Әлем
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Астанада «Ұстаз» фильмінің таныстырылымы өтті 06.12.2024
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің және Жетісу облыстық әкімдігінің қолдауымен бүгін астаналық педагогтер мен білім беру ісінің ардагерлері үшін жетісулық режиссер Ерлан Ошақбаевтың «Ұстаз» фильмінің тұсаукесері ұйымдастырылды.Фильмде жас ұстаздың туған ауылына оралуы, өзі оқыған мектепте жұмыс істеуі, оқушылармен қарым-қатынасы, мұғалімнің беделі, шәкірттерін білім бәсекесіне қабілетті етуге деген ұмтылысы мен жаңашылдығы, сондай-ақ педагогикалық қызметтің қиындығы мен қызығы көрініс табады.Таныстырылым кезінде сөз сөйлеген оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, фильмді еліміздің басты телеарналарынан көрсету және барлық өңірлерде педагогтер қауымдастығы арасында тарату жөнінде ұсыныс білдірді.«Мемлекет басшысы педагогтардың қоғамымызда маңызды рөл атқаратынын атап өткен болатын. Бұл сөздер педагогтарды қолдауға және білім сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдармен бекітілді. Алғашқы және маңызды қадамдардың бірі 2019 жылы ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының қабылдануы болды, ол педагогтардың жұмыс жүктемесін азайту, артық функциялардан босату және жаңа ынталандыру шараларын енгізу мәселелерін реттеді. Осы фильмнің негізгі миссиясы — педагогтың тек мамандық емес, нағыз шақыру, миссия екендігін көрсету. Олардың қоғамдағы рөлін терең түсінуге, жас мұғалімдер үшін жауапкершілікті сезінуге және кәсіби дамуға шабыттандыратын маңызды себеп болатынына сенемін.», – деді министр.«Ұстаз» фильмінің идея авторы – Бейсен Құранбек, сценарийін жазған – Гүлмира Қадырқызы, ал фильм кейіпкерлерінің рөлдерін Жетісу облыстық драма театрының және оқушылар сарайындағы поэтикалық театрдың актерлері сомдаған. Фильм Жетісу телеарнасының қолдауымен өңірде түсірілген. Алдағы уақытта ол еліміздің бас телеарналарынан көрсетілмек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/897458
Қазақстан ЕҚЫҰ қағидаттарына бейілділігін растады 06.12.2024
Та-Кали, 2024 жылғы 5 желтоқсан – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) қатысушы 57 елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Мальтада ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 31-ші отырысына қатысу үшін жиналды.Іс-шара барысында қатысушы мемлекеттер 2024 жылы Мальта төрағалығымен Ұйымның жұмыс қорытындыларын тыңдады, ЕҚЫҰ кеңістігіндегі қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ күрделі геосаяси жағдай аясында Ұйымда қалыптасқан институционалдық дағдарысты еңсеру жолдарын талқылады.Кездесуге қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Хельсинки рухын» жандандыру қажеттігін мәлімдеп, ЕҚЫҰ-ны еуроатлантикалық және еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздік мәселелері бойынша инклюзивті диалог үшін бірегей платформа ретінде сақтаудың маңыздылығын атап өтті.Ол Қазақстанның ЕҚЫҰ кеңістігінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі көпжақты күш-жігерге берік бейілділігін, Ұйымды нығайтуға және оның алдында тұрған сын-қатерлерді еңсеруге өз үлесін қосуды жалғастыруға дайын екенін растады.ЕҚЫҰ негізгі құжаты – 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісінің 50 жылдығы қарсаңында Қазақстан СІМ басшысы оның қағидаттарын, сондай-ақ 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитінің қорытындылары бойынша қабылданған Астана декларациясының ережелерін мүлтіксіз сақтау қажеттігін атап өтті. Ол сондай-ақ әріптестерін ЕҚЫҰ-ны қазіргі кездегі жаңа қауіпсіздік архитектурасының жағдайына бейімдеуге шақырды.ҚР Сыртқы істер министрі Ұйымның экономикалық-экологиялық өлшемі аясындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударды. Осыған байланысты ү.ж. 3 желтоқсанда Эр-Риядта Қазақстан, Франция мен Сауд Арабиясымен бірлесіп өткізген «One Water Summit» қорытындысын белгіледі.М.Нұртілеу климаттың өзгеруіне қарсы күресте біріккен күш-жігердің қажеттігіне назар аударып, қатысушы елдерді 2026 жылы Қазақстанда өтетін БҰҰ Өңірлік климаттық саммитіне қатысуға шақырды.ЕҚЫҰ Министрлер кеңесі отырысының негізгі қорытындысы ЕҚЫҰ Бас хатшысының және Ұйымның негізгі институттарының басшыларын бекіту болды.Іс-шара аясында ҚР Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов, Бельгия Сыртқы істер министрі Бернард Кентен, Грузия Сыртқы істер министрі Мака Бочоришвили, Люксембург Сыртқы істер министрі Жан Ассельборн, Словакия Сыртқы істер министрі Юрай Бланар, Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен Финляндия Сыртқы істер министрі Элина Валтоненмен екіжақты кездесулер өткізді.Кездесулер барысында екіжақты ынтымақтастық пен ЕҚЫҰ аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды. Өңірлік және жаһандық күн тәртібіне қатысты пікір алмасты. Өзара қызығушылық тудыратын салаларда ынтымақтастықты дамытуды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Қазақстан 1992 жылдан бастап ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекет. 2010 жылы еліміз ЕҚЫҰ-ға төраға болып, Астана декларациясының қабылдануымен аяқталған саммит өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/897418
Ақмола облысында жастар форумы өтті 05.12.2024
Ақмола облысының озат жастары марапатталды. Бүгін Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің жаңа Студенттер сарайында «Жалынды Ақмола жастары» атты облыстық жастар форумы өтті. Жыл сайынғы Форум әр түрлі саладағы жас қызметкерлерді ғана емес, сонымен қатар беделді конкурстар мен кәсіби чемпионаттардың жеңімпаздарын біріктірді. Іс-шараның басты мақсаты жұмысшы мамандықтар жылы қарсаңында «Адал азамат. Адал еңбек. Адал табыс» тұжырымдамасын танымал ету болды.Облыс әкімі өз сөзінде жас ұрпақ үшін адал еңбектің, азаматтық жауапкершілік пен әлеуметтік белсенділіктің маңыздылығын атап өтті.«Әрқайсыларыңыз – өңіріміздің болашағысыздар. Біз сіздердің бастамаларыңызды, жобаларыңызды және идеяларыңызды қолдауға дайынбыз. Сіздер қоғамдағы оң өзгерістердің қозғаушы күші бола аласыздар», - деп атап өтті облыс әкімі.Қоғамда жүргізіліп жатқан өзгерістерге кәсіпорындардың, білім беру және бизнес салаларының жас қызметкерлері де өз пікірлерін білдірді.«Біздің мемлекетіміздің кәсіби даму үшін беретін мүмкіндіктері орасан зор. Мен сіздерді болашақта дамудың барлық мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамын», - деді «НОВОПЭК» ЖШС инженер-энергетигі Андрей Сүлейманов. Іс-шара «Aqmola Power» инновациялық жобалар конкурстарының, «ECO AQMOLA» экологиялық идеялар мен волонтерлік жобалар байқауы жеңімпаздарын марапаттаумен жалғасты. Сондай-ақ, «Тәуелсіздік ұрпақтары» сыйлығының номинанттарына марапаттар табысталды. Шара соңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/897376
Адам құқықтары жөніндегі Әмбебап кезеңдік шолу шеңберінде Қазақстан Республикасының төртінші кезеңдік Ұлттық баяндамасын қорғауға дайындық мәселесі бойынша отырыс өткізілді 05.12.2024
Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» Консультативтік-кеңесші органның (ККО АӨДА) алаңында 2025 жылғы қаңтарда Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолу (ӘКШ) шеңберінде Қазақстан Республикасының төртінші кезеңдік Ұлттық баяндамасын қорғауға дайындық мәселесі бойынша кезекті отырыс өткізілді.Отырыста мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының коалициясы дайындаған адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен білім алу құқығын қамтамасыз ету және қорғау мәселелеріне арналған балама баяндаманы талқылады.Айта кету керек, соңғы қорғаудың қорытындысы бойынша 2019 жылы Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне қатысушы мемлекеттердің 245 ұсынымын алды, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жоғарыда аталған салаларда 72 ұсынымды қолдады және іске асыруда.«Адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро» ҚҰ директорының орынбасары Р. Ақылбекованың үйлестіруімен ҮЕҰ коалициясының сарапшылары З.Батталова мен И. Медникова сөз сөйледі.ҮЕҰ коалициясы ӘКШ шеңберінде барлығы сегіз балама баяндама дайындады және БҰҰ АҚК енгізді, онда мемлекеттің халықаралық міндеттемелеріне сәйкес адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасындағы ахуалды жалпы бағалау, сондай-ақ ӘКШ шеңберінде Қазақстан Республикасына берілген ұсынымдардың орындалуын бағалау қамтылады.БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінде Ұлттық баяндаманы қорғау қарсаңында осы сегіз баяндаманың барлығы Әділет министрлігінің үйлестіруімен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, ККО АӨДА, Әділет және Мәдениет министрліктерінің алаңдарында сәтті қаралғанын атап өту маңызды.Өткізілген отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылар адамның әмбебап құқықтарын қорғауды нығайту ісінде одан әрі жемісті ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/897371
Жетісу облысында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған тұңғыш иппотерапия орталығы ашылды 05.12.2024
Мүгедектер күніне орай Жетісу облысында тұңғыш иппотерапия орталығы ашылды. Нысан Жаркент қаласындағы «Мерей» балаларды оңалту орталығының базасында орналасқан. Мұнда ерекше қажеттілігі бар балаларды атқа мінгізу арқылы ем жасалады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Орталықтың ашылуына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қолдау көрсеткен.– Ерекше қажеттіліктері бар баланың дүниеге келуі – ата-ана үшін үлкен жауапкершілік. Ондай балалардың қоғамның толыққанды мүшесі болып өсуіне мемлекет барлық мүмкіндікті жасап келеді. Оңалту орталықтарының, түзету кабинеттерінің қызметі арқасында балалар денсаулығын жақсартуға, пайдалы дағдыларды игеруге, қоғамға бейімделуге нақты мүмкіндік алып отыр. Осы ретте Жаркентте ашылған бүгінгі иппотерапия орталығының да үлесі зор болады деп сенеміз, - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сания Дүйсенбіқызы.Орталық директоры Гүлназ Кибраеваның айтуынша, ауданы 400 шаршы метр болатын ангарлық типтегі жабық манеж сапалы жылу оқшаулағыш материалдардан қысқа мерзім ішінде тұрғызылған. Бұл иппотерапия сабақтарын қыста да өткізуге мүмкіндік береді.- Біздің «Мерей» балаларды оңалту орталығы 2022 жылы ашылды. Мұнда содан бері 40 тәрбиеленуші бейімдеу мен оңалтудан тұрақты түрде өтуде. Солардың төртеуі қоғамға сәтті бейімделіп, мектепке, балабақшаға барып жүр. Енді, міне, орталықтың ем шараларына иппотерапия бағыты қосылып отыр. Балалар иппотерапиядан ем алса, аяққа тұрып, жүруі жақсарады, арқа бұлшық еттері нығая түседі, вестибулярлық аппараты жаттықтырылады. Жалпы иппотерапия денсаулықты жақсартумен қатар одан әрі дамуына үлкен ықпал етеді, - дейді Г. Кибаева.Адаптивті атпен жүру сабақтарын аптасына үш рет өткізу жоспарланған. Ол үшін орталық басшылығы ерекше қажеттілігі бар балаларға көмектесуге ықылас білдірген «Бекнұр» шаруа қожалығынан «Ақбоз» және «Адмирал» атты екі жылқыны жалға алып отыр. Бұл жылқыларды емге пайдалануға медициналық білімі бар емдік дене шынықтырудың тәжірибелі екі нұсқаушы көмектеседі.Өз кезегінде психологтар мен дәрігерлердің қорытындысы мен ұсыныстары бойынша балалар ем алып, атқа мінуді бастайды. Мәселен, төрт жасар Мәдиді әжесі Шәкизат Сламжанова орталыққа бір жарым жасында алып келген. Бала алғашында аяғын басып жүре алмаған, айналасымен қарым-қатынасы да қиын болатын. Өзге де оңалту шараларымен қатар Мәди бүгін нұсқаушылардың көмегімен алғаш рет атқа отырып, иппотерапияны бастады.Сол сияқты 8 жасар Мадиярдың анасы Мақпал Өскенбаева да әлемге танымал осы оңалту әдісі балаларға көмектесетініне сенімді. - Біз иппотерапия ашу идеясы қолға алынатыны туралы алғаш рет өткен жылы естідік. Облыс басшылығының қолдауымен осы игі бастама іске асырылғаны қуаныштымыз. Мұндағы материалдық-техникалық жарақтандыру, заманауи жабдықтар мен тренажерлер, емдік дене шынықтырулары балаларымыздың сауығуына, өз-өзіне деген сенімдерін нығайтуға ықпал етеді деген үмітпен келіп отырмыз, - деді М. Өскенбаев.Манежде монтуар, яғни балаларды атқа отырғызуға арналған арнайы баспалдақ орнатылып, қауіпсіздік мақсатында жаттығу алаңына құм төселген. Сонымен қатар мұнда жарықтандыру жүйесі бар, ата-аналар мен мамандар процесті сырттан бақылай алатындай қоршаулар орнатылған.Жалпы бүгінгі күні «Мерей» орталығында тірек-қимыл аппараты зақымданған, Даун синдромы және басқа да аурулары бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға 56 білікті маман, солардың ішінде педагог-тәрбиеші, әдіскер, дәрігер-невропатолог, педагог-психолог, логопед, психиатр, дефектолог, ортопед, массажист, емдік дене шынықтыру және жүзу нұсқаушылары, дене шынықтыру оқытушысы, сондай-ақ орта медициналық қызметкерлер қызмет көрсетеді. Тәрбиеленушілерге ыңғайлы болу үшін балаларды қауіпсіз тасымалдауға бейімделген екі «Вираж» ГАЗель бар. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотосуреттерді түсірген: Нұрбол ҚанағатАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/897353
Бұрынғы колледж ғимараты жаңғыртылады 05.12.2024
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев орынбасарлары мен Білім, Дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшыларымен бірге бұрынғы «Заман» колледжінің ғимаратында болды. Ғимарат білім, инновация, спорт салаларын дамытуда әлеуетке ие. Алайда қазір күрделі жөндеуді қажет етеді.Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы орналасқан мекемеде 1972, 1983 және 1985 жылдары салынған үш ғимарат бар.Ерекше атап өтетін жәйт – 2022 жылдан бастап «Дәрігерлік – дене шынықтыру диспансері» КММ жұмыс істейді.Бұл дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындарды медициналық қызмет көрсетуге маманданған емдеу-профилактикалық мекемесі болып табылады. Спортшылардың оңалтудан өтуіне де мүмкіндік бар. Қазіргі таңда облыс бойынша 19 спорт мектебінің спортшылары диспансер бақылауында.Ғимараттарды аралап көрген аймақ басшысы нысанды облыста спорт, ғылым мен технологияны дамыту үшін пайдалану қажеттігін атап өтті.«Ғимараттың ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмегені көрініп тұр. Егер қажетті жұмыстарын атқаратын болсақ, әлі талай жылдар халыққа қызмет етері анық. Спорт залды жаңартып, балаларымыздың спортпен шұғылдануына жағдай жасай аламыз. Ал бұрынғы өндіріс цехы базасында заманауи индустриалды технопарк ашуға мүмкіндік бар. Бұл жерге қаламыздағы бірнеше оқу орындарының басын қоса отырып, креативті, озық идеялар орталығын қалыптастыруға болады», - деді аймақ басшысы.Облыс әкімі орынбасарлары мен басқарма басшыларына ғимаратты жаңғырту үшін жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/897364
Қазақстандық туристерді шетелде қорғауды қамтамасыз ету 05.12.2024
Жаңа жылдық мерекелер мен қысқы демалыс қарсаңында шетелде қазақстандық туристерді қорғауға бағытталған шаралар туралы еске саламыз.2016 жылдан бері Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі жұмыс істеп келеді, оның әкімшісі – «Туристік Қамқор» қоры болып табылады. Бұл жүйеге сыртқы туризммен айналысатын туроператорлар қатысады, олар әрбір туристке туркод беруге міндетті.🔷 Туркод – бұл әріптер мен сандардан тұратын бірегей код, оны тексеру арқылы турист туроператордың ұшу мен тұру шығындарын қабылдаушы тарапқа және әуе компаниясына төленгеніне көз жеткізе алады. Бұл бірегей механизм туроператордың өз міндеттемелерін орындай алмауы немесе төтенше жағдайлар/оқыс оқиғалар орын алған жағдайда туристердің елге қайта оралуын кепілдендіреді. Туркодты әкімші сайтында немесе «Туркод» мобильді қосымшасында тексеруге болады. Қосымшада сонымен қатар турагенттіктердің тізімі, баратын ел туралы ақпарат, Қазақстанның елшіліктері мен консулдықтарының байланыс мәліметтері бар.❗️Қосымшаны AppStore және GooglePlay арқылы жүктеп алуға болады.🔻 Бұдан бөлек, туркодты тек туроператор жасаған және турагент сатқан турды сатып алған туристке ғана беріледі. Агенттікті таңдаған кезде олар туркод беретінін міндетті түрде анықтаңыз. Туристік қызмет көрсету туралы келісімшарт жасаңыз және құжаттарды сұраңыз (төлемді растайтын кассалық чек, ваучер, сақтандыру полисі және т.б.).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/897357
ҚР Туризм және спорт министрлігі Қызылорда облысының спорт басқармасы басшысын тағайындау бойынша комиссия отырысын өткізді 05.12.2024
Елордада ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшылығына ұсынылған төрт үміткердің кандидатурасы қарастырылды.Атап айтқанда, Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшылығына бокстан Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевтың, Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жігер Айекешовтің, «Қайсар» футбол клубының директоры Садық Мұстафаевтың және Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» КММ басшысы Азамат Тагаевтың кандидатурасы ұсынылды.Жиын барысында комиссия мүшелері үміткерлердің саладағы тәжірибесі, өңір спортын дамытуға қатысты жоспарлары, сондай-ақ спорт ғылымы мен менеджмент негіздерін меңгеру деңгейіне қатысты сұрақтар қойды.Кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/897360
Астанада «Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрақты дамудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 05.12.2024
2024 жылғы 29 қарашада «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді 16 күн» халықаралық акциясы аясында әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.Шараны ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия БҰҰ «Әйелдер» ұйымының техникалық қолдауымен ұйымдастырды.Аталған шараға қатысқан Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова өз сөзінде әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау адам құқықтары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі құрамдас бөлігі екенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін жоюға және халықтың осал топтары үшін қауіпсіз орта құруға айтарлықтай күш салуда. Қабылданған заңнамалық реформалар мен мемлекеттік шаралар теңдікті нығайтуға, құқықтық кепілдіктерді нығайтуға және зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталғанын айтты.Солардың ішіндегі негізгі жетістіктердің қатарында:- тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық деп санайтын және қорлаудың алдын алу шараларын күшейтетін «Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның қабылдануы;- әйелдер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарларын әзірлеу және іске асыру;- ішкі істер органдарында тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу үшін мамандандырылған бөлімшелер құру.Дөңгелек үстелге қатысушылар құқықтық қамтамасыз ету тетіктерін, мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылын талқылап, қауіпсіздік пен теңдікті қамтамасыз ету бойынша алдағы қадамдарды белгіледі.«Әділет министрлігі әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аудара отырып, адам құқықтары саласындағы бастамаларды үйлестіруді жалғастыруда. Біздің күш-жігеріміз құқықтық мәдениетті нығайтуға және зорлық-зомбылықтан азат қоғам құруға бағытталған», - деп түйіндеді сөзін вице-министр.Аталған шара зорлық-зомбылыққа қарсы күресте мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктірудің маңызды алаңына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/897347
Астанада XII Халықаралық «Антиконтрафакт» форумы өтуде 05.12.2024
«Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында билік, бизнес, ғылым және БАҚ-тың 500-ден астам өкілдерін жинаған «Антиконтрафакт» XII Халықаралық форумы өтуде.Биыл форумға Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Нигерияның және Швейцарияның делегаттары қатысуда. Форумды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Еуразиялық экономикалық комиссия және «Антиконтрафакт» Халықаралық қауымдастығы ұйымдастырды.Форумды ашқан Әділет министрі Азамат Есқараев аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, барлық қатысушыларға алғысын білдірді.Форум барысында қатысушылар авторлық құқықтардың, зияткерлік меншіктің, тауарларды цифрлық таңбалау мен қадағалаудың, желідегі сауданы бақылауды арттырудың, темекі және алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы проблемаларының, фармконтрафактінің, стандарттаудың, тауар белгілеріне құқықтардың, брендтерді жылжытудағы географиялық көрсеткіштердің рөлінің, сондай-ақ БАҚ-ты контрафактіге және бұрмалауға қарсы іс-қимылға тарту туралы негізгі мәселелерді көтереді.Форумды мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысатын «қауіпсіздік кеңістігі: ЕАЭО-ның Контрафактісіз және бұрмалаусыз болашағы» тақырыбында пленарлық отырыс ашады.Форум сессиялары министрліктердің, ведомстволардың, Бизнестің, құқық иелері мен тұтынушылар қауымдастықтарының, сондай-ақ кәсіби қауымдастықтар мен БАҚ өкілдерінің сарапшыларын біріктіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/897349
Адвокатура күніне орай еліміздің үздік адвокаттары марапатталды 05.12.2024
Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасының адвокатура күніне орай салтанатты іс-шара өтті.Әділет министрі Азамат Есқараев өз сөзінде адвокаттардың заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлінің маңыздылығын атап өтіп, адвокатура азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, сондай-ақ қоғамның құқықтық жүйесіне деген сенімін нығайтуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.Салтанатты бағдарлама шеңберінде кәсіби қызметте ерекше нәтижелер көрсеткен үшін және адвокатура жүйесін жетілдіруге, заң көмегінің сапасын арттыруға, құқық қорғау жұмысын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы №725 Жарлығымен5 адвокат «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградаларымен - медальдарымен марапатталды.Сонымен бірқатар адвокаттарға әділет органдарының ведомстволық наградаларымен алғыс хаттар табыс етілді.Іс-шараға Республикалық адвокаттар алқасы, адвокаттық қоғамдастығының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.Бұл шара қазақстандық адвокатураның жұмысын қорытындылау үшін маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/897350
8-11 сынып оқушылары арасында «Өз құқығыңды білу не үшін қажет?» тақырыбындағы Республикалық эссе БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 05.12.2024
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық адам құқықтары күніне орай 2024 жылдың 8 қарашасы мен 29 қарашасы аралығында 8-11 сынып оқушылары арасында «Сіз өз өміріңізді не үшін білуіңіз керек?» тақырыбында республикалық эссе байқауын өткізді. құқықтары?»Байқауға 747 оқушы қатысты. Көрсетілген жұмыстардың ішінен Республикалық конкурс туралы ереженің талаптарына сәйкестігі тексеріліп, «Антиплагиат» жүйесі арқылы түпнұсқалығы тексеріліп, 29 жұмыс іріктелді. Көрсетілген жұмыстардың ішінен «Өз құқығыңды білу не үшін қажет?» тақырыбындағы республикалық эссе байқауының қорытындысын шығару жөніндегі комиссияның шешімімен ең жоғары ұпай жинаған 3 жұмыс анықталды.Осылайша, байқаудың жеңімпаздары:I орын: Зайдинова Сымбат;2 орын: Рустанбек Ислам;ІІІ орын: Красников Вадим.Барлық жеңімпаздарды, сондай-ақ олардың ата-аналары мен ұстаздарын құттықтаймыз!Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/897366
ТҮРКІСТАНДА «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ 05.12.2024
Түркістанның Түркі әлемінің туристік астанасы атануына орай өңірде «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі биыл да жалғасты. Бүгін облыс орталығында фестиваль қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жеңімпаз және жүлдегер аудандарды марапаттады.– Биыл Түркістан облысының құрылғанына алты жыл толып отыр. Атауы мыңжылдықтарға кеткенмен, құрылымы жаңа біздің өңір үшін бұл уақыт жаңару мен дамудың кезеңіне айналды. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы тапсырмасы аясында арнайы заң жобасы әзірленіп, Парламент қарауында жатыр. Бұл біздің өңірге жүктелген мәртебелі міндет, жоғары жауапкершілікті талап ететін бастама болып отыр. Бұл игілікті істердің жүзеге асуына мәдениет мамандарының да қосар үлес зор болмақ. Дәстүрлі ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше тарту болды. Аудан, қаладан келген өнер ұжымдары, талантты жастар ұлттық құндылықтарымыз бен заманауи өнердің тамаша үйлесімін көрсете білді. Мен осы орайда, аталған фестивалге үлес қосып, жоғары деңгейде өнер көрсеткен баршаңызға алғысымды білдіремін, – деді Ертай Кенжебекұлы.Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге ие болған Сарыағаш ауданынының өнерпаздарына арнайы дайындалған «Өнерлі өлке» статуэткасы тапсырылды. І орынды Сауран мен Созақ ауданы, ІІ орынды Ордабасы, Қазығұрт және Жетісай ауданы, ІІІ орынды Түлкібас пен Отырар ауданы және Түркістан қаласы иеленді. Жеңімпаз және жүлдегер аудандарға қаржылай сыйлықтар мен арнайы дипломдар берілді.Бұдан бөлек арнайы жүлделер тапсырылды. Фестивальге қатысқаны үшін диплом Сайрам мен Бәйдібек, Төлеби ауданына берілді. Облыс әкімінің арнайы жүлдесімен Кентау қаласы «Туған жер - алтын бесігім» жүлдесімен Арыс қаласы, «Ауылым – алтын тұғырым» арнайы жүлдесімен Мақтаарал ауданы, «Өнерлі өлке» арнайы жүлдесімен Шардара ауданы, «Мәдениетім мерейім» арнайы жүлдесімен Келес ауданы марапатталды.Шара барысында «Ауыл – мәдениеттің бастауы» ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар арасында өткен облыстық байқауының жеңімпаздары мен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында облыс тарапынан ұйымдастырылған іс-шараларды жоғарғы деңгейде ұйымдастырған мәдениет саласының қызметкерлеріне ұйымдастыру комитетінен берілген алғыс хаттармен бірқатар мәдениет қызметкерлері марапатталды.Фестивалде қазылар алқасы бірнеше талаптар бойынша бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Қылқалам, қолөнер шеберлерінің, ұлттық тағамдардың көрмелері, аудан, қаланың тарихына, жетістігіне арналған және кітап көрмелер, салт-дәстүр, әдеп-ғұрыпқа арналған театрландырылған қойылымдар, ұлттық ойындар, дәстүрлі өнерге арналған концерттік бағдарламалар, көше театры сияқты халық театрының қойылымдары, ұлттық спорттық ойындар, аудан, қала өнерпаздарының гала-концерті, көрермендердің іс-шараға тартылуы, әр қала, ауданның фестивалді ұйымдастыру деңгейі назарға алынды.Айта кетейік, фестиваль шымылдығын Сайрам ауданының өнерпаздары ашқан болатын. Шара ұлттық өнерімізді дамыту және Түркістанның туристік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Аталған фестиваль маусым-қазан айлары аралығында Түркістан қаласында әр аптаның жұма, сенбі күндері өтті. Онда аудан-қалалардан келген өнер ұжымдары түркістандықтар мен қала қонақтарына өнер көрсетті. Одан бөлек, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмелері ұйымдастырылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/897317
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДЫҢ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫС ТӘСІЛІМЕН ТАНЫСЫП ҚАЙТТЫ 05.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірдегі кәсіпкерлер мен аудан, қала әкімдіктері өкілдерінен делегациялар жасақталып, әлемнің таңдаулы өндіріс орындарының тәжірибесімен танысуда. Осы ретте Мақтаарал ауданының делегациясы Қытай еліне іссапар жасады. Аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров бастаған бір топ мақтааралдық Қытай халық республикасының Үрімші және Қуарлы қалаларында болып, бірқатар өндіріс орындарының жұмысымен танысты.Қытайдың экономикалық дамуы бойынша халықаралық тәжірибе жинақтап, Мақтаарал ауданында енгізу, өңірде зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру – іссапардың басты мақсаты.Делегацияның құрамында аудандық мәслихаттың депутаты Тимур Адамбеков, Иіржар ауылдық округінің әкімі Әбдіғаппар Биболов, Еңбекші ауылдық округінің әкімі Берік Агенов және бірнеше кәсіпкерлер бар.Сапар барысында делегация мүшелері мақта және жүгері оратын комбайндарды құрастыратын зауытта, тауық фермасында, ет, мақта майы, жем, шырын шығаратын цехтарда, тамшылатып суғаруға арналған таспаларды және жылыжайға арналған пленка шығаратын зауыттарда арнайы болып, өндіріс орындарының жұмысымен кеңінен танысты.Қытайлық бизнес өкілдерімен арнайы кездесіп, аталған кәсіпорындарындағы станоктардың бағасын, орнату мен Қазақстанға жеткізу нарқын білді. Сондай-ақ аталған өңірлердегі ағын су және ирригациялық жүйелердің құрылысымен танысты.Іссапардағы кездесулерде мақтааралдық кәсіпкерлер түрлі бағытта құрылысқа қажетті заттар шығаратын станоктарды Мақтааралға алып келіп, шағын цехтар ашу мәселесін талқылады. Бұл бағытта жұмыс жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/897320
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТА ЖАҢА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ 05.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына барып, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен кеңінен танысты. Ең алдымен облыс әкімі ауданның индустриалды аймағында орналасқан тамшылатып суғаруға қажетті құрал-жабдықтарды және тұқымдық шитті өндіретін «BEGASH» ЖШС-на қарасты қос бірдей зауыттың құрылыс жұмыстарын көрді. Тамшылатып суғару таспасын шығаратын зауыттың құны 1,5 млрд. теңгені құрап, 25 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтиды. Ал мақта тұқымын өңдеу зауытының құны да 1,5 млрд. теңгені құрап, 17 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Екі жоба да 2025 жылы іске қосылады деп межеленген.– Индустриалды аймақтың жұмысын жандандыру керек. Жаңа жобалармен толықтырыңыздар. Су үнемдеу технологияларын енгізу бағытындағы бастамаларды қолдаймын. Мақта сортын жақсарту, сапасын көтеру мәселесі де өзекті. Ауданның даму жоспары жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындарын көбейту керек, – деді Дархан Сатыбалды.Өңір басшысы индустриалды аймақта мақтааралдық шаруалар мен шаруа қожалықтарының төрағаларымен кездесті. Ұсыныс, пікірлерін тыңдады. Кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын дамыту жолдары айтылып, мемлекеттік қолдаулар туралы мағлұматтар берілді.Ауданның индустриалды аймағынан жақында ғана Орталық Азияда бәсекеге қабілетті «Жанасыл» мақта өңдеу зауыты ресми түрде іске қосылған болатын. Кәсіпорын 150 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып, тәулігіне 600 тонна таза мақтаны өңдеп шығарады. Одан бөлек, күніне 180 тонна мақта талшығы өңделеді. Бүгінде зауыттың Мақтаарал, Жетісай аудандарындағы 13 мақта қабылдау бекеті жұмыс істеп тұр. Жиын-терім науқаны басталғалы 41 мың тонна ақ алтын жинап үлгерген. Зауыт қазіргі таңда шитті мақтаны өңдеп, одан мақта талшығын, мақта шитін, мақта линтін және улюк өнімдерін шығарып, тікелей Қытай, Түркия, Еуропа, Тәжікстан, Иран, Қырғызстан елдеріне экспорттауда.Мақтаарал ауданының индустриалды аймағының жалпы жер көлемі 24,2 гектарды құрап, қазіргі таңда жалпы 5,45 млрд теңге көлемінде 4 инвестициялық жоба іске асырылған. Алдағы уақытта 2 млрд. теңге көлемінде тағы 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 2025 жылы іске қосылмақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/897327
«АУЫЛ – МӘДЕНИЕТТІҢ БАСТАУЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ 05.12.2024
Бүгін Түркістанда «Ауыл – мәдениеттің бастауы» атты облыстық байқауының марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаз мәдениет ошақтарын Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров марапаттап, байқаудың мақсаты мен өту барысындағы басымдықтар мен кемшіліктерге тоқталды.Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 4-11 қараша аралығында өткен байқауға жалпы 200-ге тарта ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар бақ сынады. Оған Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мейіржан Алиакбаров пен осы орталықтың «Мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің жетекшісі Мұрат Жұманов пен мәдени ұйымдастырушы маманы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Зағипа Өмірзақова қазылық етті. Байқаудың талаптары мен шарттарына сәйкес қазылар алқасы ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың жұмысын жақсартуға байланысты барлық мүмкіндікті бағалай отырып, былай қорытынды шығардыҚазылар алқасының шешімімен ауылдық мәдениеті үйлері бойынша бас жүлде Сарыағаш ауданы «Дихан баба» ауылдық мәдениет үйіне бұйырды. Жүлделі І орынды Созақ ауданы «Таукент» кенті мәдениет үйі және Шардара ауданы «Көксу» ауылдық мәдениет үйі иеленді. Ал жүлделі ІІ орынды Сауран ауданы «Жүйнек» ауылдық мәдениет үйі мен Отырар ауданы «Балтакөл» ауылдық мәдениет үйі қанжығаларына байлады. ІІІ орынды Созақ ауданы «Қыземшек» ауылдық мәдениет үйі, Сауран ауданы «Ескі Иқан» ауылдық мәдениет үйі, Созақ ауданы «Созақ» ауылдық мәдениет үйі және Мақтаарал ауданы «Кеңесшіл» ауылдық мәдениет үйі иеленді.Ал ауылдық клубтар бойынша бас жүлдені Түлкібас ауданы «Түлкібас» кент клубы иеленді. I орынды Арыс қаласы «Жиделі» ауылдық клубы өз қанжығасына байлады. Жүлделі II орын Сауран ауданы «Қазақстанның ХХХ жылдығы» ауылдық клубына және Түлкібас ауданы «Мыңбай» ауылдық клубына бұйырды. Жүлделі ІІІ орынды Төлеби ауданы «Бейнеткеш» ауылдық клубы, Жетісай ауданы «Кетебай» ауылдық клубы, Арыс қаласы «Байырқұм» ауылдық клубы, Сауран ауданы «Қазақстанның ХХХ жылдығы» ауылдық клубы иеленді.Бұдан бөлек, үздік деп танылған ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарына арнайы жүлделер табысталды.Айта кетейік, аталмыш байқаудың мақсаты халыққа заманауи мәдени қызмет көрсету шараларын жақсартуға, мәдениет мекемелерінің жұмыс сапасын арттыру мен халық шығармашылығын дамытуға және ауылдық мәдениет мекемелерінің жұмысына қолдау көрсетуге бағытталған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/897333
ТҮРКІСТАНҒА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ ЕЛДЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ 05.12.2024
Түркістан облысының туристік әлеуетін арттыру бағытында ауқымды жобалар қолға алынып, туристік іс-шаралар ұйымдастырылуда.Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Түркістан қаласына келген Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің өкілдерімен және байқаушыларымен кездесті. Жүздесуде өңірдің туристік әлеуеті мен мүмкіндіктері таныстырылып, туристер санын арттыру жайы талқыланды. Туризм саласында білікті кадрларды даярлау, қызмет көрсету сапасын жетілдіру туралы ұсыныс-пікірлер айтылды.Зұлпыхар Жолдасов Түркістан қаласының әлеуетіне тоқталып, туризм саласын дамыту бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берді.– Киелі Түркістан өңіріне қош келдіңіздер! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Түркістан – атажұртымыздың алтын қазығы. Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер». 2021 жылы өткен Түркі мемлекеттер басшыларының бейресми саммитінде Түркістан қаласы – Түркі әлемінің рухани астанасы статусына ие болса, 2024 жыл «Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы» атанды. Туризм – Түркістан облысы экономикасының басым бағыттарының бірі. Үкімет пен әкімдік өңірдің туристік саласын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Негізгі жұмыстар аймаққа туристер ағынын арттыруға бағытталған. Осыған байланысты мәдени-бұқаралық және іс-шаралар өткізіліп жатыр. Отандық және шетелдік туроператорлармен байланыстар орнатылып, Түркістан қаласындағы әуежайдың ұшу бағыттарын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған Түркі мемлекеттер өкілдеріне арналған кездесу елдер арасында ынтамақтастықты арттыруға тың серпін береді деп ойлаймын. Осы сапарларыңыз барысында Түркістаннан ерекше әсер алып, жаңа сезіммен отандарыңызға оралады деп сенемін, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген делегация түркістандықтардың қонақжайлылығына алғыс білдіріп, өңір туралы алған әсерлерімен бөлісті. Өздері үшін жаңа локациялар ашылып жатқанын тілге тиек етіп, ынтымақтастық орнатуға дайын екендерін жеткізді.Кездесуде Облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Демеуов салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Өңірде туризм саласының 3 негізгі бағыты айқындалған. Нақтырақ айтқанда, тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмін дамыту бағытында жұмыстар жүргізіліп келеді. Салаға жыл басынан бері 63 млрд теңге инвестиция бағытталған. Туристерге қосымша өнімдер және жаңа туристік бағдарламаларды ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынуда.Түркістан облысына жыл басынан бері 400 мыңнан астам турист келді. Табиғи аумақтарға келушілер саны 124 мың адам болса, шипажайға келушілер саны – 135 мың адам, қонақ үйге қонушылар саны 210 мың адамды құрады. Сонымен қатар тарихи орындарға 810 мың адам саяхаттаған. Е-qonaq жүйесіндегі дерекке сәйкес биылғы 10 айда аймаққа 19 мың шетелдік турист келген.Айта кетейік, түркі елдерінен келген қонақтар Түркістаннның туризм әлеуеті мен даму бағыттарын таныстыру мақсатында ұйымдастырылған халықаралық туризм семинар-тренингіне қатысып, тәжірибе алмасты. Үш күнге жалғасатын бағдарлама бойынша қатысушылар Түркістан қаласының рухани-мәдени орталығын аралап, Отырар және Сауран аудандарындағы тарихи орындармен танысады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/897336
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ МАҚТААРАЛДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ 05.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Мақтаарал ауылдық округі, Өркениет елді мекенінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жақында ғана пайдалануға берілген спорт кешенінде болды. 2023 жылы құрылысы басталып, биыл тапсырылған нысанның конкурстық құны – 600 миллион теңге. Өңір басшысы спортшылармен, бапкерлермен кездесіп, пікір алмасты. Спорт саласына қолдау көрсету жалғасатынын жеткізді.Спорт кешенінде үлкен спорт залы және спортшыларға арналған жаттығу залдары бар. Мұнда волейбол, баскетбол, футзал, гандбол, күрес, бокс, дзюдо және тағы басқа спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік қарастырылып, спорттық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Одан бөлек, ғимарат аумағында жасанды көгалмен жабдықталған футбол алаңшасы, баскетбол, волейбол алаңшалары орналасқан.Аудан әкімі Бақыт Асанов өңір басшысына бұған дейін Мырзакент кентінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның, «Мырзакент» спорт сарайының және 20-дан астам шағын спорт алаңдының құрылысы жүріп, пайдалануға берілгенін атап өтті.Өңір басшысы Атакент кентіндегі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларға салынып жатқан арендалық тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Екі қабатты, 24 пәтерлі 4 тұрғын үй нысаны толық талапқа сәйкес салынып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Аудан бойынша дәл осындай 87 пәтердің құрылысы жүргізілуде. Жалпы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бұған дейін көпбалалы аз қамтамасыз етілген отбасыларға 76 пәтер табысталған болатын. Ауданда әртүрлі санатта 2 мыңнан аса тұрғын үй кезегінде тұр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/897338
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ЖЫЛДА 6 АГТС САЛЫНДЫ 05.12.2024
Түркістан облысында елді мекендерді газбен қамту жұмысы өте қарқынды. Екі жылда 6 автоматтандырылған газ тарату станциясы ел игілігіне тапсырылып, газ желілері ұзарды. Солардың бірі Мақтаарал ауданы, Игілік елді мекенінде орналасқан. Аталған маңызды нысанға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып, АГТС-тың жай-күйімен танысты. Тұрғындарды құттықтады.– Өңірде елді мекендерді газбен қамту жұмысы жалғасады. Газ тарату станциялары салынып, аймақтың инфрақұрылымы жақсара түсті. Бұның бәрі мемлекеттік қолдаудың нәтижесі, – деген облыс әкімі тұрғындармен жүздесіп, пікір алмасты. Жауапты басқарма басшысы мен аудан әкіміне газдандыру бағытындағы жұмысты жүйелі түрде атқаруды тапсырды.«Мақтаарал» автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы ауданды газбен қамту көрсеткіші жақсара түскен. Жалпы бүгінде аудан халқының 75,6%-ы газбен қамтылған. Тұрғындарды 100% қамту үшін қосымша автоматтандырылған газ тарту станциясы салынып, 19 елді мекенде ішкі газ жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Ол үшін 2024 жылға 4,7 млрд. теңге қаржы бөлінді. Тағы 4 елді мекеннің ішкі газ жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, қаржы бөлуге ұсынылған.Айта кетейік, елді мекендерді газбен қамту жұмыстары бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарында келеді. Екі жылда 187 мың тұрғын, 90 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/897341
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАБА ТҮКТІ ШАШТЫ ӘЗІЗ КЕСЕНЕСІ АУМАҒЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 05.12.2024
Бүгін Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық шарасы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындар мен ауылдың белсенді жастары Баба түкті Шашты Әзіз кесенесінің ауласын тазартты.Тазалық шарасына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін уақытша атқарушы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева арнайы қатысып, көне дәуір жәдігері болып табылатын ескерткіш аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.«Құт дарыған, қасиет қонған аймақтардың тазалығына атсалысуды перзенттік борышымыз деп білуіміз қажет. Тамырлы тарихын бүгіп жатқан сырлы Созақ, шын мәнінде, қазақ руханиятының төрт құбыласын түйістірген өлке. Арайлы өлкенің темірқазығы болған Созақты көрікті мекенге айналдырып, оның шамшырағындай болған әулиелерін қадір тұту – ең ұлық мәртебе», деді Қалыйма Жантөреқызы.Шараға жиналған тұрғындар келуші қонақтарға арналған аяқжолдарды қалыпқа келтірді. Кесене аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, ондағы ретсіз өскен шөптер тазаланып, қураған ағаш түптері кесілді. Кесене аумағында ұйымдастырылған акцияға белсенді жастар мен ауыл тұрғындары атсалысып, тазалыққа қажетті техникалар жұмылдырылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/897345