Enbekshi QazaQ

Әлем

Ғылым қоры Берлинде өткен CLIENT II қорытынды конференциясында коммерцияландыру механизмдерін талқылады 02.12.2024
Ғылым қоры Берлинде өткен CLIENT II қорытынды конференциясында коммерцияландыру механизмдерін талқыладыБерлинде Тұрақты инновациялар үшін халықаралық серіктестік – CLIENT II бағдарламасының қорытынды конференциясы өтті. Шараны Германияның Федералды білім және зерттеулер министрлігі ұйымдастырды. Конференцияға Қазақстан, Вьетнам, Индонезия, Чили және басқа да қатысушы елдерден серіктестер шақырылған.Ғылым қорының басқарма төрағасы Камиль Акатов «Халықаралық серіктестер CLIENT бағдарламасының ынтымақтастығы мен ықпалын қалай бағалайды?» тақырыбындағы пленарлық сессияда сөз сөйледі. Сессия аясында қолданбалы зерттеулерді коммерцияландыру тетіктері, инновациялық шешімдер әзірлеуге бизнесті тарту және технологияларды ауқымдандыру мүмкіндіктері талқыланды. CLIENT II бағдарламасы қатысушыларға ғылыми әзірлемелерді халықаралық нарыққа енгізу алаңын ұсынып, тұрақты дамуға ықпал етеді.Қазақстан CLIENT II бағдарламасының сегіз тақырыптық жобасына қатысуда. Бұл жобалар шегірткелерді экологиялық қауіпсіз басқару технологияларын енгізу, радиоактивті ластанған жерлерді қалпына келтіру, ауыл шаруашылығының тұрақтылығын арттыру, жергілікті дақылдарға негізделген тоқыма өнеркәсібін дамыту және қалалардағы су ресурстарын басқару сияқты салаларды қамтиды. Назарбаев Университетінің өкілдері маңызды жобалардың бірі Locust-Tec – шегірткелерді экологиялық қауіпсіз басқаруға арналған инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған жобаны таныстырды.Бағдарламаны қаржыландыру мәселелеріне арналған баяндамаларды Германияның өкілдері ұсынды, олар: Райнер Мюснер (Германия Федералды білім және зерттеулер министрлігі), Питер Либелт (CASIB), Роланд Кейл (DLR Projektträger) және Даниэль Стапель (Jülich).Ғылым қоры ғылыми жобаларды коммерцияландырудың негізгі институты ретінде қазақстандық ғалымдарды халықаралық жобаларға тарту бағытында белсенді жұмысын жалғастыруда. Қор жаңа ғылыми-инновациялық серіктестіктер құрып, технологияларды коммерцияландыру мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/893844
«Алдағы 2-3 жылда Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасын толтыруды жоспарлап отырмыз»,– Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өңірге жұмыс сапарымен барды 02.12.2024
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Министр бірнеше ірі жобаны іске асыру барысымен танысты.Қайнар ауылында Қордай ауданының 3800 гектар егіс алқабын сумен қамтамасыз ететін сорғы станциясының құрылысын көрді. Жобаны келесі жылы толық аяқтау жоспарланып отыр. Министр нысанды суару кезеңінде пайдалану үшін мерзімінен кешіктірмей қолданысқа беруді тапсырды.Одан әрі министр «Көкқайнар-Ақсу» автомобиль жолындағы көпірді су басуының алдын алу үшін Шу өзені жағалауының 1,8 шақырымын нығайту жоспарымен танысты. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдармен елді мекендерді су тасқынынан қорғау іс-шараларын талқылады.Тасөткел су қоймасында министр нысанды реконструкциялау нәтижелерімен танысты. Бүгінгі таңда жер және бетон жұмыстары, ұңғымаларды тазарту, каналдарды жөндеу, дабыл және бейнебақылау жүйелерін орнату, кірме жолды жөндеу толығымен аяқталды. Тек нысанды сынақтан өткізу жұмыстары ғана қалды.«Соңғы үш жылда Тасөткел су қоймасында үлкен жұмыс атқарылды. Бұл бізге алдағы 2-3 жылда 620 млн текше метр су жинауға мүмкіндік береді. Келесі жылы біз су қоймасына 500 млн текше метр су жинауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасарымен және аудан әкімдерімен су тасқынына қарсы іс-қимыл шараларын талқыладық. Министрлік жергілікті атқарушы органдарға қажетті ұсыныстар береді», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Одан әрі министр Шу ауданының ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасының барысымен танысты. Бүгінгі таңда 80% жұмыс орындалды.Нұржан Нұржігітов жергілікті тұрғындардың жобаға қатысты пікірі мен ұсыныстарын тыңдады. Министр мердігер ұйым өкілдеріне барлық кемшіліктерді жоюды және келесі жылы жұмысты аяқтауды тапсырды. Министрлік өз тарапынан барлық қажетті қолдауды көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/893766
ҚР Көлік министрлігі: Қазақстан мен Қытай шетелдік рұқсат бланкілерін электронды форматта алмасуды бастады 02.12.2024
Қытай Халық Республикасымен шетелдік рұқсат бланкісін алмасу бұдан былай электронды форматта жүзеге асады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті хабарлады.Шетелдік рұқсат бланкісі (ШРБ) - тасымалдаушыларға жүкпен шетелге шығуға мүмкіндік беретін арнайы құжат.Биылғы жылдың 26 қарашасынан 27 қарашасына қараған түні сынақ режимінде алғашқы жүк көлік құралдары өткізілді. Сәтті тестілеуден кейін электронды жүйе ресми түрде енгізілді.Осы жылдың басынан бері Қытай тарапымен 190 000 бірлік көлемінде жүктерді тасымалдауға арналған рұқсат бланкілерімен алмасу жүргізілді. Бұл — рекордтық көрсеткіш. Екі елдің жауапты ведомстволары қосымша 40 мың бірлік көлеміндегі шетелдік рұқсат бланкілерін алмасу бойынша келіссөздер жүргізді. Оның 30 мыңы электронды форматтағы жаңа жүйені қолдану арқылы жүзеге асса, ал қалған қосымша 10 мың дана қағаз жүзінде болды. Шетелдік рұқсат бланкісін алмасу 29 қарашада жүзеге асты.Естеріңізге сала кетейік, соңғы екі жылда ҚХР-мен шетелдік рұқсат құжаттарымен алмасу 50 мыңнан 230 мыңға дейін өсті.Жалпы, қазақстандық тасымалдаушылардың халықаралық автотасымалдарға қатысу көрсеткіші 31% - дан (2021) 52% - ға (2023) дейін өсті. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің 42 елімен шетелдік рұқсат бланкілерін алмасуды жүзеге асырады. Биылғы көрсеткіш — 364 705 дана шетелдік рұқсат бланкісі. Бұл да рекордтық көрсеткіш.Электронды форматтағы бланкілерді енгізудің негізі Мемлекет басшысының 2023 жылғы мамыр айында Сиань қаласына жұмыс сапары аясында қол қойылған құжаттан бастау алады. Ал электронды форматқа көшудің нақты уақыты биылғы қыркүйекте орын алған Премьер-министрдің Шанхайға іс-сапары аясында қытайлық әріптесімен кездесу барысында бекітілді.Электронды бланкілерді енгізу жүк тасымалдау процесін барынша жеңілдетіп, адами фактор мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/893771
Қарағанды Назарбаев зияткерлік мектебі ашық есік күніне шақырады 02.12.2024
Ниет білдірушілер Қарағанды НЗМ сабақтарына қатысып, оқытушылармен сөйлесе алады. Ашық есік күніне алтыншы сынып оқушылары мен олардың ата-аналары шақырылады. Шара 7 желтоқсанда сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін Кеншілер даңғылы, 62 мекен-жайы бойынша өтеді.Қонақтар үшін экскурсия ұйымдастырылады. Олар химия-биологиялық бағыттағы білім алудың ерекшеліктері туралы айтып, барлық сұрақтарға жауап береді.Анықтама телефоны: (8-7212) 50-78-55.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/893761
2-8 желтоқсан аралығындағы спорттық іс-шаралар кестесі 02.12.2024
🔹 3-9 желтоқсан – Пара жүзуден әлемдік кезеңЖарысқа әлемнің 15 елінен 150 спортшы қатысады. Ел намысын 5 отандасымыз қорғайды.Өтетін орны: Мысыр, Каир қаласы.🔹 3-10 желтоқсан– Гандболдан Азия чемпионатыСары құрлық додасында Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді.Өтетін орны: Үндістан, Нью-Дели қаласы.🔹 4-10 желтоқсан – Спорттық гимнастикадан халықаралық турнирЕл құрамасынан 8 спортшы өнер көрсетеді.Өтетін орны: Сербия, Нови-Сад қаласы.🔹 5-7 желтоқсан – Семсерлесуден халықаралық «Гран-При» турниріТурнирге Қазақстан құрамасының 8 спортшысы қатысады.Өтетін орны: Франция, Орлеан қаласы.🔹 5-8 желтоқсан – Дзюдодан Grand Slam турниріҚазақстан құрамасынан 6 палуан жүлдеге таласады.Өтетін орны: Жапония, Токио қаласы.🔹5-8 желтоқсан – Құсбегіліктен республикалық турнирЖарысқа еліміздің барлық өңірінен 70 спортшы қатысады.Өтетін орны: Алматы қаласы.🔹 6-15 желтоқсан – Ауыр атлетикадан әлем чемпионатыӘлемдік додада 5 спортшымыз сынға түседі.Өтетін орны: Бахрейн, Манама қаласы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/893760
ҚР МАМ ЮНЕСКО қорғауындағы Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын қорғау бойынша кешенді шаралар әзірледі 01.12.2024
Сенбі, 30 қараша күні Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ЮНЕСКО қорғауындағы Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын қорғау бойынша кешенді шараларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті.Кешенді шаралар Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау және сақтау бағытындағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ЮНЕСКО және ИСЕСКО (Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы) істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясы мүшелерінің, сондай-ақ тарихшы ғалымдардың, археологтардың, этнографтардың және қоғамдық ұйым өкілдерінің күш-жігерін үйлестіруге бағытталған.Бұл стратегиялық бастама Қазақстанның ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енгізілген және енгізілуі мүмкін маңызды тарихи және сәулет ескерткіштерін сақтау мен материалдық емес мәдени мұра элементтерін қорғауға арналған. Оларға дәстүрлер, салт-жоралар, тіл, музыка, қолөнер және басқа да құндылықтар жатады.Министр Аида Балаева отырыс барысында әлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі Конвенцияның ережелерін орындау үшін барлық мүдделі тараптардың жүйелі және үйлесімді жұмыс істеу қажеттігіне ерекше тоқталды.Жұмыс тобының отырысында Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау және насихаттау бойынша үш кіші жұмыс тобының жоспарлары таныстырылды:Материалдық емес мәдени мұра бойынша кіші жұмыс тобының басты міндеті – музейлер, қорықтар, кітапханалар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ жоғары оқу орындарына пәнаралық білім беру бағдарламаларын енгізу. Бұл Қазақстанда дәстүрлі қолөнер, нумизматика, бонистика, ұлттық ойындар, сәндік-қолданбалы бұйымдарды қалпына келтіру бойынша дипломды мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, мектептегі «Дене шынықтыру» пәніне қазақтың дәстүрлі ойындарын енгізу мәселесі қарастырылуда.Кіші топтың жоспарында материалдық емес мәдени мұраны инвентаризациялау, қазақтың киіз үйін, кілем тоқу технологиясын құжаттандыру бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бар.ЮНЕСКО қорғауындағы нысандар бойынша кіші жұмыс тобы әлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі Конвенция шеңберінде Қазақстандағы ЮНЕСКО қорғауындағы нысандармен жұмыс істейді. Басты міндеттері – басқару, қауіпсіздік және инфрақұрылым мәселелерін шешу.Сонымен қатар, сарапшылар «Ұлы Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі», «Ұлы Жібек жолы: Каспий-Еділ дәлізі» сияқты трансұлттық сериялық номинациялар бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл бағытта Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының жергілікті атқарушы органдарымен бірлескен жұмыс атқарылуда.Құжаттық мұра бойынша кіші жұмыс тобы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы аясында Қазақстанның құжаттық мұрасын сақтау және ілгерілету бағытында жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Абайдың «Қара сөздері» мен Машһүр Жүсіп Көпейұлының қолжазбаларын ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енгізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.2003 жылы бұл тізімге Қожа Ахмет Ясауидің қолжазбалары, 2005 жылы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құжаттары енгізілген. Сонымен қатар, Қазақстанның жазбаша мұрасының мемлекеттік тізілімін жасау мәселесі қарастырылуда.Үш жұмыс кіші тобы ұсынған жоспарлар Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау және дамыту бойынша шараларды қамтиды. Бұл жоспарларды Мәдениет және ақпарат министрлігі жүзеге асырады. Аталған шаралар Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау және дамыту ісін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/893758
Қазақстан мен Қытай СІМ басшылары екіжақты стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады 01.12.2024
Чэнду, 2024 жылғы 1 желтоқсан – «Орталық Азия – Қытай» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің 5-ші кездесуіне қатысу аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы ахуалы мен одан әрі даму келешегін, аса жоғары және жоғарғы деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Сауда-экономикалық, транзит-көліктік ынтымақтастықты арттыру және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстанның Қытайға шикізаттық емес экспортын ұлғайту жөніндегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығы аталып өтті. Биылғы жылғы 10 айдың ішінде екіжақты тауар айналымы 36,5 млрд АҚШ доллары көлемінде рекордтық көрсеткішке жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштерден 11%-ға артық.Энергетикалық қауіпсіздік, жасыл экономиканы ілгерілету және өнеркәсіптік кооперация саласындағы одан әрі өзара іс-қимыл мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Министрлер өңірлік қауіпсіздікті талқылап, қазіргі сын-тегеуріндерге қарсы іс-қимылдағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтіп, Орталық Азиядағы тұрақтылықты нығайтуға дайын екендігін білдірді.Білім беру алмасуларын кеңейту, ғылыми зерттеулерді қолдау және бірлескен мәдени іс-шараларды өткізуді қоса алғанда, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері келіссөздердің жеке пункті болды.«Қазақстан мен Қытай көршілер ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманның сын-қатерлерімен бірлесіп күресуге және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті стратегиялық серіктестер», – деді М.Нұртілеу.Ван И өз кезегінде Қытай Қазақстанмен достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын және екі халықтың өзара пайдасы мен өркендеуі үшін оларды одан әрі тереңдетуге ұмтылатынын атап өтті.Бұл кездесу ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін жаңа перспективалар ашып, Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/893756
Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау және насихаттау бойынша басым бағыттар айқындалды 01.12.2024
Қазақстан – тарихы мен мәдениеті бай мемлекет. Сондықтан, мәдени мұраны қорғау – басты міндеттердің бірі.ЮНЕСКО конвенцияларына қатысу арқылы еліміз өз мәдени нысандарын ЮНЕСКО тізімдеріне енгізіп, әлемдік қауымдастыққа танытуда. Дегенмен, бұл жетістік тек мақтаныш емес, сондай-ақ осы мұраларды қорғау мен сақтау бойынша нақты міндеттемелерді орындауды талап етеді.Осы мақсатта 2024 жылғы тамыз айында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұмыс тобы құрылды. Бұл топтың міндеті – орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының мүшелерінің, ғалымдардың, археологтардың, этнографтардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің күш-жігерін үйлестіру.Бұл стратегиялық бастама әлемдік мұра тізіміне енген маңызды тарихи және сәулет ескерткіштерін сақтауға ғана емес, сондай-ақ дәстүрлер, салт-жоралар, тіл, музыка, қолөнер сияқты материалдық емес мәдени мұра элементтерін және құжаттық мұраларды қорғауға бағытталған. Бұл элементтер мәдени даралықты қалыптастыруда, ұлттық бірегейлікті нығайтуда және құндылықтарды болашақ ұрпаққа жеткізуде маңызды рөл атқарады.Аида Балаева барлық мүдделі құрылымдардың жүйелі әрі үйлесімді жұмыс істеуі қажеттігін ерекше атап өтті. Министр қойылған міндеттерді орындау және конвенцияның талаптарын тиімді жүзеге асыру үшін күш-жігерді біріктірудің маңыздылығына назар аударды.Бүгінге дейін жұмыс тобының екі отырысы өтті. Онда қатысушылар мәдени мұраны қорғау және сақтау бойынша негізгі бағыттарды анықтады.2024 жылғы 30 қарашада Алматы қаласында өткен отырыста үш кіші топтың жұмыс жоспарлары таныстырылды. Әр топ мәдени мұраны қорғау және насихаттау саласындағы нақты аспектілерге бағытталған.Ұсынылған жұмыс жоспарлары арасында материалдық және материалдық емес мәдени мұраны қорғау және насихаттау, ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы аясында құжаттық мұраны сақтау секілді негізгі бағыттар айқындалды.Бұл жоспарларда мамандардың біліктілігін арттыру бойынша шаралар қамтылған. Оның ішінде материалдық емес мәдени мұраны анықтау және дамыту әдістерін оқытуға арналған оқу модульдерін әзірлеу мен іске асыру қарастырылған. Министр оқу мазмұнының пайдалы әрі тәжірибеге бағытталған болуы тиіс екенін атап өтті.Сондай-ақ жұмыс тобы материалдық және материалдық емес мұра нысандарын түгендеу, қолда бар деректерді цифрландыру, мәдени мұраны халықаралық және жергілікті деңгейде насихаттау стратегиясын әзірлеу, сондай-ақ жаңа нысандар мен элементтерді ЮНЕСКО тізіміне енгізу қажеттігін айтты.ЮНЕСКО қорғауындағы нысандарды тиімді басқару және қорғау әдістерін әзірлеуге айрықша мән берілді. Жергілікті билік органдары мен қоғамдық ұйымдарды мәдени мұраны қорғау және насихаттау іс-шараларына белсенді тарту, сондай-ақ халықтың мәдени мұраның маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру үшін тұрақты іс-шаралар мен ақпараттық науқандар ұйымдастыру жоспарланған.Жалпы, жұмыс топтарының жетекшілері ұсынған жоспарлар материалдық, материалдық емес және құжаттық мұраны сақтап, насихаттауға бағытталған ауқымды шараларды қамтиды. Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл бастамаларды қолға алатын болады. Аталған шаралар Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау мен дамыту ісін жаңа деңгейге көтеруі тиіс. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/893753
Мақаншы ауданы мен ҚХР Толы ауданы арасында байланыс орнады 01.12.2024
Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин бастаған делегация ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағының Толы ауданына барды.Сапар аясында Толы ауданының әкімі Дәулет Париолламен кездесіп, екі аудан арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойылды.Мақаншылық делегация Толы ауданының ауыл шаруашылығы, өндіріс, экономика, әлеуметтік сала нысандарының жұмысымен танысты.Сапар барысында алдағы уақытта екі ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына серпін беретін бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/893749
Семейлік конькиші қыз қола жүлдегер атанды 01.12.2024
Польшаның Томашув-Мазовецки қаласында жасөспірімдер арасында конькимен жүгіруден Әлем Кубогі кезеңінде семейлік спортшы қола жүлдеге қол жеткізді.Командалық жарыста ел намысын павлодарлық арулармен қатар жарыс жолына шыққан Анастасия Беловодова германиялық (алтын) және норвегиялық (күміс) команданы алға жіберді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/893750
Алматыда Олимпиада жүлдегерлері мен эстрада жұлдыздары қалаға ұқыпты қараудың үлгісін көрсетті 01.12.2024
"Таза Қазақстан" тұжырымдамасы аясында күздің соңғы күні және тазалық апталығында Алматыда жалпы қалалық кеңістікті жинау бойынша экологиялық акциялар өтуде. Бостандық ауданында 250-ге жуық адам, оның ішінде Олимпиада жүлдегерлері, эстрада жұлдыздары, белсенді жастар Шагабутдинов-Сәтбаев қиылысындағы учаскені ретке келтірді.Бостандық ауданының әкімі Санжар Алиннің айтуынша, бүгінде ауданда аулаларды санитарлық тазалаумен айналысатын 5 мердігер ұйым жұмыс істейді. "Алматы Тазалық" МКК қызметкерлері жол инфрақұрылымын тазалап жатыр."Бізде тазалау жұмыстарын бақылау үшін 670 аула бар, біз МИБ және ПИК төрағаларымен тұрақты байланыстамыз. Егер мердігерлік ұйымдар өз міндеттемелерін орындамаса, біз мессенджерлер арқылы сигнал аламыз және жедел әрекет етуге тырысамыз. Бұзушылықтар болған жағдайда алдымен учаске бастығына айыппұл санкцияларын қолданамыз. Егер жағдай қайталанса, онда біз ұйымның өзіне айыппұл саламыз – онда сома әлдеқайда көп. Егер Мердігер жағдайды түзетпесе, онда біз сот арқылы шартты бұзамыз. Бүгінде бізде бір мердігер бар, оған біз сотқа дейінгі талаптары бар хат жібердік. Егер ол жауап бермесе, сотқа жүгінеміз және қарым-қатынасты үземіз", - деді аудан әкімі.Акцияға қатысушылардың арасында қазақстандық еркін стильдегі балуан, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Сиднейдегі 2000 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, Алматы мәслихатының депутаты Ислам Байрамуков та болды."Адамзат қанша өмір сүрсе, үйдегі тазалықты сақтау және қоршаған ортаға, сіз тұратын қалаға ұқыпты қарау мәселесі өзекті болып қала береді. Қалалық кеңістікті бірлескен күш - жігермен жинау – өте маңызды және қажетті акция, өйткені Алматы әрқашан өзінің тазалығымен және жасылымен танымал болған. Менің ойымша, бұл дәстүр үзілмеуі керек, сонымен қатар оны жастардың, қала тұрғындарының қатысуымен қолдау керек. Ең бастысы, адамның ішкі әлемі таза болған кезде, ол қоқыс болмайды. Әркім өз іс-әрекеті үшін жауапты болуы керек", - деп атап өтті Ислам Байрамұқов.Қазақстандық эстрада жұлдыздары да шетте қалмады. Әнші Өктем Алтаев барлық қала тұрғындарын осы бастаманы қолдауға шақырды."Әр демалыс сайын біз бұл аумақты тазалайтынбыз, бірақ мұнда қоқыс аз болмайды. Мен осы учаскенің жергілікті тұрғындарын қоқыс тастамауға және тазалықты сақтауға шақырғым келеді, өйткені бұл біздің ортақ үйіміз. Жалпы, алматылықтар, сіздерді акцияға қосылуға шақырамын", - деді Өктем Алтаев.2024 жылғы Париж Олимпиадасының олимпиада жүлдегерлері де тазалауға келді."Бүгін біз қаламыздың тазалығын қолдауға, сондай-ақ Алматыны қоқыстан тазартатын барлық қызметкерлерге көмектесуге келдік. Студенттер мен спортшылардың акцияға қосылып, қаламызды ретке келтіруге тырысып жатқанын көру өте қуанышты. Менің ойымша, бұл өте жақсы, өйткені тазалық сенен басталады", - дейді 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ислам Сәтбаев.Өз кезегінде Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Александра Ли мұндай акцияларға қатысу өте маңызды екенін атап өтті, өйткені біз осында тұрып, өзімізді тазалап жатырмыз.Тазалау – пайдалы іс, сондықтан мен жалқау емес және еліміздің таза әрі әдемі болуына көмектесетін көптеген ізгі ниетті адамдарды көргеніме өте қуаныштымын", – дейді спортшы.Экоакцияда "Эко-Рейнджерлер" қозғалысының Жастар қауымдастығының белсенділері де байқалды, олар біздің мегаполисті экологияландыруға өз үлестерін қосуда."Жыл басынан бері қалада 200-ден астам экоакция өткізілді – бұл тек сенбіліктер ғана емес, сонымен қатар қайта өңдеу материалдарын жинау, танымдық дәрістер және т.б. Қазір мегаполис жастары осындай іс-шараларға белсенді қатысуда. Біз Экорейнджер ретінде Алматының әрқашан таза болуы керек екенін түсінетінімізді атап өткім келеді, сондықтан біз осындамыз", - деді Алмалы ауданы коммуналдық орталығының активити-үйлестірушісі Бейбіт Жасұланұлы.Аумақты жинау үшін үш бірлік арнайы техника жұмылдырылды, нәтижесінде 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Бұл Алматыда "Таза Қазақстан" бастамасы басталғаннан бері жиналған жалпы көлемі 1300 тонна қалдықтың аз ғана бөлігі.Іс-шараның негізгі мақсаты қала тұрғындарының экологиялық санасын арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және қалада тазалықты сақтау болып табылады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қоғамның табиғат алдындағы жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді және Алматыны баршаға қолайлы қалаға айналдыруға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/893736
«Таза Қазақстан»: 500-ден астам комьюнити орталық резиденттері қалалық сенбілікке шықты 01.12.2024
Бүгін Алматы қаласында республикалық «Таза Қазақстан» және қалалық «Алматы –ортақ үйіміз» кампаниясы аясында ауқымды қалалық сенбілік өтті.Шараға қаланың барлық комьюнити-орталықтарынан 500-ден астам резидент қатысты. Қатысушылар тек орталықтардың маңайын ғана емес, саябақтар мен скверлер сияқты қоғамдық орындарды да тазартуға белсене көмектесті.Сенбілікке қатысқан жастар жыл бойы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған акцияларға дәстүрлі түрде қатысатындарын жеткізді.«Экологиялық акциялар — бұл тек қаланы тазарту ғана емес, табиғатқа қамқорлық жасайтын адамдардың бірлігін сезінудің мүмкіндігі. Осындай сенбіліктер арқылы, қаламыздың тазалығына кішкене болса да үлес қосқымыз келеді», - дедіТүрксіб ауданы комьюнити орталығының басшысы Тауасар Мұратхан.Комьюнити-орталықтар Алматыда экологиялық мәдениетті дамытудағы маңызды алаңға айналды. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері бұл орталықтарда 1500-ден астам іс-шара өткен, оның ішінде дәрістер, семинарлар, эко-акциялар, интеллектуалдық ойындар, шеберлік сабақтары, акустикалық кештер, спорттық турнирлер және т.б. Бұл іс-шараларға жалпы 375 мыңнан астам адам қатысса, соның 27 мыңы NEET санатындағы жастар.Осы жылдан бастап әрбір комьюнити орталықта қазақстандық өндірістің фандоматтары – оларды одан әрі өңдеу үшін пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкаларды жинау аппараттары орнатылды. Сонымен қатар «Plastic reboot» акциясы аясында комьюнити орталықтар 1 тоннапластик қақпақ жинады.Осылайша, осы жастар кеңістігіне келушілер арасында экологиялық құндылықтар қалыптасуда, ал комьюнити орталықтардың резиденттері қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараларды қолдай отырып, экорейнджерлер қатарын белсенді толықтыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/893737
Алматыда қыстың алдында Баум тоғайы тазартылды 01.12.2024
Алматыда қыс қарсаңында қаланың аумақтары мен қоғамдық кеңістіктерінде ауқымды тазарту жұмыстары аяқталып келеді. 25-30 қараша аралығында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық бастамасы аясында қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен көше-жол желісі, қоғамдық орындар, өзен арналары, қоқыс жәшіктері мен арық жүйесін тазарту жұмыстары жүргізілді.Бүгінде белсенді алматылықтар мегаполистің көрнекті орындарының бірі – Баум тоғайында жиналды. Экологиялық акцияға 80-нен астам адам қатысты. Олар саябақ аймағын қоқыстан тазартып қана қоймай, қоршаған ортаға қамқорлық танытудың үлгісін көрсетті. Акция барысында 300 қап қоқыс жиналды.«Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы табиғатқа тұтынушылық көзқарасқа қарсы азаматтарды біріктіреді. Бұл бастама қоршаған ортаны сақтау мәселесіне назар аударуға, туған жерге ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған», – деді «Медеу» табиғи паркі директорының міндетін атқарушы Ұзақ Жамбылұлы.Бұл іс-шара экологиялық мәселелерді шешу үшін қоғамның біріге алатынын көрсетті. Акцияға қатысушылар арасында белгілі мәдениет қайраткерлері де болды. Олар қала тұрғындарын қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға және табиғатқа қамқорлық жасауға шақырды.«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы – еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыру мен қауіпсіз болашағына жасалған маңызды қадам. Әр тұрғын бұл іске үлес қосуы керек. Бұл өзіміз, табиғатымыз және келешек ұрпақ үшін қажет. Біз өз үлгімізбен табиғатты сақтау мен тазалықты қорғау мәселесіне назар аудартқымыз келеді. Табиғатқа ұқыпты қараңыздар», – деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының актрисасы Алма Аманжолова.Алматылықтар мен қала қонақтары қаланың көшелері мен саябақтарының айтарлықтай таза болғанын атап өтуде. Әрине, тазартуды қажет ететін жеке учаскелер бар, бірақ жалпы алғанда қалалық қызметтің жұмысы көрініп-ақ тұр.«Мен осы маңда тұрамын, сүйікті орнымыздың әрдайым тазартылатынын көремін. Әр жастағы тұрғындардың бей-жай қарамай, пайдалы акцияларға қатысатыны қуантады. Қалаға қамқорлық жасалып жатыр, көшелер мен аулалар таза, жинақы болып қалған. Әрине, бәрі бірден мінсіз болмайды, өйткені бұл ірі қала. Өкінішке қарай, тұрғындардың өздері жиі қоқыс тастайды. Ең бастысы, қала әкімі Алматыны таза және жинақы ету мақсатын қойды, бұл істе бәріміздің қатысуымыз қажет», - деп жергілікті тұрғын Алмагүл ойын айтты.Еске салайық, Тазалық апталығы аясында қаланың коммуналдық қызметі суық пен қар жаууына дайындықты аяқтады. Қысқы уақытта қалаға қызмет көрсету үшін 841 бірлік техника мен 1400 жұмысшы жұмылдырылды. “Алматы тазалық” МКК автопаркі жұмысты тиімді жүргізу үшін 32 заманауи машинамен толықты. Жалпы аумағы 25,1 млн шаршы метр, ұзындығы 2 777 км болатын 2 318 көше тазартылды. Көше-жол желісін жинауға 10 мердігер ұйым жауапты.Арық желісінің ұзындығы 1 525 км болатын бөлігі тазартуға ерекше назар аударылды. Күніне шамамен 160 текше метр пластик пен жапырақтар сияқты қоқыс шығарылады.ТОО «Eco Almaty» Алматы қаласы аумағында ұзындығы 19,2 км болатын су арналарының тазарту жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде, Үлкен Алматы өзенінің әл-Фараби даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігі, Есентай өзенінің әл-Фараби даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі бөлігі және Д. Қонаев атындағы ҮАК арналары тазартылды.Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында жаңа ережелерге сәйкес 2 мыңға жуық кәсіпкер абаттандыру паспорттарына қол қойды. Бұл шаралар алматылықтар мен қала қонақтары үшін қолайлы, қауіпсіз және экологиялық таза орта құру стратегиясының бір бөлігі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/893738
Нағыз батырлар Алматының тазалығын қолдайды 01.12.2024
Бүгін «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығының алдындағы серуендеу алаңында тазалау жұмыстары кезінде аула сыпырушыларға Халк, Өрмекші адам, Бэтмен және Супермен келіп көмектесті. Олар көшені тазалауға атсалысып, қала тұрғындарын Алматыны таза ұстауға шақырды.Әдетте әлемді құтқарумен айналысатын суперқаһармандар қолдарына сыпырғыш алып, көшені тазалауды ар көрмеді. Мысалы, Өрмекші адам өтіп бара жатқан тұрғындарға атсалысып, тротуарды тазалауды ұсынды.«Мен тұрғындарға жақындап, тазалауға көмектесуді ұсындым. Біреулер сыпырғыш алудан бас тартты, ал басқалары қуана-қуана келісті. Бір қызылордалық азамат Алматыда өте таза екенін және мұнда жиі сенбілік өтетінін айтты. Сонымен қатар, мен балаларды сыпыруға үйреттім, олар бұл істі қуанышпен орындады. Егор есімді бала Алматыда тазалықтың себебі – мұнда көп тазалаушылар бар екенін айтты», – деді Өрмекші адам.Бэтмен мен Супермен қоқыс арбасын машинаға дейін жеткізуге көмектесті. Ал Халк жолда тұрып қалған жүк көлігін «итермелеп» шығарды.«Көшелерді тазалауға достарыммен бірге көмектескенім өте ұнады. Бұл мен үшін әлемді қорғаумен салыстыруға болатын жаңа тәжірибе. Аула сыпырушылардың еңбегін жоғары бағалаймын – олардың жұмысы өте қиын, мен ондайды істей алмайтын едім. Біздің адамдар өте мейірімді және қаланы таза ұстауға әрдайым көмектеседі», – деді Супермен.Тазалаушылар бастапқыда суперқаһармандардың пайда болуын қалжың деп ойлаған.«Бүгін қалада сенбілік өтіп жатты. Біз «Атакент» маңын тазалап жатқанда суперқаһармандар келіп, біздің сыпырғыштарымызды алып көмектесті, ал бізге ыстық шәй берді. Еңбегіміздің бағаланғаны және осындай іс-шаралар ұйымдастырылғанына өте қуаныштымыз. Қаланы таза ұстайық. Қала тұрғындарынан қоқысты қоқыс жәшігіне тастауын сұраймыз, бұл бізге жұмысты жеңілдетер еді. Осындай керемет акцияны ұйымдастырушыларға алғыс айтамын», – деді тазалаушы Татей Қыстаубаева.Бұл акцияны жақын маңдағы кафе мен дүкендердің қызметкерлері де байқады, көпшілігі сыртқа шығып, суперқаһармандармен суретке түсті.«Мен Алматы тұрғынымын. Бүгін көшеде тазалық жүргізіп жатқан суперқаһармандарды көрдім. Қаланың тазалығын қадағалап отырған әкімдікке алғыс айтқым келеді. Алматы жыл сайын таза әрі көркем қалаға айналып келеді. Аула сыпырушылардың еңбегін жеңілдететін тазалау техникасының жаңарып жатқанын байқаймын. Күн сайын қаланы тазалаушылар жасағы тазалайды – бұл керемет жұмыс», – деді сауда орталығының қауіпсіздік қызметінің басшысы Қанат Дүйсенбиев.Экологиялық акцияны ұйымдастырушылар тұрғындар мен қала қонақтарының тазалық сақтау мәселесіне назарын аудартқысы келетінін айтты. Мұндай іс-шаралар қоғамның табиғат алдындағы жауапкершілігін нығайтып, Алматыны баршаға жайлы қала етуге көмектеседі.Еске сала кетейік, Тазалық апталығы аясында қалалық коммуналдық қызметтер Алматыны қысқа және қардың жаууына дайындау жұмыстарын аяқтады. Қысқы маусымда қалаға қызмет көрсету үшін 841 арнайы техника бірлігі және 1 400 жұмысшы жұмылдырылады. Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында «Алматы Тазалық» коммуналдық кәсіпорнының автопаркі 32 заманауи техникамен толықты. Санитарлық тазалық 2 318 көшені, жалпы ауданы 25,1 млн шаршы метрді және ұзындығы 2 777 км болатын жолдарды қамтиды. Көше-жол желісін тазарту жұмыстарына 10 мердігер ұйым жауапты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/893739
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды 01.12.2024
Бүгін Алматыда өткізілген XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аяқталды. Орталық Азияның басты кинооқиғасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген киношерлер мен киносүйер қауымды біріктірді. Бір апта бойы көрермендер 30-дан астам фильмді тамашалады. Оның 22-сі байқау бағдарламасына қатысты. Фестиваль алаңы мәдени пен шығармашылықтың қазанына айналып үлгерді. Фестивальдің қатысушылары мен қонақтарына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау сөзі жеткізілді. Оның құттықтауын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли оқыды.XVII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЕУРАЗИЯ» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:NETPAC әділ қазыларының жүлдесі «Белгісіз елге» фильмі, режиссері Махди Флейфель;Халықаралық байқау қазылар алқасының төрағасы Нури Бильге Джейланға «Әлемдік кинематографияға қосқан ерекше үлесі үшін» сыйлығы берілді;Белгілі қазақстандық актер Досхан Жолжақсынов «Қазақстан кинематографиясына қосқан ерекше үлесі үшін» марапатталды.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ:Ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін жүлде – Флорентина Хольциенгер, «Ай» (Moon), Австрия; Ең үздік ер рөлін сомдағаны үшін жүлде – Артур Пачесный, «Жоқтың қасы» (Next to Nothing), Польша; Қазылар алқасының арнайы жүлдесі – «Нирвана» (Nirvana) фильмі, режиссері Асиф Ислам, Бангладеш; Ең үздік режиссерлік жұмыс үшін жүлде – Джун Мин О, «Жыл маусымдары үйі» (House of the Seasons), Оңтүстік Корея; Үздік фильм үшін гран-при – «Жоқтың қасы» (Next to Nothing), Польша, режиссері Гжегож Дебовски.ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЕЛДЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ:Ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін жүлде – Эльза Каримова, «Ғашықтар тауы» (The Lovers’ Mountain), Татарстан; Ең үздік ер рөлін сомдағаны үшін жүлде – Абылай Марат, «Шекарадағы мәміле» (Deal at the Border), Қырғызстан; Қазылар алқасының арнайы жүлдесі – «Хемме өлетін күндердің бірінде» (One of the Days When Hemme Dies) фильмі, Түркия; Ең үздік режиссерлік жұмыс үшін жүлде – Аруан Анартай, «Жоқтау» (Joqtau), Қазақстан; Үздік фильм үшін гран-при – «Ақ тырналар билейтін жерде» (Where the White Cranes Dance), Саха Республикасы (Ресей).Фестивальдің жабылу салтанатында KhazaR этно-фьюжн тобы, Aljazz эстрадалық-симфониялық оркестрі және VIVAT шоу-балеті өнер көрсетіп, кино апталығын шымылдығын жапты.Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», QazaqGazetteri, EgemenQazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/893743
«Орталық Азия – Қытай» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің бесінші кездесуі өзара ынтымақтастық рухында өтті 01.12.2024
Чэнду, 2024 жылғы 1 желтоқсан – Бүгін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қытайдың сыртқы саяси ведомстволарының басшыларын біріктірген «Орталық Азия – Қытай» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің бесінші кездесуі өтті.Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу басқарды.Іс-шара серіктестікті нығайту, өңірлік және халықаралық маңызы бар негізгі мәселелерді талқылау үшін маңызды алаң болды.Кездесуде тараптар саяси диалогты тереңдетуге, экономикалық байланыстарды дамытуға және мәдени-гуманитарлық алмасуларды нығайтуға өз міндеттемелерін растады. Министрлер «Өңірдің тұрақтылығы, қауіпсіздігі және орнықты дамуы» тұжырымдамасы шеңберінде бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.Талқылаудың негізгі тақырыптары экономикалық ынтымақтастық, аймақтағы қауіпсіздік мәселелер, көлік-логистикалық ынтымақтастық, климат және экология, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту болды.Отырысқа қатысушылар бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, сауда рәсімдерін оңайлату және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде инвестицияларды ынталандыру қажеттігін атап өтті. Министрлер терроризмге, экстремизмге және трансұлттық қылмысқа қарсы шараларды күшейтуді, сондай-ақ киберқауіпсіздік саласындағы күш-жігерді үйлестіруді талқылады.Кездесу барысында су ресурстарын, жаңартылатын энергетиканы және қоршаған ортаны қорғауды қоса алғанда, экологиялық тұрақтылық саласындағы ынтымақтастықты арттыру уағдаластығына қол жеткізілді. Сондай-ақ, халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайту үшін білім, туризм және мәдениет саласындағы алмасу бағдарламаларын тереңдету туралы шешім қабылданды.ҚР Сыртқы саяси ведомствосының басшысы тараптарға сындарлы диалог және Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту үшін жаңа векторларды талқылау мүмкіндігі үшін алғысын білдірді. «Қазақстан бұл форматты біздің ортақ болашағымызды нығайтудың маңызды платформасы ретінде қарастырады. Біз экономика, қауіпсіздік және экология саласындағы ынтымақтастықты тереңдету бүкіл өңірде тұрақтылық пен өркендеуге қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И Орталық Азия Қытайдың тұрақтылық пен өркендеуді ілгерілетудегі басты серіктесі болып қала беретінін атап өтті. «Біздің формат стратегиялық басымдықтарды үйлестіру және өзара тиімді жобаларды ілгерілету үшін маңызды алаң ретінде қызмет етеді», – деді Қытай министрі.Кездесуге қатысушылар 2025 жылы Қазақстанда өтетін «Орталық Азия – Қытай» форматындағы II Саммитке дайындықтың негізгі аспектілерін талқылады. Орталық Азия елдерінің өкілдері кездесуді өткізу бастамасы үшін алғыстарын білдіріп, бірлескен мақсаттарды іске асыру үшін осы форматты жалғастыру қажеттігін атап өтті.Сонымен қатар, «Тяньфу-Сычуань» трансшекаралық магистралі арқылы 5000-шы жүк көлігінің жөнелту мен Орталық Азияға 500-ші пойыз жіберу рәсімі форматтың практикалық өзара іс-қимылының жарқын көрінісі болды.Кездесудің қорытынды құжаты сыртқы саяси ведомстволардың басшылары қабылдаған бірлескен мәлімдеме болды. Онда қол жеткізілген уағдаластықтар көрсетіліп, өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыты белгіленді.Тараптар 2025 жылы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы келесі кездесуді Қазақстанда Саммит қарсаңында өткізуге келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/893731
Қонаевта жас сарбаздар Отанына адал болуға ант берді 01.12.2024
Облыстық маңызы бар қаланың орталық алаңында әскери ант беруге арналған салтанатты рәсім өтті.58012 әскери бөлімінің жас сарбаздары командирлердің, Қарулы күштер ардагерлерінің және туыстарының қатысуымен әскери борышқа адал болуға, тәуелсіздікті, елдің конституциялық құрылысын, оның халқын және заңды түрде сайланған Президентті батыл қорғауға ант берді.– Анттың терең мағынасы бар. Бұдан былай Сіздердің барлық әрекеттеріңіз бен істеріңіз осы салтанатты анттың талаптарына сәйкес келеді. Армия сіздердің еркіңізді шыңдап, физикалық тұрғыдан нығайтып, патриоттық сенімдеріңізді қалыптастыратынына сенімдімін. Мұнда сіздер азаматтық өмірде пайдалы болатын мамандық ала алсыздар, - деді 58012 әскери бөлімінің командирі полковник Қанат Мажиев.Осы күзде шақырылған Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарының сарбаздары жас жауынгер курсынан өтті. Олар жалпыәскери жарғыларды зерделеп, қарудың тактикалық және техникалық сипаттамаларымен танысты, саптық және атыс дайындығынан өтті.Алаңға жиналғандарға әскери қызметшілер қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетті. Ашық аспан астында заманауи қару-жарақ пен техниканың көрмесі ұйымдастырылды.Әскери бөлім командирі ата-аналарымен әңгімелесті. Ол ұлдарының қайда, қандай жағдайда қызмет ететінін және қандай бөлімшелерге бөлінгенін хабардар етті. Іс-шара соңында жас сарбаздар туыстары мен жақындарының сүйемелдеуімен алғашқы сейілге шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/893712
Қазақстан СІМ басшысы Сычуань өлкесінің Партия комитетінің хатшысымен кездесті 30.11.2024
Чэнду, 2024 жылғы 30 қараша – «Орталық Азия – Қытай» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің 5-ші кездесуіне қатысу үшін Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Сычуань өлкесінің Партия комитетінің хатшысы Ван Сяохуэймен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ жоғары технологиялар, қаржы, инвестиция және жасыл энергетика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.М.Нұртілеу екі елдің өңірлері арасындағы өзара байланысты, атап айтқанда көліктік-логистикалық ынтымақтастықты кеңейту, инвестиция тарту және адам алмасуы арқылы жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті. Қазақстандық тараптың өзара тиімді әріптестік байланыстарды орнатуға деген жоғары қызығушылығын білдірді.Өз кезегінде, Партиялық комитеттің хатшысы өңірдің мүмкіндіктері туралы айтып, ашықтық саясаты шеңберінде Сычуань өлкесі мен Қазақстанның облыстары арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетуді жалғастыруды ұсынды.Сол күні Қазақстан СІМ басшысы ірі қытайлық компаниялардың басшылығымен бірқатар кездесулер өткізіп, олардың барысында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспарлары талқыланды.Қытай бизнесмендері Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалармен, инвестициялық ахуалмен және елімізде бизнес жүргізудің артықшылықтарымен танысты.Жасыл энергетика, жаңартылатын энергия көздері, машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен және құрылысқа маманданған компаниялар қазақ әріптестерімен өзара тиімді серіктестік құруға жоғары қызығушылық танытып, ҚР Үкіметі олардың Қазақстандағы қызметіне барынша жәрдем көрсетеді деп үміт білдірді.Кәсіпкерлер күн модульдерін, ауыл шаруашылығында қолданылатын ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіру, астықты және басқа да дақылдарды терең өңдеу, сондай-ақ қалалық инфрақұрылым салу бойынша өз мүмкіндіктерімен таныстырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/893697
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 30.11.2024
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті    Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі  2026 жылдың 1 тамызына28,35 трлн теңге болды.12 айдағы өсім –3,50 трлн теңгенемесе 14,1%. Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ)  қалыптасқан. 2026 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша жарнаның бұл түрінің есепті күндегі көлемі – 26,31 трлн теңге, 12 айда 2,69 трлн теңгеге немесе 11,4% өсті.Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 12 айда 6,6%-ға ұлғайып, 751,56 млрд теңгеденасты. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 тамызға оның көлемі10,41 млрд теңгеболып, 12 айда 14,9%өсім көрсетті.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да айтарлықтай ұлғаюда. 12 ай ішінде2,5 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 тамызына1 273,93млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың алғашқы 7айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 2 127,27 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,7%-ға (немесе 289,09млрд теңгеге) артық.МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 тамызға дейін 1 630,80млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 8,1%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 87,69 млрд теңге (өсім – 11,0%), ЕЗЖ – 1251,28 млн теңге түсті. Жыл басынан бастап 01.08.2026ж. жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен жарналар 407,53млрд теңгені құрады.     Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.08.2026ж. жағдай бойынша1233,05 млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар2026 жылғы қаңтар-шілде айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1083,51млрд теңгені құрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 170,95 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 38 9993теңге.  2026 жылдың басынан бастап 01.08.2026 жылға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 435,20 млрд теңге,мұрагерлік бойынша 63,06 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 28,13 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,05 млрд теңге, жерлеуге – 5,56 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 378,56 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2026 жылдың 1 тамызындағыжағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,89млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,12 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 тамызында12,84 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,39 млн - МЗЖ бойынша, 789,48 мыңы - МКЗЖ бойынша, 463,69 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,39 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  6,06 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti-shugalbay/press/news/details/1279180?lang=ru
Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры 90 жылдық мерейтойын атап өтті 30.11.2024
Биыл Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрына 90 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында театр ұлттық өнердің өркендеуіне зор үлес қосып, көрермендерін тың туындылармен қуантып, талай сахна шеберлерінің шығармашылық жолын ашқан киелі мекенге айналды.Өнер ордасы қазақ театрларының алғашқыларының бірі. 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің жетекшілігімен Ойқұдық жайлауында «Еңлік-Кебек» пьесасы сахналанды.Мерейтой аясында бірқатар шаралар өтті.Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев театр ұжымы мен барша өнер сүйер қауымды айтулы оқиғамен құттықтап, жаңа автобустың кілтін табыс етті.«Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Ғалиақпар Төребаев сынды көрнекті тұлғалар құрған мәдени орталық өңіріміздің рухани құндылығының символына айналды. Театрдың 90 жылдық тарихында өнер саласындағы толағай табыстардың шежіресі жазылды. Мұхтар Әуезов: «Театр – ең ұлы бейнелеу өнерінің бірі» деген екен. Бұл – облысымыздың ғана емес, бүкіл қазақ халқының рухани мақтанышы, ұлттық мәдениеттің жарқын шамшырағы. Ынтымағы жарасқан театр ұжымына шабытты шығармашылық жол, жаңа жарқын табыстар тілеймін!», – деді аймақ басшысы өз құттықтауында.«Абай театры: тарих толқынында» атты конференцияда театрдың бай тарихи мұрасы, ұлттық мәдениеттегі орны жан-жақты талқыланды. Пленарлық отырыс барысында еліміздің театр мамандары мен абайтанушылар театр, кино өнерінің дамуы, Абай атындағы театрдың қоғамдағы рөлі туралы баяндама жасады. Сондай-ақ театрдың қалыптасуы мен дамуы, қазақ өнері мен мәдениетіне қосқан үлесі жан-жақты қамтылған «Тарихы терең театр» кітабының тұсауы кесілді.Мерейтойға орай театрдың 90 жылдық тарихының маңызды кезеңдерін, белгілі өнер қайраткерлерінің шығармашылығын, театрдың ұлттық мәдениеттегі маңызын баяндайтын «Ойқұдықта маздаған театр» деректі фильмі түсірілді.Салтанатты шара аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтаулары оқылды.Театрдың 90 жылдығы аясында марапатталған өнерпаздар:«Еңбек ардагері» медалі: Айдарханова Альмира Муталлапқызы. ҚР» Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі:Ташкенбаев Нұрбек АдамұлыТөлеубаев Талғат АнуарұлыОбухова Елена ВалерьевнаБайгелдин Айдос КүшікпанұлыАхметов Ерен СаменұлыХасенов Нұржан ҚадырғазыұлыНұрланова Асель ТалғатқызыХамитова Алия Әділбекқызы ҚР мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасы:Сыдыков Мырзахан ДемесінұлыБаирова Асем БеймырзақызыЧинкебаева НұрбағилаИдрисова ДаметкенТоймбаева Бақыт АхметжанқызыМұханбетова Шолпан АсқарқызыМанекина Айжан БазартайқызыЖидебаева ҮмітТәшімбетов Айтбек ТазабекұлыНұрғамыс Азамат МахмұтұлыОмашев Бекзат Қайыркешұлы «Семей қаласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі:Сыдықов Мырзахан ДемесінұлыБаирова Асем БеймырзақызыОмашев Бекзат ҚайыркешұлыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/893686