Әлем
ІІМ: 1000-нан астам атыс және травматикалық қару тәркіленді 01.02.2025
ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері тұрақты негізде қару, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды табу және тәркілеу жөніндегі жұмыс жүргізуде.Ағымдағы жылдың басынан бастап жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20 атыс және травматикалық қару, оның ішінде 4-уі қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған, сондай-ақ 6 граната және 150-ден астам әртүрлі калибрлі оқ-дәрі тәркіленді.Мысалы, Алматы қаласының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тергеу изоляторының қызметкерлерімен бірлесіп, Түрксіб ауданында қару жасырылған жерді анықтады. 3 шолақ мылтық, 3 тапанша, 4 граната, шамамен 50 патрон, сонымен қатар қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған карабин тәркіленді.Тараз қаласында 2 шолақ мылтық және қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған жауынгерлік арбалет табылды.Ақтөбеде 56 патроны бар ТОЗ винтовкасы мен Ф-1 гранатасы тәркіленді.Алматы облысында 2 қару, РГД-5 гранатасы және Калашников автоматының 20 патроны, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2 Макаров тапаншасы табылды.Талдықорған қаласында жергілікті тұрғынның автокөлігінен 5 травматикалық тапанша тәркіленді.- Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері заңсыз айналымнан 1000-нан астам қару-жарақ тәркіледі, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 130 қару бар.Бұл бағыттағы жұмыс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/924865
«Ulytau Zhastary» 01.02.2025
Гүлім Қуанышова – сегіз жылдан бері жергілікті «Ulytau» телеарнасында тілші, бағдарлама жүргізушісі болып қызмет атқарады. Жерлесіміз Ұлытау облысының әкімдігі мен «Отбасы банк» бірлесе қолға алған тұрғын үй бағдарламасының арқасында аумағы 60 шаршы метрге жуық өз баспанасына қол жеткізген. Гүлім Маратқызының айтуынша, бастама – 35 жасқа дейінгі ұлытаулық мамандар үшін үлкен мүмкінік.«Ulytau Zhastary» тұрғын үй бағдарламасының жылдық мөлшерлемесі 6%-ды құрайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн теңге. Бастапқы жарна кем дегенде 10%.Аталған бағдарлама 2023 жылы бастау алды. Осы уақытқа дейін Денсаулық сақтау, Білім беру, Мәдениет, Спорт, БАҚ, ЖОО, Әлеуметтік сала, «Қазпошта» акционерлік қоғамы филиалы, электрмен, сумен, жылумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне қызмет жасайтын, Ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы қызметкерлер, мемлекеттік қызметшілер және Қызмет саласына қарамастан, Ұлытау облысында «жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар» санатында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған отыз бес жасқа дейінгі азаматтар баспаналы болды.Қадірлі жерлестер!Тұрғын үй бағдарламасы 2025 жылы да жалғасын табады. Құжат қабылдау уақыты мен талаптары қосымша хабарланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/925286
ҚҰРМЕТТІ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! 01.02.2025
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылық кооперативтері ауыл шаруашылық техникасы мен жабдықтарын сатып алуға лизинг ала алады!Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 4 қарашадағы № 371 бұйрығына сәйкес ауыл шаруашылық техникасы мен жабдықтарын лизингке беру қағидаларына толықтырулар енгізілдіЛизинг шарттары:Мерзімі: 5 жылға дейінМаксималды сома: 8000 АЕК дейін (31 456 000 теңге)Несие мөлшерлемесі: жылдық 2,5% - дан аспайдыАлдын ала төлем: лизинг сомасынан 10%-дан бастапЛизинг нысанасы: жаңа ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарыӨтінімді қалай беруге болады?E-mail: spk-ulytau@mail.ruМекен-жайы: Жезқазған қаласы, Бейбітшілік даңғылы 23АТелефон: +7 708 768 38 21Өтінімдерді қабылдау кестесі:Жұмыс күндері: 9:00-ден 18:30-ге дейінТүскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейінТиімді лизингпен өз ісіңізді дамыту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/925405
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жаңа басшысы тағайындалды 01.02.2025
Бүгін, 27 қаңтарда, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Сәбит Дүйсекенов тағайындалды.Сәбит Дүйсекенов 1987 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2012 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, 2014 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.Еңбек жолын 2012 жылы Маңғыстау облысындағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром ӨБ» РМҚК «Кендірлі Қаясан» мемлекеттік қорығының күзет қызметінің бастығы қызметінен бастады.2014 жылы «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Батыс өңірлік филиалының директоры болып тағайындалды.Ал 2017 жылы «Кендірлі Қаясан» Мемлекеттік қорық аумағының күзет қызметінің басшысы, «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Орал өңірлік филиалының басшысы, сондай-ақ, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орал өңірлік филиалының басшысы қызметтерін атқарды.2017 және 2023 жылдар аралығында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Ақтөбе өңірлік филиалының басшысы болып жұмыс жасаған.2023 жылы Қобда ауданы әкімінің орынбасары міндетін атқарушы, кейін Қобда ауданы әкімінің орынбасары, сондай-ақ, «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы болды.2024 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/924920
ҚР Туризм және спорт министрі Қытай Елшісімен екі жақты ынтымақтастықты талқылады 01.02.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлиньмен кездесті.Кездесуде тараптар екі ел арасындағы туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті. Былтыр Қазақстан мен Қытай спортшылары бір-бірінің аумағындағы маңызды додаларда өнер көрсетті. Жерлестеріміз Қытайда ұйымдастырылған 31 спорттық іс-шарада бақ сынаса, қытайлық спортшылар Қазақстандағы 15 жарысқа қатысты.Сондай-ақ туризм саласы екіжақты өзара іс-қимылдың маңызды бағыты болып қала береді. Кейінгі жылдары Қытай туристері арасында Алматы, Астана, Түркістан және Ақтау сияқты қалалардың танымалдығы артып келеді. Екі ел арасында визасыз режимнің енгізілуі, тікелей әуе рейстері санының өсуі және Қазақстанның туристік әлеуетін белсенді насихаттауы саладағы көрсеткіштердің айтарлықтай өсуіне серпін берді.«Мемлекет басшысының тапсырмасымен былтыр «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы» ұйымдастырылды. Еліміздің туристік әлеуетін таныту мақсатында Қытайдың ірі қалаларында 30-дан астам іс-шара өткізілді. Оның ішінде роуд-шоулар, форумдар, көрмелер, концерттер және басқа да іс-шаралар бар. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде былтыр Қытайдан Қазақстанға келген туристер ағыны 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда үш есе көбейіп, 650 мың адамнан асты. Бұл қытай азаматтарының біздің мәдениетімізге, тарихымызға және табиғи көрікті жерлерімізге үлкен қызығушылығын көрсетеді», - деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.Биыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланғаны белгілі. Кездесу соңында министр Қазақстан туризм жылы аясындағы барлық іс-шараны табысты өткізу үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/925429
Қазақстанда соңғы 3 жылда 12,1 миллион гектар жер қайтарылды 01.02.2025
Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жер ресурстарының ұтымды пайдаланылуын бақылау» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстары басқармасы Мұрат Теміржанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жерлерді қайтару жөніндегі тапсырмасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың қорытындысын жариялады. Мемлекет басшысы 2022 жылғы қыркүйектегі Жолдауында пайдаланылмай жатқан немесе заңға қайшы берілген 10 миллион гектар жерді қайтару міндетін қойды. 12,1 миллион гектар жер мемлекет қорына қайтарылды. 9,4 млн га аумақта 4 731 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.«Жердің деградациясы өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Бүгінде 30 миллион гектарға жуық жер эрозиядан және басқа да келеңсіз процестерден зардап шегеді. Бұл салада жұмыс істеу үшін Бірыңғай топырақ кластері қызметі құрылды.205 млн га аумақта цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау жұмыстары аяқталды.Сонымен қатар, 2024 жылы топырақ туралы заң жобасы әзірленеді. қорғау мәселесі Парламентке ұсынылды, ол жердің сапасын сақтау және оның тозуына жол бермеу жөніндегі мемлекеттік саясаттың негіздерін белгілейді», - деген спикер соңғы үш жылда жерді тиімді пайдалануға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылғанын айтты. жер ресурстары.Заңнамалық шаралар қабылданып, топырақ және геоботаникалық зерттеулер аяқталды, ауыл шаруашылығы жерлерінің цифрлық базасы құрылды.Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Жердің тозуымен күресу, көміртегі шаруашылығын дамыту, инновациялық технологияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту бірінші кезектегі міндеттер болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/925375
Қазақстан Сыртқы істер министрі Өзбекстан Елшісін қабылдады 01.02.2025
Астана, 2025 жылғы 27 қаңтар – Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Өзбекстанның Қазақстандағы Елшісі Бахтиёр Ибрагимовты қабылдады.Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, су-энергетика және транзит-көліктік салаларындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.Өткен жылдың сәуір айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Хиваға жұмыс сапары және тамыз айында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Астанаға жасаған мемлекеттік сапары нәтижелерінде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды.М.Нұртілеу Өзбекстанмен достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге Қазақстанның мүдделілігін атап өтті.Бұл тұрғыда екі мемлекет басшыларының алдағы жылдары тауар айналымын 10 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту жөніндегі мақсатына қол жеткізу үшін сауда, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш салаларындағы кооперациялық байланыстарды тереңдету үшін жаңа өсу жолдарын іздеудің маңыздылығы аталып өтті.Өз кезегінде Өзбекстан Елшісі Ташкенттің Қазақстанмен одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға деген берік ұстанымы туралы хабарлады.Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Көпжақты құрылымдар аясында өзара қолдау көрсетуді және Орталық Азия өңірінің тұрақты дамуына жәрдемдесуді жалғастыруға дайындық білдірілді.Алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесі қарастырылды.Сұхбат соңында Б.Ибрагимов кездесу үшін алғысын білдіріп, өзбек-қазақ ынтымақтастығын жан-жақты тереңдету үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынына сендірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/925536
Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейі 4,5%-ға төмендеді. 01.02.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің мәліметі бойынша 2024 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан 1408 жұмыскер зардап шегіп, оның 202-і қаза болған. Бұл ретте 2024 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2023 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға төмендеді.2024 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану коэффициенті (1000 жұмыскерге шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілігі) 0,20 құрады.Республиканың өнідірістік аймақтарында жарақат алудың ең жоғары деңгейі сақталуда. Мәселен, Қарағанды облысында – 159 адам, ШҚО-да – 124 адам, Павлодар облысында – 112 адам, Абай облысында – 101 адам, Қостанай облысында – 91 адам, зардап шеккен. Сондай-ақ, Алматы қаласында 116 адам зардап шекті.Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптерінде – 18,3% және құрылыс саласында – 10,1%.Жазатайым оқиғалардың орын алуының негізгі себептері: өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (35,5%); жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы (31%); жол қозғалысы ережелерін бұзу (8,2%); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу (7,6%).Қауіпсіз еңбек жағдайын жасау мен өндірістік жарақаттануды азайту ҚР Үкіметі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.Соңғы бес жылдың ішінде мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғау саласы бойынша қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде өндірістік жарақаттану деңгейі 6,3%-ға төмендеді.Профилактика мен бұзушылықты алдын алу мақсатында еліміздің 3262 кәсіпорны қауіпсіздік пен еңбекті қорғау стандарттарын енгізді.2019 жылдан бастап Министрлік тарапынан «Нөлдік жарақат - Vision Zero» тұжырымдамасын жетілдіру бойынша белсенді жұмыс атқарылуда. Оған бүгінде 605 кәсіпорын қосылды.Құрылыс объектілерінде бас мердігердің объектідегі еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша барлық қосалқы мердігерлерге жауапкершілігі мен бақылауын көздейтін бақылаудың тік моделін енгізу бойынша жұмыс жалғасуда. Бұл бақылау моделін республиканың 318 кәсіпорны енгізді.Бұдан басқа, жұмыс берушілерге еңбекті қорғау талаптарының сақталуын өзін-өзі тексеруден өтуге мүмкіндік беретін «Онлайн еңбек консультанты» электрондық сервисі іске қосылды. Сервис іске қосылған сәттен бастап оны 42 985 жұмыс беруші пайдаланды.Қазақстан Республикасының 2024-2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы іске асырылуда, ол 4 негізгі бағытты көздейді. Бұл тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесін жаңғырту, жұмыс орындарында тәуекелді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыру, кәсіби құзыреттіліктер мен ғылыми әлеуетті дамыту, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыру. Тұжырымдаманы іске асыру өндірістік жарақаттану мен кәсіптік сырқаттанушылық деңгейін төмендетуге ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/924686
ТҮРКІСТАН: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 01.02.2025
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының отырысы өтті. Мақсаты – толеранттылықты нығайту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда БАҚ-тың күш-жігерін біріктіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар барысы және өзекті мәселелерді, ұсыныстарды талқылау, ақпараттық жұмыстарды жетілдіру.Кездесуге қатысушылар алдымен «Достық үйі» ғимаратын аралап көрді. Және ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысты.Келелі жиынға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, сондай-ақ Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы, мекеме қызметкерлері және Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының мүшелері, өңірдегі белгілі журналистер, БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек жүргізіп отырды.Алқалы басқосуда сөз алған Ертай Алтаев қоғамдық келісімді нығайту бағытында өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала отырып, БАҚ өкілдері тек ақпаратты жеткізіп қана қоймай, азаматтардың мемлекеттік саясатты қабылдауын қалыптастыратынын жеткізді.Өз сөзінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев этика қағидаларын сақтау, сондай-ақ этносаралық мәселелерді жариялау мәселесінде журналистер қауымында жауапкершілікті қалыптастыру қажеттігін атап өтті.Сонымен қатар іс-шара барысында әлеуметтік желі қолданушылары арасында «Шаңырақ» шығармашылық байқауының таныстырылымы өтті. Аталған байқау 2025 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Президенттің «2025 жыл – «жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына байланысты ұйымдастырылуда.Бұл ретте, әлеуметтік желі қолданушылары үздік жазбалар бойынша «Бауырлас» атты тақырыпта бақ сынайды. Байқаудың жүлде қоры – 1 млн теңге. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері 25 қазан – Республика күні қарсаңында марапатталады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/925500
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ТӨРТ АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ 01.02.2025
Жыланды, Жоғарғы Боралдай, О.Тайманов, Теректі ауыл тұрғындары үшін 2025 жыл қуанышты жаңалықпен басталды. Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов ауыл тұрғындары көптен күткен табиғи газды салтанатты түрде іске қосты. Бұл игі іс ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын көтермек.Сонымен қатар, қаңтар айының соңына дейін Кеңестөбе, Бірлік, Қазата елді мекендерін және жыл соңына дейін Бәйдібек ата елді мекенін табиғи газға қосу жоспарлануда. Нәтижесінде аудан бойынша 36 елді мекен табиғи газбен қамтылатын болады. Ол халықтың 85,8 пайызы.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/925502
ТҮРКІСТАН: ДӘРІГЕРЛЕР 700 ГРАММ САЛМАҚПЕН ТУҒАН СӘБИДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ 01.02.2025
Түркістан облыстық №1 перинаталды орталығында 2024 жылдың 30 тамызында 26 апталық кезеңде нәресте дүниеге келді. Салмағы – 785 грамм, бойы 32 сантиметр болып туылған сәбидін жағдайы өте ауыр болған. Дәрігерлердің айтуынша, сәбиге алғашқы реанимациялық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Ағзаларының толық дамымауына байланысты нәресте жансақтау бөлімінде толық емін алып шықты.«Туылғаннан кейін нәресте СРАР аппаратында тұрақтандырылды. 2 сағаттан кейін нәрестелердің қарқынды емдеу бөліміне ауыстырылды. Сәби ҚР ДСМ хаттамасына сәйкес ем қабылдап, бір айдан кейін салмағы 1100 граммға толып, нәрестелердің жоғары тәуелді бөліміне ауыстырылды. Екі айдан кейін өздігінен тыныс алды. Ары қарай нәрестеге толық күтім жасалып, 4 ай 23 тәулігінде 4500 грамм салмақпен перзентханадан шығарылды», – дейді №1 облыстық перинаталды орталығының дәрігері Анель Тасполатқызы.Қазіргі таңда ана мен баланың өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Бала өздігінен дем алуда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/925504
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТАҒЫ ҰН ЗАУЫТЫ ЖЫЛЫНА МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ШЫҒАРУДА 01.02.2025
Түлкібас кентіне қарасты «Grand Flour Industry» ЖШС жылына орта есеппен 800-1000 тонна жоғарғы және бірінші сұрт ұны мен мал азығын шығарып, «ARDA Түлкібас» деген брендпен оңтүстік аймақтағы үш өңір мен Өзбекстан еліне жолдап отыр.Жуырда ағымдағы жөндеуден өтіп, жұмысын қайта бастаған кәсіпорынға аудан әкімі Асқар Естібаев жауапты мамандармен арнайы барып, жұмысымен танысты.Кәсіпорынның жауапты өкілімен нысанды толық аралап, шығарып жатқан өнімнің сапасын бақылады. Қуаттылығын арттыру бойынша зауыт өкіліне ұсыныстарын айтып, әкімдік тарапынан көмек қажет болған жағдайда қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.Зауыт тәулігіне 150 тоннаға дейін ұн шығаруға қауқарлы. Бүгінгі таңда мұнда 23 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар Түлкібас кентіндегі «Мұрагер» ЖШС-нің көкөніс сақтау қоймасының жағдайы да сарапталды. Жалпы қойма 3000 мың тоннаға шақталған екі корпустан тұрады.Аудан әкімі кәсіп иесі және жауапты мамандармен маңызды нысанның жұмысын қайта жаңғырту жағын пысықтап, тиісті бөлім басшысына бұл бағытта нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/925507
Алматыда ұзақмерзімді ірі құрылыс нысанын бұзу басталды 01.02.2025
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы әл-Фараби даңғылының солтүстігінде, Меңдіқұлов бульварының батысында аяқталмаған көпдеңгейлі паркингті бұзу туралы хабарлайды.2007 жылы «СЕРТ» АҚ жалға алу учаскесінде 5 деңгейлі паркинг салуға кіріскен еді.2009 жылдың аяғынан бастап құрылыс-монтаж жұмыстары 1-2 қабат деңгейінде тоқтап қалды.2015 жылы уақытша жер пайдалану құқығы да тоқтатылды, содан кейін «Сейсмостройзащита» ЖШС мамандары объектінің тірек және қоршау конструкцияларына тексеру жүргізді.Сарапшылар негізгі тірек конструкцияларының техникалық жай-күйі туралы қорытынды берді, зерттеу нәтижелері бойынша қолданыстағы конструкцияларды бөлшектеу ұсынылды.Басқармадан кейін сотқа аяқталмаған объектіні бұзу туралы талап арыз берілді. Соттың 2018 жылғы 25 сәуірдегі қаулысымен талап - арыздар қанағаттандырылды.Аяқталмаған нысанды бөлшектеу бүгін басталды. Айта кету керек, бұл Медеу ауданында бөлшектелген екінші нысан.Сондай-ақ, соттың шешімі бойынша Радлов көшесі, 9/1 учаскесі бойындағы аяқталмаған ғимаратты бұз да басталды.Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысты бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 65 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/925506
Қауіпсіздік 24/7 01.02.2025
А.ж. 22 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының күзет қызметінің жеке субъектілерінің басшыларына және а.ж. 23 қаңтарда Өскемен қ. мектепке дейінгі және орта білім беру объектілерінің директорларына жергілікті атқарушы органдары, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және полиция департаментері өкілдерінің қатысуымен террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды:- экстремизм және терроризм желісі бойынша ұғымдық аппарат;- бекеттегі қызметіне кіріскен күзетшілерге нұсқау беру кезіндегі олқылықтар;- жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру қойылатын талаптар;- террористік тұрғыдан осал объектілеріне және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі;- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;- Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген үлгісіне сай өзектендіру;- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;- қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс-әрекет алгоритмі;- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.Жиналысқа қатысушылар бірқатар өзекті сұрақтарға жауап алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/925499
Астананың әскери музейінде «Ленинградтық өренім!» көрмесі ашылды 01.02.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Ленинградтың қоршаудан азат етілген күніне орай ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың қатысуымен іс-шара өтті. Оған қоршаудан аман қалған азаматтар, Қарулы күштердің ардагерлері, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж кадеттері, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты. Көрмеге келушілерге Ұлы Отан соғысына қатысушылардың фотосуреттері, Ленинград маңындағы шайқас орындарынан іздеу жұмыстары барысында табылған жәдігерлер: снарядтардың қалдықтары, жауынгерлердің құжаттары мен жеке заттары көрсетілді.– Ленинградты ерлікпен қорғап, жауға бермеу Ұлы Отан соғысы тарихында ерекше орын алады. Қала үшін шайқас 900 күнге созылды, ол шайқастарда жауынгерлер ғана емес, көптеген бейбіт тұрғындар да қаза тапты. Қазақстан Нева өзенінің жағасында орналасқан қаланы азат етуге елеулі үлес қосты. Біздің елде құрылған әскери бөлімдердің үштен бірі онда шайқасқа қатысты. Олардың ішінде 310-шы және 314-ші атқыштар дивизиясы да бар, – деді генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев. Министрдің орынбасары сондай-ақ, мерген Сәрсембай Рүстембековтің, бөлімше командирі Жолдас Арықбаевтың, пулеметші аға лейтенант Тастақ Назаровтың, қатардағы жауынгер Илгиз Тасбаевтың, аға сержанттар Иван Гуз бен Шанхан Қосоевтың шайқастарда көрсеткен ерліктерін атап өтті. – Жастар өз денесімен жаудың амбразурасын жауып, Кеңес Одағының Батыры атағын алған Сұлтан Баймағамбетовтің ерлігін ұмытпауы керек. Қазақ халқының даңқты қыздары, қос қарлығашы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова да жоғары дәрежелі құрметке ие болды, – деп толықтырды ол.Іс-шараға қатысқан 1942 жылы туған Гельдир Валеевтің қоршауда қалған қала жайлы естеліктер жадында қалмапты. Ата-анасы да баласына сұрапыл соғыс пен аштық жайлы айтпауды жөн көріпті. Ленинградтың басына туған күн қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың шығармашылығында ерекше орын алғаны белгілі, ақын ең қиын кезең, 1941 жылдың күзінде қала тұрғындарын өлеңімен рухтандырды. Оның «Ленинградтық өренім» өлеңін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қарулы күштер Орталық ансамблінің солисі Нұрлан Нұртазин оқыды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/925141
Астанада қазақтың батыр қызын еске алды 01.02.2025
Елордада Ленинград блокадасы толық аяқталған күні Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Оған қорғаныс ведомствосының басшылығы, Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері, Қарулы күштердің ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, Әлия тәрбиеленген Әбубәкір Молдағұловтың немересі Жұлдыз Нұртас қатысты. Салтанатты рәсім ту тобы, құрметті қарауыл ротасы және әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өтті. Іс-шараға қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Ұлы Отан соғысы Қазақстан халқы үшін де үлкен сынақ болғанын атап өтті. Республикадан бір миллион екі жүз мың адам майданға кетті, оның 600 000-ы оралмады.– Біздің жерлестеріміз Брест бекінісін қорғаудан бастап, Рейхстагқа Жеңіс туын тігуге дейінгі барлық шайқастарға қатысты, – деді қорғаныс министрінің орынбасары. – Қазақстан Невадағы қаланы қорғауға зор үлес қосты. Қоршауда қалған қала үшін болған шайқастарда қазақ халқының батыр қызы Әлия Молдағұлова ерлікпен қаза тапты. Ол батылдықтың, патриотизм мен жанқиярлықтың символына айналды.Невадағы қаланы қорғауға Ақмолада жасақталған 310-шы атқыштар дивизиясы мен Петропавлда құрылған 314-ші атқыштар дивизиясы қатысты. Ленинградты жау қоршауынан толығымен босату 1944 жылдың қаңтарында ғана мүмкін болды. 14 қаңтарда Ленинград-Новгород операциясы кезінде Әлия Молдағұлова ерлікпен қаза тапты. – Әлия Молдағұлова осы ерлігі арқылы қаһармандығын дәлелдеді. Ұлы Отан соғысы, ондағы қазақстандықтардың ерлігі ешқашан өшпейді. Біз мұны жадымызда сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз, – деп атап өтті генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев.Бұл рәсім Әлия Молдағұлованы еске алу ғана емес, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ҚР Қарулы күштерінде өткізілетін іс-шаралардың бастамасы болғанын атап өту керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/925479
Ғани Бейсембаев елордалық білім беру ұйымдарының директорларымен кеңес өткізді 01.02.2025
Кездесу барысында білім беру сапасын арттыру мәселелері, өткен жылдың қорытындылары және биылғы жылға арналған жоспарлар талқыланды. Астана қаласы білім басқармасы басшысының мәліметінше, өткен жылы елордада 24 жаңа мектеп ашылды, оның 16-сы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Мемлекеттік тапсырыстың артуы және ваучерлік қаржыландыруды енгізу арқылы балабақшалардағы кезектілік саны екі есе қысқарды. 20 балабақшада «Тілге бойлау» жобасы жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Астанада алты бағыт бойынша 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Мектептер мен колледждерде «Жаңа кәсіптер атласы» жобасын іске асыру жалғасуда. Сондай-ақ биыл колледждерде мемлекеттік тапсырыс көлемін 10 мың орынға ұлғайту жоспарлануда. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін қолдау мақсатында Ұлттық құзыреттілік орталығын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру жүйесін дамытудың негізгі міндеттері мен басымдықтарын атап өтті. Ол жергілікті әкімдікпен бірлесіп, елордалық білім беру жүйесін дамытудың 2029 жылға дейінгі Жол картасы әзірленгенін және оның өзекті мәселелерді кешенді шешуді көздейтінін атап өтті.«Басты міндет - балаларымыз үшін барынша қауіпсіз және жайлы орта құру. Елорданың білім беру жүйесі басқа өңірлер үшін үлгі болуға тиіс. Министрлік әкімдікке одан әрі қолдау көрсетуге дайын. Бірлескен жұмыстардың арқасында қалада үш ауысымды төрт мектеп пен орын тығыздығы сақталған алты мектептің мәселесі шешілді. Сонымен қатар жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, оның ішінде «Білім берудегі 1000 көшбасшы» жобасы аясында да бірқатар жұмыстар жүргізілуде», - деп қорытындылады министр. Бүгінгі таңда Астананың 877 білім беру ұйымында 400 мыңға жуық бала оқиды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30 мыңға артық. 2027 жылға дейін 131 мың оқушыға есептелген тағы 63 мектеп салу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/925433
Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы қорымдардан елде бұрын-соңды кездеспеген бұйымдар табылды 01.02.2025
Қызылқоға ауданына қарасты Қарабау ауылының солтүстігінен 10 шақырым жерде орналасқан «Қарабау-2» қорғанының диаметрі 70, биіктігі 3 метр. 2023-2024 ж.ж. қорғанға жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 9 қабір зерттеліп, оның жетеуінің тоналмағандығы анықталды. Қабірлерді зерттеу барысында олардың біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда салынғаны белгілі болды. Олардан түрлі әшекей бұйым, заттар, қару-жарақтар мен керамикадан, сүйектен жасалған ыдыстар табылды. Археологтардың сөзінше, мәйіттерді топтап жерлеген жағдайлар да кездескен. Обалардан табылған әшекейлер мен пайдаланған бұйым мен қару-жарақтарға қарап мамандар «патшалық обалар» деген баға беріп отыр, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің 2 жылдық археологиялық жұмысының нәтижесі «Сармат алтындары» көрмесінде таныстырылды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшылары мен тарихшылар қатысты.«Ғалымдар осыған дейін біздің аймақты Сармат империясының шеті деп есептеп келген. Біз жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесіне қарап Каспий ойпаты, Жайық, Жем өзенінің маңы кезіндегі үлкен империяның орталығы деп айтуға болады. Жалпы табылған жәдігердің саны мыңға жуықтайды. Оның жүз шақтысы — алтын әшекей мен зергерлік бұйым. Олар аң стилі негізінде жасалған. Сол дәуірде өңірді мекендеген жыртқыштардың бейнесі (барыс, қабан, жолбарыс, киік) табылған заттардан байқауға болады. Осы зерттеу жұмысының аясында бұрын кездеспеген ағаштан жасалған қос тостаған жақсы күйде сақталыпты. Қазіргі уақытта олар реставрацияда» деді археологиялық экспедицияның басшысы Марат Қасенов.Жалпы 3 оба қазылған. Әрқайсысынан шамамен 10-15 қабір анықталып отыр. Археологтардың айтуынша, сарматтар тәңірлік діни көзқараста болғандықтан қолданған бұйымдарымен қатар, қолданған заттары мен қару-жарақтарымен бірге жерленген. «Қарақұдық-1», «Қарақұдық-2» қорғандары Қарабау ауылынан солтүстік батысқа қарай 9,7 шақырым қашықтықта орналасқан. Қос қорғанды зерттеу барысында да күміс пиктограмма(ақбөкеннің, қасқырдың суреттері), зергерлік бұйымдар,тұрмыстық бұйымдар, темір мен қоладан жасалған қару-жарақтар сынды дүниелер табылды.Елімізде бұрын-соңды кездеспеген алтын тұтқасы бар сынама тастың екеуі «Қарабау-2» қорғанынан табылды. Бұрын сарматтықтар алтынның дұрыстығын, яғни, сапасын осы тас арқылы анықтаған. Қазіргі уақытта осындай тасты алтын сатып алумен айналысатындар пайдаланады. Жерлеу орындарынан адамның киіміне тағылған алтын жапсырмалар табылғанын да айта кетейін. Олардың салмағы 2 граммнан басталады. Ең ауыр алтын әшекей – екі жағында тау барысы бейнелеген білезік. Оның салмағы шамамен 370 граммды құрайды, - деді Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің археология-ғылыми зерттеу қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Ғаламат Базарбаев.Қазба жұмыстарына 20 жұмысшы мен музейдің 5 қызметкері қатысқан. Астана мен Алматы қаласынан антропологтар шақырылған. Жалпы барлау жұмыстарының нәтижесінде Қарабау ауылының маңындағы обалар 2005 жылы анықталыпты. Археологтардың айтуынша, қазіргі уақытта Атырау облысында 500-ге жуық сармат обасы бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/925518
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ЖЕКЕЛЕЙ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ 01.02.2025
23-25 қаңтар 2025 жылы Шымкент қаласында тоғызқұмалақтың классикалық түрінен ересектер арасында қалалық жекелей чемпионат өтті. Жарысқа 80-ге жуық үздік спортшылар қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.Чемпионат Халықтар достығы университетінің Отырар филиалының спорттық ғимаратында болып өтті.Жарыс нәтижелері:Ерлер арасында:1-орын: Қалыбек Бақытжан2-орын: Қалыбек Дастан3-орын: Жахангер Дарын3-орын: Батырбек БейбарысӘйелдер арасында:1-орын: Ержан Гүлсезім2-орын: Ілесбек Балауса3-орын: Аманова Мадина3-орын: Сейтқұл МерейЖеңімпаздар мен жүлдегерлер 2025 жылдың ақпан айында Ақтөбе қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатында Шымкент қаласының намысын қорғайтын болады.Ұйымдастырушылар Шымкент қаласының тоғызқұмалақ федерациясы атынан барлық қатысушылар мен Университет басшылығына жарысты ұйымдастыру мен қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.Шымкент қаласының тоғызқұмалақ федерациясы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/925233
Қарағандылықтарды 8 ақпанда классикалық музыка кешіне шақырады 01.02.2025
8 ақпан сағат 17:00 «Шалқыма» концерт залында бас дирижер Айдар Торыбаевтың жетекшілігімен Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрі өнер көрсетеді.Солист - халықаралық конкурстардың лауреаты Бекзат Рақымов (фортепиано, Мәскеу).Классикалық музыка кешінің бағдарламасында № 2 фортепиано мен оркестрге арналған концерт, Сергей Рахманиновтың 18 шығ.; № 5 симфония, ми минор, Петр Чайковскийдің 64 шығ.Бекзат Рақымов 2002 жылы Алматыда дүниеге келген. «Астана-опера» мемлекеттік опера және балет театрында, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында, Милан, Мәскеу, Тула концерттік залдарында жеке концерттермен өнер көрсетті. Ірі халықаралық және қазақстандық конкурстардың лауреаты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/924955