Enbekshi QazaQ

Туризм

Қазақстандық оқушылар қысқы каникулда неше күн демалады? 10.12.2024
Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Қысқы каникул кезеңі 2024 жылдың 30-желтоқсаны мен 2025 жылдың 8-қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.Мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалды. Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:• «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» мектепішілік іс-шарасы;• театр фестивальдері мен қойылымдары;• жаңа жылдық әшекейлер жасау бойынша шеберлік сабақтары;• қауіпсіздік сабақтары;• мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;• спорттық ойындар, коньки, шаңғы тебу;• қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар.Ең бастысы - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылады.Айта кетейік, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/899518
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіші 92,5%-ке жетті 09.12.2024
Осы жылдың басынан бастап еліміздің өңірлерінде 64 мың орынға арналған 561 мектепке дейінгі ұйым ашылды, бұл кезекте тұрған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 92,5%-ын мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтуға мүмкіндік берді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Жаңа орындардың ашылуы мектепке дейінгі ұйымдардың құрылысын жүргізу, реконструкциялау және шағын орталықтар желісін кеңейту, сондай-ақ жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру есебінен іске асырылады.«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық балалар үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар қабылдануда. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін 2023-2027 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосудың қадамдық жоспары әзірленді. Бүгінгі таңда балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтуда 13 өңір жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Оның ішінде Шымкент қаласын, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе облыстарын атап өтуге болады», - деп қорытындылады Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Адамова.Бүгінде елімізде 11,6 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, онда 1 млн-ға жуық бала тәрбиеленуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/899065
ЖЫЛ КӨРСЕТКІШІ 09.12.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/898819
Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ортақ жауапкершілік болуы керек –Оқу-ағарту министрі ата-аналармен кездесуде тәрбиеге басымдық берді 07.12.2024
Ғани Бейсембаев ата-аналар комитетінің өкілдеріне арналған «Балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі: ата-ана мен мектептің бірлескен жауапкершілігі» семинар-тренингіне қатысты. Оған еліміздің барлық өңірінен 500-ге жуық ата-ана жиналды.Министр ата-аналарды балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуге шақырды және ата-ана мен мектептің ынтымақтастығын арттыру, ата-аналар комитеттерінің рөлін нығайтудың маңыздылығына тоқталды.«Балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесінде ортақ жауапкершілік болуы керек - бұл біз ұмтылуымыз керек негізгі құндылық. Ол ең алдымен ата-ананың басты жауапкершілігінде, мемлекет пен мектеп тарапынан оларға қолдау көрсетіп, әрбір баланың жан-жақты дамуына жағдай жасауда. Тәрбие отбасынан басталатынын есте ұстаған жөн. Ата-ана ұстазға деген құрметтің үлгісін көрсетуі керек, өйткені бала ата-анасының айнасы», – деді Ғани Бейсембаев.Оның айтуынша, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау, олардың дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың ең маңызды басымдығы. Бұл бағытта ауқымды шаралар атқарылуда. Бес жылда елімізде 1 млн оқушы орнына арналған 1 мыңнан астам мектеп ашылды. Алғаш рет өткен жылдан бастап 1,7 миллионнан астам бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар тегін тамақпен қамтылды.«Мемлекет балалар үшін қауіпсіз және эргономикалық білім ортасын құруды жалғастыруда. Бұл ретте Мемлекет басшысының бастамасымен қалалар мен шалғайдағы ауылдарды да қамтитын «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы іске асырылуда. Өткен жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізіліп, оның аясында балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттілігін арттыруға, позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыруға бағытталған Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары ашылды», – деп атап өтті министр.Бұл семинар-тренинг «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Тәрбие жұмысы бойынша негізгі төрт тақырыпқа бөлінген дискуссиялық алаңдар ұйымдастырылды.Сонымен қатар қазақстандық суретші Аңсаған Мұстафаның тақырыптық көрмесі өтіп, ата-аналарға қазіргі заман жағдайында балалармен эмоционалды байланыс орнату тәсілдері, жанжалдарды еңсеру және отбасы мен мектепте сенімді атмосфера құру бойынша әдістемелік құралдар ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/898226
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Астанада «Ұстаз» фильмінің таныстырылымы өтті 06.12.2024
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің және Жетісу облыстық әкімдігінің қолдауымен бүгін астаналық педагогтер мен білім беру ісінің ардагерлері үшін жетісулық режиссер Ерлан Ошақбаевтың «Ұстаз» фильмінің тұсаукесері ұйымдастырылды.Фильмде жас ұстаздың туған ауылына оралуы, өзі оқыған мектепте жұмыс істеуі, оқушылармен қарым-қатынасы, мұғалімнің беделі, шәкірттерін білім бәсекесіне қабілетті етуге деген ұмтылысы мен жаңашылдығы, сондай-ақ педагогикалық қызметтің қиындығы мен қызығы көрініс табады.Таныстырылым кезінде сөз сөйлеген оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, фильмді еліміздің басты телеарналарынан көрсету және барлық өңірлерде педагогтер қауымдастығы арасында тарату жөнінде ұсыныс білдірді.«Мемлекет басшысы педагогтардың қоғамымызда маңызды рөл атқаратынын атап өткен болатын. Бұл сөздер педагогтарды қолдауға және білім сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдармен бекітілді. Алғашқы және маңызды қадамдардың бірі 2019 жылы ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының қабылдануы болды, ол педагогтардың жұмыс жүктемесін азайту, артық функциялардан босату және жаңа ынталандыру шараларын енгізу мәселелерін реттеді. Осы фильмнің негізгі миссиясы — педагогтың тек мамандық емес, нағыз шақыру, миссия екендігін көрсету. Олардың қоғамдағы рөлін терең түсінуге, жас мұғалімдер үшін жауапкершілікті сезінуге және кәсіби дамуға шабыттандыратын маңызды себеп болатынына сенемін.», – деді министр.«Ұстаз» фильмінің идея авторы – Бейсен Құранбек, сценарийін жазған – Гүлмира Қадырқызы, ал фильм кейіпкерлерінің рөлдерін Жетісу облыстық драма театрының және оқушылар сарайындағы поэтикалық театрдың актерлері сомдаған. Фильм Жетісу телеарнасының қолдауымен өңірде түсірілген. Алдағы уақытта ол еліміздің бас телеарналарынан көрсетілмек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/897458
Ғани Бейсембаев еуропалық әріптестерімен кәсіптік-техникалық білім беру мәселелері бойынша бірқатар келіссөздер жүргізді 05.12.2024
Министр просвещения РК встретился с главой Европейского фонда образования Пилви Торсти и Чрезвычайным и Полномочным послом Эстонии в Казахстане Яапом Ора. Стороны обсудили перспективы развития двустороннего сотрудничества в сфере среднего, технического и профессионального образования.В ходе встречи министр отметил, что в рамках объявленного Главой государства Года рабочих профессий проводится масштабная трансформация системы технического и профессионального образования. Совершенствуются законодательные нормы, а также усиливается менеджмент в колледжах с учетом лучших международных практик.Кроме того, обсуждались вопросы реализации совместных образовательных программ, инновационного развития колледжей, стажировок для студентов и педагогов, а также проекты по профессиональному развитию педагогов школ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/897283
Оқу-ағарту вице-министрі азаматтарды жеке қабылдады 05.12.2024
Азаматтарды қабылдау орталығында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан азаматтарды жеке қабылдады. Тұрғындар орта білім және балалардың құқықтарын қорғауға қатысты өзекті мәселелер бойынша жауап алды. Еділ Оспан тұрғындардың барлық өтініштеріне егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер оның жеке бақылауына алынды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.Айта кетейік, азаматтарды жеке қабылдау өңірлерде де, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16 кіреберісте орналасқан азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында да өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/897072
2024 жылы психологиялық қолдау орталықтары шамамен 240 000 адамға көмек көрсетті 04.12.2024
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері 2024 жылы еліміздің 20 өңірінде психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істей бастағанын хабарлады. Бүгін орталықтар шамамен 240 000 мектеп оқушысы мен олардың отбасыларына көмек көрсетті.ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан орталық жұмысының тиімділігін бағалау үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және мамандардың біліктілігіне қойылатын талаптарды нақтылау ескеріле отырып, жаңа тәсілдер енгізілгенін атап өтті.«Министрлік орталықтардың қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды, штаттық кестені, қызметкерлердің біліктілігі мен материалдық-техникалық жабдықталуына қойылатын талаптарды бекітті. Орталықтардың қызметін дамыту үшін жобалық кеңсе құрылды, провайдерлер анықталды. Орталықтан тиісті бақылау күшейтіледі. Барлық әкімдіктер белгіленген алгоритмге сәйкес орталықтардың жұмысын реттеуді жалғастыруда», — деп атап өтті вице-министр Еділ Оспан.Сондай-ақ, орталықтарды құрудың негізгі мақсаты балалар мен олардың отбасыларының психологиялық әл-ауқатын қолдау және нығайту үшін жергілікті деңгейде психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесін құру болып табылатынын еске саламыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/896188
Қазақстандық оқушыларға жеке қауіпсіздік сабақтары оқытылуда 04.12.2024
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан жаңа оқу жылының жаңалықтарына тоқталды. Мәселен, 1 қыркүйектен бастап еліміздің балабақшаларында, мектептері мен колледждерінде 130 сабақтан тұратын жеке қауіпсіздік негіздері оқытыла бастады.Бүгінде балалар 10 аптаға жоспарланған барлық тақырыптарды, соның ішінде жеке қауіпсіздік негіздерін, қоғамдық орындарда, көшеде, үйде және интернетте қауіпсіздік ережелерін толық меңгерді. Оқу жылының соңына дейін олар цифрлық технологияларды, онлайн-тәуекелдерді қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ және сыни талдау жасау дағдыларын дамытуға баса назар аудара отырып, зерделенген материалды қайталап бекітетін болады.«Бұл сабақтар балаларға өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім беріп, практикалық дағдыларды үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар балалардың әлеуметтік жауапкершілігі мен өзіне деген сенімділігін дамытуға көмектеседі. Біз әр баланың жасын және даму деңгейін ескере отырып, ол үшін сенімді қолдаушы орта қалыптастыруға тырысамыз», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.Айта кетейік, сабақтар апта сайын сынып сағаты аясында ұзақтығы 10 минуттан жылына үш рет қайталанып өткізіледі. Сабақтарда материалды барлық жас топтарындағы балаларға қолжетімді және қызықты ету үшін практикалық кеңестер, оқытудың интерактивті әдістері, бейнелер мен ойындар қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/896287
Қазақстан құрамасы Халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадаға (IJSO) қатысады 04.12.2024
Қазақстанның құрама командасы 2-12 желтоқсан аралығында Бухарестте (Румыния) өтетін жасөспірімдер арасындағы XXI халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадаға (IJSO) қатысады. Аталған беделді білім беру сайысында әлемнің 60 елінен 360-тан астам оқушы өзара білім бәсекесіне түседі. Қазақстан командасының құрамы:• Әділ Жиенбаев - Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы (Алматы қ.);• Мұнар Сағымбай - Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы (Алматы қ.);• Айзере Жеңісханова - химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы (Өскемен қ.);• Абдижан Ибраимов - «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы (Астана қ.);• Әлихан Іскендір - «Білім-инновация» дарынды балаларға арналған облыстық лицей-интернатының 9-сынып оқушысы (Ақтөбе облысы);•Анастасия Пономарева - Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы (Астана қ.).Команда жетекшілері:• Самат Мұратбекұлы Максутов - PhD докторы, SDU доценті;• Айдос Бекзатұлы Сәрсенбай - Ш.Есенова атындағы Каспий технология және инжиниринг университетінің студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;• Мұхаммедали Ғаниұлы - SDU студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.Анықтама үшін: IJSO - 2004 жылдан бері өткізіліп келе жатқан 15 жасқа дейінгі оқушыларға арналған халықаралық ғылыми жарыс. Қатысушылар физика, химия және биология бағыттары бойынша білімдерін сынайды. 2023 жылы Бангкок олимпиадасында қазақстандық команданың барлық алты қатысушысы жүлдегер атанды. Биылғы жылы оқушылар Астанада екі апталық оқу-жаттығудан өтті.Қазақстан құрамасына сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/895698
Заңсыз шығарылған активтерді қайтару: Шымкенттегі мектеп-интернат-колледж тәрбиеленушілері үшін 300 орындық жатақхана салынады 04.12.2024
Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда.Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Шымкент қаласындағы «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» кешені үшін жатақхана салуға 2,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Ғимарат 300 орынға есептелген, жобада ұлдар мен қыздарға арналған бөлек блоктар, медициналық блок, асхана, ойын бөлмелері және басқалары қарастырылған. Жатақхана барлық заманауи талаптарға сай болады.Бүгінде «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» арнайы кешенінде 363 адам оқып жатыр. Жаңа ғимараттың құрылысы 120 оқушыға арналған жатақханадағы орын тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Нысан 1975 жылы салынған. Қазіргі уақытта орын тапшылығына байланысты оқу орнындағы кейбір кабинеттер балаларға арналған жатын бөлмелері ретінде қарастырылған. 67 оқушы үйде оқуға мәжбүр.Жаңа жатақхана балалардың өмір сүруіне және олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасайды.Бұған дейін Үкімет Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешенін, Түркістан облысының Темірлан ауылында музыка мектебін, Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешенін, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығын, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығын, Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша, Атырау облысының Жамансор ауылында мектеп салу, Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешенінің құрылысын аяқтау секілді жобаларды іске асыру үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдаған болатын.Жұмыс жалғасуда.https://primeminister.kz/ru Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/895703
«Тірек мектебі – шағын жинақты мектеп» моделі еліміздің барлық өңірінде енгізіледі 03.12.2024
Ғани Бейсембаев ауыл мектептерінің сапасын арттыру бойыныша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесімен бөлісті. Әсіресе, Ақтөбе облысында жүзеге асырылған «Тірек мектебі – шағын жинақты мектеп» моделі тиімділігін көрсетті.Жоба нәтижесі 2023 жылмен салыстырғанда шағын жинақты ауыл мектептеріндегі білім сапасы орта есеппен 7 пайызға артқанын көрсетті. Облыста цифрлық білім беру экожүйесі қалыптасып, сапалы интернетке қол жеткізу мәселелері шешілді. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі оны еліміздің барлық өңірлерінде кеңейтуді ұсынып отыр.«Жоба аясында Ақтөбе облысында жүргізілген кешенді жұмыстар шағын жинақты мектептердегі білім сапасының артуына ықпал етті. Оқу-ағарту министрлігі ұлттық үйлестіруші ретінде ауыл мектептерінің даму стратегиясын әзірледі. Енді әкімдіктер стратегия негізінде жобаны масштабтау жұмыстарын кезең кезеңімен іске асыруды қамтамасыз етуі қажет», - деп қорытындылады министр.Айта кету керек, биылғы жылы жобаға Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 10 тірек және 30 шағын жинақты мектеп тартылуда. 2025 жылдың қаңтарынан бастап жобаға 17 өңірдің 192 тірек және 759 шағын жинақты мектебі қатысады. Ал үшінші кезеңде осы жобаға қалған шағын жинақты мектептердің барлығы толығымен қамтылуы тиіс. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/895031
Қазақстанда ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру бойынша «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы жүзеге асуда 03.12.2024
ҚР Үкіметінің отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ауыл мектептерінде білім сапасын көтеру мақсатыныда қолға алынған шараларға тоқталып өтті. Бүгінде осы мақсатта елімізде өңірлердегі шағын жобаларды қамтитын «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы жүзеге асуда.Өткен жылы Ақтөбе облысында Оқу-ағарту министрлігінің, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының және Білім беруді тұрақты дамыту қолдауымен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру жөніндегі жоба табысты жүзеге асырылды. Жобаға 12 тірек және 134 шағын жинақты мектеп, 11 мыңнан астам білім алушы мен 3,5 мыңға жуық педагог қатысты.Жобаға қатысқан мектеп басшылары мен педагогтері цифрлық құзыреттілік пен кәсіби дамуға бағытталған арнайы курстардан өтті. Шағын жинақты мектептердің техникалық мүмкіндіктеріне қарай оқытудың 4 моделі әзірленіп енгізілді.«Жоба аясында тірек мектептерінің материалдық-техникалық базасы толығымен жаңартылып, шағын жинақты мектептер пәндік және цифрлық кабинеттермен жабдықталды. Мектептер жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етілді», - деп мәлімдеді Ғани Бейсембаев.Сондай-ақ өткен оқу жылы Алматы облысының 50 мектебінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім сапасын арттыру мақсатында «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесіне негізделген жоба жүзеге асырылды, ал биылғы жылы Маңғыстау облысында «Отпан» жобасы басталды. Жоба 50 мектепті қамтиды, оның ішінде 35 мектеп ауылдық жерлерде орналасқан. Оған барлығы 60 мың білім алушы мен 7 мың педагог қатысты.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бүгінде 8 мың мектеп бар, оның 67% ауыл мектептері, 51% шағын жинақты мектептер. Шағын жинақты мектептердің ең көп саны Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/894954
Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтық қысқара бастады – оқу-ағарту министрі PISA халықаралық зерттеулері туралы 03.12.2024
Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстардың қорытындысы туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында баяндады.Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 8 мыңға жуық мектеп жұмыс жасауда, оның ішінде 67%-ы ауыл мектебі. Айта кету керек, ауыл мектебінің әрбір екіншісі шағын жинақты болып табылады.Оқушылардың 40% ауыл мектебінде білім алады. Сондықтан үкімет ауыл мектептерін дамыту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту және қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты азайтуға аса мән беруде.«Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықтың азайғанын PISA халықаралық зерттеулері айқындап отыр. Дегенмен PISA-2018 нәтижелерімен салыстырғанда, 2022 жылғы математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бойынша айырмашылық көрсеткіші 4-5 балға дейін қысқарды, ал оқу сауаттылығы өзгеріссіз қалды», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.Естеріңізге сала кетейік, математикалық сауаттылық бойынша PISA-2018-де қала мектептері мен ауыл мектептері арасындағы білімдегі алшақтық – 22 балды құраса, PISA-2022-де алшақтық 18 балға төмендетілді. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 2018 жылы алшақтық 31 балды құрады, ал 2022 жылы ол 26 балға дейін азайтылды. Осылайша, халықаралық зерттеулер ауыл мектептерінде білім беру сапасының артып келе жатқанын айғақтайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/894881
Жаңа жылдан бастап еліміздің өңірлерінде шағын жинақты ауылдық мектептердің әлеуетін дамыту жобасы басталады 02.12.2024
Өткен жылы Ақтөбе облысында цифрлық технологияларды пайдалана отырып, шағын жинақты мектептерді дамыту жобасы сынақтан өтті. Жобаны іске асыру барысында ауылдық жерлерде білім беру сапасы мен оқытудың тиімділігі айтарлықтай артқаны анықталды.Ақтөбе облысының барлығы 10,5 мың оқушы контингенті бар 134 шағын жинақты мектебі пилоттық жобамен қамтылды. Жоба қорытындысы бойынша мектептердің 77,4%-да жоғары сапалы интернетке қол жеткізу мәселесі шешімін тапты.«Оқу процесінде цифрлық шешімдер, соның ішінде тірек мектептер оқытушылары озық технологияларды тиімді пайдалануды, оқушыға оңай жеткізуді жүзеге асырды. Жобаны іске асыру нәтижесінде мектептер онлайн-оқытуға арналған 155 жаңартылған цифрлық кабинеттер мен зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналған ғылым кабинеттерін алды. Сондай-ақ, 1000-нан астам педагог білім беру бағдарламалары бойынша оқудан өтті. Оқу жетістіктері мониторингінің нәтижелері оқушылардың барлық пәндер бойынша үлгерімінде оң динамиканы көрсетті», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Әлия Чокушева.Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 8 мың мектеп бар, оның 67,4%-ы ауылдық жерлерде орналасқан, ал 51,2%-ы шағын жинақты мектептер болып табылады. Шағын жинақты мектептердің ең көбі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында орналасқан. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, аталған жобаны келесі жылдан бастап жоғарыда аталған өңірлерде масштабтау жоспарлануда.Жоба ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлесіп, «Қазақстан халқына» қорының, Білім беруді тұрақты дамыту Қорының қолдауымен жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/894691
Ауыл мектептерінің оқушылары арасында жаратылыстану-метематикалық бағыт бойынша Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды 02.12.2024
Ауыл мектептерінің оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша өткен II Республикалық олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Қорытынды кезеңге 486 оқушы қатысып, оның ішінде 221 оқушы жеңімпаз атанды. Бұл балалар – еліміздің ең шалғай аймақтарынан келген дарынды жастар.Марапаттау рәсіміне Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашұлы Бекболатов қатысты.«Оқу-ағарту министрлігі ауыл мектептерінің талантты және білімге құштар оқушыларын анықтау мақсатында республикалық олимпиада екінші жыл қатарынан өткізуде. Егер былтыр олимпиаданың бірінші кезеңіне 78 мың оқушы қатысса, биыл олардың саны 113 мыңнан асты. Бұл ауыл оқушыларының зияткерлік жарыстарға деген қызығушылығының артып, республикалық олимпиаданың мәртебесінің жоғары екенін көрсетеді. Баршаңызды жетістіктеріңізбен құттықтаймын және білім жолында жаңа табыстар тілеймін!» – деді комитет төрағасы.«Олимпиаданың ең жас қатысушысы» номинациясы бойынша дипломдармен Павлодар облысынан Имран Құсайынов және Қызылорда облысынан Төре Балтабаев марапатталды.«Мен 6-сыныпта оқимын, бірақ олимпиадаға 9-сынып бағдарламасы бойынша қатысамын. Біздің елде білім алып, ғылыммен айналысуға көптеген мүмкіндіктер бар екенін мақтан тұтамын. Мемлекетіміз талантты балаларды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Біз үшін олимпиадалар, байқаулар ұйымдастырылады, ал үздіктер халықаралық жарыстарға жіберіледі. Мен де олимпиадалық резервтің бір бөлігі болуды, білімімді жетілдіріп, бір күні елім үшін алтын медаль ұтып алуды армандаймын!» – деп бөлісті Төре Балтабаев.Олимпиадада барлығы 221 медаль сарапқа салынды: 117 қола, 62 күміс және 42 алтын медаль.Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада 13 пән бойынша жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда үш кезеңде өтеді. Мектеп кезеңіне 99 264 оқушы қатысып, олардың 53 593-і аудандық кезеңге өтті. Облыстық кезеңде 12 000 оқушы бақ сынады, ал финалға 1000-ға жуық оқушы шықты. Соның ішінде 486 оқушы жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиадаға қатысты, ал 450 оқушы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша олимпиадаға қатысады. Бұл олимпиада 10-14 желтоқсан аралығында Астана қаласында өтеді.«Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломдар Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарының құрама командаларына табысталды.Жеңімпаздарға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 8 ректорлық гранты табысталды: 6 грант – SDU-дан, 2 грант – Халықаралық Қожа Ахмет Ясауи университетінен. Сондай-ақ, математика, физика және информатика пәндері бойынша I дәрежелі диплом иегерлері – 9-10 сынып оқушыларына Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде 2025-2026 оқу жылында білім алуға грант берілді.Айта кетейік, олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысқан барлық оқушылар «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданады. Сонымен қатар, I дәрежелі диплом иегерлері 2025 жылғы наурыз айында өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың соңғы кезеңіне қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/893917
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан 29.11.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. Алматы облысының Көкөзек ауылында орналасқан кезекті 36-шы мектеп есігін айқара ашты.1500 оқушыға арналған мектеп заманауи стандарттар бойынша жабдықталған және қалалық мектептерден кем түспейді. Аталған мектеп 68 оқу кабинетімен, STEM-зертханалармен, робототехника кабинеттерімен, хореографиялық залмен, спорт залдарымен, демалыс және нетворкинг орталықтарамен жабдықталған.Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін барлық жағдай қарастырылған, әр оқушы үшін жеке шкафтары бар. Сонымен қатар барлық оқу кабинеттері жаңа технологиялармен – интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталған, бұл оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге және білім беру процесінің сапасын арттыруға ықпал етеді.Айта кетейік, бұл - «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алматы облысының ауылдық жерлерінде салынған бесінші мектеп. Жалпы, биылғы жылдың басынан бері елімізде 36 жайлы мектеп пайдалануға берілді, оның 15-і ауылдық елді мекендерде орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/892798
80 000-нан астам педагог тегін біліктілікті арттыру курстарынан өтті 29.11.2024
Педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған тегін курстар аяқталды. Биылғы жылы 80 мыңнан астам педагог пен білім беру ұйымдарының басшылары оқудан өтіп, біліктілігін арттырды.Курсқа қатысушылардың жартысынан көбі ауыл мектептерінің мұғалімдері, олардың саны - 46 074 педагог. Сондай-ақ 62 мың педагог мемлекеттік тілде білім алды.Оқыту 56 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізілді. Олардың ішінде құндылыққа бағдарланған тәсілді қолдану, арт-педагогикалық технологиялар және пәндік құзыреттілікті дамыту бойынша бағдарламаларға ерекше назар аударылды. Біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдер теориялық материалдармен ғана жұмыс жасамай, сондай-ақ практикалық тапсырмаларды да орындады. Курстарды аяқтағаннан кейін оларға курстан кейінгі қолдау көрсетіледі.«Білім сапасын арттыруда мұғалімдердің үздіксіз дамуы басты рөл атқарады. Заманауи әлем мұғалімдерден білім беруді ғана емес, сонымен бірге шабыттандыруды, бағыт беруді және өзгермелі жағдайларға бейімделуді талап етеді. Біздің орталықтың оқытушылары 3 160 курс өткізді, онда 81 803 педагог, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің 11 965 педагогі, мектептердің 68 458 педагогі және колледждердің 1380 педагогі оқытылды», – деді «Өрлеу» Басқарма Төрағасы Айдана Шилибекова.Естеріңізге сала кетейік, курстар биыл ақпан айында басталған болатын, ол мұғалімдерді қолдау мақсатында жыл сайын өткізіліп келеді. Мұндай курстар білім сапасын арттырып, мұғалімдердің кәсіби өсуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ ол педагогиканың қазіргі тенденцияларын, білім берудің заманауи технологиялары мен әдістерін меңгеру арқылы оқушыларға сапалы, қазіргі талапқа сай білім беру мүмкіндігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/893201
Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдау өткізді 28.11.2024
Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Еліміздің тұрғындарына әр өңірден бейне байланыс режимінде де өз сұрақтарын қою мүмкіндігі берілді. Өтініштер негізінен мектепке дейінгі және орта білім беруден бастап техникалық және кәсіптік оқыту, сондай-ақ инклюзивті білім беру мәселелерін қамтыды. Министр тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Қосымша зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелер ведомство басшысының жеке бақылауына алынды. Қабылдау қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрлігінің комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Айта кетейік, министрдің азаматтарды жеке қабылдауы өңірлерде де өтеді, сондай-ақ Астана қаласында Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16 кіреберісте орналасқан азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында ұйымдастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/892077
Оқу-ағарту министрлігі «Хабар» агенттігімен бірлесіп оқушылар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынын қайта жаңғыртты 28.11.2024
«Хабар» агенттігі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 11(12) сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынын қайта жаңғыртты.Биылғы жылдың қараша айында еліміздің барлық өңірінде басталған іріктеу кезеңі 2025 жылдың сәуір айына дейін жалғасады. Өңірлік кезеңнің нәтижесі бойынша әрбір облыстан 5 үздік оқушы республикалық кезеңге жолдама алады. Ол 2025 жылдың наурыз-сәуір айларында Алматы қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.Зияткерлік сайысының тапсырмалары жалпы білім, логика, музыка, өнер, спорт секілді түрлі салаларды қамтиды. Аудандық кезеңде қатысушылар 45 минут ішінде 30 сұраққа жауап берулері керек болса, облыстық кезеңде 60 сұрақтың шешімін табуға 75 минут уақыт беріледі.«Бұл телеойынның оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға айтарлықтай үлес қосатынына және олардың білімге, өз өзін жетілдіруге ұмтылуына серпін беретініне сенімдіміз. Жоба ең талантты, дарынды көшбасшыларды тануға, таңдауға септігін тигізеді», - дейді «Дарын» РҒПО-ның директоры Ғаждембек Тұрсынов.Естеріңізге сала кетейік, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» телеойыны «Хабар» республикалық телеарнасында алғаш рет 1999 жылы жарыққа шықты. 25 жыл ішінде ол бірнеше рет жаңарып, жоғарғы және кіші топтар форматында да ұсынылды. Оқушылардың білімі мен интеллектуалды дамуын арттыруға, сондай-ақ еліміздің болашақ зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға бағытталған тележоба енді Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен қайтадан өз көрерменімен қауышады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/892030