСТИТУЦИЯСЫНА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ 10.04.2025
6 ақпанда «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» аумақтық филиалының «Даму» БПҰ жиналысы болып өтті. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы, «Даму» БПҰ төрағасы З.С.Сағыновтың төрағалығымен өткен іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева, сонымен қатар, шақырылған қонақтар – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері қатысты.Өз сөзінде З.Балиева Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы айтты. Сондай-ақ ол, аталмыш өзгертуге байланысты еліміздің әр азаматының талқылауға қатысуы маңызды екенін атап өтті. Зағипа Яхияқызы ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыруда Инвестициялар және даму министрлігінің рөлі маңызды екеніне айрықша тоқталып, Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруда еңбектің табысты болуын тіледі.Содай-ақ, жиналыс барысында БПҰ мүшесі, Транзит және көлік логистикасын дамыту департаментінің директоры Серік Бәшімов өз баяндамасында Қазақстан Республикасының территориясы бойынша транзиттік жүк тасымалдаудың қызметі туралы партияластарын хабардар етті. Ал, жастардың атынан сөз алған Стратегиялық жоспарлау департаментінің басқарма басшысы Данияр Қалимолдаев Мемлекет басшысының бағытын ұстанып, Жолдауды жүзеге асыруға бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.Аталмыш жиналысқа БПҰ-ның үш жүзден астам мүшесі қатысты.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13857?lang=kk
ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК: «ИНДУСТРИЯ 4.0» НЕГІЗІНДЕ БІРТІНДЕП ӨНЕРКӘСІПТІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ КЕШЕНДІ ШАРАСЫ МЕН ТИІСТІ ТҰЖЫРЫМДАМА ӘЗІРЛЕНЕТІН БОЛАДЫ 10.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook желісіндегі парақшасында «Индустрия 4.0» технологиялары негізінде біртіндеп өнеркәсіпті технологиялық жаңғыртудың кешенді шарасы мен тиісті тұжырымдамасы әзірленетіні туралы жазды.«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Индустрия 4.0» процесін Қазақстанда дамытуға айрықша назар аударды. Көпшілікке «Индустрия 4.0» ретінде белгілі төртінші өнеркәсіптік революция бүгінде әлемдегі жаһандық экономикалық маңызы бар тенденцияға айналды. «Индустрия 4.0» өнеркәсіп салаларын трансформациялау үшін алдыңғы қатарлы ақпараттық коммуникациялық технологияны кеңінен қолдануға қажет.Мемлекет басшысының тапсырмасы мен еліміздегі халықаралық тәжірибеге сәйкес, «Индустрия 4.0» негізінде біртіндеп өнеркәсіпті технологиялық жаңғыртудың кешенді шарасы мен тиісті тұжырымдама әзірленетін болады. Жалпы, Индустрия 4.0» элементтерін енгізу Қазақстан өнеркәсібіне қолданыстағы жүйені жеңілдетуге көмектеседі», - делінген жазбада.Министр сондай-ақ жаңа технологиялар электронды форматта деректермен алмасуды ұйымдастыруға және жергілікті жерде аз мөлшермен шығаруға мүмкіндік беретінін атап өтті: «Өндірісті автоматтандыру адам еңбегін алмастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, роботталған дәнекерлеу кешенінің бір операторы тапшылығы ұдайы сезілетін 5-10 білікті дәнекерлеушіні алмастыра алады. Бұл тұрғыда оларды оқытуға жұмсалатын шығын азаяды, сонымен қатар, салаға жастарды тартуда кәсіптің беделі артады».«BCG» сарапшыларының пікірі бойынша, «Индустрия 4.0» енгізу Германияда өңдеу өнеркәсібінде өнімділік 90 млрд. еуродан 150 млрд. еуроға дейін артқан. Ал, неміс компанияларының қосымша табысы жылына 30 млрд. еуроны құрайды. Сондай-ақ, халықаралық сарапшылардың пікірінше, «Индустрия 4.0» технологиясына көшуге 20 жылға жуық уақыт қажет. Дегенмен, қазірдің өзінде сандық негізге көшу үшін тиісті алғышарттарды жасау керек.Ж.Қасымбек әлемнің көптеген дамыған елдерінде «Индустрия 4.0» технологиясын енгізудің орташа және ұзақмерзімді бастамалар мен тиісті тұжырымдамалары қабылданғаны туралы да еске түсірді. Мәселен, Германияда «Industrie 4.0», Францияда «Industrie du Futur», Оңтүстік Кореяда «Manufacturing innovation 3.0», Үндістанда «Make in India», Испанияда «Industria Conectada 4.0», Ресейде «Ұлттық технологиялық бастама», Жапонияда «The New Robot Strategy», Италияда «Manifattura Italia», Қытайда «China Manufacturing 2025» және т.б.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/16033?lang=kk
Алматы мен Гонконг инновация саласы мен инвестиция тарту бойынша ынтымақтастықты нығайту жөнінде уағдаласты 10.04.2025
Кездесу барысында Кэрри Лам Алматы экономикасы Гонконгтағыдай түрлі сервистен,саудадан, қаржы қызметі мен логистикадан құралатындығын, соның арқасында тұрақтылық қамтамасыз етіліп, қала инвестиция тарту үшін тартымды болатындығын атап өтті.«Алматы – өңірдің қаржы және мәдени орталығы әрі біздің еліміздің маңызды серіктесі болып табылады. Сіздердің Президенттеріңіз Н.Ә.Назарбаевтың интеграциялық саясаты арқасында аймақта Еуразиялық экономикалық одақ құрылып, оның нарығына 180 млн. адам енген, бұл инвесторларға зор мүмкіндіктер береді. Мен Алматыны инвестиция салуға әбден лайық қала деп санаймын. Кезінде біздің басты инвестициялық саясатымыз Гонконгке инвестиция тарту болатын, ал қазір біз инвестицияны басқа елдерге салатын өз компанияларымыз бен кәсіпорындарымызды ынталандырып келеміз. Біз жаңа нарықты іздеудеміз және инвестиция салу үшін есігімізді айқара ашамыз. Инвестициядан өзге екі жаққа да пайдалы туристік ағымдар бар. Экономикалық субъект болғандықтан біз Қазақстанмен, соның ішінде Алматымен мәдениет, білім, сауда және экономикалық салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға ынталымыз. Мен өз тарапымнан екі жақты байланыстың дамуына ықпал етемін», - деді К.Лам.Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалада инвестиция мен гонконгтік компаниялардың тәжірибесін қажет ететін бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалардың қолға алынғанын айтты.«Бүгінгі күні Қазақстанда әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену үшін Мемлекет басшысының бастамасымен «Қазақстан 2050» Стратегиясы» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асуда. Біздің Президентіміз «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын енгізуді алдымызға міндет етіп қойды. Қазіргі кезде Алматыда «Смарт сити» жобасы іске асуда, оның басты бағыты қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім, ТҮКШ және көлік реформасы. Бізге Гонконгтың осы салаларда смарт-технологияны пайдалану тәжірибесі маңызды. Бұлардан өзге, Алматы инвестиция тарту бойынша үлкен жұмыстар жүргізуде. Егер «Doing Business» рейтингінде Гонконг 4 орында тұрса, әлемнің 190 елінің ішінен Алматы 36-ыншы орында. «Бір терезе» қағидасы бойынша біз Алматыға келген инвесторларға жобаларын жүзеге асыру үшін барлық көмекті көрсетеміз. Орталық Азияның 65 миллиондық, Еуразиялық экономикалық одақтың 180 миллион адамы бар нарығы қызықтыратыны сөзсіз. Егер кәсіпорын Алматыда орналасса бұлар қожетімді болады. Мысалы, өткен жылы Президентіміз телекөпір арқылы Алматыда Жапонияның «Tokyo Rope» зауытын ашты. Бір тапсырыстың өзі ғана зауытты салуға жұмсалатын шығыннан бес есе артты. Қазір бұл компания өз өнімдерін тек Орта Азияға ғана емес, сонымен қатар БАЭ, Ресейге жіберуде. Бүгінгі күні компания Алматыда үшінші зауытын салуда. Біз гонконгтік инвесторларға да барлық жағдайды жасаймыз», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында Гонконгітің инвестиция және технология бойынша хатшысы Николас Янгпен, Қытай өндірушілерінің «The Chinese Manufacturers Association» ассоциациясымен кездесті. Бұлардан өзге Алматы делегациясы ғылыми және технологиялық парк жөніндегі Гонконг корпорациясының жұмысымен де танысты. Тараптар стартаптарды дамыту және қолдау, қалалардың экономикалық әлеуетін арттыру мен жоғары технология салаларында жұмыс орындарын ашу мәселелерін талқылады.Алматы делегациясы Гонконгтың жсопарлау және инфрақұрылым жөніндегі көрме галереясында да болды, мұнда мегаполистер алдында тұрған міндеттер оларды шешу жолдары туралы айтылды.«Бүгінгі күні Гонконг тұрғындары өте тығыз орналасқан, бір шаршы метр 6 мыңға жуық адамды құрайды. Қаланың жаңа аудандарын жоспарлауда көлікпен қамтамасыз ету маңызды.Гонконгте 7,2 млн. адам тұрады, 730 мың автомобиль бар, жолдардың ұзындығы 2100 км. Яғни, бір километр жолда 350 машина жүреді. Сондықтан Гонконг тұрғындарының 90%-ы қоғамдық көлікті пайдаланады. Автомобиль – қымбат, оның үстіне бағасы сағатына 30-40 гонконгтік доолларды құрайтын көлік тұрағын табу қиын. Соңғы жылдары қала орталығында көлік тұрағы азайып, экологияны жақсарту шаралары жүзеге асуда», - деп түсіндірді Гонконгті дамыту жөніндегі хатшының орынбасары Лю Чунь Сан.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша келер жылы Алматыда Гонконгтің саудасын дамыту жөніндегі Кеңес өкілдігін ашу туралы келісімге қолжетті. Бұлардани өзге, Гонконг пен Алматыда сауда, инвестиция, инновация және ШОБ бойынша ынтымақтастықты нғыайту үшін «Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен Гонконгтің сауданы дамыту Кеңесі арасында қажетті меморандумға қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13851?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫМЕН ЖҮРУІНЕ БОЛАТЫН АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ 10.04.2025
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бірыңғай көлік кеңістігін жүйелі әрі кезең-кезеңмен қалыптастыруға бағытталған Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асыру мақсатында Министрлік еліміздегі қолданыстағы автокөлік құралдарының рұқста берілетін салмақтық және габариттік параметрлерін Одақтың 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 «Көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің нормаларын үйлестіру бойынша шаралар қабылданды.Автомобиль жолдарының салмақ көтеру және өткізу қабілетін, сондай-ақ пайдаланымдағы автокөлік құралдарының конструктивтік параметрлерін ескере отырып, автокөліктің бір қатар санаттары үшін жол берілетін салмақтар арттырылған болатын.Нәтижесінде, үш білікті автокөлік құралдары үшін әр жетекші білік екі қатарлы доңғалақпен жабдықталып және әр білікке түсетін жүктеме 9,5 тоннадан аспаған жағдайда 26 тоннаға, салмағы 18 тоннадан аспайтын екі білікті тартқыш пен екі білікке түсетін жүктеме 19 тоннадан аспайтын жартылай тіркемеден тұратын ершікті автопоездар үшін 38 тоннаға дейін салмаққа рұқсат беріледі.Автокөлік құралдарының екі қатарлы қос білігі үшін әр жетекші білік екі қатарлы доңғалақпен жабдықталып және әр білікке түсетін жүктеме 9,5 тоннадан аспаған жағдайда 17 тоннаға, үштік және одан көп біліктер үшін 1,5 тоннаға ұлғайтылды.Сонымен бірге, Қазақстанның транзиттік потенциалын арттыру және отандық тасымалдаушылардың еуропалық және Орта азиялық автокөлік тасымалдар нарығында бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында автокөліктерге рұқсат берілетін габариттер қайта қарастырылды.Осылайша, жүк көтерімділігі төмен (40 тоннаға дейін) ершікті автопоездардың (құрамында тартқыш пен жартылай тіркеме) ұзындығы еуропалық нормаларға – 16,5 метрге келтірілді, бұл ретте осы нормалармен ҚХР қолданыстағы автокөліктердің параметрлерін сәйкестендірген болатын. Сол себепті, Жартылай тіркеменің тіркеу құрылғысы ілмегінің білігі мен аталған автопоездардың артқы жағы арасындағы рұқсат берілетін арақашықтық 12,0 метрден аспауы тиіс.Тіркемелі және жүк көтерімділігі жоғары ершікті автопоездар (барынша рұқсат етілген 40 тоннадан артық) үшін 20 метрге дейін рұқсат беріледі. Бұл ретте, ершікті автопоездардың жүк тиеу ұзындығы 16,4 метрден, ал тіркемелі автопоезы тартқышының артқы бөлігі мен тіркеменің алдыңғы бөлігі арасындағы қашықтық 0,6 метрден кем емес болған кезде – 17 метрден аспауы тиіс.Аталған жол берілетін салмақтық және габариттік параметрлердің өзгерістері Министрліктің 2016 жылғы 4 қарашадағы № 761 бұйрығымен енгізілді және 2017 жылдың 24 қаңтарынан бастап жүзеге асады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13850?lang=kk
ПАВЛОДАРДАҒЫ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕЛІСІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ 10.04.2025
Ағымдағы жылдың 12 ақпаны күні сағат 14:41-де Павлодар қаласындағы Ломов көшесі, 39-үйдің маңында коммуникациялық құдықтан судың ағып кетуінен төрт көп пәтерлі тұрғын үй (562 абонент Ломов көшесі бойынша 39,41,43 және Абай көшесінде 373) суық сусыз қалды. Осыған орай, суды тасып жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды.Сол күні сағат 16:50-де «Қостанай Су» МҚК күшімен (10 жұмыскер және 6 техника бірлігі) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары нормативтік мерзімде (2 сағат ішінде) аяқталып, сумен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді.Мұндай жағдайдың туындауына сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы себеп болған. (республика бойынша сумен жабдықтау және су бұру желілерініңтозуы орташа 58,8% құрайды).Бұл ретте, желілердің тозуын төмендету үшін Үкімет «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламалары аясында желілерді реконструкциялау және жаңғырту үшін жоспарлы тәртіппен жыл сайын қаражат бөліп отырады.Анықтама:2017 жылы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 84 млрд.теңге бөлінген. Оның ішінде «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі»бағдарламасы арқылы - 36 млрд. теңге, «Нұрлы жол» несиелеу тетігі арқылы- 48 млрд. теңге.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13844?lang=kk
«ҚАЗГЕОЛОГИЯ» АҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БАӘ ЕЛШІСІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ 10.04.2025
Бүгін БАӘ елшілігінде «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Ғалым Нұржанов Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшісі Др. Мохаммад Ахмад Альджабермен кездесті. Кездесуге «Қазгеология» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары Елдар Тағаш та қатысты.Тараптар ынтымақтастықтың бірқатар перспективалы бағыттарын талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дәйекті дамуына сенім білдірді. Биыл қаңтардағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың  Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарының аясында  «Қазгеология» АҚ басшылығының «Mubadala», «DUBAL», «Bin Hamoodah Group» компанияларының және т.б. әмірліктің жетекші компанияларының басшыларымен кездесулер өткізіліп, онда Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша ынтымақтастық жасау жөніндегі мәселелер талқыланған болатын.Елші Қазақстанда геологиялық барлау бойынша ынтымақтастық жасаудағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін «Қазгеология» АҚ әмірліктің компанияларымен ынтымақтастықта көмек көрсетуге және осы компаниялар өкілдерінің жобаларды толыққанды талқылау үшін Қазақстанға келуін ұйымдастыруға әзір екенін білдірді. Сондай-ақ екі ел үшін ортақ халықаралық мүдделер тоғысатын мәселелерді талқылап, оларды ұдайы үйлестірудің маңызы зор екенін жеткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13842?lang=kk
БҚО-ДА АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫН САЛУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ 10.04.2025
Ағымдағы жылдың 8 маусымында ҚР ИДМ ТРМК БҚОбД  және «ҚазСтИн» РМК БҚФ басшылары «WestPartner» ЖШС-не барып, техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнамаларды түсіндірді.Компанияның негізгі қызметі құрылыс-монтаж жұмыстары болып табылады:- күрделі жөндеуді және реконструкцияны қоса алғанда, автомобиль жолдары мен теміржолдарды салу;- ғимараттардың (соның ішінде көпірлер, көліктік эстакадалар, туннельдер, жол өтпелері, басқа жасанды ғимараттар) салмақ түсіретін және (немесе) қоршау конструкцияларын салу, соның ішінде объектілерді күрделі жөндеу және қайта құруды қамтиды;- топырақта арнайы жұмыстар.Мұнда 2 асфальтобетон зауыты бар:ДС-158 - сағатына 50 тонна асфальт-бетон өнімдерін шығарады;ДС-117 - сағатына 35 тонна асфальт-бетон өнімдерін шығарады.Кездесу барысында ҚР заңнамаларының талаптары, әсіресе өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету, өнім сәйкестігін растау мәселелері түсіндірілді.Кездесу соңында компания қызметкерлері ұсынылған ақпарат үшін алғыс білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/13829?lang=kk
АСТАНАДА ҚҰРЫЛЫС ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 10.04.2025
2018 жылдың 15 маусымында еліміздегі құрылыс саласының дамуының ағымдағы жағдайын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.Талқылауға ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, құрылыс қауымдастықтары, Қазақстанның құрылыс салушылар, құрылыс материалдарын өндіруші компания өкілдері қатысты.Сонымен қатар, жаңа нормативтік базаға көшу, құрылыс индустриясында сәйкестікті бағалау ерекшеліктері және кәсіби іскерлік қоғамдастықтың дайындығын бағалау мәселелері талқыланды.ТРМК Астана қаласы бойынша Департаменті жетекшісінің м.а. Ақмарал Қабулова отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндірісті жаңғырту, өнімнің қауіпсіздігін және өндіріс процестерін қамтамасыз етудің басым бағыттарының бірі техникалық реттеу болып табылатынын атап өтті.Іс-шара нәтижесінде құрылыс саласын жетілдіруге бағытталған бірқатар бірлескен шараларды қарастыратын қарар жобасы дайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/13821?lang=kk
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 10.04.2025
14.06.2018 жылы Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сағындық Лұқпановтың төрағалығымен техникалық реттеу және метрология сұрақтары бойынша өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті.Осы іс шараға өңірлік штаб мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, құрылыс компаниялардың өкілдері және полиэтилен құбырларын шығаратын Атырау «Шеврон Мунайгаз Инк» зауыты өкілдері қатысты.Өңірлік штабта ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салтанат Камешеваның ГОСТ 18599-2001 «Полиэтиленнен жасалған қысым құбырлары.Техникалық шарттар» және ҚР СТ ГОСТ Р 50838-2011 «Газ құбырларына арналған полиэтилен құбырлары. Техникалық шарттар» стандарттарының талаптарына сәйкес құбыр өнімдерін өткізу кезінде туындайтын мәселелерді шешу мақсатында 16.05.2018 жылғы «ШевронМунайГазИнк» компаниясының Атырау полиэтилен құбырлар зауытының мәселелері бойынша кездесу қорытындысы тыңдалды.Салтанат Камешова полиэтилен құбырларын өндіру ГОСТ 18599-2001 және ҚР СТ ГОСТ Р 50838-2011 стандарт талаптарына сай болуы қажеттігін және құбырларды қабылдау кезінде қабылдау ережесін сақтау керектігін, яғни ілеспе құжаттарда өнімнің сапасы туралы ақпарат көрсетілуі тиіс, шикізат маркасы,  шикізатты сынау нәтижелері немесе құбырлардың сапасын стандарт талаптарына сәйкестігін растау, құбырлардың шартты белгілері және т.б. қажеттігін атап айтты. Полиэтиленді құбырларды өндіру кезінде сапасыз шикізатты қолдану стандарт талаптарын сақтамауына алып келеді.Бұдан өзге «ШевронМунайГазИнк» компаниясының Атырау полиэтилен құбырлар зауытының өкілі Евгений Легин құбырлық өнімге мемлекеттік сатып алуды жүргізу бойынша ұсынысын білдірді.Қорытындылай келе, өңірлік штабтың төрағасы Сағындық Лұқпанов барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, Атырау облысы  кәсіпкерлер палатасының директорына облыс кәсіпкерлеріне мемлекеттік сатып алу сұрақтары бойынша көмек көрсетуін ұсынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/13815?lang=kk
ҚР ИДМ БАСШЫСЫ Ж. ҚАСЫМБЕК: БИЫЛ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЕНГІЗУ ҮШІН 7-10 ПИЛОТТЫҚ КӘСІПОРЫН ІРІКТЕЛЕТІН БОЛАДЫ 10.04.2025
Индустрия 4.0 технологиясының Қазақстан үшін қосымша мүмкіндіктер әкелетінін көреміз. Осының арқасында шағын ішкі нарық, теңіз сауда жолдарының қашықтығынан шыға алмау, білікті жұмыс күшінің тапшылығы сияқты объективті факторлардың әсерін төмендете аламыз. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек министрліктің алқа мәжілісінде мәлімдеді.Индустрия 4.0 технологиясының элементтерін белсенді түрде енгізу мақсатында министрлік биылға және келесі жылға қадамды жоспар әзірледі. Министрдің айтуынша, Қазақстан жағдайында Индустрия 4.0 технологиясының мәні мен маңызын қалыптастыру мәселесі тұр. Бұл үшін биыл халықаралық тәжірибеге сәйкес ағымдағы жағдайға толыққанды сараптама жасалады және Индустрия 4.0. технологиясының элементтерін өнеркәсіпке енгізу дайындығы пысықталады. Бұл жұмыс жоғары білікті шетелдік серіктестермен бірлесе жасалатын болады.Министрлік алғашқыда шоғырландыруға болатын 3-4 өнеркәсіп секторын анықтауды жоспарлап отыр. Әр секторға ынталандыру жөніндегі нақты қолдау іс-шараларының жиынтығы және міндетті түрде әзірлеу керек стандарттар тізімі белгілмек.«Биыл сараптама қорытындысы бойынша  демонстрациялық тиімділікке қол жеткізу мақсатында алдыңғы қатарлы сандық технологияны енгізу үшін 7-10 пилоттық кәсіпорын іріктелетін болады. Бір сөзбен айтқанда, аталмыш кәсіпорындар басқа кәсіпорындар үшін «моделді сандық фабрика» үлгісі рөлін атқарады. Пилоттық жобалар жөніндегі жұмыстар 2018 жылы да жалғасады»,-деп атап өтті министр Жеңіс Қасымбек.Сонымен қатар, сандық технологияны енгізу бойынша жүйеқұраушы кәсіпорындармен де жұмыс күшейтілмек. Бүгіннің өзінде бірқатар компаниялар жаңа сандық шешімдерді енгізуге қызығушылық танытып, іске кірісіп те кетті. Бұл жердегі босатылған жұмыс күші мен еңбек нарығындағы өзгерістерді болжау есебінен сандық технология негізінде модернизациялау жоспарын әзірлеу мен жүзеге асыруда министрлік негізгі міндетті атқарады.Барлық көрсетілген шаралар 2017 жылдың желтоқсанында қабылдануы жоспарланған 2025 жылға дейінгі базалық секторларды технологиялық модернизациялау жөніндегі Кешенді жоспарға бекітілетін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13693?lang=kk
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТОМОБИЛЬ ЖӘНЕ ТЕМІР ЖОЛДАРЫ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНДЕ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНАДЫ 10.04.2025
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында су тасқыны кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік бойғы диспетчерлік қызмет ұйымдастырылып, күн сайын жолдарда кезекшілік жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысы барысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты.Ж. Қасымбек бүгінгі таңда биылғы жылдың су тасқыны кезеңіне арналған Шаралар жоспары бекітіліп, Су тасқынына қарсы комиссиялардың жұмысы ұйымдастырылғанын баяндады.Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 1 284 автожол көпірі мен 14 686 су жүретін құбыр бар. Қазіргі кезде тәулік бойғы диспетчерлік қызмет ұйымдастырылып, автомобиль жолдарында күн сайын кезекшілік жүргізіледі, сонымен қатар 496 қауіпті учаске, 967 құбыр мен 157 көпір бақылауға алынған.Бекітілген жоспарға сәйкес су тасқыны кезеңінде жұмыстарды уақытылы ұйымдастыру үшін қазіргі кезде қажетті құрылыс материалдары мен конструкциялары әзірленген.Қазіргі кезде су жүргізу құбырын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде, бүгінде 4 257 құбыр немесе жоспардағыдан 39% ашылды.Пойыздардың үздіксіз әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету, жолдарды, жасанды құрылымдарды сеңдерді өткізуге уақытылы әзірлеу мақсатында 383 вагоннан тұратын судың бұзып кетуін бөгейтін 42 пойыз құралды. Бүгінде 110 вагон құрастырылған.  «ҚТЖ» ҰК» АҚ барлық филиалдарында, бірінші кезекте тым шалғайдағы учаскелерде отын және майлау материалдарының қажетті қоры бар.Көпірлердің астында мұздардың кептелісін жою үшін мұздарды уату бойынша бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу мен қар көшкіндерін құлату бойынша келісімдер жасалған.Қауіпті жерлердің тізімі жасалған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарының директорларының нақты әрекеттері айқындалған, аумақтық ұйымдармен бірлесіп су қоймаларына комиссия тексеру жүргізуде.Министр Азаматтық қорғаныс пен көлік,  жол және көпірлердің республикалық қызметінің қолда бар күші мен қаражаты көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардың салдарын жоюға және республикалық маңызы бар теміржолдар мен автомобиль жолдарында қозғалысты қамтамасыз етуге жеткілікті екенін атап өтті.www.primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13664?lang=kk