Әлем
Бостандық ауданы: көркейтудің жаңа көкжиегі – жаяу жүргіншілер аймақтары, балалар алаңдары, техникалық тротуарлар және жасыл аллеялар 24.12.2024
Бостандық ауданында тұрғындардың өтініші бойынша жүзеге асырылған нысандарға арналған баспасөз туры өтті. Іс-шараға Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин қатысып, журналистерді көркейту жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды.Баспасөз туры барысында қала инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілген бес негізгі нысанға барды:Алғашқы нысан Орбита-4 шағын ауданындағы (№6 және №7 үйлер арасындағы) жаяу жүргіншілер аймағы болды. Мұнда кеспе тас төсеу, асфальт және резеңке жабын салу, габиондар орнату, көше жарықтандыру жүйесі мен перголаларды орнату, тренажер, воркаут және балалар алаңдарын салу, сондай-ақ автосуару жүйесі мен бақша қоршауларын орнатып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.Жергілікті тұрғындар жаңа алаңды көркейткені үшін алғыс білдірді. «Бастама көтерген тұрғындарға көп рақмет. Бұл біздің соңғы жобамыз емес, жұмыс жалғасады, көркейту үшін аумақтарды іздеп жатырмыз», – деді Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин.Екінші жоба Орбита-3 шағын ауданындағы 52-үйдің жанындағы жаяу жүргіншілер аймағы еді. Мұнда кеспе тас, геотекстиль және асфальт жабындары төселді, көшенің жарықтандыру жүйесі мен перголалар орнатылды, балалар алаңы мен орындықтар қойылды.Турға қатысушылар Жандосов көшесі, 34а мекенжайындағы балалар алаңына да ат басын бұрды.Бұл жерде футбол алаңы жаңартылып, стритбол алаңы салынды, екі пергола, тренажер, воркаут және балалар алаңы орнатылды. Асфальт жабыны ауыстырылып, алты орындық пен алты қоқыс жәшігі қойылды.Сондай-ақ, тұрғындар шахмат үстелі мен 250 метрлік көгал қоршауы үшін ерекше ризашылық білдірді.Келесі нүкте әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысындағы техникалық тротуарларды көркейту еді.Техникалық тротуарлар магистральды көшелерде орналасып, жердің сырғып кетуіне жол бермейді және қарды сапалы тазартуға көмектеседі. Сондай-ақ, бұл тротуарлар су бұру мәселесін шешіп, нөсер жауын кезінде тротуарлардың су басуына жол бермейді. Алматының құбылмалы климатында бұл аса маңызды.Баспасөз турының соңғы аялдамасы Абай даңғылының бойындағы (Тұрғыт Озал мен Мұқанов көшелерінің аралығы) бөлінген жасыл аймақты көркейту жұмыстары жүргізілген нысан болды.Аумағы 5,2 га болатын бұл аймақта соңғы рет көркейту жұмыстары 15 жыл бұрын жүргізілген.Бұл жерде 120 жарық бағанын жаңарту, 110 орындық пен қоқыс жәшігін ауыстыру, 7020 м асфальт жабындысын алып тастап, 8000 м² кеспе тас төсеу, 10 шақырымдық суару жүйесін салу, жасыл желектерді санитарлық мақсатта кесу және көгалдандыру (1000 м қына ағаш, 2500 гүлдейтін бұта, 41 000 м² көгал) сияқты ауқымды жұмыстар жүргізілді.«Бұл жобалар тұрғындардың ұсынысы мен идеясының арқасында жүзеге асты. Біз ауданымыздағы өмір сапасын жақсарту бағытындағы жұмысты жалғастыра береміз», – деді Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин.Алматыда қалалық инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жобалар қарқынды түрде дамып келеді. Бұл үдерісте «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы маңызды рөл атқарады. Оның көмегімен әр тұрғын ауданын жақсарту жұмыстарына тікелей қатыса алады. Бұл өз кезегінде қаланы өмір сүруге қолайлы әрі жайлы етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/906098
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалы бөгеттерге, су өткізетін құрылыстарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде 24.12.2024
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалы бөгеттерге, су өткізетін құрылыстарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Шідерті лиманды суару жүйесінде төрт гидротехникалық құрылыстың бөгеттері жөнделді. Сондай-ақ, балшықтан, қамыс және бұталардан тазартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/905268
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы 274 мың гектар жерді суармалы сумен қамтамасыз етті 24.12.2024
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Жетісай қаласында өңірдің шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті.Кездесуде Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Қазбек Бедебаев өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады. Биыл шаруалар сұранысы бойынша суармалы сумен үздіксіз қамтамасыз етілді. Суару маусымы тұрақты өтіп, филиал облыстың 274 мың гектар егіс алқабын сумен қамтамасыз етті.2024 жылы филиал ұзындығы 640 шақырым болатын 278 арнаны механикалық әдіспен тазартты.«Суару арналары үнемі жөндеуден өтеді. Бұдан бөлек, шаруаларға су үнемдейтін технологияларды енгізгендері үшін субсидия беріледі. Су үнемдейтін технологияларға көшкен дихандарға субсидиядан бөлек жеке тариф көзделген. Бұл шаруалар үшін өте тиімді», — деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.Өз кезегінде шаруалар толғандырған сұрақтарын қойып, суармалы сумен жабдықтауға қатысты өзгерістер бойынша ақпарат алды.Кездесуден кейін Су ресурстары және ирригация вице-министрі мен облыс әкімінің орынбасары азаматтарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қоғамдық қабылдауда көтерілген мәселелерді шешу бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/905408
СКРИНИНГТЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: ГИПЕРТЕНЗИЯ, ҚАНТ ДИАБЕТІ ЖӘНЕ ГЛАУКОМАНЫҢ 120 МЫҢ ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ 24.12.2024
Скринингтік зерттеп-қараулардың ауқымды бағдарламасының шеңберінде Қазақстанда 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 1,7 миллионнан астам азамат зерттеліп-қаралды.Нәтижелер аурулардың 120 мыңнан астам жағдайы ерте кезеңде анықталғанын көрсетті, бұл ерте диагностика жүйесін жақсарту бойынша ағымдағы шаралардың тиімділігін растайды.Скринингтердің барысында мыналар анықталды:* Артериялық гипертензияның 100 мың жағдайы - егер уақтылы анықталмаса және бақыланбаса, инсульт пен инфарктқа әкелуі мүмкін ең көп таралған аурулардың бірі.* 20,2 мың қант диабетінің диагнозы — бұл соңғы жылдары елдегі өзекті мәселеге айналып келе жатқан ауру.* Глаукоманың 5 мың жағдайы - емделмеген жағдайда соқырлыққа әкелуі мүмкін аурулар.Сонымен қатар, 2024 жылы анықталған аурулардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,5%-ға өсті. Бұл пациенттің бағытын тиімді оңтайландыру, скринингтер жүргізуде бірыңғай тәсілді енгізу және тұрғылықты жеріне қарамастан азаматтар үшін медициналық зерттеп-қарауларға тең қолжетімділікті қамтамасыз етудің арқасында мүмкін болды.Скринингтік жүйеде не өзгерді?Кейбір ескірген және ақпаратсыз зертханалық-аспаптық әдістер дәлелденген дәлдікпен заманауи және жоғары тиімді әдістерге ауыстырылды.- қант диабетін диагностикалау үшін гликирленген гемоглобин (HbA1c), (бұрын қандағы глюкозаны анықтау жүргізілген ) ;- бүйрек ауруларын ерте анықтауға арналған шумақтық сүзілу жылдамдығы;- жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін бағалау үшін қан сарысуындағы төмен тығыздықтағы липопротеидтер.- жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған сұйық ПАП тестті.Бұл тәсілдер:- асқынулардың санын азайту, мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін асқынулардың алдын алу;- скринингті қолжетімді ету (нысаналы топтарды кеңейту).Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап 50-70 жастан асқан ер адамдар үшін 2 жылда 1 рет ми қан айналымы бұзылыстарының даму қаупін ертерек анықтауға арналған скрининг енгізіледі.15-17 жас аралығындағы қыздар үшін жұлын-бұлшықет атрофиясының болуына молекулалық-генетикалық тестілеу енгізіледі.Қазақстанда мынадай ең көп таралған 8 ауруды ерте анықтауға скринингтік зерттеулер жүргізілуде: артериялық гипертензия (2 жылда 1 рет) жүректің ишемиялық ауруы (2 жылда 1 рет) қант диабеті (2 жылда 1 рет) глаукома (2 жылда 1 рет) жатыр мойны обыры (4 жылда 1 рет) сүт безінің обыры (2 жылда 1 рет) колоректалдық обыр (2 жылда 1 рет) вирустық гепатиттер (3-6 айда 1 реттен жиі емес).Денсаулық сақтау министрлігі барлық азаматтарды өз денсаулығына қамқорлық жасауға және үнемі тегін скринингтерден өтуге шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/906006
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысының халқымен кездесу өткізеді 24.12.2024
2024 жылғы 20 желтоқсанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Ұлытау облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді.Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты қабылданған шаралар.Кездесу сағат 10:00-де Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш даңғылы 1, Ұлытау облысы әкімдігі ғимаратында өтеді.БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.Толық ақпарат үшін телефон: +7 7054406424 – Дана Әрін.Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды dossov.t@minagri.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/905963
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Маңғыстау облысының халқымен кездесу өткізеді 24.12.2024
2024 жылғы 20 желтоқсанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Маңғыстау облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді.Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты қабылданған шаралар.Отырыс сағат 10.00-де Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 4-шағын аудан, 72, Ақтау қаласы әкімдігінде өтеді.БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.Толық ақпарат үшін телефон: +7 7054406424 – Дана Әрін.Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды dossov.t@minagri.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/905985
БҚО-да қуаттылығы 15 000 бас ірі қара мал бордақылау алаңы іске қосылды 24.12.2024
«Терра Ақжайық» ЖШС Батыс Қазақстан облысында бір мезгілде қуаттылығы 15 000 бас ірі қара мал бордақылау алаңын іске қосты.2024 жылдың қаңтарында Австралияның сарапшылары кешенге келді, олардың сараптамалық ұсыныстары негізінде шаруашылықта кешенді қалпына келтіру және 15 мың басқа кеңейту жұмыстары жүргізілді.Қараша айынан бастап кешенде шаруашылықтардан бұқашықтарды қабылдау басталды.Жаңа нысанның ашылуы мал шаруашылығын дамытуға және өңірде жұмыс орындарын құруға ықпал ететін болады.Алдағы жылдары инвестор ет өңдеу кешенін іске қосуды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/906003
Жеке мектептерде оқитын аз қамтылған отбасы балаларына мемлекет тарапынан оқу құралдарын алуға қаржылай қолдау көрсетіледі 24.12.2024
Бүгін ҚР Парламенті Сенаты білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңды мақұлдады. ҚР Оқу-ағарту министрлігі бастамашылық еткен жаңа заң жобасында жекеменшік мектептерде осал отбасылар санатындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді енгізу көзделген. Заң жобасында бес новелла ұсынылды, оның біреуі жекеменшік мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылар балаларына қатысты. Онда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде қажетті мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге бағытталған нормалар көзделген. «Бұған дейін көмек тек мемлекеттік мектептердің оқушыларына ғана берілетін, ал енді жеке мектептерде оқитын балалар да осындай көмек алатын болады. Бұл мектептің меншік нысанына қарамастан, барлық балалар үшін білім берудің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан. Айта кетейік, биылғы жылы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 510 мыңнан астам бала мемлекеттен киім-кешек, оқу құралдарын сатып алу үшін қаржылай қолдау алды. Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі көмек көрсету механизмін жақсарту мақсатында ата-аналардың есепшоттарына қаражат аудару шараларын енгізген еді. Көмек алу үшін ата-ана алдымен баласының оқитын мекемесіне тиісті өтініш беруі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/905973
Түркістан облысында заңсыз тұрмыстық химия өндірісімен айналысқан жерасты цехы әшкереленді 24.12.2024
2024 жылдың 18 желтоқсанында әділет органдарының қызметкерлері «Белизна» тауар белгісі иесі өкілінің өтініші негізінде тұрмыстық химия өндірісі бойынша заңсыз жерасты цехын анықтады. Аталған цех Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылының аумағында Өзбекстан Республикасымен шекарадан 50 км жерде жеке үйде орналасқан.Жоспардан тыс тексеру барысында «К» жеке кәсіпкерінде «Белизна» тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі анықталды. Зияткерлік меншік құқықтарын өрескел бұза отырып дайындалған 1500 бірліктен астам жалған өнім (жуу және дезинфекциялау құралдары) тәркіленді. Құқық иесіне келтірілген залал 3 миллион теңгеден асты.Айта кету керек, заңсыз жерасты бизнесі өкілдері көлемі 800 ш.м. асатын үй-жайда жаппай заңсыз өндіріс пен өнімді буып-түюді жүзеге асырып, оны Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің көтерме сауда базарларына жеткізіп отырған. Заңсыз өнімдер бағаның төмендігіне байланысты тез сұранысқа ие болған. Бірақ бір ескертетін жайт оның жасырын қаупі мыңдаған азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретінін айта кеткен жөн.Жалған жуғыш заттар өнімі қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмейтін арзан және сапасыз компоненттерден жасалған. Мұндай өнімдерде терінің тітіркенуін, аллергиялық реакцияларды, тыныс алу жолдарының ауруларын және тіпті улануды тудыратын улы заттар мен аллергендер болуы мүмкін.Қазіргі уақытта кінәліні жауапқа тарту мәселесі қарастырылуда. Іс материалдары Түркістан облысы Әділет департаментінің қарауында.Әділет органдары Азаматтар мен заңды бизнестің мүддесі үшін зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуын анықтау және қорғау жөніндегі жұмыстарын жалғастырады. Заңды бизнесті қолдау өндірушілердің құқықтарын қорғап қана қоймай, тұтынушыларға қауіпсіз және сапалы тауарларға кепілдік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/905699
ҚР Көлік министрлігі Көліктегі оқиғаларды тергеу мәселелері бойынша ҚР мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылды күшейтеді 24.12.2024
ҚР Көлік министрлігінде Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің (бұдан әрі - Департамент)директоры Н.С. Малаевтың төрағалығымен әуе, теміржол және су көлігіндегі оқиғаларға тергеп-тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылы мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске Бас көлік прокуратурасының, Ішкі істер министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысты.Кеңесте тергеп-тексеру жүргізу кезінде олардың рөлі мен іс-қимылын айқындау мақсатында әрбір мемлекеттік органның жұмыс бағытын айқындауға байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды. Тараптар себептерді анықтау үшін көліктегі оқиғаны тергеп-тексеру кезінде жедел ден қоюдың, жан-жақты көмек көрсетудің және бейтараптылықтың маңыздылығын атап өтті.Көліктегі оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу мәселелерінде мемлекеттік органдардың тығыз өзара іс-қимылын арттыру шеңберінде тараптар халықаралық стандарттарға сәйкес заңнамаға өзгерістер енгізу, мемлекеттік органдар арасындағы келісімге қол қою, бірлескен технологияларды әзірлеу, сондай-ақ бірлескен оқу-жаттығулар өткізу жөніндегі жұмысты көздейтін одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Департамент әуе, теміржол және су көлігіндегі оқиғаларды тергеп-тексерудің жалғыз мақсаты оқиғаның себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтау, сондай-ақ болашақта көліктегі оқиғалардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылатынын атап өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/905794
Еңбекмині Қазақмыс жұмыскерлерін еңбек дауын құқықтық алаңда реттеуге шақырады 24.12.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі –Еңбекмині) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің ереуілге шыққан жұмыскерлері еңбек заңнамасының нормаларын бұзғанын мәлімдейді және компания жұмыскерлерін өз жұмыстарын қайта бастауға шақырады және олардың жұмыс берушіге қойылатын талаптарын белгіленген тәртіппен талқылауды ұсынады. Осы жылдың 17-18 желтоқсанында «Жезқазғантүстімет» ӨБ бірнеше шахтасының жұмыскерлері жалақыны көтеру талабымен жұмысты тоқтатты. Жұмыскерлердің бұл әрекеттері еңбек заңнамасында көзделгендей талаптарды ұсыну тәртібін және оларды жұмыс берушінің қарау ретін бұза отырып жүргізілді.ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қолданыстағы тәртіп: осы талаптарды жұмыс берушіге ресми жолдауды, оларды жұмыс берушімен қаралуын, ал оны шешу мүмкін болмаған жағдайда татуластыру комиссиясында қарастыруды көздейді.Жұмыскерлердің талаптарын қараудың аталған тәртібі өндірістік процесті тоқтата тұруды көздемейді. Заңнамада белгіленген тәртіпті сақтамау тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады.Қалыптасқан жағдайды реттеу мақсатында Еңбекмині тараптарды татуластыру комиссиясы шеңберінде және тек құқық аясында татуластыру рәсімдерін жүргізуге және жұмысқа қайта кірісуге шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/905677
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚҰНЫ 28 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН ҮШ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА 24.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен инвестиция тарту бағытында қарқынды жұмыс жүруде. Осыған байланысты Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов тиісті бөлім басшыларымен бірге Қытай елінде іссапарда болды.Іссапар барысында Үрімші және Санжы қаласындағы индустриалды аймақтың басшылығымен кездесіп, келіссөздер жүргізіп, кәсіпкерлік нысандарды аралады.Ол жерде, тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеумен көш бастап тұрған кәсіпорындарының жұмысын бақылап, тәжірибе алмасты.Нәтижесінде жоғарыдағы тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеумен айналысып жүрген ірі кәсіпкерлер Донг Уонг пен Зну Мингпен іскерлік байланыс орнату бойынша екі жақты келісімшарт түзіліп, алдағы уақытта ауданда құны 28 млрд. теңгені құрайтын 3 жобаны іске асыру бойынша келіссөздер жүргізілді.Бұл жобалар іске асқан жағдайда аймақта 410 адамға жаңа жұмыс орны ашылып, аудандық бюджетке 400 млн.теңгеден астам салық түседі деп жоспарланып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/905795
ТҮРКІСТАН: ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҮЙРЕТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ 24.12.2024
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жобасы аясында «Этнос өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретудің тиімді жолдары: жаңа инновациялық әдістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов модераторлық етті.Келелі кеңеске Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы, облыстық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестік өкілдері және аудан, қалалардағы аралас мектеп мұғалімдері, аудан, қалалардағы тіл оқыту орталықтарында қазақ тілін үйрететін оқытушылар және этнос жастары қатысты.Басқосуда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Дайындық орталығы қазақ, орыс тілдері бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Ақбота Мырзаханова, облыстық білім басқармасы оқу бөлімінің бас маманы Зүбайра Алтаева өңірде этностар арасында мемлекеттік тілді насихаттау және дәріптеу бағытында сөз қозғап, тілді үйренудің тиімді жолдарын түсіндірді.Сала мамандары жиында барлық салада іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу арқылы грамматикалық сауаттылықты арттыруға жол ашылатындығын атап өтті. Түркістан облыстық мәдениет басқармасы тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Гүлмира Исатайдың айтуынша, өңірдің барлық аудан, қалаларында Мәдениет басқармасына қарасты тіл орталықтары жұмыс істейді. Өткен жылы осы курстарға 4 мыңға жуық адам қамтылды.Жиында атап өтілгендей, қазіргі таңда Түркістан облысындағы Ассамблея құрылымдарының ұйытқы болуымен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінде «Достық үйінде» жексенбілік мектеп ашылған. Жалпы қазіргі таңда облыстағы этнос өкілдерінің 92 пайызы қазақ тілін жетік біледі.Іс-шарада сөз алған «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева: «Мемлекеттік тілді меңгеру – Отанға, елге деген құрметтің белгісі әрі барлығымызды біріктіре түседі. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында «Мен қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін. Біз біртіндеп осыған келе жатырмыз», деді. Сондықтан мемлекеттік тілді үйрену, оның қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосу – азаматтық парыз» дей келе, этнос өкілдерін мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, күнделікті қатынас құралы ретінде қолдануға шақырды.«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/905798
ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ТАҒЫ БІР АУЫЛ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ 24.12.2024
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында ауыл-аймақтарды қажетті инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл облыс әкімінің басшылығымен облыс бойынша 47 ауыл «көгілдір отынмен» қамтылды. Даму жоспары аясында жыл басынан бері Бәйдібек ауданында 15 елді мекен табиғи газға қол жеткізіп отыр.Оның ішінде Бәйдібек ауданы, Шақпақ ауылына газ берілді. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасып, облыс әкіміөңір басшысының құттықтауын жеткізді.– Биыл облысымыз үшін де, оның ішінде бәйдібектіктер үшін де жемісті жыл болды деуге толық негіз бар. Қазіргі таңда Бәйдібек ауданында 50 ауылдың 36-сында «көгілдір отын» қолжетімді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» дейді халық даналығы. Қуанышты күндеріңіз көп болсын, елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тілейік, – деді облыс әкімінің орынбасары.Айта кетейік, облыс бойынша 2024 жылдың қорытындысымен 564 елді мекен (69,9 %) немесе 1 млн 834 мыңға жуық тұрғын (85,5 %) табиғи газбен қамтылатын болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/905800
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК КӘСІПКЕР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 24.12.2024
Түркістан облысы, Төлеби ауданында жеке кәсіпкер жалғыз басты анаға 4 бөлмелі баспана сыйлады. Демеушілік есебінен салынған тұрғын үй қажетті сантехникамен жабдықталып, сыртқы қоршауы тұрғызылған. Тұрғын үй заманауи үлгіде толық әрленген.Баспаналы болған отбасының қуанышын бөлісуге аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров барып, демеушілік жасаған азаматқа алғысын жеткізді. Мектеп жасындағы ұлына планшет сыйға тартты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/905806
ТҮРКІСТАН: «ОРДА» ПОЛИГОНЫНДА ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ШЕБЕРЛІКТЕРІН ШЫҢДАУДА 24.12.2024
Басқару органдарының, құрамалар мен бөлімдердің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес арнайы операциялар күштері әскери бөлімінің қызметшілері Түркістан облысындағы «Орда» таулы оқу полигонында тәжірибелік сабақтарға кірісті. Барлық сабақтар әрбір әскери мамандық бойынша жеке өткізіліп, функционалдық міндеттерді, сеніп тапсырылған штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, сондай-ақ оларды тиімді қолдану тәртібін зерделеуге бағытталған.«Орда» полигоны – күрделі жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін қажетті дағдыларды пысықтау үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынатын заманауи оқу орталығы. Елдің әскери элитасы саналатын бөлімнің әскери қызметшілері әртүрлі салаларда өз дағдыларын осы полигонда жетілдіруде. Дайындықтың негізгі бағыттары – қару-жарақты иелену, таулы даярлық, автомобиль және бронды танк техникасын басқару, радиотехникалық барлау жүргізу, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану және оларға қарсы күрес жүргізу.Полигондағы практикалық дайындық таулы маршруттардан өтуге үйретуді, альпинистік жабдықты пайдалануды, сондай-ақ жету қиын жерлерде зардап шеккендерді эвакуациялауды пысықтауды қамтиды. Сарбаздар биіктікте және бағдарлау қиын орындарда атысу, су тосқауылдарын еңсеру және ұзақ қашықтыққа марш жасау сияқты практикалық жаттығуларды орындап, өз машықтарын жетілдіруде.Практикалық сабақтар барысында штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, сондай-ақ оларды тиімді пайдалану тәртібін зерттеуге ерекше назар аударылады. Барлық сабақтар жауынгерлік даярлық талаптарына сәйкес жүргізіледі, бұл алған білімнің әскери қызметшілердің алдында тұрған нақты міндеттерге жоғары дәрежеде орындауын қамтамасыз етеді.Оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау үшін дайындық аяқталғаннан кейін жеке құраммен бақылау сабақтары өткізіледі. Бұл сынақтар әскери қызметкерлердің теориялық білімін, практикалық дағдыларын және жауынгерлік жағдайға мүмкіндігінше жақын жағдайда тиімді жұмыс істеу қабілетін тексеріп қана қоймай, шеберліктерін шыңдайды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/905809
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАЛ ҚАЛДЫҚТАРЫН ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН БІРЕГЕЙ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ 24.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалди өңірде тағы бір зауыттың құрылысын бастау жөнінде келіссөз жүргізді. Ол инвестормен кездесіп, жаңа жобаның жүзеге асу барысын жан-жақты талқылады. Түркістан облысындағы индустриалды аймақта сиыр сүйектерінен түрлі өнімдер шығаратын өндіріс кешенін салу жоспарлануда. Бірегей жоба пайдаланылмаған ірі қара малдың сүйектерін озық биотехнологияларды қолдана отырып өңдеп, жоғары экономикалық құнды өнімге айналдыруды көздейді.Жоба мал қалдықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар аймақ үшін экономикалық өсудің жаңа көзіне айналады. . Жаңа өндірістің іске қосылуы облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартады. Ең бастысы, жаңа жұмыс орындары ашылады.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде жүзеге асырылып жатқан барлық инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы құрылды. Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достық Ұлы Жібек жолы құрылғаннан бері дамып келе жатқан екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға септігін тигізеді.Кездесу барысында Дархан Сатыбалди экономиканың келешегімен таныстырды. өңірдің дамуы және өңірдің қазіргі инвестициялық мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі. Аймақ басшысы өңірдегі қолайлы бизнес-климатты да ерекше атап өтті. Оның айтуынша, аймақта инвесторлардың жұмысын жеңілдету үшін барлық жағдай жасалған.- Мемлекет басшысы екі ел арасындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеріп, қытайлықтарды жан-жақты қолдайтыны белгілі. «Бір белдеу» бағдарламасы. «Бір жол» мегажобасы. Тарихы терең, болашағы жарқын Түркістан өңірінде кәсіп ашу – ұтымды шешім. Біздің бүгінгі мақсатымыз – тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту және өңір экономикасын жаңа деңгейге көтеру. Ауыл шаруашылығы Түркістан облысы экономикасының негізгі қозғаушы күші болып табылады. Біз бұл саланы дамыту үшін бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз», – деді Дархан Амангелдіұлы ҚХР өңірлерімен екіжақты аймақаралық байланысты нығайту мақсатында Түркістан облысында қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқаны белгілі. Облыс орталығында өткен халықаралық форумда 300 миллиард теңгеге келісімге қол қойылды. Соның нәтижесінде облыста дрондар мен бейнекамералар, медициналық құрал-жабдықтар, тұрмыстық химия, құрылыс материалдары, азық-түлік және басқа да тауарлар шығаратын кәсіпорындар ашылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/905812
Олжас Бектенов: Бірыңғай уақыт белдеуі туралы шешім өте терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданды 24.12.2024
Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов зауыттар мен кәсіпорындарды аралап, өндіріс басшылығы және ұжымдарымен кездесулер өткізді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары, кадрлық әлеуетті арттыру, инфрақұрылымдық міндеттерді шешу барысы талқыланды. Сондай-ақ бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесіне де назар аударылды. Сөз сөйлеушілердің айтуынша, бірыңғай уақыт белдеуін енгізу мәселесін Қостанай облысының тұрғындары бұрын да көтерген, өйткені 6-шы уақыт белдеуі табиғи уақытқа сәйкес келмеді. Осылайша, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы шешім күнделікті тұрмыстық процестерді жеңілдетті. Осыған байланысты кездесуге қатысушылар бірыңғай уақыт белдеуін қолдап сөз сөйледі. Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғындармен әңгімелесу барысында табиғи уақыттың азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатына оң әсері ғылыми дәлелденгеніне назар аударды. 2017 жылы америкалық ғалымдар тобы адамның циркадтық ырғағын зерттегені үшін Нобель сыйлығымен марапатталды, бұл табиғи уақытқа сәйкес өмір сүрудің ең пайдалы екенін растады. Осы жұмыстың және басқа да ғылыми зерттеулердің негізінде 2022 жылы 80-нен астам елдің ғалымдары мен мемлекет қайраткерлері қол қойған Барселона декларациясы қабылданды. Премьер-министр Қостанай облысының тұрғындарына және барлық қазақстандықтарға осы маңызды шешімді түсініп, қолдағаны үшін алғысын білдірді.«Шешім Қазақстанда ғана емес, шетелде де жүргізілген өте терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданды. 2017 жылы америкалық ғалымдар тобы адамның циркадтық ырғағын зерттегені үшін Нобель сыйлығымен марапатталды. Бұл зерттеуде ғалымдар табиғи уақытта өмір сүрген кезде адам үшін ең жақсы және пайдалы екенін дәлелдеді. Сондықтан қазір әлемнің прогрессивті елдері табиғи уақыт белдеуіне көшуге ұмтылуда. Қазақстан үшін табиғи уақыт белдеуі – біз қазір өмір сүріп жатқан UТC+5 болып табылады. Бұрын өздеріңіз білетіндей, біз басқа UТC+6 белдеуінде болдық. Кезінде еліміз директивалық тәртіпте біз үшін табиғи емес белдеуге ауыстырылды. Қазір, керісінше, біз уақытты күн цикліне сәйкес келтірдік. Мен бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу кейбір адамдарға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін екенін түсінемін. Ағза біртіндеп үйренеді. Осындай шешім қабылданды. Егер өңірлерде қандай да бір қолайсыздықтар болса, біздің еңбек заңнамамыз мүмкіндік беретін инфрақұрылымды, жарықтандыруды, ыңғайлы кестені ұйымдастыру арқылы жұмыс істеу қажет. Осы мәселелердің барлығын әрі қарай шешетін боламыз», — деп атап өтті Премьер-министр. Сондай-ақ зауыт ұжымымен кездесу барысында Мемлекет басшысы жариялаған алдағы Жұмысшы мамандықтары жылы қарсаңында еңбек жағдайлары және өзге де қолдау шаралары мәселелері көтерілді.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/905797
Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Ақтөбе өңірінің әлеуетімен танысты 24.12.2024
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиер Ибрагимовпен кездесті.Кездесу барысында Ақтөбе облысы мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Облыс әкімі екі елдің тату көршілік қатынастары мен тығыз өзара іс-қимыл сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді байланыстардың белсенді дамуына ықпал ететінін алға тартты.Айтып өткен жөн, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар қазірдің өзінде белсенді дамуда. 2024 жылдың қаңтар–қазан айларында Ақтөбе облысының Өзбекстан Республикасымен сыртқы сауда айналымы 40 млн АҚШ долларын құрады. Тауарлардың экспорты бидай, ұн, күнбағыс майы және мұнай өнімдері сияқты позицияларды қосқанда 29,3 миллион АҚШ долларына жетті. Өз кезегінде импорт 10,7 млн долларды құрады, ондағы негізгі тауарлар – жеміс-көкөніс өнімдері, тұрмыстық техника, жаңғақтар, кептірілген жемістер, киім және тоқыма.«Әрқашан орнатылған ынтымақтастықтың одан әрі дамып жатқанына қуаныштымыз. Біз маусымнан тыс уақытта қоймаларда тұрақты көлемді қамтамасыз етуде тауарларды уақытылы жеткізуді ұйымдастыру үшін сіздердің бизнестеріңізбен жұмыс істеуге дайынбыз.Өзбекстанның туристік әлеуеті туралы айтқым келеді. Көптеген қазақстандық Ташкент пен Самарқанды туристік бағыт ретінде қарастырады, сондай-ақ медициналық туризм аясында емделуге де барады.Бұл тұрғыда Ақтөбе мен Ташкент арасындағы тікелей әуе қатынасы мәселесін шешу қажет. Бұған қажеттілік зор, өйткені қазір рейстер Түркістан арқылы жүзеге асырылуда», - деп атап өтті елшімен кездесу барысында өңір басшысы.Әкім өңірдің қолайлы географиялық жағдайы мен дамыған көлік инфрақұрылымы, соның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі Өзбекстанмен сауда байланыстарын кеңейтуде қосымша мүмкіндіктер туғызатынын тілге тиек етті.Өз кезегінде Бахтиер Ибрагимов өңірлер арасындағы әуе қатынасын дамыту перспективалы бағыт екенін сөз қылды. Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі кездесу қатысушыларына өз елінің туристік әлеуетін таныстырып, мәдениетаралық қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.«Біздің елдеріміздің арасында жоғары деңгейдегі жақсы қарым-қатынастар қалыптасты. Бүгін Ақтөбеде Өзбекстанның туристік әлеуетін алғаш рет таныстырып отырмыз, бұл көшбасшыларымыздың күш-жігерінің арқасында мүмкін болды. 15 жыл бұрын жағдай мүлдем басқаша еді, қазір екі ел арасында ешқандай шектеулер жоқ.Сіз басқаратын өңірмен ынтымақтастықты дамыту өте қызықты. Біз мәдениетаралық мен сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға әзірміз. Екі өңір аумақтық жақындығы өзара іс-қимыл үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады», - деді Б.Ибрагимов.Елші Өзбекстанның Ақтөбе облысымен тоқыма өнімдерін, құрылыс және әрлеу материалдарын жеткізу бойынша ынтымақтасуға дайын екендігіне назар аударды. Өзбек делегациясы бұл мәселені ақтөбелік кәсіпкерлермен кездесуде де талқылаған.Кездесу соңында Асхат Шахаров меймандарды Ақтөбе облысы нәтижелі өзара іс-қимылға дайын екендігіне және екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі нығаюына әсер ететін зор әлеует барына сендірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/905813
Абай облысында 249 мың адам спортпен шұғылданады: Ербол Мырзабосынов өңірде есеп беру кездесуін өткізді 24.12.2024
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Абай облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Жиынға қоғам белсенділері, өңір азаматтары, БАҚ өкілдері, өңірлік спорт федерацияларының басшылары, туризм саласының кәсіпкерлері, спортшылар қатысты.Кездесуде Ербол Мырзабосынов министрліктің биылғы жұмысы, туризм, спорт және ойын бизнесі саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып, алдағы жоспарлар туралы баяндады.Қазіргі таңда елімізде спорт және дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтардың саны 510 мың адамға өсіп, 8 миллионға жетті. Бұл – ел халқының 40,4%-ы. Ауылдық жерлерде 3 миллион адам спортпен айналысады. Ал Абай облысында бұл көрсеткіш 41,8%-ға, яғни 249 мың адамға тең. Оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің саны 24 мыңнан (12,8%) асады.«Модульдік үлгідегі жылдам салынатын спорт объектілерін салу арқылы жергілікті жерлерде, соның ішінде ауылдарда спорт инфрақұрылымын кеңейту жалғасуда. Абай өңіріндегі Ақсуат, Қайнар, Шүлбі ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Үржар ауданында балалар спорт мектебінің жүзу бассейні пайдалануға берілді. Демеушілер есебінен Семей қаласында «Әлем» спорт кешені мен BURA жекпе-жек залы салынды. Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Бородулиха ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Таскескен ауылында спорт модулінің құрылысы аяқталды», - деді Ербол Мырзабосынов.Министрлік «Дене шынықтыру және спорт мәселелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі. Мәжіліс бірінші оқылымда заң жобасын мақұлдады. Сондай-ақ дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын (E-Sport) іске асыру аясында Министрлік пилоттық режимде негізгі 3 модульді іске қосуды жоспарлап отыр. Олар – спортшылар, бапкерлер, төрешілер мен әдіскерлер туралы бірыңғай деректер базасы, іс-шаралардың «электронды күнтізбесі» және объектілердің тізілімі.Министр еліміздің бірегей табиғаты мен бай мәдени мұрасын, туристік мүмкіндігін толық пайдалану керек екенін айтты. Жалпы, облыста туристік бағытта ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, Ibis Elimai Semey Hotel 4 жұлдызды қонақ үй кешенінің, Silkway қонақ үйінің, туристік объектілердің, этноауыл туристік кешенінің, Eastwood Resort қонақ үйінің құрылысы жүріп жатыр.Алакөл көлінің курорттық аймағы бағытында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жағалауды нығайту жұмыстары жоспарланған.Сондай-ақ Ербол Мырзабосынов заңсыз ойын бизнесі және лудоманиямен күрес бойынша атқарылып жатқан шараларға да тоқталып өтті.Биыл 31 мамырда заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Ойын автоматтары мен лотерея терминалдарын әкелуді лицензиялау, заңсыз құмар ойындардың жарнамасын шектеу шаралары, лудомандар мен олардың жақындарына онлайн-қолдау көрсету енгізіледі. Құмар ойындарға және бәс тігуге үнемі қатысатын азаматтардың санын 350 мыңнан 200 мың адамға дейін азайту жоспарлануда.Құмар ойындардан өзін шектеу қызметін цифрлық форматқа көшіру бойынша жұмыстар аяқталды. Қазіргі таңда 170 мыңнан астам адам eGov mobile қосымшасы арқылы құмар ойындарға өз еркімен қатысуын шектеді. Бұған дейін азаматтар 6 айдан 12 айға дейін шектей алатын еді. Енді бұл мерзім 10 жылға дейін ұзартылды.Министр есеп беру кездесуінен кейін азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарына жауап беріп, мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/905320