Әлем
ШЫМКЕНТТЕ АККУМУЛЯТОРЛАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ 15.09.2026
Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриялық аймағында «Шымкент аккумуляторларды кәдеге жарату зауыты» ЖШС өндірістік нысаны ашылды.Инвестициялық жоба пайдаланылған аккумуляторларды экологиялық тұрғыдан қауіпсіз кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша заманауи өндірістік жүйе құруға бағытталған. Жобаны іске асыру қауіпті қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін азайтып, өңделген шикізатты қайта қолданысқа енгізуге мүмкіндік береді.Айта кетейік, жобаның жалпы инвестиция көлемі 2 млрд теңгені құрайды. Жүзеге асыру үшін аумағы 2,3 гектар жер телімі бөлініп отыр. Кәсіпорын жобалық қуатына шыққаннан кейін жылына 50 мыңға дейін аккумуляторды қайта өңдей алады. Зауытта 60 тұрақты жұмыс орны ашылған.Жаңа өндірістің іске қосылуы Шымкент қаласының қайта өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамытуға, экологиялық қауіпсіздікті арттыруға және мегаполистің өндірістік әлеуетін нығайтуға маңызды үлес қосатынын атап өткен жөн.
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 1 күн қалды! 15.09.2026
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 1 күн қалды! Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 15 қыркүйекте жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларацияны тапсырудың мерзімі аяқталатынын еске салады! Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан).Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады (270.00-нысан). Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» (knp.kgd.gov.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz) сервистерінің көмегімен және e-Salyq Azamat, eGov mobile, сонымен қатар Halyk, Kaspi және т.б. екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1292002?lang=ru
Құрметті "ҚЖЭК"МКК қызметтерін тұтынушылар! 15.09.2026
Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" МКК 2026 жылғы 16 қыркүйекте сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін Чкалов көшесі бойынша ЖМ-23 магистральдық жылу желісіндегі ақауларды жоюға және бекіту арматурасын ауыстыруға байланысты ыстық сумен жабдықтау уақытша шектелетінін хабарлайды.Ыстық сумен жабдықтауды шектеу келесі нысандарға әсер етеді:Көп пәтерлі тұрғын үйлер:Абай даңғылы - № 2А, 6, 8, 8/1, 10, 10/1, 10/2, 12, 12/1.Волынов көшесі — № 13, 15.Ворошилов көшесі — № 1а, 3, 3/1, 3/2, 3А, 3Б, 66, 68, 70, 72, 74.Кочубей көшесі— № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.Мирошниченко көшесі— № 8, 10, 12, 14, 20.Әлеуметтік нысан:№ 27 балабақша, Мирошниченко көшесі, 1.Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік үшін алдын ала алғыс айтамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1292003?lang=ru
Қазақстандағы алғашқы әкімшілік амнистия 15.09.2026
Қазақстанда конституциялық және институционалдық реформалар аясында алғашқы әкімшілік амнистия жүзеге асырылуда.Процесс цифрлық форматта жүргізіледі: өтініш берудің қажеті жоқ, тиісті жағдайлар автоматты түрде анықталады, ал ақпарат электрондық түрде немесе SMS арқылы жіберіледі.Бұл шара әкімшілік құқық бұзушылықтардың маңыздылығы төмен түрлеріне байланысты туындаған міндеттемелерге қолданылады. Бұл ретте сот салған айыппұлдар, қайталама құқық бұзушылықтар, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікке, азаматтардың денсаулығына және мемлекеттің мүдделеріне қатысты құқық бұзушылықтар амнистияға жатпайды.Әкімшілік амнистия 2026 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1291907?lang=ru
көлік құралын сату жөніндегі аукцион өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ 15.09.2026
Сауда-саттықты ұйымдастырушы — Кувейт Мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігі (тіркеу нөмірі: 3553), заңды мекенжайы: Кувейт Мемлекеті, Сурра, 1-блок, 6-көше, 367B үй, көлік құралын сату жөніндегі ашық аукцион өткізілетінін хабарлайды.Сауда-саттықты өткізу әдісі: бағаны арттыру әдісі.Аукцион 2026 жылғы 1 қазанда сағат 11:00-де, Кувейт Мемлекеті, Сурра, 1-блок, 6-көше, 367B үй мекенжайы бойынша өткізіледі.Сату объектісі туралы мәліметтер№ 1 лотЖеңіл автокөлікМаркасы мен моделі: Mercedes-Benz S400LШығарылған жылы: 2015Түсі: қою көкЖүрісі: 204 000 кмҚозғалтқышының көлемі: 2 996 см³Отын түрі: бензинVIN: WDDUG6FB8FA119383Тіркеу нөмірі: 1/240Жалпы жай-күйі: техникалық тұрғыдан ақаулы, жөндеуді, сондай-ақ шиналарын ауыстыруды қажет етеді.Бастапқы бағасы: 10 096,07 АҚШ доллары (3 100 кувейт динары).Бастапқы бағаның 15%-ы мөлшеріндегі кепілдік жарна: 1 514,41 АҚШ доллары.Бастапқы бағаның 5%-ы мөлшеріндегі аукцион қадамы: 504,80 АҚШ доллары.Қатысу шарттары және өтінімдерді беру тәртібіАукционға белгіленген мерзімде өтінім берген және кепілдік жарнаны төлеген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.Өтінімдерді қабылдау және қатысушыларды тіркеу жазбаша түрде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Кувейт Мемлекеті, Сурра, 1-блок, 6-көше, 367B үй.Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 30 қыркүйек, сағат 17:30-ға дейін.Көлік құралы үшін ең жоғары баға ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болып танылады.Жеңімпаз төлеген кепілдік жарна көлік құралын сатып алу құнының есебіне жатқызылады. Қалған қатысушылардың кепілдік жарналары аукцион аяқталғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде қайтарылады.Аукционға қатысу үшін ұйымдастырушыға мынадай құжаттарды ұсыну қажет:белгіленген нысандағы өтінім;жеке тұлғалар үшін — жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;заңды тұлғалар үшін — заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, оның өкілеттігін растайтын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаның Кувейт Мемлекетінің заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат;кепілдік жарнаның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі.Қатысушылар кепілдік жарнаны төлегенге және өтінім бергенге дейін осы хабарландырумен, сатып алу-сату шартының жобасымен және көлік құралының нақты техникалық жай-күйімен мұқият танысуға міндетті.Көлік құралы қазіргі бар күйінде сатылады. Аукцион өткізілгеннен кейін сатып алушы ұйымдастырушыдан техникалық ақауларды жоюды, жөндеу жұмыстарын жүргізуді, көлік құралының жағдайын жақсартуды немесе осыған байланысты шығындарды өтеуді талап етуге құқылы емес.Қатысушылар көлік құралын қарап-тексеруге, аукционға қатысуға және кепілдік жарнаны аударуға байланысты барлық шығыстарды өздері көтереді.Егер аукцион жеңімпазы белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймаса немесе оның талаптарын орындамаса, ол көлік құралын сатып алу құқығынан бас тартқан болып есептеледі. Мұндай жағдайда жеңімпаз төлеген кепілдік жарна қайтарылмайды.Кепілдік жарнаны аударуға немесе қайтаруға байланысты банктік комиссиялар және өзге де шығыстар қатысушыларға өтелмейді.Аукционға қатысушылардың сөз байласуына және сауда-саттықты өткізуге заңсыз араласудың кез келген өзге де нысандарына қатаң тыйым салынады.Кепілдік жарнаны аударуға арналған банк деректемелеріҚаражат алушы: Кувейт Мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының ЕлшілігіҚаражат алушының мекенжайы: Кувейт Мемлекеті, Сурра, 1-блок, 6-көше, 367B үйҚаражат алушының тіркеу нөмірі: 3553Банктің атауы: Кувейт Ұлттық Банкі (NBK)Шот нөмірі: 2010333980IBAN: KW06NBOK0000000000002010333980SWIFT/BIC: NBOKKWKWТөлем мақсаты: «№ 1 лот бойынша аукционға қатысу үшін кепілдік жарна».Сатып алушының міндеттері және көлік құралын алу тәртібіЕң жоғары баға ұсынған жеңімпаз сауда-саттық аяқталғаннан кейін аукцион қорытындылары туралы хаттамаға дереу қол қоюға міндетті.Сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бұрын төленген кепілдік жарнаны шегере отырып, көлік құралының толық құнын аударуға міндетті.Көлік құралының толық құны ұйымдастырушының банк шотына түскеннен және барлық қажетті құжаттарға қол қойылғаннан кейін көлік құралы сатып алушыға беріледі.Меншік құқығын қайта ресімдеуге, көлік құралын тіркеуге, салықтарды, әкімшілік алымдарды, кедендік баждарды және көлік құралын сатып алуға байланысты өзге де төлемдерді төлеуге жұмсалатын барлық шығыстарды сатып алушы толық көлемде көтереді.Көлік құралын қарап-тексеру және байланыс ақпаратыКөлік құралының техникалық жай-күйімен және құжаттар топтамасымен танысуға, сондай-ақ өтінім нысаны мен сатып алу-сату шартының жобасын Кувейт Мемлекеті, Сурра, 1-блок, 6-көше, 367B үй мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін алуға болады.Байланыс тұлғасы: Abdurassul TeipovАнықтама телефоны: +965 51421247Электрондық пошта: ab.teipov@gmail.comАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1291909?lang=ru
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді 15.09.2026
«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, сондай-ақ мерзімсіз уақытқа бірінші және екінші топтағы мүгедектік белгіленген адамдардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша алуға құқығы бар екенін еске салады.Еске сала кетейік, жасына байланысты зейнетақыны жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адамдар ала алады: ерлер – 63 жасқа, әйелдер – 2026 жылы 61 жасқа толғанда.БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін зейнеткерлік жасқа толуына байланысты тағайындату үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Алушы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 10 күн бұрын ХҚКО-ға өтінішпен бірге қажетті құжаттарды тапсыра алады. Осы мерзімді қатаң сақтауға кеңес береміз, өйткені бұл мемлекеттік зейнетақыны алу үшін аса маңызды. Оны тағайындау кезінде ұсынылған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру талап етіледі.Зейнетақы өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш зейнеткерлік жасқа толғанға дейін берілген жағдайда, өтініш берген күн зейнеткерлік жасқа толған күн болып есептеледі. Ал зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін жүгінген жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында өтініштің тіркелген күні өтініш берген күн болып есептеледі. Сонымен қатар, телефон нөмірлері eGov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге 1414 нөмірінен зейнеткерлік жасқа толуына 2 ай қалғанда SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарламада зейнетақы төлемдерін уақытылы тағайындату үшін жақын жердегі Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жүгінуге болатыны туралы ескертіліп, egov.kz сайтындағы қажетті құжаттар тізбесінің сілтемесі көрсетіледі. Яғни зейнетақы төлемдерінің белгіленген мерзімде рәсімделуі үшін мемлекеттік органдар тиісті хабарламалар жібереді, өйткені өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды. Сонымен бірге, зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бірақ олар бойынша төлем алу үшін жүгінбеген азаматтарға қатысты Қор «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, осы азаматтарға жыл сайын жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің тағайындалған-тағайындалмағанын тексеру мақсатында салыстырып тексеру жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша БЖЗҚ төлемдерді проактивті форматта, яғни өтінішсіз жүзеге асырады. Бұдан бөлек, 2026 жылғы наурыздан бастап дәл осындай өтінішсіз тәртіп ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарына қатысты да енгізілді. Бұл тәртіп зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар және бұған дейін 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты төлем алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген адамдарға қолданылады.ЕЗЖ есебінен (болған жағдайда) зейнетақы төлемдерін өтінішсіз тағайындау тәртібі:зейнеткерлік жасқа толуына байланысты мемлекеттік бюджеттен зейнетақы және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алу үшін белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде БЖЗҚ-ның ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін автоматты түрде тағайындауы;ЕЗЖ есебінен төлемдерді проактивті қызмет шеңберінде жүзеге асыру.Мүгедектік белгіленуіне, 50 жасқа толуына байланысты ЕЗЖ есебінен төлем алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне немесе ресми сайтындағы (enpf.kz) жеке кабинет арқылы, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы жүгіну қажет.Мүгедектігі бар адамдар үшін БЖЗҚ-да көшпелі қызмет көрсету ұйымдастырылған. Бұл ретте алдын ала ақыл-кеңес беріліп, қызметтерді қашықтан алу мүмкіндігі тексеріледі.enpf.kz сайтында зейнетақы төлемдерінің түріне, құжаттарды ұсыну тәсіліне қарай қажетті құжаттар тізбесі, құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар, өтініш бланкілері және оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ сенімхат үлгісі орналастырылған. «Электрондық сервистер» бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі қарастырылған.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1291903?lang=ru
ІМАК бухгалтерлік есептегі цифрлы мониторингтің ауқымын кеңейтті 15.09.2026
Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың жұмысындағы бюджет заңнамасының сақталуын бақылауда қашықтан мониторинг жүргізу мен тәуекелдерді бағалау тетіктері кеңінен қолданылып келеді. Бұл тәсіл болжамды кемшіліктерді дер кезінде анықтап, алдын алу шараларын уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.Осы бағыттағы негізгі құралдардың бірі – тәуекелдерді басқару жүйесі. Аталған тәсіл мемлекеттік ұйымдардың қаржылық және бухгалтерлік операцияларын онлайн режімде талдап, бюджет қаражатын пайдалану кезінде туындауы мүмкін сын-қатерді анықтауда септігі мол.Бұл жұмысты ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті атқарып келе жатқанын айта кетейік. Биыл комитет бюджеттің шығыс бөлігіне онлайн-мониторинг жүргізумен қатар бухгалтерлік операциялардың талдау ауқымын да кеңейтті. Айталық, бүгінде қашықтан жасалатын мониторингпен 14 мың мемлекеттік ұйым қамтылған. Тәуекелдерді басқару жүйесі жалпы сомасы 22 трлн теңгеден асатын 598 млн астам бухгалтерлік операцияға талдау жасауға оң әсер етті. Нәтижесінде, анықталған тәуекелдерге сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне шамамен 166 млрд теңгеге хабарламалар уақтылы жолданды. Оның ішінде 141 млрд теңгенің тәуекелі дер кезінде жойылды.Мұндай тәсілдің басты артықшылығы – қаржылық есеп қалыптастырылғанға дейін тікелей есепке алу процесінде әрекет етуге жол ашылады.Анықталған кемшіліктерді тиісті ұйымдар деректер қаржылық есепке енгізілместен бұрын олардың активтер, міндеттемелер мен қаржылық нәтижелер туралы ақпараттың дәйектілігіне әсер етпей тұрған кезінде реттей алады. Әсіресе бұның республикалық бюджетке байланысты шоғырландырылған қаржылық есепті қалыптастыру кезінде маңыздылығы жоғары.«Цифрлы деректер есепке алудың жай-күйін нақты уақыт режімінде көруге әсер етеді. Бұған дейін қандай да бір кемшілік тіркелгеннен кейін анықталып жататын. Қазір мемлекеттік ұйымдардың қаржылық бұзушылықтарға, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына және мемлекетке экономикалық залал тигізуі мүмкін әрекеті немесе бейәрекетін уақтылы тежеуге болады», деді Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров.Осы орайда цифрлы мониторинг биыл қабылданған «Қазақстан Республикасында ішкі мемлекеттік аудитті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» аясында нығайтылып келе жатқанын атап өткен жөн. Осыған сәйкес тәуекелге бағдарланған тәсілді, деректерді талдау мен превентивті бақылауды одан әрі дамыту көзделген. Ал келесі кезеңде ІМАК-нің цифрлы құралдарын біртұтас аналитикалық ортаға интеграциялау межеленген.Осы мақсатта Smart Audit Qazaqstan (SAQ) мемлекеттік аудиттің интеграцияланған аналитикалық ақпарат жүйесін іске асыру қолға алынды.Аталған шешім 2026–2028 жылдары кезең-кезеңімен енгізіліп, көлемді мәліметтерді талдау мен жасанды интеллект технологияларын қолдану көзделген. Жобаның бірінші кезеңін 2027 жылдың басында аяқтау жоспарланып отыр.Бүгінде комитеттің цифрлы құралдары болжамды сын-қатерді ерте анықтап, олардың алдын алуға бағытталған мониторинг мүмкіндіктерін кеңінен қолдануға көмектесіп келеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1291875?lang=ru
Shygys Book Fest – 2026 15.09.2026
Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын оқу мәдениетін дамытуға, кітап пен әдебиетті насихаттауға, оқырман белсенділігін қолдауға және зияткерлік, мәдени мұраға деген қызығушылықты дамытуға бағытталған ауқымды «Shygys Book Fest» кітап фестивалі өткізіледі.2026 жылы фестиваль оқырмандарды, жазушыларды, жас авторларды, кітапхана мамандарын, шығармашылық орта өкілдерін және кітап пен әдебиетке қызығушылық танытқандарды біріктіретін ашық алаңға айналды. Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы өз оқырмандары үшін танымдық, әдеби және интерактивті форматтарды біріктіретін мазмұнды бағдарлама дайындап фестивальға қатысты.«Shygys Book Fest–2026» басты идеясы «Зерделі ұлт» - «Интеллектуальная нация» тұжырымдамасы аясында оқуды ілгерілету және білімді, интеллектуалды дамыған ұрпақты қалыптастыру болды. Фестиваль кітап пен әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға, өскелең ұрпақтың ой-өрісін кеңейтуге, білімге, шығармашылыққа және өзін-өзі дамытуға бағытталды.Фестиваль аясында «Оқыған ұрпақ – озық ұрпақ. Читающее поколение – поколение будущего» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Экспозиция ой-өрісті кеңейтуге, танымдық қызығушылықты дамытуға және оқуға деген тұрақты қажеттілікті қалыптастыруға ықпал ететін жұмыстарды біріктірді. Отандық авторлардың шығармаларына, Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы әдебиеттерге, сондай-ақ жастарды қызықтыратын заманауи әдебиеттерге ерекше назар аударылды.«Страницы на связи» әдеби ойыны жарқын интерактивті шара болды. Қатысушылар әдеби шығармалар, авторлар мен батырлар туралы білімдерін тексерді, эрудицияны, тапқырлықты және топта жұмыс істей білуді көрсетті. Ойын форматы әдебиетпен танысуды қызықты, эмоционалды және динамикалық етуге мүмкіндік берді.Бағдарламада «Кітап. Дәстүр. Бір кеңістік» атты кітапты, ұлттық дәстүрлер мен заманауи мәдениетті біріктірген шара ерекше орын алды. Қатысушылар әдебиеттің тарихи жадымен, рухани құндылықтарымен және халықтың мәдени мұрасымен байланысын бақылап, дәстүрлердің қазіргі мәдени өмірде қандай сипат алғанын көрді.«Любимый город: прошлое и настоящее» интерактивті фотокөрмесі қала тұрғындарын Өскемен көшелерінің, даңғылдарының және сәулет нысандарының тарихымен таныстырды. QR кодтары арқылы келушілер қосымша ақпарат алып, қызықты фактілерді біледі және туған қаланың тарихымен толығырақ таныса алады. Бұл формат визуалды материалды, заманауи цифрлық технологияларды және өлкетану мазмұнын біріктіруге мүмкіндік берді.Тағы бір зияткерлік сынақ «Ұлы жаңалықтар дәуірі. Эпоха открытий» атты кітапханалық квест болды. Қатысушыларға кітаптармен, біліммен, ғылыми жаңалықтармен және көрнекті тұлғалармен байланысты бірқатар тапсырмаларды орындау ұсынылды. Квест логикалық және сыни ойлауды, танымдық белсенділікті, топпен бірлескен жұмысты және жаңа білімге деген қызығушылықты дамытуға ықпал етті.Барлық іс-шаралар шығармашылық, танымдық атмосферада өтті. Интерактивті формалар қатысушылардың назарын әдебиетке аударуға және кітапты білім көзі ретінде ғана емес, сонымен бірге қарым-қатынас, шығармашылық, жаңалықтар мен идеяларды бірлесіп іздеу кеңістігі ретінде көрсетуге мүмкіндік берді.«Shygys Book Fest - 2026» өткізу оқырман мәдениетін дамытуға, отандық әдебиетті, тарих пен ұлттық дәстүрлерді насихаттауға, сондай-ақ «Зерделі ұлт» - «Интеллектуальная нация» идеясын ілгерілетуге ықпал етті. Фестиваль оқырмандар мен шығармашылық қоғамдастық өкілдерін біріктіріп, диалог, білім алмасу және мәдени даму үшін кеңістік құрды.Осылайша, «Shygys Book Fest-2026» кітаптың қазіргі өмірдің маңызды бөлігі - білім мен шабыт көзі, қарым-қатынас құралы және интеллектуалды, мәдени дамыған ұрпақты қалыптастыру құралы болып қала беретінін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1291865?lang=ru
Қазақстандық дзюдошылар «Hungary Grand Slam 2026» халықаралық турниріне қатысты 15.09.2026
Будапешт, 2026 жылғы 14 қыркүйек - Қазақстанның дзюдодан ұлттық құрамасы 11–13 қыркүйек аралығында Мажарстан астанасында өткен «Hungary Grand Slam 2026» халықаралық турниріне қатысты.Жарысқа әлемнің 67 елінен 504 спортшы қатысты. Ласло Папп атындағы спорт аренасында ерлер мен әйелдер арасында жеті-жетіден, жалпы 14 салмақ дәрежесінде медальдар сарапқа салынды. «Hungary Grand Slam» турнирі Халықаралық дзюдо федерациясының («IJF») ресми күнтізбесіне енгізілген және «IJF World Judo Tour» әлемдік турының маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.Аталған турнирде Қазақстан намысын 12 дзюдошы қорғады, олардың ішінде 10 ер және 2 әйел спортшы бар. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анель Бақытбекқызы ұлттық құрама мүшелерімен кездесіп, спортшыларға алдағы уақытта зор табыс пен халықаралық аренада жаңа жетістіктер тіледі.Турнир алаңында Елші Халықаралық дзюдо федерациясының Президенті Мариус Визермен және Халықаралық дзюдо федерациясы («IJF») Президентінің кеңесшісі Алмаз Әлсеновпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Халықаралық дзюдо федерациясы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, дзюдо спортын кеңінен насихаттау, жаттықтырушылар мен төрешілер құрамын даярлау, сондай-ақ елімізде ірі халықаралық жарыстар өткізу мәселелері бойынша пікір алмасты.Астанада 2027 жылы өтетін дзюдодан әлем чемпионатына дайындық мәселелері жеке қаралды. Қазақстан алғаш рет ересектер арасындағы жеке және командалық біріншіліктер бойынша әлем чемпионатын қабылдайды. Бұл беделді дода әлемнің ең мықты дзюдошыларын жинап, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына апарар олимпиадалық циклдің маңызды кезеңдерінің біріне айналады.Сонымен қатар, Астанада халықаралық деңгейдегі жаттықтырушылар мен төрешілерді даярлауға бағытталған өңірлік алаң ретінде «IJF» академиясын ашу перспективалары талқыланды.Кездесуге қатысушылар Қазақстанда дзюдо спортының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда елімізде бұл спорт түрімен 160 мыңнан астам ересек пен бала айналысады. «Мектептегі дзюдо» бағдарламасы іске асырылып, дзюдоның жоғары және әскери білім беру жүйесіндегі орны кеңейіп келеді. Сондай-ақ жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби деңгейін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.Кездесу соңында Елші Қазақстанның Халықаралық дзюдо федерациясымен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және бұқаралық әрі кәсіби спортты дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға мүдделі екенін атап өтті.Анықтама: 2023 жылдан бастап Астанада Халықаралық дзюдо федерациясының ресми күнтізбесіне енгізілген «Qazaqstan Barysy Grand Slam» халықаралық рейтингтік турнирі өткізіліп келеді.2027 жылы Қазақстан бірқатар ірі халықаралық спорт жарыстарын қабылдайды. Олардың қатарында бокс, үстел теннисі, дзюдо, таеквондо және киберспорт бойынша әлем чемпионаттары, сондай-ақ шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1291859?lang=ru
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты 15.09.2026
Батыс Қазақстан облысында Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы жастардың бойында патриотизм сезімін қалыптастыруға, әскери қызметке және елдің тарихи мұрасына деген құрметті арттыруға бағытталған тақырыптық кездесулер өткізіп жатыр.Орал қаласында Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар, Әскери білім және ғылым департаменттерінің өкілдері облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылына, сондай-ақ №47 және №19 білім беру мектептеріне барып, оқушыларға Ерлік сабақтарын өткізді.«Сити центр» сауда-ойын-сауық орталығында Қарулы күштердің Орталық ансамблі оралдықтарға концерттік бағдарлама көрсетті. Сауда орталығына келушілер әскери қызмет туралы және Отан қорғаушыларға берілетін әлеуметтік кепілдіктер жөнінде де ақпарат алды.«Біртұтас ел – біртұтас жер» атты ауқымды акция «Атамекен» мәдениет сарайында өтіп, оған жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, колледж білім алушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері қатысты.Облыс орталығының тұрғындарына заманауи қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Келушілер еліміздің әскери тарихы мен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігіне арналған Әскери-тарихи музей экспозициясымен де танысты.Кездесу барысында Қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысушыларға әскерге шақыру тәртібі, мерзімді әскери қызметті өткеру, еліміздің әскери оқу орындарына түсу шарттары және кандидаттарға қойылатын талаптар туралы айтып берді. Мектеп оқушылары іс-шараға белсенді қатысып, әскери қызметшілерге сұрақтар қойып, әскери мамандықтардың ерекшеліктеріне қызығушылық танытты.Акция аясында Сырым ауданы Аралтөбе ауылының жас тұрғыны марапатталды. Ол биыл қыста өз өміріне төнген қауіпке қарамастан, өртеніп жатқан үйден кішкентай екі бауырын алып шыққан. Бейбіт күннің батырына Қорғаныс министрлігінің өкілі алғыс хат пен бағалы сыйлықтар, велосипед табыс етті.Іс-шара соңы Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.Алдағы күндері Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Ақсай және Теректі қалаларында кездесулер өткізетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1291833?lang=ru
Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы. 15.09.2026
Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бөлген радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары (белдеулер, диапазондар) үшiн алынады.Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртiппен байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат беру құжаттарымен куәландырылады."Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес радиожиілік спектрін пайдалана отырып байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін бюджетке төлеуге жататын бiржолғы төлемақы сомасы төлемақы есебiне есепке жатқызылмайды.Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелері төлеушілердің тұрған жерiндегі салық органдарына төлеушілер, салық салу объектiлерi, берілген рұқсаттар, олардың қолданылу кезеңі, берілген рұқсаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, салық төлеушілерге жіберілген хабарламалар туралы және төлемақы сомалары туралы мәлiметтерді мынадай мерзімдерде ұсынады:Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жылдық төлемақы сомасын көрсете отырып, хабарлама жазып беріп және оны төлемақы төлеушілерге ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей жіберген кезде – салықтық кезеңнің 25 ақпанынан кешіктірмей;Радиожиілік спектрін пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат беру құжаты көрсетілген мерзімнен кейін алынған жағдайда, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеушіге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей хабарлама жіберген кезде – салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей.Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелері есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмейтін мерзімде төлеушілердің тұрған жеріндегі салық органдарына радиожиілік спектрін пайдалана отырып, байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін біржолғы төлемақыны төлеушілер, бюджетке төлеуге жататын осындай біржолғы төлемақы сомалары және оны төлеу мерзімдері туралы мәліметтерді ұсынады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1291774?lang=ru
Электрондық кезек жүйесі бойынша CarGoRuqsat 15.09.2026
2025 жылғы мамырдан бастап автомобиль өткізу пункттерінде CarGoRuqsat электрондық кезек жүйесі енгізілді.Жүйе шеңберінде Қазақстан аумағынан автомобиль өткізу пункттері арқылы шығуды жоспарлайтын тасымалдаушылар «CarGoRuqsat» қосымшасы арқылы электрондық кезекте орын брондауы қажет.Ол үшін сілтеме бойынша өту керек https://cgr.qoldau.kz/ru/start, «CarGoRuqsat» қосымшасына тіркелу және кіру, өткізу пунктін таңдау, шекарадан өту күні мен уақытын көрсету және жүргізуші мен автокөлік туралы деректерді толтыру.Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақытылы келу қажет.Өз кезегінде, ЕАЭО елдерімен шекарада электрондық кезек жүйесін енгізу өткізу пункттерінде мерзімдік жиналуды болдырмауға және шекарадан өту процесін жүйелеуге мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1291750?lang=ru
Қазақстан Түркияда салған мектеп оқушыларға есігін ашты 15.09.2026
2026 жылғы 14 қыркүйекте Газиантеп провинциясының Нұрдағы ауданында Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп алғаш рет оқушыларды қабылдады.Мектеп Түркиядағы жойқын жер сілкіністерінен кейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен салынды. Бұл жоба Қазақстанның зардап шеккен аймақты қалпына келтіруге қосқан үлесі және Қазақстан мен Түркия бауырлас халықтарының ынтымақтастығының нышаны болды.Іс-шараға «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов, Газиантеп провинциясы губернаторының орынбасары Якуп Кылынчоглу, жергілікті жұртшылық өкілдері, ата-аналар мен оқушылар қатысты.Сапар шеңберінде Нұрғали Арыстанов Якуп Кылынчоглумен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар одан әрі өзара іс-қимылдың перспективалары мен ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады. Анықтама үшін: мектеп 900 оқушыға арналған. Бұл білім беру мекемесінде қазірдің өзінде 50 педагог жұмыс істейді. Оқушыларды сапалы оқыту және жан-жақты дамыту үшін қажетті заманауи инфрақұрылым құрылып, жайлы жағдайлар қамтамасыз етілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1291751?lang=ru
Жеке тұлғалардың мүлік салығы: салық салу объектісі – тек пәтер ғана емес 15.09.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұлғалардың мүлік салығын салу тәртібін түсіндіреді. Мүлік салығы тек пәтерлерден ғана алынбайды: салық салу объектісіне Қазақстан аумағында меншік құқығындағы жылжымайтын мүліктің түрлі түрлері мен жер учаскелері кіреді. Салық салу объектісі не болып табылады Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жеке тұлғалардың мүлік салығының салық салу объектілері республика аумағында орналасқан мыналар болып табылады:тұрғын үйлер (пәтерлер, тұрғын үйлер, бөлмелер);ғимараттар;саяжай құрылыстары;гараждар;тұрақ орындары;өзге де құрылыстар, құрылысжайлар және үй-жайлар (соның ішінде қоймалар, шаруашылық және қызметтік құрылыстар, жапсарлас құрылыстар);жеке тұлғалардың меншік құқығындағы жер учаскелері.Осылайша, салықты көпқабатты үйдегі пәтер иелері ғана емес, жеке тұрғын үйлердің, саяжайлардың, гараждардың, көлік тұрақтарының, шаруашылық құрылыстарының және жер учаскелерінің иелері де төлейді. Кім төлеуші болып табылады Салық төлеушілер – көрсетілген объектілердің меншік иелері болып табылатын жеке тұлғалар. Салықты мемлекеттік кірістер органдары есептейді. Тұрғын үйлер мен саяжай құрылыстары бойынша салық базасы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша айқындайтын объектінің құны. Бұл құн, әдетте, объектінің нарықтық бағасынан төмен. Салық мөлшерлемелері Жеке тұлғалардың мүлік салығы объектінің құнына қарай сатылы шкала бойынша есептеледі. Құны 2 000 000 теңгеге дейін қоса алғандағы объектілер үшін мөлшерлеме – құнның 0,05 пайызы. Одан әрі мөлшерлеме сатылап өседі. Егер бір меншік иесіне тиесілі барлық салық салу объектілерінің жиынтық құны 450 000 000 теңгеден асса, салық жиынтық құннан 2 пайыз жоғарылатылған мөлшерлеме бойынша есептеледі (2 946 600 теңге плюс 450 млн теңгеден асатын соманың 2 пайызы). Жеңілдіктер Азаматтардың жекелеген санаттары объектілердің жалпы құнынан белгіленген АЕК мөлшері шегінде жеңілдік алуға құқылы. Оларға Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен марапатталған адамдар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, мүгедектігі бар адамдар, «Ана-батыр» атағына ие немесе «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көпбалалы аналар, бөлек тұратын зейнеткерлер – Салық кодексінде көзделген шекте жатады.Көппәтерлі тұрғын үй алып жатқан жер учаскесіндегі пәтер (бөлме) меншік иесінің үлесі бойынша жеке тұлғалар мүлік салығын төлеуші болып табылмайды. Мүлікті сату кезіндегі салықпен шатастырмау маңызды Мүлік салығы – объект иеленгені үшін жыл сайын төленетін салық. Ол жылжымайтын мүлікті сату кезіндегі мүліктік кірістен алынатын жеке табыс салығын алмастырмайды. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын жылжымайтын мүлікті, саяжайларды, гараждарды, тұрақ орындарын, қоймаларды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін және жер учаскелерін сату кезінде мүліктік кіріс (құн өсімі) объект меншікте екі жылдан аз болған жағдайда туындайды – жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін сатып алынған объектілер үшін. 2026 жылға дейін сатып алынған объектілер үшін бұрынғы ең аз иелену мерзімі – бір жыл сақталады. Тұрғын емес (коммерциялық) жылжымайтын мүлікті сату кезінде құн өсімі иелену мерзіміне қарамастан салық салынады. Салық мәміленің бүкіл сомасынан емес, сату бағасы мен сатып алу бағасы арасындағы айырмадан ғана төленеді. ЖТС мөлшерлемесі: 8 500 АЕК-ке дейінгі өсімнен 10 пайыз және асып кеткен сомадан 15 пайыз. Салық сомасын қалай білуге және төлеуге болады Есептелген салық сомасын e-Salyq Azamat мобильді қосымшасынан, egov.kz электрондық үкімет порталынан және Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсынан тексеруге болады. Төлемді берешек пайда болмас үшін уақтылы жүргізу ұсынылады. Салық берешегінің болуы мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, оның ішінде Қазақстан Республикасынан шығуды шектеуді тудыруы мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1291702?lang=ru
Мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салуды енгізу 15.09.2026
«Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 175-нк бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі мүше мемлекеттерге әкетуге 2026 жылғы 21 мамырдан бастап 2026 жылғы 21 қарашаға дейінгі кезеңге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілді2026 жылғы 21 мамырдан 2026 жылғы 21 қарашаға дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі мүше мемлекеттерге:1) майлау майларын (2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0 Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары) қоспағанда, дайындаушы зауытта көзделген автомобиль көлік құралдарының отын бактарында, тәулігіне бір реттен артық емес, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісілген және жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізуге уәкілетті ұйыммен шарт және осы мақсаттар үшін қажетті авиациялық отын үлгілерінің (сынамаларының) саны мен көлемі көрсетілген хат болған жағдайда авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды) өнеркәсіптік өндіріске қою, өнеркәсіптік өндіру технологиясын бекіту және (немесе) қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан алынған үлгілердің қоспаларын, біліктілік және зертханалық сынақтарын іріктеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды әкетуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде мұнай өнімдерін әкетуді қоспағанда, автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00 Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары);2) «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 7-тармағына сәйкес бекітілетін беру жоспарына сәйкес бензиндерді (2710 12 412 0, 2710 12 413 0, 2710 12 450 0, 2710 12 490 0 Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде мұнай өнімдерін әкетуді қоспағанда, мұнай өнімдерін (2710 12 Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтар) темір жол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.Сондай-ақ тыйым салынған 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан жеңіл дистилляттарды (2710 12 110 1 – 2710 12 310 0, 2710 12 700 0 – 2710 12 900 8 Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), авиакеросиндерді және дизель отынын (2710 19 110 0 – 2710 19 460 0 Еуразиялық экономикалық одақтың шеңбіріңде сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), газойлдарды (2710 20 110 0 – 2710 20 190 0 Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), толуолды, ксилолдарды (2902 30 000 0, 2902 41 000 0, 2902 42 000 0, 2902 44 000 0 Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), мұнай битумын (2713 20 000 0 Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.Бұл тыйым салудың мақсаты елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын жүктеу және бағаларды тұрақтандыру болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1291632?lang=ru
Ұлттық экономика вице-министрінің Түркістан облысының халқымен кездесуі 15.09.2026
Құрметті, Түркістан облысы Төле би ауданының тұрғындары!2026 жылғы 17 қыркүйекте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев халықпен және бизнес өкілдерімен кездеседі.Негізгі іс-шаралар мына мекенжайда өтеді: Түркістан облысы, Төле би ауданы, Леңгір қаласы, Әйтеке би көшесі, 28 үй.Халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу 15:00-де басталады.Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: WhatsApp +7 776 662 6575 (ҰЭМ)Азаматтарды белсенді қатысуға және Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаевқа сұрақтар қоюға шақырамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1291611?lang=ru
Ұлттық экономика вице-министрінің Жамбыл облысының халқымен кездесуі 15.09.2026
Құрметті, Жамбыл облысы Жуалы ауданының тұрғындары!2026 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді.Негізгі іс-шаралар мына мекенжайда өтеді: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 10 үй.Халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу 11:00-де басталады.Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: WhatsApp +7 776 662 6575 (ҰЭМ)Азаматтарды белсенді қатысуға және Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаевқа сұрақтар қоюға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1291607?lang=ru
Қазақстандық дизайнерлер Нью-Йоркте өз топтамаларын таныстырды 15.09.2026
Қазақстандық дизайнерлер Нью-Йоркте өз топтамаларын таныстырдыНью-Йорк, 2026 ж. 13 қыркүйек - Нью-Йоркте өткен Unique Fashion Show халықаралық жобасы аясында қазақстандық үш дизайнер — Раушан Ануарбекова, Сабина Вольская және Тимур Тұрсынқұловтың топтамалары көпшілік назарына ұсынылды.Сән көрсетілімінде отандық сән индустриясының түрлі бағыттары таныстырылды: дәстүрлі ұлттық нақыштағы киімдер, заманауи әйелдер образдары және талғампаз классикалық үлгілер. Әрбір топтама өзіндік стилі және авторлық көзқарасымен ерекшеленіп, Қазақстанның бай мәдени мұрасын заманауи сән үрдістерімен үйлесімді түрде көрсетті.Қазақстандық дизайнерлер мен модельдердің Unique Fashion Show жобасына қатысуы халықаралық аудиторияны ұлттық эстетикамен, отандық сән индустриясының шығармашылық әлеуетімен және қазақ сәнінің өзіндік ерекшелігімен таныстыруға мүмкіндік берген маңызды оқиға болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-newyork/press/news/details/1291565?lang=ru
Қазақстан мен Таиландтың оңтүстік провинциялары сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті 15.09.2026
Сонгкла, 2026 жылғы 28 тамыз – Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Таиландтың оңтүстігіндегі Накхонситхаммарат, Сатун және Сонгкла провинцияларына өңіраралық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған ресми сапармен барды.Сапар аясында Елші үш провинцияның губернаторларымен кездесулер өткізіп, Қазақстан мен Таиландтың оңтүстік өңірлері арасындағы өзара іс-қимыл перспективалары жөнінде пікір алмасты. Кездесулер барысында сауда, инвестициялар, ауыл шаруашылығы, туризм, өнеркәсіптік кооперация және логистика мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар қазақстандық дипломат Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар және Құрылтайға өткен парламенттік сайлаудың қорытындылары туралы айтып берді.Кездесулер барысында Таиландтың оңтүстік провинцияларының экономикалық әлеуеті және Қазақстанның өңірлік билік органдарымен және іскерлік топтармен неғұрлым белсенді байланыстарды дамытуға мүдделілігі атап өтілді. Өз кезегінде, тайландтық серіктестер Қазақстанмен байланыстарды кеңейтуге және қазақстандық нарықтың Орталық Азия нарығына шығудың перспективті бағыттарының бірі ретіндегі мүмкіндіктерін пайдалануға қызығушылық танытты.Бағдарламаның маңызды бөлігі Елшінің Накхонситхаммарат, Сатун және Сонгкла сауда палаталарының басшыларымен кездесулері болды. Кездесулер барысында іскерлік байланыстарды дамыту, өзара сауда көлемін ұлғайту және екі ел кәсіпкерлері арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындаудың практикалық мәселелері талқыланды.Өнеркәсіптік кооперация мәселесіне ерекше назар аударылды. Өнеркәсіп федерациясының өкілдерімен өткен кездесу барысында Қазақстан мен Таиландтың өнеркәсіптік кәсіпорындары арасында тікелей байланыстар орнату, бірлескен жобаларды іске асыру, тәжірибе алмасу және заманауи технологияларды енгізу мүмкіндіктері талқыланды.М.Баймұхан Қазақстанның инвестициялық және экономикалық мүмкіндіктерін, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, өнеркәсіптік өндіріс, логистика және энергетика салаларындағы перспективті жобаларды таныстырды. Таиландтық компанияларға Қазақстандағы инвестициялық жобаларға қатысу және бірлескен өндірістер құру мүмкіндіктері таныстырылды.«Қазақстан Таиландпен сауда көлемін ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар экономикалық өзара іс-қимылды неғұрлым терең деңгейге – бірлескен кәсіпорындар құруға, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, өндірісті оқшаулауға және технологиялар трансфертіне көшуге мүдделі», – деді Елші.Сапардың практикалық бөлігінде теңіз өнімдерін өндіру және өңдеу саласындағы Таиландтың жетекші компанияларының бірі PFP (Pacific Fish Processing) компаниясына, сондай-ақ медицина, өнеркәсіп, азық-түлік және автомобиль секторларына арналған бір реттік медициналық және қорғаныш нитрил каучук қолғаптарын өндіруге маманданған Mercator Medical компаниясына бару ұйымдастырылды.Компаниялардың басшылығымен өткен кездесулер барысында өнімдерді жаңа нарықтарға шығару, қазақстандық компаниялармен іскерлік байланыстар орнату және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. Қазақстандық дипломат сондай-ақ компаниялардың өндірістік нысандарын аралап, өндірістік процестері мен қолданылатын технологияларымен танысты.Кездесулер қорытындысы бойынша қазақстандық және таиландтық компаниялар арасындағы өзара іс-қимылды жалғастыру және ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын пысықтау жөнінде нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді. Тараптар іскер топтар арасында тікелей байланыстар орнатуға жәрдемдесуге және әлеуетті инвестициялық және сауда жобалары бойынша ақпарат алмасуды жалғастыруға келісті.Ресми сапар Қазақстан мен Таиланд арасындағы қатынастардың өңіраралық өлшемін нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Өткізілген кездесулер экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстан мен Таиландтың оңтүстік провинциялары арасында жаңа іскерлік байланыстар қалыптастыру үшін елеулі әлеует бар екенін көрсетті. Анықтама үшін: 1) Накхонситхаммарат – Таиландтың оңтүстігіндегі ірі провинциялардың бірі, жалпы ішкі өнімі шамамен 5,5 млрд АҚШ долларын құрайды. Экономикасы ауыл шаруашылығына, өңдеу өнеркәсібіне, сауда және туризмге негізделген.Сатун – Андаман жағалауында орналасқан шекаралық провинция. Жалпы ішкі өнімі шамамен 0,9 млрд АҚШ долларын құрайды. Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, сауда және туризм салаларында әлеуеті жоғары.Сонгкла – Таиландтың оңтүстігіндегі экономикалық және өнеркәсіптік орталық. Жалпы ішкі өнімі шамамен 7,1 млрд АҚШ долларын құрайды. Өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, логистикасы және трансшекаралық саудасы жақсы дамыған.2) PFP (Pacific Fish Processing Co., Ltd.) – теңіз өнімдерін өңдеу және мұздатылған өнімдер өндіруге маманданған Таиландтың ірі тамақ өнеркәсібі компаниясы. Компания 1984 жылы құрылған, негізгі өндірістік кешені Сонгкхла провинциясында орналасқан.3) Mercator Medical (Thailand) Ltd. – медицина, өнеркәсіп, азық-түлік және автомобиль секторларына арналған бір реттік медициналық және қорғаныш нитрил каучук қолғаптарын өндіруге маманданған ірі таиландтық-поляктық компания.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-phuket/press/news/details/1291567?lang=ru
Сандық дәуірдің қауіпі: SMS-кодты ешкімге берме! 14.09.2026
Қазіргі заманда технологиялардың қарқынды дамуы адам өміріне орасан зор ыңғайлылық әкелді. Алайда бұл ыңғайлылықтың сыртында жасырынған қауіп те жылдан жылға күшейіп келеді. 14 қыркүйек 2026 жылы Қазақстанның құқық қорғау органдары мен қаржы секторы өкілдері бірлесіп, азаматтарды интернет-алаяқтықтың кең таралған жаңа толқынынан сақтандыру туралы мәлімдеме жасады. Елдің барлық аймақтарында жандана түскен алаяқтық схемалар сотталушылар санын жылдан жылға арттырып, мыңдаған азаматтың жинаған қаражатын жұтып жатыр.Интернет-алаяқтықтың тарихына үңілсек, оның Қазақстанда белсенді өріс алуы 2010 жылдардың ортасына тұспа-тұс келеді. Смартфондардың кең таралуы, онлайн-банкингтің дамуы және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшу — осының барлығы алаяқтарға жаңа мүмкіндіктер ашты. Егер бастапқыда киберқылмыскерлер жалған сайттар мен фишингтік электрондық хаттарға сүйенсе, кейін олар телефон арқылы тікелей байланыс орнату тактикасына өтті. Бүгінгі таңда ең кең таралған схема — азаматтарға қоңырау шалып, SMS арқылы келген растау кодын алдап-арбап алу болып отыр.Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша, 2025 жылдың өзінде Қазақстанда интернет-алаяқтыққа байланысты 47 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Бұл — алдыңғы жылмен салыстырғанда 34 пайызға көп. Жәбірленушілердің жалпы шеккен шығыны 12 миллиард теңгеден асып кетті. Ең өкініштісі — жәбірленушілердің басым бөлігі 45 жастан асқан адамдар мен зейнеткерлер. Алайда жастар да алаяқтықтан аман қалмай отыр: 25-35 жас аралығындағы адамдар арасында да алданған жағдайлар жиілеп кетті.Алаяқтардың жұмыс принципі психологиялық манипуляцияға негізделген. Олар өздерін банк қызметкері, полиция қызметкері, салық органының өкілі немесе тіпті ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырады. Содан кейін азаматқа "сіздің шотыңызда күмәнді операция байқалды" немесе "сіздің атыңызда несие рәсімделіп жатыр" деген сылтауды алға тартады. Қорқынышқа түскен адам ойланбастан кодты айтып жібереді. Цифрлық қауіпсіздік саласының маманы Бауыржан Сейткалиевтің айтуынша: "Алаяқтар адамның психологиясын жетік біледі. Олар дәл сол сәтте қорқыныш пен үрей туғызып, адамның сыни ойлау қабілетін өшіреді. Код айтылған соң — ақша кетеді, ізін табу өте қиын болады."Қазақстанның ірі банктері де бұл мәселеге алаңдаушылық білдіруде. Halyk Bank, Kaspi Bank және БCC Bank сияқты жетекші қаржы мекемелері соңғы екі жылда клиенттерін алаяқтықтан қорғауға арналған бірнеше ірі ақпараттық науқан өткізді. Kaspi Bank-тың қауіпсіздік бөлімінің басшысы Айгүл Нұрланова бұл мәселені анық атады: "Біздің қызметкерлеріміз ешқашан телефон арқылы SMS-код, PIN-код немесе басқа да құпия деректерді сұрамайды. Бұл — алтын ереже. Егер сізге осындай сұраумен кім хабарласса да, ол — алаяқ." Банктер өз жүйелерінде де қосымша қорғаныс шараларын енгізіп жатыр: күдікті транзакцияларды автоматты тану, жаңа құрылғыдан кіруге шек қою, биометриялық растау механизмдерін кеңейту.Бұл мәселенің аймақтық маңыздылығы да аса зор. Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстан цифрландыру деңгейі жоғары ел ретінде танылады, бірақ бұл бір мезгілде кибертауіп-тәтті ел екенін де білдіреді. Ресей, Украина мен Беларусьтен ұқсас алаяқтық схемалар шекараны еркін кесіп өтіп, қазақстандық азаматтарға да жетіп жатыр. Interpol пен Шанхай ынтымақтастық ұйымы деңгейінде де кибер алаяқтыққа қарсы бірлескен жұмыс топтары құрылып жатыр. Дегенмен сарапшылар мойындайды: заңнамалық және техникалық шаралар жеткіліксіз, ең басты қару — азаматтардың сауаттылығы.Мемлекеттік деңгейде де бірқатар шешімдер қабылдануда. Ұлттық Банк пен "Киберқалқан" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2026 жылға дейін барлық мектепте цифрлық сауаттылық сабақтарын жүйелі жүргізу жоспарланған. Ақпараттандыру министрлігі жалған нөмірлерден қоңырауды блоктайтын арнайы платформа енгізуді аяқтауға жақындады. Бұдан бөлек, алаяқтық фактілері туралы тез арада хабарлауға арналған бірыңғай 102 қызыл желісі жұмысын жаңа форматта жалғастыруда.Алайда барлық технологиялық қорғаныс шаралары азаматтардың өз байқампаздығын алмастыра алмайды. Мамандардың ұсынысы қарапайым, бірақ тиімді: телефоннан күдікті сұрақ естісеңіз — сөзді доғарыңыз. Банктің немесе мекеменің ресми сайтынан нөмірді өз бетіңізбен тауып, өзіңіз қайта хабарласыңыз. SMS арқылы келген кодты, PIN-кодты, карта нөмірін және CVV-кодты ешбір жағдайда, ешкімге айтпаңыз. Егер алаяқтыққа тап болдыңыз деп ойласаңыз — дереу банкке хабарласып, шотты бұғаттатыңыз және полицияға арыз беріңіз. Уақыт — ең қымбат ресурс мұндай жағдайда.Қауіпсіздік — тек мемлекеттің немесе банктің ғана емі, ең алдымен әрбір азаматтың өз қолында. Алаяқтар адамның үреймен ойланбай қалатын сәтін пайдаланады. Сондықтан бүгін осы ережелерді өзіңіз ғана білмей, туыстарыңызға, ата-анаңызға, қарт ағайындарыңызға да жеткізіңіз. Хабардар қоғам — қорғалған қоғам.