Әлем
Жетісу облысы құрылғаннан бері 43 жаңа өндіріс іске қосылды 24.12.2024
Жетісу облысы құрылғаннан бері 43 жаңа өндіріс іске қосылып, жұмыс істеп тұрған 9 өндіріс кеңейтілді. Соның нәтижесінде бір мыңнан астам адам жаңа жұмыспен қамтылды. Бұл жайында бүгін Астанада өткен брифинг кезінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыс басшысының мәліметінше, күнбағыс майын өңдейтін, кейінгі кезде тоқтап тұрған «Агрокомплекс Жетісу Мажико» зауыты жұмысын қайта бастады, оның жылдық қуаты - 500 тонна. Талдықорғанда өнеркәсіп аккумуляторларын өндіретін «Asma Industrial» заманауи зауыты іске қосылды. Сол сияқты тау-кен секторын дамыту аясында құны 1,3 трлн. теңге болатын, 2 мыңнан астам жұмыс орнын құратын, қуаттылығы жылына 860 мың тонналық мыс концентратын құрайтын металлургия комбинатын салу бойынша ірі жобаны іске асыру басталды.- Мемлекет басшысының Жолдауында атап көрсетілгендей, біз еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдауымыз қажет. Бұл ретте қазір облыста цемент, аккумулятор батареялары, керамика плиткаларын шығару жолға қойылып, құрама жем, күн панельдерінің өндірісі дамуда. Жалпы өңірде 549 өнеркәсіп орны тіркелген, онда 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Оған қоса Жетісуда баламалы энергетиканы дамытудың зор әлеуеті бар, - деді Б. Исабаев.Жалпы, облыстың 2030 жылға дейінгі инвестициялық портфелінде 2,6 трлн. теңгеге 189 жоба бар, онда он бір мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген, оның ішінде 121 жоба іске асыру сатысында.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіФотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905727
Қорғас желісі мен «Достық» станциясы – Жетісудың экономикалық өсу нүктелері 24.12.2024
Бүгінгі күнге дейін «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында және «Қорғас» ШЫХО-да құны 63,3 млрд. теңге болатын, екі мың жұмыс орны бар 27 жоба іске асырылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.- Облыстағы экономикалық өсу, әрі инвестиция тарту нүктелері - Қорғас желісі мен «Достық» станциясы. Қытаймен шекаралас бұл аймақтардың көлік-логистикалық әлеуеті зор. Осы орайда инвестиция тарту, жүк легі мен транзитті ұлғайту, өткізу пункттерін жаңғырту бағытында тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді, - деді Б. Исабаев. 2027 жылдың соңына дейін 1,1 трлн-ға 79 жобаны іске асыру жоспарлануда, оларда 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылады, соның ішінде «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да жүк және жолаушылар әуежайын салу бойынша Қазақстан-Германия бірлескен жобасы іске асырылуда.Өңір басшысының айтуынша, «Достық» станциясында қуаттылығы жылына 350 мың контейнер болатын «Dostyk Trans Terminal» көпфункционалды жүк тасымалдау терминалының 3-ші және 4-ші кезеңінің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ «Евротранс Групп» ЖШС-ның қолданыстағы логистикалық жүк тасымалдау терминалы ауданы 40 гектар және құны 50 млн. АҚШ доллары болатын уақытша сақтау қоймасын салуға дайындық жұмыстарын атқарылып жатыр. Кеден саласын одан әрі дамыту үшін осы жылдың қаңтар айында станцияда тәулігіне 200 автомобиль өткізуге қабілетті «Dostyk Customs Service» уақытша сақтау жаңа терминалы ашылды.- «Үшарал-Достық» жолын реконструкциялаудың аяқталуына байланысты халықаралық жүк айналымының легі ұлғайды және кеден пункттерін кеңейту қажеттілігі туындады. Мәселен, «Алакөл» автомобиль өткізу пунктінің қозғалыс жолағын 2-ден 6-ға дейін кеңейту жұмыстары аяқталуда, соның арқасында көлік құралдарын өткізу қабілеті тәулігіне 200-ден 1600-ге дейін артады, - деді облыс әкімі.Бұдан бөлек, «Достық-Мойынты» темір жолының құрылысы жүргізілуде. Жоба «Достық» станциясының өткізу қабілетін 5 есеге, яғни 12-ден 60 пойызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905732
Жетісуға биыл 2 миллионнан астам турист келді 24.12.2024
Жетісу облысында туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған белсенді жұмыстар туристер санының өсуіне ықпал еткен. Соның нәтижесінде биыл өңірге 2,0 миллионнан астам турист келді. Бұл жайында бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.- Өздеріңізге белгілі, жер жәннаты Жетісуда көптеген туристік орындар бар. Солардың ішінде Алакөл өңірдің інжу-маржаны саналады. Сондықтан көл жағалауындағы инженерлік инфрақұрылымды дамытуды қолға алдық. Кәріз тазарту жүйесінің, «Бескөл-Ақши» электр желілерінің құрылысы басталды. Бүгінде Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы, «Талдықорған-Үшарал» автожолы қайта жаңартылып, «Тальго» жүрдек пойызы іске қосылды. Жыл сайын туристер санының артуына байланысты Үшарал әуежайының өткізу қабілетін сағатына 50-ден 125 жолаушыға дейін ұлғайту үшін қосымша терминал салудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде, - деді облыс басшысы.Бейбіт Исабаевтың айтуынша, Жетісу облысының туристік әлеуетін көтеретін екінші бағыт – Балқаш көлі. Балқашқа дейінгі 132 шақырым жолдың 122 шақырымында құрылыс аяқталды, қалған 10 шақырымы 2025 жылғы туристік маусымға дейін толық пайдалануға беріледі. Сонымен қатар көл жағалауына инженерлік инфрақұрылым тартылуда, бұл мақсатқа 2024 жылға республикалық бюджеттен 2,2 млрд. теңге бөлінді. Келесі жылдың соңында жобаны аяқтау жоспарлануда.Сол сияқты Бейбіт Исабаев өз сөзінде экологиялық туризмді дамыту жайына да тоқталды. Атап айтқанда, шаңғы-биатлон кешенін салудың жобалық құжаттамасы әзірленген. Бұрханбұлақ сарқырамасына дейінгі жолды жөндеуге келесі жылға республикалық бюджеттен 3,3 млрд. теңге қарастырылды. Сарқан ауданында Жасылкөлге дейінгі жолдың жөндеу жұмыстары биыл толық аяқталып, Тополевка ауылында жаңа визит-орталық ашылады.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905739
Биыл Жетісуда 2708 пәтер салынды және сатып алынды 24.12.2024
Жетісу облысында биыл тұрғын үй құрылысына 7,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржы 56 көп қабатты мен 214 жеке тұрғын үй салуға бағытталды. Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 866 пәтер сатып алынды, оған 15,9 млрд. теңге көзделген. Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Өңір басшысы апатты тұрғын үй мәселелерін шешуге ерекше назар аударылатынын атап өтті. Оның айтуынша, 2023 жылдың басында облыста 348 пәтер апатты деп танылып, өткен жылы 1,3 млрд. теңгеге 137 пәтер сатып алынған. Ал биыл жергілікті бюджеттен бөлінген 2,4 млрд. теңгеге 155 жаңа пәтер, атап айтқанда, Кербұлақ ауданында, Текелі және Талдықорған қалаларында сатып алынды. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ демеушілерінің есебінен 560 пәтерлік 9 үй салынуда.- Жалпы биыл 2 708 пәтер салынды және сатып алынды, оның 1113 пәтерлік 129 үйі бюджет есебінен, 469 пәтерлік 9 үй - коммерциялық тұрғын үй, 866 пәтер тұрғын үй сатып алу арқылы, 260 пәтерлік 4 үй демеушілер есебінен, - деді Б. Исабаев. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905743
Жетісу облысында газдандыру деңгейі биыл 56,5%-ға жетті 24.12.2024
В области Жетісу из 192 населенных пунктов, подлежащих газификации, в настоящее время газифицировано 63, в том числе из них с начала года доступ к газу получили 30 населенных пунктов. Благодаря чему уровень газификации достиг 56,5%, доступ к голубому топливу получили 394,9 тыс. жителей. Об этом стало известно в ходе брифинга акима области Бейбита Исабаева, состоявшегося сегодня на площадке СЦК при Президенте РК, - сообщает пресс-служба акима области Жетісу.По словам главы региона, в следующем году продолжится строительство 21 объекта и начнется строительство еще 42. Так, к концу 2025 года газифицируются все 126 населенных пунктов от Кербулакского района до Талдыкоргана. В результате доступ к газу получат свыше 500 тыс. жителей или 71,4% всего населения.Как было отмечено, 19 августа было начато строительство магистрального газопровода «Талдыкорган-Ушарал». Ожидается, что проект будет завершен в следующем году. Параллельно начата разработка проекта газораспределительных сетей для 66 населенных пунктов Аксуского, Сарканского, Алакольского районов.- К 2029 году планируется газифицировать все 192 населенных пункта области и обеспечить доступ к газу для более 642 тысяч жителей или 91,9% от общей численности населения, - резюмировал аким области Жетісу Бейбит Исабаев.Пресс-служба акима области ЖетісуФотографы: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905751
Жетісуда әлеуметтік объектілерді жаңарту деңгейі 50%-ға жетті 24.12.2024
Жетісу облысы құрылғаннан бері жөндеу мен жаңа құрылыс жүргізудің арқасында объектілерді жаңарту 50%-ға жетті. Мысалы, білім беру саласында 5310 орынды 15 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 19 нысан күрделі жөндеуден өтті. Ал денсаулық сақтау саласында 98 нысан іске қосылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Бейбіт Исабаев өз баяндамасында әлеуметтік инфрақұрылымдарды жақсартудың жай-күйіне тоқталды. Оның айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында 2023 жылы басталған 1800 орынды 2 мектептің біреуі биыл қолданысқа берілсе, екіншісінің құрылысы келесі жылы да жалғасады. Жалпы 2025 жылы 7 мектеп салу жоспарланған. Соның нәтижесінде жөндеуге жататын 95 мектептің 38-і немесе 40%-ы жаңартылады.Ал денсаулық сақтау саласында соңғы үш жылда 98 нысан пайдалануға берілсе, соның 31-і жаңадан салынған, 61 блокты-модульді медициналық кешендер орнатылып, 6 нысан күрделі жөндеуден өтті. Биылғы жылдың өзінде 51 нысан бой көтерген, соның 25-і жаңа құрылыс, 26-сы – блокты-модульді конструкция.– Айта кету керек, біздің облыс блокты-модульді медициналық кешендерді орнату тәжірибесін алғашқылардың бірі болып кеңінен қолдана бастады. Келесі жылы тағы 69 нысанды қолданысқа беру жоспарлануда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста жөндеуге жататын 292 денсаулық сақтау нысанының 167-і немесе 57,2% жаңартылады, - деді Б. Исабаев.Мәдениет саласында 2022-2024 жылдары 12 мәдениет үйі пайдалануға беріліп, 10 нысан күрделі жөндеуден өткен. Келесі жылы тағы 7 нысан пайдалануға беріліп, жаңару деңгейі 33,3%-ға жетеді.Ал спорт саласына келсек, облыс әкімінің мәліметінше, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, спорт кешендері, күрес залдары, стадион сияқты жалпы 18 нысан іске қосылып, 10 блокты-модульді спорт кешені орнатылды. Сонымен қатар Талдықорғанда Қазақстанда баламасы жоқ «Жетісу» волейбол орталығы және инвестор есебінен спортшыларға арнап салынған төрт қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Оған қоса жақында инвестордың қаржысына Үстел теннисі орталығы ашылды.- Соның нәтижесінде нысандардың 74,4% жаңартылып, халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 1000 адамға шаққанда 64%-ға жетті, - деді өз сөзінде облыс әкімі. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905759
Жетісу облысында орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 91,3 % жетті 24.12.2024
Биыл Жетісу облысында орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 91,3% жетті, бұл халық санына шаққанда – 99,7 %. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.- Биыл орталықтандырылған ауыз су жүйесіне Алакөл ауданындағы Тоқжайлау, Бибақан ауылдары қосылды, 298 км желі жөнделіп, облыстың 17 елді мекенінде ауыз судың сапасы жақсарды, - деді облыс басшысы.Жалпы 2023-2024 жылдары 125,3 км сумен жабдықтау желілері салынып, 306,8 км желілер қайта жаңғыртылды.Атап өтсек, 2025 жылға 13 жобаны іске асыру үшін 4,3 млрд. теңге бөлінді. 2025 жылдың қорытындысында орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,5% жетеді немесе 331 елді мекен қамтылады.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905766
Астанада ерекше балаларға арналған кезекті бес инклюзия кабинеті ашылды 24.12.2024
Елордада №65 мектеп-гимназияда инклюзияны қолдау кабинеті салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ Астана әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырды. Ол ерекше әдіс-тәсілге мұқтаж балаларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.Іс-шара Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің, «Самұрық-Қазына» АҚ, Білім басқармасы өкілдерінің, елордалық мектеп директорларының, педагогтар мен ерекше балалардың ата-аналарының қатысуымен өтті.«Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі аясында біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарды кешенді түрде қолдаймыз. Қазақстан өңірлерінде оңалту орталықтарын, спорт кешендерін және бейімделген спорт секцияларын ашамыз. Біз мүгедектігі бар жастарды цифрлық кәсіптерге үйретеміз және жұмысқа орналасуына жәрдемдесеміз. Біз адамдарға өмірге келгеннен бастап көмектесеміз және олардың қоғамда әлеуметтенуіне белсенді ықпал етеміз. Инклюзия кабинеттері – бұл жүйенің маңызды бөлігі», – деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов.Кабинет Open Space форматында дайындалған және дефектолог, логопед, психолог және керамика шеберханасының жұмысына арналған орындарды қамтиды. Сонымен қатар, қажетті спорттық жабдықтары бар емдік дене шынықтыру кабинеті де бар. Осылайша, Астанада бес жаңа кабинет салтанатты түрде ашылды. Олар №32, 52, 61, 65 және 90 мектептерде орналасқан. Бұл инклюзия кабинеттеріне 240 бала бара алады.«Инклюзияны қолдау кабинеттері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін, оның ішінде психикалық және сөйлеу қабілеті уақытылы дамымаған, сондай-ақ қарым-қатынас жасауы қиын оқушылар үшін қолайлы орта жасайды. Біз осы кеңселер желісін кеңейтуді жалғастырамыз. Әрбір жаңа кабинет арқылы әрбір баланың дамуы үшін тең мүмкіндіктері бар инклюзивті білім беру ортасының шекарасын кеңейтеміз», – деп атап өтті Астана қаласы Білім басқармасының бас маманы Гүлшат Исинова.Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында елордадағы №22, 36, 59, 76 және 97 мектептерде жаңа форматтағы кабинеттер алғаш рет ашылды. Астанадағы инклюзия кабинеттеріне қалада тұратын мектеп жасындағы ерекше қажеттіліктері бар балалардың шамамен 16%-ы қатысады. Жалпы елордада ерекше қажеттіліктері бар 21 107 бала бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/906099
Жүздеген адам жауапқа тартылды: Астанада вандализмге қарсы күрес жүріп жатыр 24.12.2024
Өзгелердің мүлкіне зиян келтірген кезекті вандалдар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.14 желтоқсанға қараған түні 30 жастағы азамат мас күйінде көліктің терезе тазалағыштарын сындырып, капотын ұрып, майыстырып кеткен. Осылайшп ол 400 мың теңге сомасына материалдық шығын келтірді.16 желтоқсан күні кешке Мұстафин көшесінде жүрген 32 жастағы ер адам өзге біреудің мүлкіне қасақана зиян келтірді.ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша тәртіп бұзушылар табылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Астанада еріктілер, белсенділер, белгілі спортшылар, қала тұрғындары қолдаған «Тоқта, вандал» акциясы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген жағдайын болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.Жыл басынан бері сот 300-ден астам адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені, жалпы пайдалану орындарын ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.Вандализмнің алдын алу жұмысы қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/906100
Борышкер сот талаптарын орындамайды: мұндай жағдайда не істеу керек екені айтылды 24.12.2024
Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Жанна Сүйімбаева елордалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәжбүрлеп орындау шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жанна Сүйімбаеваның айтуынша, егер борышкер сот актісінің талаптарын ерікті түрде орындамаса, сот орындаушысы оған мәжбүрлеп орындау шараларын қолданады.«Заңның 31-бабына сәйкес сот орындаушысы өз ісін жүргізуге қабылдаған атқарушылық құжат және Заңда көзделген ерікті түрде орындау мерзімінің аяқталуы мәжбүрлеп орындау шараларын қолдану үшін негіз болып саналады. Атап айтқанда, осындай шаралардың бірі – мүлікке тыйым салу және оны сату арқылы борышкердің мүлкінен өндіріп алу», – деді спикер.Мәселен, борышкердің мүлкіне тыйым салу мүліктің тізімдемесінен, оған иелік етуге тыйым салудан, ал қажет болған жағдайда осы мүлікті пайдалану құқығын шектеуден, оны алып қоюдан немесе сақтауға беруден, содан кейін осы мүлікті саудалау арқылы өткізуден тұрады.Сот орындаушысы мен өндіріп алушы арасындағы сауда-саттықта мүлікті сатқаннан кейін орындалған жұмыстарды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылады.Одан түскен қаражат өндіріп алушылар арасында өндіріп алынатын сомаларға барабар бөлінеді. Бұл жағдайда мүлікті сату сот актілерін орындаудың мәжбүрлеу шараларын жүзеге асыру тәсілі болып саналады.«Мысалы, жеке сот орындаушысы борышкерге қатысты атқарушылық іс жүргізуде. А.И. Дауменова пайдасына сот орындаушысы Б.А. Мықтыбек борышкердің мүліктік жағдайын анықтау мақсатында сұрау салуды уәкілетті және тіркеуші органдарға жібереді. Сауалға жауап ретінде борышкер А.И. Дауменованың сот орындаушысы алатын «Тойота Камри» маркалы автомашинасы бар екені анықталды. Содан кейін сот орындаушысы бағалау жүргізу туралы қаулы шығарады, кейін автомашина аукцион арқылы сатылады, ал оны сатудан түскен соманы өндіріп алушы Б.А. Мықтыбекке береді, осылайша мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары сот актісінің нақты орындалуына әкеледі», – деп түсіндірді Жанна Сүйімбаева.Мүлікті сатудан басқа заңда сот актілерін мәжбүрлеп орындаудың басқа да шаралары көзделген:1) борышкердің мүлкіне, оның не өзге жеке немесе заңды тұлғалардың (оның ішінде банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарында) ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса алғанда, тыйым салу;2) борышкердің өзіндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардан мүлкін алып қою;3) борышкерге белгілі бір әрекеттер жасауға тыйым салу;4) борышкерге өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікті, оның ішінде ақшаны пайдалануға тыйым салу не оны сот орындаушысы белгілеген шекте пайдалануға нұсқау беру;5) борышкердің мүлкіне мөр басу;6) құқық белгілейтін құжаттарды алып қою;7) басқа адамдарға мүлікті, оның ішінде ақшаны борышкерге беруге немесе оған қатысты өзге де міндеттемелерді орындауға тыйым салу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/906103
Тарбағатайда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды: Ербол Мырзабосынов ШҚО-да есеп беру кездесуін өткізді 24.12.2024
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары алдында есеп беру кездесуін өткізді. Жиынға қоғам белсенділері, өңір азаматтары, БАҚ өкілдері, өңірлік спорт федерацияларының басшылары, туризм саласының кәсіпкерлері, спортшылар қатысты.Кездесуде Ербол Мырзабосынов министрліктің биылғы жұмысы, туризм, спорт және ойын бизнесі саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып, алдағы жоспарлар туралы баяндады.Жыл өткен сайын елімізде спорт және дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтардың саны артып келеді. Мәселен, қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында 305 мың адам спортпен белсенді түрде шұғылдануда. Облыстағы балалар мен жасөспірімдердің 32,7 мыңнан астамы дене шынықтыру және спортпен қамтылған.Сондай-ақ мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Министр өңірде мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыруды тексеру кезінде заң бұзу фактілері анықталғанын, жеткізушілер алдын ала іріктеусіз тегін секцияларға бару үшін кезекке жазылуына жол берілгенін атап өтті.Осыған байланысты Ербол Мырзабосынов облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру кезінде өнім берушілерді іріктеуді қамтамасыз етуі қажет екенін еске салды.Шығыс Қазақстан облысында да модульдік үлгідегі жылдам салынатын спорт объектілерін салу арқылы ауылдар мен қалаларда спорт инфрақұрылымын кеңейту жалғасуда.«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жергілікті әкімдік Көлік министрлігімен бірлесіп Катонқарағай және Зайсан аудандарында әуежай салу үшін орындар белгіледі. Әуежай құрылысы өңірдің туристік тартымдылығын арттырып, шекара маңындағы аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді», - деді Туризм және спорт министрі.Сондай-ақ Ербол Мырзабосынов заңсыз ойын бизнесі және лудоманиямен күрес бойынша атқарылып жатқан шараларға да тоқталып өтті.Биыл Мемлекет басшысы ойын бизнесі және лотерея қызметі мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды. Бұл заң азаматтардың сауаттылығын арттыру, сапалы медициналық көмек көрсету және мемлекеттік бақылауды күшейту арқылы лудоманиямен күресуге бағытталған. Заңда мемлекеттік және әскери қызметшілерге, сондай-ақ Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған адамдарға құмар ойнауға және бәс тігуге тыйым салу көзделген.Интернет-казино қызметін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жоспарланған. Сондай-ақ букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға шектеулер енгізу, құмар ойындар мен бәс тігу жарнамаларын SMS арқылы жіберуге тыйым салу қарастырылған.Министр есеп беру кездесуінен кейін азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарына жауап беріп, мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/906126
Қорғаныс министрі Арнайы операциялар күштері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің нысандарын тексерді 24.12.2024
Қонаев және Жетісу гарнизондарына жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов оқу полигондарының инфрақұрылымын, ғимараттар құрылысы мен оларды жөндеу сапасын тексерді. Қонаев гарнизонындағы "Шошқалы" оқу полигонында Десанттық-шабуылдау әскерлері әскери қызметшілерінің оқу және бақылау атыстары жаттығуларын орындауды ұйымдастыру барысымен танысты. Қорғаныс министрі блиндаж бен дрон трассасын тексерді. Онда әскери қызметшілер дрондарды анықтау және жою әдістерін қолданады.Қорғаныс ведомствосының басшысы Арнайы операциялар күштерін даярлау орталығының, РХБҚ базасының, десанттық-шабуылдау бригадасының және басқа да әскери бөлімдердің инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін зерделеді.Медициналық рота ғимаратының құрылысы мен модульдік конструкцияларды қолдананып салынған казарманың құрылысын тексергеннен кейін ол жұмыстың сапасы мен мерзіміне назар аударды.Генерал-полковник Руслан Жақсылықов сонымен қатар парашютпен секіруге арналған әуе-десанттық кешені бар оқу полигонын қарап, казармалардың жағдайымен танысты. Еліміздің әртүрлі аймақтарынан шақырылған сарбаздармен әңгімелесті. Тігін және аспаптар шеберханасында болып, әуе-десанттық техниканы өндіру мен күтіп-ұстау бөлшектерін нақтылады.Әскери бөлімдер қолбасшылығының алдында қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов жеке құрамның жауынгерлік даярлығының сапасын қамтамасыз етуге, әскери инфрақұрылымды жетілдіруге және мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған бірқатар міндеттер қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/905453
Семейде Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың филиалы ашылды 24.12.2024
ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бұрынғы гарнизондағы Офицерлер үйінің базасында құрылды.Филиалдың салтанатты ашылу рәсіміне Қарулы күштердің әскери қызметшілері, ардагерлері, орталық қызметкерлері мен «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты. Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Асенов әріптестерін айтулы оқиғамен құттықтады. Ол биылғы жылы барлық ірі гарнизондарда әскери қызметшілердің балаларымен әскери-патриоттық жұмысты ұйымдастыру бойынша толыққанды оркестрлері, ансамбльдері мен қызметтері бар филиалдар пайда болғанын атап өтті. – Армия ортасында патриоттық сана мен ынтымақты қалыптастыруда мәдениеттің алатын орны зор. Сондықтан біздің мәдени-демалыс алаңдарымызда жоғары дәрежелі мамандардың жұмыс істеуі маңызды, – деп атап өтті А. Асенов.Семейдегі ҰӘПО филиалының бастығы подполковник Нұрсұлтан Жұмағұлов жаңа орталық осындағы барды үйлестіру арқылы құрылғанын түсіндірді. Мұнда патриоттық жұмысты ұйымдастыру қызметі әскери қызметшілердің балаларына арнап өткізетін ән, би және домбыра үйірмелері жұмыс істейді, әскери оркестр мен эстрадалық би тобы да бар. Іс-шараның маңызды сәті Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Семей филиалы, Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімі және Шәкәрім атындағы №5 көпсалалы гимназия арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды. Құжат жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу ісіндегі күш-жігерді біріктіруге және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған.Шара соңы мерекелік концертпен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/905762
Қазақстандық десантшылар Үнді джунглиінде оқу курсынан өтуде 24.12.2024
Әлемге әйгілі көтерілісшілерге қарсы күрес және джунглидегі соғыс қимылдары мектебінің базасында ұйымдастырылған курсқа Қарулы күштердің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 15 әскери қызметшісі қатысуда.Оқу орны әскери академия мәртебесіне ие және дәстүрлі емес соғыстар кезінде жауынгерлік әрекеттерді зерттеуге және оқытуға мамандандырылған. Ол Джунгли жағдайында көтерілісшілермен және партизандармен күресу үшін үнді әскери қызметкерлерін дайындайды.– Келгеннен кейін мектеп нұсқаушылары бізді курс бағдарламасымен таныстырды. Біздің топпен өткізілетін сабақтарда көтерілісшілердің шағын топтарын қудалау және торуыл ұйымдастыру бойынша іс-шаралар пысықталды. Практикалық оқыту күндіз-түні Джунгли жағдайында жүргізіледі, – деді Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқарма офицері капитан Виталий Стефанович.Оқыту дәрістер, пікірталастар, жағдайлық зерттеулер жүргізуді көздейді. Дене шынықтыруға, рефлекторлық атуды дамытуға және тактикалық әдістерді игеруге көп көңіл бөлінеді.Тығыз өсімдіктер, шектеулі көріну және тұрақты қауіп-қатер жағдайында жаттығу кезінде әскери қызметшілерге тірі қалуға ғана емес, сонымен бірге ұрыс қимылдарын жүргізуге де үйретіледі. Практикалық іс-шараларға террористердің имитациялары бойынша жауынгерлік оқ-дәрілерді ату кіреді. Бұл нақты ұрыс жағдайларын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, білім алушылар төтенше жағдайларда әрекет етуге және жергілікті тұрғындармен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін психологиялық дайындықтан өтеді.Мүлдем бейтаныс климаттық және географиялық жағдайлар Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілеріне ұрыс қимылдарын жүргізудің жан-жақты тәжірибесін береді.Бұл Үндістанның әскери қызметшілерімен бірлесіп өткізілген биылғы екінші жаттығу. Мәселен, қазан айында "Сурья" оқу орталығының базасында "ҚазҮнді-2024" оқу-жаттығуы өтті. Оған "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы мен Десанттық-шабуылдау әскерлері әскери қызметшілерінің құрамынан құралған бірлескен рота қатысты.Қазақстан мен Үндістанның қорғаныс ведомстволарының екіжақты ынтымақтастығы шеңберінде ұйымдастырылған іс-шара 30 желтоқсанға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/905807
ТЖМ құтқарушылары су айдындарында 7 мыңнан астам рейд пен патрульдеу жүргізді 24.12.2024
ТЖМ бір ай бұрын 16 қарашада басталған «Мұз-2024» республикалық үгіт-профилактикалық акциясының аралық қорытындысын шығарды. Қазақстанның солтүстігінде мұздың қалыңдығы қауіпсіз деңгейге жетсе, оңтүстігінде мұз қату кезеңі енді ғана басталды. Бірқатар өңірлерде, мәселен Атырау, Қызылорда, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында су айдындарының мұз жамылғысы алдамшы, яғни мұз әлі толық қатқан жоқ. Акция аясында ТЖМ құтқарушылары мобильді топтардың құрамында еліміздің су айдындарында 7 268 рейд пен патрульдеуді жүзеге асырды. Рейдтер барысында мұзда үстіндегі қауіпсіздік және мұзда балық аулау ережелері түсіндіріледі, барлығы 52 284 адамға нұсқау берілді. Олардың жартысынан көбі балық аулау әуесқойлары мен аңшылар. Ең жоғары тәуекел аймағындағы халықты көбірек қамту үшін балық аулау құралдары мен басқа да аңшылық керек-жарақтарын бөлшек саудада сатудың 760 нүктесі қамтылды, әр дүкенде үгіт материалдары таратылды. Тек акция кезеңіндегі рейдтік іс-шаралар кезінде 9 ересек адам мен 2 баланың қаза болуының алдын алды, қар құрсауында көлікте тұрып қалған адамдарға көмек көрсетілді, Шардара су қоймасының жағасынан 10 км қашықтықта тұманда адасқан 2 балықшы табылып, эвакуацияланды. Айта кету керек, мұндай жағдайлар қарапайым қауіпсіздік ережелерін бұзу нәтижесінде адамдардың кінәсінен болады. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тек акция кезеңінде 156 хаттама жасалды, жалпы сомасы 4 млн. астам теңге айыппұл салынды. Бұл жағдайда айыппұл өлімнің алдын алу құралы болып табылады. «Мұз-2024» республикалық үгіт-профилактикалық акциясы 2025 жылғы қыс мезгілі соңына дейін және жұқа мұз кезеңі бойы өткізілетін болады! ТЖМ-нің негізгі міндеті – адам өлімінің алдын алу және су айдындарындағы (мұздағы) қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға (соның ішінде жұқа мұзға) жедел ден қою! ТЖМ қараңғыда, нашар көрінген кезде және мұздың қатуы мен еруі кезінде мұзға шығуға қатаң тыйым салынатынын, және мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін 10 сантиметрден кем емес екендігін ескереді.Мұзда болған кезде:1) мұздың жұқа және толық қатпаған жерлеріне шығуға;2) мұздың жекелеген (қауіпті) учаскелерінде топтармен жиналуға;3) мұздағы ойықтарға, жарықтарға жақындауға;4) өткелдер үшін бөлінген орындардың шекарасынан тыс көлік құралдарымен мұзға шығуға;5) от жағуға;6) 20 сантиметрден аз қашықтықта екі тесікті, ал басқа жұп тесіктерден 2 метрден аз қашықтықта екі тесікті тесу;7) мұзда жабдықтар мен қоқыстарды қалдыруға жол берілмейді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/905815
Ақмола облысының әкімі Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті 24.12.2024
Облыс әкімі Марат Ахметжанов пен Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақтиер Ибрагимов өңірлер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өсу әлеуетін талқылады.Алғы сөзінде өңір басшысы өңірдің жетістіктеріне тоқталып, негізгі бағыттары туралы айтып берді.«Ақмола облысы - Қазақстанның негізгі ауыл шаруашылығы өңірлерінің бірі және Біз Өзбекстан Республикасын Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі әріптестерінің бірі ретінде қарастырамыз. Бүгінгі іс-шара біздің ынтымақтастығымызды жандандыратынына сенімдімін. Ақмола облысы экономиканы дамытуға инвестиция тарту үшін үлкен әлеуетке ие және ынтымақтастықты кеңейту үшін кез келген ұсыныстарды қарастыруға дайын», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.Өз кезегінде Бахтиер Ибрагимов өңірдің, әсіресе ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм саласындағы ынтымақтастығының жоғары әлеуетін атап өтті. Ол сондай-ақ екі ел халықтары арасындағы тығыз байланыстар өңірдің тұрақты дамуы үшін маңызды фактор болып табылатынын атап өтті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері арасындағы экономика, сауда, туризм және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Өзара инвестицияларды кеңейту, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/905497
Олжас Бектенов Dalian Group холдингі басшылығымен бидайды терең өңдеу кәсіпорнын салу мәселесін талқылады 24.12.2024
Премьер-министр Олжас Бектенов Dalian Hesheng Holdings Group Co., Ltd. компаниялар тобының басқарма төрағасының орынбасары Ма Хуньхан бастаған қытай делегациясымен кездесу өткізді. Агроөнеркәсіп кешені саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ көмір химиясы мен машина жасау салаларындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.Қытайлық көпсалалы Dalian Hesheng Holdings компаниясы бидайды өңдеу және ашыту саласындағы технологиялық патенттің иегері саналады және озық цифрлық технологияларды пайдаланады. Ақмола облысында бидайды тереңдете өңдеу бойынша тігінен кіріктірілген өнеркәсіптік парк құрылысының жаңа инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде инвестиция көлемі $500-800 млн-ды құраса, жобаны іске асырудың екінші және үшінші кезеңдері тағы $1 млрд-қа бағалануда. Алғашқы кезеңде қайта өңдеу қуаты жылына 3 млн тоннаға дейін өсу перспективасымен 1 млн тоннаны құрайды. 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Жобада көмір жылу электр стансасы мен көмір химиясы кешенінің құрылысы да қарастырылған. Көмірді қайта өңдеу нәтижесінде жылына 150-400 мың тонна сұйық аммиак алынады деп күтілуде.Жалпы, жаңа агрожобаны іске асыру мультипликативті әсер береді, ауыл шаруашылығын жаңғыртуға ықпал етеді, сондай-ақ логистика және сауда секілді еншілес салалардың дамуына серпін береді.Премьер-министр астық жинауда рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізуді ескере отырып, бидайды қайта өңдеуді белсенді түрде арттырудың маңызды екеніне тоқталды.«Қазақстан – аграрлық секторы дамыған ел. Біз қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттыруға ұмтыламыз. Бұл – біздің еліміз үшін басым бағыт. Үкімет өндірісті локлизациялауға және озық технологияларды трансферттеуге бағытталған», - деп атап өтті Олжас Бектенов.Dalian Hesheng қытайлық компаниялар тобы басқарма төрағасының орынбасары Ма Хуньхан өз кезегінде Қазақстандағы ынтымақтастық пен өндірісті дамыту перспективаларын жоғары бағалады. Қолайлы іскерлік ахуал және бизнесті жүргізуге жасалған жағдай атап өтілді. Ма Хуньхан зауыттың құрылысын 2025 жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отырғанын айтты.Сондай-ақ кездесу барысында Dalian Hesheng Holdings Group компаниясының аграрлық бағыт жөніндегі басқарма төрағасы Юй Юфэй, бидай биоферментациясының бірегей технологиясын әзірлеуші және саладағы озық шешімдердің авторы, аға инженер Шу Сонгпо сөз сөйледі.Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр мүдделі мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде қытайлық әріптестермен инвестициялық келісім жасау бойынша тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.#Олжас Бектенов #ҚР Премьер-министрі #АӨК #ИнвестицияларАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/905508
Айдарлы ауылында су құбыры қолданысқа берілді 24.12.2024
Зеренді ауданына қарасты Айдарлы ауылында су құбыры қолданысқа беріліп, ауыл тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.Бұл қуанышты жаңалықты тұрғындар көптен күткен. Қазіргі уақытта, ауылдағы 320 тұрғынның 76 үйі таза сумен қамтамасыз етілді.Айдарлы ауылындағы су құбырының іске қосылуы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы сәйкес ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бағдарлама шеңберінде ел бойынша көптеген ауылдарға таза ауыз су жеткізіліп жатыр. Айдарлы ауылы да осы тізімге енген. Су тазартқыш құрылғысы КБН жүйесі бойынша орнатылып, тұрғындар тексерілген, сапалы ауыз суға қол жеткізіп отыр.Құрылыс жұмыстарының нәтижесінде ауылға су құбырының жалпы ұзындығы 7812 метрді құрайтын жүйе жүргізілді. Оның ішінде 2181 метр су құбыры және 4006 метр елді мекен ішіндегі су тарату желілері орнатылды. Су көзі ретінде жұмыс істейтін және резервтік скважиналардан алынған су пайдаланылып, екі насос станциясы мен 50 м³ көлемінде су жинақтайтын су мұнарасы құрылды.Айдарлы ауылының тұрғындары су сапасының айтарлықтай жақсарғанын айтуда. Әр үйде таза ауыз су пайдалануға мүмкіндік туғаны ауыл тұрғындары үшін үлкен жаңалық болды. Бұл құрылғының орнатылуы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Серік Исаханов аудан бойынша су сапасын өз бақылауында ұстап, тұрғын үйлердің жағдайын тексеріп шықты. Оның айтуынша, Айдарлы ауылындағы су жүйесінің сапасы толықтай талапқа сай және ауыл халқы үшін маңызды әлеуметтік мәселе шешілді.Ауыл тұрғындары мұндай өзгерістерді ұзақ күткенін, енді таза суға қол жеткізгендерін айтып, қуаныштарын білдіруде.Бұл жоба келесі жылы да жалғасын табады деп жоспарлануда. Басқа да ауылдарда су құбырлары орнатылып, халық сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/905551
Ақкөл ауданында 18 көпбалалы отбасы пәтерлі болды 24.12.2024
Ақкөл ауданында көпбалалы отбасыларға жаңа пәтерлердің кілттерін тапсыру рәсімі өтті. Аудан әкімінің айтуынша, бұл шара халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік қолдауды нығайту және оларға қолжетімді әрі жайлы тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадам болып табылады.Ақкөл ауданының әкімі Біржан Әбдірахманов 18 көпбалалы отбасымен кездесіп, оларға жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етті.«Бүгінде біз азаматтарымыздың өмірін жақсартуға маңызды қадам жасап жатырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, біз көп балалы отбасыларға қолайлы жағдай жасау жұмыстарын жалғастырудамыз. Бүгін айтулы оқиға – көп балалы отбасылар үшін сенімді және жайлы баспанаға айналатын жаңа үйлердің кілттерінің тұсаукесері», - деп атап өтті Біржан Әбдірахманов.Бұл іс-шара халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады.Тұрғын үй сатып алу механизмдерінің жетілдірілуі, инфрақұрылымның жақсаруы және отбасылардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуі осы маңызды қадамның мүмкін болуына себеп болды. Пәтерлердің сапасы мен тұрғындардың жайлылығы басты назарда болғаны сөзсіз.Кілт алған көпбалалы отбасылар өз алғыстарын білдіріп, аудан басшылығына көрсетілген қолдау үшін ризашылықтарын жеткізді. Жаңа пәтерлер оларға тек қажетті кеңістік беріп қана қоймай, балаларын қауіпсіз әрі жайлы жағдайда тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.Алдағы уақытта Ақкөл ауданында әлеуметтік осал топтарды қолдау және тұрғын үй құрылысын дамыту бағытында жаңа бағдарламалар жүзеге асырылып, осы саладағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру жоспарлануда. Бұл, өз кезегінде, ауданның әлеуметтік жағдайын жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Ақкөл ауданында жаңа тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік қолдау шараларының дамуы, көпбалалы отбасылар мен басқа да әлеуметтік топтарға қолайлы жағдай жасап, ауданның болашақтағы дамуына оң әсерін тигізері сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/905700
Шортанды ауданында диеталық тағам қоспаларын өндіретін зауыт ашылды 24.12.2024
Шортанды ауданының Бозайғыр ауылында «Hormesis» брендімен инновациялық диеталық өнім шығаруға маманданған «HealthInvest» ЖШС зауыты ашылды. Жоба «Ғылым қоры» АҚ және кәсіпорынның өз инвестициялары есебінен іске асты.Зауыттың іске қосылуы отандық пайдалы тағам өндірісінің дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы болмақ. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 1 200 000 дайын өнім данасын құрайды. Бұл еліміздегі сұранысты толық қанағаттандыруға қауқар береді.Өндіріс алаңы - 500 шаршы метр. Мұнда заманауи өндіріс цехтері, зертханалар мен шаруашылық үй-жайы бар. Жоғары сапалы өнім өндіру үшін зауыт әлемдік стандарттарға сай инновациялық технологиямен жабдықталған.Компания басшысы Нұрсұлтан Каламовтың айтуынша, «Hormesis» өнімі Қазақ тағамтану академиясының барлық қажетті зертханалық сынақтары мен сараптамаларынан өтіп, тиісті сертификатқа ие болды.«Hormesis» гелі – бұл тек қуат көзі ғана емес. Ол адам ағзасына оң ықпалын тигізіп, денсаулық пен белсенділікті арттырады. Біз тұтынушыға Қазақстанда жасалған сапалы әрі пайдалы өнімді ұсынып жатқанымызбен мақтанамыз», - деді Нұрсұлтан Каламов.Өндірістің іске қосылуының арқасында бес адам жұмыспен қамтылды. Олардың орташа еңбекақысы - 370 мың теңге. Жоба өңірдің инфрақұрылымын дамытуға оң септігін тигізіп, Ақмола облысының экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.«HealthInvest» жобасының басшылығы «Ғылым қоры» АҚ, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне және жергілікті атқарушы органдарға жобаға қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді. «Біз өңірімізді дамытуға өз үлесімізді қосып жатқанымызға қуанамыз. Осы өндірісті іске қосуда бізге көмек көрсеткен барша тарапқа алғыс айтамыз», - деп атап өтті компания жетекшісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/905721