Әлем
Алматыда қаланың білім саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтті 10.04.2025
Мемлекет басшысы білім саласы сананы жаңғыртудың басты бағыттарының бірі екенін айта келіп,«экономикалық өсімнің жаңа моделі ретінде білім беруді орталық буын ретінде қабылдау қажет. Оқу бағдарламалары сыни ойлау мен ақпаратты өз бетінше іздеуді дамытуға ықпал етулері тиіс» деген болатын. Қазірдің өзінде оқу бағдарламалары IT- білімді қалыптастыруға, сыни ойлауды, үш тілділікті дамытуға орайластырылған. Латын әрпіне көшу басталды, бұл Қазақстанға әлемдік білім мен ақпараттық кеңістікке тез қалыптасуға,озық тәжірибені енгізуге ықпал етумен қатар қазақ тілінің төл табиғатын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Алматыда Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер толық жүзеге асуда. Қала басшысы өзінің сөзінде басты мақсат - мегаполистің еліміздің білім мен ғылым орталығы ретіндегі мәртебесін нығайту, оқушыларды даярлау мен педагогтар құрамының сапасын арттыруда жетекші позициясын сақтау екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғырту қажет екенін жариялады. Уақыт үрдісіне сай сананы өзгерту – бұл бірыңғай Ұлт пен жауапкершілігі жоғары адамдарды қалыптастыру, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену. Біздің ортақ мақсатымыз – білімді,денсаулығы мықты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиеленген жас адамды қалыптастыру. Жастар сананы өзгертудің, ашықтық пен прагматизмнің қозғаушы күшіне айналулары тиіс. Олар туған тілдеріне, туған әдебиетке, мәдени мұраға адал болып, өз елінің шынайы патриоты бола алады. Балаларымыздың, қаламыздың, еліміздің болашағы сіздерге байланысты, құрметті ұстаздар. Алматыда білікті және дарынды мүғалімдер жұмыс істейді. Мен Сіздердің барлықтарыңызға барынша қиын әрі өте жауапты еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Нағыз мұғалім – балдырғанның бойына білім шырағын, өзіне деген сенім мен үміт отын жағатын қасиетті жан.Тек мұғалім ғана адамның бойына жақсылық нышандарын сеуіп, болашағына жол ашады», - деп атап өтті Б.Байбек.Қалада соңғы 5 жылда 15 мың орынды 280-нен астам бала бақша, 14 мың орынды 12 мектеп ашылды. Тек өткен жылдың өзінде ғана жергілікті бюджет қаржысы есебінен 500 орынды 4 бала бақша іске қосылды. «Шаңырақ» және «Қалқаман» ықшам аудандарында мектеп жанынан 1800 орынды қосалқы нысандар пайдалануға берілді.Биылғы жылы 6 бала бақшаның құрылысы басталды. «Өжет» елді мекеніндегі №156 мектептің жанынан 600 оқушыға арналған қосалқы нысан салынуда. Алатау және Наурызбай аудандарында 2600 орынды мектеп пен қосалқы нысан салуға қаржы бөлінді.Мемлекеттік -жеке әріптестік аясында өткен жылы жеке қаржы есебінен 175 бала бақша мен 5,7 мың орынды мини-орталықтар ашылды. Биылғы жылы 2000 орынды 57 жеке бала бақша пайдалануға берілді. Бизнес тарапынан болған қолдау арқасында 14 млрд. теңге бюджеттік қаржы үнемделді.Қаланың Қалақұрылысы кеңесінде тұрғын үй салу мәселесі қаралған кезде мектептер мен бала бақшаларға ерекше мән беріледі. Соңғы 2 жыл ішінде инвесторлар есебінен 7 мың орынды 54 бала бақша, 3 мың орынды 24 бала бақша салуға шешім қабылданған. Кейін бұлар коммуналды меншікке беріледі. Осының арқасында 24 млрд. теңге бюджеттік қаржы үнемделді.Биыл алғаш рет бірден 28 нысанды сейсмикалық күшейту жұмыстары жүруде. Бұл мақсатқа 23 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Жаңа оқу жылына дейін жоспар бойынша 10 объектідегі жұмыс аяқталады, бұлар 4 мектеп пен 6 бала бақша. Ал қазан айында 9 мектептегі, желтоқсанда 8 мектеп Үміт үйіндегі жұмыстар бітеді..Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылдан бастап Жаппай тегін кәсіптік- техникалық білім» бағдарламасы қолға алынды. Қала бюджетінен 1,5 млрд. теңге бөлінді. Ал бұл жұмысшы мамандығын қажет ететін еңбек нарығына 11 мың адамды тегін оқытуға мүмкіндік береді.Кәсіптік білім беретін қысқа мерзімді курстар 14 есе ұлғайған, яғни 7 мыңнан астам адам кәсіби білім алды.«Бүгін ата- аналар баласын ЖОО-да оқыту үшін соңғы ақшаларын береді. Олар кейін жұмыссыз қалмай ма деп ойланбайды. Мысалы, Алматыда ЖОО түлектерінің 70% -ы қалып қояды. Бірақ олар алған мамандықтары бойынша қызметке тұра алмайды. Өйткені, еңбек нарығына олар қажет емес. Ал бүгінгі күні жұмысшы мамандығы өте тапшы. Қазіргі жұмысшылар бұрынғыдай май сіңген арнайы киім кигендер емес. Қазіргі жұмысшылар IT-технологияны, күрделі қондырғыны меңгерген, ойлау қабілеті жоғары жандар. Мұғалімдер жастарға осы мәселені жете түсіндірулері, олардың өз болашақтарына прагматикалық тұрғыдан келуді бойларына сіңірулері тиіс. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сай барынша жақсы өмір сүруге,білім мен салауатты өмір салтына, кәсіби жетістікке ұмтылу – тәрбиедегі прагматизм болып табылады», - деді Б.Байбек.Алматы әкімі өзінің сөзінде ортаның адам санасын өзгертуге ықпал ететінін айтты. Осыны басшылыққа ала отырып, қаланы қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.«Қала адам үшін Философиясының» негізі қала кеңістігін жақсартып, тұрғындардың қоғамдық өмірін барынша жайлы етумен анықталады. Мұның басты принциптері – қаланы көлік жүктемесінен азайту, нарықтық негізде жұмыс жасайтын тиімді, тұрақты қоғамдық көлікті қалыптастыру. Қалалықтардың жаяу немесе велосипедпен жүруін қамтамасыз ету. Сапалы инфрақұрылымның арқасында жүргіншілерге жағдай жасау, бұрынғы визуалды қоқыс – ескі билбордтар мен дүкендерден, ретсіз жарнамадан арылу. Қоғамдық кеңістік адами ауқымға сай жасалады. Жүргінші кеңістігі адамдарды пәтерлерінен шығарып, ауамен тыныстауға шақырады. Ата- аналар мен олардың балаларына салауатты өмірді ұсынады. Бұл салауатты құндылықтар – отбасын, экологияны, дұрыс өмір салтын тек жақсы жақтарға бұрады», - деп атап өтті әкім.подчеркнул аким города.Алматы әкімі қаланың тарихи орталығының 30%-ға жаңарғанын, Жібек Жолы, Панфилов, Гоголь, Кабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңының, Байсеитов, Төлебаев көшелері мен Есентай өзені жағалауының осы мақсатқа сай жаңғырғанын айтты. Бұл көшелерде жүргіншіге басымдық берілген, қоғамдық кеңістік кеңейіп, веложолдар салынып, жасыл желек отырғызылған. Жыл аяғына дейін 500-ден аса балалар алаңдары ашылады.Бүгінгі күні қала тұрғындарының бойына ашық ойды, құқықтық және қаржылық мәдениетті қалыптасыру ісі қолға алынған.Бұл үшін «Оңай» жол картасы енгізілді қолмақол ақшасыз көлік тұрақтары пайда болуда, заңсыз нысандар сүрілуде. «Осы шаралар көлеңкелі экономиканы едәуір төмендетті, салық түсімін арттырды, ал бұл бюджеттік қызметкерлердің, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы, жаңа бала бақшалар мен мектептер», - деді ол.Б. Байбек өзінің сөзінде 2017 жыл Елбасының тапсырмасы бойынша Алматыда «Жастар жылы» болып жарияланғанын, осыған орай тиісті Жол картасы жасалғанын айтты .2 мың орынды 4 жатақхана салу жоспарланған.1200 орынды жатақхананың құжаттары дайындалуда. Тұрғынүйқұрылысбанкімен бірігіп құнды бағдарлама жасалуда, соның арқасында жас отбасылар жаңа пәтер алу үшін жеңілдетілген заёмға қол жеткізе алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/14906?lang=kk
Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының Президиумы Төраға болып қайта сайланды 10.04.2025
Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының Президиумының төрағасы Амангелді Абдоловтың қатысуымен кездесуі өтті.Президиум жұмысына облыстардан және уәкілетті органнан оның мүшелерінің көпшілігі қатысты,олар Қүлахмет Бекетовты Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының Басқарма төрағасы етіп сайлады.Сондай-ақ,Басқарманың жаңа төрт мушелерін сайлау өтті.Бұрын,осы жылдың 11 шілдесінде өткізілген Президиумының отырысы оның барысында жасалған бұзушылықтарды ескере отырып жарамсыз деп танылды.Кеңестің жаңа төрағасына кезектен тыс сьезді шақыру ұсынылды, онда ЖСО институтында пайда болған проблемалық мәселелер талқыланды.Естеріңізге сала кетейік,осы жылдың 11 шілдесінде кейбір БАҚ Президиумының кейбір мүшелерінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы Басқармасының төрағасы ретінде Ирак Келекеевті сайлау туралы ақпарат жариялады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/14904?lang=kk
Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды 10.04.2025
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Ерлан Әукеновтың энергетикалық кешен мен коммуналды шаруашылық салаларын, кәсіпкерлікті дамытудағы, инвестиция тартудағы және басқа да атқарған жұмыстарын жоғары бағалады.Соңғы 2 жыл ішінде Алматының индустрия Картасына 190 млрд. теңгенің 100 жобасы енгізілді, оның құны 35,6 млрд. теңге болатын 33 жобасы іске асты, соның арқасында қалада 2,7 мың жаңа жұмыс орны пайда болды.Бизнестің Жол картасы және қалалық «Жібек жолы» бағдарламалары аясында 2015 жылдан бастап 755 бизнес-жоба мемлекеттен қолдау тапты, нәтижесінде 3,4 жаңа жұмыс орны ашылып, бұрыннан бар 10 мыңнан астамы сақталып қалды. «Жібек жолының» игі істерін саралай келіп, биылғы жылы үш жаңа өңірлік бағдарламалар: «Алматы өнім», «Алматы инновация» және «Алматы туризм» жұмыс істей бастады, бұлардың жалпы құны 1,3 миллиард теңге.Алматыда Ерлан Әукеновтың бастамасы бойынша елімізде баламасы жоқ кәсіпкерлікті ынталандырудың жаңа нысандарды ашу Картасы іске асты. 2016 жылы құны 156,6 млрд. теңге болатын 131 объект ашылды және 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. 2017 Картаға 155 млрд. теңгенің 93 жобасы енді. Атап өтерлік жайт, Алматы бойынша бағаланатын Қазақстан «Doing Business» халыаралық рейтингінде 2015 жылдан 77-ден 35 орынға көтерілді. Бүкіләлемдік банктің бағасы бойынша субұлттық рейтингте Алматы 8 қалалардың ішінен1-ші орынды иеленді.Жылуэнергетика кешені менТҮКШ-та соңғы 3 жыл ішінде жүргізілген қайта жасау барысында апатты жағдайлар 10%-ға төмендеді. Жылу маусымы басталар алдында бірнеше инженерлік желілер іске қосылатын болады, бұл өткен 2 жылмен салыстырғанда едәуір көп.Ерлан Әукеновтың оқу демалысы кезінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Алмас Мәдиев тағайындалды, ол бұған дейін Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқарманың басшысы қызметін бір жарым жыл бойы атқарып келді және индустриалды инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырды, шғаны және орта бизнес мәселелерімен айналысты.Алмас Мәдиев мамандығы бойынша инженер-экономист, заңгер, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын, К.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ- Түрік Университетін бітірген.Түрлі жылдары Жамбыл технологиялық институтында оқытушы, Жамбыл облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жетекші маман, Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің басшысы, Жамбыл облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармаларының басшысы, «ҰК «ӘКК «Оңтүстік» АҚ-ның қаржы директоры, басқарушы директоры,басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ-ның қаржы департаментінің директоры, «ҰК «ӘКК» Павлодар» АҚ-ның басқарма төрағасы, Жамбыл облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы1 қызметтерін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/14874?lang=kk
Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі мен РФ Экономикалық даму министрлігі елдер арасындағы 2020-2025 жылдарға арналған шекара маңы ынтымақтасты ғы бағдарламасын əзірлеуде 10.04.2025
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен РФ Экономикалық даму министрі Максим Орешкин жұмада "Қазақстан - Ресей" шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасын əзірлеу жəне іске асыру ниеті туралы меморандумға қол қойды.Құжатқа қол қою жұмада Петропавл қаласында өткізілген Қазақстан мен РФ-ның аймақаралық ынтымақтастығының XV Форумының аясында орын алды.Тараптар 2020-2025 жылдарға арналған "Қазақстан - Ресей" шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасын бірге əзірлеу жəне іске асыру ниетін білдірді. Ол өзара түсіністік және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ аймақ саясаты мәселелері бойынша ақпарат алмасуға бағытталатын болады. Бағдарламаны іске асыру үшін тараптар тиісінше Келісім әзірлеуге ниетті.2020-2025 жылдарға арналған "Қазақстан - Ресей" шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасы мақсатының ішінде қазақстандық шекара маңы аймақтары мен ресейлік аймақтар арасындағы ынтымақтастықты қолдау және жәрдемдесу; өмір сүру, жұмыс істеу және болашақ ұрпақ тәрбиелеу үшін қолайлы аумақ құру; орта және шағын кәсіпкерлікті ынталандыру мәселесі жөніндегі ынтымақтастық және ақпарат алмасу, шекара маңындағы жергілікті өндірістің бәсекеге қабілеттілігін нығайту, шекара маңы халқын жұмыспен қамту деңгейін арттыру, сондай-ақ аумақаралық кооперацияларды дамыту бойынша шараларды іске асыру бар.Сондай-ақ аймақтық саясатты әзірлеу және іске асыру тәжірибесі тралы ақпарат алмасу, шекара маңы ынтымақтастығын нығайту және шекара маңы аймағын экономикалық дамыту көзделуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/14834?lang=kk
Еңбек нарығындағы жағдай 10.04.2025
2026 жылғы I тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі1) 4,5% құрады.2026 жылғы I тоқсанда халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеуі деректері бойынша жұмыс күшінің саны 9398,0 мың адамды құрады. Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9392,0 мың адам жұмыспен қамтылды, олардың 7290,4 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 77,6%) жалдамалы қызметкер болса, 2101,6 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 22,4%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,1% құрады.Өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 108,5 мың адамға өсті, негізінен жалдамалы қызметкерлердің есебінен өсті.Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (16,7%), білім беру (13,3%), өнеркәсіп (12,6%) және ауыл шаруашылығы (10,2%) салаларында байқалды.Жұмыс істемейтін және білім алумен немесе оқыумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 5,8% құрады.15-34 жастағы2) жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,0% құрады.Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2026 жылғы сәуір айының соңына 334,1 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3,4% құрады. Анықтама:Жұмыссыздар (Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын адамдар.1) Халықтың жұмыспен қамтылуына іріктемелі жүргізілетін зерттеу деректері.2) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/1219931?lang=kk
Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингі 10.04.2025
Ағымдағы жылғы қазанда жарияланған Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің жыл сайынғы дүниежүзілік есебіне сәйкес Қазақстан 140 елінің арасында 59 орында орналасып, рейтингте өзінің ұстанымын сақтап қалды.Бұл рейтинг жалпы әлемдік экономикалық қауымдастық немесе сол өзге мемлекет қарым-қатынасына әсер етеді. Экономика жағдайын көрсетеді және осы елдерде инвестиция салу мен бизнесті дамытудың мақсаттылығы болжайды.Ішкі істер министрлігі 3 индикатор бойынша нәтижелер негізгі орындаушы болып табылады, олар бойынша жақсарғандығын атап кету керек:1) «Ұйымдасқан қылмыстан бизнес шығындары» 4-ұстанымға (62-ден 58 орынға);2) «Полиция қызметінің сенімділігі» 2-ұстанымға (86-дан 84 орынға);3) «Кісі өлімінің сандары» ұстанымы 2017 жылғы деңгейде қалды (87 орын).Жалпы айтқанда, ішкі істер органдарының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жұмысы бойынша басқа шаралармен қатар Қазақстанның елдер рейтингісінде ұстанымын жақсартуға да әсер етеді.«Ұйымдасқан қылмыстан бизнес шығындары» индикаторы бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жандандыру, ұйымдасқан қылмыстық топтар жасаған жалыпқылмыстық қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша бірқатар кешенді шаралар іске асырылған.Қабылданған шаралардың арқасында соңғы 5 жылда қорқытып алумен байланысты қылмыстық қол сұғушылықты ашу көрсеткіштері жақсаруда (2013 жылы 77,3%-дан 2017 жылы 97,3%). Тиісінше бизнес-қауымдастықтың және халықтың қорғалу деңгейі артып, сондай-ақ жазалаудың бұлтартпастығы қағидаты іске асырылуда.Соңғы жылдары қылмыстық топты құрғаны және қатысқаны үшін жауапкершілік заңнамалық қатайтылған. Қылмыстық кодекске 9 жаңа сараланған қылмыс құрамы енгізілген. Оларды жасағаны үшін 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.Экономикалық тергеу қызметімен бірлесіп Кәсіпкерлерді қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау жөніндегі арнайы жоспар іске асырылуда.Трансұлттық қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық кеңеюде. БҰҰ, ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЕАЭО шеңберінде құқық қорғау органдарының диалог алаңдары тиімді пайдаланылуда.Полицияның ұсыныстары бойынша бизнес-құрылымдардың көпшілігінде «дабыл нүктесі», бейнебақылау камералары, инженерлік қорғаудың техникалық құралдары және тағы басқалар орнатылуда.Құқықтық тәртіпті қорғау саласына жаңа технологиялық құралдар – бейнебақылау жүйелері, жол құқық бұзушылықтарын фото-бейнетіркеу, бенйтіркегіштер және басқа да инновациялық технологиялар енгізілуде.Әр өңірде бизнес-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен оқыту тренингтері, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілуде.«Полиция қызметінің сенімділігі» индикаторы бойынша қылмысқа қарсы күресті күшейтуге және елдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мақсатты шаралар жүзеге асырылып жатыр.Барлық жерде дерлік қылмысты жасырудың теріс практикасы жойылды, қазіргі таңда бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды.2015 жылдан бастап азаматтардың құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы хабарламасын тіркеуге шара қолданбағаны үшін полицейлердің қылмыстық жауапкершілігі (ҚК 433-бабы) енгізілді.Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды электрондық тіркеу жүйесі енгізілді, олардың шешілу барысын «Сall-орталықтар» және SMS-сервистер арқылы қарап отыруға болады.Жеке және заңды тұлғалардың сигналдарына қатысты қабылданып жатқан шаралардың заңдылығы мен негізділігін, сондай-ақ қылмыстық істердің тез әрі толық тергелуін немесе әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материалдардың шешілуін ведомстволық бақылау күшейді.«Бірыңғай сенім телефоны» (1402), ІІМ сайты және Министрдің блогы, Министрлік жанындағы Қоғамдық кеңес және аумақтық Полиция департаменттерінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар жұмыс жасайды.Ішкі істер министрінің, аумақтық ІІО басшылығы мен учаскелік полиция инспекторларының халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу заңнамалық бекітілген.«Қылмыстардың саны» индикаторы бойынша Қасақана адам өлтірудің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша 2018-2019 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары іске асырылуда.Осы шаралардың барлығын іске асыру ІІМ-ге жүктелген индикаторлардың жақсаруына және жалпы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі рейтингінің жоғарылауына ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/14684?lang=kk
Алматы әкімі Италияның экономикалық даму вице-министрімен кездесті 10.04.2025
Италияның экономикалық даму вице-министрі ТҚҚ қайта өңдеу, ТҮКШ жаңарту, құрылыс және «Смарт- сити» жобасы аясында атқарылатын түрлі бағдарламаларға итальяндық компаниялардың қызығушылық танытқандығын атап өтті.Алматы әкімі өз кезегінде итальяндық компаниялардың машина жасау, энергия көздерін пайдалану, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне қажет қондырғылар шығару салаларында мол тәжірибелері бар екендігін, Алматыда жеке өндіріс орындарын ашу үшін шетелдік компанияларға «бір терезе» принципі бойынша қолдау көрсетілетінін айтты.Кездесу барысында Бауыржан Байбек итальяндық компанияларды биылғы жылдың қазан айында өтетін «Almaty Invest» халықаралық форумына қатысуға шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/14670?lang=kk
Алматыда қалалықтар үшін «Open Almaty» атты қоғамдық қабылдау ашылды 10.04.2025
Жаңа қалалық сервис арқылы қаланың әрбір тұрғыны немесе қонағы түрлі қызметке қатысты өз ұсынысы мен шағымын қаланың қоғамдық қабылдауына www.open-almaty.kz интернет- порталы немесе 1308 нөмірі бойынша жібере алады. «Open Almaty» порталы бойынша түрлі өмірлік жағдайларды шешу алгоритмімен қоса қаланың коммуналды қызмет көрсету орындарының (жол, арық, жылу жүйесін, аула және басқаларын жөндеу) жұмыстарымен танысып, байланыса алады.Қоғамдық қабылдаудың фронт-офисінде қаланың барлық аудандарының, тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет, жолаушылар көлігі, табиғи ресурстар мен архитектура басқармаларының, қалалық прокуратура, полиция, мемлекеттік кіріс департаментінің, ТЖД-нің, ХҚКО-ның, кәсіпкерлердің Ұлттық палатасының өкілдері, медиаторлар қызмет көрсетеді.Басқармалар басшылары қоғамдық қабылдаулар өткізіп, қалалық түрлі бастамаларды таныстыра алады.Айта кетерлігі, 2015 жылдың өзінде Алматы әкімдігі қалалықтарға қолайлы болу үшін Инстаграмда өз аккаунтын ашқан еді, 3 лүпілден соң өтінім тіркеліп, әкімдікке жіберілетін. 2 жыл ішінде Инстаграмдағы тұрақты аудитория 150 мың жазылушыға жетті, қалалықтардың 20 мың өтінімі орындалды.Жаңа сервистің жұмыс кестесі қала тұрғындарының жұмыс уақытын ескере отырып жасалған, қызмет көрсету уақыттары жай күндері сағат 8.00 ден 20.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00 нан 17.00-ге дейін.Қоғамдық көліктің жақын бекеттері: «Әуезов атындағы театр» (Абай даң) баратын автобустар 3, 33, 34, 62, 65, 66, 92, 118, 120, 123, 128 мен троллейбустар 5,19,25; «Қастеев мұражайы» (Сәтпаев көш.) – автобустар 18,35,121; «Орталық аурухана» (Жандосов көш.) - автобустар 18, 44, 62, 66, 95, 121, 123; метро бекеті – Әуезов атындағы театр.Мекенжайы: Байзақов көшесі, 280 (Сәтпаев көшесінің бұрышы) «Алматы Тауэрс» орталығы.Анықтама үшін:Қазіргі кезде әкімдіктің «Open Almaty» қоғамдық қабылдауында мемлекеттік органдардың өкілдері қабылдау жүргізуде, арыз- шағымдар әлеуметтік желілер арқылы түседі – аудандар әкімдіктері (55 %), тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, табиғи ресусртар және табиғатты пайдалануды реттеу, архитектура және қала құрылысы басқармалары (45% өтінім) бойынша.2018 жылдан бастап қала басқармалары және коммнуалдық қызмет көрсету кәсіпорындары жөнінде жобаның 2-ші кезегі жүзеге асыру жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/14614?lang=kk
Құрметті отандастар! 10.04.2025
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!Аталған мереке – өзара құрмет пен келісімнің, татулық пен тұрақтылықтың символына айналды.Халқымыздың ынтымағы уақыт сынынан өтіп, өз бекемдігін дәлелдеп келеді. Елімізді мекен еткен сан алуан ұлт пен этнос өкілдерінің біте қайнасып, мәдениеттердің тоғысуы мен бір-біріне деген сыйластығы мерекенің негізіне айналды.Бейбітшілікті ту еткен отандастарымызды еңбекқорлық пен жасампаздық, қамқорлық пен жанашарлық сынды ізгі қасиеттер мен ортақ құндылықтар біріктіреді. Осы ырыс-ынтымақты көздің қарашағындай сақтау – әр қазақстандықтың қастерлі борышы.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ұжымы атынан және жеке өз атымнан айтулы мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін!Еліміз тұрақты, халқымыз ынтымақты болсын! Ізгі тілекпен, Қаржы министріМәди ТакиевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1212990?lang=kk
КӘСІПОРЫНДАРДА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕЛЕРІН ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР 10.04.2025
2018 жылғы 14 мамырда Қарағанды экономика университетінде «Кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізу» тақырыбында семинар өткізілді.Семинардың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК болып табылады.Семинарға жүзден астам өңірлік кәсіпорындар мен бизнес өкілдері қатысты.Аталған семинар биыл Индустрия 4.0 бағдарламасына орай өнеркәсіптің терең және жедел, технологиялық, экономикалық, әлеуметтік өзгерістер дәуіріне енуіне байланысты ерекшеленіп отыр.Кәсіпорындардағы бұл үдерістер сапа менеджменті жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуі және енгізілуі арқылы мүмкін болады, ал СМЖ жұмыс істеуінің тиімділігі кәсіпорында мамандар менеджмент негіздеріне сапалы оқытылғанда және басшылық тікелей менеджментке бірыңғай көзқараспен қарап, кәсіпорынның жаһандық басқару жүйесіне ықпалдасуына мүдделі болған жағдайда толық қамтамасыз етілетін болады.Семинарды құттықтау сөзімен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Қасымов ашып, осындай семинарлар отандық тауар өндірушілердің қызметін жақсарту және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті сапасыз өнімдерді сатуға және таратуға жол бермеу үшін техникалық реттеу, менеджмент жүйесі және халықаралық стандарттар мәселелерін оқытуға және түсіндіруге бағытталғанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/14462?lang=kk
ТРМК 2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАУ ЖОСПАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ 10.04.2025
2018 жылғы 18 мамырда ТРМК БҚО бойынша департаментінде бизнес өкілдерінің қатысуымен 2019 жылға арналған Мемлекеттік стандарттау жоспарын қалыптастыруды талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес Комитет жыл сайын Қазақстан Республикасы экономика салаларының ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша қажеттілігін ескере отырып, мемлекеттік органдардан, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерден, бизнес-қауымдастықтан келіп түскен ұсыныстар негізінде Мемлекеттік стандарттау жоспарын қалыптастырады.Мысалы, 2017 жылға арналған жоспарға сәйкес 1000 стандарт әзірленді.Бүгінгі күні 2019 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарына КПО б.в.-ның мұнай өнімдерін сынау және талдауға қатысты ұлттық стандарттарды әзірлеуге 3 ұсыныс-өтінімі қосылды.Сонымен қатар, «Конденсат» АҚ-дан техникалық-экономикалық негіздемемен бірге ҚР СТ ASTM D 2500 «Мұнай өнімдерінің лайлану нүктесін анықтаудың стандарттық әдісі» стандартын әзірлеуге ұсыныс-өтінім түсті. Себебі әлемдік стандарттар мен Кеден одағының «Автокөліктік және авиациялық бензинге, дизельдік және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентінің талаптарына жауап беретін K4 және K5 экологиялық кластағы дизель отынын өндіру үшін осы стандартты әзірлеу қажеттігі туындап отыр.Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша «Конденсат» АҚ-ның ұсыныс-өтінімін ТРМК-не жолдау туралы шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/14335?lang=kk
«Смарт Алматы» жобасы Словениядағы форумда Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің арасында жүлдеге ие болды 10.04.2025
Биылғы жылы форум 200-ден астам қатысушыларды жинады, олар қаланың тұрақты дамуын талқылады. «Любляна форумы» төрағасы Блаз Голоб қала тұрғындарын осы жетістіктерімен құттықтап, жобаны табысты жүзеге асыруды тіледі.«Форумға қатысушылар арасында әдемі қалалардың бірі Алматы қаласынан өкілдер болғанына қуаныштымыз. Мен шын жүректен Сізді және Алматы қаласын таныстырған команданы құттықтаймын. «Smart City» саласындағы ең көрнекті жобаларға жыл сайын марапаттар беріледі. Алматы қаласы финалистердің бірі болғанын және қазылар алқасының шешімі бойынша «Smart Almaty» жобасы екінші орынды иеленгені туралы біз жариялауға қуаныштымыз. «wCycle» жобасымен Мариборский (Словения) үздік деп танылды, ал үшінші орынды Загребтан (Хорватия) жоба алды», – деді Блаз Голоб.«Ақылды қала» бағыты бойынша Алматы қаласының дамуы «Алматы-2020» қаланың даму бағдарламасына сәйкес және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарласының жобасына сәйкес жүргізіледі. Жоба мегаполистің тіршілік әрекетінің әрбір салаларында заманауи теxнологияларды еңгізуді жобалайды. Еңгізу қала тұрғындардың өмір деңгейін жоғарылатуға, жаңа қызметтерді еңгізуге және ТКШ инфрақұрылысының ресурстарын жоғалтуына шығындарды төмендеуге мүмкіндік береді.Естеріңізге сала кетейік, Алматыда алғашқы «Open Almaty» жүйелік жобасы басталды. Бизнесті жүргізу үшін қажетті деректерге қол жетімділік ашылды. Алматы қаласының ГенПлан порталында қызыл желілер мен инженерлік желілердің схемалары жарияланған. Жолдарды, жылу желілерін, аула алаңдарын, қоғамдық орындарын жөндеу бойынша әкімдіктің жоспарлары жарияланды. Бұдан былай жобаларды пысықтау үшін бизнеске қала әкімшілігіне баруға тиіс емес. «Almaty Towers» бизнес орталығының жайлы жағдайларында бір терезесінің қағидаты бойынша сол жерде кеңес ала аласыз, немесе веб-сайтқа және телефонға өтініш қалдыра аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/14263?lang=kk
«Кселл» АҚ-ға қатысты монополияға қарсы тергеп-тексеру аяқталды 10.04.2025
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органы «Кселл» АҚ-ның үстем жағдайды теріс пайдаланумен байланысты оған қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.Тұтынушы шағымының мәні «Кселл» АҚ-ның «Алга-1» тарифтік жоспар бойынша интернетке қол жеткізу лимитінен асып түскеннен кейін 30 мыңнан астам теңгені есептен шығару және интернетке қол жеткізу үшін 1 Мб үшін 20 теңге тариф бойынша төлемақы алуды бастау туралы тұтынушыға хабарламау әрекеттері болды.Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша «Кселл» АҚ-ның әрекеттерінде kcell тауар белгісі бойынша ұялы интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету кезінде абоненттердің заңды құқықтарына қысым жасайтын тарифтік жоспарлар шарттарын белгілеуден (оның ішінде тарифтік жоспарларды мерзімінен бұрын қайта қосуда абонентте көрсетілетін қызметтердің бонустық топтамасы аяқталған кезде абоненттің мүмкіндігін шектей отырып, неғұрлым жоғары тарифтеуге өту туралы ақпаратты абоненттің назарына жеткізбеу, тарифтік жоспарлардың елеулі шарттары туралы абоненттерді тиісінше хабардар етпеу) көрінген үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері аяқталды.Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша «Кселл» АҚ-ға қатысты әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотқа қарау үшін жіберілді.Үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін тергеп-тексеру объектісіне монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің 5 пайызы мөлшерiнде айыппұл салынадыБұдан басқа, «Кселл» АҚ-ға Кәсіпкерлік кодекстің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және тұтынушыларға қаражатты қайтаруды қоса алғанда, олардың салдарларын жою туралы нұсқама шығарылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/14234?lang=kk
2017 жылдың алғашқы тоқсанында өндірістік жарақаттану деңгейі 14,8%-ға төмендеді 10.04.2025
2017 жылдың 1 сәуірінде, ел аумағындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, оқыс оқиғалар салдарынан 342 адам зардап шегіп, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14,8%-ға аз екенін байқатты (2016 жылы – 401).Адам өліміне соқтырған өндірісте жарақаттану саны 43 адамды құрап, былтырғы ұқсас уақыт аралығына қарағанда 8,6%-ға төмен болды (2016 жылдың алғашқы тоқсанында – 47 адам). Жалпы, 2016 жылдың қорытындысында, өндірістегі оқыс оқиғалар қатары сиреді.Былтыр, өндірістегі оқыс оқиғалар салдарынан 1 мың 683 адам жапа шегіп, 2015 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға төмен көрсеткішті аңғартты.Адам өліміне соқтырған өндірісте жарақаттану саны 248 адамды құрап, 2016 жылдың тиісті мерзімінен 1,2%-ға аз болды (251 адам).Мұндай жағымды өзгерістерге, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жұмыс берушілер тарапы еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласында қолға алған шаралар кешенінің арқасында қол жеткізілді.Еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау жағдайын жақсарту мақсатында, 2016 жылдан бастап, ел кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауды басқарудың қазіргі заманғы жүйесін жасауға бағытталған жаңа ҚР Еңбек кодексі күшіне енді.Өндірістік кеңес құру арқылы еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау бойынша ішкі бақылау жүргізуде тың көзқарастар дүниеге келіп, жұмыс берушілер кеңес шешімдерін орындауға міндеттелді.Бүгінгі таңда, ел кәсіпорындарында, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауда 11 мың 215 өндірістік кеңес құрылды.Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар, ескерту-алдын алу сипатындағы түсіндіру жұмыстарымен кәсіпорындарға барып отырады.Бұдан тыс, Еңбек кодексінде, жұмыс берушілерді қызметтерін ерікті түрде декларациялау арқылы ынталандыру тетіктері қарастырылған.Іс-қимылы еңбек заңнамасындағы қажетті талаптарға сай деп танылған жұмыс берушілерге, үш жыл мерзімге сенім сертификаты табысталады және тексерістер мен басқа да бақылау шаралары жүргізілмейді.Қазіргі кезде аталмыш сертификатқа 87 жұмыс беруші ие болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/14219?lang=kk
АСТАНАДА 2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАУ ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 10.04.2025
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті 2018 жылдың 25 мамырында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Ұлттық стандарттар - отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жыл сайын мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер, бизнес-қауымдастық, Қазақстан Республикасының экономикалық салаларының ұлттық стандарттарды әзірлеуде қажеттіліктерін ескере отырып, Мемлекеттік стандарттау жоспары құрылуда.Отандық тауар өндірушілер ұлттық стандарттарды әзірлеу және қолдану туралы өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша ақпарат алуға мүмкіндік алды.Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша отандық кәсіпкерлердің қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық стандарттарды әзірлеуге қатысты ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/14197?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ГУАНЧЖОУДА ӨТЕТІН GITF ТУРИСТІК КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР 10.04.2025
2017 жылы басталған Қазақстандағы Қытай туризмі жылы аясында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Игалиев Қытайдың Шенжен аймағы (Гуандун провинциясы) туроператорлары қауымдастығының басшысы, Shenzhen Top Tour int'l Travel Service компаниясының бас директоры және Шенжен АЭА Ішкі-сауда палатасы төрағасының орынбасары Джонсон Ченмен кездесті.Оңтүстік Қытай Қазақстанға келушілер туризмін дамытуда перспективалы аймақ болып табылады. Өйткені, Қытайдағы ең белсенді туристер елдің оңтүстік аймағының тұрғындары. Жыл сайын Гуанчжоудың 2 миллионнан астам тұрғыны шет елге шығады. Қазақстандық туроператорлар үшін ақпарат!Қытай тарапы біздің туркомпанияларды 2017 жылдың 23-25 ақпанында Гуанчжоуда өтетін Халықаралық GITF туристік көрмесіне қатысуға шақырады. Бұл аймақ ҚХР-ның жылдам дамып келе жатқан және бай провинциясы. 2016 жылы көрмеге 29 мың адам қатысты. Онда 23 мың бизнес кездесулер өтіп, келіссөздер жасалды. Сонымен қатар, әлемнің 45 елі өздерінің туристік әлеуеттерін таныстырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/26195?lang=kk
Министрлік өкілдері Шымкент қаласындағы балаларын жалғыз асырап отырған көпбалалы анаға тез арада мүгедектік алуға көмектесті 10.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті (әрі қарай – ЕӘҚКК) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Шымкент қаласындағы 6 баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Ділбар Құттыбайға жеделтілген тәртіпте мүгедектігін анықтауға көмектесті. Бір жыл бұрын бұл әйелдің бойында қатерлі ісік бар екені анықталған. Ділбар Құттыбайға ота жасалғанымен, ауруы асқына түскен. Дегенмен жергілікті денсаулық сақтау органдары науқас жанды 088-у формасы арқылы мүгедектікті алу жөніндегі мәселені қарастыруға жіберуге асықпаған.Қорғансыз әйелдің тағдыры жайлы БАҚ бетінен белгілі болғаннан кейін, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың тапсырмасымен, ОҚО бойынша ЕӘҚКМ департаментінің мамандары, облыстық онкология диспансерінің дәрігерлерін тарта отырып, медициналық-әлеуметтік сараптаманы бақылау және әдістеме бөлімінде Ділбар Құттыбайға кеңес беру мен тексеру шараларын (088-у формасынсыз) ұйымдастырды. Тексеріс пен медициналық құжаттарды талдау нәтижесінде, емханалық қызмет дәрігерлеріне шұғыл түрде мұқтаж әйелге медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама беру ұсынылды.Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде, тиісті сараптамадағы куәландырудан соң, Ділбар Құттыбайға қатысты 1 жыл мерзімге мүгедектіктің екінші тобы бекітілді.Сонымен қатар, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті тарапынан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігіне, Ділбар Құттыбайға қосымша әлеуметтік қолдау көрсетуге жәрдемдесу өтініші айтылған хат жазылды.Кәуландыру шаралары өткен күннен бастап, көпбалалы анаға, биылғы мамыр айынан төленетін мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындалды. Осылайша, асыраушысынан айырылуға байланысты бес балаға берілетін жәрдемақы мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны қосқанда, төлемдердің жалпы сомасы 98 173 теңгені құрайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/14099?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қоғамдық кеңес мүшелері таңдалады 10.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (әрі қарай – ҚР ЕХӘҚМ) еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау байқауы жарияланды.Қоғамдық кеңесті жұмыс тобы мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар арасынан қалыптастырады. Қоғамдық кеңеске мүшелікке үміткерлерді ұйымдармен қатар, азаматтар өздері ұсына алады.Қоғамдық кеңеске мүше болуға 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматттарының мүмкіндігі бар. Ол сотталмаған, сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған, психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмаған болуы тиіс.Қоғамдық кеңес құрамына коммерциялық емес ұйымдардың ұсыныстары және (немесе) азаматтардың өтініштері жазбаша түрде үміткердің ТАӘ көрсете отырып, кәсіптік және қоғамдық қызметі туралы мәліметі, өмірбаянымен бірге оның жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын кұжаттарымен қоса берілуі қажет. Ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым мен әр азамат бір үміткерден артық ұсына алмайды.Құжаттар 2017 жылғы 16 сәуірге дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, 934-кабинет және келесі электрондық пошта арқылы – s.omarova@enbek.gov.kz.Еске сала кетсек, қоғамдық мәні бар мәселелер жөнінде азаматтық қоғамның ой-пікірін білдіруін, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруін, мемлекеттік органдар басшыларының жария сөз сөйлеуін қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылғы қарашада ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/14078?lang=kk
2018 жылғы қаңтар-тамыздағы ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің артуы байқалды 10.04.2025
ТМД Статкомитетінің деректері бойынша Достастық елдерінде 2018 жылғы қаңтар-тамызда 2017 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,3% артты (2017 жылғы қаңтар-тамызда – 3,5%).Достастық елдерінде тұтыну бағалары 2018 жылғы тамызда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,8% артты (2017 жылғы тамызда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 3,7%), өнеркәсіп тауарларын өндірушілер бағалары 9,6% артты (2017 жылғы тамызда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 3,4%).2018 жылғы қаңтар-тамыз 2017 жылғы қаңтар-тамызға пайызбен Жалпыішкі өнім(тұрақтыбағаларда)Өнеркәсіпөнімі(тұрақтыбағаларда)Жүктасымалдау(құбыркөлігінсіз)Бөлшексаудаайналымы(тұрақтыбағаларда)Өнеркәсіпөнімінөндірушілербағаларыныңиндекстері1)Тұтыну бағаларының индекстері1)Әзербайжан100,7101,9102,4102,7114,199,7Армения108,32)104,4108,2101,795,198,9Беларусь103,7107,1106,0109,4104,0102,9Қазақстан104,22)104,7105,2106,5111,9102,9Қырғызстан99,790,7103,8105,398,798,8Молдова104,52)107,53)113,9107,13)4)99,599,4Ресей101,62)103,1101,8102,7109,7102,4Тәжікстан107,22)112,999,4105,4100,3102,8Түркіменстан106,22)…101,22)5)119,72)6)7)…108,98)Өзбекстан104,92)110,6104,42)104,67)111,78)106,2Украина103,89)102,299,5105,4111,1103,6ТМД бойынша барлығы102,12)103,3103,4103,3109,6102,8Анықтама ТМД:2017 жылғы қаңтар-тамыз 2016 жылғы қаңтар-тамызға102,010)103,5103,1101,1103,411)103,711)1) 2018 жылғы тамыз 2017 жылғы желтоқсанға.2) 2018 жылғы қаңтар-маусым 2017 жылғы қаңтар-маусымға.3) 2018 жылғы қаңтар-шілде 2017 жылғы қаңтар-шілдеге.4) Кәсіпорындардың автомобильдер және мотоциклдерсіз тауар сатудан түскен табыстары.5) Құбырлар бойынша жүк тасымалдауды қоса есептегенде.6) Ағымдағы бағаларда.7) Тамақтандыру кәсіпорындарының айналымын қоса.8) 2018 жылғы маусым 2017 жылғы желтоқсанға.9) 2018 жылғы II тоқсан 2017 жылғы II тоқсанға.10) 2017 жылғы қаңтар-маусым 2016 жылғы қаңтар-маусымға.11) 2017 жылғы тамыз 2016 жылғы желтоқсанға.Ескертпе: Түркменстан, Өзбекстан және Украина бойынша деректер осы мемлекеттердің ұлттық статистикалық қызметтері ресми сайттарынан келтірілген. Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина бойынша ЖІӨ 2008 жылғы ҰШЖ бойынша.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/13945?lang=kk
Болашақ Тобыл қаласын дамыту мәселесі талқыланды 10.04.2025
Қостанай облысындағы бесінші қала - Тобылда жаңа шағынаудандар бой көтереді. Бұл туралы өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен өткен жиында мәлім етілді.Қостанай ауданының әкімі Қайрат Ахметовтің сөзінше, қазіргі Затобол кентінің дамуы үшін әлі бірнеше әлеуметтік нысан тұрғызу қажет. «Бүгінде аудандағы 70 мыңнан астам адамның тең жартысы Затобол, Заречный және Мичурин ауылдарында тұрады. Аталған елді мекендердегі 135 шақырым жолдың 96 шақырымы жөндеуді қажет етеді. Биыл осы мақсатта 500 млн теңге қарастырып отырмыз. Жыл сайын жаяу жүргіншілер жолын салуға 35 млн теңге бөлу керек. 2021 жылға дейін барлық көшеге жарықшамдар орнатылады. Оған бюджеттен 188,5 млн теңге бөлінеді», - деді Қайрат Ахметов өз баяндамасында.Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жол жөндеуге бағытталған қаржыны қолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол тасжолды ресайклинг әдісімен қалыпқа келтіруді ұсынды. Архимед Мұхамбетов айтқандай, соңғы үш жылда ресайклинг әдісімен 100-ден астам көше жөнделген. Биыл болашақ Тобыл қаласында бірнеше шағынаудан пайда болады. Бұған қоса «Северный» шағынауданында құрылысы басталған 11 көпқабатты үй халық игілігіне берілмек. «Қазіргі уақытта «Северныйға» қажетті инфрақұрылым - газ, су, электр жарығы өткізілген. Мұндағы 8 үй несиелік бағытта, қалған 3 үй жергілікті атқарушы органдар қызметкерлеріне тапсырылады. Жаңадан бой көтеретін «Бәйтерек» және «Астана» шағынаудандарында 72 көпқабатты үй тұрғызылады», - деді аудан әкімі. Архимед Мұхамбетов Затобол кентіндегі ескі ғимараттарды сынға алды. Оның сөзінше, тозығы жеткен құрылыс орындары болашақ қаланың дамуына айтарлықтай кедергі келтіреді. «Біріншіден, ғимараттар қаланың көркі десек, оны ретке келтіруді тез арада қолға алыңыздар. Дамуды тежейтін фактордың бірі осы. Әуелі, тұрғын үйлердің қасбетін дұрыстаңыздар. Үйлердің сырты бір түсті болсын. Аудан орталығында заңсыз салынып жатқан құрылыс нысандары бар. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды. Иесіз тұрған ғимараттарды пайдаланбасаңыздар, мемлекеттің меншігіне өткізу қажет», - деп ескерту жасады өңір басшысы. Облыс әкімі аудан орталығында спорт алаңдарын көбірек салуды тапсырды. А.Мұхамбетов мемлекеттік қызметшілерге жаңа ғимарат салу туралы аудан әкімінің ұсынысын қолдаған жоқ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/13929?lang=kk