Enbekshi QazaQ

Әлем

32 сотталушыға колониялардағы бейнебақылауды бұзғаны үшін қосымша бас бостандығынан айыру мерзімдері тағайындалды. Тағы 18 іс тергелу үстінде. 29.03.2025
2024 жылғы шілде айында  пенитенциарлық мекемелерде бейнебақылау жабдықтарының бүлінгені үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді.Бұған қосымша сотталғандардан бейне жүйенің зақымдануынан келтірілген залал өндіріліп алынады.Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін колонияларда сотталғандар үшін көрнекі сот процестері ұйымдастырылған.Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жаппай бейнебақылау жүйесін енгізу жобасы аяқталды. Республика колонияларында бейнелері  ҚАЖ комитеті мен Бас прокуратураның жүйелеріне нақты уақыт режимінде жағдайды мониторингілеу үшін интеграцияланған 39 мыңнан астам бейнекамералар орнатылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/960120?lang=kk
8-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткен «Jasandy Intellekt-2025» облыстық конкурсының қорытындысы 29.03.2025
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 20 ақпан мен 19 наурыз аралығында облыс мектептерінің оқушылары арасында «Jasandy Intellekt-2025» облыстық конкурсын қашықтықтан өткізді.Жасанды интеллект – бұл адамның когнитивті функцияларына ұқсатуға (алдын ала белгіленген алгоритмсіз өзін-өзі оқытуды және шешім іздеуді қосқанда) және нақты тапсырмаларды орындау кезінде, кем дегенде, адамның зияткерлік іс-әрекетінің нәтижелерімен салыстырылатын нәтижелер алуға мүмкіндік беретін технологиялық шешімдер жиынтығы. Технологиялық шешімдер кешеніне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым, бағдарламалық жасақтама (оның ішінде машиналық оқыту әдістері пайдаланылады), деректерді өңдеу және шешімдерді іздеу бойынша процестер мен сервистер кіреді. Байқаудың негізгі мақсаты балалар мен жастар арасында жасанды интеллект технологияларын, жобалау қызметі мен ғылыми-техникалық шығармашылықты насихаттау болып табылады. Конкурсқа 9 конкурстық өтінім ұсынылды.Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:Бірінші орын- Ақжолтаева Айзере Асхатқызы, Ұлан ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» КММ, 9 сынып.Екінші орын- Звонов Артур Нурланович, Өскемен қаласы, «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, 8 сынып.Үшінші орын – Даниярова Айсұлу Данияровна, Жұмағазы Әдия Азаматқызы, Өскемен қаласы, «Оралхан Бөкей атындағы №44лицейі» КММ, 10 сынып.Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз және бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/960108?lang=kk
Педагогтерге аттестаттаудан өткізудің жаңа ережелері мен шарттарын түсіндіру жұмыстары 29.03.2025
2025 жылғы 17 наурызда ШҚО кәсіптік білім беру орталығы ҚР ОАМ 2025 жылғы 25 ақпандағы № 32 бұйрығына сәйкес педагогтерді аттестаттаудан өткізудің жаңа ережелері мен шарттарын түсіндіру бойынша облыс әдіскерлерімен және педагогтерімен ZOOM конференциясын өткізді.Онлайн кездесу барысында қатысушыларға педагогтерді аттестаттау ережелеріне енгізілген негізгі толықтырулар түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/960104?lang=kk
"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, психоактивті заттарды қолданудың алдын алу"тақырыбында аудандық конференция 29.03.2025
2025 жылғы 18 наурызда Молодежный кентінде "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, психоактивті заттарды қолданудың алдын алу" тақырыбында профилактика жүйесінің барлық субъектілерімен бірлескен аудандық жыныстық қол сұғылмаушылық жоспарын іске асыру шеңберінде аудандық конференция өтті. Конференцияның мақсаты: білім алушыларда өз проблемаларын шешу немесе бос уақытын өткізу тәсілі ретінде психоактивті заттарды қолдануға қатысты тұрақты теріс көзқарасты қалыптастыру. Форумды Осакаров ауданы әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы Д.К. Көшкенова ашты.Форумға қорғаншылық және қамқоршылық органдары, полиция бөлімі, орталық аудандық аурухана, мәдениет бөлімі, "Бұйратау" музейінің өкілдері, Шабыт, БЖСМ басшылары, білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп директорлары, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері, мектеп ата-аналары, 5-11 сынып оқушылары қатысты.Конференцияға қатысушылар саны: 215 адам.Білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты тиімді ұйымдастырғаны үшін ауданның білім бөлімінің басшысы А.И. Ақмағанбетова атынан Осакаров ауданының жастар АПБ ББ жергілікті полиция қызметі тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Хишин Абай Бауыржанұлына және "Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ директоры Мақпал Баткенқызы Мусиповаға алғыс хаттар табыс етілді.Сонымен қатар, осы конференция аясында балаларды бос уақыттың әртүрлі түрлеріне тарту мақсатында салтанатты бөлімнің соңында экскурсиялар ұйымдастырылды: 1. Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мұражайы. 2. Осакаров ауданы Молодежный кентінің БЖСМ 3. Шабыт қосымша білім беру орталығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/960098?lang=kk
Реабилитационные мероприятия для детей с инвалидностью после проведенной операции по кохлеарной имплантации 29.03.2025
Мүгедектігі бар балаларға кохлеарлық имплантация операциясынанкейінгі оңалту бойынша  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығына сәйкес, кохлеарлы имплантациядан кейінгі алғашқы бес жылдың ішінде (яғни, 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейін операция жасалған балаларға) баланың сөйлеу және есту қабілетін одан әрі бейімдеу үшін Алматы қаласында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде кохлеарлы имплант жүйесі орнатылған балаларға бірге еріп жүретін ата-анасы немесе қамқоршысы тәулік бойы есту-сөйлеу қабілетін оңалтуды жүргізіледы.Орталықта есту-сөйлеу қабілетін жақсарту үшін сурдопедагог, логопед, психолог, невропатолог және оториноларинголог (сурдолог) дәрігер сынды кәсіби мамандар жүргізеді. Сондай-ақ оңалту іс-шараларын жүргізу барысында кохлеарлық имплантациясы бар балаларға қажет болған жағдайда сөйлеу процессорларын күйге келтіруге көмек көрсетіледі (жол жүру темір жол бойынша қатты плацкарт вагонының тарифі бойынша өтеледі). Аңықтама үшін: Ақтау қ.  13 ш/а  БО «НУР», тел. 605253   фото https://www.dramedical.ru/news/kohlearnyj-implantat-pri-tyazhelyh-narusheniyahАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc/press/news/details/960078?lang=kk
Allianz халықаралық рейтингіндегі Қазақстандық зейнетақы жүйесінің орны жоғарылады 29.03.2025
Сақтандыру саласындағы Allianz[1] жетекші компаниясы өзінің Allianz зейнетақы индексін (Индекс) пайдалана отырып, 71 елдің зейнетақы жүйесі талданған жаһандық зейнетақы есебінің жаңа басылымын шығарды. Онда Қазақстан Австрия, Испания, Чили, Сингапур, Гонконг, Қытай және басқа да көптеген елдерден озып, 26-орынға орналасты (2023 жылы Қазақстан Индекстегі 75 елдің ішінде 34-орынға ие болған еді).Allianz зейнетақы индексі (API) зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы мен тұтастығын кешенді бағалауға негізделген. Ол үш ішкі индекстен және 1-ден 7-ге дейінгі шәкіл бойынша бағаланған 40 түрлі өлшемнен тұрады, мұндағы 1 ең жақсы нәтижені білдіреді. Қазақстанның зейнетақы жүйесінің API индексі - 3,5 балл. Демографиялық өзгерістердің қарқынын, мемлекеттік қарызды және жалпы өмір сүру деңгейін бағалайтын бірінші суб-индекс бойынша Қазақстанның жинаған ұпайы 4,1 балға жетті (2023 жылы – 3,5 балл). Бұл көрсеткіш БАӘ-де (2,3 балл), Австралияда (2,6 ұпай) және Израильде (2,9 ұпай) жоғары.Зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын бағалайтын екінші суб-индекс бойынша Қазақстан 3,6 балл жинады (2023 жылы – 3,6 балл). Бұл суб-индекстегі ең жақсы нәтижелерді Индонезия, Дания және Болгария (2,1-ден 2,3-ке дейінгі ұпайлармен) негізінен зейнет жасын ұлғайту және олардың зейнетақы жүйелеріне қор құрамдауышын енгізу арқылы қол жеткізді.Зейнетақы жүйесінің қарттық кезеңде өмір сүрудің лайықты (жеткілікті) деңгейін қаншалықты қамтамасыз ете алатынын бағалайтын үшінші суб-индекс бойынша қазақстандық зейнетақы жүйесі 3,2 балл (2023 жылы – 3,3 балл) жинады. Дания, Нидерланды және Жаңа Зеландия - осы рейтингтің көшбасшылары (ұпайлары 1,7-ден 2,0-ге дейін), олар зейнетақы жүйесінің екінші және үшінші деңгейлерінің мықты қор құрамдауыштарына ие. Есепке сай, барлық талданған зейнетақы жүйелері бойынша орташа балл 3,7 болды. Allianz нұсқасы бойынша зейнетақы жүйесі ең жақсы ел – Дания. 2023 жылы да осы ел көшті бастаған еді, жинаған ұпай саны - 2,3. Екінші және үшінші орында - Нидерланды мен Швеция (2,6 балл), одан әрі Жаңа Зеландияны ығыстырып, 2,7 балл жинаған Жапония төртінші орынға жайғасты. Жаңа Зеландия 2,8 балл, Израиль - 3, Австралия, Ұлыбритания, Норвегия және АҚШ - 3,2 балл жинады.Рейтингтегі ең төменгі орындарды Марокко, Үндістан, Лаос, Малайзия, Шри-Ланка елдерінің зейнетақы жүйелері алады (4,5-тен 5 ұпайға дейін). Бұл елдерде халықты зейнетақы жүйесімен қамту мәселесі аса өткір боп тұр, себебі - бейресми жұмыспен қамту басым.Есепте халықтың қартаю мәселесіне ерекше назар аударылады. БҰҰ-ның соңғы болжамдарына сәйкес алдағы 25 жыл ішінде 65 және одан жоғары жастағы адамдардың саны 2 есеге жуық, яғни қазіргі 857 миллионнан 2050 жылы 1 578 миллионға дейін өсетіні атап өтілген. Бала туу деңгейінің төмендеуі еңбекке қабілетті жастағы халық санының өсуін баяулатып, ғасырдың ортасына қарай 15 пен 64 жас аралығындағы әрбір 100 адамға 65 жастан асқан 26 адам келетін болады. Ал қазіргі уақытта бұл көрсеткіш саны 16 адамға тең. Бүкіл жер шарының 75% құрап, талдауға түскен 71 елдегі туу деңгейі Гонконгтағы бір әйелге 0,7 баладан, Нигерияда 4,4 балаға дейін құбылып отырады. Бұл елдер, сондай-ақ, өмір сүру ұзақтығының да жоғарғы және төменгі шектерін көрсете алады. Гонконгта - орта есеппен 85,6 жыл болса, Нигерияда - 54,6 жыл. Зейнет жасындағы адамдардың еңбекке қабілетті жастағы 100 адамға шаққандағы санын көрсететін демографиялық жүктеме коэффициентінің (ДЖК) көрсеткіштері әр елде әртүрлі. Индустриалдық жағынан дамыған елдердің көпшілігінде ДЖК-ның жалпы деңгейі алаңдаушылық тудырса, көптеген дамушы елдерде жылдам қартаю қарқыны алаңдаушылыққа себеп болып отыр. Қартаю қарқыны ең жылдам елдер - Гонконг, Оңтүстік Корея, Тайвань және Сауд Арабиясы. Десек те, 2050 жылы әлемдегі ең «кәрі» 20 ел негізінен ЕО-ға мүше елдерден тұратын болады: Италия, Испания, Греция және Португалия елдерінде ДЖК 60% асады. Нигерия, Кения және Пәкістандағы туу деңгейі әлі де жоғары, ал өмір сүру ұзақтығының салыстырмалы түрде төмен болуына орай, халқы ең жас мемлекеттер қатарында болады.Allianz сарапшылары демографиялық өзгерістердің зейнетақы жүйесіне тигізетін кері әсерін азайтудың бір жолы - мемлекеттік зейнетақы жүйесін жинақтаушы құрамдауышпен толықтыру екенін атап көрсетті.Есепте, сонымен қатар, зейнетақы жүйесінің негізгі мақсаты  - қарттық шақтағы ұзақ өмір сүру мен кедейлік қаупінен қорғау, сондай-ақ қарттықта лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету екендігі ескертілген. Сондықтан зейнетақы жүйелерін реформалау немесе құру кезінде саясаткерлер олардың ұзақ мерзімді тұрақтылығын ғана емес, сонымен бірге олардың лайықтылығын да ескеруі керек. Егер мемлекеттік зейнетақы жүйелері қария шақтағы лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алмаса, онда салық салу жоспарында қосымша жеңілдіктер қарастырылып, мемлекет субсидия бөлетін зейнетақы өнімдері, кәсіби және жеке зейнетақы жоспарлары қолжетімді болуы тиіс.Зейнетақы жүйесінің лайықтылығы тұрғысынан реформалауды аз дәрежеде қажет ететін елдер - Дания, Нидерланды және Жаңа Зеландия. Бұл елдерде қазірдің өзінде қосымша кәсіби жинақтау бағдарламалары мен жеке зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақы жүйелерінің негізгі элементі болып табылады.Зейнетақы жүйелерінің лайықтылығы, сондай-ақ, кірісті алмастыру коэффициентімен (КАК) де анықталады. Талдауға алынған елдердің мемлекеттік зейнетақы жүйелеріндегі орташа жалпы КАК 53% тең. Бұл ретте коэффициенттер Оңтүстік Африкада 8%-дан Бразилияда 88%-ға дейін өзгереді. Қазақстандағы КАК 2024 жылдың қорытындысы бойынша 41% көрсетті. Алайда, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) зейнетақы реформаларына байланысты кейбір еуропалық мемлекеттердегі зейнетақы төлемдерінің деңгейі жарналарды 30 жыл бойына жүзеге асырғаннан кейін кірістің ұсынылып жүрген 40-45% ең төменгі деңгейінен де азаю қаупі бар екенін атап өтті. Бұл зейнетақы жүйелерінің қосымша жинақтаушы деңгейлерін шұғыл нығайту қажеттілігін растайды.Allianz есебінде мемлекеттік зейнетақы жүйелері туу коэффициентінің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының артуы жағдайында демографиялық қиындықтарды жеңе ала ма деген сұрақ қойылған. Әртүрлі елдердің зейнетақы жүйелерін жан-жақты талдау нәтижесінде еңбекке қабілетті халықтың жарналары қазіргі зейнеткерлердің зейнетақысын қаржыландыруға пайдаланылатын "pay-as-you-go" (тарату жүйелері) қағидаты бойынша қаржыландырылатын жүйелер ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылықты және қарттық шақта лайықты зейнетақы төлемдерімен қамсыздандыра алатын жақсы өмір сүру деңгейіне кепілдік бере алмайды деген қорытынды жасалды.Міндет - зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы мен лайықтылығын қамтамасыз ету және зейнетақыны жинақтаушы құрамдауыш есебінен қосымша қаржыландыру үшін қажетті жағдайлар жасау арасындағы теңгерімді табу. Сонымен қатар, егде жастағы жұмысшыларға еңбек қызметін жалғастыруға мүмкіндік беру мемлекеттік зейнетақы жүйелерінің тепе-теңдігін сақтау үшін де маңызды.Осылайша, есепте "мінсіз" зейнетақы жүйесі – бұл мемлекеттік зейнетақы жүйесі (pay-as-you-go) мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі арасындағы дұрыс теңгерім деген қорытынды жасалған. Осы екі құрамдауышты біріктіретін елдердің демографиялық өзгерістерге және зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді келешектегі тұрақтылығы мен зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігін қамтамасыз етуге дайындығы жақсы болмақ. Алайда, жұмысы тиімді еңбек нарығы кез келген зейнетақы реформасын сәтті іске асыру үшін қажетті шарт болып табылады, бұл дамушы нарықтардағы ресми жұмыспен қамту үлесінің ұлғаюын және еңбек нарықтарының өндірісі дамыған елдердегі қартайған жұмыс күшінің қажеттіліктеріне бейімделуін білдіреді."Сөзден іске өту уақыты" деп аталатын Allianz жаһандық зейнетақы есебі бойынша ақпараттық анықтама мен әлемнің зейнетақы жүйелерін 2025 жылы талдау нәтижелері туралы Allianz есебі мына сілтеме бойынша орналастырылған:  https://www.enpf.kz/kz/indicators/obzory-mezhdunarodnykh-ekspertov/mezhdunarodnye-reitingi/ [1] Allianz Group-әлемнің 70-ке жуық еліндегі 125 миллион жеке тұлғалар мен корпоративтік клиенттерге қызмет көрсететін сақтандыру компаниялары мен активтерді басқарушылар арасындағы әлемдік көшбасшы. Өз қызметі аясында Allianz жеке және корпоративті сақтандыру қызметтерінің кең спектрін ұсынады, соның ішінде жылжымайтын мүлікті, өмірді және денсаулықты сақтандыру, көмек қызметтері, несиелік сақтандыру және халықаралық бизнесті сақтандыру. Сонымен қатар, компания экономиканың әртүрлі салаларында зерттеулер жүргізумен белсенді айналысады, соның ішінде әлемнің зейнетақы жүйелерін талдау бойынша есептер шығарады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-pavlodar/press/news/details/1017953?lang=kk
БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР 29.03.2025
Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін азаматтардың зейнетақы жинақтарымен не болмақ? Олардың сақталуына кепілдік беріле ме? Бұл кепілдік немен қамтамасыз етіледі?Әлеуметтік кодекстің 217-бабында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекет зейнетақы төлемдерін алушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді» деп көзделген.Мемлекеттің зейнетақы активтерінің сақталуына беретін кепілдігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мен инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) қызметін реттеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк, ҚРҰБ) де, ИПБ-лардың да инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу, зейнетақы активтерін орналастыру кезінде оларды әртараптандыру және тәуекелдерді төмендету жөніндегі талаптарды сақтау, сондай-ақ басқа да реттеуші нормалар арқылы қамтамасыз етіледі.Жалпы алғанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесі және қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі мемлекеттік реттеу, бақылау мен жауапкершілік аясында қала береді. Зейнетақы активтерін кім басқарады?Зейнетақы активтерін инвестициялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚР ҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтарын осындай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – оларды түрлі қаржы құралдарына инвестициялау және инвестициялық кіріс алу.Зейнетақы активтерін басқаратын ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың өздерінің инвестициялық стратегиялары бар және олар инвестициялық декларация шеңберінде инвестициялық портфельдің құрылымын дербес айқындайды.ИПБ-лардың қолданыстағы тізіліміне қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарын басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді: «Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы зерделеуге болады. Заңнамалық өзгерістерде міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беру мүмкіндігі көзделген. Бұл механизм қалай жұмыс істейді?Әлеуметтік кодекстің 40-бабына сәйкес салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның басқаруына беру және/немесе оларды Ұлттық Банктің басқаруында қалдыру туралы шешімді дербес қабылдау құқығы берілген.2026 жылғы қыркүйекте салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейтін заңнамалық өзгерістер де күшіне енеді. Егер қазіргі уақытта салымшылар міндетті зейнетақы және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50%-ына дейін, ал ерікті зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін ИПБ-ның басқаруына бере алатын болса, күзден бастап олар ерікті зейнетақы жинақтары сияқты міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарын да толық көлемде ИПБ-ның басқаруына бере алады.Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ түрлі инвестициялық портфельдерді, яғни зейнетақы активтерін басқару үшін ИПБ ұсынатын инвестициялық стратегияларды өз бетінше таңдай алады. Бұл стратегиялар тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленеді.Ақшаны ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін салымшы белгіленген нысандағы өтінішті беруі қажет. Мұны электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, enpf.kz сайтындағы жеке кабинеті, invest.enpf.kz интернет-платформасы арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып жасауға болады. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның басқаруына берудің тиімділігі қандай? Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан таба алады? Басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылауға болады?Зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін ИПБ-ның басқаруына беру салымшыларға кірістілік тарихы неғұрлым үздік немесе неғұрлым агрессивті инвестициялық стратегия ұсынатын ИПБ-ны таңдау арқылы капиталды ұзақ мерзімді перспективада көбейтуге мүмкіндік береді.БЖЗҚ – зейнетақы нарығындағы бірыңғай инфрақұрылымдық институт, оның  100% акциясы Үкіметке тиесілі. Салымшылардың өз жинақтарын ИПБ-ның басқаруына беру құқығын іске асыруына байланысты БЖЗҚ-ның институционалдық міндеті де арта түсті.БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (салымшының таңдауы бойынша ҚР ҰБ және/немесе ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады, сондай-ақ азаматтардың жинақтары туралы ақпаратты үзінді көшірмелерде тәулік бойы, яғни «24/7» режимінде толық көрсетеді.Бұдан бөлек, БЖЗҚ салымшылары үшін заманауи цифрлық ресурс ретінде ақпараттық интернет-платформа (invest.enpf.kz) іске қосылды. Ол барлық басқарушылардың (ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік береді.Invest.enpf.kz платформасы кірістілік туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ белгіленген кезеңдер аралығындағы динамикада активтерді басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша көрсеткіштерді салыстыруға болады.Осы платформа арқылы салымшылар:инвестициялық портфельдердің құрылымымен;әртүрлі кезеңдердегі кірістілік көрсеткіштерімен;инвестициялық құралдардың құрамымен;түрлі басқарушылардың салыстырмалы сипаттамаларымен;инвестициялық декларациялармен және басқару стратегияларымен таныса алады.Сонымен қатар инвестициялық қызмет туралы ақпарат enpf.kz сайтында және invest.enpf.kz интернет-платформасында тұрақты түрде жарияланып, жаңартылып отырады. Зейнетақы жинақтары сенімгерлік басқаруға берілген ИПБ-ның жауапкершілігі қалай қамтамасыз етіледі?Салымшы зейнетақы активтерін басқаратын ИПБ-ны және инвестициялық портфельді, яғни тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық стратегияны өз бетінше таңдауға құқылы.Өз кезегінде, ИПБ-ға зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару бойынша заңнамада белгіленген жауапкершілік жүктеледі. ИПБ алған номиналды кірістілік пен реттеушінің талаптарына сәйкес есептелген кірістіліктің ең төменгі мәні арасында теріс айырма болған жағдайда, ИПБ бұл теріс айырманы өзінің меншікті капиталы есебінен өтейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1268709?lang=ru
2025 жылдың 18 наурыз күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXVI сессиясы мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті 29.03.2025
2025 жылдың 18 наурыз күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXVI сессиясы мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті. Сессияда аудандық, Ақсай қаласы және ауылдық округтердің бюджеттерінің нақтылауы бойынша мәселесін депутаттар талқылады. Күн тәртібіндегі Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қазандағы 7-2  “Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айықындаудың қағидаларын бекіту туралы” мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы О.Басимова баяндады. Депутаттар тиісті шешім қабылдады. Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 11 бабына сәйкес, депутаттар сессиясының жұмысында 15 күннен аспайтын үзіліс жасауға шешім қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/960050?lang=kk
19 наурыз - Жаңару күні 29.03.2025
🌱19 наурыз - Жаңару күніЖаңару – өзгерістер мен жаңа белестер кезеңі. Табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Көкжиектер кеңейіп, мүмкіндіктер туатын уақыт.Наурызнаманың әр күні елімізде игі іс-шаралармен жалғасып, ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп жатыр.🌱Бүгінде Досбол ауылдық округінде орналасқан “Жасыл белдеу” қорғаныш алқабына карағай көшетін егіп, табиғаттың жасаруына өз үлесімізді қостық. Бұл - тек көгалдандыру ғана емес, болашақ ұрпаққа жасыл әрі таза орта қалдыру жолындағы игі бастама.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-dosbol/press/news/details/961792?lang=kk
Темекі өнімдерін сату кезінде нені есте сақтау керек? 29.03.2025
Маркировка – бәріне міндетті!Темекі өнімдерінің әрбір бірлігінде идентификация құралдары (2D штрихкод) болуы тиіс. Бұл талап жергілікті өндірілген де, импортталған да барлық өнімге қолданылады. Маркировкасыз айналымға тыйым салынадыИдентификация құралдары жоқ немесе маркировка ережелері бұзылған темекі өнімдерін сату тыйым салынған. Бұл айыппұл санкцияларына әкелуі мүмкін. Ережелерді бұзған жағдайда жауапкершілікМаркировка ережелерін бұзғаны үшін: Жеке тұлғалар  – 50 АЕК-ке дейін; Шағын бизнес  – 150 АЕК-ке дейін; Орта бизнес  – 200 АЕК-ке дейін; Ірі компаниялар  – 500 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді. Тауарды тәркілеу және жоюЗаңға сәйкес маркировкаланбаған немесе стандарттарға сай келмейтін темекі өнімдері заңда көзделген тәртіппен тәркіленіп, жойылады. Маркировканы қалай дұрыс жүргізуге болады?Өндірушілер мен импортерлер өнімді нарыққа шығармас бұрын маркировкалауы тиіс. Бөлшек саудагерлер штрих кодты касса аппараты арқылы сканерлеп, тауарды айналымнан шығарады. Идентификация коды туралы ақпарат түбіртекке енгізіліп, салықтық деректер операторына жіберіледі. Нені есте сақтау керек?   Маркировка және темекі өнімдерінің қозғалысын бақылау ережелерін сақтау тек айыппұлдардан сақтандырмайды, сонымен қатар бизнесіңіздің заңдылығын қамтамасыз етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1107054?lang=kk
Ағымдағы жылдың 1 наурызында қасиетті Рамазан айы басталды. Оның басталуымен олар дұға етеді, ең қымбат тілектерін орындайды, ауызашар береді. 29.03.2025
Ағымдағы жылдың 1 наурызында қасиетті Рамазан айы басталды. Оның басталуымен олар дұға етеді, ең қымбат тілектерін орындайды, ауызашар береді. Осы жақсы дәстүрді жалғастыра отырып, қайырымдылық ифтар Бородулиха аудандық мәслихатының депутаттары мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы 2025 жылғы 17 наурызда аудан тұрғындары үшін Бородулиха ауылының мешіт ғимаратында берілді. Мұндай қайырымдылық шаралары жүздеген адамдардың жүрегінде ризашылықпен жауап табады. Өйткені, біз үшін ең бастысы - ең үлкен игілікті-бейбітшілікті, келісімді, тыныштықты және халқымыздың бірлігін сақтау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/960027?lang=kk
Мопедті 5 сәуірге дейін тіркеп үлгеріңіз - ІІМ 29.03.2025
Құрметті азаматтар! Естеріңізге сала кетейік, мопедтерді тіркеп үлгеру үшін екі аптадай ғана уақыт қалды. Заң бойынша 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедті басқаруға тыйым салынады.Мұндай құқық бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік кодекстің 590-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауапкершілік көзделеді.Қазіргі уақытта республика бойынша 8527 мопед тіркелді.Оны тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алу керек: жеке басты куәландыратын құжат, электронды түрі де жарайды, техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер. Өтінішті толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, көлік құралын тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеу қажет.Тіркеуді кейінге қалдырмаңыздар! Өзіңіз үшін “жағымсыз салдардан” аулақ болу үшін мопедті заң талаптарына сәйкес келтіргеніңіз абзал, - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-maskeu/press/news/details/964374?lang=kk
2025 жылдың 18 наурыз күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы мәслихат депутаты Б.Гадельшиевтың төрағалығымен өтті 29.03.2025
2025 жылдың 18 наурыз күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы мәслихат депутаты Б.Гадельшиевтың төрағалығымен өтті. Комиссияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:Бөрлі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы 22-2 “2025-2027 жылдарға арналған Бөрлі ауданының бюджеті туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Бөрлі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы “2025-2027 жылдарға арналған Ақсай қаласы және ауылдық округтердің бюджеттері туралы” шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қазандағы 7-2 “Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы” шешіміне өзгеріс енгізу туралы.Отырыста күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселелер бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонова баяндады. Депутаттар А.Агаев, С.Дуйсенов, Б.Гадельшиев бюджетке қатысты сұрақтар қойып, жауаптар алды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер кезектен тыс сессияның күн тәртібіне енгізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/960019?lang=kk
Қазақстан Республикасына вейптер мен электронды темекілерді әкелуге тыйым салынады 29.03.2025
 Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасына вайп пен электрондық темекіні әкелуге қатаң тыйым салынатынын хабарлайды.ҚР ҚК-нің 301-1-бабының 2 және 3-тармақтары бойынша ВЕЙПТЕРДІ әкелгені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.Шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен олар үшін сұйықтықтарды әкелу, өндіру - екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, мүлкі тәркіленіп немесе тәркіленбей бас бостандықтарынан айырылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/960005?lang=kk
Allianz халықаралық рейтингіндегі Қазақстандық зейнетақы жүйесінің орны жоғарылады 27.03.2025
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕКазахстанская пенсионная система улучшила свои позиции в международном рейтинге AllianzВедущая компания в сфере страхования Allianz выпустила новое издание Глобального пенсионного отчета, содержащего анализ пенсионных систем 71 страны с использованием собственного пенсионного индекса Allianz (Индекс), согласно которому Казахстан занял 26 позицию, опережая Австрию, Испанию, Чили, Сингапур, Гонконг, Китай и многие другие страны (в 2023 году Казахстан занял 34 место среди 75 стран Индекса). Пенсионный индекс Allianz (API) разработан для комплексной оценки устойчивости и достаточности пенсионных систем. Он состоит из трех суб-индексов и учитывает 40 параметров, оцениваемых по шкале от 1 до 7, где 1 означает наилучший результат. Индекс API пенсионной системы Казахстана составил 3,5 балла. По первому суб-индексу, который оценивает темп демографических изменений, государственный долг и общий уровень жизни, набранный балл Казахстана составил 4,1 балла (в 2023 году – 3,5 балла). Этот показатель наиболее высокий в ОАЭ (2,3 балла), Австралии (2,6 балла) и Израиле (2,9 балла). По второму суб-индексу, оценивающему устойчивость пенсионной системы, Казахстан набрал 3,6 балла (в 2023 году – 3,6 балла). Лучшие результаты в данном суб-индексе демонстрируют Индонезия, Дания и Болгария (с баллами от 2,1 до 2,3) главным образом благодаря повышению пенсионного возраста и введению фондированных компонентов в их пенсионные системы.По третьему суб-индексу, который оценивает, насколько пенсионная система может обеспечивать адекватный (достаточный) уровень жизни в пожилом возрасте, казахстанская пенсионная система набрала 3,2 балла (в 2023 году – 3,3 балла). Дания, Нидерланды и Новая Зеландия - лидеры в данном рейтинге (с баллами от 1,7 до 2,0), имеют сильные фондированные компоненты второго и третьего уровней пенсионной системы.Согласно отчету средний балл для всех проанализированных пенсионных систем составил 3,7 балла. Страной с лучшей пенсионной системой по версии Allianz стала, как и в 2023 году, Дания с оценкой 2,3 балла, затем следуют Нидерланды и Швеция (2,6 баллов), далее - Япония, которая сместила Новую Зеландию и заняла четвертое место в индексе, набрав 2,7 балла, Новая Зеландия набрала 2,8 баллов, Израиль - 3 балла, Австралия, Великобритания, Норвегия и США – по 3,2 балла. Самые низкие позиции в рейтинге занимают пенсионные системы Марокко, Индии, Лаоса, Малайзии, Шри Ланки (от 4,5 до 5 баллов). В данных странах наиболее остро стоят проблемы низкого охвата населения пенсионной системой, причиной которого является преобладание неформальной занятости.В отчете особое внимание уделяется вопросу старения населения и отмечается, что согласно последним прогнозам ООН в течение следующих 25 лет число людей в возрасте 65 лет и старше вырастет почти в 2 раза - с 857 млн сегодня до 1 578 млн в 2050 году. Снижение уровня рождаемости замедляет рост населения трудоспособного возраста, и к середине века на каждые 100 человек в возрасте от 15 до 64 лет будет приходиться 26 человек старше 65 лет, тогда как в настоящее время их количество составляет 16 человек. В 71 анализируемой стране, что составляет 75% населения Земли, уровень рождаемости варьируется от 0,7 ребенка на женщину в Гонконге до 4,4 в Нигерии. Эти страны также представляют собой верхнюю и нижнюю границы по ожидаемой продолжительности жизни, которая в среднем составляет 85,6 лет в Гонконге и 54,6 лет в Нигерии. Показатели коэффициента демографической нагрузки (КДН), который демонстрирует количество людей пенсионного возраста на 100 человек трудоспособного возраста, сильно отличаются в разных странах. В большинстве индустриально развитых стран общий уровень КДН вызывает беспокойство, в то время как во многих развивающихся странах причиной беспокойства является быстрый темп старения. Страны с самыми быстрыми темпами старения - это Гонконг, Южная Корея, Тайвань и Саудовская Аравия. Тем не менее, в 2050 году топ-20 самых «старых» стран мира будет в основном состоять из стран-участниц ЕС: в Италии, Испании, Греции и Португалии КДН превысит 60%. Нигерия, Кения и Пакистан будут иметь самое молодое население в силу всё ещё высокого уровня рождаемости и относительно низкой продолжительности жизни.Эксперты Allianz подчеркивают, что один из путей смягчения воздействия демографических изменений на пенсионную систему - это дополнение государственной пенсионной системы накопительным элементом.В отчете также отмечается, что основная цель пенсионной системы – это защита от риска долголетия и бедности в пожилом возрасте, а также обеспечение достойного уровня жизни в старости. Поэтому при реформировании или создании пенсионных систем политики должны учитывать не только их долгосрочную устойчивость, но и их адекватность. Если государственные пенсионные системы не способны обеспечить достойный уровень жизни в старости, то должны быть доступны дополнительные льготные в плане налогообложения или субсидируемые государством пенсионные продукты, профессиональные и частные пенсионные планы.Страны, которые нуждаются в реформах в меньшей степени с точки зрения адекватности пенсионной системы, это Дания, Нидерланды и Новая Зеландия, где дополнительные профессиональные накопительные программы и частное пенсионное обеспечение уже являются основным элементом пенсионных систем. Адекватность пенсионных систем определяется также коэффициентом замещения дохода (КЗД). Средний валовый КЗД в государственных пенсионных системах анализируемых стран составляет 53%, при этом коэффициенты варьируются от 8% в Южной Африке до 88% в Бразилии. КЗД в Казахстане по итогам 2024 г. составил 41%. Однако Международная организация труда (МОТ) отмечает, что из-за пенсионных реформ уровень пенсионных выплат в некоторых европейских государствах грозит упасть ниже рекомендуемого минимального уровня в 40–45% от заработка после 30 лет осуществления взносов, что подтверждает необходимость срочного укрепления дополнительных накопительных уровней пенсионных систем.В отчете Allianz поставлен вопрос: способны ли государственные пенсионные системы справиться с демографическими вызовами в условиях снижения коэффициента рождаемости и увеличения продолжительности жизни. В результате всестороннего анализа пенсионных систем разных стран сделано заключение, что системы, финансируемые по принципу "pay-as-you-go" (распределительные системы), в которых взносы трудоспособного населения используются для финансирования пенсий нынешних пенсионеров, не могут гарантировать их долгосрочную финансовую устойчивость и достойный уровень жизни в пожилом возрасте c обеспечением адекватными пенсионными выплатами. Задача заключается в том, чтобы найти баланс между обеспечением устойчивости и адекватности пенсионных систем и созданием необходимых условий для дополнительного финансирования пенсий за счет накопительного компонента. Кроме того, предоставление возможности пожилым работникам продолжать трудовую деятельность также имеет важное значение для поддержания государственных пенсионных систем в балансе.Таким образом, в отчете сделан вывод, что «идеальная» пенсионная система – это правильный баланс между государственной пенсионной системой (pay-as-you-go) и накопительной. Страны, которые сочетают эти два компонента, лучше всего подготовлены к демографическим изменениям и обеспечению устойчивости пенсионной системы и достаточности пенсионных выплат в долгосрочной перспективе. Однако, эффективно функционирующие рынки труда являются необходимым условием для успешной реализации любой пенсионной реформы, что означает увеличение доли формальной занятости на развивающихся рынках и адаптацию рынков труда к потребностям стареющей рабочей силы в промышленно развитых странах.Информационная справка по Глобальному пенсионному отчету Allianz «Время перейти от слов к делу» и отчет Allianz о результатах анализа пенсионных систем мира в 2025 году размещены по ссылке: https://www.enpf.kz/ru/indicators/obzory-mezhdunarodnykh-ekspertov/mezhdunarodnye-reitingi/ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером ЕНПФ является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации» Министерства финансов Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных пенсионных взносов работодателя, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, а также зачисление и учет добровольных пенсионных взносов, сформированных за счет невостребованной суммы гарантийного возмещения по гарантируемому депозиту, перечисленной организацией, осуществляющей обязательное гарантирование депозитов, в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня Республики Казахстан", обеспечивает осуществление пенсионных выплат. Также Фонд осуществляет учет целевых активов и целевых требований, учет и зачисление целевых накоплений (ЦН) на целевые накопительные счета, выплат ЦН их получателю на банковские счета, учет возвратов ЦН в порядке, определенном Правительством Республики Казахстан в рамках программы «Национальный фонд – детям». (Подробнее на www.enpf.kz). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat/press/news/details/959968?lang=kk
Ұлттық ұлан авиациялық базасында Наурыз мерекесі салтанатты түрде аталып өтті 27.03.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті.Жаңару, бірлік пен молшылықтың белгісі саналатын күнді әскери қызметшілер ерекше құрметпен және тебіреніспен қарсы алды.Мерекенің басты сәттерінің бірі – ұлттық дәстүрлерді дәріптеу болды. Кимешек киген әжелер көрісу, тұсаукесер, бесікке салу және беташар секілді қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетіп, олардың мән-мағынасын түсіндірді.Іс-шара соңында құрметті қонақтардың бірі – Гүлнар әже өз әсерімен бөлісті:“Бүгінгі жастарға қарап, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлейтінін көріп, марқайып тұрмын.Біз жауынгер ұландарға ақ батамызды бердік. Олар – Отанның қорғаны, ертеңгі ел тірегі. Отанымыздың қорғаушылары әрдайым қайратты әрі рухты болсын!”Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан дәстүрлер әскери қызметшілерге қазақ халқының терең тарихы мен бай рухани мұрасын тағы бір мәрте еске салды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/959945?lang=kk
Allianz халықаралық рейтингіндегі Қазақстандық зейнетақы жүйесінің орны жоғарылады 27.03.2025
Сақтандыру саласындағы Allianz[1] жетекші компаниясы өзінің Allianz зейнетақы индексін (Индекс) пайдалана отырып, 71 елдің зейнетақы жүйесі талданған жаһандық зейнетақы есебінің жаңа басылымын шығарды. Онда Қазақстан Австрия, Испания, Чили, Сингапур, Гонконг, Қытай және басқа да көптеген елдерден озып, 26-орынға орналасты (2023 жылы Қазақстан Индекстегі 75 елдің ішінде 34-орынға ие болған еді).Allianz зейнетақы индексі (API) зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы мен тұтастығын кешенді бағалауға негізделген. Ол үш ішкі индекстен және 1-ден 7-ге дейінгі шәкіл бойынша бағаланған 40 түрлі өлшемнен тұрады, мұндағы 1 ең жақсы нәтижені білдіреді. Қазақстанның зейнетақы жүйесінің API индексі - 3,5 балл. Демографиялық өзгерістердің қарқынын, мемлекеттік қарызды және жалпы өмір сүру деңгейін бағалайтын бірінші суб-индекс бойынша Қазақстанның жинаған ұпайы 4,1 балға жетті (2023 жылы – 3,5 балл). Бұл көрсеткіш БАӘ-де (2,3 балл), Австралияда (2,6 ұпай) және Израильде (2,9 ұпай) жоғары.Зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын бағалайтын екінші суб-индекс бойынша Қазақстан 3,6 балл жинады (2023 жылы – 3,6 балл). Бұл суб-индекстегі ең жақсы нәтижелерді Индонезия, Дания және Болгария (2,1-ден 2,3-ке дейінгі ұпайлармен) негізінен зейнет жасын ұлғайту және олардың зейнетақы жүйелеріне қор құрамдауышын енгізу арқылы қол жеткізді.Зейнетақы жүйесінің қарттық кезеңде өмір сүрудің лайықты (жеткілікті) деңгейін қаншалықты қамтамасыз ете алатынын бағалайтын үшінші суб-индекс бойынша қазақстандық зейнетақы жүйесі 3,2 балл (2023 жылы – 3,3 балл) жинады. Дания, Нидерланды және Жаңа Зеландия - осы рейтингтің көшбасшылары (ұпайлары 1,7-ден 2,0-ге дейін), олар зейнетақы жүйесінің екінші және үшінші деңгейлерінің мықты қор құрамдауыштарына ие. Есепке сай, барлық талданған зейнетақы жүйелері бойынша орташа балл 3,7 болды. Allianz нұсқасы бойынша зейнетақы жүйесі ең жақсы ел – Дания. 2023 жылы да осы ел көшті бастаған еді, жинаған ұпай саны - 2,3. Екінші және үшінші орында - Нидерланды мен Швеция (2,6 балл), одан әрі Жаңа Зеландияны ығыстырып, 2,7 балл жинаған Жапония төртінші орынға жайғасты. Жаңа Зеландия 2,8 балл, Израиль - 3, Австралия, Ұлыбритания, Норвегия және АҚШ - 3,2 балл жинады.Рейтингтегі ең төменгі орындарды Марокко, Үндістан, Лаос, Малайзия, Шри-Ланка елдерінің зейнетақы жүйелері алады (4,5-тен 5 ұпайға дейін). Бұл елдерде халықты зейнетақы жүйесімен қамту мәселесі аса өткір боп тұр, себебі - бейресми жұмыспен қамту басым.Есепте халықтың қартаю мәселесіне ерекше назар аударылады. БҰҰ-ның соңғы болжамдарына сәйкес алдағы 25 жыл ішінде 65 және одан жоғары жастағы адамдардың саны 2 есеге жуық, яғни қазіргі 857 миллионнан 2050 жылы 1 578 миллионға дейін өсетіні атап өтілген. Бала туу деңгейінің төмендеуі еңбекке қабілетті жастағы халық санының өсуін баяулатып, ғасырдың ортасына қарай 15 пен 64 жас аралығындағы әрбір 100 адамға 65 жастан асқан 26 адам келетін болады. Ал қазіргі уақытта бұл көрсеткіш саны 16 адамға тең. Бүкіл жер шарының 75% құрап, талдауға түскен 71 елдегі туу деңгейі Гонконгтағы бір әйелге 0,7 баладан, Нигерияда 4,4 балаға дейін құбылып отырады. Бұл елдер, сондай-ақ, өмір сүру ұзақтығының да жоғарғы және төменгі шектерін көрсете алады. Гонконгта - орта есеппен 85,6 жыл болса, Нигерияда - 54,6 жыл. Зейнет жасындағы адамдардың еңбекке қабілетті жастағы 100 адамға шаққандағы санын көрсететін демографиялық жүктеме коэффициентінің (ДЖК) көрсеткіштері әр елде әртүрлі. Индустриалдық жағынан дамыған елдердің көпшілігінде ДЖК-ның жалпы деңгейі алаңдаушылық тудырса, көптеген дамушы елдерде жылдам қартаю қарқыны алаңдаушылыққа себеп болып отыр. Қартаю қарқыны ең жылдам елдер - Гонконг, Оңтүстік Корея, Тайвань және Сауд Арабиясы. Десек те, 2050 жылы әлемдегі ең «кәрі» 20 ел негізінен ЕО-ға мүше елдерден тұратын болады: Италия, Испания, Греция және Португалия елдерінде ДЖК 60% асады. Нигерия, Кения және Пәкістандағы туу деңгейі әлі де жоғары, ал өмір сүру ұзақтығының салыстырмалы түрде төмен болуына орай, халқы ең жас мемлекеттер қатарында болады.Allianz сарапшылары демографиялық өзгерістердің зейнетақы жүйесіне тигізетін кері әсерін азайтудың бір жолы - мемлекеттік зейнетақы жүйесін жинақтаушы құрамдауышпен толықтыру екенін атап көрсетті.Есепте, сонымен қатар, зейнетақы жүйесінің негізгі мақсаты  - қарттық шақтағы ұзақ өмір сүру мен кедейлік қаупінен қорғау, сондай-ақ қарттықта лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету екендігі ескертілген. Сондықтан зейнетақы жүйелерін реформалау немесе құру кезінде саясаткерлер олардың ұзақ мерзімді тұрақтылығын ғана емес, сонымен бірге олардың лайықтылығын да ескеруі керек. Егер мемлекеттік зейнетақы жүйелері қария шақтағы лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алмаса, онда салық салу жоспарында қосымша жеңілдіктер қарастырылып, мемлекет субсидия бөлетін зейнетақы өнімдері, кәсіби және жеке зейнетақы жоспарлары қолжетімді болуы тиіс.Зейнетақы жүйесінің лайықтылығы тұрғысынан реформалауды аз дәрежеде қажет ететін елдер - Дания, Нидерланды және Жаңа Зеландия. Бұл елдерде қазірдің өзінде қосымша кәсіби жинақтау бағдарламалары мен жеке зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақы жүйелерінің негізгі элементі болып табылады.Зейнетақы жүйелерінің лайықтылығы, сондай-ақ, кірісті алмастыру коэффициентімен (КАК) де анықталады. Талдауға алынған елдердің мемлекеттік зейнетақы жүйелеріндегі орташа жалпы КАК 53% тең. Бұл ретте коэффициенттер Оңтүстік Африкада 8%-дан Бразилияда 88%-ға дейін өзгереді. Қазақстандағы КАК 2024 жылдың қорытындысы бойынша 41% көрсетті. Алайда, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) зейнетақы реформаларына байланысты кейбір еуропалық мемлекеттердегі зейнетақы төлемдерінің деңгейі жарналарды 30 жыл бойына жүзеге асырғаннан кейін кірістің ұсынылып жүрген 40-45% ең төменгі деңгейінен де азаю қаупі бар екенін атап өтті. Бұл зейнетақы жүйелерінің қосымша жинақтаушы деңгейлерін шұғыл нығайту қажеттілігін растайды.Allianz есебінде мемлекеттік зейнетақы жүйелері туу коэффициентінің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының артуы жағдайында демографиялық қиындықтарды жеңе ала ма деген сұрақ қойылған. Әртүрлі елдердің зейнетақы жүйелерін жан-жақты талдау нәтижесінде еңбекке қабілетті халықтың жарналары қазіргі зейнеткерлердің зейнетақысын қаржыландыруға пайдаланылатын "pay-as-you-go" (тарату жүйелері) қағидаты бойынша қаржыландырылатын жүйелер ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылықты және қарттық шақта лайықты зейнетақы төлемдерімен қамсыздандыра алатын жақсы өмір сүру деңгейіне кепілдік бере алмайды деген қорытынды жасалды.Міндет - зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы мен лайықтылығын қамтамасыз ету және зейнетақыны жинақтаушы құрамдауыш есебінен қосымша қаржыландыру үшін қажетті жағдайлар жасау арасындағы теңгерімді табу. Сонымен қатар, егде жастағы жұмысшыларға еңбек қызметін жалғастыруға мүмкіндік беру мемлекеттік зейнетақы жүйелерінің тепе-теңдігін сақтау үшін де маңызды.Осылайша, есепте "мінсіз" зейнетақы жүйесі – бұл мемлекеттік зейнетақы жүйесі (pay-as-you-go) мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі арасындағы дұрыс теңгерім деген қорытынды жасалған. Осы екі құрамдауышты біріктіретін елдердің демографиялық өзгерістерге және зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді келешектегі тұрақтылығы мен зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігін қамтамасыз етуге дайындығы жақсы болмақ. Алайда, жұмысы тиімді еңбек нарығы кез келген зейнетақы реформасын сәтті іске асыру үшін қажетті шарт болып табылады, бұл дамушы нарықтардағы ресми жұмыспен қамту үлесінің ұлғаюын және еңбек нарықтарының өндірісі дамыған елдердегі қартайған жұмыс күшінің қажеттіліктеріне бейімделуін білдіреді."Сөзден іске өту уақыты" деп аталатын Allianz жаһандық зейнетақы есебі бойынша ақпараттық анықтама мен әлемнің зейнетақы жүйелерін 2025 жылы талдау нәтижелері туралы Allianz есебі мына сілтеме бойынша орналастырылған:   https://www.enpf.kz/kz/indicators/obzory-mezhdunarodnykh-ekspertov/mezhdunarodnye-reitingi/ БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).  [1] Allianz Group-әлемнің 70-ке жуық еліндегі 125 миллион жеке тұлғалар мен корпоративтік клиенттерге қызмет көрсететін сақтандыру компаниялары мен активтерді басқарушылар арасындағы әлемдік көшбасшы. Өз қызметі аясында Allianz жеке және корпоративті сақтандыру қызметтерінің кең спектрін ұсынады, соның ішінде жылжымайтын мүлікті, өмірді және денсаулықты сақтандыру, көмек қызметтері, несиелік сақтандыру және халықаралық бизнесті сақтандыру. Сонымен қатар, компания экономиканың әртүрлі салаларында зерттеулер жүргізумен белсенді айналысады, соның ішінде әлемнің зейнетақы жүйелерін талдау бойынша есептер шығарады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha/press/news/details/977827?lang=kk
Ұлттық киім күні! 27.03.2025
18 наурыз Наурызнамның бесінші күні. Қазақстандықтар Ұлттық киім күнін атап өтуде. Ұлттық киімүн-бұл әркім ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата-бабалар мен әдет-ғұрыптарды еске алатын күн. Ұлттық киім күні-бұл наряд арқылы өзінің даралығын білдіру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның бірлігі мен мәдени алуандығын сақтау мүмкіндігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/959926?lang=kk
2024 жылдың қорытындысы және осы саладағы кездесетін проблемалық мәселелер 27.03.2025
2025 жылдың 17 наурыз күні Қарағанды облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Д. Дайрабаевтың төрағалығымен Қарағанды облысының Нотариаттық палатасының төрайымы А.Бексултанова, тәртіптік комиссия төрағасы Г.Такирова және жекеше нотариустардың қатысуымен «2024 жылдың қорытындысы және осы саладағы кездесетін проблемалық мәселелер» тақырыбында семинар өткізілді.Семинар жұмысына 250 жекеше нотариус қатыстыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-krg/press/news/details/959920?lang=kk
«Наурыз достарын шақырады» 27.03.2025
2025 жылғы 15-16 наурызда «Наурыз достарын шақырады» VІ халықаралық хореографиялық өнер фестивалі өтті.Фестивальдің мақсаты түркі халықтарының ұлттық мәдениетін жаңғырту, сақтау, дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.Фестивальге Қырғызстан, Ресей, Қазақстан елдерінен және Қостанай облысынан 9 хореографиялық ұжым қатысты.Фествальді Қостанай облысының әкімдігі, Қостанай қаласының әкімдігі, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет және білім басқармалары ұйымдастырды.Фестивальге Қырғызстан, Ресей, Қазақстан елдерінен және Қостанай облысының хореографиялық ұжымдары қатысты. Ашылуында қала әкімінің орынбасары Мәжит Мақсұтұлы Шуленов құттықтап, сәттілік тіледі.Екі күнге созылған фетивальдің жабылуында облыстық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Саят Дәулетұлы Жүсіпов пен Білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Жаппасбайқызы Сүйіндікова барша қатысушыларды дипломдармен, статуэткалармен марапаттап, құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/959918?lang=kk