ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ 2024 ЖЫЛЫ ТУУ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНДА ТҰР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ 2024 ЖЫЛЫ ТУУ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНДА ТҰР

24.12.2024 20:16:00 1163

Жыл басынан бері Қазақстан халқының саны 210 139 адамға артты. 1 қарашадағы жағдай бойынша ел тұрғындарының жалпы саны 20 243 981 адамға жетті.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, табиғи өсім бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірде халық саны 36 628 адамға өскен. Одан кейінгі орындарда Шымкент (20 348 адам) пен Астана (19 258 адам) қаласы тұр.
Жылдың алғашқы он айында елімізде 309 310 нәресте дүниеге келді. Туу көрсеткіші бойынша ең жоғары көрсеткіш Түркістан және Маңғыстау облыстарында тіркелді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/903493