Әлем
ӨҚМ Заң департаментінің басқарма басшысы «Жаңа Қазақстанның ЖЫЛ АДАМЫ» атанды 24.12.2024
Бүгін, 13 желтоқсанда, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Заң департаментінің басқарма басшысы Жумагулова Асель «Жаңа Қазақстанның ЖЫЛ АДАМЫ» атағына ие болды.Байқау ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Асель Жумагуловаоған қатысты, жеңімпаз атанып, «Жаңа Қазақстанның ЖЫЛ АДАМЫ» орденімен марапатталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/903262
2024 жылдың 11 айында өңдеу өнеркәсібі саласы 5,3%-ға өсті 24.12.2024
11 айдың қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіптің негізгі секторларында оң динамика байқалады, өсім 5,3%-ды құрады. Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша өсім – 6,1%. Бұл туралы Үкіметтің отырысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков мәлім етті.Өсімге металлургия өнеркәсібінің 7,2%-ға, машина жасау саласының 6,9%-ға, химияның 8,4%-ға, дайын металл бұйымдарының 29,5%-ға, жиһаздың 12,8%-ға көрсеткіштерінің артуы есебінен қол жеткізілді.Металлургия өнеркәсібі 2016 жылдан бері алғаш рет 7,2%-ға өсті. Ол «Қазхром», «ЕвразКаспианСталь», «ҚазФерроСталь» сияқты бірқатар ірі кәсіпорындардың өндіріс көлемінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар Qarmеt-тің толыққанды жұмысын қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өткен жөн.Соның ішінде, қара металлургия саласына өсім 10,8%-ды құрады. Саланың оң көрсеткішке жетуіне отандық өндірушілерді металл сынықтарының қажетті көлемімен жүктеу шаралары оң әсерін тигізді. Шойын өндірісі 14,4%-ға, болат 6,3 %-ға жалпақ илектеу 20,4 %-ға артты.Түсті металлургия саласы мыс өндіру көлемінің 13,3%-ға, мырыштың 0,8%-ға және алюминий өндірісінің 1,5%-ға ұлғаюы есебінен 4,8%-ға өсті.Машина жасау саласында ауыл шаруашылығы техникасы 15,4%-ға, темір жол көлігі 1,6 есе, электр жабдықтары 8,1%-ға, электронды-оптикалық жабдықтар және компьютерлер көлемі 1,7 есе артты.Жаңа өндірістерді іске қосу есебінен тұрмыстық техника өндірісі 4,4 есе өсті , 2023 – 52 мың, 2024 жылғы 11 айда 231,1 мың бірлік болды.Химия өнеркәсібінде күкірт қышқылы 20%-ға, сары фосфор 13,2%-ға, сондай-ақ полипропилен өндірісінің жоспарлы жобалық қуатының 49%-ға ұлғаюы есебінен өндіріс көлемі 8,4%-ға өсті.Сондай-ақ, дайын металл бұйымдарын өндіру 29,5%-ға, жиһаз – 12,8%-ға, қағаз өндрісі 10,2%-ға өсіп, оң динамика көрсетті.Бұл салалардың жалпы жиынтық өсімі, жеңіл өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі сиякты өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі төмен салалардағы төмендеуді жауып отыр.Жалпы, өңдеу өнеркәсібінің өсу серпінін сақтау және арттыру үшін Министрлік шикізат өндірушілермен келісімдер жасау арқылы отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етуді жалғасуда. Бүгінде түсті металлургияда 25 келісімге қол қайылды.Қажетілікке қарай ұлттық режимнен алып тастауға жататын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі кеңейтілуде. 4,5 мыңнан астам отанық тауар ұлттық режимнен алып тасталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/904129
275,7 мың адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тен төлем алды 24.12.2024
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 275,7 мың адамды құрады. Бұл ретте биыл 235,6 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 79,3 млрд теңге болды.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:- eGov.kz порталында авторизациялану;- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі – МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/903575
ТЖМ әскери бөлімдері: ұтқырлық, жеделдік және ТЖ-ға әзірлік 24.12.2024
Қазақстан ТЖМ әскери бөлімдері халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға тиімді ден қою жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. ТЖМ құрамына төрт азаматтық қорғаныс әскери бөлімі бар: 28237 әскери бөлімі - Ұзынағаш ауылы, 52859 әскери бөлімі - Қарағанды, 68303 әскери бөлімі - Семей қ., 20982 әскери бөлімі - Ақтөбе қ. Әр әскери бөлімге Бауыржан Момышұлы, Мартбек Мамраев, Қасым Қайсенов, Есет батыр Көкіұлы сынды қазақ батырларының есімдері берілген. «2024 жылы әскери бөлімдер ТЖ-ның алдын алуға, оларды жоюға және зардап шеккендерді құтқаруға бағытталған көптеген іс-шараларға белсенді қатысты. Жыл басынан бері олар 1,5 мыңнан астам әскери қызметші мен 97 бірлік арнайы және инженерлік техниканың қатысуын қамтамасыз етіп, 171 шығуды жүзеге асырды», - деп ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов атап өтті. Жыл басында қыс мезгілінде ТЖМ әскери бөлімдері адамдар мен техниканы қауіпсіз аудандарға эвакуациялауға жұмылдырылды. 1000-нан астам азамат қауіпті аймақтардан эвакуацияланды, ал 413 бірлік техника қар құрсауы мен басқа кедергілерден шығарылды. Су тасқыны кезінде ТЖМ әскери құтқару құрылымдары жеделдік пен жоғары тиімділік көрсетті. Осы кезеңде 2 227 адам эвакуацияланды, сондай-ақ елді мекендер мен инфрақұрылымды су тасқынынан қорғау бойынша кең ауқымды шаралар қабылданды. Атап айтқанда жағалау сызығын нығайту үшін 488 668 қап құм дайындалды, су басқан аумақтардан 295 616 м3 су сорылды, 2 876 нысан дезинфекцияланды, бұл инфекциялардың таралмауына көмектесті. Әскери бөлімдер күштері зардап шеккен аудандарға гуманитарлық жүкті тиеп, тасымалдады. Әскери құтқару құралымдардың әскери қызметшілері «Қазқұтқару-2025», «ЖЕР», «ҚЫС», «КӨКТЕМ» сияқты ірі халықаралық оқу-жаттығуларға қатысты. Осы оқу-жаттығулар кезінде адамдарды құтқару, ТЖ салдарын жою, сондай-ақ дағдарыс жағдайында халықаралық әріптестермен өзара іс-қимыл жасау бойынша нақты міндеттер пысықталды. Биыл ТЖМ қатарына еліміздің 16 өңірінен 623 мерзімді қызметтегі әскери қызметші шақырылды, бұл жеке құрамды нығайтуға және жауынгерлік әзірлікті арттыруға ықпал етті. Қазіргі уақытта Ақтөбе және Абай облыстарында 20982, 68303 әскери бөлімдерінің әскери қалашығын салу, басқа да әскери бөлімдердің әскери қалашықтарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Төтенше жағдайларға ден қоюда ұтқырлық пен жеделдікті арттыру үшін әскери бөлімдердің екінші құтқару батальондары Алматы, Орал, Өскемен және Қостанай қалаларына көшірілді. Бұл шешім ТЖ аймағына күштер мен құралдарды тасымалдау уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. ТЖ жағдайында қауіпсіздікті арттыру және әскери бөлімдерде терроризмге қарсы операцияларға қатысу үшін гуманитарлық жүктерді, басқару объектілерін күзетуге және төтенше жағдайлар аймақтарында ТЖМ бөлімшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған «Айбат» арнайы мақсаттағы бөлімшелері құрылды. ТЖМ әскери құтқару құралымдары қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ТЖ-ға жедел ден қою және азаматтарды кез келген қауіптен қорғау бойынша өз жұмыстарын жалғастыруда. Ұтқырлықты, жеделдікті және басқа құрылымдармен өзара іс-қимылды нығайту ТЖМ қызметін одан әрі жақсарту үшін басымдық болып қала береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/904264
Елімізде Тәуелсіздік күнінде жаңа білім беру нысандары ашылды 24.12.2024
Астана қаласында және Түркістан, Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында балабақшалар, мектептер мен балаларға арналған шығармашылық орталықтары ашылды.Түркістан облысының екі бірдей ауылында - Еңбек Дихан мен Манкентте жаңа мектептер есігін айқара ашты. Олардың бірі Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Бұл мектеп 600 оқушыға арналған және заманауи қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Айта кетейік, бұл Түркістан облысындағы екінші «Жайлы мектеп» болып табылады.Ал елордада екі ауысымда 4 мың оқушыға арналған 11-ші «Жайлы мектеп» ашылды. Бұл мектеп Үркер тұрғын алабында орналасқан, ол оқушы орны тапшылығын шешуге септігін тигізеді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2026 жылға дейін Астанада 24 мектеп салынады деп жоспарланып отыр.Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында 400 оқушыға арналған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Мектепте балалар шығармашылығын дамыту мен демалуға арналған кеңістіктер, сондай-ақ жеке шкафтар қарастырылған. Сонымен қатар спорт және акт залдары, кітапхана, асхана, шеберхана және 36 пәндік кабинет бар.Қостанай облысының Қостанай және Арқалық қалаларында екі жаңа мемлекеттік балабақша ашылды. Бұл мектепке дейінгі ұйымдар барлық заманауи стандарттарға сай. Олар жатын бөлмелерімен, ойын бөлмелерімен, хореографиялық, гимнастикалық, музыкалық және спорт залдарымен, педагог-психолог, логопед, медициналық, қосымша білім беру кабинеттерімен қамтылған. Айта кету керек, осы жылдың басынан бері елімізде 560-тан астам мектепке дейінгі ұйым ашылды.Еліміздің төрт өңірінде қосымша білім беру нысандары ашылды. Мысалы, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Бадамша ауылында өнер мектебі ашылды. Онда 550-ге жуық бала білім алуда.Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында екі қосымша білім беру ұйымы – оқушылар сарайы мен өнер мектебі ашылды. Бұл мекемелерде 19 қосымша білім беру бағыты бойынша 250-ден астам бала білім алады.Сондай-ақ бүгін ғана Павлодар облысының Екібастұз қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған «Самғау» балалардың замануи шығармашылық үйі ашылды. Ол «Балаларға қосымша білім беру жүйесінің жаңа үлгісі» ғылыми-техникалық бағдарламалары аясында 12 бағыт бойынша балаларды оқытуға арналған жоғары технологиялармен жабдықталған. Орталық күніне 3000-ға дейін баланы қабылдайды. Оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар да бар.2024-2025 оқу жылының басынан бері елімізде барлығы 500-ден астам жаңа білім беру ұйымдары ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/904050
11 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның экономикалық өсуі 4,4%-ды құрады 24.12.2024
Үкімет отырысында Қазақстанның ағымдағы жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров есепті кезеңдегі экономиканың өсуі 4,4% болғанын баяндады. Нақты саладағы оң динамика 5%, көрсетілетін қызметтер 4,5%.Салалардың ішінде ауыл шаруашылығы мен құрылыс жоғары өсуді көрсетіп отыр. Сауда 8,2%-ға, көлік қызметі 8,1%-ға, өңдеу өнеркәсібі 5,3%-ға өсті.Негізгі капиталға салынған инвестиция 3,1%-ға артты. Білім беру саласындағы инвестиция көлемі 2,2 есе, ғылым мен техникалық қызметте 42,1%-ға, көлікте 27,2%-ға, өңдеу өнеркәсібінде 18%-ға өскен.Қаңтар-қазандағы республикадағы сыртқы сауда айналымы $116,9 млрд. Экспорт $68,5 млрд, оның ішінде өңделген тауар $23,3 млрд, импорт $48,4 млрд. Жалпы ҚР оң сауда балансы $20,1 млрд.Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу қарқыны сақталып отыр. Өнеркәсіп көлемі 5,3%-ға жеделдеген. Ағымдағы жылғы қаңтар-қарашада 16,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда, 8,3%-ға жоғары.Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 13,4%-ға ұлғайған. Негізгі егін жинау науқанының аяқталуының арқасында өсімдік шаруашылығындағы өсу 19,9%.Н. Байбазаровтың айтуынша, орталық және жергілікті атқарушы органдар экономикалық өсуді қамтамасыз етуі үшін мынадай шараларға назар аударуы қажет:1. Құрылыстағы бюджет қаражатының игерілуіне бақылауды күшейту, жалға берілетін тұрғын үйлер мен жолдардың құрылысын аяқтау;2. Жыл соңына дейін өңдеу өнеркәсібіндегі жоспарланған инвестициялық жобалардың аяқталуын және іске қосылуын қамтамасыз ету;3. Тұрғын үй салуға және машина жасауды қолдауға бөлінген қаражатты бақылау мен игеруді күшейту;4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражаттың толық игерілуін қамтамасыз етуі тиіс;5. Астықты, оның ішінде экспортқа үздіксіз тасымалдауды және өткізуді қамтамасыз ету қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/904114
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ 2024 ЖЫЛЫ ТУУ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНДА ТҰР 24.12.2024
Жыл басынан бері Қазақстан халқының саны 210 139 адамға артты. 1 қарашадағы жағдай бойынша ел тұрғындарының жалпы саны 20 243 981 адамға жетті.Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, табиғи өсім бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірде халық саны 36 628 адамға өскен. Одан кейінгі орындарда Шымкент (20 348 адам) пен Астана (19 258 адам) қаласы тұр.Жылдың алғашқы он айында елімізде 309 310 нәресте дүниеге келді. Туу көрсеткіші бойынша ең жоғары көрсеткіш Түркістан және Маңғыстау облыстарында тіркелді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/903493
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА 3 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ 24.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Сайрам ауданы, Құтарыс ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Салтанатты ашылуына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, тұрғындарды құттықтады.– Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміз мәңгі, мәртебеміз биік болсын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арналған Жолдауында ауылдарды медициналық нысандармен қамтуды тапсырған болатын. Облысымызда 2024 жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде Сайрам ауданына 3 нысан қаралды. Бүгін облыста биыл салынған 49 дәрігерлік амбулаторияның алғашқысының ашылу салтанатына қатысып отырмыз. Өңірде ұлттық жобадан тыс, облыс және инвесторлар қаржысы есебінен 6 нысанның құрылысы іске асырылды. Осы нысандар арқылы ауылдар мен елді мекендердің 90 мыңнан астам тұрғыны медициналық көмекпен қамтылады, – деді Дархан Сатыбалды.5 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдағы нысанда медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетіледі. Медициналық мекемеде жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қабылдау бөлмелері, әйелдер бөлмесі, күндізгі ем қабылдау, емдік дене шынықтыру, екпе егу, ем-шара, сүзгі бөлмесі бар, сонымен қатар медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған.Осы күні Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Абайыл елді мекенінде жаңа медициналық тірек құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Сонымен бірге Ордабасы ауданы, Қарабастау ауылында заманауи үлгідегі фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындары медициналық нысандардың ашылғанына қуаныштарын жасырмай, ел азаматтарына алғыстарын білдірді.Биыл Түркістан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жалпы 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланған. Оның ішінде 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт салынуда. Жалпы облыс бойынша жыл соңына дейін 48 медициналық нысан пайдалануға беріледі. Біреуі жеке инвестор есебінен салынады. Басым көпшілігінің құрылысы аяқталған. Жаңадан ашылатын нысандар тиісті құрал-жабдықтармен қамтылған. Ауыл тұрғындарына сапалы алғашқы медициналық-санитариялық көмек түрлерін көрсетеді. Ал ескі ғимаратта болған ФАП-тардың бірқатары жаңа нысанға ауыстырылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/903494
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 600 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 24.12.2024
Тәуелсіздік күні мерекесінде Сайрам ауданы, Манкент ауылдық округіндегі «Айнабұлақ» негізгі орта мектебі ел игілігіне берілді. 600 орынға шақталған білім ұясы облыстық бюджет есебінен салынды.Білім ордасының ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарды қос мерекемен құттықтап, ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тіледі.«Бүгін қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Ел Президенті білім саласына қолдау көрсету, ауылдарды дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Өңірде осы бағытта қарқынды жұмыс жүруде. Бұл мектепте білім алуға барлық жағдай жасалған. Мұның бәрі өсіп келе жатқан ұрпақтың игілігі үшін істеліп жатыр», деп атап өтті облыс әкімі Дархан АмангелдіұлыОқу ғимараты 3 қабаттан тұрады. Заманауи үлгіде салынып, материалдық-техникалық базасы талапқа сай жабдықталған. Мектептеасхана, оқу және зертхана бөлмелері, спорт залы соңғы үлгіде жасалған. Ұлдар мен қыздарға арналған шеберханасы мен арнайы дәрігерлік кабинет қарастырылған. Информатика мен робототехника сыныптары да бар.Айта кетейік, Түркістан облысында биыл 50 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның 29-ы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатыр. «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 2 мектеп тапсырылып үлгерді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/903495
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САЙРАМДАҒЫ ПОЛИЦИЯ ҒИМАРАТЫ МЕН КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ 24.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына жұмыс сапарында бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарын аралап, жұмысымен танысты. Жақында тапсырылған нысандар мен жүзеге асырылған жобаларды қадағалады.Өңір басшысы Қарабұлақ ауыл округінің жаңа полиция пункті ғимаратында болды. 2 қабатты ғимараттың құрылысы биыл тапсырылған. Мұнда тәртіп сақшыларының жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған.Өңір басшысына Сайрам ауданындағы «CA PABLE GROUP МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫ» қоғамдық бірлестігінің кәсіпорнын кеңейту, қуатын арттыру жұмыстары да таныстырылды. Мұнда ылғал және құрғақ майлықтар, құрғақ кір жуғыш ұнтақтар өндіріледі. 20 адам жұмыспен қамтылған. Облыс әкімі жоба жетекшілерінің ұсыныстарын тыңдады. Жауапты басқарма басшысы мен аудан әкіміне кәсіпкерлікті дамытуды жүктеді.Ауданның тыныс-тіршілігімен танысқан Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға өндіріс орындарын көбейту, кәсіпорындар ашу, білім, медицина мекемелерінің жұмысын ширату жөнінде тапсырмалар берді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/903496
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 24.12.2024
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласын дамыту, көркейту, абаттандыру жоспары бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысын бақылап, республикалық маңызы бар А-15 тас жолының бойын жаяу аралады.Аралау барысында қала аумағынан өтетін республикалық маңызы бар А-15 тас жолының бойына жүрігізіліп жатқан тазалық, ретке келтіру, абаттандыру жұмыстарының мән-жайын пысықтады. Атқарылып жатқан жұмыстар бойынша аудан басшысы Сарыағаш қаласының әкімі А.Ешанқұлға тиісті тапсырмалар берді. Салаға жауапты орынбасары Мұрат Байгабуловқа тазалық жұмысы барысын жіті бақылауды жүктеді.Сарыағаш қаласын дамыту, көркейту және абаттандыру жоспарына сәйкес бүгінде қала аумағынан өтетін республикалық маңызы бар А-15 тас жол жиегіне бей-берекет өскен шөптерді ору, қоршау қадаларын ретке келтіру, қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Сарыағаш қаласының сыртқы келбетін ретке келтіру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Жол бойына орнатылған заңсыз жарнамаларды алып тастау, билбордтарды сырлап, ретке келтіру жұмыстары да атқарылды. Жалпы тазалық жұмыстарына 5 арнайы техника, 50 жұмысшы жұмылдырылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/903497
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЖАҢА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ 24.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Сарыағаш ауданына қарасты Ақжар елді мекенінде жаңа балабақша ашылды. «Балдаурен 2050» бөбекжай балабақшасының салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов арнайы қатысты. Ауыл ақсақалдарымен бірге осындай игілікті істі қолға алып, бүлдіршіндеріміздің заман талабына сай балабақшада тәрбие алуына мүмкіндік жасаған жергілікті кәсіпкер, бөбекжайдың құрылтайшысы Римма Қожагелдиеваға алғысын білдірді.195 орындық «Балдаурен 2050» бөбекжай балабақшасы ауылдың 23 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қабылдауды жоспарлап отыр. Бөбекжай заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтылған. Арнайы спорт, ән-әуез залдары және әдіскер, психолог, логопед, басқа да кабинеттері бар.Айта кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық балалар үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдануда. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін 2023-2027 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосудың қадамдық жоспары әзірленген. Бүгінде Түркістан облысы балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтуда жоғары көрсеткішке қол жеткізген өңірлер қатарында.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/903498
ТҮРКІСТАН: «ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ – АДАМЗАТТЫҢ БОРЫШЫ» АТТЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ 24.12.2024
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, экологиялық сана мен қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Табиғатты қорғау — адамзаттың борышы» атты сенбілік өтті.Сенбілік Түркістан қаласының шағын саябағы мен Сауран қалашығындағы тарихи-мәдени орталықтың маңайында ұйымдастырылды. Қатысушылар қатарында облыстық жастар орталығының қызметкерлері, Сауран ауданының мамандары және еріктілер болды. Жастар мен еріктілер тобы аймақтың тазалығын сақтап, көгалдарды күтіп, қоқыстарды жинап, қоршаған ортаның көрікті әрі таза болуына үлестерін қосты.Бұл сенбілікке қатысушылар табиғатқа деген қамқорлықтың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, экологиялық мәдениетті насихаттауға бағытталған жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/903499
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТҮРКИЯНЫҢ ТУРИСТІК КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ 24.12.2024
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бастаған делегация Түркия еліне іссапар барысында TURSAB туристік ассоциациясының президенті Фируз Баглыкаямен кездесті.Кездесуде тараптар туризм саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады. Зұлпыхар Жолдасов Түркістан облысының туристік әлеуетімен таныстырып, түркиялықтарды Түркістанға саяхаттауға ынталандыру үшін істеліп жатқан жұмыстарға тоқталды.«Түркістаннан тікелей әуе рейстері ашылды, қонақ үйлер салынуда. Өңірде зиярат туризмі ғана емес, туризмнің басқа бағыттары да қарқынды дамып келеді. Енді түркиялықтардың Түркістанға саяхаттауға деген қызығушылығын арттыруымыз керек, – деді облыстық делегация жетекшісі.Туристік ассоциация президенті Фируз Баглыкая Түркістанға деген түркиялықтар арасында қызығушылық жоғары екенін айтып, түркиялық туристік компаниялардың бұл бағытта жұмысты жандандыруға дайын екенін жеткізді.Сонымен қатар өңір делегациясы TURSAB ұйымына мүше туристік компаниялармен кездесті. Кездесуде «BInrota turizm», «Fly Express turizm», «Seyir Travel», «Dunya Degismeden», «Everest Travel», «Ejder turizm» және басқа да компаниялардың басшыларына Түркістанның туристік әлеуеті таныстырылып, инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.Зұлпыхар Жолдасов Түркістан облысында туризм саласының қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, жаңа туристік нысандарға тоқталды.Ыстанбұл қаласына ұйымдастырылған сапардың мақсаты – екі ел арасындағы экономикалық-мәдени байланыстарға жаңа серпін беру. Оның ішінде, қолайлы жағдай жасау арқылы түркиялық туристерді Түркістанға тартуға ерекше ден қойылып отыр.Келіссөз нәтижесінде, түркиялық туристік компаниялардан құралған делегация жақында Түркістанда өтетін туристік операторлар форумына келмек.Айта кетейік, TURSAB туристік ассоциациясы – Түркиядағы туристік компанияларды біріктіретін ең үлкен ұйым. Оған 16 мыңға жуық туристік компания мүше.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/903500
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ҚАРДАН ТАЗАЛАНУДА 24.12.2024
Облыстық маңызы бар жолдарда қар күреу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қар тазалау жұмыстарына «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан жалпы 59 арнайы техника және 170-ке жуық адам жұмылдырылған. Қазіргі уақытта жолдар қардан тазаланып, тұрақты көлік көзғалысы қамтамасыз етілген. Сондай-ақ кәсіпорын тарапынан кезекшіліктер ұйымдастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/903501
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛДАРДЫ ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА 24.12.2024
Түркістан облысында облыстық маңызы бар жолдарды қардан тазарту және көктайғақтың алдын алу жұмыстары жүйелі жүргізілуде.Сонымен, 15-16 желтоқсанда 252 м³ инертті материалдар, оның ішінде құм, және Облыста 46 тонна тұз пайдаланылды. Бұл мақсаттарға 65 бірлік арнайы техника пайдаланылды. Сондай-ақ, 171 жұмысшы күрделі ауа райы жағдайында жүргізушілердің дер кезінде және кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуде.Бұл күндері «Оңтүстік жолдары» кәсіпорнының қызметкерлері таулы аймақтарда бірнеше көлікті қар құрсауынан шығарды. Сондай-ақ мамандардың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/903502
Облыстық мәслихаттың XVІІI сессиясы өтті 24.12.2024
Облыстық мәслихаттың XVІІI сессиясы өтіп, күн тәртібінде облыстық бюджетті нақтылау бағытындағы 15 мәселе қаралды. Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, алдағы жоспарларға, өткен аптадағы жұмыс сапарының қорытындыларына тоқталды.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында бүгінде облысымыздың даму қарқыны жоғары.Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. Барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіш бойынша республикада бірінші орындамыз. Өткен 11 айдың қорытындысымен өнеркәсіп өндірісі 0,8, өңдеу өнеркәсібі 20,6, ауыл шаруашылығы 3, тұрғын үй 15,3, көлік 3,3, сауда 6,5, құрылыс жұмыстарының көлемі 57,5 пайызға артты. Негізгі капиталға 559 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 20,6 пайызды құрады.Айта кету қажет, біз аймаққа шетел инвестицияларын, озық технологияларды тарту жұмыстарын белсенді жүргізудеміз. Таяуда ғана өңірдің бизнес өкілдермен бірге Италия, Испания, Түркия елдеріне барып келдік. Сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінің қолдауымен аталған мемлекеттерде өзара тәжірибе алмасулар, маңызды кездесулер өткіздік. Өнеркәсіп қауымдастығының жұмысымен, биохимиялық ерітінділер, медициналық реагенттер, санфаянс пен санитарлық-техникалық бұйымдар, гидрооқшауланған бетон, ауыл, орман шаруашылығына қажет озық датчиктерді шығаратын, тері, жүн өңдейтін өндіріс орындарымен танысып, келіссөздер жүргіздік. Инвестиция тарту жұмыстарын одан әрі жалғастырамыз,» – деді Н.Нәлібаев.Айта кетейік, биыл 189 449 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, егін мерзімінде толық жиналды. Негізгі дақыл күріш 85 600 гектарға егіліп, әр гектардан 58 центнерден өнім алынды. Жарты миллион тонна күріш қамбаға құйылды.Халықтың әл-ауқатын көтеру, өмір сүру сапасын жақсарту үшін баспанамен қамту, сапалы инфрақұрылым жүргізу бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтуда 2022 жылдан бері 16 млрд 800 млн теңгенің 55 жобасы жүзеге асырылды. Нәтижесінде халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 98,6 пайызға жетті. Биыл 13 жаңа жобаға 5 млрд. 300 млн. теңге бөлінді. Алдағы жылы облыс аумағындағы барлық елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі.Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында 11 млрд. теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар толық жүзеге асқанда электр желілерінің тозу деңгейі 62 пайызға төмендейді.Президенттің тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаватт жаңа жылу-электр орталығы салынуда. Бүгінде инвестор «Акса Энерджи» түрік компаниясы құрылысқа 127 млрд. теңгеден астам инвестиция салды. Жаңа жылу-электр станциясы – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынған ең ауқымды, теңдесіз жобалардың бірі. Аймақ үшін айрықша маңызға ие нысан келер жылы ел игілігіне табысталады.Мемлекет басшысының тапсырмасымен оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда облысында құны 800 млрд.теңгені құрайтын, қуаттылығы 1100 МВт-тық бу-газ қондырғыларының құрылысы жоспарлануда. «Самұрық Энерго» компаниясы Катар инвесторымен келіссөз жүргізіп, техника-экономикалық негіздеме әзірленуде.Жаңа бу-газ қондырғылары Қызылорда қаласынан Ұлытау облысына шығаберіс аумаққа салынады. Бұл жұмыстарға әкімдік 280 гектар жер телімін бөлді. Станцияны 2029 жылы толығымен іске қосу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/899488
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы тағайындалды 24.12.2024
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, кадрлық өзгерістерге орай актив отырысы өтті.Жиында аймақ басшысы Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының жаңа басшысы Артаев Бақтияр Ғарифоллаұлын таныстырды.«Бүгінгі мәжілісімізді бастамас бұрын кадрлық өзгерістерге тоқталуға рұқсат етіңіздер. Мемлекет басшысы отандық спорт саласын кешенді реформалау арқылы бұқаралық, балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуды тапсырды.Ол үшін бізге өз ісін жетік білетін кәсіби мамандар, мықты басшылар, үздік менеджерлер керек. Осы орайда, Туризм және спорт министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы лауазымына Артаев Бақтияр Ғарифоллаұлы тағайындалды.Бақтияр Ғарифоллаұлы – барлығыңызға жақсы таныс, өз ісінің білікті маманы, мықты менеджер. Спорт саласының жандануына орасан зор үлес қосқан азамат. 2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада ойындарында ел қоржынына алтын салған чемпионымыз, Вэл Баркер Кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Қазақстан Республикасының 7 дүркін чемпионы.Бақтияр Ғарифоллаұлының осы кезге дейін алған білімі мен жинақтаған мол тәжірибесін ескеріп, Сыр өңіріндегі спорт және туризм саласын бұрынғыдан да қарқынды дамытады деп сенім білдіреміз», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев 1983 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану», «Менеджмент», Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт», ҚазТұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. «Құқықтану», «Дене шынықтыру және спорт» магистрі.Еңбек жолын 2004 жылы «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері болып бастаған. 2009-2013 жылдары Жамбыл облысы Айшабибі ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.2013-2021 жылдары «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубы» корпоротивтік қорынының президенті, «Тарлан батырлары» ЖШС директоры, «Астана Арланс» ЖШС бас менеджері. 2021-2022 жылдары «Қазақстан бокс федерациясы» қауымдастығының ұлттық командалар үйлестірушісі, вице-президенті, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының бокстан мемлекеттік жаттықтырушысы қызметтерін атқарған.Елімізде спорт саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталған.Бақтияр Ғарифоллаұлы бұған дейінде Жамбыл облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасын басқарып, спорт саласының дамуына сүбелі үлес қосқан.Облыс әкімі жаңа басшыға өңірдегі бұқаралық спортпен айналысушылар үлесін арттыруды, командаларды даярлауды және олардың республикалық, халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етуді тапсырды. Білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарында сабақтан тыс, кешкі уақытта спорт секциялары жұмысын үйлестіруді және спорттық іс-шаралар өткізуді, «Damu bala» бағдарламасы аясында жан басына шаққанда қаржыландыру мәселесін жүйелендіруді, басқа да міндеттерді айқындап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/900291
Құрылыс саласын дамыту мәселесі талқыланды 24.12.2024
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен құрылыс саласын, трансшекаралық хабтарды дамыту мәселелері талқыланған Үкімет отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте көтерілген мәселелерге орай жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма жүктелді.–Биылғы 10 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 193 млрд. 900 млн. теңге болып, өңіріміз республикада бірінші орынға тұрақтады. Құрылысқа мемлекеттік бюджеттен 128 млрд. 500 млн. теңге бөлініп, 197 нысан салынуда.Ендігі міндет – басталған жұмыстарды аяқтап, нысандарды пайдалануға беру. Бекітілген эскиздік жобадан ауытқымауды, ішкі әрлеудің сапасын қатаң бақылауға алыңыздар. Тұрғын үйлердің де сапасына және инженерлік инфрақұрылыммен қамтылуына баса мән берілсін», – деді Н.Нәлібаев.Биыл «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қаржыландырудың барлық көзінен 701,6 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған болатын. Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес 863,9 мың шаршы метр тұрғын үй салу межеленіп, жоспар артығымен орындалуда. Жыл басынан бері 772,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,9% құрады.Бүгінде 1 мектеп қолданысқа берілді, қалған 3-і жыл соңына дейін пайдалануға қабылданса, 6 мектепті алдағы жылы іске қосу жоспарлануда. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша 15 нысанның құрылысын жүргізуге бюджеттен 5,2 млрд.теңге қаржы бөлінді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 1 дәрігерлік амбулатория, 8 спорт кешені, 4 ауылдық клуб, 8 инженерлік желі салуға 1,5 млрд.теңге берілген. Ал тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39,1 млрд. теңге қаралып, жыл қорытындысымен 2 500-ге жуық пәтер табысталмақ.Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында жеті қабатты 6 кредиттік үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешу үшін жеке құрылыс салушылардан 1954 дайын пәтер сатып алу жоспарланған. Бүгінде 1060 пәтер сатып алынды, оның 317-сі Қызылорда қаласында, қалған 538-і аудандарда.Алдағы жылы бес қабатты 10 тұрғын үй пайдалануға беріліп, жеті қабатты 10 тұрғын үй құрылысы басталмақ. Сонымен бірге, республикалық бюджет қаржысы есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 275 жаңа пәтер сатып алу қарастырылған.Мәжіліс қорытындысында аймақ басшысы қала, аудан әкімдеріне төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, алдағы мерекелер қарсаңында баға тұрақтылығын, коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын, қауіпсіздік шараларын рейдтік тексеруді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/901368
Аймақтағы алғашқы "Руханият орталығы" Қармақшы ауданында ашылды 24.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қармақшы ауданында алғашқы «Руханият орталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтті.Мерекелік іс-шараға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері Бақберген Досмамбетов, Бекмырза Еламанов, Биғали Қаюпов, «Қоғам» телеарнасының құрылтайшысы, ақын Шәкизада Әбдікәрімов, «Сыр елі әйелдер кеңесі» қоғамдық ұйымының төрайымы, білім саласының ардагері Райкүл Байназарова, жауапты сала басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жетістіктерге тоқталды.«Бүгін – ғасырлардың үнін жаңғыртып, халқымыздың қазынасын еселеген Сыр руханияты үшін айтулы күн. Ең алдымен, баршаңызды мыңжылдықтардың мұраты, Алаштың асқақ арманы болған Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руханиятымызға баса мән беруіміз қажет» деген болатын.Биыл өңірімізде «Руханият жылы» жарияланып, айшықты жыл аясында мәдени-көпшілік шаралармен қатар, ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», көпфункционалды 1000 орындық «Өнер орталығы» салынып, жаңадан симфония оркестрі, инклюзивті театр, Жастар театры, заманауи би, хор ұжымдары жасақталды.Сыр мәдениетінің негізгі бренді – жыраулық дәстүр өкілдерінің «Жыраулар үйі» ашылды. Құрылысы қарқын алған облыстық тарихи-өлкетану музейі келесі жылы наурыз айында пайдалануға беріледі.Биылғы «Руханият жылы» аясында барлық 7 ауданда құны 11 млрд. 500 млн. теңге болатын, ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар «Руханият» орталықтары салынуда. Мақсатымыз әртүрлі бағытта қызмет көрсететін мекемелерді бір орталыққа біріктіру арқылы бюджет қаражатын тиімді басқару, әкімшілік шығындарды азайту болды. Жыл соңына дейін тағы 5 ауданда «Руханият орталықтары» жұмысын бастайды. Қалған 2 орталық келесі жылдың наурыз айында ел игілігіне беріледі.Ең бастысы бұл орталықтарда ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүріміз кеңінен насихатталып, өскелең ұрпақтың өзі туып-өскен өңір тарихы, ұлттың бай қазынасы туралы танымы қалыптасады. Барша жерлестерді «Руханият орталығының» ашылуымен тағы да құттықтаймын! Жаңа нысан еліміздің рухани қазынасын толықтырып, жұртшылыққа қуаныш сыйласын. Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, Тәуелсіз еліміздің абыройы әрқашан асқақ болсын!» – деді Н.Нәлібаев.Жиында аймақтың руханият саласындағы ауқымды жұмыстарға тоқталған Шәкизада Әбдікәрімов пен Бақберген Досмамбетов ақ батасын берді.Сонымен қатар, ауданның өсіп-өркендеуі жолында еңбек еткен ардагерлер мен орталықты салған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Айта кетейік, облыс орталығынан балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында «Шығармашылық академиясы», халықаралық стандарттарға сай келетін 11 мың орындық «Орталық стадион» салынуда. Жаңа нысандар келесі жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі. Жабық бассейні бар көпсалалы денешынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді, жақын арада «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы басталады.«Самұрық қазына траст» қорымен бірге «Үстел теннисі орталығы», «ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен 350 орындық «Оқушылар сарайы» салынып, жұмысын бастап кетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/901380