Enbekshi QazaQ

Әлем

Тобылда 91 отбасы жаңа баспанаға ие болды 29.03.2025
Наурыз мейрамы қарсаңында Қостанай ауданында жаңа пәтерлердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Мемлекеттік тұрғын үй саясаты аясында 91 отбасы көптен күткен баспанасына қол жеткізді.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жаңа қоныстанушыларға кілттерді табыстап, халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.Өңірдегі тұрғын үй құрылысын дамытуМемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде халықты тұрғын үймен қамтуға бағытталған бағдарламалар белсенді түрде жүзеге асырылуда. 2024 жылы Қостанай облысында 500 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, нәтижесінде 5 мыңнан астам отбасы жаңа баспаналы болды.Сонымен қатар, өңірде жалдамалы тұрғын үйді сатып алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2024 жылы бұл мақсатқа 18 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, 940 пәтер сатып алынды. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 5,7 есе көп.Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Биыл кезекте тұрған азаматтар үшін 1 000 пәтер және 253 несиеге берілетін баспана сатып алу жоспарланған, оның ішінде Қостанай ауданының тұрғындарына 100 пәтер бөлінеді.Жаңа шағын аудандар – жаңа мүмкіндіктерӨңірдің дамуындағы маңызды қадам – «Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандарының құрылысы. Мұнда 154 көпқабатты тұрғын үй салынып, 60 мыңға жуық адамды баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Жалпы 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі.Жөндеуі толық аяқталған жайлы пәтерлерТобыл қаласында табысталған пәтерлер тұрғындардың жайлы өмір сүруіне толықтай дайын. Жаңа тұрғын үйде 40 шаршы метрден асатын бір бөлмелі пәтерлер мен 90 шаршы метрге дейінгі кең үш бөлмелі пәтерлер қарастырылған.Жаңа қоныс – жаңа бастамаҚоныс той иелері үшін бұл күн ерекше қуанышқа толы болды. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жаңа тұрғындарды құттықтап, олардың жаңа үйлерінде әрдайым бейбітшілік, жылулық және береке орнасын деп тіледі.«Наурыз – жаңару мен үміттің, жарқын болашақтың мерекесі. Ол әр шаңыраққа молшылық, бақыт және келісім әкелсін!» – деп атап өтті өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/960373?lang=kk
Ынтымақтастық перспективалары: Қостанай облысында вагон жөндеу депосын салу мүмкіндігі талқыланды 29.03.2025
Қостанай облысында өңір әкімі Құмар Ақсақалов пен WEINENGDA IMPORT AND EXPORT (HUBEI) CO., LTD компаниясының өкілдері арасында кездесу өтті. Қытай тарапынан компанияның вице-президенті Ли Шан Фин ханым қатысты. Келіссөздер барысында Бейімбет Майлин ауданына қарасты Тобыл кентінде вагон жөндеу депосын салу мүмкіндігі талқыланды. Құмар Ақсақалов Қостанай облысының үш негізгі бағытта дамып келе жатқанын атап өтті:•автомобиль өнеркәсібі,•қара металлургия,•ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу. Бұл салаларды тиімді дамыту үшін заманауи көлік-логистикалық инфрақұрылым қажет. Егер жоба жүзеге асса, вагон жөндеу депосы өңірдің теміржол жүйесінде маңызды буынға айналып, жылжымалы құрамды техникалық жөндеумен қатар, теміржол көлігіне арналған қосалқы бөлшектерді өндіруді қамтамасыз ететін болады. Қостанай облысы өз индустриялық әлеуетін нығайтып, стратегиялық маңызы бар жобаларға инвесторларды белсенді түрде тартуды жалғастыруда. Қытайлық серіктестермен ынтымақтастық мәселелері талқылану үстінде, ықтимал әріптестіктің шарттарын егжей-тегжейлі пысықтау жұмыстары жүргізілуде. Өңір басшылығы жаңа жұмыс орындарын құратын, облыс экономикасын нығайтып, оның инвестициялық тартымдылығын арттыратын заманауи өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық нысандарды дамытуға мүдделі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/960370?lang=kk
Қазақстан – өңірдегі инвестиция тарту бойынша көшбасшы 29.03.2025
Соңғы жылдары Қазақстан шетелдік инвестицияларды тарту бағытында айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп, елдің халықаралық аренадағы позициясын нығайтуда. Инвестициялық қолайлы ахуалды қалыптастыру және ірі халықаралық жобаларды іске асыру – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі. Қабылданған шаралар инфрақұрылымды дамытуға, стратегиялық экономикалық салаларды қолдауға және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында елдің экономикалық дамуы үшін инвестициялар тартудың маңыздылығын атап өтті: «Дүние жүзінде инвестицияға талас өршіп тұрған кезде елге қаржы тарту үшін «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасы бойынша шешім қабылдау – ең қажет шара».ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2024 жылдың тоғыз айында тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы ағыны 12,7 млрд АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар БҰҰ Азия мен Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссияның (UN ESCAP) мәліметтері бойынша 2024 жылы Қазақстанда 15,7 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі жаңа жобаларға инвестиция тартылып, 2023 жылмен салыстырғанда 88%-ға өсті. Бұл Солтүстік және Орталық Азия өңіріндегі барлық инвестициялардың 63%-ын құрайды.2024 жылы шетелдік инвесторлар жалпы құны 1,3 млрд АҚШ долларын құрайтын 45 жобаны жүзеге асырды, бұл 6 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Маңызды жобалардың ішінде құны 50 млн АҚШ долларын құрайтын «Carlsberg» өндірістік алаңының ашылуын, инвестиция көлемі 450 млн АҚШ долларын құрайтын және 1000-нан астам жұмыс орнын ашатын вольфрам кенін қайта өңдеу бойынша «Жетісу Вольфрамы» зауытының бірінші кезеңінің іске қосылуын атап өтуге болады. Сондай-ақ Шымкентте «WAN SHENG CERAMIC» керамикалық плиткаларын өндіру және Қостанай облысында «SKODA» және «HONGQI» маркалы автокөліктерін ірі тораптық өндіру бойынша зауыттар ашылды. Алматы облысында жергілікті ауыл шаруашылығын қолдау аясында 160 млн АҚШ доллары көлеміндегі «PepsiCo» компаниясының жобасы да ерекше маңызға ие.2024 жылы Мемлекет басшысының сапарлары аясында экономиканың негізгі салаларында бірқатар құжаттарға қол қойылды. «Power International Holding» катарлық компаниясы «Tele2», «Altel» және «Bereke Bank» сатып алу бойынша мәмілелерді аяқтады. «UCC Holding» араб инвесторы «КС-14» жаңа компрессорлық станциясын, «КС-14-Ақтөбе-Қостанай» магистральдық газ құбырын және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жобаларын іске асыруда. Бұл жобалар инфрақұрылымды дамытуға және өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Бұдан басқа «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі, «Hassad Food» және «Tiryaki Agro» жобалық қуаты жылына 250 мың тоннаға дейін бидай және 100 мың тоннаға дейін бұршақ өндіретін Астанада астық өңдеу зауытын салу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Автомобиль жасау саласында 2025 жылы автомобиль өндірісін бастауды жоспарлап отырған «KIA», «Changan», «Haval» және «Chery» компанияларымен бірлескен жобалар ерекшеленеді.Қазақстан Үкіметі реттеуші шаралардың ашықтығын арттыра отырып, жүйелі кедергілерді жою және инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша белсенді жұмыс істеуде. Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтары бар басым тауашалардағы өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, «инвестицияларға тапсырыс беру» негізінде таргеттелген тәсілді қоса алғанда, инвестициялар тарту саласында жаңа тәсілдер енгізілді.Инвестициялық штабтың жұмысы 50 млрд АҚШ долларынан астам сомаға жобалар бойынша инвесторлардың 115 проблемалық мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. Оның көмегімен 2,3 миллиард АҚШ долларын құрайтын алты инвестициялық келісімге қол қойылды, ал 2025 жылдың басынан екі келісімге қол қойылды және жалпы сомасы 7,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын жеті келісім бойынша жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы мониторингінің ашықтығын, мәселелерді жедел шешуді және инвесторлар үшін кедергілерді азайтуды қамтамасыз ететін Ұлттық цифрлық платформа іске қосылды.Бұл жетістіктер Қазақстанның қолайлы инвестициялық ахуал құруға және халықаралық аренада сенімді серіктес ретіндегі өз ұстанымын нығайтуға ұмтылысын айғақтайды.Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/960360?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karasy-karasy/press/news/details/961663?lang=kk
Алтай ауданының мәслихатының тұрақты комиссияларының жұмыс отырысы 2025 жылғы 26 наурызға сағат 14-00-ге ауыстырылады, «Алтай ауданының әкім аппараты» ММ ғимаратында өтеді. 29.03.2025
Алтай ауданының мәслихатының тұрақты комиссияларының жұмыс отырысы 2025 жылғы 26 наурызға сағат 14-00-ге ауыстырылады, «Алтай ауданының әкім аппараты» ММ ғимаратында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/960295?lang=kk
Қазақстан мен Латвия туризм саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады 29.03.2025
Рига, 2025 жылғы 18 наурыз – Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Riga Investment and Tourism Agency қалалалық агенттігі басшысымен кездесу өткізді.Сұхбат барысында туристік инфрақұрылымды дамыту және осы салаға инвестициялар тарту тәжірибесімен бөлісуге ерекше назар аударылды.  Табысты латвиялық тәжірибелерді Қазақстанға бейімдеу мүмкіндіктері және керісінше қазақстандық тәжірибелерді Латвияға бейімдеу, туристік бағыттарды дамытуға арналған цифрлық құралдарды және жеке бизнесті қолдау шаралары да талқыланды.Елші Қазақстанның туристік индустрияны белсенді дамытып отырғанын және шетелдік серіктестерге бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін ыңғайлы шарттар ұсынуға дайын екенін білдірді. Қазақстандағы  туристік саланың күрт өскенін атап өтіп, бұл халықаралық ынтымақтастықтың нығаюына және туристік ағынның артуына ықпал ететіндігін жеткізді.Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/960227?lang=kk
19 наурыздан бастап СӘИЖ салық төлеушінің кабинеті арқалы жаңа есептіліктер нысандары қолжетімді 29.03.2025
Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүргізілуде.      2025 жылғы 19 наурыздан бастап СӘИЖ СТК-не келесі салық есептіліктер нысандары табыс етуге қол жетімді болады:00 СЕН – Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары есебі;04 СЕН – Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі;00 СЕН – Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі;00 СЕН – корпоративтік табыс салығы бойынша декларация.      СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.      СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған      Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз:knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;СӘИЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып Қолдау қызметіне хабарласа аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/960222?lang=kk
Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесінде оңалту және банкроттық процестерін автоматтандырды 29.03.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» жаңа ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – СӘИЖ) іске қосу шеңберінде «Оңалту және банкроттық» (бұдан әрі-ОжБ) оңалту және банкроттық рәсімдерінің бизнес-процестерін цифрландыруды көздейтін модулі енгізіліп, іске қосылғанын, сонымен қатар, сондай-ақ уәкілетті органмен және кредиторлармен электрондық түрде өзара іс-қимыл жасау мақсатында рәсімдер әкімшілері үшін жұмыс орны құрылған «Салық төлеуші кабинеті» (бұдан әрі – СТК) ішкі жүйесі іске асырылды және іске қосылғанын хабарлайды.      Бұл ішкі жүйесінде ақпараттық хабарламалар қалыптастыру және МКО-на жіберу, кредиторлардан талаптарды электронды түрде қабылдау және оларды қарау, бақылау субъектісіне бармай-ақ профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаларды, хабарламаны орындамау туралы шешімдерді, бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау (әкімші) нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаларды электрондық түрде алу, банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, борышкерлерге қатысты осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы ақпарат алу,  кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру және МКО-на жіберу, электронды түрде ағымдағы есептерді алу және т.б. функционалдар іске асырылған.      2024 жылдың 7 қазанынан бастап банкроттық және оңалту рәсімдерінің әкімшілеріне https://knp.kgd.gov.kz ішкі жүйесінде есептерді тіркеу және ұсыну мүмкіндігі берілген.     Электрондық құжат айналымы әкімшілер мен уәкілетті орган арасындағы өзара іс-қимылды түбегейлі жақсартуға және жеделдетуге, есептерді тәуліктің кез келген уақытында, мемлекеттік кірістер органына келмей-ақ жіберуге, есептерді электронды түрде сақтауға мүмкіндік береді.      Бұл ішкі жүйе жаңа бағдарламалық өнім екенін ескере отырып, Комитет салық төлеушілерге практикалық және әдістемелік қолдау көрсетудің келесі жолдарын ұсынады:+7(7172)73-55-11 және +7(705)956-53-71 телефондары бойынша тұтынушыларды қолдау;«Қолдау-кері байланыс» бөлімінде СТК СӘИЖ тікелей сұрау жіберу мүмкіндігі. Жауап профиліңізде көрсетілген электрондық пошта мекенжайыңызға жіберіледі. Сондай-ақ, сұрауыңызды СТК СӘИЖ қолдау қызметінің knpsd@ecc.kz электрондық поштасына жіберуге болады;СТК СӘИЖ жұмыс істеу нұсқаулары тікелей СТК СӘИЖ Қолдау – Анықтама – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналасқан. 1. +7(7172)73-55-11 және +7(705)956-53-71 телефондары бойынша тұтынушыларды қолдау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/960213?lang=kk
Алматы облысында NEEТ жастарының саны 26 мыңға дейін азайды 29.03.2025
Алматы облысында жастарды жұмыспен қату деңгейі жоғары. Өткен жылы 24 932 жас жұмысқа тұрған. Осылайша, NEEТ санатындағы жастар саны 26 186 адамға дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 46 мыңды көрсеткен еді.Алматы облысы жастар саясаты басқармасының басшысы Мади Ахметовтың айтуынша, бұл жұмыстар Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жалғасын табады.Бас құжатта көрсетілген 7 негізгі бағыт бойынша Алматы облысында арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген. Соның ішінде NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру  жұмысына ден қойылған.«Биыл сауда орындарында  ресми тіркеусіз жұмыс жасап жүрген жастарға басымдылық берілетін болады. Облыс аймағындағы барлық сауда-саттық орындарының басшылығымен тиісті жұмыстар жүргізіледі. Аталған бағыт бойынша кемінде 500 жастың еңбек қатынасын ресми тіркейтін боламыз»,-дейді Алматы облысы жастар саясаты басқармасының басшысы Мади Ахметов.Ресми деректерге сүйенсек, өткен жылы 217 жұмыссыз жас кәсіптік дағдыларын қалпына келтіру үшін,, ал 1267 адам «Бастау бизнес» жобасы аясында  қысқа мерзімді оқудан өткен.  Бүгінгі күні 88 жастың бизнес-идеялары қолдау тауып, 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болған жайы бар.«Қазіргі таңда облыста 2025 жылға жұмыс орындарын құрудың Өңірлік картасы бекітілді. Құжатқа сәйкес, 60 230 жұмыс орыны құрылса, 18 744 жас жұмысқа тартылады деп жоспарланған»,-дейді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Жансерік Адиахметов.Жастар саясаты төңірегіндегі кешенді шаралар мұнымен шектелмейді.  Биыл «Сақтан» және «Адал адам – адал еңбек» жобалары іске асатын болады.Бұдан бөлек, жастарға заманауи ХАБ ашу көзделген. Жоспарды жүзеге асыруға демеушілер ықпал етпек. Соның нәтижесінде Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округіндегі  мәдениет үйі қайта жаңарып, жастарға арналған бірегей орталыққа айналмақ.«Жалпы, биыл  жастарды қолдауға бағытталған 12 тармақтан тұратын кешенді жоспар бекітілді. Жыл соңына дейін барлық шаралар аясында тікелей 100 мың жасты, жанама түрде 300 мың жасты қамту көзделіп отыр»,-деп қорытындылады Мади Ахметов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almoblzhastary/press/news/details/960173?lang=kk
Қармақшыда ұлттық киімдер шеруі өтті 29.03.2025
Бүгін «Наурызнама» тұжырымдамасының онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киімдер күніне орай аудандық орталық алаңда ұлттық киімдер шеруі өтті.Мерекелік шарада халқымыздың ұлттық киім үлгілері насихатталып, сән-салтанаты жарасқан ерекше көрініске айналды. Шеруді аудан өнерпаздары әсем әнмен ашып, кішкентай биші бүлдіршіндер ұлттық биімен әрледі. Олардың ізін ала кимешек киген әжелер мен шапан жамылған ақсақалдар жүрсе, ұлттық киімдегі қыз-жігіттер қазақтың бай мұрасын паш етті.Бұл мерекелік шеру ата-бабамыздан қалған рухани мұраны жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Ұлттық киімдер күніне арналған шара аудан тұрғындарының ерекше қызығушылығын тудырып, ұлттық дәстүрге деген құрметін арттыра түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/960161?lang=kk
Құрметпен зейнетке шығарып салды 29.03.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Қармақшы аудандық статистика бөлімінің басшысы Таңбаев Кенжебек Ерманұлын арнайы қабылдап, зейнет жасына шығарып салды.«Кенжебек Ерманұлы – өз ортасында сыйлы, елдің ықыласына бөленген абыройлы азамат. Еңбек жолын құрылыс саласында құрылыс шебері, автомеханик болып бастап, әртүрлі жауапты қызметтерді 41 жыл бойы абыроймен атқарып келеді. Оның ішінде, мемлекеттік қызмет саласында және Қармақшы ауылдық округінің әкімі болып еңбек етсе, кейінгі 15 жылында аудандық статистика бөлімін басқарып, табысты қызмет атқарды.Кенжебек Ерманұлы – жауапкершілігі мол статистика саласына саналы ғұмырын арнап, кәсіби біліктілік пен адал еңбектің жарқын үлгісін көрсетті», – деді аудан басшысы.Жиын барысында Жандос Еркінбек ұзақ жылдар бойы ауданға сіңірген еңбегі үшін Кенжебек Ерманұлын ауданның ең жоғары марапаты – «Құрмет грамотасымен» марапаттады.Сондай-ақ аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және кеңес мүшесі Қаршыға Есдәулетов сөз алып, ардагер маманның абыройлы еңбек жолын атап өтіп, жылы лебіздерін білдірді.Өз кезегінде Кенжебек Ерманұлы көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, алғыс сөзін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1049877?lang=kk
Қармақшыда «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні өтті 29.03.2025
Наурыз – жаңару мен бірліктің, салт-дәстүрдің ұлықталатын мейрамы. Осыған орай Қармақшы ауданында Наурызнама онкүндігі аясында 17 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні кең көлемде ұйымдастырылды. Ұлттық дәстүр мен мәдениетті насихаттауға бағытталған мерекелік іс-шараға аудан тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналып, мейрамды ерекше көңіл-күймен қарсы алды.Аудандық орталық алаңда ұлттық дәстүрлерден театрландырылған көріністер қойылып, көпшілік назарына халқымыздың бай мұрасынан сыр шертетін көріністер ұсынылды. «Бесікке салу», «Қыз ұзату», «Беташар» дәстүрлері сахналанып, қазақы жөн-жоралғы көріністерімен ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, ұлттық өнерді дәріптеген қыз бен жігіт айтысы ұйымдастырылып, тыңдармандардың ықыласына бөленді.Жас бүлдіршіндер қазақтың мың бұралған билерін билеп, аудан өнерпаздары әсем әндерімен мерекенің шырайын аша түсті. Жастар жағы алтыбақан теуіп, ұлттық ойындар ойнап, думанды кештің ажарын кіргізді. Келушілерге арналып кең дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы сөз сөйлеп, тұрғындар мен қонақтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шегебай Құндақбаев көпшілікті береке мен ынтымаққа шақырып, ақ батасын берді.Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары ардагерлермен бірге аудандық ауруханаға барып, «Шаңырақ күні» дүниеге келген сәбилердің аналарына аудан әкімінің құттықтауын табыстап, оларға ізгі тілектерін жеткізіп, баталарын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/960148?lang=kk
Ағымдағы жалдың 18 наурызында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен Департамент жанындағы мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. 29.03.2025
Отырыс барысында 2024 жылға жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингтің нәтижелері талқыланып, заңды тұлғалар және олардың өкілдіктерін тіркеу саласындағы заңнаманың нормалары түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/960140?lang=kk
Нұрдәулет Қилыбай қарттар үйіндегі аналарға құрмет көрсетті 29.03.2025
Нұрдәулет Қилыбай қарттар үйіндегі аналарға құрмет көрсетті7 наурыз күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласындағы №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, ондағы қарт аналарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.Өңір басшысы өз сөзінде аға буынға құрмет көрсету – өскелең ұрпақтың басты міндеті екенін атап өтті.-Бүгін көктемнің шуақты күнінде, ардақты аналарымыздың мерекесінде сіздерге көңіл-күй сыйлау үшін арнайы келдік. Қазыналы қарттарымызға әрдайым қамқорлық жасау біздің басты парызымыз. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық тілеймін! — деді Нұрдәулет Қилыбай.Кездесу қарияларға арнайы дайындалған шағын мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Орталықтағы ата, әжелер өнерпаздармен қосыла ән шырқап, би биледі. Мерекеде қуаныш сыйлап, жандарын жадыратқан өңір басшысы бастаған азаматтарға алғыстарын айтып, баталарын берді.Айта кетейік, 1990 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл орталықта бүгінде 104 адам тұрақты күтім мен әлеуметтік қызмет алады. Олардың қатарында зейнеткерлер, І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар бар.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc/press/news/details/960127?lang=kk
32 сотталушыға колониялардағы бейнебақылауды бұзғаны үшін қосымша бас бостандығынан айыру мерзімдері тағайындалды. Тағы 18 іс тергелу үстінде. 29.03.2025
2024 жылғы шілде айында  пенитенциарлық мекемелерде бейнебақылау жабдықтарының бүлінгені үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді.Бұған қосымша сотталғандардан бейне жүйенің зақымдануынан келтірілген залал өндіріліп алынады.Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін колонияларда сотталғандар үшін көрнекі сот процестері ұйымдастырылған.Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жаппай бейнебақылау жүйесін енгізу жобасы аяқталды. Республика колонияларында бейнелері  ҚАЖ комитеті мен Бас прокуратураның жүйелеріне нақты уақыт режимінде жағдайды мониторингілеу үшін интеграцияланған 39 мыңнан астам бейнекамералар орнатылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/960120?lang=kk
8-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткен «Jasandy Intellekt-2025» облыстық конкурсының қорытындысы 29.03.2025
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 20 ақпан мен 19 наурыз аралығында облыс мектептерінің оқушылары арасында «Jasandy Intellekt-2025» облыстық конкурсын қашықтықтан өткізді.Жасанды интеллект – бұл адамның когнитивті функцияларына ұқсатуға (алдын ала белгіленген алгоритмсіз өзін-өзі оқытуды және шешім іздеуді қосқанда) және нақты тапсырмаларды орындау кезінде, кем дегенде, адамның зияткерлік іс-әрекетінің нәтижелерімен салыстырылатын нәтижелер алуға мүмкіндік беретін технологиялық шешімдер жиынтығы. Технологиялық шешімдер кешеніне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым, бағдарламалық жасақтама (оның ішінде машиналық оқыту әдістері пайдаланылады), деректерді өңдеу және шешімдерді іздеу бойынша процестер мен сервистер кіреді. Байқаудың негізгі мақсаты балалар мен жастар арасында жасанды интеллект технологияларын, жобалау қызметі мен ғылыми-техникалық шығармашылықты насихаттау болып табылады. Конкурсқа 9 конкурстық өтінім ұсынылды.Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:Бірінші орын- Ақжолтаева Айзере Асхатқызы, Ұлан ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» КММ, 9 сынып.Екінші орын- Звонов Артур Нурланович, Өскемен қаласы, «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, 8 сынып.Үшінші орын – Даниярова Айсұлу Данияровна, Жұмағазы Әдия Азаматқызы, Өскемен қаласы, «Оралхан Бөкей атындағы №44лицейі» КММ, 10 сынып.Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз және бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/960108?lang=kk
Педагогтерге аттестаттаудан өткізудің жаңа ережелері мен шарттарын түсіндіру жұмыстары 29.03.2025
2025 жылғы 17 наурызда ШҚО кәсіптік білім беру орталығы ҚР ОАМ 2025 жылғы 25 ақпандағы № 32 бұйрығына сәйкес педагогтерді аттестаттаудан өткізудің жаңа ережелері мен шарттарын түсіндіру бойынша облыс әдіскерлерімен және педагогтерімен ZOOM конференциясын өткізді.Онлайн кездесу барысында қатысушыларға педагогтерді аттестаттау ережелеріне енгізілген негізгі толықтырулар түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/960104?lang=kk
"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, психоактивті заттарды қолданудың алдын алу"тақырыбында аудандық конференция 29.03.2025
2025 жылғы 18 наурызда Молодежный кентінде "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, психоактивті заттарды қолданудың алдын алу" тақырыбында профилактика жүйесінің барлық субъектілерімен бірлескен аудандық жыныстық қол сұғылмаушылық жоспарын іске асыру шеңберінде аудандық конференция өтті. Конференцияның мақсаты: білім алушыларда өз проблемаларын шешу немесе бос уақытын өткізу тәсілі ретінде психоактивті заттарды қолдануға қатысты тұрақты теріс көзқарасты қалыптастыру. Форумды Осакаров ауданы әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы Д.К. Көшкенова ашты.Форумға қорғаншылық және қамқоршылық органдары, полиция бөлімі, орталық аудандық аурухана, мәдениет бөлімі, "Бұйратау" музейінің өкілдері, Шабыт, БЖСМ басшылары, білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп директорлары, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері, мектеп ата-аналары, 5-11 сынып оқушылары қатысты.Конференцияға қатысушылар саны: 215 адам.Білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты тиімді ұйымдастырғаны үшін ауданның білім бөлімінің басшысы А.И. Ақмағанбетова атынан Осакаров ауданының жастар АПБ ББ жергілікті полиция қызметі тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Хишин Абай Бауыржанұлына және "Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ директоры Мақпал Баткенқызы Мусиповаға алғыс хаттар табыс етілді.Сонымен қатар, осы конференция аясында балаларды бос уақыттың әртүрлі түрлеріне тарту мақсатында салтанатты бөлімнің соңында экскурсиялар ұйымдастырылды: 1. Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мұражайы. 2. Осакаров ауданы Молодежный кентінің БЖСМ 3. Шабыт қосымша білім беру орталығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/960098?lang=kk
Реабилитационные мероприятия для детей с инвалидностью после проведенной операции по кохлеарной имплантации 29.03.2025
Мүгедектігі бар балаларға кохлеарлық имплантация операциясынанкейінгі оңалту бойынша  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығына сәйкес, кохлеарлы имплантациядан кейінгі алғашқы бес жылдың ішінде (яғни, 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейін операция жасалған балаларға) баланың сөйлеу және есту қабілетін одан әрі бейімдеу үшін Алматы қаласында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде кохлеарлы имплант жүйесі орнатылған балаларға бірге еріп жүретін ата-анасы немесе қамқоршысы тәулік бойы есту-сөйлеу қабілетін оңалтуды жүргізіледы.Орталықта есту-сөйлеу қабілетін жақсарту үшін сурдопедагог, логопед, психолог, невропатолог және оториноларинголог (сурдолог) дәрігер сынды кәсіби мамандар жүргізеді. Сондай-ақ оңалту іс-шараларын жүргізу барысында кохлеарлық имплантациясы бар балаларға қажет болған жағдайда сөйлеу процессорларын күйге келтіруге көмек көрсетіледі (жол жүру темір жол бойынша қатты плацкарт вагонының тарифі бойынша өтеледі). Аңықтама үшін: Ақтау қ.  13 ш/а  БО «НУР», тел. 605253   фото https://www.dramedical.ru/news/kohlearnyj-implantat-pri-tyazhelyh-narusheniyahАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc/press/news/details/960078?lang=kk
Allianz халықаралық рейтингіндегі Қазақстандық зейнетақы жүйесінің орны жоғарылады 29.03.2025
Сақтандыру саласындағы Allianz[1] жетекші компаниясы өзінің Allianz зейнетақы индексін (Индекс) пайдалана отырып, 71 елдің зейнетақы жүйесі талданған жаһандық зейнетақы есебінің жаңа басылымын шығарды. Онда Қазақстан Австрия, Испания, Чили, Сингапур, Гонконг, Қытай және басқа да көптеген елдерден озып, 26-орынға орналасты (2023 жылы Қазақстан Индекстегі 75 елдің ішінде 34-орынға ие болған еді).Allianz зейнетақы индексі (API) зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы мен тұтастығын кешенді бағалауға негізделген. Ол үш ішкі индекстен және 1-ден 7-ге дейінгі шәкіл бойынша бағаланған 40 түрлі өлшемнен тұрады, мұндағы 1 ең жақсы нәтижені білдіреді. Қазақстанның зейнетақы жүйесінің API индексі - 3,5 балл. Демографиялық өзгерістердің қарқынын, мемлекеттік қарызды және жалпы өмір сүру деңгейін бағалайтын бірінші суб-индекс бойынша Қазақстанның жинаған ұпайы 4,1 балға жетті (2023 жылы – 3,5 балл). Бұл көрсеткіш БАӘ-де (2,3 балл), Австралияда (2,6 ұпай) және Израильде (2,9 ұпай) жоғары.Зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын бағалайтын екінші суб-индекс бойынша Қазақстан 3,6 балл жинады (2023 жылы – 3,6 балл). Бұл суб-индекстегі ең жақсы нәтижелерді Индонезия, Дания және Болгария (2,1-ден 2,3-ке дейінгі ұпайлармен) негізінен зейнет жасын ұлғайту және олардың зейнетақы жүйелеріне қор құрамдауышын енгізу арқылы қол жеткізді.Зейнетақы жүйесінің қарттық кезеңде өмір сүрудің лайықты (жеткілікті) деңгейін қаншалықты қамтамасыз ете алатынын бағалайтын үшінші суб-индекс бойынша қазақстандық зейнетақы жүйесі 3,2 балл (2023 жылы – 3,3 балл) жинады. Дания, Нидерланды және Жаңа Зеландия - осы рейтингтің көшбасшылары (ұпайлары 1,7-ден 2,0-ге дейін), олар зейнетақы жүйесінің екінші және үшінші деңгейлерінің мықты қор құрамдауыштарына ие. Есепке сай, барлық талданған зейнетақы жүйелері бойынша орташа балл 3,7 болды. Allianz нұсқасы бойынша зейнетақы жүйесі ең жақсы ел – Дания. 2023 жылы да осы ел көшті бастаған еді, жинаған ұпай саны - 2,3. Екінші және үшінші орында - Нидерланды мен Швеция (2,6 балл), одан әрі Жаңа Зеландияны ығыстырып, 2,7 балл жинаған Жапония төртінші орынға жайғасты. Жаңа Зеландия 2,8 балл, Израиль - 3, Австралия, Ұлыбритания, Норвегия және АҚШ - 3,2 балл жинады.Рейтингтегі ең төменгі орындарды Марокко, Үндістан, Лаос, Малайзия, Шри-Ланка елдерінің зейнетақы жүйелері алады (4,5-тен 5 ұпайға дейін). Бұл елдерде халықты зейнетақы жүйесімен қамту мәселесі аса өткір боп тұр, себебі - бейресми жұмыспен қамту басым.Есепте халықтың қартаю мәселесіне ерекше назар аударылады. БҰҰ-ның соңғы болжамдарына сәйкес алдағы 25 жыл ішінде 65 және одан жоғары жастағы адамдардың саны 2 есеге жуық, яғни қазіргі 857 миллионнан 2050 жылы 1 578 миллионға дейін өсетіні атап өтілген. Бала туу деңгейінің төмендеуі еңбекке қабілетті жастағы халық санының өсуін баяулатып, ғасырдың ортасына қарай 15 пен 64 жас аралығындағы әрбір 100 адамға 65 жастан асқан 26 адам келетін болады. Ал қазіргі уақытта бұл көрсеткіш саны 16 адамға тең. Бүкіл жер шарының 75% құрап, талдауға түскен 71 елдегі туу деңгейі Гонконгтағы бір әйелге 0,7 баладан, Нигерияда 4,4 балаға дейін құбылып отырады. Бұл елдер, сондай-ақ, өмір сүру ұзақтығының да жоғарғы және төменгі шектерін көрсете алады. Гонконгта - орта есеппен 85,6 жыл болса, Нигерияда - 54,6 жыл. Зейнет жасындағы адамдардың еңбекке қабілетті жастағы 100 адамға шаққандағы санын көрсететін демографиялық жүктеме коэффициентінің (ДЖК) көрсеткіштері әр елде әртүрлі. Индустриалдық жағынан дамыған елдердің көпшілігінде ДЖК-ның жалпы деңгейі алаңдаушылық тудырса, көптеген дамушы елдерде жылдам қартаю қарқыны алаңдаушылыққа себеп болып отыр. Қартаю қарқыны ең жылдам елдер - Гонконг, Оңтүстік Корея, Тайвань және Сауд Арабиясы. Десек те, 2050 жылы әлемдегі ең «кәрі» 20 ел негізінен ЕО-ға мүше елдерден тұратын болады: Италия, Испания, Греция және Португалия елдерінде ДЖК 60% асады. Нигерия, Кения және Пәкістандағы туу деңгейі әлі де жоғары, ал өмір сүру ұзақтығының салыстырмалы түрде төмен болуына орай, халқы ең жас мемлекеттер қатарында болады.Allianz сарапшылары демографиялық өзгерістердің зейнетақы жүйесіне тигізетін кері әсерін азайтудың бір жолы - мемлекеттік зейнетақы жүйесін жинақтаушы құрамдауышпен толықтыру екенін атап көрсетті.Есепте, сонымен қатар, зейнетақы жүйесінің негізгі мақсаты  - қарттық шақтағы ұзақ өмір сүру мен кедейлік қаупінен қорғау, сондай-ақ қарттықта лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету екендігі ескертілген. Сондықтан зейнетақы жүйелерін реформалау немесе құру кезінде саясаткерлер олардың ұзақ мерзімді тұрақтылығын ғана емес, сонымен бірге олардың лайықтылығын да ескеруі керек. Егер мемлекеттік зейнетақы жүйелері қария шақтағы лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алмаса, онда салық салу жоспарында қосымша жеңілдіктер қарастырылып, мемлекет субсидия бөлетін зейнетақы өнімдері, кәсіби және жеке зейнетақы жоспарлары қолжетімді болуы тиіс.Зейнетақы жүйесінің лайықтылығы тұрғысынан реформалауды аз дәрежеде қажет ететін елдер - Дания, Нидерланды және Жаңа Зеландия. Бұл елдерде қазірдің өзінде қосымша кәсіби жинақтау бағдарламалары мен жеке зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақы жүйелерінің негізгі элементі болып табылады.Зейнетақы жүйелерінің лайықтылығы, сондай-ақ, кірісті алмастыру коэффициентімен (КАК) де анықталады. Талдауға алынған елдердің мемлекеттік зейнетақы жүйелеріндегі орташа жалпы КАК 53% тең. Бұл ретте коэффициенттер Оңтүстік Африкада 8%-дан Бразилияда 88%-ға дейін өзгереді. Қазақстандағы КАК 2024 жылдың қорытындысы бойынша 41% көрсетті. Алайда, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) зейнетақы реформаларына байланысты кейбір еуропалық мемлекеттердегі зейнетақы төлемдерінің деңгейі жарналарды 30 жыл бойына жүзеге асырғаннан кейін кірістің ұсынылып жүрген 40-45% ең төменгі деңгейінен де азаю қаупі бар екенін атап өтті. Бұл зейнетақы жүйелерінің қосымша жинақтаушы деңгейлерін шұғыл нығайту қажеттілігін растайды.Allianz есебінде мемлекеттік зейнетақы жүйелері туу коэффициентінің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының артуы жағдайында демографиялық қиындықтарды жеңе ала ма деген сұрақ қойылған. Әртүрлі елдердің зейнетақы жүйелерін жан-жақты талдау нәтижесінде еңбекке қабілетті халықтың жарналары қазіргі зейнеткерлердің зейнетақысын қаржыландыруға пайдаланылатын "pay-as-you-go" (тарату жүйелері) қағидаты бойынша қаржыландырылатын жүйелер ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылықты және қарттық шақта лайықты зейнетақы төлемдерімен қамсыздандыра алатын жақсы өмір сүру деңгейіне кепілдік бере алмайды деген қорытынды жасалды.Міндет - зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы мен лайықтылығын қамтамасыз ету және зейнетақыны жинақтаушы құрамдауыш есебінен қосымша қаржыландыру үшін қажетті жағдайлар жасау арасындағы теңгерімді табу. Сонымен қатар, егде жастағы жұмысшыларға еңбек қызметін жалғастыруға мүмкіндік беру мемлекеттік зейнетақы жүйелерінің тепе-теңдігін сақтау үшін де маңызды.Осылайша, есепте "мінсіз" зейнетақы жүйесі – бұл мемлекеттік зейнетақы жүйесі (pay-as-you-go) мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі арасындағы дұрыс теңгерім деген қорытынды жасалған. Осы екі құрамдауышты біріктіретін елдердің демографиялық өзгерістерге және зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді келешектегі тұрақтылығы мен зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігін қамтамасыз етуге дайындығы жақсы болмақ. Алайда, жұмысы тиімді еңбек нарығы кез келген зейнетақы реформасын сәтті іске асыру үшін қажетті шарт болып табылады, бұл дамушы нарықтардағы ресми жұмыспен қамту үлесінің ұлғаюын және еңбек нарықтарының өндірісі дамыған елдердегі қартайған жұмыс күшінің қажеттіліктеріне бейімделуін білдіреді."Сөзден іске өту уақыты" деп аталатын Allianz жаһандық зейнетақы есебі бойынша ақпараттық анықтама мен әлемнің зейнетақы жүйелерін 2025 жылы талдау нәтижелері туралы Allianz есебі мына сілтеме бойынша орналастырылған:  https://www.enpf.kz/kz/indicators/obzory-mezhdunarodnykh-ekspertov/mezhdunarodnye-reitingi/ [1] Allianz Group-әлемнің 70-ке жуық еліндегі 125 миллион жеке тұлғалар мен корпоративтік клиенттерге қызмет көрсететін сақтандыру компаниялары мен активтерді басқарушылар арасындағы әлемдік көшбасшы. Өз қызметі аясында Allianz жеке және корпоративті сақтандыру қызметтерінің кең спектрін ұсынады, соның ішінде жылжымайтын мүлікті, өмірді және денсаулықты сақтандыру, көмек қызметтері, несиелік сақтандыру және халықаралық бизнесті сақтандыру. Сонымен қатар, компания экономиканың әртүрлі салаларында зерттеулер жүргізумен белсенді айналысады, соның ішінде әлемнің зейнетақы жүйелерін талдау бойынша есептер шығарады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-pavlodar/press/news/details/1017953?lang=kk