Туризм

Соңғы 10 жылда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 55%-ға қысқарды 29.12.2024
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысында 2013 жылдан бастап Қазақстанда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 55%-ға азайғанын атап өтті. Алайда, осыған қарамастан, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстармен байланысты мәселелер әлі де сақталып отыр. Статистикаға ұрып-соғуды қылмыстық жауапкершілікке тарту және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру әсер етті. Министр жасөспірімдер арасындағы қылмыстың негізгі себептерінің бірі балалардың ата-аналарының бақылауынсыз болуы, сондай-ақ интернет-ресурстардың теріс әсері екенін атап өтті.Соңғы 5 жылда балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар саны 3 есеге – 2024 жылдың 11 айында 18,5 мың жағдайға дейін өсті. Сондай-ақ балалардың түнде ересектерсіз сыртта өз бетінше жүру фактілері 2019 жылғы 59,5 мыңнан 2024 жылы 107,5 мыңға дейін, 2 есеге артты. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі мектептерде қорқыту мен зорлық-зомбылықтың алдын алу бағдарламаларын белсенді түрде енгізуде, сондай-ақ өңірлерде орталықтар ашу арқылы балаларға психологиялық қолдауды күшейтуде.«Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі нормалар заң жүзінде күшейтілді, баланы қорлау (қорқыту) фактілері үшін, олардың ата-аналарының балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін жауапкершілік енгізілді, девиантты мінез-құлқы бар балалар басым тәртіппен қосымша біліммен қамтылады. 19 желтоқсанда Парламент білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңды мақұлдады, онда қамқоршылық органдарының штат санының нормативі алғаш рет заңнамалық түрде бекітілді. Бұл новелла әр баланың құқығын қорғауға мүмкіндік береді», — деп нақталады министр.https://primeminister.kz/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/910485

Қазақстандық оқушылар мен мұғалімдер әлемдік жетістіктермен танылып, марапаттар иеленді 29.12.2024
Биылғы жылдың ең үлкен жетістіктерінің бірі - халықаралық олимпиаданың әрбір екінші қатысушысы елімізден жүлделі орындармен оралды. IChO химия бойынша ең беделді халықаралық олимпиадада және «First Global Challenge» робототехника бойынша әлем чемпионатында қазақстандық оқушылар 190 елдің өкілдерін басып озып, екі Олимпиадада үш дүркін әлем чемпионы атанды. Еліміздің құрама қоржыны барлығы 563 медальмен толықтырылды, оның ішінде 77 алтын, 201 күміс және 285 қола. Үздік 7 беделді олимпиадада жүлделі орындарға ие болған 26 қазақстандық оқушы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.Екі жыл қатарынан ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған ауыл оқушыларының саны 10 есеге артты, бұл мыңдаған балаларға жаңа мүмкіндіктер ашты.Ел тарихында тұңғыш рет бірден екі педагог «Қазақстанның Еңбек ері» атағына ие болып, ерекше құрмет белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені табысталды. Бұл еліміздің педагогтарының еңбегіне Президент көрсеткен жоғары баға, құрмет пен сенім. Сонымен қатар Мемлекет басшысының қолынан 27 педагог «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды. Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша тағы 64 педагог «Үздік педагог» мәртебесіне ие болды. Барлық 93 педагогқа 3,9 млн теңге мөлшерінде мемлекеттік сыйлық тағайындалды. https://primeminister.kz/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/910497

Кәсіптік оқыту жүйесіндегі негізгі аспектілер мен заманауи тәсілдер 29.12.2024
Бүгінде елімізде 772 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 565 мың студент оқиды, оның 177 мыңы биыл қабылданды.Қосарлы оқыту жүйесімен 94 мың студент қамтылды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің колледждерінде мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 143 мың орынға ұлғайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Студенттерді сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 90% құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік тапсырыстың 65% машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерияны қоса алғанда, техникалық мамандықтарға бағытталған. Қазақстанда колледж түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіші 79% құрайды. Колледждерде кадрлар даярлау өңірлік экономиканы ескере отырып жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда 195 колледжді бейіндеу және үлкейту жұмыстары басталды. Бұдан бөлек, колледждерде 160 стартап-жоба іске қосылды, 104 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Кәсіби стандарттардың, жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді. Оқытуда тиімді озық әдістемелер мен тәсілдерді тарату мақсатында локомотив-колледждер айқындалды, қазіргі заманғы колледждер базасында 3 IT-орталық құрылды.Колледж студенттерін қолдау мақсатында стипендиялық төлемдердің мөлшері екі есеге ұлғайды: 2023 ж. – 50%, 2024 ж. – 50%, 300 мыңнан астам студент қамтылды. Жатақханаға мұқтаж студенттердің 87%-дан астамы жатақханаларда орындармен қамтамасыз етілген. Биыл 1,2 мың орындық 4 жатақхана пайдалануға берілді.https://primeminister.kz/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/910500

Ертегі кейіпкерлері, Өмір ағашы және Феникс құсы: 100-ден астам бала ҚР Президентінің атынан өткен Республикалық жаңа жылдық шыршаға қатысты 27.12.2024
Елордада ҚР Президентінің атынан «Жаңа жыл республика төрінде» атты Республикалық Жаңа жылдық шырша өтті. Бұл мерекелік шараға еліміздің барлық өңірінен оқуда, спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен 100-ден астам бала қатысты.Шараға қатысушылардың арасында 10 жастағы Әли Кудияров та бар. Ол Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Күлкөл ауылының Қ.Хадесов атындағы орта мектептің оқушысы. Бұл шараға арнап оның анасы «Өмір ағашы» костюмін арнайы тігіп берген. Бас киімі бұтақтардан, жапырақтардан, моншақтардан және көбелектерден жасалған тәжге ұқсайды. Ағаштың діңі ретінде жалғасқан костюмінің алдыңғы жағында жеті атасынан тараған өз әулетінің шежіресі жазылған.«Мен ертегілер әлемінде жүргендей сезімдемін! Барлығы өте әдемі, ал анам тіккен киімім бұл күнді мен үшін одан әрі ерекше етті. Осы ғажайып күн үшін алғысымды білдіремін!» — дейді өз әсерімен бөліскен Әли.Тағы бір ерекше көзге түскен костюм иесі — Ақтөбе қаласындағы №8 орта мектептің 7-сынып оқушысы Жасна Орақбай болды. Оның костюмін ұстаздары өз қолымен тігіп берген.Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі ақмолалық Дарья Дячишина Президентке жаңажылдық шыршаға шақырғаны үшін алғысын білдірді. Киокушинкай каратэмен шұғылданатын оның жетістіктері көп.«Бүгін Жаңа жылдық шыршаға қатысу — менің өмірімдегі ұмытылмас оқиға. Мен көптеген сыйлықтар алдым, керемет шоу көріп, басқа өңірлерден келген балалармен таныстым. Президентке және ұйымдастырушыларға осы таңғажайып мереке үшін рахмет айтамын!» — дейді Дарья.Сондай-ақ 12 жастағы Адема Скачкованың «Феникс құсы» кейпіндегі киімі ерекше талғаммен жасалған. Ол костюмін ұстаздарымен бірге өзі тіккен. Адема вокалмен айналысады және ол облыстық вокалдық байқаулардың жеңімпазы.Мерекелік шарада әр балаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау ашықхаттары табыс етілді.«Айналайын балақай! Сені Жаңа жыл мейрамымен құттықтаймын! Осы жарқын мереке өзінді шаттыққа бөлесін! Әрдайым жаңашылдыққа, жасампаздыққа ұмтыл! Білімпаз, озат әрі зерек болып, жақындарыңды қуанта бер! Арманың асқақ, қиялың ұшқыр болсын! Саған зор денсаулық, баянды бақыт тілеймін!», — делінген құттықтауда.Еліміздің бас ұстазы Ғани Бейсембаев мектеп оқушыларымен бірге шырша шамын жақты.«Бүгін әсем елордамызға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам бала жиналды. Бұл күндері сіздер қаланың көрікті жерлерін аралап, еліміздің жетекші оқу орындарында болдыңыздар. 2024 жыл расында, Сіздер үшін жетістіктер мен жақсы жаңалықтарға толы жыл болды. Сіздердің араларыңызда білімімен үздік атанғандар, жарыстар мен байқауларда оза шапқандар да бар, сондай-ақ сіздер биылғы жылы жетістіктермен бірге жаңа достар таптыңыздар. Әрқайсыларыңыздың жетістіктеріңіз — еліміздің болашағына қосылған маңызды үлес деп білемін. Мемлекет сіздердің бақытты балалық шақтарыңыз бен жарқын болашақтарыңыз үшін барлық жағдайды жасауда. Ал сіздердің міндеттеріңіз — осы мүмкіндіктерді пайдаланып, жақсы оқу және жан-жақты даму, осылайша еліміздің адал да жауапты азаматы болып өсу», - деді балаларды құттықтаған Ғани Бейсембаев.Елорданың үздік шығармашылық ұжымдарының әртістері мен қойылымдар балаларға мерекелік атмосфера сыйлады. Қазақстанның танымал әртістері көңілді ән шырқап, балалар шыршаны айнала биледі.Айта кету керек, бұл күндері балаларға елорданың көрікті жерлеріне, оның ішінде балалар театрға, кинотеатрға және мұражайларға экскурсия ұйымдастырылды.Шара соңында әр балаға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлық табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/909282

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылдың қорытындысы бойынша жетістіктері 24.12.2024
Елімізде 90-ға жуық педагогке 3,6 млн теңгеден мемлекеттік сыйақы төленді Мемлекет басшысының бастамасымен педагогтерді қолдау мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының біріне айналды. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша білім саласындағы жетістіктері үшін 89 педагогке мемлекеттік сыйақы тағайындалып, әрқайсысына 1000 АЕК көлемінде (3 692 000 теңге) жалпы сомасы 328 588 000 теңге біржолғы сыйақы төленді. Оның ішінде «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегерлері - Алматы қаласындағы №4 арнайы мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Гүлжанар Нұрпейісова және Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Эльмира Траисова бар. Ең жоғары дәрежелi мемлекеттік награданың бірден екі педагогке берілуі – тарихи оқиға және педагогтер қауымына көрсетілген үлкен құрметтің белгісі. Нұрпейісова Гүлжанар Молдакерімқызы математика пәнінен 40 жылдан аса дәріс беріп келеді. Оның сабақ берудегі әдіс-тәсілін, көру қабілеті бұзылған балаларға бейімдеп жазған оқулықтарын, шәкірттерінің 100 пайыз білім көрсеткішіне қол жеткізіп жүргендігін айтпағанда, бар педагогикалық ғұмырын арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнауға бел шешкендігі де шәкірт жүрегіне жол тапқан нағыз шынайы ұстаз екенін байқатады. Ал филологиялық білім берудегі жетістіктері мен жас мұғалімдерді ұстаздыққа баулыған тәлімгерлігі көпке үлгі-өнеге боларлық Орал қаласындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Траисова Эльмара Асқарқызы - еліміздің батыс өңіріндегі алғашқы жұлдызды ұстаз.Сонымен қатар қайта қалпына келтірілген «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын биылғы жылы Мемлекет басшысының қолынан 23 педагог алды. Дәстүрлі республикалық «Үздік педагог» байқауының қорытындысы бойынша 64 педагог жеңімпаз болды.Бұл шаралар педагогтердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау, олардың маңдай тер адал еңбегін әділетті бағалау бағытында «Педагог мәртебесі туралы» Заңы аясында жүзеге асырылуда. Айта кету керек, соңғы жылдары мұғалімдердің, сондай-ақ балабақша тәрбиешілерінің, колледждерге кәсіпорындардан тартылатын мамандардың еңбекақылары айтарлықтай өсті. Мұғалімдерге академиялық дәрежесіне сәйкес үстемақы төлеу жолға қойылды. Одан басқа халықаралық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған мұғалімдерге де қаржылай сыйақы төлеу дәстүрлі үрдіске айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/908594

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылдың қорытындысы бойынша жетістіктері 24.12.2024
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылдың қорытындысы бойынша жетістіктері 2024 жыл - Қазақстанның білім беру жүйесінің дамуында маңызды кезең болды. Оқу-ағарту министрлігі уәкілетті орган ретінде мектепке дейінгі білім беруден бастап техникалық және кәсіптік білім беруге дейінгі барлық деңгейдегі білім берудің сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырып келеді. Мектепке дейінгі білім беру Бүгінгі таңда елімізде 11,6 мың мектепке дейінгі білім беру ұйымында шамамен 1 миллион бала тәрбиеленуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ел өңірлерінде 75,5 мың орынға арналған 627 мектепке дейінгі ұйым ашылып, кезекте тұрған 2-6 жас аралығындағы балалардың 93,1%-ы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамтылды.Мектепке дейінгі ұйымдарда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында пилоттық режимде ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілді. Алдағы уақытта бұл жүйені бүкіл ел аумағы бойынша тарату жоспарлануда.Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдар жанынан балалары балабақшаға бармайтын ата-аналар үшін 4,2 мыңнан астам кеңес беру пункті жұмыс істейді. Бұл пункттер балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналар үшін үлкен көмек, сондай-ақ ол балалардың мектепке дейінгі білім алуына тең мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Биылғы жылы 328 мыңнан астам ата-ана мен балаға әдістемелік және педагогикалық қолдау көрсетілді. Балабақшаға бармайтын балалардың ата-аналарын қолдау мақсатында «Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасы әзірленіп, іске қосылды. Ол Абай, Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарында пилоттық режимде сынақтан өтіп, ата-аналар тарапынан оң бағаланды.Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің арасында синхрондау жұмыстары жүргізілуде. Оның шеңберінде баланың жеке даму картасы цифрландырылғанын да атап өту керек.Ұлттық құндылықтар негізінде «Тәрбие бесігі» бағдарламасы әзірленді. Балаларды ерте жастан тілдік ортаға бойлату мақсатында биылғы жылдың қыркүйек айында білім беру ұйымдарында әлеуметтік орта қалыптастыруға бағытталған «Тілге бойлау» пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл жоба халықаралық инновациялық тәжірибелерге негізделген, ол баланың шығармашылық дамуын ынталандырып, оқу процесінде қолдау көрсетеді. Әдістің ерекшеліктерінің бірі – балалардың шығармашылығын шектемей, керісінше оны дамыту, бұл олардың байланыстырып сөйлеу қабілеті мен сөздік-логикалық ойлау деңгейіне оң әсер етеді. Қазіргі уақытта жоба елдің бес өңірінде жүзеге асырылуда.Сонымен қатар болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық бағдарламасы әзірленді. Ол бағдарлама мектепке дейінгі білім мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етіп, педагогтер мен ата-аналарға балаларды мектептегі оқу процесіне стандартты оқу бағдарламасының барлық бағыттары бойынша даярлауға мүмкіндік береді. Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі білім беру және оқыту стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленген. Биыл бұл бағдарламадан 115 мың бала өтті. Орта білім беру Бүгінде орта білім беру жүйесінде 7964 мектеп бар, онда 3,9 миллионнан астам бала білім алып, 408 мың педагог қызмет етеді.2024 жылы қол жеткізген ірі жетістіктердің бірі – халықаралық олимпиадаларға қатысқан қазақстандық оқушылардың әрбір екіншісі жүлделі орындарға ие болды. Химия пәні бойынша ең беделді Халықаралық олимпиадада (IChO) және робототехникадан «First Global Challenge» әлем чемпионатында қазақстандық оқушылар 190 елдің арасынан оза шауып, екі олимпиадада да үш мәрте әлем чемпионы атанды. Қазақстан құрамасының қоржыны жалпы 563 медальмен толықты, оның ішінде 77 алтын, 201 күміс және 285 қола медаль бар. Ең беделді 7 олимпиадада жүлделі орындарға ие болған 26 қазақстандық оқушыға ақшалай сыйақылар тағайындалды: алтын медаль үшін – 1500 АЕК, күміс үшін – 1000 АЕК, қола үшін – 500 АЕК.Тағы бір жарқын оқиға ретінде - шілде айында Қазақстанда IBO-2024 ең беделді биология пәні бойынша Халықаралық олимпиаданың өткізілуін атауға болады. Оған 81 елден 305 жас биолог пен 275 ғалым қатысты. Қазақстан құрамасы 100% медальдық нәтиже көрсетіп, халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатты.Екінші жыл қатарынан Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада өткізіліп келеді. Нәтижесінде ауылдық оқушылардың жүлделі орындарға ие болу көрсеткіші 10 есеге жуық артып, мыңдаған ауыл балалары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.Еліміздің тарихында алғаш рет екі бірдей педагог «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды. Оларға сондай-ақ, «Алтын жұлдыз» ерекше белгісі мен «Отан» ордені табысталды. Педагогтердің мұндай атаққа ие болуы Президенттің олардың еңбегін жоғары бағалауы және ұстаздар қауымына көрсеткен құрметі. Марапат иегерлері: Алматы қаласындағы №4 арнайы мектеп-интернатының 40 жылдық еңбек өтілі бар математика пәні мұғалімі Гүлжанар Нұрпейісова және Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Эльмира Траисова.Сонымен қатар, Мемлекет басшысының қолынан 23 педагог «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алды. Республикалық байқау қорытындысы бойынша тағы 64 педагог «Үздік педагог» атанды. Барлық 89 педагогке 1000 АЕК (3,6 миллион теңге) көлемінде мемлекеттік сыйақы тағайындалды.Педагог мамандығына түсуге ниет білдіруші жастар саны айтарлықтай артты. Егер өткен жылы 1500 «Алтын белгі» иегері мұғалім болуды таңдаса, 2024 жылы олардың саны 1800-ге жетті. Биылғы жылы еліміздің мектептеріне 8 мыңнан астам жас мұғалім жұмысқа қабылданды.Сапалы білім беру мен елдік мақсатқа бағдарланған тәрбие жұмыстарының дұрыс жүргізілуі әрине, білім беру ұйымдарының басшыларының кәсіби әлеуетіне байланысты. 2023 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен «Президенттік жастар кадрлық резерві» үлгісімен «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы іске қосылды. Нәтижесінде шығармашылық, көшбасшылық және жасампаздық қасиеттерге ие жаңа басшылар құрамы құрылды. Жоба аясында өткен жылы 207 педагог, биыл – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 376 педагогі іріктеу мен дайындықтан өтті.Сонымен қатар, орта білім беру ұйымдарынан 80 мыңнан астам педагог «Өрлеу» БАҰО ұйымдастырған тегін біліктілікті арттыру курстарынан өтті, олардың 57,8%-ы ауыл мектептерінің мұғалімдері.Еліміздегі мектептердің 67%-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Қала және ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту және ауыл мектептерінің әлеуетін көтеру мақсатында «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында өңірлерде де кіші жобалар іске қосылды. Атап айтар болсақ, мәселен, Ақтөбе облысында «Шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін цифрлық технологияларды пайдалана отырып дамыту», Алматы облысында «Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша білім сапасын арттыру», Маңғыстау облысында ««Отпан» тірек мектептер желісін дамыту» Ұлытау облысында «Ustaz Ulytau» жобалары өз нәтижелерін берді. Жалпы, жоба нәтижелерінен биылғы жылы 2023 жылмен салыстырғанда, шағын жинақты ауыл мектептеріндегі білім сапасының орта есеппен 7-9%-ға артқанын аңғаруға болады.Әлеуметтік жағынан осал отбасы балаларына қорытынды емтихандарға дайындалуда қолдау көрсету мақсатында 2024 жылдың қыркүйегінде 2576 мектепте «Цифрлық ұстаз» жаңа жобасы іске қосылды. Оның аясында оқушыларға электронды платформалар мен цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділік берілді. Сондай-ақ базалық пәндер бойынша қосымша сабақтармен 27 114 оқушы қамтылды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР оқу-ағарту министрлігі ЦДАӨМ-мен, Astana hub халықаралық технопаркімен және «Өрлеу» БАҰО-мен бірлесе отырып, оқушылар мен педагогтерді бағдарламалау негіздеріне оқытуға арналған онлайн білім беру платформасының пилоттық жобасын іске қосты. Оның аясында 300-ден астам мұғалім мен дәріс берушілер екі бағыт бойынша біліктіліктерін арттырады: «Жасанды интеллект» және Game Development. Сонымен қатар, 27 мыңнан астам мектеп оқушысы бағдарламалау дағдыларын меңгереді. Техникалық және кәсіптік білім Бүгінде елімізде 772 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы бар, онда 565 мың студент білім алуда, оның ішінде 177 мың студент оқуға биылғы жылы қабылданды.Дуальды оқытумен 91 мың студент қамтылған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырыстарының көлемі 143 мың орынға өсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артқанын көрсетеді. Ал студенттерді сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 90 пайызды құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік тапсырыстардың 65 пайызы техникалық мамандықтарға, оның ішінде машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс салаларына бағытталған. Бүгінгі таңда Қазақстандағы колледж түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 79 пайызды құрайды.Колледж студенттерін қолдау мақсатында шәкіртақы төлемдері екі есеге ұлғайтылды: 2023 жылы – 50%, 2024 жылы 300 мыңнан астам студентті қамти отырып тағы 50%-ға артты. Мұқтаж студенттердің 87 пайыздан астамы жатақханаларда орынмен қамтамасыз етілді. 2019-2023 жылдар аралығында 14,8 мың орындық 76 жатақхана, биыл 1,2 мың орындық тағы 4 жатақхана пайдалануға берілді. Бұдан басқа мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын студенттерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі: олар үшін тамақтану ұйымдастырылады және жолақы төленеді. Әрине, бұл техникалық мамандықтарға түсуге ниет білдірушілердің санының артуына өз септігін тигізді.Ұлттық құрама ел тарихында тұңғыш рет Францияның Лион қаласында өткен 47-ші Халықаралық WorldSkills чемпионатында ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже көрсетіп, 6 үздік медальон мен «Ұлт үздігі» номинациясын жеңіп алды.Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың жаңа тәсілдері әзірленді. Колледждерде кадрларды даярлау өңірлердің экономикасын ескере отырып, 4 макроөңірдің ерекшеліктері негізінде жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда 195 колледжді бейіндеу және ірілендіру жұмыстары басталды.Колледждерде 160 стартап жоба іске қосылып, 104 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Кәсіби стандарттардың, МЖМБС және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді. Оқытудың тиімді озық әдістері мен тәсілдерін тарату мақсатында локомотив колледждер анықталды, заманауи колледждер базасында 3 IT орталық құрылды. Инклюзивті орта Білім беруде инклюзивті және кедергісіз орта құру барлық оқушылар үшін тең мүмкіндіктер қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады. Бүгінде еліміздегі мектептердің 90%-да инклюзивті білім алуға жағдай жасалған, ал балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 85%-ға жетті.Биыл алғаш рет психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделі енгізілді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге арналған қолдау көрсету бөлмелері мен жеке бағдарламалар үшін жаңа талаптар әзірленді.Мектептерде «педагог-ассистент» лауазымы енгізілді, бұл осы саладағы мамандардың санын бір жылда 1 мыңнан 2,5 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік берді. I және II топтағы мүгедектігі бар жандар, бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау квотасы 10%-ға ұлғайтылды.ПМПК ашудың нормативі 60 мың баладан 50 мың балаға дейін төмендетілді. Арнайы ұйымдар желісі көбейіп келеді. Олардың саны 496-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 10 бірлікке артты. Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған 96 қолдау бөлмесі ашылды. 600-ден астам арнайы оқыту бағдарламасы әзірленді. Балалардың құқықтарын қорғау Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау еліміздің әлеуметтік саясаты мен құқықтық жүйесінің маңызды аспектілерінің бірі болып табылады.Балалардың құқықтарын бұзу жағдайларына жедел ден қою үшін биылығы жылдан бастап бақылау субъектілеріне ескертусіз жоспардан тыс тексерулер енгізілді, объектілердің тізбесін ұлғайту бөлігінде Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылау функциялары кеңейтілді, оның ішінде әкімшілік жауапкершілікке тарту өкілеттігі берілді. Өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі мен өкілеттігі заңмен белгіленді.Әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңының аясында биылығы жылдың маусым айында балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көріністері үшін жауапкершілікті күшейтетін нормалар енгізілді. «111» байланыс орталығының қызметі заңды түрде бекітілді.Елімізде 330-дан астам адам жетім балаларға тәлімгерлік етуде. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандардың штаттық саны 692 бірлікке дейін ұлғайтылды. Жетім балаларға арналған 36 ұйым Балаларды қолдау орталықтарына трансформацияланды.Мемлекет әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан 510 мыңнан астам балаға Жалпыға міндетті білім беру қорынан киім-кешек пен оқу құралдарын сатып алуға 22,5 миллиард теңгеден астам қолдау көрсетті. Ол атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін отбасылардағы оқушыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардағы оқушыларға көрсетілді.Биыл алғаш рет еліміздің 20 өңірінде Психологиялық қолдау көрсету орталықтары ашылды. Бірнеше айдың ішінде бұл орталықтарда 240 мыңға жуық азаматқа (оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер) көмек көрсетілді.Білім беру ұйымдарында Жеке қауіпсіздік сабақтары жүргізіле бастады. Сабақтарда жеке бас қауіпсіздігінің негіздері, қоғамдық орындарда, көшеде, үйде және интернетте өзін-өзі ұстаудың қауіпсіз ережелері туралы дәрістер беріледі. «Қазақстанның медиация мектептері» жобасы жүзеге асырылуда. Ол қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын құруға бағытталған. Бастама аясында еліміздің барлық мектептерінде мектеп медиация қызметтері жұмыс істей бастайды. Медиация қызметіне жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, ата-аналар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, қамқоршылық кеңестер мен аға буын өкілдері тартылды. Тәрбие жұмысы. Қосымша білім беру. Мектеп балалардың бойында азаматтық-патриоттық құндылықтарды қалыптастыруда басты рөлдердің бірін атқарады.Өткен жылдың қыркүйек айында министрлік алғаш рет «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын әзірлеп, қабылдаған болатын. Биылғы жылы бағдарлама Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында жария еткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатындағы алты құндылық тобына және 77 қадамдық іс-шараға сәйкес қайта жаңартылды.Бағдарлама аясында еліміздің барлық мектептерінде Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары жұмыс істеуде. Олардың басты бағыты балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын арттыру, позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Бағдарламаның жүзеге асырылуының арқасында ата-аналардың балаларының мектептегі өміріне қатысуы 40%-дан 60%-ға дейін өсті. Мұғалімдер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 82%-ы бағдарламаның сынып жетекшілерінің кәсіби дамуына оң әсерін, 84%-ы «Біртұтас тәрбиенің» оқушы белсенділігінің өсуіне оң әсерін, ал 71%-ы мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығының артқанын атап өтті.«Оқуға құштар ұлт» жобасына қосылған оқушылар саны 30 пайыздан асты, мектеп кітапханаларының қоры биылғы жылы 1,3 миллион кітапқа артып, жалпы саны 4,8 миллион дананы құрады. 1717 коворкинг-орталықтарын құру арқылы білім беру ұйымдары кітапханаларының материалдық-техникалық базасы жақсартылды.Ел Президенті балалардың шығармашылық пен қолөнердің қыр-сырын меңгеруі үшін балалар үйірмелерінің жұмысын қалпына келтіру міндетін қойды. Биылғы жылы балаларды қосымша біліммен қамту 86,3%-ға дейін өсті – бұл 3,3 млн бала, ал қосымша білім беру ұйымдарының желісі 1625-тен 1713-ке дейін артты. Жалпы, қосымша білім беру үш бағытта жүзеге асырылады: мектептен тыс ұйымдар, мектеп үйірмелері мен спорт секциялары. Елімізде барлығы 1625 мектептен тыс ұйым бар және әртүрлі бағыттағы 380 үйірме түрі ұсынылады.Сонымен қатар қосымша білім беру ұйымдарының құрылысы да қарқынды жүруде. Биылдың өзінде 8 қосымша білім беру орталығы, 3 балалар сауықтыру орталығы (лагерьлер), ауылдық мектептерде 779 комъюнити-орталықтар ашылды, 190 қосымша білім беру ұйымы жаңартылды.Балалардың сауықтыру демалысын, жұмыспен қамтылуын және бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру 2024 жылдың жазында басты мәселелердің біріне айналды. Биыл алғаш рет лагерьлер үшін бірыңғай талаптар әзірленіп, оның жұмысына волонтерлер мен қосымша білім беру мұғалімдері тартылды. Сондай-ақ, лагерьге қабылдау мен нұсқаулық өткізудің республикалық мониторингі құрылды. Уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен балаларды сауықтыру орталықтарының тізілімі жасалды. Балалар мен олардың ата-аналарына ыңғайлы болу үшін «Балаларға базарлық» және «Қауіпсіз жаз» ақпараттық пакеті әзірленді. Балалардың жазғы демалыс мәдениетін дамыту және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Сенің қуанышқа толы демалысың» Guidebook-ін әзірледі. 120 мың педагог-ұйымдастырушы арнайы оқудан өтті. Өңірлерде «Ұлы дала кереметі», «Жас Ғалым», «Гастро туризм», «Бір күн қалада», «Қонақжай отбасы» атты жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша бірегей жобалар жүзеге асырылды. 2024 жылдың жазының қорытындысы бойынша 11287 балалар сауықтыру орталықтарында 3,1 млн оқушы немесе балалардың 93,4%-ы демалыспен және сауықтырумен қамтылды, оның ішінде 600 мыңнан астам бала әлеуметтік жағынан осал отбасылардан және 5 мыңнан астамы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден. Инфрақұрылым, қауіпсіздік, цифрландыруБілім беру инфрақұрылымын жақсартуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша елімізде 200 мыңнан астам оқушы орны құрылды.Оның ішінде 19 нысан Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен қаржыландырылды. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен, сондай-ақ инвестиция тарту есебінен – 56 мектеп ашылды.Ел тарихындағы ең жарқын оқиғаның бірі - «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының басталуы болды, оның аясында бүгінге дейін 41 мектеп ашылды. Қуанарлығы сол, жайлы мектептердің 44 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан.Мектеп құрылысының бұрын-соңды болмаған қарқынмен салынуы - білім беру ұйымдарында орын тапшылығы мен үш ауысымда оқу мәселесін едәуір азайтуға мүмкіндік берді. Осылайша, бүгінде елімізде бір ауысымда жұмыс істейтін мектептер саны 3 мыңға жуықтады. Сонымен қатар, 280 мектеп күрделі жөндеуден өтті, 842 мектепке 1395 заманауи пән кабинеттері (робототехника, химия, биология, физика, STEM) сатып алынды. 1000 ауыл мектебін жаңғырту 7 бағыт бойынша жүргізілді: ағымдағы жөндеу, жиһаздарды, кітапханаларды, асханаларды жаңарту, қауіпсіздік жағдайын жақсарту. Су тасқынынан зардап шеккен 25 нысан қалпына келтірілді.10 мыңнан астам білім беру ұйымдарының қауіпсіздік жүйелерінің техникалық жарақтандырылуы арттырылды.Биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан 1,7 миллион мектеп оқушысы мен 97 мың балабақша тәрбиеленушісі тегін ыстық тамақпен қамтылды. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарындағы балалардың тамақтану стандарттары қайта қаралып, білім беру ұйымдарында жаңа тамақтану стандарты әзірленді.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім беруді цифрландыру үдерісін жеделдету бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша мектептерде интернет жылдамдығы 19%-дан 90%-ға дейін ұлғайтылды. Қазақстандық мектептердегі жоғары сапалы интернет көрсеткіші 3 есеге өсті. Сондай-ақ мектеп оқулықтары 100 пайыз цифрлық форматқа көшіріліп, 11 платформада қолжетімді болды.Еgov Mobile мобильді қосымшасында жаңа Bilim қызметі іске қосылды. Онда негізгі және жалпы орта білім туралы цифрлық аттестат қолжетімді. Электронды үкіметтің egov.kz веб-порталында мектептердің бірінші сынып оқушыларын және колледж студенттерін қабылдау жүйесі автоматтандырылды.«Педагогтерді жұмысқа қабылдау» модулі әзірленді, онда бос оқытушы лауазымына орналасу үшін ашық конкурс өткізіледі. Цифрлық шешімдердің арқасында мұғалімдер үшін республикалық байқаулар өткізу кезінде өтінімді онлайн беру, оның қай кезеңде екенін, сарапшылардың қандай балл қойғанын бақылау және т.б. қызметтер қолжетімді болды.Астана қаласында және Маңғыстау, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында 215 мектепте тиісті санаттағы балаларды тегін тамақтандыру бойынша «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/907391

108 мұғалім республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының жеңімпазы атанды. 24.12.2024
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің қолдауымен ағымдағы жылдың сәуір айында басталған «Педагогикалық идеялар панорамасы - 2024» республикалық бейне сабақтар мен бейнедәрістер байқауының қорытындысы шығарылды. қорытындылады. Оған 5000-ға жуық педагог қатысты, оның ішінде 108-і жүлделі орындарға ие болды. Мақсаты пәнаралық негізде оқушылардың ерте/функционалдық сауаттылығын дамыту саласындағы заманауи педагогикалық тәжірибе мен мұғалімдер арасындағы өзара іс-қимылдың озық тәжірибесін жинақтау және танымал ету. . Байқау екі кезеңнен тұрады: облыстық және республикалық. 12 бағыт бойынша бейнероликтер жасалып, оларды облыстық сарапшылық кеңес мүшелері жеті критерий бойынша бағалады. «Республикалық сарапшылық кеңес жұмысына «Өрлеу» АҚ өкілдері мен байқау бағыттары бойынша сыртқы сарапшылар тартылды. Конкурстық жұмыстарды бағалау тәртібі ашық және айқын болды. Республикалық кезең жеңімпаздарының тізімі біздің орталықтың сайтында және филиалдарының ресми аккаунттарында орналастырылады», - деді «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрайымы Айдана Шилібекова. Осылайша, 102. мұғалімдер 1, 2, 3 дәрежелі дипломдардың иегерлері атанды. Әр сала бойынша YouTube-те ең көп қаралған бейнероликтердің авторлары анықталды. Сонымен қатар, биыл ЮНЕСКО алғаш рет байқауға қатысушылардың жұмысын бағалап, «Жаһандық азаматтық үшін білім беру» және «Климаттың өзгеруі бойынша білім беру» салаларында қосымша арнайы марапаттарды табыс етті. Бұл бастама байқаудың сапасы мен өзектілігін арттырып, оның мәртебесін халықаралық сарапшылық деңгейге жақындатты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/907809

Биылғы оқу жылының басынан «Жайлы мектеп» жобасы аясында 100 мыңнан астам оқушы орны қолданысқа берілді 24.12.2024
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алматы облысының Қаскелең қаласы мен Кемертоған ауылында әрқайсысы 1500 орындық жаңа форматтағы екі мектеп, ал Түркістан облысында 2000 оқушыға арналған 1 жайлы мектеп ашылды. Жобаның негізгі бағыты – функционалды және қауіпсіз білім беру ортасын құру болып табылады. Бұл мектептерде:- бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған;- заманауи техникалық шешімдерді енгізу арқылы қауіпсіздік шаралары күшейтілген;- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылған;- заманауи пәндік кабинеттермен, зертханалармен жабдықталған. Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алматы облысында 17 мың оқушы орнына арналған 7 мектеп салынды. Оқу жылының басынан бері елімізде 100 мыңнан астам орындық 41 жайлы мектеп пайдалануға берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/906479

Жеке мектептерде оқитын аз қамтылған отбасы балаларына мемлекет тарапынан оқу құралдарын алуға қаржылай қолдау көрсетіледі 24.12.2024
Бүгін ҚР Парламенті Сенаты білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңды мақұлдады. ҚР Оқу-ағарту министрлігі бастамашылық еткен жаңа заң жобасында жекеменшік мектептерде осал отбасылар санатындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді енгізу көзделген. Заң жобасында бес новелла ұсынылды, оның біреуі жекеменшік мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылар балаларына қатысты. Онда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде қажетті мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге бағытталған нормалар көзделген. «Бұған дейін көмек тек мемлекеттік мектептердің оқушыларына ғана берілетін, ал енді жеке мектептерде оқитын балалар да осындай көмек алатын болады. Бұл мектептің меншік нысанына қарамастан, барлық балалар үшін білім берудің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан. Айта кетейік, биылғы жылы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 510 мыңнан астам бала мемлекеттен киім-кешек, оқу құралдарын сатып алу үшін қаржылай қолдау алды. Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі көмек көрсету механизмін жақсарту мақсатында ата-аналардың есепшоттарына қаражат аудару шараларын енгізген еді. Көмек алу үшін ата-ана алдымен баласының оқитын мекемесіне тиісті өтініш беруі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/905973

2024 жылы елімізде 600 мектеп асханасы модернизациядан өтті 24.12.2024
2024 жылдың қорытындысы бойынша 600 білім беру ұйымында асханалар модернизациядан өтті. Бұл мектептерде 200 мыңнан астам бала білім алады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Баспасөз қызметі. Модернизация балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жайлы жағдай жасау, материалдық-техникалық жабдықтауды нығайту, оқу процесінің сапасын арттыру арқылы қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Бұл бастама Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. «Мемлекет жыл сайын мектептерді модернизациялауға қаражат бөліп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл соңына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектепті негізгі жеті бағыт бойынша модернизациялау жүргізілуде. Оның ішінде мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пәндік кабинеттер сатып алынуда, жиһаздары, кітапханалар жаңартылуда, қауіпсіздік жағдайлары жақсартылуда», - деп атап өтті Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаева. Сонымен қатар биылғы жылдың қыркүйегінен бастап 1,7 млн мектеп оқушысы үшін тегін тамақтандыру ұйымдастырылды. Сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру мақсатында Министрлік 7 нормативті-құқықтық актіні қайта қарады. Оның ішінде ас мәзірін өңірде шығарылатын отандық өнімді қосып, әзірлеу жөніндегі норма енгізілді. Бракеражды комиссиялар құрылып, оның құрамына ата-аналар, қоғам белсенділері сондай-ақ мектеп әкімшілігі мен медициналық қызметкерлер кірді. Бракеражды комиссиялар үшін мониторингтік топтардың қызмет тәртібі туралы нормалар заң жүзінде бекітілді. Атап өту керек, Денсаулық министрлігімен бірлесе отырып, білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыру нормалары қайта қаралып, жаңа тамақтандыру стандарты әзірленді. Ол 2025 жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/905548

Қазақстан мектептерінің 90%-да кедергісіз орта қалыптастырылды 24.12.2024
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті білім беру ортасын құру бағытында жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің мектептерінің 90%-да кедергісіз орта құрылды, ал балалардың арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылуы 80%-ға жетті. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған қолдау кабинеттері мен жеке бағдарламалар үшін жаңа талаптар әзірленді. «Инклюзивті және кедергісіз білім беру ортасын құру – барлық оқушылар үшін тең білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылады. Арнайы ұйымдар желісі 496-ға дейін көбейді, одан бөлек 96 балаларды қолдау кабинеті ашылды», - дейді Оқу-ағарту министрлігінің инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева. Қазіргі уақытта елімізде барлығы 221 ППТК, 105 ПМПК және 1071 ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеті жұмыс жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/905694

Елімізде Тәуелсіздік күнінде жаңа білім беру нысандары ашылды 24.12.2024
Астана қаласында және Түркістан, Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында балабақшалар, мектептер мен балаларға арналған шығармашылық орталықтары ашылды.Түркістан облысының екі бірдей ауылында - Еңбек Дихан мен Манкентте жаңа мектептер есігін айқара ашты. Олардың бірі Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Бұл мектеп 600 оқушыға арналған және заманауи қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Айта кетейік, бұл Түркістан облысындағы екінші «Жайлы мектеп» болып табылады.Ал елордада екі ауысымда 4 мың оқушыға арналған 11-ші «Жайлы мектеп» ашылды. Бұл мектеп Үркер тұрғын алабында орналасқан, ол оқушы орны тапшылығын шешуге септігін тигізеді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2026 жылға дейін Астанада 24 мектеп салынады деп жоспарланып отыр.Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында 400 оқушыға арналған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Мектепте балалар шығармашылығын дамыту мен демалуға арналған кеңістіктер, сондай-ақ жеке шкафтар қарастырылған. Сонымен қатар спорт және акт залдары, кітапхана, асхана, шеберхана және 36 пәндік кабинет бар.Қостанай облысының Қостанай және Арқалық қалаларында екі жаңа мемлекеттік балабақша ашылды. Бұл мектепке дейінгі ұйымдар барлық заманауи стандарттарға сай. Олар жатын бөлмелерімен, ойын бөлмелерімен, хореографиялық, гимнастикалық, музыкалық және спорт залдарымен, педагог-психолог, логопед, медициналық, қосымша білім беру кабинеттерімен қамтылған. Айта кету керек, осы жылдың басынан бері елімізде 560-тан астам мектепке дейінгі ұйым ашылды.Еліміздің төрт өңірінде қосымша білім беру нысандары ашылды. Мысалы, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Бадамша ауылында өнер мектебі ашылды. Онда 550-ге жуық бала білім алуда.Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында екі қосымша білім беру ұйымы – оқушылар сарайы мен өнер мектебі ашылды. Бұл мекемелерде 19 қосымша білім беру бағыты бойынша 250-ден астам бала білім алады.Сондай-ақ бүгін ғана Павлодар облысының Екібастұз қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған «Самғау» балалардың замануи шығармашылық үйі ашылды. Ол «Балаларға қосымша білім беру жүйесінің жаңа үлгісі» ғылыми-техникалық бағдарламалары аясында 12 бағыт бойынша балаларды оқытуға арналған жоғары технологиялармен жабдықталған. Орталық күніне 3000-ға дейін баланы қабылдайды. Оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар да бар.2024-2025 оқу жылының басынан бері елімізде барлығы 500-ден астам жаңа білім беру ұйымдары ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/904050

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы II республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды 17.12.2024
Астанада ауыл мектептерінің оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы II республикалық олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Қорытынды кезеңге Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ауылдардан 450 оқушы қатысты.Үш күнге созылған білім сайысының нәтижесі бойынша ең жоғары бағаға қол жеткізген 197 оқушы жүлдегер атанды, оларға 36 - алтын, 65 - күміс, 96- қола медаль табысталды.«Қазақ тілінде оқытатын мектептер арасында орыс тілі пәнінен олимпиадаға қатыстым. Олимпиада арқылы өз білімімді сынап қана қоймай, Қазақстанның әр өңірінен келген өзім қатарлы балалармен танысып, достастым. Бұл – ауыл оқушыларына өздерін сынауға, тәжірибе жинауға және республикалық деңгейдегі жарыстардың қалай өтетінін көруге тамаша мүмкіндік деп ойлаймын. Осындай мүмкіндік сыйлаған мемлекетімізге, оқу-ағарту министрлігіне және барлық ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін», –дейді Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының 11-сынып оқушысы Ернияз Ерланұлы.«Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен Алматы облысының құрама командасы марапатталды. II дәрежелі диплом Түркістан, Атырау және Маңғыстау облыстарының командаларына, III дәрежелі диплом Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының командаларына берілді.Жеті жеңімпаз елдің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлық гранттарына ие болды (SDU – 4, Халықаралық Қ.А. Ясауи университеті – 3).Еске сала кетейік, Республикалық олимпиада 13 пән бойынша үш кезеңде өткізіліп келеді. Биыл мектепішілік кезеңге 99 264 оқушы қатысып, олардың 53 593-і аудандық деңгейге өтті. Облыстық кезеңде 12 000 оқушы бақ сынаса, финалдық кезеңге 1 000-ға жуық оқушы іріктелді. Қоғамдық-гуманитарлық бағытта 450, ал жаратылыстану-математика бағытында 486 оқушы білім бәсекесіне түсті. Барлығы екі бағыт бойынша 418 жүлдегер анықталды.Ақтық кезеңге қатысушы 940 оқушының барлығы болашақ интеллектуалдық жарыстарға дайындалу мақсатында «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданды. Ал I дәрежелі диплом иегерлері 2025 жылдың наурызында өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың соңғы кезеңіне қатыса алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/903837

Ғылыми-педагогикалық сараптама саласындағы сарапшылар базасына үміткерлерді қабылдау басталды 14.12.2024
Республикалық ғылыми-тәжірибелік білім мазмұнын сараптау орталығы 17-30 желтоқсан аралығында оқу бағдарламалары, оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендерді сараптау үшін мамандарды іріктеу конкурсын жариялайды. Қатысуға педагог-зерттеуші немесе одан жоғары біліктілігі бар кандидаттар шақырылады. Мақсаты — білім беру саласында оқу материалдарының сапасын бағалау және талдау үшін кәсіби мамандарды тарту. Сарапшылар базасына қабылдану үшін қажетті іс-шаралар:• E-EXPERT.GOV.KZ порталы арқылы қажетті құжаттар мен өтінішті тапсыру;• Тестілеу — кәсіби құзыреттерді тексеру кезеңдері;• Сұхбат — кәсіби тәжірибені, мотивациямен білім беру процесін түсінуді анықтау үшін жеке әңгімелесу;• Эссе жазу — ойды нақты әрі дәйекті түрде білдіру және өз пікірін дұрыс дәлелдеу дағдыларын көрсету. Барлық кезеңдерден сәтті өткен үміткерлер оқудан өтеді. Курстардың ұзақтығы 360 сағатты құрайды. Бағдарлама оқу материалдарының сапасын бағалауға қатысты құзыреттерді дамытуға бағытталған. Оқу барысында үміткерлер сараптамалық шешім әзірлеу бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді. Оқуды аяқтағаннан кейін қатысушылар 5 жыл мерзімге жарамды сертификат алады. Сондай-ақ, қатысушылар білім беру материалдарын сараптауға әрі бағалауға белсене қатысып, кәсіби біліктілігін арттырады және мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Өтінім беру үшін E-EXPERT.GOV.KZ сайтынан толық мәлімет алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/902803

Маңғыстау облысында «Отпан» тірек мектептер желісін дамыту жобасы жүзеге асырылуда 13.12.2024
Білім сапасын арттыру мақсатында осы жылдың сәуір айында ҚР Үкіметімен Маңғыстау облысында тірек мектептер желісін дамытуға бағытталған «Отпан» жобасы жүзеге асырыла бастады. Жобаға 50 мектеп қосылды. Бұл мектептерде 60 мың оқушы білім алып, 7 мың педагог қызмет атқарады. Бейнеуге жұмыс сапары кезінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жобаның жүзеге асырылуымен танысты. Оның айтуынша мемлекет білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Өткен жылдан бастап елімізде «Ауыл мектебі - сапа алаңы» республикалық жобасы аясында жеке инвесторлардың қатысуымен өңірлік бастамалар жүзеге асырылуда. Оның ішінде әсіресе, Ақтөбе облысындағы «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін көтеру», Алматы облысындағы «Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша білім сапасын арттыру», Маңғыстау облысындағы «Отпан» тірек мектептер желісін дамыту», Ұлытау облысындағы «Ustaz Ulytau» жобаларын атауға болады. «Ауыл мектебі - сапа алаңы» республикалық жобасы бұл білім сапасын арттыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы маңызды қадам, ол оқу процесінің барлық аспектілерін қамтиды. Ол білім инфрақұрылымын жаңарту, мектептерді заманауи технологиялармен жабдықтау ғана емес, сондай-ақ білім берудің жаңа әдістерін енгізу. Жобаның маңыздылығы педагогтердің кәсіби деңгейін көтеруге басымдық берілуінде. Республикалық жобаның алғашқы нәтижелері қазірдің өзінде ауыл мектептерінде білім сапасының орташа 7-9%-ға артқанын көрсетіп отыр», - деді министр. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Маңғыстау облысында бүгінде 50-ден астам білім беру кеңістігі жаңартылды, оның ішінде пәндік кабинеттер мен STEM-зертханалар бар. Арт- және телестудиялар, балалар үшін демалыс аймақтары жасақталды. 300-ге жуық педагог пен мектеп әкімшіліктері кәсіби біліктілігін арттырды. Жоба екі жылға созылады. Оның қатысушыларының оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізіледі, аяқталғаннан кейін «Өрлеу» БАҰО АҚ мен Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА жобадан кейінгі сүйемелдеу көрсетеді. Атап өту керек, «Отпан» жобасы Оқу-ағарту министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігінің қолдауымен, Білім беруді тұрақты дамыту қорының және «Halyk» қайырымдылық қорының қатысуымен жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/902388

Қазақстан құрамасы IJSO халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында 100% нәтиже көрсетті 12.12.2024
Бухарестте XXI Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) аяқталды. Бұл беделді білім сайысына әлемнің 60 елінен 360-тан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті. Қазақстан құрамасында алты оқушы болды. Сайыс қорытындысы бойынша біздің оқушылар 100% нәтиже көрсетіп, алты медаль жеңіп алды: Айзере Жеңісханова – Өскемен қаласындағы ХБН НЗМ-нің 10-сынып оқушысы;Әділ Жиенбаев – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы;Анастасия Пономарева – Астана қаласындағы РФММ-нің 9-сынып оқушысы; Әбдіжан Ибраимов – Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;Мұнар Сағымбай – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы;Әлихан Іскендір – Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы. Команда жетекшілері:• Самат Мұратбекұлы Мақсұтов – PhD докторы, SDU доценті;• Айдос Бекзатұлы Сәрсенбай – Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;• Мұхаммедәлі Ғаниұлы – SDU студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы. Анықтама:IJSO - 15 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған халықаралық ғылыми сайыс. Бұл олимпиада 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. 2023 жылы Бангкокта өткен жарыста Қазақстан құрамасының барлық алты қатысушысы жүлдегер атанған болатын. Биыл да оқушылар Астанада екі апталық оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, ел намысын абыроймен қорғады. Қазақстан құрамасын, команда жетекшілерін, ұстаздар мен ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/901517

Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды 12.12.2024
Қазақстанда ваучерлік қаржыландыру әдістемесін қолдана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты дербестендіру бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру жүйесі Тараз (Жамбыл облысы), Түркістан Шымкент, Орал қалаларында пилоттық жоба шеңберінде іске асырылуда. 20 қарашадан бастап Орал қаласы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ваучерлік қаржыландыру енгізілетін пилоттық қалалардың біріне айналды, бұл 3 177 ваучер беруге мүмкіндік берді.Қазіргі уақытта Оралдағы барлық 185 мектепке дейінгі ұйым ваучерлік механизм бойынша қаржыландырылуда. Естеріңізге сала кетейік, енгізіліп жатқан ваучерлік қаржыландыру жүйесі барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына белгіленген талаптарға сай болған жағдайда бюджеттік қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ата-аналарға балабақшаны өз бетінше таңдау мүмкіндігі беріледі, бұл тек жеке ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар арасында да бәсекелестіктің қалыптасуына ықпал етеді. Жүйе ең алдымен, «Балаға берілетін ақша» қағидатымен бүкіл қаржыландыру процесінің ашықтығын қамтамасыз ететін шартты қарастырады. Қаражатты есептеу және аудару ата-аналардың баланың балабақшаға бару табеліндегі мәліметтерді растағаннан кейін ғана жүргізіледі. Айта кетейік, ваучерлік қаржыландыру механизмін масштабтау өңірлердің дайындығына қарай келесі жылдан бастап жоспарланған. Анықтама: Қазақстанда 11 642 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 92,5%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/901520

Қазақстандық мектептерде медиация қызметтері пайда болады 11.12.2024
ҚР Оқу-ағарту министрлігі қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын құруға бағытталған «100 медиативті мектеп» жобасын іске қосуда. Бастама шеңберінде еліміздің барлық мектептерінде қақтығыстарды тиімді шешуге және оқушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін жағымсыз салдардың алдын алуға ықпал ететін мектеп медиациясы қызметтері жұмыс атқара бастайды.Осы қызметтердің жұмысына бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін Ы.Алтынсарин атындағы КЕАҚ әзірлеген әдістемелік ұсынымдар бекітілді. Олар мектептегі медиация қызметтерін құру және олардың табысты жұмыс істеуі үшін қажетті теориялық және практикалық материалдарды қамтиды. Бұл ұсынымдар білім беру ұйымдарында медиативтік практикаларды енгізу үшін негіз болады. «Негізгі мақсат - қиын өмірлік жағдайларда қолдау көрсету, балаларды дамыту және әлеуметтендіру үшін қолайлы және қауіпсіз орта құру. Бұдан бөлек, мұнда отбасылық-құқықтық дауларды шешуге жәрдем көрсетіледі. Мектеп қызметтері қақтығыстарды реттеудің маңызды құралы болып табылады, ал медиативтік практикаларды пайдалану даулы жағдайлардың санын қысқартуға және оқу орындарындағы психологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова. Медиация қызметіне жоғары сынып оқушылары, педагогтер, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, ата-аналар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, қамқоршылық кеңестердің және аға ұрпақтың өкілдері кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/900691

Биыл жаңа оқу жылында мектептерге 8 мыңға жуық педагог жұмысқа қабылданды 11.12.2024
2024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында педагогтер саны 406 мыңға жетті, бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 8 мыңға көбейгенін көрсетеді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Орта білім комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жоғары көрсеткіші Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласында тіркелген. Осылайша, өңірлердегі маман тапшылығы толығымен жойылды. Сондай-ақ мамандарға сұраныс педагог мамандығын бітірген түлектер есебінен толықтырылуда. Себебі, соңғы жылдары дарынды жастар арасынан педагогикалық мамандықтарға түсушілердің оң динамикасы байқалады. Мысалы, былтыр 1500 «Алтын белгі» иегері педагог мамандығын таңдаса, биыл 1800-і таңдады.«Жергілікті атқарушы органдар тарапынан педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру гранттарының саны артып келеді. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балдың 50-ден 75 балға дейін өсуіне қарамастан, мамандыққа деген қызығушылық жоғары болып қала береді. Биылғы жылы педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарын бітірушілер саны 48 мың адамды құрады, оның 2 мыңға жуығы облыс әкімдерінің гранты бойынша білім алды. Жаңа оқу жылы басталғалы 8 мыңға жуық педагог жұмысқа қабылданды», - деді Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.Жалпы 2021 жылдан бастап білім беру жүйесіне жас мамандарды тарту бойынша бірқатар шаралар қабылданып келеді. Атап айтсақ, педагогикалық бағыттарға гранттар саны артты, осы мамандықтар бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттері үшін стипендия мөлшері 58 мыңнан 67 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл ретте педагогикалық мамандықтарға түсетін талапкерлердің ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балы – 115-ті құрады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/900464

ҚР Оқу-ағарту министрлігі жүргізген тексерулердің нәтижесінде 15 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды 11.12.2024
Биылғы жылдың басынан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 242 білім беру ұйымына тексеру жүргізді, оның ішінде 108 тексеру жергілікті жерлерге бару арқылы жүзеге асса, 13 тексеру жоспардан тыс тұрғындардың арыз-өтініштері негізінде жүргізілді.2024 жылдан бастап «Бала құқықтары туралы» ҚР Заңының 52-1 және 52-2-баптары күшіне енді, мұнда облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда білім беру ұйымдары мен басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізуге қойылатын жаңа тәртіп пен талаптар айқындалған. Аталған жұмыс балалардың құқықтарын қорғау саласындағы құқықбұзушылық фактілерін анықтауға бағытталған.Тексерулер 25 білім бөлімінде және өңірлердің сегіз білім басқармасында жүргізілді. Нәтижесінде 15 лауазымды тұлғаға сот шешімі бойынша әкімшілік айыппұл салынды, 65 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.«Министрлік балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдар тарапынан бұзушылықтарды, оның ішінде мектептегі ас мәзірінің белгіленген тамақтану нормаларына сәйкес келмеуі, сабақтарды жүйелі түрде өткізетін балаларға әсер етудің тиімді шараларының болмауы, оқушылардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережелерінің сақталмауы және т.б. фактілерді тіркеді. Бұл мәселелер жергілікті билік пен білім беру ұйымдары тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді», - деп атап өтті комитет төрағасы Насымжан Оспанова.Тексеру қорытындысы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 121 ұсыным және бұзушылықтарды жою туралы 151 нұсқама жолдады. Сондай-ақ ұсынымдардың орындалуын талдау тұрақты негізде жүзеге асырылады, оның барысында Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында берілген ұсынымдардың сапасыз орындалуы анықталды.ҚР «Білім туралы» Заңының 6 бабына сәйкес балабақшалар, мектептер, қосымша білім беру ұйымдары жергілікті атқарушы органдардың қарамағында. Сондай-ақ, аталған ұйымдардың басшыларын тағайындауды әкімдіктердің құрылымындағы білім басқармалары жүзеге асырады.Айта кетейік, балалардың құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/899989