Әлем
ВИЦЕ-МИНИСТРМЕН ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 01.02.2025
Шымкентте ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Сабырұлы Оспанмен жиын өтті. Жиында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек төрағалық етті. Кездесуге Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы 160-қа жуық жекеменшік мектеп басшылары қатыстыВице-министрмен өткен жиында жекеменшік мектептерді одан әрі дамыту және оларды қаржыландыру мәселелері талқыланды.Жиынға қатысқандар оқу үдерісінің сапасын арттыру, қаржылық қолдау шараларын кеңейту және жекеменшік білім беру саласының даму перспективалары туралы сұрақтар қойды. Және министрлік өкілдерінен нақты жауаптар алды.Жиын соңында Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы жекеменшік мектептердің өкілдері мен министрлік өкілдері өзара ұсыныстар мен пікір алмасып, алдағы уақыттағы жұмыс бағыттарын анықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/927309
Олжас Бектенов: Үкімет Президенттің экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын іске асырады 01.02.2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының биылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.Премьер-министрдің орынбасарлары, министрлер мен бірқатар ұйым басшылығы экономика салаларының өсуін қамтамасыз ету, инвесторлар үшін заңнамалық жағдайларды жетілдіру, сирек жер металдары өндірісін дамыту, ядролық кластер құру, жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, жол және көлік-логистикалық, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект енгізу, білім беру және медициналық қызметтер сапасын одан әрі арттыру жөніндегі жоспарлар туралы баяндады.Премьер-министр алдағы кезеңдегі жұмыстың басты бағыты азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған экономиканың өсуін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Үкімет барлық бағыт бойынша жедел шешімдер қабылдап, Президент тапсырмаларының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етеді.«Біз инвестицияларды тарту, салық-бюджет саясатын және жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, еліміздің бәсекелестік артықшылықтарын күшейту, іскерлік ахуалды жақсарту, инфрақұрылымдық және энергетикалық даму, цифрландырудың тұтас жүйесін және халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта қарау бағытында белсенді жұмыс істеуіміз керек. Ол үшін Үкіметте өкілеттіктер жеткілікті. Министрлер мен әкімдер жедел шешімдер қабылдауға және қойылған міндеттерді іске асыруға толық жауапты болуға тиіс. Мемлекет басшысы кеше айтқан әрбір бағыт бойынша нақты нәтиже, орталықта да, жергілікті жерлерде де әрбір басшының тиімді жұмысы қажет. Инвесторлардың нақты мәселелерін шешумен айналысып, әуре-сарсаңға салмай, керісінше – кәсіпкерлердің келуіне, дамуына, зауыттар, кәсіпорындар, өндірістер салуына көмектесу керек. Әрбір басшы мұны өз жұмысының басты қағидаты деп білуі тиіс. Тек нақты жұмыс қажет. Ескі, бюрократиялық жұмыс әдістерін, формализмді қолдана отырып, жаңа жағдайларда оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы орындауға көңіл бөлуді, басы артық қазағазбастылықсыз және көпке созбай батыл шаралар қабылдауды тапсырамын. Біздің бәрімізден нақты нәтиже күтіп отыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Премьер-министр бюджеттік тәртіпті қатаң нығайтуға және мемлекеттік бюджетті басым бағыттар бойынша теңгерімді бөлуге баса назар аудара отырып, жұмыстың бірінші кезектегі бірқатар бағытына назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/927259
5 266 зейнеткер тегін жол жүру карталарын алды 01.02.2025
Көкшетау қаласының әкімдігі зейнеткерлік жастағы адамдарға анықтамалар беру бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.Еске сала кетейік, 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Көкшетау қаласының зейнеткерлері қала ішіндегі қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігін алды. Бұл жоба зейнеткерлерге қажетті орындарға, медициналық мекемелерге, дүкендерге немесе әлеуметтік мекемелерге оңай және тегін баруға мүмкіндік береді.Жыл басынан бері 10 847 анықтама берілді, оның ішінде 5 266 зейнеткер «Көкше Bus Tөlem» жүйесінде өз карталарын алып, тегін жол жүру құқығын пайдалана алады.Әлеуметтік қызметкерлер мен қалалық еріктілер ұйымдастырған көшпелі іс-шаралардың маңызы зор. Олар зейнеткерлік жастағы адамдардың кең ауқымын қамтиды, бұл анықтамалар мен жол жүру карталарын мұқтаж адамдарға тиімді және жедел түрде беруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер 27 зейнеткерге анықтама алуына көмек көрсетті.«Бүгін тегін жол жүру картасы үшін анықтама алуға келдім. Бізге осындай қолдау көрсетіп жатқандығына қуаныштымын. Әкімдікке осындай бастамасы үшін алғыс айтамын» – деп атап өтті Көкшетау қаласының тұрғыны.Кеңес алу үшін 8 716 2 29-81-00, 8 716 2 29 81 08 нөмірлеріне хабарласа аласыздар немесе Шалқар көшесі 9 А, операциялық зал, 1, 2, 3 терезелеріне жүгінуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/927291
Қазақстан ЕАЭО шеңберінде банктік кепілдіктерді өзара тану туралы келісімді ратификациялады 01.02.2025
2025 жылдың 24 қаңтарда Мемлекет басшысы «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банктік кепілдіктерді өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.Келісім банк кепілдіктерін өзара тануды белгілейді, бұл мүше мемлекеттердің өнім берушілерінің ЕАЭО-ның басқа елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қатысу мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді.Қазақстандық кәсіпкерлер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде тең шарттарда қазақстандық қаржы мекемелері берген банк кепілдіктерімен ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қатыса алады.Бұл ұлттық кәсіпорындарға ЕАЭО-ның басқа елдерінде жаңа банк кепілдіктерін ресімдеу қажеттілігін қысқартады.Айта кету керек, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алу нарығы 100 млрд.АҚШ құрайды. Қабылданған келісім ұлттық кәсіпорындар үшін шектеуді алып тастайды.Келісімді ратификациялау рәсімі ЕАЭО-ға барлық мүше мемлекеттерінде аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/926944
Қазақстан Сыртқы істер министрі «Gateway Ventures C.A.» компаниясының басшысымен кездесті 01.02.2025
Астана, 2025 жылғы 29 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Gateway Ventures C.A.» компаниясының басқарушы директоры Айотхи Даниэль Гунасиланды қабылдады.Тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін және серіктес қатынастарды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Қазақстандағы инвестициялық жобаларға ерекше назар аударылды.Компания басшысы елімізде мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібіне арналған жабдықтар шығаратын зауыт салуды қоса алғанда, Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейту жоспарларымен бөлісті.Табысты ынтымақтастықтың негізгі аспектілерінің бірі – білім беру жобаларына инвестициялар. Бүгінгі таңда «Gateway Ventures C.A.» Қазақстанда үш халықаралық мектеп салды.Сұхбат соңында компанияның одан әрі инвестициялық қызметін іске асыруға қажетті көмек көрсетуге дайындығы расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/927270
Қазақстан мен БАӘ көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті 01.02.2025
Астана, 2025 жылғы 29 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшісі Мұхаммед Әл-Арикимен кездесті. Кездесуде тараптар Қазақстан-Әмірлік ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, атап айтқанда сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды қарқынды дамыту мәселелерін талқылады. Сыртқы істер министрлігінің басшысы БАӘ Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі екенін атап өтіп, мемлекет басшылары арасында қалыптасқан сенімді диалогты атап өтті.Әңгімелесушілер жақында өткен жұмыс сапарының нәтижелеріне оң баға берді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабидегі «Тұрақты даму апталығына» қатысу үшін БАӘ-ге барды. және көлік-логистикалық ынтымақтастықты кеңейту. Осы тұрғыда елдер арасындағы жолаушылар ағынының артуы және туристік сапарлар санының өсуі қанағаттанарлықпен атап өтілді.Сонымен қатар, әңгімелесушілер жаһандық күн тәртібін талқылап, халықаралық ұйымдар аясындағы белсенді жұмысты жалғастыруға келісті. .Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/927285
Қ.ТОҚАЕВ: ӘКІМДІК ЗАҢҒА СӘЙКЕС ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР 01.02.2025
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Шымкент қаласы әкімінің мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша есебін тыңдады. Сондай-ақ заңсыз салынған құрылыстарды бұзу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп жатқанын, бірақ қалада жер телімдеріне қатысты өткір мәселе тұрғанын атап өтті."Заң алдында бәрі бірдей. Сондықтан былтырдан бастап заңсыз салынған нысандар сүріле бастады. Мемлекеттік органдардың мұндай әрекеті сынға ұшырап жатыр. Бірақ бұдан қорқудың қажеті жоқ. Себебі әкімдік заңға сәйкес жұмыс істеп жатыр” - деді. деді Қ.Тоқаев.Сондай-ақ Мемлекет басшысы халықпен диалогты күшейтіп, түсіндіру жұмыстарын тиімді жүргізу қажеттігін айтты.«Қазір елімізде өзін қоғам белсендісі санайтын топтар пайда болды. Олар көп жағдайда әлеуметтік желіні пайдаланып, биліктің түпкі мәні дұрыс, бірақ бәріне бірдей ұнай бермейтін шешімдері туралы орынсыз дау көтеріп, елді дүрліктіреді. Сондықтан барлық шешімді халыққа жақсылап, мұқият түсіндіру маңызды. Бұл мәселе бүкіл аймаққа қатысты. Кез келген жұмыс барынша ашық әрі түсінікті болғаны жөн, - деді Мемлекет басшысы. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/927308
Қызылордада ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда 01.02.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасап, өңірдегі инвестициялық жобалар туралы айтты.Экономиканы әртараптандыруда 2024 жылы аймақта 37 млрд. теңгенің 21 инвестициялық жобасы іске қосылды.Негізгі капиталға 640 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 21,7 пайызды құрады (республиканың орташа көрсеткішінен 14 пайызға жоғары, ҚР – 107,5%). Оның 70,5 пайызы – жеке инвестиция. Шетел инвесторларымен нәтижелі жұмыстың арқасында 9 ай қорытындысымен 171 млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылып, өсім 16,6 пайызға жеткен.2025-2029 жылдары аймақта құны 1 трлн. 900 млрд. теңге болатын 65 инвестициялық жоба іске асырылып, 8 100 жаңа жұмыс орны ашылады. Ел Президентінің тікелей қолдауының арқасында және Қатар мемлекетіне жасаған іссапары қорытындысымен өңірде 800 млрд. теңгенің, қуаттылығы 1 100 мегаваттық бу-газ қондырғысының жобасы қолға алынады. Қазіргі таңда жер беріліп, техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде.Биыл «Шалқия» қорғасын-мырыш кенішін қайта жаңғырту үшін құны 215 млрд. теңге болатын жаңа кен байыту комбинатының, 147 млрд. теңгеге жылына 300 мың тонна кальцийленген сода шығаратын зауыт құрылысы басталады. Сондай-ақ, 62 млрд. теңгеге қуаттылығы 201 мегаваттық 5 күн және 1 жел электр станциясы іске қосылады.Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан – Германия, Қазақстан – Корея форумдарында қол қойылған меморандумдарға сәйкес, 31 млрд. теңгеге «Хорн» неміс технологиясы бойынша жылына 220 млн. дана шыны бөтелке шығаратын, 19 млрд. теңгеге кореялық «With You E&C Kyzylorda» компаниясының тұрмыстық қатты қалдықтар өңдейтін зауыттарының құрылысы басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/926503
Сыр елінің экономикасы қарқынды дамып келеді 01.02.2025
Қызылорда облысында жыл қорытындысымен барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілді.Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.«Аймақтың экономикалық өсімі 7 пайызды құрады (2023 жылы – 107,3%). Өзіңіздің, Үкіметтің қолдауымен облысымыздың бюджеті 750 млрд. теңгеден асты.Экономиканың негізгі үлесін алатын мұнай қорының 15 жылдан астам уақыттан бергі төмендеу тенденциясын ескеріп, өңдеу өнеркәсібі мен аграрлық саланы жедел дамытумен қатар, мұнай-газ өңдеу саласын да өркендетудеміз.Жаңа кен орындарын ашу үшін геологиялық зерттеулер жүргізіліп, мұнайдың төменгі қабаттары игерілуде. Кен орындарында 5 500 метр тереңдікке дейін (скважина) бұрғылау, дәстүрлі емес (қара тақтатас мұнай) көмірсутекті игеру басталды», – деді Н.Нәлібаев.Өңірде негізгі капиталға 640 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 21,7 пайыз болды (республиканың орташа көрсеткішінен 14 пайызға жоғары, ҚР – 107,5%). Оның 70,5 пайызы – жеке инвестиция. Шетел инвесторларымен нәтижелі жұмыстың арқасында 9 ай қорытындысымен 171 млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылды. Өсім – 16,6 пайыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/926522
Облыс орталығы ыстық сумен қамтамасыз етіледі 01.02.2025
Қызылорда қаласын ыстық сумен қамтамасыз ету жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Бүгінде 187 үй ыстық суға қосылды. Келесі жылу беру маусымына дейін облыс орталығының көпқабатты тұрғын үйлерінің барлығына ыстық су беріледі.Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.Мемлекет басшысының қолдауымен аймақта маңызды жобалар жүзеге асуда. Түркиялық инвестор «Акса Энерджи» компаниясы қолға алған қуаты 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы құрылысының 70 пайызы аяқталды. Нысан қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Жаңа станция облыс орталығын жылумен, аймақты электр энергиясымен толық қамтамасыз етеді. Өндірілген электр энергиясының артылған бөлігін өзге өңірлерге сатуға мүмкіндік береді.«Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары 2022 жылы бастау алғаны белгілі. Республикалық маңызы бар жолдың облыс аумағындағы 216 шақырымының 151 шақырымы пайдалануға берілді. Жоба биыл толық аяқталады.Сондай-ақ, Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 566 шақырым жолды І санатқа ауыстыру осы жылы басталады. Қазіргі таңда, демеушілікпен 350 млн теңгеге техника-экономикалық негіздемесі әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/926706
Инфрақұрылымды жаңғырту жобалары халықтың өмір сапасын арттыруға оң ықпал етті 01.02.2025
Аймақта экономиканың өсімін қамтамасыз етумен қатар, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше басымдық берілуде. Өңір тұрғындарының сапалы ауыз су пайдалану көрсеткіші – 98,6 пайыз. Биыл барлық елді мекенге сапалы ауыз су 100 пайыз жеткізіледі. Газбен қамту деңгейі 78 пайыз, алдағы меже – 83 пайызға дейін арттыру.Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.Жылумен қамту нысандары мен желілерін жаңғыртуға былтыр 12 млрд. теңге қаржы бөлініп, дайындық жұмыстары уақытылы жүргізілді. Соның арқасында жылу беру маусымы штаттық режимде өтуде.Жол инфрақұрылымына қатысты да оң өзгерістер бар. Өңірдегі жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайызға жетті, биыл тағы 329 шақырым жол жөнделіп, бұл көрсеткіш 95 пайыздан асады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы салынып, іске қосылды. Сонымен қатар, заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты пайдалануға беріліп, теміржол вокзалы қайта жаңғыртылды. Қоғамдық көлік мәселесі де толық шешілді, оған қоса 100 электромобиль тұрғындарға экотакси қызметін көрсетуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/926708
Облыстағы құрылыс қарқыны жоғары 01.02.2025
Қызылорда облысында құрылыс жұмыстары республикалық орта көрсеткіштен 41 пайызға жоғары деңгейде жүзеге асырылуда. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлім етті.Тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға 2 500-ден астам пәтер табысталды. Аймақта жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеруде. 2024 жылы 69 жаңа ғимарат салынып, бүгінде 25 білім, 16 денсаулық сақтау, 11 мәдениет, 17 спорт нысаны ел игілігіне қызмет етуде. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 21 мектеп салу жоспарланған. Бүгінде 5 білім ордасы пайдалануға берілді, 5 мектеп жаңа оқу жылына дейін табысталады. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 28 нысан салынды.Облыстың барлық ауылындағы денсаулық сақтау мекемелеріне 245 жаңа санитарлық көлік алынып, жедел жәрдем мәселесі толық шешілді. Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоры өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға 4 млрд. теңге қаржы бөлді. Бұл қаржыға Арал, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында «Қамқорлық» оңалту орталықтары ашылды. Мұнан бөлек, қордың 1 млрд. 100 млн. теңге қаржысына скрининг жүргізуге арналған жылжымалы кешен алынып, ауыл тұрғындарына үздіксіз медициналық қызмет көрсетуде.Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 50 млрд. теңгеге жуық қаржыға облыс орталығы мен аудандарда жаңа ғимараттар, парктер, ойын алаңдары салынып, мемлекет теңгеріміне өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/926713
«Таза Қазақстан»: өңірлік жоспар аясында кешенді жұмыс жүргізілуде 01.02.2025
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық, абаттандыру және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында өңірлік жоспар бекітіліп, кешенді жұмыс жүргізілуде.Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасына 736 мың адам қатысып, 176 800 түп тал егілді. Акция басталғалы ауылдарды қолдау, ынталандыру мақсатында дәстүрлі түрде «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізіліп, 2,1 млрд. теңгеге күнделікті тұрмысқа қажетті 67 техника табысталды. Коммуналдық сала кәсіпорындарына, табиғатты қорғау мекемелеріне 309 арнайы техника сатып алынды. Қызылорда қаласының орталық алаңы, аудандарда демалыс орындары қайта жаңғыртудан өтті. Биыл бірнеше саябақ қайта жаңартылады», – деді Н.Нәлібаев.Айта кетейік, Қызылорда қаласындағы 28 ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті заманауи панельмен қапталды, 20 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылды. Теміржол вокзалы ғимараты мен перроны күрделі жөндеуден өтті.Балалардың игілігі үшін 80 ойын және спорт алаңы, Жаңақорған ауданында демалыс паркі, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында «Еңбекшілер аллеясы» пайдалануға берілді. Қармақшы ауданы Жаңажол ауылының орталық алаңы және Жалағаш ауданы Таң ауылының көшелері абаттандырылып, жарықтандырылды. Облыстық бюджеттен бөлінген 800 млн. теңгеге 17 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары, 200 млн. теңгеге 14 спорт және ойын алаңы салынып, 7 балалар ойын алаңы жөндеуден өткізілді.Демеушілер есебінен 63 көпқабатты тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысанның қасбеті заманауи үлгіде әрленуде. Аудандарда 320 млн. теңгеден астам қаржыға көшелер абаттандырылып, ойын алаңдары мен скверлер салынды. Өткен жылы аймағымызда мекеме ғимараттарының қасбеті, аулалардағы балалар ойын және спорт алаңдары, көшелердегі жарықтандыру мен аялдамаларды әрлеу, сырлау, безендіруге біркелкі дизайн код бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/926719
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТАБИҒИ ШЫРЫН ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 01.02.2025
Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округінде орналасқан «Қазығұрт бақтары» өндірістік кооперативі табиғи шырын дайындайтын цехты іске қосуда. Цех қуаттылығы тәулігіне 1 тонна шикі өнімді өндіруге қауқарлы. Жоба құны – 682 412 500 теңге. Кәсіпкер жеміс өнімдерін сақтайтын 500 тонналық қойма құрылысын өз қаржысы есебінен аяқтауға жақын. Цех іск қосылғанда алма, шие, қара өрік шырынын дайындауды жоспарлап отыр.Өндірістік кооператив иелігіндегі 138 гектар аумақтың 110 гектарына 300 мыңға жуық қарқынды алма бауын еккен. Тамшылатып суару жүйесі арқылы өсірілген «Гренни Смит», «Айдаред», «Голден делишес», «Гала» сортты алмаларын еліміздің барлық өңірлерімен қатар, алыс-жақын шетелге экспорттайды.Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Амантайұлы цехтың құрылысы, өндірістік кооператив жұмысымен танысты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/926911
Олжас Бектенов: Үкімет Президенттің экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын іске асырады 01.02.2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының биылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.Премьер-министрдің орынбасарлары, министрлер мен бірқатар ұйым басшылығы экономика салаларының өсуін қамтамасыз ету, инвесторлар үшін заңнамалық жағдайларды жетілдіру, сирек жер металдары өндірісін дамыту, ядролық кластер құру, жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, жол және көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект енгізу, білім беру және медициналық қызметтер сапасын одан әрі арттыру жөніндегі жоспарлар туралы баяндады.Премьер-министр алдағы кезеңдегі жұмыстың басты бағыты азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған экономиканың өсуін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Үкімет барлық бағыт бойынша жедел шешімдер қабылдап, Президент тапсырмаларының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етеді.«Біз инвестициялар тарту, салық-бюджет саясатын және жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, еліміздің бәсекелестік артықшылықтарын күшейту, іскерлік ахуалды жақсарту, инженерлік инфрақұрылымдық және энергетикалық даму, цифрландырудың тұтас жүйесін құру және халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта қарау бағытында белсенді жұмыс атқаруға тиіспіз.Ол үшін Үкіметте өкілеттіктер жеткілікті. Министрлер мен әкімдер жауапты шешімдер қабылдап, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға толық жауапты болуы тиіс.Мемлекет басшысы кеше айтқан әрбір бағыт бойынша нақты нәтиже және әрбір басшының жұмысының тиімділігі – орталықта да, жергілікті жерлерде де қажет. Инвесторлардың нақты мәселелерін шешумен айналысу керек, әуре-сарсаңға салмау керек, керісінше – кәсіпкерлердің келуіне, дамуына, зауыт, кәсіпорын, өндіріс салуына көмектесу керек. Әрбір басшы мұны өз жұмысының басты қағидаты деп білуі тиіс. Тек нақты жұмыс қажет.Ескі, бюрократиялық жұмыс әдістерін, формализмді қолдана отырып, жаңа жағдайларда оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.Мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы орындауға көңіл бөлуді, басы артық қазағазбастылықсыз және көпке созбай батыл шаралар қабылдауды тапсырамын. Біздің бәрімізден нақты нәтиже күтіп отыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Премьер-министр бюджеттік тәртіпті қатаң нығайтуға және мемлекеттік бюджетті басым бағыттар бойынша теңгерімді бөлуге баса назар аудара отырып, жұмыстың бірінші кезектегі бірқатар бағытына назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/926912
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ТАСЫМАЛЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЮ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ 01.02.2025
Түркістан облысында мұнай өнімдерінің заңсыз тасымалына қарсы күрес күшейтілді. Облыс аумағында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында 2024 жылдың өзінде мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 567 фактісі анықталып, 32 370 литр дизель отыны мен 6008 литр бензин тәркіленді. Мемлекетке келтірілген шығынды өтеу мақсатында 46 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.Аталған жұмыстар Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Роман Склярдың тапсырмасы негізінде жүзеге асырылып отыр.Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Әбдізақованың айтуынша, Түркістан облысының әкімдігі жанынан құрылған арнайы жұмысшы топ көлеңкелі нарыққа тосқауыл қою мақсатында жүйелі түрде тексеру жүргізуде. Оның құрамына кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, полиция департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті, қаржы мониторингі агенттігі, көлік инспекциясы, табиғи монополияларды реттеу комитеті және жергілікті атқарушы органдар кіреді.Басты мақсат – мұнай өнімдерінің жасанды тапшылығын болдырмау, алыпсатарлыққа жол бермеу және заңсыз тасымалдың алдын алу.Қазіргі таңда Түркістан облысында 380 жанармай құю бекеті және 9 мұнай базасы заңды негізде жұмыс істеп тұр. АИ-92, АИ-95 және дизель отыны еркін сатылуда, және өңірде мұнай өнімдеріне тапшылық тіркелген жоқ.Түркістан облысының әкімдігі заңсыз жанар-жағармай тасымалын болдырмау мақсатында бақылауды күшейтіп, тиісті шараларды жалғастыра беретін болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/926915
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ 6 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫҢ АСҚАЗАНЫНАН 1 КЕЛІ ШАШ АЛЫП ШЫҚТЫ 01.02.2025
Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 6 жасар қыз баланың асқазанына күрделі ота жасады. Асқазанда өте үлкен мөлшердегі бөгде заттар анықталған пациент шұғыл түрде Түркістан каласынан Облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Сол мезетте асқазанға ЭФГДС процедурасын жасау арқылы бөгде зат анықталып, күрделі ота жасалды. Ота кезінде дәрігерлер бүлдіршіннің асқазанынан ұйысып қалған бір уыс шаш алып шықты. Асқазаннан шыққан шаштың салмағы бір келіге жуық. Ота сәтті өтіп, емделуші бір күннен кейін палатаға ауыстырылды. Бір аптаға жуық ауруханада ем алған қыз баланың жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды.Анасының айтуынша, баланың аурғанына 1 ай болған. Ол асқазан аймағының ауырсынуына, әлсіздікке, тәбетінің болмауына, салмағының төмендеуіне шағымданған.«Отаның ұзақтығы бір сағатқа созылды. Ота өте сәтті өтті. Жалпы мұндай жағдайлар баланың қараусыз қалғанынан болады. Кішкентай балалар түрлі заттарды аузына салып, салдарынан ішке зиянды заттар жиналады. Бұл жағдай баланың өмірі үшін қауіпті болғандықтан, ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауларын ескертеміз. Түркістан облыстық балалар ауруханасында хирургиялық көмектер тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында көрсетіледі» деді Облыстық балалар ауруханасының балалар хирургі Мұқағали Темірбеков.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/927263
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК БАЛАЛАР ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНА БАРДЫ 01.02.2025
Төлеби ауданындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері «Тау самалы» демалыс аймағына саяхатқа барды.Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың ұйымдастыруымен «Таудағы бір күн» тақырыбымен өткен саяхатта балалар аспалы жолмен таудың биік нүктесіне шықты. Демалыс орнын жоғарыдан тамашалап, тюбингпен, шанамен сырғанады.Өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуді мақсат еткен саяхатқа жалпы 54 бала барған.Шара барысында балаларға «Шымкент цирк» мекемесі тау баурайына арнайы келіп, өнер көрсетті. Жастар ресурстық орталығының мамандары балалар арасында түрлі жарыстар ұйымдастырып, жеңімпаздарды құнды сыйлықтармен марапаттады.Айта кетсек, тауға саяхат дәстүрі жыл көлемінде жалғасын табады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/927264
ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ТҰҢҒЫШ РЕТ «КӨСЕМ» ДРАМАСЫ САХНАЛАНДЫ 01.02.2025
Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаевтың туғанына – 113 жыл.Сайрам аудандық Қазақ халық театры қоғам қайраткерінің құрметіне «Көсем» атты психологиялық мұңды драмасын сахналады. Бұл тақырыптағы пьеса тұңғыш рет қойылып отыр.Қойылымды тамашалауға аудан әкімі Арман Сәбитов, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.Оқиға өткен ғасырдың 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен елін әділ басқарған Дінмұхамед Қонаев төңірегінде өрбиді. Сахнада сол кезде Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Ахметұлы себепсіз жұмыстан алынуы, Мәскеуден оған жасалған қысым мен жастардың азапталуы көңіл толқытады. Саяси көзқарасы мен сол кездегі «лениндік» саясатты бетке ұстап, қарсылығын білдірген жастар дара қайраткерін барынша қорғайды. Елдік мүддені биікке көтереді.Осынау қойылымды деректерге сүйеніп, көркемдеген автор — халықаралық Жамбыл сыйлығының иегері, доцент, Сайрам ауданының Құрметті азаматы Болаттемір Алтаев. Ал режиссері Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иесі Әскер Құлданов.Қойылым соңында театр ұжымына аудан әкімінің Арман Сәбитовтің және «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Түркістан облысы, Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» Шәріпбек Жамалбековтің, Халықаралық Д.А.Қонаев қорының вице-президенті Сайрам ауданының «Құрметті азаматы» Шатырхан Керімбековтің ықылас гүлі табысталды. Олар сахна төрінде шығармашылық топпен арнайы кездесіп, театр ұжымының өнерін жоғары бағалады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/927265
ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ АМЕРИКАЛЫҚ ИНВЕСТОРМЕН БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІРЕГЕЙ ЖОБАНЫ ТАЛҚЫЛАДЫ 01.02.2025
Бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Америка Құрама Штаттарынан арнайы келген инвестормен кездесіп, білім саласын дамытуға арналған бірегей жобаны талқылады. Қазақстанның тумасы Даяна Музан Түркістан облысында қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын балабақша мен мектеп ашу бойынша әлеуметтік жобасын таныстырды. Жекеменшік білім ұясы қазақ тілін терең меңгеріп, шет тілдерін үйрететін, спорт пен музыкаға баурайтын бірегей жоба болмақ.Пилоттық жоба батыстың еуропалық білім беру стандарттарын сақтай отырып, білім сапасын арттыруға бағытталған. АҚШ азаматшасы оқушыларға жайлы, арнайы қалашығы бар мектепке жергілікті педагогтарды жұмысқа тартпақ. Келіссөздер барысында облыс әкімі бірегей жобаның жүзеге асуына жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты.– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Үкімет жұмысының басты бағыттарын айқындады. Оның ішінде білім беру саласын дамыту, инвестиция тарту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Жүйелі негізде біз әртүрлі елдердің инвесторларымен кездесеміз. Өңірде білім сапасын арттыруға басымдық берілген. Біз, өз тарапымыздан бұл бағыттағы жұмыстарды бюрократиясыз, қысқа мерзімде шешуге бар күшімізді саламыз, – деді Нұралхан Көшеров.Облыс әкімі білім ошағының құрылысын жүргізетін аймақты таңдаған кезде халықтың тығыздығын, инженерлік желілер мен инфрақұрылымға қосылу мүмкіндігін ескеру қажеттігін атап өтті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/927283