Enbekshi QazaQ

Әлем

Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері ҚР Үкіметінің кезекті отырысында талқыланды 10.04.2025
Жыл басынан бері облыстардағы мемлекеттік еңбек инспекторлары 7 мың 700-ден астам тексеру жүргізіп, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 2890 заң бұзушылықты анықтады.Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдай туғызған 20 ұйым мен өндіріс нысандарының жұмысы уақытша тоқтатылды, ондағы 230 лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы осы және басқа да көрсеткіштер туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова кезекті Үкімет отырысында баяндады.  Бүгінгі таңда еліміздегі 1400-ден астам кәсіпорын халықаралық еңбек ұйымы ұсынған еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау стандарттарын енгізген. Сапында жұмыс берушілер мен жұмысшы топ өкілдері бар 12 мыңнан астам өндірістік кеңестер құрылды.Бүгінгі таңда 130-тан астам жұмыс беруші сенім сертификатын алып, инспекцияның жоспарлы тексеру тізімінен үш жылға дейін шығарылды. Бұл мүмкіндік, жұмыс беруші өзінің еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес ерікті декларацияны жүзеге асыруына байланысты болды.Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау қызметіне қойылатын талаптар күшейтілді. Аттестациялауды тек сынақ зертханасы бар, арнайы мамандандырылған ұйымдар ғана жүзеге асыра алады. «Мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер қабылдаған кешенді шаралардың нәтижесінде, жұмысшылардың қауіпсіздік еңбек жағдайларын қалыптастыруда оң үрдіс байқалады.  2016 жылы өндірісте жапа шеккендер қатары 2015 жылмен салыстырғанда 2,4% -ға азайды.» - деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.Көбіне құрылымы, ғимараттары мен қажетті жабдықтары қанағаттанарлықсыз жағдайдағы құрылыс индустриясында (16,0%), және тау-кен металлургиялық саласында (15%) жұмысшылар сан-алуан жарақаттар алады.      Осы жылдың алғашқы тоғыз айы бойынша еліміздің кәсіпорындары басым орналасқан аймақтары, - Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында өндірістегі жарақаттанудың жоғары деңгейі сақталып отыр.Қазір елімізде халықаралық талаптарға сай еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.Министрдің айтуынша, министрлікте құрылған сараптамалық топ жыл соңына дейін еңбек жағдайы бойынша жұмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ жазатайым оқиғаларды тергеу тәртібін жетілдіру, жұмысқа байланысты өзара әрекеттесуді белгілеу негізінде ұсыныстар әзірлейтін болады. Тараптардың аралас жауапкершілігі де белгіленеді (жұмыс беруші және жұмысшы).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16080?lang=kk
Бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылғалы 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты 10.04.2025
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылады. Жүйе барлық 199 жұмыспен қамту орталығын қамтиды. Жұмыспен қамту қызметін жандандыру үшін 10-ға жуық интернет-алаңдар ашылып, жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерінің саны екі есеге өспек.Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту аясында  осы және басқа да ерекше жобаларды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында баяндады.Бұған дейін еңбек нарығының инфрақұрылымы жолға қойылмағандықтан жұмыс берушілер де, жұмыс іздеушілер де уақытты бос өткізіп, қаржылық шығындар көрді. Өтініш иелері мен жұмыс берушілер арасында нәтижесіз кездесулер болса, кәсіпорындар жұмыс іздеушілермен тиімсіз өзара әңгімелесулер жүргізді.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қазан айынан бастап еліміздің төрт өңірінде - Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент қаласында пилотты бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылды.«Тәжірибеде көрсеткендей, цифрлық платформадағы еңбек нарығына сұраныс пен сұранысты біріктіру жүйесінің өз әсері бар. Бүгінгі күні жобада жұмыс берушілерден бөлек, 4 пилотты жұмыспен қамту орталығы, 2 онлайн-алаң және 19 жеке агенттік жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күні 8 мыңнан астам түйіндеме, 30 мыңға жуық бос жұмыс орны және 15 мыңнан астам жұмысқа орналасу фактісі тіркелді,» - деп сөзін түйіндеді министр.Жобаны іске асыруда жұмысқа мұқтаж азаматтардың жалпы санын  10% -дан 20% -ға дейін қамту жоспарлануда. Электронды алмасу арқылы жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің арасындағы өзара қатынас шығындары 1 млрд. теңгеге үнемделеді. Тағы бір айта кетерлігі, Министрлікте құрылған Әлеуметтік –еңбек саласының Біріңғай ақпарат жүйесі қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша бірнеше жобаларды қамтиды. Олар – еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтік сақтандыру, зәйнеткерлік және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қолдау көрсету, арнайы әлеуметтік қызмет және көш-қон бағыттары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16013?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІНІҢ АЙНАЛЫМЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ 10.04.2025
Ағымдағы жылғы 7 ақпанда ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің айналымы мәселелері бойынша Комитет қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты, сондай-ақ Мемлекеттік рәміздер дайындаушылардан құралған жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.Кездесу барысында Мемлекеттік рәміздер айналымының және  Мемлекеттік Елтаңбаны ҚР СТ 989-2014 Ұлттық стандартына сәйкес дайындаудың негізгі мәселелері талқыланды.Мәжіліс қорытындысы бойынша, жұмыс тобының барлық мүшелеріне Мемлекеттік рәміздердің айналымына және Мемлекеттік Елтаңбаның жаңа үлгісін енгізуге қатысты нақты ұсыныстар беру ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15981?lang=kk
Алматыда 43,2 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді 10.04.2025
Қазіргі кезде қала жолдарындағы ақауларды анықтаумен және оларды жөндеу жұмыстарымен 20 бригадалары бар төрт мердігерлік ұйым айналысуда.Алматы қаласының Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлағандай, қалада ұзындығы 31,27 км болатын 12 магистральді және аудандық маңызы бар 23 көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ұзындығы 30,75 км болатын 19 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланды.Жақын күндері Байтұрсынов көшесі, Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейінгі жол күрделі жөндеуден өтеді. Күрделі жөндеуден өзге бұл учаскеге «Алматы қаласының тұрақты көлігі» бағдарламасы бойынша қаланың велосипед және жүргінші жолы инфрақұрылымын жоспарлау негізінде велосипед жолдарының қондырғылары орнатылады.Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы елді мекеніне дейін ұзындығы 2,08 болатын аумақ күрделі жөндеуден өтуде. Жобада көлік қозғалысы бөлігін 4 жолаққа дейін кеңейту, «Қарғалы» өзенінің бойындағы көпірді қайта жасау, ұзындығы 2 км болатын веложол мен ұзындығы 4 км болатын тротуарлар салу қарастырылған.Атап өтерлік жайт, биылғы жылы жалпы құны 574 млн. теңге болатын 14,7 км арық желісін салу, 57 көшеде 42,2 км арық желісін қайта жасау жоспарланған. Сонымен қатар, аудандық әкімдіктерден ұзындығы 500 км болатын 488 көшеге жаңа арық желілер мен жаңбыр канализацияларын салу үшін ЖСҚ жасау жөнінде өтініштер түскен.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15976?lang=kk
Жуық арада әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі жаңа келісімге қол қойылады. 10.04.2025
Құжатқа үшжақты келісім негізінде - Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы ынтымақтастық шеңберінде қол қойылады.  Бұл құжат әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу принциптеріне негізделетін болады. Сонымен бірге, елдің экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және адам капиталындағы инвестицияларды арттыруға сеп болады.  Құжат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде талқыланды.Жұмыс тобының отырысына Ұлттық экономика, Қаржы, Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Инвестициялар және даму, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің мамандары мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Kazenergy» қауымдастығы, жұмыс берушілер конфедерациясы, Кәсіподақтар федерациясы, ірі жұмыс берушілер мен кәсіподақтардан келген өкілдер қатысты.Еске сала кетейік мұның алдындағы құжатқа 2014 жылы қол қойылған болатын. Ал, осы жолғы келісімнің мақсты - оған қатысушылардың өзара іс-қимылын тиімді реттеу арқылы лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету. Құжат тиімді жұмыспен қамту және адам капиталын дамыту, еңбек өнімділігі мен еңбекақы төлеу, әлеуметтік саясат, еңбек қорғау және әлеуметтік серіктестікті дамыту мәселелерін қарайды. Сондай-ақ, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру секілді еңбек қатынастарының аспектілерін қарастырады.Жұмыс тобына қатысқандар өз ұсыныстарын Келісімнің жаңа редакциясына жолдады. Бұл - кәсіби білім беру жүйесін жаңғырту, кадрларды сертификаттауды  қалыптастыру, кәсіби ұтқырлықты дамыту, әлеуметтік сақтандыру жүйесін жетілдіру және тағы басқа мәселелер бойынша міндеттемелердің пакеті болып табылады.Келісімнің соңғы нұсқасына қол қою 2017 жылдың 25 желтоқсанына жоспарланған. Бұл келісім 2018 -2020 жылдар аралығын қамтымақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15960?lang=kk
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова Қарағанды қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады 10.04.2025
Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  Тамара Дүйсенова өңірдің бірқатар нысандарында болды, селолық округтердің тұрғындарымен кездесіп, оларға әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселесі бойынша түсіндірулер берді.Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізу күн тәртібіндегі басты мәселе болғандықтан, ведомства басшысы Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығына барып, осы мәселе бойынша консультанттар мен ассистенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.Сонымен қатар, жұмыс сапарының басты мақсатының бірі облыс кәсіпорындарында жұмыскерлер ағынына байланысты ахуалмен танысу болды.Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет Басшысы Үкімет пен әкімдіктердің алдына кәсіпорындарды жаңғыртудың нәтижесінде туындайтын еңбек ресурстары ағынын басқару үшін жағдай жасау міндетін қойды. Президент ірі кәсіпорындар әкімдіктермен бірге тиісті «Жол карталарын» жасаулары керектігін атап көрсетті.Соған байланысты, Еңбекмині  Тамара Дүйсенованың бастамасымен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ және «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС өкілдерінің қатысуымен бірлескен кеңес өткізілді. Еліміздің ірі өңірлерінің бірі болып табылатын Қарағанды облысы кадрлар ағынын басқару бойынша пилоттық жобаны енгізу орны болып отыр.«Бүгінгі күнде өңірімізде жүйе құраушы кәсіпорындармен Жол карталарын жасау бойынша жұмыс басталды. Жұмыскерлер босатылған немесе қосымша қажеттіліктер туындаған жағдайда бірлескен іс-әрекеттер талқылануда. Осы жұмыстарды ұйымдастыру үшін өңірлік штаб құрылды» - деп атап көрсетті Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.Жаңа технологиялар енгізілумен дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босатылатын болады. Соныменқатар жаңа индустрияларды құру мен дамыту азаматтарды жұмысқа орналастыру мен олардың нақты кірістерін арттырудың қосымша көзі болуы керек.Мысалы, қысқартылған жұмыскерлерді қайта даярлау мен оларды одан әрі жұмысқа орналастыруды инвестициялау қарастырылуда. Сол сияқты еңбек күші көп өңірлерден, ауылдық жерлерден қалаға жұмыс күштерін тарту үдерісіне қолдау жасалады.Бүгінгі күнде Үкімет жұмыспен қамту орталықтарын реформалау мен барлық бос жұмыс орындары мен елді мекендер бойынша бірегей онлайн-платформалар құруға кірісті. «Жол картасы бірінші кезекте олар үшін жаңғыртулар нәтижесінде туындайтын әлеуметтік қатерлерден қорғайтын жақсы құрал болады деп санаймын. Мемлекет орталық және жергілікті деңгейлерде қысқартулар және кадрларға қосымша қажеттіліктер болған жағдайларда қолдау көрсетуге дайын. Жұмыскерлерге де, қажет ететін кәсіпорындарға да нақты қолдау көрсетілетін болады» - деп түйіндеді министр.Тамара Дүйсенова Қарағанды облысының алаңында пилоттық Жол карталарын іске асыру бұл бағыттағы маңызды мәселелерді шешуге ықпал етеріне сенім білдірді.Өңірге жұмыс сапарының қорытындылары бойынша министрдің төрағалығымен облыс әкімдігінде қала және аудан әкімдері мен олардың орынбасарларының қатысуымен қорытынды кеңес өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15949?lang=kk
Алматыда 472 жаңа аула алаңдары салынады 10.04.2025
Құрылыс барысында сертификатталған және қауіпсіз кіші архитектурлалық формалар іске асады. Анығын айтқанда, асфальтты, резинкалы, брусты төсеніштер, бордюрлер қайта жөнделіп, орындықтар қойылады, таза ауада балалардың спорпен айналысуына барлық жағдайлар жасалады.«Түрксіб ауданында жыл аяғына дейін 80 жаңа аула алаңдары салынады. Бұл жөндеу емес, жаңадан салу деген сөз. Кіші архитектуралық формалалар – алтыбақандар, турниктер, орындықтар, урналар болады, баллар және спорт алаңдары ашылады. Бұлардан өзге, аулаларға жарық көздері орнатылып, асфальт төселеді», - деді Түрксіб ауданының әкімі Владимир Устюгов.Осыған ұқсас жұмыстар басқа аудандарда да атқарылады. Мысалы, Алатау ауданында 15 аула, Алмалы ауданында – 80, Әуезов ауданында- 50, Бостандық ауданында – 60, Жетісу ауданында – 50, Медеу ауданында – 120, Наурызбай ауданында 17 аула жасалады.Атап өтерлік жайт, 2016 жылы қалада 290 аула көріктендірілген болатын. Осы жұмыс аясында балалар алаңдары үшін жаңа қоныдырғылар, урналар, орындықтар алынып, аула іштерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген еді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15921?lang=kk
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Таяу Шығыс бойынша консультацияларына қатысты 10.04.2025
АСТАНА, 2017 жылғы 26 қыркүйек – Қазақстан делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Палестина мәселесімен қатар Таяу Шығыстағы жағдайы бойынша консультацияларына қатысты. Отырыста БҰҰ-ның Таяу Шығыс істері жөніндегі арнайы өкілі Николай Младеновтің брифингі тыңдалды.Брифингтің ашық бөлімінде сөз сөйлеген Қазақстанның БҰҰжанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес шиеленістерді бейбіт, адал және берік жолмен реттеу үшін тараптарды келіссөздерді қайта жалғастыруға шақырды.Мәлімдемеде Израиль және Палестина көшбасшылары екі мемлекеттің бейбіт қатар өмір сүруіне мүмкіндік беретін және Палестиналықтардың ажырамас мемлекеттілік құқықтары және Израильдің қауіпсіздік құқықтары негізінде бейбітшілікке қол жеткізу перспективаларын нығайтатын нақты қадамдарды қабылдау қажеттілігі көрсетілді.Қазақстан Палестина және Израиль тараптарын «екі халық үшін екі мемлекет» қағидасы бойынша тарихи бейбіт келісім жолында бейбітшілік, қауіпсіздік және даму қарым-қатынастарын нығайту арқылы саяси ерікті көрсетуге шақырды. Соның ішінде БҰҰ «екінші тірегі» болып табылатын даму саласындағы сенімгерлік шараларын ілгерілету арқылы.Қазақстан делегациясы Таяу Шығыс «квартетінің» (АҚШ, Ресей Федерациясы, БҰҰ және Еуропа одағы) жұмысын жаңартуды ұсынды. Сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың назарын Газ секторындағы тұрақсыз және қиын жағдайға аударды. Қазақстан аталған мәселе бойынша АҚШ, Ресей Федерациясы және Мысырдың жуырдағы дипломатиялық күштерін қолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/15915?lang=kk
Қазақ күресі бойынша өткен «Алматы Барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды 10.04.2025
Чемпионның алтын белбеуі мен көлік кілтін Наурызбай ауданының палуаны Руслан Әбдіразақов жеңіп алды. Екінші орынды Бостандық ауданының өкілі Дәурен Нуралинов иеленді. Екі спортшы да Астанада шілде айында өтетін «Қазақстан барысы - 2017» республикалық турнирінде Алматы қаласының атынан бәсекеге түсетін болады. 2016 жылы «Алматы барысының» жеңімпазы атанған Наурызбай ауданының спортшысы Виктор Демьяненко үшінші орынға көтерілді.Атап өтерлік жайт, Алматыда ұлттық спорт түрлерінен, соның ішінде көкпардан, аударыспақ пен теңге ілуден, асық және жамбы атудан, қазақ күресінен жарыстар жиі өтіп келеді. Мысалы, мамырда орталық ипподромда Қазақстанның әр аймағынан спортшылар қатысқан «Ұлы дала ойындары» республикалыцқ фестивалі өтті. Соңғы екі жыл ішінде «Алатау» дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығы және қолөнершілердің жаңа орталығы ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15911?lang=kk
Қостанай облысы әлемнің 60 еліне тауар экспорттайды 10.04.2025
Қостанай облысы әкімдігінде өткен жиында өңірдің экспорттық әл-ауқатын дамыту, бірыңғай экспорттық стратегияны әзірлеу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің айтуынша, өңірдің 2017 жылғы сыртқы сауда-саттығы 2 млрд доллардан асып түскен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 23,6% артық. «Елбасы 2025 жылға дейін шикізаттық емес экспорт көлемін екі есеге ұлғайтуды тапсырғаны мәлім. Сондықтан экспорттау аймағын кеңейту маңызды болып отыр. Қостанай облысының негізгі шикізат көзі - аграрлық сектор мен өндіріс. Елдің 24% егіс алқабы біздің облысқа тиесілі. Бұған қоса шекемтас пен асбест 100% Қостанайда өндіріледі. Соған қарамастан біз экспорт көлемі бойынша Қазақстанда 11-орындамыз», - деді Мырзалиев өз баяндамасында.Мырзалиевтің мәліметіне сүйенсек, облыс экспортының 47,6% минералды өнімдерден тұрады. Атап айтқанда, темір концентраты мен рудасы, асбест пен шекемтас өтімді өнімдер санатына кіреді. Мұнан соң азық-түлік тауарларынан да пайда түседі. Бидай, зығыр тұқымы, кондитерлік тағамдар Ауғанстан, Өзбекстан және Ресейге экспортталады. «Былтыр металл бұйымдарын сатудан 31,8 млн доллар пайда түсті. Олардың көбі Ресей, Тәжікстан, Қырғызстанға өткізілді. Ауылшаруашылық қосалқы бөлшектері мен қағаз өнімдері 10,9 млн долларға сатылды. Жалпы, Қостанай облысы әлемнің 60 еліне тауар тасымалдайды», - деді облыс әкімінің орынбасары.Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов экспорттық әл-ауқатты дамыту үшін кедергілерді анықтап алуды тапсырды. «Облыста әлеуетті деген кәсіпорын, зауыттар жетерлік. Өз өнімдерімізді экспортқа шығарып пайда табу керек. Нарық болған соң өзіндік қиындықтары болатыны анық. Соларды жан-жақты талдаңыздар. Проблема болса, тиісті органдар көмектеседі. Бірігіп қимылдасаңыздар нәтижесі де жақсы болады. Қостанайлық өнімдердің өтімділігін ұлғайту үшін жаңа нарыққа шығу қажет. Соның жүйесін әзірлеңіздер», - деді А.Мұхамбетов. Облыс әкімі кәсіпорын басшыларын сырт елдерге тауар өткізуде кездесетін кедергілерді айтып, оларды бірге шешуге шақырды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/15909?lang=kk
Алматыда 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылды 10.04.2025
Алматы әкімі монументтің Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапрысмасымен ашылып отырғанынын айтты. 1918-1933 жылдар аралығында Қазақстанда түрлі деректер бойынша үш миллионнан астам адам опат болған, ал 1931-1933 жылдары 1 млн. 700 мың адам қырылып кеткен. 1937-1938 жылдары 100 мыңнан астам қазақстандық репрессияға ұшыраған.«Бүгін Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішті Алматыда да ашқалы отырмыз. Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес өткен жылы біз осы ескерткішті жасауға байқау жариялаған едік. Оған жалпы саны 21 жоба түсіп, көпшіліктің, арнайы мамандардың талқылауына ұсынылды. Астанадағы мемлекеттік комиссияның ұйғарымымен жобалардың ішінен баласын кеудесіне қысқан Ана бейнесі жеңімпаз деп танылды. Ана – барша тіршіліктің қайнар көзі, ұлттың ұйтқысы, келешектің кепілі. Ана қасіреті – ел қасіреті. Аштықтан бұратылған болашағын – өз сәбиін құшақтаған Ананың қайғылы халі сол кезеңде өмір мен өлімнің арасындағы қазақ халқының басынан кешкен талайлы тағдырын шынайы бейнелейтіндей. Ашылғалы отырған ескерткіш өскелең ұрпақтың жазықсыз шейіт болған ата-бабалар мен аналардың рухына бас иіп, Тәуелсіздіктің тәттілігін, азаттық пен бейбіт өмірдің баға жетпес байлық екенін ұғына білетін киелі орын болсын деп тілейміз! Бұл ескерткіштің мәні – өткендер рухына тағзым, ал болашақ үшін - тағылым», - деді Б.Байбек.1931-1933 жылдардағы аштық құрбандарының ескерткіші «Қарағайлы» саябағындағы Қабанбай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысына орналасқан. Қола мен граниттен жасалған, биіктігі 3 метр бұл ескерткішті сәулетшілер Қанат Бегулиев, Айдос Бүркітбаев және Дулат Үсенбаевтар жасады.«Аштықтан бұратылған сәбиіне қорған бола алмаған Ана жүрегі қан жылайды. Баланың көзі жұмулы, анасын құшақтауға тіпті әлі де жоқ. Ана табанының астында бос төңкерілген қазан жатыр», - деп түсіндірді скульптура авторлары.Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы Жарлығы бойынша 31 мамыр репрессия құрбандарын Еске алу күні болып жарияланды. Астанада «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі мен «АЛЖИР» мұражай кешені, ашылған, ал Алматы облысында ашаршылық құрбандары мен репрессияға ұшырағандарға монумент қойылған, еліміздің барлық өңірлерінде мұражайлар, ескерткіштер,мемориалды кешендер бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15908?lang=kk
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті 10.04.2025
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, облыстар және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарларымен, халықты әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыспен қамту мәселелері жөнінде жиын өткізді.        Сонымен қатар, алқалы басқосуға, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аумақтық департаменттерінің директорлары, жергілікті атқару органдардағы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының басшылары, өзге де мүдделі тараптар қатысты.            Күнтәртібіндегі басты тақырып ретінде атаулы әлеуметтік көмектің (әрі қарай – АӘК) жаңа сипатын қолданысқа енгізу, базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесін өзгерту және өзін жұмыспен қамтыған тұрғындар тобымен жұмыс жайлары талқыланды.          Жаңа сипаттағы АӘК тұрғысында, Министр, жұмыспен қамту орталықтарын күшейту арқылы олардың материалдық-техникалық жабдықталуы мен мамандар даярлау ісіне аса мән беру керек екенін нұсқады.        «Егер қазіргі таңда АӘК табысы күнкөріс деңгейінен 40% төмен адамдар мен отбасыларға қаржылай көмек ретінде берілетін болса, жаңа жылдан бастап жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен 50% төмен отбасыларға берілетін болады. Сонымен бірге, жаңа сипаттағы АӘК  - қазіргі таңдағы АӘК, балалар жәрдемақысы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы секілді 3 әлеуметтік төлемнің орнына Бірыңғай жәрдемақы түрінде төленеді. Ең басты ескеретін жайт, жаңа АӘК мөлшері жоғарыда аталған 3 түрлі жәрдемақының жалпы сомасынан жоғары болады. Осылайша, жаңа АӘК тек қана қаржылай жәрдемақы ғана емес, кедейлік деңгейінен шығудың кешенді шарасы болмақ. Жәрдемақының қолжетімділігі мен бизнес-процестерді оңтайландыру мақсатында жұмысты бір терезе жүйесімен Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жүргізу ұсынылады», - деді Министр.        Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жиналғандардың назарын келер жылдан бастап базалық зейнетақы тағайындау тетігі өзгеретіне де аударды.        2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, ынтымақты зейнетақы 8 пайызға өседі. Базалық зейнетақы, басқа да жәрдемақы түрлері сияқты, 6 пайызға көбейеді. Осы арқылы, базалық зейнетақыны ескергендегі зейнетақының төменгі мөлшері келесі жылы 49 019 теңгені құрап, орташа дәрежесі 71 333 теңгені төңіректемек.        «Қазіргі уақытта базалық зейнетақы зейнет жасына жеткендерге бәріне бірдей еңбек өтілін және зейнетақы жинағын қалыптастыруға қатысуды ескерусіз тағайындалады. Келесі жылдан базалық зейнетақы жүйеге қатысу өтіліне қарай берілетіні көзделуде. Осы орайда 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналарының түсу аралығы ғана есептілініп қоймай, 1998 жылға дейінгі де еңбек өтілі назарға алынатыны болжануда», - деп түсіндірді Тамара Дуйсенова.             Мұндай әдіс, 30-40 жыл еңбек өтілі болса да, төмен зейнетақы алып отырған адамдарға қатысты әділдік орнататыны күтілуде. 1998 жылға дейін және одан кейін де 33 жылдан асатын өтілі бар тұлғаларға, базалық зейнетақы ағымдағы көлемімен салыстырғанда екі есеге көбейеді. Егер бұл сома қазір 14 мың теңгені көрсетсе, 2018 жылдың 1 шілдесінен зейнеткерлердің аталған тобы ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыға қоса, 28 мың теңгені иемденетін болады.       10 жылдан асқан әр жыл сайын базалық зейнетақы 2 пайызға өспек. Мәселен, 20 жылдық еңбек өтілінде базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын құраса, 30 жылда 94%-ды межелемек. Заңда айқындалғандай, 33 жылды еңсерген өтіл белесінде базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің толық 100% көлемін қамтымақ.      Өзін жұмыспен қамтыған тұрғындар қызметін реттеуде 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасы жасалуда.       Тамара Дүйсенова, жоғарыда көрсетілген барлық міндеттерді қаперге алған райда, Үкіметтің әлеуметтік салада жүргізіп отырған саясатын өңірлерде түсіндіру іс-қимылдарын ширату қажеттігін атап өтті.          Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» идеясы мен  халыққа Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік-еңбек саласын жаңғыртуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асады.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15851?lang=kk
Туризм және шыбын-шіркей туралы 10.04.2025
Жиынның алғышқы кезеңінде қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ирина Сорокина облыстағы шыбын-шіркейге байланысты жағдайдың тұрақтылығы туралы мәлімдеді.– Масалардың бірінші ағыны бойынша жұмыстар аяқталды, – деді ол. – Бүгінгі күні бұл шыбын-шіркейдің қанатты түрінің біраз өкілдері Ленин кентіндегі №2 авиаегістігінде  және Усолка өзеніндегі автомобиль көпірінің маңында адамдар тұрмайтын жағында байқалды, – деді Ирина Сорокина. – Авиаегістікте  авиаөңдеу жұмыстары, ал көпір маңында – жердегі химиялық өңдеу жүргізілетін болады. Павлодар саябақтарында масаның қанатты түріне қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі жоқ. Онымен біз Кенжекөл мен Ақсу жақтарынан барьерлік өңдеу жұмыстарын жүргізу арқылы күресеміз. Біз Ертіс жағасында орналасқан облыс аудандарында бақылау жұмыстарын жалғастырып келеміз. Осы мәселеге байланысты тұрғындардан ешқандай шағым түскен жоқ.Содан кейін трибунада кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының бастығы Қанат Шәбенов өңірдегі туризмнің дамуы туралы айтып берді. Ол Баянауыл  ауданындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтқанда Болат Бақауов ол ауданның туристерді қабылдауға 100%-ға дайын еместігі жөнінде пікір білдірді.– Өткен жылы Баянауылда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің басында, яғни 10 маусымда барлық объектілер жұмыс істеді, – деді аймақ басшысы. – Әрине, климаттық жағдайлар дайындық жұмыстарына кері әсерін тигізуі мүмкін, алайда мен бұл жердегі жұмыстардың төменгі деңгейде жүзеге асырылып жатқанын өз көзіммен көрдім.Сонымен қатар, Павлодар облысының әкімі бес негізгі туристік аймақты дамыту қажеттілігі туралы айтып өтті. Соның ішінде: Баянауыл, Маралды және Тұз-Қала тұзды көлдері, Шалдай ормандары мен павлодарлық «Ertis Promenade» жағажайы.– Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының қызметкерлері бұл объектілерде тұру керек, – деді Болат Бақауов. – Баянауылды қалпына кетіріп болғаннан кейін Маралды жағасына көштік, Маралдыны қалпына келтіргеннен кейін Тұз-Қалаға жылжыдық!Жалпы алғанда, аймақ басшысы туризмді ұйымдастыру саласында қызметкерлерінің жұмысына қанағаттанған жоқ. Бұл сала үшін жауап беретін басқарма бастығы Қанат Шәбенов сөгіс алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/15806?lang=kk
ТРМКД – ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ БРИФИНГ. 10.04.2025
Қызылорда облыстық әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметі залында 2 ақпан 2017 жылы Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен 2016 жылы атқарылған жұмыстары туралы департамент басшысы Е. Кеулімжаев баспасөз өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.    Баспасөз брифингке облыс әкімі аппаратының өкілі, облыстың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, журналистер, телеарналар тілшілері, интернет газеттер тілшілері қатысты.Баспасөз брифингінде Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Е.Кеулімжаев, есепті кезеңде облыс аумағында кәсіпкерлікті қолдау, экономиканың барлық салалары бойынша өндірістің тиімді жүргізілуі және тұтынушыларды өнімдер қауіпсіздігі мен өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында техникалық реттеу құралдарын  индустрияландыру  және сапа инфраструктурасын құру процесстеріндегі  міндеттерін  анықтап,  халықаралық стандарттарға сай өнім өндіруге жағдай жасау жұмыстарын белсендіру, халықаралық менеджмент жүйесін енгізу және өндірісті техникалық қайта жабдықтау жөнінде аймақтағы  тауар өндіруші кәсіпорындарды аралап түсіндірме жұмыстарын жандандыра жүргізгендігін атап өтіп, 2016 жылы департаментпен атқарылған жұмыстар бойынша слайд және графикалық кестеде 2015 жылмен салыстырмалы түрде  толық мағлұмат берді.Сонымен қатар, департамент басшысы департаменттің 2017 жылы атқаратын міндеттеріне тоқталды. Баспасөз брифингі қорытындысымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері өздерін толғандырып жүрген сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15780?lang=kk
Ж.ҚАСЫМБЕК ИНДУСТРИЯ 4.0 ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗУ БОЙЫНША ҚР ИДМ ЖОСПАРЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ 10.04.2025
Индустрия 4.0 элементтерін енгізу кәсіпорындардың тек бәсекеге қабілеттіліктерінің маңызды факторы ғана емес, сонымен қатар, теңізге шығу мүмкіндігі жоқтықты, ішкі шағын нарықты, білікті маман тапшылығын шешуде Қазақстанға айтарлықтай мүмкіндік ашады.  Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен ҚР Үкіметіндегі кеңейтілген отырыста хабарлады.Жолдауда көрсетілгендей, өнеркәсіп өндірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін, Жолдауда айтылғандай төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу керек.Бұл үшін, әлемдік жетекші компаниялармен серіктесе жұмыс істейміз. 2017 жылы жаңа экономиканың элементтерін кешенді қолдануға әзір өңдеу секторы анықталатын болады. Аталған секторларда Индустрия 4.0 технологиясын енгізу жөніндегі пилоттық жобалар жүзеге асырылады.  Алдағы уақытта бұл тәжірибе басқа да кәсіпорындар мен өнеркәсіп секторларында қолданылатын болады.Төртінші индустрия элементтерін енгізу кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы ғана емес, ол Қазақстанға теңізге тікелей шығар жолының жоқтығы, ішкі нарықтың тарлығы, білікті мамандардың тапшылығы сияқты факторларды жоюға мүмкіндік береді.Жаңа индустрия құрудың басты бағыттарының бірі электромобильдер өндірісі мен қажетті инфрақұрылымдарды дамыту болып табылады.  Ол үшін тиісті жол картасы әзірленіп, оны іске асыруды бастау қажет.Анықтама:Бүгінгі таңда түрлі елдерде «Индустрии 4.0.» концепциясын енгізудің орташа және ұзақмерзімді бастамалары қабылданды: Германияда«Industrie 4.0»,  Францияда «Industrie du Futur», Оңтүстік Кореяда «Manufacturing innovation 3.0», Индияда «Make in India», Испанияда«Industria Conectada 4.0», Жапонияда «The New Robot Strategy», Италияда «Manifattura Italia» және т.б.Еуразиялық Одақта «Factory of the future», АҚШ-та Advanced manufacturing partnership, Германияда Mittelstand 4.0 бағдарламалары қолданылады. Осылардың аясында өңдеу өнеркәсібі мен басқа да экономиканың салаларында технологияның жаңа даму перспективалары қолдау тауып, таныла бастады.«КИРИ» АҚ  Fraunhofer (Германия) институтымен ҚР өңдеу секторын диагностикалық бөлімінде Индустрии 4.0 элементтерін енгізу дайындығы деңгейінде алдын ала келісімдерге қол жеткізді. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібіне сол элементтерді жылдам енгізудің жүйелік ұсынымын әзірлеуге де уағдаласты.Fraunhofer – 67 институтты біріктіретін, өнеркәсіпті зерттейтін ірі еуропалық институт. Оның құрамында өнеркәсіпті автоматтандыру институты, жаңа материалдарды зерттеу институты, интелектуалдандырылған жүйе институты бар. Оларда 24 мың мың қызметкер еңбек етеді. Ол Германиядағы Индустрии 4.0 технологиясын дамыту жөніндегі негізгі үйлестірушілердің бірі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15742?lang=kk
Еңбекмині әлеуметтік саланы цифрландыруға көшті 10.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірінші Әлеуметтік қызметкерлер форумы аясында әлеуметтік саланы цифрландыру стратегиясын назарға ұсынды.«Қазақстанда Әлеуметтік қызметкерлердің бірыңғай базасы жасақталатын болады. Онда әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігі, олар көрсететін қызмет түрлері, жұмыс нәтижесі сияқты ақпарат шоғырланады. Бірыңғай база арқылы әлеуметтік қызметтерді алушылар әлеуметтік қызметкерлерді таңдай алады. Сәйкесінше көрсеткіштері жақсы әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы да жоғарылайды. Әлеуметтік қызметкерлердің арасында бәсекелестіктің болуы сапаны көтеруге мүмкіндік береді», - деді Министр Тамара Дүйсенова.Сонымен қатар, Министрдің айтуынша, «Қызметтерді алушының жеке электронды карталары», «Жоспарлау», «Қызметтерді жеткізуші», «Келісімшартқа отыру», «Кадрлар», «Мониторинг» бағыттарын қамтитын әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту арқылы саланың ақпараттық қамтамасыз етілуі нығая түспек. Бірыңғай ақпараттық жүйенің эталондық базалары бар ақпараттық жүйелермен әрі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара кіріктірілуі де көзделуде. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің пікіріне қатысты Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілі Юрий Оксамитный ойын білдірді: «Әлеуметтік қызметкерлердің әрқайсысында қызметті алушылардың дерегі электрондық нұсқада болса, қызмет түрі мен оны тұтыну сынды жайттарды анықтау да жеңілдей түсетіні анық. Мұндай өзгерістер арқылы әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігіне де талап күшейеді. Жүйенің ақпараттық қамтылуы мен әлеуметтік қызметкерлердің шеберлігін шыңдауы тәрізді мәселелер тұтас жүйенің жемісті жаңаруына оң септігін тигізетіні аян. Бүгінде Қазақстан Үкіметі қарастырып жатқан Цифрландыру бағдарламасында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің өз орнын алатынына күмәнсіз сенемін. ЮНИСЕФ атынан Әлеуметтік қызмет көрсету саласын әрі қарай жаңғырту тұжырымдамасында көрініс тапқан жаңашылдықтарды толық қолдайтынымызды жеткізгім келеді. Осы орайда оны жүзеге асыруда шаралар жоспарын түзуге атсалысуға дайынбыз».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15651?lang=kk
2016 ЖЫЛЫ 2,5 МИЛЛИОННАН АСТАМ АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛЫ МІНДЕТТІ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ӨТТІ 10.04.2025
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы аумағында 876 техникалық байқау желісі бар (572 стационарлық, 304 ұтқыр) 524 техникалық байқау орталықтарының жұмысы ұйымдастырылған.2016 жылдың қорытындысы бойынша міндетті техникалық қарап-тексеруге 2 556 958 автокөлік құралы (бұдан әрі – АКҚ) ұсынылған, оның ішінде 2 311 136 АКҚ техникалық байқаудан өтті деп танылған. Ақауларының болуына байланысты 245 822 АКҚ техникалық байқаудан бірден өтпеген. Бұл техникалық байқауға ұсынылған АКҚ-ның орташа 9,6 % құрайды.Анықтама үшін: 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 2 521 014 АКҚ техбайқауға ұсынылған, оның ішінде 2 226 494 АКҚ-ы техбайқаудан өткен,294 520 АКҚ техбайқаудан өте алмаған, бұл ұсынылған АКҚ-ның орташа 11,68% құрайды.Техникалық байқаудан өте алмаған АКҚ-ның пайдалануына келесі ақаулардың негізінде тыйым салынған :- тежеуіш жүйесі бойынша – 67 633 КҚ;- рөлмен басқару бойынша – 22 941 КҚ;- сыртқы жарық беру құралдары бойынша – 118 787 КҚ;- көрініс бойынша – 19 124 КҚ;- шиналар, доңғалақтар және аспалар бойынша - 20 818 КҚ;- конструкцияның басқа элементтері бойынша  – 71 043 КҚ;- Қозғалтқыш және оның жүйелері бойынша – 18344;- рама мен шанақтың жай-күйі бойынша – 423.2016 жылы аумақтық көліктік бақылау органдарымен 146 техникалық байқау операторларына қатысты 278 тексеру өткізіліп, нәтижесінде 5 млн. 832 мың теңгені құрайтын 222 әкімшілік хаттамасы толтырылды. Сонымен қатар, 13 техникалық байқау операторы реестрден шығарылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15631?lang=kk
ЕАЭО ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕРІ АЯСЫНДА СТАНДАРТТАРДЫ ТАЛДАУ 10.04.2025
2017 жылдың 25 қаңтар Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, «ҚазСтИн» РМК Алматы облысы бойынша филиалымен бірлесіп, ЕАЭО техникалық регламенттер талаптарының орындау тұрғысынан энергетика, экология және құрылыс салаларына ұсынылған стандарттарды талдау үшін дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстелге Алматы облысының Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің, Экология департаменті, «Ұлт.ССО» АҚ ТФ өкілдері, сондай - ақ бизнес өкілдері қатысты. Шараның мақсаты – Еуразиялық экономикалық Одақ техникалық регламенттерінің стандарттар Тізбесіне кіретін стандарттар бойынша ақпараттарды, стандарттарды әзірлеу, қайта қарау және күшін жоюды, сондай-ақ ұсыныстар әзірлеу үшін қаралатын мәселелер бойынша Алматы облысыдағы СРБ және СЗ, өнім өндірушілер ұсынған ұсыныстарды мүдделі тараптарға жеткізу.Экология, энергетика, құрылыс салаларындағы стандарттар ЕАЭО ТР талаптарын орындау үшін стандарттар әзірлеуді, күшін жоюды және қайта қараудың талдау қорытындысы бойынша стандарттардың Тізбесі ұсынылды. Презентация «ҚазСтИн» РМК филиалының мамандарымен дайындалды.Талдыу барысында Алматы облысы бойынша экология департаментінен 3 қосымшадағы, экология саласы бойынша ұсыныс түсті: ГОСТ Р базасында әзірленген стандарттарды қайта қарамай, мемлекетаралық стандарттар әзірлеуге ұсыныс енгізу. ҚР СТ ГОСТ Р 51930-2011 , ҚР СТ ГОСТ Р 52570-2010 ,ҚР СТ ГОСТ Р 51942-2010 бұл стандарттар бензол, толуол және қорғасын автокөлік және авиациялық жанармайлар анықтау бойынша Сонымен қатар ГОСТ 305-2013 қолданыста болуына байланысты, Тізбеден ГОСТ 305-82 Дизельді отын. Техникалық шарттар алынып тасталсын деген ұсыныс түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15615?lang=kk
Баянауыл ауданында өрт сөндірілуде 10.04.2025
Облыстық әкімдікте өткен кеңесте Баянауыл ауданының басшысы Оразгелді Қайыргелдинов өртке қарсы жұмыстардың қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді. Оның айтуынша, сөндіруге 150 адам мен 30 техника жұмылдырылған. Өрт шамамен 40 гектар ауқымын шарпыды.– Баянауылға Қалқаман, Екібастұз және Майқайыңнан көмек келді, – деп баяндады аудан әкімі. – Бүгін ауданға Өскеменнен тікұшақ ұшып келді. Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде.Павлодар облысының әкімі, желдің қатты соғуынан, әрі таулы ауданда өрттің ерекше жағдай екенін ескере отырып, өрт сөндірілгенге дейін және ауа температурасы төмендегенге дейін тәулік бойғы кезекшілік жүргізуге нұсқау берді. Сонымен қатар, кездесу барысында Болат Бақауов жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар жұмысын сынға алды, себебі Павлодар облысының тұрғындары тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде шомылуды жалғастыруда, осыған байланысты судағы жазатайым оқиғалар орын алуда.– Суға шомылу маусымы басталғаннан бері облыста 17 адам суға батып кетті, оның жетеуі – балалар, тек өткен демалыс күндері 6 адам суға кетті, оның ішінде төрт бала бар, – деді аймақ басшысы. – ТЖ департаменті мен қала және аудан әкімдіктері халықтың шомылатын орындарын тексерген жоқ. Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеуде. Ең күшті дауыс зорайтқыштарды қойып, суға шомылатын адамдарды судағы жүріс-тұрыс ережелері туралы ескертіп отырыңыздар! Усолкада, құтқару станциясының жанында адамдар «Шомылдыруға тыйым салынады» белгі тұрғанына қарамай, шомылуда, ал полиция қызметкерлері осыған салғырттықпен қарап отыр. Неге олар отырады? Аудан Жағалауы мен “Ертіс” шаңғы базасында да – тура сондай жағдай, тыйым салынатын белгі тұрса да, адамдар суға түсуде, бірақ бұған ешкім назар аударар емес!Облыс әкімі жергілікті жерлердегі басшыларға бұл мәселені жеке бақылауға алуды талап етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/15603?lang=kk
Комитет қолданыстағы тарифтерді төмендету бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр 10.04.2025
2018 жылғы 12 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшелерінде Қоғамдық қабылдаулар жұмыс істей бастады.Қоғамдық қабылдаулар«Нұр Отан» партиясының филиалдарымен, «Атамекен» ҰКП-мен, ҮЕҰ-мен, табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерімен бірлесіп өткізіледі және облыс орталықтарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылықты коммуналдық қызметтер тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар ету мақсатында ұйымдастырылды.Олардың нәтижелері бойынша тұтынушылардың келіп түскен шағымдардың негізінде бүгінгі күні Комитеттің аумақтық бөлімшелері табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықсубъектілерінің қызметіне заңнаманы сақтау мәніне 6 жоспардан тыс тексеруге, оның ішінде:жылумен жабдықтау - 3 жоспардан тыс тексеруге (Астана қаласы, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша);сумен жабдықтау және су бұру-1 жоспардан тыс тексеруге (Ақтөбе облысы бойынша);электр энергиясын беру және электрмен жабдықтау-1 жоспардан тыс тексеруге (Ақтөбе облысы бойынша);газбен жабдықтау және табиғи газды тасымалдау-1 жоспардан тыс тексеруге (Батыс Қазақстан облысы бойынша) бастамашылық етті.Осылайша, жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша Комитет және оның аумақтық бөлімшелері ден қоюдыңтиісті шараларын қабылдайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/15598?lang=kk