Әлем
Жыл қорытындысы: Еліміздің энергетика саласындағы басты жетістіктері мен болашақ даму бағыттары 24.12.2024
Еліміздің энергетикалық секторы экономиканың негізгі салаларының бірі саналады. Орнықты дамуға және жаһандық төмен көміртекті даму үлгісіне көшуге бет бұру жағдайында Қазақстан сенімді энергия көзімен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды белсенді түрде іске асыруда. Экономикалық белсенділіктің артуына байланысты электр энергиясын тұтыну өсуде, бұл өндіріс қуатын кеңейтуді қажет етеді. 2024 жылы Үкімет дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерін теңгерімді дамыту үшін маңызды қадамдар жасады. Еліміздің электр энергетикалық кәсіпорындары республиканың өнеркәсіп және коммуналдық-тұрмыстық секторының қажеттілігі үшін жылуды тұрақты жеткізуді қамтамасыз етеді. Саланы 2035 жылға дейін дамыту бойынша кем дегенде 26 ГВт жаңа қуаттарды енгізуді көздейтін жоспар бекітілді.PrimeMinister.kz сайтының редакциясы Қазақстанның 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланым топтамасын жалғастыруда.Қазақстанның ұлттық электр желісін дамытуБүгінгі таңда Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы қолда бар қуат көлемі 20,4 ГВт-ты, жұмыс қуаты 15,4 ГВт-ты құрады. Ағымдағы жылыту маусымында тұтынудың ең жоғары деңгейі 16,6 ГВт-қа жетті, ал ең жоғарғы мөлшерлі генерация – 15,1 ГВт.Қазақстанда 222 электр стансасы жұмыс істейді (КЭС – 6 бірлік, ЖЭО – 41 бірлік, ГТЭС – 14 бірлік, ГПЭС – 7 бірлік, СЭС – 6 бірлік, ЖЭК – 148 бірлік). Оның ішінде 148 ЖЭК нысанның (шағын СЭС – 51 бірлік, ЖЭС – 54 бірлік, КЭС – 42 бірлік, БЭҚ – 1 бірлік) жалпы қуаты 2,9 ГВт. 2024 жылы Энергетика министрлігінің «Жылу-электр энергетикасын дамыту» бюджеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 14 жобаны (6 жылумен жабдықтау, 8 электрмен жабдықтау) іске асыруға 58,3 млрд теңге бөлінді. Жобалардың бірі, Орал қаласының «Ақжайық» ЕТЖҚ ауданындағы 110/10 кВ қосалқы стансасы пайдалануға берілді.Сонымен қатар қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті 32 млрд теңгеден 428 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін негізгі жабдықты жаңғырту, кеңейту және реконструкциялау жөніндегі жобалар пулын кеңейтуге мүмкіндік берді.Қазіргі уақытта жалпы қуаты 2,8 ГВт болатын 22 инвестициялық келісім бар, оның ішінде лимит ұлғайғаннан кейін жалпы қуаты 1,36 ГВт болатын 13 келісім жасалды.2023 жылғы қарашада «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту» жобасы сәтті іске асырылды, оның шеңберінде «Батыс Қазақстан энергия торабы – Атырау – Маңғыстау» бағыты бойынша ұзындығы 780 км болатын 220 кВ электр беру желісі (ЭБЖ) салынды. Бұл қадам электр қуатының өткізу мүмкіндігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған. Келесі қадам ретінде 2028 жылдың соңына дейін Батыс аймақтың электр желілерін Бірыңғай электр энергетикалық жүйемен біріктіру жобасы іске асырылатын болады, ол үшін Ақтөбе және Атырау облыстарын жалғайтын ұзындығы 604 км болатын 500 кВ ЭБЖ салынады. Бұл Солтүстік және Оңтүстік аймақтардың электр энергиясы мен қуатының теңгерімсіздігін өтеу үшін Батыс аймақтың маневрлі газ энергия көздерін пайдалануды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, құрылыс-монтаждау жұмыстарына 2025 жылы кіріседі.Оңтүстік өңірлердің тұтынушыларын энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру және Орталық Азия елдерінің энергия жүйелерінің жұмыс режимдерімен байланысты апаттық бұзушылықтардың туындау тәуекелдерін азайту Оңтүстік аймақтың (Шу–Жамбыл–Шымкент) электр желілерін күшейтуді талап етеді. Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ аталған жобаны іске асыруды бастады, оның 1-кезеңі 2027 жылы аяқталады, оның шеңберінде Шу–Жамбыл–Шымкент бағыты бойынша ұзындығы 475 км 500 кВ ӘЖ салынады. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірлеу жүріп жатыр. Еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірлері арасындағы байланысты одан әрі күшейту, сондай-ақ транзиттік әлеуетті арттыру үшін кернеуі +/-500 кВ «Солтүстік-Оңтүстік» тұрақты ток желілерін салу жоспарлануда. Өткізу мүмкіндігі 2000 МВт-қа артады.Қазақстанның бүкіл Біртұтас электр энергетикалық жүйесін айналып өтуге мүмкіндік беретін еліміздің батыс және оңтүстік аймағын жалғайтын тұрақты ток желісін салудың орындылығын зерделеу жүргізілуде.Бұл жобаларды іске асыру тұрақты әрі сенімді электрмен жабдықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді. Жылу генерациясыБиыл Екібастұз 1-ГРЭС-те қуаты 500 МВт жаңа генерацияланатын бірінші энергоблок желіге қосылды, жыл соңына дейін Атырау ЖЭО-да тағы 65 МВт, сондай-ақ 2025 жылы Топар ГРЭС-те 130 МВт іске қосылады деп күтілуде.Қолданыстағы электр стансаларын реконструкциялау және кеңейту есебінен қосымша 5,6 ГВт іске қосу қамтамасыз етілетін болады, оның ішінде 2024 жылы Министрлік энергия өндіруші ұйымдармен жалпы қуаты 1,4 ГВт болатын 13 инвестициялық келісім жасасты. Мұндай жобалар қатарында Ақсу ГРЭС-тегі қуаты 325 МВт №7 блоктың құрылысы, Қарағанды ЖЭО-3-те қазандық агрегатының құрылысы мен турбинаны ауыстыру және «Karabatan Utility Solution» ЖШС-нің бу-газ қондырғысын 310 МВт-тан 620 МВт-қа дейін кеңейту ісі бар.Өткен жылы жалпы қуаты шамамен 9 ГВт жаңа генерация салу жоспарлары анықталды. Қазіргі уақытта бұл жобалар іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде.Аукциондық сауда-саттық шеңберінде маневрлік генерацияны іріктеу бойынша 2,5 ГВт жаңа қуаттарды іске қосу жоспарлануда.Бүгінгі таңда Түркістан, Қызылорда облыстарында, Ұлытау облысы мен Алматыда іске асырылатын жалпы қуаты шамамен 1,8 ГВт болатын бу-газ қондырғыларының төрт ірі жобасы бойынша құрылыс жұмысы жүргізілуде, олардың аяқталу мерзімі 2026 жылға жоспарланған. Сонымен қатар 2024 жылдың тамызында Қазақстанда жалпы қуаты 700 МВт болатын кезекті аукциондық сауда-саттық өтті, оның қорытындысы бойынша Жамбыл, Ақтөбе және Атырау облыстарында бу-газ қондырғыларын сату құқығына төрт жеңімпаз анықталды. Қазіргі уақытта аяқтау мерзімі 2028 жылға жоспарланған жобаларды іске асыруға кірісті. 2029 жылға дейін инвестициялардың күтілетін көлемі 8 трлн теңгеден астам соманы құрайды. Үкіметаралық келісім шеңберінде стратегиялық инвесторлардың қатысуымен қуаты 2 ГВт ауқымды жобаларды пысықтау жүргізілуде.Мысалы, Қатармен қол қойылған үкіметаралық келісім шеңберінде Қызылорда облысында қуаты 1100 МВт бу-газ қондырғысын (БГҚ) салу жоспарланып отыр, оның аяқталу мерзімі – 2029 жыл.Тағы бір үкіметаралық келісім – Ресеймен Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір генерациясы базасында жаңа жылу электр орталықтарын (ЖЭО) салуға бағытталған (Көкшетау ЖЭО — 240 МВт, Семей — 360 МВт, Өскемен — 360 МВт), пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі – 2028-2030 жылдар. Бұл жобалар «таза» көмір технологияларын пайдалана отырып іске асырылатын болады және ұзақ жылыту кезеңімен әрі газ тасымалдау инфрақұрылымының болмауымен ерекшеленетін Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі қолданыстағы көмір паркін алмастыруға бағытталған.Шекті тарифтерді түзету және энергия блоктарын жөндеу2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Энергетика министрлігі берілген өтінімдерге сәйкес 49 энергия өндіруші ұйымның 24-і үшін электр энергиясының шекті тарифтерін өзгертті. Жүйелік оператордың жөндеу кестесіне сәйкес электр стансаларында 2024 жылы 10 энергия блокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Қазіргі сәтте 9 энергия блокта, 53 қазандықта және 40 турбинада жөндеу жұмысы аяқталды. 1 энергия блокта, 2 қазандықта және 5 турбинада жөндеу жұмысының соңғы кезеңі жүргізілуде.ӨЭК электр желілерінде 20,7 км электр беру желілері, 422 қосалқы станса және 4 мың трансформаторлық қосалқы станса жөнделді.Жылумен жабдықтау желілерінде биылға жоспарланған 542 км-ді жөндеу және реконструкциялау толық көлемде орындалды. Уақытылы жүргізілген жұмыстың арқасында жылыту кезеңін тұтастай жұмыла бастауға және оны ірі технологиялық бұзушылықтарсыз жүзеге асыруға мүмкіндік туды.Мұнай өндіру және өңдеу2024 жылға арналған мұнай өндіру жоспары 90,3 млн тоннаны құрайды (2023 жылғы деңгейге 100,4%). Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша мұнай өндіру 80,5 млн тоннаны құрады, бұл жоспардан 1,8 млн тоннаға аз (82,3 млн тоннаға белгіленген мақсаттан 97,8%).2024 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 16,7 млн тоннаны құрады, бұл жоспардың 102%-ын құрайды (жоспар – 16,4 млн тонна). 2024 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 17,9 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп күтілуде, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға артық. Мұнай өнімдерін (бензин, дизель отыны, мазут, авиакеросин, битум) өндіру 2024 жылғы қаңтар-қарашада 13,1 млн тоннаны немесе жоспарлы көрсеткіштің 100%-ын құрады.Елімізде мұнай өңдеу саласын дамыту 2024-2040 жылдарға арналған Тұжырымдаманы бекіту арқылы қолдау татпы, бұл аталған саланың Қазақстанның экономикалық өсуі үшін стратегиялық маңызын атап көрсетеді.Көмірсутектер саласында жасалған келісімшарттар және олардағы қазақстандық қамту үлесіҚазіргі уақытта көмірсутектер бойынша 315 келісімшарт жасалды, оның ішінде:9 – өнімді бөлу туралы келісімдер (ӨБК); 122 – өндіруге;173 – барлау мен өндіруге;11 – барлау үшін.2024 жылдың 9 айында көмірсутек секторы саласына инвестициялар 2,8 трлн теңгені құрады, оның ішінде: барлау шығындары — 125,9 млрд теңге, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына аударымдар (ӨӘЭД) — 46,5 млрд теңге, оқыту шығындары — 12,483 млрд теңге, ҒЗТКЖ шығындары — 7,03 млрд теңге.Энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының ТЖҚ (тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін) сатып алуларының жалпы көлемі 9 айда 4,3 трлн теңгені құрады, оның ішінде қазақстандық өнім берушілердің елішілік құндылық (ЕҚ) үлесі 61,4%-ды құрады, бұл 2,7 трлн теңгеге балама:783,5 млрд теңгеге тауарлар сатып алынды, ЕҚ үлесі – 36,5%, бұл 285,7 млрд теңгені құрайды;жұмыстар 1,6 трлн теңгеге орындалды, ЕҚ үлесі – 79,6%, бұл 1,3 трлн теңгені құрайды;1,9 трлн теңгеге қызмет көрсетілді, ЕҚ үлесі – 56,3 %, бұл 1,1 трлн теңгені құрайды.2024 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушы компаниялары қызметкерлерінің жалпы штат саны 81 191 адамды құрады, оның 80 033-і Қазақстан Республикасының азаматы саналады (98,57 %).2020 жылдан 2024 жылдың шілдесіне дейін Энергетика министрлігі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге 10 электрондық аукцион өткізді, нәтижесінде 116 жер қойнауы учаскесі сатылды (барлау мен өндіруге 97, өндіруге 19).Бюджетке төленген қорытынды қол қою бонусы шамамен 54,1 млрд теңгені құрады, ал геологиялық барлауға жарияланған инвестициялар – $479,8 млн-нан астам.Қазақстандық өнім берушілердің (ЕҚ) 2024 жылға арналған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуының болжамды көлемі энергетика секторындағы сатып алулардың жалпы көлемінің 61,8% деңгейінде күтіледі (2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 4,1 трлн теңге сомасына 61%-ды құрады).Газ саласын дамыту перспективалары Қазақстанның газ секторы ішкі нарықты табиғи газбен қамтамасыз ете отырып белсенді дамуын жалғастыруда әрі өндіру көлемін ұлғайтуға ұмтылуда. Қазіргі уақытта елімізде табиғи газ өндіру деңгейі жылына 55 млрд м3 астам құрайды. 2030 жылға қарай газ өндіру деңгейі 86,5 млрд м3 жетеді деп болжануда.Қазақстандағы негізгі газ кен орындары – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ. Сондай-ақ газдың ресурстық базасын ұлғайту мақсатында Анабай және Шығыс Өріктау, Рожковское сияқты жаңа кен орындары белсенді дамып келеді. Таяу келешекте Батыс Прорва, Орталық Өріктау, Барханная (2025-2026 жылдар кезеңінде) кен орындарын іске қосу күтілуде, олардың жиынтық алынатын қорлары 50 млрд м3-тен асады.Газ саласын дамытудың маңызды бағыттары инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа кен орындарын дамыту, сондай-ақ жаңа газ өңдеу қуаттарын пайдалануға беру арқылы тауарлық газдың ресурстық базасын арттыру болып қала береді.Негізгі бағыттардың бірі – ілеспе газды утилизациялау, бұл қалдықтарды айтарлықтай азайтады және еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді. Соңғы жылдары ауада жанып кететін газ көлемі жылына 3,1 млрд м3-тен 0,3 млрд м3-ке дейін қысқарды, бұл ретте газ өндіру деңгейі 27 млрд м3-тен 59,1 млрд м3-ке дейін ұлғайды.Республикада тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайту мақсатында газ саласын дамытуды жалғастыру жоспарлануда. Атап айтқанда, Атырау облысында қуаты жылына 1 млрд м3 газ өңдейтін зауыт салынуда, ол Қашаған кен орнының шикізатында жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа, 2030 жылға қарай Қашаған кен орнын игеру шеңберінде қуаты жылына 2,5 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылысы жобасын іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін қатарлық инвестор — UCC Holding тартылды.Маңғыстау облысында, Жаңаөзен қаласында ескі Қазақ газ өңдеу зауытының базасында қуаты жылына 900 млн м3 жаңа зауыт салынуда. Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 4 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу бойынша келіссөздер жүргізілуде, ол 2030 жылдан кешіктірілмей пайдалануға берілуі тиіс. Осы жобалардың барлығын іске асыру 2030 жылға қарай тауарлық газ өндірісін ағымдағы 23 млрд м3-тен жылына 31 млрд м3-ке дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Қызылорда облысында Оңтүстік Қайыркелді секілді жаңа кен орындарын пайдалануға беру жоспарлануда (өндіру көлемі жылына 35 млн м3).Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамасы бойынша газды түпкілікті тұтынушылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған түзетулерді қамтитын заң жобасы ұсынылады. Атап айтқанда, газды есепке алуды цифрландыру және белгіленген тұтыну нормаларынан асып кеткені үшін нормативтен тыс коэффициенттерді қолдану сияқты ұқыпты тұтыну тетіктері енгізілуде.Бұдан басқа, заң жобасында елді газдандыруға республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат шеңберінде салынып жатқан объектілердің сапасын жақсартуға бағытталған нормалар көзделген.Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды кеңейту шаралары жаңа автокөлік газ толтыру компрессорлық станса (АГТКС) салуды және табиғи газға арналған маршруттық автобустарды жаңартуды көздейтін 2024-2027 жылдарға арналған Жол картасын жасауды қамтиды. 2025 жылы 1567 жаңа автобус сатып алу, сондай-ақ 5 жаңа АГТКС салу жоспарланып отыр, бұл табиғи газдың мотор отыны ретінде қолжетімділігін арттырады.Бұдан басқа, өз машиналарын сұйытылған табиғи газға (СТГ) ауыстырғысы келетін автокөлік жүргізушілері үшін ынталандыру тетіктерін енгізу жоспарлануда.Сондай-ақ Шымкент пен Батыс Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алушылар үшін тауарлық газға жеңілдіктер беру үшін пайдаланылатын «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл жоба газға жеңілдіктер беру жүйесін кеңейтуге және автоматтандыруға, сондай-ақ мұқтаждар үшін отынның қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.ЖЭК дамытуБүгінгі таңда белгіленген қуаты 2 903,7 МВт болатын 148 ЖЭК нысаны (100 кВт-тан жоғары) іске қосылды. Атап айтқанда:– қуаты – 1 409,55 МВт жел электр стансаларының 59 нысаны;– қуаты – 1 222,61 МВт күн электр стансаларының 46 нысаны;– қуаты 269,785 МВт болатын су электр стансаларының 40 нысаны;– қуаты 1,77 МВт болатын биогаз электр стансаларының 3 нысаны жұмыс істейді. Өткізілген аукциондық сауда-саттықтың және «ЖЭК қолдау бойынша есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-мен жасалған шарттардың қорытындысы бойынша тартылған инвестиция көлемі шамамен 720 млрд теңгені құрайтын, жиынтық қуаты 1 682,4 МВт болатын 66 ЖЭК жобасын:- қуаты 311,11 МВт болатын 34 су электр стансаларының 34 нысаны:- қуаты 1 110 МВт жел электр стансаларының 20 нысаны;- күн электр стансаларының 9 нысаны 250 МВТ;- қуаты 11,35 МВт биогаз электр стансаларының 3 нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр.Жыл соңына дейін жалпы қуаты 163,35 МВт болатын сегіз жаңа ЖЭК жобасын іске асыру көзделген. Ақмола облысында «Jasil jel» ЖШС 4,95 және 10 МВт-қа екі жел электр стансасы салынды; Жамбыл облысында «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС 20 МВт-қа күн электр стансасы салынды; Алматы облысында іске асыру сатысында қуаты 3 МВт «ЖЭС Толқын» ЖШС су электр стансасы тұр; Жетісу облысында «Baskan Power» ЖШС14,9 МВт-қа су электр стансасының құрылысы іске асырылуда; Ақтөбе облысында «ERG Capital Project» ЖШС 12,5 МВт жел электр станциясын іске асыру сатысында; Маңғыстау облысында «Sarkylmas Kuat»ЖШС 50 МВт жел электр станциясының құрылысы жүргізілуде; Атырау облысында «Дивитэл» ЖШС 48 МВт жел электр стансасы іске асыру сатысында. 2027 жылға дейін Энергетика министрлігі ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша жалпы белгіленген қуаты 4 500 МВт-тан астам ЖЭК генерациясының әртүріне аукциондық сауда-саттық өткізуді жоспарлап отыр.Үкіметаралық уағдаластықтар шеңберінде Энергетика министрлігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесіп ЖЭК жобаларын іске асыруға кірісті: Жамбыл облысында Total Energies ЖЭС 1 ГВт; Жамбыл облысында Masdar ЖЭС 1 ГВт; Юнигрин Энерджи 1 ГВт; Жетісу облысында ЖЭС 1 ГВт жобасы.Жоғарыда аталған жобалар шеңберінде отандық өндіріс жабдықтарын кемінде 30% қолдану күтілуде. Ауқымды жобалар 2025 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын бастайды.Қытай Халық Республикасымен ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыру жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойылды, оның шеңберінде жалпы қуаты 1,8 ГВт ЖЭК объектілерін салу жоспарлануда. Осы Келісімге сәйкес үкіметаралық келісімнің жобасына қосымша ЖЭК жобаларын енгізу мүмкіндігі бар. АЭСАтом генерациясын құру жоспарларын іске асыру және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу міндеті тұрғысында 2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізілді, онда азаматтардың көпшілігі АЭС салу идеясын қолдады. Қазіргі уақытта Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылының маңында 2-ден 2,8 ГВт-қа дейінгі атом электр стансасының құрылысы қаралуда, сондай-ақ ядролық технологияның әлеуетті жеткізушілерімен келіссөздер жүргізілуде, ведомствоаралық комиссия құрылды, ол барлық вендорлардың ұсыныстарын бәсекелестік негізде қарайды. Жаңартылатын, баламалы энергия көздерін және газ генерациясын енгізу электр энергиясын тұтыну көлеміндегі көмір генерациясының үлесін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Осылайша, 2035 жылға қарай көміртекті офсетке жылына 44 млн тонна СО2 деңгейіне қол жеткізу жоспарлануда.Энергия көздері штаттық режимде жұмыс істеп тұр, жылыту маусымы тұрақты. Іске асырылып жатқан жобалар бастапқы ресурстармен жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген.#Атом энергетикасы #Мұнай-газ саласы #Президенттің тапсырмасы #Энергетика Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/905802
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жылды қорытындылады 24.12.2024
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия биылғы жұмыстың қорытындысын шығарып, 2025 жылға арналған міндеттерді айқындады.Жиынға Ұлттық комиссия төрағасы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, комиссия мүшелері, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, өңірлер әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.Аида Балаева биыл Ұлттық комиссия әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды насихаттау және жауапты ата-ана идеясын ілгерілету бойынша кең ауқымды өзекті мәселелерді қарастырғанын айтты. Сонымен бірге, төраға жоғары нәтижеге бағытталған жүйелі жұмысты күшейту қажеттігін ерекше атап өтті.Кездесу барысында талқыланған негізгі тақырыптардың бірі – мемлекеттік қызмет жүйесіндегі гендерлік саясатты жүзеге асыру.Бұл бағытта ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әйелдердің кәсіби және көшбасшылық құзыреттерін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Биыл «Әйелдер көшбасшылығы», «Мансап пен отбасы: тепе-теңдікті қалай сақтау керек», «Әйелдер көшбасшылығы: мансап пен отбасы тепе-теңдігі» тақырыптарында жергілікті және шетелдік сарапшылардың қатысуымен семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылып, 876 мемлекеттік қызметкер оқытылды.Комиссия төрағасы гендерлік оқытуға ерлер аудиториясын да тарту қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек, аймақтарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керектігін айтты.Жиын барысында комиссия мүшелері Қазақстанда гендерлік сараптаманы заңнамалық деңгейде бекіту қажеттігі туралы бірауыздан келісімге келді.Ұлттық комиссияның заң шығару жұмыстары бойынша сәтті нәтижелері бар. Биыл комиссия мүшелері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын әзірлеуге қатысты.Сондай-ақ, Парламент депутаттарымен бірлесіп, алимент төлеу мәселелері бойынша неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңнаманың нормаларын қайта қарау жұмысы басталды.Биыл ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілетуді қамтамасыз ету жөніндегі 2024 – 2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді. Әкімдердің гендерлік теңдік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшілер институты енгізілді.Бір жылда Ұлттық комиссия мемлекет, азаматтық қоғам және халықаралық ұйымдар арасындағы сұранысқа ие диалог алаңы мәртебесін растады. Ұлттық комиссияның бастамасымен жүзеге асырылған «One-Stop-Service» пилоттық жобасы өзінің тиімділігін көрсетті – 50-ге жуық қылмыстық іс қаралып, оның басым бөлігі балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты болды, 700-ден астам әйел мен бала жедел құқықтық, психологиялық және сараптамалық көмек алды.«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» халықаралық акциясы аясында республика бойынша 7 мыңға жуық іс-шара өткізіліп, 430 мыңнан астам адам қамтылды.Ұлттық комиссияның сарапшы топтарының аймақтарға шығу тәжірибесі тиімді пайдаланылды. Жергілікті жерде мәселелерге кешенді талдау жүргізіліп, өңірлік ерекшеліктер ескерілді және шешімдер әзірленді.Комиссия мүшелері балалардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицидтің алдын алу бойынша бірқатар бастамалар әзірледі.Елдің шалғай аймақтарының тұрғындары арасында сұранысқа ие «Саламатты Қазақстан» пойызы биыл 100 мыңнан астам адамды медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік көмекпен қамтыды. Көпбалалы аналарға және мүгедек балалары бар, қиын өмірлік жағдайға тап болған әлеуметтік осал отбасыларға ерекше көңіл бөлінді.Бұл жобаға әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аймақтық комиссиялардың әлеуеті белсенді түрде тартылып, халықты қамту және олардың маңызды мәселелерін қарастыру кеңейтілді.«IT-Aiel» жобасы аясында биыл IT саласында жұмыс істеуге ниетті 3 мыңнан астам жұмыссыз әйел фриланс және электрондық коммерция құралдары бойынша оқу бағдарламасынан өтті. Биыл өтінімдер саны екі есе өсіп, 5151-ге жетті.Ұлттық комиссия Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың жауапты мүшесі ретіндегі позициясын қамтамасыз етіп келеді. Комиссия мүшелері БҰҰ-ның 68-сессиясында, Еуропа Кеңесінде және басқа да халықаралық алаңдарда Қазақстанның отбасылық және гендерлік саясат саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындауы туралы баяндамалар жасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/906119
АӨК: Жамбыл облысында биыл 16 ірі инвестициялық жоба жүзеге асуда 24.12.2024
Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында ағымдағы жылы 14,6 млрд. теңгені құрайтын 16 ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінге дейін 12 жоба (10,8 млрд. теңге) іске қосылып, 163 жұмыс орны ашылды.Атап айтқанда, «Алель-Агро» АҚ-ның өндірістік инкубаторы іске қосылды. Өңірдегі 5 шаруа қожалығына су үнемдеу технологиялары енгізіліп, мақсары майы өндірісінің өрісі кеңейді. Сонымен бірге «ҚазАква Альянс» ЖШС балық шаруашылығы құрылды, «Эльнур Адильгрупп» ЖШС астық қоймасы салынды. «BNK Leasing» ЖШС ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету үшін сервистік орталық, алма шырынын өндіретін «Рич голд» ЖШС іске қосылды, «Каусар» шаруа қожалығы көкөніс қоймасының құрылысы аяқталды.Жыл соңына дейін тағы төрт жоба іске қосылады деп күтілуде.Жалпы 2024-2027 жылдары аралығында агроөнеркәсіптік кешен саласында 245,4 млрд.теңгеге 36 жобаны жүзеге асыру көзделген. Оның ішінде, 5 тауарлы сүт фермасы, 3 ет бағытындағы құс фабрикасы, 8 көкөніс қоймасы, 10 қайта өңдеу жобасы, су үнемдеу технологиясын енгізу бойынша 7 жоба, сондай-ақ бордақылау алаңы бар. Бұдан бөлек, балық шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету бойынша жобалар іске асырылады.Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін көбейту бағдарламасы аясында 15 инвестициялық жоба қаржыландырылды.Олардың қатарында көкөніс сақтау қоймасы мен тауарлы сүт фермасын салу, алма шырынын, балықтарға арналған жем-шөп өндіру, тауық саңғырығы мен қой жүнін терең өңдеу, су үнемдеу қондырғысы сияқты бастамалар бар. Жоспарға сәйкес жобалардың алды жыл соңына дейін, қалғаны келесі жылы жұмысын бастайды. Сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен фри өндірісі мен ауыл шаруашылығы малдарының терісін қайта өңдеу арқылы азық қоспаларын өндіру бойынша жобалар басталады.Жалпы іске асырылып жатқан жобалар өңірдегі сүт өндірісін 6,5 пайызға ұлғайтуға, қоймалардың сыйымдылығын 10 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы, бұл инвестициялық жобалар бағаны тұрақтандыруға және жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/905745
Жамбылдық 71 педагог халықаралық, республикалық бәсекелерде жеңімпаз атанды 24.12.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев мектеп және колледж ұстаздарымен кездесіп, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.Облыс әкімі еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай тер төгіп жүрген ұстаздарға алғысын білдірді.- Ұстаздық өте жауапты, ел дамуы мен болашағына елеулі үлес қосатын мамандық иесі. Ұлы Абай «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп мұғалімнің тәрбиесі мен өнегесі шәкірт болашағының түп қайнары екеніне көңіл аударған. Расында, жақсы ұстаздан тәлім-тәрбие алған баланың болашағы жарқын болары анық.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім саласының сапасын арттырып, заман талабына сай болуына жіті назар аударып келеді. Бұл маңызды бағыт бойынша өңірде де ілкімді істер атқарылуда, — деді облыс әкімі.Ербол Қарашөкеев мектеп оқушылары мен ұстаздардың толайым жетістіктеріне тоқталып өтті.Өңірде «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын иеленген 6 педагог бар, оның үшеуі бұл жоғары марапатқа биыл ие болды.Ағымдағы жылы халықаралық, республикалық бәсекелерде 71 педагог жеңімпаз атанды. Белгілі ғалым Асқар Жұмаділдаев атындағы және IMPACT ашық шығармашылық байқауында өңір ұстаздары командалық есепте республикада I орынды, республикалық «Математикалық регата» байқауында командалық ІІІ орынды иеленді. «Үздік әдіскер», «Үздік сынып жетекші» сайыстарында топ жарды. Сондай-ақ 8 педагог «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының жеңімпазы атанды.Аймақта соңғы 13 жылда «Үздік педагог» атағын иеленген 51 педагогтің он тоғызы ауыл мектептерінде қызмет етеді.Республикалық ғылыми жобалар жарысында облыс командасы 15-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын жеңіп алса, республикалық олимпиадада «Үздік олимпиадалық команда» деп танылды. Еліміз бойынша PISA зерттеуінің қорытындысына сәйкес І орынды иеленді.Кездесу барысында Ербол Қарашөкеев білім беру саласындағы елеулі жетістіктері үшін бірқатар педагогті марапаттады.Атап айтқанда, «Үздік педагог-2024» республикалық байқауының облыстық кезеңінің 6 жеңімпазына қаржылай сертификат (300 АЕК көлемінде) берілді.5 мұғалім «Жамбыл облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» құрметті атағы мен төсбелгісінің иегері атанды. Олар да арнайы сертификатқа ие болды.Жиналғандарға облыс әкімінің құттықтау хаты табыс етілді. Басқосу барысында «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағының иегері, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының география пәнінің мұғалімі Наталья Волотько, республикалық «Үздік педагог-2024» байқауының жеңімпазы, Шу ауданы С. Сейфуллин атындағы орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Мереке Кенжебекова сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/905952
Жамбыл облысында биыл әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге бөлінген қаржы 1,2 есеге артты 24.12.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысына қатысты. Өңір басшысы «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі аймақтық Жол картасы аясында атқарылған жұмыстардың есебін берді. Ағымдағы жылдың 10 айында аймақтың ауыл шаруашылығы саласына 24,6 млрд. теңге субсидия бөлініп, 14,9 млрд. теңге инвестиция тартылды. 626,7 мың гектар егістік алқабынан 3,6 млн. тонна өнім жиналды. 29,1 млн. АҚШ доллардың 151,4 мың тонна ауыл шаруашылығы тауарлары эскпортталды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023-2024 жылдары 25,5 млрд. теңгеге 38 ауылдық округте 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. 152,2 мың бас мал сатып алынды. Шағын және орта бизнестің (ШОБ) 1 156 жобасы қаржыландырылды. Қаржы институттары арқылы 38,6 мың кәсіпкерге несие берілді. Нәтижесінде ШОБ субъктілері шығаратын өнім көлемі 23,9 пайызға артты. Биыл әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге 46,3 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артық (2023 ж. - 36,3 млрд. теңге).Мемлекет басшысының «10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру» тапсырмасы бойынша кәсіпкерліктің жаңа бастамаларын қолдау есебінен 11 мыңнан астам жұмыс орны құрылды (жоспар - 8,8 мың). Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 64 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, оның 45,9 мыңы тұрақты. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 49,8 мың жамбылдық тартылды (жоспар 47 951). Олардың арасында 2,2 мың мүмкіндігі шектеулі азамат бар. 635,7 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазір 3 709 пәтерлі 78 тұрғын үй салынып жатыр, жыл соңына дейін 2 024 пәтер (41 тұрғын үй) қолданысқа беріледі. Облыста көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 23,2 млрд. теңгеге 1 575 пәтер сатып алынды. Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысы мен пәтер сатып алуға бюджеттен 2 есе көп қаражат бөлінді: 2023 жылы – 23,2 млрд. теңге, 2024 жылы – 40,8 млрд. теңге. Жалпы құрылыс және сатып алу есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 1 963 отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 75 пайызға артық. Сонымен бірге «Әулие ата жастары» жобасы аясында 140 жас отбасыға баспанаға ие болады. 710 шақырым жол құрылыс, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жыл қортындысына сәйкес жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдар үлесі 99 пайызға, көше-жол желісі 87 пайызға дейін артады.Облыстың автобус паркі 155 жаңа қоғамдық көлікпен толықты. 37 ауылдық елді мекен тіршілік нәрімен қамтамасыз етіліп, 10 ауылдың ауыз су жүйесі қайта жаңғыртылды. Нәтижесінде облыс халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 98,1 пайызды құрайды. Ербол Қарашөкеев әлеуметтік салада атқарылған жұмыстарға да тоқталды.Облыста 36 білім беру нысаны (10 600 орындық) салынып жатыр. Бүгінге дейін 13 білім ошағы, оның ішінде үшеуі «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 2 нысанды қолданысқа беру көзделіп отыр. Нәтижесінде 7 оқу орны тапшылығы бар, 3 үш ауысымды, 3 тозығы жеткен және 2 апатты мектептің мәселесі шешіледі. Ағымдағы жылы 10 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтті. Мектептерді жаңғыртуға 3,1 млрд. теңге, атап айтқанда, 215 мектепті жаңа модификациялық кабинеттермен жабдықтауға 1,9 млрд. теңге, білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 1,2 млрд. теңге бөлінді. 21 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 2 дәрігерлік амбулатория, 10 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт ашылды. 2 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтті. 18 бірлік техника мен 38 санитарлық көлік сатып алынып, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық жабдықпен жарақтандыру деңгейі 96,7 пайызға жетті (2023 ж. - 91,9%). Сондай-ақ аймақта 6 мәдениет нысаны, 5 денешықтыру-сауықтыру кешені мен 103 спорт алаңы ел игілігіне берілді. Облыс әкімі әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастарды қолдау, облыстың экологиялық жағдайы туралы хабарлап, атқарылған іс-шараларды жіпке тізді. Кеңес барысында Жамбыл облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері облыс әкімі мен басқарма басшыларына сауалдарын жолдап, нақты жауап алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/906116
СҚО-да шаңғы жарысынан спорттық челлендж басталды 24.12.2024
Айыртау ауданының Лобаново ауылында шамамен 300 қатысушыны жинаған ауқымды шаңғы жарысы өтті. Жарысқа кәсіби спортшылармен қатар белсенді демалысты ұнататын әуесқойлар да қатысты.Спорттық шараға облыстың түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылар белсене атсалысты. Кейбіреулері алғаш рет шаңғыға тұрып, салауатты өмір салтына қадам жасау ешқашан кеш еместігін дәлелдеді.Жарыс барысында Қазақстан өңірлерін спорт арқылы біріктіруді мақсат еткен жаңа спорттық челлендждің бастауына куә болды. Эстафета Қостанай облысына тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/905859
Жыл қорытындысы. Жастар саясаты 24.12.2024
Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі.Биылғы жылы «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі бастау алып, оған 1 млрд. теңге бағытталды. Аталған қаражат аясында 70-тен астам жас отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлінді.Айта кету керек, Ақтөбе облысы «Жасыл Ел» жобасы аясында жастарды жұмыспен қамтуда республика бойынша көш бастап тұр. 2024 жылы 2 100 жас еңбекке тартылды. Келер жылы кемінде 3 500 жас жұмыспен қамтылады деп күтілуде.Бұған қоса, «Таза Қазақстан» акциясына облыстың 418 мың тұрғыны қатысып, 106 мың аула, 1500 әлеуметтік нысан аумағы тазаланып, елді мекендерде 363 мың түп ағаш отырғызылды.Сонымен бірге, «ZHAS PROJECT» жобасы бойынша28 жастың әлеуметтік жобасын іске асыруға шағын гранттар берілді.Жастар бастамаларын қолдау үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасына өтінімдер қабылданды, 200-ге жуық жасқа қолдау көрсетіледі деген жоспар бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/905864
Жыл қорытындысы. Автомобиль жолдары 24.12.2024
Ақтөбе облысы географиялық орналасуына байланысты мол транзиттік әлеуетке ие.Жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын арттыруға биыл 64,5 млрд.теңгеге 193 жобаны іске асыру көзделді.Биылғы жылдың қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 78%-ға жетті (2023 ж. - 75%).Бүгінгі күні өңірде 500 шақырымнан астам жол жабындысы (асфальт және негіз) төселді.Облыс орталығы Ақтөбе қаласында 200-ден астам немесе 47 шақырым көшені нормативтік жағдайға келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.Халықаралық «Самара-Шымкент» автожолының «Ақтөбе-Хромтау» бағытында бүгінде 2 учаске бойынша барлық қажетті құжаттама әзірленді. Ақтөбе қаласының Өлке тұрғын алабынан Хромтау ауданы Ақжар ауылына дейін учаскеде 4 жолақты тас жолдың негізін салу және коммуникацияларды қайта құру жұмыстары басталды.Сонымен қатар, республикалық «Орталық-Батыс» көлік дәлізінде орналасқан «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» (401 шақырым) республикалық автожолын орташа жөндеу жалғасуда. Қазіргі уақытта, 25 шақырым пайдалануға беріліп, «Қазавтожолмен» бірлесе жұмыс жүргізілуде.Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Атырау облысымен байланыстыратын 90 шақырымдық республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Қандыағаш» автожолының құрылысы аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/905992
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров азаматтарды қабылдады 24.12.2024
Тұрғындардың мәселелерін сондай-ақ, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, қала әкімі Азамат Бекет, «Amanat» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов, қалалық мәслихат төрағасы Анар Даржанова, басқармалар мен департаменттердің басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары тыңдады.Облыс әкімінің қабылдауына тіркелген азаматтар тұрғын үй беру, аулаларды абаттандыру, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға несие алу және басқа да мәселелерді қаузады. Мәселен, Қобда ауданының Ақсай ауылының тұрғындары фермерлік шаруашылықты электр энергиясымен қамтамасыз етуге көмек сұрап келді. Алға ауданының Бестамақ ауылының тұрғындары ауыл ортасынан өтетін жол бойында оқшаулау қалқандарын орнатуды сұрады. Ақтөбе қаласындағы тұрғын алаптардың бірінде тұратындар жолды жөндеу және көшелерді жарықтандыру мәселесін көтерді.Облыс әкімі барлық өтініштерді тыңдап, жауапты органдарға жедел және заң аясында мәселелердің әрқайсысы бойынша шараларды қарастыру мен қабылдауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/906028
Астанада электроэнергетика саласындағы отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды 24.12.2024
Бүгін Энергетика министрлігі «Қазақстан электр машина жасау кәсіпорындары қауымдастығы» және "Инфрақұрылымдық және инновациялық дамуға жәрдемдесу қауымдастығы" ЗТБ-мен бірлесіп, жабдықтар мен технологияларды өндіретін отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.Кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері, Мәжіліс депутаттары, салалық қауымдастықтардың басшылары, отандық өндірушілер мен халықаралық сарапшылар қатысты.Жиынды ашқан Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс кездесу маңыздылығын атап өтті.– Бүгінгі дөңгелек үстел – Үкімет, Парламент Мәжілісі, бизнес және сарапшылар қауымдастығы арасында сындарлы диалог орнатуға тамаша мүмкіндік. Біз күш-жігерімізді біріктіріп, энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаны табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жаңа тәсілдерді әзірлеуіміз қажет, – деді вице-министр.Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда электроэнергетика Қазақстан экономикасында маңызды орын алады. Бұл сала елдің жалпы ішкі өнімінің 8%-дан астамын құрайды, ал өткен жылы өндірілген электр энергиясының көлемі 110 млрд киловатт сағаттан асты. Сонымен қатар электр станциялары мен электр желілерінің шамамен 70 пайызы жаңғыртуды қажет етеді, бұл отандық тауар өндірушілер үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.– «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» Ұлттық жобасы энергетикалық инфрақұрылымды жаңарту, энергия тиімділігін арттыру және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған. Осы ұлттық жоба аясында отандық тауар өндірушілердің қатысуына ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстандық компаниялар негізгі жабдық жеткізушілері болуы керек, және осыған орай Үкімет мемлекеттік қолдау шараларын, соның ішінде ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу, жергілікті өндіріс жабдықтарын сатып алу тетіктерін енгізуді жалғастыруда, – деп атап өтті Бақытжан Ілияс.Вице-министр осы бағытта қазірдің өзінде жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Мысалы, биылғы жылдың 9 айында тауарлар мен қызметтерді сатып алу көлемі 21,2 трлн теңгені құрады. Ал 11 ай ішінде отандық тауар өндірушілермен жасалған ұзақ мерзімді келісімшарттардың сомасы 34 пайызға артып, 372 млрд теңгеге жетті.Сонымен қатар, іс-шара барысында халықаралық сарапшылар энергетикалық инфрақұрылымды дамыту және осы салада отандық өндірушілерді қолдау тәжірибесімен бөлісті.Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға Ұлттық жобаны – «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» Ұлттық жобасын сапалы жүзеге асыруға және энергетикалық компаниялардың сатып алуларында қазақстандық үлесті арттыруға ықпал ететін ұсыныстар әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/905967
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Мақат ауданының тұрғындарымен кездесті 24.12.2024
Бүгін аймақ басшысы Серік Шәпкенов Мақат ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен алдағы даму бағыты талқыланды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Серік Шәпкенов Мақатта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Ауданда апатты үйді сүру мәселесі өзекті. Мұны шешу үшін биыл салынған екі пәтерлік 28 үй (56 пәтер) сатып алынды. Оның 14-не (28 пәтер) тұрғындар желтоқсанда көшірілді, келер жылы ақпанда тағы 20 отбасы қоныс той тойламақ.Сондай-ақ аймақ басшысы білім беру саласында қолға алынған істерге тоқталды.- Облыста орталығында заманауи екі Binom мектебі ашылып, тағы екеуінің құрылысы басталды. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Енді Құлсары және Мақат аудандарында осындай заманауи білім ордаларын салуды жоспарлап отырмыз. Балаларға сапалы білім беру үшін барлық жағдайды жасау керек. Бұл мектептер заманауи технологиялармен жабдықталған, қажетті мүмкіндіктің бәрі бар. Бұдан бөлек, «NCOC» компаниясының демеушілігімен Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектебіне жапсарлас 250 орындық ғимарат құрылысын бастауға сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылысты келер жылы бастау күтіліп отыр,-деді С.Шәпкенов.Мақаттықтардың жиі көтеретін мәселесі - автобус аялдамаларын салу. Келер жылы 54 автобус аялдамасын салу жоспарланды.Ал Доссор кентіндегі вокзал перронын күрделі жөндеуден өткізу үшін жасалған жобалық-сметалық құжаттамаға өзгеріс енуінен, құрылыс жұмыстары келесі жылға шегерілді. Серік Шәпкенов аудан әкіміне бұл мәселені қатаң қадағалауда ұстауды тапсырды.Кейін мақаттықтар жұмыспен қамту, баспана беру, таза ауыз сумен қамту сынды өзге де мәселелерді көтерді.Аймақ басшысы жиында көтерілген сауалдар заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін айтты. Кейін жұртшылықты жеке мәселесі бойынша қабылдап, сала мамандарымен бірге сұрақтарға жауап берді.Облыс әкімінің Мақат ауданы тұрғындарымен кездесуі аудан әкімдігінің facebook, instagram желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.Кездесуден кейін Серік Шәпкенов әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты.Алдымен Мақат кентінде салынып жатқан үш қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйге барды. Қазір құрылыс 60%-ға аяқталған. Серік Шәпкенов жауапты басшыларға ЖСҚ-ға түзетулер енгізуді, инженерлік инфрақұрылым жүргізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.Кейін кенттегі күрделі жөндеуді қажет ететін аудандық қорғаныс бөлімінің ғимаратымен танысты. 1974 жылы салынған нысан әлі күнге дейін жөндеу көрмеген, жауын-шашын кезінде ескірген шатырдан су ағады. Жылыту қазандығы да ескірген. Серік Шәпкенов ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге немесе типтік үлгідегі жаңа ғимарат салуды айтты.Бұдан соң бос тұрған әкімшілік ғимаратына барды. Ғимарат ескі, күрделі жөндеуді қажет етеді. Жергілікті әкімдік әлеуметтік қызмет көрсету орталығына айналдыруға ниетті. Бүгінде мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аймақ басшысы конкурстық рәсімдерді жеделдетуді жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/906055
Астанада қар күреу жұмысына 2 600-ден астам жол жұмысшы тартылды 24.12.2024
Елорданың коммуналдық қызметтері қар мен мұзды күреу бойынша тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Қыс мезгілінің басынан бастап олардың күшімен қаладан миллион текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.19 желтоқсанда күндізгі ауысымға қала көшелерінің қарын күреуге 2,6 мыңнан астам жол жұмысшы мен 1200-ге жуық арнайы техника шықты.19 желтоқсанға қараған түні қар полигондарына 639 ауыр жүк рейсімен 8,4 мың текше метрден астам қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 92 188 рейспен 1,1 млн текше метрден астам қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905472
«Таза Қазақстан»: елордада әкелер қар күреу челленджін бастады 24.12.2024
Астана мектептерінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «100 мектеп – 1000 әке» қар күреу челленджі өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласының №1 арнайы мектеп-интернатының әкелер кеңесінің өкілдері балалары оқитын білім беру мекемесінің қар күреу челленджін іске қосты.«Ұлы Абай айтқандай, «Мықты мемлекет құрғың келсе, отбасын тәрбиелеуден баста». Отбасы – жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі. Оның бірлігі әкенің рөліне тікелей байланысты. Біз әкелерді тәрбие процесіне белсенді араласуға тартуға тырысамыз. Оқу орындарындағы тазалық пен тәртіп – бұл әрбір азаматтың жауапкершілігі», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.Челленджді эстафета форматында Қазақстанның басқа қалаларына жолдай отырып, ұлттық деңгейге шығаруды жоспарлап отыр. Осылайша, акцияға қатысушылар ұлттық бірлікті нығайтуға және жастардың патриоттық рухын нығайтуғп өз үлестерін қосуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905518
Елордада отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған ерекше байқау өтті 24.12.2024
Астанада «Әже, келін, немере. Ата, бала, немере» атты отбасыаралық байқау өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Ұрпақтар сабақтастығы жобасы аясындағы іс-шараға елорданың бес ауданының ең үздік әулеттері қатысты. Оның мақсаты да сол, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу, отбасылық құндылықтарды насихаттау, ағайындар арасындағы береке-бірлікті паш ету.Байқауды Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Ардагерлер кеңесі ұйымдастырды. Үш жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан бұл бағдарлама отбасы институтын дамытуды көздейді.Байқауға қатысқан барлық отбасы ұлағатты ата, ардақты әже, үлгілі әке, ибалы келін, үкілі қыз, мейірімді бала тақырыбын ашып, өз отбасындағы жетістіктер туралы таныстырды.Есіл ауданынан шыққан ұшқыштар династиясы – Хамзиндер отбасы бір әулетте авиация саласында 28 адамның жұмыс істейтінін мақтанышпен таныта білді. Әулет анасы Марал Хамзина қазақтан шыққан тұңғыш бортсерік қыз болса, бүгінде немере сүйіп отырған ақ жаулықты әже.Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов мұндай байқау балаларды еңбекқорлыққа, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, жалпы адамгершіліктің барлық ережесін үйренуге, халқымыздың салт-дәстүрін сақтап, оны бағалай білуге тәрбиелейтінін айтты.Байқау соңында өнер көрсеткен барлық отбасыға арнайы сыйлықтар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905519
Астанада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру енгізіліп жатыр 24.12.2024
Астана қаласындағы мектепке дейінгі білім беруді қаржыландырудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында ваучерлік қаржыландыру жобасы енгізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жүйеде ең алдымен, бүкіл қаржыландыру процесінің ашықтығы көзделген, мұнда «ақша мекемеге емес, балаға жұмсалады» қағидасы жүзеге асырылады. Қаражатты есептеу және аудару ата-аналар баланың қатысу табеліндегі мәліметтерді растағаннан кейін ғана жүргізіледі.2024 жылдың 17 желтоқсанынан бастап «Астанадағы мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесіне көшу» тақырыбында қаладағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесіп, түсіндірме жүргізіліп жатыр.Белгіленген кестеге сәйкес, қазіргі уақытта қаланың бес ауданындағы жекеменшік және мемлекеттік балабақшалардың бірінші басшылары оқытылды. Жалпы қатысушылар саны 600 адамды құрайды. Кездесулерге «Қаржы орталығы» АҚ мен «Индиго» ақпараттық жүйесінің өкілдері қатысты.Мектепке дейінгі ұйымдардың бірінші басшылары мен қызметкерлері оқытылған соң ата-аналарға да бұл жүйе түсіндіріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905616
Астанада бұқаралық спортты дамыту мақсатында скандинавиялық жүріс өтті 24.12.2024
Елорданың Байқоңыр ауданындағы Ататүрк саябағында ерекше спорт түрі – скандинавиялық жүріс өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Бұл шараның мақсаты – «Таза Қазақстан» акциясы тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау.Ашық аспан астында ұйымдастырылған шараға Байқоңыр ауданының ардагерлер қауымы бастаған барлығы 50-ге жуық адам қатысты.«Бүгін ерекше спорт түріне қатысып отырмыз. Ауданымыздың зейнеткерлеріне ешқандай ауа райы кедергі емес. Қариялар ерекше қуанышты. Таза ауада мұндай шараның өткені біздің денсаулығымызға да өте пайдалы. Тағы болса қатысуға дайынбыз. Ардагерлер атынан алғыс айтамыз» - деді іс-шараға қатысушы, Байқоңыр ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Намазшамов.Алдағы уақытта да аталған спорт түрін жыл сайын тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905771
Астанада энергетика саласының үздік қызметкерлері марапатталды 24.12.2024
Энергетика күніне орайластырылған салтанатты іс-шара елорданы тұрақты энергиямен қамтамасыз ететін мамандар еңбегінің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Астана әкімінің орынбасары Еркін Өтебаев марапаттау рәсімін ашып, қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол энергетика - қала шаруашылығының жүрегі, ал энергетика - елорданың әрбір үйінде жайлылықты қамтамасыз ететін адамдар екенін атап өтті."Сіздер жылумен және электрмен тұрақты қамтамасыз ете отырып, қаланың дамуына баға жетпес үлес қосасыздар. Сіздердің еңбекқорлығыңыз бен кәсібилігіңіздің арқасында тұрғындар жылу мен жарықпен қамтылады, ал әлеуметтік нысандар үзіліссіз жұмыс істейді. Сіздердің жұмыстарыңыз бен адалдықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздердің еңбектеріңіз әрқашан абыроймен бағалансын, ал энергияларңыз ешқашан таусылмасын", - деп атап өтті Ерсін Өтебаев.Елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов құттықтап, ол сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін энергетика саласының маңыздылығын атап өтті."Энергетика - елорда мен бүкіл елдің тұрақтылығы мен дамуының негізі. Сіздің жұмысыңыз жоғары жауапкершілікті, еңбекқорлықты және үздіксіз біліктілікті арттыруды талап етеді. Сіз тұрғын үйлерді, әлеуметтік және өндірістік нысандарды үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету үшін күндіз-түні жұмыс істейсіздер. Сіздердің еңбектеріңіз экономиканың барлық саласының тұрақты жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарады. Сіздерге қаланың және бүкіл елдің игілігі үшін жұмыс істейтін мамандыққа берілгендіктеріңіз үшін алғыс айтамын", - деді ол.Энергетиктер жоғары кәсібилігі, жанқиярлығы және осы іске адал қызмет еткен жылдары үшін алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.Айта кетейік, қаланың энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға және жаңғыртуға бағытталған жобалар елорданың тұрақты жұмыс істеуінің негізі болып саналады. "Оңтүстік-Шығыс", "Тұран" және ЖЭО-3 газ жылу станциялары сияқты жылу энергетикасының жаңа нысандарын пайдалануға беру қалаға жылу профицитіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. "Тұран" МТК екінші кезегінің аяқталуы және алдағы жылдары "Тельман" жаңа станциясының іске қосылуы белсенді тұрғын үй құрылысы бар аудандарды сенімді жылумен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Бұл жобалар Астананың тұрақты дамуына, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және жұмыс пен демалыс үшін қолайлы жағдайларды қолдауға маңызды үлес қосады.Ресми бөлім аяқталғаннан кейін елорданың жетекші шығармашылық ұжымдары сахнаға шығып, іс-шараға қатысушыларды музыкалық нөмірлермен құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905914
«Заң және тәртіп»: Астанада қойылымдар байқауы қорытындыланды 24.12.2024
Елордадағы Сарыарқа ауданында «Заң және балалар: Қатесіз болашақ» қойылымдар байқауының финалы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Оған ауданның 27 мектебі қатысты. Финалға шыққан үздік бес команда құқық, әділдік және қатесіз болашақ тақырыптарын қамтыған өздерінің ерекше қойылымдарын ұсынды. Осылайша, олар қойылым арқылы қатарластарын заңдылықты сақтауға, адал азамат болуға шақырды.«Байқаудың мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, шығармашылық әлеуетін ашу және дамыту, заңға құрмет сезімін қалыптастыру. Бұл қойылымдар оқушыларға заңдылық пен заңның үстемділігін сақтау маңыздылығын түсінуге көмектеседі», - деді Сарыарқа аудандық прокурорының орынбасары Дарын Дүйсенғалиев.Финалға өткен қойылымдардың ұзақтығы 10-15 минутты құрады. Әрбір қойылым мазмұнды сюжетімен және эмоциялық тереңдігімен ерекшеленді.«Біз қазірден бастап тұлға ретінде қалыптасып жатырмыз. Бүгіннен әр бала «Қайда?», «Не істеп жүрмін?» деген сияқты сұрақтардың жауаптарын біліп жүруі керек. Біз байқауда қойған көрінісімізде қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғадық», - деді қатысушы Жанерке Қуандықова.I орын Жансүгіров атындағы №58 гимназиясына бұйырды. Бұл команда көрерменді терең ой салатын әрі шебер қойылған сахналық өнерімен баурап алды. II орын Есенберлин атындағы №67 лицейге, ІІІ орын Қайырбеков атындағы №2 гимназия оқушыларына берілді.Одан бөлек, «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық мәселелерді терең ашқаны үшін» №6 гимназия оқушылары, «Ең үздік сценарий» Сәтпаев атындағы №61 лицей марапатталды.«Қойылым біздің болашақ ұрпақ үшін үлкен тәрбие береді. Ол мәнді де мағыналы болды. Осылайша, балалардың жарқын болашағына қадам жасалды деп есептеймін. Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймын», - деді «Жастар» театрының директоры Ғани Каримов.Сонымен қатар финалда «Ең үздік актер/актриса», «Екінші пландағы үздік рөл», «Көрермен көзайымы», «Үздік костюм», «Актерлік шеберлігі үшін», «Үздік сценарий», «Заңдылық тақырыбына айқын көзқарас», Үздік қосалқы рөл», «Құқықтық тақырыптағы үздік комедиялық қойылым», «Жасөспірімдер қылмысы мәселесін терең ашқаны үшін» секілді номинациялар бойынша марапаттар табыс етілді.Айта кетейік, байқау Астана қаласы прокуратурасының, аудан әкімдігінің, сондай-ақ Білім және Мәдениет басқармаларының қолдауымен ұйымдастырылды. Қатысушыларды іріктеу 6-25 қараша аралығында өтті. Қазылар алқасының құрамына мәдениет өкілдері, полиция, прокуратура және аудан әкімдігінің өкілдері кірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905954
Астанада құрылысы ұзаққа созылған кезекті екі тұрғын үй кешені аяқталды 24.12.2024
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған кезекті үйлер аяқталып, пәтер кілті табыс етілгенін жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Құрылысы ұзаққа созылған екі тұрғын үй кешенінің үлескерлерінің мәселесін шештік. Олар – «Территория комфорта-1» (екінші кезек) және «Жағалау 4» полигон 3 көппәтерлі тұрғын үй кешендері. Екі үй де басынан бастап қайта салынды.Мәселен, «Территория комфорта» тұрғын үй кешенінің құрылысы 20 жыл бұрын басталған. Үйді техникалық тексеру кезінде нысанның апатты жағдайда екені анықталды. Апатты тұрғын үй кешенінің блоктарын толықтай бұзу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Осыған дейін 1-кезектің құрылысы аяқталған болатын. Ол кезде 100-ден астам үлескер отбасы пәтер кілтін алған.Биыл екінші кезектің құрылысын аяқтадық. Осылайша, 20 жылға созылған ең проблемалы тұрғын үй кешенінің тарихы аяқталды.Ал «Жағалау 4» полигон 3 құрылысы 10 жыл бұрын басталған. Жосықсыз әрекет салдарынан мердігерлер ауысып, үйдің аяқталу мерзімі өзгерді. Тұрғындардың жалпы жиналысында үлескерлерді жаңа «Е16, Е17, Е32» ТК-ға көшіру туралы шешім қабылданған. Осылайша, үлескерлер көптен күткен баспаналарының кілтін алды. Аумақты абаттандыру көктемде жалғасады.Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында. Соңғы жылдары құрылысы ұзаққа созылған 140-тан астам тұрғын үй кешенін аяқтадық. Көптен күткен пәтер кілтін 15,5 мыңнан аса үлескер отбасы алды.Қалған бірнеше үйді жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905966
Соғым FEST және ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі: демалыс күндері қалай қуантады 24.12.2024
Астанада 21-22 желтоқсанда Ақмола, Абай және Павлодар облыстарының фермерлері қатысатын кезекті Соғым FEST өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Іс-шаралар Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы "Koktal" СОО тұрағында өтеді.Сондай-ақ сауда-ойын-сауық орталығында осы күндері қала тұрғындарының сүйікті қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Мұнда Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды, джемдерді, джемдерді және т.б. сатып ала алады.Жәрмеңке әр демалыс күндері таңғы 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.Соғым FEST - әр демалыс күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905977