108 мұғалім республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының жеңімпазы атанды.

108 мұғалім республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының жеңімпазы атанды.

24.12.2024 22:05:46 671

Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің қолдауымен ағымдағы жылдың сәуір айында басталған «Педагогикалық идеялар панорамасы - 2024» республикалық бейне сабақтар мен бейнедәрістер байқауының қорытындысы шығарылды. қорытындылады. Оған 5000-ға жуық педагог қатысты, оның ішінде 108-і жүлделі орындарға ие болды.
Мақсаты пәнаралық негізде оқушылардың ерте/функционалдық сауаттылығын дамыту саласындағы заманауи педагогикалық тәжірибе мен мұғалімдер арасындағы өзара іс-қимылдың озық тәжірибесін жинақтау және танымал ету. .
Байқау екі кезеңнен тұрады: облыстық және республикалық. 12 бағыт бойынша бейнероликтер жасалып, оларды облыстық сарапшылық кеңес мүшелері жеті критерий бойынша бағалады.
«Республикалық сарапшылық кеңес жұмысына «Өрлеу» АҚ өкілдері мен байқау бағыттары бойынша сыртқы сарапшылар тартылды. Конкурстық жұмыстарды бағалау тәртібі ашық және айқын болды. Республикалық кезең жеңімпаздарының тізімі біздің орталықтың сайтында және филиалдарының ресми аккаунттарында орналастырылады», - деді «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрайымы Айдана Шилібекова.
Осылайша, 102. мұғалімдер 1, 2, 3 дәрежелі дипломдардың иегерлері атанды. Әр сала бойынша YouTube-те ең көп қаралған бейнероликтердің авторлары анықталды. Сонымен қатар, биыл ЮНЕСКО алғаш рет байқауға қатысушылардың жұмысын бағалап, «Жаһандық азаматтық үшін білім беру» және «Климаттың өзгеруі бойынша білім беру» салаларында қосымша арнайы марапаттарды табыс етті. Бұл бастама байқаудың сапасы мен өзектілігін арттырып, оның мәртебесін халықаралық сарапшылық деңгейге жақындатты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/907809