Әлем
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қоғамдық кеңес мүшелері таңдалады 10.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (әрі қарай – ҚР ЕХӘҚМ) еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау байқауы жарияланды.Қоғамдық кеңесті жұмыс тобы мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар арасынан қалыптастырады. Қоғамдық кеңеске мүшелікке үміткерлерді ұйымдармен қатар, азаматтар өздері ұсына алады.Қоғамдық кеңеске мүше болуға 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматттарының мүмкіндігі бар. Ол сотталмаған, сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған, психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмаған болуы тиіс.Қоғамдық кеңес құрамына коммерциялық емес ұйымдардың ұсыныстары және (немесе) азаматтардың өтініштері жазбаша түрде үміткердің ТАӘ көрсете отырып, кәсіптік және қоғамдық қызметі туралы мәліметі, өмірбаянымен бірге оның жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын кұжаттарымен қоса берілуі қажет. Ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым мен әр азамат бір үміткерден артық ұсына алмайды.Құжаттар 2017 жылғы 16 сәуірге дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, 934-кабинет және келесі электрондық пошта арқылы – s.omarova@enbek.gov.kz.Еске сала кетсек, қоғамдық мәні бар мәселелер жөнінде азаматтық қоғамның ой-пікірін білдіруін, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруін, мемлекеттік органдар басшыларының жария сөз сөйлеуін қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылғы қарашада ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/14078?lang=kk
2018 жылғы қаңтар-тамыздағы ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің артуы байқалды 10.04.2025
ТМД Статкомитетінің деректері бойынша Достастық елдерінде 2018 жылғы қаңтар-тамызда 2017 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,3% артты (2017 жылғы қаңтар-тамызда – 3,5%).Достастық елдерінде тұтыну бағалары 2018 жылғы тамызда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,8% артты (2017 жылғы тамызда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 3,7%), өнеркәсіп тауарларын өндірушілер бағалары 9,6% артты (2017 жылғы тамызда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 3,4%).2018 жылғы қаңтар-тамыз 2017 жылғы қаңтар-тамызға пайызбен Жалпыішкі өнім(тұрақтыбағаларда)Өнеркәсіпөнімі(тұрақтыбағаларда)Жүктасымалдау(құбыркөлігінсіз)Бөлшексаудаайналымы(тұрақтыбағаларда)Өнеркәсіпөнімінөндірушілербағаларыныңиндекстері1)Тұтыну бағаларының индекстері1)Әзербайжан100,7101,9102,4102,7114,199,7Армения108,32)104,4108,2101,795,198,9Беларусь103,7107,1106,0109,4104,0102,9Қазақстан104,22)104,7105,2106,5111,9102,9Қырғызстан99,790,7103,8105,398,798,8Молдова104,52)107,53)113,9107,13)4)99,599,4Ресей101,62)103,1101,8102,7109,7102,4Тәжікстан107,22)112,999,4105,4100,3102,8Түркіменстан106,22)…101,22)5)119,72)6)7)…108,98)Өзбекстан104,92)110,6104,42)104,67)111,78)106,2Украина103,89)102,299,5105,4111,1103,6ТМД бойынша барлығы102,12)103,3103,4103,3109,6102,8Анықтама ТМД:2017 жылғы қаңтар-тамыз 2016 жылғы қаңтар-тамызға102,010)103,5103,1101,1103,411)103,711)1) 2018 жылғы тамыз 2017 жылғы желтоқсанға.2) 2018 жылғы қаңтар-маусым 2017 жылғы қаңтар-маусымға.3) 2018 жылғы қаңтар-шілде 2017 жылғы қаңтар-шілдеге.4) Кәсіпорындардың автомобильдер және мотоциклдерсіз тауар сатудан түскен табыстары.5) Құбырлар бойынша жүк тасымалдауды қоса есептегенде.6) Ағымдағы бағаларда.7) Тамақтандыру кәсіпорындарының айналымын қоса.8) 2018 жылғы маусым 2017 жылғы желтоқсанға.9) 2018 жылғы II тоқсан 2017 жылғы II тоқсанға.10) 2017 жылғы қаңтар-маусым 2016 жылғы қаңтар-маусымға.11) 2017 жылғы тамыз 2016 жылғы желтоқсанға.Ескертпе: Түркменстан, Өзбекстан және Украина бойынша деректер осы мемлекеттердің ұлттық статистикалық қызметтері ресми сайттарынан келтірілген. Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина бойынша ЖІӨ 2008 жылғы ҰШЖ бойынша.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/13945?lang=kk
Болашақ Тобыл қаласын дамыту мәселесі талқыланды 10.04.2025
Қостанай облысындағы бесінші қала - Тобылда жаңа шағынаудандар бой көтереді. Бұл туралы өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен өткен жиында мәлім етілді.Қостанай ауданының әкімі Қайрат Ахметовтің сөзінше, қазіргі Затобол кентінің дамуы үшін әлі бірнеше әлеуметтік нысан тұрғызу қажет. «Бүгінде аудандағы 70 мыңнан астам адамның тең жартысы Затобол, Заречный және Мичурин ауылдарында тұрады. Аталған елді мекендердегі 135 шақырым жолдың 96 шақырымы жөндеуді қажет етеді. Биыл осы мақсатта 500 млн теңге қарастырып отырмыз. Жыл сайын жаяу жүргіншілер жолын салуға 35 млн теңге бөлу керек. 2021 жылға дейін барлық көшеге жарықшамдар орнатылады. Оған бюджеттен 188,5 млн теңге бөлінеді», - деді Қайрат Ахметов өз баяндамасында.Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жол жөндеуге бағытталған қаржыны қолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол тасжолды ресайклинг әдісімен қалыпқа келтіруді ұсынды. Архимед Мұхамбетов айтқандай, соңғы үш жылда ресайклинг әдісімен 100-ден астам көше жөнделген. Биыл болашақ Тобыл қаласында бірнеше шағынаудан пайда болады. Бұған қоса «Северный» шағынауданында құрылысы басталған 11 көпқабатты үй халық игілігіне берілмек. «Қазіргі уақытта «Северныйға» қажетті инфрақұрылым - газ, су, электр жарығы өткізілген. Мұндағы 8 үй несиелік бағытта, қалған 3 үй жергілікті атқарушы органдар қызметкерлеріне тапсырылады. Жаңадан бой көтеретін «Бәйтерек» және «Астана» шағынаудандарында 72 көпқабатты үй тұрғызылады», - деді аудан әкімі. Архимед Мұхамбетов Затобол кентіндегі ескі ғимараттарды сынға алды. Оның сөзінше, тозығы жеткен құрылыс орындары болашақ қаланың дамуына айтарлықтай кедергі келтіреді. «Біріншіден, ғимараттар қаланың көркі десек, оны ретке келтіруді тез арада қолға алыңыздар. Дамуды тежейтін фактордың бірі осы. Әуелі, тұрғын үйлердің қасбетін дұрыстаңыздар. Үйлердің сырты бір түсті болсын. Аудан орталығында заңсыз салынып жатқан құрылыс нысандары бар. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды. Иесіз тұрған ғимараттарды пайдаланбасаңыздар, мемлекеттің меншігіне өткізу қажет», - деп ескерту жасады өңір басшысы. Облыс әкімі аудан орталығында спорт алаңдарын көбірек салуды тапсырды. А.Мұхамбетов мемлекеттік қызметшілерге жаңа ғимарат салу туралы аудан әкімінің ұсынысын қолдаған жоқ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/13929?lang=kk
Алматы әкімі қаланың биылғы жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуы туралы айтты 10.04.2025
Биылғы жылы барлық әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштер бойынша қалада оң динамика қалыптасты, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында экономиканың өсу қарқыны 4%-ға жетті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе жоғары. Негізі капитал инвестициясы 12,8%-ға өсіп, 400,5 млрд. теңгені құрады. Мұнда жеке инвестиция көлемі 80%. Сыртқы инвестициялар 23,5%-ға артты.«Тәуелсіздік жылдары Елбасының басшылығы арқасында еліміз орасан табыстарға қол жеткізді. Алайда, біз бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарынан көрінгіміз келсе, ОЭСР стандарттарына сай реформаларды жүзеге асыруға тиіспіз. Бұл ең алдымен, өмір сүрудің жоғары деңгейі, жаңа әрі тиімді экономика, ал әкімдер үшін маңызды міндет- өмір сүру стандарттарының сапасын жақсарту. Осы мақсатты іске асыру барысында мемлекеттің ашықтығы, жариялылығы және есеп беруі қағидалары негізінде халықаралық «McKinsey» сарапшыларының қатысуымен «Алматы-2020» бағдарламалық реформасы қабылданды және көпшіліктің кеңінен талқылауынан өтті, қазіргі кезде ойдағыдай жүзеге асырылуда», - деді Бауыржан Байбек.Мегаполис әкімі быилғы жылы барлық әлеуметтік- экномикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасқанын, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында экономиканың өсу қарқыны 4%-ға жеткенін бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе жоғары екенін айтты. Негізі капитал инвестициясы 12,8%-ға өсіп, 400,5 млрд. теңгені құрады. Мұнда жеке инвестиция көлемі 80%. Сыртқы инвестициялар 23,5%-ға артты.Елбасының бастамасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар экономиканың өсуіне зор ықпал етті. Соның арқасында тұрғын үй құрылысы төрт есе өсті. «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 1,8 мың пәтер салынды, осы бағдарлама бойынша биыл 4,5 мың пәтер пайдалануға беріледі және қолжетімді баспана көлемі 1,5 есеге артады. Жеке құрылыс та қарқын алуда, екі жыл ішінде Қалақұрылысы кеңесі жалпы құны 1 трлн. теңге болатын 82 жобаны бекітті.Өткен жылмен салыстырғанда қаланы абаттандыруға 2,3 есе, жол салуға 1,3 есе,инженерлік желілерге 1,3 есе көп қаржы бөлінді. Нақтылы шаралардың арқасында қосымша 43 мың жаңа жұмыс орны құрылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көп.Бүгінгі күні қалада кәсіпкерліктің 173 мыңнан астам субъектісі жұмыс істейді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ға көп. Индустриализация картасы бойынша жалпы құны 36,8млрд. теңге болатын 38 жоба жүзеге асуда, осының арқасында 3 мың жұмыс орны құрылды. Индустриалды аймақта құны 191,3 млрд. теңге болатын 40 жоба қолға алынған және 5 мың жұмыс орны пайда болды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бизнес пен тұрғындардың талабы бойынша қалада Алматының Басжоспар Институты құрылды.«Біздің бағдарламаның басты міндеті - қалада жайлы орта қалыптастыру.Биыл жүйелі жаңғырту жұмыстарын қолға алдық, бүгінгі күні батыстық стандарт бойынша қаланың тарихи орталығының үштен бірі қайта жасалды. Қалалықтардың орасан қолдауы арқасында бұл жұмыс одан әрі жалғасатын болады. Райымбек, Достық, Абай даңғылдары мен Есентай өзенінің бойы, яғни тарихи орталықтың тағы да 178 га жері модернизацияланады. Бұл шара қалаға бірыңғай архитектуралық келбет беру үшін жүргізілуде. Біз жаяу жүргіншілер үшін сапалы инфрақұрылым жасаудамыз әрі заңсыз конструкциялар, визуалды көріністер алынып тасталуда. Шындыққа жүгінсек, «келеңсіз экономикамен» күрес жүруде», -деді мегаполис басшысы.Жалпы,1,3 мың заңсыз киоскілер, ескі үлгідегі билбордтар сүрілді.Бүгінгі күні ірі сауда орындары мен базарларда 40 мыңнан астам адам ашық жұмыс жасауда. Екі жыл ішінде ғана модернизацияға 200 млрд. жеке қаржы салынды. Халықаралық стандарттарға сай 16 ірі сауда кешендері ашылды, бекеттер стихиялы базарлардан арылуда. 1810 көлік бекетінің 40%-ы жаңарды, жыл аяғына дейін олардың қатары 70%-ға жететін болады.«Қоршаусыз қала» бағдарламасы бойынша 100 км қоршау алынды. Олардың орнына жасыл желектер отырғызылуда. Мысалы, ғимарат иелері 3 мың ағаш отырғызды, бау-бақ орталығы 100 мыңға жуық бұтақтар сатты. Биыл 28 км арық жөнделді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп, келер жылы 30 км арық жөндеу жоспарланған. Қалада соңғы екі жылда 732 аула алаңдары абаттандырылды, яғни әрбір бесінші аула. Бұл жұмыс одан әрі жалғасады. «Менің ауламдағы спорт» әлеуметтік бағдарламасы аясында 6 мың бала 75 аулалық спорт алаңдарында шынығуда, оларды кәсіби нұсқаушылар жаттықтыруда.Егер бұрынғы жылдары 180 лифт пен 229 көппәтерлі тұрғын үйлер ғана жөнделсе, ал биыл 199 лифт, 151 үй жаңарды. Жаз айларында энергиялық тиімді матерлдардан 774 км желі қайта жасалды. Нәтижесінде апат пен үзіліс 22%-ға, жылу жоғалту 7,4%-ға азайды.«Smart City»-дің жеті базалық жобасы белгіленді, олар: мемлекеттік қызмет, қауіпсіздік, көлік, білім, денсаулық сақтау, электронды ПИК, Big Data.«Open Almaty» атты қоғамдық қабылдаудың жаңа форматы ашылды мұнда қала тұрғындарына бір жерден қызмет көрсетіледі.Қауіпсіздік, білім, денсаулық сақтау мәселелеріне айрықша назар аударылуда. Алматыда жолдарға, аулаларға, мектептерге, сауда орталықтарына 100 мыңнан астам камера қойылған. Соңғы 2 жылда ІІД-нің техникалық жарақтануы 23%-ға артып, 87%-ды құрады. Жергілікті бюджеттен ІІД-не 19 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,6%-ға көп. Жергілікті полиция қызметкерлерін видеорегистраторлармен, байланыс құралдарымен,планшеттермен қамтамасыз ету үшін 1 млрд. теңге бөлінді. Жалпы,қалада тәртіп бұзушылық 8,6%-ға азайды, ауыр қылмыстарды ашу 9%-ға артты. ТЖ-дың алдын алу үшін жергілікті бюджеттен 10 млрд.теңге бөлінді, яғни 2,6 есе көп. 9 ең қауіпті маренді көлдер бұғақталды, Медеу-Шымбұлақ жолдарының шатқалдары, ГЭС-1 Үлкен Алматы өзенінің жағалаулары нығайтылды. Жалпы ұзынды 11,6 км болатын үш өзеннің жағалаулары қайта жасалды. 2015 жылғы Қарғалы өзені селінің зардаптары жойылып, өзен арнасы заманауи тұрғыда қайта жасалды.Денсаулық сақтау саласында оң динамика қалыптасты. Өмір сүру ұзақтығы 75,9 жас, бұл - еліміздегі ең үздік көрсеткіш. Биыл денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 9,2%-ға артты. Балалар өлімі 2,5 есе азайды.Туберкулёз сырқатына шалдыққандарды амбулаториялық емдеу 2 есе өсті, осы сырқаттан қайтыс болғандар қатары 36%-ға төмендеді. 9 жаңа объектінің құрылысы жүруде, оның бесеуі пайдалануға беріледі, сегіз нысанда сейсмикалық күшейту жұмыстары атқарылуда.2,5 млрд. теңгенің медициналық жабдықтары алынды, жедел жәрдем паркі 25%-ға жаңарды, 40 жаңа замануи көлік алынды. Екі көппрофильді стационарлар базасы негізінде тікұшақ қонатын алаңдар жасалды.Жеке медицина ұйымдарының тұрғындарға қызмет көрсету үлесі артты.Жеке инвестиция есебінен репродуктивті медицина Институты ашылды. Бүгінгі күні арнайы экономикалық аймақ қағидасы бойынша қалада үздік клиникалардың халықаралық кластерін құру мәселесі қарастырылуда.Қала мектептерінің физика, химия, биология, лингофон кабинеттері заманауи құралдармен 100% жабдықталған. Мектептердің барлығы кеңжолақты интернетпен толық қамтылған. Алматыда алғаш рет «Maker Space» – бағдарламалардың шеберлік идеясы, роботтехника, 3D принтинг жобасы қолға алынды. Екі жыл ішінде мектептерде 5,1 мың жаңа орындар ашылды. Қазіргі кезде 2 мектептің,2 қосалқы нысанның құрылысы жүруде.Жыл сайын мектеп жасына дейінгі балалар саны 12 мыңға артуда, яғни 42 бала бақша қажет деген сөз. Жеке бизнесті ынталандыру арқасында 2 жылда коттедждерде 10,4 мың орынды 262 мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері ашылды. Мектеп жасына дейінгі мемлекеттік балалар мекемелерін оңтайландыру барысында тағы да қосымша 1200 орын пайда болды. Соның арқасында бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі тәрбиемен балалардың 81,2%-ы қамтылған,бұл ОЭСР елдері (84%) деңгейімен бірдей. Соңғы екі жылда Қалақұрылысы кеңесінде жеке инвесторлар есебінен 7 мың орынды 54 бала бақша салу мәселесі қаралды, соның арқасында 14 млрд. теңге бюджет қаржысы үнемделді. Биыл тұңғыш рет бір мезетте 21 мектеп пен 7 мектеп жасына дейінгі мекеме нысандары сейсмикалық жағынан күшейтілді, бұл рекордтық көрсеткіш.Жайлы қаланың басты көрсеткіші - жақсы экология. Бүгінгі күні жеке скетордың 96 пайызы газға көшірілген, 2019 жылдың яағына дейін қала толық газдандырылады. Президенттің тапсырмасы бойынша ТЭЦ-2 газға көшіріледі, ТЭЦ-1-ді жаңғыртудың ЖСҚ жасалуда. Келер жылы жалпы қуаты 550 мың тонна тұрмыс қалдықтарын өңдейтін және 60 мың тонна шикізат шығаратын арнайы кешенді іске қосу жоспарланған. Екі жыл ішінде 59 мың жаңа ағаш отырғызылды, жыл аяғына дейін тағы да 15,6 мыңы отырғызылады. «Алматы апортын» қайта жаңғырту үшін 32 га жерге 5,9 мың алма ағаштары отырғызылды. Энергияны жаңарту жобалары - кәріз жүйелеріне биогаз қондырғыларын, Кіші Алматы өзені арнасындағы кіші гидроэлектростанциясына тиімді жабдық орнату қолға алынды.Көлік проблемасын шешу экологияны жақсартатыны белгілі.Алматыда күн сайын 700 мыңнан астам автомобиль жүреді. Көлік залалы 80%, сондықтан болашақта қоғамдық көлікті реформалау ісі жалғасатын болады. Метроның екі бекетінің құрылысы жүруде, келер жылы МЖӘ қағидасы бойынша ЖРК қрылысын қолға алу жоспарланған. Қазір қаланың қоғамдық көлік паркі 1,4 мың бірлікті құрайды, олардың 60%-ы газбен жүретін автобустар мен троллейбустар. Биыл қала автопаркі 530 жаңа автобуспен толығады, олардың 211-і бағыттар бойынша жолға шықты. Екі жыл ішінде «ОҢАЙ!» жүйесі бойынша 20 млрд. теңгеге 350 млн. транзакцияланды. Тасымалдаушылардың негізі табысы екі есе өсті. FalconEuroBus компаниясымен бірге электроавтобус шығаратын зауыт салынады.Қалада ұзындығы 21 км болатын «Орбитадан Көкбазарға дейін» велодәлізі және 68 км веложолдар жасалды. «Almaty Bike» велостанциясы 200-ден 1730-ға артты.Кіші көлік айналымы, БАКАД бағыты бойынша үш радиалды жолдар салынды. Үкіметтің қолдауы арқасында Абай даңғылы қала шекарасына дейін үңгіленуде. 30 км жаңа жолдар, жол айрықтары, магистральді көшелер жасалуда,180 км жол орташа жөндеуден өтті, бұл бұрнағы жылдармен салыстырғанда 2 есе көп. 7 көпір жаңарды, 5 өтпелі жол салынды. Ақылы көлік тұрақтарын енгізу барысында бюджет түсімі 5 есе көбейді.«Алматы - сервисті экономика қаласы, мұндағы басты драйвер туризм. Қазірдің өзінде Алматыда табыстың төрттен бірі шетелдік туристерден түсуде. Нақтылы шаралардың арқасында жартыжылдың ішінде қалаға келген шетелдік турситер саны 22%-ға өсті. Бизнес пен туристер үшін маңызды мәселе – әуежай. VIP терминал,транзитті аймақ, ұшу залы кеңейеді, ұшу алаңын жаңарту жұмыстары аяқталып қалды. Оқиғалы туризм дамуда, жыл сайын қалада халықаралық классикалық, джаздық, этнофестивальдер өтуде. Алматының басты артықшылығы– таулар, сондықтан біз тау шаңғысы туризмін дамытуды мықтап қолға аламыз», - деп атап өтті Алматы әкімі.Сарапшылардың пікірі, бұқараның ескертпелері барысында «Көкжайлау» жобасына түзетулер енгізілді. Құрылыс алаңын 9 есе, шаңғы трассасын 2 есе, курорттың өткізу қабілетін 3 есе қысқарту арқылы ағаштар мен бұтақтарды кесу түбірінен өзгерді. Флора мен фауна шатқалдарына да еш зиян келмейді. «Шымбұлақтың» өз қуатынан асқанын ескерсек, «Көкжайлау тұрғындар үшін жыл бойына қолжетімді болады.Қалада «Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруға айрықша назар аударылған. Бүгінгі күні құны 87 млрд. теңгеден астам 125 жоба қолға алынған. «Туған жер» жобасына бизнес белсенді түрде араласып, әлеуметтік нысандар салуда. Жеке қаржы есебінен Наурызбай ауданында 500 адам қатынайтын емхана, 1,2 мың орынды мектеп салынды. Алатау ауданында жеңілатлетті стадион іске қосылды. Болашақта халықаралық деңгейдегі баққа айналатын Алматының Ботаникалық бағын модернизациялау жобасы қолға алынды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша киелі жерлер тізімі жасалды, олар 22 объект, оның ішінен 5 объект Қазақстанның киелі жерлер картасына енді.Бүгінгі күні қала тұрғындарының басым бөлігі - 35 жасқа дейінгі жастар, еліміздің әрбір 3-ші студенті Алматыда оқиды, сондықтан 2020 жылға дейінгі жастардың қалалық Жол картасы жасалды. Сырттан келген жастарды іскерлікке, ерікті болуға және басқа да кәсіптерге баулитын Лофт-орталық ашылды. Қазірдің өзінде 7,8 мың адам жұмысқа тұрды.2,5 мың адамға тегін кәсіби білім берілуде. Қалада «Алматы жастары» атты жастардың тұрғын үй бағдарламасы қолға алынды, мұнда 35 жасқа дейінгі жастар жеке пәтер алу үшін жеңілдетілген заем ала алады. «Алматы» ҰК ӘКК» АҚ жастар үшін жатақхана салатын болады. Биыл біз «Рухани жаңғыру» жобасы аясында 2000 орынды 4 жатақхана саламыз. Келер жылы 2,4 мың орынды тағы да 2 жатақхана құрылысы басталады.Қалаға қосылған елді мекендерді дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. Екі жыл ішінде Алатау және Наурызбай аудандарында әкімшілік- іскерлік орталықтар қалыптасты. Универсиада арқасында 1,7 мың кезекте тұрғандар Атлеттер ауылынан жайлы пәтерлер алды. Жалпы, 9 жыл ішінде Алатау ауданын дамытуға 300 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды, оның 42%-ы салық ретінде қайтарылды. Наурызбай ауданы құрылғалы бері 53 млрд. теңге жұмсалды. Қазірдің өзінде бұл қаржының төрттен бірі қайтарылды, ауданында салық түсімі 11 есе өсті. Ауданда әкімдік, АІІД, салық, әділет, сот, прокуратура,ХҚКО,Қазпошта, зейнетақы төлеу ғимараттары пайдалануға берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13892?lang=kk
Алматыда №77 автобустар бағыты қайта жаңғырды 10.04.2025
Жеке тасымалдаушы бұл бағытты рентабельсіз деп жауып тастаған еді. Алайда, қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Жетісу ауданы тұрғындары үшін бұл бағытты қайта жаңғыртты, енді көлік «Алматы-1» теміржолвоказлынан Осипенко – Жансүгіров көшелерін,Рысқұлов дағылын, Кудерин – Розыбакиев көшелері мен Әл – Фараби даңғылын қамтитын болады, соңғы аялдама «Арман» автобекеті.Бұл бағытқа қызмет көрсету үшін «Алматыэлектротранс» ЖШС «Евро-5» экологиялық сыныптағы төмен еденді 16 жаңа автобустарды бөлген, бұлардың барлығы кондиционерлермен,пандустармен, видеобақылау камераларымен жабдықталған.Қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов айтып өткендей, бұл бағыттағы жолаушы легі тәулігіне 10 мың адам.«Жалпы, «ОҢАЙ» картасы бойынша күніне миллионға жуық транзакцияға қол жетуде, өсім 50 мың, транзакция бағыттарды көбейту және жылжымалы составты жаңарту жұмыстарының және басқа да көлік реформасы элементтерін атқару барысында қоғамдық көлікті пайдаланушылар қатарының өскенін көрсетті», - деді М.Исахов.Естеріңізге салсақ, қазан айының соңында Алатау ауданының тұрғындарын тасымалдайтын 20 жаңа автобус №103 бағыты бойынша жолға шыққан еді.Бұлардың соңын ала «Green bus company» ЖШС 50 автобус алған болатын, жеке тасымалдаушы «Авто Алма Транс»ЖШС №65 бағыты бойынша жаңа автобустарды шығарды.Биылғы жылы Алматыда 388 автобус алуға қаржы бөлінген болатын, олардың 132 – і бағыттар бойынша қызмет көрсетуде, қалған 256 –ы жыл аяғына дейін жолға шығады.Жеке тасымалдаушылар 254 автобус алуда, олардың 79-ы бағыттар бойынша жүр, жыл аяғына дейін тағы 63 автобус жолға шығады, қалған 112 көлік 2018 жылдың наурыз айныда қызмет көрсетуді бастайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13886?lang=kk
2016 ЖЫЛЫ 80 МЫҢНАН АСТАМ ОТАНДЫҚ АВТОТАСЫМАЛДАУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАСЫМАЛ ЖАСАДЫ 10.04.2025
2016 жылы ҚР ИДМ Көлік комитеті 42 мемлекеттің уәкілетті органдарымен халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыруға 146 010 шетел рұқсат бланкілерімен айырбас жүргізілді, оның ішінде: 119 280 әмбебап бланкісі, 26 730 үшінші елге немесе елден тасымалдау бланкісі.Нәтижесінде, өткен жылы отандық тасымалдаушыларға 97 мыңнан аса шетел рұқсат бланкілері берілді. Оның 80 476 -ы пайдаланылған, бұл бұрын берілген рұқсаттардың 83% құрайды.Отандық тасымалдаушыларға шетілдік рұқсат бланкілерін беру бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылған және электрондық жүйені қолдану арқылы көрсетіледі (www.elicense.kz электронды үкімет порталында).Аталған жүйеде шетелдік рұқсат бланкілерін тарату тасымалдаушының жылжымалы құрамының саны, бұрын алынған бланкілердің кері қайтарылуы және аумақтық органдарда қалған бланкілер есепке алына отырып жүзеге асырылады.2017 жылғы 27 қаңтардағы жағдай бойынша Комитет 39 мемлекеттің уәкілетті органдарынан 102 095 рұқсат бланкілерін алды оның ішінде: 79 635 әмбебап бланкісі, 22 460 үшінші елге немесе елден тасымалдау бланкісі.Бүгінгі күні алынған шетел рұқсат бланкілері Комитеттің аумақтық көліктік бақылау инспекциялары арқылы таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13885?lang=kk
Алматыда «Нұрсұлтан Назарбаев: Дәуір, Тұлға, Қоғам» атты көрме ашылды 10.04.2025
«Алматыда Тұңғыш Президент күні қарсаңында аса маңызды мұндай шараны өткізу қала тұрғындары үшін үлкен құрмет. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, оның орасан жетістіктері Нұрсұлтан Әбішұлының атымен тығыз байланысты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - біздің заманауи мемлекетіміздің іргесінтасын қалаушы. Елбасының басшылығымен жүріп жатқан ауқымды экономикалық, саяси, және рухани жаңғыру Қазақстаннның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуін қамтамасыз етеді. Елбасының тұрақты қолдауы арқасында Алматы ел экономикасының бестен бір бөлігін беретін Орта Азиядағы ірі мегаполис ретінде даму үстінде. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлға ретінде құбылысы, яғни феномені зор тарихи шешімдерді қабылдауынан көрінеді, олар: Тәуелсіздікті жариялау, Конституцияны қабылдау, астананы көшіру және көптеген басқалары», - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.Орталық мемлекеттік мұражайда Мемлекет басшысының жеке архивінің, жеке кітапханасының және музейінің материалдары мен түрлі жәдігерлері қойылған. Көрме барысында экскурсиялар,конференциялар, шеберлік сыныптары, семинарлар мен концерттер өтеді.«Бұл көрмеге барынша құнды экспонаттар мен өнер туындылары, Тәуелсідік жылдары Президентіміз қол қойған маңызды құжаттардың түпнұсқасы, Тәуелсіздіктің тарихи кезеңдерін қамтыған фотоматериалдар қойылған. Сонымен қатар, Президентімізді ұлықтаған 50 шетелдік мемлекеттің жоғары марапттарын көруге болады. Қолтаңба қойылған бағалы әрі сирек кездесетін кітаптар да осында. Біз көрмені 2018 жылдың 15 қаңтарына дейін ұзартуды қарастырудамыз, оған кемдегенде 50 мың алматылық келеді деген үміттеміз»,- деп атап өтті Президенттің жеке кітапханасы директорының міндетін атқарушы, Президент Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбеков.Көрме 4 бөлімнен тұрады:«Көшбасшы жолы» бөлімі ҚР Президентінің өмірбаянын,«Көшбасшы феномені» бөлімі мемлекеттің құрылыстың қалыптасу және даму концепциясын, «Президент наградалары – халық құрметі» бөлімі жоғары мемлекеттік наградаларды, «Әлем таныған көшбасшы» - ҚР сыртқы саясатын қамтиды.Айта кетерлігі, көрме 2018 жылдың 14 қаңтарына дейін жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13877?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ТҰК-ДАН ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ 10.04.2025
Қазақстан тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеу үшін ең алдымен, трансұлттық компанияларды тартуы қажет. Бұл туралы Президент Н.Назарбаевтың 2017 жылы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған.Мемлекет басшысы Қазақстанда өндірістер ашу жөніндегі Қытаймен бірлескен инвестициялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру керектігін атап өтті. Қазір 6 жоба жүзеге асырыла бастады, ал 2 жоба іске қосылды.-деді Президент. Соның бірі – гибридтік және толықтай электрлі JAC автомобильдерін ірі құрылғылардан құрастыратын зауыт.Н.Назарбаев қажетті инфрақұрылым қалыптастыру жайын ескеріп, экспортқа бағдарланған электромобиль өндірісін одан әрі дамыту мәселесін пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ, биылғы 1 қыркүйекке дейін Үкіметке әкімдермен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, Бірыңғай экспорт стратегиясын әзірлеуді жүктеді. Бұдан бөлек, Үкімет жанынан Экспорт саясаты жөніндегі кеңес құруды тапсырды. Оған бизнес қоғамдастығының өкілдері кіруге тиіс.Президент Үкімет алдында қазірдің өзінде 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндеті тұрғанын айтты. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомствоға шоғырландыру қажет. Экспорттаушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша өңірлерде де қолдау көрсету керек - деді Мемлекет басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13876?lang=kk
Алматыдағы Наурызбай ауданының 30 мыңнан астам тұрғыны сумен қамтудың жаңа желілеріне қосылу мүмкіндігіне ие болды 10.04.2025
«Әр үйге таза суық су жаңа құбырлар арқылы берілуде. Үй иелері орталықтандырылған су желісін пайдалану үшін су бөлгішке қосылуы және«Алматы су» МКК- мен тиісті келісім жасаулары қажет»-, деді Алматы қаласының Энергетика жәнк коммуналды шаруашылық басқармасындағылар.Бұған дейін аталған елді мекендердің тұрғындары техникалық талаптар сақталмаған жеке су скважиналарын және қолдан жасалған су желілерін пайдаланып келген еді. Соның салдарынан апаттар жиі болатын, ал жаз айларында суды көп тұтынатындықтан қысым төмендеп кететін.Келеңсіз жайттардың алдын алу және суық сумен тұрғындарды тұрақты қамтамасыз ету үшін жаңа желілерде насосты станциялардың қуаты арттырылды.Орталық су желісіне қосылу «Қалқаман-3» ықшам ауданынан басталды, қазіргі кезде мұнда 560 жеке үй таза суық суды пайдалануда. Ендігі кезекте «Алты Алаш», «Қалқаман-2» ықшам аудандары.«Алматы су» МКК 4 мыңға жуық үй иелерінің орталықтанған су желісіне қосылу үшін құжаттар тапсырғанын айтты.Бір ай ішінде барлық тұтынушылардың құжаттары толтырылады және олар жаңа желіге қосылады.Мемлекеттік бюджет есебінен 209 км жаңа су желілерінің және кәріздің құбырлары жүргізілді, соның арқасында елді мекендерді орталықтанған сумен қамтамасыз ету жүзеге асып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13875?lang=kk
Алматыда 2022 жылға дейін инвестиция тартудың Стратегиясы жасалды 10.04.2025
Инвестиция тарту саласындағы атқарылған бірқатар жұмыстарды қорытындылай келіп, қала әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев биылғы жылдың 9 айы ішінде инвестицияның 13%-ға өсіп, 400 млрд. теңгені құрағанын, сыртқы инвестицияның 23,5%-ға артқанын, жеке инвестициялар үлесінің 78%-ға жетіп, 17%-ға ұлғайғанын айтты.«Бизнесті дамытудың басты шарты - тұрақты инфрақұрылымды қалыптастыру. Осы орайда Алматыда Индустриалды аймақ жұмыс істейді, мұнда өңдеуші өндіріс орындары жеңілдетілген дайын инфрақұрылымдарды пайдалана алады. Жоғары технологиялы компаниялар үшін «Инновациялық технология паркінің арнайы экономикалық аймғаы бар, мұнда резиденттерге кедендік және салықтық жеңілдіктер беріледі. Алматыда ШОБ-ке жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша мыңдаған жобалар қолдау табуда. Индустриаландыру Картасына 12 мың жұмыс орнын ашатын 100 жоба енген. Сонымен қатар қаланың инвестициялық тартымдылығын жақсартатын стратегия да жасалды», - деп атап өтті А.Мәдиев.Жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша үш салаға инвестиция тарту тартымды екені анықталды, олар - туризм, сауда, тамақ өнеркәсібі. Инвестиция мәселесін шешуде нарық ауқымы, жұмыс күші, қауіпсіздік пен ашықтық басты факторлар болып табылады.Инвестиция тартудың Стратегиясы төрт бағытты қамтиды, олар: «Институционалды ортаның сапасын арттыру», «Бизнес- инфрақұрылымның сапасын арттыру», «Имидждік жылжу және ақпараттық қолдау» және «Активті жобалы таргеттеу жолымен негізгі салаларға инвестиция тарту».«Алматы қаласында жақсы инвестициялық ахуалды қалыптастыру және инвесторлармен, бизнесмендермен ашық әрі жақсы қарым- қатынас орнату- барынша маңызды. Олардың әрқайсысы өздерінің штаб- пәтерлерінің елшісі ретінде әлемдегі серіктестері туралы жинақтаған тәжірибелерін ортаға салады. Біз кез- келген бастамаға қолдау көрсетеміз, ұтымды шешімдер қабылдау үшін түрлі кездесулерді, диалогты құптаймыз», - деді Қазақстанның Европалық Бизнес Ассоциациясының атқарушы директоры Юлия Кусиди.Жиын қорытыныдысы бойынша Кеңес мүшелері айтқан ұсыныстар мен, толықтырулар енгізілген Алматыға 2020 жылға дейін инвестиция тартудың Стратегиясы бекітілді.Еске салсақ, Кеңсетің құрамына Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік компаниялар ассоциацияларының, консалтингтік және заң компанияларының өкілдері, ірі шетелдік және қазақстандық кәсіпкерлер енген. Олардың қатарында Каспий өңірі бойынша «Deloitte» компаниясының басқарушы серкітесі Марк Смит, Қазақатандағы Азия Даму банкі өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли, «Astana Group» холдингінің директоры Нұрлан Смағұлов және басқалары бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13873?lang=kk
ҚР ИДМ «ЖЕР ҚОЙНАУЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ» КОДЕКС ЖОБАСЫ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТКІЗДІ 10.04.2025
Қоғамдық маңызы бар мәселеге қатысты азаматтық қоғамның пікірін білу мақсатында Астанада алғаш рет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодекс жобасын талқылау жөніндегі қоғамдық тыңдау өтті.Аталмыш шараға ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов, ҚР ИДМ Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Александр Андрющенко, сонымен қатар, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік салалардың, бизнес және жер қойнауын пайдаланушылардың өкілдері қатысты. Қоғамдық тыңдау барысында ҚР ИДМ Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Руслан Баймишев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасының қатты пайдалы қазбалар бөліміне қатысты негізгі ережелерін түсіндірді. ҚР ИДМ Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары Сәкен Шәкіров «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасының көмірсутекті шикізат бөліміне қатысты негізгі ережелер туралы айтып берді.Сонымен қатар, ҚР ИДМ Қоғамдық кеңесінің геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі комиссия төрағасы Төлеу Шеңгелбаев пен «OlympexAdvisers» ЖШС-нің басқарушы серіктесі, Кодекс жобасын әзірлеуге қатысушы Дияр Ергешев баяндама жасады.Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша, Қоғамдық кеңес комиссиясының хатшысы екі күннің ішінде баяндамалардың мазмұнына сәйкес Хаттама әзірлейтін болады. Онда Кодекс жобасы бойынша айтылған пікірлер мен ұсынымдар хатталады және ол Хаттама ҚР ИДМ-нің ресми сайты мен БАҚ-та жарияланатын болады. Кодекс жобасы бойынша қабылданған ұсынымдарды мемлекеттік органдар, ұйымдар, ҮЕҰ және тағы басқалар қарайтын болады. Айта кету керек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылдың 31 қаңтары күнгі «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа Кодекстің қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырған болатын.Жаңа Кодекс жобасы келесідей тұжырымдамалық өзгерістерді көздейді:– «Бірінші келдің – бірінші алдың» қағидаты бойынша лицензиялық тәртіп енгізу жолымен Австриялық моделге ұқсас жер қойнауын пайдалану құқығын жеңілдету;– Қорды бағалаудың халықаралық тәртібіне көшу;– геологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділік жасау мен оны сандық форматқа ауыстыру;– кең таралған пайдалы қазбалардың тізімін қайта қарау;– елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кеніштерді жабу кезінде кен орындарын жою жөніндегі ережені күшейту;– Жер қойнауын пайдалану мен басқа да күшіндегі келісім-шарттар үшін тұрақтылық кепілдіктері қарастырылған.«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодекс жобасының толық мәтіні ҚР ИДМ-нің www.mid.gov.kz. ресми интернет-ресурсында жарияланған. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Баспасөз қызметіБайланыс тел: 8/7172/ 754284, 754272, 754202www.mid.gov.kz, https://www.facebook.com/mid.gov,e-mail: 241704@bk.ru, https://www.instagram.com/mid.gov.kz/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13872?lang=kk
Алматы әкімі Қазақстандағы Франция Елшісімен кездесті 10.04.2025
Мегаполис әкімі биылғы жылдың 9 айы ішінде Алматы мен Франция арасындағы тауар айналымы 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36,4%-ға артып, 191 млн. АҚШ долларын құрағанын айтты. Қалада француз капиталымен 60 кәсіпорын жұмыс істейді.Француз тарапына «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін инвесторларға қызмет көрсету Орталығы, Индустриалды аймақ және шетелдік компанияларға преференциялар мен жеңілдіктер ұсынатын «ИТП» АЭА аймағы көптеген оңтайлы мүмкіндіктер жасауда.Өз кезегінде Филипп Мартинэ француз компаниялары «Смарт сити» жобасы мен көліктік реформаларға қатыса алатынын айтты.Кездесу барысында Француз Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Алматыдағы білім саласына және бірқатар мәдени шараларға қатысты жобаларды жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13870?lang=kk
Алматы әкімі бөктерлі жерлердің ылдилы учаскелерін нығайту және қаланың арық желілерін қайта жасау жұмыстарының барысын тексерді 10.04.2025
Алматы әкімі жұмыс сапары барысында ГЭС1-БАО автожолындағы қауіпті аймақтағы салынып жатқан қорғаныс нысанының құрылысымен және ылдилы учаскелерді нығайту жұмыстарының барысымен танысты.Учаскеде бірқатар жер үсті жұмыстары аяқталған, габионды конструкциялар мен тірек қабырғасы орнатылған.Бөктерлі жерлерді инженерлік қорғау барысында анкерлерге габионды торлар қойылған. Габионнан жасалған конструкциялар интенсивті су және жел эрозиясы кезінде өзінің бастапқы қалпын еш өзгертпейді. Габиондар ұзақ мерзімді, нысан топырақпан толтырылады, тапталады, содан кейін ландшафтың табиғи элементіне айналады. Бүгінгі күні құрылыс мердігері «Saffat Building Group» ЖШС жұмыстың 98%-ын атқарған, объектіні іске қосу 20 қарашаға жоспарланған. Келер жылдың көктемінен бастап учаскені жасылдандыру жұмыстары қолға алынады. Қарашаның соңына дейін Медеу мен Шымбұлаққа баратын жолдың тау бөкетерлері нығайтылатын болады.Жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек «Бағанашыл» ықшам ауданындағы жұмысты да тексерді. Жобалаушылар топырақтың құрамы мен сейсмикалық жағдайын ескере отырып, тірек қабырағсын жасаған. Қауіпті учаскенің жалпы ұзындығы 200 метр. Қазіргі кезде мұнда барлық жұмыстың 70%-ы орындалған, сайлы жерлерді кесу және топырақты сыртқа шығару жұмыстары жүруде.«Технологиялық күрделі жоба. Учаскеде 40 маман, 20-дан астам техника бірлігі жұмыс істеуде. Жұмыс екі кезеңде, яғни тәулік бойына жүруде. Негізгі жұмыстардың барлығы қарашаның соңында бітеді», - деді мердігерлік ұйымның директоры Валерий Соломкой.Алматы әкіміне «Кіші Алматы» өзені арнасының бойындағы Таиров көшесінің ұзындығы 470 метр болатын ылдилы жерінің габионды тормен нығайтылғаны айтылды.«Тұрғындардан қауіпті аймақ туралы 2013 жылдан бері шағым түсіп келген еді. Ылдилы учаскеде 150 үй бар. Қазір нығайту жұмыстары толық бітті, 2-3 күннің ішінде абаттандыру жұмыстарын да аяқтаймыз», -деді «Арыс ЛТД» ЖШС мердігерлік ұйымының бас директоры Қуат Тажмағамбетов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13867?lang=kk
«ДАМУ» БПҰ МҮШЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ МЕН ЕЛ КОНСТИТУЦИЯСЫНА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ 10.04.2025
6 ақпанда «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» аумақтық филиалының «Даму» БПҰ жиналысы болып өтті. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы, «Даму» БПҰ төрағасы З.С.Сағыновтың төрағалығымен өткен іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева, сонымен қатар, шақырылған қонақтар – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері қатысты.Өз сөзінде З.Балиева Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы айтты. Сондай-ақ ол, аталмыш өзгертуге байланысты еліміздің әр азаматының талқылауға қатысуы маңызды екенін атап өтті. Зағипа Яхияқызы ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыруда Инвестициялар және даму министрлігінің рөлі маңызды екеніне айрықша тоқталып, Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруда еңбектің табысты болуын тіледі.Содай-ақ, жиналыс барысында БПҰ мүшесі, Транзит және көлік логистикасын дамыту департаментінің директоры Серік Бәшімов өз баяндамасында Қазақстан Республикасының территориясы бойынша транзиттік жүк тасымалдаудың қызметі туралы партияластарын хабардар етті. Ал, жастардың атынан сөз алған Стратегиялық жоспарлау департаментінің басқарма басшысы Данияр Қалимолдаев Мемлекет басшысының бағытын ұстанып, Жолдауды жүзеге асыруға бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.Аталмыш жиналысқа БПҰ-ның үш жүзден астам мүшесі қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13857?lang=kk
ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК: «ИНДУСТРИЯ 4.0» НЕГІЗІНДЕ БІРТІНДЕП ӨНЕРКӘСІПТІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ КЕШЕНДІ ШАРАСЫ МЕН ТИІСТІ ТҰЖЫРЫМДАМА ӘЗІРЛЕНЕТІН БОЛАДЫ 10.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook желісіндегі парақшасында «Индустрия 4.0» технологиялары негізінде біртіндеп өнеркәсіпті технологиялық жаңғыртудың кешенді шарасы мен тиісті тұжырымдамасы әзірленетіні туралы жазды.«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Индустрия 4.0» процесін Қазақстанда дамытуға айрықша назар аударды. Көпшілікке «Индустрия 4.0» ретінде белгілі төртінші өнеркәсіптік революция бүгінде әлемдегі жаһандық экономикалық маңызы бар тенденцияға айналды. «Индустрия 4.0» өнеркәсіп салаларын трансформациялау үшін алдыңғы қатарлы ақпараттық коммуникациялық технологияны кеңінен қолдануға қажет.Мемлекет басшысының тапсырмасы мен еліміздегі халықаралық тәжірибеге сәйкес, «Индустрия 4.0» негізінде біртіндеп өнеркәсіпті технологиялық жаңғыртудың кешенді шарасы мен тиісті тұжырымдама әзірленетін болады. Жалпы, Индустрия 4.0» элементтерін енгізу Қазақстан өнеркәсібіне қолданыстағы жүйені жеңілдетуге көмектеседі», - делінген жазбада.Министр сондай-ақ жаңа технологиялар электронды форматта деректермен алмасуды ұйымдастыруға және жергілікті жерде аз мөлшермен шығаруға мүмкіндік беретінін атап өтті: «Өндірісті автоматтандыру адам еңбегін алмастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, роботталған дәнекерлеу кешенінің бір операторы тапшылығы ұдайы сезілетін 5-10 білікті дәнекерлеушіні алмастыра алады. Бұл тұрғыда оларды оқытуға жұмсалатын шығын азаяды, сонымен қатар, салаға жастарды тартуда кәсіптің беделі артады».«BCG» сарапшыларының пікірі бойынша, «Индустрия 4.0» енгізу Германияда өңдеу өнеркәсібінде өнімділік 90 млрд. еуродан 150 млрд. еуроға дейін артқан. Ал, неміс компанияларының қосымша табысы жылына 30 млрд. еуроны құрайды. Сондай-ақ, халықаралық сарапшылардың пікірінше, «Индустрия 4.0» технологиясына көшуге 20 жылға жуық уақыт қажет. Дегенмен, қазірдің өзінде сандық негізге көшу үшін тиісті алғышарттарды жасау керек.Ж.Қасымбек әлемнің көптеген дамыған елдерінде «Индустрия 4.0» технологиясын енгізудің орташа және ұзақмерзімді бастамалар мен тиісті тұжырымдамалары қабылданғаны туралы да еске түсірді. Мәселен, Германияда «Industrie 4.0», Францияда «Industrie du Futur», Оңтүстік Кореяда «Manufacturing innovation 3.0», Үндістанда «Make in India», Испанияда «Industria Conectada 4.0», Ресейде «Ұлттық технологиялық бастама», Жапонияда «The New Robot Strategy», Италияда «Manifattura Italia», Қытайда «China Manufacturing 2025» және т.б.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/16033?lang=kk
Алматы мен Гонконг инновация саласы мен инвестиция тарту бойынша ынтымақтастықты нығайту жөнінде уағдаласты 10.04.2025
Кездесу барысында Кэрри Лам Алматы экономикасы Гонконгтағыдай түрлі сервистен,саудадан, қаржы қызметі мен логистикадан құралатындығын, соның арқасында тұрақтылық қамтамасыз етіліп, қала инвестиция тарту үшін тартымды болатындығын атап өтті.«Алматы – өңірдің қаржы және мәдени орталығы әрі біздің еліміздің маңызды серіктесі болып табылады. Сіздердің Президенттеріңіз Н.Ә.Назарбаевтың интеграциялық саясаты арқасында аймақта Еуразиялық экономикалық одақ құрылып, оның нарығына 180 млн. адам енген, бұл инвесторларға зор мүмкіндіктер береді. Мен Алматыны инвестиция салуға әбден лайық қала деп санаймын. Кезінде біздің басты инвестициялық саясатымыз Гонконгке инвестиция тарту болатын, ал қазір біз инвестицияны басқа елдерге салатын өз компанияларымыз бен кәсіпорындарымызды ынталандырып келеміз. Біз жаңа нарықты іздеудеміз және инвестиция салу үшін есігімізді айқара ашамыз. Инвестициядан өзге екі жаққа да пайдалы туристік ағымдар бар. Экономикалық субъект болғандықтан біз Қазақстанмен, соның ішінде Алматымен мәдениет, білім, сауда және экономикалық салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға ынталымыз. Мен өз тарапымнан екі жақты байланыстың дамуына ықпал етемін», - деді К.Лам.Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалада инвестиция мен гонконгтік компаниялардың тәжірибесін қажет ететін бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалардың қолға алынғанын айтты.«Бүгінгі күні Қазақстанда әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену үшін Мемлекет басшысының бастамасымен «Қазақстан 2050» Стратегиясы» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асуда. Біздің Президентіміз «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын енгізуді алдымызға міндет етіп қойды. Қазіргі кезде Алматыда «Смарт сити» жобасы іске асуда, оның басты бағыты қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім, ТҮКШ және көлік реформасы. Бізге Гонконгтың осы салаларда смарт-технологияны пайдалану тәжірибесі маңызды. Бұлардан өзге, Алматы инвестиция тарту бойынша үлкен жұмыстар жүргізуде. Егер «Doing Business» рейтингінде Гонконг 4 орында тұрса, әлемнің 190 елінің ішінен Алматы 36-ыншы орында. «Бір терезе» қағидасы бойынша біз Алматыға келген инвесторларға жобаларын жүзеге асыру үшін барлық көмекті көрсетеміз. Орталық Азияның 65 миллиондық, Еуразиялық экономикалық одақтың 180 миллион адамы бар нарығы қызықтыратыны сөзсіз. Егер кәсіпорын Алматыда орналасса бұлар қожетімді болады. Мысалы, өткен жылы Президентіміз телекөпір арқылы Алматыда Жапонияның «Tokyo Rope» зауытын ашты. Бір тапсырыстың өзі ғана зауытты салуға жұмсалатын шығыннан бес есе артты. Қазір бұл компания өз өнімдерін тек Орта Азияға ғана емес, сонымен қатар БАЭ, Ресейге жіберуде. Бүгінгі күні компания Алматыда үшінші зауытын салуда. Біз гонконгтік инвесторларға да барлық жағдайды жасаймыз», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында Гонконгітің инвестиция және технология бойынша хатшысы Николас Янгпен, Қытай өндірушілерінің «The Chinese Manufacturers Association» ассоциациясымен кездесті. Бұлардан өзге Алматы делегациясы ғылыми және технологиялық парк жөніндегі Гонконг корпорациясының жұмысымен де танысты. Тараптар стартаптарды дамыту және қолдау, қалалардың экономикалық әлеуетін арттыру мен жоғары технология салаларында жұмыс орындарын ашу мәселелерін талқылады.Алматы делегациясы Гонконгтың жсопарлау және инфрақұрылым жөніндегі көрме галереясында да болды, мұнда мегаполистер алдында тұрған міндеттер оларды шешу жолдары туралы айтылды.«Бүгінгі күні Гонконг тұрғындары өте тығыз орналасқан, бір шаршы метр 6 мыңға жуық адамды құрайды. Қаланың жаңа аудандарын жоспарлауда көлікпен қамтамасыз ету маңызды.Гонконгте 7,2 млн. адам тұрады, 730 мың автомобиль бар, жолдардың ұзындығы 2100 км. Яғни, бір километр жолда 350 машина жүреді. Сондықтан Гонконг тұрғындарының 90%-ы қоғамдық көлікті пайдаланады. Автомобиль – қымбат, оның үстіне бағасы сағатына 30-40 гонконгтік доолларды құрайтын көлік тұрағын табу қиын. Соңғы жылдары қала орталығында көлік тұрағы азайып, экологияны жақсарту шаралары жүзеге асуда», - деп түсіндірді Гонконгті дамыту жөніндегі хатшының орынбасары Лю Чунь Сан.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша келер жылы Алматыда Гонконгтің саудасын дамыту жөніндегі Кеңес өкілдігін ашу туралы келісімге қолжетті. Бұлардани өзге, Гонконг пен Алматыда сауда, инвестиция, инновация және ШОБ бойынша ынтымақтастықты нғыайту үшін «Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен Гонконгтің сауданы дамыту Кеңесі арасында қажетті меморандумға қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13851?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫМЕН ЖҮРУІНЕ БОЛАТЫН АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ 10.04.2025
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бірыңғай көлік кеңістігін жүйелі әрі кезең-кезеңмен қалыптастыруға бағытталған Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асыру мақсатында Министрлік еліміздегі қолданыстағы автокөлік құралдарының рұқста берілетін салмақтық және габариттік параметрлерін Одақтың 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 «Көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің нормаларын үйлестіру бойынша шаралар қабылданды.Автомобиль жолдарының салмақ көтеру және өткізу қабілетін, сондай-ақ пайдаланымдағы автокөлік құралдарының конструктивтік параметрлерін ескере отырып, автокөліктің бір қатар санаттары үшін жол берілетін салмақтар арттырылған болатын.Нәтижесінде, үш білікті автокөлік құралдары үшін әр жетекші білік екі қатарлы доңғалақпен жабдықталып және әр білікке түсетін жүктеме 9,5 тоннадан аспаған жағдайда 26 тоннаға, салмағы 18 тоннадан аспайтын екі білікті тартқыш пен екі білікке түсетін жүктеме 19 тоннадан аспайтын жартылай тіркемеден тұратын ершікті автопоездар үшін 38 тоннаға дейін салмаққа рұқсат беріледі.Автокөлік құралдарының екі қатарлы қос білігі үшін әр жетекші білік екі қатарлы доңғалақпен жабдықталып және әр білікке түсетін жүктеме 9,5 тоннадан аспаған жағдайда 17 тоннаға, үштік және одан көп біліктер үшін 1,5 тоннаға ұлғайтылды.Сонымен бірге, Қазақстанның транзиттік потенциалын арттыру және отандық тасымалдаушылардың еуропалық және Орта азиялық автокөлік тасымалдар нарығында бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында автокөліктерге рұқсат берілетін габариттер қайта қарастырылды.Осылайша, жүк көтерімділігі төмен (40 тоннаға дейін) ершікті автопоездардың (құрамында тартқыш пен жартылай тіркеме) ұзындығы еуропалық нормаларға – 16,5 метрге келтірілді, бұл ретте осы нормалармен ҚХР қолданыстағы автокөліктердің параметрлерін сәйкестендірген болатын. Сол себепті, Жартылай тіркеменің тіркеу құрылғысы ілмегінің білігі мен аталған автопоездардың артқы жағы арасындағы рұқсат берілетін арақашықтық 12,0 метрден аспауы тиіс.Тіркемелі және жүк көтерімділігі жоғары ершікті автопоездар (барынша рұқсат етілген 40 тоннадан артық) үшін 20 метрге дейін рұқсат беріледі. Бұл ретте, ершікті автопоездардың жүк тиеу ұзындығы 16,4 метрден, ал тіркемелі автопоезы тартқышының артқы бөлігі мен тіркеменің алдыңғы бөлігі арасындағы қашықтық 0,6 метрден кем емес болған кезде – 17 метрден аспауы тиіс.Аталған жол берілетін салмақтық және габариттік параметрлердің өзгерістері Министрліктің 2016 жылғы 4 қарашадағы № 761 бұйрығымен енгізілді және 2017 жылдың 24 қаңтарынан бастап жүзеге асады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13850?lang=kk
ПАВЛОДАРДАҒЫ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕЛІСІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ 10.04.2025
Ағымдағы жылдың 12 ақпаны күні сағат 14:41-де Павлодар қаласындағы Ломов көшесі, 39-үйдің маңында коммуникациялық құдықтан судың ағып кетуінен төрт көп пәтерлі тұрғын үй (562 абонент Ломов көшесі бойынша 39,41,43 және Абай көшесінде 373) суық сусыз қалды. Осыған орай, суды тасып жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды.Сол күні сағат 16:50-де «Қостанай Су» МҚК күшімен (10 жұмыскер және 6 техника бірлігі) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары нормативтік мерзімде (2 сағат ішінде) аяқталып, сумен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді.Мұндай жағдайдың туындауына сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы себеп болған. (республика бойынша сумен жабдықтау және су бұру желілерініңтозуы орташа 58,8% құрайды).Бұл ретте, желілердің тозуын төмендету үшін Үкімет «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламалары аясында желілерді реконструкциялау және жаңғырту үшін жоспарлы тәртіппен жыл сайын қаражат бөліп отырады.Анықтама:2017 жылы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 84 млрд.теңге бөлінген. Оның ішінде «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі»бағдарламасы арқылы - 36 млрд. теңге, «Нұрлы жол» несиелеу тетігі арқылы- 48 млрд. теңге.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13844?lang=kk
«ҚАЗГЕОЛОГИЯ» АҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БАӘ ЕЛШІСІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ 10.04.2025
Бүгін БАӘ елшілігінде «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Ғалым Нұржанов Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшісі Др. Мохаммад Ахмад Альджабермен кездесті. Кездесуге «Қазгеология» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары Елдар Тағаш та қатысты.Тараптар ынтымақтастықтың бірқатар перспективалы бағыттарын талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дәйекті дамуына сенім білдірді. Биыл қаңтардағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарының аясында «Қазгеология» АҚ басшылығының «Mubadala», «DUBAL», «Bin Hamoodah Group» компанияларының және т.б. әмірліктің жетекші компанияларының басшыларымен кездесулер өткізіліп, онда Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша ынтымақтастық жасау жөніндегі мәселелер талқыланған болатын.Елші Қазақстанда геологиялық барлау бойынша ынтымақтастық жасаудағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін «Қазгеология» АҚ әмірліктің компанияларымен ынтымақтастықта көмек көрсетуге және осы компаниялар өкілдерінің жобаларды толыққанды талқылау үшін Қазақстанға келуін ұйымдастыруға әзір екенін білдірді. Сондай-ақ екі ел үшін ортақ халықаралық мүдделер тоғысатын мәселелерді талқылап, оларды ұдайы үйлестірудің маңызы зор екенін жеткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13842?lang=kk
БҚО-ДА АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫН САЛУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ 10.04.2025
Ағымдағы жылдың 8 маусымында ҚР ИДМ ТРМК БҚОбД және «ҚазСтИн» РМК БҚФ басшылары «WestPartner» ЖШС-не барып, техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнамаларды түсіндірді.Компанияның негізгі қызметі құрылыс-монтаж жұмыстары болып табылады:- күрделі жөндеуді және реконструкцияны қоса алғанда, автомобиль жолдары мен теміржолдарды салу;- ғимараттардың (соның ішінде көпірлер, көліктік эстакадалар, туннельдер, жол өтпелері, басқа жасанды ғимараттар) салмақ түсіретін және (немесе) қоршау конструкцияларын салу, соның ішінде объектілерді күрделі жөндеу және қайта құруды қамтиды;- топырақта арнайы жұмыстар.Мұнда 2 асфальтобетон зауыты бар:ДС-158 - сағатына 50 тонна асфальт-бетон өнімдерін шығарады;ДС-117 - сағатына 35 тонна асфальт-бетон өнімдерін шығарады.Кездесу барысында ҚР заңнамаларының талаптары, әсіресе өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету, өнім сәйкестігін растау мәселелері түсіндірілді.Кездесу соңында компания қызметкерлері ұсынылған ақпарат үшін алғыс білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/13829?lang=kk