Enbekshi QazaQ

Туризм

Мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесі бойынша «2018 жылдың үздік педагогі» республикалық конкурсының жеңімпаздары 15.04.2025
№Аты-жөніЖұмыс орны, лауазымы1.     Тердікбай КүшайАстана қаласындағы № 9 «Зерде дарынды балаларға арналған мектептің математика пәнінің мұғалімі2.     СабанбаеваЖанар МұхаметбайқызыАстана қаласындағы № 68 орта мектептің тарих және құқық пәнінің мұғалімі3.     ЖақыповҚабанбай БекетұлыАстана қаласындағы Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының география және қосымша білім беру мұғалімі4.     ИбраеваЛаззат ШәріпханқызыАстана қаласындағы № 22 мектептің математика пәнінің мұғалімі5.     АрынЕржан ОмарұлыАлматы қаласындағы № 159 Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі6.     СадықоваБахтыгүл СейтсұлтанқызыАлматы қаласындағы № 173 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі7.     СүлейменоваМанзура РахматуллақызыАлматы қаласындағы № 69 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі8.     ТәуекеловаГүлбану ҚонысбайқызыАлматы қаласындағы № 57 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі9.     ЖүнісбековаДана ДүйсебайқызыШымкент қаласындағы М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған № 8 гимназияның физика пәнінің мұғалімі10.  АлмабековЕрмек АлмабекұлыАлматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы   Абылай хан атындағы № 4 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі11.  БаймуратоваЗарема МаженқызыАлматы облысы Жамбыл ауданы Ү.Кәрібаев атындағы орта мектепке дейінгі шағын орталықтың химия және биология пәндерінің мұғалімі12.  ҚабдығалиеваАйман ТөлепбергенқызыАлматы облысы Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі13.  ЗакироваНазифа АнваровнаАқмола облысы Көкшетау қаласындағы №1 орта мектеп-гимназияның физика пәнінің мұғалімі14.  ИскаковаДана МанапқызыАқмола облысы Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп – интернаттың химия пәнінің мұғалімі15.  СаржановОрынбасарАқтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі16.  ҚаражановаГүлсім БуржанқызыАқтөбе облыстық арнайы (түзету) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінің дефектологы17.  ҚыдырбаеваБотагөз ЖенісқызыАқтөбе облысы Хромтау қаласындағы № 6 гимназияның информатика пәні мұғалімі18.  МынжасароваГүлназ ІзтілеуқызыМ.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың биология пәнінің мұғалімі19.  НурғановаХадиша ЕдресқызыАтырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі20.  ЗұлқашеваАйзада ДүйсенбайқызыАтырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназияның биология пәнінің мұғалімі21.  ШаяхметоваҚарлыға ІңкәрбекқызыШығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпсалалы гимназиясының география пәнінің мұғалімі22.  КивинаЕлена СтепановнаШығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын № 38 гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі23.  БутурлинаТамара СергеевнаШығыс Қазақстан облысы Дарынды балаларға арналған «Восток» зерттеу орталығы-мектеп-кешенінің математика пәнінің мұғалімі24.  КиялбековНариман МәлікұлыЖамбыл облысы Тараз қаласындағы Ерекше дарынды балаларға арналған  мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаттың математика пәнінің мұғалімі  25.  ПолухинаНаталья АлександровнаЖамбыл облысы Тараз қаласындағы № 24 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі26.  СүгірбековаҮміт ІзбасарқызыЖамбыл облысы Байзақ ауданындағы № 1 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі27.  ВологинНиколай ВасильевичБатыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының С. Жақсығұлов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің география пәнінің мұғалімі28.  СиражеваСветлана ХаленқызыБатыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандағы «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасының әдіскері29.  СаматовАбылай МаратұлыҚарағанды облысы Қарағанды қаласындағы № 1 «Білім инновация» лицей-интернатының химия пәнінің мұғалімі30.  БалапановаҚұндыз СерікқызыҚарағанды облысы Қарағанды қаласындағы № 92 гимназияның биология пәнінің мұғалімі31.  ЖақсылықоваӘсемкүл МұқашқызыҚызылорда   облыстық дарынды балаларға арналған Е. Әуелбеков атындағы №4 мектеп-интернаттың тарих пәнінің мұғалімі  32.  ПрахнауВиктор ИвановичҚостанай облысы Лисаков қаласындағы мектеп-лицейдің физика және информатика пәнінің мұғалімі33.  СейдағалиеваГүлмира ҚасымханқызыҚостанай облысы Жангелді ауданы Ш.Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі34.  ТарасоваСветлана ВикторовнаҚостанай облысы Лисаков қаласындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі35.  СаржановаКүнімкүл АманкосқызыМаңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы Оңды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі36.  БегейбайДина МедетқызыМаңғыстау облысы Ақтау қаласындағы № 8 орта мектептің герграфия пәнінің мұғалімі37.  ДосмагамбетоваСалтанат СейітжанқызыПавлодар облысы Баянауыл ауданының Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернатының химия пәнінің мұғалімі38.  ТерёшкинаАлина ГенриховнаПавлодар облысы Павлодар қаласындағы № 29 «Мерей» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі39.  ЖақсылықоваЖанара ЖұмагұлқызыПавлодар облысы Павлодар қаласындағы №16 мектп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі40.  ЕсқалиеваАйнагүл ЖұмабекқызыСолтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы Әбу Досмұхамедов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі41.  ШрайберЕлена ИосифовнаСолтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі42.  ЗемляковаЕлена НиколаевнаСолтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің физика пәнінің мұғалімі43.  КаюповаСәбира ЖылгелдіқызыТүркістан облысы Келес ауданы Ә. Жангелдин атындағы № 100 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі44.  ЖұмабековАсхат Советханұлы«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Семей қаласындағы математикалық бағыттағы филиалының физика пәнінің мұғалімі45.  МұнарбаеваДариха Абсаматқызы«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалының Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы филиалының биология пәні мұғалімі46.  ҚаппасоваСандуғаш ЕлтайқызыРеспубликалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының «Балдәурен-Қапшағай» филиалының математика пәнінің мұғалімі47.  ЖақыповаГүлнара АмангелдіқызыАстана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының математика пәнінің мұғалімі48.  ҚасымоваЛазим ТалғатқызыАстана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының биология пәнінің мұғалімі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/25244?lang=kk
Елімізде тағы да алты елді - мекен ваучерлік қаржыландыруға қосылды 15.04.2025
Қазақстанда ваучерлік қаржыландыру әдістемесін қолдана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты дербестендіру бойынша жұмыстар жалғасуда.2024 жылдан бастап Тараз, Түркістан, Шымкент, Орал және Астана қалаларында мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру жүйесі сәтті енгізілді. Ал 2025 жылдың наурыз айынан бастап пилоттық жобаға Семей, Өскемен, Жезқазған, Қарағанды қалалары, сондай-ақ Байзақ және Сарыағаш аудандары қосылды."Бұл механизм мемлекеттік қызметтерді ашық және тиімді көрсетуге, және мектепке дейінгі ұйымдар арасында мемлекеттік тапсырысты бөлуге бағытталған. Жаңа жүйенің негізгі артықшылығы - балабақшалар арасындағы салауатты бәсекелестік және ата – аналарға арналған білім беру мекемесін таңдау еркіндігі есебінен қызмет көрсету сапасын арттыруда", - дейді Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манара Адамова.Айта кету керек, ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасын іске асырудың арқасында Тараз қаласының балабақшаларына кезек 12 есеге – 24 мыңнан 2 мыңға дейін, ал Түркістанда – 5 есеге-850-ден 169-ға дейін қысқарды. Осындай жағдай басқа аймақтарда да байқалады.Айта кетейік, жобаны биылғы жылдың соңына дейін басқа өңірлерде де масштабтау жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/968426?lang=kk
Оқу-ағарту министрі Корея Республикасының Қазақстандағы елшісімен кездесті 15.04.2025
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті.Кездесу барысында тараптар орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Колледждерді интернационалдандыру саласында тәжірибе алмасу, академиялық ұтқырлық шеңберінде студенттер мен оқытушылар үшін тағылымдамалар ұйымдастыру, сондай-ақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.«Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылының негізгі іс-шараларының бірі - еліміздің 10 колледжін интернационалдандыру болмақ. Негізгі мақсат - олардың жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру», - деді Ғани Бейсембаев.Сондай-ақ орта білім беру және корей тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру саласында одан әрі өзара ынтымақтастық құру мүмкіндіктері қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/960099?lang=kk
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми журналы Web of Science Core Collection деректер базасына іріктеп алынды 12.04.2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің International Journal of Biology and Chemistry ғылыми журналы Web of Science Core Collection платформасындағы Emerging Sources Citation Index деректер базасына қосылдыClarivate Analytics (бұрыңғы Thomson Reuters) агенттігінің деректеріне сәйкес журналдағы мақалалар 2018 жылдың қаңтар айынан бастап индекстелетін болады. Университет журналының әлемдегі үздік ғылыми басылымдарды индекстейтін беделді халықаралық деректер базасына қосылуы университеттің ұлтаралық қатынасты және зерттеуді қалыптастыруға алған бағытының дұрыстығын растайды. Clarivate Analytics саясатына сәйкес Emerging Sources Citation Index базасында индекстелу үшін сараптамалық топпен журналдарды іріктеп алу Web of Science Core Collection негізгі деректер базасына (мұнда журналдағы мақалалардың басқа әдебиеттер тізімінде аталуының негізінде кейін импакт-фактор индексі беріледі) кіру үшін алғашқы және маңызды қадам болып табылады.International Journal of Biology and Chemistry журналы Web of Science Core Collection платформасындағы Emerging Sources Citation Index деректер базасына қосылған Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-ң үшінші журналы болып табылады. Осылайша, аталған базада Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-да шығарылатын «Eurasian Chemico-Technological Journal» және «ҚР ҰҒА хабарлары. Физика-математика сериясы» журналдары индекстеледі. Clarivate Analytics – деректер базасын, ақпараттық жүйелерді және зияткерлік меншік топтамаларын басқаратын тәуелсіз беделді компания. Бұл компания ғылыми және академиялық зерттеулерді, патенттік талдауды және құқықтық реттеуді, фармацевтикалық және биотехнологиялық зерттеулерді өткізуге, тауарлық белгілерді, брендтерді және зияткерлік меншікті қорғауға бағытталған. International Journal Biology Ғылым және басылым белсенділік басқармасАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/25298?lang=kk
Қазақстандағы педагог мәртебесі мен жастар жылы: Б. Сағынтаев білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті 12.04.2025
Бүгін Алматы облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңірдің білім беру саласының қызметкерлерімен және ата-аналар қауымымен 2019 жылға арналған Жолдауды іске асыру мәселелері бойынша кездесу өткізіп, №28 мектеп-лицейді аралау барысында білім беру сапасымен танысты.Кездесуде білім беру жүйесін дамытуға қатысты мәселелер, атап айтқанда, мектепке дейінгі және мектепте білім беру сапасын арттыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, педагогтердің әлеуметтік мәртебесін көтеру, инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру, сондай-ақ, үш ауысымдық білім беруді жою мақсатында жаңа мектептер салу мәселелері талқыланды. Кездесудің мақсаты — Мемлекет басшысының Жолдауын орындау аясында білім беру жүйесінің мәселелері қалай шешіліп жатқанын өңір тұрғындарының ауызынан есту.   Премьер-Министр алдағы үш жылда Жолдауды іске асыруға 1,75 трлн теңге жұмсалатынын айтты. Ең алдымен, 01.01.2019 ж. бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін арттыру жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде 1,3 млн жалдамалы қызметкердің жалақысы 30%-ға өседі. Бұл 275 мың азаматтық қызметкерге қатысты, оның ішінде педагогикалық қызметкерлердің еңбекақысы 35%-ға артады. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар үшін Мемлекет басшысының білім және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бағытталатын мемлекеттік шығыстарды алдағы бес жыл ішінде ЖІӨ-нің 10%-ына дейін арту шешімі өте маңызды. 2018 жылы білім беруге жұмсалған жалпы шығыстар ЖІӨ-нің 4,1%-ын (2,4 трлн теңге) құрады, оның ішінде 3,5% — мемлекеттік бюджет есебінен және 0,6% — жеке сектордан. Биыл білім беру және денсаулық сақтауға бағытталған шығыстар ЖІӨ-нің 7,38%-ын құрады (МБ – 5,4%, жеке сектор – 1,9%). Үш жылдық бюджет аясында білім беруге жұмсалатын шығыс 456,3 млрд теңгеден 2021 жылы 752,1 млрд теңгеге дейін немесе 65%-ға артпақ. Екіншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қосымша бөлінген 50 млрд теңге үш ауысымды мектептер мен орындардың жетіспеушілігін жою үшін бағытталуы тиіс екендігі айтылды. Осылайша, мектеп құрылысына жалпы алғанда 100 млрд теңге жуық қаржы бөлініп отыр. Сонымен қатар, Премьер-Министр жаңа білім беру нысандарын салу үшін жеке инвестицияларды тартып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін пайдалану қажеттігін атап өтті. Бұдан өзге, балалар қауіпсіздігі үшін бақылау камераларын орнату, мұғалімдердің мәртебесін көтеру мәселелері қозғалды. Жолдау аясында енді педагогтардың мәртебесі түбегейлі қарастырылып, олардың жалақысы мен әлеуметтік кепілдіктер артып, жүктемесі азаяды. Білім және ғылым министрлігі «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын әзірлеп жатыр. Сондай-ақ, енді түлектерге деген сұраныс пен еңбекпен қамту көрсеткіштеріне негізделе отырып бақыланатын жоғары оқу орындары мен колледждердің жұмыс сапасын жақсарту мәселесі де қозғалды. Талқылау кезінде білім беру саласының мамандары Жолдауда айтылған Президент бастамаларын қолдайтынын жеткізді. Еркін ауылындағы Е. Берліқожаұлы атындағы №11 мектептің физика пәнінің мұғалімі Қ. Жақсыбаев «Дипломмен ауылға!» бағдарламасының қатысушы ретінде жас мұғалімдерді қолдаудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті. «Біздің өңірде 418 мыңнан астам жастар бар, олардың 80%-ы – ауыл жастары. Ауыл жастары оқу бітірген соң тұрақты жұмыс таба алмайтын жағдайлар болады. Жастар жылы көптеген мәселелерді шешуге жаңа серпін береді деп үміттенемін. Біз үшін барлық жағдай жасалған, аға буын бізді қолдайды, біз тек алға ұмтылуға тиіспіз», — деді Қ. Жақсыбаев. Қапшағай қаласының №5 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ю. Донская өз сөзінде мұғалімге жасалған қамқорлық — бұл өскелең ұрпаққа, елдің болашағына жасалған қамқорлық деп мәлімдеді. «Білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу Мемлекет басшысының назарынан ешқашан тыс қалған емес. Жолдау дәл 5 қазан күні, яғни Мұғалімдер күнімен тұспа-тұс келді. Біз оны сый ретінде қабыл алдық. Елбасы “Педагог мәртебесі туралы” заң қабылдауды тапсырды, онда мұғалімдердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы, апта сайынғы жұмыс жүктемесінің төмендеуі, сондай-ақ мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілерінің жалақысы мәселесі көтерілетін болады», — дей келе, Ю. Донская Президенттің дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауы халқымыздың рухын және күш-жігерін біріктіретін маңызды құжат деген ойын жеткізді.   Өз кезегінде, білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев көтерілген сұрақтарға түсініктеме бере келе, бүгінгі күні «Мұғалімнің мәртебесі туралы» заң жобасы талқыланып жатқанын айтты. Қоғам тарапынан әртүрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Барлық ұсыныстар жинақталған, енді жоба екі ай бойы талқылаудан өтеді. Содан кейін жоба ҚР БҒМ сайтына шығарылады. Қоғамдық талдау жүргізіледі. Министрдің айтуынша, жылдың соңына дейін заң жобасы дайын болады. Сонымен қатар, кездесуде ата-аналар мен студенттер қауымының өкілдері сөз сөйледі. Облыстық ата-аналар комитетінің мүшесі Д. Әбділдина балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп психологтарының жұмысын күшейту және Қамқоршылық кеңестің рөлін арттыру туралы ұсыныстарын айтты. Талдықорған қаласындағы №12 орта гимназия мектебінің орыс тілі мұғалімі Е. Филимонова мұғалімнің мәртебесі және мұғалімдердің кәсіби дамуы туралы өз пікірін білдірді. Агротехникалық колледждің 3 курс студенті Н. Бабажан білім беру сапасы, студенттік жатақханалардың жай-күйі мен Жастар жылына арналған студенттердің ұсыныстарын жеткізді. «Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа Жолдауы жастар үшін ерекше маңызды. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет жастар жылы жарияланып отыр. Жетісу жастары 2019 жылдың жас ұрпаққа арналатынын мақтанышпен әрі қуанышпен қабылдады. Биыл мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы біздің өңірге ерекше серпін береді деп үміттенеміз», — деді Нұрай Бабажан. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры Қ. Баймырзаев маман даярлау сапасын арттыру және отандық ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттігін арттыру мәселелеріне тоқталды. Айта кету керек, Премьер-Министр жұмыс сапары аясында №28 мектеп-лицейдің АТ-мектебіне де барды, онда өңірде білім беру сапасымен танысты. Жаңа нысан оқу жылының басында пайдалануға берілген, ол 1200 орынға арналған.   Б. Сағынтаев мектептің техникалық жарақтандырылуын тексеріп, бағдарламалау, 3D-дизайн, жобалық қызмет дағдыларына оқытатын мультимедиялық кабинет жұмысымен танысты. Кабинеттер заманауи технологиялармен жарақтандырылған, оқушылардың білім алуына және дамуына барлық қажетті жағдайлар жасалған. Айта кету керек, цифрлық экономикаға жас мамандарды даярлау мақсатында облыста 21 роботты техника кабинеті, 11 АТ-сыныбы және екі АТ-орталығы ашылған. Алматы экономикалық, Талдықорған политехникалық және Талдықорған агро-техникалық колледждерінің базасында АТ-біліктіліктер бойынша үш орталық құрылған. Облыста барлығы 2018 жылы республикалық бюжет есебінен төрт мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, 30 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өткізілді. Қазіргі таңда 22 білім беру нысаны салынып жатыр. Жыл соңына дейін екі мектептің, бір балабақша мен бір музыка мектебінің құрылысы аяқталады.https://primeminister.kz/kz/news/viziti_i_poezdki/poslanie-prezidenta-dlya-rabotnikov-sferi-obrazova... Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/25287?lang=kk
Балабақшалар тәрбиешілерінің еңбек ақылары ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша 30%-дан 50%-ға дейін көтеріледі — Э. Суханбердиева 12.04.2025
Бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте білім және ғылым вице-министрлері Эльмира Суханбердиева және Бибігүл Асылова мектепке дейінгі білім сапасын көтеру шаралары туралы айтып берді. Э. Суханбердиеваның айтуынша, Президенттің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын орындау үшін Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі білімге қатысты бірқатар мәселелерді қарастырып жатыр.   «Біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Жол картасын жасадық. Жұмыс тобы құрылып жатыр. Бірыңғай ұлттық біліктілік тестілеуін енгізу бойынша жұмыстарды бастап жатырмыз», — деді вице-министр. Орта буын педагогтарына арналған біліктілік тестілеуі әзірленіп қойғанын айта кету керек. Сонымен қоса, биыл маусым айында 56 910 педагог сол тестілеу бойынша аттестаттаудан өткен. Тестілеуден және екінші кезеңнен өткен мұғалімдер 1 қыркүйектен бастап жаңа жалақы алып жатыр. Келесі тестілеу 2018 жылы қарашада өтеді. Тәрбиешілер үшін де осындай ұлттық біліктілік тестілеуін енгізу жоспарланып отыр. «Біз жалақы деңгейін көтеру туралы айтып отырмыз. Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижелері бойынша 30%-дан 50%-ға дейін қосымша төлемақы енгізіледі. Яғни, бұл тек тәрбиешілердің ғана емес, балабақша меңгерушілері мен әдіскерлерінің де жалақысына қатысты», — деді Э. Суханбердиева.  Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова тапсырма бойынша 2023 жылға қарай жалпы біліп беру саласына жұмсалатын шығындар біршама арттырылатынын айтты. «Бізге бөлінетін қосымша қаржының арқасында, 2019 жылдан бастап балабақша тәрбиешілерінің, әдіскерлері мен меңгерушілерінің жалақысы өседі. Педагогтардың мәртебесі туралы заңды әзірлеу аясында мектеп директорлары мен директорлардың орынбасарларының жалақысын көтеру қарастырылып отыр. Сонымен қатар, педагогтарды қолдау мақсатында сыныпқа жетекшілік еткені және дәптерлерді тексергені үшін жалақыны үш есеге дерлік арттыру қарастырылуда. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді», — деді Б. Асылова.https://primeminister.kz/kz/news/obrazovanie/vospitatelyam-detsadov-po-rezultatam-natsionalnogo-test...Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/25264?lang=kk
ҚР БҒМ педагогтерді мектептерде қолайлы психологиялық жағдай жасауға оқыту бағдарламасын әзірлеуде 12.04.2025
Бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен брифинг барысында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева білім берудің жаңартылған мазмұны, психологтардың жұмысы және үш ауысымды мектептер санын азайту туралы айтып берді.   Президент «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауында «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс екенін атап өтті. Вице-министрдің мәлімдеунше, НЗМ тәжірибесін басқа мектептерге тарату 2016 жылы басталған. Орта білім берудің барлық жүйесі жаңартылған мазмұнға көшірілді. «Кезең-кезеңмен көшіріліп жатыр, осыған дейін 1, 2, 5 және 7 сыныптар ауысса, енді 3, 6 және 8 сыныптар көшті. 2021 жылға дейін білім берудің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңмен көшу толықтай аяқталады. Формат толықтай қайта қаралған: мұғалімдер оқытылды, бағалаудың жаңа критерийлік жүйесі енгізілді», — деді Э. Суханбердиева. Сондай-ақ, білім беру вице-министрі мектеп психологтары мәселесін шешудің маңыздылығын атап өтті. Бүгінде олардың саны 7 мыңнан асады. «Бізде мектеп психологтарының мәселесін шешетін жеке топ құрылады. Бұл өте салмақты мәселе. Психологтардың жүктемесі ауыр. Нормативтер бойынша бізде бір психологқа тұтас бір сыныптан келеді, бұл дұрыс емес. Бүгінде біз нормативтерді қайта қарауды бастадық», — деді Э. Суханбердиева. Вице-министр Алматыда бір психологқа 708 оқушыдан келетінін, ал Астанада бұл көрсеткіш 1200 оқушыны құрайтынын айтты. «Қазіргі таңда біз курстарды ұйымдастыру үшін қаражат бөліп жатырмыз, шетелдік сарапшыларды тартып, педагогтерді дұрыс әрі сауатты оқытуға үлкен бағдарлама дайындаймыз, осылайша мектептерде жақсы психологиялық ахуал орнауына жағдай жасаймыз», — деді Э. Суханбердиева. Мемлекет басшысы өз Жолдауында білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары мейлінше сезіліп отырған  өңірлер үшін Үкіметке 2019–2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырды. Білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова үш ауысымды мектептер мәселері 7-10 жыл ішінде шешілетінін айтты. «Республикалық бюджетте құрылыс үшін айтарлықтай қаражат бөлінеді, алайда демографиялық өсім мен ірі агломерациялардың дамуы есебінен үш ауысымдағы мектептер мәселесі, әсіресе қалалық жерлерде сақталып отыр», — деді Б. Асылова. Оның айтуынша, Алматы облысында үш ауысымдағы мектептердің саны салыстырмалы түрде көп. Үш жылдық кезеңге бөлінген қаражат аясында Алматы облысында 2 мектеп салу жоспарланып отыр.https://primeminister.kz/kz/news/obrazovanie/minobrazovaniya-razrabativaet-programmu-obucheniyapedag...Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/25262?lang=kk
Жол картасында мектепке дейінгі тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау шаралары қарастырылады — ҚР БҒМ 12.04.2025
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев білім беру жүйесінің өзекті мәселелері, Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауында мектепте, мектепке дейінгі және жоғары оқу орындарында білім беру сапасын арттыру туралы берген тапсырмаларын ведомство қалай шешуді жоспарлайтыны туралы баяндады. Биыл 5 қазанда Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында елімізді жаңғыртудың жаңа кезеңінде қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған бірқатар өзекті мәселелерді қозғады. Олардың қатарында — мектептегі және мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдағы педагог мәртебесі мен рөлін арттыру, мектептердің құрылысын елді мекендерді дамыту жоспарларымен ұштастыру және т.б. Мектепке дейінгі тәрбие және білім беруБілім және ғылым министрі Е. Сағадиев мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында 3–6 жас аралығындағы балалар 93% қамтылғанын айтты. Балабақшаларға жолдама берудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Бүгінде республика бойынша 69,5% автоматтандырылған. Балабақшалардың 58%-ында бейнебақылау камералары орнатылған.   «Елбасы үш жыл ішінде бүкіл мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етуді тапсырды. Министрлік өз тарапынан ай сайын мониторинг жүргізіп, ақпаратты жариялап отырады», — деді Е. Сағадиев. Мектепке дейінгі білім сапасын жақсарту үшін балабақшадағы педагог мамандардың білім сапасын арттыру қажет. Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әкімдіктермен бірлесіп, биыл Жол картасы бекітіледі, онда мектепке дейінгі тәрбиешілердің біліктілігін арттыру, бірыңғай біліктілік талаптарын енгізу шаралары қаралып, еңбек ақысын төлеу жүйесі қайта қарастырылатын болады. Орта білім беруде, министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Педагог мәртебесі туралы» заң әзірленеді. Заңда педагогтардың әлеуметтік мәртебесін көтеру, оқу жүктемесін қысқарту, қажетсіз тексерулерден қорғау нормалары қарастырылады. Заңды 2019 жылы бекіту жоспарланған. Биыл осы заң әзірленіп, қоғамдық талқылау процесінен өтетін болады.Орта білім беру Е. Сағадиевтің айтуынша, апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту мәселелерін шешу мақсатында бүгінде республика бойынша 60 мектеп салынып жатыр. 11 мектептің құрылысына республикалық бюджеттен қаражат қарастырылған, республикалық бюджет есебінен 27 мектеп салынуы тиіс — ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, аталған мектептер мен жаңа үш ауысымды мектептер бойынша апта ішінде ұлттық база толықтай қалыптастырылады. 50 млрд қаражат ең алдымен осы мектептерге жұмсалатын болады. Білім және ғылым министрінің айтуынша, қалған үш ауысымды мектептер жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынуы тиіс. «Елбасы тапсырмасының аясында мектеп салу процесін “7-20-25” және “Нұрлы жер” тұрғын үй салу бағдарламаларымпен сәйкестендіру қажет. Осыған орай өңірлер жаңа тұрғын-үйлерді мектептермен қамтамасыз ету нормаларын енгізуі және жекеменшік компанияларға мектептерді салу үшін жеңілдікпен несие беру жүйесін қарастыруы қажет», — деді Е. Сағадиев. Мектептердегі психологтар санын ұлғайтып, олардың біліктілігін арттыру мақсатында ҚР БҒМ шетелден мамандарды тарту арқылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізді. Жұмыс әрі қарай жалғасын таппақ, Министрлік бірыңғай бағдарлама дайындайды. Бұдан өзге ұлттық тестілеу енгізіледі, барлық облыста психологтардың біліктіліктерін арттыру курстары өткізіледі. Бұған қоса, аттестациялаудың жаңа жүйесі мен кәсіби құзыретіне байланысты тест алуы арқылы педагог-психолог мамандардың еңбекақысы мен санатын арттыруды қарастыру көзделген. Биыл жаңа жүйе әзірленіп, Үкіметтің қарауына жіберіледі.   Сонымен қатар, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев отырыс барысында қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары туралы баяндады. ҚР БҒМ мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда балалардың 70% жаңартылған бағдарламалар бойынша білім алып жатыр. Ата-аналар бәрін жақсы түсінеді, мұғалімдер жұмысқа дайын. Сондай-ақ, электрондық оқулықтарды енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кейбір пәндердің оқулықтары электронды нұсқасында бар, оларды оқушылар белсенді түрде қолданып жүр. ҚР БҒМ жоспары бойынша, екі жыл ішінде мектептердің 100% электронды оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Бұған қоса, оқушыларға қолайлы жағдай жасай үшін мектептерде шағын шкафтар қою мәселесі пысықталып жатыр. Мәселені қарау барысында өңірлерде білім беру сапасын арттыру, инфрақұрылымды жақсарту, үш ауысымда оқытуды азайту және жаңа мектептер салу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев, Алматы облысының әкімі А. Баталов, Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов, Атырау облысының әкімі Н. Ноғаев, Түркістан облысының әкімі Ж. Түймебаев, Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов баяндады.https://primeminister.kz/kz/news/zasedanie-pravitelstva-rk/dorozhnoi-kartoi-budut-predusmotreni-meri... Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/25261?lang=kk
Қазақстанда алғаш рет IEA Бас Ассамблеясының съезі өтеді: Білім жетістіктерін бағалаудың халықаралық ассоциациясы сарапшылары Астанада кездеседі 12.04.2025
2018 жылдың 7-12 қазан аралығында Астана қ. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі әлемнің 47 мемлекетінен келетін Білім жетістіктерін бағалаудың халықаралық ассоциациясы IEA (International Association for the Evaluation of Educational Achievement) (Ары қарай IEA) өкілдерін күтуде. Кездесу барысында 9-қазанда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжегалиевич Сағадиев мырза және IEA бас директоры Дирк Хастед мырза білім берудің өзекті мәселелері жайында өз ойларын білдірмек. Др.Хастед Астанадағы IEA мүшелерімен Бас Ассамблеяда кездесуді асыға күтетінін және ҚР Білім және Ғылым министрлігінің көмегімен өткізілетін бұл отырыс білім беруді зерттеу және бағалау сарапшыларының керемет жиыны болмақ екендігін айтты.   2017 жылы Қазақстан IEA Бас Ассамблеясының 59-шы съезін өткізуші мемлекет ретінде таңдалды. Осыншама ауқымды іс-шара Орталық Азияда алғаш рет орын алмақ. IEA бастауыш және орта білім берудің сапасын халықаралық бағалаудың тиімді құралы, әрі мемлекеттік білім беру саясатын нығайту бойынша ұсыныс жасауға негіз болатын TIMSS, PIRLS, ICILS, ICCS, LaNA секілді халықаралық зерттеулерді жүзеге асырады. Қазіргі уақытта IEA мүшелеріне 67 мемлекет және білім беру жүйесі кіреді.   IEA Бас Ассамблеясында IEA сарапшылары ағымдағы және алдағы жобаларды және білім беру жетістіктерін бағалау технологияларын талқылау, зерттеу нәтижелерін қолдану бойынша тәжірибе алмасу, қатысушы мемлекеттерді қолдау және IEA зерттеу институттары ара-қатынасын нығайту мақсатында жиналады..  Бұл іс-шараны өткізу мүмкіндігіне Қазақстанның TIMSS математика және жаратылыстану білім сапасын бағалау зерттеуінің үш кезеңіне (2007, 2011, 2015) қатысуы да септігін тигізді. Осылайша, TIMSS-2015 бойынша Қазақстандық 8-сынып оқушылары Канада және Ресей секілді мемлекеттермен сәйкес нәтиже көрсетіп, алдағы 10 үздіктер қатарына енді. 2016 жылдың сәуір айында еліміз 4-сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалайтын халықаралық зерттеуіне (PIRLS) қатысып, 27-орынға ие болды. Сонымен қатар, 2018 жылы Қазақстан 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын бағалауға бағытталған, жаңа форматтағы ICILS зерттеуіне қатысып, 2020 жылы жарияланатын ұлттық есепті дайындауда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/25260?lang=kk
Үкіметте Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын орындау мәселелері қаралды 12.04.2025
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен Президент Әкімшілігінің басшысы Ә. Исекешевтің қатысуымен Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында аталған тапсырмаларды орындау мәселелері бойынша ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев отырысты аша отырып, Мемлекет басшысының бүгін жарияланған Жолдауы халық арасында үлкен қолдауға ие болып жатқанын айтты. Үкіметтің негізгі міндеті — таяу келешекте аталған міндеттерді іске асыру; өңірлерге бөлінетін қаражаттардың жеткілікті көлемі; қажетті шешімдерді жылдам қабылдау. Халық бүгін аталған тапсырмалардың орындалуын күтпеуі керек, халық атқарылған жұмыстың нәтижесін көруі керек.ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Ә. Исекешев Мемлекет басшысы өз Жолдауында Үкімет қызметінің басты басымдығы ретінде қазақстандықтардың әл-ауқатын анықтағанын еске салды. Ол екі құрамдауыштан тұрады: халық кірісінің өсімі мен әлеуметтік қызметтер сапасынан, өмір сүруге жайлы орта мен қауіпсіздіктен тұратын өмір сапасының артуы. Бұдан өзге, Президент қыс мезгіліне, егін жинау науқанына, азық-түлік өнімдері мен көмір бағасының негізсіз өсу жағдайына және қоғамдық-саяси жағдайдан көрінетін қазақстандықтардың көңіл-күйіне қатысты басқа да мәселелерді бақылауда ұстайтын болады.  Өз кезегінде бейінді үкімет мүшелері Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі жоспарлары туралы баяндады. Кірістер деңгейін арттыру Ең алдымен халық кірісінің деңгейін арттыру шаралары қабылданады. Мәселен, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен жалақы 1,5 есеге арттырылып, 28 мың теңгеден 42,5 теңгені құрайтын болады. Бұның нәтижесінде 1,3 млн азаматтың еңбекақысы өседі. Бұдан өзге, 275 мың азаматтық қызметкердің еңбекақысы орта есеппен 35%-ға арттырылады. Бұл білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова Мемлекет басшысының ең төмен жалақы мөлшерін 1,5 есеге 42,5 мың теңгеге дейін арттыру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап «2019–2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңының жобасына тиісті өзгерістер енгізілетінін айтты.«Ең төменгі жалақы мөлшерін айқындау әдістемесі өзгеретін болады, ол ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланыспайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін 275 мың азаматтық қызметкердің еңбекақысы арттырылады. Олар үшін жалақы өсімі орта есеппен 35% құрайды», — деді М. Әбілқасымова.Бұдан өзге, ең төменгі жалақының артуына байланысты жұмыспен қамтылған халықтың салық жүктемесі азайып, барлық жалдамалы жұмыскерлердің табысынан салықтық шегерімдер ұлғаяды. 6 млн-нан астам жалдамалы қызметкердің салық жүктемесі төмендетіледі. Жалпы алғанда, ең төменгі жалақының өсуі экономиканың барлық секторларында төмен жалақы алатын 1,3 млн адамның еңбекақысының өсуіне әкеледі. Білім беру сапасын арттыру  Аталған салаларда жұмсалатын шығындардың тиімділігін арттыруға ден қоя отырып, білім беру мен денсаулық сақтауды мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту жөніндегі жұмыстар жалғасады. Президент 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 7,4%-дан 10%-ға дейін жеткізу туралы міндет қойды. Бұдан өзге, педагогтердің мәртебесін арттыру, жаңа мектептер салу, сондай-ақ, учаскелік медицина қызметкерлерінің еңбекақысын 20%-ға біртіндеп арттыру, денсаулық сақтау саласын цифрландыру және Астанада жаңа ғылыми онкологиялық орталықты салу шаралары қабылданады. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектеп және мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту үшін ҚР БҒМ әкімдіктермен бірлесе отырып, мектепке дейінгі білім беретін тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және бірыңғай біліктілік талаптарын енгізуді қамтитын Жол картасын дайындайтынын айтты.«Мектепте бұл іс басталып кетті. Биыл ұлттық біліктілік сынағы енгізілді. Аттестациялау нәтижесінде 34 мыңнан астам мектеп мұғалімі сәйкес біліктілік санаттарына ие болды. Бұл ұстаздарға қосымша төлем 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап төленіп жатыр. Жалпы, қосымша төлем мұғалім санатына қарай 30%-дан 50% аралығында өзгереді», — деді білім және ғылым министрі.Білім беру саласы кесте бойынша халықаралық стандарттарға көшіп жатыр. 2019–2020 жылдары барлық бағалау жүйесі PISA, SAT, AST стандарттарына көшірілмек.Бұдан өзге, мектептердегі оқушы орнының тапшылығын азайту жұмысы жалғасын табады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептер мен балабақшаларды 100% бейнебақылау камераларымен қамту шаралары қолға алынады. Шамамен 4 мың бейнебақылау камерасы сатып алынбақ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Педагог мәртебесі туралы» заң әзірленеді. Заңда педагогтың әлеуметтік мәртебесін көтеретін стимулдар, оқу жүктемесін азайту, қажетсіз тексерістерді азайту мәселелері көрініс табады. Сондай-ақ, Е. Сағадиев жоғары оқу орындарында оқыту сапасына қойылатын талаптар әрі қарай күшейетінін жеткізді. Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру Медициналық қызметтерді ұсынудың маңызды буыны — емханалар мен амбулаториялар деңгейіндегі алғашқы көмек. Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында барлық учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы сатылай 20%-ға артатынын айтты. Яғни, бұл — 10 мыңнан аса учаскелік дәрігер мен 30 мың медбикенің жалақысы жаңа әдістерді меңгеру деңгейіне қарай келесі жылдың соңына дейін өседі деген сөз. Бұл мақсатқа 5 млрд теңге бөлінеді. Бұл медициналық көмектің сапасын жақсартуға, негізгі аурулар кезінде асқынулар мен ауруханаға жатқызу санын азайтуға, сондай-ақ балалар мен жүкті әйелдерге сапалы медкөмек көрсетуге мүмкіндік береді.  Сонымен қатар, биыл қағазсыз денсаулық сақтау жүйесіне көшу бойынша пилоттық жоба аяқталуда. Жоба пилоттық ұйымдардың 92%-ында жүзеге асты. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар толығымен қағазсыз медициналық құжаттармен жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа, 2020 жылға қарай халықтың 100%-ы электронды паспортпен қамтылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астанадағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың жаңа тұжырымдамасы әзірленді. Орталық құрылысы Астанадағы қолданыстағы медициналық кластер нысандарының бірінде тұрғызылмақ. Бұл орталықты болашақта Медицина мектебі мен Назарбаев университетінің ғылыми орталықтарымен интеграциялауға мүмкіндік береді. Онда онкологиялық ауруларды анықтау мен емдеуге, оның ішінде ядролық медицинада, протон терапиясында, радиохирургияда, жасушалық иммунотерапияда қолданылатын заманауи технологияның бәрі болмақ. Құрылыс жұмыстары биыл басталады. Индустрияландырудың жаңа жолдары Мемлекет басшысының азаматтардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмалары тікелей жалақыны өсірумен ғана шектелмейді. Мультипликативтік әсер есебінен экономикалық өсімнің болуы да халықтың атаулы табысының өсуіне ықпал етеді. Осылайша, Үкімет ұзақмерзімді перспективада ЖІӨ өсімінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде шикізаттық емес экспортты дамытуға қосымша ынталандыруды қамтамасыз етеді. Өңдеу өнеркәсібінің экспортқа бағытталған тиімді өндірушілерін мақсатты қолдауға көшу жүзеге асырылатын болады. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек экономикаға қосылған құнды одан әрі ұлғайту, экспортқа бағытталған өндірістік процестерді арттыру, адам әлеуетін және өмір сүру сапасын жақсартып, аймақтық және жаһандық тұрғыда ел экономикасының интеграциялануы жайлы баяндады.Индустрияландыру жұмысын жандандыру үшін қысқа және ұзақ мерзімді жаңа тәсілдер жасалды. Тауарлардың шығарылған қоржынын одан әрі «күрделендіру» және сыртқы нарықтарға шығу ауқымын кеңейту басты басымдық болмақ. Өнеркәсіпті «цифрлық дәуірге» дайындау үшін қажетті инфрақұрылым мен стандарттар, «модельдік зауыттар» құрылады. Өнеркәсіпті цифрландыру біздің кәсіпорындардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігінің негізгі құраушыларының бірі болады. Сондай-ақ, экспорттаушыларға кешенді қаржылық және жалпылай қолдау көрсету ісі нығаяды. Алдағы үш жылда бұл мақсатқа 500 млрд теңге бөлінеді. Экспортты қолдаудан күтілетін әсерлер арасында: шикізаттық емес экспорттың 2022 жылға дейін 1,5 есе өсуі, 2022 жылға қарай шикізаттық емес экспорттың ЖІӨ-нің өсуіне жылдық үлесі 5 п.т. дейін ұлғаяды, сондай-ақ экспортқа бағытталған кәсіпорындар санының өсуі (450-ге дейін). Сапалы және қолжетімді тұрғын үй Президент Жолдауында айтылған тұрғын үй құрылысын дамытуды қолдау туралы тапсырмаларын орындау көптеген азаматтарға өздерінің өмір сүру жағдайларын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді және ел экономикасын дамытуға қосымша серпін береді. Бұл — жаңа жұмыс орындарының құрылуы және құрылыс саласының дамуы, отандық индустрия және тиісті салалардың дамуы (жиһаз, тұрмыстық техника, жабдықтар шығару). Сапалы және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында алдағы бес жылда 650 мыңнан астам (76,6 млн шаршы м) тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл — шамамен 2 млн адамды тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Алдағы бес жылда «7–20–25» бағдарламасы аясында шамамен 103 мың адам тұрғын үй иесі атануы мүмкін. Осы бағдарлама аясында әкімдіктерге жергілікті бюджеттен бастапқы жарналарды ішінара субсидиялау механизмін әзірлеу тапсырылды. Яғни, жас отбасылар мен бюджеттік саланың қызметкерлеріне бастапқы жарнаның жартысын өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұдан басқа, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүйесі арқылы 71 мың әскери және құқық қорғау органдары қызметкерлерін үймен қамтамасыз етуге арнайы ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Министр Ж. Қасымбектің айтуынша, мемлекеттік қаражатқа 20 мың жалға берілетін және 56 мың несиелік тұрғын үй салынады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін жүзеге асыру үшін Үкімет жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды 25 млрд теңгеден 35 млрд теңгеге дейін ұлғайтады. Сондай-ақ, Үкімет салынып жатқан үйлерді желілерге қосу үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 100 млрд теңгеге дейін қаржы салу мәселесін қарастыруда. Бөлінген қаражат ауылдардың 80%-ын сапалы сумен қамтамасыз етеді және ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсартады. Бизнес және инвестициялық ахуалды жақсарту Үкімет Мемлекет басшысының бизнес-ортаны жақсартуға байланысты тапсырмаларын толық әрі уақытылы орындау жөнінде шаралар қабылдайды. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысы барысында «Бизнестің жол картасы–2020» мемлекеттік бағдарламасын одан әрі іске асыру үшін жыл сайын шағын және орта бизнесті дамыту аясында қосымша 30 млрд тг қарастырылатын болады деді. Қазірге дейін 4 мың жобаны қамтитын жаңа пул жасалды. Субсидиялар тікелей «Даму» КДҚ операторы арқылы берілетін болады.Жаңа жобаларды қолдау қосымша 22 мыңға жуық жұмыс орнын құруға және 3 трлн теңгеге өнім шығаруға мүмкіндік береді. Т. Сүлейменовтың айтуынша, бәсекелестікті дамыту мен монополияға қарсы жұмыс бойынша ТКШ тұрғысынан ұсыныстар Парламент қарауында жатқан (ҚР ИДМ заң жобасы) ТКШ мәселелері жөніндегі заң жобасы аясында іске асырылады. ҚР ҰЭМ көлеңкелі айналымды жоюға қатысты ERP-жүйелерді және «кэшбектерді» пайдалану, қолма-қол ақшасыз төлемдерді ескермеу бойынша бірқатар түзетулер әзірледі. Жыл соңына дейін бизнес ортаны дамыту мен сауда қызметін реттеуді жетілдіру жөніндегі заң жобасы аясында шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізу бойынша қажетті өзгерістер ескерілетін болады. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту Үкімет Мемлекет басшысының еңбек өнімділігін және өңделген өнім экспортын 2,5 есеге арттыру туралы тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстарды қолға алды. Осылайша, Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өзектілендірілген мемлекеттік бағдарламасы аясында саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны технологиялық қайта жарақтау бойынша қажетті шаралар қабылданатын болады. Осы мақсаттарға қосымша жыл сайын кемінде 100 млрд теңге бөлініп отырады, бұл агроөнеркәсіптік кешен алдына қойылған міндеттерді толық іске асыруға мүмкіндік береді. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысының Жолдауындағы бастамалар мемлекеттің агросектордағы рөлін жаңа сапалы деңгейге шығаратынын атап өтті.«Бүгінде мемлекет тарапынан агросекторды мемлекеттік қолдау іс жүзінде бюджетте қарастырылған қаржылардан тұрады – 240 млрд теңге және көктемгі егіс жұмыстарына – 60 млрд теңге. Бүгін Мемлекет басшысы Үкіметке жыл сайын республикалық бюджеттен 100 млрд теңге және Ұлттық банктен бөлінетін 600 млрд теңгеден ауыл шаруашылығы квотасына 200 млрд теңге бөлуді тапсырды. Яғни, ауыл шаруашылығы саласына көрсетілетін мемлекеттік қолдау екі есеге артуда», — деді Ө. Шөкеев.Ө. Шөкеев енді АШМ алдында тұрған міндет осы қаражаттарды тиімді пайдаланып, басқа ресурстардың секторға жұмылуының қозғаушы күші ретінде әрекет етуінде екенін атап өтті. Яғни, осы 300 млрд теңге АӨК саласына көптеп қаражат тартуы керек. Бұл үшін Мәжіліс депутаттарымен бірге жаңа қаржы құралдарын қарастыратын заңнамалық актілерге түзетулер әзірленді. Бұл — аграрлық қолхаттарды енгізу, аграрлық сақтандыруды жетілдіру, сондай-ақ кредиттік серіктестіктер жүйесін дамыту. Осы құралдарды іске асыру үшін заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістер пакеті қалыптастырылды. Ол қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауында. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аталған заң жобасын жылдың соңына дейін қабылдау жоспарланып отыр.Субсидиялау жүйесін өзгертуге қатысты жұмыстар жүргізіледі. Тиімсіз субсидиялар қысқартылады. Ал қалған субсидиялар барынша жеңілдетіліп, жылдың соңына дейін толық автоматтандырылады. Реформалау қорытындысы бойынша 54 субсидияның орнына 34 субсидия түрі қалады. Аграрлық ғылым мен білімді бизнестің қажеттіліктеріне бағыттай отырып, реформалау және технологияларды трансферттеу шаралары қолға алынды. Үш бағытта жұмыс істеліп жатыр, олар – білім, ғылым және білім тарату жүйесі. Аграрлық білім берудің сапасын жақсарту мақсатында үш аграрлық оқу орны білікті мамандар даярлау ісіне жұмылдырылып жатыр. Оларға Назарбаев университетінің үлгісімен әлемдік озық жоғары оқу орындарының стандарттары енгізіледі және шетелдік оқу орындарының франшизалары тартылады. Нәтижесінде АӨК субъектілерін1,5-2%-дан 20-25%-ға дейін қамту көзделген. Өңірлерді тұрақты дамыту Мемлекет басшысы елімізді аумақтық дамытудың жаңа тәсілдерін енгізуді тапсырды. ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов атап өткендей, қазіргі уақытта Министрлік Экономикалық зерттеулер институтымен, сондай-ақ белгілі ғалымдар тобымен бірлесіп, әлемдік тәжірибені зерделей отырып, еліміздің аумақтық-кеңістіктік ұйымдастырылуын жетілдіру жөнінде талдамалық зерттеу жүргізіп жатыр. Аталған зерттеу еліміздің 2030 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының жаңа болжамды схемасын әзірлеуге негіз болмақ. Ол 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін Президент Әкімшілігінің қарауына жіберілетін болады. Болжамды схеманы сапалы іске асыру үшін 2019 жылғы 1 қарашаға дейін Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы әзірленетін болады. Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, жергілікті инфрақұрылымды дамыту басымдық болмақ: энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау және су тарту, жергілікті жолдар. 2018 жылы республикалық бюджеттен осы мақсаттарға 332 млрд теңге бөлінді. Өңірлерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтау – 100%, ауылдардағы орталықтандырылған сумен жабдықтау – 80%-ды құрайтын болады. Аумақтық дамудың жаңа тәсілдері қалалар мен шалғай аудандардағы өмір сүру сапасын арттырады, сондай-ақ өңірлік экономиканың дамуын ынталандырады. Президенттің тапсырмаларын қаржылық қамтамасыз ету Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов Ұлттық экономика министрлігінде Жолдауда айтылған міндеттерді орындауға қажетті, оны іс жүзінде жүзеге асырудың, қаржылық қамтамасыз етудің тетіктері және заңнамалық шараларға қатысты нақты жоспары бар екенін атап өтті. Соған орай, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды әзірлеу жұмыстары басталды. Өз кезегінде қаржы министрі Ә. Смайылов білім беру мен денсаулық сақтау салаларын осы салаларда шығындардың тиімділігін арттыруға баса көңіл бөле отырып, мемлекеттік қолдауды кеңейту бойынша жұмыстар жалғасатынын айтты. Бес жыл ішінде барлық қаржы көздерінен білім беру мен денсаулық сақтауға шығындарды ЖІӨ-нен 7,4%-дан 10%-ға дейін арттыру міндеті жүктелді. Ең төменгі жалақы көлемін өсіруді іске асыруға жыл сайын 96,3 млрд теңге бағытталатын болады. Оның ішінде 85,8 млрд теңге тікелей 275 мың азаматтық қызметкердің жалақысын көтеруге жұмсалады. Ал 10,4 млрд теңгесі — салықтық шегерулердің артуына байланысты өңірлердің табыс бөлігінің шығындарының орнын толтыруға бағытталады. Олар ЖАО-ға мақсатты трансферттер түрінде жеткізіледі. Нәтижесінде, жалпы экономика бойынша жалақыны өсірумен 1,3 млн адам қамтылады. Өңдеу өнеркәсібі мен экспортты қосымша қаржыландыру 500 млрд теңге көлемінде іске асырылады. ШОБ-ты дамытуды мемлекеттік қаржылық қолдаудың жалпы көлемі 2019–2021 жж. 206,4 млрд теңгені құрайды.«Үш жылдық бюджет аясында білімге жұмсалатын шығындарды биыл 456,3 млрд теңгеден 2021 жылы 752,1 млрд теңгеге дейін немесе 65%-ға арттыру жоспарланып отыр. Осы кезеңде денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындарды 24%-ға, 1076,2 млрд теңгеден 1339,1 млрд теңгеге дейін өсіру көзделген», — деді Ә. Смайылов.Мемлекет басшысының салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу шегі бойынша тапсырмасын орындау үшін Қылмыстық кодекстің 3-бабына заңды тұлғалардың бюджетке 20 000 АЕК (48,1 млн тг) бастап 50 000 АЕК (120,2 млн тг) дейінгі көлемдегі салықты және/немесе басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруынан болған зардаптың шекті деңгейін көтеру бойынша өзгерістер енгізілетін болады. Қаржы министрі атап өткендей, салық амнистиясы бойынша Мемлекет басшысы 01.01.2019 ж. бастап шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырды.Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауды қаржылай қамтамасыз етуге бюджеттік мүмкіндіктер есептелді. Шығыстардың басқа бағыттарын және бұған дейін қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді оңтайландыру қажет емес. Алдағы үш жылда 1 триллион 226 млрд тг қаражат бағытталады. Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев өз баяндамасында Ұлттық банктің бүгін ҚР Президентінің Жолдауында айтылған барлық тапсырмаларды орындайтынына сендірді.«Ұлттық банк Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын орындайды және бағаның тұрақтылығы мен қаржы нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салады. Инфляцияның төмендеуі – бұл несие бойынша мөлшерлемлерді төмендету, халықтың нақты табысын көтеру және экономикадағы барлық шығындарды төмендету үшін басты фактор. Үкіметтің, Ұлттық банк пен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысы биыл инфляцияны белгіленген мақсатты дәлізде ұстап тұруға мүмкіндік береді деп санаймыз», — деді Д. Ақышев.Ұлттық банк төрағасы бағаның өсуіне жол бермеу бойынша жоспарланып отырған шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар Д. Ақышев Ұлттық банк «7–20–25» бағдарламасын іске асыру белсенділігін ұлғайтып жатқанын жеткізді. Бағдарлама іске асырыла бастаған екі айдың ішінде банктер 25 млрд теңгеге несиелерді мақұлдаған. Президентке баяндалғандай, қазірге дейін азаматтардың 2 мыңнан астам өтінімі мақұлданды. Отырыс барысында ішкі істер министрі Қ. Қасымов ІІМ жүйесін реформалау жоспарлары туралы баяндады. Ұйымдастырушылық-штаттық құрылымды оңтайландыру, басқарушылық артық буынды және жекелеген басшылық лауазымдарды қысқарту жұмыстары басталды.«Жеке құрамның штат саны қайта қаралатын болады, оларды 10%-ға қысқартуды жоспарлап отырмыз, бұл шамамен 9000 полиция және 1600 – ҚАЖК. Бюджет қаражатының қалыптасқан үнемін қызметкерлердің лауазымдық жалақыларын арттыруға пайдаланамыз», — деді Қ. Қасымов.Ішкі істер министрінің айтуынша, сондай-ақ жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің, учаскелік полиция инспекторларының және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторлардың тұрғын үйді жалға алуы үшін өтемақы төлеуді қарастыру қажет.Бұдан өзге, реформалау аясында: ІІМ-ді өзіне тән емес функциялардан босату, қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту, азаматтық қорғау органдары құрылымын жетілдіру бойынша шараларды іске асыру көзделген. Бұл жерде мемлекеттік мекемелердің санын 54-тен 20-ға дейін оңтайландыру жоспарда бар. Сапаны арттыру мақсатында ведомстволық білім беру жүйесін реформалау және кадрларды іріктеу жүйесін қайта қарау жоспарланған.«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті жоспарлар мен жүйелік шаралар туралы, Президенттің жаңа Жолдауы аясында қазақстандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық бағдарлануын арттыру шаралары жөнінде айтып берді. Мәселені қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бірқатар нақты тапсырмалар берді. Осылайша, Жолдаудың барлық бағыттары бойынша іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспары дайындалады. Ұлттық экономика министрлігіне Үкіметке Елбасы жолдауын іске асыру жөніндегі жалпы ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы тиісті қаулы жобасын енгізу тапсырылды. Президенттің әрбір тапсырмасына жекелей жетекші тағайындалуы керек, оны іске асырудың нақты мерзімі белгіленіп, қатаң бақылау жасалуы керек. Енді Мемлекет басшысының Жолдауын өңірлерде түсіндіру жұмыстары басталады. Бұдан өзге, 20 қазанға дейін Жолдауды ақпараттық қолдау мақсатында Үкімет мүшелерінің басшылығымен мемлекеттік органдардың және түрлі ұйымдардың өкілдерінен тұратын республикалық ақпараттық топтардың өңірлерге сапарлары жоспарланып отыр. Әкімдер ақпараттық топтармен кездесулерді өткізуге дайындық жүргізуі керек. Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, орталық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында Жолдауға қатысты ақпараттарды жариялау тапсырылды.«Адамдар Мемлекет басшысының алға қойған әрбір тапсырмасының маңыздылығын және оны іске асыру кезеңдерін түсінуі керек», — деді Бақытжан Сағынтаев.https://primeminister.kz/kz/news/zasedanie-pravitelstva-rk/v-pravitelstve-rassmotreli-voprosi-ispoln... Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/25257?lang=kk
Б. Сағынтаев неміс сарапшыларымен қосарлы білім беру жүйесін жетілдіру жөнінде кездесу өткізді 12.04.2025
Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Германиядан келген сарапшылармен кездесу өткізді, олардың қатарында: Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс тобының тең төрағасы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан республикаларындағы КНАУФ компаниясының маркетинг және өткізу жөніндегі директоры Д. Пропп, Орталық Азиядағы Германия экономикасы төрағалығының басшысы, ҚР-дағы Германия экономикасы одағының төрағасы Р. Брайтнер бар.Кездесу барысында кадрларды дайындау мен қайта даярлаудың тиімділігі жоғары бәсекеге қабілетті жүйесін одан әрі жетілдіру, қосарлы білім беруді іс жүзінде енгізу, өндірістегі жетекшілердің біліктілігін арттыру және жалпы Қазақстандағы кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту арқылы Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері талқыланды. Шетелдік сарапшылар Германиядағы кәсіптік білім беру саласындағы тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Бонн қаласының Кәсіптік білім және оқыту федералдық институтының ғылыми қызметкері Х. Л. Кресс қосарлы білім берудің артықтылықтары, оны еліміздің ұлттық экономикасына енгізу мен оның үлесінің тетіктері туралы айтып берді. Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, ұлттық экономика бірінші вице-министрі Р. Дәленов пен «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары О. Ордабаев атынан қазақстандық қатысушылар Қазақстанда қосарлы білім беруді енгізудің қазіргі жағдайы туралы айтып, кәсіптік білім беруді жаңғырту және жоғары білікті мамандарды даярлаудың жаңа деңгейіне көшудің маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталып өтті.Қазақстанда қосарлы білім беру жүйесі 2012 жылдан бастап енгізіліп жатыр. Қазіргі таңда аталған жүйе 80 мамандық пен 165 біліктілік бойынша 31607 студентті қамти отырып, 3055 кәсіпорынның қатысуымен 460 колледжде (70%) (2013 жылы – 176 колледж, 2014 жылы – 280 колледж, 2015 жылы – 348 колледж, 2016 жылы – 421 колледж) енгізілген.https://primeminister.kz/kz/news/all/b-sagintaev-provel-vstrechu-s-nemetskimi-ekspertami-po-voprosam... Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/25255?lang=kk
Бақытжан Сағынтаев жоғары білім беруді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді 12.04.2025
Кеңес барысында жоғары білім беру сапасын арттырудың жаңа тәсілдері, оның ішінде заманауи бағдарламаларды әзірлеу, түлектерді сертификаттау, академиялық адалдық жүйесін енгізу, ЖОО-лардың білім беру бағдарламаларының рейтингісін жүргізу бағыттарына қатысты мәселелер талқыланды. Еліміздің жаңа экономикасына кадрларды даярлау сапасын арттыру жөніндегі шаралар кешені, сондай-ақ, «Академиялық адалдық лигасы» қауымдастығын құруды және барлық жазбаша жұмыстарға «Антиплагиат» жүйесін жаппай пайдалануды қарастырады. Шарада сөз сөйлеген ҚР білім және ғылым министрі Е. Сағадиев жоғары оқу орындарының білім беру үдерісіндегі қазіргі жағдай туралы баяндап, жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін, оның ішінде халықаралық деңгейде арттыруға және мамандарды даярлау сапасын жақсартуға бағытталған шаралар кешенін ұсынды. Сондай-ақ, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е. Сыдықов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ. Мұтанов, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Д. Шыныбеков, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Т. Балықбаев, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Т. Нұрғожин, М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің ректоры Т. Нәрікбаев, Алматы Менеджмент Университетінің ректоры Г. Қорғанбаева және т.б. өз ұсыныстарын білдірді. Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев тиісті мемлекеттік органдарға аталған ұсыныстарды мұқият зерделеуге және осы жылдың соңына дейін бұл мәселе бойынша кезекті кеңесті өткізуге тапсырма берді. Әлемдік және ұлттық тәжірибеде ұсынылатын қызметтердің сапасын мойындаудың жалпы қабылданған рәсімі аккредиттеу болып табылады. Қазақстанда Аккредиттеу агенттіктерінің тізіліміне 8 агенттік кіреді, олардың 5-і — қазақстандық және 3-і — шетелдік. 2018 жылдың қаңтар–маусым айларында білім беру ұйымдарын және білім беру бағдарламаларын аккредиттеу мониторингіне сәйкес 107 ЖОО ұлттық агенттіктерде институционалдық аккредиттеуден өтті, бұл азаматтық ЖОО-лардың жалпы санының 93%-ын құрайды. Мониторинг нәтижесінде 100 қазақстандық ЖОО немесе ЖОО-лардың жалпы санының 87%-ы мамандандырылған аккредиттеуден өтті. Қазақстандық ЖОО-лар әлемдік рейтингтерге белсенді қатысады. Мәселен, 2018 жылы QS WUR рейтингісінде 10 қазақстандық ЖОО анықталған, өткен жылмен салыстырғанда жоғары оқу орындарының саны өскен. Рейтингке қосылған жаңа қазақстандық ЖОО-лар — Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 16 позицияға көтеріліп, «Топ-300»-ге кірді. Білім беру жүйесін цифрландыру аясында 21 ЖОО Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында бұқаралық ашық онлайн курстарды ілгерілету бойынша консорциум құрды. Цифрлық экономикаға кадрларды даярлау мақсатында пилоттық жоба режимінде іске асырылып жатқан 22 білім беру бағдарламасы әзірленді.https://primeminister.kz/kz/news/all/bakitzhan-sagintaev-provel-soveshchanie-po-voprosam-razvitiya-v... Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/25131?lang=kk
Қазақстандық оқушылар Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына 700 жоба ұсынды 04.03.2025
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңін қорытындылады.Конкурстың басты мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, сондай-ақ еліміздің зияткерлік әлеуетін қалыптастыру.Конкурстың қорытынды республикалық кезеңінде 900-ге жуық оқушы бақ сынады, оның ішінде ауылдық елді мекендерден 132 оқушы қатысты. Ауыл оқушыларының білім додасына қатысуы биылғы жылы 112,9 пайызға артып отыр, өткен жылы 62 оқушы қатысқан болатын.Конкурс екі кезеңде өткізілді: жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша.Конкурстың қазылар алқасының құрамында еліміздің беделді жоғары оқу орындарының профессор ғалымдары болды.Марапаттау қорытындысы бойынша 263 оқушы жаратылыстану-математикалық бағытында, 148 оқушы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына 32 ректорлық грант табыс етілді.Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден ең үздік жобалар АҚШ-та (Огайо штаты, Колумбус) 10-16 мамырда өтетін Regeneron ISEF-2024 Дүниежүзілік ғылым және техника көрмесіне Қазақстанның атынан қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/949365
Алматыда «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектебі салынуда 04.03.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасымен «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектептің құрылысы басталды. Бұл жоба Қазақстанның талантты балалары үшін бірегей білім беру ортасын құруға бағытталған. Алматы қаласына жұмыс сапары барысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп құрылысымен танысты.Мектеп 900 оқушы орнына арналған және мұнда балаларға арналған интернат, оқытушылар үйі, кітапхана, спорт кешені қарастырылған. Ол биылғы жылы ашылады деп жоспарланып отыр.Жаңа білім беру ұйымының концепциясы Абай философиясына, оның ішінде «бес асыл іс» идеясына негізделген.«ABAI ULTTYQ MEKTEBI»-нің құрылуы – отандық білім беруді дамытудағы ең маңызды стратегиялық қадамдардың бірі, ол өзінің шыққан тегін жақсы білетін, бірнеше тілді меңгерген және жаһандық сын-қатерлерге төтеп бере алатын зиялылардың жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталады», - деп атап өтті министр.Жобаны жүзеге асырудағы маңызды қадам - «ABAY-Programme» біртұтас білім беру бағдарламасының әзірленуі болып табылады. Ол көптілді, зиялы және ұлттық сипаттағы тұлғаны қалыптастыруға негізделген. Мектеп сондай-ақ еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу орны – Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетімен серіктестік орнатады. Ынтымақтастық аясында «Абай зертханасы» құрылып, ол гуманитарлық білім саласындағы әдістемелік және ғылыми зерттеулер орталығына айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/949089
Қазақстанда 1300 мектепті кезең-кезеңімен реновациялау басталды 04.03.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес таяудағы үш жыл ішінде Қазақстанда 1300-ге жуық мектеп реновацияланады, оның жартысынан көбі (54%) ауылдық жерлерде орналасқан. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жоба қазіргі заманғы білім беру стандарттарына сәйкес келетін тоғыз негізгі бағыт бойынша іске асырылуда. Реновациядан өткізу мектептерді күрделі жөндеу, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту, спорт залдарын салу немесе реконструкциялау, рекреациялық аймақтар мен қоғамдық кеңістіктерді жабдықтау, сондай-ақ жаңа қауіпсіздік жүйелерін енгізу көзделген. «Мемлекет жыл сайын мектеп инфрақұрылымын жақсартуға қаражат бөледі. 2025 жылы жаңарту 262 мектепті қамтиды, оның 141-і ауылдық жерлерде орналасқан. Жаңартылған ғимараттарда 200 мыңға жуық оқушы білім алады», - деп атап өтті инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаева. Жұмыстар аясында шатырды ауыстыру, қасбеттер мен терезелерді жаңарту, инженерлік коммуникацияларды — жылыту, сумен электрмен жабдықтау, кәріз бен желдету жүйелерін күрделі жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ мектеп аумақтарын көркейту және көгалдандыру жүргізіледі. Жоба үш жылға есептелген: 2025 жылы 262 мектеп жаңартылады, 2026 жылы – 436, 2027 жылы – 466. Сонымен қатар 2028-2029 жылдары Жамбыл облысында тағы 67 мектепті жаңарту жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/948063
Қазақстанда «Тілге бойлау» қазақ тілінің бірегей жобасы жүзеге асырылуда 04.03.2025
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының VIII құрылтайына қатысты. Өз сөзінде ол мемлекет тарапынан қазақ тілін оқыту сапасын арттыру және мектептерде қолайлы тілдік орта қалыптастыру мақсатында жасалып жатқан шараларға тоқталды.Өткен жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға ерте жастан мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған «Тілге бойлау» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Министр атап өткендей, бұл инновациялық тәсіл халықаралық тәжірибеге негізделген, балаларға тілді тезірек меңгеруге көмектесіп қана қоймай, олардың оқуға деген ұмтылысын, шығармашылық дамуын ынталандырады. Қазіргі уақытта жоба еліміздің бес өңірінде сәтті жүргізілуде. «Тілге бойлау» жобасы аясында оқулар күн сайын ұйымдастырылады және әртүрлі әдіс-тәсілдерді қамтиды. Әдістің негізгі ерекшеліктерінің бірі - балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталуы. Ол шектемейді, керісінше, әр баланың қабілеттерін ашады, бұл сөйлеуі мен ауызша-логикалық ойлауына оң әсер етеді. Жоба ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып жасалды. Ол осы жылдан бастап мектеп жүйесіне кезең-кезеңімен енгізіле бастайды», — деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев. Білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқыту сапасына ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылы 5,5 мыңға жуық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Алғаш рет 5-8 және 10 сынып оқушылары үшін қазақ тілінен емтихан тапсыру енгізілді, ол оқу бағдарламасын тереңірек меңгеруге және бекітуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/948717
Оқу-ағарту министрі Алматы қаласының педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушыларымен және студенттерімен кездесті 04.03.2025
Алматыға жұмыс сапары барысында Ғани Бейсембаев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және үздіксіз педагогикалық білім берудің маңыздылығына басымдық берілді. «Мемлекет педагогикалық мамандықтарға білім беру гранттарының санын арттыруда. Биыл ЖОО-на педагогикалық мамандыққа 48 мың студент оқуға түсті. Орта білім беру ұйымдарында сегіз мыңға жуық жаңа мұғалім қабылданды. Алайда, педагогикалық білім беру сапасын арттыру өзекті мәселе болып қала береді. Сіздердің бүгін ЖОО-да сапалы білім алуыңыз — өскелең ұрпаққа берілетін сапалы білімнің іргетасы болмақ», — деді Ғани Бейсембаев. Жұмыс сапары барысында министр педагогикалық білім берудің өзекті мәселелеріне арналған «Қазақстан педагогикасы: білім және ғылым сабақтастығы» республикалық ғылыми-практикалық форумына қатысты. Іс-шара аясында Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ғани Бейсембаев студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді. Болашақ педагогтерді ауылдық жерлердегі мұғалімдерді мемлекеттік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу мәселелері, ата-аналар қауымдастығымен жұмыс жасау, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы жалпыұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие жұмысының ерекшеліктері толғандырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/947287
Жетім балалардың тәлімгерлері психологиялық даярлықтан өтеді 04.03.2025
Биылғы жылдың ақпан айында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тәлімгерлерін оқытуды міндеттейтін заңға қол қойылды. Оқытуды тәлімгерлік жөніндегі ұйымдар жеке қаражаты есебінен жүргізеді. 2024 жылы Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуге бағытталған тәлімгерлік институты енгізілген болатын. Аталған механизм білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін 10 жастан бастап өз бетінше өмір сүруге дайындауға мүмкіндік береді.«Тәлімгерлерді даярлау ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға сапалы қолдау мен көмек көрсетуде маңызды қадам болып табылады. Біз бұл шара балаларды әлеуметтендіруге және өз бетінше өмір сүруге дайындауға ықпал ететін тәлімгерліктің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова. Тәлімгер болуға еліміздің кәмелет жасына толған және қорғаншыларға қойылатын талаптарға сәйкес келетін азаматтары үміткер бола алады. Міндетті оқытудан өткеннен кейін тәлімгерлерге біліктілігін растайтын сертификат беріледі. Одан кейін тәлімгер, қорғаншылық және қамқоршылық органы, сондай-ақ білім беру ұйымы арасында ресми келісім жасалады. Алдағы уақытта тәлімгерлік жүйесі қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау жүйесінің маңызды бөлігіне айналады. Бұл олардың қоғамға қиындықсыз бейімделуіне және бАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/944309
Қазақстанның колледждері мамандықтар бойынша лицензиялауға көшті 24.02.2025
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында 200-ден астам ұйым жаңа жүйе бойынша лицензия алды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аппараттық кеңесі отырысында хабарланды. Бұған дейін лицензиялау тек жеке біліктіліктерге қатысты берілетін болса, енді лицензиялар мамандықтар бойынша берілетін болады. Бұл шара колледждерге экономикадағы өзгерістерге тез бейімделуге, еңбек нарығының қажеттіліктеріне жедел жауап беруге және мамандар даярлау мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды. «Енді колледждер лицензияланған мамандықтар аясында жаңа біліктіліктерді қосу үшін бюрократиялық рәсімдерден алшақтап, тек материалдық-техникалық базасы мен кадр құрамының сәйкестігін растаса жеткілікті. Сонымен қатар, модульдік білім беру бағдарламалары студенттерге бір мамандық аясында бірнеше біліктілікті меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады», — деді Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов. Қазіргі уақытта ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аймақтық департаменттері колледждер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ресми ресурстарда ақпараттар жариялап, лицензияларды қайта рәсімдеу кестесін әзірледі. Бұл процесті 2025 жылдың 1 наурызына дейін аяқтау жоспарлануда. Колледждер жаңа мамандықтарға лицензия алу немесе қолданыстағы лицензияларын қайта ресімдеу бойынша қазірден бастап өтініш бере алады. Бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері өзгеріссіз қалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/943132
Өңірлер ваучерлік қаржыландыруды енгізу тәжірибесін меңгеруде 24.02.2025
Қазақстанның мектепке дейінгі ұйымдарында ваучерлік қаржыландыруды енгізу қарқынды жалғасуда. 2025 жылдың басынан бұл жүйеге елордалық мектепке дейінгі ұйымдар да қосыла бастады.Ваучерлік қаржыландыруға Астана қаласынан 670 балабақша қатысуда, бүгінде берілген ваучерлер саны 25 мыңнан асты. Айта кету керек,ваучерлік қаржыландыру сондай-ақ Тараз, Түркістан, Орал және Шымкент қалаларында енгізілді. Түркістан, Орал, Тараз сияқты бірқатар қалаларда жаңа жүйенің арқасында 2 жастан асқан балалардың кезегі толықтай жойылды.Бұл механизм мектепке дейінгі ұйымдар арасында мемлекеттік тапсырысты ашық және тиімді бөлуге бағытталған. Жаңа жүйенің негізгі артықшылықтары - балабақшалар арасындағы шынайы бәсекелестік арқылы қызмет көрсету сапасын арттыру, ата-аналарға білім беру мекемесін таңдау құқығын беру, қаржыландыру мен бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығы. «Негізгі жетістіктердің бірі кезекті заңсыз жылжытудың жойылуы, өйткені ваучерлерді алудың электрондық кезегітең жағдайларды қамтамасыз етеді және тек қана алға жылжиды. Жүйе ең алдымен, «ақша балаға беріледі» қағидаты арқылы қаржыландыру процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Қаражатты есептеу және аудару ата-аналар балабақшаға бару табеліндегі мәліметтерді растағаннан кейін ғана жүргізіледі», – дейді мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манара Адамова.Болашақта мектепке дейінгі білім беру саласында ашық әрі бәсекеге қабілетті жүйе құра отырып, ваучерлік қаржыландыруды басқа аймақтарға да енгізу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/943134